06.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 6 сәуір, сейсенбі, 2021 жыл ХАТТАМА

SARYARQA SAMALY

Павлодар қаласының көшелерін қайта

атау мәселесі жөнінде Павлодар қалалық

мәслихатының азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз

ету және жер қатынастары мен қала

құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияларының көпшілік тыңдауының

хаттамасы

2021 жылғы 3 сәуір Zoom режимінде,

сағат 10.00-де Қайырбаев көшесі, 32

Карантин шараларын сақтауға байланысты көпшілік

тыңдау https://us02web.zoom.us/j/84549309025?

pwd=aWN4a1lYc0JZSFhNVHJ0U2llTmJCQT09ZOOM

арқылы онлайн режимде өтті. Конференция идентификаторы:

845 4930 9025. Қосылу коды: 950503.

Қала әкімдігінің Facebook парақшасында тікелей

жүргізілді.

Төрағасы Қ.Н.Қожин – Павлодар қалалық

мәслихатының депутаты, азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін

қамтамасыз ету және жер қатынастары мен қала

құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың

мүшелері қатысты.

Көпшілік тыңдаулар қаланың қоғамдастықтары

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Арман Қанидың,

«Нұр-Ана әлемі» ҚБ төрағасы Б.Ш.Максилованың,

ардагер журналист З.Л.Бутэрустың, ҚР Мәдениет

қайраткері Ғ.Балтабайдың, ҚР Ұлттық қауіпсіздік

комитеті ардагерлер кеңесінің Павлодар облыстық

филиалының төрағасы М.Жантеміровтің, Павлодар қ.

қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Рюмкиннің, қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы К.С.Кеңесбаевтың,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының

директоры А.Ә.Әбішевтің және «Jеbe» ҚБ төрағасы

Д.Жұмаділовтың қатысуымен өтті.

Келіп түскен ұсыныстарды азаматтардың құқықтары

мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және жер

қатынастары мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиялардың мүшелері қарастырды.

Павлодар қаласының тұрғындарына көпшілік

тыңдауды өткізу туралы хабарландыру Павлодар

қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың

сайтында және «Saryarqa samaly», «Звезда Прииртышья»

газеттерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы

нөмірлерінде хабарландыру ретінде жарияланды.

Дауыс беруге азаматтардың құқықтары мен заңды

мүдделерін қамтамасыз ету және жер қатынастары

мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиялардың мүшелері болып табылатын қалалық

мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тыңдауға 500-ден аса қатысушы қатысты

(Инстаграмм, Facebook, ZOOM парақшаларында).

