13.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 13 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

13 қыркүйек, сейсенбі

2022 жыл

№102 (15870)

ssamaly29@gmail.com www.saryarka-samaly.kz facebook.com/saryarqasamaly @saryarqa_samaly

@saryarqa_samaly

Қойнауы толы

қазына

ӨҢІР

Нақпа-нақ

Биыл облыстағы

18 ауыл

таза ауызсумен

қамтылады

КӘСІПКЕРЛІК

Адал

бәсекелестік

болады

Алдағы уақытта мектептер,

студенттер жатақханалары,

жастарға арналған спорт ғимараттары

тек мемлекеттік қаржы

есебінен емес, кәсіпкерлердің

жеке инвестициясы арқылы

салынады.

Жолдау аясында:

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінің құрылғанына тура

90 жыл толды. Жер байлықтары - көмір мен алтынның мол көлемі

өндірілетін өлкенің ел дамуындағы рөлі зор. Мұндағы кеніштер

тұрғындарды қыста жылытып, кен орындары алтынмен аптап отыр.

Тарихы тереңге жайылған өлкенің келешегі де кемел.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ КӨБЕЙМЕК ПЕ?

Жалғасы 2-бетте

Мемлекет жұмыссыз қалған азаматтарға тұрақты жұмыс тапқанша, әр ай сайын белгілі

бір сомада қаржы төлейді. Азаматтың не себептен жұмыстан шыққаны маңызды емес.

Ең бастысы, жұмыссыз екенін растау үшін egov.kz сайтында тіркелсе болғаны. 2005 жылдан

бастап ҚР жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны

ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

Толығырақ 5-бетте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев «Ақорда» резиденциясында еліміздің

бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен

кездесті. Басқосу барысында мемлекетті

одан әрі дамыту жолындағы отандық

кәсіпкерліктің рөлі талқыланды.

– Бәсекелестік жағдайы теңестіріледі.

Енді қандай да бір тұлғаға басымдықтар

берілмейді. Мемлекеттік аппараттағы

байланыстары мен оның тарапынан

жасалатын қамқорлыққа қарамастан,

Қазақстанда адал бизнеспен айналысу

кез келген адамға тиімді және қауіпсіз

болуға тиіс. Бұл – негізгі ұстаным. Біз

шағын және орта бизнесті дамытамыз.

Кәсіпкерлердің жаңа буынын өсіруге, жаңа

идеялар мен ой-пікірлерді қолдауға баса

мән береміз. Сонымен қатар мемлекет

ірі, қалыптасқан бизнесті қолдаудан

бас тартпайды. Керісінше, біз, ең

алдымен, сіздерді Әділетті Қазақстан

құруға белсене атсалысуға шақырамыз, –

деді Мемлекет басшысы.

Осы мақсаттарға жету үшін бірқатар

шешім қабылданады. Атап айтқанда,

салық саясаты мен салық әкімшілігі

түбегейлі қайта қаралады. Агроөнеркәсіп

кешенін, құрылыс саласын, көліклогистика

секторын дамытуға қатысты

әдістер де қайта дайындалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес

өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік

мәселелерді шешуде шет қалмауға

шақырды.

– Адами капиталға, атап айтқанда,

заманауи балабақшалар, жайлы мектептер,

ауруханалар, іргелі университеттер

салуға, туризмді дамытуға инвестиция

құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық

істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге

сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің,

студенттер жатақханаларының,

жастарға арналған спорт ғимараттарының

тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз

ел үшін елеулі болар еді, – деді

Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы

билік пен бизнес арасындағы конструктивті

диалогты жалғастырудың маңызды

екенін атап өтті.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


2 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ҚҰНДЫЛЫҚ

Бұрнағы күні ел тұрғындары Отбасы күнін

атап өтті. Айтулы мерекеге орай облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов өңірдегі жерлестерді

құттықтап, бірнеше отба-сының үйіне арнайы

барды. Көпбалалы отбасыларға азық-түлік,

киім-кешек, қысқы отын мен басқа қажетті

тауарларды сыйлады.

Отбасы мерейі

Қойнауы толы

қазына

Басы 1-бетте

Бұған дейін аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов мемлекеттік

қызметшілер, кәсіпкерлер мен

демеушілер арасында көмекке

зәру отбасыларға жәрдем көрсетуге

арналған қайырымдылық

акциясын бастаған еді.

- Құрметті жерлестер! Жексенбі

күні елімізде Отбасы күні атап

өтіледі. Бұл - өте елеулі және

терең маңызы бар мереке. Себебі,

отбасы адам өмірінде ерекше

орынға ие. Ағашты – тамырлары,

ал адамды – отбасы ұстап тұрады

деп бекер айтылмаған. Биылғы

Балалар жылында Отбасы күнінің

маңызы зор. Әр баланың бақытты

балалық шағы болуы тиіс.

Мен мүмкіндігі бар барлық

адамдарды алдағы Отбасы күнінде

әлеуметтік осал топтағы отбасыларды

назардан тыс қалдырмауға

шақырамын. Мемлекеттік қызметшілер,

кәсіпкерлер, меценаттар,

мұқтаж адамдарға көмекті бірге

көрсетейік. Әрине, мен де белсенді

қатысамын.

ауыстырып, тұрмыстық техника

мен қажетті құрылыс материалдарын

сатып алуға болады.

Көмегіңіз үшін көп рақмет! Бұл -

мен үшін үлкен құрмет, -

деді ауыл тұрғыны.

Әбілқайыр Сқақов жеті баланы

тәрбиелеп отырған Жүсіповтер

отбасының үйіне барды. Былтыр

балаларының спортпен айналысуы

үшін ата-аналар облыс

орталығына көшуді ұйғарған

еді. Аймақ басшысы балаларға

сыйлықтар, спорттық киім-кешек,

кимоно, домбыра сыйға тартса,

жеті жасар Кәмшатқа ролик табыс

етті. Құзіретті орган өкілдеріне

отағасына жеке кәсіп ашу бойынша

кеңес беруді де тапсырды.

- Жас дзюдошыларға спорттық

жетістіктер тілеймін. Денсаулықтарың

мықты болып,

күш-қуаттарың артып, ата-аналарыңды

табыстарыңмен қуанта

берулеріңе тілектеспін, - деп ізгі

тілегін білдірді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы жергілікті

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

Майқайың кентінің 90 жылдығына

арналған салтанатты шараға

қатысып, тұрғындарды айтулы

күнмен құттықтады.

- Майқайың кенті - бір аудан

ғана емес, өңіріміздің дамуында

ерекше орны бар елді мекен. Биыл

Майқайың кентінің 90 жылдығы

атап өтілуде. Алайда оның тарихы

ХІХ ғасырда басталғанын білеміз.

Соғыс жылдарында елді мекеннің

азаматтары елге елеулі үлес қосты.

Ал бейбіт кезде мыңдаған тонна

алтын халқымыздың әл-ауқатын,

маңызды әлеуметтік жобаларды

жүзеге асыруға зор септігін тигізді.

Осында туған, өсіп-өнген әр

азаматтың еңбегі ерен, - деп

атап өтті аймақ басшысы.

Әбілқайыр Сқақов облыстың

дамуына қосқан үлестері үшін

ауылдың құрметті азаматтарын

марапаттады. Олардың қатарында

дәл осы күні 90 жасқа

келген Мұхтар Әбенов те бар.

Сондай-ақ, бір топ тұрғынға

облыс әкімінің Құрмет грамотасы

мен Алғыс хаты табысталды.

Ж.Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыка-драма

театрының әртістері көрермен

қауым назарына Майқайың

кентінің іргесі қаланған тарихынан

сыр шертетін театрландырылған

көрсетілімін ұсынды.

Осындай Отбасы күні барлығына

мүмкіндіктері тең және әділетті

мемлекетті құру жолында біздің

үлесіміз болсын! – деп үндеу

жолдаған болатын Ә.Сқақов.

Ал мереке қарсаңында өңір

басшысы Маралды ауылының

42 жасар тұрғыны Еркебұлан

Жүзбаевтың үйіне барды. Ауыл

азаматы 26 тамызда Павлодар-

Шарбақты тас жолында өртке

оранған автокөліктен төрт адамды

шығарып, құтқарған еді. Ол

адамдардың өмірін аман алып

қалғаны сол еді, жеңіл көлік

жарылып, күлге айналды. Аймақ

басшысы бүгінгі күн батырының

ерлігі көпке үлгі боларлық екенін

атап өтіп, «Облыс алдында сіңірген

еңбегі үшін» белгісі мен ақшалай

сертификатты табыс етті.

