14.05.2019 Views

Turk-Dövletleri-Birliyi-Qazax

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ДЖАВАНШИР ФЕЙЗИЕВ

ТҮРКІ

МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ

ОДАҒЫ

Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі

Білге қаған:

Ей, түркі халқы, бектері, ұлдары

сөзімді түгел есті. Түркіні Тәңір

ел еткенін мәңгі тасқа жаздым.

Жадыңда болсын, жаңылма.

Джаваншир Фейзиев Əзербайжан Республикасының Шеки қаласында

1963 жылы дүниеге келген. Əскери міндетін Қазақстанда атқарған.

Əзербайжандағы Шет тілдері мемлекеттік университетін ағылшын жəне

француз тілдерінің аудармашы-оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Ғылымпедагогика

жəне аударма саласында түрлі қызметтер атқарып, 2008 жылы

«Этно-саяси жанжалдардың моральдық аспектілері» тақырыбында диссертация

қорғаған.

Бүгінде 4 кітап пен 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Сонымен қатар,

оның 100-ден астам саяси-қоғамдық жəне тарихи мəселелерге арналған

мақалалары əзербайжан жəне шетел басылымдарында жарық көрген.

2005 жылдан Журналистер Одағының мүшесі, сонымен қатар, “Discovery

Azerbaijan” ғылыми танымдық журналының бас редакторы əрі құрылтайшысы.

2013 жылы Əзербайжан Журналистерінің съезінде Əзербайжан Республикасы

Бұқаралық ақпарат құралдары Басқармасының мүшелігіне сайланған.

Джаваншир Фейзиев 2010 жылдан Əзербайжан Республикасы Милли

Меджлисінің (Парламент) депутаты ретінде Халықаралық қатынастар жəне

парламентаралық байланыстар жөніндегі комитет жұмысына белсенді қатысып

келеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

Джаваншир Фейзиев

ТҮРКІ

МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ

ОДАҒЫ

Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық

үлгісі

“Ғылым” баспасы

Астана - 2016

УДК 327

ББК 66.4

Ф 36

Баспаға Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесі ұсынған

Басылымның әзербайжан тіліндегі нұсқасының ғылыми редакторы:

Фарман Исмайлов, философия ғылымының докторы, профессор

Аудармашы: Әли Сейідов

Кітаптың орысша нұсқасы баспаға Әзербайжан Республикасы Жазушылары Одағы

көркем аудармалар мен әдеби байланыстар Орталығының қолдауымен дайындалды

Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасын орысшадан аударған қазақстандық жазушы, ақын

Смағұл Рахымбек

Қазақ тіліндегі нұсқасының редакторы:

Берден Қабылов

Ф 36

ДЖАВАНШИР ФЕЙЗИЕВ.

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫ (Жаhандық ықпалдастықтың

Еуразиялық үлгісі) / Джаваншир Фейзиев, ауд. Әли Сейідов – Астана,

“Ғылым” баспасы, 2016. – 312 б.

ISBN 978-601-7793-31-9

Автор тәуелсіз түркі мемлекеттері Көшбасшыларының саяси ұстанымдарын негізге ала

отырып, Түркі Мемлекеттері Одағын құрудың алғышарттарын, жалпытүркілік стратегияның

басты мақсаттарын анықтауға, тәуелсіз түркі мемлекеттері арасындағы одақтастықтың

идеологиясын тұжырымдауға, түркілік геосаяси аймақты (ТГА) түркілік геосаяси жүйеге

(ТГЖ), ал түркілік геосаяси жүйені (ТГЖ) өз кезегінде – Түркі Мемлекеттері Одағына (ТМО)

өзгертудің заңдылықтарын ашуға тырысады. Кітапта Түркі Мемлекеттері Одағы идеясын

жүзеге асыру мәселесі халықаралық саясаттағы жағымды өзгерістерді жеделдетуге қабілетті

өтпелі кезеңдік үрдіс ретінде негізделеді. Автордың пікірі бойынша, түркі халықтарының

ұлттық-саяси еркінің бет-бейнесі саналатын Түркі Мемлекеттері Одағын құру идеясы

жүзеге асырылар болса, онда Еуразияның мүлдем жаңа саяси әлеуеті алдыңғы қатарға топ

жарып шығады. Өзінің мақсаты мен талабына сәйкес бір-біріне өте жақын Еуропалық Одақ

пен Еуразияның Түркі Мемлекеттері Одағы секілді екі саяси тұғырнама біртұтас жаhандық

саяси кеңістікте мәртебеге ие болады. Автор жаhандану үдерісі кезіндегі халықаралық саяси

тәжірибенің жаңа құбылысы ретінде түркі мемлекеттері ұсынатын бірлік моделін зерттейді.

УДК 327

ББК 66.4

ISBN 978-601-7793-31-9

© Фейзиев Дж., 2016

© “Ғылым” баспасы, 2016

МАЗМҰНЫ

Еуразияның келешегіне кемелденген ғылыми көзқарас.......................7

Кіріспе.......................................................................................................17

I ТАРАУ

ТАРИХТАН ТУЫНДАҒАН БОЛАШАҚ

1. Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси

қарым-қатынастардың құбылысы...........................................................29

2. Империяның патшалығында...............................................................42

3. Шашыраңқылықтың біртұтастығы.....................................................55

4. Түркі бірлігі идеясының эволюциясы................................................64

II ТАРАУ

ӨРКЕНИЕТТІҢ ЕРЕКШЕ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕГІ

ЖАЛПЫТҮРКІЛІК МӘДЕНИЕТ

5. Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер.........................79

6. Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі...........91

7. Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар – Түркілер...............103

8. Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер

алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі..................................................114

III ТАРАУ

ЕУРАЗИЯ МЕН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ

ДАМУ БОЛАШАҒЫ

9. Азия және Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі..................128

10. Ресей еуразияшылығы........................................................................138

11. Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты..........151

12. Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары.

Еуразияның«Түркілік бәтуаластығы»....................................................161

IV ТАРАУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА

ОДАҚТАР ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДАРЫ

13. Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау.............173

14. Еуропа және түркілер.........................................................................180

15. Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей

Әзербайжан...............................................................................................190

16. Түркі Мемлекеттерінің Одағы – халықаралық саясаттың

көшбасшысы және халықаралық құқықтың нысаны............................201

V ТАРАУ

МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ

17. Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының

тартылыс орталығы..................................................................................210

18. Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық.....218

19. Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері.................224

20. Одақтасудың идеологиясы мен тұжырымдамалық

ұстанымдары.............................................................................................232

VI ТАРАУ

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ

СТРАТЕГИЯСЫ

21. Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму

жүйелері.....................................................................................................244

22. Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым........................................252

23. Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер......................264

24. Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарымқатынастарды

дамытудағы түркі мемлекеттері бірлігінің маңызы.....276

Қорытынды.............................................................................................284

Әдебиеттер...............................................................................................299

«Ей, түркі ұлты! Сен өркениеттегі ержүректік пен жауынгерліктің

ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен өнегеліліктің де бөлшегісің.

Сен құрған өркениетте тарих мақтанышқа бай. Сенің өмір сүруіңе

жасалған саяси және қоғамдық қастандықтар болашаққа деген

қадамыңды қиындатып, тосқауыл жасағанымен, он мыңдаған ой-пікір

мен мәдениет таза және олар сарқылмайды, сонымен қатар мұра ретінде

өмір сүріп келеді. Қойнауында мыңжылдықтар оқиғалары сақталған

Ұлы тарих жаhанданудың осы кезеңінде мына әлемде саған да лайықты

орын бар екендігін көрсетеді. Солай қарай бағыт ұстан және өркенде!

Сен үшін бұл жалғыз шындық, сондай-ақ сенің ұлы міндетің».

Мұстафа КЕМАЛ АТАТҮРІК

«Өркендеудің жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқан қазіргі заманғы

түркі әлемі адамзат өркениетіне баға жетпес жаңа үлгілер ұсынуға

қабілетті. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі таңда бір жағадан бас

шығарған көптеген түркі республикалары түркі әлемінің болашағынан

үміт береді. Экономикалық, саяси және мәдени бағыттарда біріге

бастаған түркі халықтары жаңа әлемнің маңызды факторларының

біріне айнала бастады».

Гейдар ӘЛИЕВ

«Бізді жағрафиялық орналасулар ғана біріктіріп отырған жоқ. Бізді

өзара қарым-қатынастар, бауырластықтар, өткеніміз бен келешегіміз

біріктіреді. Бұрындары Түркия біздерді жігерлендірсе, бүгінгі күндері

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан

секілді елдер оның қуаттарын арттырып отыр. Біздің күшіміз – біздің

бірлігімізде. Біз бұл ынтымақты барлық жағынан да күшейте түсуге

тырысуымыз керек».

Илхам АЛИЕВ,

Әзербайжан Республикасының Президенті

«Біз Түркі дүниесінің түрлі мемлекеттеріміз... Алтайдан Жерорта

теңізіне дейінгі аралықта біздің 200 миллионнан астам бауырларымыз

өмір сүріп жатыр. Егер біз ынтымақтастығымызды арттыра берсек,

онда өте ұтымды күшке айнала аламыз».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

«Бізде бір дін, бір тіл. Тарих бізге түркілік бірлікті күшейтудің

тағы бір мүмкіндігін беріп отыр... Біз бірге болуымыз керек. Біздің

күшіміз – біздің бірлігімізде. Бұған бізде тарихи негіз де, саяси және

экономикалық салаларда өзара мүдделер де бар»

Алмазбек АТАМБАЕВ,

Қырғызстан Президенті

Халықатарымыздың ескі замандардан жалғасқан тарихи тамырластығы,

дәстүріміз бен құндылықтарымыздың сабақтастығы бізді

біріктіреді... Сондай-ақ, бізді мәдени байланыстардан бөлек, экономика

мен саясаттың түрлі салаларындағы, халықаралық байланыстар

мен аймақтық ынтымақтастықтағы стратегиялық әріптестігіміз

жақындастыра түседі.

Гурбангулы БЕРДІМҰХАМЕДОВ,

Түрікменстан Президенті

Бүгінде түркі дүниесінің тереңнен тамыр тартқан ортақ мәдениеті,

тілі жақындастыруға күш салуды қажет етпейді, бұл халықтар онсызда

ежелден жақын. Бізге әлеуметтік-экономикалық және саяси кедергілерді

жою керек.

Ислам КӘРІМОВ,

Өзбекстан Президенті

ЕУРАЗИЯНЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ КЕМЕЛДЕНГЕН

ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС

Джаваншир Фейзиевтің «Түркі мемлекеттерінің одағы:

Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі»

монографиясына кіріспе сөз

Біздің танымал ғалымымыз, философия докторы Джаваншир Фейзиев

өзінің ұзақ жылдарғы ғылыми ізденістерінің нәтижесі болып саналатын «Түркі

мемлекеттерінің одағы: жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі» атты

монографиясын жазып бітірді.

Мен осы монографияның қолжазбасын бірнеше қайтара оқып шықтым, әр

оқыған сайын өзім көп уақыттан бері жақсы білетін сыралғы да зиялы досымның

кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі соғысының өткені, бүгінгісі мен келешегі бар

түркі әлемі секілді қасиетті әлем үшін алаңдаулы екендігіне сене түстім!

Джаваншир Фейзиевтің түркі әлемінің жаңа жаңғыруға қол жеткізгенімен,

кездесіп үлгерген немесе келешекте кездесуі мүмкін қиындықтары туралы

ойлары, оның кедергілерден алып шығатын жолдар мен ұсынып отырған

моделдері маған қатты әсер етті.

…Негізінде біз бүгінгі күндері шұғыл өзгермелі, күтпеген тұстан бой

көрсетер қатерлерге толы әлемде өмір сүріп жатырмыз. Оның үстіне Батыстың

саяси билік дәлізінде жасақталған «жаhандану», «ықпалдастық», «адам

құқығы», «демократия», «халықаралық құқықтық нормалар» деген секілді сөз

тіркестерінен құлақ тұнады.

Әскери-экономикалық әлеуеті қуатты емес елдер мықтының айтқанынан

шыға алмайды, яғни күшті мемлекеттердің белгілі мақсаттағы саяси

талаптарын орындауға мәжбүр. Өмір сүріп жатқан планетамыздың, оның ішінде

Шығыстың да байлығын бөліске салған алпауыт мемлекеттер «жаhандану»

және «ықпалдастық» деген секілді саяси ұғымдарды өз пайдаларына жаратып

қалуға тырысады. Олар қашанда бұл ойларын жүзеге асыруға тырысады. «Адам

құқығы», «демократия», «халықаралық құқықтық нормалар» секілді ұғымдар

әлемдегі алып мемлекеттер үшін түрлі аймақтарға өз ықпалдарын жүргізудің

аса тиімді құралы ғана.

Шынтуайтында, әлемді әділеттіліктің халықаралық құқықтық нормалары

емес, керісінше әділетсіздіктен құралған күш басқарады.

Өзге халықтар, оның ішінде тәуелсіздігін енді ғана алған түркі мемлекеттері

үшін де аталған кедергілерден қалай аттап өтуге болады? Осы тұрғыдан келгенде,

мен Джаваншир Фейзиевті зор ықыласпен оқып шықтым және өзім алғы сөзін

жазып отырған оның монографиясын айтылып отырған тақырыптарға қатысты

құнды зерттеу деп бағалаймын.

7

Монографияның ғылыми редакторы Әзербайжанның философия ғылымында

танымал туындыларымен аталы сөздерін айтып жүрген философия

ғылымының докторы, профессор Фарман Исмайлов. Кітаптың қазақша нұсқасын

орыс тілінен аударып дайындаған – қазақ жазушысы, белгілі аудармашы

Смағұл Рахымбек және басылымның редакторы – қазақ журналисі Берден

Қабылов.

Бүгінгі күндері Әзербайжанның қоғамдық-саяси және ғылыми гуманитарлық

салалары да өзге бағыттардағы секілді маңызды жетістіктермен жіктеле

дамып келеді. Мұны бірінші кезекте Әзербайжанның өркениетаралық диалогтар

жүргізу алаңы ретінде танылуынан және әлем жұртшылығы елімізді саяси,

мәдени діни төзімділіктің үлгісі ретінде қабылдауларынан байқауға болады.

Қазіргі кезеңде біздің ғылымымыз бен мәдениетіміз әлемдік өркениетті

алға жылжытуға қабілетті үдерістерге өз үлесін қосып келеді, сонымен қатар

біздің еліміз өзінің қуатты әлеуетін жұмсау арқылы да жаңа мәселелер көтеріп,

жаңа амалдар мен технологиялар қолдану үстінде. Біздің ұлттық ғылымигуманитарлық

ой-өрісіміз Әзербайжанды түркі әлемінің бір бөлшегі ретінде,

ал түркі әлемін ұлы қозғалтқыш күшке ие ғаламдық деңгейдің құрамы ретінде

көруге жетелейді, өзара қарым-қатынасты жандандырып, олардың мәртебесін

құндылықтар биігінен орын алуды жүктейді.

Бүгінгі күні біздер үшін де, әлем жұртшылығы үшін де «жалпыадамзаттық

тізбектің», өркениетаралық қарым-қатынастың мызғымас бөлігі болып

табылушы, «түркі тізбегі арқылы» іргесі бекітіле түсетін жаңа әдістемелік

мәнмәтінді алдыңғы қатарға алынып шығуы өте маңызды. Әзірге «ой-өрістің

көнерген әдістемесімен» әрекет ете тұруды артық санайтын бірқатар батыстық

технологиялар құрлықтағы барлық өркениет түрлерін тек «Батыс планетасын»

айналып жүретін «ғарыштық серіктер» ретінде ғана танығылары келеді. ХХ

ғасырдан бастап, қазіргі ХХІ ғасырда да Азияның Еуропаға, тіпті Батыс әлеміне

тәуелділігінің кеми түсуі ендігі жерде жаңа кезеңге – абсолютті кемуге

және тепе-теңдік сатысына алып келді. Осы аталған түбегейлі өзгерулердің

халықаралық қоғамдық-саяси өмірі гуманитарлық ғылымдарда көзге

менмұндалап көрініп тұр.

Батыстың құрлықтағы басқа елдерден басымдығы мақұлданбаған жағдайда,

қоғамдық, саяси-экономикалық және мәдени өлшемдер бойынша қазіргі

заманғы гуманитарлық дүниетаным батыстың ғылыми технологиясын

жалпыадамзаттық құндылықтар ұстанымынан жоғары тұр деп есептемейді.

Сонымен қатар, Еуропа мен Азияны қосатын алып кеңістік – Еуразияда бастау

алып, осында дамып келе жатқан гуманитарлық мәдениет бұған дейін айтылып

келген «көнерген таптаурынды» жойып, бөтен елдің ойлау үлгісінен толық бас

тартқызатын, аймақ халқының (бірінші кезекте түркілер) тарихи тағдыры мен

қазіргі заманғы өмір сүруін жаңа ғылыми әдістемеліктер арқылы анықтайтын

жаңа ұстанымды адыңғы қатарға шығарады. Өз кезегінде Әзербайжанның

саяси-гуманитарлық ғылымы Еуразияның өзін-өзі тану үдерісін зерттеу

8

шарасына қосыла отырып, түркі әлемінің ұлттық, аймақтық және жаhандық

көрсеткіштері бойынша даму диалектикасына заңды сәйкестігін зерттеуді,

осы тұрғыдағы орасан зор тарихты бүгінгі күнге дейінгі бұрмалаушыларды

анықтауды, шындықты жеткізуді қолға алуды бастады.

Солардың бірі ретінде түрлі журналдар мен баспаларда өзінің ғылымипублицистикалық

мақалаларымен үлкен қызығушылық туғызып келе

жатқан философия ғылымының докторы Джаваншир Фейзиевтің «Түркі

мемлекеттерінің одағы: жаhандық ықпалдастықтың еуразиялық үлгісі»

аталатын ғылыми-публицистикалық еңбегін жатқызуға әбден болады. Түркі

әлемі мәселелеріне арналған көптеген еңбектердің маңыздылығын ескере келе,

мен осы еңбектің ерекше құндылығын көре отырып, алғысөз жазуға келістім,

өйткені Түркі Мемлекеттерінің Одағы идеясы тереңдетілген зерттеу негізінде,

тұжырымдалған үлгі ретінде алғаш рет жүйелі түрде берілді.

Бұл кітапта түркі әлемі, оның саясаттан гөрі этникалық географиясы

анағұрлым кең болатын жаhандық ықпалдастық үдерісіне жеті тәуелсіз

мемлекеттің белсенділікпен қосылып отырғандығы туралы жан-жақты да терең

баяндалады. Мұнда Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан,

Қырғызстан, Солтүстік Кипрдің Түркия Республикасы әрқайсысы және олардың

қазіргі заманғы дамуы, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағында өмір сүріп

жатқан түрлі мәртебеге ие түркілер туралы мол мағұлматтар беріледі. Жалпы

халықаралық өмірдің өзекті мәселесіне айналған Түркі Мемлекеттері одағы

қажет ыңғайда мейлінше кеңейтілген мәнмәтінде ұсынылады.

Менің пікірім бойынша, автор еш талассыз негізге алып отырған басты

негіздер мыналар: Еуразияның геосаяси тарихын жасаушылар – түркілер,

бүгінгі күні ол түркілердің күш жұмсауымен тіршілік етуде және алдағы уақытта

да осылай бола беруі тиіс. Түркі Мемлекеттері Одағы идеясы түркі әлеміне

негізсіз енгізіліп отырған жоқ. Бұл идея түркі әлемінің тарихи-саяси дамуының

қисынды қорытындысы ретінде ұсынылып отыр. Түркі Мемлекеттерінің Одағы

түркі өркениетінің ғасырлар бойғы күшейе түсуінің, ал бүгінгі күні – тәуелсіз

түркі мемлекеттерінің саяси одақтастыққа айналуының қорытындысы ретінде

бейнеленеді. Шынтуайтына келер болсақ, түркі әлемі өзінің бастапқы Отаны

саналатын Еуразияның кіндігінде өркениеттің қайталанбас алып та ғажайып

тарихи негізін қалады, сондықтан да ғасырлар бойына іргетасы бір-бір кірпіштен

қаланып келген құрылыс нысанын аяқтау секілді, Түркі Мемлекеттері Одағын

құруды да соңына дейін жеткізу шүбә келтірмейтін шындық. Бүгінгі

күннің жаhандық тарихы биігінен көз салар болсақ: бірде айырылып, енді бірде

қайта қосылған түркі әлемінің кедергілерге толы болған жолы ендігі жерде зор

жеңіске, яғни Түркі Мемлекеттері Одағын құру идеясын жүзеге асыруға алып

келеді.

Автордың талдауға негізделген түсініктемелері түркі әлемінің дамуын оның

ең қажетті деректері мен ерекшеліктерінен толықтай мағұлматтар келтіре

отырып, оқырманға ұсынады. Джаваншир Фейзиевтің зерттеулері, шын

9

мәнінде, Еуразияның – жасампаздықтың шынайы сәулетшісі екендігін тағы

да растап береді. Түркі өркениетінің сарқылмас әлеуеті тарихтың әр кезеңінде

өзінің жарқын қырларынан көрініс береді. Түркілердің панасынан қалған

естеліктер түрлі тарихи кезеңдердің біртұтастығын қалыптастырды. Автор

түркілерді өз мемлекетімін, бір этнос ретінде қатар жаралғандай деп әдейі атап

өтеді, ал шындығына келер болсақ олардың тарихы мемлекеттіктің генетикалық

рухынан және мемлекеттік тарихтан басталады.

Түркі мемлекеттігінің генезисін мұқият зерделеген зерттеуші ұлт пен

мемлекеттің сәйкестендірілуін тарихта тұңғыш рет түркілердің қолымен

жасалғаны мүмкін екендігін көрсетеді. Ежелгі мемлекеттің әлеуметтік-саяси

дүниетанымы жүйесіндегі осы Мемлекеттік сағана құдды бір «ұлт-әскерден»

жапсырып жасалған секілді. Сондықтан да, Еуразияда жаратылған түркі

мемлекеті өздері бастан өткерген тарихтың барлық уақытында тұрмысы

мен тіршілігі тұрғысынан әртүрлі де әркелкі болуы мүмкін десек те, олар

архетұрпаты жағынан өте ұқсас болған. Түркілік пассионаризмнің тарихисаяси

өзара қарым-қатынасының дамуы барысында, этникалық жүйенің көп

тармақтылығы мен жан-жақтылығын сақтай отырып, осы этносты мемлекет

орнатудың доминантына айналдырды.

Аталынып өткен үдерістер барысында мемлекет орнатудың мейлінше

маңызды шарты болып табылатын, мемлекеттік ойлау мен дүниетаным үрдісі

қалыптасты. Автор түркі мемлекетінің бірегей классикалық сапасын ерекше

қадағалай отырып, осы заманға үлгі болуға өте лайық бірқатар меритократиялық

қағидаттарға назар аударады: айталық, классикалық түркі мемлекетінде төменгі

қауым арасындағы қабілетті адамдардың, негізінен жастардың мемлекеттік

істерге тартылуы мүмкін болып қана қоймағанын, мұны тіпті биліктің өзі

де ынталандырып отырғанын алға тартады. Бірде-бір түркі мемлекетінде

«байлардың» қоғамдағы «кедейлерге» деген құлдық көзқарасы, адамдар

арасында олардың тегіне қатысты бөлушілік әдеті болмаған!

Түркі өркениетінің орасан қуаты Еуразия кеңістігіндегі алдыңғының

кейінгісіне этносаяси мұрагерлігінен, үлкен империяға (әлемдік мемлекет)

генеалогиялық қатысы бар мемлекеттің қайта жасалу үдерістерінен көрініс береді.

Джаваншир Фейзиев аталған тарихи эволюциялар мен өтпелі кезеңдердің бағытбағдарын

жан-жақты талдай отырып, Еуразияда түркілік этногеографияның

бірте-бірте дамуы түркі халықтары және олардың тілдерінің жіктелу үдерісінің

болмай қалмайтындығын және нақ империялық мемлекеттіктің базасындағы

немесе тәуелсіз түркілік мемлекеттікке қатысты жақындық негізінде қайтадан

ықпалдастық жаққа қарай бетбұрыстың, «бытыраңқы ұлттардан» бас

тартып, «біріккен ұлттар» болып ұйымдасудың қажеттігін көрсетіп береді.

Автор түркі өркениеті архитектоникасының жай-жапсарын егжей-тегжейіне

дейін зерттеу жұмысын жалғастыра отырып, жүйелік тұтастыққа ие түркі

өркениетінің архитектоникасын диахроникалық, болмаса синхрондық тұрғыдан

10

алынса да, оның барлық құрамдас бөлігі бірыңғай органикадан тұратынына

назар аударады.

Сондықтан да байырғы дәстүрі бар материалдық және өнегелік мәдениет

тарих үдерісінде қолдан қолға өту арқылы дамыды. Бұған мысал ретінде Орхон-

Енисей ескерткіштерін жатқызуға әбден болар еді. «Ұлттық өсиетхат» деген

жазуы бар осы тас ескерткіштер мемлекеттіктің жеңімпаз рухы мен Көктүріктер

империясының (552-745 жылдар) ұлттық кемелденуінің берік ұлылығын

бейнелейді. Еуразияның ең шалғай аймақтарын біріктіріп, «түркі» деген атауды

тарихта тұңғыш рет мемлекеттік деңгейге дейін көтере алған Көктүріктер

империясы Қытай, Сасанид, Византия империялары секілді алып та қуатты

мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды жөнге келтірді.

Ұзақ уақыт бойына өзінің атқамдық сапасын тұрақты түрде жетілдіріп келген

түркінің саяси мәдениеті, мемлекеттік және имперлік құрылым орнату дәстүрін

одан әрі шыңдай келе, түркілік идеология ретінде аса маңызды дүниетаным

жүйесін жасады.

