06.02.2021 Views

6 ақпан сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

6 ақпан, сенбі

2021 жыл

№15 (15633)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Суармалы жүйенің

нәтижесі мол

Нақпа-нақ

Қазақстандықтар

13 ақпаннан

бастап жүргізуші

куәлігін өзімен

бірге алып

жүруге міндетті

болмайды

АЙБЫН

Армияның

қуаты артады

Қорғаныс министрлігі ел Президентіне

«Армияны жаңғырту»

жобасын ұсынбақшы. Оның

іске асуы отандық әскердің

қуатын арттырып, әлеуметтікэкономикалық

тиімділігін

қамтамасыз етуге зор мүмкіндік

бермек.

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Карантиндік шектеулердің салдарына қарамастан, аймағымыздың

ауыл шаруашылығы саласы өткен жылды табысты аяқтады.

Өңірдің агрокешеніндегі жалпы өнімнің өсімі 27 пайызға артып,

301 миллиард теңгеден асты. Осылайша, нақты көлем индексі

107,6 пайызды құрап, республика бойынша үздік үш өңірдің қатарына

ендік.

Вакцина:

АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

Жалғасы 5-бетте

Өңірімізге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізіліп, жер-жерлерде

егу жұмыстары басталып кетті. Көпшілігіміз асыға күткен бұл маңызды шара кезең-кезеңмен

жүзеге асырылады. Өңірлердегі вакциналау барысының аяқ алысын редакция журналистері

зерделеп көрді.

Толығырақ 8-бетте

Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас

қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс

министрін қабылдап, әскердің әлеуетін

арттыруды, Қарулы күштерді цифрландыруды

тапсырды. Кездесуде министр

Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының

заманауи қару-жарақпен және техникамен

жабдықталуы, ақпараттық қауіпсіздігі мен

бітімгершілік бөлімдердің дайындығы

жөнінде мәлімет берді. Әрі «Армияны

жаңғырту» жобасын ұсынатынын хабарлады.

Сондай-ақ министр салада ақпараттықкоммуникациялық

инфрақұрылымның

бірыңғай операторын құру жөніндегі

Президент тапсырмасының орындалу

барысын да баяндап берді. Бірыңғай

оператор әскерді, ресурстарды басқарудың

автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз

әрі орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ,

ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай

келетін ақпараттық жүйе мен әскери

мақсатқа арналған бірыңғай транспорттық

ортаны қамтамасыз етеді.

Президентке бейбітшілікті қолдау

операцияларына қатысатын әскери

қызметшілердің дайындығы туралы

ақпарат берілді. Нұрлан Ермекбаевтың

айтуынша, БҰҰ миссиясы бағытындағы

қызметте мейлінше сұранысқа ие әскеримедициналық,

инженерлік, барлау және

әскери полиция сияқты бөлімдердің

дайындығы пысықталуда.

Кездесу қорытындысы бойынша

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің

әскери әлеуетін арттыруға және қазіргі

сын-қатерлер мен қауіптерді ескере

отырып, оларды сапалы дамытуға, армияны

жабдықтауға, Қазақстанда қару-жарақтың

бірнеше түрін шығаратын қорғанысөнеркәсіптік

кешенімен ықпалдастық

орнатуға, сондай-ақ, Қарулы күштерді

цифрландыруға қатысты бірқатар тапсырма

берді.

Әзірлеген - Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

Қорда

картоп мол

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

Құрылыста қарқын бар

Бүгінде облыс әкімдігі тарапынан

азық-түлік өнімдерінің бағасын

тұрақтандырудың түрлі жолдары

қарастырылуда. Соның бірі – ауыл

шаруашылығы жәрмеңкесі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан былтыр

облыс бойынша 172 жәрмеңке ұйымдастырылған.

Онда 900 миллион теңгенің өнімі сатылыпты.

Әлеуметтік дүкендер арқылы да бағаны тұрақтандыруға

жол ашылған. 2019 жылы ондай дүкендердің

100-ден аспаса, қазір облыс аумағында 176 сауда

орны жұмыс істеп тұр. Онда өнімдер әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік өнімдері өзгелермен

салыстырғанда 10-15 пайызға арзан бағамен

сатылуда.

Облыстық әкімдік пен көкөніс өсірушілер

арасында жасалған меморандумның да нәтижесі

жоқ емес. Өткен жылдың күзінде облыстың ең

ірі деген 16 фермерімен келісімшартқа отырған

билік өкілдері картоп және өзге де көкөністердің

сауда желілерінде арзан бағамен сатылуына қол

жеткізді. Келісімге сәйкес, қыс-көктем кезеңінде

30 мың тонна картоп қоймаларда сақталмақ.

Өткен жолы кейбір дүкендерде картоп бағасы

қымбаттап, тұтынушылардың ашуын туғызған еді.

Қазір жағдай тұрақты. Аймағымыздағы 50-ден

астам әлеуметтік дүкендерде картоптың бір келісі

90 теңгеден сатылуда.

Делдалдарды «құрықтау» мақсатында жергілікті

2 ірі сауда («SMALL» және «iNMART») желілерімен

бірлесіп, «егістіктен дүкен сөрелеріне

дейін» қағидаты бойынша көкөністерді (картоп,

сәбіз, пияз, қызанақ, қияр) тікелей өндірушілерден

жеткізуге келісім жасалды. Бұл жұмыс оң нәтиже

беріп, аталған көкөністердің бағалары 20 пайызға

арзандатылды. Атап айтсақ, 2020 жылдың желтоқсан

айында қияр бағасы 1 300 теңгеден 950 теңгеге

дейін, картоп бағасы 128 теңгеден 90 теңгеге

дейін төмендетілді.

Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін былтыр

облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген.

Нәтижесінде жылдың басындағы қор көлемін

1,2 мың тоннадан 5,5 мың тоннаға дейін, яғни,

5 есеге арттыруға қол жеткізілген.

Былтыр Екібастұз

қаласында 12 көпқабатты

баспана

салынып, күрделі

жөндеуден өтті.

Соның нәтижесінде

тұрғын үй кезегінде

тұрған 646 адамға

пәтер кілттері

табысталды.

Осы жылдың

көктемінде тағы

алты баспана

қолданысқа

берілмек. Бұл ретте

инфрақұрылымды

жаңарту, кенттер

мен ауылдық

аймақтарды

дамытуға да баса

назар аудару қажет.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ

Қантарбаевтың онлайн-форматта өткен

есеп беру кездесуіне облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов, қала мен ауыл

тұрғындары қатысты. Шаһар басшысының

айтуынша, алдағы уақытта Екібастұзда

8 көпқабатты баспана салынып,

көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға

84 пәтер сатып алынады. Үш жыл

аралығында 3,5 мың отбасы үшін 213 мың

шаршы метр үй бой көтереді.

Соңғы жылдары жұмысы тұралап

қалған «Қазақстан вагон жасау компаниясы»

ЖШС бір мың ашық вагон

дайындауға тапсырыс алып, қызметін

қайта жандандарды. Сол арқылы 400-ге

жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру

мен тасымалдаудың авто-конвейерлік

технологиясына көшу нәтижесінде жыл

сайын 50 млн. тоннаға дейін қатты

отын өндіретін болды. Ал «Greenhouse-

Qaztomat» ЖШС қызанақ көлемін 76 мың

тоннаға дейін ұлғайтып, жылыжайда

алғаш рет қияр өсірді. Жалпы,

өткен жылы өңір экономикасына

146 млрд. теңгеден астам инвестиция

құйылды.

Кездесуге қатысқан екібастұздықтар

мектептердің аумағын жарықтандыру,

«Шахтер» қалалық саябағын қалпына

келтіру сияқты мәселелерді ортаға

салды. Ардақ Қаңтарбаев бұл бағыттағы

жұмыстың бәрі жоспарға енгізілгенін

хабарлады.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

қордаланған мәселелерді шешіп,

кадрларды даярлау және қайта оқыту

жұмысын бастау керектігін айтты.

- Қаланың инженерлік желілері

әбден тозған. Сондықтан ескірген құбырлары

бар проблемалық аймақтарды

Сурет газет мұрағатынан алынды.

анықтап, тексеру қажет. Қаланың

даму стратегиясында әлеуметтік,

спорттық инфрақұрылымды дамыту,

қоғамдық көлік, құрылыс, инвестициялар

тарту мәселелері көрініс табуы

тиіс. Нысандардың барлығы қарапайым

тұрғындарға қолжетімді болуы керек.

Экологиялық жағдайды да назардан тыс

қалдыруға болмайды. Екібастұзда жыл

сайын кемінде 5 мың көшет отырғызып,

оларға дұрыс күтім жасау маңызды, -

деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы жергілікті биліктің

назары тек Екібастұз қаласымен

шектелмеуі керек екенін атап өтті.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Солнечный

және Шідерті кенттерінде, әлеуеті

жоғары ауылдық аймақтарда өмір сүру

сапасын жақсартуды жүктеді.

COVID-19: ВАКЦИНА

Аудандарда

аяқталды

Павлодар облысында вакциналау

шарасы кестеге сәйкес

жүргізілуде. 1-3 ақпан аралығында

500-ден астам медицина

қызметкері коронавирусқа қарсы

екпе алды. Препараттардың

екінші партиясы 2 аптадан кейін

жеткізілмек.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде

онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының

басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.

- Аймағымызға «Спутник V» вакцинасының

1200 дозасы жеткізілген болатын. Қазір 530 медицина

қызметкері екпе алды. Вакциналау шарасы

кестеге сәйкес жүргізілуде.

Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары мен

аудандарда 22 егу кабинеті ашылған. Әзірге аудандарда

бұл жұмыс аяқталды. Келісім берген дәрігерлер

егілді. Қазір 3 қаладағы мамандар вакцина алуда, -

дейді Айдар Сейітқазинов.

Басқармадағы стратегиялық дамыту және

инновациялық технологиялар бөлімі бастығының

міндетін атқарушы Ерғалы Асылбек КВИ-ге қарсы

екпе алған адамдардың денсаулығы қалыпты екенін

айтады.

- Вакцинадан кейін ағзада жағымсыз әсер болуы

мүмкін. 10-ға жуық адамның дене қызуы көтеріліп,

тағы 2 адамда екпе салған орын қызарып кетті.

Екінші күні олардың жағдайы жақсарды, - дейді

Ерғалы Асылбек.

Еске сала кетейік, өңірде коронавирусқа қарсы

вакцина 18-65 жас аралығындағы адамдарға егіледі.

Алдымен 9 мыңға жуық медицина қызметкері вакцина

алмақ. Екпе дәрігерлердің рұқсаты арқылы ғана

жасалады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Жергілікті жерде

шешілуі тиіс

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданы әкімінің

тұрғындармен есеп беру кездесуіне қатысты. Онлайн форматта

өткен шараға 300-ден астам ауылдық тұрғын қосылды.

Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға

Арынов өңірдің 2020 жылғы әлеуметтікэкономикалық

дамуы туралы айтып

берді. Ауданға 8,3 миллиард теңге

инвестиция тартылған. Бұл 2019 жылға

қарағанда 2,1 миллиард теңгеге көп.

- Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау

жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар

аясында «BARLYBAI AGRO» ЖШС асыл

тұқымды мал сатып алып, өзінің мал

ұстайтын жайларын қайта жаңартты. Ал

«Масақбай инвест» ЖШС 1000 бас малға

арналған мал шаруашылығы кешенін

салды. Сондай-ақ екі перспективалы

жоба басталды. Олар - «Жангөбек»

ЖШС-нің 925 гектар суармалы учаскесін

қайта жаңғыртылуы және 1000 бас

малға арналған «Ақтоғай-Агро» ЖШС-нің

тауарлы сүт фермасының құрылысы.

Екеуі де жыл соңына дейін аяқталады, -

деп мәлімдеді Қ.Арынов.

Бүгінде ауданда 6,4 мың гектар

суармалы жер бар. Оның 80%-ы

мақсатқа сай пайдаланылып жатыр.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламасы бойынша екі жаңа суармалы

учаскеге инфрақұрылым жүргізу

жоспарланып отыр.

- Өткен жылы Әбжан, Жаңабет,

Өтес ауылдарында жалпы сомасы

517,3 миллион теңгеге ықшамдалған

су құбырларының құрылысы аяқталды.

Мүткенов және Харьков ауылдарында

су құбырларының құрылысы жүріп

жатыр. Исантерек, Шілікті, Қарасу,

Қарабұзау, Разумовка, Балтасап,

Жаңаауыл, Қайран және Естай деген

9 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылды.

Бүгінгі таңда Жалаулы ауылында

орталықтандырылған су құбырын және

Шолақсор, Шұға, Барлыбай, Жамбыл,

Жаңатап және Жоламан ауылдарында

алты ықшамдалған су құбырын салу

жобалары бар. Бұл жобалар облыстық

бюджет комиссиясының қарауына

жіберілді, - деді аудан әкімі.

Былтыр Ақтоғай ауылында кезекте

тұрған азаматтар үшін 24 пәтерлі үй

пайдалануға берілді. Коммуналдық

мекеме ғимараты тұрғын үй ретінде

қайта құрылып, ондағы пәтерлер кілттерін

8 медицина қызметкері алды.

Есеп беру шарасында Басқамыс

ауылының тұрғындары елді мекеннен

Екібастұзға апаратын жолға назар аударуды

сұрады. Ауыл тұрғындарының айтуынша,

көптеген студенттер Екібастұзда

оқиды. Бұған қоса ауылдықтар өз

өнімдерін сонда апарып өткізеді. Қаршыға

Арынов автожолдың 30 шақырымын

жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама

әзірленгенін атап өтті. Түзетуден кейін

ол облыстық бюджет комиссиясының

қарауына жіберіледі.

Мүткенов ауылының тұрғындары

мектеп жанындағы шағын орталық

жеткіліксіз екенін атап өтті. Аудан әкімі

2021 жылдан бастап білім беру жүйесін

қаржыландыру орталықтандырылған түрде

облыстық білім басқармасы арқылы

жүргізіліп жатқанын еске салып, бұл

мәселені бейінді ведомство алдында

көтеруге уәде берді.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

жергілікті әкімдер білім беру саласындағы

проблемаларды шешуден қашқақтамауы

тиіс екенін атап өтті.

- Білім саласын қаржыландыру өткен

жылдағыдай деңгейде қалды. Қалалар

мен аудандарда білім беру бөлімдері

сақталып қалды. Көтерілген мәселелерді

білім басқармасымен және менің осы

салаға жетекшілік ететін орынбасарыммен

пысықтау қажет. Тұрғындардың барлық

проблемалары ең алдымен жергілікті

жерлерде шешілуі тиіс екенін айрықша

ескертемін, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Облыс әкімі аудан басшылығына

ауылдық елді мекендердегі ұялы

байланыс пен интернет сапасының

жағдайын жақсартуды тапсырды.

Ақтоғай ауданының сапалы ауызсуға

қол жеткізуін қамтамасыз ету және

суармалы егіншілікке көшуі облыстық

деңгейде қадағаланатын болады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл 3

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

Жаңа мектеп керек

Биыл Железин ауданында агроөндіріс кешенін дамыту

бағытында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

деп жоспарлануда. Бұл бағытқа 4 млрд. теңге

қарастырылған.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл туралы кеше аудан әкімі

Қанат Қашкиров өткен тұрғындармен

есептік кездесуінде айтты. Онлайн

форматта өткен ауқымды шарада

аудан басшысы өткен жылы

атқарылған жұмыстарға тоқталып,

биыл жүзеге асырылатын жоспарларды

баяндады.

