14.01.2021 Views

14 қаңтар бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 14 қаңтар, бейсенбі, 2021 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Оң өзгерістер

күтеміз

Кейінгі уақытта биік

мінберде агроөнеркәсіп

кешенін дамыту мәселесі

жиі айтылып жүр. Соңғы

5 жылда бұл бағытқа

2,4 триллион теңге

бөлінгенімен, ауыл

шаруашылығы саласы

елдің жалпы ішкі өнімінің

небары 4,5 пайызын құрап

отырғаны алаңдатады.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Елімізде білім және ғылым саласының жаһандық бәсекеге

қабілеттілігін арттыру мақсатында жыл сайын түрлі

ұсыныстар айтылып, отандық білім саласына жаңашылдықтар

енгізіліп келеді. Осы ретте, ғылымның дамуы үшін

салаға жауап беретін жеке министрлік қажет деген пікір

айтылуда. Ал ұстаздарды қағазбастылықтан арылтып,

мәртебесін нықтай түсу үшін оның жүктемесіне жауап

беретін ведомство жеке болуы тиіс екен. Бұл ұсыныстар

қаншалықты орынды? Мәселені «Алаңның» талқысына

салуды жөн көрдік.

Ғылымға жеке

министрлік қажет пе?

- Білім және ғылым министрлігі

балабақшадан бастап жоғары оқу

орнына дейінгі үздіксіз білім беру

жүйесінің барлық мәселесімен айналысады.

Бұл - өте үлкен жүктеме.

Мәселе ел халқының жартысын

қамтиды. Мұндай жүктеме өзге

министрліктерде жоқ. Сондықтан,

Білім және ғылым министрлігінің базасында

екі министрлік құратын кез

келді. Штат санын көбейтпей, Білім

министрлігі мен Жоғары білім және

ғылым министрлігі деп бөлген жөн.

Білім саласына қатысты ескеретін

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты (пікір

ғаламтордан алынды):

тағы бір жайт – ол ректорлардың ұзақ мерзімге бір орында

отыруы. Елде ондаған жылдар бойы ректор болып жұмыс

істейтін адамдар бар. Менің ойымша, бұл қазіргідей

нарықтық дәуірде дұрыс қадам емес. Біз университетте

ректорлар екі мерзімнен артық ректор бола алмайтындай

етіп, кем дегенде төрт жылға тағайындалады

деген қағиданы енгізуіміз керек.

Еңлік ЖҰМАТАЕВА,

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор:

- Кеңес үкіметі кезінде білім мен ғылым жеке-жеке министрлік

болды. Ол кезде ғалымдар тек өз ісімен ғана айналысатын.

Өкінішке қарай, екі үлкен саланы біріктіріп алдық та, етек-жеңімізді

жинай алмай қалдық. Жалпы, жоғары оқу орындарындағы

ғалымдар тек қана білім кеңістігінде қызмет ететін мамандар

емес. Ғалымдардың еңбегін көп адамдар түсіне бермейді.

Мәселен, менің педагогика мен психология туралы жазғанымды

оқыған адамдар түсінер. Ал

техникалық, ауылшаруашылық

және медицина саласының

ғалымдарының еңбегін екінің

бірі түйсініп, пайдасына жарата

алмайды. Білім саласы - ол өз

алдына бөлек әлем. Ғылым -

білімнің атасы. Екеуінде

сабақтастық болуы керек.

Бірақ, екеуін бір сала ретінде

қарамауымыз шарт. Егер ғылым

саласы жеке шығатын болса,

қазақстандық ғалымдардың

бағы жанар еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық

бағдарламасы әзірленгенімен, нәтиже көңіл

көншітпейді. Экспортқа жіберілген өнімнің

33 пайызы ғана - қайта өңделген өнім. Шикізатты

экспорттап, дайын өнімді сатып аламыз.

Экспорт пен қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар

тиімділігін көрсетуі қажет. Субсидия бөлудің

талаптары да жиі өзгереді», - деп былтыр

министрлікке тиісті тапсырмалар берген еді.