Монографияда осы идеология, сондай-ақ оның өкілдерінің қызметі

мен шығармашылығы негізінде жасақталған түркілік қозғалыс жан-жақты

қаралады. Юсуф Акчура, Мирза Фатали Ахундзаде, Шейх Джамаладдин

Афгани, Гасан бек Зардаби, Исмаил бек Гаспыралы, Али бек Гусейнзаде,

Ахмед бек Ағаоғлы, Мамед Эмин Расулзаде, Зия Гёкалп, Заки Валиди Тоған,

Аяз Исхаки және басқалар секілді түркінің ұлы идеологтары аталған қозғалыс

барысында қоғамдық-философиялық және идеялық-саяси ағымдарды қалай

дамытқандары да зерттеледі. Идеологиясының негізін кемелді түркі бірлігі мен

түркі халықтарының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы қайтпас күрес құрайтын

саяси-гуманитарлық мәндегі түркі қозғалысы, әсіресе ХХ ғасырдың бірінші

жартысында жарқын көрініс берді.

Батыстың кейбір философтары «өркениеттер түйісуі» немесе

«араларындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа кескін-келбет

түріндегі берік бақтар орнатады», деп түйіндейді. Ал, Джаваншир Фейзиев

болса, өз кітабында батыстың саяси мәдениеттанушылары арқылы қазіргі заманға

дейін жеткен «түйісу» аталатын теориялық парадигмаға өзінің қарсы уәждерін

айтады және ол өз ой-түйінін нақты тарихи фактілермен дәлелдейді: тіпті де

өзге генезиске ие, алғашқы қауымдастықтың архетұрпаттық қасиеттерімен

сайланған түркілік және исламдық өркениет бір-бірінің бойындағы байырғы

құндылықтарды көргенде «сәл мазасызданады», бірақ кері бұрылып кетпейді

және де бар болғаны аз уақыттың ішінде бір-бірімен қоян-қолтық араласып

кетеді.

Түрлі тарихи жағдайларда түркілер мен ислам әскерлері ұрыс жүргізу

алаңдарында бір-біріне қарсы тұрған кездер болғанымен, осыған қарамастан

бұл түркілік және исламдық өркениетті қақтығысқа әкелмейді. Керісінше,

олар тарихта бұрын-соңды болмаған бірігу үдерісіне ұйымдасып, бір-бірін

толықтыра түсті, дамыды және күшейді де.

11

Соның нәтижесінде Шығыста исламның ең қуатты қылышы мен қалқаны

болып табылатын түркі мемлекетінің іргесі қаланады және Орта ғасырдағы

Түркі-Ислам империясы өркениетаралық қарым-қатынастың жетілген дағдысын,

сонымен қатар төзімділіктің де түрлерін қалыптастырады. Олар үстемдік еткен

аймақтарда бірде-бір этностың мәдениеті қираған жоқ, тілдер, әдет-ғұрыптар

мен дәстүрлер сақталды, адамның өмір сүру құқығына қатер төнген жоқ. Осы

көзқарас тұрғысынан келгенде, бұған дейін өте дұрыс айтып келген зерттеуші,

түркі тарихының шынайылығын бұрмалаған, жаңсақ пікірлердің барлығының

быт-шытын шығарып, әсілінде түркілердің саяси-мәдени міндеті өркениеттерді

бір-біріне қарсы қою емес, керісінше оларды жақындастыру мен өзара үйлестіру

екендігін көрсетеді. Осы бір ділдік қасиеттер көршілес жатқан халықтар мен

мемлекеттердің түркілерге деген жоғары құрметі мен терең шексіз сенімдерін

оятты. Олар саяси-ұлттық құрылыстың сәулетшісіндей, этностар арасындағы

қарым-қатынастардың реттеушісі болған түркілерге құлай сенді. Сондықтан да,

түркілердің сол уақыттағы басымдық етуінің арқасында Еуразияның геосаяси

архитектоникасын жасау мүмкін болды. Тура осы тарихи маңызы зор мақсатты

дамытқан түркілер Ұлы Жібек Жолы дипломатиясының негізін қалыптастырды.

Азиядан Еуропа төріне қарай тартатын Ұлы Жібек Жолы, ең алдымен түркілік

этногеографиялық жерлер арқылы тарқатыла келе, түркі мемлекеті аумағының

мыңдаған шақырымдарын басып өтті. Осындай жағдайда түркі мемлекеті мен

империясы көлік дәлізін біріктіруші ретіндегі Ұлы Жібек Жолының жетіле

түсуін қамтамасыз етті, сондай-ақ оны ұзақ уақыттар бойы бақылауда ұстап,

Еуразия мемлекеттері арасында сауда жүргізу мен ынтымақтастық жасаудың

қатаң тәртібін орнатты. Автор, «Тарихтан туындайтын, болашақ» сөзіне дәл

және өте дұрыс та ауқымды анықтама беріп, бүгінгі күннің ақиқатын былайша

баян етеді: «Қазіргі заманның халықаралық өмірінде Ұлы Жібек Жолын

өзектендіре түсу дегеніміз – әлемді дамытудың тарихи заңдылығы: саяси,

экономикалық және мәдени өмірі бар түркі әлемінің Үлкен Саясатқа қайта

оралғаны осы заманғы Еуразияның рөлін өзектендіре түседі. Шын мәнінде,

Ұлы Жібек Жолының тарихи сақтаушысы атанған түркілер, бүгінгі күндері де

сол міндеттерінен айнып қалмақ емес».

Әрине, Еуразияның тарихи геосаяси дамуында түркілер шешуші рөлге

ие болғандықтан, зерттеуші аталған мәселені мейлінше кеңейтілген

мәнмәтінде зерделейді, ғылыми-теоретикалық әдеби орталар мен саясаткерлер

ұйымдастырған, осы тақырыпқа қатысты пікірсайыстарға белесене араласады.

Ол, өз ұстанымдарына шынайы көзқарасты ұстана отырып көз жеткізуге

тырысады. Өзінің сараптауға негізделген түсініктемелерінде автор Батыстың

Еуразияға қатысты империалистік ұстанымынан туындайтын, Еуразия

болмысына деген жалған біржақтылықты ашып көрсетеді.

Бүгінгі күнгі жаhандық саясатта Азия мен Еуропаның өзара қарым-қатынасын

дамыта түсу үшін Түркі Мемлекеттері Одағы ұсынған байсалды сенімділік пен

геосаяси кепілдік және геостратегиялық мүмкіндіктер, түркі мемлекеттері оның

12

басты беталысындағы әрекетінің бағыты мен Еуразияны дамыту келешегіне

қатысты нақты өзгерістердің қажет екендігі туралы ой туындайды. Аталған

аймақтың геосаяси қауіпсіздігінің алғышарты ретінде «Түркілік бәтуаластыққа»

маңызды орын беріледі. Автор өз кітабында халықаралық қауымдастық үшін

Түркі Мемлекеттер Одағы идеясының маңыздылығын қисынды түрде дамыту

мәселесімен айналыса отырып, бірқатар тосын да қызықты қорытындыларға

келеді: әрине, тәуелсіз мемлекеттер субъектілерінің өзара мүдделері ескеріле

отырып, әлемдегі жаhандану үдерісін жеделдете дамыту, халықаралық

саясат пен халықаралық құқықта жаhандық өзін-өзі ұйымдастыру үлгісіндегі

секілді бірлестіктің құрылуының қажеттігіне алып келеді. Алайда аталған

«бірлестікті» стихиялық тұрғыда ғана болады деп түсінбеу керек, керісінше бұл

заңдылықтар мен өзіндік геосаяси баланстарға негізделе отырып, шынайылыққа

айналуы мүмкін. Автордың нақты пікірі бойынша, қазіргі уақытта әлемдік

мемлекеттердің ішкі ықпалдастығы жалпыұлттық, лингвистикалық, діни,

өркениет негіздерінде және аталған ықпалдастықтың ұзақмерзімдік келешегінің

ұйғарымымен, өздерінің саяси және экономикалық мүдделері арқасында

бірлестіктің құрылуының өте салмақты кепіліне айналады.

Түркі елдерінің ішкі ықпалдастығының қажеттілігі барысында Түркі

Мемлекеттерін біріктіру және осы үдерістер жағдайында жаhандық

ықпалдастық үдерісінің «кеңістігіне» шығу мәселелері де халықаралық

саясаттың қажеттілігіне айналады және халықаралық құқық заңнамалары

арқылы құрылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мүмкіндік мемлекетаралық қарымқатынастардың

жан-жақты құқықтық қағидаттарымен, сондай-ақ егемендіктің

ұлттық мүддесін сәйкестендіре алатын саяси одақтастықтың нәтижесінде ғана

жүзеге асырылады.

Автордың айтуынша, егер де ХХ ғасырда Еуразияның еуропалық

аумағындағы Еуроодақтың құрылуы бірқатар ішкі ықпалдастықты туғызып,

осы одақ халықаралық өмірде көптеген үдемелі өзгерістердің бастамашысы

болса, ендігі ХХІ ғасырда Еуразияның түркі елдері қоныстанған геосаяси

аумағында Түркі Мемлекеттері Одағын құрудың қажеттілігі бұрынғыдан да

басым мүмкіндікке ие болды.

Аталған бірлестік халықаралық деңгейдегі, әсіресе Азияның келешегіне

қатысты саяси жүйе бойынша тегеурінді өзгеру үдерістерін ынталандыра

алады. Еуроодақ пен Түркі Мемлекеттері Одағы Еуразиядағы саяси-өркениеттік

бірігудің көрнекті үлгісі болар еді және де тікелей айтқанда, Еуропа мен

Азия қалыптасқан құрлықтық қарама-қарсылықтан шығып, нағыз жаhандық

ықпалдастық пен ынтымақтастыққа қарай бағыттайтын өзгерістердің шешуші

кезеңіне айналар еді. Мұндай жағдайда Еуразиядағы қандай да бір гегемонның

басымдық етуі, қандай да бір мемлекеттің өзгелерден артықшылықта болуына

алып келмейді. Бүгінгі күндері Орталық Азия, Кавказ және Кіші Азияның

жерлерін алып жатқан түркілік геосаяси аймақты дамыту, Еуроодақтың

жергілікті баламалық таңдауы саналатын Түркі Мемлекеттері Одағы идеясын

13

сөзсіз жүзеге асыруға алып келеді, бірақ оған қарама-қайшылық етпейді,

керісінше – бірыңғай жаhандық саяси кеңісітік тұрғысынан келгенде Еуразияны

орнату жобасын аяғына дейін тыңғылықты жеткізеді.

Джаваншир Фейзиев осы идеяның тұжырымдамалық негіздері ретінде

жиырма жылдан бері түркі мемлекеттері арасында тұрақты түрде бірлесе

өткізіліп келе жатқан Достық Съезі, Түркі Халықтарының Бауырластығы

мен Ынтымақтастығы, Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиттері,

Түркітілдес елдер Ынтымақтастығы Кеңесінің отырыстары, TÜRKSOY

ауқымындағы кездесулер, Түркітілдес Елдер Парламенттік Ассамблеяларының

Сессиялары секілді маңызды шараларда мемлекетаралық қарым-қатынастардың

дамып келе жатқандығын растайтын қол қойылған немесе қабылданған

шешімдер, бірлескен декларациялар мен өзге де құжаттарда көрсетілгендей, өз

халқының ерік-қалауын білдіретін тәуелсіз түркі елдері басшыларының саяси

ұстанымдарын сенімді дәлел ретінде алға тартады.

Автор осы айтылғандар негізінде мынадай қорытындыға келеді: жалғыз

мақсатты көздеген бағыттық әрекет қай нүктеде кездеседі және жүйелендіріледі?

Әрине, Түркі Мемлекеттері Одағын құру тұғырнамасында! Аталған идеяны

негіздеу үшін автор өз кітабында – Мұстафа Кемел Ататүрік, Гейдар Алиев,

Илхам Алиев, Абдулла Гүл, Нұрсұлтан Назарбаев және Алмазбек Атамбаев

секілді аттары әлемге мәшhүр тұлғалардың айтқандарын эпиграф ретінде

таңдап алып отыр.

Әзербайжан мемлекеті түркі әлемімен барлық бағыттардағы қарымқатынастарды

дамытуға мүдделі, өйткені бұл біздің тәуелсіздігімізді күшейтіп,

әрі түркі әлемінің ішкі байланысын нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар

саяси-географиялық кеңістік болып табылатын, халықаралық жүйеге аса қажет

конфигурация ретіндегі түркі әлемі қол жеткізген үрдістің де беки түсуіне жол

ашады.

Сондықтан да Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев

түркі әлемі мәселелері тақырыбына арналған сөздерінде, Әзербайжанның

ұстанған жолын көрсете келе жалпытүрікілік бірлікті қолдайтынын білдіріп,

халықаралық саяси ахуалға байланысты осы тұрғыдағы ой-пікірін былайша

жеткізеді: «Қарым-қатынас мәселесіндегі біздің көзқарасымыз Еуропамен,

ірі мемлекеттермен сәйкес келеді, бұл біздің бірігуіміз, ортақ әрекеттің

жалпы жоспарының болуы үшін үлкен маңызға ие». Әзербайжан мен Түркия

арасындағы көпқырлы қарым-қатынас пен бүгінгі одақтастықты – бұл «дамып

келе жатқан түркі әлемі қарым-қатынасының тартымды орталығы»,

деп бағалаған автордың бұл пікірі өте орынды. Бұл бауырластыққа ешқашан

ешқандай да сызат түспейді, өйткені мұның бастауында Әзербайжан мен

Түркия мемлекеттерін біріктіретін аса маңызды саяси ұстанымның ұйытқылары

Мұстафа Кемел Ататүрік пен Гейдар Әлиевтер тұр.

Джаваншир Фейзиев Түркі Мемлекеттері Одағын құру үдерісін

табысты аяқтау үшін іс-әрекеттердің басты бағыттарын сараптама

14

түріндегі зерттеулерінде де, сондай-ақ жалпы мәнмәтінде де тәуелсіз түркі

республикаларының бірыңғай тәуелсіз саясатын өмірге енгізудің қажеттігіне

кеңінен тоқталады. Өйткені, жалпыға ортақ құндылықтарды жасаудың қазіргі

заманғы тәжірибелері үшін үдерістерді кеңейту мен тереңдету, шын мәнінде де,

түркі әлеміндегі идеология, ғылым, білім, әдебиет, өнер, баспа салаларындағы

гуманитарлық қатынастарды дамытудың басты шарты болып табылады. Автор

жалпытүркілік одақты дұрыс дамыту мақсатындағы өте нәзік мәселелерге

жалған түсініктемелер берілмеуінің алдын алу үшін, түркі мемлекеттері

арасындағы тұжырымдық идеологиялық одақтастықтың негізгі мақсаттарын

арнайы атап-түстеп өтеді: «Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігіне титтей де

залал келтірмейтін, алып мемлекеттің құрылымының қандайда бір үлгісін

қажетті деліген ықпалдастықпен қоспайтын, тіпті конфедерациялық

үлгіні де жоспарламайтын, халықаралық жүйенің егеменді субъектісі

одақтастығының байыпты мәртебесіне сүйенетін одақ құру» (Еуропалық

одақ секілді).

Бұл тәуелсіз түркі мемлекеттерін егемендік жолынан ешқашан да

айнымайтын, дамудың келешек жолын нақты көрсететін, шынайы саяси

прагматиканың пайда болатынын дәлелдейді.

Тәуелсіздік – бұл түркі мемлекеттерінің қазіргі заманғы бірлігінің кепілі, ал

Бірлік – олардың Тәуелсіздігінің өзара кепілі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік пен Бірлік

одақтастықтың ең жоғарғы талабы саналатын – даму кепілі.

Кітаптың соңғы, қорытынды тарауы «Түркі Мемлекеттері Одағының

Стратегиясы» аталатын маңызды мәселелерді қамтып отыр. Мұнда да зерттеуші

тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясының табиғи бірігуін

құрайтын, жалпы стратегияның негізгі қағидаттарын анықтап беріп отыр.

Автор ұлттық, жалпытүркілік, әлемдік өлшемдер арқылы құрылған

геостратегиялық тұғырнаманың маңыздылығын алдыңғы қатарға шығарады.

Түркі Мемлекеттері Одағын құру идеясында тәуелсіз түркі мемлекеттерінің

түбегейлі стратегиясының негізгі мақсаттары олардың одақтастық базаларында

жұмыс жасайтынын білдіреді. Сонымен қатар, түркі халықтарының

диаспоралық ұйымдарының көмегімен халықаралық деңгейде жалпытүркілік

ұйымдастырушылыққа бағытталған үйлестіру қызметінің де өте қажет екендігін

сөз етеді.

Джаваншир Фейзиев, қажетті өзгерістерді уәж ететін жетекші үдерістер мен

факторлардың бүгінгі таңда орын алып жатқан үдерістерін талдай отырып,

жаhандық саясаттың жағымды бағытқа өзгеруі мен халықаралық қатынастардың

дамуына Түркі Мемлекеттері Одағының тигізетін әсері мен оның атқарар

рөлін атап көрсетеді.

Түркі Мемлекеттері Одағын құру алдымен әлемдік қауымдастыққа пайдалы,

ал әлемдік қауымдастықты нығайтуға септігі күшті ықпалдастық, аталған

Одаққа да өзара тиімді. Бұл үдерістер бір-бірімен тығыз табиғи байланыста.

Нақ осы өзара тиімділікке сүйенетін Түркі Мемлекеттері Одағы тарапынан

15

«Еуразияны барлық өркениет кеңістігіндегі ең үлкен сұхбат кеңістігіне, ал осы

өркениеттерге тиесілі мемлекеттерді, тұрақты даму полигонына, мызғымас

әлемге, өзара сенім мен іргелі даму үдерісіне» айналдыру ниеті туындайды.

Егер де қазіргі заманның жаhандық саяси үдерістерін, бүгінгі уақыттың

үдемелі ой-өрісі болжамдарының барысын, әлемнің даму диалектикасын,

Жаңа Тарихтың қозғалысының қолайлы конфигурациясы мен бағыттаушы

күштерін және де осы келтірілген қарсылықтарға сәйкес Түркі Мемлекеттері

Одағының өзін-өзі таныту шарасының қажеттілігін ескерер болсақ, онда

автордың парадигмалық идеясынан: «ХХІ ғасыр Жеке-даралардың емес, ол

Одақтастықтардың ғасыры болмақ!» – деген ойды түсінуге болады.

Джаваншир Фейзиев өзінің «Түркі Мемлекеттерінің Одағы: Жаhандық

ықпалдастықтың еуразиялық үлгісі» аталатын монографиясын жазу барысында

түрлі тілдерінде жазылған ғылыми еңбектер мен көптеген материалдарды

қарап шықты, оларға терең талдаулар жасады, соның нәтижесінде озық ойлы

ғылыми қорытындылар жасады. Біздің пікірімізше, оның батыстық көптеген

тілдерде жазылған түрлі-түрлі әдебиеттерді өзінің еңбегіне пайдалана алуын

терең ізденістен туындаған үлкен жетістік деп бағалауға болады.

Мен «Түркі Мемлекеттері Одағы: Жаhандық ықпалдастықтың еуразиялық

үлгісі» атты монографияны үлкен қызығушылықпен оқып шықтым және алғы

сөз де жаздым, сондай-ақ бұл шығарманы біздің ғылымның аса маңызды

жетістігі деп санаймын.

Сөз соңында осы аталған шығарма жөнінде оқырмандарға өтініш жасағанды

лайық көріп отырмын.

Құрметті оқырмандар! Сіздерге ұсынылып отырған осы кітап түркі

әлемін жан-тәнімен сүйетұғын, оның тарихын бағзы заманнан бүгінгі күнге

дейін ерекше жігермен талмай зерттеген және біздердің түркі әлеміне деген

сүйіспеншілігімізді оята білген адам еңбегінің жемісі. Бұл кітапты оқи отырып,

түркі әлемінің кешегісін де, бүгінгісін де және ертеңгі күнін де көз алдыңызға

келтіріп, Түркі Рухының осыншалық ұлылығын сезіне аласыз!

Джаваншир Фейзиевтің осы құнды еңбегі түркі халықтарының өзге де

тілдеріне аударылуы тиіс деп ойлаймын, сонда бұл жалпытүркілік оқырмандар

үшін жасалған теңдессіз үлес болып қала береді!

Авторға жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!

Ягуб МАХМУДОВ

Ғылымға еңбек сіңірген қызметкер,

Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті,

Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

16

КІРІСПЕ

Түркі мемлекеттерінің бірігуі секілді орасан зор идея қалыптасуы жолында

негізгі сатысы аяқталып, ең қиын саналатын бастапқы кезеңінен өтті:

Еуразияның көптеген түркі тектес халқы Еуразияның ең соңғы әрі ең ірі

империясы – Ресейдің құрамынан шығып, әрқайсысы өз мемлекеттерінің

тәуелсізігін қалпына келтірді.

Осылайша, болашақта қазіргі Еуразия кеңістігінде орналасқан тәуелсіз

түркі тілдес ұлттық мемлекеттерді мызғымас одақтастыққа алып келетін жаңа

геосаяси ахуал қалыптасады.

Ал бұл өз кезегінде, түркі халықтарының еншісіне бұған дейін болып

көрмеген жаңа тарихи мүмкіндіктер ашады. Егер де тағдыр мен тарих беріп

отырған осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алмаса, онда тәуелсіз түркі ұлттық

мемлекеттері қайсыбірінің, сөз жоқ, әлемдегі қазіргі алып мемлекеттердің

қолбаласына айналуы немесе солардың ықпалында қалып қоятыны анық.

Сондықтан да, мемлекеттілік тәжірибесі өте зор, солай бола тұра шамамен

соңғы 200 жылдай уақыт «саяси құбылнамасын» жоғалтып алған, соның

салдарынан ІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІІ мыңжылдықтың басындағы түркі

халықтарының бағын байлаған тарихи ащы кезеңдер, ендігі жерде үлкен саяси

кеңістікке тек қана бірігіп кірісудің, сондай-ақ жоғары деңгейдегі геосаяси және

саяси қатынастарды орнатудың өте дұрыс бағыт екендігін дәлелдейді.

Барлық саладағы мәдени-экономикалық ынтымақтастықты дамыта отырып,

олар нақты бірлікке қарай жылжып келеді. Кезінде империя атанған, уақытында

тәуелсіз мемлекеттер болған (тіпті, ұйғырларды да айтуға болады) түркі

халықтары, бүгінде басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүріп, өздерінің

ұлттық қауымдастықтары мен автономиялық құрылымдарын жасаумен

шектеліп келсе, ендігі жерде олар аталған үдеріске түрлі деңгейлерде қосылу

мүмкіндіктеріне ие болды.

Бүгінгі күндері түркі мемлекеттері идеясы мен олардың одақтастық құру

мүмкіндігінің шынайы екендігіне ешкімнің де күмән келтіре алмасы анық,

Сол секілді бұл үдерісті кері бағытқа бұру, оны тежеу, бұзу, өзгерту секілді

қисынсыздықтарға жол беру еш мүмкін емес.

Еуразияның саяси дамуы оны өзінің байырғы қайта жаңғыруына Әзербайжан,

Түркия, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Солтүстік Кипрдегі

Түркі Республикалары арасында мызғымас бірліктің орнауына алып келеді.

Аталған мемлекеттер осы кеңістікте мықты тәуелсіз саясат жүргізіп, үстемдік

етушілерді өздерінің бұрынғы орындарына оралуларына мәжбүрлейді және

Еуразия кеңістігін бейбітшілікке, қауіпсіздікке, баянды және тұрақты дамудың

құтты мекеніне айналдырады.

17

Соңғы онжылдықтарда, яғни Тәуелсіздік Кезеңдерінде түркілер өмір

сүріп жатқан осы бір дархан далалы георграфиялық кеңістікте қай мағынада

алып қарамасақ та, империалдық пиғылды көксейтін саясатты орнатуға күш

жұмсалғаны бүгінде ешкімге де жасырын емес. Тек осы халықтар тұрып жатқан

аумақтарға ғана емес, сонымен қатар олардың мәдениеті мен ақыл-парасаты

және ой-өрісіне дейін қожалық жасаудың белгілері көрініс берді; барлық

материалдық және өнегелілік ресурстарына дейін аталған саясат мүддесіне

қызмет етті.

Дегенмен, тәуелсіздіктен бастау алған жаңа геосаяси жағдай, оларға өздерінің

ерік-қалауларын білдіру мүмкіндігіне ие болған түркі республикаларын бұрынғы

саясаттан бас тартып, «түркі географиясына» жақын ұйысуды талап етеді.

Ендігі жерде, өздерінің маңыздылығын терең түсініп, тарихи мемлекеттігінің

алып күрделілігін сезінген, өздерінің саяси-экономикалық мақсаттарын да

анықтап алған түркі халықтарының қайтадан біреудің «басыбайлылығына»

немесе алып елдердің бірінің қолтық астына қайта кіреді деп ойлаудың өзі

мүмкін емес.

Дегенмен, жоғарыда айтылғандар болмауы үшін не істеу керек? Әрине,

мықты болу керек. Ал, мықты болу үшін не істеу керек? Мықты болу үшін,

әрине алдымен түркі тілдес мемлекеттердің мызғымас бірлігін құру керек.

Бүгінгі бірлік – жаhандық және аймақтық саясаттың бағдарын белгілейтін ең

басты фактор. Мысал үшін Еуропалық Одақты алып көрейік. Өткен ғасырдың

басында әлемнің осы аталған жетекші аймағында өте мықты мемлекеттер

тіршілік етті.

