21.12.2021 Views

Сарыарқа самалы, 21 желтоқсан, cейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

21 желтоқсан, сейсенбі

2021 жыл

№146 (15764)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Жаңа өндіріс

іске қосылды

МЕРЕЙ

Үлкенге -

құрмет

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

Тәуелсіздік мерекесіне орай

облыстың дамуына айрықша

еңбек сіңірген азаматтармен

кездесіп, мемлекеттік наградалармен

марапаттады.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Жаңа желі Тәуелсіздік күні «Павлодар агрокешені» ЖШС-нің базасында

іске қосылды. Жоба жеке инвестор мен «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясының әріптестігі шеңберінде жүзеге асырылды.

Осының нәтижесінде өңірде тазартылған күнбағыс майын

өндіру басталды.

БАСПАСӨЗ - 2022

Газетке жазылуды ұмытпаңыз!

Жалғасы 2-бетте

Құрметті оқырмандар! 2022 жылға арналған «Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі

арқылы жазылу

«Alash Press» ЖШС–нің

бөлімшелері арқылы жазылу

Редакцияда ресімделу

және алу мен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала

ауыл

6 ай (аптасына үш нөмір) 6 924,20 теңге 7 242,40 теңге 6 915 теңге 5 940 теңге

12 ай (аптасына үш нөмір) 13 848,40 теңге 14 484,80 теңге 13 830 теңге 11 880 теңге

Зейнеткерлерге, мүгедектерге және ҰОС қатысушыларына арналған жеңілдікпен жазылу

Индексі 55442

қала

ауыл

12 ай (бейсенбілік нөмір) 4 035,60 теңге 4 259,20 теңге 4 025 теңге

3 084 теңге

Бұл - еліміздің ең ұлық мерекесі

Тәуелсіздік күніне орай ел ағаларына

жасалған зор құрмет. Себебі, бұл азаматтар

бар ғұмырын еліміздің дамуы мен

өркендеуіне арнаған тұлғалар. Яғни,

30 жыл ішінде қандай жетістікке жетсек,

соның барлығы осы азаматтардың қолымен

жасалыр отыр.

- Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен

бастап өзінің адал әрі қажырлы еңбегімен

мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес

қосқан адамдар бар. Ең бастысы, сіздер

бұл қызметті Отанға деген сүйіспеншілікпен

атқардыңыздар. Ерен еңбектеріңіз бен

туған жерге деген шексіз махаббаттарыңыз

үшін алғыс айтамын, - деді Әбілқайыр

Бақтыбайұлы.

Тәуелсіздік күніне орай Павлодар

облысының 60 тұрғынына мемлекеттік

наградалар ұсынылды. Еңбек ардагері

және Құрметті теміржолшы Әби

Сарқыншақов «Парасат» орденімен, ардагер

ұстаз Мауытхан Оралжан «Құрмет»

орденімен марапатталды. Өңірлік қоғамдық

кеңестің хатшысы Хелуа Кашкенова мен

№1 Павлодар қалалық ауруханасының

бөлімше меңгерушісі Махмұд Махмұдовқа

«Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Сондай-ақ, конфессияаралық қатынастарды

таладу және дамыту орталығының

басшысы Гүлнәз Раздықова «Шапағат»

медалімен марапатталса, қоғам қайраткері

Тито Сыздықов «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне - 30 жыл»

мерейтойлық медалімен наградталды.

Сонымен бірге, Павлодар облысы

әкімінің Құрмет грамоталары Нұрлан

Нәбиев, Николай Чмых, Александр

Рюмкин, Александр Вербняк сынды

өңірге танымал азаматтарға табысталды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға

дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз, тел.: 8 (718 2) 66-15-41.


2 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Орталық –

жаңа ғимаратта

Бұрын ой-өрісі дамуында кінәраттары бар балаларға

әлеуметтік қызмет көрсететін психоневрологиялық

орталықтың орналасқан жері

ата-аналарға қолайсыз еді. Яғни, мекеме бұған

дейін Павлодар өнеркәсіптік аймағында жұмыс

істеп келген болса, енді ол қаланың орталығына

жақындап қайта қоныстанды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне

орай облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов балалар психоневрологиялық

орталығының ұжымымен

кездесті. Орталықты жаңа ғимаратқа

көшіру мәселесін балалардың

ата-аналары да, мекеме

қызметкерлері де көптен сұрап

жүрген еді. Жаңа ғимаратта ойын

бөлмесі, мамандарға арналған

жеке кабинеттер, сыйымдылығы

кең асхана және медициналық

блок қарастырылған.

- Үш жылдан бері менің ұлым

осы орталықта денсаулығына

қажетті ем алып келеді. Осы

уақыт ішінде басқа атааналармен

және орталық

қызметкерлерімен бірге көп

жетістікке жеттік. Тәуелсіздік

күніне орай жаңа ғимаратқа ие

болу бәріміз үшін үлкен сый

болды. Енді бізге орталыққа

Егемендігіміздің мерейтойы

күні туған сәбилерге қажетті

заттар толы қорап, ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

құттықтау тілегі жазылған

хат пен «Тәуелсіз Қазақстанға

30 жыл» монетасы, сондай-ақ

баланың туу туралы алғашқы

құжаты да табыс етілді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

облыстық филиалының басшысы

Талғат Асқаровтың айтуынша,

мереке күні аймағымыз бойынша

59 бала дүниеге келген екен.

- Еліміздің Тәуелсіз мемлекет

атанған күні перзент

дүниеге әкелген ата-аналарға

«Сүйінші» қораптары берілді.

Алдымен, медицина саласының

қызметкерлері мен дәрігерлеріне

ерекше рахмет. Сонымен қатар,

туу туралы куәлікті жедел

рәсімдеп, сыйлықты уақытылы

жеткізуге атсалысқан «kazpost»

қызметкерлеріне ризашылығымды,

білдіремін, - дейді

Т.Асқаров.

жету бұрынғыдан әлдеқайда

ыңғайлы, - деп атап өтті ерекше

баланың анасы Ольга Копущу.

Аймақ басшысы ерекше

қажеттіліктері бар балаларға

барлық жағдай жасалатынына

уәде берді. Мүгедектерге

арналған ірі оңалту орталығын

салу, Лермонтов көшесінде

жұмыс істейтін балаларды оңалту

орталығын және аутистік спектрі

бұзылған балаларға арналған

орталықты кеңейту жоспарда

бар. Бүгінде балалар психоневрологиялық

орталығының стационарында

50 жеткіншек тұрақты

ем қабылдайды. Тағы 20 бала

медициналық-әлеуметтік мекеменің

күндізгі бөліміне барады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

СҮЙІНШІ!

Нәрестелерге

сыйлық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жағымды

жаңалықтар легі толастар емес. Мереке күні облысымызда

59 нәресте дүние есігін ашты.

Қазіргі таңда арнайы сыйлық

толы қораптар Екібастұз және

Ақсу қалаларына және Ертіс,

Тереңқөл, Ақтоғай аудандарына

жөнелтілді.

Облысымызда алғашқылардың

бірі болып Матвей

есімді азамат өмірге келді.

- Отбасымыздың асыға күткен

перзенті 16 желтоқсанға

қараған түні жарық дүние есігін

ашты. Бүгінде жанұямыздың

қуанышы мереке қарсаңында

екі есеге артып, әлі де алайдүлей

сезімді өткеріп жатырмыз.

Барша медицина саласының

мамандары және игі бастаманы

ұйымдастырған жандарға

алғысымды білдіремін, - дейді

Матвейдің анасы Наталья Якоб.

Еске салсақ, жаңа туған әр

сәбидің үйіне ҚР Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан

сыйлық жиынтығы берілетіндігі

мәлімденген болатын.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Басы 1-бетте

Жаңа өндіріс

іске қосылды

Жаңа өндірістің құны 185 миллион теңгеге жуық.

- Біз қазірдің өзінде жыл сайын 5 мың тонна күнбағыс

тұқымын өңдейміз, жаңа желі іске қосылған соң 960 тонна

тазартылған май алатын боламыз. Бұрын біз өзіміздің өнімімізді

Өскеменде тазартудан өткізетінбіз, бұл оның өзіндік құнына әсер

ететін. Қазір бұл жұмысты өзіміз жүргіземіз. Енді біз «Жаңа

май» брендін тіркеп, оны дүкендерге жеткізе бастадық, - дейді

«Павлодар агрокешені» ЖШС-нің басшысы Кирилл Печенкин.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов компания басшысымен

бірге өндірісті іске қосудың символикалық тетігін басты. Аймақ

басшысы кәсіпорын басшылығына табыс тілеп, өндірісті кеңейткен

жағдайда барынша қолдау көрсетуге уәде берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік күніне

орай Павлодар

облысының спорт

қауымдастығы

көптен күткен

қуанышқа кенелді.

«Спорт сити» шағын

ауданында жаңа

мұз-сырғанау

аренасы ашылса,

облыс орталығында

«Jenimpaz» үстел

теннисі орталығы

ресми түрде іске

қосылды.

Салтанатты шара «Шаңырақ»

халық шығармашылығы орталығында

ұйымдастырылды. Павлодар облысы

мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасының басшысы

Самал Бегалинова қатысып, «Мәдениет

саласының үздіктеріне» мерекелік

медальді табыстады.

- Ел еңсесі биікке көтеріліп,

еркіндікті аңсаған халқымыздың

арманы орындалған қасиетті де

қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл

толды. Жыл басынан біздің басқармаға

қарасты барлық ұжымдар

мен әріптестерімізбен бірлесе

он мыңнан аса іс-шара өткіздік.

Мұндай айтулы мерекенің жоғары

деңгейде өтуіне атсалысқан баршы

әріптестерге алғысымды білдіремін, -

деді басқарма басшысы. Сондай-ақ,

облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

жолдаған жылы лебізін білдірді.

