02.03.2021 Views

2 наурыз сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

2 наурыз, сейсенбі

2021 жыл

№25 (15643)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Сүт неге арзандады?

Нақпа-нақ

Қазақстанның

Даму банкі

4 пайыздық

автонесиеге

20 млрд.

теңге бөлмек

ҚАРЖЫ

Ломбардтар

жабылады

Елімізде сот шешімімен

мыңнан астам ломбардтар

жұмысын тоқтатады. Қаржы

нарығын реттеу және дамыту

агенттігінің хабарлауынша,

2020 жылдың екінші жартысында

1,7 мың ломбардтың

әрекетіне қатысты сотқа

шағым түскен.

Осыдан біраз уақыт бұрын өңірдегі сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары

жеке аулалардан шикі сүтті жоғары бағаға сатып ала бастаған еді.

Дей тұрғанмен, бұл бастама уақытша құбылыс болған сияқты.

Павлодар ауданының бір топ тұрғыны өнімді қабылдау бағасы

160 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендеп кеткенін алға тартып отыр.

Өндірушілердің наразылығы жуырда облыс басшылығына дейін

жетті. Бұл жерде қандай гәп бар? Шикі сүттің сатып алу құнын

өңдеушілер неге төмендетуде?

Баға саясаты:

БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Жалғасы 2-бетте

Өткен аптаның соңында облыстағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы

бірден бірнеше теңгеге бір-ақ өсті. Көлік отынының орта есеппен 2-6 теңгеге қымбаттауының

өзі көлік тізгіндегендердің қалтасына кәдімгідей салмақ салуда. Қарапайым тұрғындар мұның

соңы жолақы құнының қымбаттауына әсер ете ме деп қауіптенеді.

Толығырақ 3-бетте

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу

және дамыту агенттігінің басшылығы

мәлімдеді.

– Ақпан айындағы жағдай бойынша

1072 ломбардқа қатысты мәжбүрлеп

жабу туралы шешім шығарылды.

144 ломбард бойынша сот шағымды

қарастырған жоқ, 143 ломбардқа қатысты

шағымдар қайтарып алынды. Қалған

368 ломбардты мәжбүрлеп жабу мәселесі

сотта қаралып жатыр, – дейді агенттік

басшысы Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, барлық микро қаржы

ұйымдары 2020 жылдың 1 қаңтар –

1 шілде аралығында агенттіктің

есептік тіркеуінен өтуге міндеттелген.

2020 жылдың қорытындысы бойынша

ондай тіркеуден 664 ломбард өткен.

Бұл тіркеуден өтпеген заңды тұлғалар,

оның ішінде ломбардтар мәжбүрлеп

жабылу шешімін орындайды.

Былтыр жыл соңында ломбардтар

ұлттық лигасы қауымдастығы 2020 жылы

елдегі ломбардтардың 80 пайызы

жабылғанын мәлімдеген еді. Қаржылық

пирамидалардың кеңінен таралуы

ломбардтар қызметіне қойылатын

талаптың күшеюіне алып келді. Өз кезегінде

микро қаржы ұйымдары мұндай

қатаң талаптарды орындай алмады.

Ақырында нарықтан кетуге мәжбүр

болған. Пандемия да мұндай қаржы

ұйымдарының қызметіне кедергісін

тигізді.

Жалпы, ломбардтардың атын жамылып,

халықты қаржы пирамидасының

қармағына түсірген алаяқ топтардың

аз емес екені мәлім. Бұл тарапта

қылмыстық топтар отандық экономикаға

10 миллиард теңгеден астам шығын

келтіріпті. Естеріңізде болса, «Гарант

24 ломбард» ЖШС, «ЕSTATE ломбард»

секілді атышулы қаржылық мекемелер

қылмыстық істерге жол беріп, халықтың

наласына қалған. Жоғарыдағы шаралар

осындай заңсыздықтардың алдын алу

үшін жүргізіліп жатқаны аян.

Әзірлеген -

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

МЕРЕКЕ

Елбасы

құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды

Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Қымбатты отандастар!

Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,

мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы

болып саналады.

Көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып,

жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі бұл мерекеге

ерекше сән береді.

Бүгін біз қазақ халқының рухани ерлігі мен еліміздегі

барлық этностардың басына түскен ауыр сынақтарды еске

алып қана қоймай, келешекке зор сеніммен қараймыз.

Қазақстан қоғамының келісімі мен татулығы – сол жарқын

болашақтың берік іргетасы.

Коронавирус пандемиясына тойтарыс беру кезінде де

біздің бірлігіміздің маңызы айқын көрінді. Қазақстандықтар

мемлекетіміздің тұрақты дамуына қауіп төндірген жаһандық

сынаққа ел болып жұмыла қарсы тұрды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге

бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына,

толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет

пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген

сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.

Барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын

жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға мол игілік, мықты денсаулық, тыныштық пен

бақ-береке тілеймін!» делінген құттықтауда.

Еске сала кетейік, 1 наурыз - Алғыс айту күні болып

Елбасы Жарлығымен 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланды.

Өз тілшіміз.

КАРАНТИН: БІЛІМ

986 топ ашылды

Кешегі күннен 5-сынып оқушыларына кезекші

сыныптарға баруға және 9-сынып оқушыларына

кейбір пәндерді мектепке келіп оқуға

рұқсат берілді. Сонымен қатар, мектеп асханалары

да жұмыс істей бастады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен

баспасөз мәслихатында облыстық білім беру басқармасының

басшысы Дінислам Болатханұлы хабарлады.

Басқарма басшысының хабарлауынша, облыс мектептерінің

5-сыныптарында 7166 оқушы бар. Ол үшін 522 кезекші

сыныбы ашылған. Сол секілді 9-сыныпта оқитын 5708 оқушы

үшін 464 топ құрылды. Сонда, барлығы 986 топ ашылып

отыр. Сондай-ақ, арнайы мектеп-интернаттарында да үлкен

өзгеріс орын алуда. Осы бағыттағы 7 мекеменің 435 оқушысы

ата-аналардың келісімі бойынша штаттық режимге көшті.

- Балалар кезекші сыныптарға ата-аналардың рұқсатымен

барады. Мұнда пәндердің 70 пайызы дәстүрлі форматта

оқытылады. Бұл қорытынды аттестаттауға және ҰБТ сынақтарына

тікелей қатысы бар сабақтар. Ата-аналар балаларын мектепке

жіберер кезінде барлық санитарлық талаптарды ескертіп,

қауіпсіздікті өз жауапкершілігіне алуы керек. Сол секілді, әрбір

мекеме оқушы мен студенттің өмірі мен денсаулығы үшін

барлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Аймағымыздағы

эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып, ауру жұқтыру деңгейі

төмендеген сайын білім беру ұйымдарының аралас форматқа

көшуі артады. Сондай-ақ, кезекші топтарды да көбейте

беретін боламыз, - деді Дінислам Болатханұлы.

Мектеп асханаларын іске қосу жұмысын жергілікті жердегі

жеке кәсіпкерлер ұйымдастырады. Яғни, облыстың барлық

мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ беріледі. Мұнда да

санитарлық нормалар мен асханадағы әлеуметтік қашықтық

барынша сақталуы керек.

Тілеуберді САХАБА.

Сурет ғаламтордан алынды.

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ»

Былтыр Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев Волонтер

жылының жабылуы

кезінде «Қайырымды

істер марафоны»

акциясының бастау

алатыны туралы

жариялаған еді.

Павлодар облысындағы

үкіметтік емес ұйымдар

бұл бағыттағы

әлеуметтік жобалардың

жаңа шоғырын құрмақ.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары

Айзада Құрманова үкіметтік

емес ұйымдар өкілдерімен өткен

кездесу барысында айтты.

- Аймақта әлеуметтік жобалардың

жаңа пулы жасалады. Оны ірі

кәсіпорындардың қатысуымен

өтетін жәрмеңке десе де болады.

Үкіметтік емес ұйымдар әр жобаны

таныстырады, ал бизнес сол

жобаның жүзеге асуына қолдау

көрсетеді. «Қайырымды істер марафоны»

аясында қолға алынатын әр

шараның қоғамға әкелер пайдасы

мен нақты нәтижесі болуы тиіс, -

деді А.Құрманова.

Басы 1-бетте

Қоғамға пайдалы

болуы тиіс

Сүт неге арзандады?

Павлодар ауданы Луганск ауылдық

округінің тұрғыны Галина Болатәлиеваның

айтуынша, ауылдастарының көбі

шикі сүтті кәсіпорындарға өткізіп,

соның ақшасына отбасын бағып отыр.

- Әу баста шикі сүт қабылдаушылар

әр литрге 160 теңге төледі. Кейін баға

150 теңгеге төмендеді. Мұндай баға

6-7 ай сақталып тұрған еді. Ал қазір

небары 100 теңгеден қабылдауда.

Әрине, баға тым төмен. Шығынымызды

да ақтамайды, - деп қынжылады

тұрғын.

