05.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 5 қазан, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

5 қазан, сейсенбі

2021 жыл

№114 (15732)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Шөптің бағасы

шарықтап тұр

МӘСЕЛЕ

Нақпа-нақ

Кезекті сенбілік

барысында облыс

орталығында

7000 тонна

қоқыс

жиналды

ЕХРО-2020

Қазақстан –

Дубай төрінде

Біріккен Араб Әмірліктерінің

астанасы – Дубай қаласында

«ЕХРО-2020» халықаралық

көрмесі ашылды. Әлемдік

деңгейдегі шарада Қазақ елінің

павильоны жұртшылықты

тамсандыруда.

Күз келсе болғаны, ауылдағы ағайынның қалтасы айтарлықтай

жұқарады. Биыл көмірмен қатар, мал азығының да бағасы қымбаттады.

Мұның салқыны мемлекеттен субсидия мен арзандатылған

дизель отынын алатын ірі шаруашылықтарға тие қоймайды. Ал

қорада азын-аулақ мал ұстайтын қарапайым тұрғындар үшін

кәдімгідей «бас қайғы».

Онлайн желі:

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Жалғасы 6-бетте

ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Елімізде балалардың шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына баруын жан басына

қаржыландыру қағидасы қабылданғаны белгілі. Жасыратыны жоқ, жаңашылдықты көптеген

ата-аналар әлі күнге дейін дұрыс түсіне алмауда.

Толығырақ 5-бетте

Қазақстанның екі қабатты павильоны

3400 шаршы метр аумақты

алып жатыр. Мұнда келген меймандар

алдымен Ұлы Дала елінің тарихымен

танысады. Одан кейінгі зал кең байтақ

даланы елестетеді. Авторлардың ойынша,

айналар мен экрандар мен жусанның

иісі ұшы-қиыры жоқ қырды көрсетеді.

Бұл залда өсімдіктер мен айналарда

«жасырылған» бірнеше құпия есік бар.

Солардың біріне кірген қонақтар еліміздегі

табиғи байлық туралы мол мағлұмат

ала алады.

Құпия бөлмелердің енді бірінде

Қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы

айтылады. Одан соң бұл бөлме алматылық

апорттың таныстырылым студиясына

ұласады. Павильонды ұйымдастырушылар

осы мақсатта бірнеше келі алманы

Дубайға арнайы ала келді.

Екінші қабатта қазақстандық павильон

экскурсиясы арнайы шоу бағдарламамен

аяқталады. Ал одан шыға берісте қонақтар

қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм

татады. Мұнда жент, құрт, бауырсақ,

қазы, басқа да тағамдар ұсынылған.

«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы

басқарма төрағасы Аллен

Шайжүнісовтің айтуынша, қазақстандық

павильонды орнатуға 8 млрд теңге

жұмсалды. «Мүмкіндіктер» деп аталатын

тақырыптық аумақтағы павильон инсевторларды

тартып, туристердің келуіне

оң ықпал етуі тиіс.

Жалпы, әлемдік шараға 192 мемлекет

қатысуда. Мемлекеттердің павильонын

көруге 25 млн турист келеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, үш жылда бір келетін

ЕХРО көрмесі 2017 жылы Нұр-Сұлтан

қаласында өткен еді.

Әзірлеген –

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


2 5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚҰРЫЛЫС

Кадр тапшы

Өңірдегі құрылыс саласының аяқ алысы

тәуір. Жыл сайын жаңа ғимараттар

салынуда. Проблемалар да аз емес.

Кадр тапшылығы, жобалық-сметалық

құжаттарды әзірлеу бойынша түйткілдер

жетерлік.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Саладағы мәселелерді шешу жолында

Қазақстанның құрылысшылар одағының белсенділігін

атап өткен жөн. Жақында аталған ұйымның төралқа

төрағасы Талғат Ерғалиев Павлодар облысына

жұмыс сапарымен келіп, жергілікті құрылыс

компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиынға

облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук

та қатысты. Ол өңірдегі құрылыс саласындағы

проблемаларды ортаға салды.

- Құрылыс жобалаудан басталады. Бұл ретте,

СЫРТҚЫ НАРЫҚ

Экспорттық шығындар

өтеледі

Павлодар облысы соңғы

бірнеше жыл дересінде

алыс және жақын шетелдерге

астық пен ұнды

экспорттауды оң жолға

қойды. Ет және макарон

өнімдері де сыртқы

нарықта зор сұранысқа ие.

Бұл бағыттағы әлеуетті

одан әрі арттыру үшін

мемлекет тарапынан

берілген мүмкіндіктерді

оңтайлы пайдалану қажет.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

жобалық-сметалық құжаттарды әзірлейтін маманның

тәжірибесі мол болғаны абзал. Құрылыс саласында

кем дегенде 10 жыл еңбектенуі тиіс. Қазір

университетті енді ғана тәмамдаған жастар бұл

жұмысқа араласуда. Салдарынан жобада қателіктер

жиі орын алады. Бір үйде пандус жоқ, тіпті қабат

саны дұрыс есептелмеген жағдайлар кездесуде.

Екіншіден, аймағымызда салынып жатқан тұрғын

үйлер ұсқынсыз. Бір ғана кірпіш пайдаланылады.

Нұр-Сұлтан, Ақтау, Шымкент қалаларына

барсаңыз, сәулеті келіскен ғимараттарға қарап

қызығасыз. Бізге де ізденіс қажет. Үшіншіден,

кабель сымдарын таңдауда сапасына мән берген

жөн. Соңғы уақытта тұрғын үйлерде өрт жиі орын

алуда. Оның себебі көбіне кабельдік сымдарға

байланысты екені анықталып отыр. Төртіншіден,

жергілікті құрылыс компанияларының белсенділігі

төмен. Өткенде бір конкурс жарияланып, оған

қатысқан 7 мердігер де өзге өңірлерден болып

шықты. Бесіншіден, өзіміздікін өзекке тебуді доғару

керек. Бізде лифтті сапалы құрастыратын отандық

серіктестіктер бар. Бірақ, оларды қолдамай, Қытай,

Беларусь сияқты елдермен байланыс орнатуға

асығамыз. Бастысы – әр құрылыс келешек ұрпаққа

деген ниетпен салынуы тиіс, - дейді О.Крук.

Талғат Ерғалиев кадр мәселесіне ерекше

тоқталды. Оның айтуынша, елімізде 54 мың

құрылысшы тапшы.

- Бұл саладағы жүргендердің барлығы дерлік -

ауыл жастары. Ауыртпалығына шыдайтындар аз.

Сол себепті, тапшылықтың туындауы - заңдылық.

Қазір әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген

дамыған елдер жұмысшыларды өзге мемлекеттерден

шақырады. Соның өзінде мамандар

жеткіліксіз. Салдарынан жыл сайын қарапайым

дәнекерлеушілердің «құны» артуда. Мәселені

шешу үшін жобалық кеңсе жұмысын қолға алдық.

Павлодарлық құрылысшыларды белсенді болуға

шақырамын, - деді Т.Ерғалиев.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен

Шаяхметовтің төрағалығымен өткен

өңірлік экспорттық кеңес барысында

жеті айдың қорытындысы шығарылып,

өзге елдердің нарығына өнім жеткізетін

кәсіпкерлерді қолдау мәселесі талқыланды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму басқармасы

басшысының орынбасары Сағыныш

Нұркимбаев Павлодар облысы биыл

да тауарларды экспорттау бойынша

елімізде көш бастағанын атап өтті.

- Жыл басынан бері біздің аймақтан

жалпы құны 2 млрд АҚШ доллары

болатын тауарлар басқа мемлекеттердің

нарығына жөнелтілді. Бұл – Павлодар

облысы үшін рекордтық көрсеткіш. Осы

орайда өңдеу өнеркәсібінің экспорты

1,3 млрд теңгені құрағанын атап өткен

жөн, - деді С.Нұркимбаев.

Экспорттаушы кәсіпорындарға

«QazTrade» сауда саясатын дамыту

орталығы тарапынан зор қолдау бар.

Айталық, биыл аталмыш орталықтың

көмегімен Alibaba.com халықаралық

интернет-платформасында «Алтын

жеткізуші» мәртебесін алу үшін

павлодарлық 50 компания іріктелді.

Олардың алтауы – «Молком-Павлодар»,

«Металлогамма», «Рубиком», «Жан-

Дос KZ», «Zhanat Group PVL» және

«Fashion&Beauty» кәсіпорындарына

аталмыш мәртебе бұйырды. Бұл өз

кезегінде павлодарлық кәсіпорындарға

тауарларын әлемдік нарықта жарнамалап,

сатуға мүмкіндік берді. Ал аккаунт

пен шағын сайт ашу, платформада

жұмыс істеу шығындарын «QazTrade»

орталығы өтеді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру

компаниясы департаменті

директорының орынбасары Алмаз

Нұрғалиев кәсіпкерлерге кездесуі мүмкін

тәуекелдердің алдын алу бағытында

жұмыстар атқарылатынын айтты.

- Біздің компания өңдеу секторының

экспорттаушыларына қаржылық шығынға

ұшырамау үшін көмек көрсетеді. Атап

айтқанда, шетелдік серіктестермен

жасалған келісімшарттарды сақтандырып,

болуы мүмкін тәуекелдерді өз мойнына

алады. Бұл серіктестер тиісті қаражатты

уақытылы төлемеген жағдайда сол

соманы кәсіпкерге мемлекеттік компания

беретінін білдіреді. Сонымен қатар,

айналым қаражатын толтыру мақсатында

несие ресімдеуде қолдау жасалады,

- деді А.Нұрғалиев.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары

Сәкен Шаяхметов мүмкіндіктер

аясын одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

- Павлодар облысы тауарларды

экспортқа шығару көрсеткіштері бойынша

алда келеді. Бірақ мұнымен тоқмейілсуге

болмайды. Жергілікті өнім көптеген

елдің дүкен сөрелерінен орын алуы

үшін қуаттылықты арттырып, жаңа жобаларды

іске қосу қажет. Ал тауарларды

сыртқа жөнелту мақсатында «QazTrade»,

«KazakhExport» орталықтары ұсынған

мүмкіндіктерді қалт жібермеу керек,

- деді С.Шаяхметов.

Жоғарыда аталған компаниялар

экспортқа өнім жеткізуші кәсіпорындардың

әлемдік нарықтан орын алуына ықпал

етіп қана қоймай, шетелдік көрмелер,

форумдар, жәрмеңкелерге қатысу, өзге

елдің бұқаралық ақпарат құралдарында

павлодарлық тауарды жарнамалау, сауда

орындары мен сақтау қоймаларын

жалға алуға қатысты шығындардың

бір бөлігін де өтеп береді.

Ауылда тұрмыс -

қолайлы!

Павлодар ауданына қарасты Новочерноярка ауылында

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жылдар бойы жөндеу

көрмеген әлеуметтік нысандар мен елді мекен ішіндегі

жолдар қалпына келтірілді.

Осыны байқаған кейбір қалалықтар

аталмыш ауылға қоныс аудара бастады.

Себебі мұнда өмір сүруге қолайлы

жағдайдың барлығы бар. Мәселен,

Александр Логунов ауылдық тұрғын

атанғанына еш өкінбейтінін алға тартты.

- Новочернояркада мемлекеттік

бағдарлама аясында көп іс атқарылып,

ауыл іші адам танымастай өзгерді.