- Облысымызда айналасындағы

адамдардың тағдырына

бейжай қарамайтын осындай

азаматтардың бар болғанын

мақтан етемін. Өңір тұрғындары

атынан сізге ерлігіңіз үшін алғыс

білдіремін, - деді облыс әкімі.

Еркебұлан Жүзбаев жұбайымен

бірге екі қыз тәрбиелеп

отыр. Қазір ер адам баспанасын

жөндеу жұмыстарымен айналысуда.

Сондықтан ақшалай

сертификаттың пайдалы болары

анық. Мұндай қаржылай көмек

аймақ басшысының жеке қолдауы

екенін атап өткен жөн.

- Бұл қаражатқа терезелерді

биліктен көмек сұраған Толкачевтер

отбасында да қонақта

болды. Ерлі-зайыптылар бес бала

тәрбиелеуде. Әбілқайыр Сқақов

балаларға қысқы киім, ойыншықтар,

азық-түлік сыйлады. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасына

медициналық көмекке мұқтаж

баланың жағдайын бақылауға

алуды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі

көпбалалы ана Анар Шөкеноваға

көмек көрсетті. Балаларға

қажетті тауарлар, азық-түлік

жиынтықтарымен қатар, алдағы

қысқы маусымға қажет төрт

тонна көмір мен ағаш отын

жеткізілді. Отанасына атаулы

әлеуметтік көмек алуға қажетті

құжаттарды рәсімдеу бойынша

заңгерлік көмек те көрсетілетін

болады.

Жалпы, отбасы күні қарсаңында

аймақ басшысы бастаған

қайырымдылық акциясына өңірдің

мемлекеттік қызметшілері, кәсіпкерлері,

демеушілері мен мәслихат

депутаттары қатысты. Соның

нәтижесінде облыстағы 554 отбасына

көмек берілді. Азық-түлік

жиынтықтарымен қатар, аз қамтылған

отбасыларға 35,5 тонна

көмір, 24 тонна шөп, 55 текше

метр отын жеткізілді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Мерекелік бағдарламаны

Баянауыл ауданының

өнер ұжымдары

мен жергілікті өнерпаздар

жалғастырды.

Мерейтой құрметіне

кент маңында бәйге

және басқа да ұлттық

ат спортынан жарыс

ұйымдастырылды.

Ат жарыстарының

жүлдегерлері бағалы

сыйлықтардың иегерлері

атанды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді

түсірген -

Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 3

ЖОЛДАУҒА - ҚОЛДАУ!

Талапты жастарға

қолдау бар

- Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«Әділетті мемлекет. Біртұтас

ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан

халқына Жолдауында айтылған

тың өзгерістер легі бойынша

тоқтала айтсаңыз...

- Қазақстан Республикасы

Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының

2022 жылғы Жолдауы

жаңа, әділетті Қазақстанды құруға

бағытталған. Мұнда еліміздің

барлық салаларына жаңа міндеттер

қойылып отыр. Әсіресе, ғылым мен

жоғары білім үшін іске асырылатын

тың бастамалар бар. Мәселен,

Педагогикалық жоғары оқу орындарын

аккредитациялаудың жаңа

стандарты қабылданатын болады.

Қазақстанда жұмыс істейтін аккредитациялау

ұйымдары педагогикалық

университеттердің болашақ

мұғалімдерді дайындаудағы

ерекшелігін ескере отырып, жаңа

қағидаттарды әзірлеуі тиіс.

Биылғы Жолдауда Президент

тағы да университет ғылымына

көңіл бөлді. 2023 жылы

қабылданатын Салық кодексінде

технологиялық жаңғыруға және

ғылыми әзірлемелерге салынатын

корпоративті табыс салығын

төмендету немесе одан босату

тәсілін енгізу керектігі айтылды.

Бұл отандық инновациялық ғылыми

зерттеулердің тәжірибеге енгізуіне

жаңа серпіліс беретін болады.

- Сіздің ойыңызша, кәсіби

білім беруде қандай өзгерістер

керек?

- Болашақта кәсіби білім алу

толығымен тегін жүргізілуі қажет.

Президент 2021 жылғы Жолдауында

«Тегін техникалық және

кәсіби білім беру» жобасын іске

асыруды ұсынған. Бұл жобаның

іске асуы жастарды кәсіби біліммен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан

халқына Жолдауында еліміздің болашақ дамуы мен

ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Білім

күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа

саяси кезең орын алды. Соның ішінде жоғары оқу

орындарының білім сапасы, мемлекеттік гранттардың

бөлінуі және өзге де игіліктер жайлы айтылды.

Осы тарапта Павлодар педагогикалық университетінің

халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры

Бауыржан Есенгелдинді сөзге тарттық.

толықтай тегін қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді.

- Кәсіби білім беретін оқу

орындары еңбек нарығының

нақты сұранысына бейімделуін

қалай түсінесіз?

- Цифрландыру үдерісі еліміздің

барлық дерлік салаларын қамтып

жатыр. Болашақ мамандықтарының

көпшілігі IT-мамандандырумен тікелей

байланысты, бірақ технологиялық

үдеріс өмірдің барлық деңгейлеріне

әсер етеді. Сондықтан кәсіби

білім беретін оқу орындары еңбек

нарығының сұранысына қажетті

мамандарды жаңа бағдарламалар

арқылы оқытуға және кездейсоқ

өзгерістерге дайын болуы қажет.

- Жоғары оқу орындарындағы

білімнің қолжетімділігі

неде деп ойлайсыз?

- Көптеген мектеп бітірушілер

өзінің қалаған мамандығына емес,

білім беру гранты көп бөлінген

мамандықтарға құжаттарын тапсырады.

Кейіннен олар алған

мамандығы бойынша жұмысқа

тұрмайды. Менің ойымша, Жолдауда

қарастырылған 2-3 пайыздық

жеңілдетілген несие беру жоғары

білімнің қолжетімділігін арттырады

және мектеп бітірушілерге

қалаған мамандығына түсуге мүмкіндік

береді.

- Оқу гранттары бойынша

алдағы өзгерістер жайлы

айта кетсеңіз...

- Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне

және басқа да көрсеткіштерге

қарай білім беру гранттары 30-дан

100 пайызға дейінгі аралықта

берілетін болады. Менің ойымша,

грант көлемі ұлттық бірыңғай тестілеу

нәтижесіне ғана тәуелді болмай,

сонымен қатар студенттің ағымдық

оқу үлгеріміне байланысты болуы

тиіс. Бұл өз кезегінде студенттерді

үздік оқуға ынталандырады.

- Студенттердің жатақханамен

қамтамасыз ету

мәселесі қалай болмақ?

- Студенттерді жатақханамен

қамтамасыз ету - басты мәселелердің

бірі. Менің ойымша, жоғары оқу

орындары, құрылыс компаниялары

және мемлекет атынан «Қаржы

орталығы» арасында келісімшарттар

жасаудың жаңа тетіктерін әзірлеу

арқылы жүзеге асырылатын шығар.

- Жоғары оқу орындарындағы

эндаумент-қорлар деген

не? Ол қалай жұмыс істейді?

- Жолдауда жоғары оқу орындарында

эндаумент-қорларды ашу

керектігі айтылды. Бұл қорлар

жанашыр адамдардың немесе

ірі меценаттардың қайырымдылық

жарналары қаражаттары арқасында

құрылады. Қорда жинақталған

қаржы жұмсалмайды, тек одан

алынған инвестициялық табыстар

ғана университеттің білім және

ғылыми жобаларын қаржыландыруға

бағытталады.

- Білім алуға жеңілдетілген

жылдық өсім бойынша несие

беріледі екен. Бұл қалай іске

асырылады?

- Менің ойымша, жеңілдетілген

несиені беруді екі бағытта іске

асыруға болады. Біріншіден, талапкер,

жоғары оқу орны және екінші деңгейлі

банктердің келісімшарттары арқылы

жүзеге асырылады. Мұнда екінші

деңгейлі банктер жеңілдетілген

білім несиесінің таратушы қызметін

көрсету үшін лицензия алады. Олар

үшжақты келісімшарттарды жасау

арқылы мемлекеттен бөлінетін

жеңілдетілген несиені жоғары

оқу орнының есепшотына әрбір

оқу семестрінде жіберіп отырады.

Екіншіден, талапкер мен екінші

деңгейлі банктер арасында ғана

келісімшарттар болады. Қаражат

талапкердің жеке шотына жіберіледі.