Әкім атап өткендей, жасөспірімдер

арасындағы спортты дамыту

үшін Башмачное, Веселая роща,

Церковное ауылдарында шағын

футбол алаңы салынады. Сонымен

қатар, биыл екі пәтерлі 5 тұрғын

үй бой көтереді. 24 пәтерлі тұрғын

үйдің құрылысын жүргізуде жобалықсметалық

құжат әзірленді.

Ауқымды жұмыстар атқарылды

Өткен жылы Аққулы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы аясында 198 адам және «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы аясында 53 адам жұмыспен қамтылды.

Тілеуберді САХАБА

Бұл туралы аудан әкімі Абзал

Балғабаев 2020 жылғы әлеуметтікэкономикалық

даму көрсеткіші туралы

есеп беру кезінде айтты.

- Ауданда мемлекеттік бағдарламалар

шеңберінде ауқымды жұмыстар

атқарылды. Атап айтқанда 3 орта

мектепке, бір өнер мектебіне және бір

Оралхан ҚОЖАНОВ

Әкімнің айтуынша, 2020 жылғы

қорытынды есептік кездесуде тұрғындар

көтерген мәселелердің барлығы

дерлік шешімін тапқан. Тек екі шаруа

ТҮЙТКІЛ

4 қызметкер орнын босатты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте облыстың

білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

- Уланған қыздар облыс орталығындағы

қиын жағдайға тап болған балаларды

қолдау орталығына өткен жылдың қазан

айында келген. Бір қыз ауруханадан

шыққан соң кейін Шығыс Қазақстан

облысындағы «девиантты мінез-құлықты

балаларға арналған облыстық арнайы

мектеп-интернатына» жіберілді. Ал

Кездесу соңында ауыл тұрғындары

әлеуметтік желі арқылы

көкейдегі сұрақтарын қойды. Жұртшылық

тұрғын үйлердің тапсырылу

мерзімі, аулаларды абаттандыру,

музейде құрылыс жұмыстарын

жүргізу, «Еңбек» бағдарламасына

қатысу шарты, үй ауласына қоқыс

контейнерлерін орнатуға қатысты

сауалдарын жолдады. Ал Захаровка

ауылының тұрғындары елді

мекенге ұялы байланыс жүйесін

орнатуды өтінді. Моисеевка ауылының

тұрғындары оқушылар үшін жаңа

мектеп салуды сұрады. Аудан

әкімінің қабылдауына жазылған

адамдар да болды.

балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұл мақсатқа жалпы сомасы 364,8 млн.

теңге жұмсалды. Сондай-ақ, ауылдарда

орналасқан 13 мектепте жылы

дәретханалар орнатылды, - деді Абзал

Әбілқақұлы.

Әкімнің сөзінше, аудандық маңызы

бар жолдардың жалпы ұзындығы 292,5

шақырымды құрайды. Оның 81,5 пайызы

қанағаттанарлық жағдайда. Өткен жылы

Аққу-Қазы-Майқарағай бағытындағы

Жарық жиі сөнеді

Кеше Успен ауданының әкімі Николай Дычко аудан тұрғындары

алдында онлайн форматта қорытынды есептік кездесуін

өткізді. Тұрғындардың сауалына жауап беріп, алдағы жоспарымен

бөлісті.

тындырылмаған. Бірі – физиокабинеттің

ашылуы. Ол мәселеге биыл наурыз

айында нүкте қойылмақ. Ал аудан

орталығындағы ескі дүкен ғимаратын

жаңарту ісі бойынша әлі нақты шешім

жоқ.

Бұл жолы да тұрғындардың өтініштілегі

аз болған жоқ. Мәселен, Тобылжан

Жыл басында, аймағымызда 3 қыз антисептиктен уланып,

біреуі көз жұмды деген жайсыз хабар елге таралып кетті.

Қайғылы жағдай облыстық қиын жағдайға тап болған балаларды

қолдау орталығында орын алғаны мәлім. Осы оқиғадан

кейін аталмыш орталықтың 4 қызметкері жұмыстан кеткен.

көз жұмған 17 жастағы қыз ата-ана

қамқорлығынсыз қалған. Олар - ата-ана

құқығынан айырылғандар санатында.

Қазір аталған іс бойынша Қылмыстық

кодекстің 371-бабы бойынша тергеу амалдары

жүріп жатыр, - деді Д.Болатханұлы.

Басқарма басшысының айтуынша,

қазіргі уақытта аталған орталықтың

1 медбикесі, 2 тәрбиешінің көмекшісі

және күзетші өз еркімен жұмыстан

кеткен. Орталық басшысы да жұмыстан

босату туралы өтініш берген. Ал мекеме

34 шақырым жолға орташа жөндеу

жүргізілді. Оған бюджеттен 838,7 млн.

теңге сомасында қаржы қарастырылған.

- Аудан тұрғындарының 78,4 пайызы

таза ауызсумен қамтылған. Өткен жылы

Бесқарағай ауылының су құбыры қайта

жаңартылды. Майқарағай, Қызылқоғам,

Төсағаш және Мерғалым ауылдарына

су құбырларын салуға арналған

жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Сонымен қатар, Аққулы ауылының

су құбырын қайта жаңғырту жобасы

жасалды. Жалпы, 2023 жылға дейін

аудан тұрғындарының 100 пайызы

таза ауызсуға қол жеткізеді, - деді

аудан әкімі.

ауылының белсенді азаматтары электр

жарығы мәселесі жиі алдан шығатынын

жеткізді. Жақында 18 сағат бойы жарық

берілмеген. Тұрғындар ай сайын тиісті

төлем жасап отырса да, жарықтың

жиі сөнетініне наразы. Жиын барысында

бірқатар ауылдың тұрғындары

жолға асфальт төсеу мәселесін көтерді.

Қаратай ауылына шағын болса да жеке

мәдениет үйі қажеттілігі де айтылды.

Аудан басшысы әр сауал жауапсыз

қалмайтынына сендіріп, тиісті шаралар

қолға алынатынына уәде берді.

басшысының орынбасарына қатаң сөгіс

жарияланған.

- Балалар антисептик ішеді деген

ешкімнің ойына келмейді. Алайда, қазіргі

жағдайға сәйкес, антисептик барлық

жерде қолжетімді орында тұруы керек.

Бұл қайғылы оқиға көбімізге сабақ

болды, - деді Д.Болатханұлы.

Естеріңізде болса, өткен жылы дәл осы

орталықтағы бөлмелерге бейнебақылау

камераларын орнату жөніндегі ұсыныс

көпшіліктің наразылығына ұшыраған.

Басқарма басшысы әлгі камераларды

қойғанда жағдай басқаша болар ма

еді деген ойын жеткізді.

Жалпы, Павлодар облысында өмірлік

қиын жағдайға тап болған балаларды

қолдауға арналған 2 орталық бар.

Оларда 73 бала тұрады.

Құрметті

павлодарлықтар!

2021 жылғы 10 ақпан күні сағат 11.00-де

Павлодар қаласының әкімі Ержан

Иманслямның қорытынды есеп беру

кездесуі өтеді.

Кездесуді «Ertis» және «Ирбис» телеарналарының

тікелей эфирінен көре аласыздар.

Сондай-ақ, келесі әлеуметтік желілер арқылы

да тікелей эфир жүргізілетін болады:

ZOOM платформасы (конференция идентификаторы

- 620 410 6466; кіру коды - 7182), қосылатын

сілтеме stories-те;

Facebook әлеуметтік желісі - Павлодар қаласының

әкімі Е.Иманслямның ресми парақшасында;

Instagram әлеуметтік желісі - Павлодар қаласы

әкімдігінің @akimat.рavlodar, сондай-ақ, «Рavlodarnews»,

«Pavon.kz» ақпараттық агенттіктерінің @pavlodarnews.

kz және @pavlodar.оnline ресми парақшаларында;

Тұрғындар қала әкіміне сауалдарын ZOOM конференциясы,

109 «жедел желі» телефоны бойынша

және әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде жазба

қалдыру арқылы қоя алады.

Сонымен қатар, әрбір павлодарлық 4-9 ақпан

аралығында, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге

дейін «Open Pavlodar» фронт-кеңсесінде (Кривенко

к-сі, 25) Павлодар қаласының әкімі Е.Иманслямға

өзінің бейнеөтінішін қалдыра алады.

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары,

сіздерді қала әкімі Е.Иманслямның қорытынды

есеп беру кездесуіне белсенді қатысуға, өздеріңізді

толғандырған сауалдарыңызды қоюға және сіздермен

бірге сүйікті қаламызды одан әрі дамыту бойынша

ұсыныстар енгізуге шақырамыз!

Павлодар қаласының әкімдігі.

7 млрд. теңге

бөлінді

Биыл «Еңбек»

мемлекеттік

бағдарламасы

бойынша

аймағымызға

7 млрд.

теңгеден

астам қаражат

бөлінді.

Жұмыспен

қамту шаралары

аясында

21,5 мыңнан астам бағдарламаға

қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Альмира Дисюпова Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте айтты.

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан

бастап жүзеге асырылып келеді. Содан

бері 111 мыңнан астам адам қатысып, әртүрлі

бағытта көмек көсретілді. Олардың 57 пайызы -

жұмыссыз азаматтар, 20 пайызы - өздерін жұмыспен

қамтып отырған кәсіп иелері. Ал былтыр 27 мыңнан

астам адам қамтылды, - дейді Альмира

Аманқызы.

Басқарма басшысының сөзінше, «Еңбек»

бағдарламасы шеңберінде үш бағытта жұмыс

жүргізіледі. Биыл да ауқымды шаралар жоспарланып

отыр. Бағдарламаның бірінші бағыты –

техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды

даярлау. Биыл осы мамандық бойынша 700 адам

оқытылады және 415 адам қысқамерзімді

курстарға қатысады. Екіншісі – «Бастау». Осы

бағдарлама бойынша 1,5 мың адамды кәсіпкерлік

курсына тарту жоспарланған. Эпидемиологиялық

жағдайға байланысты оқыту онлайн форматта

өтеді. Сондай-ақ, шаруасын енді бастаған 900-ден

астам кәсіпкерге қайтарымсыз грант беріледі.

Үшінші бағыт шеңберінде 4,5 мыңнан астам адам

субсидияланатын жұмыс орындарына тартылады.

- Өткен жылы 2 мыңға жуық адамға 1 млрд.

теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Бұл

қаржының 60 пайызы мал шаруашылығы бағытына

жұмсалды. Дегенмен, берілген гранттар 100 пайыз

игерілмейтінін байқап жүрміз. Кейбір азаматтар

ақша қолға тиген соң басқа мақсатқа жұмсап

жіберген. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлер

палатасымен бірлесіп, оларды қадағалайтын

боламыз. Егер берілген гранттардың мақсатты

пайдаланылмағаны анықталса, кәсіпкерге өз

еркімен қайтару жөнінде талап қойылады. Құзырлы

мекеменің талабы орындалмаса, іс сотқа жолданады,

- дейді басқарма басшысы.

Тілеуберді САХАБА.


4 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Дәурен Сәрсенбайұлы, мониторингтік

топтардың рейдтік

шаралары жалғасып жатқанын

білеміз. Бүгінгі күнге дейін облыс

бойынша неше нысан тексерілді?

- Облыста COVID-19 инфекциясының

алдын алуға бағытталған 176 мониторингтік

топ құрылып, аймақтағы бизнес нысандарына

бақылау рейдін жүргізуде. Топ құрамында

облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті мен жергілікті

полиция қызметкерлері, еріктілер мен

қоғамдық ұйым мүшелері бар.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар -

2 ақпан аралығында 979 рейд жүргізіліп,

7750 нысан нақты тексерілді. Тексеру

шаралары барысында 62 қызмет көрсету

орны карантиндік талаптарды бұзған.

Оларға қатысты салынған айыппұлдың

көлемі 5 148 505 теңгені құрады.

- Карантиндік талаптарды

бұзушылардың дені облыс орталығында

ма, әлде ауылдық жерлердегі

кәсіпкерлік нысандары ма?

- Карантиндік режимді бұзушылардың

көбі Павлодар қаласынан деуге болады.

Сонымен қатар, Ақсу және Екібастұз

шаһарларынан тіркелгендер де бар.

Ал аудан-ауылдардан ондай тәртіп

бұзушылар анықталған жоқ. Мысалы,

Павлодар қаласындағы «Малина», «Гараж»

Талапты елемей,

айыппұлға ұрынды

Өңірде карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторингтік

топтардың жұмысы үздіксіз жалғасуда. Шағын және орта

бизнес нысандары санитарлық ережелерді бұлжытпай орындап,

ал көпшілік сақтық шараларын үнемі назарда ұстағаны абзал.

Өкінішке қарай, ортақ талапқа бағынбай, ескертуді елемеген

кейбір кәсіп иелері айыппұл арқалауда. Мониторинг шараларының

аралық нәтижелері жайында облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму басқармасының шағын

және орта бизнеспен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Дәурен

Усахановпен әңгімелестік.

«Mojo», «Pastila», «Staut» сынды кафелер

мен кафе-барлар, «Светофор» дүкені,

«Drive» компьютерлік клубы сынды т.б.

бизнес орындары тұтынушыларға түнгі

20.00-ден кейін қызмет көрсеткен. Сол

секілді талапқа бағынбағандар қатарында

Екібастұз қаласындағы «DonerBakinskiy+»

« P i z z a » , « Ф е л и ч и т а » , « F r e i n d s » к а ф е л е р і м е н

«K.A.M.Calliano» ойын-сауық орындары,

Ақсу қаласындағы «Шығыс асханасы»

дәмханасы да бар.

Мәлімет расталған жағдайда жергілікті

полиция қызметкерлері бірден

хаттама толтырып, облыстық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаментіне

жолдайды. Департамент оларға

ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексі

бойынша айыппұл белгілейді. Осы аталған

ойын-сауық орындарында түнгі уақытта

сауықтық шаралар ұйымдастырған

азаматтарға барлығы 2 млн. 468 мың

теңге сомасына айыппұл салынды. Көбі

белгіленген уақыт режимін сақтамайды,

сондай-ақ, әлеуметтік арақашықтықты

ұстамайтындар да бар.

- Тәртіп бұзған мекемелерге кіру

кезінде қандай да бір кедергілер

болып жатыр ма? Ескертуді елемей,

екінші немесе үшінші мәрте талап

бұзғандар кездесті ме?

- Тәртіп бұзған кафе-барларға кіру

қиын. Олар мониторингтік топтардың

жұмысына әртүрлі тәсілдермен кедергі

келтіруге тырысады. Яғни, көбі есіктерін

ішінен бекітіп, жарығын өшіріп қойып,

ашпай отырады. Сондай-ақ, қазір ондай

орындар аулаларға бейнекамера орнатып

жатыр. Тіпті, тексеру топтарын қарап

отыратын кезекші қойған ұйымдар да

бар екен.

Карантиндік шектеулерді жүйелі түрде

бұзатын кәсіпкерлік нысандары да бар.

