14.01.2021 Views

"Сарыарқа самалы" 29 қыркүйек, сейсенбі, 2020 ж. №109 (15579)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 29 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 7

Бірінші бағыт: «Еңбек» бағдарламасына

қатысушыларды техникалық

және кәсіптік біліммен

және қысқа мерзімді кәсіптік

оқытумен қамтамасыз ету.

Техникалық және кәсіптік білім

«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға

ТжКБ бар кадрларды

даярлау жөніндегі мамандықтар

тізбесіне сәйкес тегін беріледі.

Осы оқуға ағымдағы және өткен

жылдардың 9-11-сынып түлектері,

кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына

түспеген адамдар, жұмыс

іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар,

аз қамтылған және көпбалалы

отбасылардың мүшелері қатысады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

дуалды оқыту элементтері бар білім

беру ұйымдарында, оның ішінде

жұмыс берушілердің өтінімдері және

еңбек нарығында сұранысқа ие

Біліктіліктер мен дағдылар бойынша

мобильді оқу орталықтары арқылы

жүргізіледі. Оқыту ұзақтығы біліктілік

пен дағдылардың ерекшеліктеріне

қарай алты айдан аспайды.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті

дамыту.

Бағдарламаға қатысушыларды

кәсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде

ауыл шаруашылығы кооперативтерін

қалыптастыру қағидаттарына

оқытуға, сондай-ақ олардың

бизнес жобаларын сүйемелдеуге

бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы

іске асырылуда.

Сондай-ақ, осы бағыт шеңберінде

ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда,

шағын қалалар мен

қалаларда бизнес-жобаларды іске

асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын

Бағдарламаға қатысушыларға

республикалық бюджет

және/жергілікті бюджеттер қаражатынан

микрокредиттер беріледі.

Бағдарлама қалай

жүзеге асуда?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктерді

алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың

әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының

тиімді моделін құруға бағдарланған.

Бұдан басқа, бастапқы бизнесті

іске асыруды жоспарлап отырған

бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз

және қайтарымсыз негізде

200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде

мемлекеттік гранттар беріледі.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен

қамтуға жәрдемдесу және

еңбек ресурстарының ұтқырлығы

арқылы еңбек нарығын дамыту.

Азаматтарды жұмыспен қамту

мақсатында әлеуметтік жұмыс

орындары, жастар практикасы

және қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады,

онда бағдарламаға

қатысушылардың жалақысы бюджеттен

субсидияланады.

Жұмыс күші тапшы өңірлерді

жұмыс күшімен қамтамасыз ету,

өңірлік диспропорциялар мен

демографиялық теңгерімсіздіктерді

жою мақсатында «Еңбек» бағдарламасы

шеңберінде ерікті түрде

қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен

еңбек ресурстарының аумақтық

ұтқырлығы ынталандырылады.

Ағымдағы жағдай

Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасына

қатысушылардың

құрамына 17,6 мың адам немесе

өтініш білдіргендердің ішінен 96,7%

(18,2 мың) қосылды, олардың ішінде

жұмыссыздар – 9,4 мың адам

(53,6%), өзін – өзі жұмыспен

қамтығандар - 3,4 мың адам

(19,5%).

Есепті кезеңде барлығы «Еңбек»

бағдарламасы шеңберінде 16,6 мың

адам жұмысқа орналастырылды

немесе көмек алуға өтініш білдіргендердің

91,2%-ы, оның ішінде

9,0 мың адам немесе 54,2%-ы

тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Техникалық және кәсіптік біліммен

(ТжКБ) және қысқа мерзімді

кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету»

бірінші бағыты шеңберінде 2,5 жыл

мерзімімен 3,0 мыңнан астам адам

ТжКБ оқытумен қамтылды.

Ағымдағы жылы облыстың

28 колледжінде 600 адам оқуға

кірісті.

Еңбек нарығында сұранысқа

ие кәсіптер мен дағдылар бойынша

қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға

483 адам жіберілді, аяқтағандардың

ішінен 215 адам немесе 62,6%

жұмысқа орналастырылды.

Адамдардың басым бөлігі

«ауыл шаруашылығы өндірісінің

тракторшы-машинисі», «тігінші»,

«аспаз», «шаштараз», «бухгалтер»

мамандықтары бойынша білім алуда.

«Еңбек» бағдарламасының

«жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші

бағыты шеңберінде есепті күнге

1,3 млрд. теңге сомасына

359 микрокредит берілді, оның

ішінде ауылдық жерлерде – 356,

қалаларда - 3. Шағын несие

алушылармен 425 жұмыс орны

құрылды.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасына

қатысушыларға жаңа

бизнес-идеяларды іске асыруға

200 АЕК (555 600 теңге) дейінгі

мөлшерде 923 мемлекеттік грант

берілді.

