30.07.2021 Views

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 31 шілде, сенбі, 2021 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

БӘРЕКЕЛДІ!

Физика пәні бойынша өткен

халықаралық олимпиадада

(IPhO) екі бірдей жерлесіміз

күміс медальға қол

жеткізіп, жергілікті білім

саласының қандай деңгейге

көтерілгенін тағы бір

мәрте дәлелдеді. Олар -

Дінмұхамед

Рахымжанов

пен Антон Драганчук.

Жеңімпаз жерлестерімізді

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов

өзінің жеке парақшасында

құттықтады.

Күміспен

күптелді

Дінмұхамед Рахымжанов

Антон Драганчук

Физика пәнінен халықаралық олимпиада

Литва республикасының Вильнюс

қаласында өтті. Оған біздің оқушылар

онлайн режимде қатысқан. Әлемнің ең

үздік зияткер оқушыларының басын

біріктіретін дәстүрлі білім бәсекесіне

биыл 70-тен астам елден 400-ге жуық

оқушы бақ сынады.

Халықаралық олимпиада ережелері

бойынша бірінші турда бес сағаттық

теориялық тапсырма берілген болса,

екінші кезең практикалық жұмысқа

арналды. Қазақстан құрама командасының

сапында бақ сынаған қос жерлесіміз

Дінмұхамед пен Антон күміс медальді

қанағат тұтты. Жүлделі оқушылар бүгінде

Павлодар қаласындағы №8 мектеплицейінің

10 және 11-сыныптарында

оқиды. Аталған оқушылар бұған дейін

де талай білім сайыстарында білімдерін

сынап, топ жарып жүрген болатын.

Жалпы, аталған олимпиадаға

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және

Павлодар қалаларынан бес оқушы

қатысып, 6 медаль жеңіп алыпты. Құрама

қоржынын толықтырған медальдардың

5-еуі күміс, 1-еуі қола медаль.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов кеше

аталған қос жүлдегерді қабылдап, оларды

жетістігімен құттықтады.

Өз тілшіміз.

Ұлты өзге болса да, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеріп, халқымыздың

салты мен дәстүрін жан дүниесіне сіңірген жерлестеріміз

бар. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Инга Гросс. Ол орыс сыныптарында оқитын оқушылар

үшін қазақ тілінде тез әрі жеңіл сөйлеудің ең тиімді

әдістемелерін қолдана отырып, педагогикалық шеберлігін

танытуда. Міне, сол еңбекқорлығының нәтижесінде өзі де,

оқушылары да жетістік шыңынан көрініп келеді.

ЖЕТІСТІК ШЫҢЫ

«Қазақ поэзиясына

құштармын»

Тілеуберді САХАБА

Инга Гросс – неміс ұлтының қызы. Бірақ

онымен бір кездесіп, әңімелескен адам

өзге ұлттың өкілі дегенге сене қоймайды.

Себебі, қазақ тілінде сөйлеп қана қоймайды,

ұлтымыздың құндылықтарын жадына сіңіріп,

салты мен дәстүрін де берік ұстанған жан.

Ол - сонау соғыс жылдарында Қырымнан

жер аударылып, қазақ жерінен пана тапқан

аз ұлттың ұрпағы. Атасы Отто Райнгольдович

бұл жаққа небары 13 жасында ғана

келген екен. Май ауданына қарасты Саты

ауылының Абай бөлімшесіне келгенде сол

жердің тұрғылықты халқы құшақ жая

қарсы алып, бауырларына басыпты. Сол

ауылда тұрып, үйленіп, шаңырақ көтерген,

балалы-шағалы болып, олардан немережиен

сүйді. Ұлдары қазақтан келін әкелсе,

қыздары қазақ отбасыларына ұзатылды.

Осылайша, қазақ халқымен төс қағысқан

құда болды. Инга - сол Отто ақсақалдың

немересі.

- Атам мен әжем қазақтар жайлы

көп естелік айтатын: «Күні бойы қазақ

балаларымен ойнаймыз, содан қазақша

жап-жақсы сөйлеп кеттік» дейтін атам марқұм.

Әжем болса: «Қазақтың балажандығы мен

малжандылығынан үлгі алдым» деп отырады.

Атам Отто да, әжем Эрика да өмір бойы

өздерін «қазақпыз» деп, қазақтың салтдәстүрін,

ырым-тыйымдарын әспеттеп өтті.

Үлкендердің бұл құрметі менің қазақтың

салт-дәстүрін сүйіп өсуіме және тілін

еркін меңгеруіме үлкен септігін тигізді.

Менің қазақ тілі мұғалімі болуыма ықпал

еткен тағы бір жағдай – қазақ поэзиясына

деген құштарлығым. Яғни, оқушы

кезімнен бастап қазақ әдебиетін жатажастана

оқитын едім. Сол кездің өзінде

түрлі көркемсөз оқу байқауларына қатысып,

орын алып жүрдім. Осы күнге дейін талай

қызық жағдайларға тап болдым. Мысалы,

аты-жөнім өзгеше бола тұра, таза қазақша

сөйлейтінімді көріп таңырқаған адамдар

да болды. «Қалай үйрендің?» деп сұрап

жатады. Мен өзімнің отбасымның тарихын

баяндап беремін, - дейді ол.

