18.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 18 қыркүйек, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

18 қыркүйек, сенбі

2021 жыл

№107 (15725)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Диқандардың

күтері - береке

АУЫЛ-АЙМАҚ

Нақпа-нақ

Елімізде дәнді

дақылдардың

85,7 пайызы

жиналды

ӘЛЕУМЕТ

Қолдаудың

жаңа түрі

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі

жандарға жәрдемақының

жаңа түрі енгізіледі.

Сондай-ақ енді жұмыс орнында

жарақат алып мүгедек болғандар

мемлекет есебінен

емделеді.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Биыл Железин ауданында тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық

ахуалын жақсарту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылған.

Мысалы, жол бойында қызмет көрсету сервисі жақсарып, ауылішілік

жолдарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Ал аудандағы

дәнді дақыл өсіруші фермерлер егін ору науқанының 50 пайызын

атқарып, орта есеппен гектарынан 15-18 центнер өнім жинауда.

«Атамекен»:

ҚҰТ-КИЕ ҚОНҒАН АҢЫЗ МЕКЕН

Жалғасы 2-бетте

Жуырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен тарихитанымдық

бағыттағы «Атамекен» атты экспедициясы құрамында Баянауыл ауданының

сакралды орындарына саяхат жасадық. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған

сапар қатысушылары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұса Шорманұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров

кесенелерінде, өзге де тарихи орындарда болды.

Толығырақ 10-бетте

Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне

азаматтардың жекелеген санаттарын

әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы» заң жобасын бірінші оқылымда

мақұлдады. Мүгедек азаматтардың және

оларға күтім жасайтын адамдардың

құқықтарын қорғауды күшейтуге және өмір

сүру сапасын жақсартуға бағытталған

заң жобасы қолдаудың маңызын айғақтап

отыр. Онда ерекше қажеттіліктері бар

балалар мен олардың отбасыларына

ерекше назар аударылған.

Атап айтқанда, I топтағы мүгедектерге

күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы

алғаш рет енгізілді. Заң жобасында

сондай-ақ қамқоршылардың еңбек өтілінде

ескерілетін мерзімді ұзарту да ұсынылды.

Еңбек және халықты əәлеуметтік қорғау

министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша,

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға

күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы

түрін енгізу қаралған. Қазіргі уақытта

I топтағы 66 мың мүмкіндігі шектеулі

адамның əәрбір үшіншісі күтімі бойынша

жәрдемақымен де, жеке көмекшінің

қызметімен де қамтылмаған. Яғни басқа

адамның көмегіне зәру, өз бетімен

жүріп-тұра алмайтын жандар. Осылайша,

заң жобасын қабылдау нәтижесінде,

күтімі бойынша жәрдемақымен қосымша

24 мың адам қамтылады.

Мүгедектігі бар балалардың барлық

топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7

пайыздан 37 пайызға дейін ұлғайтылады.

Осылайша, құжат 30 мыңнан астам

мүмкіндігі шектеулі балаға əәсер етпек.

Сонымен қатар құжатта мүгедектігі

бар балаларды тәрбиелеп отырған

отбасылардың балалары кәмелетке

толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде

тұру құқығын сақтау көзделеді. Бұл

норма 20 мыңнан астам отбасына

тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік

береді.

М.ҚАПАНҰЛЫ.


2 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19: ВАКЦИНА

Успен ауданындағы 11 ауылдың

тұрғындары толығымен

коронавирусқа қарсы екпе алды.

Өңір вакцинациялау қарқыны

бойынша Павлодар облысында

көш бастап тұр. Успен ауданында

тағы 700-ден астам адам

екпе салдырса, COVID-19-ға

қарсы ұжымдық иммунитет

қалыптаспақ.

Толығымен

екпе алған

Бұл туралы КВИ-ге қарсы іс-қимыл жөніндегі

өңірлік штабтың кезекті отырысында айтылды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Сәуле Арыстанованың сөзінше, қазіргі таңда

облыс бойынша вакцинаның бірінші компонентін

288 мың тұрғын, екінші компонентін 249 мыңнан

астам адам алған. Өңір бойынша Успен ауданы

көш бастап тұр. Мұнда екпе алуға жататын

7079 адамның 6365-і вакцина салдырған.

- Біз ауданның бүкіл аумағын секторларға бөліп,

әрқайсысына жауапты тұлғаны тағайындадық. Еріктілер

ауыл тұрғындарына қоңырау шалып, жергілікті қауымдастық

өкілдері жерлестеріне вакцина алудың маңызын

түсіндірді. Ауыл округтері әкімдерінің «WhatsApp»

желісі арқылы хабарлама тарату да кері байланыс

болды. 450 хабарлама жолданғаннан кейін екпе

егу бөлімшелеріне 270 адам келді, - деді Успен

ауданының әкімі Николай Дычко.

Успендіктердің тиімді тәжірибесін «Ел үшін егілемін!»

азаматтық штабында да атап өтті. Штаб жетекшісі

Ризабек Исабеков COVID-19-ға қарсы вакцина алуға

шақыру кезінде үгіттеушілер оның қажеттілігін әр

адамға жеткізуге тиіс екенін айтты.

- Екпе салдырғаны үшін берілетін сыйақы екпе

егу кабинетіне өз еркімен келген адам үшін жай

ғана бонус болуы керек. Мұндай акцияларға сеніп

отырмау керек. Әлеуметтік желілерде пікірлермен

жұмыс істеп, электронды пошта арқылы хат жіберу

қарқынын арттырып, вакцина туралы сауалдарға

тұшымды жауап беретін мамандармен вебинарлар

жүргізу қажет. Әр адамға вакцинация туралы ойды

көбірек жеткізу қажет, - деді ол.

Сонымен қатар, Павлодар облысында «Ashyq»

жүйесі қаншалықты белсенді қолданылатыны да

сөз болды. Өңірде 386 жүйе қатысушысы тіркелген.

Олардың арасында соңғы екі аптада азаматтардың

QR-кодты сканерлемей, ішке кірген жағдайлар

тіркелген. Бұл қатарда білім беру ұйымдары, пошта

бөлімшелері, полиция бөлімшелері және басқа да

ұйымдар бар. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

жағдайды түзетуді тапсырды.

- Біз күткен келеңсіз жағдай орын алды. Кіре

берісте QR-код бола тұра, ешкім адамдардың код

бойынша өтуін қадағаламайды. Мемлекеттік және

бюджеттік мекемелерде «Ashyq» қосымшасын қолдануға

жауаптыларды бекіту қажет, - деді облыс әкімі.

Атап өту керек, алдағы уақытта кәсіпорындарда

вакцина алмаған қызметкерлерді анықтайтын

мониторингтік топтардың рейдтері кезінде бұл

жүйенің пайдаланылуы тексеріледі. Тексерушілер

қызметкерлердің тізімдерін «Ashyq» қосымшасы

бойынша сәйкестендіреді. «Жасыл» мәртебесі жоқ

қызметкерлерден жұмыс орнында отыруға рұқсат

беретін ақпарат сұралады. Барлық құқықбұзушылықтар

санитарлық-эпидемиологиялық органдарға

тапсырылмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару

туралы» Заңының 3-бабы 10-тармақшасына сәйкес,

2021 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11.00-де

VII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының

Х кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қаласы әкімінің қаланың әлеуметтікэкономикалық

даму бағдарламалары мен жоспарларының

орындалуы туралы есебі.

2. 2021 жылдың 8 ай ішіндегі төртінші бюджеттік

деңгейінің орындалуы.

3. Әртүрлі.

Павлодар қалалық мәслихат аппараты.

Басы 1-бетте

Тілеуберді САХАБА

Бұрнағы күні облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов ауданға жұмыс сапарымен

барды. Алдымен Омбы-Майқапшағай

автожолының бойындағы «У Салты»

кафесіне тоқтап, өңірде жол бойы сервисінің

қаншалықты сапалы ұйымдастырылғанына

назар аударды. Бұл – «Кукузов» жеке

кәсіпкерлігінің иелігіндегі нысан. Биыл

аталған кафенің ауласына 3,5 мың шаршы

метр болатын үлкен автотұраққа асфальт

төселіп, жарық шамдар орнатылған.

Енді үлкен жүк көліктері тоқтайтын орын

жеткілікті. Сонымен қатар, 9 млн теңге

көлемінде инвестиция салынып, қосымша

шағын маркет ашылған. Осылайша,

жолаушылардың тынығып, демалып

алуына қолайлы жағдай жасалған.

- Нысанның құрылысы 2018 жылы

салынған болатын. 2019 жылы «Нәтижелі

жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті

дамыту» бағдарламасының екінші

бағыты аясында 6 млн теңге көлемінде

несие алып, содан бері жыл сайын кеңейіп,

дамып келеді. 2019 жылы монша кешені

іске қосылды. Жолаушыларға арналған

асханасы, дүкені және он адамға арналған

қонақ үйі бар. Жаңа ашылған дүкенде

жолаушыларға қажетті барлық тауар сатылады.

Осы атқарылған жұмыстардың

нәтижесінде кафе қызмет көрсетудің

«С» санатын иеленді. Бүгінде мұнда

күніне 200-дей адам келеді. Келесі жылы

250 адам сыятын банкет залын ашуды

жоспарлап отыр, - дейді аудан әкімі

Қанат Қашкиров.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар

облысы бойынша филиалының директоры

Ақылбек Қабылдиннің айтуынша,

облыс аумағына қарайтын республикалық

трассалардың бойында жолаушыларға

қызмет көрсететін 148 нысан бар. Олардың

135-і нақты жұмыс істейді. Оның

49 пайызы ғана ұлттық стандарттарға

сәйкес келеді. Яғни, аймағымызда жол

бойы қызмет көрсету сервисінің сапасы

әлі бас бармақпен баға берер деңгейге

көтерілмей тұр.

- Жолаушыларға барлық жағдай жасалуы

керек. Бұл жерден біздің жерлестеріміз

де, шетелдік қонақтар да өтеді. Осындай

сапалы сервис барлық жолдың бойында

болуы керек. Бірақ, оған толық қол жеткізе

алмай келеміз. Мысалы, кейбір жолдардың

бір бағытында қызмет көрсету нысандары

жеткілікті болса, келесі бағытында

болмауы мүмкін. Жалпы, осы мәселені

тағы талқылап, қажеттілікке қарай жұмыс

жүргізуіміз керек, - деді аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов.

Осы күні облыс әкімі Железин ауданында

көкөніс және дәнді дақылдарды өсірумен

айналысатын бірнеше шаруашылықтың

егіс алқабын аралап, күзгі жиын-терім

жұмысымен танысты. Аудан орталығындағы

«КАБ» ЖШС-інде картоп жинау жұмысы

қызу жүріп жатыр. Серіктестік басшысы

Тимур Қабдуловтың сөзінше, биыл бір

гектар алқаптан 450 центнер өнім алынуда.

Диқандардың

күтері - береке

Сыйымдылығы 3 мың тоннаны

құрайтын жаңа көкөніс қоймасын

салып, өнім сақтау орындарының

көлемін 11 мың тоннаға дейін

ұлғайтқан. Ал Новомир ауылдық

округіндегі «Черепанов» шаруа

қожалығының басшысы Георгий

Черепанов биыл дәнді дақыл

өнімділігін алғаш рет 18 центнерге

жеткізгенін айтады. Сонымен

қатар, аудандағы шаруа қожалығы

иелерімен кездесіп, олардың

шешімін таппаған проблемаларына

назар аударды. Кездесу

барысында «Агростатус» ӘКК

басшысы Аяз Теміршотов Ертіс

өзені жағалауында мал өсіретін

шаруаларға жайылым жері

жетпейтінін алға тартты. Төрт

түлікті қырға апарып бағуға

болады. Бірақ, ол жақта су

мәселесі шешілмеген дейді ол.

- Үш жыл бұрын 3 мың

гектар алқапты суармалы

жүйемен игеру жобасын қолға алған едік.

Аталған жобаға 8 млн теңге көлемінде

иневестиция салдық. Бірақ, электр

қуатының тапшылығынан қолға алған

жұмысымыз аяғына жетпей тоқтап қалды.

Егер, бұл жоба белгіленген мерзім ішінде

орындалмаса, салған ақшамыз босқа

«күйіп» кетейін деп тұр. Сондықтан, осы

жобаны соңына дейін жеткізуді қолдауды

сұраймыз, - деді кәсіпкер. Облыс әкімі

мұндай қиындықтармен бетпе-бет

келген кәсіпкерлердің мәселесін шешу -

тікелей жергілікті әкімдік пен жауапты

мекемелердің міндеті екенін атап өтті.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

сөзінше, биыл жем-шөптің бағасын

тұрақтандыру мақсатында республикалық

бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінген.

Келесі міндет – осы қаражатты малдың

қысқы жем-шөбін дайындайтын кәсіпкерлерге

субсидия ретінде үлестіру.

Ол үшін алдымен субсидияны берудің

қағидаттары мен ережелері бекітілуі керек.

Бұл мәселе облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасына тапсырылған.

- Біздің облыста мал азығы тапшылығы

болмауы керек. Оған негізделген барлық

шаралар уақытында қолға алынуда. Мысалы,

4 мың тонна жанар-жағармай 20 пайызға

дейін арзандатылып беріліп жатыр. Сонымен

қатар, субсидия да беріледі. Бұдан бөлек,

шаруаларды жермен қамту мәселесін де

тиімді жүргізуді тапсырамын. Мысалы,

арам шөп басқан жерді жеке қосалқы

шаруашылықтарға бөліп беру мәселесін

қарастыру керек. Себебі, ондай жерді

дұрыс игермесе, шөп те өспейді, мал да

жайылмайды. Әр ауылда қанша тұрғын

бар және қаншасы мал ұстайды дегенді

жақсылап зерттеп, қолданылмай жатқан

жерлерді игеру бойынша жеке бағдарлама

әзірлеу керек. Яғни, жайылымды

кім алады, шабындық жерді кім игереді

дегенді анықтау қажет. Сондай-ақ, өңірде

жайылымдағы шөптің құнарын арттыру

жоспары әзірленуде. Яғни, көпжылдық

шөптерді бұрын өспеген жерлерде өсіру

керек. Біз бұл бастаманы пилоттық жоба

ретінде бірнеше елді мекенге қолданамыз.

