29.06.2021 Views

29 маусым сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

29 маусым, сейсенбі

2021 жыл

№72 (15690)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Ақпарат

дарабоздары

МЕРЕЙ

Нақпа-нақ

Қазақстанда

1,9 млн

адам

коронавирусқа

қарсы толық

егілді

ӨНДІРІС

Қант нарығы

«қиналып»

тұр

Отандық қант зауыттары

бүгінде күрделі кезеңді бастан

кешіруде. Қазақстанда қант

тапшылығы жоқ болғанымен,

импортқа тәуелділік үлесі

жоғары.

Кеше отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби

мерекесі аталып өтті. Бұл күні жұртшылыққа жаңалықтарды

жедел жеткізіп, кез келген мәселенің жай-жапсарын талдап беретін

журналистер қауымының еңбегі еленіп, сый-құрметке бөленіп

жатады. Өңірдегі кәсіби мереке иелері түрлі марапатқа ие болды.

Қоғам:

БАЛАЛАР НЕГЕ МАЛТЫП БІЛМЕЙДІ?

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Жалғасы 2-бетте

Облыста суға түсу маусымы басталмай жатып, екі жасөспірім тілсіз жаудың құрбаны болды.

Рұқсат етілмеген орында шомылып, суға батып кете жаздаған 3 бала құтқарылды. Құтқарушылар

мен тұрғындар көмекке келмегенде жоғарыдағы қайғылы статистика одан да көп болар еді.

Толығырақ 5-бетте

Бүгінде Қазақстан аумағында Ресей

және Беларусь өндірісінің қанттары кеңінен

сатылады. Оны ел көлемінде тұтыну үлесі

қазақстандық өндірушілердің үлесінен

асып кеткен, шамамен 60%-ды құрайды

екен. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігінің төрағасы Серік

Жұманғаринмен кездесуде қазақстандық

қант өндіруші зауыттар қауымдастығының

өкілдері айтты.

Биыл шикі қант пен ақ қант айтарлықтай

қымбаттады. Бұл әлемдік тенденциядан

туындап отыр. Қант шикізаты негізінен

Бразилиядан сатып алынады. Оның құнына

доллар бағамы және қаңтар мен мамыр

аралығында бағаның тұрақты өсу динамикасы

әсер еткен. Бұдан бөлек, шикізатты

Ресей аумағы арқылы Қазақстанға дейін

тасымалдау құны 15%-ға өсті. Жамбылдық

өндірушілердің айтуынша, қант өндірісінің

құнына, мәселен, газдың қымбаттауы да

әсер етеді. Бұған қоса өз еліміздің ішіндегі

тасымалдау шығындары қымбаттаған.

Өндірушілер хабарлағандай, ағымдағы

жылдың 23 сәуірінен бастап Еуразиялық

экономикалық комиссияның «Кеден одағы

комиссиясының ақ қантқа және құрақ

шикі қантқа қатысты кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы» шешімі күшіне

енді. Алайда, Қазақстанда бұл құжат әлі

бекітілген жоқ, сондықтан өндірушілер

шикізатты бажсыз әкелуге мүмкіндік беретін

норманы пайдалана алмайды. Ал Ресей

ақ қантты әлемдік нарықтан белсенді

түрде импорттайды. Оны Қазақстанға

өздері экспорттайды. Қазақстандық

4 зауыт Ресейдің 75 зауытымен және

Беларусьтің қызылшамен жұмыс істейтін

4 зауытымен бәсекелестікке төтеп бере

алмайды. Нарық бізде ортақ, алайда

оның негізі ол өзгелердің өнімінен

құралып отырғаны әділетсіздік дейді

отандық өндірушілер. Қазақстанда қант

қызылшасы көбірек өндірілетін болса, біз

өзімізді өзіміздің қантпен қамтамасыз

ете алар едік. Ағымдағы жылы РФ-да

6 млн тонна қант қызылшасы, ҚР-да

500 мың тоннаға жуық қант қызылшасы

алынады деп күтілуде.

Өз тілшіміз.


2 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Құрметті БАҚ

қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – БАҚ қызметкерлері

күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде біздің күнделікті өмірімізді БАҚ

құралдарынсыз - газет, радио, теледидар,

интернет ресурстарынсыз елестету қиын.

Медиа кеңістіктен тыс қалған адамды

да табу мүмкін емес шығар.

Сіздердің шынайы ақпарат берулеріңіздің,

ізденіс пен жігерлі еңбектеріңіздің арқасында

біз облыста, республикада және бүкіл әлемде

болып жатқан барлық оқиғалардан әрдайым

хабардар болып отырамыз.

Кәсіби мерекеде Сіздерге тұрақты

серіктестік пен ақпараттық қолдауларыңыз

үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шын жүректен

шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық

жобалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз.

Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт,

денсаулық, мол табыс тілейміз!

Павлодар облыстық

мәслихатының депутаттары.

Тірек

ауылдардың

тілегі бір

Басы 1-бетте

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

Естай атындағы мәдениет сарайында

өңірлік БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен

құттықтап, төртінші билікке баланатын

журналистердің қоғамдағы рөлі

зор екенін айрықша атап өтті.

- Қоғам айнасына айналған

тілшілер қауымының жоғары кәсібилігі,

жан-жақтылығы, сыни көзқарасы талай

мәселенің оң шешім табуына ықпал

етіп келеді. Оларға қазіргі заманның

тик-токерлері мен Инстаграм блогерлері

бәсекелес бола алмайды. Себебі тек

білікті журналистер мәселені шынайы

жеткізіп, жан-жақты пікір ұсынады.

Сіздер пандемия кезінде дәрігерлермен

бірге алдыңғы шептен табылып, жалған

ақпараттарға қарсы күресе білдіңіздер.

Енді шындыққа жанаспайтын мәліметтердің

«екінші толқыны» - вакцинаға

Ақпарат

дарабоздары

Аққулы ауданында «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы шеңберінде атқарылып

жатқан шаруалар аз емес. Оған сәйкес,

жолдар жөнделіп, электр жарығы,

ауызсу мәселесі оң шешімін табуда.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен

онлайн брифингте Аққулы ауданының әкімі Абзал

Балғабаев аталған бағдарлама шеңберінде былтыр

тындырылған жұмыстарға тоқталды. Биыл да

жалғасын табар жобалар көп.

- Былтыр ауданда 11 жоба жүзеге асты.

Атап айтсақ, 8 көше жөндеуден өтіп, 3 білім

беру нысаны жаңартылды. Биыл жобаға тірек

ауылдар еніп, ендігі жерде бағдарламаның шарапаты

шалғай жатқан елді мекендерге тиетін

болады. Бүгінде бір ғана Ямышев ауылында

3 жоба жалғасуда. 250 орынды мәдениет үйінің

құрылысына 247 миллион теңге, «Болашақ»

балабақшасын күрделі жөндеуге 18,9 миллион теңге,

5 көшенің жолдарын орташа жөндеуге 72,2 миллион

теңге қаражат бөлінді, - дейді А.Балғабаев.

2022-2025 жылдарға жоспарланған жобалар

дайын екен. Мәселен, 2022 жылы Бесқарағай

ауылында мәдениет үйінің құрылысы, мектепті күрделі

жөндеу, жалпы ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын

5 көшенің жолдарын орташа жөндеу қолға

алынбақ. 2023 жылы Жамбыл ауылында мәдениет үйін

күрделі жөндеу, 3 көшенің жолдарын орташа жөндеу

(2,2 км) жүргізіледі. 2024 жылы Қарақала ауылында

мектепке модульдік қазандық орнату, 4 көшенің жолдарын

орташа жөндеу (4,5 км) жұмыстарын жүргізу

көзделген. 2025 жылы Қызылқоғам ауылында

мектепке модульдік қазандық орнату, жолдарды

орташа жөндеу жоспарлануда.

Жиын барысында Аққулы ауданындағы туризмді

дамыту шаралары да сөз болды. Аудан басшысының

айтуынша, бүгінде Ямышев ауылдық округіндегі тұзды

көлде кәсіпкерлер жаңашылдықтарды енгізіп,

меймандарды күтуге дайын.

- «Tuz city» жеке кәсіпкерлігі этноауыл

ұйымдастырды. Онда киіз үйлерді жалға алу, атқа

міну сияқты қызметтер көрсетіледі. «Сұлтан» жеке

кәсіпкерлігі 3 қонақ үй мен монша кешенін салып

үлгерді. Көлдің аумағында балалар және волейбол

алаңдары да қарастырылған. Шарбақты ауылында

қысқы және жазғы демалыс маусымында «Тоталсервис»

ЖШС-нің демалыс орны жұмыс істейді, -

дейді аудан басшысы.

Өңірде этнотуризмді және экотуризмді дамыту

жұмыстары да жалғасын табуда. Мәселен, 2017 жылдан

бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде

10 киелі нысан анықталған. Олар: сынықшы, емші

Мерғалым ата жерленген жер, Қамқалы көлі,

Сары бәйбіше, Шоғман қожа жерленген жерлер,

Базылғазы тасы белгісі, Тұз қала көлі, Малыбай көлі,

Бөрлі көлі, Әбубәкір хазірет медресесі орналасқан

жер, Ғибадолла Ғабдызәкірұлы жерленген жер.

Жыл сайын демеушілердің және тарихи тұлғалар

ұрпақтарының бастамасымен киелі нысандарға

абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

қатысты алып-қашпа сөздердің жиі

қылаң беріп жатқаны байқалады. Бұл

ретте бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерінен екпе алудың және

ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың

мән-маңызын талдап түсіндіруді сұраймын.

Тек жағымды жаңалықтардың жаршысы

болыңыздар, - деді Ә.Сқақов.

Кездесу барысында сөз алған

журналистика ардагері Юрий Поминов

алғашқы мақаласы осыдан тура 55 жыл

бұрын Железин аудандық газетінде

басылып шыққанын еске алды.

- Ол кезде баспахана қызметкерлері

әр әріпті қолмен теретін. Ал бүгінгі

жаһандану заманында тілшілер қауымы

әп-сәтте ақпаратты күллі әлемге жеткізе

алады. Журналист мықты маман болу

үшін шындықты ғана жазып, басқа

адамдарды тыңдай біліп, ешкімге зиян

келтірмеуі керек. Осы қағидаларды

берік ұстанасыздар деген сенімдемін, -

деді Ю.Поминов.

Ал «Ақбеттау» журналының редакторы

Сайлау Байбосын бұқаралық

ақпарат қызметі өкілдеріне үнемі

қолдау көрсететін жергілікті билікке

ризашылығын білдірді.