Бұл қаражат тек жоғары білім

алуға ғана жұмсалады.

- Әңгімеңізге рахмет. Болашағымыз

– жастардың білімі

бәсекеге қабілетті болсын!

Сұхбаттасқан -

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Суретті түсірген –

Есенжол Исабек.

ДЕНСАУЛЫҚ

Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту аса

маңызды. Бұл орайда Денсаулық сақтау министрлігі

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық

жобасын әзірледі.

Ұлттық жоба

әзірленді

Жобаның мақсаты - барлық

ауылдық елді мекендерді бастапқы

медициналық-санитарлық көмек

ұйымдарымен қамтамасыз ету,

сондай-ақ ауыл халқына шұғыл

медициналық көмек көрсету тиімділігін

арттыру есебінен қалалық

және ауылдық денсаулық сақтау

арасындағы теңгерімсіздікті

қысқарту.

Жоба шеңберінде ауылдарда

655 алғашқы медициналықсанитарлық

көмек объектілерін

салу, реконструкциялау, қосымша

жарақтандыру, соның ішінде

700 мыңнан астам ауыл тұрғынын

медициналық көмекпен

қамтуға мүмкіндік беретін жаңа

228 және жұмыс істеп тұрғандарының

орнына 427 объект салу

жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауылдардағы

медициналық және фельдшерлікакушерлік

пункттер, дәрігерлік

амбулаториялар заманауи жабдықтармен

жабдықталады,

сондай-ақ тіркеу орны мен күту

бөлмесі дизайнының бірыңғай

тұжырымдамасы пайдаланылатын

болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің

хабарлауынша, республикада

алғашқы медициналық

санитарлық көмек көрсететін

нысандардың тозуы 51,6%-ды

құрайды. Қазіргі уақытта

33 апатты нысан бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің

алдын ала бағалауы

бойынша, бұған шамамен

126,5 млрд теңге, оның ішінде

бастапқы медициналық-санитарлық

көмек көрсетуге 9,16 млрд

теңге қажет.

Жаңа медициналық нысандарды

кадрлармен қамтамасыз

ету үшін еліміздің 61 медициналық

колледжінде 16 570 медбике мен

17 585 фельдшер дайындалады

деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмыс істеп

тұрған 12 орталық аудандық

аурухананы жаңғырту және

20 жаңа көпбейінді орталық аурухананы

ашу жоспарлануда, олар

«алтын сағат» қағидатын сақтай

отырып, инфаркт, инсульт, ауыр

жарақат және басқа да жағдайлар

кезінде шұғыл медициналық көмек

көрсете алады.

Нәтижесінде қан айналымы

жүйесі ауруларынан болатын

өлім-жітімді 100 мың тұрғынға

шаққанда 226,9-дан 134,85-ке

дейін төмендету, 4 млн-нан астам

ауыл тұрғынын сапалы, жедел

және жоғары технологиялық медициналық

көмекпен қамтамасыз

ету күтілуде.

Өз тілшіміз.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Тариф шегін

тұрғындар

бекітеді

«Үйлерді басқарудың жаңа түрі - мүлік иелерінің

бірлестігі немесе қарапайым серіктестікке көшу

жөніндегі реформаны» жүзеге асыру шеңберінде

жыл соңына дейін басқарудың жаңа формасына

өңірдегі 2214 көппәтерлі тұрғын үйлер өтуі тиіс.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен баспасөз жиыны барысында айтылды.

Қазіргі таңда облыс бойынша

1375 жаңа басқару формасына

көшкен нысандарды тіркеу бойынша

жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде меншік иелерінің

бірлестігін – 151, қарапайым

серіктестікті – 1224 тұрғын үй

таңдады. Бұл жалпы көрсеткіштің

59,4 пайызын құрайды. Павлодар

қаласы тұрғын үй инспекциясы және

коммуналдық шаруашылық бөлімінің

басшысы Нұрлан Рашитовтың

айтуынша, облыс орталығындағы

1265 көппәтерлі тұрғын үйлердің

767-і жаңа басқару формасына

көшіп үлгерді. Оның ішінде 47-сі

меншік иелерінің бірлестіктерін

(МИБ) және 720-ы қарапайым

серіктестік (ҚС) басқару нысанын

таңдаған.

- Бүгінде қала аумағында меншік

иелерінің бірлестіктеріне қатысты

енгізуді жоспарлап отырған ең

төменгі шығындар бір шаршы

метрге 29 теңгені құрайды. Тұрғын

үй неғұрлым ескі болса, соғұрлым

көп қаражат құю қажет. Осыған

байланысты коэффициенттер де

артады. Мәселен, 60-80 жылдары

салынған құрылыс нысандарында

тариф бағасы шамамен

50 теңгені құрайды. Ал қазіргі

таңда орташа есеппен қаладағы

тариф құны - 35 теңге. Тариф

құнын тұрғындар жиналыста өздері

бекітіп, қабылдай алады, - деді

Нұрлан Рашитов

Сондай-ақ, бөлім басшысы

облыс орталығында тұрғын үйді

басқарудың жаңа формасына

көшпеген 400-ден астам үй бар

екенін атап өтті. Бүгінгі таңда

сол үйлердің тұрғындарымен

түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

- Қарапайым серіктестікке және

меншік иелерінің бірлестіктеріне

өткен тұрғын үйлер 59 пайызды

құрайды. 400-ден астам үй әлі

жаңа форманы қабылдамаған, яғни

пәтер иелері кооперативінде жүр.

Көп пәтерлі тұрғын үй басқарудың

жаңа түріне көшпеудің басты

себебі - қаражат, тарифтердің

артуы. Бірақ әрбір үйде өзінің

сметасы болу керек. Жылына

қанша қаражат керегін тұрғындар

өздері шеше алады. Алайда тариф

депутаттар бекіткен ең төменгі

сомаға негізделуі керек, - деді ол.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


4 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Грант алудың

шарты қандай?

Жыл сайын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы

арқылы өз ісін бастауға ниетті тұрғындарға

мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат беріледі.

Тың идея ұсынып, инновациялық жобаны жүзеге

асыруға ниетті азаматтардың 5 млн теңгеге дейінгі

соманы алуына мүмкіндік бар. Ол үшін не істеу

керек? Қандай жобалар ұсынған жөн? Жобаларды

кімдер және қалай саралайды? Осы және өзге де

сауалдарға облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының бөлім

басшысы Дархан Ермағамбетов жауап берді.

С

- Дархан Нұрлыбекұлы, алдымен

мемлекеттік гранттарды

үлестіру бағдарламасы туралы

айтып өтсеңіз...

- Жыл сайын «Бизнестің жол

картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы

аясында жеке кәсіп бастауға

ниетті азаматтарға, өз ісін енді

ғана дөңгелете бастаған жастарға

қаржылай қолдау көрсетіледі. Атап

айтқанда, 5 млн теңгеге дейінгі

мемлекет қаражаты конкурс жеңімпаздарына

еш қайтарымсыз беріледі.

Жобасы үздік атанғандар грантты

кәдесіне жаратып, бизнесінің

дамуына жұмсаса болғаны. Осы

уақытқа дейін осындай тиімді

тетік арқылы облыста жүздеген

адам ісінен нәпақа тауып, табысты

кәсіпкерге айналып отыр.

- Бағдарламаға қатысу үшін

не істеу керек?

- Мемлекеттік гранттар конкурсына

құжаттар «Qoldau.kz»

порталы арқылы қабылданады.

Үміткерлер осы порталға жалдамалы

жұмыскерлердің орташа саны туралы

анықтама, Ұлттық жоба шеңберінде

кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын

құжат, жеке кәсіпкерлікті тіркеу

туралы хабарлама, кәсіпкердің

ағымдағы шотындағы қаражаты

көрсетілген банк шотынан үзінді

көшірменің PDF-нұсқасын жүктеуі

тиіс. Грант жеңімпаздары жоба

сомасының 10 пайызын қалтасынан

шығаруы тиіс болғандықтан,

банктен осындай анықтаманың

болуы талап етіледі. Егер өтініш

беруші әлеуметтік тұрғыдан осал

топ өкілдерінің қатарына кірсе,

мұндай анықтаманың қажеті

жоқ. Аталған құжат көшірмелері

16-20 қыркүйек аралығында электронды

порталда қабылданады.

- Қандай бағыттағы жобалар

бақ сынай алады?