Шара барысында Ж.Аймауытов

атындағы Павлодар облыстық қазақ

музыка-драма театрының әртістері,

халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының

облыстық филиалының мүшелері,

С.Торайғыров атындағы облыстық

Спорт нысандары

ашылды

«Спорт Сити»-дегі жаңа мұз

аренасының айдынын №1 балаларжасөспірімдер

спорт мектебінің

тәрбиеленушілері бірінші болып

сынақтан өткізді. Он бір жасар

балалардың ойынын Павлодар

облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов

та тамашалап, өңірде бұқаралық

спортты дамыту бойынша жұмыс

жалғасатынына сендірді.

- Бұл жобаның орындалуын

облыстың барлық спорт қоғамдастығы

көптен күткен еді. Себебі, «Астана»

мұз сарайының аренасы жеткіліксіз

еді. Енді балалардың көбі спорттық

инфрақұрылымға қол жеткізе алады.

Жақында біз спортшылар мен

жаттықтырушылардың басын қосып,

Павлодар спортының республикалық

және халықаралық деңгейдегі позициясын

күшейту мақсатында бұқаралық

спортты дамыту бағдарламасын

талқылаймыз деп ойлаймын.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен

құттықтаймын! - деді аймақ басшысы.

Спорт нысаны заманауи технологиялық

жабдықтармен жабдықталған.

Қазақстандық IT-мамандардың жобасының

нәтижесінде арена қызметкерлері

оны қашықтан басқаруға мүмкіндік

алды. Қысқы спорт түрлерін дамытуға

ат салысқан павлодарлықтар

жаңа аренаның сапасына оң баға

берді.

- Қысқы спорт түрлерімен айналысатын

барлық балалар мен олардың

ата-аналарының атынан осындай

керемет спорттық ғимарат үшін

алғыс білдіргім келеді. Шынында

да, біз жаңа мұзайдынды ашуды

көптен сұрадық. Павлодарлық

«қысқы саябақтардың» мүмкіндіктері

кеңейіп келе жатқанына біз өте

қуаныштымыз. Бұл біз үшін өте

маңызды, - деді Наганодағы

1998 жылғы Олимпиаданың қола

жүлдегері Людмила Прокашева.

Павлодарлық үстел теннисінің

әуесқойлары да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына

орай сыйлыққа ие болды.

«Баянтау» спорт кешеніне жақын

жерде «Jenimpaz» мамандандырылған

орталығы ресми түрде ашылды. Ол

Мәдениет

майталмандары

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі

өңіріміздің дамуы мен нығаюына елеулі үлесін қосқан қызметкерлерге табысталуда.

Солардың бірі де бірегейі – мәдениет, тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасының мамандары. Бүгінде аймағымыздағы аталмыш саланың

үздіктері марапатталды.

әмбебап ғылыми кітапхананың мамандары,

облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының

қызметкерлері, И.Байзақов атындағы

облыстық филармонияның көркемдік

жетекшілері, Г.Н.Потанин атындағы

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану

музейінің Екібастұз қаласындағы

филиалы, Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің

басшылығы, А.П.Чехов атындағы

облыстық драма театр актрисалары,

сондай-ақ Екібастұз қаласының

мемлекеттік архивінің басшылығы

«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік

медалін иеленді.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және

спорт министрлігінің Алғыс хаттары

мен Құрмет грамотасы облысымыздың

аудан, ауыл-аймағындағы үздік

мамандарға берілді. Ал мәдениет

орталықтарының әртістері және

облыстық суретшілер одағының

мүшелері «Мәдениет саласының

үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Еліміздің мәдениетін дамытудағы

ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі,

мәдениет саласын жетілдіруге белсене

15 үстелге шақталған және қазірдің

өзінде №2 балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің тәрбиеленушілерін,

сондай-ақ жан басына

қаржыландыру бағдарламасы бойынша

пинг-понгпен айналысатын балаларды

қабылдай бастады.

- Мемлекеттік бағдарлама бойынша

орталықта төрт жаттықтырушы жұмыс

істейді, олар 150 баланы оқытады.

Бізге заманауи жабдықтар мен спорт

құралдары берілді. Мұнда ойнаудың

өзі рахат! Егер жұмысты дұрыс желіге

қойсақ, «Jenimpaz»-дың өзінде ғана

үстел теннисімен 800-ден 1000-ға

дейін бала айналыса алады, - деді

жаттықтырушы Дәулет Ысқақов.

Тәуелсіздік күні жаңа спорт

алаңында үстел теннисінен Павлодар

Кубогы өтті. Оған 70 спортшы қатысты.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген -

Валерий Бугаев.

қатысқан мамандар Павлодар облысы

әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

- Бүгінгі алған марапаттың орны

бөлек. Ел Тәуелсіздігінің құрметіне

арнайы мерекелік медальді тұңғыш

рет алып отырмын десем де болады.

Жалпы, біз Тәуелсіздігіміз орнаған

уақыттан бастап және оған дейінде

бір топ аға буын еңбек еттік. «Қазақ

тілі» қоғамының мүшесі ретінде

тіліміздің дәрежесін мемлекеттік

деңгейге көтерілуіне барымызды

салдық. Павлодар өңірінде қазақ

мектептері мен балабақшалар жабылып

қалған болатын. Міне, сол

кездері Ертіс-Баян жерінде қазақ

мектептерінің қайта ашылуы үшін

жұмыстар атқардық. Өйткені, келешек

ұрпақтың ана тілінде сөйлеп, қазақ

мектептерінде білім алғанын қаладық.

Қазіргі күні бұл арман-мақсат орындалды.

Бүгінде сол еңбектің жемісі

мерекелік марапатпен жалғасын тауып

отыр, - дейді Павлодар қаласының

Құрметті азаматы, журналистика

саласының ардагері Шолпан Байғалы.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл 3

Майқайың кентінің

тұрғындары ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

мерекесін ерекше

қуанышпен қарсы

алды. Ұлық мерекеге

орай ұйымдастырылған

мерекелік шара барысында

үй кезегінде

тұрған 10 отбасыға жаңа

баспананың кілті табыс

етілді.

Тілеуберді САХАБА

Шараға Баянауыл ауданының

әкімі Қанат Кәрімов қатысып,

тұрғындарға жаңа пәтерлердің

кілтін табыстап, оларды отбасылық

қуаныштарымен құттықтады.

Жаңа салынған, әрқайсысы екі

пәтерлі бес тұрғын үйге бұрыннан

үй кезегінде тұрған азаматтар

қоныстанды. Олардың қатарында

аз қамтылған, көпбалалы және

мүгедек бала тәрбиелеп отырған

отбасылар, сондай-ақ, жалғызбасты

аналар бар.

- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

мерекесін жаңа үйде қарсы алу

өлшеусіз қуаныш екені белгілі.

Міне, осы көңіл-күйді Майқайың

кентінде үйлі болған тұрғындардың

көздерінен көріп отырмыз. Жаңа

үйлердің іргетасы өткен жылы құйыла

бастаған. Құрылыс жұмыстарын

мамандандырылған құрылыс фирмасы

– «ПромТехСтрой-ПВ» ЖШС

жүргізгендіктен, сапасында кемшілік

болмайды деп сенеміз. Тұрғындар

жаңа үйге қоныстанған күні қоршауын

орнататын болады. Себебі, бұған

дейін иен тұрғандықтан, қоршауын

тартқан жоқ. Еліміздің ең ұлық

мерекесі қарсаңында үйлі болған

тұрғындарды жаңа қоныстарымен

құттықтаймын, - деді Қанат

Сәрсенұлы.

Аудан әкімінің сөзінше, ауданда

кезекте тұрған отбасыларды баспанамен

қамту мақсатында бюджеттен

168 млн теңге бөлінген. Осы қаржыға

Жаңа қоныс

қуанышы

аудан орталығы мен Майқайың

кентінде және Ақсаң, Бірлік ауылдарында

23 пәтер салынып, кезек

күткен тұрғындарға үлестірілді.

Қазіргі таңда Баянауыл, Торайғыр,

Ұзынбұлақ сынды ауылдарда жаңа

пәтерлер бой көтеруде.

Майқайыңда пайдалануға

берілген жаңа пәтерлердің

әрқайсысы үш бөлмелі. Үйлер

қаланың сәулет үлгісімен салынып,

орталықтандырылған жылу жүйесіне

қосылған. Есіктері мен терезелері,

су және жылу құбырлары пластикалық

материалдарынан қойылған.

Тұрғындарға жалдамалы баспана

ретінде берілген, бес жылдан кейін

жекешелендіріп алуға болады.

Тәуелсіздік мерекесімен қатар қоныс

тойын тойлағандардың қатарында

көпбалалы Гүлнәр Әбжанованың

отбасы да бар.

- Біз көпбалалы отбасы

ретінде үй кезегіне тұрған

едік. Себебі, бұған дейін

пәтер жалдап жүрдік. Отбасымызда

жолдасым ғана

жұмыс істейді. Мен бала

күтіміндемін. Үй алу кезегіміз

де көп кешіккен жоқ, бүгін

баспана кілті қолымызға

тиді. Негізі, жаңа қонысқа

тұп-тура Тәуелсіздіктің

30 жылдық мерекесі

қарсаңында көшеміз

деп ойлаған жоқ едік.

Қуанышымызда шек жоқ.

Әсіресе, балаларымның

көптен күткен арманы орындалды.

Аудан және кент басшылығына

алғыс айтамыз, - деді жаңа қоныс

иесі Гүлнәр Әбжанова. Салтанатты

шара аудан өнерпаздарының

мерекелік концертімен жалғасты.

Еске сала кетейік, биыл

Баянауылдың сегіз ауылына су

құбыры тартылды. Бірлік, Алексеевка

және Жаңажол ауылдарының жолы

жөнделді. Ауданның кейбір ауылдарында

ұялы байланыс сапасы сын

көтермейтін еді. Биылғы жылдың

соңында байланысқа қосылмаған

жалғыз ауыл – Ақсаң елді мекені

ғана қалып отыр. Ал келесі жылы

Майқайың кенті 90 жылдық мерейтойын

атап өтеді.

Баянауыл ауданы.

Суреттерді түсірген -

Есенжол Исабек.

КРЕАТИВТІ ИДЕЯ

Кеше Жастар бастамаларын дамыту орталығында

«Креативті Павлодар» облыстық форумы басталды.