Орталық су мен жылу желілері жүргізіліп,

тақтайдай тегіс жолдарда тиісті белгілер

орнатылды. Инфрақұрылым жағынан

қаладан еш кем емес. Сондықтан балаларым,

туыстарым осы елді мекенге

көшуді ойластырып отыр, - дейді ол.

Ауылдың тағы бір тұрғыны – Татьяна

Беннер ұзақ жыл бойы қаңырап бос

тұрған төрт қабатты үйлердің қалпына

келтіріліп, әлеуметтік мекемелердің

жөнделгеніне қуанышты екенін білдірді.

Шынымен, мұндағы мәдениет үйі

соңғы жылдары сүреңсіз нысандардың

біріне айналған-ды. Ал «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасының сәтті жүзеге асуы

нәтижесінде мәдениет ошағы жаңа

кейіпке енді.

- Бұған дейін жергілікті өнерпаздар

талантымен танылатын сахна әбден тозған

еді. Көрермендер керемет кештерді

тамашалайтын залдағы орындықтар

да сынып, ескірген болатын. Қысқасы,

мәдениет мекемесі деген атына заты сай

бола қойған жоқ. Сондықтан мемлекеттік

бағдарлама аясында бұл нысанды

толығымен жаңғырту туралы шешім

қабылданды. Белгіленген жұмыстар

уақытылы аяқталып, бүгінде өнер

ордасы айтарлықтай өзгерді. Жаңа

сахнада, жаңа залда өнер көрсетудің

өзі бір ғанибет! – дейді мәдениет үйінің

директоры Ілияс Жарылғапов.

Мұндағы кітапхана да толығымен

жаңарып, оқырмандардың бос уақытын

өткізер орталыққа айналды. Ауылдық

кітапханаға үш елді мекеннің тұрғындары

келіп, кітап алады. Ал осы рухани

мекеменің жұмысын биыл «Қазақстанның

үздік кітапханашысы» атанған Оксана

Паталаха үйлестіріп отыр.

Осы орайда мемлекеттік бағдарламаның

игілігі ондаған жыл бойы

күрделі жөндеуден өтпеген жергілікті

мектепке жеткені де қуантады. Оқу

орнындағы сыныптар, асхана, тіпті

киім ілетін бөлмеге дейін қалпына

келтіріп, балалардың білім алуына

оңтайлы жағдай жасалды.

Бір сөзбен айтқанда, Новочерноярка

ауылының тұрғындары «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасының тиімділігін іс жүзінде

байқады. Жылдар бойы қордаланып

қалған мәселелер оң шешімін тапты.

Мұның барлығы - ауылдағы ағайынға

қолайлы жағдай қалыптастырудың нақты

көрінісі.

Өз тілшіміз,

Павлодар ауданы.


SARYARQA SAMALY

НАРЫҚ

АЙНА 5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 3

БАҒА САЯСАТЫ

Дизель отыны:

тапшылық неден

туындады?

Қазіргі уақытта тұтас елімізде, оның ішінде Павлодар облысында дизель отыны

тапшылығы анық байқалады. Кейбір жанар-жағармай бекеттерінің қорында аз көлемде

қалған отынның бағасы бірден өсті. Бұл өз кезегінде көмір, шөптің қымбаттауына,

облыс пен қала ішінде қатынайтын кейбір қоғамдық көліктер санының азаюына

әкеліп отыр.

Осы жылдың тамыз айында

облыстағы жанармай бекеттерінде

дизель отынының бір литрінің бағасы

орташа есеппен алғанда 186 теңгеден

196 теңгеге дейін өсті. Ал өткен аптада

280 теңгеге бір-ақ жетті. Бағаның

бұлайша құбылуы шөп шабуға кіріскен

ауылдағы ағайынға қолбайлау болып

отыр.

- Мен жыл сайын тоғайда жалға

алған шабындық жерден қорадағы төрт

түлікке жетер шөп шауып аламын. Әдетте

оған шамамен бір тонна дизель отыны

керек. Шөпке шалғы түскен уақытта

қалтамда қомақты қаржы болмай, тек

700 литр жанармай сатып алдым.

Енді шабылған шөпті жинап, тасып

алу үшін тағы 300 литр керек. Бірақ

ауданда дизель отынының бағасы

күрт қымбаттап, 280-290 теңгеге

дейін көтеріліп кеткен екен. Оның

өзін табу қиын. Облыс орталығындағы

бірнеше бекетке барғанымда сұйық

отынды талонмен ғана беретінін айтты.

Соның салдарынан мал азығының

қамын жасау ісі тоқтап тұр, - дейді

Ақтоғай ауылының тұрғыны

Айтбай Қабылбеков.

Дизельді отан тапшылығы жолаушылар

тасымалымен айналысатын

кәсіпорындарға да оңай тиіп отырған

жоқ. Тіпті, соның салдарынан облыс

орталығынан Екібастұз қаласына

қатынайтын автобустар санын азайтуға

тура келді. «Сапаржай-Павлодар»

ЖШС директоры Павел Браславский

қазіргі уақытта қорда дизель

отынының жоқтығын айтады. Сондықтан

ертеңгі күні облыстағы қалаларға

қоғамдық көліктердің шығар-шықпасы

да белгісіз.

- «Helios» компаниясымен жасалған

келісімшартқа сәйкес, әр аптаның

жұма және дүйсенбі күндері автобустар

аталмыш компания бекеттерінен

жанармайды толтырып алуы тиіс.

Келісімшартта дизель отынының

бір литрі 196 теңгеден беріледі деп

көрсетілген. Алайда өткен аптада

баға 208 теңгеге дейін көтерілді. Ол

аздай, жанармай бекеттері өңірде

тапшылық барын алға тартып,

арнайы картамен жанармай босатудан

бас тартты. Қолма-қол ақшаға

сататын өзге бекеттерге баруға кеңес

берді. Бірақ олардағы баға 270-280

теңге әрі бір автобусқа бар-жоғы

50 литр жанармай құя алады. Мұндай

жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету

тиімсіз. Мәселен, бұған дейін Екібастұз

бен Павлодар қалаларының арасында

автобус күніне 12 рет жүретін. Бір

рейс жасауға 90 литр жанармай

керек. Ал бүгінде мұндай көлемдегі

отын болмағандықтан, үлкен класқа

жататын көлікті шағын автобус-тармен

алмастырып, рейстер санын екіге

дейін қысқартуға тура келді. Яғни,

автобустар түскі және кешкі уақытта

ғана қатынайды. Мұндай жағдайды

кейбір такси жүргізушілері оңтайлы

пайдаланып, Екібастұзға дейін жеткізу

қызметінің ақысын 2500 теңгеден

5 мың теңгеге дейін қымбаттатты.

Ал автобус билетінің бағасы -

1050 теңге, - дейді П.Браславский.

Екібастұз қаласының ішінде

қатынайтын қоғамдық көліктер де автобустар

санын шектеу, тіпті толығымен

тоқтату мәселесі қарастырылып жатқанын

хабарлады. Жолаушылар тасымалымен

айналысатын «Нар-Транс»

ЖШС бұл туралы әлеуметтік желідегі

ресми парақшасында жазды. Бұл

компания кеншілер шаһарындағы

8 автобус бағытының бесеуі бойынша

тұрғындарға қызмет көрсетеді. Күніне

28 қоғамдық көлік жолға шығады.

- Қалада дизель отыны тапшылығы

туындауына байланысты және оның

бағасының 185 теңгеден 285 теңгеге

дейін қымбаттауы салдарынан қоғамдық

көліктердің жүруін шектеу қарастырылуда.

Автобустардың тоқтатуы да мүмкін, -

делінген хабарламада.

Дизель отынына қатысты мәселенің

мән-жайын білу үшін бірқатар жанаржағармай

бекетіне арнайы бардық.

Олардың бірқатары жанармайдың мүлде

жоқ екенін алға тартса, енді бірі талон

арқылы ғана сатуға болатынын айтты.

Тек «Монолитте» қолма-қол ақшаға

бір литрін 270 теңгеден, «Pegas»-та

280 теңгеден алуға мүмкіндік бар.

«Helios», «Petrol», «Petro Retail»

бекеттеріне барып әуре болмай-ақ

қойыңыз. Мұнда дизель отыны жоқ

және қашан болары да белгісіз.

Еліміздегі жанар-жағармай нарығына

жауапты Энергетика вице-министрі

Әсет Мағауов тапшылықтың туындауына

транзиттік жүк көліктерінің

Қазақстан аумағындағы бекеттерден

дизель отынын алуы әрі Павлодар

мұнай-химия зауытының жөндеуге

байланысты жұмысын тоқтатуы себеп

болғанын айтты.

- Қазақстандағы дизель отынының

бағасы көршілес елдермен

салыстырғанда арзан. Мәселен,

біздегі жанармайдың литрі Ресейдегі

бекеттер белгілеген бағадан

100 теңгеге, Өзбекстаннан 70-80 теңгеге,

Қырғызстаннан 61 теңгеге төмен.

Сондықтан көршілес елдерге бағыт

алған көліктердің барлығы дерлік

біздің елдің аумағында жанармай

құюға көшті. Бұл тұтынушылар

санының күрт көбеюіне ықпал етті.

Мамыр-қыркүйек айлары аралығында

отынға деген сұраныс өткен жылдың

сәйкес кезеңіне қарағанда 480 мың

тоннаға артты. Тамыз айының өзінде

519 мың тонна жанармай сатылды.

Мұндай жағдай тарихта болған емес.

Бұл - бір. Екіншіден, Атырау мұнай

өңдеу кәсіпорнының апаттық жағдайға,

Павлодар мұнай-химия зауытының

ағымдағы жөндеуге байланысты

жұмысын тоқтатуы да әсер етті. Қазіргі

уақытта нарықтағы тапшылықты жою

үшін Ресейден 100 мың тонна дизель

отынын әкелу мәселесі шешілуде, -

деді вице-министр.

Айта кетейік, Павлодар мұнайхимия

зауытында 2018 жылдан бері

жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді.

Жоспарға сәйкес, осы айдың соңында

өндіріс қайта іске қосылады.

- Бұған дейін Павлодар мұнай-химия

зауытындағы жөндеу мерзімі екі рет

шегерілген болатын. Алдымен шілдеден

қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға

ауыстырылды. Жөндеу басталғанға

дейін аталмыш кәсіпорын 27 мың тонна

дизель отынының қорын жасап үлгерді.

Бұл көлем 12-15 күнге жетеді. Жанаржағармай

бекеттері талон бойынша

міндеттемелерін толығымен сақтайды.

Оған қоса, бірнеше күн дересінде

елімізге Ресейден жеткізілетін 100 мың

тонна жанармайдың қанша көлемі біздің

аймаққа үлестірілетіні анықталады.

Бұл ретте жергілікті мұнай өңдеу

зауыты АИ-92 маркалы жанармайдың

45 мың тоннасын, АИ-95-тің 2 мың

тоннасын да өндірді, - деді облыстық

кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасы

басшысының орынбасары

Сағыныш Нұркимбаев.