- Жаңа бизнес-идеяларды іске

асыруға арналған мемлекеттік

гранттар экономиканың басым

секторларына жататын жобаларға

үлестіріледі. Олардың қатарында

агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл

өнеркәсіп және жиһаз өндірісі,

құрылыс материалдары және

өзге де металл емес минералды

өнімдер өндірісі, металлургия,

машина жасау, туризм, ақпарат

және байланыс, білім беру сынды

негізгі бағыттар бар.

- Жобаларды кімдер және

қалай таңдайды?

- Алдымен арнайы конкурстық

комиссия құрамы бекітіледі. Оның

құрамына кемінде 7 адам кіруі

тиіс. Атап айтқанда, комиссия жергілікті

атқарушы органдар, қоғамдық

бірлестіктер, ғылыми-білім беру

мекемелері, салалық сарапшылар,

өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерінен құрылады.

Комиссия мүшелері бизнесидеялардың

жаңашылдығы, бәсекеге

қабілеттілігі және қолданысқа

енгізуге дайындығы негізінде шешім

қабылдайды. Бұл ретте бизнесидеяның

жаңашылдығы дегеніміз -

нақты бір елді мекенде бұрын

болмаған тауарларды шығару,

қызметтер көрсету немесе озық

технологияларды қолдану.

- Үміткердің жасына байланысты

шектеу бар ма?

- Жоқ, барлық жастағы шағын

кәсіпкерлік иелері конкурсқа қатыса

алады.

- Жалпы, аталмыш бағдарлама

аясында қанша қаражат

қарастырылған?

- Биыл жаңа бизнес-идеяларды

іске асыру үшін бюджеттен 89 млн

теңге бөлінді. Наурыз-сәуір айларында

жастар арасында өткізілген

конкурстың нәтижесінде 32,6 млн

теңгеге 7 жоба қолдау алды. Қалған

сома 16-20 қыркүйек аралығында

qoldau.kz порталына өтініш жолдаған

кәсіпкерлерге үлестіріледі.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

«Балалы үй – базар» деген сөз қазақта бекер айтылмаған. Бала – өмірдің жалғасы,

өзеніңнің арнасы. Бұл пікірмен Ақтоғай ауданындағы көпбалалы Жаншоқов

отбасы да келіседі.

Көпбалалы отбасы -

қоғам байлығы

Көпбалалы Жаншоқовтар әулеті -

аудандағы көпке үлгі отбасы. Бұл

отбасыда жақында ғана жетінші

сәбиі дүниеге келді.

Жеті баланың анасы Гүлзат

Жаншоқова жолдасы Мереке

Жаншоқовпен 2012 шаңырақ

көтерген. Жеті перзентін тәңірдің

сыйы деп санайтын алтын құрсақты

ана барлық балаларын дұрыс

тәрбиелеудеміз, дейді.

- Өзім Ақтоғай ауданы әкімінің

аппараты ММ-де бас маман,

БАЙҚАУ

жолдасым осы аудандағы жергілікті

полиция майоры, учаскелік

полиция қызметкері. Отау құрғанымызға

12 жыл толды. Қазір, Алла

бере салған 4 қыз бен 3 ұлдың атаанасымыз.

Балаларымызға дұрыс

тәрбие беру – ол әр ата-ананың

міндеті, - дейді көпбалалы ана

Гүлзат Жаншоқова.

Жолдасы өткен жылдың қорытындысы

бойынша «Үздік учаскелік

полиция» атағын жеңіп алса, Гүлзат

күні кеше ғана ағымдағы жылдың

25 шілде күнгі жарлығы бойынша

Күміс алқаға ие болған. Гүлзаттың

айтуынша, отбасының берекесі —

өзара сыйластықта, ауызбіршілікте,

тынымсыз еңбекте. Ал бала –

өмірдің көркі, әулеттің жалғасы.

Балаларының алды Ақтоғай аудандық

мектепте білім алады.

- Әр бала өз несібесімен.

Үлкен үш балам мектепке барып

білім алады. Үшеуі балабақшада

тәрбиеленуде. Ал кенжеміз әлі

қырқынан да шықпады, - дейді

Гүлзат.

Қызметте талапшыл әрі қайсар

мінезді Мереке - отбасында

мейірімді, қамқор әке. «Әке балаға

сыншы» деген қағиданы ұстанып,

ұл-қыздарына ақыл-кеңесін беріп,

қоғамда өз орнын қалдыратын

ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсаты

санайды.

- Балалардың көп болғаны

жақсы, себебі келешекте бауырмал,

бір-біріне көмек қолын созып

өседі. Қызметім қанша қиын болса

да, бала тәрбиесіне көп көңіл

бөлемін. «Әкеге қарап ұл өсер»

демекші, балаларыма дұрыс

тәрбие беріп жатырмын деп ойлаймын.

Бала ата-анасынан көргенін

жасайды. Сол себептен оларға

үлгі болғым келеді, - дейді Мереке

Жаншоқов.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Келіндер бақ сынады

Павлодар облыстық Жастар бастамаларын дамыту орталығында жыл сайын

дәстүрлі түрде жас келіндер арасында «Супер келін» байқауы ұйымдастырылады.

Биыл да келіндер жарысы жылдағы дәстүр бойынша жалғасын тапты.

Павлодар облысының аудандарынан

келген 9 келін қазақы

салт-дәстүрді қаншалықты жақсы

білетінін, келіннің қандай болу

керектігін сипаттап, өз өнерлерін

ортаға салды.

Байқау төрт кезең бойынша

өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар

«Менің отбасым – менің бақытым!»

атты өздері жайлы бейнероликте

таныстырып, қазіргі келіннің

қандай болуы керектігі туралы

баяндады. Екінші кезең «Шебер

келінде» қатысушылар үй тапсырмасы

бойынша қазақтың ұлттық

тағамдарын әзірлеп, сол жайында

қысқаша мағлұмат берді. 3 кезең –

«Асхана білгірлері». Бұл кезеңде

келіндер қазақтың ұлттық тағамы –

бесбармаққа қамыр илеп жарысты.

Ал соңғы кезең «Мен шығармашыл

жанмын» бөлімінде қатысушылар

ән айту, би билеу, көркемсөз

бағыттары бойынша өз өнерлерін

көрсетті.

- Сайыс жыл сайын ұйымдастырылады.

Байқаудың мақсаты –

дәстүрлі құндылықтарды насихаттау,

отбасылық қарым-қатынастарды

үйлестіру, отбасы мәртебесін

арттыру және ұлттық мәдениет

пен дәстүрлерге деген қызығушылықты

арттыру. Жарысқа

Павлодар, Ертіс, Аққулы, Ақтоғай

аудандарының және

Павлодар қаласының

келіндері қатысты, - деді

орталықтың бас маманы

Нұрханым Серімова.

Ақтоғай ауданы, Жалаулы

ауылынан келген қатысушы

Іңкәр Омарбекова

қазақ келінінің жан-жақты

болуы қажет дейді.

- Байқауға екінші

рет қатысып отырмын.

Сайыс болғаннан кейін

барынша дайындалып

келдік. Қазақтың келіні

үйіне келген қонақты

жайдары қарсы алып,

жан-жағына шуағын шашып

тұратын, ата-енесінің

қас-қабағын бағып, жолдасының

разылығын алуы

қажет. Сондай-ақ, бала

тәрбиесінде үлкен рөл атқаруы

тиіс. Бүгінгі күннің келіні заманның

ағымымен жүріп, барлығынан

хабардар болып, үйдің тыныстіршілігіне

де, отбасына да, өзіне

де, жұмысына да көңіл бөлуі керек.

Өзім ата-енеммен тұрамын. Қазір

көбі ата-енесімен тұрмайды. Мен

тұруға кеңес берер едім. Себебі,

қарты бар үйдің қазынасы бар, -

дейді Іңкәр.

Төрт кезеңнен тұратын байқау-

дың нәтижесі бойынша жүлделі

1-орынға және «Супер келін –

2022» атағына Ертіс ауданының

қатысушысы Гәкку Хайрат лайық

деп танылды. «Өнерлі келін» аталымына

Аққулы ауданы, Шақа

ауылының келіні Аяужан Мұхаммедәли

ие болса, Шарбақты ауданынан

келген Ламия Авдол «Шебер

келін» атанды.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 5

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

ҚҰНДЫЛЫҚ

Мемлекет жұмыссыз қалған азаматтарға тұрақты жұмыс тапқанша,

әр ай сайын белгілі бір сомада қаржы төлейді. Азаматтың не

себептен жұмыстан шыққаны маңызды емес. Ең бастысы, жұмыссыз

екенін растау үшін egov.kz сайтында тіркелсе болғаны. 2005 жылдан

бастап ҚР жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың

қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы

орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі деді.