Күн тәртібі

Павлодар қаласының бірқатар көшелерінің атауын

қайта атау, яғни атап айтқанда Павлодар қаласының

Мир көшесіне - қазақтың атақты батыры Олжабай

батыр, Ермаков көшесіне - Алаш қайраткері, саяси

қайраткер Мұстафа Шоқай, Набережная көшесіне -

Атақты би, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға

сұлтаны Шоң би, Урицкий көшесіне – ҰКҚ генералмайоры

Үкімет Смағұлов, Циолковский көшесіне –

атақты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы, Роза

Люксембург көшесіне – биылғы жылы құрылғанына

100 толуына орай Қазақ радиосы, Теплов көшесіне -

атақты қолбасшы Бөгенбай батыр, 1-я Южная көшесіне –

Бірлік, 2-я Южная көшесіне - халық әртісі, әнші,

режиссер Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесіне -

ақын Мұқағали Мақатаев, Донецкая көшесіне - алаш

ақыны Мағжан Жұмабаев, Кубанская көшесіне –

жазушы Қалмұқан Исабай, Совхозная көшесіне -

Еңбек Ері Рафиқа Нұртазина, Таганрогская көшесіне -

белгілі би, шешен Қазанғап би, Кузнецкая көшесіне -

Алашорда үкіметі Павлодар филиалының төрағасы

Қабыш Бердалин, Ангарская көшесіне - халық суретшісі

Нағымбек Нұрмұхаммедов, Читинская көшесіне -

жазушы Аманжол Шамкенов, Декабристов көшесіне -

қазақ музыка аспаптарының атасы, ҚР еңбегі сіңген

қайраткер Қамар Қасымов, Молодежная көшесіне –

Жастар, Юннатов көшесіне – ақын, жазушы Дихан

Әбілев, 1-я Советов және 2-я Советов көшелеріне -

облыстан шыққан тұңғыш генерал Самат Бәкіров, Зыряновская

көшесіне – ақын, сазгер Қабдыкәрім Ыдырысов,

Саянская көшесіне - мемлекет қайраткері Алма Әжібаева,

Лесная көшесіне – бір отбасынан Ұлы Отан соғысына

қатысып, қаза тапқан 7 ағайынды Дүйсембиновтер,

29-я ноября көшесіне - мемлекет қайраткері және

дипломат Сержан Қанапиянов, Кленовая көшесіне -

сазгер Шәмші Қалдаяқов, Центральная көшесіне –

қазақтың атақты ханы Хақназар хан, Степная көшесіне -

жазушы Зейтін Ақышев, Орловская көшесіне - атақты

күйші Дина Нүрпейісова, Челябинская көшесіне -

атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлы есімін

беру.

Көпшілік тындау отырысының төрағасы Қобланбек

Кожин көпшілікті күн тәртібімен және жұмыс регламентімен

таныстырды.

Сөз сөйлегендер: Гладышева Светлана

Анатольевна – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Кеңесбаев Кенже Сәдуақасұлы – қаланың

Құрметті азаматы, Павлодар қаласының ардагерлер

кеңесінің төрағасы;

Рюмкин Александр Васильевич - қаланың

Құрметті азаматы, Павлодар қаласы қоғамдық

кеңесінің төрағасы;

Қани Арман Бақтанұлы – Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі;

Максилова Бақытжамал Шаханқызы - «Нұр-

Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;

Бутэрус Зоя Леонидовна – бұқаралық ақпарат

құралдарының ардагері;

Әбішев Асыл Әлімжанұлы - «Қазақ тілі»

облыстық қоғамының төрағасы;

Шнайдер Светлана – Қазақстан халқы Ассамблеясының

белсендісі.

Гладышева Светлана Анатольевна:

Құрметті қатысушылар, құрметті ақсақалдар!

Жеке және заңды тұлғалардан Павлодар облысының

және Павлодар қаласының әкімдерінің атына келіп

түскен өтініштер мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімімен қарастырылды. Кейін барлық қажетті

құжаттар жергілікті өкілді органға жолданды.

Біз облыс орталығындағы ескірген көше атауларын

жаңарту - уақыт талабы деп санаймыз. Бұл

жалпы қала тұрғындарына түрлі ұлттар мен этнос

өкілдері қазақ халқының тарихи тұлғаларымен жақын

танысып, қоғамдағы өзара келісім мен ауызбірлікті

нығайтуға ықпалын тигізеді.

Мир көшесі

(Қазақтың атақты

батырларының бірі)

Ермаков көшесі

(Лесозавод шағын

ауданы. Журналист-революционер)

Олжабай батыр

Мұстафа Шоқай –

Алаш қайраткері, саяси

қайраткер

Набережная көшесі

Урицкий көшесі

(1919 жылға дейін

Мещанский переулок

деп аталды. Моисей

Соломонович Урицкий –

Ресей революциялық

қозғалысының

қайраткері)

Циолковский көшесі

(ХХ ғасырдың 50-ші

жылдарының басында

пайда болды, орыс

ғалымы, авиағарыш

саласындағы

өнертапқыштың 100

жылдығына орай

аталған)

Роза Люксембург көшесі

(1919 жылға дейін

4-й Казачий переулокдеп

аталды. Неміс

және поляк социалдемократиясының

қайраткері есімімен

аталған)

Теплов көшесі

(1957 жылға дейін

Южная деп аталды.