Тың ойлардың

шоғыры

Басқосу барысында шығармашылықты

дамыту, тың жобаларды

жүзеге асыру бойынша

ойлар талқыланады. Жиынға

облыс әкімінің орынбасары Сәкен

Шаяхметов, «BTS Education»

компаниясының бас директоры

Саясат Нұрбек, «Salem social

media» директоры Максим Сальников

қатысуда. Өз саласының

білікті мамандары тәжірибесімен

бөлісіп, креативті идеяларды нақты

іске айналдырудың жолдарын

талқыға салды.

Креативті экономиканы дамыту

жөніндегі облыстық фронт-кеңсенің

менеджері Азамат Әуешевтің

айтуынша, ауқымды шара өңірде

шығармашылық индустрияны

дамытуға бағытталып отыр.

- Бұл форумға қатысуға қатысты

Жерлесіміздің

бағы жанды

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім беру ұйымдары педагогтарының инновациялық

жұмыстарының республикалық сайысы өз

мәресіне жетті.

Байқауда «Жобалық жұмыс»

бағыты бойынша облыстық

«Музыкалық колледж–дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп-интернат кешені»

ММ директоры Серік Сыздықов

жеңіске жетті. Байқау жеңімпаздарын

Нұр-Сұлтан қаласында

Білім және ғылым министрлігінде

Асхат Аймағамбетов марапаттады.

Колледж педагогтарына

оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру

және өткізуде әдістемелік көмек

көрсету тұрғысынан құнды болып

табылатын үздік 15 жұмыстың

авторы лайықты деп танылды.

Байқау «Тәрбие жұмысы

бойынша әдістемелік өнім», «Оқу

жұмысы бойынша әдістемелік

өнім», «Электронды білім беру

ресурсы», «Бағалау қызметі мен кері

ешқандай шектеулер болған жоқ.

Өз ойын іске асыруды қалайтын

азаматтар ашық форматта

тіркеуден өтті. Жас ерекшелігіне

байланысты да талап қойылған

жоқ. Форумға фото мен видео,

жарнама, дизайн, сән, сәулет,

театр, музыка және тағы басқа

салаларға нық қадам басуға

ниетті тұрғындар жиналды. Бұл

басқосудың жұмысы нәтижелі

болып, осы жерде тың идеялар

туындайтынына сенім мол, - деді

А.Әуешев.

Креативті индустрияны дамытуға

бағытталған шара бүгін

аяқталады. Оның барысында

әр түрлі форматтағы шеберлік

сағаттары мен тренингтер де

ұйымдастырылады.

Өз тілшіміз.

БАЙҚАУ

байланыс жұмыстарының кешені»

және «Жобалық жұмыс» бағыттары

бойынша өтті. Республикалық

байқауға Батыс Қазақстан,

Қарағанды, Ақмола, Алматы,

Павлодар облыстарынан және

Алматы, Көкшетау қаласының

педагогтары қатысты.

«Жобалық жұмыс» бағытында

Серік Қасымханұлының жұмысы

мәдениет, білім мен дүниетанымның

педагогикалық техника және озық

тәжірибемен үйлесімін ерекше

көрсетіп, үздік деп танылды.

«Музыкалық колледж–дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп-интернат кешені» ММ

директоры Серік Сыздықовты

кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ДЕНСАУЛЫҚ

Ашылатын күн жақын

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанынан салынған

жұқпалы ауруларды емдейтін корпус науқастарды қабылдауға

дайын. Жыл соңына дейін бірнеше құжаттарды рәсімдеп, тиісті

рұқсат қағаздарын алған соң емдеу мекемесі өз жұмысын

бастайды. Екібастұз қаласындағы инфекциялық бөлімді

қайта құру ісі де аяқталуға таяу.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова жаңадан салынған медициналық

мекемеге арнайы барды. Емдеу орны

науқастарды қабылдауды бастау үшін

жаңа корпусты пайдалануға беру актісі

мен эпидемиологтардың рұқсат қағазын

алу ғана қалды.

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың

бас дәрігері Арман Мұсабековтің айтуынша,

басқа мәселелердің барлығы толығымен

шешілді.

- Жаңа корпуста тері-венерологиялық

стационардың 30 және инфекциялық

стационардың 30 орны қарастырылған,

Жоғары мамандандырылған, шұғыл және

жоспарлы медициналық көмек көрсетуге

қажет медициналық жабдықтар мен дәрідәрмектердің

бәрі бар. Мұнда 30 адам

еңбек ететін болады. Олардың қатарында

үш инфекционист дәрігер және үш инфекционист

резидент бар, - деді А.Мұсабеков.

Шынтуайтына келгенде, бұл нысан ертерек

тапсырылуы тиіс болатын. Алайда 2018

жылы жобалау кезінде санитарлық көліктің

кіруіне арналған пандустар, ғимаратты

оттегімен қамтамасыз ету жүйесі сынды

мәселелер ескерілмей қалған. Сондықтан

жобаға өзгертулер енгізуге тура келген

көрінеді.

- Госпиталь құрылысының соңғы жобалық

шешімі қыркүйек-қазан айларында ғана

бекітілді. Сол себепті жұмыстар белгіленген

мерзімнен кешікті. Бүгінде дәрігерлер

мен эпидемиологтардың барлық талаптілектері

ескерілді. Біздің компания негізгі

ғимаратқа 10 жыл, қосымша жұмыстарға

3 жыл кепілдік береді, - деді құрылысты

жүргізген «Мехколонна 59» ЖШС бас

директоры Петр Раденков.

Госпиталь ашылған соң облыста

инфекциялық және тері-венерологиялық

аурулардың алдын алу мен оларды емдеу

тәулік бойы жүргізіледі.

Сонымен қатар, Екібастұздағы жұқпалы

аурулар бөлімшесін қайта құру жобасы

аяқталуға жақын. Өңірде 200 орынға

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

арналған модульді госпиталь да жұмыс

істейді. Ол коронавирус инфекциясын

жұқтырған науқастарды емдеуге қажет

құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Палаталарда желдету жүйесіне қосылған

орталықтандырылған оттегі желісі, санитарлық

тораптар бар. Осы уақытқа дейін модульдік

ауруханада 4 мыңнан астам адам ем алды.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы.


4 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

Мемлекеттік тілдің

мәртебесі өспек

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Алқалы жиында өңіріміздегі

тіл саясаты, мемлекеттік тілдің

этносаралық қатынас тілі ретіндегі

рөлі, оның қоғамның барлық

саласында толыққанды қызметін

қамтамасыз ету тақырыптарына

сай тұшымды ойлар айтылып,

өңіріміздегі қазақ тілінің бүгіні

мен ертеңі туралы сөз қозғалды.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада

Амангелдіқызы ұлтаралық бірілікті

нығайтудағы мемлекеттік тілдің

маңыздылығына тоқталып, қазақ

тілінің қолдану аясын кеңейту

жолында атқарылып жатқан

жұмыстарды тілге тиек етті.

- Баршаларыңызды Ел Тәуелсіздігінің

30 жылдық мерейтойымен

құттықтап, мемлекетіміздің

берік іргетасын қалауда қосқан

зор үлестеріңіз үшін алғыс

айтамын. Бүгінгі таңда ұлттық

құндылықтарымыз ұлықталып,

мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Достық үйінде»

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының

салтанатты жиыны өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары

Айзада Құрманова және Халықаралық «Қазақ тілі»

қоғамының вице-президенті, журналист Максим Рожин,

сондай-ақ облыстық филиалдың мүшелері, төрағалары,

жергілікті зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары

қатысты.

Пайдалану мерзімі

қысқарды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асқан соманы

пайдалануға қатысты тағы да өзгерістер енгізілді. Бұдан былай қордағы

қаражатты баспана жағдайы мен денсаулығын жақсарту мақсатында алуға

ниетті тұрғындар оны 20 күн аралығында кәдеге жаратуы тиіс. Бұған дейін

бұл мерзім 45 жұмыс күнін құрайтын еді.

«Отбасы банк» АҚ басшылығы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорындағы қаражатты пайдалану

бойынша өзгерістер енгізілгенін

хабарлады. Банктің баспасөз қызметі

таратқан мәліметке сүйенсек,

алдағы уақытта жеткілікті шектен

асқан сомасын алған азаматтар оны

20 жұмыс күні ішінде пайдаланып

үлгеруі керек. Әйтпегенде, қаражат

қайтадан қорға қайтарылады.

Сонымен қатар, бүгіннен

бастап «Отбасы банкінде» ашылған

депозитке қаржы аудару тетігі

қосылғанын еске сала кетейік.

Ол үшін enpf-otbasy.kz платформасына

кіріп, электрондыцифрлық

қолтаңба арқылы қол

қойса болғаны.

- Алдымен жеке кабинетке

кіріп, депозиттің немесе біржолғы

зейнетақы төлемі үшін ашылған

арнайы шоттың бар-жоғын

тексеру керек. Егер депозиттік

шот болғанмен, жеткілікті шектен

асқан соманы аударатын шот

болмаса, сол платформада тиісті

өтінішке қол қою керек. Сол кезде

«Отбасы банкте» арнайы шот

автоматты түрде ашылады. Бұл

қадамдар жасалған соң өтініш

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорына жолданады. Аталмыш қор

өтінішті бес жұмыс күні ішінде

қарастырып, «Отбасы банкіндегі»

біржолғы зейнетақы төлемі шотына

келеді. Қазақ тілінде әдістемелік

құралдар, кітаптар, ғылыми оқулықтар

жарыққа шығып, оқимын дейтін

әр азамат үшін арнайы курстар

бар, - деді Айзада Құрманова.

Сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ

тілі» қоғамының вице-президенті

Максим Рожин мемлекеттік тілдің

мәртебесі туралы сөз қозғап,

Түркістан облысында өткен

VI құрылтайда көтерілген тақырыптарды

талқыға салды. Оның

айтуынша, әрбір мемлекеттік

қызметші мемлекеттік тілді білуі

тиіс.