Аймағымыздағы сүтті қайта өңдеу

кәсіпорындарының бірі - «Best Milk»

ЖШС-нің басшысы Илья Тарабиннің

айтуынша, пилоттық жоба шеңберінде

қысқы уақытта сүттің сапасын арттыру

үшін баға литріне 150 теңге болып

бекітілген. Бірақ, тұрғындарға бұл

уақытша шара екені ескертіліпті.

- Біз сүттің сапасын арттыруды

мақсат еттік. Өкінішке қарай, бәрі

керісінше аяқталды. Негізі тұрғындардан

жиналатын сүттің майлылығы

3,5 пайыз болуы тиіс. Олар пайда табу

мақсатымен сүтке су қоса бастады.

Салдарынан қайта өңдеу кезеңінде

өнімнің 30 пайызы жарамсыз деп

танылды. Менің ойымша, өнімнің

сапасын салыстырсақ, шын мәнінде

жеке ауладағы сүттің әр литрі 100 теңге

болуы керек. Бұл қазіргі нарықтағы

ең тәуір баға, - дейді И.Тарабин.

Облыстық ауыл шаруашылығы

Суреттерді түсірген - Константин Шелков.

Кездесу барысында қатысушылар

өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың

тарихы бай екенін алға тартып,

басқармасы басшысының міндетін

атқарушы Марат Шұғаев та пилоттық

жоба өз нәтижесін бермегенін айтып

отыр.

- Барлық технологияларды қолданып,

сүттің сапасын сақтап отырған ірі

кәсіпорындарға шикі сүттің әр литріне

15 теңгеден төленіп келген-ді. Мұндай

бағаны жеке аулада бекітіп, өнімнің

сапасын арттыруды мақсат еткен

едік. Яғни, Павлодар және Успен

аудандарындағы тұрғындардан сүт

150 теңгеден жиналды. Бірақ, ойымыз

іске аспады. Сол себепті пилоттық

жоба тоқтатылды. Сөйтіп, бұрынғы

бағаға (100 теңге) қайта оралдық.

қоғам өмірін жақсарту үшін аянып

қалмасын айтты. Өз кезегінде

облыстық ақпарат және қоғамдық

даму басқармасының басшысы

Азамат Байтенов билік пен

үкіметтік емес ұйымдар арасындағы

байланыстың беки түсетінін атап өтті.

Мәселен, ақпарат алмасу, ұсыныстар

білдіру үшін ортақ Telegram-арна

ашылмақ.

Басқосу соңында Айзада

Амангелдіқызы бірқатар қоғамдық

ұйым өкіліне облыс әкімінің Алғыс

хатын табыстады. Ал «Павлодар

география үйі» қоғамдық бірлестігінің

жетекшісі Александр Вервекин

Айзада Құрмановаға этнографиялық

музейді ұйымдастыруда көрсеткен

қолдауы үшін алғыс айтты.

Айта кетелік, Павлодар облысында

барлығы 812 үкіметтік емес

ұйым тіркелген.

Өз тілшіміз.

Тұрғындар мұны түсінуі тиіс. Сүт

жинайтын кәсіпорындар да әу баста

жобаның жай-жапсарын дұрыс түсіндіруі

керек еді, - дейді М.Шұғаев.

Қысқасы, пилоттық жоба жемісін

бермеді. Десе де, жеке ауладан

жиналатын сүттің бағасын арттыру

мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Мемлекет басшысы да бұл мәселеге

мән беретінін айтқан. Сондықтан осы

іске жауапты жергілікті мамандар

мен қайта өңдеу кәсіпорындары сүт

өндірісін көбейту мен жеке аулаларды

ынталандыру үшін кешенді жоспарларды

қолға алады деген сенімдеміз.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

АЙНА 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19: ВАКЦИНА

Бензин қымбаттады

Өткен аптаның соңында облыстағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы

бензин бағасы бірден бірнеше теңгеге бір-ақ өсті. Көлік отынының орташа

есеппен 2-6 теңгеге қымбаттауының өзі көлік тізгіндегендердің қалтасына

кәдімгідей салмақ салуда. Қарапайым тұрғындар мұның соңы жолақы құнының

қымбаттауына әсер ете ме деп қауіптенеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Өткен аптаның басында павлодарлықтар

АИ-92 маркалы бензиннің

бір литрін шамамен 152 теңгеге сатып

алса, апта соңына қарай 154-160

теңгеге алуына тура келді. Мәселен,

жүргізушілер жиі ат басын бұратын

«Монолит» желілерінде жанармайдың

бір литрі 152 теңгеден 154 теңгеге,

«Газпром», «Helios» бекеттерінде

154 теңгеден 156 теңгеге дейін қымбаттады.

Бұл бекеттерде бензиннің қоспа

қосылып, байытылған түрінің бағасы

да бірнеше теңгеге өскені байқалады.

Ал «Pegas», «Bip» жанар-жағармай

желілерінде баға әзірше тұрақты.

Алғашқысында АИ-92 маркалы жанармай

152 теңге, соңғысында 150 теңгеден

саудалануда. Бұл бекеттердегі баға

бірнеше күн дересінде өзгеруі әбден

мүмкін.

Кейбір бекеттерде АИ-95 маркалы

бензиннің бағасы да өсті. Бұған дейін

литрі 170-172 теңге болса, бүгінгі күні

174-178 теңгеден сатылады.

Сатушылардың өздері жанармай

бағасының қымбаттауын жеткізуші

компаниялардың сұйытылған отын

құнын өсіруімен байланыстырады.

ҚР Энергетика министрлігі департамент

директорының орынбасары

Талғат Құрманбаевтың айтуынша, бұған

жанармайға деген сұраныстың артуы

себеп болып отыр.

- Қазіргі уақытта пандемиядан зардап

шеккен экономиканың негізгі салалары

қайта жанданып келеді. Сондықтан

сұраныс өсті. Жанармайдың көтерме

саудадағы бір литрінің бағасы 7 мен

15 теңге арасында болса, ол литрге

шаққанда 6 мен 10 теңгеге сәйкес

келеді. Яғни, жанармай бағасы орта

есеппен алғанда 8-10 теңгеге өсті.

Нарықтағы мұндай өзгеріске мұнай

бағасы қымбаттауының тікелей әсері

жоқ, - дейді Т.Құрманбаев.

Сарапшы Тоқтамыс Меңдібаевтың

пайымынша, елімізде жанар-жағармай

бағасының құбылуына Ресей нарығы

әсер етуде.

- Еуразиялық экономикалық одақ

құрамына кіретін елдерге қойылған

КАРАНТИН: ТӘРТІП

Сабақ алмаған тәрізді

Облыс орталығындағы «Mojo» түнгі клубы карантин талабын тағы бұзды. Бұған

дейін мониторинг тобының мүшелері түнгі уақытта аталған клубтың жұмыс

істегенін анықтап, жауапты органдар әкімшілік жауапқа тартқан еді. Алайда, клуб

басшылығына ол сабақ болмаған тәрізді.

28 ақпан күні Торайғыров көшесі, 51-үй мекенжайында

орналасқан мекемеде түнгі уақытта даңғырлап

әуен ойнағанын байқапты мониторингтік топ мүшелері.

Келушілер клубқа қосалқы есік арқылы кірген. Полицейлерді

көрген бойда клуб иесі есікті іштен бекітіп алған. Тәртіп

сақшылары мекемені торуылдап, бірнеше сағат өткеннен

кейін іштегілердің сыртқа шыға бастағанын байқапты.

Түнгі клубта сол уақытта 20 адам демалған екен. Олардың

барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Павлодар қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы

Арман Қаптаевтың айтуынша, аталмыш фактіге қатысты

іс материалдары облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментіне жолданады. Тәртіп бұзушылар ҚР

Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 425-бабы бойынша

жауапқа тартылуы тиіс. Түнгі клуб иесі мекеменің таңғы

сағат 4.30-ға дейін жұмыс істеп, карантин режимін бұзғаны

үшін жауапқа тартылады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

бір талап – бензин бағасының

Ресейдегі нарықтағы жағдайға

қарай икемделуі. Бүгінде көршілес

мемлекетте бір литр жанармайдың

бағасы бізден 70 теңгеге қымбат.

Сондықтан жергілікті кәсіпорындар

үшін отандық бекеттерге қарағанда

сыртта сатқан әлдеқайда тиімді. Табыс

табуды көздегендер жанармайдың

заңсыз саудасын «қыздырмас» үшін

қазақстандық нарықтағы баға әлі де

өсетін сыңайлы, - дейді экономист.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап

жанар-жағармай бағасы мемлекет

тарапынан реттелмейді. Тек өткен

жылы Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты

сұйытылған отын бағасын 2021 жылдың

1 наурызына дейін бақылау жөнінде

тапсырма берген болатын. Бақылау

мерзімі аяқталды. Енді жанармай

саудасы еркін нарыққа шығарылды.