Мәселен, Павлодар қаласындағы 11 нысан

бірнеше рет тәртіп бұзды. Негізі, мұндай

жағдайда сауық орындарының қожайыны

жеке тұлға болса 30 АЕК-ке дейін, ал

заңды тұлға болса 200 АЕК-ке дейін

айыппұл салынуы керек. Дәл осындай

тәртіптік жаза кешті ұйымдастырушыларға

да қолданылуы мүмкін.

Облыс жұртшылығы мен кәсіпкерлік

нысандарының басшылығын санитарлық

талаптарды сақтауға шақырамыз. Айналамыздағы

адамдардың амандығы үшін

қазіргі уақытша шектеулерге шыдап

кетпеске болмайды. Әлемді жайлаған

індетті ауыздықтау үшін алдымен тәртіп

керек. Сондықтан көпшіліктен ортақ

ережелерді ұстануды өтінеміз.

- Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан -

Тілеуберді САХАБА.

«МАЙДАН ЖОЛЫ»

Аймағымызда «Майдан

жолы» іздестіру жасағының

тындырған ісі көп. Соңғы

жылдары жат жерде

жерленген көптеген отандастарымыз

жайлы құнды

мәліметтер табылуда.

Жақында іздеу жасағының

өкілдері тағы бір игі іске

ұйытқы болды.

Эстониядан

табылған

медаль

Іздестіру жасағының командирі Александр

Шитовтың айтуынша, 25 қаңтарда

эстониялық әріптестері хабарласып, «Ерлігі

үшін» медалі иегерінің туысқандарын тауып

беруді өтінген.

- Таллин қаласынан 40 шақырым жерде

«Ерлігі үшін» медалі табылып, «Front Line»

әскери-тарихи бірлестігінің басшысы Андрей

Лазурин оның иесін анықтады. Медаль

№1813323 нөмірмен Қазақстандағы Лениногорск

(қазіргі Риддер) өңірінің тумасы,

гвардияның қатардағы жауынгері Ефремов

Николай Павловичке (1926 жылы туған) тиесілі

екен. Бұл туралы әлеуметтік желілерге жариялап,

нәтижесінде «Nur Otan» партиясы Риддер

қалалық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары Юлия Титарева жауынгердің

туыстарын тауып берді, - дейді А.Шитов.

Кейін Александр Шитов Н.Ефремовтің

туған қызы Ольга Персияновамен хабарласып,

эстониялық әріптестеріне қуанышты

хабарды жеткізген.

О.Персиянованың айтуынша, әкесі соғыс

аяқталғаннан кейін Лениногорск (қазіргі

Риддер) қаласында тұрған. 1954 жылға дейін

жер барлау саласында, кейін жүк көтергіш

техниканың басқарушысы болып еңбек

еткен. 1986 жылы зейнеткерлікке шығып,

2006 жылдың сәуірінде қайтыс болған.

Бүгінде елшілік арқылы медальді туысқандарына

жеткізу жұмыстары жалғасуда.

Жансері СЪЕЗБЕК.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Көшке ілеспек керек

Қазір жұртшылықтың МИБ (мүлік иелері бірлестігі) атауына да құлағы үйрене

бастады. Елімізде ПИК-тердің орнын осы бірлестіктер мен серіктестіктер

басатыны белгілі. «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы шеңберінде

жүзеге асатын жоба карантиндік шектеулердің салдарынан сәл «үзіліс» алғандай.

Десе де, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық көпқабатты үйлер ПИК-пен

қош айтысуы тиіс.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Соңғы деректерге сәйкес, республикада

1132 жаңа басқару нысаны

құрылыпты. Оның 539-ы – МИБ,

593-і – қарапайым серіктестіктер.

Басым бөлігі Нұр-Сұлтан және

Алматы қалаларында тіркелген.

Бірақ, бұл – аз көрсеткіш. Павлодар

облысының орталығында былтыр жыл

соңына дейін 50 МИБ құрылады деп

күтілген-ді. Десе де, бүгінде облыс

орталығындағы 1266 көпқабатты

тұрғын үйдің небары 4-еуі МИБ,

ал 2-еуі қарапайым серіктестік

ретінде «жаңа өмір» бастаған.

Тұрғындардың жаңа жүйеге

аяқ басуы қиынға соғуда. Қалалық

тұрғын үй инспекциясы бөлімі

басшысының орынбасары Нұрлан

Рәшитовтің айтуынша, карантинге

дейін түсіндіру жұмыстары жүйелі

жүргізіліп келген. Тіпті, елордадан

мамандар тартылып, «iQamal»

қауымдастығы МИБ құруға ниеттенген

тұрғындарға құжаттарды

реттеу мәселесіне қол ұшын

созыпты.

- Онлайн форматта тұрғындарға

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өкінішке қарай, жаңа жобаға атүсті

қарайтындар көп. Заң қабылданды.

Шекті уақыт бар. Сондықтан да

пәтер иелеріне жаңа жүйеге көшуге

ерте қамдана бастаған жөн, -

дейді Н.Рәшитов.

Жаңа жүйенің басты тиімділігі -

тұрғындарға ақша түсімін және

қаражаттың жұмсалуын бақылауға

мүмкіндік береді. Егер бұрын ПИК,

КТ, ПИТК, ЖШС және тағы басқа

басқару органдары бірнеше үйді

басқарып, барлық үйге бір шот

ұстаса, енді әр үйдің жеке шоты

болады.

Мүлік иелерінің бірлестігі –

заңды тұлға. Оны басқаратын

төраға меншік иелері қатарынан

бір жылға сайланады. Бұл ретте,

штатта аула сыпырушылар, электриктер,

сантехниктер сияқты

қызметкерлер болмайды. Бұлардың

қызметін шарт бойынша сервистік

қызмет көрсететін ұйымдар орындайды.

Қарапайым серіктестік -

заңды тұлға болмай-ақ барлық

меншік иелерімен тікелей бірлесіп

басқару формасы. Мұндай жүйе

2-3 қабатты тұрғын үйлерді

қоныстанған 10-15 шақты пәтер

иелеріне тиімді болмақ.

«ПИК-тің тағдыры не болмақ?»

деген сауал туындауы заңдылық.

Н.Рәшитовтің айтуынша, «бес

қаруын» сайлаған, сантехник

сияқты бірнеше қызметкерлері

бар әлеуетті ПИК-тер сервистік

қызмет көрсетуге ниетті. Ал ұсақ

ПИК-тер өз жұмысын тоқтатуға

мәжбүр болады.

«Шаңырақ» заңды тұлғалар

қауымдастығының төрайымы

Нұрсәуле Байболатованың айтуынша,

Zhkh.kz сайтында басқарудың

жаңа нысанына көшу бойынша

барлық ақпараттар қамтылған.

- Басқарудың жаңа нысандарын

құру бойынша азаматтардан

келіп түсетін өтініштердің

үлкен ағынын ескере отырып,

Телеграм бот платформасы іске

қосылды. Сондай-ақ сұрақтарды

Suraqtar.kz. платформасына да

жолдауға болады. Көппәтерлі

үйлерді басқарушыларды оқыту

онлайн режимде өтеді. Оқытушылар

Нұр-Сұлтан қаласынан байланысқа

шығады. Оқудың орташа бағасы -

30 000 теңге (55 сағат). Басқарушылар

оқудың соңында тұрғын

үй-коммуналдық-шаруашылығын

жаңғырту мен дамытудың

қазақстандық орталығында тестілеуден

өтіп, сертификат алады, -

дейді Н.Байболатова.

Облыс орталығында Шәкәрім

Құдайбердиев көшесі, №14 тұрғын

үйдің пәтер иелері алғашқы болып

меншік иелерінің бірлестігіне кірген

болатын. МИБ төрағасы Ернар

Қожахметтің айтуынша, тіркеу

жұмыстарына шамамен 1,5 ай

уақыт жұмсалыпты.

- Ең қиыны – адамдарды жинап,

түсіндіру. Тұрғын үйлердің нашар

күйде болуына өзіміз кінәліміз. Сол

себепті, тұрғындар бұл іске белсене

араласуы қажет. Жаңашылдықтың

арқасында пәтер иелері жұмыс

сапасын тікелей бақылай алады.

Алғашқы жетістігіміз де жоқ емес.

ПИК 2-3 жыл істемеген шаруаны

аз уақыттың ішінде тындырдық.

Бұл ретте, пәтер иелерінен әр

шаршы метрі үшін бұрынғыдай

22 теңгеден емес, 40 теңгеден

жиналды. Айталық, бір пәтерлі

үй ай сайын 680 теңгенің орнына

1300 теңге, ал үш пәтерлілер

1300 емес, 2600 теңге төлейтін

болды. Соның өзінде қаражаттың

жеткіліксіздігі байқалады. Егер

мемлекет жұрттың МИБ-ке көшкенін

қаласа, тарификацияны өзгерту

керек. Ең төменгі тарифті 40 теңге

деп алсақ, тым болмағанда ұсақтүйек

жұмыстарды атқаруға болар

еді, - дейді Е.Қожахмет.

Қысқасы, шегінерге жол жоқ.

Көпқабатты тұрғын үйлердің

барлығы жаңа жүйеге көшіп, пәтер

иелері өз қаражаттарының қандай

мақсатта жұмсалып жатқанына

көз жеткізбек. Бүгінде облыс

орталығында көппәтерлі үйлерге

қызмет көрсететін 133 ПИК, ЖШС

және ЖК бар. Тағы 121 үй өзін-өзі

басқарады. Барлығының МИБ

басқаруына көшуі – уақыт еншісінде.

Сурет газет мұрағатынан

алынды.


SARYARQA SAMALY

ДӘУЛЕТ 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл 5

Суармалы жүйенің нәтижесі мол

Басы 1-бетте

Оралхан ҚОЖАНОВ

Субсидия суға

да беріледі

Әрине, бұған мемлекеттік қолдаудың

әсері мол. Шаруалар да Үкіметке алақан

жая бермей, шама-шарқынша барын

ұқсатып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

басшысы Серік Батырғожиновтің

айтуынша, былтыр агроөнеркәсіп кешенін

дамытуға 29 миллиард теңге бөлінген.

Нәтижесінде 3,4 мыңнан астам ауыл

шаруашылығы тауарын өндіруші зор

қолдауды сезінген.

Мол әрі сапалы өнімге қол жеткізудің

бірден-бір жолы – суармалы алқапты

дамыту. Бұл бағыттағы шаралар өсімдік

шаруашылығын өркендетіп қана қоймай,

малдың сапалы жем-азығын әзірлеуге

жол ашып, сүт және ет бағытындағы мал

шаруашылығының алға жылжуына түрткі

болмақ. Осы ретте, суармалы суды субсидиялау

ісі қайта іске қосылып, былтыр

бұл мақсатқа 132 миллион теңге қаржы

қарастырылыпты. Демеуқаржыдан қалыс

қалмауға тырысқан фермерлер суармалы

алқапты дамытуды мықтап қолға алған.

Өткен жылы 24,6 мың гектар суармалы

жер іске қосылып, аймақтағы жалпы көлемі

126,8 мың гектарды құрап отыр. 2022

жылға дейін суарылатын егістіктердің

көлемін 140 мың гектардан асыру көзделіп

отыр.

- Былтыр 1 гектар суармалы алқаптан

313 центнер көкөніс жиналды. Әрине, жай

алқаппен салыстырғанда өнім көрсеткіші

жер мен көктей. Мысал келтірсек, өткен

жылы 900 мың гектар суарылмайтын егіс

алқабынан 827 мың тонна, ал 52 мың

гектар суарылатын алқаптан 830 мың

тонна өнім алынды. Айырмашылық тайға

таңба басқандай көрініп тұр, - дейді

С.Батырғожинов.

Аймақтағы суармалы алқаптың 35 пайызын

жем-шөп дақылдары, 28 пайызын

картоп құрайды. Сондай-ақ, майлы, дәнді,

дәнді-бұршақтардың үлесі 26 пайызға,

көкөністердің көрсеткіші 11 пайызға тең.

Былтыр суармалы алқаптарды іске қосу

үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы

шеңберінде 3 жоба, «Жұмыспен

қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында

4 жоба жүзеге асқан. Айтпақшы, бұл іске

«Қазсушар» кәсіпорны да белсенді атсалысып,

жалпы көлемі 17,5 мың гектарды құрайтын

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

5 жобаға жетекшілік етуде. Оның ішіндегі

ең ірі жоба – Ертіс-Успен жасанды су

каналының құрылысы. Жоба сәтті жүзеге

асса, 10 мың гектар жер суармалы алқапқа

айналмақ. Кеңестік кезеңде құрылысы

басталып, аяқсыз қалған 13 шақырым

су арнасын қалпына келтіруге мемлекеттік

қазынадан 7,8 миллиард теңге бөлініпті.

Суармалы алқаптың тиімділігін сезініп

отырғандардың бірі – «Андас» шаруа

қожалығы. Қожалық басшысы Зейнолла

Сәлменбаевтың айтуынша, былтыр 2100 га

суармалы алқапқа картоп пен көкөніс

отырғызылған. Алдағы уақытта тағы

600 гектар суармалы жер іске қосылып,

сыйымдылығы 3 мың тонналық көкөніс

сақтау қоймасы мен 1000 басқа арналған

тауарлы сүт фермасы салынбақ.

Жерді мақсатты

пайдалан!

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы

өз Жолдауында ауыл шаруашылығы жерлерін

толыққанды айналымға енгізудің әдістәсілдерін

пысықтау керектігін нақтылаған

болатын. Жер мақсатты пайдаланса, ет

және сүт өнімдерін ұлғайтуға жол ашылмақ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі

бойынша, әрбір 50 мал басына 500 га

жайылым керек.

Бұл бағыттағы жұмыстар Павлодар

облысында да жалғасын табуда. Облыс

әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың

мәліметінше, былтыр тиімсіз пайдаланылып

келген 17,5 мың гектар жер

мемлекет меншігіне қайтарылған. 86 мың

гектар тыңайған жер айналымға енгізіліп,

бос жатқан жерлер 19 пайызға қысқартылыпты.

- Тұрғындардың және ауыл шаруашылығы

тауарын өндірушілердің жеке

үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін

қанағаттандыру мақсатында жайылымдық

алқаптарды пайдалануға талдау жүргізілді.

Нәтижесінде 488 мың гектар пайдаланылмайтын

жайылымдық жерлер анықталды.

Қабылданған шаралар пайдаланылмайтын

жайылымдардың көрсеткішін 275 мың

гектарға қысқартуға мүмкіндік

берді, - дейді А.Байханов.

Мемлекет басшысы

Жолдауда шағын шаруалардың

өлместің күнін

көріп отырғанын айтқан

еді. Амалсыздан

ауылдың ішінде мал

ұстап отырғандардың

жай-күйі соған

саяды. Артық техникасы,

тіпті адам

күші жоқ шағын шаруалар

үшін төрт түлігін

ауыл маңына айнала

жайғаннан басқа айла

қалмай отыр. Бірақ,

мемлекеттік бағдарламалар

арқылы жыртығыңды

жамап, жеңілдіктерді тиімді

пайдалануға мүмкіндік зор екенін

естен шығармаған жөн.