Алайда, олардың бір-бірлеріне деген үзілді-кесілді наразылықтары

Еуропадан басталған екі дүниежүзілік соғысқа алып келді. Ақырында

Еуропалықтар жалғыз жүріп күшті болу соғыс пен кері құлдыраушылықтан

құтқарудың кепілі еместігін түсінеді. Керісінше нағыз күштілер қақтығыстың

дәл ортасынан табылып, күтпеген тұстан тап беретін қатерлерден жалт бермей,

керісінше бетпе-бет кездесуі керек. Күштің қуаты бірлікте екендігін түсінген

батысеуропалықтар қақтығыстарға қарсы күш біріктіретін Одақ құруды

ұйғарды. Қазіргі заманғы түркі мемлекеттерінде бір ел мен екінші ел арасында

қақтығыстар туғызуы мүмкін саналатын «ішкі қайшылықтар қауіптілігі»

жоқ. Алайда, түркі әлемінің біртұтастығына сызат түсіруді көксейтін «сыртқы

қауіптілік» барлық кезеңде де болған, қазір де бар және мұндай қатер алдағы

уақытта да бола бермек. Мұндай қатерлерге қашанда дайын болу керек, күшті

бола түсіп, бірігу керек, және біріге отырып, күшті бола түсу қажеттігі бүгінгі

түркі әлемінің берік те тұрақты анықтауышы болуы керек.

Нақ осыған қатысты Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам

Әлиев: «Біз қаншалықты бірге болсақ, біздің күшіміз де соншалықты өсе

түседі» деп өте орынды да тамаша сөз айтқан еді (91). Расында да осы айтылған

шынайы ақиқатқа тең келер балама сөз жоқ десе де болады. Түркі Мемлекеттері

18

Одағын құру дегеніміз басқа мемлекеттер мен бірлестіктерге қарсы тұратын

күш емес екендігі де мойындалған шындық. Ол әскери-саяси мақсаттарды

көздемейді, керісінше айналасында мұндай әскери блоктардың болуын және

олардың басқыншылдық пейілде болуларын қаламайды.

Түркі Мемлекеттері Одағы тәуелсіз түркі республикаларынан, түркі

тектестердің халықаралық субъектілерінен толықтай тәуелсіз негізде құрылады.

Мұндай одақ әлемдік бірлікті нығайта түсіп, халықаралық қауымдастыққа тың

күш-жігер беретін, жаhандық саясаттағы тең құқықсыздыққа, сепаратизмге,

оқшаулау шараларына және басқа да келеңсіз үрдістерге қарсылықты

күшейтетін үдеріс болып табылады. Еуропалық Одақтың ХХ ғасырдағы

адамзаттың тарихи-саяси өмірі мен халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз

етудегі атқарған рөлі секілді, Түркі Мемлекеттері Одағы да аса маңызды саяси

тәжірибелер мен қуатты әлеуеттерге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Тек осы жағдайда ғана Түркияның бұрынғы Президенті Тұрғұт Озалдың

1992 жылы тәуелсіздік алып жатқан түркі республикаларының бауырластық

қатынастарының тереңдей түсуіне ықпал болған: «Жиырма бірінші ғасыр

түркілер ғасыры болады» деген ұран сөзі бүгінгі күндері шындыққа айналып

отыр.

Сол уақыттың өзінде түсініктеме берушілер осы батыл да, оптимистік

бағытта айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіре отырып, оның тек Түркияға

ғана емес, барша түркі мемлекеттерін қамтитын және объективті есепке сүйене

айтылған терең ой екендігін түсінген еді.

Түркі бірлігі идеясы тың бастама емес. Бұдан көп уақыттар бұрын Еуропалық

Одақ құрылған сонау ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, түркі әлемінде, оның

ішінде Әзербайжан мен Түркияда дүниежүзінің барлық түркілерін біріктіру

жөнінде ұсыныс көтерілген болатын. Солай бола тұра, империалистердің

«пантюркизм» және «пантуранизм» деп атаған аталмыш қозғалысты олар

өздері аяусыз қудалаушылық пен идеологиялық арандатуға ұшыратты.

Алайда нендей алапат қысымға іліксе де қалыбынан танбаған қозғалыс ішкі

рухани өзегін сақтап қалды.

Осыдан тура жүз жыл бұрын Түркия мен Әзербайжан Халық Республикасы

ұлттық саясаттың өзегінде жалпытүркілік бірлік идеясының жатқандығын

тамыршыдай тап басып, анықтай білді. Тарихтың терең қойнауынан тамыр

тартқан аталмыш идея бертін келе, яғни ХХ ғасырда өз тәуелсіздігін қызғыш

құстай қорғай білетін Түркі Республикасы мен тәуелсіздіктеріне қол жеткізе

бастаған түркі республикалары арасында орнаған қарым-қатынастар барысында

жүзеге асырыла бастады.

Алтайдан бастап Балқанға дейінгі аралықта құлашын кеңге жайып жатқан

Еуразия кеңістігіндегі түркілік суперэтностың бірлігі жөніндегі пікірлер бүгінде

әлем жұртшылығының жүрегі мен назарында тұр.

19

Бүгінгі күнгі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қозғалысы түркі мемлекеттерінің

тарихи дәстүрлі бірлігіне арқа сүйейтін, қазіргі заман қажеттілігінен туындап

отырған Одаққа қарай қадам басуды мұрат етуде. Мұның өзі бүгіннің талабынан

туындаған лайықты шаралар.

Соңғы жүз жыл ішіндегі саяси тәжірибелерге назар аударар болсақ, Мұстафа

Кемел Ататүріктің ұлттық мемлекеттікті қорғау жөніндегі шешімі жаңа жас

түркі мемлекеттері үшін үлгі болып қалды. Мұстафа Кемел Ататүріктің өз

кезіндегі түркі әлемінің ұлттық мүддесін үйлестіру саясаты мен жаңа тарихи

жағдайдағы Гейдар Әлиевтің түркі әлемінің көшбасшылары мойындаған

ұсыныстары бүгінгі түркі әлемінің бірлігіне бағытталған қадамның аса маңызды

бөлігі болып қалады.

Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев және Түркия мен

өзге де түркі республикаларының көшбасшылары жалпы түркі әлемінің саясиэкономикалық

байланыстарын тереңдетуге бағытталған құжаттарға қол қойды

деп есептелгенімен, ақиқатында олар өз елдерінде гүлденген келелі келешектің

үлкен қақпасын ашуға арналған тарихи миссияны орындаған еді. Әзербайжан

Республикасының Президенті Илхам Әлиев, «Барлық салалардағы өзара

қарым-қатынастар барысынан біздер тек қана тиімді дамулар көрініс береді.

Бүгінгі күнде біздердің арамыздағы қарым-қатынастарға сызат түсіре алатын

бірде-бір мәселе жоқ... Бір мәселе бар – ол аталған қарым-қатынастарды қалай

толыққанды ету, бұдан да тиімді бағыттарға жол ашатын жаңа шешімдер

қабылдау және оларды бекіте түсу»(9, 57 бет).

Түркі мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастарына қатысты қазіргі

құжаттар тек ресми түрде айтылған сөз ғана емес, бұл саясаттан экономикаға

дейінгі, мәдениеттен ғылым мен білімге дейінгі барлық бағыттардағы біздің

қатынасымыздың негізін құрайтын құжат.

Тек қана осындай көпжақты негіздерде ғана бірлескен саяси тұғырнама,

экономикалық география мен ұлттық-мәдени сәйкестендірулер қалыптасады.

Егер де түркі тегінен тараған халықтар мен олардың жетекшілері тым

ертеден келе жатқан туыстық сезімдер және тарихи қан жақындығы, сондай-ақ

мұнайгаз құбыржелілілері арқылы байланысты болмай, тек физикалық сипатта

ғана болса, онда арадағы жақындық қаржы пайдасы шеңберінде қалар еді.

Дегенмен, біздің жүрегіміз бен ой-өрісіміз бір ғана идеяға қызмет еткендіктен,

бізді жақындастырып отырған физикалық және материалдық амал-әдістер екі

есе күшті маңызды мәнге ие болады. Әзербайжан Республикасының Президенті

Илхам Әлиев осы айтылған терең мағыналы нақылға пара-пар сөздерді ескере

отырып: «Жер жүзінде Әзербайжан мен Түркиядан өзге бір-біріне соншалықты

етене жақын елдер жоқ», деп айтқан болатын. Осы күндері арадағы жылы

қарым-қатынастар түркі әлемінің нақты болмысы болып табылады. Бүгінгі

түркілер өз тарихының аса күрделілігін, өткенін терең түсіне және ғасырлар

бойы ымырасыз күрес жүргізіп, соның арқасында ұлы мемлекет құра алғанын

20

біле отырып, басты ақиқатты өз мағынасында түсіне білулері қажет. Ол

мынау, ғасырлар тереңіндегі жазылған және жазылмаған да тарихта олар ұлы

мемлекет пен империя құра алды және осы мемлекет пен империя аясында

түрлі конфигурациялар бас қосып бірікті және, өкінішке қарай, ыдырап та

кетті. Ендігі мақсат, бүгінгі күнгі тәуелсіз мемлекеттерді ең жоғарғы деңгейдегі

бірлік жағдайына жеткізу қажет. Түркі мемлекеттерінің өткен тарихы мен

қазіргі заманғы келбеті, олардың материалдық-экономикалық және өнегеліліксанаткерлік

ресурстарға негізделген үлкен әлеуеті, бүгінгі түркілерді –

Еуразияның саяси мазмұнын өзгертуге ықпалы күшті деп айтуға толық негіз

бар, бұл барып тұрған нақты шындық!

Халықаралық саясаттың өзгеруін қамтамасыз етуге қабілетті жалпытүркілік

бірлік жобасы бүгінгі әлемге өте қажет және пайдалы да. Өйткені ол өзінің

осы тұғырнамасында тұрып, саясатты ізгілендіру және демократияландыруды

дұрыс жолға бағыттау мүмкіндігіне ие болуымен пайдалы. Түркілердің мәдени

саясатына тән барлық құндылықтар (әділдік, теңдік, ізгілік, саяси өнегелілік,

жалпыадамгершілік, ұлттық қағидаларды қастерлеу, ұлт пен мемлекетке

адалдық, халықтардың құлдықта болу секілді, бөгденің әрекетіне тәуелді жат

көріністерге қатал көзқарас) аталған мүмкіндіктерді жүзеге асырудың жолын

ашатын бірден-бір құрал.

Халықаралық саясаттың «тізгінін» бірқатар алып мемлекеттердің уысынан

шығармай ұстап отырғаны бүгінгі таңда ешкімге де жасырын емес. Олар түрлі

сылтаулармен, кейде тіпті «демократия» атауын жамыла отырып, халықаралық

кеңістіктегі ұлттық мемлекеттердің бет-бейнесін өзгертуге тырысып бағады.

Мұндай пасық әрекеттер халықаралық құқықтарға қайшы келіп жатса да,

олар мұндай әрекетті «дұрыс» санап, осылай жасауға өздерін өкілетті сезінеді.

Егер де, кімде-кім осындай «ережемен» келіспесе, онда олар жазаланады,

олардың мемлекеттік жерлері жанжалдың ошағына айналады, аумақтардағы

мұндай соғыс ошақтары өзге де елдердің мысын басуға арналған көрнекі

құрал ретінде пайдаланылады. Демократия мен империализмнің бір қазанға

сыйыспайтынына, сондықтан да осы бағыттағы бітіспес қайшылықтарға қарсы

бас қоса бірігудің қажет екендігіне бүгінгі қоғамның көзі әбден жетіп отыр.

Ешқашанда сарқылмайтын халықаралық пассионарлық дереккөздердің бірі

түркі әлемі болып табылады, сондықтан да оның әділдік пен демократияны

қорғау жөніндегі құқығын алып мемлекеттердің өздері де толық мойындауға

ықыласты. Бүгінгі жаhандық саясаттың күн тәртібіне қазіргі заманғы

халықаралық жүйені демократияландырудың мүлдем басқа жобаларын енгізу

дегеніңіз, түркі мемлекеттері бас болған әлемдік мемлекеттердің бүгінгі

ұрпақтары үшін баламалы саяси парадигманың қарызына айналып кетеді.

Бірліктің айқындамасының күшейе түсуіне қарай, олар бүкіл әлемді, оның ішінде

ғаламшардың жүрегі саналатын Еуразияны алып мемлекеттердің доминанттық

қысымында қалып қоюына еш жол бермейді. Аталған алып мемлекеттер

21

өздерін «делдал» ретінде сезініп, жердің үсті мен астындағы байлықтардың

иесі санамаулары үшін, сондай-ақ аймақтық мемлекеттердің өздерінің саяси

жігері мен іс-әрекеттері жоқтай оларға шошайтып көрсететін сілтеме таяқша

рөлін атқарып, айтылып отырған мемлекеттерді алға жетелеуші ретінде

тәкаппарлықпен шешімдер жасамауы үшін нақты саяси шаралар қабылдайтын

болады. Алып мемлекеттердің ғаламдық саясатқа деген көзқарасы мен олардың

жаhандық саяси кеңістіктегі өзін-өзі ұстаулары, бүгінде әбден ескірген және

саяси аренадан келмеске кетіп бара жатқан «Бөліп ал да билей бер» қағидатына

негізделген. Ұлы түркі империясы тарихындағы күш пен қуатқа негізделген

«бірлік» тәжірибесін түркілер қазіргі алып мемлекеттерден көп уақыт бұрын

түсіне де игере де білген. Мұның барлығы да ескірген әлемнің ережелері

болып саналады. Қазіргі заманда Саясат пен Дипломатияның көмегімен,

халықаралық құқықтардың қағидаттарына сәйкес ұлттық тәуелсіздіктің дербес

құқықтылығы жағдайында одақтастықтың жаңа парадигмалық сипаты пайда

болады. Түркі мемлекеттерінің бірлігіне қол жеткізу мақсатында, аталған

парадигма ауқымындағы барлық бастамалар өмірге жолдама алу мүмкіндігіне

ие болады. ХХ ғасырдан бастап, аталған бастамалар Еуропалық Одақты құру

үдерісінде қаншалықты орынды да қажетті болса, Түркі Мемлекеттері Одағын

құру жолындағы ұсынылған бастамалар мен күш-қуаттар да соншалықты

қажетті де орынды болып табылады. Тәуелсіз түркі мемлекетттері қазіргі

заманғы халықаралық саясат талаптарына сәйкес өз ықтияры және дұрыс

ойлаушылық қабілеті арқасында аталған бірлікті құруға қайтпас шешіммен

кірісті. Бүгінгі күндері түркі республикаларының қоғамдық-саяси өмірінде аса

маңызды уақиғалар болып жатыр. Олар экономикалық жағынан күшейіп келеді,

демократиялық институттары да өркендей түсіп, халықаралық қауымдастықты

дамыту үдерісіне қосылу жолында маңызды басымдықтарға ие болуда.

Мемлекеттік базаларды, ішкі және сыртқы саясаттарды күшейте отырып, түркі

республикалары жалпытүркілік бірлікті құру жөніндегі таңдаған мақсаттарын

жүзеге асыру жолында жемісті істер атқарып келеді. Түркі әлемін дамытуды

халықаралық бірліктің құрамдас бөлігі ретінде таныту мәселесі де бүгінгі

күннің басты назарына ілікті.

Түркі мемлекеттерінің бірлесу үдерісінің эволюциясы халықаралық саяси

өмірінің даму құбылысына шартталған, өте маңызды көрсеткіштердің бірі

саналады. Бұл үдерісті әлемнің жетекші баспасөздері, саяси талдаушылары

назар сала қадағалап қана қоймай, мұны жан-жақты зерттеп, тиісті бағасын

беріп отыр. Халықаралық қауымдастықтың мұндай қадамдары түркі әлемін

жүйелі түрде зерттеуге терең назар аударуға мәжбүрлейді. Өйткені, түркі

тарихы мен мәдениетін зерделеу барысында тек бір жақты ғана көзқарастың

ұстанымы болмауы керек. Өйткені, бұл қадамдар мақсатты түрде шындықты

бұрмалаушылыққа апарады. Сондықтан да түркі феноменіне әділдікпен

қараудың жаңа парадигмасы ұсынылуда. Мәселен, классикалық түркі

22

мемлекеттерінің тарихы туралы бірқатар еуропалық және америкалық

зерттеулерде аталған мемлекеттердің кешегісі бүгінгіге қарағанда шындыққа

келмейтіндей түрде әсіреленіп берілсе, бүгінгісінде олардың «құлдыраушылық»

келбеттері бұрынғыдан да айқын көрініс беріп, қазіргі замандағы түркілік

факторды қасақана төмендетіп жеткізуге деген әрекеттері менмұндалап тұрады.

Мұны олардың ұлы «бағындырушылардың» бүгінгі ұрпақтары Еуразияда

бытыраңқы жағдайда өмір сүріп жатыр, олар кез-келген ықпалға берілгіш

және болмайтынға еліктегіш, адамзаттың үдемелі дамуына сай алға қарай

қадам басуға қабілетсіз, жабық тәртіпте өмір сүріп жатыр деген ахуалдағы,

шынайылықтан тым аулақтықты айтуларынан анық аңғаруға болады. Әрине,

ата-тегі түркілерден тарап, бүгінде өзге елдер құрамында өмір сүріп жатқан

халықтардың бастарында бірқатар күрделі мәселелердің (олардың ішіндегі

ең бастысы өзін-өзі билеудің ұлттық құқығы мәселесі) бар екендігі ақиқат.

Дегенмен, тәуелсіз түркі мемлекеттерінің болашақ одағы мысалында, жаңа

саяси шынайылық Еуразияның тағдырын және оның келешегін шеше алады.

Осылармен қатар, түркінің тарихы мен мәдениетін түрлі бағыттарда оқып,

зерттеген әлемнің көптеген танымал шығыстанушылары, түркі ғұламалары,

тарихшылары, этнографтары, мәдениет зерттеушілері мен философтары

бұдан кейін де жаңа ізденістердің негізін қалауға ниеттерін білдіріп, бұл

салаға өте жоғары баға беруде. Соның ішінде, Түркия мен басқа да бауырлас

республикаларда, сонымен қатар Ресейде, бұдан да өзге бірқатар еуропалық

мемлекеттерде әлемдік тарих пен мәдениетті дамытудағы түркілердің алар

орыны түбегейлі зерттелген. Бүгінгі әлемдегі түркі қоғамдастығы беделінің

өсуіне байланысты, олардың эволюциялық үдерісіне де қоғамдық-саяси

және гуманитарлық ғылымдар тарапынан қызығушылық артып, тақырыптық

зерттеулер мен пікір сайыстардың арнасы кеңи түсуде. Мұның барлығы да

түркі әлемінің қазіргі халықаралық өмірге белсене қатысуына, жаңашылдық

мүмкіндіктері арқылы жаhандық қоғамдық-саяси үдерістерді дамыту

мақсатындағы ғылыми-гуманитарлық базалар мен мәдени-саяси ойлау әлеуетін

қалыптастыруға зор мүмкіндіктер ашады.

Екі мыңжылдықты біріктірген тарихи кезеңде тәуелсіз түркі мемлекеттерінің

құрылуы олардың бедел алу үдерісімен сәйкес келді. Сонымен, ХХ ғасырдың

90-шы жылдарында түркі республикаларының қатарынан тәуелсіздікке қол

жеткізулері ықпалдасудың қолайлы қажеттігін, яғни – одақтастық құрудың

уақыты келгендігін көрсетті. Бұл жолғы бірігу олардың ықтиярынсыз емес,

керісінше бауырластықтың болмысы негізінде бір-біріне қолын соза отырып

және келешекте де сүйеу болуға лайық екендіктерін білдіріседі. Мұнда «үлкен

аға» немесе «кіші іні» деген секілді кемсітушілікке орын жоқ, есесіне мұнда тек

қана «бауырластық» деп айтылатын ауқымы кең, тамыры терең ұлағатты ұғым

бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап тұрақты өткізіліп келе жатқан

Достық Съездері, Түркі Халықтарының Бауырластығы мен Ынтымақтастығы,

23

Жоғары Деңгейдегі Түркітілдес Мемлекеттер Басшыларының Мәжілістері,

түркі мемлекеттері туысқандығының құрылтайлары, TÜRKSOY (түркі

мәдениетінің халықаралық ұйымы) ауқымындағы кездесулер, Түркі

Мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының сессиясы секілді түркі әлемінің

біртұтастығына бағытталған маңызды шаралар күн өткен сайын іс-әрекеттер

алаңының аясын бұрынғыдан да кеңейте түсуде. Уақыт өткен сайын бұл кеңеюдің

саяси-экономикалық және қоғамдық-мәдени мазмұны еселеп артып келеді,

барған сайын оның халықаралық маңызы да күшейген үстіне күшейе түсуде.

Аталған ынтымақтастықтан түркі халықтары мен әлемдік қауымдастыққа келер

тиімділік күшейген сайын, түркі мемлекеттерінің ықпалдастық үдерісіне деген

сенім халықаралық жоспар тұрғысынан да өсе береді.

Егер де әлемнің саяси дидарына назар сала отырып, бір сәт геосаяси көзқараспен

қарайтын болсақ, онда біз Орталық Азияда орналасқан түркі республикаларының

– Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстаннның

«тонның ішкі бауындай» болып бір-бірімен тығыз байланысып жатқандығын

көреміз, ал Әзербайжан болса Шығысында Каспий теңізі арқылы – Орталық

Азиядағы түркі республикаларымен, Батысында – Түркиямен шендесіп жатыр.

Құлашын кеңге салып жатқан ұлан-ғайыр Еуразияның қай қиырында болмасын

түркі мемлекетінің біреуінің аумағы бітсе, сол жерден екінші мемлекетінің

жері басталады. Нақ осы көне жер мен оның үстінде тіршілік етіп келе жатқан

бағзылық тарихы бар түркі халықтары Түркі Туын тігу идеясын құру маңына

топтасып, көтерілген осы мұратты шындыққа айналдыра алды. 2012 жылғы

23 тамызда Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Түркітілдес Мемлекеттер

Ынтымақтастығы Кеңесінің екінші жоғарғы кездесуінде қабылданған Түркі

Туы, түркі республикаларының ұлттық нышандарының табиғи сабақтастығын

көрсетті, түркі әлемінің келешек жолын айқындайтын шамшыраққа айналып

жүре берді. Көктүрік империясының көне түркілерінің басын біріктірген осы

Ту шамамен біржарым мың ғасырды артқа тастап барып, түркі мемлекеттерінің

барлығына ортақ Түркі Туы ретінде Еуразия кеңістігіне қайта тігіліп, еркін

желбіреді, бұл қуанышты жағдай тарихтың бұлтартпайтын шындығы болып

қала бермек. Еуразияның Түркі жағрафиясы дегеніміз, соншалықты мызғымас

геосаяи кеңістік болғандықтан, бұл бірліктің шымырлана түсуі аталған өңірде

біреудің ықпал етуіне немесе оның ішкі істеріне қол сұғушылыққа ешқандай

да жол берілмеуін қамтамасыз етеді. Ал, Түркі Мемлекеттері Одағының

халықаралық саяси аренадағы өсіп келе жатқан беделі Еуразия қауіпсіздігінің

кепіліне айналуда. Тәуелсіз түркі мемлекеттерін саяси бірлікке жетелеуші

себептер мен алғышарттар тек қана тіл, мәдениет және тарих салаларымен

шектеліп қалмайды. Жалпыдүниежүзілік үдерістердің бүгінгі таңдағы кезеңдері

жаңа тарихи-саяси мазмұндарға ие болуда. Зымырап өтіп жатқан мына өмірде

саяси жүйелердің алдында жаһандануға қосылу немесе оған қосылмау деген

24

мағынаға ие таңдауы тұрған жоқ, олардың алдында тұрған ең басты мәселе –

әлемді басқару үдерісінің қай тұсынан қосылу керектігі толғандырады.

Соңғы өткен 50-60 жыл ішіндегі әлемде орын алған өзгерістер нәтижесінде

пайда болған жаңа жағдай, ХХ ғасырдың ортасындағы біркелкі халықаралық

саяси конфигурациядан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Халықаралық

өмірдегі жаңа саяси жағдайдың бүгінгі ахуалы, әлемді «көнерген ескі әдіспен»

басқаруға және сол үлгімен бұдан әрі өмір сүруге болмайтындығын көрсетіп

отыр. Жаhандық басқарудың барлық тетіктерін өз уысына жинақтап отырған

БҰҰ-ға түбегейлі реформаның қажет екендігі жөніндегі ұсыныстар мен

талаптардың ескертілуі күннен-күнге жиілеп келеді. Осындай жағдайда әлемді

басқарып отырған мемлекеттер әлемнің түрлі өңірлерінде орын алып жатқан

оқиғаларға дүркін-дүркін баға бере келе белсенділік танытушы мемлекеттердің

ұстанымымен санасудан және олардың талабына көнуден басқа өзге шараның

жоқ екендігін түсінеді, сондай-ақ қаласа да, қаламаса да олардың жаhандық

саясатқа бұрынғыдан да белсене араласуларына мүмкіндік жолын ашады. Бұл

үдерістің алғашқы белгілерін «әлемнің алыптары» саналатын G-7 форматының

(«Үлкен жетілік»), G-8 («Үлкен сегіздік») форматына, одан әрі G-20 («Үлкен

жиырмалық») форматына өзгеруінен байқауға болады.

