23.02.2021 Views

23 ақпан сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6

23 ақпан, сейсенбі, 2021 жыл SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Күрделі оталар

жасауға кірісті

Иә, кардиологиялық орталықтағы

тәжірибелі дәрігерлер күн сайын

адам жанына араша түсуде десек,

қателеспейміз. Кардиологтар жүректі

емдеудің тың тәсілдерін меңгеруде.

Алдымен жыл басында жасалған

ең күрделі отаға тоқталайық.

Операцияны өткізуде кардиологтарға

онколог мамандар көмектесті. Олар

сирек кездесетін қатерлі ісік –

саркомаға шалдыққан 61 жастағы

науқастың өміріне араша түсті.

Сала мамандары әлем бойынша

мұндай ота тек 50 мәрте жасалғанын

айтады. Хирургиялық шараға 20-дан

астам дәрігер қатысқан. Күрделі

ота 10 сағатқа созылыпты.

Облыстық кардиологиялық орталықтың

директоры Әділжан

Әлбазаровтың айтуынша, науқастың

ағзасындағы қатерлі ісік жүрекке

дейін өскен. Оның қалай пайда

болғаны анықталған кезде, емдеу

әдістері ұсынылған. Өкінішке қарай,

көлемі үлкен ісікті емдеуге сәулелі

терапия мен химиялық терапия

дәрменсіз. Сондықтан қарияның

өмірін ұзарту үшін дәрігерлер батыл

шешім қабылдап, ота жасаған.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

да - өлімге әкелетін диагноз.

Жыл басынан бері кардиологтар

осы дертке шалдыққан 3 науқастың

өміріне араша түскен. Барлығына

шұғыл түрде ота жасалып, нәтижесі

сәтті аяқталған.

Білікті дәрігер, кардиохирургиялық

бөлімнің жетекшісі Мұрат

Райхановтың айтуынша, өкпе

артериясының тромбоэмболиясы –

өмірге қауіп төндіретін дерт. Аз

ғана уақыттың ішінде адамның

жағдайы қиындап, тыныс алуы

нашарлайды. Ауа жетпеген соң,

өмірімен қоштасады.

- Бас дәрігеріміз - өз ісінің

маманы, тәжірибелі хирург. Оның

бастамасымен өткен жылы 8 ота

жасалды. Жыл басынан бері 3 науқасқа

операция жүргізілді. Өкпе

эмболиясы көбінесе, көктамырдың

тромбымен бітелуінен туындайды. Сан

етінде, жамбаста пайда болған көк

тамырлар тромбқа айналады. Кейін

оның бір бөлігі ажырап, қан ағымы

арқылы өкпеге түсуі мүмкін. Сол

кезде тыныс алу тетіктері бітеледі.

Салдарынан адам тұншығады.

Бұл дерт жас талғамайды. Қазір

2 науқас отадан кейін ем қабылдауда.

Оның бірі 62-де болса, екіншісі –

36 жаста, - дейді М.Райханов.

Мұрат Арыстанұлының сөзінше,

бұл дертті болдырмау үшін адамдар

жыл сайын өткізілетін медициналық

скринингтік тексерулерге қатысуы

керек. Аталмыш диагноз компьютерлік

томографияның көмегімен

анықталады екен. Егер мамандар

сараптама нәтижесі арқылы ұйыған

қанды көрсе, бірден ота жасауға

дайындалады. Науқас бойында

демікпе пайда болмай тұрып,

операция жасаған тиімді.

Мұрат Арыстанұлының айтуынша,

өңірде жүректің ишемиялық

ауруына шалдыққан науқастардың

қатары артып келеді. Бұл дертке

шалдыққандардың саны әлем

бойынша да жоғары. Туа біткен

жүрек ақаулары да өмірге қауіп

төндіреді. Мұндай науқастар шұғыл

отаға зәру.

Қазіргі уақытта облыстық кардиологиялық

орталықта жүрек оталарының

50-ден астам түрі жасалады. Мамандар

тың технологияның тілін меңгерген.

Орталықтың материалдық-техникалық

мүмкіндігі де жоғары.

Мұрат Райхановтың есімін өңір

жұртшылығы жақсы біледі десек,

артық айтқандық емес. Себебі ол

жылына 250 адамның жүрегіне ота

жасайды. Аптасына кем дегенде

3 операцияға қатысады. Бұдан

бөлек, тәуліктің кез келген уақытында

ауыр жағдайда түскен науқастардың

өміріне араша түседі.

- Медицина саласын таңдаған

соң, міндетімізге адал болуымыз

керек. Жұмыс уақыты аяқталып, үйде

болсам да, қоңырау қабылдауға

дайын тұрамын. Биыл өкпе артериясының

тромбоэмболиясына шалдыққан

алғашқы науқас түнгі сағат

1 шамасында ауруханаға түсті.

Маған хабарласқан бойда, орталыққа

аттанып, дереу операция жасадым.

Қазір денсаулығы бірқалыпты. Осы

саланы таңдағаныма еш өкінбеймін.