Сонда жем-шөп ауыл шаруашылығы тауарларын

өндірушілерге де, жеке қосалқы

шаруашылықтарға да жетеді, - деді

Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Аймақ басшысы Церковное ауылына

барып, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

аясында қолға алынған жұмыстармен

танысты. 200-ге жуық үй тұратын елді

мекенде ішкі жолдар мен мәдениет үйіне

күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Мұндағы

жұмыстың барысы облыс әкімінің көңілінен

шыққан жоқ. Себебі, ауыл ішіндегі тозығы

жеткен жеті көшенің біреуі жоспарға

енбей қалған екен. Бір көшенің не

себепті ескерусіз қалғанын аудан әкімі

де дұрыс түсіндіре алмады. Сонымен

қатар, мәдениет үйінің жөндеу жұмысы

да тым баяу жүруде. Айта кету керек,

өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы

бойынша орталықтандырылған су құбыры

тартылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен

қамтылыпты.

Облыс әкімі Ә.Сқақов аудан орталығында

Міржақып Дулатұлы атындағы

№3 мектепке барып, облыстық және

республикалық байқауларда топ жарып

жүрген оқушылармен және ұстаздармен

кездесті. Білімді жастармен пікір

алмасып, кездесу барысында әрқайсысына

100 мың теңгенің сертификатын

табыстады.

Железин ауданы.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 3

Академик

ескерткішіне

тағзым етті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай биылғы шілде айында Елордамызда

Қазақ Ғылым академиясының негізін қалаушы және алғашқы Президенті,

академик Қаныш Сәтбаевқа арналған ескерткіш ашылғаны мәлім.

Жуықта бір топ жерлесіміз Нұр-Сұлтан қаласында болып, таутұлғаның

ескерткішіне тәу етті.

Елордаға Павлодар облысының

зиялы қауымы

және мәдениет саласының

өкілдерінен құралған

арнайы делегация барды.

Олар Қаныш Сәтбаевтің

ескерткішіне тағзым етіп,

гүл шоқтарын қойды.

Тұлғаның тас мүсінін қоюға

атсалысқан азаматтар сөз

сөйлеп, академиктің қазақ

еліне сіңірген өлшеусіз үлесі

жайында естеліктер айтты.

Ескерткіш авторы, мүсінші

Асқар Нартов мүсінді жасау

барысындағы сәттерді әңгімелеп

берді.

Салтанатты жиында ҚР

Парламенті Сенатының депутаты

Алтынбек Нухұлы зиялы

қауым өкілдеріне «Қаныш

Сәтбаев» төсбелгісін табыстады.

Қазақстан Жазушылар

Одағының мүшесі, ардагер

журналист Ғалымбек

Жұматовтың айтуынша, Қанекеңнің

мүсіні бас қаламызда

тарихи тұлғаларға арнап

қойылған ескерткіштер арасында

ең еңселісі екен.

Көпшіліктің көзайымына айналып,

алыстан менмұндалап

тұрған тас мүсін әйгілі жерлесіміздің

ұлылығын әспеттеудің,

ұлт қайраткерлерін

мадақтаудың жарқын көрінісі

десе болады.

Сонымен қатар, Павлодар

облысының зиялы қауымы

және мәдениет саласының

өкілдері елордадағы ҚР Ұлттық

музейін тамашалады.

М.ҚАПАНҰЛЫ.

Оқушылар

экологияға алаңдайды

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік

мектебінде «Жасампаздық пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында

TEDx форматында ашық сабақ өтті. Тәуелсіздік тақырыбын арқау еткен

сабаққа еліміз бойынша 33 мектептен бір мыңға жуық оқушы қатысты.

Оқушыларға 30 жылдағы жетістіктер

баяндалып, олар Қытай

еліндегі Desheng School International

серіктестік мектебімен тәжірибе

алмасты.

Ауқымды шараға Павлодар

қаласының әкімі Асайын Байханов

қатысты. Шаһар басшысы Тәуелсіздік

жылдарындағы жетістіктерді

дәріптеп, құндылықтарды өскелең

ұрпақтың бойына сіңіруіміз керектігін

алға тартты.

- Біздің еліміз салт-дәстүрге өте

бай. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өткен

тарихты ұмытпауды бала кезімізден

үйреніп келеміз. Заманауи мектепте

білім алу - үлкен мәртебе. Білім

ордасы өзге мектептерден озық.

Сіздер мықты ұстаздардан білім

алып, түрлі техникалық базаның

арқасында білімдеріңізді жетілдіріп

келесіздер. Болашақта еліміздің

дамуы жолында еңбек ететін

ұрпақсыздар. Сондықтан, уақытты

тиімді пайдаланып, жоспар құрып,

нақты қадамдар жасаңыздар, -

деді А.Байханов.

«Жасампаздық пен келісімнің

30 жылдығы» ашық сабағы Павлодардағы

«Педагогикалық шеберлік

орталығының» қолдауымен

Павлодар облыстық «Ertis»

телеарнасының тікелей эфирінде

көрсетілді. Оқушылар Қазақстанның

Тәуелсіздік алған жылдарындағы

экологиялық мәселелерге назар

аударды. Олар өз идеяларын ТЕДх

форматында ұсынды. Қытайлық

серіктес мектеппен байланыс

кезінде екі елдің экологиясын

жақсартудағы ойларын жеткізді.

Павлодарлық Зияткерлер еліміздің

экологиясын жақсартуға бағытталған

бірнеше жобаларды таныстырды.

Олар осыған дейін түрлі байқауларда

топ жарған болатын. Сондай-ақ,

өзара Қазақстан мен Қытайдың

экология саласындағы ең маңызды

жетістіктері талқыланды. 12-сынып

оқушысы Нұржан Бекенов «Қоршаған

орта және экологиялық даму»

тақырыбында өз ойымен бөлісті.

- Қазақстанда қоршаған ортаның

басты мәселесі - ауаның ластануы,

өнеркәсіптік және тұрмыстық

қалдықтардың жинақталуы, жердің

тозуы мен шөлейттенуі, Ертіс, Орал,

Сырдария, Іле өзендеріне іргелес

аумақтардан ластанған сулардың

көлемінің ұлғаюы, Амудария және

Сырдария өзендерінің суармалы

егіншілікте ұтымсыз пайдаланылуы.

Сондықтан, халықтың

Шолпан БАЙҒАЛЫ,

ақын, ардагер журналист:

- Елорда - Қаныш, төріңіз!

Ескерткіш құйдық, көріңіз!

Сөйлетті қара тасты да,

Кереку-Баян еліңіз!

Көк аспанды сүйіп тек,

Жұлдызындай биіктеп,

Деп тұр ғалым Сәтбаев,

«Менің халқым биік» деп...

Керекулік зиялы қауым өкілдері Елордадағы

Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл шоғын

қойды. Кеудемізде жарқыраған Сәтбаев

медалі барлық марапаттардан да биік

екенін шын жүректен сезіндім! Ескерткіш

қоюға күш-жігерін салған азаматтарға, осы

сапарымызға тірек болған облыс әкімдігіне,

өңірдің мәдениет саласының басшылығына

алғысымыз шексіз!

экологиялық сауаттылығы мен

мәдениетін арттыру маңызды.

Мысалы, смартфондар арқылы

қосымша жасауға болады. Онда

адамдар қоқыс жинау тәжірибесімен

бөліседі және ластанған

аймақтар белгіленеді. Бұл тұжырымдама

цифрландыру кезеңінде

өзекті болып табылады. Өйткені

бұл қосымша кез келген құрылғыда

қолжетімді, - дейді ол.

Шара соңында Павлодар NIS

пен Қытайдағы Desheng School

International серіктестік мектебі

арасында арасында арнайы шешім

қабылданды. Екі ел экологиялық

мәселені бірлесіп шешпек.

Өз тілшіміз.

COVID-19: ЖЕДЕЛ ДЕРЕКТЕР

Аймағымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған

88 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Инфекциялық төсектердің 45 пайызында

науқастар бар. Ал КВИ жұқтырған 164 баланың

52-сі стационарда ем алып жатса, 112 бала -

амбулаториялық бақылауда.

Инфекциялық

бөлімдер

жабылды

Тілеуберді САХАБА

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен онлайн

брифингте облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар Сейітқазинов хабарлады.

- Науқасқа қажетті оттегі

құрылғылары жеткілікті, медициналық

персоналдың қажетті

мөлшері бар. Бүгінде емханалардың

жанында 166 мобильді бригада

жұмыс істейді. Стационарларда

45 күнге жететін препараттар

резерві бар. ПТР диагностикасын

жүргізуге арналған 7 зертхана

жұмыс істейді. Тәулігіне орта

есеппен 2300 ПТР қорытындысы

шығарылады, - деді Айдар

Кенжетайұлы.

Жауапты мамандардың сөзіне

қарағанда, аймағымызда эпидемиологиялық

ахуал тұрақталып

келеді. Оған аудандар

мен облыс орталығында кейбір

емханалардағы инфекциялық

орындардың жұмысын тоқтатуы

дәлел.

- Соңғы кезде ифекциялық

бөлімдерге науқастардың түсуі

азайған. Соған байланысты

қосымша ашылған орындарды

қысқартып жатырмыз. Бүгінде

барлық аудандық ауруханалардағы

инфекциялық орындар мен Павлодарда

екі жердегі инфекциялық

бөлім жабылды. Алдағы уақытта

Сұлтанов атындағы облыстық

ауруханада ашылған арнайы

орындарды жабатын боламыз, -

деп атап өтті денсаулық сақтау

басқармасының басшысы.

Облыстағы емханаларға

КВИ-ге қарсы вакцинаның

І компоненті бойынша 362 785

және II компоненті бойынша

323 765 дозасы келген. Бірақ

тұрғындардың вирусқа қарсы

вакцинаны алу белсенділігі

төмендеген. Облыс бойынша

450 мың адам алады деп жоспарланған

болса, бүгінде вакцинаның

І компонентін 64 пайызы,

ІІ компонентін 55 пайызы

қабылдапты. Қазіргі таңда

облыс тұрғындарына екпенің

«Спутник V», «Qazvac», «Vero

Cell» түрлері салынып жатыр.

Ал 856 тұрғын тұмауға қарсы

екпе қабылдаған. Олардың

60-70 пайызы - медициналық

қызметкерлер. Бұл жерде Ресейдің

«Гриполл» өндірісінің вакцинасы

қолданылуда.

Ақсу қалалық орталық ауруханасының

бас дәрігері Мақсат

Мұқашевтің сөзінше, жыл басынан

бері 3117 адам коронавируспен

ауырған. КВИ жұқтырған

тұрғындарды емдейтін 230 орын

бар. Бүгінде 161 адам бақылауда

болса, ауруханаларда 86 адам

емделуде. Қала тұрғындарының

64 пайызы КВИ-ге қарсы

вакцина қабылдаған. Ал зауыт

жұмысшыларының 70 пайыздан

астамы екпе алды.


4 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Үй пешінен қауіп көп

- Оразбек Тоқболатұлы,

төтенше жағдай департаменті

жылыту маусымына дайындық

бағытында қандай жұмыс

жүргізуде?

- Күз мезгілінен бастап жеке

сектордағы үйлерде тұратын адамдар

пеш жағатынын білесіздер. Оқыс

оқиғалардың алдын алуда халық

арасында түсіндіру жұмыстарын

жүргізудеміз. Бұл ретте департамент

мамандары жергілікті полиция

қызметімен, жергілікті атқарушы

органдар және еріктілермен бірлесіп,

рейдтік шаралар ұйымдастыруда.

Жыл басынан бері 82 мың 261 тұрғын

үйдің ауласы тексеріліп, 174 мыңға

жуық адаммен әңгіме жүргізілді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы

саны 13 мың адамның қатысуымен

583 жиын ұйымдастырылды.

Бүгінде жергілікті полиция

қызметімен бірлесіп, әлеуметтік

тұрғыдан аз қамтылған, қауіпқатер

тобына жататын адамдардың

тұрғылықты жерлері бойынша

2462 рейд өткізді. Оның аясында

8 мыңға жуық адамға отты пайдалану

ережесі үйретілді. Осы

бағыттағы жұмыстар әлеуметтік

нысанда да жалғасуда.

- Өткен жылы жылыту

маусымы кезеңінде қанша

адам өрттен жапа шекті?

- Былтыр жылыту маусымы

кезеңінің қорытындысы бойынша

облыс аумағында тұрғын үй

Күз мезгілі басталысымен күн суытып, жеке

сектордағы үйлерде тұратын адамдар пеш

жағуға кірісті. Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің мамандары жылыту маусымы

кезеңінде оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында

өрт қауіпсіздігі айлығын жылдағыдан ерте бастады.

Жалпы, отты пайдалануда, пешті жағуда қандай

қауіпсіздік ережелерін ескерген дұрыс? Ысты

газдан уланып қалмау үшін датчик орнатудың

маңызы қандай? Осы орайда, облыстық төтенше

жағдайлар департаменті өртті мемлекеттік бақылау

басқармасы бастығының міндетін атқарушы,

азаматтық қорғау майоры Оразбек Уәлихановпен

тілдескен едік.

секторында 356 өрт орын алып,

материалдық шығын көлемі

32 млн 554 мың теңгені құрады. Өрт

салдарынан 14 адам қаза тапты,

18 адам түрлі дене жарақатын

алды. Оның ішінде бір бала бар.

Бұдан бөлек, 22 адам ысты газдан

зардап шекті. Оның 9-ы - бала.

- Жыл сайын департамент

жеке сектордағы үйлерге өрттің

шығуы жөнінде дабыл беретін

датчик орнататынын білеміз.

Осы бағытта қандай жұмыстар

жүргізілуде? Аталмыш құрылғы

кімдерге тегін орнатылады?

- Мұндай құрылғы әлеуметтік

тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға

ғана тегін орнатылады.

Осы орайда, жергілікті атқарушы

органдарға датчиктерді сатып алу

және орнату жөнінде қаржы бөлу

үшін арнайы хат жолдадық. Жуырда

Шарбақты ауданында мамандар

әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған

отбасылардың үйлеріне датчикті

тегін орнатты.

Естеріңізде болса, осы

құрылғының көмегімен облыста

2 көпбалалы отбасы құтқарылған

болатын. Аққулы ауданына қарасты

Шарбақты ауылында тұратын

5 баласы бар әйел құрылғының

дабыл белгісі арқылы түн ортасында

оянып, отбасын өрттен құтқарып

үлгерді. Егер ұйқыдан оянбағанда

бақилық болатын еді. Сонымен

қатар, Аққулы ауданында да көп

балалы ана құрылғының дабылы

арқылы оянып, жанұясымен аман

қалған еді.