Салтанатты жиын барысында аймақ

басшысы Әбілқайыр Сқақов журналистика

саласының бір топ өкіліне түрлі марапатты

табыстады. Құрметке бөленгендердің

қатарында әріптестеріміз де бар. Облыстық

«Saryarqa samaly» газетінің тілшісі Оралхан

Қожанов облыс әкімінің грантымен,

шолушы Құндыз Қабылденова Алғыс

хатпен, беттеуші Нұрбек Кожиков Құрмет

грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық ақпарат

және қоғамдық даму

басқармасы басшысы Азамат

Байтенов облыстың бірқатар

журналисіне ҚР Ақпарат және

қоғамдық даму министрі Аида

Балаеваның Құрмет грамотасын

табыс етті. Бір топ тілші облыс

әкімінің Құрмет грамотасын,

Алғыс хаты мен Қазақстан Журналистер

Одағының марапатын

иеленді.

Әріптестерімізді төл мерекемен

құттықтай отырып, шығармашылық

табыс, сарқылмас шабыт тілейміз.

***

БАҚ қызметкерлерінің күніне

орай, облыстық «Saryarqa samaly»

газетінің ұжымы бірқатар марапатқа

ие болды. Түрлі тақырыпта қалам

тербейтін журналистер қауымы салалар

бойынша өңірлік ұйым-мекемелердің

атынан Алғыс хатпен және грамотамен

марапатталды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

басылымға «Халық газеті» номинациясында

арнайы диплом тапсырып,

сый-сыяпат көрсетті.

Кәсіби мерекеде Павлодар қаласының

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі мен

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

облыстық филиалының

басшылығы, Павлодар педагогикалық

университеті редакция ұжымына Алғыс

хат жолдады.

Басылым тілшісі Оралхан Қожанов

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

басшысының Алғыс хатына, Май ауданы

әкімінің марапатына ие болды. Журналист

Тлеуберді Сахаба облыстық білім беру

басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Шолушы Айдана Қуанышева

облыстық полиция департаментінің

грамотасына, облыстық соттың,

әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Павлодар облысы бойынша

филиалының Алғыс хаттарына ие

болды. Сондай-ақ, шолушы Құндыз

Қабылденоваға облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық даму

басқармасы мен облыс әкімдігі баспасөз

қызметінің өңірлік мемлекеттік кірістер

департаментінің марапат қағаздары

табыс етілді.

Бұдан басқа бірқатар әріптесімізге

облыстық білім беру басқармасы,

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің

ұжымы құрмет көрсетті. Әріптестерімізді

кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Жазар таусылмасын!

Өз тілшіміз.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл 3

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ

Қайдасың, инвестор?

ТҮЙТКІЛ

Кезекті ұзақ

күте ме?

Инвестор табу, инвестиция

тарту – оңай

шаруа емес. Қиын

болмаса, қаржының

жоқтығынан

жобалар жолда

қалмас еді. Түптеп

келгенде, инвестиция

тарту арқылы

жаңа жұмыс

орындарының

құрылуына жол

ашылмақ. Содан

болар, аймағымызда

бұл бағыттағы

шаралар жүйелі

қолға алынуда. Әр

жоба – назарда.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Біздерде

мынадай бар,

мынадай бар...

Облыстық мәслихаттың азаматтардың

құқықтары мен заңды мүдделерін

қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссиясының отырысында

инвестиция тарту мәселесі

сөз болды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму басқармасының

басшысы Айбек Тұрсынғалиевтың

мәліметінше, былтыр аймағымызға

құйылған инвестиция көлемі 485,9

млрд теңгені құраған. Биылғы меже –

600 млрд теңге. Қазіргі пандемия

жағдайын ескерсек, «көрпеңе қарай

көсіл» деген мақал еріксіз еске түседі

екен. Бірақ, А.Тұрсынғалиев жоспардың

толығымен орындалатынына сенімді.

Қазір тізімде 174 жоба тіркелген.

Ешқайсысыңда проблема жоқ. Әзірге

жыл басынан бері жалпы құны 111

млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске

қосылған.

- Инвестиция тарту бойынша

кешенді жоспар құрылды. Тіпті, арнайы

инвестициялық штаб та өз жұмысын

бастады. Жыл сайын қаржыны тартудың

түрлі тетіктерін қарастырып жатырмыз.

ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы

шетелдік инвесторлармен бетпе-бет

кездесіп, оларға тиімді жобаларды ұсындық.

Бұған дейін аймағымызда еңбектеніп

келген инвесторлар өзге шетелдік

әріптестерін тартуда. Қолдау күткен

жобалар көп. Мәселен, өңірімізде

алюминийден жасалған құты шығаруға

болады. Оған шикізат жеткілікті. Өкінішке

қарай, аталған өнім Ресейден тасымалданып

жүр. Осы сияқты жобаларды

қаржыландыру үшін инвестиция тарту

жұмыстарын жеделдеткен абзал, -

дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Белгілі болғандай, ірі жобалардың

басым бөлігі индустриялық бағытта

екен. Ауыл шаруашылығы саласында да

қуатты өндірістер жетерлік. Облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының

орынбасары Сәуле Шүкірованың

айтуынша, 2021-2025 жылдарға

арналған агроөнеркәсіп кешенін

дамыту жоспарына сәйкес, арнайы жол

картасы әзірленіп, 237 млрд теңгенің

52 жобасы енгізіліпті.

- Биыл 27 млрд теңгеге

31 инвестжобаны іске қосу көзделген. Атап

айтсақ, 3,5 мың басқа арналған 6 сүт-тауарлы

фермасы, 2,4 мың басқа арналған

4 бордақылау алаңы, ауыл шаруашылығы

өнімдерін қайта өңдеу бойынша 3 жоба,

6 көкөніс сақтау қоймасы, суармалы

алқапты дамыту бойынша

11 жоба іске қосылады. Қазірдің

өзінде 6 жоба сәтті аяқталды. Барлық

жобаларды жүзеге асыру арқылы

АӨК жалпы өнімін 90 млрд теңгеге,

2025 жылға қарай тамақ өнімдерін

өндіруді 43 млрд теңгеге ұлғайтуға

мүмкіндік бар. жаңадан 5 мыңға

жуық тұрақты жұмыс орындары

құрылады деп күтілуде. Жалпы, облыс

экономикасының 15 пайыздық үлесін

агроөнеркәсіп кешені құрайды, - дейді

С.Шүкірова.

Ай сайын жаңа

«ұнтақ»

Тұрақты комиссияның отырысында

талқыланған екінші мәселе – жасөспірімдер

арасындағы заң бұзушылықтың алдын

алу жұмыстары. Облыстық полиция

басқармасы бастығының бірінші

орынбасары Жасқайрат Қайыровтың

мәліметінше, соңғы 5 жылда жасөспірімдер

арасындағы қылмыс біршама

азайған.

- 2015 жылы кәмелетке толмаған

балалардың қатысуымен 157 қылмыс

тіркелсе, былтыр 3,5 пайызға азайып,

45 факт анықталды. Бұл – еліміз бойынша

үздік көрсеткіштердің бірі. Биыл да

қылмыстың азайғаны байқалады. Мұның

бәрі алдын алу шараларының жемісі деп

есептейміз. Десе де, бүгінде жастар

арасында есірткіге ұқсас ұнтақ затқа

қызығушылық арта түскенін атап өткен

жөн. Әттеген-айы сол, қан арқылы

ұнтақты анықтау мүмкін емес. Тіпті, ай

сайын жаңа заттар шығып жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін мектеп ұжымы

да атсалысқаны абзал. Әйтпесе, бар

мәселені тек құқық қорғау органдарына

тіреп қоятынымыз жасырын емес, - дейді

Ж.Қайыров.

Облыстық мәслихаттың депутаты

Серік Сәдуақасов әлі күнге дейін үй

ғимараттарында есірткіге ұқсас затты

жарнамалау тыйылмағанын айтады.

Сол себепті, тәртіп сақшылары тиісті

жұмыстарды күшейткені абзал. Өзгелерге

үлгі болатындай жазалау шараларын енгізу

мәселесі де айтылды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Серік

Жартыбаевтың айтуынша, бұрындары әр

білім ордасында бір учаскелік инспектордан

болған. Қазір «екі үйге – бір көсеудің»

кебі. Колледждер мүлдем бақылаусыз

қалған. Жасқайрат Қайыров шынымен

де учаскелік инспекторларды қысқарту

жұмыстары жүргізілгенін айтты. Алдағы

уақытта қала арнайы аудандарға бөлінбек.

Учаскелік полицей өзіне жауапты аудандағы

білім ордалардың жағдайын назарға

алмақ. Бір ауданда 5-6 мектеп тіркеліп,

жүктеме артса, қосымша мамандар

тартылады.

Білім беру мекемелеріне бейнебақылау

камераларын орнату маңызды.

Кейбір мектептер әлі күнге дейін

қондырғылармен толық қамтылмаған.

Үлгі ретінде Железин ауданын айтуға

болады. Ондағы мектептердің барлығы

планшет арқылы бақылаудың жаңа жүйесіне

көшкен. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы

уақытта өзге аудандарда да жалғасын

таппақ.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында

технология тілін

меңгермеген егде жастағы

адамдарға, зейнеткерлерге,

көпбалалы аналарға, мүгедектерге

қажетті қызмет кезексіз

көрсетіледі.

Бұл санатқа жатпайтын тұрғындар қажет

анықтаманы алу үшін белгілі бір күнге бронь

жасауы тиіс. Павлодар қаласының тұрғыны,

Рәзия есімді зейнеткер ХҚО-ға барғанда

кезекте ұзақ отырғанын айтып, редакциямызға

хабарласты.

Айтуынша, алдын ала кезегін броньдап қойған

адамдарға қызмет уақытылы көрсетіледі. Ал

өздігінен жазыла алмаған қариялар оператордың

босағанын ұзақ күтуге мәжбүр. Операторлар

әр 15 минут сайын кезекке жазылған адамдарды

қабылдайды.

- Жеке куәлігімнің уақыты бір айдан кейін

бітеді екен. Соны ауыстыру үшін өтініш жазуға

барып едім. Өкініштісі, кезегімді ұзақ күттім.

Мамандар алдын ала жазылған жастарды

бірінен соң бірін қабылдады. Зейнеткерлер

белгілі бір уақытқа өздігінен жазыла алмайды.

Себебі интернет тілін білмейміз. Сондықтан

күтуге тура келді, - дейді ол.

Аталмыш мәселе бойынша «Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

облыстық филиалына хабарласқан болатынбыз.