Біз үшін өзгеге өмір сыйлаудан

асқан бақыт жоқ, - дейді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір

елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларына

шалдығушылардың қатары

көп. Сондықтан әр адам қан қысымын,

қан құрамындағы холестерин мен

қант деңгейін анықтауға ерекше

көңіл бөлгені жөн. Өйткені дұрыс

тамақтанбау, арақ пен темекіні

тұтыну, қозғалыстың аздығы жүректің

өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл

аурудың алғашқы белгілеріне жүрек

пен кеуде тұсының ауырсынуы мен

шаншуы, тамыр соғысының жиілеуі

жатады. Өкініштісі, көпшілік бұған

уақытша жағдай деп қарап, мән

бермейді. Сол себепті тыныс алу

қиындап, ентігу пайда болса немесе

аяқта ісік пайда болған жағдайда,

дереу дәрігерге барған жөн.

Мамандардың айтуынша, күтімі

жақсы жүректің қызметі 150 жылға

дейін қауқарлы екен. Жүрек жұмысын

жақсарту үшін салауатты өмір салтын

ұстанған дұрыс. Ащы, тұзды, майлы

тағамдарды жемей, табиғи өнімдерді

тұтынған пайдалы екен. Әр адам

өз денсаулығына жауапкершілікпен

қараса, ғұмыры ұзарып, дәрігерлердің

жүктемесі азаятыны сөзсіз. Білікті

дәрігерлер де тұрғындарды осыған

шақырады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суреттер газет

мұрағатынан алынды.

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында

еліміз бойынша ЭКҰ-ға 7 мың квота бөлінді.

Бұл ретте медициналық сақтандыру қоры

6,2 млрд. теңге бағыттап отыр.

Қаржы бөлінді

Өткен жылы 1105 бағдарлама үшін 960 миллион теңге

қарастырылған. Биылғы көлем 7 есеге көп.

Биыл облыста 290 жұпқа сәби сүю бақыты бұйырмақ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша

директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, квотадан үмітті

отбасылар Қазақстан азаматы болуы шарт. Егер жатырдың

туа біткен немесе жүре пайда болған ауруы, психикалық

ауытқушылық, ағзасында қатерлі ісік болған жағдайда квота

берілмейді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ЭКҰ

бағдарламасынан тегін өтуге жолдама алғандарға МӘМС

аясында қаржы бөлінеді. Квотаға қатысу үшін ерлі-зайыптылар

тіркелген жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. Дәрігерлер

жұптарды бедеулік мәселесі бойынша диспансерлік есепке

қояды. Денсаулықтары ЭКҰ-ға жарамды болса, порталға

тіркеледі. Отбасы мүшелері экстракорпоралды ұрықтандыру

клиникасын өздері таңдайды, - дейді Н.Қасымов.

Айта кету керек, жолдама алған жұптар жылына бір

мәрте МӘМС бойынша тегін ЭКҰ-дан өте алады. Бүгінде

еліміз бойынша 19 медициналық ұйым ЭКҰ бағдарламасын

жүргізеді. Оның 18-і – жекеменшік.

МАМАН КЕҢЕСІ

Теріс

әсердің бәрі

уақытша

Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау

науқаны жалғасуда. Екпеге қатысты

тұрғындар арасында сұрақ көп. Вакцинаның

жағымсыз әсерлері қандай? Екпеден кейін

қалай күтіну керек? Кімдерге егілмейді? Осы

орайда, бірінші санатты тәжірибелі дәрігер,

сарапшы, терапевт Людмила Асташкинаның

кеңесін ұсынуды жөн көрдік.

- COVID-19-ға қарсы

екпе алған соң, алғашқы

екі-үш күн ішінде тұмауға

ұқсас белгілер мазалауы

мүмкін. Бұлшық ет пен

буын ауырып, дене

қызуы көтерілуі ықтимал.

Бұл - қалыпты жағдай.

Бәрі екпе салу ережесіне

сай жасалса, күтпеген

қауіпті жағдай орын

алмайды. Вакцина алған

адам 3 күн медициналық қызметкердің бақылауында болады.

Учаскелік дәрігер қоңырау соғып, жағдайын біліп тұрады.

Атап өтерлігі, алғашқы 3 күнде суға түсуге, моншаға баруға

болмайды. Денеге артық күш түсірмеу керек. Екпе алған

адамға қалай күтіну керектігі жөнінде жадынама беріледі.

Онда бәрі анық жазылған. Егер дене температурасы көтерілсе,

«Парацетамол» ішуі керек. Өзге сұрақтар туындаса, дәрігеріне

қоңырау шалады.

Екпе кезінде әр науқастан жазбаша түрде рұқсат алынады.

Егер созылмалы ауруға шалдықса, оған екпе салынбайды.

Вакцинаға жоғары сезімталдығы бар адамдар екпе алмайды.

Өйткені бұл – жаңа вакцина. Аллергия, жедел инфекциялық

және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың

қабынуы, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ

18 жасқа толмағандарға салынбайды. Вакцина алуға келген

пациенттің денсаулығы жайлы толық ақпарат жиналады.

Егер жоғарыда айтқан қарсы көрсетілімдер болса, егу

шаралары жүргізілмейді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!