Семен Кононович Теплов

– большевик, Павлодар

Совдеп төрағасының

орынбасары)

Шоң би – қазақтың

атақты биі, Баянауыл

сыртқы округінің алғашқы

аға сұлтаны

Генерал (Үкімет)

Смағұлов – ҰКҚ генералмайоры,

16 ж. басқарған,

Қарағанды обл. тумасы

Бауыржан

Момышұлы – Кеңес

Одағының Батыры,

қолбасшы, жазушы

Қазақ радиосы –

құрылғанына биыл 100

жыл толады.

Бөгенбай батыр –

қазақтың атақты батыры,

қолбасшы

1-я Южная көшесі Бірлік

2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев -

халық әртісі, әнші,

режиссер

Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев -

ақын

Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев –

алаш ақыны

Кубанская көшесі Қалмұқан Исабаевжазушы

Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина –

Еңбек Ері, биыл

100 жасқа толады

Таганрогская көшесі Қазанғап би - белгілі

би, шешен. Баянауыл

сыртқы округінің аға

сұлтаны. 2021 жылы

туғанына 250 жыл толады

Кузнецкая көшесі Қабыш Бердалин -

Алаш қайраткері, 1918-

1920 жж. Алашорда

үкіметі Павлодар

филиалының төрағасы

Ангарская көшесі Нағымбек

Нұрмұхаммедов -

халық суретшісі

Читинская көшесі Аманжол Шамкенов -

жазушы

Декабристов көшесі Қамар Қасымов -

Қазақ музыка аспаптарын

жаңартушы, ҚР

еңбегі сіңген қайраткер

Молодежная көшесі Жастар көшесі

Юннатов көшесі Дихан Әбілев – ақын,

жазушы

1-я Советов көшесі Генерал Бәкіров –

2-я Советов көшесі

Зыряновская көшесі

Саянская көшесі (ХХ

ғасырдың 60-шы

жылдарының басында

пайда болды. Шығыс

Сібірдің Саян таулары

бойынша аталған)

Лесная көшесі

29-я ноября көшесі

(34 жеке үй,

кардиологиялық аурухана,

«Эко» баспасы.

1919 жылғы 29

қарашада ақ гвардияшылардан

қаланы

азат ету күні бойынша

аталған)

Кленовая көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Центральная көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Степная көшесі

(Теміржолшылар кенті)

Орловская көшесі

Челябинская көшесі

облыстан шыққан тұңғыш

генерал қазақ

Қабдыкәрім

Ыдырысов – ақын,

сазгер

Алма Әжібаева –

мемлекет қайраткері

Ағайынды

Дүйсембиновтер -

соғысқа бір отбасынан

қатысып, қаза тапқан

7 ағайынды

Сержан Қанапиянов –

мемлекет қайраткері

және дипломат

Шәмші Қалдаяқов -

композитор,

Қазақстанның халық

әртісі

Хақназар хан –

қазақтың ханы

Зейтін Ақышев -

жазушы

Күйші Дина – атақты

күйші

Құрманғазы – атақты

күйші

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті тыңдауға қатысушылар, көтеріліп отырған

мәселе өзекті әрі маңызды, осыған байланысты

бүгінгі көпшілік тыңдауға қатысып отырған қала

жұртшылығының ой-пікірлерін білгіміз келеді.

Кеңесбаев Кенже Сәдуақасұлы:

Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар!

Біз әріптестермен, қалалық ардагерлер кеңесінің

мүшелерімен осы мәселені қарастырып, зерделей келе

көше атауларын қайта атауды дұрыс деп есептейміз.

Ұсыныстар орынды. Барлығыңызға рахмет!

Рюмкин Александр Васильевич:

Құрметті қатысушылар! Көшелерді қайта атау

жұмыстары біздің қолдауымызбен жүргізіліп отыр.

Ерекше ескертулер жоқ. Ешқандай даулы мәселелер

болмайды деп ойлаймын.