Дегенмен, мұның барлығы бір арнаға тоғысқан күннің өзінде де әлемдік саяси

жүйені шиеленіскен жағдайдан тұрақты ахуалға толық көшуін қамтамасыз ете

алмайды. Демек, бұл әлемді басқарудың ең қолайлы конфигурациясын табудың

қажеттілігінің туындап отырғанын көрсетеді және де өз кезегінде жаhандық

басқарудың жаңа саяси ахуалға сәйкес келуін талап етеді. Біздің тұрып жатқан

планетамыздың қазіргі таңдағыдай адам айтса сенгісіз шапшаңдықта өзгерістерге

ұшырап жатқан кезінде, халықаралық саясаттың жаңа тұғырнамасын жасауды

көшбасшы-мемлекеттер емес, турасын айтқанда Әлемдік Қауымдастық

өз қолдарына алуы тиіс. Ал, жаhандық басқарудың жаңа тетіктері бұрын

қолданыста болып келген қандай үлгідегі болмасын басқаруды қолдайтын

басым саясаттың үстемдігіне жол бермеулері керек. Сондай-ақ, қандай да бір

субъектінің артықшылығына жүгініп немесе әлемдік қауымдастыққа сондай

елдің айқындамасын бір жақты түрде мәжбүрлеп жүктеу секілді келеңсіздіктер

болмауы тиіс. Егер де барлық халықаралық субъектілердің дүниежүзілік

саясаттағы мүдделерін шешу және оны алға жылжыту мәселелерінде тепетең

құқықтық мүмкіндіктеріне ие бола алғанда ғана жаhандық саясат өзінің

табиғи болмысына ие болады. Сол арқылы әріптестерінің күш-қуатын әлемдік

деңгейдегі түйінді мәселелерді шешуге шоғырландыра алады. Осылайша,

қазіргі заманның саяси өмірінде әлемді басқаруға қатысу үшін күрес жүріп

жатыр.

Дәл осы мәнмәтінде белсенділігін арттыра отырып, халықаралық саясаттың

қолайлы жағдайында жалпыәлемдік саясатты белгілеудің жауапкершілігі

мен жаңа рөлін міндетіне алған Түркі Мемлекеттері Одағы барлық түркі

25

мемлекеттерінің өкілдігін қамтамасыз ету мен тереңболмыстық құрылымына

сүйенген әмбебап идеяға сәйкес, тек ұлт бірлігі ғана адамзаттың нағыз

субстанциясын білдіре алады. Қазіргі заман әлемдік қауымдастықтың

қалыптаса бастаған кезеңі. Сондықтан дүниежүзілік демократияландыру мен

жаңғыру қозғалысын кеңейту, тәуелсіз демократиялық мемлекеттерді тығыз

шоғырландыру планетарлық саяси-антропологиялық жүйені оның жаңа даму

сатысына көтеру – тарихтың төл талабы. Сөйтіп, осы шаралар адамзатты

құрайтын ұлттарды бұдан да кемел ынтымақтастыққа бағыттайтыны сөзсіз.

Жаhандық басқарудың келешектегі дамуының іс-жоспарлары тұрғысынан

қарағанда, түркі өркениетінің өкілеттілігін қамтамасыз ету, жаhандық саясаттың

келешектегі сахнасында түркілердің тіршілік етуін шешуге жол ашатын

тағдырлы мәселеге айналады.

Тәуелсіз түркі мемлекеттері жалпыдүниежүзілік үдерістерге сәйкес,

бірінші кезекте өзара ынтымақтасу үдерісін күшейте отырып, мойындалған

жаhандық жүйеге тек қана Түркі Мемлекеттері Одағы ретінде ғана мүше бола

алады. Түркітілдес Мемлекеттер Одағы идеясының сөзден іске көшіп, нақты

өмірге келуін қамтамасыз ету үшін алдымен жеткілікті деңгейдегі жиналған

тәжірибелер мен оның халықаралық масштабтағы лайықты бағаға ие болуына

сүйену керек. Бүгінгі теориялық тұрғыдағы идеялық көзқарастарды дамыта

түсу үшін тәжірибелер жинақтау – маңызды міндеттердің бірі. Оқырмандарға

ұсынылып отырған кітап нақ осы қажеттіліктерден туындады.

26

I ТАРАУ

ТАРИХТАН ТУЫНДАҒАН

БОЛАШАҚ

1. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ГЕНЕЗИСІ: ТАРИХИ ЖӘНЕ

САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰБЫЛЫСЫ

Тарих түркілер үшін – бұл олардың өздері тіршілік еткен уақыттары мен

кезеңдері ғана емес. Тарих олар үшін – алдымен рухани бірлік және тереңге

кеткен қандастық тамырлары. Сондықтан да «түркілер тарихты жазған жоқ,

олар тарихты жасады» деген қанатты сөздің түптөркіні түркілердің соншалықты

ауқымы мол деңгейін сипаттайды, тіпті олар жылнама жазбай тұрғанның өзінде

де, әлдеқандай тарихи жауапкершілікті сезіне отыра, өздерін тарихи-рухани

біртұтастықтың аясында сезіне алды. Егер де өз бастарында болғанды және

болып өткенді кейінгі ұрпақтарына жеткізіп отырмағанда, олар тарихты жасай

алмаған болар еді. Түркілердің тарихи жылнамасы да тура беломыртқа немесе

мидың қатпарлары іспетті. Олар мезгілдік тұтастықтың өзара сабақтастығы

секілді өткенін де, бүгінгісі мен болашағын да терең сезінеді. ХVI ғасырдағы

Стамбұлдың Топқалы Сарайында орналасқан мұражайдағы салт аттының

кішкене бейнесі секілді: алға қарай шауып келе жатқан салт атты сарбаз ер

үстіне артына қарай денесімен бұрыла қарап, әлденені садақтың қарауылына

ала көздеп барады. Мағынасына тереңірек үңіле қарар болсақ – ол, дана адам

ретінде алға қарай келеді, сонымен қатар өткені туралы ойлауды да жадынан

әсте шығармайды. Адамзат тіршілік еткен замандар аралығында түркілер

«ұрыс алаңындағы» аттарды жоғарыда келтірілгендей көріністе пайымдады:

өткенді естен шығарып алғандардың аттары сүрінеді деп ұғынды. Білге қаған

секілді түркінің даналары (1716 жылдарғы Көктүріктің Шығыс қағанатының

қағаны) оларды әрдайым да Біртұтастыққа, тарих бірлігіне үндеді: түркілер,

қазіргі шақтан өткенге көз сала тұрып, келешегін болжаулары, ал болашақтан

– өткенін бағамдаулары тиіс. Түркілер, уақыт тасқынының тұтастығында тұрса

да, ешқашан тіршіліктегі жолынан жаңылыспаған, ең күрделі жағдайлардың

өзінде де дұрыс шешім қабылдай білген, уақыт өте келе «барлық тілдерде»

сөйлесе білген. Олардың өткені де, сонымен қатар келешегі де бұлыңғыр емес.

Сондықтан да қилы тарих толқындарында туған түркілер өмірдің бұрмалаң

жолдарында кезігетін қиындықтарға қарамастан, келешекке табандылықпен,

нақты шешіммен қаруланып, болашағына деген сеніммен қадам басып келеді.

Түркі мемлекеттігінің генезисін зерттеуден туындаған (оғаштау көрінуі де

мүмкін!) бірінші сенім мынадай: түркілер осы өмірге өздерінің мемлекеттігімен

бірге келгендей әсерге бөлейді. Олардың этнос ретіндегі тарихы да мемлекетпен

бірге басталады. Метин Айдоганның бір сөзінде: «Жер бетінде дәл осындай

көптеген мемлекеттер құра алу түркілерден өзге ұлттардың қолынан келмеген,

деген қорытындысын көпшіліктің бірден мойындауы, бұл бүгінгі күннің

барып тұрған шындығы» деп, өте дұрыс атап өтті. Барлық уақытта да құлашын

29

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

кеңге жайып жататын жазиралы жазықтықта қаншама мемлекеттер құра алған

түркілер, айналып келгенде мемлекет құрушы тарих атанып кетті. Түркілер

өмір бойы соғысты, жауласты, жеңді, сонымен қатар жеңілген де кездері болды,

әйтсе де бойларына қуат жинап қайтадан күшейді, тым әлсіреген сәттері де

болмай қалған жоқ. Бөтен қоғаммен араласты, тіпті жаттармен сіңісіп те кеткен

кездері болды, бірақ олар бастарына қандай қаратүнек заман орнамасын, ең

қымбат қазынасы – мемлекеттігінен айрылған жоқ (98, 46 беттер). Осы айтылып

отырғандай, түркі мемлекеттері үшін өте маңызды және басты негізге алынатын

өмір сүру сипатына венгриялық тарихшы Лигеттидің ерекше назар аударғаны

соншалық, ол: «Түркілер – бұлар жауынгер халық. Олар бұл кәсіпті мүлткісіз де

терең меңгерген. Олардың ұйымдастырушылық пен мемлекет құрудағы асқан

дарындылықтарына қанша жерден таң қалмайық, мұның барлығы бәрібір де

тым аз» деп, өте орнықты және әділ пікір қалдырды (123, 3 беттер). Ұлысты

(халықты, ұлтты) мемлекет деп қабылдау, ал мемлекетті (халықты, ұлтты) ұлыс

деп қабылдау – бұл түркілердің әлеуметтік-саяси дүние танымының басты мәнісі.

Ұлыс (халық, ұлт) – бұл әскер, мемлекеттің рухы мен қалқаны. Мемлекеттердің

жетілген жиынтығы «әскер» – ұлттардан құралады. Сондықтан да, «әскери күш

түркі мемлекеттерінің жон-арқасының қуатты негізін қалыптастырады» (292,

21-40 беттер).

Оның «Мемлекеттік сәулет естелігінің жобасы» атануы бәлкім осы

себептерден де шығар. Сондықтан да түркілердің барлық тарихи мемлекеттері

архетиптілік ұқсастықтарға ие. Еуразияның 145-150 градустық белдеуіндегі,

Алтай тауларының бауырындағы, Енисей өзенінің бойы мен Абакан және Тува

аймақтарындағы түркілердің қолымен құрылған негізгі мемлекеттер мыналар:

Сақтар (түркілер өз империяларын «қағанат» деп атаған), Ғұндардың ұлы

империясы, Ғұндардың Батыс империясы, Ғұндардың Шығыс империясы,

Ақ Ғұндардың империясы, Көктүріктер империясы, Авар империясы, Хазар

империясы, Ұйғыр империясы, Қарахан мемлекеті, Ғазнауи мемлекеті,

Ұлы империя, Әзербайжанның Атабектер мемлекеті, Ирактың салжұқтар

мемлекеті, Сирияның салжұқтар мемлекеті, Кирманның салжұқтар мемлекеті,

Анадолының салжұқтар мемлекеті, Хорезмнің шахтар мемлекеті,Түркі-монғол

империясы, Алтын Орда империясы, Сібір, Қазан, Қырым, Ноғай, Қасым,

Астрахан хандықтары, Мамлюктер мемлекеті, Осман империясы, Моғол

империясы, Делидегі Түркі сұлтаны, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті,

Севефидтер империясы және Әзербайжан хандықтарының іздері. Осы аталған

мемлекеттердің барлығы да соңғы үш мың жыл ішінде үлкен өзгерістерге

ұшырады, сондай-ақ бүгінгі қалыпқа енді. Ең бастысы олар әлемнің даму

тарихындағы өзгерістердің басты рөлін атқарды (230; 241; 128; 100; 153; 182).

Іргелі мемлекеттер мен алып империялар құра білген түркілік суперэтнос

өзіне тән маңызды ерекшеліктер мен шешуші мінездерге ие: түркі суперэтносы

жаратылысынан біртекті емес, ол өзінің ішкі этникалық тұрғысында дами келе,

30

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

соңынан өзге де этникалық жүйелердің ажырамас бір бөлігіне айнала отырып,

ашық әмбебаптық ұстанымда алға шықты. Дегенмен, түркілер өмір сүріп келе

жатқан уақытының барлығында да мемлекет құрудың бар ауыртпашылығы мен

жауапкершілігін өз мойнына алудан қашпаған. Ал, құрылған мемлекеттерге

нақ солар этножүйенің тірегі және оның негізгі құраушысы да бола алды.

Алайда, атап өтілген «алтын ережелер» талабы орындалмай, оның жұмысы

қалай ақсайды, мемлекеттің де шаңырағы сол сәттен бастап шайқала бастайды.

Түркілік экожүйенің пассионарлығы (155, 122-132 беттер), олардың мемлекет

құрудағы іс-әрекеттерін үнемі алдыңғы қатарға шығарып, түркілерге

бағындырушы, жаулап алушы миссиясын берді.

«Түркітілдес ғұндардың» Орталық Азияда (153, 200-201 беттер) мемлекет

құрғандығы туралы алғашқы тарихи мәліметтер тұңғыш рет көне қытайдың

дереккөздерінен табылған (оларды гу, гунн, гунну, хьюнг-су, хьюнг-ну, хьянюн,

гунюй деп атаған). Халық ретінде тіршілік еткен мерзімі, тарих бетінде

қалдырған іздерінің де аз болып есептелетін Ғұндар туралы (шамамен б.д.

дейінгі VI ғасыр, өздерінің этникалық тіршілігін тоқтатып алған олар, тарих

сахнасынан да түсіп қалуға мәжбүр болды) мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі

1764 жылы, содан кейінгі уақытта тағы да біздің дәуірімізге дейінгі 822-ші және

304-ші жылдардағы (154, 27 бет) қытай шежірелерінде айтылады. Дегенмен,

екі ғасыр тоғысындағы азиялық (Қытай) және еуропалық дереккөздерде

ғұндар туралы, олардың сол уақыттағы ең күшті де ержүрек, бетқаратпайтын

суперэтнос және әскери мемлекет болғандығы туралы деректер де аз емес. Ғұнтүркі

тайпалары негізінен біріктірілген және жер шарының шығыстық жарты

бөлігінде ұлы да алып империя құра алған одақ (біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-V

ғасырлар), Алтайдан Қытайға, Каспий теңізінен Солтүстік Кавказға, одан әрі

Азов теңізіне, тіпті Шығыс Еуропаға дейінгі ұшы-қиырына көз жетпейтін кең

аумақты жаулап алды. Алып империяның Батыс бөлігі 405 жылы Римге басып

кірсе, Шығыс бөлігі V ғасырдың соңы мен VI ғасырдың бастапқы кезеңдерінде

Индияға дейін жетіп, Гупта империясын басып алды (106, І т.; Түркілер, І т.).

Ғұндар-түркілер Еуразияда өздерінің тамырын тереңдете түсіп, ықпал

жүргізу аумағының аясын кеңейте берді, осыны көріп отырған маңайдағы өзге

этностар аз уақыттың ішінде біте қайнасып, олармен сіңісіп кетті. Міне, нағыз

этно-тарихи шындық осындай. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда бар болғаны

24 тайпадан тұратын ғұндар-түркілер аймақтың діңгегіне айналып, онда мықты

билік құра алды (182, 25 бет). Ал, біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда Солтүстік

Қытай жерінен бастап, Азияның батысына қарай барлық бағыттар бойынша

ғұндық-түркілік этностың кеңеюі мен нығаю үдерісі басталды.

Осы себептерге байланысты Орталық Азиямен шекаралас қоныстанған

қытайлар ғасырлар бойы ғұндар-түркілерге қарсы соғыс жүргізгенімен

олардан қатты «таяқ жеп», үнемі жеңіліске ұшырап жүрді. Олар Солтүстік

Қытайдың жергілікті тұрғындарын, яғни – «қара қытайлардың» – ғұндардан

31

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

тарайтындықтарын мойындайды. Ғұндар мен қытайлардың будандасуының

нәтижесінде пайда болған «прото-ғұндық (прото-түркілік) этникалық ұрпақ»

(154, 19 бет), келе-келе өз алдына этносқа айналды, сонымен қатар гетерогендік

деген атауға ие болды. Дегенмен де, ол өзінің гендік өзегі – ғұндық-түркілік

тегін сақтай отырып, өздерін Ұлы Дала жағдайында өмір сүруге бейімдей алды

және жауынгер халық ретінде де танылған олар әскери соғыс жүргізудің айлатәсілдерін

де терең меңгерді және өнердің осы түрін өздері де үнемі жетілдіріп

отырды. Ғұндар-түркілердің өзге тайпаларды ғана емес, сонымен қатар

ауа райының өзі де өте қатал саналатын асау мінезді Ұлы Даланы өздеріне

бағындыра алды. Демек, оларды Азияның ең бірінші тұрғындары деген атаққа

алып келген жайт, қандарында бүлк-бүлк қайнап жатқан осындай қайтпас

қасиеттері болса керек.

«Әлем ұлттарының үлгілері» тақырыбына тереңінен ой толғап, өзінің бірегей

зерттеуінде (алдыңғы кітабында) айтылып отырған мәселенің ара жігін ажыратып

берген Георгий Гачевтің «космо-психо-логос» атты тұжырымдамасына

сәйкес, әр халық – жергілікті орта мен оның қайталанбас табиғатынан пайда

болған өнім: халық ең алдымен ел және жер деген қос ұғымды білдіреді.

Дегенмен, «табиғатында» өздерінің ұлттық бітім-болмыстарына толығымен еніп

кететіндіктен, тамырынан айрылып, өмірде жоғалып кеткен секілді көрінетін

халықтар да бар. Сондықтан да, армяндар мен еврейлерді қатал тағдырлары

тарыдай шашып жіберсе де, олар «армян» немесе «еврей» ретінде тіршілік ете

береді. Сонымен қатар олар, аталған «ғарыш кеңістігінде» өздерінің этникалық

атомының негізін құрастыра бастайды (148, 11-27 бет).

Түркілер қанына біткен Табиғаты мен Мінез-Құлқына, сондай-ақ өздеріне

тән мызғымайтын «космо-психо-логос» жүйесіне сәйкес жаңа жерлерге

тез және жақсы бейімделе алды. Сондықтан да біздер қазіргі заманғы

түркі мемлекеттерінің барлығының бойынан Табиғат пен Мінез-Құлықтың

бірыңғай жүйесін, ал олардың бойларына «космо-психо-логостың» тұрақты

шығармашылық мінез қалыптастырғанын көреміз. Бұл жүйенің қозғалғыштығы

соншалық, тіпті тілдің дамуы секілді консервативтік үдерістің өзі жинақталған

өмірлік тәжірибелерді бойына жылдам сіңіре отырып, табиғи қалыптан айнымай

дамып отырады. Жазуы болмаған ғұндар тілі, ұлы жазба ескерткіштерін

жасаған түркілік тілге өзгерді, міне нақ осы шаралар тілді дамытудың нақты

нәтижесі саналады. Егер де түркілер мен ғұндар сөйлеген тілдердің шығу

түбі бір болмаған жағдайда, мұндай «күтпеген бетбұрыстар» орын алмас еді.

Нақ осы үдерісті одан әрі жалғастырушы ретінде, келесі жүзжылдықтарда

түркі тілдері тармақтала дамыды, нәтижесінде әлемде Түркі Тілдерінің Ұясы

дүниеге келді. Ал, тарихи сахнада тектіліктің барлық үлгілік болмысын сақтап

қалған жаңа империялар мен мемлекеттер пайда болды. Ежелгі Азияның

тарихи болмысын классикалық тұрғыда зерттушілердің бірі Рене Груссе осы

үдерістің бас кезінде, «Түркі-монғолдық ғұндар тайпасының» (241, 8-24 беттер)

32

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

мәдениеті мен тілдері арасындағы айырмашылықтарды бірте-бірте тани келе

бүкіл Еуразия бойынша әртүрлі және жан-жақты этномәдени жүйенің пайда

болғандығын атап өтеді. Жалпы айтқанда, ғұндар мен түркілердің тілдерінің

бірыңғай пайда болу жөнінде бүгінгі ғылыми ортада түрлі пікірталастар

мен талқылаулардың қызу жүріп жатқандығына қарамастан, аталған мәселе

бойынша көзқарастар қайшылығы мүлдем жоқ десе де болады; бұған қарсы дау

айту орынсыз саналады, «өйткені лингвистикалық жақындықты айғақтайтын

бұлтартпас дәлелдер бар, яғни бұған түркі тілдері тобына жататын ұйғыр тілін

келтіруге болады» (154, 52-53 беттер). Ал ұйғырлар болса кейінгі кезеңдерде

этникалық тұрғыдағы ғұндар мен түркілер және моңғолдар әлеміне жақындасу

қызметін атқарып келді. Дәл осындай үдеріс – Азияның батысында түркітатарларда

және шығыс Еуропа бағыттарында да орын алып отырды.

Американың танымал антропологы Карлтон Стивенс Кун өзінің ұзақ

жылдарғы зерттеулерінің нәтижесінде, «темір дәуіріндегі ғұндар мен түркілердің

Еуропаға қарай таралуынан кейін» мұндағы нәсілдік құрамның түбегейлі

өзгеріп, еуропалық нәсілдің нышанын қабылдаған олар, бойларына сіңген бұл

белгілерді Азияға алып келді деген пікір айтады(165, 202-205, 248, 428, 572,

610, 625 беттер). Өздерінің ерекше антропологиялық өзгешеліктерін «көздің

қарашығындай» етіп сақтай білумен қатар, түркі халықтары сол кезеңдердегі

Еуразияның тарихи антропологиялық айырмашылықтарын өз бойларына

қабылдады. Түркілер эстетикалық тұрғыдан келгенде де дененің бірегей

физиономиялық бітімін де бойларына жинады. Міне, соның нәтижесінде ауа

райының түрлі табиғи құбылмалы жағдайында өмір сүруге бейім, төзімділігі

жоғары, денсаулығы мықты халық болып қалыптасты.

Біздің дәуіріміздің V ғасырына дейінгі аралықта Орталық Азиядағы ғұндардан

бастап, түркілердің барлық этно-бірлестіктері шежіресінің эволюциялық

үдерісі толық аяқталып, олардың қалыптасу кезеңі өз мәресіне жеткен болатын

(154, 301 бет). Одан кейінгі уақыттарда (әсіресе V-VII ғғ.) ғұндар-түркілер

суперэтносының ішкі эволюциясында түркілердің басымдығы алдыңғы қатарға

шықты, осылайша олар келесі VII-VIII ғасырларда Орта Азияның үстемдік етуші

халқы атанды. Сонымен қатар, аймақтың әскери-саяси күшіне де айналды. Яғни

тарихи көзқарас тұрғысынан келгенде Ұлы ғұндар дәстүрі Түркілердің Ұлы

кезеңіне алмасты. Көне дереккөздерде «ту-у, тукью, тукьюе, түркүт, тёрюк,

ең соңында «түркі» деп нақты да дәл аталатын (152, 168-170; 241беттер, 60-

66; 94 беттер, 13; 71 беттер, 24 бет), ТҮРКІ суперэтносы өзінің біржарым мың

жылдық тарихында Еуразияны көне мемлекеттіктен қазіргі заманғы жан-жақты

дамыған ел деңгейіне дейін жетілдіруге күш арнаған бұл ұлысты, барлық түркі

халықтарының тағдыры деп айтуға әбден болады. Белгілі түркітанушы Фарут

Сюмер «түркі» этнонимінің шығу тегін «törəmək» (“törə”, “töru” түбірсөз) (73,

9 бет) тұйық райынан шықты деп есептейді. Бұл сөздің сырттан енгізілмегені

де және оның басқа тілдерде ешқандай мағына бермейтіні де белгілі. Демек,

33

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

түркілер өздерін өздері осылай атаған. Содан кейін бұл атаудың дүние жүзіне

кең тарағаны соншалық, әлем оны осылай айтылған күйінде қабылдаған. VI-

VIII ғасырларда «түркі» сөзі алдымен олардың өздерінің, содан кейін өзге де

халықтардың дереккөздері бойынша түркілердің этникалық, мәдениеттану

және саяси саналарында берік ұғым болып қалыптасады.

Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының бел ортасына қарай «Қытайдан

бастап Карпатқа дейін, солтүстігінде Сібір тайгасына табан тіреп, оның қалың

орманына оранған, ал оңтүстігіне қарай Иран жазығымен Парсы жазирасына

құлашын кеңінен жайып жатқан, Еуразияның жүрегі саналатын Ұлы Дала

Аумағы», біртіндеп түркі әлемі кеңістігінің бірыңғай этносаяси қалпына ене

бастады және ол тұрақты түрде өзгере отырып, оның нақты ықпал етуінің

әсерімен алға жылжи берді. Көне замандарда ежелгі гректер бұл аумақты

Скифтер, оңтүстіктегі парсылар – Тұран (түркілер тұрып жатқан аумақты),

оңтүстік-шығыстағы қытайлар болса – Бей-ху деп атап, тарихта әлі күнге дейін

сақталып келе жатқан айдарлар тақты (151, 3 бет).

VI ғасырдың соңына қарай Түркі қағанатының жері батысында Византиямен,

оңтүстігінде – Парсы және Үндістанмен, ал шығысында – Қытаймен шекаралас

жатты. Түркілердің беделі өсе түскен осы кезеңдерде жоғарыда келтірілген

елдердің тарихи хал-ахуалдары мен болашақ тағдырлары осы халықтың

өктемдігіне және оларға бағынатын билікке тәуелді болды. Түркі әлемінің

этносаяси эволюциясы өздерінің ішкі ықпалдастығының қажетті кезеңін

аяқтап, содан кейін айналып өтуге еш болмайтын саралау үдерісінің негізін

қалады. Егер де, ғұндар-түркілер суперэтносының Шығыстан Батысқа қарай

бет түзеген қозғалысы кезінде ғұндар арасындағы түркілердің басымдығы

байқалып келген болса, бұдан кейінгі өткен жүздеген жылдар ішінде түркілер

арасында оғыздардың үстемдікке ие бола бастауы Салжұқтардың, Османдар мен

Қызылбастардың басқаруларын алдыңғы қатарға алып шықты. Осылайша, түркі

әлемінің Шығыс және Батыс «қапталдары» бір-бірінен алшақтай келе, әрқайсысы

өз беттерімен жіктелу үдерісінің жаңа негіздерін қалай бастады. Еуразияның

барлық жазығында өз алдына шаңырақ көтерген түркі мемлекеттерінің саны

арта түсті. Соның да салқындығының әсері болар, ендігі жерде олар сыртқы

жаулар саналатын басқа мемлекеттермен ғана емес,өздерімен өздері де соғыса

бастады...