Яғни, қай маркалы бензинге қандай

бағаны белгілеу керек екенін өндірушілер

мен сатушылардың өздері біледі.

Ал бұл ретте «Бензин бағасы

бақылаусыз қалған соң тіпті

қымбаттайды» деген әңгіме ел арасында

желдей есіп жүр. Сондықтан тұрғындар

жол, коммуналдық шығындар, басқа

Сурет газет мұрағатынан алынды.

да қызмет көрсету түрлерінің ақысы

өседі деп қауіптенеді.

- Жанармай бағасының бірнеше

теңгеге өсуі жолаушылар тасымалымен

айналысатын кәсіпорындар,

такси қызметтері үшін тиімді. Жолақы

құнын өсіруге негіз болатын себеп

табылды. Электр, жылу энергиясымен

қамтитын монополист компаниялар да

бағаны көтере ме деген ой бар. Отын

құнының құбылуы азық-түлік нарығына

да кері әсер етеді. Сондықтан жанаржағармай

бағасы қайтадан мемлекет

тарапынан реттелсе жақсы болатын

еді, - дейді Павлодар қаласының

тұрғыны Серікбай Тасболатов.

Сарапшылардың болжамы бойынша,

жыл соңына дейін АИ-92 маркалы

бензиннің бағасы 170, АИ-95 маркалы

жанармайдың бағасы 200 теңгеге

дейін жетеді. Десе де, Энергетика

министрлігінің өкілдері алаңдауға

негіз жоқ екенін алға тартады. Себебі

жанармайға қатысты шекті бағаны

ведомствоның өзі белгілейтін болады.

Бекеттер бағаны заңсыз өсірген

жағдайда монополияларды реттеу

агенттігі іске кірісіп, тиісті шараларды

қолға алады.

Екпе салу -

ерікті шара

Аймағымызда коронавирусқа қарсы вакциналаудың

бесінші аптасы басталды.

Қазір екпе алған 1200 дәрігер препараттың

екінші дозасын салдыруда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Аурудан сақтануға арналған ресейлік «Спутник-V»

вакцинасы Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық

компанияның базасында жасалғанын атап өту керек.

Екі мәрте екпе алған ақ желеңділердің жағдайымен

танысқан болатынбыз. Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша,

қазіргі уақытта 600-ге жуық дәрігер вакцина

алған.

- Алғашқы екпені 1 ақпанда алдым. Арада

21 күн өткеннен кейін, екінші дозаны қабылдадым.

Қан қысымым, дене қызуым көтерілген жоқ. Жағдайым

жақсы. Жағымсыз әсерлер болған жоқ. Иммунитет

қалыптасқан соң, ағзам коронавирусқа қарсы тұра

алады деген сенімдемін. Екінші доза субстанция ретінде

келіп, Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық

компанияның базасында өндірілді. Яғни, алғашқы

«Спутник-V» вакцинасы толығымен Ресейде жасалды.

Ал екінші дозаның құрамы Ресейде жасалып, Қарағанды

қаласындағы арнайы кәсіпорында шыны құтышаларға

құйылған. Келесі кезеңде мұғалімдер, кейін күштік

құрылымдар екпе алатын болады. Егер артық вакцина

қалып жатса, екпе алғысы келетін өзге адамдарға да

салатын боламыз. Бұл ретте екпе кабинеттері дайын, -

дейді А.Сейітқазинов.

Екінші дозаны алғандардың қатарында Тереңкөл

аудандық аурухананың аға медбикесі Гүлбақыт Бүркітбаева

да бар. Ол вакцинадан кейін өзін жақсы сезінгенін

айтты.

- Дәрігерлер қауымы өз еріктерімен екпе алуда.

Коронавируспен күресу үшін өңір тұрғындарына дұрыс

шешім қабылдау керектігін айтқым келеді. Жаппай

иммунитет қалыптасқанда ғана біз індетті толық жеңіп

шығамыз. Екпе алған дәрігерлердің жағдайы жақсы.

Бастысы, алдағы уақытта өз өміріміз үшін қорықпайтын

боламыз, - дейді аға медбике.

Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы Гүлайна Қойбағарова

ауданға 10 препарат жеткізілгенін баяндады. Барлық

дәрігердің жағдайы қалыпты. Ешқайсысында жағымсыз

әсер болмаған.

- Облыс орталығынан тасымалданған вакцина

ережеге сай жеткізілді. Екпе алған ақ желеңділер

өздерін жақсы сезінеді. Оның ішінде өзім де

бармын. Бұдан кейінгі вакциналау науқаны кезеңкезеңімен

талапқа сай жүргізілетін болады. Екпе

алу – ерікті түрде өткізілетінін еске салғым келеді, -

дейді Г.Қойбағарова.

Елімізде жаппай егу басталғанда вакцинаға қарсы

көрсетілімдері болмаса тек 18-65 жас аралығындағы

адамдарға егіледі делінген еді. Енді 65 жастан

асқан адамдарға да вакцина салынбақ. Бұл туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Екпе кезінде

зейнеткерлердің денсаулық жағдайы қатаң ескеріледі. Яғни,

олардың медициналық қарсы көрсетілімдері, бойында

созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың

бар-жоқтығы назарға алынбақ.

Айтып өтейік, өткен аптаның соңында өңірімізге

коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші партиясы

жеткізілді. Кеше «Спутник-V» препараттары емханаларға

таратылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

мәліметінше, вакцинаның 4050 дозасы бірінші компонентке

жатса, 2850 доза екінші мәрте егуге арналған.

Препараттар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың

қоймасына орналастырылған.

Кеше аймағымызда мұғалімдер қауымы да коронавирусқа

қарсы екпе ала бастады. Вакцинаны алғашқы

болып облыстық білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы салдырды. Өңірде COVID-19-ға

қарсы екпені қабылдауға 1140 педагог келісім берген.


4

2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Кезек жылжуда

Өткен жылы 700-ге жуық екібастұздық отбасы көптен

күткен пәтер кілттерін қолына алды. Биыл тұрғын

үй кезегінде тұрған тағы 400-ден астам отбасы баспаналы

болмақ.

Екібастұз қалалық қаржы бөлімінің

басшысы Әлия Қажыбекованың

айтуынша, мемлекеттік қор есебінен

үйлерді үйлестіру жұмысы жүйелі

жүргізілуде. Өткен жылы жетім

және ата-ананың қамқорлығынсыз

қалған балаларға, көпбалалы және

аз қамтылған отбасыларға, бюджеттік

сала қызметкерлеріне кеншілер

шаһары мен Солнечный кентінен

баспаналар берілді. Атап айтқанда,

қаладағы №22 шағын аудандағы

жаңа салынған және Солнечный

кентінде қалпына келтірілген 653 пәтерге

кезекте тұрған азаматтар

жайғасты.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Бұл бағыттағы жұмыс биыл да

жалғасады. Осы жылы №9 шағын

ауданда салынып жатқан алты

үйдегі 432 пәтерді кезек күткен

екібастұздықтарға беру жоспарланып

отыр.

Еске сала кетейік, Екібастұз

қаласы мен оған қарасты ауылдық

аймақ тұрғындары Электрондық

үкімет порталы арқылы тұрғын үй

кезегіне тұра алады. Ал бірнеше

жылдан соң бюджеттік пәтерлерді

толығымен сатып алу мүмкіндігі

беріледі.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

«Жолаушы бөлмесі»

ашылды

Аққулы аудандық «Ғабдул-Уахит» хазірет мешітінде

«Жолаушы бөлмесі» ашылды. Бұл - ел Тәуелсіздігінің

алдағы 30 жылдық мерейтойына орай

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының

(ҚМДБ) бастамасымен жүзеге асырылған.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Ауызсу мәселесі шешіледі

Ақсу қаласына

қарасты Мәмәйіт

Омаров ауылдық

округінің құрамына

енетін елді мекен

тұрғындарының

тарапынан таза

ауызсуға қатысты

мәселелер бірнеше

рет көтерілген

болатын. Таяуда

олардың барлығы оң

шешімін таппақ.

Мәмәйіт Омаров ауылында

былтыр орталықтандырылған су

жүйесі жүргізілген еді. Бірақ

жергілікті жұртшылық оның

сапасын сынға алып, орталық

желінің суы ішуге жарамайтынын

бірнеше рет білдірді.

Еңбек ауылының тұрғындары

болса, орталықтандырылған су

құбыры құрылысының созылып,

қолданысқа берілу мерзімінің

шегерілуіне қатысты мәселені

талай рет айтты. Ал облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақовтың тұрғындар

алдындағы есептік кездесуі

кезінде осы ауылдық округке

қарасты Көктерек ауылында

кешенді блок-модуль орнату

мәселесі көтерілді.

Ауылдық округте таза ауызсумен

қамтуға байланысты

туындаған осындай мәселелер

жақын уақытта шешімін табуы тиіс.