Қани Арман Бақтанұлы:

Мен, қала көшелерін қайта атауды қолдаймын.

Менің жерлестерім де қолдайды деп ойлаймын.

Назарларыңызға рахмет!

Бутэрус Зоя Леонидовна:

Алма Мұқанқызы Әжібаева – тележурналист, қоғам

қайраткері. ҚазМУ, СОКП ОК жанындағы Қоғамдық

ғылымдар академиясын бітірген. Облыстық комсомол,

партия, совет органдарында жұмыс істеді. Облыстық

партия комитетінің хатшысы кезінде Павлодар облыстық

электронды ақпарат құралдарының әлеуметтік-ағартушылық

қызметіне баса назар аударды. Зейнетке

шыққан соң Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті ректорының

кеңесшісі болды.

Алма Әжібаеваның есімімен қала көшелерін атау

әбден лайықты.

Максилова Бақытжамал Шаханқызы:

Бүгін қуанышты күн. Көшелердің атаулары ұлы

адамдардың атымен аталатынына қуаныштымыз.

Сержан Мұқанұлы Қанапиянов - мемлекет және қоғам

қайраткері. Көкшетау қаласында дүниеге келген,

балалық шағын Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау

ауданы, Сырымбет ауылында өткізген.

1971 жылы Павлодар индустриалды институтын

бітірді. 1971-1975 жылдары Алматы ауыр машина

жасау зауытында шебер, инженер-конструктор, аға

инженер болып жұмыс істеді.

Көше атауын Сержан Қанапияновтың есімімен

атауды қоя тұрайық деп санаймыз.

Ғалия Балтабайқызы:

Қазақ радиосы – Қазақ радиолары ЖШС-не

қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде

және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына

хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары

Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан

және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар

ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда

жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады.

Жедел ақпараттан жаңалықтар, шолулар,

репортаждар, т.б., қоғамдық-саяси, экономикалық,

ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық,

спорттық және басқа хабарлар таратылады. Қазақ

радиосы атауын беруін қолдаймын.

Әбішев Асыл Әлімжанұлы:

Құрметті қауым! Қайта атау бойынша ұсынылып

отырған тұлғалардың әрқайсысының өзінің орны

бар. Сондықтан барша қазақ өкілдері, мүшелері

әрбір тұлғаны лайықты деп санайды. Бұл мәселе

бүгінгі күн тұрғысынан алғанда өзекті болып табылады.

Өңіріміздегі «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері

көшелерге ұсынылып отырған ұлы тұлғалардын

есімдерін қолдайды.

Жүсіпова Санира:

Менің бүгінгі ұсынысымды көзі ашық, көкірегі ояу

Павлодар жастарының ұсынысы деп қабылдауларыңызды

сұраймын. Қаланың кейбір көшелерінің атауларын

мемлекеттік тілге аудару қажет деп ойлаймын. Өйткені

атауы аударылған көшелердің мән-мағынасы еш

өзгермейді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып

Молодежная көшесін Жастар көшесі деп атаудан

бастауды ұсынамыз. Жастар - еліміздің болашағы.

Сондықтан халық қалаулары, халық өкілдері жастардың

үні халық құлағына асады деп сенемін.

Покидова Наталья:

Бүгінгі күні қала көшелерін қайта атау мәселесі

өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және «Рухани

жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қажетті

деп санаймын. Болашақ ұрпақ үшін еліміздің дамуы мен

қалыптасуына айрықша үлес қосқан тарихи тұлғалардың

есімімен аталған көшелер қажет. Жоғарыда аталған

тұлғалардың ішінде біздің жерлесіміз Алма Әжібаева

және өзге де тұлғалар бар. Сондықтан, мен, жас

ұрпақ өзінің өткенін, тарихи ұлы тұлғаларын білуге

тиісті деп есептеймін. Әрі Қазақстанда тұратын әр

халқы өзінің өткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін

білуі тиіс. Жоғарыда айтылған ұлы адамдар, біздің

болашағымыз үшін күрескен көптеген адамдар менің

ойымша осы Павлодар қаласындағы 30 көшенің

атаулары қатарында Алма Әжібаеваның аты берілсе

дұрыс болады деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі

мәселені қолдаймын. Барлықтарыңыз менімен келіседі

деп ойлаймын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті қатысушылар, пікірталасқа көшеміз.

