14.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 14 маусым, сейсенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

ДӘСТҮР

Қалалық орталық саябақта «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен

«Қымызмұрындық» дәстүрі аталып өтті. Шара барысында қала тұрғындарына 750 литр

қымыз таратылды.

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық

бірлестігінің төрайымы Бақытжамал

Максилованың айтуынша, бұл

мереке өңірімізде 1994 жылдан

бері үзіліссіз кең ауқымда аталып

өтілуде. Тек коронавирустық

инфекцияның таралуына байланысты

екі жыл тоқтап қалған.

- Бұл шараны өткізудің

басты мақсаты – ұмыт болған

дәстүрді жаңғырту және келешек

ұрпаққа насихаттау. «Қымызмұрындық»

дәстүрімен қатар,

«Сабантой» дәстүрін де атап

өтеміз. Бұл жобаны Зара

Қожахметова анамыз бастаған

еді. Біз, Мұсылман әйелдері

лигасының ізбасары - «Нұр-Ана

әлемі» қоғамдық бірлестігі осы

мерекені жалғастырып келеміз, -

дейді Бақытжамал Максилова.

Қымызмұрындық – бие байлап,

алғашқы қымыз ішу тойы.

Құлын байлап, бие сауылып,

оның сүті қорланып ашытылған

соң екі-үш күн бойы жиналған

қымызға ақсақалдар мен көршіқолаңдар

«қымызмұрындыққа»

ПРЕМЬЕРА

«Қымызмұрындық»

дәстүрі дәріптелді

шақырылған. Яғни, алғашқы қымыз

адамдарға салтанатпен ұсынылып,

«Ақбілектің» премьерасы өтті

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкадрама

театрында «Ақбілектің» қойылымы өтті.

Спектакльдің режиссері - Гүлжанат Омарова.

Ақбілек рөлін сомдаушы

Бағила Жылқыбайдың айтуынша,

бұл - моноспектакльдегі алғашқы

рөлі.

- Театрда жұмыс жасағаныма

1 жылдан асты. Әр қойылымға

ерекше дайындаламыз. Ақбілек –

құрбыларының алды, азаттықты

аңсаған, теңдікке ұмтылған, зорлыққа

мойымаған, жан-жүрегі

таза, өжет қыр қызы. Өмірінде

болған қиындықтарға қарамастан,

өмірге деген құштарлық сезімінен

айырылмады. Қойылымда қазақ

қызы Ақбілектің жан-күйін, тартқан

азабын, қасіретін 45 минутта

көрерменге жеткізе алдым деп

есептеймін, - дейді Ақбілектің

рөлін сомдаушы театрдың жас

актрисасы Бағила Жылқыбай.

Премьера барысында көрермен

назарына Ж.Аймауытовтың

қолданған заттары және құнды

еңбектері ұсынылды. Көрмеде

Торайғыров университетінің

профессоры, филология ғылымдарының

кандидаты Айман

Зейнуллина көрнекті қоғам қайраткері

жайлы сөз алды.

- Жүсіпбек Аймауытовтың

шығармашылығын зерттеу 1989

жылы басталды. Зерттеуді бастаған

- Серік Қорабаев. Оған дейін

Алаш қайраткерлерінің құжаттары,

жазылған өмірбаяндық

деректері Қазақстан бойынша

болмады. Бұл құжаттар Троицк,

Омбы, Орынбор қалалаларынан,

Қытай, Моңғолия елдерінен зерттеу

барысында әкелінді. Мысал-

«көпке бұйырсын» деген тілекпен

беріледі. Ақсақалдар үй иесіне

ға, Аймауытовтың «Қартқожа»

романындағы Қартқожа атты

кейіпкерді Жүсіпбектің прототипі

дейді. Алайда ол адам шын өмірде

болған. Сол адамның бәйбішесі

Шәйлә апаймен таныс болдым.

Апаймен Ж.Аймауытовтың қызы

Гүлнәр Дулатқызы таныстыр-

алғыс айтып, батасын береді.