Төлемақы қай сала өкілдеріне төленеді? Ал бұл төлем белгілі бір

топ өкілдеріне бағытталған ба? Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры

Айгүл Қапенова айтып берді.

Әлеуметтік төлемақы

мөлшері көбеймек пе?

- Айгүл Әбутәліпқызы, төлемақы

белгілі бір сала иелеріне бағытталған

ба?

- Қазақстанда міндетті әлеуметтік

сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап

енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс

берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ

дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен

айналысатын адамдардың өздері

үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары

есебінен қалыптастырылады.

Ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды

жұмыс берушілер өздерінің жалдамалы

жұмыскерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорына (МӘСҚ) қірісінің 3,5%-ы

мөлшерінде кемінде бір ең төменгі жалақы

(ЕТЖ) және 7 ЕТЖ-дан аспайтын мөлшерде

төлейді. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар

жұмыскерлердің жалақысынан міндетті

зейнетақы жарналары сияқты ұсталмайды,

ол жұмыс берушілердің қаражаты есебінен

төленеді.

МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер

адам қандай салада жұмыс істейтініне

қарамастан, МӘСҚ-ға әлеуметтік қатер

туындағанға дейін әлеуметтік аударымдар

түскен міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесінің қатысушыларына тағайындалады.

- Жұмыссыз адамдарға мемлекеттік

сақтандыру қорынан қанша қаражат

бөлінді?

- Өткен жылы МӘСҚ-тан жұмысынан

айырылу жағдайына байланысты Павлодар

облысы бойынша әлеуметтік төлемді

123,4 млн теңге сомасына 3 570 адам алды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының

қорытындысы бойынша МӘСҚ-тан жұмысынан

айырылу жағдайына байланысты

8,3 млн теңге сомасына 2 106 адам әлеуметтік

төлемді алды.

- Төлемақы қанша уақыт көлемінде

төленеді?

- МӘСҚ-тан жұмысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға

дейін тағайындалады:

1 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 6 айдан 1 жылға дейін түссе;

2 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 1 жылдан 2 жылға дейін түссе;

3 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 2 жылға 3 жылға дейін түссе;

4 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 3 жылдан 4 жылға дейін түссе;

5 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 4 жылдан 5 жылға дейін түссе;

6 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 5 жыл және одан көп түссе.

- Жеке меншікте жұмыс істейтін

азаматтар бұл төлемақыны алуға

құқылы ма?

- «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»

ҚР Заңына сәйкес экономика секторына

қарамастан, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер

алуға еңбекке қабілеттілігінен айырылу,

асыраушысынан айырылу, жұмысынан

айырылу, жүктілігіне және босануына байла-

нысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға

дейін оның күтіміне байланысты кірісінен

айырылу жағдайларына әлеуметтік қатер

туындағанға дейін МӘСҚ-ға әлеуметтік

аударымдар жүргізілген жеке тұлғалар

ғана құқылы.

Бұл ретте, жұмысынан айырылған жағдайда

төленетін әлеуметтік төлем үшін

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші жеке

тұлғалар жүгіне алмайды.

- Егер олар ала алмаса, қалай

қадағалайсыздар?

- Жұмысынан айырылған жағдайда

МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан

шығу себептеріне қарамастан, тағайындалады.

Төлем құқығы Халықты жұмыспен

қамту орталығы немесе «Электронды еңбек

биржасы» порталы (enbek.kz) арқылы жұмыссыз

ретінде тіркелген күннен бастап туындайды.

Осылайша, жұмыстан шыққаннан кейін

жұмыссыз ретінде тіркелуді созбай және

өзіне МӘСҚ-ға төленген әлеуметтік аударымдарды

egov.kz порталы немесе Халыққа

қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) немесе

МӘСҚ филиалдары арқылы тексеруді

ұсынамыз, себебі әлеуметтік төлемнің

мөлшері МӘСҚ-ға түскен әлеуметтік

аударымдарға тікелей байланысты болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен

бастап пилоттық режимде Отбасының

цифрлық картасын енгізу басталды.

Іс жүзінде Карта:

- бұл әлеуметтік мәртебесіне байланысты,

кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың

қандай да бір түрін алу құқықтары туралы

ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы

«электрондық жаршысы»;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің

проактивті форматының жаңа құралы.

Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы

азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ

мемлекеттік қолдаудың қандай да бір

түрін алуды өзі ұсынатын болады.

Бұл бүгінгі таңда аймақтың және тұтастай

елдің әлеуметтік портретін қалыптастыруға

ғана емес, сонымен бірге халықты әлеуметтік

қорғау шараларын іске асыруға бағытталған

мемлекеттік бюджет пен МӘСҚ қаражатын

пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік

береді.

Сонымен қатар, азаматтар ХҚКО арқылы

дәстүрлі әдіспен төлем алуға өтініш білдіре

алады.

Осылайша, жұмысынан айырылған

жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алу

үшін жұмыссыз ретінде тіркелу маңызды

болып табылады.

- Президент өз Жолдауында жұмыссыз

қалған азаматтарға орташа айлық

табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі

деді. Осы жайлы толығырақ

түсіндіріп өтсеңіз...

- Бүгінгі күні осы әлеуметтік төлемнің

мөлшері өтініш берушінің орташа айлық

кірісінің 40% деңгейіндегі кірісті ауыстыру

коэффициенттеріне және қатысу өтіліне

көбейту жолымен айқындалады. Осылайша,

адамның жалақысы мен еңбек өтілі неғұрлым

көп болса, оның төлем мөлшері мен жиілігі

соғұрлым көп болады.

Бұл ретте Халықаралық еңбек ұйымы

кірісті алмастыру коэффициентін 45% деңгейінде

қолдануды ұсынады. Сондықтан халықаралық

стандарттарға сәйкес келу мақсатында

жұмысынан айырылу бойынша төлем тағайындау

үшін кірісті алмастыру коэффициентін

40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту көзделеді.

Қайта есептеу тағайындалған төлем

мөлшерін 40%-ға бөлу және 45%-ға көбейту

арқылы 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай

бойынша жұмысынан айырылу бойынша

төлем алушылар болып табылатын тұлғаларға

жүзеге асырылатын болады. Қайта есептеуге

өтініш берудің қажеті жоқ, өйткені

ол автоматты режимде жасалады.

Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

азаматтарға жұмысынан айырылған жағдайда

арттырылған мөлшерде (орта

есеппен 13%-ға) әлеуметтік төлем алуға

мүмкіндік береді.

Сұхбаттасқан –

Айдана БОРАНБАЕВА.

Ұлттық ойын -

тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ - қызықты және

пайдалы спорттық үстел ойыны.

Бұл ойын адамға тапқырлықты,

шыдамдылықты, байсалдылықты

арттырады. Ұмыт болып

бара жатқан ұлттық ойыннан

бірнеше шәкірт тәрбиелеген

ұлтжанды азаматтардың бірі -

Наурызбай Ахтанберов.

Наурызбай Ахтанберов – Успен

ауданы, Қаратай ауылында 1957 жылы

ақпан айында дүниеге келген. Лозовой

атындағы орта мектепті 1974 жылы

тәмамдап, 1975-77 жылдары Мәскеуде

әскерлік борышын өтейді. Екі жылдан соң

Құлдиған Арын-Рашид ағаның қызымен

отау құрды. Жұбайы 1976 жылдан 2012

жылға дейін ұстаздық ете жүріп, оқу ісінің

меңгерушісі қызметін атқарды. Дүниеге

келген Жанар, Анар атты екі қызын

қияға қондырды. 40 жылға жуық татутәтті

өмір сүрді. 1983 жылы Наурызбай

Сіләмұлы Красноармейка техникумында

техник-механик мамандығы бойынша

білім алды. Араға 15 жыл салып Лозовой

мектебі директоры Боранбай Исимовтың

ұсынысымен машинатанудан сабақ берді.

Кейін білімін жетілдіріп, сол мектептің

директоры лауазымына тағайындалып,

17 жыл табанды еңбек етті.

1999 жылы мектепте тоғызқұмалақ

ойынынан сабақ өткізу керек болады. Сол

кезде мектеп директоры болған Боранбай

Исимов оқушыларға тоғызқұмалақ

ойынын насихаттауға мұғалімдерге

бірнеше тапсырмалар жүктеді. Наурызбай

Сіләмұлы ұлттық ойынның қыр-сырын

ауыл тұрғыны Қапсалам Смағұловтан

қосымша сабақ алып, бірнеше шәкірт

тәрбиеледі. Тәрбиелеген оқушылары

Успен ауданының намысын қорғап,

үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрді.