Еуразия тарихы мен осы мәнмәтіндегі түркілік этногенезді тереңдете

зерттеген Лев Гумилев алғашқы түркілік мемлекеттерді құрған «көне түркілер»

мен этно-тарихи жіктеулер нәтижесінде пайда болған түркілердің жаңа

буынының шығу тегі бір деп айтқанымен, «әке халық» пен «бала халық»

арасында әлдеқандай айырмашылықтың бар екендігін уақыт көрсетіп отыр:

«көне түркілер» өздерінің – тілден бастап мемлекеттік деңгейге дейінгі -

пассионарлық энергиясын – келесі ұрпаққа (мұрагерлер) қалдыра отырып, өздері

ғұндар секілді, тарихи сахнадан кетті (152). Осы тұрғыда, егер «тарихи қайта

34

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

жаңғыртылса» онда, қазіргі заманғы түркілік тілдерді (кірме сөздерді есепке

алмағанда) осы күйінде еш өзгеріссіз көне түркілік тілдердің қолданысына кері

қайтаруға болар еді. Өйткені, қазіргі күнгі түркі тілдерінің кезкелгенінде (оғыз

тобына жататындарды да қосқанда) қалай болғанда да (тіл сәйкестігі кейде таң

қалдырады) көне түркі тілдерінің түпнұсқалығы әлі күнге сақталып қалған.

Көне түркілердің этно-тарихи жіктелінуі Еуразияның әскери-саяси және ішкі

әлеуметтік құрылымдарының үдерістерін жаңа көкжиекке алып шығады. Ақыр

соңында, аталған үдерістер нәтижесінде 552 жылы, атауында «түркі» этноним

сөзі бар - Көктүріктер Империясы аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Негізін тұңғыш рет жалпытүркілік саясат пен идеология құраған жаңа

мемлекет тарих сахнасына шығып, өз орнын алды. Кітабы ХХ ғасырдағы

тарихи ғылымдардың классикалық үлгісі саналған және бірнеше тілдерге, оның

ішінде түркі тіліне де аударылған, атақты француз ғалымы Рене Гирауд өз

еңбегін түгелдей Көктүріктер Империясына арнады. Түпкі деректердегі, көне

түркілік жазба ескерткіштеріндегі және бастапқы құжаттардағы шынайы

деректерге сүйенген атақты ғалым – Көктүркілер Империясы ежелгі және кейінгі

мемлекеттердің генетикалық байланысын жасайтын, біріктіргіш буын деген

тұжырым жасайды. Бұл әлеуметтік-саяси жүйелердің сапасының жақсаруының,

мәдениетінің саясаттандырылуының, саясатының өркениеттендірілуінің негізгі

ерекше белгілерін бойына жинақтаған атқарушы мемлекет болып қалыптасты.

Оны қазіргі заманның ең озық құрылымын бойына топтастыра алған көне

мемлекеттермен салыстыруға болады. Көктүрік мемлекетінің кағаны мен

халқының «Тәңірден» жаратылуы («Тәңірі» - түрікше Жаратушы) аспанмен,

Жаратушы Алла Тағаланың атымен байланысты. Олар бірлесе отырып, Жер

бетіндегі өздеріне берілген Жаратушының қалауын орындайды. Қағанаттың

ең басты міндеті Жаратушы («Тәңірі») Бумын мен Истеми сыйлаған туған

халқын сақтап, оның ұлттық бірлігін күшейту болды (107, 103 бет). Көктүріктер

де ежелгі арийліктер, көне гректер, арғы мысырлықтар мен өзге де көптеген

халықтар және олардың бүгінгі замандастары секілді еш уақытта да «құдайлар»

деп емес, әрқашан тек қана «құдай» деп айтқан. Діни танымдағы нақ осы үлгінің

таңдап алынуы, бір «Аллаға» ғана сыйынатын исламды қабылдауда жетекші рөл

атқарды десек, бұған ешқандай да күмәнмен қарауға болмайды. Өйткені, түркі

әлемінде тіршілік етіп келе жатқандар күні бүгінге дейін «Алла» мен «Құдай»

сөздерінің мағынасын бір деп ұғады және олардың арасынан өзге мән-мағына

іздемейді. Көктүріктер империясы көршілес қоныстанған мемлекеттердің қайқайсымен

де соғыс тілінде, болмаса дипломатия тілінде де сөйлесе білді, өз

халқының бейбітшілікте немесе соғыс кезінде де тіршілік етуі үшін қолдағы

мүмкіндіктерді шебер пайдалана білді, сондай-ақ қантөгісті ұрыстарда қашан

да болмасын жеңіске жетіп отырды, аймақтық саясатты мейлінше уысында

ұстай білді.

35

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

Мәселен, 726 жылы Тибет мемлекеті Көктүріктерді Қытайға қарсы соғысуға

одақтастыққа шақырғанда, сол кездегі мемлекет басшысы данагөй Білге қаған

ұсынысты қабыл алмайтынын айтып жауап берді. Басқарушының дұрыс

екендігін кейінгі үдерістер көрсетті: егерде қаған осы ұсынысты қабыл алған

жағдайда, бұл түркілер үшін тек ұзаққа созылған қанды соғыс болып қана

қоймаушы еді, өйткені Тибеттің барлық ауыртпашылығы мойынға артылып,

өз халқы өте қиын-қыстау жағдайға душар болар еді. Негізі оғыздардан кейін

жаралған Көктүріктер империясы Елтеріс және Білге қағандар басшылық

еткен тұстарда қатты дамыды. Жекелеген түркі тайпалары бірыңғай мемлекет

құру идеясының маңына топтаса бастайды («түркі-бодун» оғыздардың

тоғыз тайпасының бірігіп, бірыңғай халық болуы деген мағынаны білдіреді).

Мемлекеттік жүйе өзінің әлеуметтік-саяси институттарының иерархиялық

баспалдақтарын құрайды. Оларды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет

пен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастырады. Негізінде мал

шаруашылығымен айналысатын көктүріктер өздері мекен еткен кеңістіктің

түрлі аймақтарына біртіндеп отырықшылыққа көше бастайды, тіпті қалалық

өмір сүру салтына бейімделіп алғандар да болды. Мұнда тау-кен істері жанжақты

дамығандықтан, темір ұсталық қолөнер саласы кәсіп атаулының басы

саналды. Негізгі тау-кен қорлары Алтай мен Саян тауларынан табылатын.

Алтынды өте сапалы шихтада табу, түркілерге оны асқан ептілікпен өңдеуге

мүмкіндіктер ашты, соның нәтижесінде мұнда, түркілердің қол жеткізген ең

биік те жетік саласы әскери өнеркәсіп болды (128, 58 бет).

Түркілерде тек пен тектілікке артықшылық беріле отырғанымен де, Еуропа

немесе Азияның өзге де көптеген мемлекеттеріндегідей мұнда кемсітушілік

секілді кеселді сипаттарға орын берілмеді. Соның нәтижесі классикалық

алалаушылықтар мен касталарға бөлінушілікке алып келмеді. Әйелдер

ерлермен қатар жүріп-тұрды, олармен тең құқықта өмір сүрді, кейінгі уақыттағы

исламның кейбір тармақтары талап еткендей өн бойын орап алып, өкшесіне

дейін бүркемелейтін киім-кешектер киген жоқ. Көктүріктер қоғамында

әйелдер мен балаларға және қарттарға зорлық-зомбылық жасағандар бола

қалған жағдайда, ондай адамдар өлім жазасына кесілді. Егер де көктүріктер

мемлекетінде өмір сүріп жатқан адамдар мен тайпалар үшін «демократиялық

алаң» болмағанда, егер де олар «қанаушылар мен қаналушылар» болып бөлініп

жатса, онда мұндай қоғамды мемлекет құруға, ортақ шаруашылық жүргізу ісіне,

дұшпандармен соғыс жүргізу үшін мыңдаған әскерді жинауды ұйымдастыра

алу мүмкін болмас еді. Көктүріктер өмір сынынан сүрінбей өте алғандықтан

осындай әлеуметтік-саяси маңызы күшті құқықтық тетіктерді қолдануға епті

болды және оны сол өміршең күйінде келер ұрпағының қолына мықтап ұстатып

кетті. Еуразияның барлық аумағындағы түркі мемлекеттерінің даму үдерісінің

пайда болуының ең жауапты кезеңі олардың дүниежүзіне жайылып келе жатқан

ислам дінін қабылдауынан басталды. ІІ мыңжылдықтың қарсаңы мен оның

36

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

алғашқы ғасырларында түркі мен ислам өркениеттері үнемі қақтығыста болып

жүргенімен, соңын ала олар өз еріктерімен бірікті, бұл ендігі жерде әлемдік

тарихтың нағыз бетбұрыс кезеңіне айналып сала берді. Осы тұста бұған дейін

көп айтылып та, жазылып та келгенімен, оның түпкілікті түйініне мүмкін әдейі

немесе бұған жете мән беріп, назар аудармағандық салдарынан болар, әйтеуір

әлемдік тарихта мынадай үдерістер орын алды. Орталық Азияның мыңжылдық

тарихында доминанттық рөлге ие болып келген түркілер, Каспийдің

айналасындағы аумақтарды толық қоршауына алып, Таяу Шығыс пен Кавказға

дейін келді, сонымен қатар Анадолыға бекініп, Еуразияның геосаяси орталығын

осы аталған аумаққа көшіріп алды.

Мейлі қайда болмасын, түркілер табан тіреген жерде әлемдік саясаттың

«қазыналы қазаны» бұрқ-сарқ қайнап сала беретін. Сондықтан да, кезінде

әлемдік саясаттың тартымды орталығының түркілердің арқасында ғана

Азиядан Еуропаға қарай жылжығанын бүгінгі еуропалықтардың түсініп қана

қоймай, оны мойындағандары да мақұл. Түркілер біздің дәуіріміздің жаңа

мыңжылдығында Шығыстың Жаңа Тарихын бастады. Сол уақыттарда Батыстың

алдыңғы қатардағы озық ойлы деген оқымыстыларының өздері – мыңжылдықтар

тоғысындағы шешуші саналған осы геосаясаттың (geopolitical shift) бағытын

назарға алып, бақылаудың орнына, олар бірауыздан «жабайылардың Шығысқа

дүрмегі» деп, жамырасты. Бұған ағылшындық шығыстанушы К.Э.Босворттың

айтқандарын мысалға келтіруге әбден болады. Өйткені ол, түркілерді «түркілік

әскери құлдар» деп атап, олардың исламдық халифатқа қарай жақындасуын «жел

тиген оттай» лаулата өршіте түсіп (146. 24-25 беттер), қисынға еш жанаспайтын

қортындылар жасады. Оқымыстының осы айтқандарына орай, оған қойылатын

нақты сауалдар бар: егерде Таяу Шығыста аз ғана уақыт ішінде ел басқарудың

осыншалықты биігіне көтеріле алса және ғасырлар бойы билігін жүргізсе,

айтыңызшы, онда түркілердің «кімге және қандай құл болғаны?!». Осылай

дей тұрғанымен де, ол өзі айтқандарының шарасыздықтан туындаған «жел

сөздер» екендігін де мойындайды. К.Э.Босворт: «Түркілердің Таяу Шығыстың

жерлерін пайдалану мақсатына жасаған жорықтарының маңыздылығы өте

зор. ХІ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Солтүстік Иранға басып кірген

тайпалардың бір бөлігі одан әрі Кавказ бен Анадолыға аттанып, сол жерлерде –

армян, грузин княздары және Византия империясының христиандарымен соғыс

жүргізсе... Тайпаның келесі тобы – өмірлік қажеттілігі күшті мал және егін

шаруашылықтарын дамыту мақсатында Иранның құнарлы жерлерін игеруге

кірісті. Осылайша, Әзербайжан, Күрдістан және Гюргян жерлерін мекен еткен

бүгінгі заманғы түркі халықтарының тамыры сонау Салжұқтар кезеңінен бастау

алады, дей тұрғанымен де олардың саны (әсіресе Парсыда) моңғолдардан

кейінгі кезеңдерде көбеюі де мүмкін болатын» деп жазады (146. 30-31 беттер).

Ал, мәселенің ақиқатына тоқталар болсақ, шынайы шындықтың нақты

көрінісі мынадай: І және ІІ мыңжылдықтар түйіскен тарихи кезеңдерде түркі

37

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

суперэтносы халықтарының қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар, ұйғырлар,

шуаштар және жақұттар секілді тармақтары негізінен Орталық Азия мен оған

шектес аумақтарда тіршілік етті. Бәрінен бұрын, Таяу Шығыстағы түркілер мен

оғыздардың (олар ХІ ғасырда 24 тайпадан тұратын) өздерінің пассионарлық

тармақтарын экспансиялау шаралары осы жерде түркі мемлекетін құру ісімен

аяқталды. Ал, басым көпшілігі исламды қабылдаған түркілердің Орталық Азияға

(негізі Түркістанға) қайта оралуы, аймақта түркі-ислам мемлекетін құруға себеп

болды. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Қарахан мемлекетінің маңызды тұсы

деп, оның аймақта құрылған ең бірінші түркі-ислам мемлекеті болғандығын атап

өту керек (128, 117 бет). Осылайша, түркілік суперэтнос Еуразияның барлық

түкпіріне тарады, ерекше қасиеттерге ие бола отырып, өздерінің түп-тамырын

сақтады, соның негізінде Орта ғасырлық түркі-ислам мемлекетінен құрлықтың

жаңа түркі империясына айналу кезеңі басталды. Араб-ислам мипериясының

соңғы тірегі – Аббасшылар халифаты құлағаннан кейін Таяу және Орта Азияны

арабтар да емес, парсылар да емес, тіпті византиялықтар да емес, тек қана

түркілер басқарды. Халифаттың құлауы мен моңғолдық басқыншылықтың

қанат жаюы бір уақытта басталды деп айтуға болады. Дегенмен, әлемді

жайпаған алапат әскери жорықтарды тоқтатқандар тағы да осы түркілер еді.

Орта Азиядағы түркі тайпаларының шұғыл сіңісуі, онда мемлекет құруы

(моңғолдармен бірге) және моңғолдардың жаңа толқынына қосылып кетуі,

жаңа этножүйенің қалыптасуына алып келді. «Әлемдік тарихтағы түркілер»

монографиясының авторы К.Ф.Финдли осы мәселелерге үңіле отырып, ХІ

және ХІІІ ғасырлардағы моңғолдардың мемлекет-қоғам құрудағы экспаниялық

бағыттарында да түркілердің шешуші рөлдер атқарғанын атап көрсетеді (230,

9 бет). Еуропаның тарихтануы мен әлеуметтануына ықпалы күшті болған Ибн

Халдунның 1401 жылғы Дамаскіде түркі-моңғолдың билеушісі Теймурленгпен

(еуропалық нұсқа бойынша Тамерлан, ал біздіңше Темірлан) кездесуінің өзінің

кімге болса да өнеге аларлық тұстарының көп екендігін айта кеткен абзал.

Өйткені, Ибн Халдун нақ осы кездесуден кейін түркі мемлекеттігінің әлеуметтік,

саяси және құқықтық тіректерін тереңдете зерттей келе, Орта ғасырлардағы ел

басқару тәсілдерінің классикалық жүйелерінің басты ерекшеліктері негізінде,

өзінің бірегей ойларын айта отырып, басқарудың мүлде жаңа жүйесін ұсынды.

Ибн Халдун өз теориясына жүгіне отырып, жоғарыда келтірілген тәжірибелерде

түркі мемлекеттігінің өте байсалды да тиімді негіздемелері бар болғандығын

дәлелдейді (231, 70-71 беттер). Бұлай дейтініміз, Еуразияның ұлан-ғайыр

аумағын жаулап алған әйгілі бабасы Шыңғысханнан кейінгі кезеңдерде де,

сол уақыттың өмірінде жеңіліп көрмеген ұлы әскери қолбасшылармен ұрыс

алаңдарында бетпе-бет келіп, қарсыластарын қоғадай қырып келген, бүкіл

өмірі әскери жорықтармен өткен Темірланның бүгінгі Парламент пен

Әскери Кеңеске өте ұқсас – Генеш аталатын органы болған. Сол уақыттың

мемлекеттік және әскер басшылары Генеште бас қосып, күн тәртібіндегі

38

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

мәселелерді талқыласты, пікірлерін ортаға салды және нақты шешімдер

қабылдау үшін билеуші Әмір Темірге ақыл қосып, кеңестерін берді. Жағдай

жан-жақты сараланып, талданып болған соң, қабылданған шешімдердің

сөзсіз орындалуынан кейін ғана жеңіске қол жететін болған. Түркі қоғамында

қордаланып қалған мемлекеттік не болмаса азаматтардың басындағы маңызды

мәселелерін шешуде Құрылтайдың (съезд) алар орны да ерекше еді. Осы

айтылғандардың барлығы да, түркілерден тарихи жолмен алынған мемлекеттік

тәжірибелердің, шын мәнінде де, маңызы өте жоғары екендігін айғақтайды.

Осы тәжірибелер негізінде, бірінші кезекте мемлекет құрудың ең басты шарты

болып саналатын, соның деңгейінде ойлау парасаты қалыптасты. Тарихи

кезеңдердің әр заманындағы уақыттардың қатаң талаптарына орай әрекет етіп,

ең озық әдіс-тәсілдерді ғана айыра білген, оларды дұрыс таңдай алған мемлекет

басқарушылары, сол кездің өзінде бюрократиялық тұтастықты және жергілікті

халықпен байланыс жасаудың жолдарын қамтамасыз етті. Сонымен қатар,

қолдарынан іс келетін кәсіби шенеуніктерді, бақарушыларды, сондай-ақ әскери

әрекеттерде өздеріне жауапкершілік жүгін алуға қабілетті стратегтерді және

әскер басшыларын өсірді. Ұйымдасқан халық пен содан жасақталған әскер өз

мемлекеті мен Отанына адалдықтың шынайы үлгісі бола алды. Тұрғындардың

ұлттық және исламдық құндылықтарға негізделген мемлекеттік, азаматтық және

мүліктік құқықтары сақталды және сол заманның иерархиялық басқару жүйесі

де халықтың өмірлік маңызы зор мүдделерін толық қамтамасыз етуге ұмтылды.

Түркі мемлекеттеріндегі және бірегей ерекшелік зерттеушілердің назарынан

тыс қалмады: бұл мемлекеттерде төменгі әлеуметтік топ ішінен, әсіресе жастар

арасынан мемлекеттік істерді сауатты жүргізуге қабілеті барларды іріктеп алу

мүмкін болып қана қойған жоқ, аталған әдіс үнемі бақылауда ұсталып, мемлекет

тарапынан үлкен қолдауға ие болды және жүзеге асырылып отырды (189, 199

бет).

Мұндай жылжымалы жүйе мемлекеттік қызметкерлердің төменнен жоғарыға

қарай өсіп немесе жоғарыдан төменге қарай түсіп қалу тәжірибесінің үнемі

қозғалыста болуына мүмкіндік берді. Бұл басқару жүйесі қандай да бір құрал

ретінде қабілетсіздердің қолында қалып, салдарынан қоғамның тығырыққа

тірелуінің алдын алу, халық пен мемлекет арасындағы сенім мен байланыстың

үзілмеуін үнемі қамтамасыз етіп отыру үшін қажет болды. Назарға алынар

болса, мұндай меритократияның бүгінгі кезең үшін де тамаша үлгі болары анық

еді.

Классикалық түркі мемлекеттеріндегі сыртқы және ішкі саясаттардың

келістілігін, көршілес елдермен қарым-қатынас түрлерінің икемді және сындарлы

стратегияларға негізделуін, олардың қол жеткізе алған жетістіктерінің ең басты

шарттары деп бағалаған орынды болады. Дегенмен, түркілердің дамығанын

іштарлықпен көре алмайтын, дұшпандық ниеттегі мемлекеттердің саяси

тарихшылары мен шежірешілері, бәрімізге де белгілі себептерге сәйкес, бір

39

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

кезеңде өмір сүргендіктен көп нәрсені көріп-біліп отырса да өз зерттеулерінде,

түркі мемлекеттерінің дүниеге салиқалы көзқарастары мен игілікті танымдары

туралы емес, керісінше «тырнақ астынан кір іздегендей» кейіп танытып,

олардың арасындағы кикілжіңдер туралы айтып қалуға тырысып бақты.

Түркілерді ешуақытта да соғыстан көз ашпаған, бейбітшіліктің, тыныштық

пен қауіпсіздіктің не екендігін білмейтін сияқты етіп көрсетуге ұмтылды.

Бір жерден екінші орынға көшіп барған жерінде қару қақтығыстыра беретін

соғысқұмар ретінде суреттеп қалуға құмарлық танытты. Барлық уақытта

да көршілес мемлекеттердің, тіпті бауырлас саналатын барша түркі тектес

елдер мен ондағы халықтардың да бастарына тек пәле әкелген деп үн қатып

қалуға тыраштанды. Алайда, «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, түркі

мемлекеттігінің шынайы зерттелуі нәтижесінде (128, 100 бет) бұған дейінгі

айтылып келгендердің шындыққа еш жанаспайтыны әшкереленіп, тек «жел

сөзді» ескен екі елі ауыздарға төрт елі қақпақ қойылды. Сондай-ақ, желдей ескен

желпіме сөздердің барлығы да нақты дәлелдерге төтеп бере алмағандықтан

жоққа шығарылды.

Түркі саясаткерлері бейбіт уақыттарда соғыстың жағдайын, ал соғыс

уақытында – бейбітшіліктің түрлі нұсқаларын қарастырып отырды. Әрине, түркі

мемлекеттерінің өзге де көршілес басқа елдермен, сонымен қатар бір-бірімен

жаға жыртысып, өз ара соғысқанын да әсте естен шығармау керек шығар. Бұл

соғыстар оларды қаншалықты әлсіретіп жіберді десек те, бұл ұрыстар оларды

соншалықты шынықтырды да шыңдай түсті және күшті етті. Соның арқасында

түркілер басынан сөз асырмайтын мықтылығын, әскери және де жеңімпаздық

рухын сақтай алды. Түркі мемлекеттері жеке басының қауіпсіздін қамтамасыз

ету мақсатында қолдағы мүмкіндіктерді толығымен сарқа пайдаланып қалуға

тырысты. Ал, егер де жоғарыда айтылып өткендей саяси тарихшылар мен

шежірешілердің түркі мемлекеттері көз ашқалы бір-бірінің тайпасын жойып

жіберу үшін соғыса берген деген шатпақтарына сене берер болсақ, онда бүгінгі

күндері Жер бетінде бірде-бір түркі мемлекеті қалмаған болар еді ғой. Бірақ

олар қалды, бар және бола да бермек! Міне, шындық қайда?! Жан беріп, жан

алысқан аяусыз қырғындарда түркілер тек өз ұлтын ғана емес, сонымен қатар

көршілес қоныстанған елдерді де, халқымен қатар олардың мәдениетін, тілін,

тарихи ескерткіштерін, әдет-ғұрпы мен қолөнерін де сақтап қалды. Егер біз

түркі мемлекеттерінің эволюциялық үдерісінің жалпы көрінісін қадағалап

қарайтын болсақ, онда біз солардың ішіндегі тарихи-саяси қатынастардың

динамикасы аталған мемлекеттерде тұрақтылық пен аймақтық-геосаяси

конфигурацияның орнығуы мен беки түсуін қамтамасыз еткенін көреміз.Тікелей

қарым-қатынас түрлері мемлекеттіктің көнеден бастап бүгінгі күнге дейінгі

тарихи дәстүрлерінің жеткізілуіне ықпал етті. Ал, көлденең қарым-қатынас

түрлері болса мемлекет үшін түрлі деңгейдегі ортақ бір уақыттың байланысы

және мемлекеттің өз мүмкіндігі шегіндегі өзара мүдделердің сақталуының

40

Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы

негізін қалады. Түркі мемлекеттерінің түп тамырының қаншалықты тереңде

екендігіне көз жеткізу, олардың сол уақыттағы үлкен саясаттан еш жаққа да

ауытқымай, туыстық-бауырластық негіздерді басшылыққа алып келуінің

қарапайым қисынын түсіну үшін, олардың арасындағы күні бүгінге дейін

жалғасып келе жатқан өте жақын да тым ыстық қарым-қатынастарға қарап

отырып, көз жеткізу қиын емес.

Осы бір бұлтартпас шындықтың бар болмысын дер кезінде көре және мұны

жаңа кезеңдегі түркілердің санасына сіңіретін уақыттың жеткендігін өзгелерден

бұрын түсіне алған дана Мұстафа Кемел Ататүрік: «Біздің түркі ұлты – көне

де даңқты ұлт. Шындығында да, Алтай тауының бөктерінде жетілген ол,

қыранның бойындағы жетістіктерді – яғни қиядағыны қалт жібермей көре

білу, көкке самғай ұшу мен күшті денеге ие болу, рухты байытуға қабілеттілік

секілді қасиеттерді жас күнінен бойына жинай білді. Іс жүзінде, құқықтықморальдық

немесе материалдық шектеу дегенді білмей өскен олар, отан-анадан

алыс жатқан әлемдерге көз тігіп, оларға қарсы бой көтерді. Яғни сол уақыттарда

біздің ежелгі ата-бабаларымыз батыс пен шығысқа тарады. Сондықтан да біздер,

бүгінгі түркілер ежелгі ержүрек бабаларымызбен тікелей байланыстымыз...

Қытайға елшілерін аттандырған және Византияның елшілерін қабылдаған Түркі

мемлекеті – бұл біздің түркі-бабаларымыздың қолымен тұрғызылған мемлекет...

Біздерді Азия мен Еуропа, тіпті Африка жақсы білетін ұлтпыз. Біздің әскерміз

бен сауда кемелеріміз мұхиттар толқынын «май кескен пышақтай» тілгілеп

өтіп, туымызды Үндістанға да тіккен» (96, 166-168-170 беттер).