Гудина Ирина:

Қайырлы күн, құрметті қала тұрғындары! Қала

көшелерін қайта атау болашақ ұрпақ үшін маңызды

деп есептеймін. Қазіргі мемлекеттер моральдық

тұрғыда идеологиялық ескірген атаулармен өмір

сүруі мүмкін емес. Ұстаздар – өз мамандығына

берілген адамдар. Осындай ұстаздардың бірі біздің

жерлесіміз Нұртазина Рафиға Бекенқызы болып табылады.

Оны ұлағатты ұстаз, бар ғұмырын педагогикалық

қызметке арнаған адам деп айтуға болады. Оның

оқушылары Қазақстанның және әлемнің әр жерлерінде

тұрады, олардың барлығы өз ұстазын ілтипатпен

еске алады. Рафиға Нұртазинаға көше атауын беру

барлық ұстаздарға жасалған ынталандыру болып

табылады. Назарларыңызға рахмет.

Кәрімов Талғат:

Айтылып кеткен Дина мен Құрманғазының есімдерін

көше атауларына берейін деп отырғандарыңызға

рахмет. Бірақ, менің ойымша Дина апамыз бен

Құрманғазының есімдерін музыка мектептеріне берсек

дұрыс болады деп ойлаймын. Өнер тарландары

Кәукен Кенжетаев, Қамар Қасымовтың, жерлес жазушымыз

Қабдыкәрім Ыдырысовтың есімдерін көшелерге

беруді қолдаймын.

Хафиз Ғабит:

Бүгін біздер кезек күттірмейтін, аса маңызды,

идеологиялық салмағы ауыр істің талқылауында

отырмыз. Қазіргі күні көше атауын өзгерту біздің

Ертіс-Баян өңіріңде ғана емес, Қазақстанның басқа

қаларында жүзеге асырылып жатыр. Бұл тарихи

заңдылық. Қала тұрғыны ретінде күн сайын тарихи

маңызы жоғалған, идеологиялық тұрғыдан ескірген

көшелерге көзіміз түседі. Жаңадан ұсынылып отырған

көшелер өзгеретін болса қала келбетіне жаңаша образ

пайда болатына сенімдімін. Сондықтан көшелерге

біздің облысымыздың және Қазақстанның тарихи

тұлғалардың есімдері берілгенің орынды деп ойлаймыз

және Павлодар жастарының атынан осыған қолдау

білдіреміз. Жаңа атаулардың келгенін қолдаймыз.

Тоғаева Жанар:

Мен, қала тұрғыны ретінде Павлодар қаласының

моральдық тұрғыда ескірген кейбір көшелерін қайта

атауға келісемін. Менде мынадай сұрақ бар. Белгілі

бір еңбек сіңірген сәулетші, Ыбырай Алтынсарин

атындағы гимназияның түлегі болып табылады.

Танымал адамға Павлодар қаласының бір көшесін

беру туралы ұсыныс енгізуге қалай болады және

қандай мерзімде қарастырылады.

Нұрғамысова Айнұр:

Мен, қала тұрғыны ретінде көшелерді қайта

атау маңызды деп білемін. Көше атаулары тарихи

мұрамыздың маңызды бір бөлігі болып табылады.

Павлодар қаласының әрбір тұрғыны қаланың даму

тарихын білуі тиіс. Сондықтан қаланың топономикасына

атақты халық суретшісі, Павлодар облысының

тумасы Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімінің енуі

дұрыс деп санаймын. Нағымбек Нұрмұхаммедовтің

суреттері Павлодар қалалық көркем-сурет мұражайының

коллекциясының ажырамас бір бөлігі. Біз талантты

суретшінің суреттерінің қорымызда сақталып

отырғанымен мақтанамыз. Нұрмұхаммедовтің

есіміне қала көшесін беру қала тұрғындарына

атақты жерлесіміз туралы қызықты деректерді

білуге жаңаша тың серпін береді. Біздің қаламыздың

бір көшесіне Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімін

беруін қолдауларыңызды сұраймын.

