14.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 14 маусым, сейсенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Байдаланың

жолы

жаңаруда

«Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз

жыл бұрын облыс орталығының іргесіндегі Байдала,

Долгое ауылының халқы «жаңбырлы күні көшеде

жүру мүмкін емес» деп базыналарын айтатын.

Толарсақтан саз кешіп, белуардан балшық басудан

әбден қажыған тұрғындар батпаққа былғанып,

шұңқырға шалынып шаршадық деп шағымданатын.

Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстады.

Өйткені, әр жылы ауылдарда 3-4 көшеге тас

жол салынып, тұрғындар өз алғыстарын айтып

келеді. Ағымдағы жылы Кенжекөл ауылындағы

бес көшенің жолы орташа жөндеуден өтпек. Бұған

қалалық бюджеттен 133 млн теңге көлемінде

қаражат бөлінді. Бүгінде жалпы ұзындығы 3,979

шақырымды құрайтын Саттарханов, Егемен, Ақсу,

Болашақ, Желтоқсан көшелерінде жөндеу жұмыстары

жүргізілуде. Мердігер «АВМ-98» ЖШС көп жылдар

бойы арман болған жолдарды асфальттады. Бұдан

бөлек, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша

қала бюджетінен 194 млн теңге қаражат бөлініп,

Байдала, Долгое ауылдарында жолдарды жөндеу

жұмыстары қарқын алды. «Қарағанды жолдары»

ЖШС және «Дорстрой» ЖШС аталмыш елді

мекендерде жол құрылысын бастап кетті. Атап

айтқанда, Байдала ауылында Бәтжанов, Өзденов,

Әзірбаев, Қуанова, Нұрпейісов, Дюженко көшелеріне

асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Долгое

ауылының тұрғындары Қазанғап би, Баспақов,

Қимақ, Мұрагер көшелеріне асфальт жолдың

салынғанына ризашылықтарын білдіруде.

Кенжекөл ауылдық округінің әкімі Жұлдыз

Тәйкебаева мемлекеттік бағдарламалар жоғымызды

бүтіндеп, барымыздың шырайын шығаруға сеп

болып жатыр дейді. Даму даңғылына түскен

аталмыш елді мекеннің тұрғындары да мемлекеттік

қолдаудың шарапатын сезінуде.

- Бүгінгі таңда Кенжекөл ауылдық округінде

жол жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұрынсоңды

жөндеу жүргізілмеген жолдарға асфальт

төселіп, ел игілігіне пайдалануға берілуде.

Сондай-ақ, көптен бері жергілікті тұрғындардың

өзекті мәселесіне айналған қоқыс полигоны да

шешімін тапты. Ашығын айтсақ, мыңдаған қазақ

ауылының маңы күл-қоқыс полигонына айналып

кеткені жасырын емес. Қалыптасқан бұл сұмдықты

биыл ретке келтірдік. Жергілікті билікке санитарлық

жағдайларға тексеру жүргізіп, тиісті шараларды

жүзеге асыру қажеті айтылды. Нәтижесінде, арнайы

қаулы қабылданып, Кенжекөл ауылына 300 дана

қоқыс контейнерлері орнатылмақ, - деді әкім.

Сонымен қатар, Жұлдыз Тәйкебаева жол

жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау үшін

«Жол активтерінің сапасы» ұлттық орталығымен

жұмыстың стандарттарға сәйкестігін тікелей

қадағалайтын келісім-шарт жасалғанын мәлім етті.

Жыл сайын жолы жақсарып, көшесі көріктенген

елді мекеннің биылғы жетістігі де талайдың

аузында жүр. Көлік жүрсе, ақ шаңы аспанға

көтерілетін көшелер асфальтталып, бюджеттен

бөлінген қаржы осындай ақсап тұрған тұстарды

жөндеуге мүмкіндік берді. Күрмеуі қиын болған

қоқыс полигоны мен жол мәселесі осылайша жоба

бойынша шешім табуда. Сонымен қатар, елді

мекенде қазір бұдан бөлек ауызсу, жарықтандыру

жұмыстары да жанданған.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Өткен жылу маусымы кезінде техникалық ақаулар айтарлықтай аз болғанмен, кейбір

жылу-электр орталықтарының бейқамдығы байқалды. Айталық, бірқатар станцияда

қатты отынның қажетті қоры болған жоқ. Биыл мұндай олқылықтар қайталанбас үшін

қазірден-ақ дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу керек.