Грант алушылардың 151-і

29 жасқа дейінгі жастар, 176-ы

аз қамтылған және көп балалы

отбасы мүшелері, 23-і мүмкіндігі

шектеулі жандар санатына жатады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша

бизнес негіздеріне оқытумен

1701 адам немесе жоспардың 97,2%

қамтылған (1750).

«Халықты жұмыспен қамтуға

жәрдемдесу және еңбек ресурстарының

ұтқырлығы арқылы еңбек

нарығын дамыту» үшінші бағыты

шеңберінде әлеуметтік жұмыс

БІЛӘЛ ЕХСАНҰЛЫ ШАЙМАРДАНОВ

Павлодар қаласының Құрметті азаматы, педагогикалық

еңбек ардагері Біләл Ехсанұлы Шаймарданов

87 жасында дүниеден озды.

Б.Е.Шаймарданов - Павлодар

облысының тумасы. 1959 жылы

Семей мемлекеттік педагогикалық

институтының физика-математика

факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолының 40 жылдан астам

уақытын ұстаздыққа арнады.

Біләл Ехсанұлы өскелең ұрпаққа

жан жылуымен қарады. Ол

шәкірттерінің әрқайсысындағы

мүмкіндіктерді көріп, оны ширату

үшін қолдан келгеннің бәрін

жасады. Еңбек еткен жылдары

Б.Е.Шаймарданов бүгінде еліміздің

дамуына үлес қосып, түрлі салаларда

еңбек етіп жүрген 2000-нан

астам түлектің өміріне жолдама

берді. Олардың ішінде Қазақстан

Республикасы Сәулетшілер

одағының президенті, академик

Қалдыбай Монтахаев, профессор

Дәурен Ахметбаев, Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген

әртісі Жанат Чайкина сынды

танымал тұлғалар бар. Зейнетке

шыққаннан кейін Біләл Ехсанұлы

Павлодар қаласының қоғамдық

өміріне белсенді атсалысты.

Біләл Ехсанұлы Шаймарданов

өзінің адал, жауапты және қажырлы

еңбегі үшін көптеген марапаттармен

наградталды. Атап

айтқанда, «Еңбек Қызыл Ту»

орденінің, «ҚазКСР ағарту ісінің

үздігі» атағының, «Еңбек ардагері»

медалінің иегері атанып, Крупская

атындағы сыйлықтың лауреаты

болды.

Марқұмның соңында қалған

туған-туыстары мен жақындарына

көңіл айтамыз. Біләл Ехсанұлы

туралы жарқын да жақсы естелік

біздің жүрегімізде және Павлодар

қаласының жылнамаларында мәңгі

сақталады.

Ержан ИМАНСЛЯМ,

Зәуреш МҰҚАШЕВА,

Александр РЮМКИН,

Кенже КЕҢЕСБАЕВ.

орындарына жұмысқа орналастыру,

жастар практикасына және

қоғамдық жұмыстарға жіберу,

өңірден өңірге қоныс аударуға

мемлекеттік қолдау көрсету арқылы

еңбек ресурстарының ұтқырлығын

қамтамасыз ету сияқты жұмыспен

қамтуға жәрдемдесу шаралары

көзделген.

2020 жылдың басынан субсидияланатын

жұмыс орындарына

6,6 мың адам немесе бір жылға

арналған жоспардан 83,9% (жоспар –

7885) (әлеуметтік жұмыс орындарына

– 1039 адам, жастар практикасына

– 783 адам, қоғамдық

жұмыстарға – 4796) жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

іске асырылған сәттен бастап

еңбек ресурстарының ұтқырлығы

шеңберінде облысқа 7683 адам

(1593 отбасы) келді, оның ішінде

еңбекке қабілетті жастағы 45,5%

(3492). 2780 азаматқа жұмыспен

қамтуға жәрдемдесу шаралары

көрсетілді, оның ішінде тұрақты

жұмыс орындарына 77,5% (1955)

жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы еңбек ресурстарының

ұтқырлығы шеңберінде

азаюды ескере отырып,

2392 адамға квота жеткізілді.

Жыл басынан 1409 адам

келді (306 отбасы), оның ішінде

527 адам немесе 71% тұрақты

жұмысқа орналастырылды (742),

11 адам кәсіпкерлік қызметпен

айналысады және 2 адам оқуға

жіберілді. Жұмысқа жарамды

адамдардың ішінде 5 дәрігер

(3 жалпы практика дәрігері,

1 қоғамдық денсаулық сақтау,

1 анестезиолог) және 17 орта

медицина қызметкері, сондай-ақ

53 педагог бар. Олардың барлығы

тұрақты жұмыс орындарымен

қамтамасыз етілген.

Облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы.

ÆÀÐÍÀÌÀ

66-15-40 66-15-42

КӘСІП

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9473 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1863

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!