Естеріңізге салсақ, биыл 1 қаңтардан

бастап елімізде ғарыш мониторингі іске

қосылған болатын. Президенттің тапсырмасына

сәйкес ауыл шаруашылығы жерінің

ғарыш мониторингін енгізу үшін заңнамалық

база әзірленген. Сондай-ақ пайдаланылмайтын

жерлерге салық мөлшерлемесі

20 есеге артпақ. Әзірге мониторингтің

мұндай жобасы Ақмола, Қостанай, Шығыс

Қазақстан және Маңғыстау облыстарында

жүзеге асырылады. Бұл аймақтар кездейсоқ

таңдалған жоқ, себебі аталған өңірлерде

жер пайдалану саласы бойынша ең көп

шағым келіп түскен. Ал Павлодар облысында

бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі

атқарылып, жыл сайын мақсатсыз пайдаланылатын

жерлер мемлекет меншігіне

қайтарылуда.


6 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ТУҒАНЫНА – 180 ЖЫЛ

Ұлттың ұлы

ұстазы

Биыл қазақ балаларының рухани атасы, көрнекті ақын-жазушы, ағартушы һәм көсемсөзші

Ыбырай Алтынсариннің туғанына - 180 жыл. Ол сонау патша заманының өзінде барша қазақ баласын

бір Аллаға сыйынып оқуға шақырды, білім мен еңбекке баулыды. Халық мектебінің алғаш негізін

қалаған дара тұлғаның шығармашылығы мен атқарған істерін қанша ұлықтасақ та, түбіне

жетпейміз. Қайраткердің ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегі жөнінде филология

ғылымдарының докторы, профессор Сейфиддин Сүтжановпен әңгімелескен едік.

– Сейфиддин аға, кеше ғана

қазақтың бас ақыны – Абай жылын

абыроймен атқарсақ, биыл ағартушы

Ыбырай Алтынсариннің

мерейтойын қарсы алып отырмыз.

Ұлт ұстазының қазақ руханиятына

сіңірген еңбегін аз сөзбен қалай

жеткізер едіңіз?

- Ыбырай Алтынсарин өзінің бар

ғұмыры мен күш-қуатын қазақ халқын

рухани ағартуға арнады. Әсіресе, жастарға

заманауи білім беріп, мәдениет пен

өркениет көшіне ілесуге шақырды және

сол жолда қыруар жұмыс атқарды.

Ыбырайдың жазушылық қызметінің оқу

және өнер-білім саласымен тікелей

сабақтасуы да осында болса керек.

Оның ақындық шабытына дем беріп,

жазушылық қиялына қанат бітірген басты

нысана – қараңғы қазақ халқының

көзін ашу, көңілін ояту, ұлтымызды

озық мәдениетті елдердің қатарына

қосу болды. Ыбырай Алтынсарин халық

ағарту саласында қандай елеулі орын

алса, әдебиет пен мәдениетіміздің тарихында

да сондай биік дәрежеде тұр.

Ақынды қазақтың жазба әдебиеті мен

тілінің негізін қалаушылардың бірі

ретінде де танимыз. Қазақ әдебиетіне

тың серпіліс әкеліп, жаңа жанрлар

енгізді. Оның терең ойлы шығармалары,

мағыналы да тағылымды өлеңдері, қысқа

да нұсқа әсерлі әңгімелері қай дәуірдің

жастарына да нәр беріп, сусын болары

анық.

– Қазіргі ыбырайтанушылар

«Алтынсарин мектебі болмаса,

Алаш қайраткерлері де болмас еді»

деген пікір айтады. Осы ретте ұлт

ұстазының мектебінен білім алып,

тәлім-тәрбиесін түйген тұлғалар

туралы айтсаңыз...

– Ыбырай Алтынсарин – қазақтың әдебимәдени

дүниесін жаңғыртып, жаңа сатыға

көтерген алыптардың бірі. Қазақ даласында

алғаш мектеп ашып, қаншама баланың

көкірек көзін ашып, санасына рухани

сілкініс әкелді. Олардың қатарында Алаш

зиялылары да бар. Оларды ұлы мақсатміндеттер

жолына итермеледі әрі ұлтшылелшіл

көзқарастарының қалыптасуына оң

әсерін де тигізді. Нақтылай айтқанда,

С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,

Е.Омаров сынды басқа да көптеген Алаш

арыстары осы Ыбырай негізін қалаған

мектепте білім алған екен.

Ұлт ұстазы – Ыбырай жасөспірімдерге:

- Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ, табылар,

немесе

- Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды,

деп озық елдерді жастарға үлгі етті. Өз

кезегінде Ыбырай мектебін оқығандар

да халықтың білім алуы жолында үгітнасихат

жүргізіп, ұлт алдында ұлан-ғайыр

қызмет қылды. Мәселен, «ұлт ұраншысы»

атанған М.Дулатұлы: «Оқушыларға жәрдем

жамиғаты» атты мақаласында: «Жалғыз

сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетсек

те, жұрттығымды сақтасақ та, дүниеден

сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана

оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа

бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан

жұрттың күні қараң, келешегі тұман», –

деп, оқу-білімнің маңыздылығын айтты.

Ы.Алтынсариннің:

Бар айыбым - баласын оқытқаным,

Орыстың біліміне тоқытқаным,

«Орыссыз кеңеймейді өрісің» деп,

Айтқанымнан атандым «кәпір, залым»,

деген әйгілі өлеңін барлығымыз білеміз.

Соған қарағанда ұлт ұстазын «отарлаушы

елдің идеологиясын жүргізуші»

деп айыптағандар да болған ғой...

– Ыбырай атамыздың тікелей қарымқатынас

жасаған ортасы мен қызметіне

байланысты әр жылдары әртүрлі ой-пікірлер

айтылып, жазылғаны белгілі. Мұндай жаңсақ

пікірдің пайда болуына әртүрлі жағдайлар

себеп. Соның бірі – Ресей империясының

отарлау саясатын іске асырушы миссионерпедагогтар

В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский

сынды орыс оқымыстыларымен тікелей

қарым-қатынаста болуы. Бірақ, олар Ыбырай

Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық

өрісінің кеңеюіне, игі істерінің алға

басуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.

Ал Алтынсариннің олармен шығармашылық

байланыста болуының басты себебі –

өзінің ағартушылық жолындағы ұлы

істерін орындау мақсатындағы әрекеті

десек болады.

– Ыбырай атамыздың тұлғасын

бүгінгі жастар қай деңгейде таниды?

Ақын шығармашылығы мектептер

мен жоғары оқу орындарында қалай

оқытылуда?

- Ақынның «Бір Аллаға сыйынып, Кел,

балалар, оқылық» деген атақты өлеңінен

бастап, оның танымдық-тәрбиелік маңызы

зор әңгімелері мен аудармаларының барлығы

мектеп оқулықтарында бар. Ал жоғары оқу

орындарында «Қазақ әдебиетінің тарихы»

пәнінен Ы.Алтынсарин шығармашылығына

арнайы сағат бөлініп, дәріс пен тәжірибе

сабақтары белгіленген. Мәселен, «ХІХ

ғасырдағы қазақ әдебиеті»

пәнін өту кезінде Ы.Алтынсарин

шығармашылығына толыққанды

тоқталып, оның «Қазақ хрестоматиясы»

мен оқу-әдістемелік

негізде жазған туындыларымен

толық таныстырамыз.

– Биылғы мерейлі дата

қарсаңында ақын мұрасын

насихаттауда нақты

қандай іс-шаралар жүргізілуі

керек деп ойлайсыз? Негізі,

Павлодар педагогикалық

университетінде бұл бағыттағы

жұмыстар әлдеқашан

басталып кетті ғой...

- Ыбырай Алтынсариннің

еңбегіне жаңаша баға беру, қазақ

руханиятындағы рөлін айқындау

және шығармашылығын насихаттау –

бізге тиесілі негізгі міндеттердің

бірі. Биылғы мерейтой қарсаңында

барлық ЖОО-ларда халықаралық

ғылыми-тәжірибелік конференциялар

мен дөңгелек үстелдер

өткізілсе құба-құп болар еді.

Сондай-ақ, мектептерде жаппай

«Ыбырай оқулары» өткізілуі

тиіс деп ойлаймын. Ал, біздегі

шараларға тоқталар болсам,

университет жанындағы «Ұлағат»

орталығы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен

шығармашылығына және қоғамдық қызметіне

қатысты көптомдық кітап құрастыруды

қолға алған болатын. Бастамамыз сәтті

аяқталды. Әрине, ол үшін алдымен алғашқы

қазақ ағартушысының туып-өскен өңіріне

ат басын бұрдық. Қостанай, Арқалық

қалаларына іссапар ұйымдастырып, ол

жақтағы мұражайлардан мол мағлұматтар

мен суреттер галереясын кездестірдік.

Және ғылыми танымдық мақалалар мен

естеліктер жинастырдық. Сол Қостанай,

Арқалық мұражайлары мен Алматыдағы

ғылыми кітапхана қорынан жинастырып

алынған материалдардың пайдасы зор

болды. Кітаптың бірінші томы «Ыбырай

Алтынсарин: ғұмырнама» деген атаумен

құрастырылды. Жинаққа Ыбырайдың шыққан

тегі, өскен ортасы және қызметтік жолы

туралы жазылған естеліктер мен мақалалар

топтастырылды. Екінші томға қалыптасу

жолындағы саяси қызметтері жөніндегі

жазбалары мен педагогтік, шығармашылық

еңбектері туралы мақалалар жинақталды.

Ал, үшінші томын «Ыбырай Алтынсарин

және қазақ жазба әдеби тілі» деп атадық.

Оған осы тақырыпта жазылған әдебиетші

ғалымдардың еңбектері енгізілді. Төртінші

томына ақынның әлеуметтік, қоғамдық,

діни-философиялық, саяси-құқықтық т.б.

көзқарастарына қатысты түрлі зерттеулер

мен мақалалар жинақталып берілді.

Ал соңғы кітапқа ұлт ұстазының дара

тұлғасын суреттеген әртүрлі жанрдағы көркем

шығармалар топтастырылды. Дегенмен,

жинақтың таралым саны аз болды. Барлығы

қаражатқа келіп тірелетіні белгілі ғой.

Сондықтан аталмыш көптомдықтың көп

данамен қайта шығуына билік тарапынан

қолдау білдірілсе деген ұсыныс бар.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбатты жүргізген -

Тілеуберді САХАБА.

МЕКТЕП ӨМІРІ

Павлодар қаласы білім беру

бөлімінің әдістемелік кабинеті

мен №5 орта мектеп

ұжымы қала мектептері

арасында «Инклюзивті білім

беру және балаларды кәсіби

бағдарлау» атты семинарын

өткізді.

Тәжірибемен

бөлісудің

тиімділігі

Шараға 100-ден астам педагог

қатысты. Олардың арасында мектеп

директорларының орынбасарлары,

бастауыш сынып мұғалімдері мен пән

мұғалімдері және сынып жетекшілері

бар. Алдымен қалалық білім беру

бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова

мен №5 орта мектеп директорының

орынбасары Жақсыбек Байғабылов

қатысушыларды кәсіптік бағдар беру

жұмысының 3 жылдық бағдарламасымен,

педагогикалық ұжымның жылдық жұмыс

жоспарымен таныстырды. Сонымен қоса,

ата-аналармен тиімді жұмыс жүргізудің

әдістерін сөз етті.

Аталған мектептің психологы Роза

Темірханова «Қабілеттілік диагностикасы»

сауалнамасы арқылы бастауыш сынып

оқушылары мен орта буын оқушыларына

деректерді өңдеу арқылы диагностика

жүргізу жүйесімен таныстырды. Бұл

жұмыстың нәтижесі жоғары екенін де

көрсетті. Яғни, баланың бейімділігі мен

қызығушылықтарын арттырады.

Бастауыш сынып мұғалімі Сапия

Заирова оқушының үлгерімі мен мінезқұлқын

бақылау бойынша өз тәжірибесімен

бөлісті. Ал сынып жетекшісі Мәншүк

Жақыпова оқушының жеке кәсіби жоспарын

жасау және ерекше білім беруді қажет

ететін оқушылармен жұмыс алгоритмі

туралы айтып берді. Балаға қажетті

әдістемелердің барлық түрін қамтып,

іске асырудың жолдарын көрсетті.

Балжан АДЫЛХАНОВА,

Павлодар қалалық білім беру

бөлімінің әдіскері.

«Кітап –

алтын

қазына»

Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың Ұлттық

қоғамдық сенім кеңесінде

берген тапсырмасына сәйкес,

Білім және ғылым министрлігі

«Оқуға құштар мектеп»

жобасын қолға алды.

Жобаның мақсаты – еліміздегі

кітапханалар ахуалын жақсарту және

оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын

арттыруға бағытталған.

Май ауданы Көктөбе ауылындағы

Е.Мұқашев атындағы орта мектебінде

де арнайы жоспар құрылып, іс-шаралар

өткізіле бастады. Негізгі бағытымыз –

кітап оқуды дәріптеу. Яғни, оқушыларды

«Кітап оқуға құштар мектеп» жобасына

қатыстыра отырып, білім алуға деген

белсенділіктерін арттыру. Сонымен қатар,

бұл шара оқушыны отбасымен бірге кітап

оқу дағдысын қалыптастыруға әсер етеді.

Жақында бастауыш сынып оқушылары

арасында ZOOM платформасы арқылы

«Кітап – алтын қазына» сайысы өтті. Сайыс

барысында оқушылар өздерінің оқыған

кітаптары туралы және одан түсінген

тақырыптарының мазмұнын айтып берді.

Сонымен қатар, әртүрлі тақырыпта өлең

оқып, берілген жұмбақтарды шешті. Кәмила

Нартазинова, Расул Мигранов, Егор

Колобов сынды оқушылар сайысқа ерекше

белсенді қатысты. Әр тапсырма бойынша

тапқырлықтары мен жылдамдықтарын

көрсете білді.

О.КАРПЕКОВА,

Е.Мұқашев атындағы

орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі,

Май ауданы.


SARYARQA SAMALY

КӘСІПТІК БІЛІМ

ШАМШЫРАҚ 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл 7

ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА!

Байсалды бетбұрыс

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласына жаңа өзгерістер

енгізілді. Енді студенттердің дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алған мерзімі

еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа

айтарлықтай тәжірибемен баруына мүмкіндік береді. Яғни, жұмысқа алғаш

барған мамандарды ешкім «тәжірибең жоқ» деп қайтарып жібере алмайды

деген сөз.

Тілеуберді САХАБА

Соңғы жылдары

Ақтоғай ауданында

«Дипломмен - ауылға!»

бағдарламасы жүйелі

жүзеге асып, шалғай

елді мекендерге жас

мамандар ағылуда.

Әсіресе, дәрігерлер мен

мұғалімдердің ынтасы

жоғары.

Жансері СЪЕЗБЕК

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше,

«Білім туралы» Заңға өзгерістер

енгізілген кезде осы мәселе де

қамтылыпты.

- Бекітілген заңнамаға сәйкес

уәкілетті органның колледждерде

оқу мерзімдерін белгілеуі туралы

норма алынып тасталды. Бұған

дейін біз әр біліктіліктер бойынша

білім алу мерзімдерін қатаң

бекітетінбіз. Орташа есеппен

алғанда, оқу мерзімі 2 жылдан

3 жыл 10 айға дейін жалғасатын.

Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру

бағдарламасына және қажетті оқу

нәтижелеріне байланысты болады.

Жаңа өзгерістерге сәйкес колледждер

жұмыс берушілермен келісе

отырып, кәсіптік стандарттар немесе

нарық талаптары негізінде білім

беру бағдарламаларын әзірлейтін

болады. Кейін оны ҚР БҒМ

бағдарламаларының тізіліміне

қосып, соған байланысты кадрлар

дайындайды. Осылайша, жұмысшы

және орта буын мамандарын даярлауда

колледждердің икемділігі

арта түседі, - дейді министр.

Колледж басшылары көтерген

тағы бір мәселе шешімін тапты.

Енді кәсіптік оқу орындарындағы

оқу-өндірістік шеберханаларда

дайындаған тауарларын сата алады.

Мәселен, «Дәнекерлеу ісі»

мамандығы бойынша оқитын

студенттер практика кезінде

темірден сапалы конструкциялар

жасайды, жас кондитерлер дәмді

тағамдар пісіреді. Қолөнер шебері

бойынша білім алатын студенттер

киізден, керамикадан, ағаштан,

былғарыдан әртүрлі тұрмыстық

заттар, кәдесыйлар дайындайды.

Ал түскен табысты оқу орнының

шеберханаларын жабдықтауға

пайдалана алады.

Павлодар монтаждау колледжі

директорының міндетін атқарушы

Сәуле Нұрсейітова мұндай оң өзгерістер

жастардың кәсіптік және

МАМАН КЕҢЕСІ

техникалық мамандықтарына деген

қызығушылықтарын арттыратынына

сенімді. Айтуынша, колледжде

қазіргі еңбек нарығында сұранысқа

ие құрылыс саласына қажетті

барлық мамандықтар оқытылады.

Аталған білім мекемесінен жылына

100-150 студент диплом алып

шығады. Түлектердің 80 пайызы

бірден тұрақты жұмысқа ілінеді

дейді директор.

- Павлодар монтаждау колледжіне

түсушілердің қатары жыл санап

артып келеді. Себебі, біз дайындайтын

мамандықтарға қашанда

сұраныс жоғары болып келеді.

Түлектеріміз құрылыстың қай бағытына

да қорықпай бара алады.

Суреттерді түсірген - Жансері Съезбек.

Мысалы, құрылысшы, кірпіш

қалаушы, дәнекерлеу ісі, электромонтаждау,

автомеханик,

ғимараттың ішкі бөлігін әрлеу

сынды мамандықтары теория

және тәжірибе жүзінде оқытылады.

Соңғы өзгерістер

бойынша студенттердің

шеберханада жасаған заттарын

саудаға шығаруға мүмкіндік

беріліп жатыр. Біздің

студенттер темір орындықтар

мен үстелдер және үйлердің

терезесіне қоятын темір торларды

баяғыдан бері жасап

жүр. Енді оны сатудың жолдарын

қарастыру қажет, - дейді Сәуле

Аманкелдіқызы.

Жаңа өзгеріс бойынша,

колледждің әкімшілігі жұмыс

берушілермен бірлесе отырып білім

беру бағдарламаларының мазмұнын

өздері қалыптастыратын болады.

Оқу жоспарлары мен бағдарламасы

жастарға қажетті және оларды

қызықтыра алатын жобалармен

қамтылуы керек. Яғни, сапалы білім

алуға, оқу орны қабырғасында жүріп

тәжірибе жинауға және бітірген соң

қысқа мерзімде жұмысқа орналасу

мәселелері қарастырылады.

Айдана

Айдана мен

Аягөз ауылды

таңдады

«Бала жүрегі - кішкентай күйсандық»

XXI ғасырдың мұғалімдеріне қойылатын талап күшейді. Егер өз ісінің шын

шебері болмаса бұл талаптан шығуы екіталай. Ол үшін мұғалім оқушыға

білім берумен қатар, өз білімін де жетілдіре жүруі абзал. Яғни, әрқашан

ізденіс үстінде жүруге тура келеді. Осы ретте бастауыш буынға білім беру

кезінде есте ұстайтын бірнеше маңызды міндеттерді өз әріптестеріммен

бөліскім келіп отыр.

Жалаулы ауылындағы Нығыман

Алшынов атындағы мектепке

жұмысқа орналасқан жас мұғалімдер

- Айдана Абай мен Аягөз

Мәкеннің мақсаты айқын. Ауыл

балаларының талантын таразылап,

білімді әрі тәрбиелі етіп

шығарса – мұғалімдік миссиясының

орындалғаны.

Бүгінде Айдана ағылшын пәнінен

сабақ берсе, Аягөз шәкірттерге

математиканың қыр-сырын үйретуде.

- Еңбек жолымызды ауыл

мектебінен бастағанды жөн көрдік.

Себебі, қаймағы бұзылмаған ауылда

тәжірибелі ұстаздар көп. Олар бар

білгенін айтып, ақыл-кеңес береді.

Қатемізді түзетіп, бағыт-бағдар

көрсетеді. Алғашқы жұмыс жылы

Аягөз

пандемиялық жағдайға байланысты

біз күткендей басталған

жоқ. Қиындықтарға қарамастан, мектеп ұжымының ұйымшылдығы

арқасында еңбекке араласып кеттік. Мұның өзі үлкен тәжірибе

жинақтауға түрткі болды, - дейді Айдана.

Аягөздің ата-анасы қалада тұрса да, жас маман жырақтағы

ауыл мектебінде еңбек етуден жүрексінген емес. Жасыратыны

жоқ, қазір көптеген жас мамандардың ауылға баруға ынтасы

төмен. Қалада қалу үшін қолындағы дипломын тәрк етіп, басқа

салада нәпақа айырып жүр.

- Бағдарлама шеңберінде тиісті қолдауға қол жеткіздім.

Ауылға келгеніме еш өкінбеймін. Шәкірттердің әр жетістігіне

қуану, еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт. Бүгінде

шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадаларға

қатысып, ғылыми жобалар қорғап, биік белестерден жиі көрініп жүр.

Әрбір шәкірт бізді үлгі тұтып, бір мүддеге бағыт алса, қоғамның

ауыр да абыройлы жауапкершілігін арқалаудан жалықпаспыз, -

дейді Аягөз.

Ауылға жастар ағылса, ел діңгегі нығая түсетіні анық.

I. Сабақта қойылатын дидактикалық

талаптар:

• Оқушының дамуға және білімге

деген ықпалын анықтау;

• Оқушылардың білім деңгейлеріне

қарап сабақты жоспарлау,

оқушылар меңгерген ғылыми

білімдерді, іскерлік дағдыларды

аңықтап отыру;

• Оқытудың ең тиімді әдістәсілдерін

және құралдарын

таңдау, оқушыларды ынталандыру,

меңгеру барысын бақылау,

танымдық белсенділікті арттыру,

ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін

ұштастыру, оқушының өздігінен

ізденетін жұмыстарды ұйымдастыру;

II. Сабақта қойылатын психологиялық

талаптар:

• оқу пәні арқылы әр оқушының

дамуын жобалау;

• оқушыларды білім деңгейлеріне

сәйкес топтарға бөлу, олардың

әрқайсысымен жеке жұмыстар

жүргізу, жалпылама жұмысты

ұйымдастыру.

III. Сабақта қойылатын гигиеналық

талаптар:

• ауаны тазартып тұру;

• бөлмені жарық ұстау;

• іс-әрекетті түрлендіріп отыру.

Мысалы, тыңдауды санаумен,

жазба және практикалық жұмыстарымен

ауыстыруға болады;

• сергіту сәтін уақытында және

сапалы өткізу;

• оқушылардың жұмыс істеген

кездегі қимыл-қозғалысын қадағалау;

Қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар

Шаханов: «Бала жүрегі - кішкентай

күйсандық. Сол күйсандықтың

кілтін тапсаң ғана ашылады.

Мұғалімнің қолында әр кезде сол

кілт тұру керек», деген. Ендеше,

әр баланың жүрегіне жол таба

білу, бала бойындағы даналықты

ашу - мұғалімнің басты міндеті.

Қайыржан ӘЛМАҒАМБЕТОВ,

Педагогикалық шеберлігі орталығы Павлодар

филиалының әдіскері.

Сурет ғаламтордан алынды.


8

6 ақпан, сенбі, 2021 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Арнайы оқудан өтті

Жыл соңына дейін қалаға қарасты аумақта тұратын

5600-ден астам адамға коронавирустық инфекцияға

қарсы екпе салу жоспарланып отыр. Ол үшін емханаларда

егу кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталып,

медициналық қызметкерлер арнайы оқудан өтті.

Екібастұз қалалық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау басқармасының

бөлім басшысы Бақыт

Бекпаеваның айтуынша, алғашқы

кезеңде 1600-ден астам ақ желеңді

вирусқа қарсы вакцина алады.

- 1 наурызда басталатын екінші

кезең барысында мектеп мұғалімдеріне,

жоғары оқу орындары, колледж

оқытушыларына, 1 сәуірден бастап

мектепке дейінгі мекеме

қызметкерлеріне, студенттерге екпе

салу жоспарда бар, - дейді

Б.Бекпаева.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

№1 қалалық емхананың бас

дәрігері Марал Егінбаева екпе

салатын бригада мамандарының

барлығы оқудан өткенін айтты. Екпе

кабинеттері де қажетті құралдармен

қамтылды. Ақ желеңділер иммунитет

вакцина алған соң шамамен алты

апта аралығында қалыптасатынын

атап өтті. Сондықтан екпе салған

соң да бір айдан астам уақыт

бойы медициналық бетперделерді

киіп, барлық санитарлық талаптарды

сақтау қажет.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

МАЙ АУДАНЫ

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Оттегі станциясы

орнатылды

Ақсулық ақ желеңділер алғашқылардың бірі болып

COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаны қабылдады.

Екпе салу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Ақсу қаласындағы инфекциялық

стационарда еңбек ететін 10 медициналық

қызметкерге коронавирусқа

қарсы екпе салынды. Қазіргі кезде

екпе алған ақ желеңділердің жағдайы

жақсы. Әзірше олардың тарапынан

денсаулыққа қатысты шағым түскен

жоқ.

Бұл ретте Ақсу орталық ауруханасының

директоры Мақсат

Мұқашев бір мезетте 69 нүктені

оттегімен қамтамасыз ететін станцияның

салынғанын айтты.

- Жұқпалы аурулар ауруханасы,

реанимация, операция, перзентхана,

жаңа туған нәрестелердің

интенсивті терапиясы бөлімдері

оттегі нүктелеріне еш қиындықсыз

қосылу мүмкіндігін алды. Жаңа

станцияның артықшылығы – оның

40 күн бойы үзіліссіз жұмыс істеуі.

Яғни, бұрынғыдай баллондарды

тасып, жиі ауыстырудың қажеті

жоқ. Оттегі станциясын орнатуға

78 млн. теңге жұмсалды, - деді

М.Мұқашев

Айта кетейік, жыл басынан бері

Ақсу қаласы мен оған қарасты

ауылдық аймақтардың 600-ге жуық

тұрғыны қауіпті індетті жұқтырды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Әр пікір ескеріледі

Ауданға Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 10 дозасы

жеткізілген. Әзірге препараттардың барлығы дәрігерлерге

егілген.

Алдағы уақытта ауданға

КВИ-ге қарсы екпенің бірнеше

дозасы жеткізілмек. Аудан әкімі

Қанат Қашкировтің айтуынша,

маңызды науқан өз деңгейінде

ұйымдастырылуда. Екпе егу шарасы

кезең-кезең бойынша жүргізілмек.

Вакцина салуда әр адамның пікірі

ескеріледі. Бүгінде тұрғындар арасында

вакцинаға қатысты түсіндіру

жұмыстары жүргізілуде. Препаратты

салатын дәрігерлер арнайы оқудан

өткен. Ауқымды шараның өткізілу

барысы бақылауға алынған. Вакцина

салдырғандардың денсаулығы да

қадағаланатын болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Тұрақты бақылауда

«Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы Май

ауданына да жетті. Ресейлік препарат хаттамада

көрсетілген тасымалдау шаралары сақталып, -18 С

температураға төзетін мұз пакеттері бар контейнерлермен

әкелінді.

Естеріңізге салсақ, бірінші кезеңде,

яғни, ақпан айында инфекциялық

ауруханалардың, жедел жәрдемнің,

санитарлық эпидемиологиялық қызметтің,

жан сақтау бөлімінің

қызметкерлері вакциналанады. Бұл

ретте, аудандық ауруханадағы

10 дәрігер алғашқылардың бірі КВИ-ге

қарсы егілді. Ережеге сай, 22-23

ақпан күндері 10 адам қайтадан

егілмек.

Аудандық ауруханада вакциналау

шараларына жеке бөлме

қарастырылған. Барлық санитарлық

талаптар сақталып, екпе алғандар

әрдайым бақылауда болмақ.

О.ҚОЖАНОВ.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Д.Фахирслямов ауданға әзірше 10 доза

«Спутник-V» вакцинасы жеткізілгенін, препараттар

арнайы көлікпен тасымалданғанын

айтты. Вакцина арнайы мұздатқышта сақталады.

Коронавирустың орта және ауыр түрімен және

пневмониямен ауырғандар 6 айдан кейін екпе

салдыра алады.

Жақында ауданға тағы бірнеше доза вакцина

жеткізілетін болады. Екпе жұмыстары басқа да

ауылдық округтерде жүргізіледі. Ол үшін арнайы

екпе кабинеттері жасақталған. Вакцина салатын

медбике арнайы оқыту курстарынан өткен.

Елімізде коронавирустық

инфекцияға қарсы вакцина

салу ісі басталған күні Павлодар

ауданына ресейлік екпенің

10 дозасы жеткізілді. Бұл дозалар

стационар мен жедел

жәрдем қызметкерлеріне салынды.

Павлодар аудандық

емханасының бас дәрігері Гүлназ

Қайырбаеваның айтуынша,

Бас дәрігер бастады

Тереңкөл ауданында

коронавирусқа қарсы екпе

егу шарасы өз деңгейінде

жүргізілуде. Ресейлік «Спутник-V»

вакцинасын алғашқылардың бірі

болып аудандық аурухананың бас

дәрігерінің міндетін атқарушы

Дамир Фахирслямов салдырды.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Алғашқы 10 доза

бірінші компонентті еккен соң

кері әсерлер байқалмаса, 21 күннен

кейінгі екінші компонент

салынады.

Павлодар ауданының бас

санитарлық дәрігері Сағындық

Сұлтанғалиев алғашқылардың

бірі болып екпе алды.

- Емханада арнайы кабинет

жабдықталып, екпе салу үшін

ЕРТІС АУДАНЫ

УСПЕН АУДАНЫ

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Бас дәрігер екпеден қорқудың еш қажеті жоқ

екенін айтады. Бұрынғы қалыпты өмірімізге қайта

оралу үшін індетке қарсы вакцина алған жөн.

Г.ЖАЯБАЕВА.

Павлодар ауданының емдеу мекемелерінде еңбек ететіндердің алғашқы

легіне Спутник-V вакцинасының бірінші компоненті салынды. Ақпан айының

соңына қарай екінші компоненті егілуі тиіс.