Мәселен, 2008 жылы шәкірттері Анар

Наурызбайқызы мен Уәлихан Қапсаламұлы

облыстық тоғызқұмалақ ұйымына мүше

болып, республикалық жарысқа қатысуға

мүмкіндік алды. Қаншама оқушы басқа

ауданның ойыншыларымен тәжірибе

алмасты.

Алғаш облыс бойынша тоғызқұмалақ

ойынын жарыққа шығарған Аққулы ауданы,

Қарақала ауылының тұрғыны Исатай

Қапаев болған. Оның Арман, Арыстан,

Дастан және Саян атты ұлдары әке

жолын қуып, ойынды халық арасында

жоғары деңгейде насихаттап жүр.

Биыл Наурызбай Сіләмұлы Павлодар

қаласындағы №8 ауданының зейнеткерлері

арасында тоғызқұмалақ ойынынан

жүлделі 1-орынға ие болды. Ол ұлттық

ойынның насихатталуына зор еңбек

етті. Мұндай азаматтар көп болса нұр

үстіне нұр болар еді.

Мектептерде тоғызқұмалақ секілді

ұлттық ойындарға көңіл бөлініп, шахмат

секілді ойындар қосымша факультативті

сабақ ретінде өткізілсе, оқушылар үшін

тәрбиелік маңызы зор болар еді.

Ләйла НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Павлодар қаласы.


6 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл МЕЗГІЛ

SARYARQA SAMALY

ӨР Т - Т І ЛСІ З Ж АУ

Ескерту айлығы басталды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен

бірлесе өрт қауіпсіздігіне арналған айлық

басталды. «Жастар рухы» жастар қанатының

белсенділері тілсіз жаудың қауіпсіздігі бойынша

рейдке кірісті.

- Бүгін жылыту кезеңіндегі

өрт қауіпсіздігі аясында жылыту

пештерінің өрт қауіпсіздігін

тексереміз, халық арасында түсіндіру

жұмыстарын жүргіземіз. Олар жылыту

пештерін дайындап, электр жүйелерін

тексерді. Осы бағытта бірқатар

іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Біз халықтың әлеуметтік топтарына

ерекше назар аударамыз.

Оларға демеушілік көмек көрсетеміз.

Улы газ туралы дабыл беретін

датчиктер орнатамыз. Бізде «Жас

ұрпақпен» меморандум жасалды.

Қазіргі таңда «AMANAT» «Жастар

рухы» жанындағы Жас ұрпақтың

көмекшілері мен Қызыл Жарты Ай,

полиция барлық мүдделі органдар

белсене атсалысуда. Жұмысты

бастамас бұрын, біздің қызметкерлер

жастарға нұсқаулық шараларын

өткізеді. Оларға негізгі ережелерді

түсіндіреді. Тиісінше, жас ұрпақ

мұның бәрін зерттеп, таныс-тары

мен жақындарына жеткізеді. Өрт

қауіпсіздігі айлығына қыркүйек

айында белсенді қатысамыз, әрі

қарай жыл бойы өз қызметімізді

жалғастырамыз, - деді облыстық

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының міндетін атқарушы,

азаматтық қорғау полковнигі

Қайрат Шаймарденов.

Соңғы кезде елімізде болған

өртке қатысты өткен жағдай

баршамызға мәлім. Қарастырылып

отырған тақырыптың өзектілігі

жоғары. Өрт – жер шарындағы

ең көп таралған және қауіпті

апаттардың бірі болып табылады.

- Бүгін өзекті шаралардың бірі

- тілсіз жаумен ел болып күресу.

«Жастар рухы» облыстық Төтенше

жағдайлар департаментімен бірлесе

отырып, арнайы рейдтік шаралар

жасауда. Ең алдымен өртке қарсы

жұмыс акциясынан бастадық. Бұл

шараға 20-дан астам ерікті қатысты.

Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары

сақталуда. Әсем қаламыздың

үйлерін аралап, ақпаратты жадынамалар

тараттық. Оған қоса төтенше

жағдай департаменті және полиция

қызметкерлері қауіпсіздік шараларын

жүргізетін болады. Бұл жұмыс

алдағы бір айда жалғасын табады.

Бұл іске тек қана еріктілер емес,

қала тұрғындары да қатыса алады.

Ақаулықтар бойынша айтары бар

тұрғындарға өз мәселесі туралы

«Жастар рухы»-ның және Төтенше

жағдай департаментінің Instagram

және Facebook парақшаларына

жазуға болады. Мұндай шараларды

жиі өткізу керек деп санаймыз, - деді

облыстық «AMANAT» партиясының

«Жастар рухы» жастар қанатының

төрайымы Санира Жүсіпова.

Акция барысында тек жадынамалар

тарату, ереже айтудан

бөлек облыстық ТЖД Мемлекеттік

өрт бақылау басқармасының

инженері Мейрам Көшеншіреков

қала көшелерінде арнайы көлікпен

өрттің алдын алу ережелерін айтты.

- Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін

сақтамау салдарынан көптеген

адамдар опық жеуде. Адамнан

бөлек қоршаған орта да зардап

шегуде. Оның алдын алу керек.

Сол себептен барша жандарға

техникалық, жалпы қауіпсіздіктерді

сақтауға шақырамыз, - деді «Жастар

рухы» жастар қанатының еріктісі

Томирис Айтмұхамбет.

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

адамдардың өмiрi мен денсаулығын,

меншiктi ұлттық байлық пен қоршаған

ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк

қызметтiң ажырамас бөлiгi болып

табылады. Қоғам тыныштығы мен

халық мүддесін бірге алаулаған

оттан сақтайық!

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

инвестициялық алтын және күміс монеталарын

сатуға қатысты ақпарат

«Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі» республикалық

мемлекеттік мекемесінің Павлодар

филиалы Қазақстанның Ұлттық Банкі

шығарған 10, 20, 50, 100, 200

және 500 теңге номинал-дарындағы

алтыннан соғылған «ALTYN BARYS»

инвестициялық монеталары және 2,

5 және 10 теңге номиналдарындағы

күмістен соғылған «KÚMIS BARYS»

инвестициялық монеталары сатылатыны

туралы тұрғындарға мәлімет

ретінде хабарлайды.

Инвестициялық монеталар -

999,9 жоғары сынамалы сапасы

жоғары алтын және күміс монеталар.

Олардың негізгі мақсаты –

қаражатты инвестициялау және

жинақтау.

Инвестициялық монеталардың

ерекшеліктері:

шектелмеген таралымдар;

«proof» технологиясы қолданылмастан

дайындалады;

монета жасалған металдың

құны мен салмағына байланысты

кіріс алу;

Қазақстанның Ұлттық Банкі

Сату және сатып алу қағидаларына

сәйкессатып алу монетадағы

металдың салмағы бойынша

есептелетіндіктен жағдайына

(сызаттар, патина және т.б.)

қарамастан, кері сатып алуға

қабылдайды;

қосылған құнына салық салынбайды.

Алтын мен күмістен жасалған

барлық номиналдардағы инвестициялық

монеталар Қазақстан

Республикасының бүкіл аумағында

белгіленген құны бойынша

төлемдердің барлық түрлері

бойынша, сондай-ақ банк шоттарына

есепке жазу үшін және аудару үшін

қабылдануға міндетті, Қазақстан

Республикасының барлық банктерінде

шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«ALTYN BARYS» және «KÚMIS

BARYS» инвестициялық монеталары

Қазақстан теңге сарайында

дайындалған. Оларды Қазақстан

Ұлттық Банкінің барлық аумақтық

филиалдарында, сондай-ақ kazcoins.

nationalbank.kz сайтындағы

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер

бойынша ресми хабарламалар

Интернет-дүкен арқылы сатып

алуға болады.

Аталған монеталардың болуы

және сатып алу мәселелері бойынша

Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев

көшесі, 44 мекенжайы бойынша

орналасқан Павлодар филиалына

жұмыс күндері сағат 09.00-ден

бастап 15.00-ге дейін (түскі үзіліс

сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін)

хабарласуды сұраймыз, байланыс

телефондары: 70-44-27, 70-44-26.

Монеталарды қолма-қол ақшаға

және төлем карточкасын қолданумен

POS-терминал арқылы сатып алуға

болады.