Ұлы Ататүріктің осыдан ондаған жылдар бұрынғы айтып кеткен шындығы

аясында түркі мемлекеттерінің осы ғасырдағы келешегінің кемелі анық көрініп

тұр. Осылардың барлығы да түркі мемлекеттері генезисінің әлемдік саяси

көріністердің шын мәніндегі жаңа феномені деп айтуға толықтай мүмкіндік

береді; аталған феномен Батыс пен Шығыстың мемлекеттігінің дәстүріне жаңа

реңк беріп, тың сипат әкелгені тарихи дәлелденді, сол арқылы әлемдік саяси

ойлау жүйесінің дамуына да өз үлесін қосты.

Түркілердің саяси рухы қашанда тынымыз күйде болды – бұл күш, тіршілік

пен жасампаздық жолында бір сәт те тыныштық көрмей, шарқ ұрды. Бұл рух

саяси шынайылықтың үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталды,

сондықтан да ол саяси ландшафттың қозғаушы күші болып табылды және әлі

күнге дейін солай. Бұл әлемдік тарихи тәжірибе құптаған, мақұлданған шындық.

41

42

2. ИМПЕРИЯНЫҢ ПАТШАЛЫҒЫНДА

Әлем саясаты тарихындағы негізгі оқиғалар мен үдерістер мемлекет пен

империялардың құрылуы, уақыт талабына сәйкес олардың бірінен екіншісіне

өзгерулері, сондай-ақ өркендеулері және қайта құлдырауларымен тығыз

байланысты болады. Мемлекеттердің империяларға айналуы, олардың күшеюі

мен бірыңғай генотипке сәйкес әр түрлі мемлекеттерге бөлініп көбеюі, ал

бірқатар жағдайларда жер бетінен ізі де қалмай жоғалып, немесе, тіпті жойылып

кетулері, әлемдік саясат тарихының келбетіне өзгерістер енгізіп жатады. Мұндай

өзгерістер көне дәуірлерде де, Орта ғасырларда да және қазіргі заманның

өзінде де олардың бойларына тән тарихи-саяси заңдылықтарға, мемлекетаралық

қарым-қатынастардың нақты ахуалдарына, мүдделердің келісу-келіспеушілігі

мен олардың сипаттарына қарай орын алып отырады. Сонымен қатар, белгілі

жағдайдағы мүдделі топтардың өзара қақтығыстарынан кейін туындайтын

шешімдерге сәйкес өзгерістер енгізіліп жататыны да жоқ емес. Егер де

мемлекеттің қуаты, оның беделі, ықпал жүргізу саласы мен тартымдылығы

белгілі бір географиялық кеңістіктегі әскери-саяси үдерістерге басшылық етуге

қабілетті деңгейге дейін көтеріле алса, одақтастық құруда, болмаса жақындағы

немесе алыстағы бәсекелестерінен блоктар ұйымдастыруда таңдауы басым

түсіп жатса, сонымен қатар өзгелердің бірігуге деген жопарларын бұзуға,

айналасындағы күштерді әлсіретуге, басқалардың мемлекеттік субъектілерге

деген ықпалын өз жағына тартып ала білсе, сондай-ақ ашық соғыста жеңіске

жететін болса, ал бірінің соңынан бірі келіп жатқан жеңістер оның әскери,

экономикалық және идеологиялық қуатын қамтамасыз етіп жатса, онда бұл

мемлекеттің Империяға айналуына ешқандай да күдік келтіруге болмайды.

Дегенмен, империя неғұрлым күшейіп іргесі кеңіген сайын, оның құлдырап,

құлайтын мезгілі де соғұрлым жақындай түседі. Кейде Империяның ұлғаятыны

соншалық, оны құдды бір динозавр дерсіз, өйткені оның «бармақтай» ғана басы

өте үлкен болады да, ол алып денені басқаруға қауқарсыз болып қалады. Осыдан

барып, метрополия мен шеткі аймақтар арасында сызаттар пайда болады.

Соның салдарынан басқару жүйесіндегі «сызаттар» ахуалды реттеуге, басқару

тетігінің жұмысын жолға қоюға мүмкіндік бермейді. Орталық тоталитарлық

аппарат, «тәуелсіздік» туралы ойлай бастағандардың бастарын біріктірмеуге

күш жұмсайды, осыны талап қылады. Алайда, ықпалдастықтың жұлынына

«жегі құрт» болып түскен бұл кесел империяны іштен құртпай тындайды. Ең

бастысы, орталықтан бөліне тартқан «қашқындардың» көбейе түсуі себебінен

империяның күші күн өткен сайын кеми береді, оның әлсірейтіні соншалықты,

ол күндердің күнінде кімнің дос, ал кімнің қас екендігін айыра алмайтын

ахуалға түседі және де қорғансыз қалып, түбінде бөлшектеніп кетеді. Соңында,

Империяның патшалығында

тарихтың көшінде қалып бара жатқан бір кездегі алып империяның сөзі

өтпейтін, онымен ешкімнің де санасқысы келмейтін күйге түседі. Империяның

ләззатқұмар ойлау жүйесі оның өзін құлдыраушылыққа алып келеді.

Дегенмен, кей жағдайларда ұлттық-саяси негіздердің мықтылығы, орталық

мемлекеттік әлеуеттің сақталуы, жымын білдірмей жақындап келе жатқан

құлдыраушылықты дер кезінде, тамыршыдай тап басып түсіне білу, сондай-ақ

оған қарсы тиімді шаралар қабылдай алу, құрдымға қарай кетудің жолын қиып,

төне түскен күйреу кеселінен аз шығынмен шығып кетуге мүмкіндік береді.

(Мұндай оқиғалар Британия, Осман және Ресей империяларының басынан өтті).

Егер де ондаған елдер белгілі бір уақыт аралығында көршілес ретінде бейбіт

өмір сүре алатын болса, империялар керісінше, мұндай қадамға төзімсіз келеді.

Өйткені, империялардың мемлекеттерге деген көзқарасы қайшылықтарға толы,

олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын өзара қарсылықтар бөліп тастаған

деп айтуға болады. Империялардың бір-бірімен қақтығыстары планеталық

деңгейдегі әскери-саяси сілкіністерге, экономикалық дағдарыстар мен қайғылы

соғыстарға, мемлекеттердің бір саяси полюстен екіншісіне көшулеріне алып

келеді. Олардың арасындағы күштік баланстар салыстырмалы тұрақтылықта

қалып, халықаралық өмірі дүрдараз жағдайда қалып қояды. Даңқтың шыңына

көтерілген империялар көптеген жерлерді басып алады. Әлемде екі ірі империя

пайда болған сәттен бастап күні бүгінге дейінгі аралықта, өткен тарихи кезеңде

бұл шамамен екі жарым мың жылды құрайды, олардың өктемдігінің мөлшері –

жерлерді басып алумен қатар, халықаралық саясаттың қайнаған ортасында болу

және оны өздері қалаған арнаға бұра алуға ықпалдылығымен де өлшенеді. Жер

көлемінің көп болуы күшті экономиканы, ал күшті экономика – қуатты әскерді,

ал қуатты әскер өз кезегінде – бұрынғыдан да адуынды және беделді саясат

жүргізуге қабілеттілігін арттыра түседі. Айталық, Ахеменидтер империясы

(б.э. дейінгі 480 жыл) - 8 млн. шаршы шақырым аумаққа, Рим империясы (б.д.

дейінгі 117 жыл) - 6 млн. шаршы шақырым, Ғұндар империясы (б.д. дейінгі

453 жыл) – 4 млн. шаршы шақырым, Көктүріктер империясы (572 жыл) – 14

млн. шаршы шақырым, Ұмай халифаты (720 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым,

Аббасидтер империясы (750 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым, Түркі-моңғол

империясы (1309 жыл) – 24 млн. шаршы шақырым, Қытай-юань империясы

(1320 жыл) – 11 млн. шаршы шақырым, Осман империясы (1683 жыл) – 5 млн.

200 мың шаршы шақырым, Манчу-гиг қытай империясы (1800 жыл) – 1 млн.

шаршы шақырым, Испания империясы (1800 жыл) – 14 млн. шаршы шақырым,

Португалия империясы (1815 жыл) – 10 млн 400 мың шаршы шақырым,

Ресей империясы (1905 жыл) – 22 млн. шаршы шақырым, Екінші франциялық

колониалдық ипериясы (1920 жыл) – 15 млн. шаршы шақырым, Ұлыбритания

империясы (1920 жыл) – 34 млн. шаршы шақырым жерге иелік етті.

Соңғы жүзжылдыққа тақағанда олардың көпшілігі бір-бірімен бетпе-бет

келді, соғысты, қирады, аяғынан қайта тұруға, күш-қуат жинауға тыраштанды,

43

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

тарих сахнасында жаңа мемлекеттер пайда бола бастады, қалай болғанда да,

әлемнің ең басты саяси алаңынан ысырылып қалмау үшін, олардың қай-қайсы

болмасын қатыгез де қатал күрестер жүргізуге тырысып бақты. Империя ішіндегі

мемлекеттердің өзгеруін – ішкі және сыртқы факторларға тікелей тәуелді үдеріс

деп айту керек. Сондай-ақ, мұны географиялық-саяси кеңістіктегі бұрынғыдан

да күрделене түскен қауіпсіздік мәселелерін жеткілікті деңгейде қамтамасыз

ететін, мемлекеттік-саяси жүйелердің эволюциялануын басым жағдайға дейін

жеткізе алатын ең бір шешуші кезең деп есептеуге болады. Егер де өз тілі мен

шыққан тегі, түп тамыры бар қандай да бір мемлекет, халық, ұлт немесе тарихи

қалыптасқан қоғам аяусыз қырғынға ұшырап, өз мақсаттарына жете алмайтын

жағдайға киліксе, онда айтқанға көнуге, өз тағдырын шешу құқығын толықтай

болмаса да жартылай сақтап қалу үшін, күштілердің талабынан бас тартпауға

тура келеді.Түркілердің еркін рухы оларды үнемі құлдыққа мойынсұнбауға ,

есесіне Күшті және Жеңімпаз болуға шақырды. Сондықтан да олардың үш

мыңжылдық тарихы – мемлекеттіктен өтіп, келесі кезің - Күшті Империяға

айналуға жасаған қадамдары болды. Егерде біз Еуразиялық кеңістіктің жаhандық

саяси өзін-өзі тануының бастапқы кезеңіне көз салар болсақ, онда сол уақыттың

өзінен түркітілдес халықтардың империялар арасында күштік баланстар

жасауға қабілетті болғанын көреміз. Мәселен, біздің дәуіріміз басталғанға

дейінгі және басталғаннан кейінгі алғашқы және соңғы ғасырларда (шамамен

төрт жүз жылдай) қытайдың Хань империясы Азияға толықтай жеке-дара

үстемдік еткісі келді. Оңтүстігінде, теңіз жағалауларынан Шығысқа қарай, ал

солтүстігінде Азияның орталығына қарай жаулау арқылы жер көлемін кеңейтіп

келе жатқан Рим империясының Хань империясымен бетпе-бет келуі күмәнсіз

факт болатын. Алайда Рим және Қытай империялары ешқашанда бір-біріне

қарсы тұрып, жауласқан жоқ. Еуразияның шығысы мен батысының жаhандық

қақтығысына тек ғұндар-түркілердің қуатты күші ғана қарсы тұрарлық еді:

шығыс бағытында Қытаймен, ал батысында – Рим мипериясымен соғысып

жүрген ғұндар империясы олардың ешқайсына да Еуразияны билеп-төстеуге

титтей де мүмкіндік бермеді. Ол шығысында Қытайлықтардың, ал бастысында

римдіктердің әскерін жаныштады. Сол арқылы Pax Sinica (қытай әлемінің

универсалды үкіметі) және Pax Romanaның (рим әлемінің универсалды үкіметі)

алдында Pax Turcicaның (түркі әлемінің универсалды үкіметі) кім және оның

қандай құдыретті екендігін көрсетті. Ал, осыдан кейін Еуразияға абсолютті

түрде билік жүргізуге ешкімге де жол бермеді. Тіпті, соңғы екі мың жыл

көлемінде жайылып жатқан алып кеңістікте мемлекет пен империя құрушылар

тек өздері, яғни түркілер ғана екендігін әлем жұртшылығына мойындатты.

«Әлемдік тарихтағы түркілер» монографиясының авторы, профессор

К.В.Финдли, біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларынан басталып, бірінші

мыңжылдықтың орта кезеңіне дейін жеткен «Ішкі Азияны түркілендіру»,

«Pan-Turcica мәдени жиынтығын күшейту» үдерісінің нәтижесі ретінде

44

Империяның патшалығында

қайталанбайтын сипатта болды» (230, 37-43 беттер). Әрине, қытайлармен

салыстырғанда ғұндар-түркілердің саны әлдеқайда (300 мың адам) аз еді.

Ғұндар империясы кезеңінде (б.д. ІІ жылы) қытайлықтар 56 млн. адамды

құрады. Мыңдаған жылдар аралығында ғұндардың саны бірде арта, енді бірде

кеми отырып, 600 мыңға әзер жетті (154, 537 бет), сондықтан да олар бір ғұнға

20 қытай қарсы тұратын арасалмақта соғысты. Қытайлықтар ғұндарға қарсы

тек әскер күшін ғана емес, сонымен қатар «қақпан дипломат» аталатын саяси

қулықтарды да кеңінен пайдаланып бақты. Олар өздерінің байлықтарына

қызықтыра отырып, түркілерді өз жақтарына тартып алуға тырысты.

Ғұндар-түркілер римдіктерге де аз санмен, бірақ ұйымдасқан, тәртібі

темірдей күшті және ұрыс тәсілдерін терең меңгерген әскермен қарсы шығып

соғысты. 451-452 жылдары римдіктердің біріккен әскеріне шығыс және орталықеуропалық

қапталдардан шабуыл жасаған ғұндар-түркілер, сол уақыттың

тактикалық жетістігімен салыстырғанда ең озық әскери стратегияны көрсетті.

Осы соғыста екі әскер ғана түйіскен жоқ, турасын айтқанда еуропалықтар мен

азиялықтар (өйткені, екі жақтың да құрамдарында оларға қарайтын аймақта

тұратын халықтардың жасақтары да болды), ал жекелеген өте маңызды

тұстарға тоқталар болсақ, онда атақты екі қолбасшы – римдік Аэция мен ғұндар

қолбасшысы Атилла бетпе-бет кездесті. Каталаун жазығындағы қанды соғыста

ешкім де жеңіске қол жеткізе алған жоқ, әскери үдеріс жағдайын ойлаған

Атилла стратегиялық жоспар бойынша сәл кейін шегінді. Өз кезегінде, мұны

ұрыстың тек басы ғана екендігін жақсы түсінген Аэций де тәуекелге барып,

қарсыласының ізіне түсе алмады. Келесі жылғы кескілескен қақтығыста ғұндар

Империясының әскері басымдықпен жеңіске жетті.

Олар метрополияға – Италияға кіріп, Римнің ең мықты саналған қорғаны

Аквиелиді басып алды. Күл-талқаны шыққан Аэцияның ендігі жерде қарсылық

көрсетуге дәрмені жоқ еді. Римдіктер қол қусырып, бейбітшілік сұрауға мәжбүр

болды, сонымен қатар әскерін Римнен шығаратын болса, онда Атиллаға ірі

сый-сияпат ұсынатындарын жеткізді. Еуропаның дәл жүрегін жаулап алған

Аттила бұл ұсынысты қабыл алды. Осыдан кейін 453 жылы атақ-даңқы

аспандап, оның үстіне бұрғындық ару Ильдиконы өзіне жар етуге таңдап

алған және үйлену тойы болып жатқан түні құпия жағдайда (бұған дейін өзі

жасырып келгендей, мұрнынан қан кету салдарынан көз жұмуы мүмкін) жан

тәсілім еткен Аттила, сөзсіз Еуропа тағдырына ұмытылмастай етіп, шешуші із

қалдырды: егер де еуропалықтар Азияға жаугершілікпен аттанатын болса, онда

олар маңдайларының тасқа соғылатындықтарын жақсы түсінді.

Ғұндардың Рим империясын тас-талқан етіп жеңгендеріне тура жүз жыл

толғанда, яғни 552 жылы ғұндардан да күштірек және шешімдірек мемлекеттік

құрылым - Орта Азияның арқа сүйер тірегі Көктүріктер Империясы(кейбір

дереккөздерде тек Түріктер империясы деп қана аталады) құрылып, ол

Римдіктердің басына бұрынғыдан да қоюлана түскен қара бұлттай шүйлікті.

45

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

Өздерінің шыққан тегін Ашина тегімен (аңыздарға қарағанда бұл түркілер

көкбөрілерден тараған) байланыстырған көктүріктер (немесе көктүркүттер)

өздерінің екі баласы, Ту-у көшбасшылары, қағандар атанған Бумын және

Истемидің көмегімен Көктүріктер империясының негізін қалады (241, 80-140,

152 беттер). Жапон теңізінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта құшағын кеңге

жайып жатқан аса қуатты империя 552-745 жылдары (билік күшті кезінде жер

көлемі – 14 млн.шаршы шақырым болды) пайда болды. Ол құдды бір Ұлы

Ғұндардың дәстүрін одан әрі жалғастырып жатқандай (естеріңізге сала кетейік:

ғұндардың Шығыс және Батыс империялары) әсер беретін еді. Кейіннен Бумын

қағанның басқаруымен Шығыс Көктүріктер қағанаты (552-640 жылдар)

және қаған Истемидің басқаруымен Батыс Көктүріктер қағанаты (552-560

жылдар) болып екіге бөлінді. Сондай-ақ, қаған Истеми Еуразиядағы түркілік

суперэтностың іштен бүлінуіне және ыдырауына әкеп соқтырмайтын, сондай-ақ

олардың руаралық дүрдараздыққа баруына жол бергізбейтін, тек өздеріне ғана

тән саяси-идеологиялық бірлестік тұжырымдамасы саналатын ғұндық-түркілік

мұраны одан әрі жалғастыруға тырысты. Шығыс түркі қағанатының саясаты

мен әскері үнемі Қытай империясына қарсы тұрып, олардың бетін қайтарып

отырды, ал Батыс түрік қағанатының саясаты мен әскері болса, Каспий мен Қара

теңіздерінің маңайындағы аумақтарға қатер төндірген Сасанидтер империясына

қарсы шығып, олардың адуынды арындарын «шаңға су сепкендей» етіп басып

тастап отырды.

Түркілердің басқа жерлерді жаулап алудағы талпынысы мынада: егер де

олардың өзге жерлерді жаулап алуға бағытталған әскери әрекеттері саясидипломатиялық

күштермен толықтырылмағанда, олар өздері басып алған

жерлерде көп уақыттар бойы нық отыра алмаған болар еді, тіпті иеліктеріндегі

басқа жерлердің өзінен де айрылып қалулары әбден мүмкін болатын. Осындай

қабілеттерге ие Көктүріктер Империясы айналасында жатқан алыс-жақын

көршілерімен олардың өздеріне тән мүдделеріне сәйкес қарым-қатынастар

орната алды. Сол кезеңдегі геосаяси үдерістерді басқаруға ықпалды болу үшін

Сасанидтер мен Византия империяларымен дипломатиялық бағыттағы қарымқатынастар

орнату да ауадай қажет саясаттың бірі еді (230, 39 бет).

Pax Turcicа-ның сабақтастығының келесі ғасырлардағы жолын Ұйғыртүркі

(745-840 жылдары) және Түркі-моңғол (1230-1310 жылдар) империялары

жалғастырды. Дегенмен, Pax Turcica, геосаяси кеңістікті шешетін бағытқа

– Еуразияның Еуропамен түйісетін тұсына қарай жылжи отырып, көптеген

жетістіктерге қол жеткізеді. Түркі Ислам Одағы мен Pax Turcica өздеріне

тиісінше Pax Turanica және Pax Ottomanica болып қайта түрленуінен кейін түркі

суперэтносы империялық өмірінің жаңа кезеңін бастайды. Сол уақыттың ХІ

ғасырында Үлкен Салжұқ сұлтанаты ислам әлемінің ең жетекші империясына

айналады. Егер де, Оңтүстік-Шығыс Азияның геосаяси ахуалынан мағұлмат

беретін 1094 жылғы картаға назар аударар болсақ, онда біз Үлкен Салжұқ

46

Империяның патшалығында

сұлтанатының Индия шекарасы маңындағы Ғазнеуи сұлтанатынан бастап,

батысында Константинопольға дейін, ал солтүстігінде Арал теңізінен бастап

Араб жеріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені иемденіп жатқанын көреміз (241, 156

бет). Түркілер исламды, ал ислам – түркілердің басқару әдісін қабылдады.

Түркілер өздеріне Жерді де және Дінді де бір уақытта тапты деп айтуға болады.

Жердегі билік дінге, ал осы жердегі дін билікке, яғни қай кезеңде де болмасын

олар бір-біріне нағыз сүйеніш те таяныш та бола алды. Р.Груссенің «дала

империялары» деп атап кеткен патшалықтың мұрагерлері түркілер, кімнің

болмасын геосаяси мүдделері қатаң түрде түйісіп жататын, қайнаған ыстық

нүкте Еуразияда этникасы мен саясаты байланысып жатқан мықты мемлекет

құра алды және оларды империя деңгейіне дейін көтерді. Әйгілі Шыңғысхан

басшылық еткен түркі-моңғол империясы 1230-1255 жылдар аралығында Корея

жартылай аралынан бастап Арал теңізіне дейінгі, сондай-ақ Оралдан бастап

Хинди өзеніне дейінгі алып аймақты мекен еткен ондаған мемлекеттер мен

жүздеген халықтардың басын қосып, оларды бір тудың астына біріктірді (241.

150, 156, 278-279 беттер). VІ ғасырдан бері Таяу Шығысты жаулап алып, оған

өз билігін жүргізіп келе жатқан араб-ислам халифаты болса, әрине бұған көнгісі

келмеді. Дегенмен, қанша жерден қарсылық жасамаққа әрекеттеніп көргенімен

олардың бұл істерінен түк те өнбеді, өйткені алып империяның үлкен күшіне

қарсы шыдас беру мүмкін емес еді. Араб тарихшылары мен шежірешілері

түркі-моңғолдардың әскери жорықтарын бұған дейін орын алған қасіреттердің

ішіндегі ең ауыры болды деп жазды. Осы дереккөздерге сілтеме жасаған

еуропалық бірқатар кертартпа авторлардың, «түркілердің әлсіз экономикасы»

Парсылар мен Месопотамияның өркендеген қуатты мәдениеттеріне айтарлықтай

шығындар келтірді, «аталған мәдениеттер түркі билеушілерінің қолындағы

ойыншықтарына айналды», деген секілді қортындыларға келулері қарапайым

логикаға жат пайымдау еді (100, 198-199 беттер). Бірақ, өзінің кейінгі жазған

қорытындыларында К.Броккельман жоғарыда келтірілген пікірлердің шындыққа

келмейтіндігін көрсетіп, есесіне түркілердің саяси басымдығының

арқасында ғана күндері бітуге жақындап, әлсірей бастаған ислам аман қалды деп

айтады, сондай-ақ түркілердің «исламның оң қолы» болғандығынан да хабар

береді (100, 212-281 беттер) . Шынында да бұл солай. Бірақ, түркілердің бойына

бітіп, олардың қанына дейін әбден сіңіп кеткен әскери-саяси дарын Азияның

көптеген мемлекеттерін империялық деңгейге дейін жеткізгенімен, шындығында

олардың барлығы да конфедерациялар болды. Түркілер оларға Парсылар мен

Месопотамия құндылықтарына деңгейлес материалдық-өнегелілік игіліктерді

ғана емес, сонымен қатар әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары саяси басқарудың

мәдениетін де қоса ұсынды. Түркі мен моңғол тілдерінің өзара генетикалық

байланысы жоқтығына қарамастан, олар мәдени ынтымақтастықтың

конфедеративтік бәтуаластығы тұрғысында көп уақыттар бойына империяны

басқара алды (230, 77-89 беттер). Түркілер мен моңғолдар, оларды ұлт ретінде

47

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

жеке-дара алып қарағанда, әрқайсының жалпы саны 700 мың адамнан аспай

тұрып-ақ, сан жағынан өздерінен әлдеқайда басым, мемлекеттік жүйелері де

әбден қалыптасқан елдерді шетінен жаулап алып, олардың үстінен төтенше

биліктер жүргізуге қол жеткізулері, әлем тарихшылары мен саясаткерлерін әлі

күнге дейін таң қалдырумен келеді. Біздің пайымдауымызша, бұл сауалдың

бір ғана қисынды жауабы бар: мұны түркілердің қандай жағдайда болмасын

мемлекетаралық бірлікті ұйымдастыра білу қабілетінің ерекше дәрежедегі

қуаттылығынан деп түсінген дұрыс. Мәселенің өзге де өзекті жақтарын естен

шығаруға әсте болмайды: ал, мұны империя ішінің қай саласында болмасын,

онда орын алған жаппай әділеттіліктің алдыңғы қатарға шығуымен көрсетуге

болады. Француз тарихшысы, Франция Академиясының мүшесі, Азия тарихы

бойынша жазылған құнды еңбектерімен әлемге танылған Р.Груссенің қалдырып

кеткен түсініктемесіне сәйкес, атақты Шыңғысханның жаулап алу дәстүрін

жалғастырушы Темірлан моңғолдан емес, түркіден шыққан, ал Теймуридтің

немесе «Түркі-моңғол қағанатының» іргетасы тек түркі мемлекеттігінің дәстүрі

бойынша қаланып, шаңырағы көтерілген. «Шындығында бұл қағанат Түркі

Конфедерациясы болып табылады» (241, 409 бет). Бұл суперэтностың қолымен

жасалған және Орталық Азияда үлкен рөл атқарған бірлестік! Түркілердің

идеясы арқасында құрылған Конфедерация сол кезеңдегі саяси ой-өрістер үшін

нағыз жаңалыққа айналды. Негізгі құпия да дәл осында жатыр. Біздер үшін

аса маңызды саналатын тағы бір мәселеге тоқталған Р.Груссе, Темірлан өзінің

Кавказға жасаған жорығында Әзербайжанға ерекше мән береді және Кавказ бен

Парсыны толықтай жаулап алу үшін, ол Әзербайжанды жорыққа аттану нүктесі

ретінде қабылдайды. Темірланның әскері 1386-1387 жылдары Қарабақта қыстап,

содан кейін келесі жылға жоспарланған барлық бағыттағы әскери жорықтарын

тура осы жерден бастайды (241, 437 бет). ХV ғасырда Темір империясы бірбіріне

тәуелсіз қағанаттар құра бастайды. Алтын Орданың мысалын алып қарар

болсақ, онда аталған империя солтүстігінде Каспий мен Қара теңізден бастап,

Литва мен Мәскеуге дейінгі жерлерді басып алғанын көреміз. Міне, соның

негізінде жаңа, әрі қуатты Еуразия патшалығының іргетасы қалана бастайды.