Округ әкімі Болатхан Сүкірұлының

айтуынша, Мәмәйіт Омаров

ауылындағы судың сапасын

МАЙ АУДАНЫ

Жоңышқа егілмек

жақсарту үшін қосымша екі

сүзгі қойылады. Еңбек ауылының

орталықтандырылған су жүйесі

осы аптада сынақ ретінде

іске қосылады. Көктерек елді

мекеніндегі мәселені шешу

мақсатында бюджеттен 13 млн.

теңге бөлу қарастырылуда. Бұл

сомаға кешенді блок-модуль

орнатылмақ.

Г.ӨЗКЕЙ.

Суреттерді түсірген –

Е.Жұмаділов.

Соңғы жылдары Май ауданында ауыл шаруашылығы жобалары жүйелі

жүзеге асып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін сезінген

шаруалардың ұпайы түгел.

Мәселен, бүгінде Қаратерек

ауылында 3000 бас асыл тұқымды

ірі қара малға арналған репродуктор

құрылысы жүргізілуде.

Жоба құны – 3 миллиард теңге.

Қала берді, «MyFeedlot» ЖШС

4500 гектар суармалы алқапты

қосуға ниетті. Аталмыш жобаның

құны - 5,1 миллиард теңге.

Осылайша, 45 азаматқа жаңа

жұмыс орындары ашылмақ.

«Нұр-Жайлау» шаруа қожалығы

5 мың бас ірі қара малға арналған

бордақылау алаңының құрылысын

жалғастыруда. Жобаға

сәйкес, ветеринарлық пункт, мал

сою алаңы, үш мал шаруашылығы

базасы, қазандық, монша, өткізу

пункті, малшыларға арналған

екі пәтерлі үш үй құрылысы

қарастырылған. Инвестициялық

қаражат көлемі - 910 миллион

теңге. Сонымен қатар, алдағы

уақытта Баскөл ауылдық округінде

430 гектар жем-шөп дақылдарын

(жүгері) суаруды ұйымдастыру

және Кеңтүбек ауылдық

округінде бір мың гектар жоңышқа

егістігін өсіру жоспарлануда.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

«Жолаушы бөлмесінің» ашылуына

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша

өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы

қатысты.

- Бұл Исламда ертеден келе

жатқан Алла ризашылығы үшін

жасалатын сүннет амалдың бірі.

Яғни, осындай үлкен жолдың

бойында орналасқан мешіттерде

жергілікті жамағатқа ғана емес,

сапарда жүрген адамдарға да

барлық жағдай жасалуы керек.

Сондықтан, ҚМДБ-ның төрағасы жол

бойындағы мешіттерде арнайы бөлме

ашып, жабдықтауды тапсырды, -

дейді Жолдас Қоспақұлы.

Бөлмеде алыс жолда жүрген

жолаушылар тоқтап, тынығып,

тамақтануға және дәрет алып,

намаз оқуға жағдай жасалған.

Сондықтан, шай қайнатуға, тамақ

ысытуға арналған тұрмыстық техникалар

қойылды.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Қайырымдылық

көрсетті

Өз тілшіміз.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Қайырымды

істер марафоны» жалпыұлттық жобасына аудан

тұрғындары да қатысуда. Ізгілікке, мейірімділікке

үндейтін, қайырымды іс жасауға шақыратын шараға

мектеп және балабақша ұжымдары белсене араласуда.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Ерте қамданды

Аудан орталығындағы «Лапшин» шаруа қожалығы

көктемгі дала жұмыстарына әзірлікті ерте

бастаған. Қазір қолда бар техника жөндеуден

өткізілуде. Алдағы сәуір айында қажетті жанармай

және сапалы тұқым сатып алынбақ.

Өткен жылы күзде шаруашылық

200 гектар көпжылғы шөп

пен сұлы егіпті. Мал өсірумен

бірнеше жыл айналысып келе

жатқан шаруа қожалығының

басшысы Александр Лапшин

биыл да мал басын көбейтуді

ойлайды. Қожалық көп жылдар

бойы қой өсірумен айналысып

келеді. Аталмыш шаруашылық

10 жыл бұрын құрылған болатын.

Осы уақыт ішінде мемлекеттік

бағдарламаларға қатысып, мал

санын арттыруда. Қожалықта

1 мыңнан астам қой, 40 бас

жылқы, сиырлары да бар. 3 адам

тұрақты жұмыспен қамтылған.

- Қазір мамандар мал

күтімімен айналысуда. Төлдеген

бұзау, қозылар үшін жылы қора

әзірленген. Ірі және ұсақ малдың

барлығы қажетті екпені алды.

УСПЕН АУДАНЫ

Оларға арнайы чип те орнатылған.

Қыстан аман-есен шығып,

көктемгі дала жұмыстарына

дайындықты күшейту міндеті

тұр, - дейді А.Лапшин.

Тұрғындар да жаттығады

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Успен ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың

10 түрі бойынша 548 оқушы білім алуда. Олардың ішінен чемпиондарды

шығару үшін инфрақұрылым жұмыстарының атқарылуы маңызды.

Аудандық білім беру бөлімінің

бастамасымен ұстаздар қауымы

санитарлық бекеттерде жұмыс

істеп жатқан адамдарды ыстық

тамақпен қамтуда. Мұндағы мақсат –

пандемиямен күресуде еңбек етіп

жүрген мамандарға қолдау білдіру,

жігерлендіру. 24 ақпанда бастау

алған қайырымдылық шарасы

28 ақпанға дейін жалғасады. Осы

күндер аралығында Железин №1,

№2 және №3 жалпы орта білім беру

мектептері, «Светлячок» балабақшасы

мен балалар өнер мектебінің ұжымы

санитарлық бекетке ыстық тамақ

жеткізетін болады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Былтыр мұнда «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы шеңберінде жаңа

стадионның құрылысы басталған

болатын. Жоба құны – 123 млн.

теңге. Биыл құрылыс жұмыстары

кестеге сай аяқталады деп

күтілуде.

1991 жылдан бері мұнда

күрделі жөндеу жұмыстары

жүргізілмеген. Жобаға сәйкес,

шағын футбол алаңы, баскетбол

алаңы салынады. Жүгіру жолағына

жаңа талаптарға сай тартан

жамылғы төселеді.

Спорт кешендерінде оқушылар

ғана емес, аудан тұрғындары

да спортпен тегін айналыса

алады. Бұл – Президент тапсырмасына

сәйкес, бұқаралық

спортты дамытуға жасалған

маңызды қадам. Мұндай игі

істер жалғасатын болса, саламатты

өмір салтын тұрақты

ұстанатындардың қатары артпақ.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY ТІРШІЛІК 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл 5

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Табыстың көзі - асыл түлік

Бүгінде мал шаруашылығын дамытуға ден қойған елдер төрт

түліктің санына емес, сапасына мән береді. Сәйкесінше, әлемдік

нарықта ет және сүт өнімдерін молынан ұсынып отыр. Соңғы

жылдары елімізде де түлікті асылдандыру ісіне зор қолдау

көрсетіліп келеді. Бұл тарапта аймағымыздағы ахуал қандай?

Оралхан ҚОЖАНОВ

«Сең» қозғалды

Ең әуелі өткенге көз салсақ. Әрине,

межеге қол жеткізу үшін бұрынғының

көрсеткіштерін тізіп, салыстырмалы түрде

сараптама жасау – маңызды. Осы орайда,

ауыл шаруашылығы саласы ардагерлерінің

пікірін тыңдап көрдік.

- Кеңес өкіметі кезеңінде мал шаруашылығы

жаңа үлгіде дамыды. Мал етімен

қатар, жүнге, сүтке деген сұраныс артты.

Осыған байланысты салада селекциялық

жұмыстар жүргізіліп, асылдандыру ісі жаппай

сипат алды. Көптеген комбинаттар, фабрикалар

салынды. Онда мал шаруашылығы

өнімдері бастапқы өңдеуден өткізіліп,

орталықтан түскен тапсырыс бойынша

тұтыну орындарына жөнелтіліп отырды.

Осылайша, жылына жүздеген мың тоннадан

астам ет өнімдері өз тұтынушыларын

табатын. Қазіргі жағдай басқаша. Малдың

басым бөлігі жеке меншіктің қолында

болғандықтан мал тұқымдарын асылдандыру

жұмыстары бұрынғы уақытпен

салыстырғанда әжептәуір әлсіреді. Төрт

түліктің саны да азайды. Мал өнімдері

экспортын жолға қою үлкен проблемаға

айналды. Біздегі мал шаруашылығының

өндірістік деңгейі мен қуаты бұрынғыға

қарағанда көп кемігендігі өз алдына,

сыртқы нарықта ет экспортына қатысты

талаптар күшейе түскенін атап өткен жөн.

Мәселен, Ресейдегі ет комбинаттары малдың

салмағымен қатар сойылу түріне де ерекше

мән береді. Комбинаттар сатып алу үшін

мал еті кесек күйінде сұрыпталуы тиіс.