- Қазір мемлекеттік қызметшілерге

қазақ тілін білу талабы

күшейтілді. Азаматтар «ҚазТест»

арқылы тестілеуден өтіп, қазақ тілін

қаншалықты білетіндерін көрсетеді.

Емтихан тапсыра алмайтындар

да кездесіп жатады. Сондықтан

біз бұл мәселені Тілдер туралы

заңға кіргізуді талап еттік, - деді

ол. Сондай-ақ Максим Рожин

«Nickelodeon» сынды батыстық

телеканалдар енді қазақ тілінде

де сөйлейтінін айтты. Бұл өскелең

жібереді. Ал сол шоттағы қаржы

бірден депозитке аударылады, -

деп хабарлады банктің баспасөз

қызметі.

«Отбасы банк» АҚ басқарма

төрағасының орынбасары Нұрлан

Ақшанов депозиттегі қаржыны пайдалану

тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша,

қазақстандықтар зейнетақы

қорынан аударылған қаражатты

3 жыл аралығында баспана алуға

жұмсауы тиіс. Осы уақыт аралығында

пайдаланбаса, жеткілікті шектен

асқан сома қайтадан зейнетақы

шотына жіберіледі.

- Біржолғы зейнетақы төлемі

арқылы ашылған немесе толтырылған

депозитке де банктің бір

жас ұрпақ тәрбиелеу жолында өте

маңызды қадам борлып табылады.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

облыстық филиалының төрағасы Асыл

Әбішев мемлекеттік тілге қатысты

кез келген мәселе бойынша кеңес

беретін фронт-кеңсе ашылғанын

жеткізді. Кәсіпкерлер үйінде

ашылған орталықта мәтіндерді орыс

тілінен мемлекеттік тілге аударуға

көмектесіп, кәсіпкерлік қызметіне

байланысты құжаттар үлгілерін

талапқа сай етуге жәрдемдеседі.

Жиын барысында өңіріміздегі

«Қазақ тілі» қоғамының қала,

аудандардағы филиалдардың

төрағалары сөз алып, аймақтағы

мемлекеттік тілдің хал-ахуалына

қатысты пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында облыстың бірқатар

азаматтары ҚР Білім және ғылым

министрлігі Тіл саясаты комитеті

төрағасының және Халықаралық

«Қазақ тілі» қоғамы президентінің

Құрмет грамоталарымен, Павлодар

облысы әкімінің Алғыс хаттарымен

марапатталды.

жылға төленетін 2 пайыздық

мөлшерлемесі мен мемлекет

тарапынан берілетін 20 пайызға

дейінгі премия қосылады. Әйтсе

де, салымшы зейнетақы жинағын

шешіп ала алмайды. Депозитті үш

жыл аралығында жабатын болса,

қаражат толығымен Бірыңғай

жинақтаушы зейнетақы қорына

қайтарылады, - деп мәлімдеді

Н.Ақшанов.

Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы

төлемі есебінен ашылған депозиттік

шоттарды интернет-банкингте сатуға

тыйым салынады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Павлодар облысы бойынша

Қазақстан Халық Ассамблеясының

мүшелері және аймағымыздағы

БАҚ пен ҮЕҰ мамандарына «ҚР

Тәуелсіздігіне - 30 жыл» мерекелік

медалі мен «Халық алғысы» марапаттары

табысталды.

«Достық үйінде» өткен салтанатты

іс шара барысында облыс

әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова биылғы жылдың аса

маңыздылығын атап өтіп, атабабамыз

аңсаған азаттықтың

мерейлі мерекесі - Тәуелсіздігіміздің

30 жылдығымен құттықтады.

- Татулық пен келісім

құндылықтары Тұңғыш Президент

Елбасы Н.Назарбаев саясатының

әрдайым аса маңызды

басымдықтары екендігі белгілі.

Соның арқасында қоғамымыздың

көп этносты болуы, мәдениетіміз

бен тілдердің алуан түрлілігі біздің

артықшылығымыз әрі жетістігіміз -

Қазақстан дамуының берік

негізіне айналды. Қоғамдық

келісім мен жалпыұлттық бірлік -

Тәуелсіз Қазақстанымыздың

айқын жетістіктерінің бірі, - деді

А.Құрманова. Сондай-ақ, барша

этномәдени бірлестіктердің өкілдерін

мерекелік медальмен марапаттап,

гүл шоқтарын тарту етті.

- «Достық үйінде» ҚР Тәуелсіздігінің

30 жылдығына арналып

бірқатар қоғамдық қызметте

еңбек етіп жүрген ассамблеяның

белсенділері марапатқа ие болды.

Жиында «ҚР Тәуелсіздігіне -

30 жыл» медалінен бөлек, Қазақстан

Халық Ассамблеясының тарапынан

«Бірлік», «Жомарт жан»

сыйлықтары берілді, - дейді

ҚХА хатшылығы этносаралық

қатынастар мәселелері бойынша

бөлім басшысы Айнұр Раисова.

Облыстық «Ertis» телеарнасының

директоры Гүлнаш Әбішева,

«Kaisar-kz» қоғамдық бірлестігінің

төрайымы Алмагүл Қозбаева

Орталық кітапхананың О.Сүлейменов

атындағы оқу залында

өткен Желтоқсан оқиғасының

35 жылдығына арналған «Желтоқсан

шежіресі – елімнің мәртебесі»

атты шара өтті. Жиналған қауым

Желтоқсан оқиғасының құрбандарын

бір минут үнсіздікпен еске алды.

Көрермен назарына «Желтоқсан

эпопеясы» атты буктрейлер, кітапхана

қызметкерлері дайындаған

кітап көрмесі ұсынылды.

Жиында Желтоқсан оқиғасының

куәгерлері – Ж.Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыка-драма

театрының белгілі әртісі Бейбіт

Шәнім мен Павлодар педагогикалық

университетінің профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты

Рыскүл Шақаман қатысып,

1986 жылы Алматы жастарын бір

арнаға тоғыстырған тарихи оқиға

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

орай аймағымыздағы әр

саланың өкілдері мерекелік

марапатқа ие болды.

Еңбектері

еленді

және Тәжік-ауған шекарасында

болған соғыс ардагері мен

қарулы қақтығыстарға қатысқан

қатысушылар одағының төрағасы

Геннадий Козак «ҚР Тәуелсіздігіне -

30 жыл» мерекелік медалін иеленді.

- Тәуелсіздік мерекесі – халқымыздың

аңсар мұратының нәтижесі

болса, сонымен бірге жаңа тарихи

сын. Осы уақыт аралығында еркін

санасы қалыптасып, егемен елдің

жаңа да жасампаз ұрпағы өсіп,

Қазақстан әлемге мәртебелі

мемлекет ретінде танылды. Ел

Тәуелсіздігінің 30 жылдығы бұл –

өнегелі жыл. Тұғыры - тыныштық,

тірегі – тұрақтылық, тілегі татулыққа

негізделген елімізді барша дүние

жүзі бейбітшіліктің бесігі деп

таниды, - деді облыс әкімінің

орынбасары А.Құрманова.

«Халық алғысы» медаліне БАҚ

саласының өкілдері ие болды.

Олардың қатарында «Eртіс Медиа»

ЖШС директорының орынбасары

Жұмабек Сманов, «Найзатас»

журналының бас редакторы Асыл

Әбішев, облыстық «Звезда Прииртишья»

газетінің жауапты хатшысы

Надежда Яницкая, Pavlodarnews.

kz ақпараттық агенттігінің бас

редакторы Светлана Воронова бар.

- Жалпы, кәсіп саласындағы

отыз жылдықтағы жетістігіміз соңғы

үш жылдағы жетістікпен дәлме-дәл

деп айтар едім. Себебі, жеке

кәсіпкерлер үшін шағын және

орта бизнесті дамытуға беріліп

жатқан мүмкіндіктер әр өңірде

кәсіптің өркендеуіне жол ашуда.

Тіпті, соңғы үш жылдың ішінде

кәсіпкер атанған жандар судағы

балықтай еркін жүзіп келеді, -

деді «Jebe» қоғамдық бірлестігінің

мүшесі, жеке кәсіпкер Махамбет

Аманкелді. «Халық алғысы» марапатына

лайықты деп танылғанына

қуанышты екенін айтты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ТАҒЗЫМ

«Желтоқсан

шежіресі – елімнің

мәртебесі»

Ел тарихында алтын әріптермен жазылған

«Желтоқсан оқиғасына» биыл 35 жыл толып отыр.

Жұдырықтай жүректері «елім» деп соққан қаншама

қыршын жас солақай саясаттың құрбаны болғаны

белгілі. Азаттықтың ақ таңы атуына себепші болған

тарихи оқиға елдің жадында мәңгілік сақталады.

туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ филология ғылымдарының

докторы, профессор

Айтмұхамбет Тұрышев, «Ақсақалдар

тағылымы» қоғамдық бірлестігінің

мүшесі Совет Әмірханұлы, қоғам

белсендісі Светлана Қондыкерова

Желтоқсан оқиғасының мәні мен

мазмұны туралы ой-пікірлерін

ортаға салды.

Шара барысында облыстық

Ыбырай Алтынсарин атындағы

дарынды балаларға арналған

мектеп-гимназиясының оқушылары

«Желтоқсан оқиғасы»,

«Тәуелсіздік» тақырыптарында

өлеңдер оқыды. Оразбек Бақытханның

орындауындағы «Елім

менің» атты рухты ән шараның

шырайын келтірді.

Т.ӘБІЛДА.


SARYARQA SAMALY даму 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл 5

Энергетиктер күні

Жылумен қамтуда қиындық болмайды

Елімізде ежелден бері дәстүрі қалыптасқан, қоғамдағы орны бөлек мамандық

иелері – энергетика өндірісінің қызметкерлері. Дәл осы сала өкілдері қараңғы

түнектегі күнді жарық қылып, тұрғын үйлерді, балабақша, мектеп, аурухана мен

спорт кешендері сияқты әлеуметтік нысандарды, ірілі-ұсақты өндіріс орындарын –

барлығын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қыстың сақылдаған сары

аязында жылу беру арқылы жұртқа жайлылық сыйлайды. Желтоқсанның

үшінші жексенбісі – осы мәртебелі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі.