- Жылыту маусымының

алдында тұрғындарға қандай

ұсыныс айтар едіңіз? Өрттен

сақтану үшін әр адам не нәрсені

ескеруі тиіс?

- Ең алдымен, пештер мен

электр құралдарын пайдалануда

сақтық қажет. Зақымдалған розеткаларды,

сымдарды, жылу беретін

құралдарды пайдаланбау керек.

Пештерді және басқа да жылыту

құралдарын пайдалану алдында

оны толық тексеру қажет. Пештің

мұржасын үш айда бір рет міндетті

түрде күйеден тазартқан абзал. Пешті

қадағалауды балаларға тапсыруға,

отынды, басқа да материалдарды

пештің алдына орналастыруға,

киімді және басқа да заттарды

ошақтың жанында кептіруге тыйым

салынады. Сондай-ақ отын жаққан

пешті қараусыз қалдырмаған абзал.

Тұрғын үйлердегі өрттердің басым

көпшілігі жалға берілген сектордан

шығады. Өйткені жалға берушілер

тұрғынжайлардың өрттен қауіпсіздігін

сақтау деген мәселеге басын ауыртпайды.

Сондықтан әр адам отқа

абай болып, қауіпсіздік ережесін

бірінші орынға қойғаны дұрыс.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Талап өзгерді

Мемлекеттік кадрлық резервке өтудің талаптарында

өзгерістер бар. Биыл Президенттік жастар

кадрлық резерві үміткерлеріне қойылатын басты

шарттардың бірі – Мемлекеттік тілді білу және

меңгеру.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік

басқару академиясының

ректоры Ерлан Әбілдің сөзіне

сүйенсек, биылғы Президенттік

жастар кадр резервіне іріктеудегі

жаңашылдықтың бірі – үміткердің

мемлекеттік тілді білу деңгейін

растауы. Резерв кандидатында

мемлекеттік тілді білу

деңгейін растайтын Қазтест

немесе Qazaq Resmi Test сертификаты

болуы шарт. Қазтест

сынағынан офлайн форматта

өту қажет болса, Qazaq Resmi

Test-ті үміткерлер өздеріне ыңғайлы

уақытта онлайн түрде тапсыра

алады. Ол үшін веб-камерасы,

микрофоны және интернеті бар

компьютер болуы керек.

Қазақстанда Мемлекеттік тілді

меңгеру деңгейін анықтайтын

тестілеудің жаңа форматы –

QazaqResmiTest іске қосылды. Ол

бұған дейінгі тест жүйелерімен

қатар қолданылады. Онлайн тест

ресми тілдің жазбаша және ауызша

деңгейін анықтауға арналған.

Жүйе академияға түсетін үміткерлер

арасында сынақтан өткізілген.

Жекеменшік компания әзірлеп

шығарған Qazaq Resmi Test-тің

сынақтан өту бағасы – 5 000 теңге.

Алайда мемлекеттік қызметшілер дәл

осы тестен өтуге міндеттелмейді.

Олар ресми түрде бекітілген кез

келген тесті тапсыра алады.

Мемлекеттік қызметші аттестациядан

өткенде кез келген тесті

таңдай алады. Қазір ҚАЗТЕСТ

те бар. Оның бағасы шамамен

800 теңге. Qazaq Resmi Test-тен

кейін де басқа бір жүйе шығуы

мүмкін. Бұл жерде таңдау кеңейтіліп

отыр. Адамдар өздері таңдайды.

Жаңа тесті әзірлеген авторлардың

бірі Нәзигүл Төленбергенованың

айтуынша, Qazaq Resmi Test пен

ҚАЗТЕСТ-тің бірнеше айырмашылығы

бар. Біріншіден, Qazaq Resmi

Test ықшам және ресми іскерлік

тіл аясында жасалды. ҚАЗТЕСТ

жалпы тілдік білімді бағаласа, Qazaq

Resmi Test ресми іскерлік тілді

білу деңгейін анықтайды. Соның

ішінде ресми мәтінді құрастыру,

сұхбат кезінде сөйлесу, көпшілік

алдында сөз сөйлеу, тыңдалған

материалдардан өзекті мәселені

бірден анықтау және сол мәселені

талдау дағдылары бар.

Павлодарда Президенттік кадрлық

резервке іріктеу үшін өтінімдер

қабылдау 1-30 қыркүйек аралығында

өтеді. Өтінімдер www.pkrezerv.gov.

kz сайтында онлайн беріледі.

Резервке барлығы 50 дарынды

жас азамат енетін болады. 2019

жылы олардың қатарына 300 адам

енген. Облыстық мемлекеттік қызмет

жөніндегі Агенттік департаментінің

басшысы Ержан Қарымсақовтың

сөзіне сүйенсек, ұсынылған лауазымдарға

барлығы келісе бермеді.

300 адамның бүгінде 184-і жұмыспен

қамтылған. Мәселен, ұлттық

компанияларда жұмыс істейтіндер

жалақысы төмен қызметтерден

бас тартқан. Айта кетерлігі, іріктеу

басталған он күн ішінде Павлодар

қаласында 13 үміткер тіркелген. Ал

республика бойынша үміткерлер

саны үш жүзге жуықтаған.

Т.ОРАЗАЛЫ.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ақылы жолдың

жай-жапсары белгісіз

Облысымызда ағымдағы жылы 13 млрд 386 млн теңгеге жалпы ұзындығы

422 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін

жаңарту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта күрделі және орташа жөндеу

жұмыстары бойынша 103 жоба іске асты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Өңір бойынша автожолдардың

жалпы ұзындығы 5372 шақырым.

Оның ішінде республикалық маңызға

ие жолдар 1662 шақырымды,

облыстық маңызға ие жол 1010 шақырымды

құрайды. Өзгесі – аудандық

маңыздағы жолдар. Бұл туралы

Павлодар облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасының басшысы Марат

Зенов Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте айтты.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар

облысы бойынша жолдар филиалының

директоры Ақылбек

Қабылдиннің айтуынша, Ертіс өзені

үстінен өтетін автокөпір жобалануда.

Қазіргі уақытта сарапшылардың

қарауына жіберілген. Көпірге қатысты

жөндеудің шешімі қараша айында

белгілі болмақ.

Брифингте Павлодар – Омбы,

Павлодар–Семей бағыттары 1 қарашадан

бастап ақылы тасжолдар

қатарына қосылатындығы мәлімделді.

Оған қоса, Қалқаман – Баянауыл –

Үміткер тас жолының 85 пайызы

толық жөндеуден өткен. Қазан

айында іске қосу жоспарлануда.

– Аталған ақылы болатын бағыттар

бойынша тариф бағасы әлі де

белгісіз. Кейбір учаскелерде әлі

де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дегенмен, 1 қазаннан бастап барлық

жұмыстар аяқталып, іске қосылады

деп күтілуде, - дейді А.Қабылдин.

Айта кетерлігі, ақылы жол тек

ауыр жүк көліктеріне қатысты болуы

да ықтимал.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және

Қазақстан халқының тілдері күні шеңберінде

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасы өңірлік Кәсіпкерлер

палатасымен бірлесе отырып, қызмет көрсету

салаларының өкілдерімен кездесу өткізді.

Тіл мәртебесі -

ел мерейі

Аталмыш жиында мемлекеттік

тілдің әлеуметтік рөлін арттыру

мәселесі талқыланды. Жиында

мемлекеттік тілдің тұрмыстық

қызмет көрсету салалары мен

ақпараттық қызметте қолданылуын

бақылау, оның әлеуметтік маңызы

мен қолдану деңгейін арттыру

мәселелері талқыланды.

- Бүгінде жиі қозғалатын мәселе –

қазақ тілінде тұтынушыларға

қызмет көрсету. Осы орайда шағын

және орта бизнес өкілдерімен

кездесулер өткізді. Заңға сәйкес

тұтынушылар өздері қалаған тілде

ақпарат алуға құқығы бар. Осы

тұста, мемлекеттік тілде қызмет

алатын тұтынушыларды ескерген

жөн, - дейді облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі

басқармасы басшысының орынбасары

Сәуле Османова. Оның айтуынша,

соңғы жылдары өңірімізде

13 мыңға жуық адам тегін тіл

үйрету курстарында білім алған.

Ал қазақ тілін меңгеремін деген

жандарға 2022 жылы курстарға

жазылу қазірден басталғанын

атап өтті.

Сондай-ақ, шара барысында

Тіл туралы заң ережелерін бұзған

адамға айыппұл салынатындығы

айтылды. Заңға сәйкес қызмет

көрсету барысында тіл ережелерін

бұзған кәсіпкерлер ішінен жеке

тұлғаларға 6 АЕК түрінде айыппұл

кесіледі. Ал ірі кәсіпорындар

50 АЕК айыппұл төлейді. Бұл туралы

Павлодар облысы тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

басшысы Нұрсұлу

Әубәкірова хабарлады.

Шара соңында Халықаралық

«Қазақ тілі» қоғамының облыстық

филиалы мен облыстық кәсіпкерлер

палатасы арасында өзара

ынтымастық туралы Меморандумға

қол қойылды.

М.ТӨЛЕБАЙ.


Жас times

SARYARQA SAMALY

«Saryarqa samaly» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

БӘРЕКЕЛДІ!

Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ

Оқып жүрген

жастарға

Үмітпенен жоқ қуған

Үмітпенен жоқ қуған

Талабы алда баламыз?

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз.

Тәуекелге бел бусақ,

Көрдегіні аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Қусақ, бәрін шаламыз.

Іс істейік бір болып,

Ашылмасын саламыз.

Сұмдар салған жүректе

Аз ба біздің жарамыз?

Тепкісінде басқаның,

Қор боп жүдеп барамыз.

Көріне көзге азапта

Мәңгі қайтіп қаламыз?

Ойыңды енді азат қыл

Қалсын былай балалық.

«Өзбек басшысымен

қазақ тілінде

сөйлестім»

Әлеуметтік желіде

Өзбекстан президенті

Шавкат Мирзиёевтің алдына

шығып, қазақша сөйлеген

қазақ қызының видеосы кең

таралып кетті. Студент

кезінен бері Өзбекстандағы

Науаи облысында жеке

кәсіпкерлікпен айналысатын

Мерей Аманбаева

жағымды пікірлер жазып,

толассыз тілектер жолдап

жатқан көпшіліктен,

әсіресе Қазақстан халқынан

мұндай реакция күтпегенін

айтады. 23 жасында Зүлфия

атындағы мемлекеттік

сыйлықтың иегері атанып,

өзбек басшысының

атынан көлік сыйға алған

қандасымыз Мерейге хабарласып,

сұхбаттасқан едік.

Жалғасы 6-бетте

Қалижан БЕКҚОЖИН

Мерекелі

жастарға

Сендердікі - шексіз дарқан атырап,

Сендердікі - гүлдер мен жас жапырақ.

Сендердікі - ән шырқаған бұлбұл мен

Алтын күн де нұры түскен шашырап.

Сендердікі - келешектей кең қырлар,

Сендердікі өрен күйлер, тың жырлар.

Сендердікі нажағайлы нөсер мен

Айдындағы алға шапқан толқындар.

Дауылдар да, дабылдар да қағатын,

Құс жолы да жұлдыздарға баратын -

Сендердікі!

Марштауға Марсқа

Жер серігі - зымырандай қанатын.

Бас, масайра, жас дүниені дүбірлет!

Сенде - білім, сенде - қайрат, құдірет.

Отанымның жұлдызындай жарқырап,

Гүлдеріндей жайқалыңдар күлімдеп!

Көтер туды кең әлемге көлбетіп,

Жастық әнмен,

Жалын күшпен өрлетіп.

Қозға шаттық кемелерін биікке,

Теңізімнің толқынындай тербетіп.

Заман сұранысы -

онлайн табыс

Жарты жылда 8 миллион табу мүмкін бе?

Зейнеп Дінісләм – 22 жаста.

Фрилансер саласын меңгерген

ол қазіргі таңда Нұр-Сұлтан

қаласындағы медицина университетінің

студенті. Пандемия салдары мен

қашықтан оқу басталған сәттен

онлайн табыс табуды қолға алған.

Бүгінде айына кемі 1 млн теңгеден

астам табыс тауып отыр.

Жалғасы 7-бетте


6 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл

Жас times

SARYARQA SAMALY

Басы 5-бетте

«Өзбек басшысымен

қазақ тілінде

сөйлестім»

– Студент кезіңізден кәсіпкерлікпен

айналысқаныңызды

естіп, осы сала бойынша жоғары

білім алған болар деп ойласам,

Науаи мемлекеттік педагогикалық

институтында бастауыш сынып

мұғалімі мамандығы бойынша

оқыпсыз. Кәсіпкерлікке бет бұруға

не түрткі болды?

– Бала кезімнен шаруашылық

жүргізуге қатты қызықтым. Өйткені

әкем көп жыл бойы зоотехния

саласында бөлім бастығы болып

жұмыс істеп, өмірін осы салаға

арнады. 9-сыныпты бітірген соң

Науаидегі колледжге ветеринария

мамандығына оқуға түстім. Оны

бітірген соң ауылшаруашылық

институтына зоотехниктің оқуын

оқимын деп ойлағанмын. Бірақ

анам «Қыз балаға шаруашылықты

жалғыз жүргізу қиын болады. Одан

да мұғалімнің оқуын оқы. Педагогтерге

әрқашан жұмыс табылады»

деп ақылын айтты. Сөйтіп, Науаи

мемлекеттік педагогикалық институты

бастауыш сынып мұғалімін даярлайтын

факультеттің қазақ бөліміне

оқуға түстім. Диплом алған соң,

ауылдағы мектепте бір жыл сабақ

бердім. Бірақ кәсіпкерлікке бет бұрған

соң, бұл жұмысты жалғастырмадым.

Қазір өзім оқыған институттағы

менедж-мент факультетінің магистратура

бөлімінде оқимын. Негізі,

мен – Өзбекстандағы Науаи облысы

Нұрата ауданының тумасымын. Біле

білсеңіз, қазақ халқының бірлігін

нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты

үш бидің бірі Әйтеке би осы жерде

жерленген. Жалпы, Науаи – қазақтар

көп шоғырланған аймақ. Мен осы

аймаққа кіретін Ұшқырқұдық деген

қазақ ауылында өсіп-өндім. Артымнан

ерген төрт сіңлім, бір бауырым бар.