Қойылатын ветеринарлық талаптар және

бар. Өкінішке қарай, аталған талаптарға

сай келмей отырмыз. Себебі, ірі қара

мал ұсақталып кеткен. Тұқымдық қасиеті

төмен. Елімізде осы уақытқа дейін мал

шаруашылығын асылдандырудағы селекциялық

жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмей келді.

Оның ортақ бір жүйесі құрылмады. Мұндай

жұмыстар жеке шаруашылықтар аясында

ғана шектеліп қалып отырды. Ал оларға

бөлінген қаржының тиімділігі тиісті бақылауға

алынбады. Бөлінген қаржының сұраушысы

болмады.

Екіншіден, малды өз төлінен өсіру ісінде

жүйесіздік орын алды. Қазақстанда асыл

тұ-қымды малдардың қандай түрлерін ұстау

қажет деген мәселенің басы ашық күйінде

қалды. Әркім өз білген жолымен жүрді.

Үшінші мәселе - жем-шөп қорының

жеткіліксіздігі. Қуантарлығы, ел Президентінің

тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары бұл

бағытта сең қозғалған сияқты. «Сыбаға»

бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды

мал сатып алып жатқан шаруалар көп.

Қазір бұл іске ұсақ шаруашылықтар да

белсенді араласуда. Мемлекеттік қолдау

жүйелі жалғаса берсе, жаңа көрсеткіштерге

қол жеткізетініміз анық, - дейді сала ардагері

Ахмет Серкебаев. Қысқасын айтқанда, бізде

мал баршылық, бірақ оның тиімділігі аз.

Мал ұстаған ағайынның шығыны ақталмай

келеді. Мәселені шешу үшін кең ауқымды

селекция жұмыстары жүйелі жалғасып келеді.

Сондай-ақ, тірі салмақта сырттан мал

әкелу ісі де жолға қойылған. Бұл ретте,

малдың асыл тұқымдылық қасиетімен қатар

оны азықтандыру, күтімге алу жағдайы да

кешенді түрде қарастырылуда.

Қомақты қаржы

бөлінуде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

мәліметіне сүйенсек, былтыр

суармалы алқаптың көлемі 20 мың

гектардан асып, сәйкесінше ет пен сүт

өндірісі біршама артқан. Ет бағытындағы

мал шаруашылығының дамуы асылдандыру

жұмыстарымен де тығыз байланысты.

Иә, шекарадағы жағдай тұрақталғаннан

бері жыл соңына қарай павлодарлық

шаруалар малды асылдандыру ісін жүйелі

жалғастырды. Мәселен, Успен ауданындағы

«Галицкое» ЖШС-і басшылығы Венгриядан

симментал тұқымды 213 бас ірі қара

сатып алса, Ақсу қаласындағы «КронАгро»

шаруашылығына да Австриядан симментал

тұқымды 119 сиыр жеткізді. Ал Баянауыл

ауданындағы «Асанәлі» шаруа қожалығы

Ирландиядан (6000 шақырым) 50 бас герефорд

тұқымды сиыр алып келді.

Белгілі болғандай, қазір аймағымызда

80 мыңнан аса асыл тұқымды төрт түлік

бар екен. Ал асылтұқымды ірі қара саны –

60878. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы

шеңберінде 23 шаруа қожалығы шетелден

3787 асыл тұқымды сиыр әкеліпті. Биыл

да 5 мыңға жуық ірі қара жеткізіледі деп

күтілуде. Қазірдің өзінде өтініш білдіргендер

көп. Шаруалар ірі қараны шетелден (көбіне

Ресейден) импорттауға асық. Тиімдісі - сол.

Себебі, импортталған әр сиырға мемлекеттен

субсидия (400 мың теңгеге дейін)

қарастырылған.

Айтпақшы, аймағымызда қазақтың ақбас

сиырын өсірумен 108 шаруашылық айналысады

екен. Сондай-ақ 4 шаруашылық

әулиекөл тұқымын, жетеуі абердин-ангус

тұқымын, 13 азамат герефорд тұқымын

көбейтуге машықтанған. Бұлар - ет

бағытындағы мал шаруашылығын дамытуды

қолға алып отыр.

Ал сүт бағыты бойынша еңбектеніп

жүрген 36 шаруа қожалығы тіркелген.

Олардың иелігінде 22 291 сиыр бар. Атап

айтсақ, 2 шаруашылық қара шұбар сиырды,

4 шаруашылық қырдың қызыл сиырын,

4 кәсіпкер голштин тұқымды сиырды,

26 азамат симментал тұқымды сиыр өсіріп

отыр.

Аймағымызда 7904 бас асылтұқымды

қой бар. Шаруалар қазақтың құйрықты

қылшық жүнді қойы мен еділбай тұқымын

өсірумен айналысуда. 15 шаруашылық жабы

КЕРЕК ДЕРЕК:

• Қазір аймағымызда 80 мыңнан

аса асыл тұқымды төрт

түлік бар. Ал асылтұқымды ірі

қара саны – 60 878.

• Өткен жылы «Сыбаға»

бағдарламасы шеңберінде 23 шаруа

қожалығы шетелден 3787 асыл

тұқымды сиыр әкелген.

• Бүгінде облысымызда жалпы

қуаты 12,5 мың бас малға

шақталған 3 ірі бордақылау

алаңы жұмыс істеп тұр.

• Былтыр бордақылау орындарына

17,4 мың бас бұқашық

тапсырылды.

• Өткен жылы 1347 тонна ет

және ет өнімдері Ресейге экспортталды.

жылқысын көбейтуді қолға алыпты. Облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасының бас

маманы Айдос Жақыповтың мәліметінше,

мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын

қомақты қаражат бөлінуде. Соңғы екі жылда

жыл сайын шамамен 5 миллиард теңге

қаржы үлестірілген. Биыл да бөлінетін

қаражат артпаса, азаймайтыны күтілуде.

Қаражаттың басым бөлігі асылтұқымды

мал шаруашылығын дамытуды қолға алған

шаруаларға субсидия ретінде берілмек. Зор

қолдаудың нәтижесінде аймағымыздағы

асылтұқымды төрт түліктің саны жыл сайын

2-3 мың басқа артып отыр.

Бағдарламаның

базарлығы

«Сыбаға» бағдарламаның шарапатын

сезініп отырғандардың бірі – екібастұздық

шаруалар. Алдыңғы жылдары Қоянды

ауылдық округіндегі «Гранат» шаруа қожалығы

Ресейдің Хакасия Республикасындағы

шаруашылықтардың бірінен 45 бас асыл

тұқымды симментал сиырын сатып алды. Ірі

қараны сатып алуға шамамен 20 миллион

теңге қаржы жұмсалған. Әлкей Марғұлан

атындағы ауыл шаруалары Ақмола облысынан

ангус тұқымды ірі қара малды әкелген.

Бұған дейін Екібастұз өңірінде аталған мал

тұқымын өсірумен бірде-бір шаруашылық

айналыспаған екен. Төртқұдық ауылдық

округіндегі «Үш ата» шаруа қожалығы да

500 қой сатып алған.

Баянауыл ауданындағы «Қызыр Көкдомбақ»

ЖШС-і Эстониядан 90 бас герефорд

тұқымды сиыр әкеліпті.

- Асылдандыру бойынша ұйымдастырылатын

семинарларға жиі қатысамын.

Шетелден мал сатып алған әріптестеріммен

кеңесіп, ірі қараны Эстониядан

әкелуді жөн деп таптым. Ресейден сатып

алған шаруашылықтар көп уақыт құжат

реттеумен бас қатырады екен. Эстониядан

әкелінген 1 сиырдың бағасы 700 мың

теңгеге бағаланды. Субсидия уақытылы

түсті. Бұған дейін жеке қаражатыма Тереңкөл

ауданынан 30 бас қазақтың ақбас сиырын

сатып алған едім. Енді мал санын арттыруды

мықтап қолға алу керек. Жайылым

жеткілікті. Қарағанды облысынан қосымша

малдың жем-азығы жеткізіледі. Келесі

жылдан бастап, егістік алаңын реттеп,

жоңышқа өсіруді жоспарлап отырмын, -

дейді серіктестік директоры Дәулетқали

Ахметбеков.

Бордақылау алаңы

бос емес

Сурет ғаламтордан алынды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

мал шаруашылығы бөлімінің бас

маманы Айдос Жақыповтың айтуынша,

соңғы жылдары аймағымызда мал басын

тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүйелі

жүргізілуде. Бұл іске жыл сайын шамамен

55-60 мың сиыр тартылуда.

- Мал шаруашылығының экспорттық

әлеуетін дамытудың негізгі алғышартының

бірі – өндірістік бордақылау алаңдарын

құру. Бүгінде облысымызда жалпы қуаты

12,5 мың бас малға шақталған 3 ірі

бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алдағы

уақытта олардың санын арттыру бағытында

қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен,

қазіргі уақытта жалпы сыйымдылығы

7,5 мың басты құрайтын 3 бордақылау

алаңы салынып жатыр. Былтыр бордақылау

орындарына 17,4 мың бас бұқашық тапсырылды.