Энергетиктер

жолын жалғап...

«Қазақстан алюминийі» акционерлік

қоғамына қарасты жылу-электр

орталығында ісіне адал, жұмысын

жетік білетін кәсіби қызметкерлер

баршылық. Олардың бірі – станция

басшысы Илья Рожков. Мұнда

сағатына 350 МВт электр энергиясы

мен 1182 Гкал жылу энергиясы

өндіріледі. Облыс орталығының

тұрғындарын ыстық сумен де

қамтиды. Сондықтан аймақтағы

маңызды әрі стратегиялық нысанның

тізгінін қолға алған жетекшіге

жүктелетін жауапкершілік жүгі зор.

Білікті маман сол жауапкершілікті

қайыспай көтеріп, түрлі тығырықтан

тайсалмай шығып келеді. Себебі

ол дүниеге келмей жатып-ақ энергетика

саласы «қанына сіңді».

Нақтысын айтсақ, Илья Рожков

энергетиктер әулетіндегі ұрпақ сабақтастығын

жалғап келеді. Оның әкесі

мен атасы осы салада табан аудармастан

еңбек етіп, маңдай терін төкті.

Сондықтан бала Илья мамандық

таңдап, «бас қатырмады». Қарағанды

қаласындағы политехникалық институтты

аяқтап, қолға диплом алған

соң қызметін Топар кентіндегі

ДІН-ДІҢГЕК

«Қазақмыс» компаниясының электр

станциясындағы жұмысқа білек

сыбана кірісті. Еңбек жолын бесінші

разрядтағы электр монтерінен

бастап бас инженерге дейін көтерілді.

Қарағандыдағы станцияда жұмыс

істеген 12 жыл аралығында мол

тәжірибе жинады. Кейін сол тәжірибені

мемлекеттік қызметте кәдеге

жаратуды көздеді. Сөйтіп, ҚР Энергетика

министрлігі басшылығының

шақыртуымен жұмыс орнын ауыстырып,

бас қалаға бағыт алды. Тоғыз

жыл бойы атом мен энергетикалық

бақылау комитетінде жұмыс істеп,

ел көлеміндегі барлық электр

станцияларының жұмысын жүйеледі.

Ал өткен жылы Еуразиялық Топқа

келіп, «Қазақстан алюминийі»

акционерлік қоғамының жылуэлектр

станциясы басшысы болып

тағайындалды.

Сақадай сай

Илья Борисович Павлодардағы

қызметін бастаған тұста жылумен

қамтуға қатысты түйткілдер туындады.

Облыс орталығының оңтүстігінде

орналасқан тұрғын үйлер

мен әлеуметтік, бизнес нысандары

бірнеше күн бойы жылусыз қалды.

Сол сәт станция басшысының

кәсібилігін, біліктілігін, басшылық

қырын сарапқа салатын сын

сағаты еді. Сондай-ақ, бұл жағдай

станциядағы қондырғыларды

жаңартуға ерекше назар аудару

қажеттігін айқын көрсетті.

- Былтырғы күзде турбогенераторлар

мен турбиналар бірнеше

рет апаттық жағдайда тоқтап қалды.

Әсіресе, ескі трансформаторлардың

бірінің істен шығуы қиынға соқты.

Себебі соның салдарынан бірнеше

нысанға жылу беретін мүмкіндік

болмады. Бұл - оған қосымша

жүктеменің түскенін емес, әбден

тозығы жеткенінен орын алған оқыс

жағдай. Жылу-электр орталығы

1964 жылы салынса, трансформатор

1967 жылы қойылған еді. Жарты

ғасырдан астам уақыт бойы тоқтаусыз

қызмет еткен құрылғының бір

сәтте тоқтауы да - түсінікті жайт.

Соған қарамастан, екінші күні-ақ

жылу беру параметрлерін ретке

келтіріп, жұмысты қайта жандандырдық.

Бұл жағдай бізге үлкен

сабақ болды, - дейді Илья Рожков.

Биылғы жылу маусымы барысында

мұндай жағдайлар қайталанбас

үшін жаз кезінде бес қуатты

трансформатордың екеуі ауыстырылды.

Бұған дейін бірден екі

трансформатор жаңарған емес.

Сондықтан бұл бастаманы құрылғыларды

жаңғырту жұмысының

оң серпіні деп ауыз толтырып

айтуға болады. Оған қоса, орталық

қызметкерлері осы бағыттағы

ауқымды жұмыстың барлығын өз

күшімен екі-үш апта аралығында

аяқтады. Бұл да – рекордтық уақыт!

Ешқандай мердігер компанияның

араласуынсыз-ақ осындай іргелі

іс атқарылды. Ал келесі жылы

үшінші трансформаторды ауыстыру

жұмысы жоспарланып отыр. Илья

Борисович сын сағат ұжымның

бірлігін нығайтып, кәсіби шеберлігін

шыңдай түскенін атап өтті.

Биылғы жылу маусымына

дайындық барысында одан басқа

да қондырғылар жаңарып, заманауи

жабдықтармен толықты.

- Біз 1964 жылы салынған

вагон аудару құрылғысының жаңа

түрін орнаттық. Ол сағатына 900

тонна қатты отынды түсіруге

қауқарлы. Қуаттылық бұрынғы

қалпында қалғанмен, тиімділігі

мол. Мәселен, көмір бұрынғыдай

вагонның жан-жағында қалмай,

толығымен түседі. 2-3 басқару

тізгінінің орнына бір ғана батырма

бар. Сондай-ақ, автоматты майлау

жүйесі қолданылды. Суды химиялық

тазалауға арналған 18 бактың

бесеуі де жаңарды. Мұның барлығы

өнімділікті арттырып, автоматты

режимге көшуге мүмкіндік

берді, - дейді И.Рожков.

Сонымен қатар, сегіз қазандықтың

алтауы мен алты турбинаның

бесеуі ағымдық жөндеуден өтті.

Бесінші бу қазандығы да жөнделді.

Төртінші бу қазандығының жөндеу

жұмыстары аяқталуға таяу.

Көмірдің 10 күндік қоры да

жасалды. Қыс уақытында қатты

отынды жеткізуде қиындықтар

туындап, кеніштен кәсіпорынға

дейін көмір жеткізу ісінде іркіліс

болса, электр станцияларының

жұмысы тоқтап қалмайды. Қорыта

айтқанда, жылу-электр орталығының

мамандары тұрғындарды жылусыз,

жарықсыз қалдырмас үшін қолдан

келгеннің бәрін жасайды. Бастысы,

жоспар – нақты, мақсат – айқын.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

(20247)

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Ақсу қаласына қарасты Алғабас

ауылында азанның үні естілді. Сол күні елді мекенде жаңа

мешіт есігін айқара ашып, жамағаттың игілігіне берілді. Бұл

қуаныштың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуін

үлкендер жақсылыққа балап, ғибадат үйінің бой көтеруіне

атсалысқан азаматтарға алғыс-баталарын жаудырды. Аталған

ғибадат үйі облыста 100-інші мешіт болып тіркелді.

100-інші мешіт

Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан

Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар

облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы

Қоспақұлы, Ақсу қалалық мәслихатының

хатшысы Мәдениет Омарғалиев қатысты.

Бас имамның сөзінше, бұған дейін облыста

ресми түрде тіркелген мешіттердің саны

99 болған. Алғабастағы имандылық үйі

100-інші мешіт болып тіркеліп отыр. Яғни,

Қазақ елі Тәуелсіз атанған 30 жыл ішінде

облысқа қарасты қала, аудан және ауылдарда

барлығы 100 мешіт салынған екен.

- Бүгін - Алғабас ауылының тұрғындары

үшін тарихи күн. Ең бірінші ел Тәуелсіздігінің

30 жылдық мерейтойын қарсы алса, екінші

елді мекенде көптен күткен жаңа мешіттің

құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жалпы, Тәуелсіздік - тіліміз бен дініміздің,

салтымыз бен дәстүріміздің еркіндігі. Егер,

Тәуелсіздік болмаса әр ауылда мұндай зәулім

мешіттер салынар ма еді?! 1991 жылға

дейін облыста жалғыз ғибадат үйі жұмыс

істеп тұрды. Ол - Павлодар қаласындағы

Бижан мешіті. Елдің егемендігімен бірге дін

саласындағы жұмыстар қайта жанданып,

мешіттер саны 100-ге жетіп отыр. Бұл -

біз үшін үлкен жетістік, - деді Жолдас

Қоспақұлы.

Жаңа ғибадат ордасында бір уақытта

100 адам намаз оқуға болады. Ішкі

құрылымына тоқталсақ, имамның бөлмесі,

дәрет алатын орын, киім ілетін дәлізі бар.

Сонымен қатар, жаңа мешіт жанында діни

рәсімдер жүргізіліп, жабдықтар беруге

арналған асхананың да іргетасы қаланған.

Келесі жылы құрылысы басталады деп

жоспарлануда. Төбесіне орнатылған әсем

күмбезді Алғабас орта мектебінің технология

пәні мұғалімі Ақылбек Қабылбеков

өз қолымен жасапты. Ғимараттың құрылыс

материалдары мен құрылыс жұмыстарына

қажетті қаражатты ауыл тұрғындары

жинаған. Әсіресе, жеке кәсіпкерлер мен

бүгінде әртүрлі өңірде тұратын жерлес

азаматтар да үлкен көмек көрсеткенін

айтады жауапты азаматтар.

- Ауылға мешіт салу арқылы тұрғындардың

ауызбіршілігі мен береке-бірлігінің

өте мықты екеніне куә болдық. Әсіресе,

өзіміздің мектептен оқып кеткен түлектер

жақсы көмек көрсетті. Яғни, шәкірттеріміз

алыс-жақынына қарамай жұмыла кірісті.

Міне, осыған қарап, жаман оқушы

шығармағанымызды аңғардық. Осы сәтті

пайдалана отырып, шамасы келгенінше көмек

көрсеткен ауыл тұрғындарына, басынан

соңына дейін «отымен кіріп, күлімен шығып

жүрген» кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді, -

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

деді ауыл тұрғыны Ақылбек Қабылбеков.