Мекеменің баспасөз қызметкері Мейрамгүл

Әбдірахманованың айтуынша, ХҚО-да зейнеткерлер,

мүмкіндігі шектеулі жандар және көп

балалы отбасылар кезексіз қызметті ала алады.

Олар үшін жеке ұяшық ашылған. Аталған

санаттағы адамдар қажетті қызметті еш

кедергісіз ала алады.

- Жеңілдік санатына жататын адамдарға

бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. Олар кезекті

ұзақ күтпейді. Өйткені олар үшін арнайы терезе

жұмыс істейді. Әр адамға 15 минут қызмет

көрсетіледі. Зейнеткерлер ХҚО-ға келгенде

талон алады. Олардың алдында мүмкіндігі

шектеулі жандар, көпбалалы аналар кезекте

болуы мүмкін. Жеңілдік санатына жататын

адамдар бір-бірін күтуі тиіс. Ал бронь жасаған

адамдардың кезегі бұл қатарға енбейді. Жеңілдік

санатына жататындарды бос отырған кез

келген оператор да қабылдайтынын айтқым

келеді. Бәлкім, хабарласқан зейнеткер кезегін

шатастырып алған болар, Мұндай адамдармен

мәселе ешқашан туындаған емес, - дейді

Мейрамгүл Әбдірахманова.

САҚ БОЛ!

3 адам суға

кетті

Павлодар облысында жаз

мезгілінде 3 адам суға кетті.

Қайғылы оқиғалардың бәрі

Екібастұз қаласында орын

алды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше

жағдайлар департаменті басшысының орынбасары

Алексей Двинянин айтты.

- Алдымен Екібастұз қаласында 2 жасөспірім

суға кеткен болатын. 20 маусым күні аталмыш

шаһарда су қоймасы маңында спирттік ішімдік

ішкен адамның денесі табылды. Өткен жылы

7 адамның ажалы судан болған еді, - деді

А.Двинянин.

Атап өтерлігі, өңірде суға кеткен үш бала

құтқарылды. Солнечный кентінің тұрғыны

Денис Леонтьев екі баланы өлім аузынан

алып қалса, Тереңкөл ауданында төтенше

жағдайлар қызметкері жас жеткіншекті судан

шығарды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы

Усолка өзенінде аударылған қайықтың жолаушылары

құтқарылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап

су айдындарында спирттік ішімдік ішкен

10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы 23 адам рұқсат етілмеген орында

шомылғаны үшін жазаланды. Бүгінде өңірде

15 жағажайдың қызметіне рұқсат берілген.

Оның ішінде Павлодар қаласындағы орталық

жағажай мен Усолка өзені бар.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


4 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАСПАНА

Металлургтердің қоныс тойы

Ақсу қаласында тұрғындар кезекті рет қоныс тойын атап өтуде. Бұл

ретте өнеркәсіп орындары айрықша үлес қосып жатқанын айту керек.

Жуырда жергілікті ферроқорытпа зауытының 42 қызметкері көптен

күткен баспаналарына қол жеткізді. Зауыттықтарға ерекше тосынсыйды

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазхром» ТҰК АҚ филиалының

жетекшілері ұйымдастырды.

Бес қабатты ғимарат ERG

тұрғын үй бағдарламасы аясында,

қаланың келешегі зор аудандарының

бірінде бой көтерген.

Жанында Еуразиялық Топ пен

Павлодар облысының әкімдігі

арасындағы өзара ынтымақтастық

меморандумына сәйкес салынған

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы

спорт сарайы мен спорт алаңдары,

өзге де нысандар орналасқан.

Жаңа үйдің пәтерлері бір, екі және

үш бөлмелі. Олардың барлығы

талапқа сай әрленіп, дайын күйінде

үй иесіне тапсырылады. Жаңа

құрылыс өткен жылдың соңында

тапсыруға дайын болған еді, әйтсе

де, коммуникацияны тартуда

қиындықтар туындап, кілт беру

рәсімі кідіріп қалды. Ал қазір

барлық қажетті жұмыс аяқталған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

бөлімі аумақты абаттандыруға

кірісіп те кетті.

«Қазхром» ТҰК» АҚ корпоративтік

коммуникация қызметі

хабарлағандай, пәтер кілтін алғандар

арасында жоғары білікті

мамандар мен тапшы мамандықтардың

өкілдері, өндірістің жас

жұмысшылары бар.

– Кәсіпорынға жұмысқа орналасқан

бойда бірден баспана

кезегіне тұрдым. Себебі, басқалай

үй алудың амалы болмады. Он

жыл бойы пәтер жалдап келдім.

Бүгінде қолымда өз үйімнің кілті

тұр, - деп шексіз қуанышымен

бөлісті металлургиялық жабдықтарды

жөндеу цехының шебері Руслан

Шандақбаев.

Айта кетерлігі, пәтерлер кілті

металлургтерге жұмыс орындарында

табысталған. Дәл сол күні

пеш жанында, ауысымда жүрген

№2 цехтың балқытушысы Дәурен

Сейсембаев басшылықтың кілтті

әкеліп тапсыруы ерекше тосынсый

болғанын айтады.

- Менің үш балам бар. Енді

кең үйімізде әркімнің өз бөлмесі

болады. Мөлтек аудан да өте

ыңғайлы, мектеп те жақын,

балабақша мен аурухана да тиіп

тұр. Ал ең бастысы, несие жағдайы

отбасылық бюджетімізге қиынға

соқпайды, дейді металлург.

Ақсу ферроқорытпа зауытының

қызметкерлері пәтерді ERG

үшін «Отбасы банкі» АҚ арнайы

әзірленген бірегей несиелеу

бағдарламасы бойынша төмен

пайыздық мөлшерлемемен ұлттық

валютада, келешекте сатып алу

құқығымен 20 жылға дейінгі

мерзімге жалға алды. Бұл үшін

алғашқы жарна да қажет емес.

– Біздің кәсіпорын үшін адамдар

- бәрінен де маңызды басты

құндылық. Сондықтан біздің қызметкерлердің

лайықты жағдайда

өмір сүруі маңызды, - деді Ақсу

ферроқорытпа зауытының директоры

Валентин Чихичин. – Ал баспана -

әсіресе жастар үшін өзекті

мәселелердің бірі. Еуразиялық

Топтың басшылығы мұны жақсы

түсінеді. Сол себепті компания

ауқымды тұрғын үй бағдарламасын

жүзеге асыруда.

Бұл – ферроқорытпа зауытының

жұмысшыларына арнап салынған

бесінші үй. Осылайша, 2009 жылдан

бері 260-тан аса қызметкер пәтер

кілттеріне ие болды. Бұдан бөлек,

тағы 50 пәтерлік тұрғын үй

тапсырылуға дайындалып жатыр.

Өз тілшіміз.

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Ескерткіш те керек, саябақ та қажет!

Баянауыл ауданы орталығында батыр бабаларымыз

Олжабай мен Жасыбайға арналған ескерткіш

кешенін салу мәселесі өткен жылы талқыланып,

жай-жапсары БАҚ-та жарияланған.

Ескерткіш қоладан құйылады.

Тұғырымен есептегенде, биіктігі

26,5 метрді құрайды. Айналасына

аумағы 2,6 гектардан тұратын

мәдени демалыс саябағы салынбақ.

Онда 564 түп ағаш отырғызылып,

678 шаршы метр гүлзар егіледі,

жаяу жүргіншілерге арналған

2596 шаршы метр жолақ төселеді.

108 дана саябақ шамы, жүзден

астам орындық орнатылады.

Балаларға арналған ойын алаңдары

мен жастардың воркаут алаңын салу

ісі де қолға алынбақ. Саябақ демалушыларына

арналған көлік тұрағы

ұйымдастырылады. Жоба аясында

дәмхана, тіпті қоғамдық дәретхана

құрылысы да қарастырылған.

Бұдан бір сұрақ туындайды:

бұрын-соңды біздің облыс

аумағында қолға алынбаған

мұндай ғажайып ескерткіш пен

ауқымды мәдени демалыс саябағы

Баянауылға орнатылуы керек пе

әлде қажеттілігі жоқ па? Әрине,

керек!

Павлодар қаласына алысжақыннан

келген туристердің,

мәртебелі меймандардың,

қарапайым жолаушылардың бір

мақсаты – ұлылардың мекені

Баянауылға барып, көрнекі орындарын

тамашалау, табиғат аясында

демалу. Барлығының әуелі ат басын

тірейтін жері – аудан орталығы.

Онда әйгілі жерлесіміз, актер,

режиссер Шәкен Аймановтың

мүсіні мен академик Қ.Сәтбаев

мемориалдық музейінен басқа

қонақтарға ұялмай көрсететіндей

нендей мәдени нысан бар?..

Ендеше орталықта Олжабай мен

Жасыбай батырларға ескерткіш

орнатылып, айналасына саябақ

салынса несі сөкет?..

Саябаққа бөлінген аумақ аудан

орталығына кіреберістегі жеке

тұрғын үй мен ғимарат құрылысын

салуға қолайсыз болғандықтан

пайдаланылмай бос жатқан сазды

жер екен. Егер бұл орын аудан

орталығын көркейту, абаттандыру

мақсатында пайдаланылса, аттылы

да, жаяу да, кәрі де, бала да,

дені сау да, мүгедек те бара

алатын көпшілікке қолжетімді

мәдени демалыс орнына айналатынын

пайымдаймыз. Ал екі

батырдың мүсіні келімді-кетімді

кісілер эстетикалық ләззат алатын

көркемөнер туындысы ғана емес,

балалар мен жасөспірімдерді

мемлекетшілдік, отаншылдық

сезімдерге тәрбиелейтін, оларға

рухани күш-қуат беретін саясиидеологиялық

мәні зор нысанға

айналатыны күмәнсыз жайт. Егер

ескерткіш ауыл сыртындағы бір

төбенің басына орнатылса, ол жерге

жұртшылықтың бәрі бірдей бара

алмайды. Немесе ескерткіш Ақбет

тау асуындағы бұралаң жолға я

Жасыбай көлі жағасына салынса,

көзделген мақсатқа жетуіміз

неғайбыл. Өйткені, алты ай қыс

бойы ауыл мен көл арасындағы

жол қатынасы жабық тұрады.

Айтпақшы, «Олжабай батырды

қоя тұрып, Жасыбай батырға ғана

мүсін орнату керек» деген пікірді де

оқыдық. Автордың жазбасынан ойға

түйгеніміз, Он сан Орта жүзге ұран

болған Ер Олжабайдың ескерткішін

өзі басқыншы жаумен соғысқан

Баянауылда салу дұрыс емес

екен, батыр жерленген қорымға

белгітастар орнатса жеткілікті

көрінеді... Осы пікірге аз-кем

тоқталайық.