Алтын Орда империясы құрамына енетін Консолидацияның славяндары,

түркілері мен моңғолдары (оның құрамында қыпшақтар мен бұлғарлардан

тарайтын этностар да бар) оны бұрынғыдан да қаhарлы әрі қуатты ете түседі.

Ресей империясының пайда болуы мен Франция революциясының басталуы

алдында, яғни XVIII ғасырларда Шыңғысхан мен Темірланның ізбасарларының

қолымен тұрғызылып, қабырғасы қаланған алып патшалықтың іргесі сөгіледі,

ұсақталып кеткендіктен тарих сахнасынан көріне алмайтын күйге түседі.

Әлемнің жаңаруына дейінгі тарихи саясатта түркі империясының ілгерілеу

мен кемелдену бағытына қарай дамуы оларды сол дәуірдің жасампаз күшіне

айналдырды. К.В.Финдлидің пікірі бойынша: «Тарихта Азияның империя

құрушы күші болып саналатын (Жаңа Азияға кешігіңкіреп келген еуропалық

48

Империяның патшалығында

ипериализмдерден бөлек) жергілікті түркілер шамамен 1400 және 1800 жылдар

аралығында осы құрлықты және өзгеріп жатқан аймақтарды дамыту тарихында

бірқатар өте маңызды заманалық кезеңдерді еңсере білген». Сонымен

олар Азия мемлекеттерін біріктірудің бастапқы қарапайым түрінен, ислам

мемлекеттерінің діни идеологиясы мен салық салаларына негізделген күрделі

құрылымдарына дейін жасай алды. Мұның ең тартымды тұсы мынада, олар

«далалық империядан» бір мезетте «ауылшаруашылық империясына», ал аз ғана

уақыт ішінде «ауылшаруашылығы империясынан» – «оқ-дәрі империясына»

айналып сала береді. Яғни, әскерлерін сол заманның атыс қаруларымен (оқдәрі

және артиллерия) жарақтандыра алған түркілер, сөз жоқ өз дәуірінің

жетілдірілген және өте озық әскери арсеналының иегері болды. К.В.Финдлидің

әдеттен тыс жасаған тұжырымдамасына сәйкес, осы бір әскери технологиядағы

аса маңызды революциялық төңкеріс – АҚШ-тың атомдық бомбаларға қолы

жеткеннен кейінгі ядролық державаға айналып сала беруімен бірдей еді (230,

93 бет).

Әлемдік тарихтың нормативтік оқулықтарында (314) және осыған тиісті

зерттеу еңбектерінде бүгінгі түркі әлемінің көкірегіне мақтаныш сезімін

ұялататындай карта кең қолданылады: онда өркениет пайда болған және

тұрғындардың басым бөлігі өмір сүретін Еуропа, Азия, сондай-ақ Африканың

аумақтарын қамтыған түркілік үш ұлы империя – Осман (1300-1922 ж.ж.),

Сефевид (1501-1722 ж.ж.) және Моғол (1526-1858 ж.ж.) империялары

бейнеленген. Бұл Түркінің Ұлылығын және қазіргі заманғы түркі әлемінің

жаhандық саяси кеңістіктегі тарихи әлеуетінің қаншалықты зор екендігін

дәлелдейтін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Дегенмен, өтіп кеткен

сол тарихи уақыттың белгілі бір аралығына міндетті түрде тоқталатын, тіпті

нақты мақсаттар бойынша ерекше көңіл аударатын тұстар да жоқ емес: бұған

Осман және Сефевид империялары арасындағы соғыстар мен олардың жақын

және алыс мемлекеттерге жасаған асыра сілтеушіліктерін айтуға болады.

Сол кездегі тарихи-саяси талдаулар, түбі бір оғыздан тараған және ХVІ

жүзжылдықта тілі мен мәдениетінде де соншалықты айырмашылығы бола

қоймаған ағайындас екі түркі мемлекетінің ұрыс даласындағы бір-бірімен

бетпе-бет келіп қақтығысулары, олардың аймақтық шиеленістіктің орталығына

айналуы, халықаралық саясаттың бағытын кеңейтуге емес, керісінше кері

кетушілік пен табыссыздыққа қарай итермеледі. Егер де олар түркі әлемінің

ішкі саясатының тұтастығы мен қауіпсіздігін басты назарға алып және оны

көздің қарашығындай етіп сақтай білгенде ғой, онда халықаралық саясаттың

жаңа үрдісі – ХІХ ғасырдан басталған Еуропаның басымдық жағдайға беталысы,

Азия халықтарының көпшілігін империализмнің колониясына айналдырып

жіберуі мұншалықты деңгейге жете алмаған болар еді. Бұл бүгінде баршаға да

аян. Нақ осы кездері темірдей тәртіп пен шешуші қадам қажет еді. Алайда, өкінішке

қарай, феодалдық соғыстың шарасыздық шеңберінен аттап шыға алмаған

49

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

сол кездегі түркілердің әскери-саяси элитасы, жоғарыда айтылған мүмкіндіктерді

көре де, оны пайдалана алмады. Дегенмен соған қарамастан, Осман, Сефевид

және Моғол секілді Азияның үш түркі империясының өктемдік құруы – сол

кезеңдегі геосаяси құрылымдардың теңгерімдігін қалпына келтіруде аса

маңызды тарихи рөлге ие болды. Ұлы Моғолдар Қиыршығыстық Азияға дейінгі

аймақтар, соның ішінде Қытаймен де, ал Сефевидтер – Исламдық Шығыспен,

сондай-ақ Османдар болса – Еуропа мен Африка елдері арасындағы өзара

қарым-қатынастардың негізгі бағыттарын анықтап отырды. Әзербайжандық

түркілердің кавказ бен парсы аймақтанда саяси доминанттық күшке айналуы

мен Әзербайжан мемлекетінің құрылуы жолында (Әзербайжанның Атабектер

негізінде, Қарақойлы және Аққойлы әулеттері) Сефевидтер империясы шешуші

рөль атқарды. Моғолдар империясын құрған Бабыр (айтпақшы, ол Сефевидтер

империясымен жақсы қарым-қатынаста болды), әкесі жағынан Темірланға,

ал шешесі жағынан – Шыңғысханға жақын туыс болып келді. Моғолдар

билеушісі Акбар жария еткен Дин-и иллахидің саясаты (1556-1605), көпұлтты

Индия мен өзге де көршілес аймақтардың нығаюын қамтамасыз етіп отырды.

Әзербайжандағы Шах Исмаил Хатаидың исламдық идеологияға сүйенген

ұлттық саясатын (бұл нақты шиизм доктринасы болды), ал Бабыр мен Акбардың

Үндістандағы жүргізген жан-жақты діни саясатын, түркі үстемшілдігінің аса

көрегендігі деп бағалауға болады.

Академик Рустан Рахменалиев түркілердің өктемдігіне төмендегідей

түсініктеме береді: «Түркілер үш құрлықта да – Пекинде, Делиде, Исфаханда,

Дамаскіде, Бағдадта, Мысырда, Константинопольде (Ыстамбұлда) және

Алжирде басқару тізгінін өз қолдарында ұстады және оны уысынан шығарып

алмау үшін нақты бір шаралар жасау қажеттігін өте жақсы түсінді. Түркілер

билік жүргізген жерлердің барлығында да, Табгаштың басқаруымен - Қытайда,

Салжұқтардың басқаруымен – Парсыда, Мәмлүктердің басқаруымен –

Мысырда, Ұлы Моғолдардың басқаруымен – Үндістанда бұған дейін көз көріп,

құлақ естімеген керемет өркендеу мен гүлденудің болғандығын атап өту керек.

Ал, түркінің ұлы басқарушысы Осман империясы жайына тоқтала кетсек, ол

алдымен исламның қылышы, содан кейін қалқаны болды» (курсив менікі –

Дж.Ф.), (182, 10 бет).

Салжұқтар дәуірінен бастап, аталған империяны құрушылар еуропалықтардың

Крест Жорықтарына қайтпас қайсарлықпен қарсылықтар

көрсетті. Мұсылмандар мен христиандар арасындағы ұзаққа созылған қанды

соғыстарда ислам мемлекеттерін құлдықтың қамытын кию қаупінен нақ осы

түркілер қорғап қалды. Католиктер Папасының талабы немесе оның берген

уәдесі бойынша (іс жүзінде әскери-саяси мақсаттар болған) бүкіл Еуропадан

жиналған крест жорығына қатысушы қарулы жасақтар 1095-1270 жылдар

аралығында «қасиетті жерге» тоғыз мәрте шабуыл жасап, оның әрқайсысында

«түркілердің тосқауылынан» аттап кете алмаған, өйтпек түгілі орасан шығынға

50

Империяның патшалығында

ұшыраған олар, маңдайлары тасқа тигендей есеңгіреген күйі кері шегініп

кетуге мәжбүр болып отырған. Сондықтан да, крест жорығын ұйымдастырып

және қатысушылардың қолтығына су бүріккен, оларға қолдау көрсетіп отырған

Византия империясын түркілер түбегейлі қиратты: 1453 жылғы 29-шы мамырда

әмір Мехмет Жаулаушы (Фатих) сұлтанның жетекшілігімен түркі әскері

Византияның және Шығыс Рим империясының астанасы Константинопольді

жаулап алды.

Ғұн-түркілердің Римді (453 жыл) жаулап алғаннан соң тура мың жыл

өткенен кейінгі, яғни 1453 жылғы осы Жеңісі – Азиядағы түркілердің Еуропадан

артықшылығын айқын дәлелдейтін, Османдық оғыз-түркілердің ең шешуші

Жеңісі де тарихтағы ірі жеңісі ретінде бағаланды.

Осындай ойсыраған жеңілістен соң, Осман империясының құрлықтың

ішіне қарай дендеп енуіне бұдан әрі жол бермеу еуропалықтардың ендігі

жердегі ең басты мақсатына айналды.Үлкен жеңіске жол ашқан 1453 жылы

бүкіл жер шарында мекен етіп жатқан түркілердің жалпы саны, барлық әлем

тұрғындарының оннан бір бөлігін ғана құрайтын (101, 167 бет).Осы бағытта

халық санының бұрынғыдан да артып, өсе түсуі түркілердің беделін көтерудің,

мемлекет және қоғам құрылысында иеліктегі әлеуетті шоғырландыра түсудің

аса маңызды факторы болып табылды.

Сүлеймен (Кануни) сұлтанның заманынан бергі барлық кезеңде де исламның

нағыз тірегі саналған Осман империясы, сонымен қатар Халифаттың нағыз

орталығы ретінде де танылды. Әлемнің барлық мұсылмандары сұлтан

Сүлейменнің халифатын қабылдады. Сол кезеңдегі түркі басқарушыларының

құжаттарында былайша көрсетілген: «Осы уақыттан бастап Сүлеймен бин Селим

хан бин Баязид хан біздің дінімізді аспанға шарықтатып, барлық мұсылман

елдеріне билік етті. Оның өз дәуірінің ең жоғарғы дәрежедегі сұлтаны болғанына

күмән жоқ... Барлық арабтарымен қоса бүкіл Арабия, барлық түркілер, күрдтер,

парсылар, арабтардың Ирагы, Бағдад, Дийар-Бакр, Батыс тұтастай, Энгерюстер

оның билігінде болды. Мұсылман атаулының барлығы да оның басқаруын

қабыл алады, өйткені ол, шын мәнінде де Пайғамбар сүйіспеншілігіне ие болған

халиф» (288, 182 бет). Осы бір тарихи кезеңдегі (ХV-XVIII ғасырлар) түркі

империясының әлемінде жасақталған, сонымен бірге бәсекелестік те құрған

сәттері бар әлеуметтік-саяси жүйе, сол уақыттарда халықаралық жүйедегі

жетекші де ұйымдастырғыш қанатқа айналды. XVI жүзжылдықтың басындағы

сұлтан Сүлеймен билік еткен Осман империясы өзінің жер көлемін бірнеше

миллион шаршы шақырымдарға ұлғайтты (65, 54 бет).

Өз тарихында Осман империясы тура осы кезеңдері бұрын-соңды көз көрмеген

биіктерге қол жеткізді. Түркі мемлекетінің сол кездегі қуаты, «экономикалық

және әскери тұрғыдағы, бұған теңіз күштерін де қоса есептегенде» қалған

барлық мемлекеттердің біріктірілген күшімен тең еді (129, 203 бет). Мұндай

биіктікті тек қана АҚШ-тың әлем алдындағы бүгінгі өктемдігімен ғана

51

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

салыстыруға болар еді. Қуатты түркі империясының әлемдік тарихтың дәл

жаңаруы алдында әлсіреуі, оның ұлттық мемлекеттерге, тіпті хандықтарға

дейінгі құлдырауын көптеген саяси-тарихи себептермен түсіндіруге болады.

Дегенмен, осы айтылған сан алуан себептердің басында жаңғырудың уақытша

талаптарына сәйкес сайма-сай әрекеттер жасай алмауында (олар жаңа дәуірдің ІІ

мыңжылдығында мұндай қадамдарға өте қабілетті еді) жатса керек. Еуропаның

күш жинай бастау факторы, Азияның әлсірей түсуі кезеңімен дөп түсіп

жатыр. Еуропалық мемлекеттер мен қауымдастықтардың әлеуметтік, саяси

және технологиялық өмірін күрт өзгерткен тың бастамалар мен озық әрекеттерді

азиялық нұсқада пайдалануға келмеді. Түркі әлемінде басқарудың феодалдық

тәсілін ұстап қалу мен монархияны сақтап қалу мемлекеттік құрылымның

қорғанышы ретінде қабылданды. Тіпті, империя тарап кеткеннен кейінгі

уақыттардың өзінде де жекелеген мемлекеттер мен хандықтарда басқарудың

монархиялық, династиялық үлгісі жалғасып қалды. Мемлекет пен қоғамның

консервативтік жүйенің қысымында қалып қоюы, оны табиғи түрде құлдырауына

алып келді. Исламдық Шығыс мемлекеттерінің не себептен құлдырап, мұндай

күйге тап болғандығы жөнінде ұлы Мирза Фатали Ахундзаде өз кезінде айтып

кеткен болатын. Жаңаруға бет алған Еуропа мен ескіліктен арыла алмаған

Азия арасындағы тамыры тереңге кеткен ұзақ ғасырлық бәсекелестік, әрине,

алдыңғысының жаңғыруына алып келді. Осы тұстағы заңдылықтай көрінетін

жайт деп, Азиядағы үш алып түркі империясының құлдырау кезеңі Еуропа

мемлекеттерінің күш ала бастауымен сәйкес келіп жатуын айтуға болар еді.

Туындаған ішкі алауыздықтар салдарынан Сефевидтер империясы бірнеше

ұсақ хандықтарға бөлініп кетіп, соңынан 1760 жылы ол ресми түрде тіршілігін

тоқтатты, ал осыдан тура 68 жыл өткенде (1828 жылы) көптен келе жатқан көне

мемлекетті Парсылар мен Ресей өз ара бөлісіп алды. Осыдан-ақ, күйреген бір

империяның дәрменсіз денесін тарихтың қас-қағым сәтінде өзге империялардың

пышақ үсті бөлісіп ала қоятынын көруге болады. Теңіз билігін бірте-бірте

қолына ала бастаған Ұлыбританияның қарулы күштері 1764 жылы (Сефевидтер

империясы құлағаннан кейін) Үнді түбегінде жағаға шығып, Бұқсара шайқасы

кезінде жеңіске жетті. 1858 жылы Ұлыбритания Үндістандағы толық басып алды

(Ресейдің Кавказ бен Орта Азияны өздеріне қаратып алғанынан шамалы уақыт

кейін). Осыдан кейін-ақ, бір кездері арындап тұрған Моғол империясының күні

бітті.

Сонымен жер бетінде жалғыз түркілік – Осман империясы ғана қалды, оның

өзінде де бұл кездері ол іштен шыққан іріткі салдарынан әбден әлсіреп, бұрынғы

қаhары мен қуатын көрсетуден қала бастаған еді. Осман империясын Еуропадан

ығыстыру саясаты Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталған кезге дейін жалғасып

келді. Осман империясының дәрменсізденуі мен Ресей империясының қуат ала

бастауы Еуразиядағы күштің тепе-теңдігіне өзгерістер енгізді. Атлант мұхитына

52

Империяның патшалығында

шығуға жолдары ашық Шығыс Еуропа мемлекеттерін экспансиялау басталған

XV ғасырдың басы мен кейінгі жүзжылдықтар аймақтық геосаясатқа үлкен

өзгерістер алып келді. Ғылым, техника мен капитализацияны игеруде алдыңғы

қатарға шыққан Еуропа бірте-бірте әлемдік империализмнің орталығына

айналып сала берді. Планетамыздың Батыс және Шығыс жарты шарларында

Еуропаның колониялары пайда бола бастады. Наполеонның «біртұтас Еуропа»

құру жөніндегі талпынысы Еуропаны «әлем билеушісіне» айналдыру секілді

империялық пиғылдан туындаған құлшыныс екендігі даусыз... XVII-XVIII

ғасырлардан бастап, ХХ ғасырға дейінгі аралықта Франция, Британия және

Ресей секілді империялар күшейіп жатқанда, Шығыс өркениетінің соңғы ұлы

да азулы империясы – османдықтар әлсіреген үстіне әлсірей түсіп, құс қанаты

талғандай ұлан-ғайыр жерлерінен де айрыла бастады. Ақыр аяғында олардың

табан тіреп, тұрақтап қала алған жері қазіргі Түркия аумағы болды (88, 48

бет). Азуын айға білеген Еуропа тұрғанда, Азияның бұрынғы даңқына қайта

оралуына әлі де көп уақыт керек...

Дегенмен, ағындаған өтпелі үдерістердің бойынан «жылт еткен» Таңғы

Шапақты ең алғашқы болып, түрік Мұстафа Кемел Ататүрік көре алды.

Феодалдық монархия негізінде құрылған империя қаншалықты қуатты болса

да, оның әлемдік мемлекет құрудың жаңа жобаларына сәйкес келмейтіндігін

ол бірінші болып түсінді. Сондықтан да Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде

Ататүріктің жақтастарының көздеген басты мақсаты Түркия мен түркі ұлтын

ғана құтқарып қалу емес, ең маңыздысы Осман империясының қалған династиясын

аман сақтап қалу болды. Түбінде Осман империясының бәрібір де ыдырамай

қоймайтындығы 1792 жылдардың өзінде белгілі болған. Империяны сақтап

қалу үшін қандай шараларға барып, ұлтты ұлықтайтын және жеңімпаздықты

насихаттайтын, рухты көтеретін әрекеттер қолданылғанымен де, құлай бастаған

ұстынның үдемелі сықыры сол кездері әлемнің түкпір-түкпіріне естіліп жатты.

Сөйтіп, ең ұзақ (620 жыл) және ең соңғы түркі империясының саяси өмір сүруі

1922 жылы тоқтатылып: 1923 жылдың 29 қазанында түркі әлемінде жалғыз және

тәуелсіз мемлекет – Түркия Республикасы дүниеге келді. Кеңес өкіметі билеген

ХХ ғасырдың соңында түркі республикаларының жүрегіне тәуелсіздіктің үміт

отын жаққан дәл осы шырақ болатын, оның үстіне – түркі республикаларының

қол жеткізген тәуелсіздіктерін де бірінші болып нақ осы Түркия мойындап

отырды. Сонау Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде (Ұлыбритания, Франция

және Ресейдің) Шанаққала (1915 жылы) маңындағы «Антанта» аталатын

әскери-саяси блокқа қарсы жан беріп-жан алысқан алапат ұрыста Түркия орасан

жеңіске қол жеткізді. Және дәл осы кездері өздерінің ахуалы да тым ауыр

бола тұра, олар Әзербайжан Демократиялық Республикасына да көмек қолын

созды, сөйтіп, осы әркеті арқылы әлемдегі барлық түркі ағайындар арасында

бауырластық негізін қалауға болатындығын дәлелдеп берді. Ендігі жерде

53

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

олар жалғыз емес, осыдан тура үш мың жыл бұрынғы кездегідей, оларды дәп

қазір Еуразияның тәуелсіз түркі мемлекеттері қоршап тұр! Осылайша, біздер

империяның шарықтау және құлдырау диалектикасына зер сала қарай отырып,

бір ғана тарихи фактіге куә боламыз: түркі рухы жеңілмейді, ол шығармашылық

рух және осы рух әлі де қуатты империялар құруға өте қабілетті. Дегенмен, осы

рух тарих талабына сәйкес бір кездері алып та азулы империя құра алған болса,

ол енді тағы бір кездері ешқашан мызғымайтын Бірлікті де құра алады!

54

3. ШАШЫРАҢҚЫЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫ

ХІХ ғасырдың алғашқы күнінен ХХ ғасырдың басына дейінгі өткен жүз

жылының шамамен бірінші жартысында әлеуметтік-саяси тұрғыдан алғанда

түркі әлемін құлдырауға ұшырады деп айтуға болады. Әйткенмен де ғасырдың

екінші жартысы олар үшін ұлттық идеологияның күшейе түскен бедерлі

кезеңіне айналды. Қаншалықты оғаштау болып көрінгенімен де айта кетерлік

бір мәселе, құлдырау кезіндегі тың да ерек үрдістердің туындауы түркілердің

жеке бастарына тән қасиет. Мемлекеті мен империясы құлаған олар, ендігі жерде

өздерінен әлдеқайда күшті мемлекеттер мен империялардың құрамына еніп

кетуге мәжбүр болды. Сондықтан да орасан шығынға ұшырап жатқандықтарын

жақсы түсінді және одан қайта шығу мен бірлесудің жолдарын іздеді. Жағдай

осылай бола тұра, олар бостандық пен тәуелсіздікке деген ұлы мақсаттарын

бір сәтке де естерінен шығарған жоқ, керісінше азаттық жолындағы қасиетті

күреске үнемі ұмтылып отырды. ХХ жүзжылдықтың бас кезінде барша түркі

әлемі өздерінің тәуелсіз мемлекеттерінің бірлігіне қол жеткізу үшін, сол мемлекеттерді

құрудың және оның ұлттық-тарихи идеологиясын қалыптастырудың

қамына кірісті. Алайда, ХІХ ғасырда талай ауырлық пен теперішті басынан

өткерген түркі халқы үшін, арманға айналған азаттықтың ауылы әлі де болса

тым алыста еді...

Түркі мемлекеттері мен империяларының біртіндеп ыдырай бастауы

басқа мемлекеттердің аумағын күштеп басып алуларына және монополия

жүргізулеріне алып келді. Монархияның қатал заңдарына сүйене тұрғызылған

унитарлық мемлекеттік жүйесінің қирауы, жетекші этностың ішкі жүйесінің

ұлттық сегменттерінің бүлінуіне әкеліп соқтырады, сондай-ақ онымен көршілес

тарихи дамыған этностар «өз үйінің қожасы болу» қисыны тұрғысында көз

аларта әрекет ететіні заңдылық. Әзербайжандардың бірнеше хандықтарға

бөлініп кеткен апатты сценариінің ауыр зардабын Еуразияда ұзақ ғасырлар

бойы үстемдік құрып келген басқа да түркі мемлекеттері мен империялары

бастарынан өткерді. Ресей империяға айналған соң (1721 жыл) түркілер тұрып

келген аумақтың басым бөлігі кертілген кесектей бірте-бірте ұсақтала бастады

да, оларды аталған империя түгімен қоса жұтып қойып отырды. Аумақтың

басқа да бөліктері Қытайдың, Моңғолияның, Ауғанстанның, Парсының, араб

және Балқан мемлекеттерінің, Үндістан, Пәкістан және Грекия елдерінің еншілеріне

байланып кете барды.

Түркінің ұлы идеологы Ахмет бек Ағаоғлу күйреу мен бөлшектену кезінде

түркі әлемінің азып-тозып кеткендігі соншалықты, бір кездегі аузын айға

білеген суперэтностың басым көпшілігі өздерінің «түркі» атауларын естерінен

мүлдем шығарып алып, ұлтымыз «мұсылман» деп айтуға дейін барысты,

деп атап өтеді (3, 328-332 беттер). Ал, дәл осы кезде дұшпандары (мәселен,

55

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

армяндар) оларды «түркілер» деп атап жатты. Ресей болса, тіпті «түркі» сөзін

қолданыстан таза жойып жіберуге барын сала ұмтылып, бұл атауды адамзат

санасынан мүлдем сылып алып тастау мақсатында, түркі халықтарын басқаша

атап-түстеу (мәселен, татарлар) қажет деп есептеді. Ал «мұсылман» сөзіне

оның астарында ешқандай да тиянағы жоқ деген пайым қалыптастырып, бұған

жалпы түсінік ретінде мән беруге тырысты. Әрі «мұсылман» дегендерді әлемді

алға қарай дамытуға қабілетсіз, қолынан бар болғаны намаз оқып, жаратқанға

жалбарыну ғана келетін, сондай аянышты да бишара халық етіп көрсетіп

қалуға жандарын салып бақты. Дегенмен бірқатар әлемдік, сондай-ақ Ресейлік

демократиялық қозғалыстардың ислам әлеміндегі ұлттық тойтарысқа деген

ішкі қарсылықтары кезкелген халықтың халықаралық қоғамдастықта саяси

субъект бола алатындығын мойындатты және көпшіліктің санасынан берік

орын алуға жол ашылды. Большевиктердің революциясынан кейінгі Ресейдің

шатқаяқтап, ес жия алмай тұрған кезінде өзге халықтар секілді, түркілердің де

тәуелсіздікке қол жеткізулерінің нақты мүмкіндіктері көрініс берген еді, алайда

Ресейдің жаңа басқыншылық әрекеттерді мен халықаралық күштердің «бөлісу»

саясаты осы үрдісті ақырына дейін жеткізуге ырық бермеді.