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен

өткен кеңейтілген мәжіліс барысында

бірқатар мезгіл мәселесі қаралды.

Алдымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы

облыстық мемлекеттік кірістер

департаментінің басшысы Ержан

Тоқтархановты таныстырды. Жаңа

басшының салық саласындағы еңбек

тәжірибесі мол екенін атап өтіп, біздің

өңірдегі қызметіне табыс тіледі.

Одан соң облыстық энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы

Ержан Салханов өткен жылу маусымын

қорытындылап, алдағы кезеңге дайындық

барысын атап өтті. Сандарды сөйлетер

болсақ, 2021-2022 жылғы жылу маусымы

кезінде тұрғындардан түскен шағымдардың

70 пайызға азайғанын көреміз.

Яғни, 2020-2021 жылдары пәтерлердегі

температураның төмендігіне қатысты

2673 шағым болса, биыл 814 өтініш

түсті. Сол сияқты энергия көздері

мен коммуникациялық желілердегі

технологиялық ақаулар саны 232-ден

191-ге дейін қысқарды.

- Технологиялық ақаулар саны азайғанмен,

кейбір станциялардың қысқы

дайындығы өз деңгейінде болмағаны

байқалды. Мәселен, Павлодар қаласындағы

№1 жылу-электр орталығында 214 күнге

жететін қатты отын болуы тиіс еді. Алайда

мұндағы қор тек 62 күнге қарастырылған.

Сол сияқты Ақсу ферроқорытпа зауытында

да осындай жағдай қайталанды, -

деді Е.Салханов.

Бұл мәселелерді дер кезінде реттеудің

нәтижесінде қыс кезінде айтарлықтай

қиындықтар туындай қойған жоқ. Енді

алдағы жылу маусымынан қысылмай

шығу үшін негізгі 38 қондырғыны

және 2 141,7 шақырым инженерліккоммуникациялық

желілерді уақыт

оздырмай жөндеу керек. Сонымен қатар,

әлеуметтік нысандарда қойылған, бірақ

санитарлық және қауіпсіздік талаптарына

мүлде келмейтін 31 қазандықты сыртқа

шығарудың жолдарын қарастыру қажет.

Айта кетелік, өңірдегі білім, денсаулық,

мәдениет пен спорт нысандарына

барлығы 121 мың тонна көмір керек.

Қатты отынның бұл көлемі қазан айына

дейін мекемелерге жеткізілуі тиіс.

Сонымен қатар, жиын барысында

Бұл кемшіліктерді реттеудің жолдары

кеңейтілген мәжіліс барысында

талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы Ернұр

Жәутікбаевтің сөзінше, өңірдегі демалыс

орындары бір уақытта 8 мыңнан астам

адамды қабылдауға дайын. Бір адамға

демалу үшін орта есеппен 9178 теңге

керек. Баянауылда үш гид туристерге

13 бағыт бойынша турлар ұйымдастыруды

жоспарлап отыр. Торайғыров

университеті мен басқарма өкілдері

облыстағы курорттық аймақтардың

танымалдылығын арттыру үшін «Ертіс-

Баян» брендін ойластырып, логотип

те жасап үлгеріпті.

- Қазіргі уақытта ресми органдардың

сайтында жарияланған мәліметтер

туристерге толық ақпарат бермейді әрі

оларға ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан

бірыңғай сайт пен туристік-ақпараттық

орталық ашу керек, - деген ұсыныс

айтты Е.Жәутікбаев.

Қамданған қапы

қалмайды

Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов

көпқабатты үйлердің жылу маусымына

дайындығы туралы есеп берді. Шаһар

басшысының айтуынша, биыл облыс

орталығында жылуға жарымай отырған

баспаналардың саны 300-ден 103-ке дейін

азайды. Яғни, былтыр ТМ-2 мен №6

сорғы станциясын салудың нәтижесінде

Усолка, Дачный шағын аудандарындағы

үйлерге жылу тиісті көлемде берілді. Ал

биыл ТМ-4А магистралінің құрылысы

жүргізілуде.

- Жоспар бойынша, бұл магистраль

келесі жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Осы уақытқа дейін мердігер компания

шамамен 800 млн теңге болатын ауқымды

істі атқарды. Жылу желілерін осы жылы

іске қосып үлгеру үшін республикалық

бюджеттен тағы 1,4 млрд теңге қарастырған

жөн. Сол кезде алдағы жылу маусымында

қиындық болмайды, - дейді

А.Байханов.