Зейнуллина Айман:

Біздің Ертіс-Баян өңірінің көшелері танымал

тарихи тұлғалардың есімдерімен аталып солармен

өмір сүретін болса керемет болады. Жаңа маған

дейін бірқатар азаматтар өз пікірлерін айтып кетті,

мен де ол ұсыныстарды қолдаймын. Сонымен бірге

алғашқы кәсіби қазақ театрының спектаклін қойған

жерлесіміз, Алаш қайраткері Қошке Кемеңгеровтің

есімі ұмыт қалып барады. Сондықтан Қанапияновтың

орнына Қошке Кемеңгеров есімін ауыстырып қойсақ

дұрыс болар еді.

Жұмаділов Данияр:

Биыл өздеріңіз білесіздер Тәуелсіздіктің -

30 жылдығы. Осы мерейтойға орай қаланың

30 көшесінің атауын ауыстыру туралы ұсыныс жасалды.

Бұл біз үшін үлкен мереке.

Осы жылы тәуелсіздігімізге - 30 жыл. Осыған

байланысты, біз ұлттық қаһармандарымыздың есімін

мәңгі есте сақтауымыз тиіс. Қуанышымызға орай

біздің тарихымыз кеңес кезеңімен ғана шектелмейді.

Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Бөгенбай

батыр, Олжабай батыр, біздің жерлестеріміз Кәукен

Кенжетаев, Аманжол Шәмкенов секілді тұлғалар

көше атауын беруге лайықты деп ойлаймыз. «Jebe»

ҚБ мүшелері қазақша аталуын қолдаймыз және

идеологиялық тұрғыдан көше атаулары өзгеден емес

мемлекет құраушы өзіміздің ұлтының көңіліне қараса

деген пікірімді айтқым келеді. Біз осы ұсыныстардың

барлығын қолдаймыз.

Жантеміров Мұхаметқали:

Біз ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы

осындай идеяларды қолдаймыз. Ұлы тұлғалардың

есімдерін мәңгі есте сақтау орынды әрі дұрыс. Осы

қатарда Генерал Смағұлов та бар. Ол Павлодар

облысы ҰҚК 15 жыл басқарған Ертіс-Баян өңіріндегі

арнайы қызметтің алғашқы генералы. Аймақтың

тұрақтылығын сақтау, қауіпсіздікке қатысты барлық

мәселелер бойынша жедел шешім қабылдау мәселесі

ҰҚК басқармасына жүктелген болатын. Сондықтан

біз, ардагерлер, генерал Смағұловтың кандидатурасын

қолдаймыз.

Еркеғали мырза:

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 көшенің атауын

ауыстырып, өзіміздің лайықты жерлестеріміздің құрметіне

көшелердің атауларын беру қуантатын жағдай. «Рухани

жаңғыру» бағдарламасының аясында көшелерді қайта

атау рухани жаңғырудың бір көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының атауын

өзгертуге жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз. Біз

«Қаған» қоғамдық бірлестігіміздің атынан көшелердің

атауларын қайта атауды қолдаймыз. Жаңа айтылған

Қошке Кемеңгеров ағамыздың атына бір көше берілсе

деген ұсынысты қолдаймын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Құрметті қатысушылар, біз барлық қатысушыларды

тыңдадық. Жарыссөзді аяқтауларыңызды сұраймын.

Депутаттарда ұсыныстар немесе толықтырулар

бар ма?

Веретнов Игорь Викторович

Құрметті әріптестер, қала тұрғындары!