Осылайша, ел билігі дизель отыныға

қатысты мәселе аз уақыт аралығында

шешіледі деп пайымдайды. Тіпті, өңірде

айтарлықтай тапшылық жоқ екенін

алға тартады. Бірақ іс жүзінде жағдай

мүлде басқа болып отыр. Тұрғындар

жанар-жағармай бекеттерінен отын

таппай әуре-сарсаңға түсуде. Жергілікті

әкімдік уәде еткендей, мәселе аз

уақыт аралығында оң шешім табар

деген үміттеміз.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

P.S. Күні кеше Павлодар мұнай-химия

зауытының басшылығы елде дизель

отыны тапшылығының туындауына

байланысты жөндеу жұмыстарын

10 күнге шегеретінін хабарлады. Бір

айға жалғасатын жөндеу жұмыстары

барысында жанар-жағармай қорын

бекеттерге жеткізу жұмысында іркіліс

болмайды, деп сендірді кәсіпорын

өкілдері.

Павлодар облысында азық-түлік тауарларының

жалпы инфляцияға жататын

түрлері бойынша үлестің төмендегені

байқалуда. Бұл туралы Үкімет отырысында

айтылды.

Жергілікті

тауар көбеюде

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық

кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының

және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу

мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларының бағасы 9,6% өскен. Ал өткен аптада

бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендегені байқалды.

Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында

жалпы инфляция бойынша азық-түлік тауарларының

үлесі кеміген. Яғни жергілікті тауарлардың үлесі көбеюде.

Сонымен қатар инфлияциялық ең көп өсім Батыс Қазақстан

(0,3 п.т.) және Солтүстік Қазақстан (0,2 п.т.) облыстарында

тіркелді. Тауар өндірушілерден сауда желілеріне және

тұрақтандыру қорына тауарлардың ағынын қамтамасыз

ету мақсатында Үкімет әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларын онлайн-өткізуді және сатып алуды

қамтамасыз ететін B2B платформасын енгізді. Аталған

платформа тауар өндірушілер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациялар арасында нарықтық ережелер бойынша

онлайн-сауда-саттық жасауға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне сауда желілері

мен отандық тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді

келісімшарттар жасасуды қамтамасыз етуді, «айналым»

схемасын қаржыландыруды және тұрақтандыру қорларына

азық-түлік сатып алуды ұлғайту жөніндегі жұмысты жандандыруды

тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша

жүйелі жұмыс жүргізудің және жалпы Инфляцияға қарсы

әрекет ету шараларының кешенін тиімді іске асырудың

маңыздылығын атап өтті.

«Nur Otan»

партиясының

облыстық филиалы

жанындағы Ұлт

денсаулығы

мәселелері

жөніндегі өңірлік

қоғамдық кеңестің

онлайн режимде

отырысы өтті.

Ұлт саулығы -

басты назарда

Облыстық мәслихаттың депутаты Света Абдраманованың

төрағалығымен өткен кеңестің отырысында партияның

облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр

Мұхамедьярова, мәслихаттардағы партиялық фракциялардың

басшылары, аумақтық филиалдар төрағаларының

бірінші орынбасарлары, партияның аумақтық филиалдарының

Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық

кеңестерінің төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдерінің

әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары

қатысты.

Кеңесте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры

Нұрлан Қасымов міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру енгізу есебінен халық үшін қымбат тұратын

медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз

ету мәселелері туралы баяндады.

Сонымен қатар өңірдегі мүгедек азаматтардың

құрылымы, оларды оңалту жағдайы, мүмкіндігі шектеулі

топтарға қолжетімділіктің соңғы үш жыл ішіндегі динамикасы

талқыланды. Бұл мәселе жөнінде, Еңбек, әлеуметтік

қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаментінің директоры Губарев Евгений

баяндама жасады.

Сондай-ақ жиында Баянауыл аудандық партия

филиалының, Баянауыл аудандық мәслихатындағы

фракцияның партияның 2025 жылға дейінгі аумақтық

сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын орындау

шегіндегі жыл басынан бері атқарған шаруалары

айтылды. Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның

жетекшісі Қинаятолла Тәліпов атқарылған шараларды

тізбектеп берді.

Айнұр Мұхамедьярова барлық аумақтық қоғамдық

кеңестерге жұмыстарын күшейтуді мәндеттеді. Партияның

аудандық филиалы төрағаларының бірінші орынбасарларына

Кеңестің жұмысына жауапкершілікпен қарауды

және Өңірлік қоғамдық кеңестің ұсынымдары мен

нұсқаулықтарын уақытында орындауды тапсырды.

Өз тілшіміз.


4 5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Мақсат Сейіткенұлы, жаңа

салаларды үйретуге бағытталған

«Жаңа кәсіптер атласы» жобасы

қалай жүзеге асырылуда?

- Бұл жоба әр өңірдің экономикасына,

еңбек нарығына және жұмыс істейтін

кәсіпорындарға ыңғайланып құрылған.

Жалпы, біздің өңірдің экономикасына

сәйкес 40 түрлі жаңа мамандық енгізілген.

Бірінші кезеңінде аталған жаңа кәсіптердің

13 түрін оқыту жоспарланған. Алдымен

орта оқу орындарына сынақ ретінде

енгізіп, элективті пәндер арқылы оқыту

көзделген. Қазір коллдждердің оқыту

жоспары қайта қаралуда. Сонымен

қатар, осы мамандықтарды меңгерген

жас мамандарға қандай құзіреттілік

берілетіні нақтылануда. Алдағы уақытта

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

мамандықтар классификаторына енгізіліп,

жеке шифр-коды берілсе, онда оқытқан

колледждердің барлығы жеке-жеке

диплом бере бастайды.

- Осы ретте оқытылатын жаңа

мамандықтардың бағыты мен

атауларын атап өтсеңіз...

- Жергілікті үлкен кәсіпорындарға

арналған сенімділік менеджері, процестерді

автоматтандыру, қалдықтарды өңдеу

«Жаңа кәсіптер

атласы» нені

көздейді?

Заман өзгеріп, қоғам жаңарған сайын бүгін тұтынып жүрген

заттарымыз бен айналысатын істеріміз ертең ескіріп қалатыны -

айқын құбылыс. Уақыттың өтуіне байланысты өзгеріске

ұшырап отыратын құбылыстардың бірі – мамандықтар. Осы

ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жаңа

кәсіптер атласы» жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында

жергілікті колледждердің оқу бағдарламасына 13 түрлі

жаңа мамандықты енгізу жұмысы жүргізілуде. Бұл қандай

мамандықтар? Жаңа кәсіпті игерген жастар қайда жұмыс істеу

мүмкіндігіне ие болады? Осы сұрақтарды облыстық білім беру

басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің

басшысы Мақсат Нығмановқа қойдық.

бойынша технологі, «ақылды» қосымшалар

инженері сынды мамандықтар пайда

болады. Одан бөлек ақпараттық технология

және жаңа медиа саласында

SMM-менеджер немесе интернет

маркетологі деген мамандықтар

оқытылады. Бұған дейін мұндай саланы

жастар өз беттерімен үйреніп, табыс

табуға көшкенін білесіздер. Сонымен

қатар, ауыл шаруашылығында сұранысқа

ие агроном-эколог мамандығы да бар.

Аталған жаңа кәсіптерді меңгеріп

шыққан мамандар өндіріс саласында

және өндірістегі құрал-жабдықтарды

басқару бағытында, кәсіпорындардың

IT технология бөлімдерінде, тамақ

өндірісі салаларында қызмет істеуге

болады. Түпкі мақсаты - болашақта

жұмыс берушілер тарапынан осындай

мамандықтарға сұраныс артады деген

болжаммен қолға алынған жоба.

- Аталған жаңа мамандықтарды

біздің облыста қандай колледждер

оқытуы мүмкін?

- Жаңа мамандықтар Павлодар

химия-механика колледжі, машина

жасау колледжі, ақпараттық технологиялар

колледжі, Ақсу қараметаллургия

колледжі, Жаяу Мұса атындағы көп

профильді колледжі және ИнЕУ-дің

жоғары колледжі сынды оқу орындары

оқытатын болады. Сонымен

қатар, университет бағдарламасына

да енгізу жоспарланған. Бірақ, оны

жүзеге асыру жұмыстарымен ҚР Білім

және ғылым министрлігі айналысады.

- Оқулықтар дайын ба?

- Министрлік бұл жобаны өңірлерге

ұсынып, жүзеге асыру жөнінде тапсырма

берген кезде осы мәселені бірден көтерген

едік. Себебі, оқулық мәселесі қашан

да күрделі. Тіпті, оқытатын оқытушылар

да жоқ деуге болады. Қазір осы екі

мәселені шешу жұмысы жүргізілуде.

Яғни, бұрыннан бері сабақ беретін

оқытушылар арнайы курстардан өтіп,

жаңа мамандықтар бойынша сабақ

үйретуге дағдыланады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Тілеуберді САХАБА.

ӨҢІР

Жыл аяқталуға жақын. Аудандарда мемлекеттік

бағдарламалар шеңберінде атқарылып

жатқан жобалар аз емес. Бастысы –

қазынаның қаржысы мақсатты игеріліп,

игі істердің сәтті жүзеге асуы.

Жеті жоба

іске қосылды

Биылғы 8 айдың көрсеткіштеріне көз жүгіртсек,

Ақтоғай ауданында әр салада оң нәтижелер байқалады.

Оны аудан басшысы Қаршыға Арынов Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифингте жіпке тізді.

- Өңірдегі ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

саласының дамуын мемлекеттік бағдарламалармен

байланыстырған жөн. Пандемия кезінде кәсіпкерлерге зор

қолдау көрсетіліп, бүгінде қатардан қалмай жұмыстарын

жалғастыруда. Бұл ретте, «Бизнестің жол картасы»

бағдарламасы шеңберінде 7 жоба іске қосылды. Тағы

4 жобаның құжаттары дайын тұр. Ауданда тіркелген

239 шаруа қожалығының басым бөлігі субсидия

сияқты жеңілдіктерге қол жеткізуде, - дейді Қ.Арынов.

Көктемгі егіс науқанында шаруаларға 417 миллион

теңге несие берілсе, жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай

жүргізу үшін 733 тонна арзандатылған жанар-жағармай

бөлінген. Бүгінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі

гектарына 9,4 центнерді құрап отыр.

Өңірде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету

мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жыл соңына дейін

Мүткенов және Харьков ауылдарында орталықтандырылған

сумен қамту жүйесі іске қосылады деп күтілуде.

7 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленген.

Қаражат бөлінсе, келесі жылы Шолақсор, Барлыбай,

Жалаулы ауылдарының тұрғындары сапалы ауыз суға

қол жеткізбек. Кейін бұл бағыттағы жұмыстар Шұға,

Жоламан, Жаңатап және Жамбыл ауылдарында да

жалғасын таппақ.

Жолдың жөні бөлек. Биыл облыстық бюджет есебінен

Ақтоғай-Шолақсор бағытындағы жол орташа жөндеуден

өткен. Бұдан бөлек, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

шеңберінде аудандық маңызы бар Ақтоғай-Харьков-

Қарабұзау автожолының 12 шақырымы жөнделіпті.