Ұлттық валютаның банкноттары

мен монеталары туралы толығырақ

ақпаратты Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің www.nationalbank.

kz ресми интернет-ресурсында

«Ұлттық валюта» бөлімінде алуға

болады.

«Қазақстан

Республикасының

Ұлттық Банкі» РММ

Павлодар филиалы.

«Mineral Product International» ЖШС Екібастұз қаласында ферроқорытпалар өндіру зауыты

үшін сыртқы инженерлік желілер салу. Сыртқы сумен жабдықтау жоба бойынша қызметтің

белгіленіп отырған түрі Екібастұз қаласында ферроқорытпалар өндіру зауыты үшін сыртқы

инженерлік желілер салужоспарлап отыр.

Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында және Павлодар

облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарынан

табуға болады «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар»

айдарында. Пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы

жылдың 6 қазан күні.

Пікірлер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pvlecspert@

mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қ., Мир көшесі, 22 (Павлодар облысы

бойынша экология департаменті), телефон +77182 532354 қабылдайды.

(20149)

ХАБАРЛАНДЫРУ

2022 жылғы 16 қыркүйекте бір мезгілде Қазақстан Республикасының

барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды

жалпыреспубликалық акциясы өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің

барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге

заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Павлодар қаласында Ломов к-сі, 38, Жастар бастамаларын дамыту

орталығы мекенжайы бойынша өтеді.

Басталуы 2022 жылғы 16 қыркүйек күні сағат 16.00

Кіру тегін!

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы,

«Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің

жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда!

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер

бойынша ресми хабарламалар

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасы» ММ Павлодар облысының

Галицкое ауылында ҚТҚ-ны уақытша жинауға және сұрыптауға

арналған алаң орнатуды жоспарлап отыр.

Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында

және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/

memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru

сайттарынан табуға болады «Белгіленіп отырған қызмет туралы

өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында. Пікірлер мен

ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың

5 қазан күні.

Пікірлер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология

департаменті» ММ pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына

немесе Павлодар қ., Мир көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша

экология департаменті), телефон +77182 532354 қабылдайды.

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер

бойынша ресми хабарламалар

«Қазақстан алюминийі» АҚ №1 аралас қойма және №2 қойма

құрылысын жоспарлап отыр.

Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында

және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған

орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/

memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru

сайттарынан табуға болады «Белгіленіп отырған қызмет туралы

өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында. Пікірлер мен

ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың

7 қазан күні.

Пікірлер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология

департаменті» ММ pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына

немесе Павлодар қ., Мир көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша

экология департаменті), телефон +77182 532354 қабылдайды.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 7

Павлодар облысының Білім саласында сапаны

қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік

қызмет көрсетудің екі түрін көрсетеді.

Лицензия қалай беріледі?

Білім туралы құжаттарға

(тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы

құжаттың тұпнұсқаларында

қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа

қызмет көрсету орталығы және

«Электронды үкімет» веб-порталы

арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету

мерзімі - 15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен айналысуға

лицензия және/немесе

оған қосымшаны беру.

Білім беру қызметіне лицензия

беру www.elicense.kz порталы

арқылы тек электронды нысанда

жүзеге асырылады.

Жұмат Айтқожаұлы Төлебаевты

еске аламыз

Асыл бейнең - жадымызда

2022 жылдың 3 тамыз күні

ардақты әке, асыл жар Жұмат

қажы Айтқожаұлы Төлебаев

77 жасқа қараған шағында ауыр

науқастан дүние салды.

Жұмат Төлебаев 1946 жылы

15 маусымда Алтай өлкесі Борла

ауданы Октябрь ауылында дүниеге

келді. Новосибирск облысы

Қарасуық ауданы Қарасарт орта

мектебін бітірген соң, Семей

қаласындағы Н.К.Крупская

атындағы институттың филология

факультетіне оқуға түсті.

Абайтанушы ғалым Қайым

Мұхамедханұлы сынды өнегелі

ұстаздардан тәлім алды.

Жоғары оқу орнын тәмамдаған

соң Павлодар облысының

Баянауыл, Лебяжі, Май, сондай-ақ

Қарағанды облысының Егіндібұлақ

аудандарында оқу-білім салаларында

жемісті еңбек етті.

Қаламгер ретінде облыстық

және республикалық газетжурналдарға

өңірдің өзекті

мәселелерін қозғайтын мақалалар

жазып тұрды. 1990 жылдан бері

қарай Ақшиман орта мектебінде

директор, Май аудандық «Қазақ

тілі» қоғамының төрағасы,

«Шамшырақ» газетінің бас

редакторы болды.

Тәуелсіздігіміздің келуімен

асыл дінімізге қызмет жасауды

ұйғарып, арабша жазу мен

құран оқуды үйреніп, осы жолға

түбегейлі бет бұрды. 1996 жылы

отбасымен Павлодар қаласына

қоныс аударып, өмірінің соңына

дейін қаламыздағы «Ақ мешіттің»

беделді молдаларының бірі болды.

Дін мен руханият, ағартушылық

бағыттағы қызметтерін ұштастыра

жүріп, Алтай өлкесінің тарихынан

сыр шертетін «Ана

жұртым – Ресей, ата жұртым –

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе)

лицензияға қосымшасын беру -

30 жұмыс күні.

Лицензия және (немесе)

лицензияға қосымшасын қайта

рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық

ұйымдар «Е-лизенциялау» порталы

арқылы мектепке дейінгі білім беру

саласында қызметті бастағандығы

туралы хабарламаны беруге міндетті.

Павлодар облысының

білім саласында

сапаны қамтамасыз ету

департаменті.

(20150)

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз

ету комитеті Павлодар облысының білім саласында сапаны

қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу фактілері

туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75, 61-82-66 сенім

телефондары жұмысын жалғастыруда.

(20150)

Кереку мен Семей» атты

тарихи-этнографиялық еңбегін

жазды. 2006 жылы қажылық

сапардан оралған соң «Әкбар

қажылардың Меккеге сапары»

туындысы, 2016 жылы «Түркістан

сапары» атты кітабы жарық көрді.

Сонымен қатар «Режиссер Қадыр

Хамзин», Естай мен Қорланға

арналған «Қосылмаған қос

ғашық» прозалық кітабы, «Бәкі

Басарұлы», «Емші Жақып ата»,

«С русскими дружим давно»

және т.б. көптеген кітаптары

қалың оқырманға жол тартты.

Әрқашанда зиялылық жолда

жүріп, туған елі мен жеріне

аянбай қызмет етті. Кісілік

қасиеті мол, ақыл-парасаты

жоғары адам, қайраткер азамат

ретінде қоғамымыздың дамуына,

имандылық пен руханият

салаларының өркендеуіне сүбелі

үлес қосты. Отбасында балаларына

қамқор әке, немерелеріне

ардақты ата, жұбайына асыл

жар болды. Сырғыған уақытта

тоқтау бар ма, өмірден өткеніне

де қырық күн толып қалған

екен. Қимаймыз, сағына еске

аламыз...

Жұмат қажы Төлебаевтың қырық күндік асы Мәшһүр

Жүсіп мешітінің үлкен залында 18 қыркүйек күні сағат

12.00-де беріледі.

Еске алушылар: жұбайы Зайтуна, балалары: Аян,

Дәрмен, Дәуіржан, немерелері: Ғаламат, Марғұлан,

Осман, Рәмия, Дінзат және туысқандары.

(1081)

Экспорт және импорт бойынша

мәмілелерді тіркеу: бес қадам

Ұлттық Банктің Павлодар филиалы экспорт немесе

импорт операциялары туралы қалай дұрыс хабарлау

керектігін еске салады және импорттаушылар

мен экспорттаушылардың қателіктері туралы

баяндайды.

Егер Сіздің компанияңыз шетелдік

серіктестермен баламасы 50 мың

АҚШ долларынан астам ірі сауда

операцияларын жасаса, Сізге

ұлттық немесе шетел валютасын

репатриациялауды қамтамасыз

ету қажет. Экспорттаушылар үшін

бұл валюталық түсімді олардың

қазақстандық банктегі шотына, ал

импорттаушылар үшін операцияның

аяқталғанын, яғни тауарлардың

импортын есепке алуды білдіреді.

Стандартты сауданың басынан

аяғына дейін – 5 қадам.

Бірінші – шартта маңызды

талаптарды көрсетіңіз. Валюталық

бақылау бойынша міндеттемелерді

оңай орындау үшін шартты жасасу

кезінде екі нәрсеге: міндеттемелерді

орындау мерзімі мен шарттың сомасына

назар аударыңыз.