Салтанатты рәсімнің соңында ауыл

тұрғындарына ақ дастархан жайылып,

ата-бабалар рухына Құран бағышталды.

Т.САХАБА.


6 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл ШЕШІМ

SARYARQA SAMALY

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2021 жылғы 9 желтоқсанда №25667 болып тіркелді.

Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VII сайланған VІІІ кезекті сессиясы)

№83/8

Павлодар қаласы

2021 жылғы 26 қараша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді

және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Павлодар облысында

тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты

тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді

ұсыну туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3)

тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін

қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Павлодар

облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына

тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол

жүру ұсынылсын.

2. Павлодар облыстық мәслихатының «Бюджеттік қаражат

есебінен елді мекеннен тыс емделуге жіберілген Павлодар

облысы тұрғындарының тегін немесе жеңілдікпен жол жүруін

қамтамасыз ету туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы №243/28

шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №3682 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар облыстық

мәслихатының хатшысы

Е.ӘЙТКЕНОВ.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2021 жылғы 6 желтоқсанда №25571 болып тіркелді.

Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VII сайланған VІІІ кезекті сессиясы)

№85/8

Павлодар қаласы

2021 жылғы 26 қараша

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14

маусымдағы №352/31 «Павлодар облысында жылу беру

маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысында

жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын

бекіту туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы №352/31 шешіміне

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№6450 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және

оны өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-тармағы

жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық

және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан

Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан

Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы» Заңдарына,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18

желтоқсандағы «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту

туралы» №211 бұйрығына (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану

қағидалары), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің

2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Жылу желілері объектілерінің

күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында

орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын

белгілеу қағидаларын бекіту туралы» №331 бұйрығына, Қазақстан

Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19

қарашадағы «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту

туралы» №90 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия

және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы

2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің

тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың

үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №249 бұйрығына сәйкес

әзірленді және Павлодар облысында жылу беру маусымына

дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.»;

2) Қағидалардың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) кондоминиум объектісі – көп пәтерлі тұрғын үй астындағы

бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй маңындағы

жер учаскесін қоса алғанда, жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден,

тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте бола

алмайтын және ортақ үлестік меншік құқығындағы пәтерлердің,

тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүліктен

тұратын бірыңғай мүліктік кешен;»;

«2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау –

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану,

санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша

жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;»;

«3) сервистік қызмет субъектісі – жасалған шарт негізінде

кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі

қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»

«4) тұтынушы – коммуналдық қызметтерді пайдаланатын

немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;»;

«5) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін

және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;»;

«6) теңгерімдік тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің

шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен

тұтынушылар арасындағы, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы

тұтынушылар арасындағы жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі

бойынша айқындалатын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін

белгілейтін жылу желісін бөлу нүктесі;»;

«7) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр

және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге

асыратын ұйым;»;

«8) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе

жылу энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін ұйым;»;

«9) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші

ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын растайтын

жыл сайын берілетін құжат;»;

«10) температуралық кесте – энергия беруші ұйым жасаған

және жергілікті атқарушы органмен келісілген тұтынушыны есепке

алу торабындағы сыртқы ауа температурасына байланысты

жылу жеткізгіш температурасының өзгеру кестесі.»;

3) Қағидалардың 14-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда

жазылсын:

«14. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері,

мүлік меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің

сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы

немесе басқарушы компания (бұдан әрі – Меншік иесінің уәкілетті

тұлғасы):»;

4) Қағидалардың 15-тармағының бірінші абзацы алынып

тасталсын;

5) Қағидалардың 28-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда

жазылсын:

«28. Көп пәтерлі тұрғын үйді жылу беру маусымына дайындау

жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары:»;

6) Қағидалардың мәтін бойынша «басқару органы» деген

сөздер «Меншік иесінің уәкілетті тұлғасы» деген сөздермен

ауыстырылсын, «Басқару органы» деген сөздер «Меншік иесінің

уәкілетті тұлғасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар облыстық

мәслихатының хатшысы

Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінде 2021 жылғы 13 желтоқсанда

№25762 болып тіркелді

Павлодар қалалық мәслихаты

7-сайланған XII-кезектен тыс сессия

2021 жылғы 10 желтоқсандағы №89/12

ШЕШІМ

Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында

бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін

арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін,

олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды

ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды

материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық

қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді

өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын

айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы №570/75

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында

бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы

орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу

үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу

нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және

өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және

ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды

және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың

шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы

№570/75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №7176 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер

енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің

1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар қалалық

мәслихатының хатшысы

Е.ӘЙТКЕНОВ.

С.ҚАЛИЖАНОВА.

Павлодар қалалық маслихатының

2021 жылғы 10 желтоқсандағы

№89/12 шешіміне 1 қосымша

Павлодар қалалық маслихатының

2021 жылғы 8 қаңтардағы

№570/75 шешіміне 1-қосымша

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындар

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындар:

1. Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1.

2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Астана көшесінен «Конституция» тынымбағы бойымен

Конституция алаңы, 1 «Естай атындағы мәдениет сарайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін.

3. Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139.

4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан

академик Бектұров көшесі, 139 бойынша «Сүт» акционерлік

қоғамының объектісіне дейін.

5. Алаң, Павлодар қаласы, «Гагарин» атындағы саябақ,

Ворушин көшесі.

6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан

«Гагарин» атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан

картинг аумағы объектісіне дейін.

7. Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс

аймағы.

8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы Қайырбаев

көшесінен Луговая көшесіне дейін.

Павлодар қалалық маслихатының

2021 жылғы 10 желтоқсандағы

№89/12 шешіміне 2 қосымша

Павлодар қалалық маслихатының

2021 жылғы 8 қаңтардағы

№570/75 шешіміне 2-қосымша

Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі,

олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды

ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды

материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық

қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және

өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті

толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық

және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт

жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына

(бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі

қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда

жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәденибұқаралық,

дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де

іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге

асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды

өткізуге жол беріледі.

3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және

ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы

мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ

осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе)

берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан

Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе,

жүзеге асырады.

4. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

1) алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1, шекті

толу нормасы 1000 адам;

2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Астана көшесінен «Конституция» тынымбағы бойымен

Конституция алаңы, 1 «Естай атындағы мәдениет сарайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне

дейін, шекті толу нормасы 1000 адам;

3) алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139,

шекті толу нормасы 300 адам;

4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан

академик Бектұров көшесі, 139 бойынша «Сүт» акционерлік

қоғамының объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;

5) алаң, Павлодар қаласы, «Гагарин» атындағы саябақ,

Ворушин көшесі, шекті толу нормасы 300 адам;

6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан

«Гагарин» атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан

картинг аумағы объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;

7) алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс

аймағы, шекті толу нормасы 1000 адам;

8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар

қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев

көшесінен Луговая көшесіне дейін, шекті толу нормасы 1000 адам.

5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар

ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер,

шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты

бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге

бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы

үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану

кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды

ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған

уақытын негізге ала отырып айқындайды.

7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден

басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы

ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын

адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде

100 метрді құрайды.

9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Павлодар қаласының

жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және

сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

Павлодар қаласы әкімдігінің 20.12.201 жылғы №2083/6 қаулысы

Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 тамыздағы

«Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға

байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы»

№1371/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер

Кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23

қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан

Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік

туралы» Заңының 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2016

жылғы 16 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына

сәйкес, 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №7-17/6-14/Б-209 мұрағаттық

үзінді, 2021 жылғы 24 мамырдағы заң бойынша мұраға құқық

туралы куәлік, 2021 жылғы 23 қыркүйектегі мұраға құқық туралы

куәлік, 2021 жылғы 25 қазандағы мұраға құқық туралы куәлік

негізінде Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 тамыздағы

«Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты

жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп

иеліктен шығаруды бастау туралы» №1371/5 қаулысына мынадай

өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшадағы 16 және 17-жолдар

мынадай редакцияда жазылсын:

16. 14-218-149-

309

17. 14-218-149-

114

0,0785 «Строитель» БСТК,

Пчелиная көшесі,

60

0,0725 «Строитель» БСТК,

Пчелиная көшесі, 61

Баранкина Наталья

Порфирьевна

Савченко Валентина

Георгиевна

Руди Наталья

Дмитриевна

Косьмина Светлана

Дмитриевна

Булаева Валентина

Дмитриевна

Жамышева Людмила

Дмитриевна

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасына қайшы келмейді.

3. Осы қаулыны іске асыру үшін қаржылық шығындар

қажет етілмейді.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің

орынбасары Х.А.Хабылбековке жүктелсін.

Павлодар қаласының әкімі

Павлодар қалалық маслихатының

2021 жылғы 10 желтоқсандағы

№89/12 шешіміне 3 қосымша

Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін

іргелес аумақтардың шекаралары

Павлодар қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына

400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

1) жаппай жерлеу орындарында;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде

және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың

тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан

аумақтарда;

4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы

қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге

де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық

құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс

желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

А.БАЙХАНОВ.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл 7

Құттықтаймыз!

Елу жас - мереке ғана емес,

жүріп өткен жарты ғасырлық

өмірді қорытындылайтын

алтын уақыт. Артта жиналған

тәжірибе, мол даналық бар.

Бүгінгі мерейтой иесі - бар

бақытын жалғыз қызынан

көрген аяулы ана, сүйікті әже,

туысқа жанашыр, сыйлы да

сүйікті Ғалия Шаметқызы

Жанғазина. Адал еңбектің,

талап пен жігердің арқасында

өзгелерден озып, қатардағы

маманнан бастаған Ғалия

Шаметқызы бүгінде судья,

Павлодар аудандық соты

төрайымының м.а. ханым.

Қадірлі Ғалия Шаметқызы, Сізді

отбасыңыз, барша әулетіңіз

туған күніңізбен құттықтайды!