Әкем 2013 жылы дүние салды. Ол кісі

бетімізді қақпай, ерке қылып өсірді.

Ол барда еш қиындық көрмедік.

Әкем өмірден өткен соң, үйдің үлкені

болғандықтан, барлық жауапкершілік

менің мойныма артылатынын түсіндім.

Жалпақ тілмен айтқанда, бауырларымды

аш қалдырмас үшін анам

екеуіміз әрекет етіп, көп еңбектендік.

Қазір менен кейін туған сіңлім

шетелдік компанияда жұмыс істейді.

Қалған сіңлілерім университетте

грантта оқиды, ал інім мектепке

барады. Анам да институтта оқиды.

Негізі, ол кісі ауылда мен ашқан

балабақшаны басқарады. Одан

бөлек, шаруашылыққа бас-көз

болып отыр. Сіңлім демекші,

сіңлілерімнің үлкені Өзбекстанда

тіркеуден шығып, Қазақстанға қоныс

аударып, Алматыда бір жыл бойы

ағылшын тілінен репетитор болып

жұмыс істеді. Анамның «Барлығымыз

Өзбекстанда тұрамыз, елге бармай,

қасымызда жүре берсеңші» дегеніне

құлақ аспай, «Ол жақта ата-әжем бар

ғой!» деп Қазақстанда қалғысы келді.

«Азаматтық алмай қоймаймын» деп

ары-бері шапқылап, қағазбастылықтан

қиналып, ол талпынысынан ештеңе

өнбеді. Ақырында Өзбекстанға қайтып

келіп, қазір осындағы шетелдік

компанияда жұмыс істейді.

– «Анам да институтта оқиды»

дедіңіз бе? Анаңыз қазір сіз секілді

студент пе?

– Анам кезінде техникумда

есепшінің оқуын оқыған. Әкемнің

табысы жақсы болғандықтан, ол кісі

шаруашылық жұмысына көп көңіл

бөлген. Анамның екі жыл қатарынан

оқуға түсе алмай, емтиханға дайындалып,

қиналып жүргенін көріп «Оқуды

не қыласыз? Одан да кәсібімізді

жүргізе берсеңізші» десем, «Оқудың

ерте-кеші жоқ, білімді жетілдірген

дұрыс. Менің оқығым келеді» деп

тырмысып-бағып, үшінші жылы

Науаи мемлекеттік педагогикалық

институтының Педагогика және

психология факультетінің қазақ

бөліміне оқуға түсті. Сөйтіп, қазір

47 жасында 2-курс оқып жүр.

– Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

Алдымен балабақша аштыңыз

ба әлде мал шаруашылығының

өнімділігін арттыруды көздедіңіз бе?

Қайсысын бірінші қолға алдыңыз?

– 2016 жылы колледж бітіргелі

жүргенде кәсіпкерлерге пайызсыз

несие беретін бір байқауға қатыстым.

Ангор ешкісін будандастыру, одан

алынатын өнімдердің сапасын арттыруды,

бір жылда қанша пайда

әкелетінін сараптап, бизнесжоспар

әзірлеген едім. Бірақ

облыстағылар менің бұл бастамама

«Сен бізді мазақ қылып

тұрсың ба?» деп мырс күліп,

байқаудан өткізбей қойды. Сол

кезде өзіме «Түбі осы жобаны

республикалық деңгейдегі

байқауға алып шығып, мұның

тиімді екенін дәлелдеймін»

деп уәде бердім. Сосын сол

жылдың қазан айында «Кәсіпкер

қыздың ең жақсы жобасы»

деген республикалық байқауға

қатыстым. Айым оңынан

туып, сол байқауда бірінші

орынды иелендім. Марапаттау

кезінде Өзбекстанға белгілі

қоғам қайраткері Эльмира

Баситханова «Мерей, әйел

адамның қолынан барлығы

келеді. Бұл ісің тіпті де

ұят емес. Қолыңнан келсе,

қонышынан бас! Сен, бастысы,

тоқтама!» деп арқамнан қағып,

жігерлендіріп жіберді. Ол

кісінің бұл айтқаны қиялыма қанат

бітіріп, тың серпіліс берді. Сөйтіп,

21 жасымда кәсіпкерлікпен айналыса

бастадым. Көптеген жобаға

қатысып, ірі кәсіпті дөңгелетіп

отырған кәсіпкерлермен байланыс

орнаттым. Одан бөлек, лауазымды

тұлғалармен көп кездестім. Қазір

министрліктегілердің барлығы мені

таниды (күліп). Ал неліктен балабақша

ашу ісін қолға алғанымды

сұрасаңыз, өткен жылы президенттің

ауылды жерде отбасылық балабақша

ашқандарға қолдау көрсету туралы

қаулысы күшіне енген болатын.

Ал біздің ауылда балабақша

жоқ. Кішкентай балалар үнемі

далада ойнап жүреді, мектепке

дейінгі оқыту және тәрбиелеу ісі

жүргізілмейді. Оның үстіне, үйіміздің

аумағы үлкен, сол себепті үйдің

қасынан балабақша ашқым келді.

Оған қоса, үкімет қызметкерлерге

жалақы төлейді, құрал-жабдықпен

қамтамасыз етеді. Біздің міндет –

жұмысты үйлестіру. Қазір жеке

шаруашылық пен балабақшадан

бөлек, кәсіпкерлік жүргізу бойынша

тренингтер өткіземін. Науаи облысы

бойынша жастарды кәсіпкерлік және

ІТ саласына бейімдеу жауапкершілігі

маған жүктелген болатын. Командамда

8 мықты маман бар, соның

ішінде экономиканы бес саусағындай

білетін профессорлар бар. Сол себепті

қазір уақытымның көп бөлігін осы

іске жұмсап жүрмін.

– Жиырма үш жасыңызда

Өзбекстандағы дарынды қыздарға

берілетін Зүлфия атындағы

мемлекеттік сыйлықтың

иегері атаныпсыз. Бұл марапат

та өміріңізге ерекше серпіліс

бермей қоймайтыны анық.

– Әлбетте, бұл марапат өміріме

көп өзгеріс әкелді. Бұл – қоғамдық

істерге белсене араласатын, түрлі

салада біраз жақсы нәтиже көрсетіп

жүрген, 18-30 жас аралығындағы

қыздарға берілетін мемлекеттік

сыйлық. Оны президенттің өзі табыстайды.

Мұндай ерекше сыйлыққа

лайық деп танылған адамның

соңынан «Мұны алатындай оның

қандай жетістігі бар? Соншама не

жұмыс істеді? Неге алып жүр?»

дегендей түрлі сөз еретіні анық.

Сол сыйлықты алған соң, «Әне,

қараңыз. Мемлекеттік сыйлықты

иеленіп алып, жұмыс істемей, босқа

жүр» дегендей әңгіме айтқызбас

үшін бұрынғыдан бетер жанталаса

жұмыс істедім. Сондай-ақ

тұрмысы төмен отбасыларға көмек

көрсетумен айналыстым. Әсіресе,

пандемия кезінде қиындыққа тап

болған жандарға қолдау көрсетуге

тырыстым.

– «Өзбекстан президентімен

алты рет кездестім» дейсіз. Сонда

президентпен өтетін кездесулерде

Науаи облысы бойынша

жас кәсіпкерлердің атынан сіз

сөйлейсіз бе?

– Иә, Өзбекстан президенті

қатыстатын кездесулерге біздің

облыстағы жас кәсіпкерлердің,

сондай-ақ жастардың атынан

қатысамын. Президент мен көтерген

мәселелердің барлығына қолдау

білдірді. Жалпы, біздің президент

жастармен жиі кездескенді құп көреді,

олардың іркілместен ойларын ашық

жеткізгенін жөн санайды. Мейірімділік

танытып, жастарды жақын тартады.

Мысалы, кеше Тәуелсіздік күніне

орай ұйымдастырылған кездесуде

ортаға шығып сөйлеймін деген

ой тіпті де болған жоқ. Шавкат

Мирзиёевпен кездесудің соңы жылы

жүздесуге айналып, соңында өзі «Тағы

сөйлеймін деушілер бар ма?» деген

соң, қолымды көтеріп, ортаға қалай

шыққанымды білмей қалдым. Тіпті,

көлік сыйлайтынын да білген жоқпын.

Ертең Өзбекстан президенті сайлау

алдында жастармен тағы кездесу

ұйымдастырмақ. Өзбекстанда үшінші

ренессанс басталып, демократиялық

өзгерістер болып жатыр. Сондықтан

ол кісі жастармен жиі кездесіп

тұрады. Есептеп қарасам, он бес

күнде өзбек президентімен төрт

рет кездесіппін.

– Сол кездесуде ортаға

шыққанда Өзбекстан президентімен

алдымен қазақша сөйлесіп,

кейіннен өзбек тілінде сөйлеуге

рұқсат сұрағаныңызға көпшілік

тәнті болды. Тіпті, Шавкат Мирзиёев

сізбен сөйлескен сәті таспаланған

видеоны Facebook-тегі жеке

парақшасына жүктеп қойыпты.

Өзбек президентінің алдында

қазақ тілінде сөйлеуді бұрыннан

ойластырып жүріп пе едіңіз әлде

бұл сол жерде тосыннан келген

идея ма?

– Мен мұны бұрыннан ойлап

жүргенмін. «Президентпен кездесетін

болсам, алдымен қазақ тілінде

сөйлеймін, осылайша ол қазақ

екенімді білсін, сосын өзбекше

жалғастырамын, өзбек тіліне

деген құрметімді білсін» деп ойлап

жүретінмін. Негізі, ереже бойынша

алдымен өзбекше сөйлеп, сосын

қазақ тілінде сөйлеуге рұқсат сұрауым

керек екен. Ал мен керісінше алдымен

қазақша сөйлеп, кейін өзбекше

сөйлеуге рұқсат сұрадым, бірақ

президент өзбекше жалғастыруға

рұқсат сұрағаныма қуанып, алғысын

білдірді. Мен үнемі айтамын: қазақ

пен өзбек – түбі бір, бауырлас ұлттар.

Өзбекстаннан кеудемізді итеріп,

ешкім кет деп жатқан жоқ. Керісінше

жағдайымызды жақсартуға мүмкіндік

беріп отыр. Науаи облысының әкімі

Қабыл Тұрсынов қазақтарды көп

қолдайды. Кәсіпкер болған соң,

жолыңды кес-кестеп, күндейтіндер

табылады. Сондай теріс пиғылы

бар адамдардың маған кедергі

келтіруіне жол бермей, әрдайым

демеп жүреді. Ол кісі әсіресе домбырада

ән шырқағанды ұнатады. Ауылаймақты

аралаған кезде шопан

қазақтармен бірге отырып, ән тыңдап,

шүйіркелесіп қайтады. Осыдан-ақ

ол кісінің қазақтың мәдениетін

жоғары бағалайтынын бағамдауға

болады. Ал Қазақстанға бару ниетім

туралы сұрағыңыз келсе, жуырда

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

палатасының өкілдері хабарласып,

кездесуге шақырды. Командамнан

бес-алты маманды ертіп, қыркүйектің

жиырмаларына таман елге баруды

жоспарлап отырмын. Жалпы, мен

Қазақстандағы маңызды оқиғалардан

хабардар болып, жастарға қандай

қолдау көрсетіліп жатқанын бақылап

отырамын. Негізі, елге барсам, Қасым-

Жомарт Тоқаевпен кездескім келеді.

Ол кісіге айтарым бар.

– Біздің Президентпен кездесудің

сәті түсіп жатса, не айтар

едіңіз?

– Өзбекстандағы қазақтардың ол

кісіге тарту етер сыйлығы бар. Одан

бөлек, көкейімде түйіп жүрген біраз

нәрсені бөліскім келеді. Мысалы,

Қазақстан және Өзбекстандағы

белсенді қазақтар, әсіресе жастар

арасында форум өткізілсе екен

деймін. Сонымен қатар екі елдегі

мықты кәсіпкерлер арасында пікір

алмасулар көп болғанын қалаймын.

Көпшілік алдында айта алмайтын

тағы басқа жобалар бар. Жалпы,

ол кісімен бейресми кездесуде

сұхбаттасқым келеді.

– Тағы бір байқағаным, сол

кездесуде қазақша сөйлегеніңізге

риза болған қазақстандықтардың

басым көпшілігі «Қазақ

тілін ұмытпағаныңызға рақмет!»

деп пікір қалдырып, ақжарма

тілектерін білдіріп жатыр. Сол

видео әлеуметтік желіде кеңінен

таралып, қазақстандықтар мұндай

реакция танытады деп күтпеген

боларсыз, сірә?

– «Қазақ тілін ұмытпағаныңызға

рақмет» деген пікірлерді мен де

оқыдым. Біз жақта ана тілімізді

білмейтін қазақтар жетерлік. Көпшілік

сол себептен сұрап жатқан болар.

Ал біздің ауылда өзбектер былай

тұрсын, тәжіктер де қазақша сөйлейді.

Ал Қазақстандағылар осыншалық

реакция танытады деп күтпегенім

рас. Сол кездесудің ертесінде-ақ,

Қазақстандағы БАҚ-тардың мен

туралы жарыса жазғанын байқадым.

Осыдан соң, «Егер мен мына жақта

қиналып қалсам, көмектесетіндер

бар екен. Артымда бір қауым ел

бар екен ғой» деген ой түйдім.

Облыс әкімшілігіндегілер «Президент

сыйлаған көліктің кілтін табыстағанда

қандай сезімде болдыңыз?» деп

сұрайды. Мен болсам «Қазақстандағылардың

қалай қолдап жатқанын

көріп жатырсыздар ғой. Көліктің

кілтін алғанда бұлай қуанбағанмын

мен» деп, қуанышымды жасыра

алмай, мақтан көріп жүрмін. Арада

апта өтсе де, жылы лебіздер,

ізгі тілектер легі таусылар емес.

Өзбекстандағы көпшілік қазақтілді

сайттарды оқиды екен. Тіпті, облыс

әкімі «Бүгін қанша қаралым болды?

Ал пікірлер саны қанша?» деп сұрап

отырады. Сосын ол кісіге «есеп»

ретінде скриншоттар жіберемін

(күліп). Осы ретте басылымдарыңыз

арқылы мені бауырына тартып,

тілекші болып жүрген Қазақстан

халқына алғысымды жеткізгім келеді.

Қай мемлекетте тыныштық болса,

сол мемлекетте даму болады.