Сонымен қатар, шаһар басшысы

бүгінде ТМ-31 магистралін жаңғырту мен

«Павлодар жылу желілері» компаниясының

жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты

63 көпқабатты үйде ыстық судың

жоқтығын атап өтті. Қалған 1193 үйдің

барлығында ыстық су бар.

Бұл ретте облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

Орталық Азия электроэнергетикалық

Бірақ облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов алдымен сын-ескертпелерді

жойып, атқарылған жұмысты көпшілікке

таныстырудың амалдарын қарастыру

қажеттігін айтты.

- Туризмге қатысты сын көп. Сондықтан

біз оның даму бағытын нақты білуіміз

керек. Логотипті бекітумен іс бітпейді.

Өңірдегі көлдердің сандары, орналасқан

жерлері, ерекшеліктері сынды бағыттардың

барлығын саралап, соған сәйкес жұмыс

атқару керек. Торайғыров университетімен

бірлесе жасалған карта жұртшылыққа,

әсіресе кәсіпкерлерге таныстырылуы

тиіс. Ал туристік-ақпараттық орталық

жазғы уақытта ғана емес, жыл-он екі

бойы демалушыларға ақпарат ұсынатын

алаңға айналуы қажет, - деген облыс

әкімі жобаны әлі де жетілдіруді жүктеді.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

облыстық білім беру басқармасының

балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға

қатысты жоба-жоспарларында

да кемшін тұстар барын айтып, оны

корпорациясымен жасалған меморандум

аясында жол картасы дайындалғанын

алға тартып, жылу желілерін жаңғырту

жұмыстары соның аясында атқарылуы

тиіс екенін атап өтті.

- Облыс орталығында жыл сайын

дұрыс жылытылмайтын 100-ден астам

үйге «Павлодар жылу желілері» компаниясы

қызмет көрсетуі тиіс. Алайда бұл

бағыттағы жұмыс сылбыр жүріп жатыр.

Бұл – бір. Екіншіден, соңғы жылдары

алғаш рет Павлодар қаласындағы үйлердің

95 пайызында ыстық су ары кеткенде

бір айға өшірілді. Әдетте тұрғындар

төрт-бес айға дейін ыстық суды пайдалана

алмай отыратын. Енді бұл «әдеттен»

арылып, жаңа «дәстүрге» көшу керек.

Ол үшін сынақ, жөндеу жұмыстарының

жан-жақты жүргізілуі маңызды, - деп

түйіндеді Ә.Сқақов.

Осы орайда аймақ басшысы тұрғын

үйлерді басқарудың формасы пәтер

иелерінің кооперативінен мүлік иелері

бірлестігіне ауысуы жылу маусымына

дайындық кезінде салқынын тигізбеуі

тиіс екенін қатаң ескертті. Сондықтан

қазірден-ақ проблемалық баспаналарды

монополист компанияның қарамағына

беру мәселесін реттеу керек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Демалыс қалай өтеді?

Өкінішке қарай, облыстағы демалыс орындарында туристерге көрсетілетін қызметтің

сапасы көңіл көншітпейді. Таулардың етегінде, көлдердің жағасында демалуға келушілер

сервиске жиі сын тағатыны тағы бар.

толықтыруды тапсырды. Себебі нақты

тұжырымдама жоқ.

- Білім беру басқармасы балалардың

бос уақытын өткізудің ең оңай,

қарапайым жолдарын ғана назарға алып,

соған сай жоспар жасаған. Есесіне

«Көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары

қалай, қайда демалады?», «Отбасылық

демалыстар қалай ұйымдастырылады?»

сынды сауалдарға жауап жоқ. Үш ай

аралығында еңбекке тартылатын жоғары

сынып оқушыларының саны пандемия

кезінде жұмыс істеген жеткіншектерден

әлдеқайда аз. Мұның барлығы жүйелі

жұмыстың жасалмағанын көрсетеді, -

деді Ә.Сқақов.

Облыстық білім беру басқармасы

басшысының міндетін атқарушы Роза

Ақанованың айтуынша, биыл 1-10-сыныпта

білім алатын 106 мыңнан астам оқушы

лагерьлермен қамтылады. Өңірде мектеп

жанындағы және профильді 784, қала

сыртында 12 лагерь ашылады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!