Соңғы уақытта елді мекендердің ішкі жолдарының

жағдайына бас мән берілуде. Мәселен, «Ауыл -

ел бесігі» бағдарламасы аясында Приреченск ауылындағы

5 көше жолы, Ақжол ауылындағы 3 көше жолы жаңғыртылған.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Әрекет түбі - берекет

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның

тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты

халыққа Жолдауында еліміздегі еңбек

ресурстарының балансын есепке алудың тиімді

әдістемесін әзірлеп, жұмыс күші тапшылығы

бар өңірлерде көші-қон үдерісін басқару үшін

пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған

болатын. Осы тапсырма негізінде «Еңбек»

мемлекеттік бағдарламасы аясында күн санап

оңтүстіктен солтүстікке көш түзегендердің

саны артып келеді. Бүгінгі таңға дейін қоныс

аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен,

жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен

қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге

егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер

телімдері ұсынылады. Сонымен қатар, бір

жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы

жалдауға жұмсайтын шығындары

субсидияланады. Республикалық бюджеттен

бағдарламаға қатысушыларға және оның

отбасы мүшелеріне тиесілі бір реттік 35 АЕК,

яғни 88 375 теңге мөлшерінде жәрдемақы

төленеді. Осы уақытқа дейін бағдарламаға

қатысу үшін «Отбасында кемінде екі адам

(ерлі-зайыпты, ағалы-қарындас, апалысіңлілі,

т.б.) қоныс аудару керек» деген талап

болған. Кейін толықтырулар енгізіліп, енді

жалғызбасты азаматтар да бағдарламаға

қатысып, солтүстікке қоныс аударуына болады.

Аталмыш бағдарлама аясында еліміздің

Демографиялық көрсеткіш соңғы отыз жылда Павлодар облысында халық саны

190 мыңға кемігенін көрсетеді. Көршілес облыстарда да осы жағдай. Сондықтан,

жұмыс күшіне тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке

қабілетті отбасыларды көшіру бағдарламасы жалғасуда.

қиыр терістігіне қоныс теуіп, адал еңбек

атқарып жүрген жас мамандардың бірі –

Қазына Бауыржанқызы.

Қазына Бауыржанқызы 1998 жылы Оңтүстік

Қазақстан облысы, Жетісай ауданы Қызылқұм

ауылында дүниеге келген. Мамандығы –

химия пәні мұғалімі. Қазір Тереңкөл ауданы

Береговое ауылындағы жалпы орта білім

беру мектебінде қызмет істейді. «Мұғалім

ісі – сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы

ең ұлы істің бірі» деген жазушы әрі ұстаз

Константин Ушинский. Еңбек жолын Павлодар

облысынан бастаған жас маман, жергілікті

тұрғындардың жылы шыраймен құшақ жая

қарсы алғандарын жасырмады.

- Еліміздің оңтүстігінен солтүстік аймағына

көшіп келгенімізге биыл 3 жылдың жүзі болды.

Жолдасым – Арыс қаласының азаматы. Екеуіміз

де мұғалімбіз. «Серпін» бағдарламасымен

Петропавл қаласында оқыдық. Сол жерде

танысып, табысып, кейін шаңырақ құрдық.

Қазір Құдай берген бір қызымыз бар. Жоғары

оқу орнын тәмамдап, елге қызмет ету –

басты мақсатымыз еді. Павлодар облысының

жұмыспен қамту басқармасы, көші-қон

бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева

және Тереңкөл ауданы «Жұмыспен қамту

орталығының» директоры Азамат Мұқанов

бастаған бір топ делегация өңірімізге келіп,

үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, мемлекеттік

бағдарламаның тиімділігін түсіндірді. Солтүстік

өңірдегі кадр тапшылығы мәселесін көтерді.

Сөйтіп, солтүстік аймаққа көшуге бел будық.

Алғашқыда жолдасым екеуіміз ғана көшіп

келдік. Кейін ата-енем мен туыстарым қоныс

аударды, - дейді Қазына.

Бүгінгі таңда жас отбасы ұстаздық

қызметімен қоса мал шаруашылығына да

қызығушылық танытуда. Ірі қараның санын

көбейтуді көздейді. «Әрекетіне қарай берекеті»

деген жетелі сөздің жетегіне еріп, қара

жұмысқа да жең түрді.

- Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде

үй сатып алып, баспаналы болуымыз үшін

4 млн теңге кредит берілді. Жергілікті

әкімшілк өкілдері жалға берілетін, сатылымда

тұрған үйлерді көрсетті. Өзімізге

ұнаған, көңіліміз қалаған үйді таңдап

алдық. Айтып өткенімдей, жолдасым да -

мұғалім. Қазіргі кезде директордың

ақпараттандыру жөніндегі орынбасары.

Дегенмен жұмысымыз мектеп қабырғасында

ғана түгесілмейді. Ауылда тұрған соң мал

шаруашылығымен де айналысқан дұрыс

қой. «Бизнес бастау» бағдарламасымен

несие алуымыздың да басты себебі осы.

Бие сауып, қымыз саттық. Қазір қысқы

жем-шөптерін даярлауға кірісіп кеттік, -

деді жас маман.

Алтын ұя - мектептің қазынасы - мұғалім.

Мұғалім болып қызмет істейтін Қазына:

«Еліміздің қай ауылы, ауданы, облысы болмасын

барлығы - біздің біртұтас атамекеніміз. Жастар

елге адал қызмет жасап, мемлекетіміздің

өркендеп, көркеюіне өз үлестерін қосады

деп сенемін!» - деп әңгімесін түйіндеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі соңғы 10 жылдағы ішкі

миграцияға талдау-сараптама жұмыстарын

жүргізген. Демограф мамандардың айтуынша,

еліміздің оңтүстік аймағында халық

өсімі қарқынды дамып жатса, солтүстікте

керісінше кемуде. Сәйкесінше, солтүстік

өңірлерде жұмыс күшінің жетіспеуі байқалады.

Бұл – аймақтарда табиғи өсім жоқ деген

сөз емес. Көрсеткіштің төмендеуіне аталған

аймақтарда тұратын өзге ұлт өкілдерінің

тарихи отанына бет бұруы басты себеп

болып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған

бағдарлама диспропорция мен демографиялық

теңсіздікті реттеу үшін аса қажет.

Тереңкөл ауданы.


SARYARQA SAMALY

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Тегін спорт

үйірмелеріне қалай

жазылуға болады?

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

Елімізде балалардың шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына

баруын жан басына қаржыландыру қағидасы қабылданғаны

белгілі. Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында

көтерілген. Жасыратыны жоқ, жаңашылдықты көптеген атааналар

әлі күнге дейін дұрыс түсіне алмауда. Соны ескерген облыстық

«Saryarqa samaly» газеті Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі»

ұйымдастырды. Шараға облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі

басқарманың бөлім басшысы Олег Кольев, аталған басқарманың бас

маманы Айбек Ақылжанов қатысып, көпті толғандырған сауалдарға

жауап берді.

Тілші сауалы:

- Облыс аумағында қанша

тегін спорт үйірмелері жұмыс

істейді? Барлық спорт түрлері

қамтылған ба?

Айбек Ақылжанов:

- Бұған дейін тегін үйірмелер

балалар-жасөспірімдер мектептерінде,

аула клубтарында ұйымдастырылып

келгені белгілі. Жаңа

бағдарламаға сәйкес, аймағымызда

4-17 жас аралығындағы балаларды

тегін спорт үйірмесімен қамту

жұмыстары жүйелі жалғасуда. Әзірге

жаңашылдыққа аяқ басуға 45 ұйым

ниет білдірді. Оның 36-ы Павлодар

қаласында, қалғаны өзге қалааудандарда

орналасқан. Жекеменшік

спорт ұйымдарының шамамен

50 пайызы жаңа бағдарлама

шеңберінде жұмыс істеуде.

Бүгінде 5250 бала тегін спорт

үйірмелеріне барып жүр. Жыл

соңына дейін жаңашылдыққа

қадам басқан мекемелердің саны

артып, сәйкесінше тегін секциялармен

қамтылған балалардың

қатары артатынына сенім мол.

Спорт түрлеріне келсек, аймағымызда

17 спорт түрі бойынша

87 секция, 239 топ жұмыс істеуде.

Тілші сауалы:

- Жаңа бағдарлама бойынша

жұмыс істеудің артықшылықтары

қандай? Талаптарына да

тоқталсаңыз...

Айбек Ақылжанов:

- Кез келген салада проблемалардың

туындауы қаражатқа

байланысты. Осы орайда,

қаржыландыру мәселесін мемлекет

өз мойнына алғандықтан, жекеменшік

ұйымдар жаңашылдыққа өтуге

ынталы. Бағдарламаға сәйкес, әр

баланың әр жаттығуына шамамен

1147 теңге қарастырылған. Жаттықтырушыларға

да бала саны есепке

алынып, жалақы тағайындалған. Тағы

бір артықшылығы, бұған дейін балаларды

өзге өңірлерге жарысқа

апарар кезде ата-аналардан қосымша

қаражат жиналып келгені жасырын

емес. Енді бұл «дәстүр» сап тыйылатынына

сенім мол. Әзірге су

спорты секцияларын жүргізетін мекемелер

жаңашылдықты қабылдауға

асығар емес. Себебі, бассейнді

жалдау құны қымбат. Сондықтан

да оларға үйірмені ақылы жүргізген

тиімдірек.

Талаптарға тоқталсақ, әр

ұйымның жаттығу залы болуы

керек. Спорт түріне байланысты

дұрыс жабдықталуы тиіс. Жуынатын

бөлме, әр балаға киімдерді ауыстыратын

жеке шкафтар қарастырылуы

қажет. Бейнебақылау камераларының

орнатылуы, жаттықтырушылардың

спорттық білімі де назарға алынады.

Спорт шебері дәрежесі болса да,

жаттықтырушы ретінде еңбектенуге

мүмкіндік бар. Ұйымдар электронды

платформа арқылы тіркеліп,

жұмыстарын жалғастыруға жол ашық.

Тілші сауалы:

- Үйірмелерге қатысатын

балалар санына шектеу бар

ма? Бұған дейін бір топта

жаттығатындар саны шамадан

тыс болып, сапа мәселесі алдан

шығатын...

Айбек Ақылжанов:

- Әрине, спорт түрлеріне байланысты

әр топта балалар саны

12-20 аралығында болуы қажет.

Үйірмелер саны аптасына 3 рет,

яғни айына 12 рет жүргізілуі тиіс.

Сәния Ермекова, Баянауыл

ауданы, дене шынықтыру пәнінің

мұғалімі:

- Тума таланттар ауылдан

шығады деп жатамыз. Ол сөздің

жаны бар. Ауылда шымыр,

жігерлі, спортқа икемі бар

балалар көп. Өкінішке қарай,

үйірмелердің жоқтығынан

спорттан алшақтауға мәжбүр.

Жаңа бағдарлама бойынша

ауылдық жерлерде үйірмелер

ашуға мүмкіндік бар ма?

Айбек Ақылжанов:

- Ауылдағы дене шынықтыру пәні

мұғалімдері немесе спорттық білімі,

дәрежесі бар азаматтар үйірмелер

аша алады. Ең әуелі жеке кәсіпкер

ретінде тіркелуі тиіс. Кейін мектептің

спорт залын спорт құралдарымен

қоса жалға алуы керек. Өзінің

қалауы бойынша кез келген спорт

бағытында, яғни 72 спорт түрінен

балаларды жаттықтыруға мүмкіндік

бар. Жаңашылдық - ауылдағы балаларды

спортқа баулумен қатар,

дене шынықтыру пәні мұғалімдерін

ынталандыруға тамаша мүмкіндік.

Яғни, қосымша табыс көзі.

Сәйкесінше, Мемлекет басшысы

жиі тілге тиек ететін бұқаралық

және балалар спортын дамыту

жұмыстары оң жолға қойылмақ.