Халықтың бұл дәстүрі де

қонақжайлылықты, жомарттық

пен мәрттікті, бірлікті меңзейді.

Дәстүр бойынша Қазақстан

Мұсылмандары діни басқармасының

Павлодар облысындағы

өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы

өз батасын беріп, қымыздан

дәм татты.

Шарада сондай-ақ, облыстық

Ж.Аймауытов атындағы қазақ

музыка-драма театрының әртістері

сахналық қойылым қойып,

жастар қанаты асық ату сынды

ұлттық ойындарды өткізсе, әжелер

ансамблі жиналған қауымға

әсем әндерден шашу шашты.

Бұл жылдың ерекшелігі -

мерекені атап өтуге қалалық

әкімшілік қолдау білдірген.

Сонымен қатар, өңіріміздің белді

жоғары оқу орындары да

атсалысып, әр университет

250 литр қымыз бен 50 келі

бауырсақтан әкелген.

Айдана БОРАНБАЕВА.

ған. Қазақты тану үшін Алаш

қайраткерлерін оқу қажет.

Мықты, шешен адамның жан

дүниесін түсіну үшін Жүсіпбек

Аймауытовтың шығармаларын

оқуға шақырамын, - дейді Айман

Зейнуллина.

А.БОРАНБАЕВА.

С

ДЕМАЛЫС

«Арбаттың»

кезекті

арнауы

Демалыс күні «Еrtis Рromenade»

концерттік сахнасында

«Arbatjasfest» қолөнер

көрмесі өтті. Қала қонақтары

мен тұрғындары жергілікті

шеберлердің туындыларына

көзайым болып,

Ақсу қаласының шығармашылық

ұжымы дайындаған

концерттік бағдарламасын

тамашалады.

Жастар бастамаларын дамыту

орталығының мәліметінше, аталмыш

көрмеде 13 алаң ұйымдастырылды.

Азаматтар ретро және заманауи көліктер,

костюмдер мен ұлттық ағаш әшекейлер

көрмесін тамашалай алды. Жастар қауымы

жағалауда үстел ойындары мен ұлттық

ойындарды ойнап, іс-шараның көркін

қыздыра түсті. Сондай-ақ, тұрғындар

кенептерге салынған суретшілердің

туындыларымен танысып қайтты.

Көрмеге қатысушы қолөнершілердің

бірі Ернұр Сағынайдың айтуынша,

мұндай іс-шаралар өнер адамдары

мен шығармашылық ұжымдары үшін

аса қажет.

- «Арбат» басқа шығармашылық

ұжымдармен тәжірибе алмасуға ғана

емес, сонымен қатар, қызықты ойынсауық

және конструктивті демалыс

алаңын құруға мүмкіндік береді, -

деді ол.

Жастар бастамаларын дамыту

орталығы қаланың орталық жағалауында

аталмыш көрмені ай сайын өткізуді

жоспарлап отыр. Көрмеге кез келген

қала тұрғыны қатыса алады. Қосымша

сұрақтар бойынша 8(7182)66-12-43

нөміріне хабарласуға болады. Шараның

ұйымдастырушылары хабарлағандай,

фестивальдің мақсаты - жастардың

жазғы бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суреттерді түсірген -

Есенжол Исабек.

Еламан ҚАБДЫЛӘШІМ, ақын:

Спектакльді тамашалаған сәтте филология ғылымдарының

докторы, профессор Рахымжан Тұрысбектің

мына бір сөзі еске түседі. «...дүбірлі дәуірдегі қазақ қызының

өмірі, тағдыр жолы шындыққа сыйымды, келісті

көрініс тапқан. Ақбілек бейнесі - қазақ қызының тағдырталайын

танытумен бірге, бақытқа ұмтылған, жаңа

өмірді, қызық-қуанышты алдан күткен күрделі әрі

бедерлі бейне...» деп жазады. Қойылым көңілден шықты.

Актрисалар Айкүннің де, Бағиланың да сахнадағы шебер

ойыны кейіпкер болмысын ашып, жан-дүниесін ақтарып

бергендей болды...

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!