Мәміле валюталық бақылау

объектісіне айналуы үшін шарт

сомасы баламасы 50 мың АҚШ

долларынан асуы керек. Алайда,

мәміле сомасын көрсетіп, АҚШ

долларымен есеп айырысу қажет

емес: валюта шарт тараптарының

таңдауы бойынша кез келген болуы

мүмкін. Егер шарт басқа шетел

валютасында болса, шарт жасалған

күнгі нарықтық айырбастау бағамы

бойынша АҚШ долларындағы

операция сомасының баламасын

есептеңіз. Егер мәміле сомасы

көрсетілмеген болса, онда мұндай

шарт кез келген жағдайда жазбаша

тіркеуге жатады.

Міндеттемелерді орындау

мерзімі - бұл экспорттық мәміле

үшін тауарларға ақы төлеу мерзімі

және импортқа тауарларды жеткізу

уақыты.Экспорт немесе импорт

бойынша ұлттық немесе шетел

валютасын репатриациялау мерзімі

міндеттемелерді орындау мерзіміне

байланысты.

Екінші – репатриациялау

мерзімін есептеңіз. Бұл мерзім

тараптардың валюталық шарт

бойынша міндеттемелерін орындау

талаптары негізінде есептеледі.

Үшінші – шартты есептік тіркеу

үшін қызмет көрсететін банкке өтініш

жасаңыз. Сізге шартпен бірге репатриациялау

мерзімі есептелген

белгіленген нысандағы өтініш те

қажет болады. Шарт бойынша

міндеттемелерді орындауды бастамас

бұрын банкпен байланысу маңызды.

Экспорттаушылар үшін шотқа ақша

түскенге дейін, ал импорттаушылар

үшін тауарларды жеткізгенге дейін

шартты тіркеу маңызды.

Төртінші – шарттың орындалу

барысы туралы банкке хабарлап

отырыңыз. Егер тараптардың

бірінің міндеттемелерін орындауы

кешіктірілсе, және Сіз және Сіздің

серіктесіңіз жеткізілім немесе төлем

мерзімін ұзарту туралы қосымша

келісімге қол қойсаңыздар, банкке

уақытында хабарлау өте маңызды.

Бесінші – мәмілені аяқтаңыз.

Мәмілені сәтті аяқтаудың нәтижесі -

экспорттаушының шотына ақшаны

есептеу немесе импортталған тауарларды

жеткізу.

Сіздің банкіңіз репатриация

талаптарының орындалуын

қадағалайды және экспорт

немесе импорт бойынша валюталық

шартты экспорттаушының немесе

импорттаушының еркін нысанда

жасалған өтінішін алған кезден

бастап бес жұмыс күні ішінде

есептік тіркеуден алып тастайды.

Егер экспорттаушы репатриация

кезеңінде тауарлар үшін

шотқа төлем алса, онда дәл осы

сәтте экспорттаушының валюталық

бақылау тұрғысынан міндеттемелері

орындалған болып саналады.

Импорттық операциялар кезінде

импорттаушының міндеттемелерін

орындағаны туралы ақпарат

ақпараттық жүйеде көрсетіледі:

Еуразиялық экономикалық одақтың

резиденті болып табылатын компаниямен

мәміле жасасқан кезде

тауарларды әкелу және жанама

салықтарды төлеу туралы мәлімдеме,

шет мемлекеттің резидентімен

жасалған жағдайда - тауарларға

арналған декларация көрсетіледі.

Егер құжаттар көрсетілмеген болса,

мемлекеттік кірістер органының

аумақтық бөлімшесі тауарларға

арналған декларациялардың бар-жоғы

туралы және тауарларды айналымға

шығаруға өтінімдерді үш жұмыс

күні ішінде береді.

Міндеттемелерді орындау

мерзімдерін ұзарту туралы ақпарат

немесе орындалуын растайтын

құжаттар, егер шетелдік серіктес

экспорттаушы немесе импорттаушы

алдындағы орындамаған

міндеттемелердің сомасы баламасы

50 мың АҚШ долларынан

асып кетсе, репатриация мерзімі

аяқталған айдың соңғы күнінен

кешіктірмей ұсынылады.

Есептеулерді, жеткізу немесе

уақытында және толық көлемде

жеткізу мерзімін ұзартудырастау

маңызды - әйтпесе банк валюталық

шарт бойынша міндеттемелерді орындамау

туралы ақпаратты уәкілетті

органға беруге міндетті болады.

Ұлттық немесе шетел валютасын репатриациялау

талабын орындамағаны

үшін жауапкершілік: заңды тұлғалар

үшін әкімшілік жауапкершіліктен -

лауазымды адамдар үшін қылмыстық

жауаптылыққа дейін қарастырылған.

Сот қандай шара қолдану керектігін

шешеді.

Стандартты экспорттық және

импорттық операциялардан басқа

бірқатар ерекше жағдайлар бар.

Мысалы, егер тауарлар импорты

бойынша операция жасалмаса

және шетелдік сатып алушы

ақшаны қазақстандық жеткізушінің

шотына қайтарса. Тағы бір мысал,

мәмілені орындау валюталық түсімді

қазақстандық банкке есептеуді

білдірмейді. Немесе: Қазақстан

резиденті болып табылатын компания

шетелде іс-шара өткізеді және

тауарлар мен қызметтерге ақы

төлейді.

Барлық ерекше жағдайлар

валюталық бақылау қағидаларында

көрсетілген, бірақ жалпы принцип

бірдей: валюталық бақылау ережелері

барлық ірі экспорттық және импорттық

операцияларға, мәміле қалай

жүзеге асырылғанына қарамастан

қолданылады – алдын ала төлем

бойынша немесе іс жүзінде Сіз

тауарды қай елге жеткізіп жатырсыз

немесе қайдан жібересіз. Егер мәміле

сомасы баламасы 50 мың АҚШ

долларынан асатын болса, шартты

есептік тіркеуге және оның орындалу

барысы туралы хабарлауға

міндеттеме туындайды.

Валюталық бақылау сұрақтары

бойынша Павлодар қ., Академик

Сәтбаев к., 44 мекенжайы бойынша

Ұлттық Банктің Павлодар филиалында

кеңес алуға, немесе

8 (7182) 70–44–20, 70–44–21,

70–44–37 телефондары арқылы

хабарласуға болады.

«Қазақстан

Республикасының

Ұлттық Банкі» РММ

Павлодар филиалы.

(20149)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Ертіс Медиа»

ЖШС 66-15-41, «Қазпошта» АҚ ПОФ-тың жазылу бөлімі: 32-40-37,

32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 7606 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1491

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл БІЗДІҢ БРЕНД

SARYARQA SAMALY

ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІ

Жұртшылыққа

қуаныш сыйлады

Қарбыздың отаны саналатын Ақуллы ауданы Шарбақты ауылында

қарбыз фестивалі өтті. Аққулықтар келген қонақтарды жылы қарсы

алып, шараны түрлі ойындармен сәндендірді.

Шара қазақ күресімен

басталып, қарбыз ойындарымен

жалғасты. Келушілер

қарбыздардың дәмін татып

қана қоймай, олармен дойбы,

боулинг ойнады. Сонымен қатар,

қонақтардың назары сары түсті

қарбыздарға ерекше ауды.

«Қайрат» шаруа қожалығының

басшысы Қайрат Шапуов мұндай

қарбыздар тек менде бар дейді.

- Бұл саламен айналысып

жүргеніме 24 жылдың жүзі

болды. Жылына қарбыздың

40 түрін егемін. Солардың

ішінде ерекшесі - осы сары

қарбыздар. Мұндай қарбыз тек

біздің шаруашылықта өседі.

Осы орайда қарбыз фестивалін

ұйымдастыру туралы ойымды

қолдаған облыс басшылығына

алғысымды айтамын, - дейді

диқан Қайрат Шапуов.

Шараны қолдап аудан әкімі

Абзал Балғабаев келді.

- Қарбыздың отанына айналған

Шарбақты ауылының төрінде

осындай үлкен іс-шара өтіп жатыр.

Диқандарымыздың жаз бойы

еткен еңбектерінің жемісін көріп

отырсыздар. Шарамызға атсалысып

келгендеріңізге рақмет, -

дейді аудан әкімі А.Балғабаев.

Фестивальдің соңы ұлттық

ойындарға ұласты. Өңіріміздің

жігіттері ат үстінде күресіп,

бәйгеге қатысты.

Мақсат КӨЛТАЙ,

Аққулы ауданы.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!