Ақмола облысы Ерейментау

ауданының Олжабай (бұрынғы

Благодатное) ауылы маңындағы

қорымға ескерткіш кешенін салу

ісіне өзге біреулер емес, өзіміздің

Кереку-Баянауыл өңірінің азаматтары

ұйытқы болып отыр. Алла

қаласа, осы 2021 жылдың тамыз

айында құрылыс аяқталып, кешеннің

ашылу рәсімі өткізіледі. Егер анау

айтқандай бұл іске Баянауыл ауданы

әкімдігі араласып, аудан бюджетінен

қаржы бөлсе я демеушілерді

тартса, шу көтеретіндер тасадан

шыға келеді! «Аудандағы тозған

жолдарды, су құбырларын, кәріз

жүйелерін жөндемей, өзге облыс

аумағындағы мәдени нысанға қаржы

құйғаны несі?!» – деп, әкімқараларды

жерден алып, жерге

салып ғайбаттайтындар іле атқа

қонып, арыз-шағымдарын қардай

боратады!

Әйтсе де, Павлодарда Алаш

қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың,

қолбасшы батырлар Малайсары

мен Баянның мүсіндері

орнатыларда: «Бұл істеріңді

дереу доғарып, әуелі марқұмдар

жерленген қорымдарға белгітас

орнатыңдар!» – деп ақылгөйсіген

біреу бой көрсетті ме?.. Ендеше

неге Олжабай мен Жасыбай

батырлардың ескерткіштеріне

келгенде қырық түрлі сылтау

айтып, қарсы пікір білдірушілер

шыға береді? Бұлардың айтқанына

сенсек, біз бұрын бақ-дәулетіміз

тасып, аузымыздан ақ май ағып

отырған заманда өмір сүрген

екенбіз, қазір ит мініп, ирек

қамшылап жүрген сияқтымыз... Әкімқаралар

жұмысшылардың айлық

еңбекақысына, зейнеткерлердің

зейнетақысына, жетім-жесірлердің

жәрдемақысына көз сатып отырған

тәрізденеді... Демеуші мырзалар

қарнының қамын ғана ойлайтын,

өз құлқынының құлы сықылды...

«Мәдени мұра» мемлекеттік

бағдарламасы шеңберіндегі мәдени

іс-шараларды үзілді-кесілді тоқтатып,

оған қарастырылған қаржыны

әлеуметтік саладағы проблемаларды

шешуге жұмсауды талап

еткендер де бой көрсетті. «Нұрлы

жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары

соншалық өзекті десек те, мәдениет

саласына қарастырылған қаржы

есебінен жүргізілуге тиісті емес.

Әуелі мәдениетімізді көтеруге көңіл

бөлгеніміз абзал. Мәдениетсіздік

белең алған жерде көргенсіздік,

ұятсыздық, рушылдық: бәрі-бәрі

қатар жүреді!

Енді қаржыландыру мәселесіне

келейік. Қалың қолды бастап

Баянауыл өңірін басқыншы жаудан

босатқан қаһарман қолбасшы мен

қазақтың ұлт-азаттық соғысында

қаза тапқан қас батырға алтыннан

мүсін соқса да артық емес! Мұндай

сөзді ашынған соң айтамыз ғой,

әйтпесе ұйымдастыру тобы

мен демеушілер алқасы облыс

аумағында теңдесі жоқ ауқымды

жобаны жүзеге асыру мақсатына

1,5 млрд теңге мөлшеріндегі

қаржы көзін таба алса, ризашылық

сезімімізді білдіргеннен басқа не

дейміз?.. Соңғы айларда құрылыс

материалдарының бағасы күрт

қымбаттады, бұл сома үлкен

жобаны жүзеге асыруға жетсе

жарар еді.

Сөзімізді қорытындылайық.

Осы жылдың сәуір айының

бас кезінде еліміздің танымал

тұлғалары: Оспанов Х.Қ., ҚР ҰҒА-ның

құрметті академигі, ҚазССР-ның

еңбек сіңірген өнертапқышы,

химия ғылымдарының докторы,

2011 жылғы Нобель сыйлығының

номинанты, платиналы Тарлан

сыйлығының иегері; Әшімов

А.Ә., Қазақстан Республикасының

Еңбек ері, актер, кино және театр

режиссері, ССРО-ның, ҚССР-інің

халық әртісі, ССРО мемлекеттік

сыйлығының лауреаты, «Отан»

орденінің иегері; Әуезов М.М.,

мәдениеттанушы ғалым, дипломат,

мемлекет және қоғам қайраткері,

филология ғылымдарының кандидаты;

Шөкин Қ.Ш., физика-математика

ғылымдарының докторы,

АҚШ, Нью-Йорк Академиясының

академигі; Әбусейітова М.Қ., ҚР

ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,

тарих ғылымдарының докторы;

Негимов С.Н., Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, филология

ғылымдарының докторы, ЕҰУ

профессоры; Марғұлан Д.Ә., Әлкей

Марғұлан атындағы қоғамдық

қордың вице-президенті, химия

ғылымдарының кандидаты, Әлкей

Марғұланның қызы; Шанина Ж.Қ.,

қоғам қайраткері, педагог, Жұмат

Шаниннің немересі; Қонаев Д.А.,

«Әуезов үйі» ғылыми орталығының

директоры, сондай-ақ өзге де

танымал тұлғалар, Баянауыл

ауданының Құрметті азаматтары,

қоғам белсенділері Павлодар

облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов

мырзаның атына ресми хат жолдаған

еді. Хатта Олжабай мен Жасыбай

батырлардың құрметіне Баянауылда

кешенді ескерткіш орнату,

облыс орталығында Олжабай

Толыбайұлына жеке ескерткіш

орнатып, есімін көше атауына

беру жөнінде ұсыныстар айтылған.

Бұл үш ұсыныстың бірі орындалды

десек те болады. Павлодардағы

Мир көшесіне Олжабай батырдың

атын беру жөніндегі мәселені

қалалық мәслихат депутаттары

бірауыздан қолдап, қабылданған

шешімді республикалық ономастикалық

комиссияның қарауына

жіберді. Қалған екі ұсыныс

та оң шешімін табады деген

ойдамыз.

Арман ҚАНИ,

ақын, халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының лауреаты,

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, Павлодар

қаласының, Баянауыл, Май

аудандарының Құрметті

азаматы.


SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ

29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл 5

- Сабыржан Айтқазыұлы,

аптап ыстықта жұртшылықтың

дені жағажайларды жағалайды.

Өкініштісі, жыл сайын балалардың

суға кеткенін естиміз. Бұл

жағдайға не себеп?

- Жасөспірімдердің қатысуымен

орын алатын қайғылы жағдайға

көп ретте ата-аналар кінәлі. Ауыр

болса да ақиқат осы. Себебі

суға кеткен балалардың бәрі

ересектердің қарауынсыз жүрген.

Ата-ананың бақылауынсыз жүрген

ұл-қыздар рұқсат етілмеген орындарда

шомылады. Тағы бір басты

себеп - балалар суда малтуды

білмейді. Құтқарушылар жыл сайын

тұрғындар арасында қауіпсіздік

ережесін түсіндіріп, жағажайларды

аралап, жадынамалар таратады.

Бұқаралық ақпарат құралдары

арқылы да сақтық шараларын

ескертіп келеміз. Павлодар

қалалық білім беру басқармасы,

жергілікті полиция қызметі,

еріктілермен тығыз жұмыс істеп,

рейдтік шараларды да ұйымдастырамыз.

Жүйелі жұмыстарға

қарамастан, ескертпелерге

құлақ аспайтын тұрғындар бар.

Салғырттықтың соңы қайғылы

жағдайға әкеледі. Биыл Екібастұз

қаласында жасөспірімдердің суға

кетуіне олардың рұқсат етілмеген

орында шомылуы, ересектердің

бақылауынсыз жүруі себеп.

- Рейдтік шара кезінде

көбіне қандай фактілерді

кездестіресіздер?

- Үлкендердің қарауынсыз,

жалғыз жүрген балаларды жиі

анықтаймыз. Ата-анасын шақыртып,

түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Кейде ата-аналар жанындағы

балаларына ие бола алмай

қалатын жағдайлар да болады.

Жағажайда демалып, ұл-қызының

суда шомылып жүргенін немесе

ойнап кеткенін білмей қалады. Бұл

салғырттық та қайғылы оқиғаларға

әкелуі мүмкін. Көп жағдайда атааналар

жағажайда ішімдік ішіп,

балаларын бақылай алмай қалып

жатады. Осындай фактілердің

орын алуына жол бермейміз. Бұл

әрекеттері үшін жергілікті полиция

қызметінің мамандары хаттама

толтырып, әкімшілік жауапкершілікке

тартады.

- Жоғарыда жасөспірімдердің

суға кетуіне олардың

малти алмауы себеп екенін

айттыңыз. Бұл мәселені қалай

шешуге болады?

- Жасөспірімдердің бастауыш

сыныпта оқып жүрген кезінде

суда малтуды білгені дұрыс. Бала

кішкентай кезінде тез үйренеді.

Оқушылардың суда малти алмауына

мектеп қабырғасында бассейннің

жоқтығы себеп. Осы мәселені

шешу үшін қалалық білім беру

бөліміне өтініш білдірген едік.

Балалар неге

малтып білмейді?

Облыста суға түсу маусымы басталмай жатып, екі жасөспірім тілсіз жаудың

құрбаны болды. Рұқсат етілмеген орында шомылып, суға батып кете

жаздаған 3 бала құтқарылды. Құтқарушылар мен тұрғындар көмекке

келмегенде жоғарыдағы қайғылы статистика одан да көп болар еді.

Шомылу маусымы кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын қалай алуға

болады? Аптап ыстықта су айдындарында балалар неге жапа шегеді? Осы

орайда, Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық

қорғау бөлімінің аға офицері Сабыржан Тастембековпен әңгімелескен

болатынбыз.

Мүмкіндігінше, мектеп жанындағы

лагерьлерде модульді бассейн

ашуға кеңес берудеміз. Бұл мәселе

қазір қарастырылуда. Жазғы лагерь

кезінде мектептердің көпшілігінде

бассейн жұмыс істейді деген

үміттеміз.

- Ұсыныстарыңызды қолға

алғалы жатқан мектептер бар

ма?

- Мектеп жанында ашылған

лагерьлердің барлығында модульді

бассейннің жұмыс істегені жақсы

болар еді. Қазіргі уақытта Павлодар

қалалық №17 және №25 мектептерде

осы мәселеге ерекше

көңіл бөлініп жатқанын естідік.