Азамат, Павлодар қаласының

тұрғыны:

- Спорт құралдары жағынан

алсақ, қандай спорт үйірмесі

қымбатқа түседі? Қажетті

құралдар мен формаларын

ата-аналар өздері сатып алуы

керек пе?

Олег Кольев:

- Баласын шайбалы хоккей

үйірмесіне берген ата-аналарға

салмақ түсетіні рас. Себебі, қажетті

киімдер мен құрылғылардың бағасын

есептегенде 200-250 мың теңгеден

асып жығылады. Біз жыл сайын

бюджетті нақтылаған уақытта

балалар-жасөспірімдер мектебіндегі

хоккей топтарына форма сатып алу

керек екенін жиі көрсетеміз. Бірақ,

ұсынысымыз әрдайым қолдау таба

бермейді. Сол себепті, көбіне атааналар

қажетті заттарды өздері

сатып алады.

Жалпы, Павлодарда хоккей

спортын сүйетіндер көп. Аталған

спортпен айналысу қанша жерден

қымбат десек те, жыл сайын көптеген

балалар хоккей үйірмелеріне

қатысуға ниет білдіруде. Облыс

орталығынан бөлек, Екібастұз, Ақсу

қалаларында, Тереңкөл ауданында

әуесқой хоккей командалары бар.

Гүлназ, Павлодар қаласының

тұрғыны:

- Павлодардағы «Батыр»

стадионында балаларды коньки

үйірмесіне тегін қабылдап жатыр

деп естідік. Оған қалай жазылуға

болады және өзімізбен бірге

коньки болуы керек пе?

Олег Кольев:

- Жалпы, аймағымыздағы

коньки спортының дамуын оң

бағалауға болады. Оған, әрине,

жаттықтырушылар құрамының біліктілігі

оң әсер етуде. Осы орайда,

Нагано Олимпиадасының қола

жүлдегері, даңқты жерлесіміз

Людмила Прокашеваның ерен еңбегін

атап өткен жөн. Соңғы уақытта

ел құрамасының сапында Виталий

Щиголев сияқты жерлестеріміз

өнер көрсетуде. Олардың жеңісті

жолы жалғасуы тиіс. Бұл ретте,

№1 балалар-жасөспірімдер мектебінде

тегін үйірмелерге 9-11 жас

аралығындағы балалар қабылданып

жатыр. Жаттығулар Орталық

стадионда, «Батыр» стадионында,

«Ертіс» шаңғы базасында өткізіледі.

Шеберлікті шыңдау үшін арнайы

Нұр-Сұлтан қаласына да жиі

қатынайды. Секцияларға жазылу,

коньки мәселесі бойынша 8(7182)

55-26-00 телефонына хабарласып,

толық ақпарат алуға болады.

Баянауыл ауданы, Жұмат

Шанин ауылының тұрғындары:

- Біздің ауыл азаматтарының

қолға алуымен ауылда спорт

залдың құрылысы басталды.

Ауыл адамдары оның құрылысына

қаржыны өздері жинап

берді. Алайда жиналған қаражат

аз. Басқарма бізге қандай көмек

көрсете алады?

А.Ақылжанов:

- Естуімізше, ауылдағы бос

тұрған ғимаратты жергілікті азаматтар

өз күшімен жөндеуге

көшкен. Жобаны құжаттандыру

мәселесі қолға алынбаған. Әрине,

ауыл азаматтарының белсенділігі

қуантады. Десе де, құжаттандыру

ісі қолға алынса, аудандық әкімдік

тарапынан қаржыландыруға жол

ашылар ма еді?.. Біз де өз тарапымыздан

бюджетті нақтылау кезінде

ұсынысымызды айтар едік.

Тілші сауалы:

- Қай спорт түрінен үйірмелер

көптеп ашылған? Сұраныстың

артуына байланысты жаңадан

құрылып жатқан орталықтар

бар ма?

А.Ақылжанов:

- Өңірімізде футбол, көркем

гимнастика, спорттық гимнастика

үйірмелеріне қатысуға ниет

білдіргендер көп. Қала берді,

Олег Кольев

қазақ күресі, каратэ, таэквондо

сияқты спорт түрлеріне де сұраныс

артуда. Жаңа бағдарлама енді

жүзеге асырылып жатқандықтан

жыл соңына дейін сұранысқа сай

жаңа үйірмелер ашылады деген

сенім мол. Спортпен кәсіби түрде

шұғылданып, мансабын аяқтаған

азаматтар үйірмелерді ашуға ынталы.

Тілші сауалы:

- Аймағымызда кенже қалған

спорт түрін дамыту үшін басқарма

тарапынан үйірмелерді ашу,

басқа да қолдау жұмыстары

жүргізіле ме?

Айбек Ақылжанов:

- Балалар-жасөспірімдер спортын

дамыту мақсатында аймағымызда

22 БЖСМ, олимпиадалық резервтің

мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі,

балалар-жасөспірімдердің

дене шынықтыру даярлығы

клубы және 39 балалар-жасөспірімдер

клубы жұмыс істейді. Онда

30157 бала спортпен шұғылданады.

Бұл – 6-18 жас аралығындағы облыс

тұрғындарының 27,1 проценті.

Көрсеткішті 2025 жылға дейін

30 процентке жеткізу көзделген.

Өңірімізде семсерлесу спорты

мүлдем жоқ. Осы орайда, басқарма

тарапынан кенже қалған спорт

түрлерін дамыту жұмыстары мықтап

қолға алынуда. Мәселен, жуықта

су добы секциясы пайда болса,

алдағы уақытта бадминтон спортын

жаңғырту жұмыстары жалғасын

табады.

Тілші сауалы:

- Карантиндік жағдайда

қазіргі спорт секцияларының

жұмыс тәртібі қандай?

А.Ақылжанов:

- Пандемия басталғаннан бері

спорттық үйірмелердің жұмыс

кестесіне өзгеріс енгізілгені белгілі.

Барлық шаралар мемлекеттік бас

санитарлық дәрігердің қаулысына

сәйкес жүргізіледі. Бүгінде үйірмелерде

орын саны әр адамға

шаққанда 5 шаршы метрден келуі

тиіс. Бұдан бөлек, үйірмелер

дезинфекциялық заттармен, термометрмен

қамтылып, санитарлық

Айбек Ақылжанов

талаптардың барлығы қатаң

сақталған.

Тілші сауалы:

- Облыс орталығындағы

үйірмелердің ғимараты, құралжабдықтармен

қамтамасыз

етілу деңгейі қандай?

Олег Кольев:

- Барлық мемлекеттік спортзалдар,

спорт кешендері қажетті

құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етілген. Жыл сайын жоспарға сай

жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жекеменшік мекемелердің спорттық

залдарының жағдайы да – басты

назарда.

Асылбек, Май ауданының

тұрғыны:

- Қазір мемлекет барлығын

тегін етіп жатыр деп естідік.

Біздің ауылдардың көбінде

спорт үйірмелері жоқтың

қасы. Балалар мәселен каратэмен,

бокспен айналысқысы

келеді. Алайда дене тәрбиесі

мұғалімдері арасында бұл спорт

түрлерін меңгергендері жоқ.

Осы мәселені кім шешеді?

А.Ақылжанов:

- Мәселені шешудің бір жолы

бар. Дене шынықтыру пәнінің

мұғалімі немесе өзге де мамандар

жаттықтырушы курсын оқып, арнайы

сертификатқа ие бола алады. Оқу

мерзімі бір жылға да жетпейді. Оқу

курсы – ақылы.

Бәтжамал, зейнеткер:

- Облыс орталығында тоғызқұмалақтан

спорт секциялары

қайда бар? Немерем күні бойы

мектепте сабақ оқиды. Демалыс

күндері біз секцияға бара аламыз

ба?

Айбек Ақылжанов:

- Облыс орталығындағы Шахмат

үйінде демалыс күндері де үйірмелер

жұмыс істейді. Бүгінде әр мектептегі

тоғызқұмалақ секцияларының

деңгейі артып келеді. Балалар

алысқа сабылмай-ақ, өз мектебінде

шеберліктерін шыңдай алады.

Түйін:

«Онлайн желі» шарасы кезінде ата-аналарды алаңдатқан

көптеген сауалдарға басқарма мамандары

тарапынан тұшымды жауап берілді. Бұл мәселе

алдағы уақытта да газет бетінде жиі қаузалады.

Сұрақтарыңыз туындаса, редакцияға хабарлауыңызға

болады.

«Онлайн желіні» жүргізген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Суреттерді түсірген - автор.


6 5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл АНАЛИТИКА

SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Шөптің бағасы шарықтап тұр

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Бір тіркеме –

50 мың теңге

Бұл ретте шөп сатумен айналысатын

кәсіпкерлер бағаның

өсуі негізсіз емес екенін айтады.

Олардың қандай уәжі бар? Жергілікті

билік мал азығының бағасын

бақылауға қауқарлы ма?

Биыл Баянауыл, Май аудандарындағы

кейбір ауылдарда

ала жаздай бір тамшы жаңбыр

жаумай, жұртты әбігерге салғаны

бар. Сол тұста-ақ тұрғындар «биыл

төрт түлікке талғажау болар шөп

мәселесін қайтер екенбіз?» деп

уайым еткен еді. Нәтижесі сол,

күзде мал азығының бағасы

шарықтап шыға келді. Мәселен,

Баянауыл ауданындағы Бірлік

ауылының тұрғындары шөптің

бір тіркемесін 50 мың теңгеге

дейін сатып алуға мәжбүр.

- Биыл ауылда қуаңшылық

салдарынан шөптің шығымы жақсы

бола қойған жоқ. Сондықтан қазіргі

уақытта өзге ауылдар, тіпті басқа

аудандардан мал азығын тасып

жатырмыз. Жергілікті шаруалардың

шабындық жерлерінен жиналған шөп

өздерінің төрт түлігін қыстан аман

алып шығудан артық қалмайды.

Сатылымға қойған күннің өзінде

бағасы аспандап тұр. Өткен жылы

бір тіркемені 40-45 мың теңгеге

алған едік. Биылғы баға - 50 мың

теңге. Осы жылы қорада қыстайтын

азын-аулақ мал үшін 700 бума

мен 4 тіркеме шөп алдық. Оған

700 мың теңгеге жуық қаражат

кетті. Ауылда малмен күнелткен

соң кәсіпкерлер айтқан соманы

санап беруден басқа амал жоқ, -

дейді ауыл тұрғыны Райыс

Құлқашев.

Баянауыл ауданының

әкімі Қанат Кәрімов ауданда

мал азығының тапшылығы

байқалмайтынын алға тартты.

Бағаның негізсіз өспеуі де

бақыланатын көрінеді.

- Аудан көлемінде мал азығымен

қамтуда айтарлықтай қиындық

жоқ. Мұса Шорман (Теңдік),

Ұзынбұлақ, Құндыкөл, Жаңажол,

Ақсаң, Жаңатілек, Қаратомар

елді мекендерінде шабындық

жер жетеді. Қызылтау ауылдық

округінің тұрғындары Қарағанды

облысының Қарқаралы ауданынан,

Бірлік пен Майқайыңның

азаматтары Ақсу қаласына

қарасты ауылдық аймақтардан

шөп тасиды. Әкімдік жанынан

құрылған арнайы штаб бағаны

бақылап, шаруа қожалықтарымен

мал азығын негізсіз қымбаттатпау

жөнінде келіссөздер жүргізеді.