2 бөлме дайындалды

барлық жағдай жасалған. Барлығымыздың

ауруға қарсы иммунитетіміз

қалыптасуы үшін тұрғындардың

60 пайызына екпе салынуы

қажет. Коронавирус індетінен

құтылудың жалғыз жолы – осы.

Сондықтан тегін түрдегі екпеден

бас тартпау керек, - дейді ол.

Өз тілшіміз.

Ертіс ауданына вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді. Аудандық

аурухананың бас дәрігері екпені өзі бас болып салдырды.

Ертіс ауданына Ғ.Сұлтанов

атындағы облыстық аурухананың

қоймасынан арнайы контейнерлерде

Гам-КОВИД-Вактың

(Спутник V) 10 дозасы жеткізілген.

Ауданның бас дәрігері

Бейбіт Ботаевтың айтуынша,

тұрғындардың вакцина алуына

барлық жағдай жасалған.

- Вакциналар аудандық ауру-

Жағдайлары қалыпты

Успен ауданына «Спутник V» вакцинасының алғашқы 10 данасы жеткізіліп,

барлығы да медицина қызметкерлеріне салынды.

хананың арнайы вакцинация

орталығында жүргізіледі. Пациенттерге

ыңғайлы болуы үшін

2 бөлме дайындалды. Онда

вакцина алған тұрғындар 30

минут бойы дәрігердің бақылауында

болады. Екпені арнайы

дайындықтан өткен 7 медицина

қызметкері жүргізетін болады, -

дейді Б.Ботаев.

Аудандық аурухана қызметкерлері

күніне 60 адамға дейін

қабылдай алады. Ал медициналық

бригада, яғни эпидемиолог, жалпы

тәжірибе дәрігері және медбике

ауданның елді мекендеріне

барып, тұрғындарға вакцина

егуді қолға алады.

Қалыпты өмірге қадам

Баянауыл аудандық орталық ауруханасының бас

дәрігері Серікжан Арыновтың сөзінше, азаматтар

екпе қабылдамас бұрын дәрігерлік тексеруден

өткен. Сонымен қатар, соңғы күндері кімдермен

байланыста болғаны анықталды. Себебі, екпе

салдыру үшін денсаулықтарына қатысты ешқандай

шағым болмауы керек.

- Аудандық орталық ауруханада арнайы кабинет

бар. Вакцинаны жалпы практикалық немесе терапевт

Дәрігерлер індет майданының

бел ортасында жүргендіктен

алғашқы дозаны қабылдауға келісімін

берген. Алғашқылардың

бірі болып инфекционист дәрігер

С.Букмаер, рентгенолог-лаборант

Л.Шрейнер, медбикелер Ж.Орынбаева,

К.Мұқышева, санитар

А.Белонева вакциналаудан өткен.

Егу кезінде жеке бөлме қарастырылып,

онда вакцина алғандар

30 минут дәрігерлердің бақылауында

болыпты. Барлығының

жағдайы қалыпты. Вакцинаның

екінші партиясы таяу уақытта

жеткізілмек.

Жалпы, Успен ауданы Ресей

шекарасымен шектесетінін ескерсек,

мұндағы эпидемиялогиялық

жағдай қатаң бақылауда. Аудандық

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

мемлекеттік бас санитарлық

дәрігердің қаулысына сәйкес,

22 қаңтардан бастап аудан

орталығына, сондай-ақ Константиновка,

Галицкое, Қоңырөзек және

Қозыкеткен ауылдарына кіріпшығу

мүмкіндігі төмендетілген.

Яғни, аса қажеттілік туындамаса,

үйде отыруға кеңес берілуде.

О.ҚОЖАНОВ.

Баянауылда «Спутник-V» вакцинасы алғашқы болып орталық аурухананың

8 медициналық қызметкеріне және Майқайың кентінің дәрігерлік

бөлімшесіндегі 2 адамға салынды.

дәрігерлері салады. Екпеден кейін 30 минут арнайы

бақылау кабинетінде отырып, әсерін байқайды.

Одан кейін де санитарлық қауіпсіздікті барынша

сақтап жүруі керек. Жалпы, үш күн бойы дәрігердің

бақылауында болады, - дейді С.Арынов.

Бас дәрігердің сөзінше, аталған азаматтарға

21 күннен кейін «Спутник-V» вакцинасының екінші

екпесі салынады.

Т.МАРХАБА.


SARYARQA SAMALY

ТАЛБЕСІК 6 ақпан, сенбі, 2020 жыл 9

Федоровка ауылында орналасқан

серіктестік тауарлы сүт фермасының

құрылысын аяқтап, облыс тұрғындарын

сүтпен қамтуда. Қожалық өз қаражатына

құрылыс жұмыстарын жүргізіп, асыл тұқымды

ірі қара ұстайтын орындарды, жемазық

сақтау қоймаларын жөндеді. Жаңа туған

төлдер үшін арнайы орын дайындаған.

Алдағы уақытта «Агробизнес» бағдарламасы

арқылы 260 миллион теңгеге Еуропадан

192 бас асыл тұқымды сиыр алуды жоспарлауда.

Жыл сайын серіктестік сүтті бағытта

мал санын 200 басқа көбейтіп отырмақ.

Бүгінде қожалықта сүтті бағытта 420

бас, етті бағытта 500 ірі қара бар. Өткен

жылы мал саны 137 бұзаумен толыққан.

2019 жылы 120 сиыр төлдеген. Осыдан

5 жыл бұрын симментал және голштин

тұқымды ірі қара сатып алған болатын.

Өткен жылы 200 бас асыл тұқымды

малды бордақылау орындарына өткізген.

Әр бастың орташа салмағы 320 келіні

құраған.

- Сүтті бағыттағы бір сиыр тәулігіне

26 литр сүт береді. Сауылған сүтті күн сайын

облыс орталығындағы «МолКом-Павлодар»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне

өткіземіз. Бұдан бөлек, қожалықта сүт

сақтауға арналған арнайы қондырғылар да

сатып алынған болатын. Сүттің майлылығы

3,8 пайызды құрайды. Әр сиырға күніне

30-35 келі құнарлы жем-шөп беріледі, -

дейді серіктестіктің өкілі Аза Царева.

Атап өтерлігі, қожалықта ірі қараға

қажетті жемазық түрлері дайындалады. Бұл

ретте серіктестікте сұлы, арпа, күнбағыс,

қарақұмық, көпжылдық шөптер өсіріледі.

Серіктестікте шаруашылықты жүргізетін

маман саны жеткілікті. Қазіргі кезде етті

және сүтті бағыттағы малды өсіруде

«ЕҢБЕК»

«АгроДаму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - талай жылдан

бері табысты еңбек етіп, жұмыссыз жүрген жандарды

еңбекпен қамтып отырған қожалық. Етті және сүтті бағытта

мал өсіріп отырған серіктестікте қолға алынып жатқан

іс көп.

Еуропадан

мал әкелмек

53 адам жұмыс істеуде. Әрқайсысы өзіне

жүктелген міндетті тиянақты орындайды.

Оның ішінде Ресей елінде тұратын зоотехник

қашықтан еңбек етуде.

«Агро Даму» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі болашақта ауыл тұрғындары

арасынан өздеріне қажетті маман даярлауды

қолға алмақ. Бұл арқылы жұмыссыздық

деңгейін де төмендетпек. Мұнда колледж

студенттері тәжірибеден өтіп, ауылшаруашылық

саласының қыр-сырын меңгереді. Кәсіптіктехникалық

білім меңгерген түлектердің

ішінде жұмысқа орналасқандары да бар.

Федоровка ауылының әкімі Ерік

Құсдәулетовтің айтуынша, серіктестік иесі өз

қызметкерлеріне ерекше жағдай жасайды. Ай

сайынғы табыс, ішіп-жемнен бөлек, баспанамен

қамту мәселесін де қарастырған.

Мәселен, өткен жылы қожалық Оңтүстік

өңірден көшіп келген жұмысшыларына қос

пәтерлі 3 үй тұрғызып берген. Оның бір

пәтері ауылдағы мектепке келген мұғалімге

берілсе, қалғанында «Агро Даму» ЖШС-нің

мамандары тұруда. Елді мекенге Оңтүстік

өңірден қоныс аударған адамдар үшін

бұл - үлкен қолдау.

Атап өтерлігі, серіктестік басшысы елді

мекенде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған

отбасыларға көмек қолын созып, қамқорлық

акцияларына да белсенді қатысып келеді.

Бір отбасына - 2 грант

Ауданда мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес Бастау»

кәсіпкерлік курсына қатысып, біліктілігін арттырған адамдардың қатары

көбейіп келеді. Олардың қатарында - Байқоныс ауылының тұрғындары,

ерлі-зайыпты Ерназар Жолдан мен Айжан да бар.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК:

• 2020 жылы Тереңкөл

ауданында 1311 адам

жұмыспен қамтылған.

• «Бизнес Бастау» жобасы

аясында 84 адам оқуға

қатысып, қайтарымсыз

грантқа ие болған.

• 10 адам қысқа мерзімде

кәсіптік білім алып,

жұмысқа тұрған.

• «Еңбек» бағдарламасы

шеңберінде 37 адам

жалпы сомасы 164,4 млн.

теңгеге шағын несие алып,

кәсіптерін кеңейткен.

Екеуі де тәуекелге барып,

аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасындағы мамандардың

көмегіне жүгініп, бизнес

жоспарларын қорғап шыққан.

Әрқайсысы 505 мың теңге көлемінде

қайтарымсыз гарнтты

жеңіп алып, мал шаруашылығын

дамытуды қолға алды. Бүгінде отбасылық

кәсіптің жемісін көруде.

- Жолдасым екеуіміз мемлекеттік

бағдарламаның игілігін

көріп отырмыз. Кәсіби мамандардан

білім алып, сертификатқа

ие болдық. Әу баста, екеуіміз

де грантқа ие боламыз деп

ойламадық. Дей тұрғанмен, бағдарламаның

мүмкіндігі зор екеніне

көзіміз жетті. Бізге жергілікті

кәсіпкерлер палатасының мамандары

толық кеңес беріп, құжат

жинауға көмектесті. Ұтып алған

грантқа 4 бас ірі қара сатып алдық.

Ісіміздің өрге басуы өзімізге

байланысты. Жеке кәсіп

бастауға қолдау көрсеткен

мамандарға ризашылығымызды

білдіреміз, - дейді Ерназар

Жолдан.

Екі бала тәрбиелеп отырған

ерлі-зайыпты қазір қорадағы

малын семіртуде. Болашақта

ірі қараның санын арттырып,

қожалық ашуды армандайды.

«Еңбек» бағдарламасы арқылы

мал шаруашылығын дамытып

отырғандардың бірі – Воскресенка

ауылының тұрғыны Ксения

Митлякова. Көпбалалы ана

505 мың теңгеге ірі қараның

жас төлдерін сатып алған.

- Бес баланы өмірге әкелген

анамын. Тұрақты жұмыс болмағандықтан,

мал өсіріп отырған

жайым бар. Ірі қараны өсіру

оңай емес. Ерінбей еңбек ету

арқылы табысқа жетуге болады.

Балаларымның болашағы жарқын

болуы үшін оларға жағдай

жасағым келеді. Екі қолға бір

күрек таба алмай жүрген жастарды

мемлекеттік бағдарламаға

қатысуға шақырамын. Маған

осындай мүмкіндік сыйлаған

аудандық жұмыспен қамту бөлімінің

мамандарына ерекше

алғыс айтқым келеді, - дейді

Ксения Митлякова.

«ZHAS-HALYK.ERTIS»

Кірпішпен

қамтамасыз

етеді

Аудан орталығының

тұрғыны Медет Батталов

«Zhas-Halyk.Ertis» кәсіпкерлерді

қолдау бағдарламасына

қатысып, қомақты

несиеге ие болды. Жас

кәсіпкер тұрғындардың

құрылыс материалдарына

деген сұранысын

қамтамасыз етіп отыр.

Медет Арманұлы осыдан 4 жыл

бұрын кірпіш шығаруды қолға алған

болатын. Бұл істі жүргізуде әкесінің

кеңесін тыңдаған. Әкесі - талай жылдар

құрылыс саласында жұмыс істеген кәсіби

құрылысшы. Жас кәсіпкер жергілікті тұрғын

үйлер мен әлеуметтік нысандардың бой

көтеруі үшін кірпіш өндіру ісін бастайды.

Алдымен кірпіш құятын «Кондор-350»

қондырғысын сатып алады. Алғашқы

өнім ауыл тұрғындары арасында жоғары

сұранысқа ие болды. Бағасы да қолжетімді.

- Аудан әкімдігінің «Instagram» парақшасы

арқылы жас кәсіпкерлерді қолдауға

арналған бағдарлама туралы оқып,

хабарластым. Жобамды құрастырып,

оны ойдағыдай қорғап шықтым. «Zhas-

Halyk. Ertis» бағдарламасы арқылы алған

қаражатқа КамАЗ жүк көлігін және кірпіш

құятын қондырғыға қажетті бұйымдарды

сатып алмақпын, - дейді Медет Арманұлы.

Аталмыш бағдарлама - қолында қаражаты

немесе кепілге қоятын заты, мүлкі

жоқ жастар үшін таптырмас мүмкіндік.

15 миллион теңге көлеміндегі несие

15 жылға 5 пайызбен беріледі. Мұндай

бастама бұрын-соңды болған емес.

Бүгінде Медет декоративті кірпіш

жасауды да қолға алған. Заманауи

кірпіш үйдің ішіне ерекше сән береді.

Оның жасалу жолын ғаламтор арқылы

үйренген. Қыс мезгілінде бұл өнімге де

сұраныс артқан.

- Кірпіш құю кәсібін қолға алғаныма

еш өкінбеймін. Тұтынушыларым бар.

Қазір үй ішіне қажетті заманауи кірпіш

жасауды да үйрендім. Оны дайындау

жолы қиын емес. Кірпіштер арнайы

пластик ыдысқа құйылып, кептіріледі.

Екі күннен кейін қажетті бояуды жағып,

жарата беруге болады, - дейді Медет.

Жас кәсіпкер ауданда 4 адамды

жұмыспен қамтып отыр. Тәуелсіздіктің

төл құрдасы 2007 жылы 9-сыныпты

бітіріп, аудандағы кәсіптік-техникалық

колледжде «тракторшы-механизатор»

мамандығы бойынша білім алған.

Туған жерінде өз бизнесін бастап,

ауыл тұрғындарының сұранысын қамтып

отырған Медет болашақта кәсібін одан

әрі кеңейтуді жоспарлауда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА,

Тереңкөл ауданы.


10 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

Шарбақтыда берекелі іс көп

Былтыр Шарбақты ауданында атқарылған ауқымды істер

аз емес. Бүгінде аудан халқының 90 пайызы таза ауызсумен

қамтылып, жолдары тегістелген. Ұзақ жылдар жөндеу

көрмеген бірқатар әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден

өтті. Нәтижесінде ауылдарға көшіп келушілер мен жұмыс

істеуге ағылған жастар саны да артқан.

Инвесторлардың

көмегі мол

Кез келген басшының басты міндетінің

бірі – инвестиция тарту. Соңғы уақытта

Шарбақты ауданының әкімдігі осы саланы

мықтап қолға алғаны байқалады. Мәселен,

өткен жылы негізгі капиталға салынған

инвестиция көлемі 7 млрд. 448 млн. теңгені

құраған. Аудан әкімі Әзілхан Әбеуовтің

айтуынша, ауданда жеке инвесторлар саны

жыл санап артып келеді.