Деніңізге саулық, отбасыңызға

амандық, ел-қоғам арасында

абыройыңыздың арта беруіне

тілектеспіз!

Ізгі ниетпен:

аға-жеңгелері,

жезде-апалары,

бауыр-сіңлілері.

Құрметті оқырмандар!

«Naızatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналына

2022 жылға жазылу жалғасуда!

Жазылу

мерзімі

қала

6 ай 3 501,90

теңге

12 ай 7 003,80

теңге

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы

жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы жазылу

(3)

Редакцияда

ресімделу

және алу мен

жазылу

Индексі 67276 Павлодар қ. Павлодар қ.

ауыл

3 514,80

теңге

7 029,60

теңге

3 495 теңге 3 237 теңге

6 990 теңге 6 474 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Naızatas» журналына

кез келген пошта бөлімшесінде пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар

қаласы Ак.Сәтбаев көшесі, 50 ( тел. 87182 32-40-37) мекенжайында

орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы

бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 87182 61-63-18)

жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы жазылуды

Астана көшесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей

редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

Ахметов Қапар Қабылқақұлын

еске аламыз

Ахметов Қапар Қабылқақұлы

1959 жылы 11 мамырда Павлодар

қаласында дүниеге келген.

Анасынан ерте қалған Қапар

атасы мен әжесінің тәрбиесінде ер

жетті. Өсіп-өнген жері - Павлодар

қаласы. Мектепті бітірген соң,

Қапар кәсіби училищеде білім

алып, дәнекерлеуші маман иесі

болып шықты. Училищені аяқтаған

соң әскер қатарында Отан

алдындағы борышын атқарып,

туған еліне оралды. Қапар көп

жылдар бойы ЖБИ зауытында,

Алюминий зауытында мамандығын

шыңдап, көптеген марапаттарға

ие болды. Бірнеше жыл

кәсіби училищеде мастер де

болып жұмыс істеді.

Қапар Қабылқақұлының адал

еңбегін халық бағалап, қалалық

депутаттыққа да сайлады.

Қазақстан Республикасының оңтүстік

өңірлерінде мұнай құбырларын

салуда да өз үлесін қосты.

Қапар өзінің еңбекқорлығы

арқасында елге кеңінен таныс еді.

Ағайын-туысқа, жора-жолдасқа

қиын кездерде қол ұшын беруде

де өзінің жомарттығын танытты.

Ауыл-ауылды аралап, көптеген

үйлерге жылу жүйесін тартып,

көптің батасын алды. Қаланың

мешіттерінде де жылу жүйелерінің

ақауларын жөндеп, көмегін

көрсетуге тырысты.

Қапар өнерден де құр қол

емес еді. Домбырада, гитарада

ән салып, жұртты тәнті етуші еді.

Жұбайы Шолпанға - асыл жар,

балалары Гүлнар мен Динараға

асқар таудай әке болды, бес

немерені қызықтады. Туысқа

қамқоршы, жанашыр, достарына

сертіне берік, адал дос еді. Ол -

бес мезгіл намазына, ұстаған

оразасына, берген садақасына

мұқият болған адам.

Осы жылдың қараша айында

Қапар мезгілсіз дүние салды.

Марқұмның жатқан жері жарық,

топырағы торқа, жаны жаннатта

болсын деп Алладан тілейміз.

Қапар Қабылқақұлының қырқына арналған ас 2021

жылғы 25 желтоқсанда, сағат 14.00-де «Досуг» мейрамханасында

беріледі.

Еске алушы: жұбайы, балалары, күйеу балалары,

жиен-немерелері, туыстары, достары.

(11)

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар облысы және Павлодар

қаласының Құрметті азаматы, «Ватан» әзербайжандар қоғамы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Трамвай басқармасының ардагері

Джафар Джафарович Махмудовтың

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

БІЛІМ

Математиканың

маңызы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын

қалыптастыруда математика пәнінің үлесі зор. Бұл

ретте, теорияны логикамен ұштастырып, есепті

шығарудың тиімді әдістерін қолдану маңызды.

ҚР білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты негізіне

және жоғары сынып бағдарламасына

сәйкес, «Математика пәнінен

оқушылардың функционалдық

сауаттылығын қалыптастырудағы

енбеген бірнеше теоремаларын

келтіруге болады: үшбұрыштың ішкі

бұрыштарының биссектрисасы туралы

теорема, шеңберге бір нүктеден

жүргізілген жанама мен қиюшы

туралы теорема және т.б. Авторлық

т и і м д і ә д і с - т ә с і л д е р » ж ә н е « П л а н курстар и - мектептің геометрия курсына

метрия бөліміне есептер шығару» атты

авторлық курстарым жазылған болатын.

Онда орта буын оқушыларының

психологиялық-педагогикалық және

әдістемелік негіздері қамтылған.

Аталған жұмыстар сабақ барысында

қолданылып, нәтижесінде

оқушылардың геометриялық білімдері

енбеген теоремаларды меңгерте

отырып, оқушылардың есеп шығару

дағдыларын жетілдіреді. Бұл ретте,

оқушыларға есептерді шығарудың әр

кезеңдерінің логикалық байланысын

түсіне отырып, нақты және жүйелі

ойлану қажет болады. Нәтиже жоқ

емес. «Мың бала» Ұлттық олимпиадасында,

тереңдетілді. Кейбір есептерді

өзге де білім конкурс-

ерекше бөліп көрсету қажет (тірек

есептер деп аталады), себебі керекті

тарында қаражарлық оқушылар

жүлдегерлердің қатарынан табылуда.

фактілер тұжырымдалады немесе

есеп шығарудың кейбір тәсілдері

мен әдістері көрініс табады. «Тірек

есеп» ұғымын ашатын мысал ретінде

геометрияның оқып жатқан курсына

Айнагүл ШОМАҚОВА,

Баянауыл ауданы Қаражар орта

мектебінің математика пәні

мұғалімі.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ясиновский А.А ЖК Қазақстан Республикасы Экологиялық

кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2022 жылғы 11 ақпан

сағат 11.00-де Павлодар қ., Сәтбаев көшесі, 11 (Salon Kerama

marazzi) қоғамдық тыңдаулар «Қоршаған ортаны қорғау» учаскесі

«Жұмыс жобасына» жеке кәсіпкер Ясиновский А.А-ның кірме теміржол

жолының құрылысы» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде өтетінін

хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетін Бірыңғай экологиялық порталда,

сондай-ақ ЖАО-ның «www.gov.kz/memleket/entities/Pavlodar-tabigat/

activities/directions?lang=ru» веб-сайтында табуға болады.

Барлық ескертулер және ұсыныстар бірыңғай экологиялық

порталда, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік

мекемесінде (Павлодар қ.) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге

дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады. Жеңіс алаңы,

5Б, тел. 32-93-79, temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz).

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz).

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның

ішінде карантиндік, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы

төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн

режимінде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда

және IOI www.gov.kz/memleket/entities/Pavlodar-tabigat/activities/

directions?lang=ru веб-сайтында беріледі.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан және мына телефон

арқылы алуға болады: Павлодар қ., Сәтбаев көшесі, 11 (Salon Kerama

marazzi), +7 771 043 6538.

(20236)

«Сенімді тұлға «Заман-Банк» ИБ» АҚ келесі мүлікті сату бойынша

аукцион өткізілетінін хабарлайды:

- Лот: сауда үйі, жалпы ауданы 4486,5 м2, ауданы 0,4379 га жер

телімімен, орналасқан мекенжайы: Екібастұз қ., Абай көш., 66-құрылыс.

Бастапқы бағасы 486 890 000 (төрт жүз сексен алты миллион сегіз

жүз тоқсан мың) теңге.

Аукцион 31.12.2021 ж. Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат

10.00-де Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 111а. мекенжайында

өтеді.

Бастапқы бағадан 1% көлеміндегі кепілдік салымы Банктің корр.шотына

келесі деректемелер бойынша 30.12.2021 жылғы сағат 18.00-ден кешіктірмей

салынады:

БСН 910640000060

ҚР ҰБ МОЕБ Коршот KZ57125KZT1001300368, БСК ZAJS KZ 22.

Жоғарыда көрсетілген деректемелер бойынша, сатып алу бағасы аукцион

өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Сенімді тұлға - Н.К.Бралин, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Мәшһүр

Жүсіп көш., 111а, телефон: 8 (7187) 28 00 00 (ішкі 1125).

(20245)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

ЖАРНАМА

66-15-40, 66-15-42

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының құрметті

азаматы, белгілі павлодарлық тарихшы-өлкетанушы, Қазақстанның

Құрметті мәдениет қайраткері

Эрнест Дмитриевич Соколкиннің

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8233 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2209

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 21 желтоқсан, сейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

ТҰСАУКЕСЕР!

«Қазақ радиосының»

іргетасы қаланғанына

100 жыл толып отыр.

Айтулы мерейтой қарсаңында

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханада

«Қазақ радиосы – халықтың

үні» атты жаңа кітаптың

тұсаукесері өтті. Кітаптың

авторы - ҚР Құрметті

журналисі, «Құрмет»

орденінің иегері Ғалия

Балтабай.

«Қазақ радиосы –

халықтың үні»

БАҒА САЯСАТЫ

Әдетте ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі аптаның әр сенбісінде

ұйымдастырылатыны

белгілі. Тәуелсіздік мерекесі

күні де павлодарлықтарға

табиғи өнімдер арзан бағамен

ұсынылды.

Мерекелік

жәрмеңке

Кітап авторының айтуынша, ғасырдан

астам халыққа қызмет етіп, халықтың үніне

құлақ түріп, мәдениетпен қатар әдебиетімізді

дәріптеген радионың әр хабары тыңдарман

жадында мәңгілікке сақтаулы.

- «Қазақ радиосының» өмірімде алар

орны тым бөлек. Жас маман ретінде еңбек

жолым радионың Алматыдағы студиясынан

басталған еді. Міне, осы қара шаңырақта

қызметке орналасуымның өзі журналист

ретінде қалыптасуыма үлкен үлес қосты. Қазақ

радиосы мен телевизиясында қатарынан

жұмыс істеп, 36 жылымды арнаған екенмін.