Ал 1347 тона ет және ет өнімдері

Ресейге экспортталды, - дейді А.Жақыпов.

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Қорыта айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес

ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде малды асылдандыру

бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл

сайын бөлінген қаражаттың мөлшерінен-ақ қолдаудың зор

екенін аңғаруға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да

жалғасын тауып, оң көрсеткіштерге қол жеткізілетініне

сенім мол.


6

2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл ШЕШІМ

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысы мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы «Екібастұз

қаласы мен ауылдық елді мекендерінің жер

учаскелері және аймақтарының шекараларын

бағалау үшін төлемақының базалық

мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін

бекіту туралы» №265/31 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы шешім

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы

Жер кодексінің 11-бабына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 6 бабы 1-тармагының 13) тармақшасына

сәйкес, Павлодар облысының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар облысы мәслихатының 2014 жылғы

30 мамырдағы «Екібастұз қаласы мен ауылдық елді

мекендерінің жер учаскелері және аймақтарының шекараларын

бағалау үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне

түзету коэффициенттерін бекіту туралы» №265/31

шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімде №3867 болып тіркелді, 2014 жылы

10 шілдеде «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья»

газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 6, 7, 8, 9, 13, 17 қосымшалары

осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес

жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар

облысы мәслихатының аграрлық мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы А.ТЕРЕНТЬЕВ.

О б л ы с т ы қ м ә с л и х а т т ы ң х а т ш ы с ы

Б.БЕКСЕЙІТОВА.

Павлодар облыстық

мәслихатының

2021 жылғы « » наурыздағы

№ ____ шешіміне

1-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№265/31 шешіміне

6-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының Шиқылдақ

ауылы елді мекенінің жеріне бағалау аймақтарының

шекараларын және түзету коэффициенттерін

айқындаумен жерді аймақтарға бөлу сұлбасы

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы « » наурыздағы

№ ____ шешіміне

2-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№ 265/31 шешіміне

7-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының Қоянды

ауылдық округі (Бесқауға ауылы) елді мекенінің жеріне

бағалау аймақтарының шекараларын және түзету

коэффициенттерін айқындаумен жерді аймақтарға бөлу

сұлбасы

Павлодар облыстық

мәслихатының

2021 жылғы « » желтоқсандағы

№____ шешіміне

3-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№265/31 шешіміне

8-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының Қоянды

ауылдық округі (Қоянды ауылы, Теміртас ауылы,

Кұрылысшы ауылы) елді мекенінің жеріне

бағалау аймақтарының шекараларын және түзету

коэффициенттерін айқындаумен жерді аймақтарға бөлу

сұлбасы

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы « » желтоқсандағы

№ ____ шешіміне

4-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№265/31 шешіміне

9-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының Железнодорожный

ауылдық округі (Кұдайкөл ауылы, Карасор

ауылы) елді мекенінің жеріне бағалау аймақтарының

шекараларын және түзету коэффициенттерін

айқындаумен жерді аймақтарға бөлу сұлбасы

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы « » наурыздағы

№ ____ шешіміне

5-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№ 265/31 шешіміне

13-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының Железнодорожный

ауылдық округі (Құлакөл ауылы) елді

мекенінің жеріне бағалау аймақтарының шекараларын

және түзету коэффициенттерін айқындаумен жерді

аймақтарға бөлу сұлбасы

Павлодар облыстық мәслихатының

2021 жылғы « » наурыздағы

№ ____ шешіміне

6-қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының

2014 жылғы 30 мамырдағы

№265/31 шешіміне

17-қосымша

Екібастұз қаласы ауылдық аумағының елді

мекендері бойынша жер телімдері үшін

төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету

коэффициенттері

Аймақтың

нөмірі

Түзету

коэффициенттері

Базалық

мөлшерлемені

жоғарылату

пайыздары

Есепті

кадастрлық

кварталдардың

тізбесі

Ақкөл ауылдық округі

I 1,3 +30 % 084, 085, 088,

094

II 1,2 +20 % 081, 082, 083,

088, 093

III 0,8 -20 % 081, 088, 093

Бәйет ауылдық округі

I 1,5 +50 % 053, 159

II 1,3 +30 % 156, 159, 235

III 1.0 +/-0 % 158, 159, 160,

235

Екібастұз ауылдық округі

I 1,2 +20 % 122, 129, 130,

131, 132, 135,

137, 144, 145

II 1,0 +/-0 % 120, 123, 132,

134, 136, 141,

142, 143

III 0,8 -20 % 120, 123, 132,

134, 136, 141,

142

Шиқылдак ауылы

I 1,2 +20 % 201

II 1,0 +/-0 % 200

III 0,8 -20 % 200

Қоянды ауылдық округі

I 1,2 +20 % 226, 228

1,5 +50 % 011, 055

II 1,0 +/-0 % 225, 227, 229

1,3 +30 % 055, 154

III 0,8 -20 % 225, 227, 229

1.0 +/-0 % 055, 154

Железнодорожный ауылдық округі

I 1,5 +50 % 181, 184, 185

1,2 +20 % 177, 178

II 1,3 +30 % 180, 182, 183

1,0 +/-0 % 177

III 1,0 +/-0 % 182, 183

0,8 -20 % 177

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл

I 1,2 +20 % 218, 219

II 1,0 +/-0 % 217

III 0,8 -20 % 214, 217, 220,

221

Сарықамыс ауылдық округі

I 1,2 +20 % 102, 103

II 1,0 +/-0 % 100, 101, 103

III 0,8 -20 % 100, 101, 103

Солнечный кенті

I 1,5 +50 % 107, 108, 109

II 1,3 +30 % 105

III 1.0 +/-0 % 105, 106, 107,

108, 109, 110,

236

Төртқұдық ауылдық округі

I 1,5 +50 % 150, 151, 152

II 1,3 +30 % 149, 152

III 1.0 +/-0 % 152

Шідерті кенті

I 1,5 +50 % 191, 193, 194,

195

II 1,3 +30 % 191, 196, 198

III 1.0 +/-0 % 191, 198


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл 7

ЖӘДІГЕР

Оралхан ҚОЖАНОВ

Спорттық даңқ музейін ашу

идеясы бұрыннан бері айтылып

жүрген-ді. Бірақ, одан да маңызды

шаруалар көсе-көлденең шығып,

сәті түспей қойған еді. Жақында

облыс әкімдігі мен өңіріміздегі

спорт саласына жауапты мамандар

көптен күткен игі істі жүзеге асырды.

Олимпиадалық резервтің

мамандандырылған мектеп-интернаты

колледжі директорының

орынбасары Марал Ахметованың

айтуынша, музейге жәдігерлерді

жинау жұмыстары 2-3 ай бұрын

ғана басталыпты. Десе де, аз

уақыттың ішінде 500-ге жуық

құнды заттар жиналған.

- Мұнда 18 олимпиадалық

спорт түріне қатысты заттар

жинақталған. Атап айтсақ,

жергілікті спортшылардың кубок

пен медальдары, тұтынған заттары,

фотосуреттер және тағы басқа

бағалы жәдігерлер сақталған.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары

қолданылған классикалық шаңғы

роллері де бар. Әрине, ең бағалысы –

Спорт музейі ашылды

Облыс орталығында бірегей спорт музейі ашылды.

Онда танымал спортшылардың заттары жинастырылған.

Ең бағалысы – атақты палуан

Қажымұқанның 36 келі тартатын кір тасы.

Елімізде жаңа футбол маусымы

басталуға жақын. Қазір командалар

оқу-жаттығу жиындарын өткізіп,

қызу дайындық үстінде. Бірінші

лигада өнер көрсететін «Екібастұз»

клубы да барынша қамдануда.

Дайындық

қызу

Екібастұздықтардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны

облыс орталығындағы «Спорт Сити» сарайының манежінде

өтті. Бас бапкер Серік Әбдуәлиевтің айтуынша,

бұл жолы футболшылардың физикалық дайындықтарына

басымдық берілген.

- Жаңа ойыншыларды сынап, тактикалық дайындықты

да өткіздік. Құрамды жаңарту мақсатында

жас футболшылар тартылды. Яғни, биыл құрамымыз

біраз жаңарады, - дейді бас бапкер.

6 наурызда «Екібастұз» командасы Шымкент

қаласына екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Онда бірнеше жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ жаңа футболшылармен келісімшарт

жасалуы мүмкін.

Тиімді

жарнама!

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз

жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында

орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады.

Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы

3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір

сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы

80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет

шығып, тыңдаушылардың 90%-дан астамын

қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де

нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ RADIOSY»

толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы

Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 66-15-42.

Қажымұқан атамыз көтерген кір

тасы. 1921 жылы атақты палуан

Баянауыл ауданына қонаққа

келеді. Сол уақытта ол өзінің палуан

досы Сыздыққа өзі жаттығатын

кірін сыйға тартқан екен. Баянауыл

ауданының Құрметті азаматы

Зейнолла Сыздықовтың балалары

осы спорт құралын біздің музейге

тапсырды, - дейді М.Ахметова.