Осы мәселеге дайындық барысында қала көшелеріне

ұсынылып жатқан кейбір ұсыныстар бойынша біздің

мемлекеттің, мәдениет пен білімнің қалыптасуына

қосқан үлестері сәйкес келмейтіндігі туралы бірқатар

ескертулер жасаған қала жұртшылығынан көптеген

ұсыныстар мен ескертулер түсті.

Құрметті әріптестер! Ұсынылып отырған көшелерді,

мемлекеттік қайраткерлер Сержан Қанапиянов, Қабыш

Бердалин, Шәмші Қалдаяқов, Құрманғазы, Күйші

Дина, Зейтін Ақышев және Хақназар хан есімдеріне

көше атауларын беру мәселесін уақытша тоқтатуын

ұсынамын.

Қожин Қобланбек Нұрмұханұлы:

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Игорь

Викторович Веретновтан:

- Сержан Қанапиянов, Қабыш Бердалин, Шәмші

Қалдаяқов, Құрманғазы, Күйші Дина, Зейтін Ақышевқа

және Хақназар хан атына көше беру мәселесін

мораторий алынғаннан кейін тұрғындарға кеңінен

ақпараттандыруы үшін тоқтатылуы ұсынылды. Барлығы

жеті көше.

Дауыс беруге 9 депутат, екі тұрақты комиссияның

мүшелері қатысты, оның ішінен:

«Қолдағандар» - 9 депутат,

«Қарсы болғандар» - жоқ,

«Қалыс қалғандар» - жоқ.

Бірауыздан!

Көпшіліктің ой-пікірлерін ескере отырып, қала

жұртшылығынан келіп түскен қаланың кейбір көшелерінің

атауларын қайта атау туралы ұсыныстарын дауысқа

салайық:

- Мир көшесін Олжабай батырға,

- Ермаков көшесін Мұстафа Шоқайға,

- Набережная көшесін Шоң биге,

- Урицкий көшесін Генерал Смағұловқа,

- Циолковский көшесін Бауыржан Момышұлына,

- Роза Люксембург көшесін Қазақ радиосына,

- Теплов көшесін Бөгенбай батырға,

- 1-я Южная көшесін Бірлік көшесіне,

- 2-я Южная көшесін Кәукен Кенжетаевқа,

- Парковая көшесін Мұқағали Мақатаевқа,

- Донецкая көшесін Мағжан Жұмабаевқа,

- Кубанская көшесін Қалмұқан Исабаевқа,

- Совхозная көшесін Рафиқа Нұртазинаға,

- Таганрогская көшесін Қазанғап биге,

- Ангарская көшесін Нағымбек Нұрмұхаммедовке,

- Читинская көшесін Аманжол Шәмкеновке,

- Декабристов көшесін Қамар Қасымовқа,

- Молодежная көшесін Жастарға,

- Юннатов көшесін Дихан Әбілевке,

- 1-я Советов және 2-я Советов көшелерін

Генерал Бәкіровке,

- Зыряновская көшесін Қабдыкәрім Ыдырысовқа,

- Саянская көшесін Алма Әжібаеваға,

- Лесная көшесін Ағайынды Дүйсембиновтерге.

Құрметті әріптестер, көше атауларын қайта атауға

әр көше немесе тізім бойынша дауыс береміз бе?

Бір тізім бойынша дауыс беру туралы ұсыныс түсті.

«Қолдағандар» - 9 депутат,

«Қарсы болғандар» - жоқ,

«Қалыс қалғандар» - жоқ.

Бірауыздан!

Павлодар қаласы мәслихатының және қала

әкімдігінің «Павлодар қаласының көшелерін қайта атау

жөніндегі ұсыныстарды Республикалық ономастикалық

комиссияның қарауына енгізу туралы» бірлескен

шешімі мен қаулысы 2021 жылғы 7 сәуірде өтетін

3-ші кезектен тыс сессияда қарастырылатын болады

және материалдар Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіпте Республикалық

ономастикалық комиссияның қарауына жолданады.

Төраға Қ.Қожин. (2051)

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!