Өзбекстан мен Қазақстан халқының

ұйқысы тыныш, аспаны ашық. Лайым

солай болсын! «Қазақ» деген атымыз

өшпесін! «Мен – қазақпын!» деп

мақтана айтатын мақтаныштарымыз

көбейе берсін!

Әңгімелескен -

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

Жас times

18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 7

Заман сұранысы -

онлайн табыс

Жарты жылда 8 миллион табу

мүмкін бе?

Басы 5-бетте

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Фрилансер – еркін жұмысшы. Әлемнің

кез келген жерінде отырып-ақ, жұмыс

істеймін әрі табыс табамын деген

жастарға берілген тамаша мүмкіндік.

Оның үстіне, қашықтан жұмыс істеу

офлайнға қарағанда әлдеқайда жеңіл.

Десе де, бұл саланың өзіңе белгілі

қиындықтары да бар.

Студент Зейнеп грант иесі атанды.

Колледж уақытынан мемлекеттік грантпен

оқыған ол, университет қабырғасында

оқу үлгерімінің үздік деңгейіне бірнеше

ұпай жетпеуіне байланысты шәкіртақыдан

қағылған екен. Үй-ішіне салмақ салғысы

келмей, ғаламтор желісіндегі табыс

табудың жолдарын іздестіру кезінде

фриланс мамандығына көзі түсіп,

мұны еркін меңгеріп алды. Алғашқыда

жаңадан бұл мамандықты бірден

меңгеру оңай болмаған сыңайлы.

Бүгінде айтқанынан қайтпайтын

қайсар қыз аталмыш саланың жілігін

шағып, майын тамызуда. 6 айға жуық

уақытта адал табысының нәтижесін-

ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ

Бокс – тек ерлерге

арналған спорт

тартысы емес

екендігін бүгінде

қайсар мінезді қазақ

қыздары дәлелдеуде.

Бокс шаршы алаңында

жоғары шеберлігі

мен шоқтығы биік

спортшы арулар

саны күн санап

артып келеді. Осы

тұста өңіріміздегі

нәзік жанды арулар

былғары қолғап

шебері атанып, шаршы

алаңда топ жарды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

де 8 миллионға жуық қаражат тапты.

Фрилансер болу оқуыма еш кедергісін

келтірген емес, - дейді бір сөзіңде

Зейнеп. Себебі, мұнда ең бірінші,

арнайы жұмыс жоспары жоқ, тек өзіңізге

арналған жеке кесте құрып алсаңыз

жеткілікті. Сондай-ақ, арнайы қосымшалар

көмегімен фриланстан бөлек SMM, таргет,

сайт жасау салаларын видео сабақтар

арқылы үйренуге болады. Мұның бір

артықшылығы, кез келген уақытта, кез

келген жерде аталған видео сабақтарды

қайта қарауға мүмкіндік бар.

- Бастаған істі соңына дейін жеткізу –

менің мақсатым. Бұл жолда шыдамдылық

пен ісіңе деген құштарлық қажет. Жақсы

қаражат тапсаңыз, үйренуді жалғастырып,

өзіңізге инвестиция құюға жол ашылары

анық. Сондықтан, жастарға қателесуден

қорықпай, одан керісінше сабақ алған

дұрыс дегенді айтқым келеді. Жақында

фрилансқа келгендегі алғашқы қателіктерді

ескеріп, табыс табуға ниетті жандарға

арнайы бағдарлама, яғни Telegram канал

ұсындым. Мұның көпке берер пайдасы

болса қуаныштымын, - дейді З.Дінісләм.

Бұдан өзге тағы SMM маманы болып

жұмыс істеп жатқан студент ару өз туған

ауылындағы қыз-келіншектерге арнап,

сәнді киім үлгілерін ұсынып, онлайндүкен

кәсібін дөңгелетіп отыр. Ата-анам

мен жақындарымды қуантып, өзімді

қамтамасыз етіп қана қоймай, ақша

үнемдеу үшін өзімді шектемейтіндігім

қуантады деп фрилансерлік салаға

ерекше алғысын айтып өтті.

- Қазір - нағыз онлайн жұмыстың

заманы. Оған карантин уақытында

көпшіліктің көзі жетті деп ойлаймын.

Үйде отырып, еш жаққа шықпастан да

пайда табуға болады. Жұмысы жемістінің –

өмірі келісті екені даусыз. Ең бастысы,

сабақты толық меңгеріп, желіде жеке

брендті көбірек қозғау маңызды, - дейді

фрилансер Зейнеп Дінісләм.

Олай болса, әлемдегі сұранысқа

ие әрі креативті саланы меңгерген

Зейнепке табыс тілейміз! Ал сіз, дәл

табысты ару Зейнеп сияқты батыл

қадам жасап, онлайн табыс табуға

қөзқарасыңыз қандай?

Азия чемпионы –

Милана!

Қазіргі кезде Милана Аюпова есімі

өңірімізде танымалдылыққа ие. 18 жасар

Милана 20-30 тамыз аралығында Дубайда

өткен жастар арасындағы Азия чемпионатына

қатысып, 63 келіге дейінгі

салмақ дәрежесінде алтыннан алқа

тақты. Болашақ өмірін кәсіпқой бокспен

байланыстыратын ару алғашқыда волейболмен

айналысқан екен. Кейін өзін-өзі

қорғау мақсатында боксқа келген ол,

бұл спортпен кәсіби түрде айналыса

бастады.

- Менің кәсіпқой бокспен

айналысқаныма 5 жылға жуық

уақыт болды. Алғаш рет 13

жасымда келдім. Кәсіпқой бокстағы

жеңістерім мен жеңіске деген

табандылығым Марат Қырықбай

бапкерімнің берген қолдауы мен

қойған талаптары нәтижесінде

жүзеге асуда. Әркез қолдау мен

ақыл-кеңесін аямайтын бапкерімді

«екінші әкем» деп білемін. Осындай

бапкерден тәлім алып жатқаным үшін

Аллаға шүкір айтамын! – дейді боксшы

ару.

Қыз бала – ас үй ханшайымы деген

сөз бар. Спорттан тыс уақыттарда тәтті

тағамдар пісіруді ұнататын Милана алдағы

уақытта тігінге деген қызығушылықтың да

барын жасырмады. Дегенмен еліміздегі

әйелдер арасындағы кәсіпқой бокста

жеңіске жетіп, одан әрі ел мерейін

асқақтатсам деген арман-мақсаттарымен

де бөлісті.

Жуырда павлодарлық боксшы ару

Милана Аюпова Азия чемпионатында

жеңіске жетті. Мұндай ірі жарыстағы

табыс спортшы рухын шыңдай түсері

анық. Боксшы аруға спорт жолын

жалғастырып, талай дүбірлі додаларда

жеңіске жетеді деген сенім білдіреміз.

АДАМ КӨРКІ – ШҮБЕРЕК

Трендті

талғаммен

үйлестіріңіз...

Адам кісілігі киімінде емес,

білімінде. Алайда, әдемі

әрі сәнді киіну адамның

тек сыртқы келбетіне ғана

емес, ішкі жан дүниесі

сенімділігіне ықпал етеді.

Қазіргі жаhандану заманында

жаңалық көбейген

сайын, киім мен сән саласы да

ерекше жедел дамып барады.

Сәннен қалмай, жыл сайын

гардеробты жаңарту біраз

қаражатты талап етері сөзсіз.

Сән – киім кию мәдениеті мен өмірдің әртүрлі

саласында жеке талғамның уақытша үстемдік

етуі. Сәнді киіну, яғни тренд киім үлгісі кемінде

2-3 ай өз мәнін жоймайды, ал кейін шетке

ысырылып қалып жатады. Алайда, кейбір сән

әлеміндегі ерекше образдар көпшілікке ұнап,

бірнеше жыл сәннен қалмайды.

Күз – жылдың ең сезімтал мезгілі. Адам

мінезі сияқты мұнда ауа райы да құбылмалы

болып тұрады. Күздің соққан желі, жаңбырлы

күндері қолайсыз болса да адам жаны қашанда

күзден сұлулық іздейді. Әсіресе, талғамы биік

арулар үшін мұндай құбылмалы ауа райы кезінде

көңілге серпін сыйлау үшін стильді киіну аса

маңызды.

Әлемдік сән мамандары күздегі басты трендке

ие түстерді атап өтті. Осы жолы ашық түстерге

басымдылық берілген екен. Олардың қатарында

ақ, ақшыл қоңыр, қызғылт, сары, жасыл түстер

де бар. Бұл түстер аруларға нәзіктік сыйлап

қана қоймай, күздің құбылмалы ауа райында

көтеріңкі көңіл-күй сыйлары сөзсіз.

Павлодарлық сән маманы, бүгінде өзінің

ерекше талғамдағы киім үлгілерін ұсынып жүрген

Айзат Қожабайдың айтуынша, пандемияның

әсерінен қазіргі сән әлемінде саналы түрде

киіну ұғымы пайда болған. Мұны «осознанная

мода» деп атайды. Биылғы жылы ыңғайлы әрі

қарапайым түрде киіну сәнде. Яғни, жасыл

(хаки), ақшыл қоңыр, т.б. ашық түстерден атлас

маталы жейделер, эко-былғарыдан тігілген

киімдер, оған қоса спорттық үлгімен бірге

классикалық киімдерді сәйкестендіріп образ

жасау күзгі трендке айналған.

Олай болса, талғампаз аруларға өңіріміздің

сән мамандарының кеңесін ұсынамыз:

Ең біріншісі, эко-былғарыдан жасалған

костюм. Сән әлемінде бұл әлі де өзекті. Күз

мезгілінде қара, қоңыр түстерінен бөлек, ашық

түстерді де өз гардеробыңызға қосқан жөн.

Екінші – қысқа жакет немесе белдемше.

Белдемшемен өзіңізді ыңғайлы сезіну үстіңізге

ұзын пальтоны киіп, образды толықтыруға болады.

Ал үшінші киім үлгісі – ментол түстегі күртеше.

Бұл күлгін түсті жібек пен тоқыма мата фактураларымен

әдемі үйлесері анық. Кешкі кездесулерге,

күзгі серуенге арналған ыңғайлы әрі

жеңіл, ең бастысы жылы киім үлгісі болмақ.

Сонымен қатар, 2021 жылдың күзінде

образды түрлі әшекей бұйымдармен толықтыру

сәнде. Не болмаса, қолға және шашқа жібек

орамалдың ашық түстерін қолдану арқылы

ерекшелене аласыз. Әлі де өзектілігін жоймай

келе жатқан тағы бір әдіс – жібек орамалмен

сөмкені жаңарту. Тек киімге сәйкестендіріп,

ашық және қанық түстерді таңдау керек.

Жақсы киіну көп қаражатты талап етеді.

Ең бастысы, алған заттың құны мен сапасын

басты орынға қойған жөн. Сән әлемін қолдаған

жөн, бірақ сән қуудың қажеті жоқ. Киген киім

ажарыңызды ашса, бұл - нағыз жоғары талғам

белгісі. Сәнді болу үшін қымбат киіну маңызды

емес. Бастысы, ерекшелікті жоғалтып алмаңыз!

Сондықтан, трендті талғамға сай үйлестіре

білсеңіз, нұр үстіне нұр болмақ!

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


8 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл

Жас times

SARYARQA SAMALY

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Оқу жүйесінің

қайсысы тиімді?

Әлемдік пандемияның салқыны білім саласына да өз әсерін

тигізбей қоймады. Індеттің зардабынан оқу орындары уақыт ша

жабылып, қашықтан оқу форматына ауысқаны мәлім. Колледж

және жоғары оқу орындарының студенттері де оқудың онлайн

форматына үйреніп, тиімді тұстарын айтқан болса, ал енді бір

студенттер үшін бұл жүйе қиынға соқты. Биылғы жаңа оқу жылы

әдеттегіше дәстүрлі форматта басталды. Осы орайда, оқудың

онлайн немесе оффлайн форматының артықшылығы мен кемшілігі

туралы студент жастардың пікірін сұрап білдік.

Аңсат ЗАКВАН,

Торайғыров университеті колледжінің студенті:

- Маған оқу форматының онлайн түрі ыңғайлы.

Себебі, отбасымның жанында жүріп, керекті

білім алып жатырмын. Ауылдық жерде

тұратындықтан интернет желісінің кей кездері

нашар жұмыс істейтіндігі болмаса, үйде онлайн

оқуыма барлық жағдай жасалған. Бірақ, оқып

жатқан мамандығым техникалық бағыт, яғни

техник-электрик болған соң, практиканы көп

талап етеді. Сондықтан, оқу жылының жарты

бөлігін қашықтан оқып, ал қалған бөлігін оффлайн

түрде жалғастырсақ жақсы болады. Бұл әсіресе,

техникалық мамандыққа оқып жатқан студенттер үшін маңызды.

Томирис АЙТБАЕВА,

Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық

колледж студенті:

- Әлем бойынша орын алған пандемияның

әсерінен біз, оқушылар мен студенттер онлайн

форматта оқуымызға тура келді. Бұл сабақ

форматын алғаш рет осындай ұзақ мерзімде

қолданып отырғандығымыздан бастапқы кезде

біраз қиындықтар туындады. Алайда уақыт

өте келе, онлайн сабақтарға үйренісіп, оның

жағымды жақтарын да байқадық. Өзім оқитын

оқу орнынан онлайн форматтағы оқудың қолайлы

болуы үшін барлық жағдайлар жасалды. Пайдалы

тұстарының бірі – ресурстардың шексіздігі.

Сабақ кезінде тек мұғалім айтып берген ақпаратты ғана қолданбай,

ғаламтор желісінен қосымша мәліметтер іздеп таба алдық. Осы

тұстарда оқушылар мен студенттердің бойында жауапкершілік пен

өздерін жан-жақты дамыту талпыныстары артты. Дегенмен жанды

қарым-қатынастың жетіспеушілігі байқалды. Жалпылай айтар болсам,

екі оқу форматының пайдасы мен кемшілік тұстары жетерлік.