Барлығы бір ауылдың азаматтары

болғандықтан, түсіністікпен

қарап, бағаны айтарлықтай

өсірмеуге тырысады, - дейді Қанат

Сәрсенұлы.

Дәл осындай штаб Аққулы

ауданында да бар. Мұнда шөппен

қамту, бір жарым жылдық қор

жасау бағытында Баянауыл

ауданындағыдай мәселелер

жоқ. Мал азығы жеткілікті болған

соң ауданның кейбір шаруалары

мал азығын Шығыс Қазақстан

облысының тұрғындарына сатуға

көшкен көрінеді.

- Биыл 143 мың гектар аумақтан

шөп шабылып, бір жарым жылдық

қор дайындалды. Жоспар бойынша,

аудандағы төрт түліктің қыстап

шығуына 138 мың тонна азық

қажет болса, бүгінде бұл жоспар

асыра орындалып, 159 мың тонна

әзірленді. Аудан көлемінде бір

тіркеме шөптің бағасы 35-40 мың

теңге. Арнайы штаб өкілдері шөп

сататын тұрғындармен кездесіп,

бағаны тұрақты түрде сақтап қалу

жөнінде келіссөздер жүргізеді. Тиісті

меморандум да жасалды. Баға

негізсіз өсер болса, шұғыл түрде

қажет шараларды қабылдаймыз.

Бұл ретте біздің аудан, аймақта

ғана емес, республикалық деңгейде

дизельді отынның қымбаттауы

байқалып жатқанын ескерген жөн, -

дейді Аққулы ауданының әкімі

Абзал Балғабаев.

Бірақ жергілікті билік өкілдерінің

ұсыныстары мен кеңестеріне

құлақ түрер кәсіпкерлер табыла

қойса жақсы. Шөп бағасы көмір

нарығы сияқты мемлекет тарапынан

бақыланбайды. Сондықтан

шекті бағаны белгілеу, белгілі бір

сомадан асыруды талап ету мүмкін

емес. Тым құрығанда бюджеттік

қаражат есебінен субсидия мен

арзан дизельді отын алатын

шаруаларға бағаға қатысты нақты

талап қойылса, жеке кәсіпкерлер де

бағаны шарықтатып жібермес

еді.

- Қазіргі таңда шаруаларға

мемлекет тарапынан көп көмек

бар. Оны бұқаралық ақпарат

құралдарынан естіп, күнделікті

өмірде көріп те жүрміз. Бірақ

сол шаруалардан қолдаудың

қайтарымы болмай тұр. Қаржылай

көмектің сан түрін алса да, шөп

бағасын шарықтатып қояды. Осы

орайда жер-жердегі әкімдіктер сол

аумақтағы нарықтық жағдайды,

шөптің көлемін ескере отырып,

әр аудандағы шекті бағаны

белгілегені дұрыс деп ойлаймын.

Мәселен, шаруалардан шөптің

бір тіркемесін 20-25 мың

теңгеден асырмау туралы

талап қойылса, мемлекеттен еш

көмек алып отырмаған шағын

шаруашылықтардың өзі бағаны

амалсыз түсірер еді, - дейді

Ақтоғай ауданының тұрғыны

Ринат Балтабаев.

Өкінішке қарай, қазіргі уақытта

жергілікті әкімдіктердің қолында

ондай билік жоқ. Сондықтан

кәсіпкерлер бір бума, орама,

тіркеме шөп үшін қалаған бағасын

еш қымсынбастан сұрай алады.

Батыс пен

оңтүстіктен

сұраныс жоғары

Бума демекші, биыл бір бума

орама шөптің бағасы да өсті.

Айталық, өткен жылы бір бума

мал азығының бағасы 500 теңге

көлемінде болса, биыл 700 теңге

тұрады. Сол сияқты бір орама

шөптің бағасы 6 мың теңгеден

8 мың теңгеге дейін қымбаттады.

- Бүгінде шөпті бума, орама

түрінде алған әлдеқайда ыңғайлы.

Бұрынғыдай бірнеше тіркеме шөпті

сақтайтын кең аумақ, оны үйетін

адам керек емес. Сатып аласың

да, қораның іргесіне қатарлай

қоясың. Бірақ шөптің осындай

ыңғайлы түрінің бағасы да

айтарлықтай артты. Бәрінен де

кейбір кәсіпкерлердің қарапайым

тұрғындар мен ірі шаруаларға бір

орама азықты бірдей бағамен

сататыны қынжылтады. Мәселен,

қорадағы азын-аулақ малы бар

менің және Павлодар ауданында

тауарлы сүт фермасы бар бизнес

өкілдерінің қаржылай мүмкіндіктері

бірдей емес. Соған қарамастан,

шөппен айналысатын азаматтар

бір ораманы маған да, оған да

8 мың теңгеден сатады, - дейді

Успен ауданының тұрғыны Медет

Қайырхан.

Павлодар ауданы тілге тиек

етілген соң мұндағы шабындық

жерлердің басқа аудандармен

салыстырғанда аз екенін атап

өтпеске болмас. Сол себепті болар,

аудан көлемінде мал басы жыл

санап азайып келеді. Айталық,

2016 жылы мұндағы 7 мыңға жуық

қожалықтың тең жартысы мал

шаруашылығымен айналысса, бүгінде

небары 2 мыңға жуық кәсіпкер

осы бағытта ісін жүргізіп отыр.

Павлодар аудандық мәслихатының

депутаты Бақытбек

Баткеевтің сөзінше, сол көлемі

аз шабындық жерлердегі шөптің

өзі өзге өңірлерге жөнелтілуде.

- Былтыр Павлодар ауданында

бір тіркеме шөптің бағасы 30-35

мың теңге төңірегінде болса, биыл

40 мың теңге тұрады. Мал азығына

сұраныс жоғары болғандықтан,

кәсіпкерлер де бағаны бірден өсірді.

Қыс кезінде бір тіркеменің 50 мың

теңгеге сатылуы да ғажап емес.

Бұл ретте аудан көлеміндегі кейбір

жерлердің қосалқы жалға беріліп

отырғанына баса мән бермесе

болмайды. Одан қалса, жергілікті

шаруалар да алдымен өзімізді емес,

Маңғыстау, Жамбыл облыстарының

тұрғындарын «жарылқап алуды»

қалайды. Себебі батыс пен

...Осы орайда жер-жердегі әкімдіктер сол аумақтағы нарықтық

жағдайды, шөптің көлемін ескере отырып, әр аудандағы шекті

бағаны белгілегені дұрыс деп ойлаймын. Мәселен, шаруалардан

шөптің бір тіркемесін 20-25 мың теңгеден асырмау туралы

талап қойылса, мемлекеттен еш көмек алып отырмаған шағын

шаруашылықтардың өзі бағаны амалсыз түсірер

,,

еді...

оңтүстікте мал азығы қымбат.

Бұлай жалғаса берсе, аудандағы

тұрғындарға шөп жетпей қалуы

әбден мүмкін. Жалпы, өңірде

шөппен қамту, оның бағасын реттеу

мәселесін шешу үшін жеке аулаларда

шаруашылықты дамытуға

бағытталған арнайы бағдарлама

қажет сияқты. Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы

Жолдауына осы мәселеге назар

аударуды тапсырған болатын, -

дейді депутат.

Бағаның өсуі

негізсіз емес

Бұл ретте шөп сатумен айналысатын

тұрғындардың да айтары

бар. Павлодар қаласының

тұрғыны Руслан Төлеубаевтың

сөзінше, осы жылы мал азығының

5-10 мың теңгеге өсуіне басты

себеп - дизельді отын бағасының

қымбаттауы мен күрт азаюы.

- Біз шөптің бағасын белгілейтін

тұста барлық шығынды ескереміз.

Айталық, өткен жылы дизельді

отынның бір литрінің бағасы 165

теңге болды. Ол кезде бір тіркеме

шөп 20-25 мың теңгеге сатылды.

Ал биыл жанар-жағармайдың

бір литрі 250 теңге тұрады.

Павлодар мұнай-химия зауыты

ағымдағы жөндеуге байланысты

жұмысын тоқтатқандықтан, өңірде

дизельді отынды табудың өзі

қиындай түсті. Сол себепті бір

тіркеме азықтың бағасы 30-35

мың теңгеге дейін көтерілді. Оған

қоса, трактор бөлшектерінің бағасы

20-25 пайызға қымбаттады. Ал

біз шағын ғана шаруашылық

болғандықтан, мемлекет тарапынан

субсидия, дизельді отын

алмаймыз. Былайша айтқанда, өз

күнімізді өзіміз көріп отырмыз, -

дейді ол.

Май ауданының тұрғыны

Дастан Әлиақпаров та бірқатар

күрмеулі мәселенің барын айтты.

- Шөп шабу - оңай шаруа емес.

Бүгінгі күні мал азығын дайындаумен

айналысатын адамдардың

барлығында бірдей арнайы техникалар

жоқ. Мәселен, менің қолдағы

қаражатым құны 1,5 млн теңге

болатын шөп шабатын техника сатып

алуға ғана жетті. Ал оны жинайтын

құрылғыны 200-300 мың теңгеге

жалға аламын. Сонымен қатар,

қазіргі таңда шабындықта жұмыс

істейтін адамдарды табу қиын.

Бұл маусымдық іс болғандықтан,

ауылдықтардың көбі шаруаға

араласқысы келмейді. Оларды

жұмысқа тарту үшін жоғары

еңбекақы беруге тура келеді.

Бізге осы шығындардың барлығын

жауып, үстінен аз да болсын пайда

көру керек. Сондықтан жыл сайын

шөп бағасы да қымбаттайды, -

дейді Д.Әлиақпаров.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының мәліметіне сүйенсек,

биылғы жоспар бойынша өңірде

1 млн 450 мың тонна шөп дайындалуы

тиіс. «Сақтықта қорлық

жоқ» дегенді ескерген шаруалар

бұл жоспарды асыра орындап,

бір жарым жылға жететін мал

азығын әзірледі.

- Бүгінде облыс көлемінде

1 млн 486 мыңнан астам мал азығы

дайын. Оған қоса, былтырдан

қалған 39,8 мың тонна шөп бар.

Фермерлік шаруашылықтар мен

жеке аулаларды қамтамасыз

ету үшін орман алқаптары мен

Ертіс өзенінің жайылымынан

203,7 мың гектар жер берілді.

Ірі шаруашылықтар шабатын

шөптің қалдығын шөймелеп үйіп,

оны бумалап, кейін тұрғындарға

үлестіру мақсатында 37 меморандум

жасалды. Кемінде 400 мың

гектардан жиналатын бұл мал

азығы да төрт түлікке талғажау

болып, жергілікті жұртшылықты

қамтуда оң ықпал берері анық, -

дейді облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының басшысы

Нұрболат Мақашев.

Яғни, жергілікті биліктің пайымынша,

аймақта шөп тапшылығы

туындамауы тиіс.