- Былтыр атқарылған ірі жобалардың

басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің инвестициялары

есебінен жүргізілді. Мәселен, бір

ғана «Победа» ЖШС-нің салған қаржысы

1 млрд. теңгені құрады. Ол қаржыға көкөніс

қоймасы салынып, жаңадан ауылшаруашылық

техникалары мен жабдықтары сатып алынды.

Бұдан бөлек, «Шарбақты Бидай Терминалы»

мен «Медеу К» ЖШС-терінің белсенділін

атап өту керек, - дейді Ә.Әбеуов.

Аудан басшысы инвесторларды тарту

жұмысы биыл да жалғасатынын айты. Тіпті

бұл мақсатта бірқатар жұмыстар жүргізіліп,

жоспарлар бекітілген. Жалпы алғанда

ағымдағы жылы жеке инвестициялардың

көлемі 7 млрд. теңгеден асады

деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы -

басты сала

Шарбақты ауданының экономикалық

дамуының ең негізгі бағыты - ауылшаруашылық

саласы. Аудан әкімінің айтуынша,

бүгінде мұнда 430 серіктестік пен шаруа

қожалығы жұмысын дөңгелетіп отыр. Онда кемі

2 мың адам тұрақты еңбекпен қамтылған.

Жалпы, ауданда ауылшаруашылық өнімдерін

өңдеумен 19 цех айналысады.

Былтыр ауданда 25,1 миллиард теңгеге

ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл

2019 жылмен салыстырғанда 1,6 млрд.

теңгеге артық. Мұнда сүт өнімі - 44 мың

909 тонна, ет - 7 мың 339 тонна, жұмыртқа

74 млн. 240 мың дананы құрады. Сонымен

қатар, 2020 жылдың соңында «Абай» ЖШС

Біріккен Араб Әмірліктеріне қой етін

импорттау бойынша 5 айға келісімшарт

жасасып, қазіргі уақытта «Абай» ЖШС

брендімен ет жеткізілімдері басталды.

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек,

былтыр 1 ЖШС мен 13 шаруа қожалығы

өз жұмысын бастаған. Жалпы, ауыл

шаруашылығын дамыту бағыты бойынша

барлық қолдаулар жасалған. Мәселен,

Суреттер Шарбақты аудандық ішкі саясат бөлімінен алынды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Рассвет» несие серіктестігі арқылы 462 млн.

теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер

берілген.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көктемгі егіс

жұмыстарына қажетті жанар-жағармайдың

бағасының литрін 165 теңгеге дейін

төмендеттік. Бұл нарықтық бағадан 15%-ға

төмен. 2020 жылы мемлекет тарапынан

ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 535

млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Оның ішінде егін шаруашылығына 241

млн. теңге (2019 жылы - 176 млн. теңге),

мал шаруашылығына 294 млн. теңге (2019

жылы 557 млн. теңге) бөлінді. Ал мал

өсірушілер 423 млн. теңгенің субсидиясына

қол жеткізіп, асыл тұқымды мал

санын арттыруға мүмкіндік алды, - дейді

Әзілхан Кәріғұлұлы.

Өңірде мал шаруашылығын дамыту

бойынша да бірқатар ірі жобалар қолға

алынған. Мәселен, 2019-2023 жылдар

аралығындағы ауыл шаруашылығын

дамытудың кешенді жоспарын жасау барысында

мал басын 27 мыңнан 40 мыңға

дейін жеткізу жоспарланған. Бүгінде бұл

жоспар да өз деңгейінде іске асуда. Тіпті,

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына

жүгініп, кәсібін кеңейтетіндер саны артқан.

Өткен жылдың соңында осы бағдарлама

аясында 200 бас ірі қара және 970 бас

ұсақ мал сатып алынған.

Жолдарды жөндеу

жалғасады

Ауданда қолға алынған басым бағыттың

бірі - автожолдарды реттеу. Өткен жылы

мұнда 71 шақырым автомобиль және

10 шақырымнан астам ауыл ішінің жолдары

жөнделген. Жалпы, барлық жолдардың

ұзындығы 429 км.-ді құрайды. Оның 275-і -

аудандық маңызы бар жол.

- «Нұрлы жол» жобасы аясында Шарбақты-

Галкин аймақтық жолының 30 шақырымына

және республикалық жолда облыс орталығына

дейінгі ұзындығы 38 шақырымды құрайтын

жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы -

2020» бағдарламасы аясында Маралды

көліне апаратын жолдың кіре берісіндегі

3 шақырым да ретке келтірілді. Бұдан

бөлек, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

бойынша ауылішілік жолдарды орташа

жөндеуге 194 млн. теңгеден астам қаржы

бөлінді, - деді ол.

Ал 2021 жылы тағы 53,5 шақырым

жолды орташа жөндеу жоспарлануда.

Мұнда Маралды-Жылыбұлақ арасындағы

10 шақырым мен Красиловка (23 км),

Сахновка (8,8 км) ауылына кіре берістегі

жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.

Әлеуметтік

нысандар жаңарды

Былтыр «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен

қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік

бағдарламасының шапағатын

көрген шарбақтылықтар дән риза. Мәселен,

аталған қос бағдарлама аясында ауыл

жолдарынан бастап, талай жыл жөндеу

көрмеген ғимараттар жөнделіп, жаңа

келбетке ие болды. Сондай нысанның

бірі – Александровка ауылындағы жалпы

орта білім беретін мектеп. Оның жөндеу

жұмысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында 61 млн. теңге қаржы бөлінген.

Оған мектептің қасбетінен бастап, электр

желісі, сыныптардың терезесі мен есіктері

ауыстырылып, едені сырланды.

- Бұдан бөлек, осы ауылдағы «Балапан»

балабақшасына да күрделі жөндеу жұмысы

жүргізілді. Мұнда да ғимараттың

қасбетінен бастап, заман талабына сай

жаңарды. Негізі бұл балабақшаға соңғы

рет 2005 жылы жөндеу жұмысы жүргізілген

екен. Жалпы ауданда «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы негізінде 11 ауқымды жоба

қолға алынған болатын, - дейді аудан

басшысы.

Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы -

2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында

8 жоба қолға алынған. Осының нәтижесінде

ауданда 88 жұмыс орны ашылып, тұрғындар

еңбекке тартылған. Айлық еңбекақысы -

85 мың теңге. Аталмыш бағдарлама негізінде

«Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне»

ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ондағы жүзу

бассейні де жаңартылған. Бұдан бөлек,

Галкин орта мектебі, №5 «Шарбақтыдағы

мамандандырылған мектеп-интернатының»

іші жөнделсе, Хмельницкийдегі ауылдық

мәдениет үйі мен «Орталық кітапхана»

ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы

жүргізілген.

- Аудан тұрғындарының әлеуметтікэкономикалық

жағдайы біздің жіті

бақылауымызда. Сонымен қатар, ауылдың

гүлденуі үшін, мұнда жас мамандарды

көптеп тарту үшін де жұмыстар атқарылуда.

Соңғы уақытта тұрғындарды таза ауызсумен

қамту мәселесі оң шешімін тауып отыр.

Б ү г і н д е а у д а н х а л қ ы н ы ң 9 0 п а й ы з ы т а з а

ауызсумен қамтылған. Өткен жылы ауданның

9 елді мекен таза ауызсумен қамтылды.

Ауданның 3 ауылында - Есілбай, Красиловка

және Шегіренде су құбырының

құрылысы аяқталды. Биыл Малиновка,

Сахновка, Сынтас ауылдарына су құбырының

құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ

әзірленді. Осы жобаларды іске асыру

нәтижесінде, біз халықтың 100 пайызын

таза ауызсумен қамтамасыз етеміз, - деді

Ә.Кәріғұлұлы.

Қазіргі таңда ауданда 179 адам

үй кезегінде тұр. Оларды баспанамен

қамту мақсатында орталықта бос тұрған

ғимараттарды қайта жаңарту көзделуде.

Яғни, бос тұрған 3 қабатты ғимаратты

күрделі жөндеуден өткізіп, 27 пәтерлі

тұрғын үйге айналдырмақ. Міне, осылайша,

аудан басшылығы 2025 жылға дейін тұрғын

үй салудың ұзақ мерзімді жоспарын

жасаған.

Баспаналы болды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының

үшінші бағыты бойынша Шарбақтыға көшіп

келіп жатқан отбасылар аз емес. Өткен

жылы мұнда еліміздің Оңтүстік өңірінен

және шеттегі қазақ отбасылардан биыл

41 отбасы, яғни 170 адам қоныс аударған.

Оның 68-і - бала, бесеуі - студент, біреуі - мүмкіндігі

шектеулі адам және үшеуі - зейнеткер.

Көшіп келушілер арасында ауданға қажетті

мамандар бар. Мәселен, мұғалім, дәрігер,

жүргізуші, ауылшаруашылық маманы (механизатор),

механик, аспаз, шаштараз, тігінші,

тәрбиеші, хореограф, музыка, құрылыс

маманы, заңгер, есепші, дәнекерлеуші,

бағдарламашы, кондитер, энергетик бар.

Көшіп келушілердің көбі Галкин, Шегірен,

Есілбай, Шарбақты ауылдарына қоныстанған.

- 2020 жылы ауданға көшіп келушілердің

әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында

бірқатар істер атқарылғаны белгілі. Соның

бірі – баспанамен қамту. Осы мақсатта

ауданға көшіп келетін отбасыларға арналған

үйлердің құрылысы басталып, жылдың соңында

қолданысқа берілген болатын. Атап айтқанда,

Александровка ауылында 4 пәтерлі

2 үй, Шарбақты ауылында 16 пәтерлі 8 үй

және үш қабатты, 27 пәтер тұрғын үй салынды.

Соның ішінде Шарбақты ауылы Тәуелсіздік

көшесі мен Әбенов көшесіндегі

8 пәтерлі 4 үй көшіп келушілерге берілген

еді. Қалған үйлер де кезекте тұрған көшіп

келушілерге берілді, - деді аудан әкімі.

Шарбақты аумағына 2017-2020 жылдар

аралығында шет елдерден және оңтүстіктен

82 отбасы, яғни 345 адам көшіп келген.

Қоныс аударған 16 адам бүгінде жеке

кәсібін бастаса, 24 қоныстанушы үш жылға

240 мыңнан 530 мың теңге аралығындағы

мемлекеттік гранттарға ие болған.

Ал биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында

ауданға көшіп келген отбасыларға арнап

Шарбақты және Александровка ауылында

20 жаңа пәтер салу жоспарлануда.

Жас мамандарға

қолдау бар

Соңғы жылдары ауданға «Дипломмен -

ауылға!» бағдарламасы аясында ат басын

бұрған жастардың саны артқан. Соның

ішінде медицина саласының мамандары

да бар. 2020 жылы ауданға 8 медицина

саласының маманы келген. Оның 6-ы

дәрігер. Мұнда педиатр, хирургтан бөлек

4 фельдшер бар. Медицина саласының

жас мамандарын ынталандыру мақсатында

8 жас дәрігерге 500 мың теңгенің гранты

табыс етілген.

Айта кетелік, Шарбақты ауданына

өткен жылдың соңында заманауи үлгідегі

технологиямен жабдықталған жылжымалы

медициналық кешен берілген болатын. Бұдан

бөлек, аудандық ауруханаға күрделі жөндеу

жұмысы жүргізілсе, Есілбай ауылындағы

медициналық пункт жөнге келтірілген.

Бұдан бөлек, биыл ауданда туризм

саласы да оң жолға қойылмақ. Мәселен,

Маралды көлінде туристік демалыс аймағын

дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған

тұжырымдамасы жасалған. Бұл жобаға

жалпы сомасы 150 млн. теңге бөлінбек.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл 11

ВАКЦИНА

Ерте қамданды

Ақтоғай аудандық ауруханасының басшылығы өңірге

вакцина жеткізілместен бұрын оны сақтау үшін

5 термоконтейнер және 1 тоңазытқыш сатып алған.

Яғни, дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп,

ерте қамданған.

Бүгінде егу жұмыстарын жүргізетін дәрігерлер арнайы оқытудан

толық өтті. 1 ақпанда вакцина жеткізіліп, 10 дәрігерге екпе салынған.

Екпе алғандар 30 минут бақылауда болып, барлығы да өздерін

жақсы сезінгендерін жеткізген.

Пандемияны жеңудің бірден-бір жолы – егу жұмыстары екенін

ескерсек, ақтоғайлықтар бұл іске атүсті қарамайды деген сенім мол.

ЖОЛ

Жансері СЪЕЗБЕК.

Дәрігердің

бақылауында

COVID-19-ға қарсы

ресейлік «Спутник V»

вакцинасы

шарбақтылықтарға

да салынуда. Бұл

туралы аудандық

санитарлықэпидемиологиялық

бақылау

басқармасының

басшысы Гүлайна

Қойбағарова

мәлімдеді.

Басқарма басшысы вакцинаны

алғашқылардың бірі болып

салдырған.

- Медициналық және санитарлықэпидемиологиялық

мекемелерінің

10-нан астам қызметкеріне вакцина

ерікті түрде егілді. Қазіргі уақытта

медицина қызметкерлері дәрігердің

бақылауында. 21 күн өткеннен кейін

екінші сатысындағы вакцинаны

қабылдайды, - деді Г.Қойбағарова.

Аудандық ауруханада тұрғындардың

вакцина алуына барлық

жағдай жасалған. Шалғай ауылдарға

екпені арнайы медициналық

бригада тобы жеткізіп, арнайы

дайындалған медбикелер салатын

болады.

Қауіпсіздік

қамтылады

Қ.МҮСӘЙІП.

Республикалық маңызға ие автокөлік жолдары

сапасының жақсаруының нәтижесінде көлік

қозғалысының жылдамдығы мен қарқындылығы

едәуір артты.

Бұл өз кезегінде жол қызметтерінің

көзделген қауіпсіздік шараларын

барынша қамтамасыз етуді

және жол қозғалысына қатысушылардың

барлығының ережелерді

сақтауын талап етеді.

Жүрдек трассаларда ірі үй

жануарларының (жылқы, ірі қара

мал, ұсақ мал) болу фактілері

адам құрбандарына әкелуі мүмкін.

Бұл белгілі бір учаскелерде мал

қоршауының жоқтығын және

тұрғындардың үй жануарларын

бақылаусыз қоя беретінін көрсетеді.

Павлодар көлік аймағында

2020 жылы республикалық жолдар

желісінде 101 жол-көлік оқиғасы

орын алды. Оның ішінде

үй жануарларының қатысумен

6 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Салдарынан 10 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ, қысқы кезеңде автожолдарда

жол-пайдалану қызметтерінің

қар массаларын уақытылы

жинамауы және тазаламауы салдарынан

апаттық жағдайлар

айтарлықтай артып келеді.

2020 жылы «Нұр-Сұлтан -

Павлодар» автожолында қозғалыстың

кептелуі және толық

бұғаттау фактілері бірнеше

рет орын алды. Бұл жағдайлар

әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан

наразылық тудырып, сыни

пікірлер көбейді.