Сондықтан да, өзім түлеп ұшқан радио

туралы жазбасам, айтпаған болсам, шығармашылығыма

сын болар деп ой түйдім. «Қазақ

радиосы – халықтың үні» атты кітабымды

2 ай көлемінде жазып шықтым, - дейді

автор. Сондай-ақ, туындының жарыққа

шығуына қолдау көрсеткен жандарға

және кәсіпкер Асылбек Туғанбайға ерекше

алғысын білдірді.

Кітаптың тұсаукесер кешіне ардагер

кітапханашы Назым Шәйкенова қатысып,

Ғалия Құсайынқызымен бірге жұмыс істеген

кезеңдерді баяндады.

- Біз Ғалия Құсайынқызымен көп жылдар

бойы бірлесе жұмыс істеп, тығыз байланыста

болдық. Облыстық кітапхананың төрінде

талай кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырдық.

Ол кісінің радиода, газетте, телевизияда

атқарған жұмыстары нәтижесінде

кітапханамызда болған әр шара жиі хабарланатын

еді. Ал, оның жұмысқа деген адалдығы

мен ұқыптылық қасиеті, мейірімділігі мен

жан-жақтылығы болашақ мамандарға үлгі.

Себебі, зейнет жасындағы Ғалия Құсайынқызының

екі айдың ішінде «Қазақ радиосының»

100 жылдық тарихын жазып шығуы – нағыз

ерлік, - дейді Н.Шәйкенова.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, облыстық

«Halyq radiosy»-ның ұжымы, кітапханашылар

мен студенттер қатысты. Жиын барысында

жаңа туындыға қатысты пікірлер айтылып,

Ғалия Балтабайдың шығармашылығы туралы

әңгіме өрбіді.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Сенбілік жәрмеңкеде кестеге сай екі

ауданның ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілері төбе көрсететін. Бұл жолы

барлық аудандардың кәсіпкерлері қатысуға

ниет білдіріпті. Тұтынушылардың күткені

де сол еді, ұзын-сонар кезек қысқара

түсті. Тек баянауылдық кәсіпкерлер

Екібастұз қаласындағы жәрмеңкеге барса,

Май ауданының тауар өндірушілері

Ақсу қаласына жол тартыпты.

Жәрмеңкенің басталуы сағат 9.00-ге

белгіленгенімен, тұрғындар таңғы 8-ден

кете ағыла бастады. Жұртшылықтың

жәрмеңкені асыға күткенін сауда алаңына

жиналған тұрғындардың санынан аңғаруға

болатын еді. Әсіресе, ала сөмкесін

арқалаған зейнеткерлер мәз. Халық көп

келетіні алдын ала болжанған еді. Сол

себепті барлық санитарлық ережелердің

сақталуы қатаң бақыланды.

Ән айтылып, күй төгілді...

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай аймағымызда бірнеше іс-шаралар

ұйымдастырылды. Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі

басқармасының бастауымен Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар

оркестрінің мерекелік концерті өтті. Сондай-ақ, «Қуат Әбусейітов атындағы мәденисауық

орталығының» ұжымы айтулы күннің құрметіне тарихи фильмдердің тегін

көрсетілімін ұсынды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты концерт

шымылдығы жерлесіміз, сазгер Рүстембек

Омаровтың «Жастық шақ» шығармасымен

ашылды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі

бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Талғат Кәрімовпен бірге жеке орындаушылар

Нұржан Сарқамбаев, Әсел Ботаева,

Дәуренбек Сләмғали, Мақсат Қасенов,

Жанболат Байсұлтан, Ұғыбайдолла Мүфтән,

Айвар Нағышпаев, Мейірман Байбосынов,

Ризолла Садықовтың өнерлері көрерменнің

ыстық ықыласына бөленді.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып

табылатын егемендіктің туы желбіреген

күнінде оркестрдің сүйемелдеуімен Үкілі

Ыбырайдың «Гәкку», Жаяу Мұсаның «Көгершін»,

Абайдың «Көзімнің қарасы», Алтынбек

Қоразбаевтың «Қазақстан» атты әндері

шырқалды. Сонымен қатар, Бақытжан Дүйсенғазиевтің

«Ақ берен», Рүстем Күлшебаевтың

«Ғасырлар тоғысында» күйі мен Айтқали

Жайымовтың домбыра мен оркестрге

арналған «Отпантау» күйлері жұртшылықтың

көңілінен ерекше орын алды.

Мерекелік концерт барысында Иса

Байзақов атындағы Павлодар облыстық

филармониясының Тәуелсіздік құрдастары

арасында «Тәуелсіздік – тірегім, сен деп

соғады жүрегім» атты онлайн-байқаудың

жеңімпаздарын марапаттады. «Ұлттық өнерді

насихаттаушы» аталымында қазақ ұлт

аспаптар оркестрінің әртісі Әсел Арынова,

«Өз мамандығының шебері» атағын Өркен

Қайыргелдіқызы иеленсе, ал «Жаңа белестерге

ұмтылған маман» номинациясында

«Ретро» ансамблінің көркемдік жетекшісі

Айжан Жетпісбаева лайықты деп танылды.

Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-сауық

орталығында Тәуелсіздік күніне арналған

«Қазақфильм» студиясы фильмдерінің үш

күндік көрсетілімін көрсетті. Қазақ халқының

тарихынан хабар беріп, ұлтымыздың басынан

өткен кезеңдерді насихаттау мақсатында

ұйымдастырылды.

- Бүгінгі жастар тарих беттерінен хабардар

болуы маңызды. Туған жер мен ел, сүйген

жар мен намыс үшін от кешкен батырларды

да ұмыт қалдырмауымыз тиіс. Осы

мақсатта Қ.Әбусейітов атындағы мәденисауық

орталығы мереке күндері режиссер

Ақан Сатаевтың көркем драмалық фильмі

«Жаужүрек мың бала» және «Томирис»,

І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының

негізінде түсірілген «Көшпенділер» фильмдерін

көрсетті. Егер фильмдер арқылы қазақ

халқының қайрат-жігерін оята білген

болсақ, қуаныштымыз, - дейді мәдени

орталықтың маманы Л.Гантаева.

Аймағымыздағы балаларды қолдау

орталығының тәрбиешісі Ербол Нұрбаевтың

айтуынша, үш күн қатарынан тарихи

фильмдердің көрсетіліміне орталықтың

балалары тамашалауға келген екен.

- Облысымыздағы балаларды қолдау

орталығының тәрбиеленушілері Тәуелсіздігіміздің

30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан

іс-шараларға шақырту алды. Дегенмен,

келешек ұрпақтың патриоттық сезімін

оятуда тарихи туындылардың үлесі зор

екені анық. Сондықтан да, Қ.Әбусейітов

атындағы мәдени-сауық орталығында өткен

фильмдерді тамашаладық. Бастысы, тәуелсіз

елдің ұрпақтарына көрсетілім ұнады. Ұжымға

ерекше алғысымды білдіремін, - дейді ол.

Балқия МҰХТАР, зейнеткер ұстаз:

- Мереке күні ұйымдастырылған

Рүстембек Омаров атындағы қазақ

ұлт аспаптар оркестрінің ұсынған

концерті көңілден шықты. Зейнеткер

болғаннан соң, әрі індеттің салдарынан

жанды дауыстағы, аспаптың

сүйемелдеуімен орындалған ән мен

күйді сағынғанымыз рас. Бүгінгі күні

ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

арналған ұжымның еңбегіне жоғары

баға беремін. Шығармашылық табыс

тілеймін!

Азамат ҚОЖАБЕРДІ, студент:

- Тарихи фильмдердің көрсетіліміне

алғаш рет келдім. Бұрындары теледидарда

ұсынылған болса да, үлкен

залда әрі келушілермен бірлесе қайта

көру сезімі бөлек. Себебі, тарихымызды

баяндайтын фильмдерді

көрген уақытта бойымды ерекше

күш білейді. Қазақ болып туғаныма,

қаны таза, батыр да батыл ұлттың

ұрпағы болғанымды мақтан етемін.

Көпшілікке тегін көрсетілім ұсынған

Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық

орталығының басшылығына алғыс

білдіреміз.

Жәрмеңкеде көбіне картоп, сәбіз,

жұмыртқа, сиыр еті сататын орындарда

адам қарасы қалың болды. Бұл күні

45 сиыр еті, 36 жылқы еті, 40 қой

еті, 5 шошқа еті, 2,5 тонна құс еті,

72 мың дана жұмыртқа, шикі сүттің

8 тоннасы сатылды. Өнімнің бағасы

нарықтық бағадан 15-20 процентке

арзан болды. Мәселен, сиыр еті –

1700-1900 теңге/кг, қой еті - 1700-

1900 теңге/кг, жылқы еті - 2000 - 2200

теңге/кг, 1 санаттағы жұмыртқаның

ондығы - 380 теңге, шикі сүт – 130

теңге (1 л), картоп пен сәбіздің келісі

95 теңгеден босатылды.

Қала тұрғыны, зейнеткер Бәкіш

Сүйіндікова нарықта азық-түліктің бағасы

қымбаттаған сайын «Жәрмеңке өтеді»

деген ақпарат жағымды естілетінін

айтады.

- Зейнетақысын айдан айға жалғап

отырған зейнеткерлер үшін жәрмеңкенің

жиі өткізілуі маңызды. Тәуелсіздік

мерекесі күні де ұйымдастырылғанына

қуаныштымыз. Айтулы мейрамда

туған-туысқандардың басын қосып,

дастархан жаюға ниеттенген едім.

Ауылдың табиғи өнімдерін молынан

сатып алдым. Қонақтарымды жақсылап

күтетін болдым, - дейді зейнеткер.

Бұл іске жауапты мамандар өңірде

эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса,

алдағы апталарда ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі жалғасын табатынына сендірді.

Жаңа жыл қарсаңында да мерекелік

жәрмеңке ұйымдастырылмақ.

Суреттерді түсірген -

Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!