Ерте қамданып, қор жасаған

жақсы-ақ. Бірақ соның барлығын

алуға қарапайым халықтың

жағдайы жете ме? Мәселен,

бір сиырға қыс бойы 3 тіркеме

шөп қажет. Орташа есеппен әр

аулада 10 ірі қара бар екенін

ескерсек, мал азығының 30 тіркемесін

жеткізіп алуы керек. Сонда

тек ірі қараның қыстан қысылмай

шығуы үшін 1,5 млн теңгеге дейін

қаражат шығаруға тура келеді. Оған

қоса, қой-ешкі, жылқысы болуы

мүмкін. Оларға тағы 10-20 тіркеме

шөп қажет. Сайып келгенде,

төрт түлік көктемге дейін көтерем

болып қалмас үшін 2 млн теңгеңізді

сайлай беріңіз. Мұндайда «шөптің

көптігінен не пайда, бағасы

қолжетімді болмаса?» деген ой

туындайды.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл 7

Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы «Павлодар

облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына

бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын

бекіту туралы» №338/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ

ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019

жылғы 27 қарашадағы «Павлодар облысы

бойынша әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларына бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту

туралы» №338/3 қаулысына (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №6647 болып тіркелген) келесі

өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген

Павлодар облысы бойынша әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларына

бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске

асырудың қағидаларында:

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Комиссияның төрағасы болып

табылады, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік

салалық басқармаларының қызметкерлері,

сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері

бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың

өкілдері Комиссияның мүшелері болып

табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты

негізде жүзеге асырады.»;

8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«8. Әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларына бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыру үшін «Павлодар

облысының кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму басқармасы» мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті

бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды

қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларына бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыратын мамандандырылған

ұйымдардан қызметтерді сатып алуды

жүзеге асырады.»;

31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«31. Қарыз алушы ретінде келесі

талаптардың біріне сәйкес келетін кәсіпкерлік

субъектілері әрекет етеді:

1) кәсіпкерлік субъектілерінде жалға

алу немесе жеке меншік құқығында азықтүлік

тауарларын тиісінше сақтауға және

Павлодар облысының аумағында азықтүлік

тауарларын сатып алу және өзге де

операцияларды орындауға арналған және

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына

бағаларды тежеуге бағытталған

шаралар кешенін қамтамасыз етуге

мүмкіндік беретін сауда-логистикалық

инфрақұрылымның (қойма құрылыстары,

арнайы жабдығы бар үй-жайлар) болуы;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі

бекіткен тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларының бөлшек

саудасын жүзеге асыру;

3) Павлодар облысының аумағында

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын

өндіруді және/немесе өсіруді жүзеге

асыру.».

2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық даму

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы

әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды

қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау

облыс әкімінің орынбасары

М.Өтешовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Ә.СҚАҚОВ.

Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы әкімдігінің 2019

жылғы 27 қарашадағы «Павлодар облысы бойынша әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №338/3 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына салыстырмалы кесте

п/п

Құрылымдық

бөліктері

1. Облысы

бойынша

әлеуметтік

маңызы бар

азық-түлік

тауарларына

бағаларды

тұрақтандыру

тетіктерін іске

асырудың

қ а ғ и д а л а р ы н ы ң

4-тармағы

2 Облысы

бойынша

әлеуметтік

маңызы бар

азық-түлік

тауарларына

бағаларды

тұрақтандыру

тетіктерін іске

асырудың

қ а ғ и д а л а р ы н ы ң

8-тармағы

3 Облысы

бойынша

әлеуметтік

маңызы бар

азық-түлік

тауарларына

бағаларды

тұрақтандыру

тетіктерін іске

асырудың

қағидаларының

31-тармағы

Бұрынғы редакция Жаңа редакция Негіздеме

«4. Павлодар облысы

әкімінің орынбасары

Комиссияның төрағасы

болып табылады, ауыл

шаруашылығы, кәсіпкерлік

және сауда

салалық басқармаларының

қызметкерлері,

сондай-ақ жеке кәсіпкерлік

субъектілері

бірлестіктерінің және

қоғамдық ұйымдардың

өкілдері Комиссияның

мүшелері болып табылады.

Комиссия өз

қызметін

негізде

асырады.»;

тұрақты

жүзеге

«8. Әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларына

бағаларды

тұрақтандыру тетіктерін

іске асыру үшін

«Павлодар облысының

кәсіпкерлік және сауда

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі

– Басқарма) әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік

тауарларына шекті

бағаларды белгілеу

жөніндегі шараларды

қоспағанда, әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік

тауарларына бағаларды

тұрақтандыру тетіктерін

іске асыратын

мамандандырылған

ұ й ы м д а р д а н

қызметтерді сатып

алуды жүзеге асырады.»;

31. Қарыз беру және

әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік

тауарларына бағаларды

тұрақтандыру тетіктерін

іске асыру үшін

кәсіпкерлік субъектілерінің

өлшемшарттарына

мыналар

жатады:

1) кәсіпкерлік

субъектілерінде азықтүлік

тауарларын

тиісінше сақтауға және

азық-түлік тауарларымен

сатып алу және өзге

де операцияларды

орындауға арналған

және әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік

тауарларына бағаларды

тежеуге бағытталған

шаралар кешенін

қамтамасыз етуге

мүмкіндік беретін

сауда-логистикалық

инфрақұрылымның

(қойма құрылыстары,

арнайы жабдығы бар

үй-жайлар) жалға алу

құқығында немесе жеке

меншігінде болуы;

2) Қазақстан Респуб-

ликасы Үкіметімен

бекітілген тізбеге сәйкес

әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларының

бөлшек саудасын жүзеге

асыру;

3) Павлодар облысының

аумағында әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік

тауарларын өндіруді

және/немесе өсіруді

жүзеге асыру.

«4. Павлодар облысы әкімінің

орынбасары Комиссияның

төрағасы болып табылады,

ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік

салалық басқармаларының

қызметкерлері, сондайақ

жеке кәсіпкерлік субъектілері

бірлес-тіктерінің және қоғамдық

ұйымдардың өкіл-дері

Комиссияның мүшелері

болып табылады. Комиссия

өз қызметін тұрақты негізде

жүзеге асырады.»;

«8. Әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларына

бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыру үшін

«Павлодар облысының

кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі –

Басқарма) әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларына

шекті бағаларды

белгілеу жөніндегі шарларды

қоспағанда, әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларына

бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыратын мамандандырылған

ұйым-дардан

қызметтерді сатып алуды

жүзеге асырады.»;

«31. Қарыз алушы ретінде

келесі талап-тардың біріне

сәйкес келетін кәсіпкерлік

субъектілері әрекет етеді:

1) кәсіпкерлік субъектілерінде

жалға алу немесе жеке меншік

құқығында азық-түлік тауарларын

тиісінше сақтауға

және Павлодар облысының

аумағында азық-түлік тауарларын

сатып алу және өзге

де операцияларды орындауға

арналған және әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларына

бағаларды тежеуге

бағытталған шаралар кешенін

қамтамасыз етуге мүмкіндік

беретін сауда-логистикалық

инфрақұрылымның (қойма

құрылыстары, арнайы жабдығы

бар үй-жайлар) болуы;

2) Қазақстан Республикасының

Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес

әлеуметтік маңызы бар азықтүлік

тауарларының бөлшек

саудасын жүзеге асыру;

3) Павлодар облысының

аумағында әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларын

өндіруді және/немесе

өсіруді жүзеге асыру.»

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы

әкімдігінің 2020 жылғы

12 қаңтардағы «Павлодар

облысының кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық

даму басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

құрылымы туралы»

№20/1 қаулысы негізінде

басқарма атауының өзгеруіне

байланысты

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрінің

2019 жылғы 29 шілдедегі

бұйрығымен бекітілген,

«Әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларына

бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асырудың

үлгілік қағидаларының

33-тармағына сәйкес,

сондай-ақ кәсіпкерлік

субъектілеріне қойылатын

талаптарды жеңілдету

мақсатында Павлодар қаласы

прокуратурасының ұсынысын

орындау үшін

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімдік, орталық

саябақ пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

АЛИГУЖИНОВ Серік

Қарабатырұлы

77 жасында Павлодар қаласының

Құрметті азаматы, еңбек ардагері Алигужинов

Серік Қарабатырұлы өмірден өтті.

Серік Қарабатырұлы - Павлодар

облысының тумасы. Білімі жоғары, 1976

жылы Павлодар индустриалды институтын

инженер-механик мамандығы бойынша

тәмамдаған.

Еңбек жолын 1967 жылы Павлодар

жүк автотресінің №2564 автоколоннасының

инженері болып бастады. №2564 автоколоннаның

бас механигі, Павлодар

Павлодар облысы әкімдігі,

Павлодар облысы денсаулық сақтау

басқармасының «Тереңкөл ауданының

ауруханасы» ШЖҚ КМК орналасқан

жері: Қазақстан Республикасы, 140600,

Павлодар облысы, Тереңкөл ауылы,

Тәуелсіздік көшесі 88а, телефон

8(718) 33-21-235.

Кәсіпорын қызметінің мәні:

заңда белгіленген тәртіппен

берілген лицензияға және бекітілген

медициналық қызмет түрлеріне сәйкес

халыққа медициналық көмек көрсету

болып табылады.

Қатысушыларға қойылатын

талаптар:

1) жоғары білімді, сондай-ақ

мынадай талаптардың бірінің болуы:

- Денсаулық сақтау саласында

немесе ұйымның бейіні бойынша

және (немесе) экономика/қаржы және

(немесе) бизнес және (немесе) құқық

саласында кемінде 5 жыл жұмыс

тәжірибесінің болуы;

- Денсаулық сақтау саласында

немесе ұйымның бейіні және (немесе)

экономика/қаржы және (немесе) құқық

бойынша басшы лауазымда кемінде

3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

4) денсаулық сақтау және (немесе)

экономика және (немесе) бизнес

және (немесе) құқық салаларындағы

қоғамдық бірлестіктерге мүшелік ету

қағидаттарына негізделеді.

Келесі тұлғалар конкурсқа

қатыса алмайды:

1. Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіппен

өтелмеген немесе алынбаған

сотталғандығы бар;

2. Осы заңды тұлғаны банкрот деп

тану туралы шешім қабылданғанға

дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның

басшысы болып табылатын тұлға;

3. Бұрын сыбайлас жемқорлық

құқық бұзушылық жасаған;

4. Байқау кеңесінің басқа мүшесімен

немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен

жақын туыстық және туыстық

қатынастағы адамдар.

Конкурсқа қатысу туралы

өтініштерді ұсыну мерзімі:

жүк автобасқармасының бас инженері

болып жұмыс істеді. 1987 жылдан бастап

Павлодар қалалық атқару комитетінің

төрағасы лауазымын атқарды, Қазақ КСР

автомобиль көлігі Министрінің бірінші

орынбасары және «Казавтотранс» концернінің

басқарма төрағасының бірінші орынбасары,

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрінің бірінші

орынбасары, Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрі болып

қызмет етті.

Серік Қарабатырұлы ЕурАзЭҚ

Интеграциялық комитетінде Қазақстан

Республикасының өкілі - квоталық қызметкер

лауазымында да еңбек етті.

Серік Қарабатырұлының қайтыс болуына

байланысты марқұмның жұбайына, соңында

қалған балаларына, туған-туыстарына

көңіл айтамыз.

Марқұмның жатқан жері жайлы,

топырағы торқа болсын. Пейіште нұры

шалқып, артындағы ұрпақтарына ғұмыр

берсін.