Айша АБДОЛЛАЕВА,

Торайғыров университетінің студенті:

- Қазіргі таңда біз елімізде болып жатқан

жағдайға қарамастан, оқу орнында еркін білім

алып жатырмыз. Бірінші курсымызды аралас оқу

түрімен аяқтадық. Қашықтан немесе дәстүрлі

оқудың қызығы мен шыжығы көп. Оқу ордамызда

көп уақыт өткізіп, студенттік шақтың бастауын

сезіне алмасақ та, ұстаздарымыздың арқасында

өз мамандығымызды оқып білуге ынтамыз оянып,

оқуға бел шеше кірістік. Әрине, әр істің өз қиындығы

болады. Онлайн оқу студенттің жеке дамуын,

жан жақты ізденісін талап етеді. Қашықтан оқу

бізге жаңа заман талабына сай жұмыс істеуді

және электронды құрылғылар мен ғаламтор желісін тиімді пайдалануды

үйретті. Десе де, бұл оқу түрі алыс аймақта тұратын студенттер үшін

тиімсіз болды. Қазақстанның барлық аймағында интернет желісі жақсы

қарқында жұмыс істеді деп айта алмаймыз. Сондықтан онлайн оқу барысында

өз үлгерімдерін нашарлатып алған студенттер де кездесті. Онлайн

форматта оқып жүргенде біз көп уақытымызды ноутбук, компьютер, т.б.

алдында өткіздік. Бұл адам денсаулығына зиян екені белгілі. Сондықтан

онлайн оқудың тиімді және тиімсіз тұстары да бар екенін ескерген жөн

деп ойлаймын. Оффлайн форматта оқитын болсақ, біз жаңа мағлұматтар

мен ақпараттарды одан да тереңірек білетін едік деп ойлаймын. Сондықтан

оффлайн форматта қолдаймын.

Түйін:

Оқу – инемен құдық қазғандай. Ерекше күш-жігер мен ізденімпаздықты

талап ететін онлайн оқу жүйесінің пайдасы да мол деп

білеміз. Десек те, дәстүрлі оқу форматына үйренген студенттерге

бұл жүйе қашанда алдыңғы сатыда болмақ. Олай болса,

студенттік шағын қашықтан оқумен бастаған, университет

ғимаратын сағынған жастарға жаңа оқу жылының дәстүрлі

форматта қайта бастау алатындығы үшін қуаныштымыз!

Пікірлерді үйлестірген – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Мені өзгерткен универ

Күз келді. Универдің ақылы бөліміне оқуға түстім. Білімге деген

құштарлығымның көптігінен бе, әлде қызығушылықтан ба? Білмеймін.

Бір сезім ақылы бөлімге оқуға тапсыруға итермеледі.

Жүрегім алай-дүлей болып, оқуға барғанша

асықпын. Бәрі қызық. Еден жуушы тәтеден

ректорына дейін. Мені ол жақта не күтіп

тұр? - деген сұрақпен ұйқыға жатамын

да, сол сұрақпен оянатын халге жеттім.

Студенттік өмірді жүз пайыз сезінуім үшін

туысқандарымның үйіне тұрмай, жатақханадан

орын алдым. Үш күннен соң оқу басталды.

Есіміме келсем... Есімім - Ержігіт.

Үш күннен соң. Міне, бұл күн де келіп

жетті. Қобалжып тұрмын. Жаңа таныстықтарға

ынтығып, кітапханада кофемен кітап оқуға

асықпын. Қолыма 15 парақ дәптерімді

толтырып алып, куратордың артынан жүрдім.

Ол кісі: «Құрметті студенттер! Сіздерді шын

жүректен құттықтаймын. Оқу жылын, білімге

деген ерекше ықыласпен өткізуді тілеймін», -

деді жымиып.

Маған ол кісі ұнады. Есімі Айнагүл

Өмірзаққызы екен. Әдебімді көрсетіп,

ол кісіге Айнагүл ханым дедім. Ертерек

кітаптарды таратып, бос сөмкемізді ауырауыр,

том-том кітаптарға толтырып берді.

Курстастарыма көз салдым. Бағана

онша мән бермеп едім. Мән берсем,

жалындап тұрған жастар екен. Көздерінде

СТУДЕНТ КҮНДЕЛІГІНЕН

от, қолдарында кітап, бәрімен танысып

көргім келді. Арасынан шашы екі бұрымға

өрілген қарапайым қызды көрдім. Бәрінен

ерекшеленіп тұрғандай, күліп тұр екен.

Тілдесіп көрейін деп, жанына жақындай

бергенім сол еді, Айнагүл ханым тіл қатты:

«Студенттер, сіздерді топқа қосамыз.

Жатақханаға орналасып алған соң, универге

келіп, үйірмеге жазылсаңыздар болады.

Осымен тарқайық!».

Ұстаздың сөзіне көңілім бөлініп, мән

бермей қалдым. Сөйтсем, ерекше ару басқа

да қыздармен бірге есікке қарай беттепті.

Әңгімелері жарасқандай, шүйіркелесіп

барады. Қыздардың әңгімесінің шырқын

бұзбайын деп, үндемей өз жолыммен кете

бардым. Жатақханаға жеткенше сол қыз

ойымнан кетпеді.

Құпиясымен бөліскен

жігіт – Ержігіт.

«Жас times»-ты үйлестірген - Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 9

АҚСУ ҚАЛАСЫ

-

ЕРТІС АУДАНЫ

Асфальт төселуде

Биыл Қызылжар ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында жолдар жөнделуде. Елді мекенде бес көшеге асфальт

төселмек.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Мәдениет үйі ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

Ертіс ауданының Қызылжар ауылында мәдениет үйі ашылды.

Мекеме іші заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңадан

музыкалық құрал-жабдықтар алынды.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының

аясында бос тұрған құрылыс нысаны

заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден

өткізілді. Ауыл сәнін келтірген ғимарат

бірнеше әкімшілік мекемені қамтитын

ауылдың көпфункционалды орталығына

айналды. Ауыл әкімдігі, мәдениет үйі,

Қызылжар ауылдық округінің әкімі

Нұрбек Әбішевтің ақпаратына сүйенсек,

бес көшеге «Асфальтобетон» ЖШС асфальт

төсемек. Бүгінде жөндеу жұмыстары

басталып кеткен, қазан айында аяқталады

деп күтілуде. Жалпы төселетін асфальттың

ұзындығы 4 шақырымнан асады. Жөндеу

жұмыстарына барлығы 93 миллион

теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Оның 90 пайызы республикалық бюджет

есебінен болса, 10 пайызы - жергілікті

қазына қаражаты. Асфальт төселетін

көшелер жалпы жағдайына байланысты

жергілікті қауымдастықпен ақылдаса

отырып анықталды, дейді ауыл әкімі.

Ауылдарды аралады

Өз тілшіміз.

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының

мүшелері «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды

бағдарламасын іске асыру бойынша Баянауыл ауданына

іссапармен барды.

Облыстық мәслихат депутаттарынан

құралған топтар аудандағы жол картасының

индикаторларына тексеріс жүргізді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша

алғашқы топ Қызылшілік пен Лекер

ауылдарындағы су құбырларының жағдайын,

екінші топ өкілдері Құндыкөл – Жаңажол

аралығындағы 11,4 шақырымдық тас жолдың

күйімен танысты. Ал үшінші топтағы депутаттар

Баянауыл ауданындағы Зейтін

Ақышев атындағы білім беру мекемесіндегі

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

учаскелік полиция бөлімі, ауыл поштасы,

фельдшерлік-акушерлік пунктінің бір

шатырдың астында орналасуы тұрғындарға

өте қолайлы.

Бағдарлама игілігі

Өз тілшіміз.

Жуырда Федоровка ауылындағы мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі»

жобасы аясында күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді.

Мәдени нысанның ашылу салтанатына

аудан әкімі С.Батырғожинов және

мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл

тұрғындары қатысты. Аудан әкімі «Ауыл –

ел бесігі» жобасы аясында елді мекендерде

атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде Федоровка ауылында 4 көше

асфальтталып, тағы 4 көшенің жолы

жөндеуден өткен. Сонымен қатар көшені

жарықтандыру мәселесі өз шешімін тауып,

ауылдағы ескерткіштерге жөндеу жүргізілген.

Жаңартылған мәдениет үйінде жергілікті

қазандықтың жұмыс барысын тексерді.

Ауыл тұрғындары тарапынан Жүсіпбек

Аймауытов және Жаңатілек ауылдары

жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары

қажет екендігі айтылды. Оған қоса, Ақсаң

ауылындағы ұялы байланыс мәселесі,

Ж.Аймауытов ауылы мен Қ.Сәтбаев

ауылдарының мәдениет үйіне толықтай

күрделі жөндеу жүргізу мәселесі көтерілді.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

өнерпаздардың шығармашылықпен айналысуына

барлық жағдай жасалған.

Аталмыш мәдениет үйі 1987 жылы

салынған. Үйірмелер пандемияға байланысты

онлайн режимде жұмыс істемек.

Мұндағы қолөнер көрмесі мен кітапхана

жұртшылықтың көңілінен шықты. Шара

соңында ауыл тұрғындары жергілікті

билікке атқарылған ауқымды іс үшін

алғыстарын білдірді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Шідертіде 8 пәтер жөнделді

Шідерті кентінің Сәтбаев, Школьная және Бөгенбай көшелерінде

орналасқан екі-үш қабатты үйлерде ұзақ жылдар бойы иесіз

қалған 8 пәтер бүгінде коммуналдық меншікке өткен-ді.

Қазіргі таңда аталмыш пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік

бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өтті.

Жөндеу жұмыстарына жергілікті

бюджеттен 14,8 млн теңге қаржы бөлініпті.

Жөндеу жұмысын Павлодар қаласының

«Винтрейд» ЖШС орындады.

– Кенттегі пәтерлерді жөндеуге

тапсырыс беруші мекеме – қалалық

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі. Мердігер компания

алдымен пәтер ішін қоқыстан тазартты.

Бөлмелерге бөліп, есік, терезелер

орнатты. Пәтердің кіреберісіне металдан

жасалған есік салды. Сантехникалық

жұмыстарды атқарып, қабарғаларына

тұсқағаз жапсырды. Бүгінгі күні пәтерлер

жарық, су және жылу жүйелері қосылған.

Мердігер компания келісімшарт негізінде

жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың

тамыз айында толығымен аяқтады.

Қазіргі уақытта қалалық қаржы бөлімі

Шідерті кенті бойынша пәтер кезегінде

тұрғандардың тізімін нақтылауда. Алдағы

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

аясында үш жылға 6 млн теңге көлемінде

қаражат алдық. Жинаған қаржымызға

дүкенге жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

Азық-түлік дүкені таңғы сағат 09.00-

ден кешкі 23.00-ге дейін демалыссыз

жұмыс істейтін болады, - дейді кәсіпкер

Ниязбек Абылқасов.

Кәсіпкерлер бес адамды жұмыспен

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Жылыту маусымына

дайын

Аққулы ауданында қысқы жылыту маусымына әзірлік ойдағыдай

жүруде. 34 қазандығы бар. Оның 23-і - білім беру мекемесінің

қазандығы (22 мектеп және агротехникалық колледж), 7-еуі -

мәдениет үйлерінің қазандығы.

Аққулы ауылындағы әкімшілік

ғимараттарды, балабақшаларды және

тұрғын үйлерді ШЖҚ «Аққу-Сервис» МКК-нің

3 қазандығы жылумен қамтамасыз

етеді. Ауданда 34 қазандық, 30 білім

беру нысаны, 20 мәдениет нысаны және

23 денсаулық сақтау нысаны жаңа жылыту

маусымына дайын.

Әлеуметтік нысандар үшін биылғы

жылыту маусымына 13 389 тонна көмір

Жаңа дүкен

уақытта кезекте тұрған шідертіліктерге

8 пәтердің кілті тапсырылады, - дейді

Шідерті кентінің әкімі Мұрат Какожанов.

Айдана АЙТУҒАН.

Ауданда жеке кәсіпті

қолға алғандардың

қатары артып келеді.

Шағын кәсіпті

бастағандардың

қатарында Железинка

ауылының тұрғындары,

ерлі-зайыпты Ниязбек

пен Майя Абылқасовтар

да бар. Жуырда олар

Торайғыров көшесінің

бойында «Железинский»

азық-түлік дүкенін ашты.

қамтып отыр. Жаңа дүкеннің ашылуына

келген ауыл тұрғындары күн сайын

сауда жасауда. Дүкен иелері алғашқы

тұтынушы-ларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Жаңа дүкеннің іші таза әрі жарық,

барлық санитарлық талап сақталған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

(12 976 тас көмір және 413 қоңыр көмір)

қажет. Оған 91 936,2 мың теңге бөлінген.

Барлық нысандар бойынша көмір тасымалдаушылармен

келісімшарт жасалған.

Қазіргі уақытта ауданға көмір жеткізу

жұмыстары жалғасуда.

Салтанат ӘМІРЖАНОВА,

аудандық ішкі саясат және

тілдерді дамыту бөлімінің бас

маманы.


10 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл ТАНЫМ

SARYARQA SAMALY

Құт-кие қонған аңыз мекен

«Атамекен» экспедициясының Баянауылға сапары

Жуырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен тарихи-танымдық

бағыттағы «Атамекен» атты экспедициясы құрамында Баянауыл ауданының сакралды орындарына саяхат

жасадық. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған сапар қатысушылары Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлы, Мұса Шорманұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенелерінде, Қоңырәулие үңгірінде, Сақ заманынан

қалған Мұртты қорғанда болды. Кеудесі қазына, шежіреші, өлкетанушылардың әңгімелерінен

сакралды орындардың қасиеті мен маңызы туралы мол мәліметтерге қанық болды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Ескелді шатқалында орналасқан

ғұлама, әулие, ауыз әдебиеті

үлгілерін жинаушы, діни қайраткер

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі

бүгінде елімізге танымал қасиетті

орынның біріне айналған. Бүгінде

оның қайта жаңарғанына 15 жыл

толып отыр. Кесененің жанында

арнайы музей, қонақүй көтергелі

бірнеше жыл болған. Яғни, баба

басына тәу етіп, тіршілікте қолдау

сұрап келген жандарға барлық

жағдай жасалған.

Мәшһүр Жүсіп атамыз өзінің

өмірден өтерін алдын ала білген,

сондықтан жерленетін орнын ерте

дайындатып, басына екі бөлмелі

кесене салдыртқан. Солақай

саясаттың кесірінен әуелгі ғибадат

орны жермен-жексен етіліп, кейін

Халық жазушысы Дихан баба

Әбілевтің араласуымен, келіні

Нұрила Тәшқызының тікелей

бақылауымен қасиетті орынның

қабырғасы қайта көтерілген еді.