Алдағы уақытта музей кеңейтіліп,

үш залдан тұрмақ. Футболға арнайы

бөлме қарастырылмақ. Футбол

Әзірлеген - О.ҚОЖАНОВ.

«Павлодар» ӘКК» АҚ «АДИС» ЖШС жарғылық

капиталындағы қатысу үлесін іске асыру жөніндегі

сауда-саттықты өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ ақпарат www.gosreestr.kz сайтында.

(2023)

Аймағымызда

боранда

жоғалған

адамдар

тікұшақтың

көмегімен

табылды.

Құтқарушылардың

жедел әрекеті

нәтижесінде

табылған

адамдар үсіктен

аман қалған.

демекші, музейде аймақ футболына

өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан

құрамасының тұңғыш капитаны,

«Ертіс» сапында рекордтық 440 матч

өткізген Ойрат Сәдуовтың спорттық

аяқ киімі де орын тапқан.

Тікұшақпен тапты

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің

мәліметінше, 26 ақпан күні

112 қызметіне Май ауданынан хабар түскен.

Қоңырау шалушылар 25 ақпанда 1972 және

1983 жылғы екі ер адамның жоғалғанын

айтқан. Олар Қаратерек ауылынан мал

іздеуге шыққан. Сол уақыттан бері олардан

хабар болмаған.

Екі ер адамды іздеуге төтенше жағдай

қызметі, полицейлер, жергілікті атқарушы

ЖАРНАМА

66-15-40 66-15-42

Музейді құнды жәдігерлермен

қамтамасыз еткендердің бірі -

«Екібастұз» футбол клубының директоры

Ғалым Бәйкен. Ол Нилтон Мендес,

Самат Смақов, Виктор Зубарев

және тағы басқа футболшылардың

қолтаңбалары бар «Ертістің» 1999

жылғы шарфын сыйлады.

Музей Академик Марғұлан көшесі,

102-үй мекенжайында орналасқан.

Карантинге байланысты музейге келу

үшін 8 (7182) 22-55-02 телефон нөмірі

арқылы алдын ала жазылу керек.

Музей қала тұрғындары және қонақтары

үшін тегін жұмыс істейтінін атап

өткен жөн.

Суреттерді түсірген -

Константин Шелков.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

ОҚЫС ОҚИҒА

Жұмыста мертікті

Павлодарда ер адам теміржол вагондарының арасына

қысылып қалған. Салдарынан ауыр жарақат алып, ауруханаға

түсті.

Полицейлер облыстағы ауруханаларды

тексеру кезінде ЖШС жұмыскерінің ауыр

жағдайда түскенін анықтаған. Ер адам

23 ақпанда «Солтүстік» индустриалды

аймағында жұмыс істеп жүріп жарақат

алған. Тәртіп сақшыларының айтуынша,

тұрғын түнде теміржол вагондарын құрастыру

органдар, тұрғындар да жұмылдырылды.

Нәтиже болмаған соң, мамандар 145

UP-EC020 Еурокоптерінің көмегіне жүгінді.

Май ауданы маңайын тікұшақпен аралаған

іздеу тобының қызметкерлері екі ер

адамды 4 сағаттан кейін тапты. Олар

«Сарымсақты» қыстағынан 7 шақырым

жерде жүрген. Абырой болғанда, екеуі

де аман.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

кезінде мертіккен. Жұмысшыны вагон

қысып қалыпты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне

сүйенсек, 44 жастағы жұмысшының

бұғанасы мен қабырғасы сынған. Жағдайы

орташа деп бағалануда. Оған ота жасалмақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директорының

міндетін атқарушы

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 344

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

«КӨРПЕ FEST»

СПОРТ

Павлодар облысында «Көрпе Fest» мега этнофестиваліне

қатысушыларға бұйымдары үшін

онлайн дауыс беру басталды. Айта кетелік, белгілі

ұлттық өнер жанашыры, қайраткер Ырза

Тұрсынзаданың бастамасын Павлодар облысы

әкімінің әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қолдауына

ие болған еді. Ендігі жерде байқаудың мәресіне

жететін сәті де таяп келеді.

Өңірде қолөнер фестивалі

2020 жылдың 23 қарашасында

онлайн форматта басталған

болатын. Мәліметке сүйенсек,

аймақтағы онлайн байқауға

5-70 жас аралығындағы 211 адам

тіркелген, оның 50-і бала. Байқауға

қызығушылық танытып,

шеберлік сабақтарына қатысып

жатқандардың жалпы саны

400-ге жуықтады. Қатысушылар

екі айдан астам уақыт бойы

кәсіби шеберлік сабақтарын тегін

алып, өзара тәжірибе алмасуға

мүмкіндік алды. «Көрпе Fest»

мега этнофестивалінің негізін

қалаушы Ырза Тұрсынзаданың

айтуынша, бұл – салт-дәстүрді

кәсіпке айналдырып, нәсібін

табамын деген нәзік жандылар

үшін пандемия кезінде жасалған

ауқымды қолдау.

«Карантин кезінде жұмыссыз

қалып, нәпәқасынан айрылған

адамдар көп. Осы кезде бірінші

мақсат – оларды барынша демеу,

екінші мақсат – үйдің ұйытқысы

ғана емес, елге үлгі болатын

қырық жанды қазақ әйелінің

болмысын жаңғырту. Қазақ

барда бұл кәсіп – мәңгілік», -

дейді белгілі этнодизайнер Ырза

Тұрсынзада.

Сонымен қатар, ол павлодарлық

нәзік жандылардың салтқа

беріктігін аңғарғандығын атап

өтті. «Бәрі Павлодар облысында

ұлттық байқау өткізу қиын болады

деген болатын. Алайда,

павлодарлық әйелдер бәрінен

озды. Өйткені, салт-дәстүрді

жақсы сақтаған», - дейді ол.

«Көрпе Fest» фестивалі Павлодар

аймағында алғаш рет

ұйымдастырылып отыр. «Осы

шараны ойлап тапқан Ырза апамыз

бен оның бастамасын қолдаған

облыс әкіміне алғысымыз

шексіз. Себебі, біз өңірде

ұлттық қолөнерге қызығушылығы

бар әйелдердің осынша көп

болатынын білмеппіз. Осы конкурс

арқылы біз басымызды біріктіріп

ТЕАТР

Ұлттық өнер белесі

үлкен бір «отбасына» айналдық», -

дейді Уәсилә Нұрмұханбетова.

Айта кетейік, байқау төмендегі

бес номинация бойынша жарияланды.

«Шебердің инесі де – алтын,

күймесі де – алтын!», Қазақы

нақыштағы интерьер үлгісі, «Көрпе

вернисажы» (4 көрпе, 4 жастық),

«Ұлттық сый кәде» онлайн шеберлік

сабақтар нәтижесінде жасалған

бұйымдар, «Атаның кәсібі –

баланың нәсібі» атты 5 жастан

16 жасқа дейінгі болашақ

шеберлер байқауы.

Байқау соңында барлық қатысушыларға

жалпы сертификаттар

беріледі. Ал, жеңімпаздарға

бизнес үшін 5 млн теңгеге дейін

грант алуға мүмкіндік беретін

Ырза Тұрсынзаданың жеке кәсіби

шеберлік курсынан өткені

туралы арнайы сертификат,

тұрмыстық және өндірістік тігін

машиналары, сонымен қатар

авторлық дизайнмен көмкерілген

25 метрлік шапанға арналған

кездемелер табысталады. Павлодар

өңіріндегі «Көрпе Fest» мега

этнофестивалінің қорытындысы

22 наурызда өтетін салтанатты

шарада жарияланады.

Облыс бойынша аудан-қалалар

арасынан алсақ, мегафестивальге

облысымыздың

Аққулы ауданынан қатысушылар

баршылық. Фестивальге ауданның

20-ға жуық көпбалалы ана,

ардагер зейнеткер, өзін-өзі

қамтыған, балалар қатарынан

шеберлі қатысушыларымыз өз

өнерлерін ұсынуда. «Төрткен -

өрнегі», «Ұлттық өнер - қазынам»,

«Қосжүрек – ғашықтардың сөзіндей»,

«Інжу-маржан құрағы»,

«Сарқылмас өнер», «Сиқырлы

өрнектер», «Таң әсемдігі» және

т.б. атты туындылар қолөнер

шеберлігінің, оның ішінде қазақтың

құрақ құраудың қайталанбас

оюларымен ерекшеленеді. Әр

атаудың негізінде қатысушының

шығармашылық шабыты мен жігері

байқалады. Мысалы, Аққулы

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

ауылының қатысушысы Садақ

Ғарап апайымыз «Төрткен өрнегі»

деген туындының мағынасында

«Төрт құбылам тең» деген мәнді

білдірді. Майқарағай ауылынан

қатысушы Уәлихан Мадина

ханым туындысының «Таң әсемдігі»

атауы Таңның – жаңа күннің

басталатынын білдіретін,

жаңа мақсатқа, жаңа арманға,

қиялға жетелейтін таңғажайып

құбылыспен теңдестірді. Жамбыл

ауылынан көпбалалы ана Ошал

Жанай ханым туындысын «Қырық

құрақ оюлар» немесе ұлттық

өнерде оюлардың сан алуан

кеңістігін, ерекшелігін топтастырды.