Ә.Б.СҚАҚОВ, Е.Н.ӘЙТКЕНОВ,

О.П.КРУК, М.О.ӨТЕШОВ,

А.А.ҚҰРМАНОВА,

Д.Ш.ШАЙМҰРАТОВА,

С.Б.ШАЯХМЕТОВ,

Н.Ш.ДЮСИМБИНОВ,

А.Қ.БАЙХАНОВ, Р.Ш.ШӨКЕЕВ.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы,

140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, анықтама

телефоны: (87182) 32-50-02, (факс) 67-52-07, Павлодар

облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау

басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорнының бақылау кеңесінің мүшелерін

іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген

тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау

мерзімді баспа басылымдарында

конкурс өткізу туралы хабарландыру

жарияланған күннен бастап күнтізбелік

отыз күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті

құжаттар: конкурсқа қатысу туралы

өтініш;

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі

түйіндеме;

еркін нысанда жазылған өмірбаян;

кандидаттың жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі;

жоғары білімі туралы құжаттың

нотариат куәландырған көшірмесі;

еңбек кітапшасының (ол болған

кезде) немесе соңғы жұмыс орнынан

еңбек шартының нотариат куәландырған

көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің аумақтық бөлімшелері

берген соттылығының және сыбайлас

жемқорлық құқық бұзған емес туралы

берілген құжаттар

Конкурсқа қатысушы қосымша

ақпарат бере алады,

(біліктілігін арттыру туралы

құжаттардың көшірмелері, ғылыми

дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми

жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы

жұмыс орнының басшылығынан

ұсынымдар және т.б.).

Құжаттар мына мекенжай

бойынша қабылданады: Тереңкөл

ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88 а,

Павлодар облысының Денсаулық сақтау

басқармасы «Тереңкөл ауданының

ауруханасы» ШЖҚ КМК, тел.21235,

кадрлар бөлімінде, бұқаралық ақпарат

құралдарында конкурс өткізу туралы

хабарландыру жарияланған күннен

бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.

Конкурс құжаттарды қабылдау

аяқталған күннен бастап күнтізбелік

отыз күн ішінде Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 59, 4-қабат, Павлодар

облысының денсаулық сақтау басқармасының

мәжіліс залында өтеді.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының Құрметті

азаматы

Алигужинов Серік Қарабатырұлының

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

(20173)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8235 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1724

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

5 қазан, сейсенбі, 2021 жыл мәдениет

SARYARQA SAMALY

рухани әлем

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхана –

өңіріміздегі көне мәдени

орталықтардың бірі. Тарихы

тереңнен бастау алатын,

кітап қоры бай кітапхана

өз саласында қолданылып

жатқан жаңа ақпараттық

технологиялар,

электрондық ресурстар,

оқырмандарға қызмет

көрсетудің жаңа формалары,

кітапхана қорларын автоматтандыру

секілді бүгінгі

күннің жаңа белестерін

меңгерген.

Облыстық кітапханада кітаптардың

электронды нұсқалары цифрланып,

E-KITAP.KZ бірыңғай онлайн кітапханасы

және QR-кітапханада орналастырылып

отырады. Оның негізінде оқырмандар

іздеген кітаптарын онлайн түрде оқуға

мүмкіндік алады. Сонымен қатар тегін «Wi-fi»

желісі, жоғары жылдамдықтағы интернет,

заманауи компьютерлермен жабдықталған

«Сoworking» орталығы жеке жұмыс аймағы

ретінде оқырмандарға пайдалануға

берілген. Кітапханада оқырмандарға

қызмет көрсетудің дәстүрлі түрімен қатар

электрондық жүйеге негізделген қызмет

түрлері қатар көрсетіледі.

- Қазіргі таңда «оқырмандар кітапханаға

тек кітап алу үшін барады» деген жаңсақ

пікірді естіп қалып жатамыз. Бұл –

ескірген көзқарас. Себебі бүгінгі оқырман

жан-жақтылықты талап етеді. Кітапханамызда

түрлі салаға бағытталған әдеби, мәденисазды,

шахмат, қолөнер, кәсіптік бағыттағы

үйірмелер, клубтар жұмысын жүргізуде.

Әсіресе, тіл үйрену және «Компьютер

қолдану» курстары ерекше сұранысқа ие, –

дейді кітапхана басшысының орынбасары

Баршагүл Байжанова.

Оқырмандарды тарту мақсатында

кітапханада түрлі сипаттағы кездесулер,

тренингтер, пікірталастар мен іс-шаралар

көптеп ұйымдастырылады. Биыл қолға

алынған жұмысшы мамандықтардың оң

имиджін қалыптастыру бағытындағы «Менің

мамандығым – менің таңдауым» атты

жоба барысында мамандардың мектеп

оқушыларымен кездесулері ұйымдастырылды.

«Айна» галереясында жас суретшілер

жұмыстары насихатталса, «Өркен» жас

ақындар клубы жастардың ойын ортаға

салатын, жан-жақты дамуға септігін тигізетін

орталыққа айналды. Әлем әдебиеттері

секторында оқырмандар деңгейлік тіл

үйрену курстарымен қатар үстел ойындары,

дебат, сөйлеу клубтары жұмыс жүргізуде.

«Абонемент», «Оқу залдары», «Өндірістік

әдебиеттер» бөлімдері де жұмыстарын

жаңа бағытта жандандыруда.

– Рухани мұра ретінде кітап қорын

бүтін қалпында сақтап, келер ұрпаққа

табыс ету – кітапханашылардың қасиетті

Заманауи

кітапхана

борышы. Кітапхана ұжымы ақпараттық

қорын үнемі кеңейтіп, зағип және нашар

көретін оқырмандарға қызмет көрсету

деңгейін көтерді, кітапхана қорын толықтыру

жұмыстарын бір ізге қойған. Денсаулығына

байланысты кітапханаға келе алмайтын

оқырмандар үшін «Үйге кітап жеткізу»

қызметі іске қосылды. Кітапхана жанынан

құрылған «Жанашыр» орталығы нүктелібедерлі

қаріппен басылған кітаптарын

оқырмандарына ұсынуда. Арнайы мектепинтернаттарымен

және арнайы ұйымдармен

тығыз серіктестік байланыс орнатылды.

Орталық қызметкері Бақтыгүл Әубәкірова

дефектология бағытында білім алып жүрген

студенттерге шеберлік сабақтарын өткізеді.

- Биыл «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына

– 30 кітап» рухани-мәдени акциясы

аясында оқуға ұсынылған кітаптар

сөресін жасақтап, арнайы көрмелер

ұйымдастырылды. Аталмыш акция

қоғамның отандық әдебиетке, оның

ішінде классикаға, қазіргі әдебиет

пен поэзияға деген қызығушылығын

арттыруға мүмкіндік туғызады. Аталған

акцияның мән-мағынасын оқырмандарға

түсіндіріп, насихат жұмысын

жүргіземіз, – дейді «Абонемент» бөлімі

басшысы Сәуле Дайырбекова.

Облыстық кітапхана өлкетану бағытында

да жемісті еңбек етуде. Павлодар облысының

атаулы күндер күнтізбесін, мультимедиялық

құралдар шығару, облыс кітапханаларына

өлкетану қызметіне әдістемелік көмек

көрсету, мәліметтер базасын қалыптастыру,

деректердің мұрағаттық және резервтік

көшірмелерін жасау, т.б. жұмыстар іске

асырылуда. Тұрақты түрде Павлодар

өңірінің көркем табиғаты, тарихы,

мәдениеті, белгілі тұлғалары және

бірегей орындары жайында «PRO

Павлодар» подкаст-арнасы мәлімет

таратады.

«Адалдық алаңы» жобасының

шеңберінде кітапханада «Парасат жолы»

орталығы жұмыс істейді. Орталықта

Мәшһүр Жүсіп мешіті Жастармен жұмыс

бөлімімен бірлесе отырып «Өнеге

сабақтары» атты тың жоба жүзеге

асырылды. Мұнда мешіт имамдары

өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық

идеологиясын ілгерілету мақсатында

дәрістер оқиды.

Ғылым мен техниканың ерекше алға

басқан қазіргі кезеңінде кітапханада

ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа

формаларын жасап, жаңа тенденциялармен

жұмыс істеуге талпынады.

Оқырманның мәліметтер базасына

тіркелуі, электронды билетке қол жеткізуі

аз уақытта жүзеге асады. Мұнда электронды

каталогтың, автоматтандырылған

кітапханалық бағдарламалардың болуы

көптеген процестерді жеңілдетеді. Себебі

оқырманның уақытын қадірлейтін кітапхана

қызметкерлері сапалы қызметтер ұсынады.

Бұл – ұйымшылдықтың, жүйелі басқарудың

нәтижесінде жеткен табыс.

Қарлығаш ҚАШҚЫНБАЙ,

С.Торайғыров атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасының

ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі,

қоғаммен байланыс менеджері.

Спорт-ақпарат

Спорт жанкүйерлерінің назарын

аудартқан футзалдан әлем чемпионаты

мәресіне жетті. Қазақстан

құрамасы қола жүлде үшін таласта

Бразилиядан жеңілді. Өкінетін

ештеңе жоқ. Жаһандағы төрт

мықтының біріміз. Бастысы – әлем

чемпионы болуға мүмкіндік бар

екеніне көз жетті.

Төртіншіміз!

Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың

бірі саналады. Олар әлем чемпионатының

бес дүркін чемпионы! Десе де, отандастарымыз

атағынан үркімей, жақсы ойын

өрнегін көрсетті. Алғашқы кезеңнің 12-минутында

Ақбалықовтың соққысынан кейін

доп бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп,

тордан табылды. Төрешілер автогол тіркеді.

Осылайша, алғашқы кезең 1:0 есебімен

Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Үзілістен кейін кездесудің 25 минутында

Тайнан күтпеген жерден өз қақпасына гол

соғып алды. 31-минутта айыбын жуыпшайып,

қарсыластар қақпасынан саңылау

тапқан еді. Бірақ қазақстандықтардың қателігі

жиі тіркеліп, бразилиялықтар қатарынан

3 гол соқты. Родриго (32 минут), Феррао

(34), Ле (35) мүлт кеткен жоқ. Қорытынды

есеп – 2:4.

Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан

құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан

3:0 есебімен басым түссе, Венесуэламен

1:1 есебімен тең ойнады. Одан кейін

1/8 финалда Таиландты 7:0 есебімен жеңіп,

ширек финалда Иранды 3:2 есебімен

сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен

овертаймда 2:2 есебімен тең

түсіп, пенальти сериясында қарсыласына

жол берді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем

чемпионатының финалдық кезеңінде екі

мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші

кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8

финалға дейін жетті.

Алғашқы

жеңіс

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде

облыс намысын қорғап

жатқан «Ertis» биылғы

чемпионаттағы алғашқы жеңісіне

қол жеткізді.

Өз айдынында Рудный қаласынан келген

«Горняк» командасын қабылдап, 6:4 есебімен

ұтты. Павлодарлықтардың құрамында тәжірибесі

аз жас ойыншылар топтасқанын

ескерсек, бұл жеңіс сенсацияға пара-пар.

Бұған дейінгі кездесулердің барлығында

қарсыластарына ұпай таратып келген-ді.

Үйде де, түзде де жеңілістен көш ашпай

жүрді. Әйтеуір өткен турларда сырт айдында

«Снежные Барсы» командасымен ойынның

негізгі бөлігінде тең түсіп, алғашқы ұпайын

олжалаған еді. Енді, міне, таза жеңіске

қол жеткізіп отыр.

Жерлестеріміз кезекті кездесуін ертең

«Теміртау» (Қарағанды) командасына қарсы

өткізеді.

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Суретті түсірген - К.Музалевский.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!