2005 жылдары «Мәдени мұра»

бағдарламасы аясында көркі көз

тартатын кесене салынып, әулиенің

бұлақ басындағы, соңғы мекен еткен

үйі қалпына келтірілген болатын.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы музейінің

басшысы Әсет Пазыловтың айтуынша,

тағзым етіп келушілер легі

қалың. Берісі - өзіміздің елдің

тұрғындары, әрісі шетелден жәрдем

сұрап, жалбарынып келеді. Бірақ

келушілердің есебі жүргізілмейді.

Музейде әулие атаның өмірде

тұтынған заттары, жеке дүниелері,

әулеті туралы деректер, қолжазба

қағаздары, құнды суреттер мен

Мәшһүр ата туралы әр заманда

дуалы ауыздар айтқан лебіздер

келтірілген. Бір сөзбен айтқанда,

келушілер бұл жерден рухани азық

алып, жүрегін иманға толтырып

қайтады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шын

есімі – Адам-Жүсіп. Осы есіміне

Мәшһүр сөзін қосақтаған, бас

киіміне үкі таққан – Баянауыл

дуанының аға сұлтаны Мұса

Шорманов. Экспедиция мүшелері

Ескелді шатқалындағы тағзым

шарасынан кейін одан әрі

80 шақырым қашықта жатқан

Мұса Шорманов ауылына жол

тартты. Мұнда келушілерді ардагер

ұстаздар, жергілікті шежірешілер

Қайриден Мұзафаров, Нескен

Мәлікова бастаған бір қауым қарсы

алды. Олар бірден көнеден қалған

әңгімелердің тиегін ағытты.

Мұса Шормановтың тұлғалық

қыры туралы бұған дейін көп

айтылса да, әлі толық зерттелмегені

анық. Белгілісі, Мұса атамыз –

патша әскерінің полковник шеніндегі

қызметшісі бола тұра,

қазақтан білімді, сауатты, елге

қызмет ететін ірі қайраткерлердің

шығуына ықпал еткен адам. Ол

туралы Абай Құнанбаевтың «Мұса

мырза Арғын баласының ішінде

қолынан іс келетін, тілінен май

таматын адам еді. Жаңа туып

келе жатқан заманның қатпарлы

құбылыстарын дәл түсінген адам еді»

деген. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

болса: «Бұл Арғынның ішінде бар

ма еді мырза пішінді?! Айдын

шалқар теңіздей ақылға дана,

кен еді. Арғынның жалғыз көсемі,

Мейрамның жүйрік шешені» деп

баға берген. Апасы Зейнептен

туған жиені, қазақтың әйгілі ғалымы

Шоқан Уәлихановтың Мұса мырза

туралы лебізі кесене жанында

тақтада жазылған.

Мұса мырза Шорманов

Омбыдағы патшаның генералгубернаторының

рұқсатымен

Баянауылдан орыс-қазақ бастауыш

мектебін салуға ұлықсат алады.

Бірақ тағдырдың жазуымен қайтыс

болып кетіп, ісін баласы Сәдуақас

Шорманов жүзеге асырады. Сөйтіп,

Теңдік ауылында 1903 жылы

алғашқы мектеп ашылады. Ол

мектепте осы төңіректің кейіннен

атағы Алаш жүзіне дүркіреген

талай ұланы білім алады. Соның

ішінде әйгілі академик, геолог,

ғалым Қаныш Сәтбаев та бар. Ол

осы маңнан 7 шақырым жердегі

ауылынан таймен қатынап жүрген

екен. Осындай білім ордасы кейін

түбірімен жойылады. Кәмпеске

заманы келгенде, 1928 жылы

ағаш мектеппен бірге, жанындағы

14 ағаш үй толығымен талантаражға

түсіп, бөренелері осы

жерден біраз қашықтықтан ашылған

кен орнының жұмысшыларына

баспана тұрғызуға жөнелтіледі.

Қаныш Сәтбаев мектепті салдырған

Сәдуақас Шормановтың тұлғасы

туралы былай деп тебіренген екен:

«Не керек, Сәкен ағай дүниеге

ерте келіп кетті ғой, уақытына

жетпей. Парасатты, ақылы мол,

алдағы болашаққа да сенімді

қарайтын, уағында үлес қосатын

адам еді» деп жазған. Одан бөлек,

С.Шорманов Мағжан Жұмабаевтан

кейін көрініп жүрген ақын ретінде

бағасын алған (Алаш қайраткері

Сәдуақас Смағұловтың сөзі). «Оқу -

парыз, балалар, бірің түгел бәріңе,

Бесіктен есікке жеткенше, Жасың

түгіл кәріңе» деген С.Шормановтың

өлең жолдары бүгінде мектептің

орнына қойылған белгітаста қашалып

жазылған.

Қайриден Мұзафаров ағамыз

Мұса Шормановтың қолдауымен

көптеген қазақ баласы Омбыда

білім алып, кейін ұлтына қызмет

еткенін атап өтті.

Қазақ КСР-інің оқу-ағарту ісінің

үздігі Нескен Мәлікова осындай

ғұлама адамның мұрасын ұлықтауда

өзінің шәкірті, қоғам қайраткері,

сенатор Алтынбек Нухұлының

сіңірген еңбегін ерекше айтып

берді.

«Ол бала кезінен ұлы тұлғаның

еңбегін насихаттауды, ел арасында

жарқыратып көрсетуді мақсат

ететін. Міне, осыдан үш жылдай

бұрын Мұса Шормановтың зәулім

кесенесі бой көтерді. Оның ақ

мәрмәр тасы сонау Маңғыстау

өңірінен жеткізілді. Өзі құрылыстың

басы-қасында жүрді. Кесене

көтеру барысында бұрынғы

қоршауы, құлпытасы барлығы

жәдігер ретінде сақталып, жанына

қойылды. Маңындағы елеусіз қалған

қабірлердің айналасын реттеп,

белгілерін жаңартып, ауланы

көріктендірді. Осы игілікті ісін

бүкіл ауыл болып мақтан етеміз»

деді Н.Мәлікова.

Бүгінде Мұса Шорманов

ауылында халықтың тұрмысын

қолайлы ету бағытында игілікті

шаралар іске асуда. Мәселен,

орталық Сәтбаев көшесінде

бұрын-соңды болмаған асфальт

жол тартылып, шамдар орнату ісі

жүргізілуде. Тарихты ұлықтаған ауыл

тұрғындары жаңадан салынған

мәдениет үйінен жаңа музей

жасақтап қойған. Экспедиция

мүшелері бұл музейге аялдап,

жәдігерлерін көріп, лебіз кітабына

тілек жазып қалдырды.

«Атамекен» экспедициясының

келесі тоқтаған жері - Алаштың

ұранын салған дауылпаз ақын

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

кесенесі болды. Заманының

маңдайына сыймай кеткен демократ

ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

кесенесін (Торайғыр ауылында)

қазіргі қалыпта жаңғыртқан халық

жазушысы, Қазақстанның Еңбек

Ері Әбіш Кекілбайұлы болатұғын.

1989 жылы осы өңірден Жоғарғы

Кеңестің депутаттығына ұсынылған

Әбіш Кекілбаев Сұлтанмахмұт

ақынның кесенесін жаңғыртуға

кірісіп, Маңғыстау өңірінің

тастарын әкеліп, құрылыс салу

ісіне бастамашылық еткен еді.

Ақын басына тәу етіп, құран

оқығаннан кейін экспедиция

мүшелері Сақ заманынан қалған

мұртты қорғанға аялдады. Осы

төңіректің білгірі, ардагер Жұман

Дүйсекеевтің әңгімелеуінше, ерте

дәуірде бұл жерде күн, жел ескілі

стихиялық күштердің ықпалын

зерттеген орын болған. Ол

заманда мал шаруашылығының

қай мезгілдің қолайлы болары

барлығы осындағы тастардың

орналасуы, күннің, желдің әсері

арқылы бағдарланып, болжанып

отырған көрінеді. Ж.Дүйсекеев осы

төңіректе балбалтастардың жиі

кездесетіні, бірнеше петроглифтік

таңба-жазбалары бар тастар

құрылыс материалдары ретінде

пайдаланылып кеткенін, бірнешеуін

өзі қайтарып алып келгенін баяндады.

Бұл біздің ежелгі тарихымызға

деген бейжайлығымыз болса

керек. Бүгінде Жұман ағамыздай

жанашыр азаматтардың еңбегінің

нәтижесінде көне тастар мен

бағандар орнына келтірілуде. Осы

ретте, Павлодар педагогикалық

универсиетінің Марғұлан орталығы

ғалымдарының қызметін атап өту

керек.

Баянауыл өңірінің аңызға толы

сакралды орындарының бірі –

Қоңырәулие үңгірі. Бұл нысанның

маңызы туралы бізге «Баянауыл»

ұлттық паркінің инспекторы, белгілі

зерттеуші, өлкетанушы, «Елім-ай»

республикалық сыйлығының иегері

Алтынбек Құрманов әңгімеледі.

Алтекеңнің айтуынша, Қоңырәулие

үңгірі туралы жазбалар

ерте дәуірден бері адамзаттың

қызығушылығын тудырып келеді.

Бұл туралы ағылшын, орыс

ғалымдарының жазбалары бар.

Академик Әлкей Марғұланның

зерттеуі бір бөлек. Қоңыр

әулиенің өзі кім дегенге келсек,

аңыздардың түбі пайғамбарлар

кезеңіне дейін жетеді. Кешкісін

үңгір ішіндегі жоғарғы бөлікке

келіп отыратын, таңертең аяғы

жерге тимей кетіп шығып бара

жататын, қоңыр сұлбалы адам

туралы әфсананың айтылатыны

бар. Жер-дүниені топан су алғанда,

Нұқ пайғамбардың да аялдайтын

тұсы болса керек.

Міне, Алтынбек ағаның бастауымен

Қоңыр әулие үңгіріне

беттеп барамыз. Бастас дейтін,

шөккен түйенің бейнесіне ұқсас

тастың жанына келгенде үлкен

әңгімесін бастады. Ертеде осы

жерде құрбандық шалып, малдың

қанын тасқа жағады екен. Тастың

ерекшелігі сол, адам басы сыятын

тесігі бар. Басыңды біраз уақыт

ішіне кіргізіп отырсаң, ішкі ми-қан

айналым жүйесін жеңілдетіп салады.

Жанындағы тас та жүрек ауруына

жәрдем беретін қасиетке ие.

Баспалдақпен жоғары өрлеп

барамыз. Айтуынша, жолдың

ұзақтығы 1 мың метрге жуық.

Үңгірдің аузына жеткенше 300 метрден

жоғары көтерілесіз. Екі жылдай

бұрын ағаш баспалдақты жолды

жаңадан тартуға едәуір қаржы

бөлініп, туристерге қолайлы жағдай

жасалды. Өрт көліктері өтетін

жолды қалдыруға, өсімдіктерді

баспай жүруге барлық мүмкіндіктер

істелді.

Не керек, Алтынбек ағаның

күңгірлеген күмбезді үңгірдегі

әңгімелері «құлақтан кіріп, бойды

алады». Әйтеуір, пенде ретінде

Қоңырәулие үңгірінің аурасы

бөлек, энергетикасы жеңіл,

науқасты сауықтыру күші зор

екенін сезінетініңізге шүбә жоқ.

Әрине, өңіріміздің қасиетті

жерлерін аралауға бір күндік

шара аздық етеді. «Егемен

Қазақстан» және «Казахстанская

правда» газеттерінің бастамасымен

тарихи-танымдық бағыттағы

«Атамекен» атты экспедициясы

алдағы уақытта да жалғасады деп

ойлаймыз. Аудан басшысы Қанат

Кәрімовтің айтуынша, Баянауылдың

әсіресе Қызылтау өңірі - тұма

тарихтың тұнығы жатқан аумақ.

Бұқар жыраудай абыз, Жүсіпбек

Аймауытовтай сом шебер жазушы,

Жұмат Шаниндей әйгілі режиссер

туған өлкеге бізді дәм тартар

деген үмітпен тарқастық. Бұйыртса,

ол жаққа табанымыз тиіп, білгір

шежіреші-өлкетанушылардың аңызәңгімелеріне

қанығып қайтармыз.

Ал әзірге, оқырманмен осы жолғы

сапардан алған олжамызбен

бөлістік.

Павлодар – Ескелді -

Мұса мырза – Торайғыр

ауылы – Баянауыл -

Павлодар.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 11

Павлодар қалалық

әкімдігі қаулысының

жобасы

«Павлодар қаласының қоғамдық көлігінде

(автобус, трамвай) жолаушылар мен багажды тұрақты

тасымалдауға тарифтерді белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы

4 шілдедегі Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар

қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласында 80 (сексен) теңге мөлшерінде қоғамдық

көліктерінде (автобус, трамвай) жолаушылар мен багажды тұрақты

тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін.

2. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Павлодар қаласының

қоғамдық көліктерінде (автобус, трамвай) жолаушылар мен багажды

тұрақты тасымалдауға тасымалдау қашықтығына және төлем тәсіліне

қатысты сараланған тариф белгіленсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары

Х.А.Хабылбековке жүктелсін.

Павлодар қаласының әкімі

«КЕЛІСІЛДІ»:

Павлодар қалалық

мәслихатының хатшысы

«__» ______________ 2021 жыл

___________________ С.Қалижанова

А.БАЙХАНОВ.

Павлодар қаласы әкімдігінің

2021 жылғы «__»__________

№_______ қаулысына

1-қосымша

Тасымалдау қашықтығына қатысты Павлодар қаласының

қоғамдық көлігінде (автобус, трамвай) жол жүруге арналған

сараланған тариф

№ Маршрут Межелі пункті

Тариф (теңге)

р/с нөмірі

1 1, 6, 10 «Берёзка», «Северный», «Надежда» 100 (жүз)

бақшалығы

2 10, 42 «Восточный» бақшалығы 140 (жүз қырық)

3 9, 10, 17, «Строитель», «Энтузиаст», «Южный», 100 (жүз)

27 «Яблонька», «Авиатор», «Огонёк»,

«Металлург» бау-бақшалығы

4 14 «Здоровье» бақшалығы 100 (жүз)

5 18 «Здоровье», «Нефтяник» бау-бақшалығы 100 (жүз)

6 21, 24 «Строитель»,«Южный», «Яблонька 100 (жүз)

1», «Яблонька 2» бау-бақшалығы

7 22 «Аэропорт» (жеке кесте бойынша), 100 (жүз)

«Южный», «Яблонька 1», «Авиатор»

бақшалығы

8 31 «Реченька», «Клён» бау-бақшалығы 100 (жүз)

9 40, 41 «Фрегат», «Мелиоратор» бау-бақшалығы 100 (жүз)

10 44 «Здоровье»,«Реченька», «Клён» 100 (жүз)

бау-бақшалығы

11 66 «Берёзка» бау-бақшалығы 100 (жүз)

Павлодар қаласы әкімдігінің

2021 жылғы «__»__________

№_______ қаулысына

2-қосымша

Төлем әдісіне қатысты Павлодар қаласының қоғамдық көліктерінде

(автобус, трамвай) жол жүруге арналған сараланған тариф

№ Төлем әдісі

Тариф (теңге)

р/с

1 Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 80 (сексен)

2 Қолма-қол ақшамен төлеу 150 (жүз елу)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша

ресми хабарламалар

Белгіленіп отырған қызметке

Павлодар облысы бойынша экология

департаментіне – Ахметжанова А.М.