Жоғарыда аталған жайттарды

ескеріп, Павлодар көлік прокуратурасымен

жергілікті атқарушы

органдардың және уәкілетті органдардың

және жол ұйымдарының

жауапты лауазымды тұлғаларының

қатысуымен ведомствоаралық

кеңес өткізілді.

Ведомствоаралық кеңестің

шешімі бойынша уәкілетті органдар

мен ұйымдардың жауапты лауазымды

тұлғаларына жол-көлік

оқиғаларының алдын алу және

республикалық маңызы бар

автожолдардағы жол төсемін

уақытылы тазарту бойынша

жан-жақты шаралар қабылдау

тапсырылды.

Павлодар көлік

прокуратурасы.

«Павлодар» ӘКК» АҚ «АДИС» ЖШС жарғылық капиталындағы

қатысу үлесін іске асыру жөніндегі сауда-саттықты өткізу туралы

хабарлайды. Толығырақ ақпарат www.gosreestr.kz сайтында.

(2014)

НАРЫҚ

Операторлардан

бас тартады

Қазақстанда қазіргі кезде 50 оператор жұмыс істейді.

Олар үшін 39 заң қабылданған. Халық олардың

ірілері ретінде «Отбасы банкін», «ӨКМ операторын»

(Оператор РОП), медсақтандыру қорын, «Даму»

қорын, «СҚ-Фармацияны», «Ақпараттық-есептеу

орталығын» (gosreestr.kz), «ҚазАвтоЖолды» және

басқаларын біледі.

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі кейбір шенеуніктер

кәсіпкерлерге жол бермеу үшін

мемлекет атынан бизнес ашып

алғанын мәлімдеп отыр. Әрі сол

бизнесіне мемлекеттік құзырфункцияларды

табыстаған. Ел

Президенті мемлекеттің экономикаға

араласуын 14%-ға дейін қысқартуды

жүктегені мәлім. Бәсекелестікті

қорғау агенттігі бизнес пен мемлекет

мүдделерінің өзара теңгерімін сақтау,

бәсекелестікті қорғау, кәсіпкерлік

субъектілерін дамытуды ынталандыру,

жеке бизнесті қолдау

мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік

қызметке қатысуын шектеуді ұсынды.

Бұл үшін қолданыстағы 10 операторды

бәсекелес ортаға беру

ұсынылып отыр. Тағы 9 оператор

«мемлекеттік монополия субъектісі»

болып қайта ұйымдастырылуы

керек. Яғни, көлеңкеден күнгейге

шығарылады. Ал қалған 31 операторды

«әзірленген механизмдерге

Шахмат шеберлері

Жақында КСРО спорт шебері Юрий Никитинді

еске алуға шахматтан арналған облыстық онлайн

турнир аяқталды.

Бұған дейін халықаралық

деңгейде ұйымдастырылып келген

жарыс карантиндік шектеулерге

байланысты павлодарлық спортшылардың

қатысуымен ғана өткен.

Шахматтан облыстың бас бапкері

Арман Ғабдушевтің мәліметінше,

турнирге 50-ге жуық үміткер

қатысқан. Көбіне оқушылар бақ

сынағанын атап өткен жөн.

- Турнир онлайн форматта

ұйымдастырылғандықтан, көптеген

ардагерлер компьютердің

«тілін» түсінбей, қатыса алмады.

Негізінен Павлодар және Екібастұз

қалаларының, бірнеше ауданның

жас шахматшылары сайысқа түсті.

Бір аптадан аса уақытқа созылған

турнир тартысты өтті деуге толық

негіз бар. Келесі жылы аймағымызда

МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША

«Halal Guide»

Елімізде халал өнім тұтынушылар үшін «Halal Guide»

мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша

тұтынушылар үшін халал асханалар мен ет өнімін

сататын дүкендер туралы ақпараттар алуға және

мекенжайларын табуға арналған.

«Halal Guide» платформасын

әдеттегі қосымшалар секілді

смартфон телефондарына жүктеп

алуға болады. Облыстық Мәшһүр

Жүсіп орталық мешітінің бас имамы

Жолдас Қоспақұлының сөзінше,

бұл қосымшаның бірнеше қызметі

бар. Біріншіден, кез келген өнімнің

ҚМДБ-ның халал сертификатын

алған немесе алмағандығын тексеруге

болады. Екіншіден, әркім өз

аймағындағы халал сертификатын

алған ет дүкендері мен қоғамдық

тамақтану орындарын іздеп табуға

болады. Алдағы уақытта бұл

қосымшаға мешіт карталарын

қосу жоспарлануда.

- Аталған қосымшаға Павлодар

қаласынан үш асхана енгізілді. Олар

– «Қымызхана», «Алтай» және «Тағам»

сәйкес реттеу» қамтамасыз етіледі.

Яғни, бұл салаларда оператор

компания шамамен бес жыл сайын

өзгеріп отырады. Бұл жаңашылдықтар

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне

кәсіпкерлік қызмет саласында

жаңа реттеушілік саясатты енгізу

мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» жаңа

заң жобасында қарастырылған.

Егер аталған заң жобасы

мемлекеттік органдардың келісімін

алып, оны Парламент қабылдаса,

кәсіпкерлік сала мол табыс әкелер

әлеуетке кенелмек. Айта кету керек,

бұл құжат мемлекеттік монополияны

жоймайды, ол «бәсекелестік

нарықта қандай да бір тауарды

өндіру, өткізу немесе сатып алу

саласындағы мемлекеттің айрықша

құқығы» ретінде қала береді.

Жоба тек жасырын мемлекеттік

монополияға тосқауыл қоймақ.

Өз тілшіміз.

эпидемиологиялық ахуал тұрақталып,

турнир өзінің халықаралық деңгейін

сақтап қалады деген сенімдеміз, -

дейді А.Ғабдушев.

Жарыс нәтижелеріне тоқталсақ,

ерлер арасында Тимур Балмағамбетов

топ жарды. Владимир Шичкин

екінші орынды иеленсе, Владислав

Малыгин 3-орынға тұрақтады. Ал

қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина

қарсылас шақ келтірмеді. Адина

Мейрамғалиева екінші орынды,

Аружан Асқарова үшінші орынды

қанағат тұтты.

Естеріңізге салсақ, Юрий Никитин -

шахмат спорты бойынша облыстан

шыққан КСРО-ның тұңғыш

спорт шебері.

Жансері СЪЕЗБЕК.

асханалар желісі. Сонымен қатар,

таза ет өнімін сататын «Бәракат»,

«Inmart», Ақсу қаласындағы «Ақ

ниет» дүкені және халал шұжық

өнімін шығаратын «Дүйсенбаев»

жеке кәсіпкерлігі туралы деректер

сол қосымшаға енгізілді. Бұлардың

барлығы - халал өнімін сататыны

жөнінде заңды түрде расталып,

ҚМДБ-ның арнайы сертификатын

алған орындар, - дейді бас имам.

Жауапты мамандардың сөзінше,

«Halal Guide» қосымшасында

көрсетілген деректердің барлығы -

«www.halaldamu.kz» сайтында жарияланған

ресми ақпараттар. Бұл

үнемі жаңартылып отырады.

Т.САХАБА.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8344 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 200

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 6 ақпан, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

«МИСС ПАВЛОДАР-2021»

Халқымыздың кенже қалған қолөнер түрлерінің

бірі – сүйек жону. Ерекше кәсіпті қайта жандандырып

жүргендердің бірі – облыс орталығындағы

Оқушылар сарайы «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі

Қайнарбек Махмет. Бүгінде ол үйірмеде

ұсталыққа икемі бар оқушылардың басын қосып,

сүйек жону ісіне тәрбиелеуде.

Тілеуберді САХАБА

Қайнарбек Ерназарұлы -

Баянауыл ауданы Жұмат Шанин

ауылының тумасы. Павлодар

гуманитарлық колледжін бітіріп,

Қаражар орта мектебінде еңбек

жолын бастаған. Технология пәнін

жүргізіп, оқушыларға қайыстан

қамшы өруді, ағаш бұйымдарын

жасауды үйретті. Бүгінгі таңда

Павлодар қаласындағы №1 мектепте

көркем еңбек пәні бойынша

сабақ беріп жүр. Сонымен

қатар, жақында Оқушылар сарайынан

«Атамұра» деп аталатын

қолөнер үйірмесін ашып, шәкірт

тәрбиелеуде.

Қайнарбектің шеберханасынан

сүйек пен мүйізден жасаған

композициялардың түр-түрін

көруге балады. Мысалы, қыз

балаларға арналған білезік, алқа,

қоңырау, тарақ, тұмар, шашбау

ДЕНСАУЛЫҚ

Сүйек өңдеу -

күрделі өнер

сынды әшекей бұйымдары, тұз

салғыш, ожау, қобыз, тырна,

үкі, киіз үй, шаңырақ секілді

кәдесый бұйымдарын қанша

тамашаласаңыз да көз тоймайды.

Шебер аталған заттардың

көркемдік ерекшелігін арттыру

үшін ағашты және былғарыны

пайдаланған. Сонымен қатар,

балаларға қамшы өру өнерін

де үйретіп келеді.

- Сүйек жону – өте күрделі

өнер. Оған кез келген сүйек

жарай бермейді. Негізінен, қара

мал мен жылқының сүйегін қолданамыз.

Алдымен қайнатып,

майын шығару және кептіру жұмыстары

атқарылады. Сүйектің

сапасын сақтау үшін қосатын

арнайы қоспалары бар. «Атамұра»

үйірмесіне 4, 5, 6-сынып оқушылары

келіп жүр. Үйірме олар үшін

тегін. Аптасына бір рет сабақ

өткіземін. Алдымен қасқырдың

азу тісін тесіп үйренеді. Содан

кейін басқа технологиясына көшіп,

өз жұмыстарын күрделендіре

береді. Жалпы, біздің өңірде

мұндай сүйек жону үйірмесі

жоқтың қасы. Сондықтан, қала

мектептерінде осындай үйірмелердің,

орталықтардың санын

көбейтсе, ұлттық өнеріміз жаңғыра

түсер еді. Себебі, қолөнерге

қызығатын, соның ішінде ағаш

ойып, сүйек жонуға икемі бар

балалар көп. Ең бастысы, оларды

қолдау керек, - дейді Қайнарбек

Ерназарұлы.

Сүйекті түзетіп, жонып, тегістейтін

құралды бастырақ не қысқы

дейді. Жалпы, сүйекті жону, өрнектеу,

шегелеу, сүйекке күміс қақтау

жұмыстары - асқан шеберлікті

талап ететін өте нәзік өнер.

Ірі қара, серке, арқар,

ақбөкен және таутеке мүйіздері

мен тұяқтарын ертеде хас

шеберлер өте тиімді пайдаланатын

болған. Мәселен, сиыр,

серке мүйіздерінен шақша, тарақ;

ақбөкен мүйізінен қамшының

сабы, шиті мылтықтың сирақтары,

арқар және таутеке мүйіздерінен

Суреттерді түсірген - Ж.Съезбек.

қымыз ожау, қасық сияқты заттар

жасалады. Сүйекке қарағанда,

мүйіз жонуға, июге, қалыпқа

салуға, тесуге, шегелеуге өте

ыңғайлы. Және оны оюлап өзге

заттарға қиюластыру да жеңіл.

Жоғарыда айтылған үй жануарлары

мен тағы аңдардың

мүйіздерін іске жарату үшін,

оларды жастай жинап, ылғи

көлеңкеде сақтау қажет. Өйткені,

далада көп жатып, қабыршақтанып,

әбден қураған мүйіздер

іске жарамайды.

Қайнарбек шебердің шәкірттері

де бірталай жетістікке жетіп

үлгерді. Мысалы, №1 орта

мектебінің оқушысы Ниязбек

Боранбаев республикалық «Шеберлер

қаласы» көрме-байқауынан

екінші орын еншілесе,

Мәлік Ескендір «Алтын қазына»

байқауында бас жүлдені жеңіп

алды. Сонымен қатар, Рауан

Майданов оқушылар арасында

өткен қолданбалы өнер байқауының

облыстық кезеңінен

жеңімпаз атанып, республикалық

кезеңге жолдама алған.

Елдегі пандемия жағдайына

байланысты «Мисс Павлодар-

2021» байқауы алғаш рет онлайн

форматта өтті. Дәстүрлі

түрде өтетін сұлулар байқауына

биыл 50-ден астам бұрымды

өтініш берген.

Талантты

арулар

Дей тұрғанмен, арулардың 15-і ғана

алдын ала іріктеуден өтіп, бірінші кезеңге

жолдама алған. Бұрымдылар додасы

4 кезеңнен тұрады. Мұнда - таныстыру,

дефиле, өз өнерін көрсету және фото

байқауы.

Қазылар алқасының мүшесі, хореограф

Ғалия Мұсабекованың айтуынша,

«Мисс Павлодар-2021» байқауына төрелік

етуге «Мисс Қазақстан» байқауынан

комиссия мүшесі келген.

- Алғашында арулар онлайн түрде

өзін таныстыру керек болды. Бұл тарапта

еш шектеу қойылмады. Және де өз

өнерін видео арқылы көрсету міндеттелді.

Екі бөлімде де қатысушыларға

1 минуттан уақыт берілді. Барлық

қыздар өнерлі. Би билеп, ән айтады,

кейбірі музыкамен кәсіби түрде айналысады.

Бәсекелестік деңгейі жоғары, -

деді Ғ.Мұсабекова.

Бұдан бөлек, қазылар алқасы қатысушылардың

суретке түсе білу және

жүріп-тұру мәнерін бағалады. Басты

талаптар қатарында үміткерлер жеке

басына қатысты сұрақтарға жауап

беруі қажет болған.

«Мисс Павлодар-2021» тәжіне үміткерлердің

бірі - Данагүл Қарабай. Ол

қарсыластарының осал еместігін тілге

тиек етті.

- Менің мамандығым спортпен байланысты.

Десе де, өзімнің мүмкіндігімді

дәлелдеп, спорттан да бөлек дүниелердің

қолымнан келетінін дәлелдегім

келеді. Дәл қазіргі сәтте тәжге ие

болып, арманыма біртабан жақындай

түссем деген ойым бар, - дейді ол.

Тәждің иесін анықтауға санаулы

күндер қалды. Байқау қорытындысы

республикалық арнайы комиссия мүшелерінің

шешімімен ақпан айының бірінші

жартысында жария болады.

ІЗГІЛІК

«Парасат

жолы»

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының

«Адалдық алаңы»

жобасы аясында облыстық,

аудандық және ауылдық кітапханалар

жанынан «Парасат

жолы» атты жаңа орталықтар

ашылды.

Мұндай орталық аймағымызда

С.Торайғыров атындағы облыстық

ғылыми-әмбебап кітапханада тұсауын

кесті. Орталықтың негізгі мақсаты -

ғылыми және шығармашылық зиялы

қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда

парасаттылық идеологиясын қалыптастыру.

Онда белгілі ақын-жазушылармен,

ғалымдармен, мемлекет және

қоғам қайраткерлерімен, зиялы қауыммен

және жастармен кездесулер

ұйымдастырылмақ. Жүздесулер қоғамда

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық

құндылықтарын кеңінен насихаттауға

бағытталады.

Облыстық ақпараттық-ағартушылық

штабының басшысы Еркеғали Жанғазы

аталмыш орталық жемқорлықтың алдын

алуда зор мүмкіндік тудыратынын

айтады.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!