Бұл ретте, Агроөнеркәсіптік кешенді

дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы

карта құрған болатын. Бұған сәйкес, қайта

өңдеудің 9 басым түрі айқындалды. Атап

айтсақ, сүтті, етті, теріні және жүнді, майлы

және дәнді дақылдарды, жеміс және көкөністі,

қант қызылшасын және картопты қайта өңдеу

кәсіпорындарын құру қажет. Картаға сәйкес,

2021 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында

79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты

жаңғырту көзделген. Сөйтіп, қайта өңделетін

өнімдердің жалпы өндірісін 1,9 триллионнан

3 триллион теңгеге дейін ұлғайту және 7 мың

жұмыс орнын құру жоспарланған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

басшысы Серік Батырғожиновтің айтуынша,

Павлодар өңірінде қайта өңдеу саласы бойынша

мәселелер көп.

- Шыны керек, бұл бағытта мақтанарлық

көрсеткіш аз. Жылына 2000 тонна күнбағыс

тұқымы жиналғанымен, амалсыздан сыртқа

жібереміз. Картоптың жағдайы да сол. Шикізат

мол болғанымен, өзімізде қайта өңдеуге мүмкіндік

жоқ. Қантты 100 пайыз сырттан әкелеміз.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын құру үшін инвесторларды

тарту қажет. Қазір мемлекеттік

бағдарламалардың тиімділігін есепке алып,

бұл бағытта жүйелі жұмыстарды қолға

алудамыз, - дейді С.Батырғожинов.

Басқарма басшысы биыл қайта өңдеу

саласында оң өзгерістер орын алатынына

сендіріп отыр. Ендеше, жыл соңында бұл

бағыттағы жұмыстарды таразылап, аталған

мәселеге тағы бір оралармыз.

- Білім және ғылым саласын екі

ведомствоға бөлу орынды болады

деп ойлаймын. Себебі, білім саласы

өз алдына дербес шықса, алдына

қойған мақсаты мен міндеті бүгінгіден

де айқын бола түсер еді. Меніңше,

әр сала өз қазанында қайнаса,

құба-құп. Бірақ, ғылымды білімнен

біржолата алшақтатып тастауға

болмайды. Өйткені, мектепте де

1-сыныптан бастап оқушыларды

ғылыми жұмыс жазуға үйретіп,

ғылымға баулимыз. Қазіргі таңда

елімізде жас ғалымдардың саны

артып келеді. Сондықтан ғылымды

Соңғы апталарда аймағымызда ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі тұрақты ұйымдастырылып

келеді. Облыс орталығынан бөлек, Екібастұз

және Ақсу қалаларында да арзан өнім молынан

ұсынылуда.

Өткен сенбіде Екібастұз қаласындағы

«Халық» базарында

12 сиыр, 4 қой және 5 жылқы

еті сатылған. Еттің мол болғаны

соншалық, сөрелер бос болмай,

шаруалар өнімін сатуға кезек алған.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі

Бахтияр Ахтаевтың айтуынша, ауылдан

әкелінген мал еті 1-2 сағаттың

ішінде сатылып кеткен. Бұл күні

Байет және Шиқылдақ ауылдарының

шаруалары сүттің бір литрін

200 теңгеден сатқан. Табиғи

өнімді жұрт аз уақыттың ішінде

Мейірімхан НӘЖІМ,

Павлодар қаласы №35 орта мектебінің

мұғалімі:

дамыту ісіне айрықша көңіл бөлетін кез келді. Ал білім

саласы қашан да жаңашылдықты, үлкен ізденіс пен терең

зерттеуді қажет ететіні белгілі. Оның өзіндік жүктемесі

мен міндеті бар. Соңғы уақытта ұстаздар мәртебесі

көтеріліп, жан-жақты қолдауға ие болып отырмыз. Ендігі

кезек ғылымда деп ойлаймын.

Ет молынан сатылды

талап әкетіпті. «Лейла» диірмені

1 бөлке нанды 90 теңгеден үлестірген.

Жәрмеңкеде картоптың бір келісі

70 теңгеден сатылып, сәйкесінше

«екінші нанды» сатып алуға кезек

күткендер көп болды. «Заман»

және «Майрагүл» шаруашылықтары

жалпы көлемі 5,5 тонна картоп

сатып үлгерген. Бұдан бөлек,

1 тонна пияз, 800 келі орамжапырақ,

300 келі сәбіз босатылған.

О.ҚОЖАНОВ,

Екібастұз қаласы.

«Алаңды» үйлестірген – Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

ЖӘРМЕҢКЕ

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!