Болашақта жүзеге асады деген

ойдамыз.

- Өткен аптада Павлодар

қалалық №19 орта мектепте

құтқарушылар бастауыш сынып

оқушыларына арнайы сабақ

өткізген болатын. Мұндай

шара басқа мектептерде де

ұйымдастырыла ма?

- Аталған білім ошағының

әкімшілігі лагерьде жүрген балаларға

қауіпсіздік ережелерін үйрету,

түсіндіру мақсатында төтенше

жағдайлар басқармасы, полиция

басқармасы, «Қызыл жарты ай»

қоғамдық бірлестігінің еріктілерін

арнайы шақырған болатын.

Мамандар 4 кабинетке бөлініп,

балаларға суға шомылу, отты

дұрыс пайдалану, жол ережесін

сақтау, алғашқы медициналық

көмек көрсету тәсілдерін көрсетіп,

ережесін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Оқушылардың қызығушылығы да

ерекше болды. Біз оқушыларға

суға батып кеткен жағдайда қалай

көмекке шақыру, су айдындарында

нені ескеру керектігін,

құтқарушылар көмекке келгенде

қалай әрекет ету қажеттігін құралжабдықтарымызды

ортаға қойып

көрсеттік. Балалар осы тақырыпта

арнайы мультфильмді де тамашалады.

Жазғы мезгілде балалардың

бос уақыты көп болатыны белгілі.

Ата-аналардың басым көпшілігі

жұмыста жүреді. Сол себепті

жасөспірімдерге өмірге қауіп

төндіретін оқыс жағдайларға

тап болмау үшін жоғарыдағы

сабақтардың маңызы зор. Мұндай

шара барлық мектепте өткізілсе, біз

қарсы емеспіз. Керісінше, сақтық

ережелерін түсіндіруге әрдайым

әзірміз. Өз тарапымыздан мектеп

оқушыларымен қатар, колледж

студенттері арасында онлайн

форматта байланысқа шығып,

,,...- Жасөспірімдердің бастауыш сыныпта оқып жүрген

кезінде суда малтуды білгені дұрыс. Бала кішкентай кезінде

тез үйренеді. Оқушылардың суда малти алмауына мектеп

қабырғасында бассейннің жоқтығы себеп. Осы мәселені шешу үшін

қалалық білім беру бөліміне өтініш білдірген едік. Мүмкіндігінше,

мектеп жанындағы лагерьлерде модульді бассейн ашуға кеңес

берудеміз...

шомылу маусымы кезіндегі басты

талаптарды түсіндіріп келеміз.

Жағажайларда рейдтік шараларды

өткіземіз.

- Жасөспірімдердің қатысуымен

болған қайғылы жағдайлар

ауылдарда да орын алып

жатады. Өйткені елді мекендерде

қараусыз қалған, жабдықталмаған

ірілі-ұсақты су айдындары

көп. Жаз мезгілінде

жасөспірімдер аталған орындарда

өздігінен шомылуға бейім.

Бұл жағдайды кім бақылауы

тиіс?

- Ең алдымен тәрбие отбасында

қалыптасады. Ата-аналар

балаларына көңіл бөліп, әр ісін

Суға түсу маусымы

кезінде нені ескеру

керек?

- Балаларға үлкендердің

қарауынсыз суға түсуге

рұқсат бермеңіз.

- Жасөспірімдерді суға

тек арнайы күртеше мен

қолға киетін құтқару

құралдарымен жіберіңіз.

- Балалардың су астында

бір-бірін тұншықтырып ойнауына

рұқсат етпеңіз. Мұндай

ойын қайғылы жағдайға

әкеледі.

- Шомылу белгілері жоқ

жерде сүңгуге болмайды.

- Суда шомылған балаға

суық тиіп қалмағанын қадағалау

қажет. Тоңып қалса,

аяғының сіңірі тартылып

қалуы мүмкін.

Аяқ-қолы тартылған

жағдайда сасқалақтамай,

су бетінде қалып, көмекке

шақыру қажет.

- Жүзе білмесеңіз, белден

жоғары тереңдікке бармаған

дұрыс.

- Құтқару бекеті орналасқан

орындарда ғана суға

түскен абзал.

бақылап отыруы тиіс. Баласының

қайда жүргенін, кіммен дос екенінен

хабардар болуы қажет. Сонымен

қатар, мектептегі ұстаздар да

оқушыларға ненің дұрыс, ненің

бұрыс екенін үйретеді. Аудандарда

жұмыс істейтін әріптестерім

барлық елді мекендердегі

су айдындарын аралап үлгермейтіндерін

айтады. Өйткені ауылдық

жерлерде құтқарушылар да жоқ. Сол

себепті жауапкершілік ата-аналарға,

ұстаздарға жүктеледі.

- Былтыр Павлодар қаласында

су айдындарында қанша қайғылы

жағдай тіркелді?

- 2020 жылы облыс орталығында

4 адам суға кетті. Өкініштісі, оның

біреуі – бала. Қайғылы жағдайлардың

орын алуына адамдардың

рұқсат етілмеген орындарда

шомылуы себеп.

- Ата-аналар қауымына

қандай кеңес бересіз?

- Біріншіден, баласының

бос уақытын тиімді қамти білуі

керек. Өйткені ұл-қызының қайда

жүргенінен хабарсыз болатын атааналарды

жиі кездестіреміз. Атааналар

балалардың санасына суға

үлкендерсіз шомылу қауіпті екенін

жеткізе алмайды. Тіпті, өңірде

орын алған қайғылы жағдайлар

мен статистикадан да бейхабар.

Мысалы, Екібастұз қаласында

орын алған оқыс жағдай өзге

ата-аналар мен балаларға сабақ

болуы тиіс. Ата-аналар екі баланың

суға не себепті кеткенін өз балаларына

түсіндіруі керек. Оларға

мұндай жағдайға тап болмас үшін

су айдындарына ересектермен

бірге бару керектігін ұқтыра алуы

қажет. Тек ресми түрде ашылған

жағажайларда ғана демалған

дұрыс екенін де түсіндіру керек.

Орын алған фактіні естіген бала

бойын мұндай әрекеттен аулақ

ұстайтыны сөзсіз.

Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


6 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл ҚҰҚЫҚ

SARYARQA SAMALY

Медиацияның

артықшылығы көп

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Кез келген салада

даулы жағдай

туындаған жағдайда,

оның ішінде

еңбек қатынастары

саласын қоса

алғанда, даудамайды

сот инстанцияларына

жүгінбей

тез арада шешу 2011

жылғы 28 қаңтардан

бастап «Медиация

туралы»

Қазақстан Республикасы

Заңының

қабылдануымен

мүмкін болды.

Жанжалдарға қатысушылар

медиацияның артықшылықтары

туралы біліп, оны сотқа дейін реттеу

үшін 2011 жылғы 5 тамыздан, Заң

күшіне енген күннен бастап қолдана

бастады.

Медиацияның негізінде тараптардың

ерікті қатысуы мен тең

құқылығы, өзара құрмет, бейтарап

медиатордың қатысуымен әрбір

тараптың мүдделерін қорғау мен

қанағаттандырудың ашықтығына

негізделген шешімдерді әзірлеу

және қабылдау еркіндігі жатыр.

Дауды реттеудің баламалы

тәсілі ретінде медиацияның

бірегей тетігіне көз жеткізе

отырып, жанжалға қатысушылар

сот талқылауымен салыстырғанда

оның артықшылықтарына көз жеткізе

бастады.

Медиацияның дауларды сотқа

дейін реттеу процесі ретінде

көптеген артықшылықтары бар.

Өйткені бұл процесте тараптардың

өздері ерікті түрде орындайтын

шешімді әзірлейді, келіссөздердің

алгоритмін, бейтарап медиатордың

қатысуымен кездесулердің жиілігін

және бірыңғай шешімді әзірлеу

рәсімін анықтайды.

Бұл ретте әрбір қатысушы

келіссөздер барысында тараптар мен

медиаторға белгілі болған ақпаратты

олардың келісімінсіз құпиялылыққа

және жария етуге тыйым салуға

кепілдік берілген Медиация туралы

Заңмен қорғалғанын біледі.

Медиативтік рәсімдер дауласушы

жандардың уақытын және сот

шығындарын төлеуге жұмсалатын

шығындарды үнемдейді, ұзақ сот

талқылауынан құтылуға мүмкіндік

береді.

Еңбек дауын медиация арқылы

шешу ұсынысының өзі сот талқылауымен

салыстырғанда медиация

рәсімінің айрықша артықшылықтарына

негізделеді:

1) медиация рәсімі жария емес,

құпия;

2) Медиация туралы келісімнің

мазмұнына дау айтылатын мәселелерден

ерекшеленетін өзге де

мәселелерді енгізуге болады;

3)адвокатқа (заңгерге) сыйақы

төлеу бойынша шығыстар үнемделеді;

4) медиация рәсімінің уақыты мен

тәртібі бойынша қатаң регламенттелуі

болмаса; ол екі тараппен немесе

жеке-жеке әрбір тараппен ұзақ

және бірнеше рет жүргізілуі мүмкін.

5) дауды қарау бойынша жүгіну

мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады;

6) нәтижесінде жанжал тараптардың

қарым-қатынасы сақтала

отырып шешіледі.

Кәсіподақтардың еңбек дауларын

сотқа дейін шешуге қатысу құқығы

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан

Республикасының Заңында «Медиация

туралы» Заңның қабылдануымен

бекітілді. Осы Заңның 16-бабына

сәйкес кәсіподақтарда медиация

жүргізу кезінде өз мүшелерінің

мүдделері үшін әрекет етуге, еңбек

дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға

қосымша құқық пайда болды.

Кәсіподақтардың транспаренттілігі,

ашықтығы мен айқындығы,

қызметкерлердің қорғау ретіндегі

құқықтары бұзылған жағдайда

Қызметтің негіз қалаушы қағидаттарын

орындау оларға еңбек дауларын

сотқа дейін шешу үшін

медиативтік көмек тетігін неғұрлым

толық және қолжетімді жүзеге

асыруға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының әрбір

облыс орталығында «татуластыру

орталықтарын» ашу 2018 жылғы

19 наурызда Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының сотқа дейінгі

және соттан тыс тәртіппен еңбек

дауларын реттеудің артықшылықтарын

насихаттау және түсіндіру жөніндегі

басым жобасын (соттан тыс

татуластыру орталығы) орындау

мақсатында еңбек ұжымдарындағы

қақтығысты азайту үшін Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Соты мен

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар

Федерациясы арасындағы өзара

ынтымақтастық туралы Меморандумға

қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.