Инга Май ауданына қарасты Саты

орта мектебінде оқыды. Орта мектепті

тәмамдағаннан кейін Торайғыров университетінде

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.

Кейін ИнЕУ-дің магистранты атанды. Қазіргі

уақытта Павлодар қаласындағы №43

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Тіл

мәселесіне қатысты іс-шараларға белсене

қатысып, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін

шыңдаудан жалыққан емес. Әсіресе, орыс

мектебінде қазақ тілін үйретудің машақаты

мол екені баршаға аян. Сондықтан, өзінің

кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, әрдайым

ізденіс үстінде жүретін жаңашыл ұстаз.

- Бүгінгі таңда орыс сыныптарында

қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша

сабақ берудемін. Әрине, мұндағы білім

методикасының қазақ сыныптарына оқытудан

айырмашылығы шамалы. Дей тұрғанмен

сыныптағы оқушының сабаққа деген

қызығушылығын ояту мұғалімнің жұмыс

- Атам мен әжем қазақтар жайлы көп естелік

айтатын: «Күні бойы қазақ балаларымен ойнаймыз,

содан қазақша жап-жақсы сөйлеп кеттік» дейтін

атам марқұм. Әжем болса: «Қазақтың балажандығы

мен малжандылығынан үлгі алдым» деп отырады.

Атам Отто да, әжем Эрика да өмір бойы өздерін

,,

«қазақпыз» деп, қазақтың салт-дәстүрін, ырымтыйымдарын

әспеттеп өтті. Үлкендердің бұл құрметі

менің қазақтың салт-дәстүрін сүйіп өсуіме және

тілін еркін меңгеруіме үлкен септігін тигізді...

жүргізу шеберлігіне байланысты. Біздің

мақсатымыз – алдымыздағы оқушыларға

қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен

қатар, қазақ халқының мәдениеті мен салтдәстүрлерін

саналарына сіңіру. Сонда ол

бала үйренген әрбір сөзінің мәні мен

мағынасын тереңнен түсінеді. Аталған

міндеттерге қол жетікізу үшін мұғалім

әрқашан ізденісте болып, білім жүйесіндегі

жаңалықтардан құлағдар болып отыруы керек

деп ойлаймын. Жалпы, қазақ тілі мұғалімі

болу – қызығынан гөрі қиындығы басым

шаруа. Бізге қойылатын талап та, артылатын

сенім де мол. Өйткені, біздің алдымыздан

еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар

өтеді. Біз елдің болашағын тәрбиелеп

жатырмыз. Ал еліміздің болашағы - біз

тәрбиелеген білімді ұрпақтың қолында.

Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек

Аймауытов бір жазбасында: «Сабақ беру жай

ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны

табатын өнер» деген екен. Сондықтан,

жаңа технологиялық әдістемелерді меңгере

отырып, оқушыларға сапалы білім беруге

тырысу қажет. Егер, оған өздігімен қол

жеткізе алмағандар сол жаңашылдықты

тәжірибе жүзінде қолданып жүрген ұстаздардан

үйренудің еш сөгеттігі жоқ. Біз, ұстаздар

қауымы, әрдайым дамып, жетіліп отыруымыз

керек, - дейді Инга мұғалім.

Ол белсенді тіл волонтері ретінде де

көп жұмыс атқарып келеді. Қазақстан

халқы Ассамблеясының «Мың бала», «Тіл

мектебі» сияқты республикалық жобаларына

қатысып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ

тілін үйренуіне атсалысуда. Сонымен қатар,

халықаралық деңгейдегі ұстаздармен де

жиі тәжірибе алмасып, өзінің іскерлігін

арттыруда. Мысалы, 2012 жылы Стамбул

университетінің профессоры, PhD докторы

Х.Тюфекчиоглудың «Әлемдегі маңызды

мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет

және әлеуметтану мәселелері» атты семинарына

қатысса, 2014 жылы Моңғолия

ғылым Академиясының және Халықаралық

Шыңғысхан Академиясының академигі

Қаржаубай Сартқожаұлының «Түркі руханияты:

түркі тілі, тарихы мен мәдениеті» атты

халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында

болды. Сондай-ақ, академиялық мобильділік

бағдарламасы бойынша Моңғолияның Ховда

университетінің Баян Өлгей аймағындағы

филиалында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Инга мұғалім облыстық, республикалық

және халықаралық байқауларда, білім

сайыстарында бақ сынады. Солардың

біразынан жүлделі орындар еншілеп, өз

мектебінің намысын абыроймен қорғап

келеді. Өткен жылы қазақтың бас ақыны

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына

орай орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен

әдебиет пәні мұғалімдері арасында өткен

республикалық олимпиаданың ІІ орын иегері,

«Daryn.online» білім беру платформасы мен

«Qaztest.kz» олимпиада сайты ұйымдастырған

республикалық пән олимпиадасының І орын,

қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық

олимпиадасының ІІ орын иегері болды.

Бұл оның жетістіктерінің бір бөлігі ғана.

Алдағы уақытта да талай биік белестерді

бағындырып, мемлекеттік тілдің дамуына

өз үлесін қоса береріне сенімдіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!