Аққулы ауылынан

Айымгүл Омарханова есімді

жас шебер болса, фестиваль

аясында «Қосжүрек - ғашықтардың

сөзіндей» атты 4 көрпе,

4 жастық бұйымдарын ұсынуда.

Қатысушылар белгілі дизайнер

Ырза ханымның әлеуметтік

желілерде ұйымдастырылған

шеберлік сабақтарын алып,

жұмыс барысында бұйымдарын

өздігінше жаңа стилистикада

әзірледі. Фестиваль ережесі

бойынша қатысушылардың

жұмыстары бірегей түстік келбетте

ұйымдастырылуы қажет.

Аудан қатысушылары мәдениетімізде

аса ерекшеленетін

көгілдір мен сары, қызғылт

пен ақ эстетикалық мағыналы

түстерге бейімделді.

Қуантарлық жайт, балалардың

қызығушылық танытып,

Қарақала ауылынан Нашен

Томирис, Серібекқызы Перизат

қыздарымыздың белсенді қатысушылары

дәстүрге деген

сүйіспеншілік пен төл өнерге

Көптен күткен қауышу

Сүйінші, халайық! Бір жылдан бері пандемия жағдайына

байланысты жұмысын тоқтатып, қалың

көрерменімен қауышар күнді асыға күткен театр

сахнаға қайта оралды. 5 наурыз күні Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыка-драма театрының өнерпаздары

жаңарған сахнада «Ерте ояндым, ойландым»,

яғни «Жас Абай» трагедиясын сахналамақ.

Театр басшысы Арман Темірбектің

айтуынша, әртістер сахнаны

сағынған.

- Бұл күнді біз ұзақ күттік.

Қазіргі сәтте актерлік құрам, жалпы

ұжым театр алғаш рет ашылатындай

әсерде жүрміз. 1 жыл

сахнаға шықпау, жаңа рөлге дайындалмау

- әртістер үшін ұзақ үзіліс.

Дегенмен, біздің труппа театрға

көрермен келмейді деп қарап жатпады.

Әлеуметтік желілерде түрлі

жобалар ұйымдастырып, театрда

бұған дейін жасап келген дайындықтарын

онлайн жалғастырып

жүрді. Тіпті, карантин уақытында

актерлік құрам жаңа қойылымның

дайындығын да бастаған болатын, -

дейді А.Темірбек.

Театр ғимараты жөндеу жұмысына

жабылған кезде Торайғыров

университетінің концерт залында

дайындық жұмыстарын жүргізіп,

жаңа қойылымдарды да сонда

пысықтағаны есімізде. Пандемияға

дейін режиссер Ж.Садықов сахналаған

Ш.Айтматовтың «Жәмила»

лирикалық драмасы премьерасын

күтіп тұр.

- «Жәмила» пьесасы былтыр

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай

сахналанған болатын. Өкінішке

қарай, дайын қойылымды сахналап,

премьерасын жасауға үлгермедік.

Жалпы, бұл көрерменін ұзақ

күткен қойылымның бірі болды.

Дейтұрғанмен жақын күндері келушілер

назарына ұсынылатыны

бізді қатты қуантады. Қойылымның

премьерасы 24-25 наурызда

болады, - дейді режиссер

Ж.Садықов.

Атап өтерлігі, театрға келушілер

залға сыятын көрермен санының

20 пайызынан аспауы керек.

Сонымен қатар, сақтық ережелерін

сақтау міндеттеледі. Ал 32-театр

маусымын 5 наурыз күні, сағат

18.30-да, 6 наурыз күні сағат 17.00-

де «Ерте ояндым, ойландым» яғни

«Жас Абай» трагедиясы ашады.

Театрда жүздескенше, жамағат!

Сурет inform.kz сайтынан алынды.

қадір-қасиеттің белгісі. Облыс

төңірегінде екі айдан астам

өткізіліп жатқан фестиваль

200-ден астам өнерге баулыған

шеберлерді қолөнер шеңберіне

біріктіріп, көлемді де зор мағыналы

жобада әрқайсысының

ерекшелігін асқақтата түсті.

«Өнер көзі халықта» демекші,

халқымыздың сарқылмас мұрасы

төл қолөнері сансыз қырлы.

Ата–баба дәстүрінен келе жатқан

шеберлі қолөнер туындылары

әрқайсымызды ұлттық өнердің

қасиеттілігі мен мәніне тәнті

етеді. Дәстүрдің дара жолымен

салған қолөнерді жастар арасында

дәріптеу, дамыту бүгінгі

күннің маңызды мақсаттарының

бірі. Бұл ретте ұлы дала

дәстүрін өнерлі қырларымен

ерекшеленетін әйелдер қауымы

арасында кеңінен насихаттауда

елге танымал атақты этно

дизайнер, ҚР Президентінің

«Алтын сапа» сыйлығының иегері,

«Құрмет белгісі» орденінің

иегері Ырза Тұрсынзаданың

бастамасын шынында құптауға

тұрарлық.

Айтқандай, қазіргі кезде

облыстың барлық аудан-қалаларында

аталмыш мегафестивальге

тіркеліп, бұйымдарын

ұсынушы шеберлер қолынан

шыққан өнімдерін әлеуметтік

желілерде таныстырып, әрқайсысы

өздеріне берілген хештег

(қатысушының нөмірі және

аты-жөнінен тұрады) бойынша

онлайн дауыстар жинауда.

Ұлттық өнерді қолдап, шеберлерімізге

дауыс берейік!

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

05 наурыз

жұма

Карантиндік шектеулерге

байланысты аймағымызда

республикалық турнирлер

өтпегелі қашан... Жақында

облыс орталығында шаңғы

жарысынан жасөспірімдер

арасындағы ел чемпионаты

аяқталды.

Шаңғышылар

«шайқасы»

Иә, мықтылар бақ сынасқан ірі жарыс

болмаса да, «республикалық» деген

мәртебесі бар турнирді ұйымдастыру –

зор абырой. Сайысқа еліміздің түкпіртүкпірінен

285 спортшы қатысқанын

ескерсек, айтулы дода деуге толық негіз

бар. Десе де, санитарлық талаптарға

сай «Зеленая роща» шаңғы базасында

өткізілген чемпионат жайлы

павлодарлықтардың көбі естімеді. Бес

күнге созылған жарыста қатысушылар

өзара бақ сынасып, тез-тез тарқасып

кетті.

Турнирде дараланған павлодарлықтар

аз емес. Атап айтсақ, коньки

стиліндегі 3 шақырымдық сында Сабина

Сүлейменова Қазақстан чемпионы

атанды. Ал Елизавета Толмачева еркін

стильде (3 шақырым) 2-орынға, 1,1 шақырымдық

спринтте қолаға қол жеткізді.

Сондай-ақ Никита Павлов 5 шақырымға

созылған сайыста 3-орынға табан

тіреді.

Павлодарлық жас шаңғышылар

7-12 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан

облысында өтетін Гимназиадаға қатысатынын

атап өткен жөн.

Халықаралық және Республикалық театр фестивальдерінің

лауреаты Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ

музыка-драма театрының 2021 жылғы наурыз айының

РЕПЕРТУАРЫ

06 наурыз

сенбі

07 наурыз

жексенбі

12 наурыз

жұма

17 наурыз

сәрсенбі

19 наурыз

жұма

20 наурыз

сенбі

24, 25

наурыз

сәрсенбі

27 наурыз

сенбі

18.30 32-ші театр маусымының ашылуы!

М.Әуезов «Ерте ояндым, ойландым...»

(Жас Абай) /трагедия/

17.00 М.Әуезов «Ерте ояндым, ойландым...»

(Жас Абай) /трагедия/

17.00 К.Жүнісов «Ғашықтар хикаясы» /комедия/

Халықаралық әйелдер күніне орай

11.00

15.00

А.Салбанов

«Ойыншықтар» /ертегі/

18.30 М.Байджиев

«Тіл табысқандар» /комедия/

18.30 Б.Соқпақбаев

«Балалық шаққа саяхат» /драма/

11.00 М. Ахманов «Наурыз – думан» /ертегі/

18.30 ПРЕМЬЕРА! Ш.Айтматов «Жәмила»

/лирикалық драма/

17.00 К.Гольдони «Венециялық егіздер» /муз.комедия/

Халықаралық театр күніне орай

Театр мекенжайы: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09, касса 62-27-57, 87753682271

teatrpavlodar.kz онлайн билет - Тicketon Events

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!