2018 жылғы 29 наурызда Павлодар

облыстық соты мен «Павлодар

облысының Кәсіподақ орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

арасында дауларды сотқа дейін

қарауды көздейтін ынтымақтастық

туралы меморандумға қол қойылды.

Павлодар облысының аумақтық

кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі

әлеуметтік әріптестікте

қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың

өкілетті өкілі бола отырып,

кәсіподаққа мүшелікке қарамастан,

өңірдің барлық азаматтары үшін

заң көмегін, бейбіт келіссөздер мен

медиация рәсімін тегін көрсетеді.

COVID-19 пандемиясынан туындаған

дағдарыстық және дағдарыстан

кейінгі кезеңнің ерекшеліктеріне

байланысты Павлодар облысы

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің

Татуластыру Орталығы штаттық

режимде жұмыс істей отырып,

87088614656 (қоңыраулар және

WhastApp) жедел желісі бойынша

облыс азаматтарына тәулік бойы

қосымша кеңес беруді ұйымдастырды,

оған өңірдің кез келген азаматы

білікті заң көмегін алуға құқылы.

Еңбек жанжалдарын медиация

рәсімі арқылы шешудің бірегей

мүмкіндігін бастауыш кәсіподақ

ұйымдары қолдады.

Сонымен бір мезгілде кәсіподақтар

кәсіпорындарда еңбек дауларын

медиация рәсіміне жүгіну жолымен

шешу туралы шарттарды Еңбек

және ұжымдық шарттарда бекітудің

бастамашылары болды.

Кәсіподақтардың татуластыру

орталығы жұмысының негізгі бағыты

медиация рәсімін жүргізу арқылы еңбек

дауларын шешу болып табылады.

Әсіресе, кәсіподақ қоғамдық

бірлестіктері құрылмаған және келісу

комиссиясы жоқ шағын және орта

кәсіпкерлік кәсіпорындарында өз

жұмысын атқарған қызметкерлер

бұған мұқтаж. Көбінесе біздің

орталыққа еңбек қатынастары

ресімделмеген және оларға еңбегі

үшін жалақы төленбеген қызметкерлер

жүгінеді. Еңбек қатынастарының

егжей-тегжейін қарастырған кезде

ғана қызметкерлер жазбаша еңбек

шартының болмауының заңды

салдары туралы түсіне бастайды.

Пандемия кезеңінде қолданыстағы

заңнамаға өзгерістерді жедел

қабылдау нәтижесінде дауларды

бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін

нормативтік-құқықтық реттеу ҚР

Азаматтық-процестік кодексі бойынша

адвокаттардың қатысуымен ғана

емес, заңгерлердің қатысуымен

де партисипативтік келісім жасасу

мүмкіндігімен толықтырылды;

мемлекеттік еңбек инспекторының

актілері Қазақстан Республикасының

Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру

нәтижелері бойынша жұмыс берушінің

жалақы төлеуі туралы нұсқама шығару

мүмкіндігімен толықтырылды.

Павлодар облысының аумақтық

кәсіподақтар бірлестігі жанындағы

татуластыру орталығы жұмысының

тиімділігі статистикалық тұрғыдан

расталады.

Кәсіподақтарды татуластыру

орталығында жұмыс істеген үш жыл

ішінде 3263 адам құқықтық көмек

сұрап кеңес алды, сотқа жүгінбей

медиатордың қатысуымен Медиация

туралы 710 келісім жасалды.

Татуласу орталығына жүгінудің

типтік негіздері жалақы төлемеу,

жұмыс берушінің бұйрықтарына

қарсы тұру, жұмысқа қайта орналасу,

материалдық залалды өндіріп алу,

зейнетақы жарналарын аудармау

болып табылады.

Еңбек дауларында қызметкер үшін

әлеуметтік серіктестік қатынастарын

сақтау, Жұмыс орнында ыңғайсыз

жағдай туғызбау өте маңызды.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес келісім

комиссиясында еңбек дауын реттеу

процесінде тараптар еңбек дауын

медиация жолымен реттеу үшін

медиаторға жүгінуге құқылы, бұл

келісім комиссиясында дауды шешу

мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.

Қазіргі уақытта кәсіподақтардан

кәсіпқой медиаторлар пулы қалыптастырылды

және кәсіподақ активін

бітімгерлік рәсімдер мен медиативтік

техникаларға жүйелі оқыту жүргізілуде.

Еңбек дауларын сотқа дейін

болдырмау үшін «Павлодар облысының

Кәсіподақ орталығы» аумақтық

кәсіподақтар бірлестігі ынтымақтастық

туралы меморандум шеңберінде

Павлодар облыстық сотымен,

«МИР» өңіраралық Медиация

орталығы» жекеменшік мекемесімен,

«Халықаралық құқық қорғау

орталығы» РҚБ-мен басшыларды,

кәсіподақтар көшбасшыларын,

келісім комиссияларының мүшелері

мен қызметкерлерді Медиация

негіздеріне оқыту бойынша жүйелі

түрде бірлескен жұмыс жүргізеді.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің,

еңбек басқармасының,

еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау комитеті департаментінің,

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қоры» АҚ филиалының, «Әлеуметтік

медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ филиалының, кәсіподақтардың

татуластыру орталығының бірінші

басшылары еңбек ұжымдарына шыға

отырып, «мобильдік консультациялық

пункт» деп аталатын құқықтық

түсіндіру жұмысының жаңа түрі

практикаға енгізілді.

Тек 2020-2021 жылдары ғана

келісім комиссиялары мен кәсіподақ

активінің 2500-ден астам мүшесі

оқытылып, оқудан өткені туралы

сертификаттар берілді.

Татуластыру орталығының

жұмысы тек еңбек саласындағы

ғана емес, сондай-ақ адам өмірінің

кез келген саласындағы даулар

бойынша: отбасылық даулар,

балаларды тәрбиелеу мәселелері

бойынша даулар, Жер даулары,

тұтынушылардың құқықтарын

қорғау саласындағы даулар, тұрғын

үй-коммуналдық даулар, мұрагерлік

бойынша даулар бойынша жанжалдарды

азайтуға бағытталған.

Еңбек дауларын сотқа дейін

және соттан тыс реттеу мақсатында,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының «еңбек даулары мен

жария-құқықтық қатынастардан

туындайтын даулардың алдын алу»

және «отбасылық сот» пилоттық

жобалары шеңберінде Павлодар

облысының аумақтық кәсіподақтар

бірлестігі дауласушы Тараптармен

сотқа жүгінгенге дейін де, сотқа

жүгінгеннен кейін де медиацияны

жүргізеді, онда дауға қатысушылар

медиация рәсімін өтеусіз негізде

жүргізу арқылы даулы мәселелерді

реттеу үшін «Татуласу орталығы»

мүмкіндіктерін пайдалануға құқылы.

«Медиация туралы» Қазақстан

Республикасының Заңында медиация

рәсімін online жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Азаматтардың санитарлықэпидемиологиялық

саулығы үшін

енгізілген шектеу шараларын ескере

отырып, «Татуласу орталығында»

Қазақстан Республикасының «Медиация

туралы» Заңының 17-бабының

1-тармағы негізінде тараптардың

келісімімен медиация рәсімін online

режимде өткізудің қосымша мүмкіндігі

енгізілді. Online медиациясын жүргізу

рәсімінің негізгі буыны - «кокус» -

медиатордың әр тараптан жеке

жұмысы болып табылады.

Мысалы, он екі қызметкердің

және шағын бизнес субъектісікәсіпорынның

жалақы бойынша

берешекті төлеу туралы өтініші

бойынша online медиация табысты

жүргізілді. Медиативтік технологияларды

пайдалану және медиатордың

жұмыс берушімен және

әрбір қызметкермен кезекпен

келіссөздер жүргізуі нәтижесінде

тараптар берешекті кезең-кезеңімен

төлеу туралы уағдаласып, Медиация

туралы келісімге қол қойылғаннан

кейін тараптар бір ай ішінде өз

еркімен орындаған Медиация туралы

келісім жасасты.

Екінші карантин жарияланған

кезеңде Медиация туралы келісімді

бекіту бойынша online медиация

табысты жүргізілді, онда бір жағынан

құрылыс саласында ЖШС, екінші

жағынан жалақы алмаған 8 қызметкер

сөз сөйледі. Келіссөздер нәтижесінде

жұмыс беруші қарызды екі ай

бойы айына 1 рет екі траншпен

аударуға міндеттеме алды. Медиация

туралы келісім жасасып, жұмыс

беруші белгіленген төлем күніне

қарай қызметкерлер алдындағы өз

міндеттемесін орындамады. Екінші

айды күтпей, кәсіподақтардың татуластыру

орталығында құқықтық көмек

көрсету кезінде қызметкерлер Медиация

туралы келісімді мәжбүрлеп

орындау және берешектің барлық

сомасын өндіріп алу туралы сот

бұйрығын беру туралы өтінішпен

сотқа жүгінді.

Барлық қызметтер «Татуласу

орталығы» татуластыру орталығының

медиаторымен және Қазақстан

Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

Заң клиникасы филиалының

заңгерімен тегін және кәсіподаққа

мүшелігіне қарамастан көрсетіледі.

Татуластыру орталығының міндетіқақтығыстарды

шешу ғана емес,

сонымен қатар еңбек дауларының

алдын алу.

Павлодар облысы аумақтық

кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу

орталығы» татуластыру орталығы

әртүрлі бағыттар бойынша сотқа

дейін еңбек дауын бейбіт жолмен

шешудің артықшылықтары туралы

тұрақты құқықтық түсіндіру жұмысын

жүргізеді. 2020-2021 жылдары өңірлік

деңгейде әлеуметтік серіктестермен

бірлесіп 135-тен астам іс-шара

өткізілді: семинар-тренингтер, форумдар,

дөңгелек үстелдер, диалог

алаңдары, дәрістер.

Жанжал деңгейін төмендету

үшін Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтар Федерациясының

заң клиникасының филиалында,

Павлодар облысы ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ медиация

орталығының қабылдау бөлмелерінде,

«Nur Otan» партиясының облыстық

және қалалық филиалдарында,

«Отбасылық ХҚКО»-да азаматтарды

бірлескен online-қабылдау үнемі

жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау

бастапқы кезеңде еңбек дауын

анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік

береді. Кәсіподақтардың татуластыру

орталығының мүмкіндіктері еңбек

дауына қатысты қызметкердің өтінішін

алғаннан кейін, сотқа жүгінгенге

дейін дауды шешу туралы ұсыныспен

тікелей жұмыс берушіге жүгінуге

мүмкіндік береді. Бұл туындаған

еңбек қақтығысын тез және тиімді

шешуге және нәтижені тікелей алуға

мүмкіндік береді: қызметкердің

өтініші түскен күні.