ЖК өтінім берілді.

Белгіленіп отырған қызмет -

Павлодар облысы Ертіс ауданында

орналасқан «Кеңес» кен орнында

кірпіш балшықтарды (цемент пен

керамзит) өндірудің тау-кен жоспары

бойынша жұмыстарды жүргізу.

Жоспарланған іс-шараны жүзеге

асыру орны - Павлодар облысы Ертіс

ауданы.

Өтінішті https://ecoportal.kz/

«Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында

және Павлодар облысының жер

қойнауын пайдалану, қоршаған орта

және су ресурстары басқармасының

https://www.gov.kz/memleket/

entities/pavlodar-tabigat/activities/

directions?lang=ru сайттарынан табуға

болады «Белгіленіп отырған қызмет

туралы өтініштер бойынша ресми

хабарламалар» айдарында. Пікірлер

мен ұсыныстарды қабылдаудың

соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың

16 қазаны.

Жұртшылық жоспарланған

белгіленіп отырған қызмет туралы

мәлімдемеге қатысты өз пікірлері

мен ұсыныстарын беруге құқылы.

Пікірлер мен ұсыныстарды

«Павлодар облысы бойынша экология

департаменті» ММ pvlecspert@mail.

ru электронды мекенжайына немесе

Павлодар қ., Мир көшесі, 22-үй

(Павлодар облысы бойынша экология

департаменті) қабылдайды.

Білімнің рөлі

Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел

озады демекші, қазіргі адам өз

өмірін білімсіз елестете алмайды.

Адамдар көп білуге, жетілуге

ұмтылады. Білімді болу үшін адам

еңбектенуі керек, әрекет жасауы

қажет. Білім игеру процесінің басты

қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену

ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде

баса айту қажет. Білім алушы өзі

үйренуге ықылас пен ынта танытуы

керек. Қандай керемет ұстаздар

болмасын, оқуға еш ынтасы мен

қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрету

қиынға соғады. Бұрынырақта, білім

берудің басты қағидасы «Үйрету!»

болса, ал бүгінгі таңда «Үйрену!»

ұстанымына айналып отыр.

Бірақ осы бізге білім керек пе?

Теорияны зерттеуге көп уақыт пен

күш жұмсаудың қажеттілігі бар ма?

Менің ойымша, ол бізге өте

қажет, себебі әлемде қызметтің әр

саласында бәсекелестік бар. Білім

саласын да осыған қоса айтуға

болады.

Қазір беделі жоғары оқу орындарына

түсу өте қиын, талапкерлер

қатаң іріктеуден өтеді. Ал адам

жақсы білім алып, білімді және

білікті маман болса, оған жоғары

жалақы төленетін жұмысқа орналасуына

жол ашылады.

Үкімет жас ұрпақтың білім

алуына барлық жағдай жасап отыр.

Бірақ, ең алдымен әрқайсымыздан

еңбекқорлық пен құлшыныс қажет.

Білімді болу – мұсылманның

діни міндеті. Білім инемен құдық

қазғандай демекші, ақ жол болсын,

жас ұрпақ!

З.АСАНБАЕВА,

«Конфессияаралық қарымқатынастарды

талдау және дамыту

оралығы» КММ.

Ас беріледі

ЗЕРДЕ

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының

білімімен өлшенеді», деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев

айтқандай, адамзат баласының қол жеткізген ұлы

игіліктерінің бірі – білім қазынасы.

СПОРТ

Рекорд жаңарды

Семей–Павлодар бағытында 330 шақырымды

45 сағат 10 минутта жүгіріп өткен қос марафоншы

Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қос спортшы бұл жетістіктерін ҚР Тәуелсіздігінің

30 жылдығына арнады.

Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас

Кәкімжанов - Баянауыл ауданының

азаматтары. Жерлес марафоншылар

Қазақстандағы ультрамарафонның

рекордын жаңартты. Кеше марафоншыларды

жергілікті жұртшылық

салтанатты жағдайда қарсы алды.

Павлодардағы Мәңгілік алау жанында

өткен игі шараға көпшілікпен бірге

жас спортшы балалар да жиылып,

жігіттердің жеңісімен жігерленді.

- Бүгін Қазақстанда жаңа рекорд

орнатылды. Қос спортшы 330 км

қашықтықты 45 сағат 10 минутта

жүгіріп өтті. Өскелең ұрпақ үшін

ХАБАРЛАНДЫРУ

үлгі болыңыздар. Спортқа жақын

адамның болашағы жарқын, – деді

Қазақстандағы Гиннестің рекордтар

кітабына тіркеу департаментінің директоры

Бақытжан Сәбитұлы. Ол қос

марафоншыға рекорд жаңартқаны

туралы сертификат куәлігін табыс

етті.

Нұрсұлтан мен Олжас келесі

кезекте 1000 шақырымды бағындырмақ

ойы бар. Сөйтіп әлемдік

рекордты жаңартпақ ниетте.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық

парк пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

Әкеміз Алпысбес Әділханұлының

аруағына арналған

40 күндік хатым дұға 25 қыркүйек

күні сағат 15.00-де Баянауыл

ауданының Мұса мырза мешіті

асханасында беріледі.

Еске алушылар:

балалары, туыстары.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8245 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1627

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 18 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

РУХАНИЯТ

Ертіс-Баян өңіріндегі

жаңа толқын

Ел Тәуелсіздігін

тұғырлы,

егемендігімізді баянды

етуде қаламгерлердің

еңбегі зор. Қаламмен

өрілген тың туындылары

арқылы ақынжазушылар

қазақ

әдебиетінің дамуына

олжа салып келеді.

Олардың қатарында

Кереку-Баян өңірінің

сөз өнерін серік еткен

шығармашыл қауымы

да бар.

САУАЛ – СІЗДЕН

Тұмаудан

қорғай ма?

Жансерік, Ақсу қаласы:

- Екі апта бұрын коронавирусқа

қарсы ресейлік «Cпутник V» екпесін

салдырдым. Жыл сайын тұмаумен де

қатты ауырамын. Аталған екпе түрі

ЖРВИ, тұмаудан қорғай ала ма? Әлде

тұмауға қарсы екпені де алу керек пе?

Сауалға облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы

Айдар СЕЙІТҚАЗИНОВ жауап береді:

- Коронавирусқа қарсы екпе мен

тұмаудан қорғайтын вакцина екеуі

екі бөлек. Сәйкесінше, ағзада да екі

індетке қарсы екі түрлі иммундық жүйе

қалыптасады. Егер тұмаумен жылда

ауырсаңыз, вакцина салдырғаныңыз

дұрыс. Бірақ сіз КВИ-ге қарсы екпені

2 апта бұрын ғана қабылдасаңыз, әзірге

асықпаңыз. Шамамен 2 айдан кейін ғана

салдырғаныңыз дұрыс. Себебі ағзаңызда

КВИ-ге қарсы иммунитет қалыптасып

үлгеруі тиіс.

Торғын ОРАЗАЛЫ

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

облыс әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар

одағы Павлодар облыстық филиалының

ұйымдастыруымен Павлодарда «Қаламнан

туған қасиет» атты әдеби жиын өтті. Оған

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма

төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың

иегері Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар

одағы басқарма төрағасының

орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделхан

және Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан

қалалық филиалының төрағасы, ақын

Дәулеткерей Кәпұлы қатысып, жергілікті

ақын-жазушылармен кездесті.

Облысқа ат басын тіреген қабырғалы

қаламгерлер алдымен ұлы Абайдың

ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

орналасқан Қазақстан Жазушылар

одағының Павлодар облыстық филиалының

кеңсесінде болып, өңір әдебиетін дамыту

бағытында атқарылған жұмыстармен

танысты. Басқарма төрағасы Ұлықбек

Есдәулет облыстық филиалдың жұмысын

оң бағалады.

– Алыстағы сіздерге провинция деп

қарамаймыз. Талай ғұламалар шыққан Ертіс-

Баян өңірінен қазақ әдебиетінің бойына

қан жүгіртетін жастар қаулап келе жатыр

екен. Әдебиетке жас толқын, жаңа күштің

келуі қуантады. Кез келген бастамаларыңа

өз тарапымыздан қолдау білдіруге әзірміз.

Жергілікті қаламгерлерді қолдап отырған

облыс басшылығына алғысымды білдіремін, -

деді Ұлықбек Оразбайұлы.

Жиында ақын, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі, халықаралық «Алаш»

әдеби сыйлығының иегері Арман Қанидың

сиясы кеппеген сериялы жинақтары –

«Туған жер төсінде», «Кереку жырлары»,

«Замандастар» кітаптарының және жазушы,

сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі Ғалымбек Жұматовтың «Антивирус»

сатиралық жинағының тұсаукесер рәсімі

жасалды. Жаңа кітаптардың авторлары

еңбектерінің жарыққа шығуына қаржылай

қолдау көрсеткен жомарт азаматтарға

алғыс білдірді.

Жиында Қазақстан Жазушылар

одағының басқарма

төрағасы Ұлықбек Есдәулет

ақын Бағдат Дүйсеновке («Ар

мен Ай» өлеңдер жинағының

авторы), ақын, өлкетанушы

Бейбіт Бөженге («Өлеңдерім —

өмірбаяным», «Ел – тұғыр»

кітаптарының авторы),

ақын, драматург Қуаныш

Шармановқа («Сиялы сыр»,

«Дәріс дәптерлері», «Төрт

өрім» кітаптарының авторы),

ақын, аудармашы Айбек

Оралханға («Алты аңғар»

кітабының авторы), ақын,

сатирик Алпысбай Хонжға

(«Әріпті соттау» кітабының

авторы) және ақын Еламан

Қабділәшімге («Өмірқос»,

«Өлеңбаян» кітаптарының

авторы) «Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі»

куәлігін тапсырды.

***

Осы күні Бұқар жырау атындағы облыстық

әдебиет және өнер музейінде «Жазушы

Рамазан Тоқтаров және бүгінгі әдебиет» атты

дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жазушының

музей қорында сақталған жеке тұтынған

заттары, домбырасы және қолжазбалары

«Әдебиет алыбы» атты көрмеге қойылды.

Музей директоры Ербол Қайыров құрметті

қонақтарды өңір әдебиеті мен мәдениетінен

мол мағлұмат беретін жәдігерлер және

құнды деректерге толы рухани орданың

жұмысымен таныстырды.

Өңірдің жас қаламгерлерінің қатысуымен

өткен дөңгелек үстел шарасында Ұлықбек

Есдәулет Рамазан Тоқтаров жайлы

естеліктерімен бөлісті.

- Рамазан Тоқтаровпен кездесіп,

таныспас бұрын ол кісіні «Бақыт», «Ертіс

мұхитқа құяды» кітаптары арқылы,

шығармашылығы арқылы жақсы таныдым.

Ол кісіні жазушылар Рамзай деп атайтын», -

деп, жазушы туралы әдемі естеліктер

тиегін ағытты. Ұлықбек Есдәулет «Рамзай»

деген естелігінде Рамазан Тоқтаров туралы

кеңінен жазған.

Жиын барысында Рамазан Тоқтаров есімін

Павлодар қаласындағы көшелердің біріне

беру туралы ұсыныс айтылды. Облыстық

бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі «Сарыарқа

самалы» газетінде қызмет еткен. Халықаралық

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері Рамазан

Тоқтаров – «Ертіс перзенті», «Бақыт», «Ертіс

мұхитқа құяды», «Тұлпардың сыны», «Жердің

үлгісі», «Ғасыр наны», «Сусамыр», «Таңбалы

жарғақтың құпиясы», «Бақыт құлдықтың

ақыры» романдарының, өзге де сүбелі

шығармалардың авторы. «Абай жұмбағы»

кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын

алған. Әдебиет алыбы атанған жазушы

Рамазан Тоқтаровқа 2002 жылы Павлодар

қаласындағы өзі қызмет еткен облыстық

«Saryarqa samaly» газетінің редакциясы

ғимаратында (қазіргі «Ертіс Медиа»

ЖШС) мемориалдық тақта орнатылған

болатын.

Неше рет

ауыстыра

аламын?

Маржан, Павлодар қаласы:

- 15 қыркүйектен бастап

емханаларға тіркелу науқаны басталады.

Облыс орталығындағы Толстой

көшесінде тұрамын. Бірақ Усолка

шағын ауданындағы №4 емханаға

жазылғым келеді. Бұл мүмкін бе?

Жалпы, тұрғындар бір жылда неше

мәрте емдеу мекемесін ауыстыра

алады?

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» облыстық

филиалының бөлім басшысы

Алма ӘДІЛХАНОВА жауап береді:

- Маман ретінде әр адамға тұрғылықты

мекенжайына жақын орналасқан емханаға

тіркелуге кеңес береміз. Алайда

ережеде адамдардың таңдау құқығы

шектелмеген. Тұрғындар өз еріктерімен

қалаған емдеу мекемесіне тіркеле алады.

Бірақ учаскелік дәрігерді үйге шақыра

алмайтыныңызды ескертемін. Жедел

жәрдем қызметі ғана көмек көрсете

алады. Сол жағы қиындық тудыруы мүмкін.

Емхананы ауыстырудың өзіндік себептері

болуы керек. Егер адам көшсе немесе

медициналық мекемедегі қызмет сапасы

ұнамаса ғана басқа емханаға тіркеле

алады. Бірақ ай сайын өзгерте алмайды.

15 қарашаға дейін таңдап үлгеруі тиіс.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

87011316900 WhatsApp

нөміріне жолдауыңызға

болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!