Кәсіподақтар өз жұмысында

еңбек адамына осындай ұқыпты

және қамқор қарым-қатынасты

жүзеге асырады, өз қызметінің

негізгі функциясын орындайды.

Марина ИВАНОВА,

сот жүйесінің ардагері,

Павлодар облысы аумақтық

кәсіподақтар бірлестігінің

Татуластыру орталығының

басшысы, кәсіби медиатор.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл 7

Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы

25 тамыздағы «Павлодар облысындағы көші-қон

процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы»

№142/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы

«Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын

бекіту туралы» №142/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімінде №5625 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер

енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысындағы көшіқон

процестерін реттеу қағидаларында:

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін

келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту

туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау

шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар

мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы

органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды

қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар

мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға

(қысқартуға);

қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта

мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын

ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен

қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес

жүзеге асырылады.

7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп

болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс

күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем

көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және

қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге

асырылады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы В.СОЛОМКИН,

Облыстық мәслихаттың хатшысы Е.ӘЙТКЕНОВ.

Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Бобровка ауылдық округі,

Жаңабет ауылдық мешітінің куәлігі және ескі ережесі жоғалғандықтан

жарамсыз деп танылсын.

Жанашыр, бауырмал ағамыз

Мақажан Несіпбайұлы - ұлағатты ұстаз

және де жанашыр аға. Әрқайсымызға

ақыл-кеңесін, әрбір істің дұрыс-бұрыстығын

айтқан ізгі жан.

Ағамыз бауырмал, туғандарын іздеп,

хабарласып тұратын еді. Әй, қайран

өмір, өткен шақта жазғымыз келмейді.

Өйткені ағамыз әрқашан жанымызда,

қазір хабарлассақ, ақылын айтатынына

еш күмән жоқ. «Жақсы адамның өлімі

де өнеге» дегендей, марқұм Мақаш

ағамыздың өмірде істеген жақсы істері

көпке үлгі.

Тойлардың сәнін келтіретін, еш жиын

марқұм Мақаш ағамызсыз өтпейтін, әрқашан тілек-ниетін нақыл

сөзбен, өлең жолдарымен тәмамдайтын. Осы өлең жолдарын

ағамызға арнаймыз:

Ағажан, шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Сағындық, аға, сізді баршамыз да.

Жан аға, бәріміздің тірегіміз едің,

Тірі болсаң арамызда жүрер едің.

Болмасаң да бүгін біздің жанымызда

Айтқан сөзің, ақылың жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы

Сағынышпен туғандары еске алады.

Өзіңізбен өткен күндер әрдайым

Жадымызда мәңгіге сақталады.

Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны

жаннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз!

Ағамыздың жанында болған туған-туысқандарына, қамқор

достарына, жұмыстың ащы-тұщысын бірге көрген ардақты

ұжымына, ардагер ұстаздарына, оқушы-шәкірттеріне және

қол ұшын беріп көмектескен барша жанға алғыс білдіреміз!

Ағамыздың ұрпақтарына екі дүниенің абыройын берсін!

Сағынып еске алушылар: марқұмның қарындастары,

немерелері, жиендері мен жиеншарлары,

Дүйсенбаевтар, Байжырықовтар әулеті.

(3)

(1)

МЕДИЦИНА

Авиация қызметі -

көмекке

Өткен жұма-жексенбі күндері аралығында облыстық

жедел медициналық қызмет көрсету станциясының

мамандары авиацияның көмегімен қайғылы жағдайға

душар болған науқастарға көмектесті.

Аталған 3 күн ішінде жедел

жәрдем қызметкерлері 4 мәрте

шақырту алған. Павлодарлық

мамандар Ақмола облысының

екі адамын тасымалдауға да

көмектесті.

Облыстық жедел медициналық

қызмет көрсету станциясы баспасөз

қызметінің мәліметінше,

25 маусымда медициналық авиация

мамандары Железин ауданынан

түскен екі шақыртуды орындады.

Алдымен 30 жастағы жүкті әйелге

күрделі ота жасап, мерзімінен бұрын

босандырды. Өкініштісі, науқастың

жағдайы ауырлай түскен соң,

оны АН-2 ұшағы арқылы облыс

орталығына жеткізді. Сонымен

қатар, МИ-8 тікұшағы арқылы

Железин ауданынан әлгі әйелдің

жаңа туған сәбиі де Павлодарға

жеткізілді. Мерзімінен бұрын туған

сәбиден пневмония анықталған.

Тағы бір нәресте МИ-8 тікұшағының

көмегімен Екібастұз қаласынан

жеткізілді. Жаңа туған балаға

медициналық қызметкерлердің

көмегі керек болған. Сонымен

қатар, медициналық авиацияға

Ақсу қаласынан да шақырту түскен.

Мұнда да нәресте 35-ші аптада,

мерзімінен бұрын өмірге келген.

Тыныс алуы қиындаған сәбиді

мамандар облыстық перинаталдық

орталыққа жеткізді. Ал 26 маусымда

мамандар АН-2 ұшағының

көмегімен Ақмола облысының

Ерейментау қаласынан 2 науқасты

Павлодарға жеткізді. 33 жастағы

әйел мен 9 жастағы бала жол

апаты кезінде зардап шеккен.

Осылайша, жедел қызмет көрсету

орталығының мамандары

өздеріне жүктелген міндетті орындап,

бірнеше мәрте шақыртуға

шығуда.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

«Мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті

одан әрі іске асырудың кейбір мәселелері»

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара

жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239-V Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық іс шеңберінде сот

үкімі бойынша тәркіленген мүлікті одан әрі пайдалану бөлігінде

мемлекеттік басқару функциялары Әділет министрлігінен Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлігіне берілді, ал бұл функцияларды

тікелей іске асыру Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне

және оның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі-уәкілетті орган)

жүктелген.

Өз кезегінде, осы өкілеттіктерді орындау үшін мемлекеттік

мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі «Жекелеген негіздер бойынша

мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті

есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың

кейбір мәселелері» №833 қаулысын және Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №494 бұйрығымен

енгізілген өзгерістерімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

2015 жылғы 30 наурыздағы «Мүлікті сату немесе пайдалану

қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – қағида) №227 бұйрығын

басшылыққа алады, онда жекелеген негіздер бойынша мемлекет

кірісіне түскен мүлікпен жұмыс істеу кезіндегі іс-қимыл тәртібі

егжей-тегжейлі сипатталған.

Қағидаларға сәйкес мүлікті есепке қойғаннан кейін оны одан әрі

мемлекеттік заңды тұлғалардың және әлеуметтік қызмет көрсету

объектілерінің (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мұқтаждарына

ұсыну үшін бағалау жүргізіледі. Мемлекеттік органдарда қажеттілік

болмаған жағдайда мүлік электрондық сауда алаңы арқылы сатуға

қойылады www.gosreestr.kz. сауда-саттық бағаны көтеру және

төмендету арқылы жүргізіледі. Бірінші сауда-саттық бағаны көтеру

жолымен, екінші және одан кейінгі сауда-саттық бағаны төмендету

жолымен жүргізіледі.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет кірісіне айналдырылған

мүлікті (бұдан әрі – мүлік) өткізуден алынған барлық қаражат

республикалық бюджетке есептеледі. Айта кету керек, мүлікті одан

әрі пайдаланудың барлық тәртібі нақты реттелген және бөлінген.

Осылайша, электрондық сауда алаңы арқылы www.gosreestr.kz

Департамент ағымдағы жылдың 6 айында мемлекет кірісіне

жекелеген негіздер бойынша түскен 3354 бірлік мүлікті сатудан

республикалық бюджетке 14 998 963 теңге аударды, осылайша

Департамент стратегиялық мақсаттарды іске асыруға елеулі үлес

қосады, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен

жұмыс процестерін сапалы жақсартады.

А.ЖҮСІПОВА,

Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

департаментінің бас маманы.

(20114)

ХАБАРЛАМА

Павлодар қалалық аумақтық сайлау

комиссиясының құрамы

Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32, 105-кабинет, тел. 32-22-80

Төраға - Мұқашева Зәуреш Қуантайқызы

Төрағаның орынбасары - Шепеленко Борис Дмитриевич

Хатшы - Қазбекова Айнұр Ерсайынқызы

Комиссия мүшелері - Бәшірбаев Ораз Қабылдаұлы,

Гуторов Сергей Алексеевич, Кузьменкова Лариса Ивановна,

Кузят Наталия Петровна.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

жағдайда мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет:

сейсенбі, бейсенбі және сенбі

күндері шығады, апталық

таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1097

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу үшін

редакцияның жазбаша рұқсаты

алынып, газетке сілтеме

жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 29 маусым, сейсенбі, 2021 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

Табысқа толы болғай,

Токио!

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұл Олимпиаданың ерекшеліктері

аз емес. Мәселен, жаңадан

5 спорт түрі енгізіліп отыр.

Бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг,

спорттық құзға өрмелеу және

скейтбординг бойынша алғашқы

жүлдегерлердің есімдері тарихта

қалмақ. Жалпы, қатысушылар

спорттың 33 түрінен 339 медаль

жиынтығын сарапқа салады.

Дүбірлі додаға әлемнің 206 елінен

11090 спортшы қатысады деп

күтілуде. Пандемияның салдарынан

сандар әлі өзгеруі мүмкін.

Тағы бір ерекшелігі, биыл гендерлік

теңдікке басымдық бері-

ліп, спортшылардың 49 пайызын

нәзік жандылар құрайтын болады.

Сөйтіп, жеңіл атлетика, су спорты

түрлері, нысана көздеу, ауыр атлетика,

бокс және күрес түрлеріндегі

ерлер жолдамаларының саны

қысқарып, әйелдердің үлесіне

берілді.

Жапония дүбірлі доданы

осымен екінші рет қабылдамақ.

Күншығыс елі ең алғаш жазғы

Олимпиада ойындарын 1964 жылы

өткізген болатын. Сол жылы

93 елдің спортшылары бақ сынап,

спорттың 19 түрінен жүлделерді

сарапқа салған-ды. Ол уақытта

қазақстандық спортшылар Кеңес

Одағының құрамында бақ сынаса,

биыл Тәуелсіз ел ретінде жетінші

жазғы Олимпиада ойындарына

қатыспақ.

Тарихқа көз жүгіртсек, жазғы

Олимпиада ойындарына Тәуелсіз

мемлекет ретінде 1996 жылдан

бері тұрақты түрде қатысып

келеміз. Сол жылы өткен Атланта

Олимпиадасы ел спортшылары

үшін табысты болып, 3 алтын,

4 күміс және 4 қола медаль

еншіледік. Атап айтсақ, грек-рим

күресінен Юрий Мельниченко,

боксшы Василий Жиров және

бессайысшы Александр Парыгин

алтыннан алқа тақса, мылтық

атудан Сергей Беляев – екі, ал

ауыр атлет Анатолий Храпатый бір

күміс медальді қоржынға салды.

Боксшылар Болат Ниязымбетов

пен Ермахан Ибрайымов, мерген

Биылғының басты спорттық додаларының бірі – Жапония астанасы

Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындары. Пандемия салдарынан

бір жылға кешіктірілген байрақты бәсекені әлем жұртшылығы

асыға күтіп отырғаны анық. 24 шілде - 8 тамыз аралығында ұйымдасты-

рылатын мықтылар бәсекесінде ел қоржынына қанша медаль түсер

екен?

Владимир Вохмянин және еркін

күрес шебері Мәулен Мамыров

Олимпиаданың қола жүлдегері

атанды. Сөйтіп, жалпыкомандалық

есепте 24-орынға тұрақтадық.

Сидней Олимпиадасында

(2000 жыл) да отандастарымыз

тәуір нәтиже көрсетті. Жеті медаль

(3 алтын, 4 күміс) олжалаған

саңлақтарымыз жалпыкомандалық

есепте 22-орыннан көрінді.

Алтын медальді боксшылар

Бекзат Саттарханов пен Ермахан

Ибрайымов, жеңіл атлет Ольга

Шишигина, күміс медальды

боксшылар Болат Жұмаділов

пен Мұхтархан Ділдәбеков, велоспортшы

Александр Винокуров

және еркін күрес шебері Ислам

Байрамуков алып берді.

2004 жылы Афины Олимпиадасында

спортшыларымыздың

нәтижесі біраз төмендеді. Онда

1 алтын, 4 күміс және 3 қола

Суға жүзу шебері Дмитрий Баландин

медаль алған қазақстандықтар

жалпы есепте 40-орынға табан

тіреді. Жалғыз алтынды боксшы

Бақтияр Артаев қанжығасына

байласа, күміс медальді

қазіргі таңда кәсіпқой бокста

қарсыластарын сұлатып жүрген

Геннадий Головкин, ауыр атлет

Сергей Филимонов, грек-рим

күресінен Георгий Цурцумия,

еркін күрестен Геннадий Лалиев

еншіледі. Қола медальді онсайысшы

Дмитрий Карпов, боксшы

Серік Елеуов және грек-рим күресі

шебері Мхитар Манукян иеленді.

Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов

2008 жылы өткен Бейжің

Олимпиадасында 13 спортшымыз

жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Алайда, допинг тексерісінен кейін,

ХОК 5 отандасымыздың жүлдесін

қайтарып алды. Ауыратлетші Илья

Ильин допинг қолданды деген

айыппен Олимпиада чемпионы

деген атағынан айырылса, дәл

сондай айыппен Таймураз Тигиев

(күрес) пен Ирина Некрасова

(ауыр атлетика) күміс, Мария

Грабовецкая (ауыр атлетика) пен

Әсет Мәмбетов (күрес) қола

жүлделерін қайтарып берді.

Ал өзге елдің спортшылары

допингпен ұсталып, нәтижесінде

2008 жылы күміс алған отандасымыз

Алла Важенина (ауыр

атлет) арада 8 жыл өткенде

Олимпиада чемпионы атанса,

Нұрбақыт Теңізбаев (күрес) пен

Ольга Рыпаковалардың (үш

қарғып секіру) қола жүлделері

күміске айналды. Сөйтіп бұл

додада қазақстандықтар жалпы

саны 2 алтын, 3 күміс және 4

қола медаль алып, командалық

есепте 37-орынға тұрақтады.

Қазақстанның алғашқы алтынын

ел қоржынына боксшы Бақыт

Сәрсекбаев салса, екіншісі

жоғарыда айтқандай Алла

Важенинаға тиесілі. Күміс

медальді Асхат Житкеев иеленсе,

қола медальдар әйелдер күресінен

Елена Шалыгинаға, еркін

күрестен Марид Муталимовке,

боксшы Еркебұлан Шынәлиевке

және таэквондошы Арман

Шылмановқа бұйырды.

2012 жылғы Лондонда өткен

Олимпия ойындарда қазақстандық

спортшылар толайым табысқа

жетіп, алғаш рет Олимпиадада

7 алтын алдық деп бөркімізді

аспанға атып едік. Сөйтсек,

бекер қуанған екенбіз. Арада

4 жыл өткенде Илья Ильин

бастаған ауыр атлеттеріміз

Зульфия Чиншанло, Майя Манеза,

Светлана Подобедова допинг

қолданды деген айыппен алтын

медальдарын қайтарып берді.

Есесіне тағы бір ауыр атлетіміз

Анна Нұрмұхамбетова мен еркін

күрес шебері Дәулет Шабанбай

қола жүлдегер атанды. Бүгінде

Лондондағы табысымыз 11 медаль

(3 алтын, 1 күміс, 7 қола). 2012

жылы алтын жүлделер легін

велоспортшы Александр Винокуров

бастап берген еді. Жеңісті

жолды әрі қарай боксшы Серік

Сәпиев пен жеңіл атлет Ольга

Рыпакова жалғап, Отанымыздың

даңқын асыра түскен-ді. Боксшы

Әділбек Ниязымбетов күміспен

күптелсе, қола медальді грек-рим

күресінен Даниял Гаджиев, еркін

күрестен Ақжүрек Таңатаров,

бокстан Марина Вольнова мен

Иван Дычко, әйелдер күресінен

Гүзел Манюрова олжалады.

2016 жылғы Рио Олимпиадасында

да сайыпқыран

саңлақтарымыз ауыз толтырып

айтарлықтай нәтижеге қол

жеткізді. 3 алтын, 5 күміс, 10

қола жүлде (18) олжалаған спортшыларымыз

жалпыкомандалық

есепте 22-орынға тұрақтады. Жүзу

спортынан Дмитрий Баландин,

ауыр атлетші Ниджат Рагимов

және боксшы Данияр Елеусінов

ел мерейін асырып, алтыннан

алқа тағынды. Ал Елдос Сметов

(дзюдо), Жазира Жаппарқұл

(ауыр атлетика), Василий Левит

(бокс), Әділбек Ниязымбетов

(бокс), Гюзель Манюрова (күрес)

күміспен күптелсе, Галбадрах

Отгонцэцэг (дзюдо), Фархад

Харки, Карина Горичева, Денис

Уланов, Александр Зайчиков

(ауыр атлетика), Ольга Рыпакова

(жеңіл атлетика), Эльмира

Сыздықова, Екатерина Ларионова

(күрес), Иван Дычко, Дариға

Шәкімова (бокс) ел қоржынына

қола медаль салды.

Токио Олимпиадасы отандастарымыз

үшін олжалы болады

деген сенімдеміз. Алға,

Қазақстан!

СПОРТ

Toyota Miraitowa және Someity

атты қос робот – Токио

Олимпидасының ресми тұмары.

Жалпы, дүбірлі додада еріктілердің

орнына түрлі

роботтар қызмет көрсетпек.

Негізгі миссияларының бірі -

меймандарды қарсы алып,

естелік суретке түсу.

Роботтар

қызмет

көрсетеді

Бойтұмарлар ойыншықтарға ұқсас.

Роботтар негізгі іс-шараларда бейне

және дыбыс арқылы хабар таратады.

Олардың көмегімен көрермендер

спортшылармен сөйлесе алады.

Трибуналардағы роботтар келушілерге

өз орындарын табуға көмектеседі

және кәдесыйлар сияқты ұсақ жүктерді

әкеп береді. Енді бірі стадиондағы

тамақ тарататын адамдарды алмастырады.

Бұл ретте, арнайы планшеттің

көмегімен тағамдар мен сусындарға

тапсырыс беруге болады.

FSR роботы спортшыларға қолғабыс

етеді. Ол спортшылар лақтырған доп,

найза және басқа да құрал-жабдықтарды

әкеледі. Ұйымдастырушылар дүбірлі

доданы ең инновациялық Олимпиада

деп бағалап отыр.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Кеңтүбектегі

көкпар

Май ауданының Кеңтүбек

ауылында Ұлы Отан соғысының

ардагері Хасен Сейітқазинді

еске алуға арналған көкпардан

облыстық чемпионат

өтті. Мықтылар бәсекесінде

Екібастұз қаласының ауылдық

аймағына қарасты

Ақкөл ауылының жігіттері топ

жарды.

Жасыратыны жоқ, аймағымызда

көкпар спорты енді ғана еңсе тіктеп

келеді. Біздің өңірде қыс ұзаққа созылатынын

ескерсек, кейде жаттығуды

үздіксіз жалғастыруға уақыт тапшы

болып жатады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

қолға алынғаннан бері аймағымызда

ұлттық спорттың дамуы қарқын ала

бастағаны рас. Бұрындары арнайы

спорттық формаға зәру болып келген

көкпаршылардың қазір жағдайы жақсы.

Форманың түсіне қарап спортшылардың

қай ауылдан екенін табуға болады.

Тіпті, әр ауылдың жалауы да бар.

Атқа қонған жігіттер ұллтық рухты

көтеруге атсалысып жатқандарын

атап өткен жөн. «Рухани жаңғыру»

бағдарламасының көздегені де сол

емес пе?!

Май ауданында өткен жарысқа

10 команда қатысты. Бұрындары

4 команда ғана жүлдеге таласып.

Қатысушылардың санына қарап, ұлттық

спорттың даму деңгейін топшылай

беріңіз. Айтпақшы, Хасен Сейітқазинді

еске алуға арналған біріншілік биыл

5-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Үш күнге созылған жарыста Ақкөл

ауылының көкпаршылары топ жарғанын

айттық. Екінші орынды Май ауданының

Саты және Малайсары ауылдарынан

жасақталған «Сәтті» командасы иеленді.

Үздік үштікті Ақтоғай ауданының командасы

түйіндеді. Жүлдегерлерге кубок

пен медальдар, қаржылай сыйақылар

табысталды. Турнир барысында жақсы

ойын өрнегін көрсеткен Баянауыл және

Аққулы ауданының командалары да

лайықты марапатқа ие болды.

Әзірлеген - О.АЛЛАБЕРГЕН.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!