Ақиқатында Кеңестер Одағы бұрынғы Ресей империясының эволюцияланған,

яғни тонын теріс айналдырып киген мұрагері, өзінің саяси және идеологиялық

мәртебесіне сәйкес, одақтас республикалардың бірлестігі ретінде құрылды.

Солай бола тұра осы мемлекеттің идеологиясы да халықтың теңдігін

насихаттаған коммунизм секілді көрінгенімен, іс жүзінде ешкімге де, соның

ішінде түркілерге де нағыз тәуелсіздікті бермеді. Әйтсе де, Ресей империясының

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына айналуы тәуелсіздік бағытына

қарай жасалған ең алғашқы қадам болып саналады. Өйткені, жетпіс жылға

созылған кеңестік кезеңде түбі бір түркіден тараған – Қазақстан, Әзербайжан,

Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан секілді елдер жаңа дәуірдің ұлттық

мемлекеті болу үшін белгілі деңгейде тәжірибелер жинақтап, ұлттық тіл мен

мәдениетті дамыту жолында нақты базаны дайындай алды. Кеңестік мемлекеттің

саяси басқару жүйесінде тегі түркілік Гейдар Әлиев, Дінмұхаммед Қонаев, Шараф

Рашидов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шихали Құрбанов секілді және бұдан да

басқа көптеген басшылар легі қалыптасты. Кеңестік түркі республикаларының

экономикасы, әрине, кеңес экономикасының бір бөлігі болып табылғаны сөзсіз,

дегенмен оның тек өздеріне ғана тән салада қалыптасқаны және ақиқат.

Қазақша, әзербайжанша, өзбекше, қырғызша, түрікменше, татарша және

басқа да тамыры түркіден тарайтын тілдерден туындаған керемет шығармалар

болды, олардың озықтығы сондай, аталған шығармалар әлемдік мәдениеттің

тағы бір сатыға жоғарылауына өз үлестерін қосты деп айтуға толық негіз

бар. Түбі түркіден тарайтын кеңестік республикалар арасында өзара татулық

пен жылы қарым-қатынастар сол кездің өзінде тамырын тереңге жайған еді.

Сондықтан да, олар гуманистік ұлттық саясатты насихаттаған үлкен елдің

қаптаған лозунгтары ішінен өздеріне тиімділерін ғана алып отырды. Осы негіздер

56

Шашыраңқылықтың біртұтастығы

кейінірек, тәуелсіздік жылдарында бұған дейінгі қалыптасқан жылы қарымқатынастарды

одан әрі жетілдіре берудің алғышартына айналды. Міне, нақ

осының нәтижесінде КСРО секілді алып мемлекет-империя құлағаннан кейінгі

уақыттарда түркіден тараған одақтас республикалар тәуелсіздіктерін алып,

өз алдарына жеке ел болып бөлініп шықты! Егер де КСРО-ның саяси-әкімшілік

құрылымы қалыптастырылып жатқан уақытта түркінің (татарлар, чуваштар,

башқұрттар, якуттар, құмықтар, ұйғырлар, гагауыздар, тұбалар, қарашайлар,

хакастар, малқарлар, алтайлықтар, ноғайлар, шорлар мен қарайымдар) секілді

Одақ құрамының басқа да халықтары республика мәртебесін ала алғанда ғой,

онда сөз жоқ, 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы Беловежье келісіміне сәйкес

әлгінде аталған халықтардың барлығы да өз тәуелсіздіктеріне қолдарын жеткізе

алған болар еді-ау, әттең! Дегенмен, мұндай үдерістің алдағы уақыттарда

әлі де болса мүмкін екендігін тарих еш уақытта да жоққа шығара алмайды.

Еуропадағы шағын мемлекеттермен салыстырып қарайтын болсақ, автономия

мәртебесінде өмір сүріп жатқан халықтардың саны мен жерлерінің

көлемі әлдеқайда көп те үлкен екендігін әсте естен шығаруға болмайды. Түркі

халықтарының тұрып жатқан аумағының жалпы көлемі орыстар мекенінен

әлдеқайда үлкен екендігі рас және оның кеңдігінің көлемі Еуропа құрлығымен

теңесе алады.

«Түркі әлемінің халықтары» («The Turkic Peoples of the World») аталатын

фундаменталдық жинақ түркілердің тұтастығы мен тығыздығының,

шашыраңқылығының көрінісінен, олардың алып жер көлемінде қалай

өмір сүргендігінен, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктер мен

диаспораларының қандай планетарлық маңызға ие болғандынан нақты да мол

мағлұматтар береді (308). Түркияда «Түркілер» деп аталатын 20 томдық энциклопедия

басылып шықты (137). Бұл энциклопедияда терең талдаулар мен

болжаулар жасау арқылы түркі әлемінің эволюциясы, оның тармақталуы мен

таралуы, отырықшы мемлекет құру, соның ішінде қазіргі заманғы көлемі мен

орналасқан жері жөнінде толық ақпараттар беріледі. Осы энциклопедиядағы

түркілер туралы берілген түсініктің көлемінің кеңдігі мен ауқымының тереңдігі

соншалық,мұның жанында бұған дейінгі түркілер жайында қасақана және негізсіз

таратылып келген қаралау сөздер өте сүреңсіз де сенімсіз болып қалды.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, аталған шығарманы қазіргі заманғы мәдениеттің

маңызды жетістігі деп бағалауға болады. Түркі халықтарының өздерінің

аумақтық, адамдық және экономикалық, сондай-ақ әлеуеттері арқылы да Еуразия

этногеорграфиясының маңызды субъектісі бола алғандығы жасырын емес.

Ендігі жерде олардың тарыдай шашылып, тармақталып кеткен бастарын саяси

болсын, немесе әлеуметтік тұрғыда болсын келешекте қайтадан біріктіріп, «бір

жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруларына мүмкіндіктері өте зор екендігіне

көз жеткіземіз.

Егер де ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарының сол кездегі тарихында жер

бетінде бір-ақ түркі мемлекеті – Түркия ғана болған болса, бүгінгі күндері жеті

57

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

тәуелсіз түркі мемлекеті әлемдік картадан өздерінің орындарын ойып тұрып

алды десе болады. Басқа мемлекеттердің аумағында ықшам тұрып жатқан немесе

бар болғаны автономия мәртебесіне ие түркі халықтары, егеменді түркі

мемлекеттерінің жарқыраған жұлдыздарына қарай отырып, өздерін де сол

жаңарып та жаңғырып та келе жатқан үлкен түркі әлемінің кеңістігінен

көреді.Түркі мемлекеттерінің әлеміне, басқа мемлекеттерде тұрып жатқан

түркілердің бірлесуіне қатысты бүгінгі күннің шынайы көрінісін былайша көзге

елестетуге болады. Жалпы адам саны мен жер көлемі жағынан түркі әлеміндегі

ең үлкен мемлекет Түркия болып табылады. Осман империясының мұрагері саналатын

Түркия 1923 жылы мемлекет болып құрылды. Оның жер көлемі 783562

шаршы шақырым, ал халқы – 74724269 адамды құрайды (мәтіндегі статикалық

мәліметтер соңғы ресми көрсеткіштерге негізделген – Дж.Ф.).

БҰҰ құрылған күннен бастап (1945 жыл) Түркия осы ұйымға мүше болып

табылады. Солтүстікатлантикалық блоктың (НАТО) мүшесі саналатын

Түркия әскер саны жағынан осында, АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Ол

екінші дүниежүзілік соғыс пен «қырғи қабақ соғысы» жылдарында жаhандық

саяси тепе-теңдіктің сақталуы барысында өте маңызды рөл атқарды. Бүгінгі

күнде де халықаралық саясат алаңында маңызды күшке ие және жер бетіндегі

бейбітшіліктің бұзылмауына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның сыртқы

саясаттағы ең басты мақсаты – түркі мемлекеттерінің бірлігін сақтап қалу.

Түркияның соңғы өткен жиырма жыл көлеміндегі жүзеге асырған демократиялық

қайта құрулары, әлеуметтік-саяси салаларды күшейтуге, сондай-ақ экономиканы

серпінді дамытуға кең жол ашты. Әзербайжаннан бастап, өзге де

түркі мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени саладағы байланыстарды

дамыту оның аймақтағы беделін көтере түсті. Өткен ғасырдың 80-ші

жылдарында елдегі орташа экономикалық өсім көрсеткіші 6-8 пайызды құрады.

Экономикасының осылайша өркендеп дамуы Түркияны әлемдегі ең қуатты

деген он бес мемлекеттің қатарына алып шығып, олармен терезесін тең етті.

ІЖӨ жылдық көлемі 774 млрд, 338 млн АҚШ доллары, ал кірісі тұрғындарға

шаққанда – 10362 доллар көлемін құрады (253).Түркияның қаржы орталығы –

Стамбұлда 35 миллиардер тұрады (салыстыру үшін мәліметтер: Нью-Иоркте

– 71, Лондонда – 36, Гонконгте – 30, Лос-Анджелесте – 24, Бомбейде – 20, Сан-

Францискода – 19, Далласта – 15, Токиода - 15). Алдағы 2023 жылға белгіленген

мақсат - әлемдегі ең дамыған он мемлекеттің қатарынан орын алу. Бұған

Түркияның мүмкіндігі жеткілікті. Өйткені, Еуропа мен Азия арасында барлық

бағыттар бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуы бауырлас елдің жоспарының

басты құралына айналып отыр.

Түркі әлемінің саяси-тарихи кеңістіктеріндегі орын ала бастаған игі

өзгерістердің «есептеу нүктесі» атанған және 1991 жылы өз тәуелсіздігін

алған Әзербайжан түркі мемлекеттерімен қарым-қатынас түрлерін ең жоғарғы

деңгейге көтергісі келеді. Сондай-ақ, осы басталған үдерістерді бірте-бірте

жаппай бірігудің салтанатына дейін жеткізуді өзінің аса маңызды стратегиялық

58

Шашыраңқылықтың біртұтастығы

мақсаты санайды. Солтүстік және Оңтүстік Әзербайжанның жалпы аумағы

Түркияның жер көлемімен бірдей деп есептелгенімен, біздің қолымызда

Әзербайжан Республикасының (Солтүстік Әзербайжан) жер аумағы 86600

шаршы шақырымға тең деген нақты ақпарат бар. Осы көрсеткішке сәйкес

Әзербайжан жер көлемі жағынан әлемдегі 113-ші мемлекет, 9 327 000 халқы

бар, ол адам саны жағынан – 83 орында. Адамның даму индексі бойынша

(0,713) көрсеткішіне ие болған халық әлемде - 67 орында. Экономикасының

даму қарқыны бойынша 2005 жылдан бері Әзербайжан жетекші мемлекеттердің

біріне айнала алды. Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық көлемі 62 млрд 321 млн

АҚШ долларын, ал халықтың тұтыну көлемі – 6 832 долларды құрайды. 1996

жылы экономикалық дағдарыс ауыздықталғаннан кейін ІЖӨ деңгейі 5,7 есе,

оның ішінде өнеркәсіп – 5,5 есе, ауылшаруашылығы шамамен 2 есе, құрылыс

секторы 41 есе, көлік қатынасы – 4 есе, байланыс саласы – 19 есе, сауда –

6 есе өсті. Бүкіл әлемді тығырыққа тіреп қойған дағдарыстан Әзербайжан мейлінше

аз шығынмен шыға алды. Салыстыру үшін айта кететін жайт, егер де

2009 жылғы дағдарыс кезінде ТМД елдеріндегі өндірістің құлдыру көрсеткіші

6 пайыз құраған болса, дәл сол мезетте Әзербайжан 10 пайыздық өсімге қол

жеткізе алды. Небәрі 14 жыл (1996-2001 жылдар) ішінде Әзербайжан экономикасына

55 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл инвестициялардың

жылдық көлемі уақыт өткен сайын арта келе, 2010 жылы ең жоғарғы деңгейге,

яғни 8,2 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы алғанда, тәуелсіздікке ие болған

жылдар ішінде ел экономикасына 90 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция

тартылыпты. Сонымен қатар, өткен он жыл ішінде банктік-несиелік ұйымдар

тарапынан берілген несие көрсеткіші де 20 есеге дейін өскен. Әзербайжанның

мұнайы мен газын әлемдік нарыққа тасымалдау мақсатында қолға алынған Баку-Тбилиси-Джейхан

және Баку-Тбилиси-Эрзурум тасымалдау құбырларының

құрылысы аяқталып, Әзербайжан мен Еуроодақ арасындағы энергетикалық

жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде аталған екі тасымалдау құбыры

арқылы 150 млн тонна мұнай және 17 млрд текше метр газ тасымалданды. Сонымен

қатар тасымалдау фазаларының жүзеге асырылуы нәтижесінде Қазақстан

мен Түрікменстан секілді бауырлас елдердің мұнайлары да тасымалдана бастады

(90,89). Қазіргі уақытта Әзербайжанның табиғи газ қорының мөлшері

2 трлн. шаршы метр құрайтыны белгілі болып отыр. Таяудағы Трансанадолылық

және Трансадриатикалық жаңа газ тасымалдау құбырларының құрылысын

салу жөніндегі қол қойылған келісімдер біздің еліміздің экспорттық және тасымалдау

әлеуетін айтарлықтай арттырып қана қоймайды, сонымен қатар Еуропаны

көгілдір отынмен қамтамасыз етуде Ресейді монополиялық ету мәртебесінен

айыруға да айқын мүмкіндік туғызады.

Әлемдік өркениеттің тарихи жетістігінің бірегейі саналатын «Жібек жолы»

идеясының өзектілігі қайта жаңғырып, ол бүгінгі таңда әлемдік тасымал

жобаларының ішіндегі ең іргелі күретамырының біріне айналды. Бұл жобаның

ауқымында жүзеге асырылуы тиіс маңызды мақсаттардың бірі, сөз жоқ,

59

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

түркілердің қайта бірігуінің стратегиялық тұғырнамасының берік іргетасын

қалау болып табылады.

Түркілердің ең ежелгі мемлекеттерінің бірі – Алтын Орда империясы,

Ноғай және Қазақ хандығы секілді құрылымдардың құрамында эволюцияның

барлық сатысынан өткен қазіргі Қазақстан Республикасы, Сақтар, Ғұндар,

Көктүріктер, Қарахандар мен Қыпшақтар секілді мемлекеттердің Отаны болып,

қыпшақтардың тал бесігіне айналды. Аумағы 2 727300 шаршы шақырым

құрайтын Қазақстан жер көлемі жағынан әлемдегі 9-шы мемлекет болып табылады.

Оның алып жатқан ауданы шамамен Шығыс Еуропаның көлеміне тең.

Сонымен қатар Қазақстан ислам және түркі мемлекеттерінің арасында да жер

аумағы мен табиғи байлықтардың ресурстық қоры жөнінде ең бай ел ретінде

мойындалады. Халқының саны – 16 638000 адам құрайды. ІЖӨ жылдық көлемі

178 млрд 312 млн АҚШ долларын, ал халықтың тұтыну көлемі – 10 694 доллар

құрайды. 2009 жылғы барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша,

Қазақстандағы мұнай қорының мөлшері 39,6 млрд баррель, яғни 6,5 млрд тонна

құрады, бұл көрсеткіш жалпы әлемдік мұнай қорының 3,2 пайызы екендігін

көрсетеді. Қазақстан Үкіметі 2011 жылы мұнай өндіру деңгейін жылына 100

млн тоннаға дейін жеткізді, ал 2015 жылға қарай бұл мөлшерді 150 млн тоннаға

дейін жеткізу межеге алынып отыр. 2009 жылдың басындағы дәлелденген

ақпараттарға қарағанда елдегі табиғи газдың жалпы қоры 1,82 трлн шаршы

метр, яғни әлемдік қордың 1,7 пайызын құрады. Тәуелсіздік алған жылдардан

кейінгі мұнай өнімдері мен газ сатудан түскен пайда айтарлықтай болып,

соның нәтижесінде Қазақстан өмір сүру деңгейі жөнінен Азиядағы ең дәулетті

мемлекеттердің біріне айналды (247).

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы Орталық Азияның

дамыған елдерімен үйлесімділік қарым-қатынастарын орнатуға, сондай-ақ түркі

мемлекеттерінің бірлестігін білдіретін елдермен тығыз байланыс дамытуға және

осы тұрғыдағы басымдықты сақтауға бағытталған. Орталық Азияның өзбектер,

түрікмендер және қырғыздар секілді ежелгі мемлекеттері мен халықтары тарихи

эволюцияларының нәтижесінде, негізінен тұрақты аумақтар шегінде

құрылған Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан өсіп келе жатқан осы

өңірдің Шығысымен де, Батысымен де тығыз қарым-қатынастарын дамытқан

елдер саналды.

Өзбек хандығын (Шейбанидтер мемлекеті) 1468 жылы Тимуридтер жойып

жібергенімен, ол 1500 жылы (Әзербайжанның Сефевидтер мемлекетімен бір

мезгілде) қайта жаңғырды. Кейінірек, тура Әзербайжандағы секілді (Бұхара,

Қоқан және Хиуа хандықтарына бөлінген) Өзбекстан ХІХ ғасырда Ресей империясына

қосылды. Ал, 1920 жылға дейін ол Бұқара әмірлігі деп аталған мемлекет

болды. Өзбекстан тек 1924 жылғы ұлттық қарсылық қозғалыстың толық

жойылуынан кейін ғана КСРО құрамына қосылды. Аталған республика КСРО

құрамында болған кезінде одақтың ішінде және одан тысқары жерлерде де

мақта өсіретін аграрлық аймақ ретінде танымал болды. 1991 жылдың 31 тамы-

60

Шашыраңқылықтың біртұтастығы

зында тәуелсіздігін алған Өзбекстан Республикасы өзінің саяси, әлеуметтік,

экономикалық және мәдени әлеуетін бір арнаға жұмылдыра отырып, оны мемлекет

құрылысына арнады және дами бастады. Әлем елдерінің ішінде 56-шы

орнында тұрған Өзбекстан аумағы 447400 шаршы шақырым құрайды, 45-ші

орынға табан тіреген осы елдің халқы 29599100 адамға жетті. ІЖӨ жылдық

деңгейі – 45 млрд 353 млн доллар, ал халықтың тұтыну көрсеткіші – 1 572 доллар

деңгейінде (255). Осы аталған түркі республикасы бүгінгі күндері өзінің

ұлттық экономикасын дамыту мақсатындағы қажетті шараларды толықтай

қамтып келе жатыр.

Әзербайжандар мен түріктер секілді оғыздар тобына жататын түрікмендер

де ХІІІ ғасырда Салжұқтар мемлекетінің құрамында өмір сүрсе, ал ХVІ ғасырда

өзбектермен бірге Хиуа хандығы және Бұхара әмірлігінің қол астында болып,

1921 жылы үлкен Түркістанның бір бөлігін құрады. ХХ ғасырдың басында

түрікмендер де түбі түркілерден тараған Орта Азияның басқа халықтары

секілді КСРО-ның құрамында қалып қойды. 1991 жылы өздерінің мемлекеттік

тәуелсіздігін жариялаған Түрікменстан, қойнауында көмірсутегінің үлкен

қоры бар республика ретінде, оны ұлттық экономиканы дамытуға жұмсай

бастайды. Каспий табанындағы кен орындарына байланысты Әзербайжан

мен Түрікменстан арасында бірқатар келіспеушіліктердің орын алуларына

қарамастан, Каспий теңізінің мәртебесін белгілеу барысында, сөз жоқ, аталған

түсінбестіктер өз шешімін табады. Қазіргі уақытта Каспий табаны бойынша тасымал

құбырларын тарту мен бұдан да өзге коммуникацияларды жүзге асыру

барысында екі ел тарапынан да ортақ іске оң қабақ көрсетіліп, екі жақты терең

түсіністік тамырын жая бастады. Түрікменстан Республикасының жалпы жер

көлемі 491120 мың шаршы шақырым, ал халқы – 5 125 693 адамды құрайды.

ІЖӨ жылдық көлемі 25 млрд 742 мың, ал халықтың тұтыну көрсеткіші – 4

658 АҚШ долларын құрайды. Түрікменстан парламентінің 2003 жылдың 14

тамызындағы шешімі негізінде, алдағы 2030 жылға дейін халық тұтынатын

электр энергиясы, газ, су және тұз өнімі мемлекет тарапынан субсидияланады

(254). Көмірсутегінің үлкен қорына ие Түрікменстан Республикасы аталған

жер асты байлығын өздері үшін өте тиімді бағамен шет елдерге тасымалдау

мақсатында, бүгінгі күндері Каспий – Әзербайжан бағыты бойынша үлкен

дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қырғыздардың жалпы түркі мемлекеттері қалыптаса бастаған кезеңнен бастап

оның алып түркі суперэтносы ретінде дамуына ықпалы зор болды. Олар

түркі мемлекеттері мен империясының шекаралас аймақтарында тіршілік

етті. Қырғызстан Орталық Азиядан бастап Қытайға дейінгі аралықты мекендеген

елдердің ішіндегі ең соңғысы болып, 1876 жылы ғана Ресейге қосылды,

ал одақтас республика ретінде 1936 жылы КСРО құрамына өтті. 1991 жылдың

31 тамызында өз тәуелсіздігін жария еткен Қырғызстан Республикасының жер

көлемі – 199900 шаршы шақырым құраса, халқы 5362800 адамға жетті. ІЖӨ

жылдық көлемі 5 млрд 920 млн, халқының тұтыну көрсеткіші – 1 070 АҚШ

61

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

долларын құрайды (248). Қырғызстан негізінен аграрлық ел болып есептелгенімен,

олардың көмір, алтын, уран секілді жер асты қазба байлықтарын өндіруге,

сондай-ақ электр знергиясы мен металлургия секілді салаларды да қоса дамытуға

деген мүмкіндіктері мол. 2005 жылғы экономикалық дағдарыстың салдарын

еңсеріп жатқан Қырғыз Республикасы, бүгінгі таңда ұлттық экономикасының

негізін бекітуді одан әрі жетілдіре түсуде. Егер де, Түркия, Әзербайжан,

Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипрдегі Түркі

Республикасы секілді түркі тілдес халықтардың өз алдына дербестігі мен

мемлекеттік мәртебесі бар болса, бұдан да басқа көптеген бауырлас халықтар

өзге мемлекеттердің құрамында автономиялық деңгейде өмір сүріп жатыр.

Мәселен: Татарстан Республикасы (жерінің көлемі 63 000 шаршы шақырым,

халқы 4 млн адам), Башқұртстан Республикасы (жерінің көлемі 143000 шаршы

шақырым, халқы 4 120000 адам), Чуваш Республикасы (жерінің көлемі

183000 шаршы шақырым, халқы 1 400 000 адам), Хакас Республикасы (жерінің

көлемі 61 900 шаршы шақырым, халқы 580 000 адам), Саха-Якут Республикасы

(жерінің көлемі 3 103 200 шаршы шақырым, халқы 1 млн адам), Алтай Республикасы

(жерінің көлемі 92 600 шаршы шақырым, халқының саны 205 000

адам), Тува Республикасы (жерінің көлемі 170 500 шаршы шақырым, халқының

саны 320 000 адам) Ресей Федерацияның құрамында болса, Қырым Республикасы

(жерінің көлемі 26 081 шаршы шақырым, халқының саны 2 млн адам) ресми

түрде Украина Республикасына бағынады (138). Көп ұлтты елдердің бұдан

басқа да республикалары мен облыстарында (соның ішінде, Солтүстік Кавказ

бен Дағыстанда, Қытай мен Моңғолияға жақын аймақтарда) түбі түркіден

тарайтын татарлар, башқұрттар, чуваштар, хакастар, якуттар, алтайлықтар,

тувалықтар, қырым татарлары, ұйғырлар, гагауыздар, қарашайлар,балкарлар,

ноғайлар, құмықтар, шорлар және қарайымдар секілді көптеген бауырлас ұлттар

өз отандарын тапты... Ресей патшалығы, одан кейінгі КСРО кезінде, соның ішінде

сталиндік қуғын-сүргін барысында, әсіресе түркі халықтары адам айтқысыз

кемсітушілікке ұшырады. Мәселен, қырым татарлары Сібірге, ал қазан татарлары

Манчжурияға өз еріктерінен тыс өрескел күш қолдану арқылы көшірілді (62,

11-12 беттер), ал әзербайжандық түркілерді де Арменияның қазіргі аумағынан

Орталық Азияға қарай қоныс аударуға мәжбүрледі.

Ресей империясы мен оның мұрагері атанған кеңес одағының «құдайы»

орыстардың күні-түні мазасын кетіріп, олардың «жегенін желім, ішкенін

ірің» еткен бір мәселе болды. Ол тығыз орналасқан түркі халықтарының

жақындасып кетуіне ешқандай да жол бермеу еді. Осыдан қатты қорыққан

олар Алтайдан бастап Балқанға дейін құлашын жайып жатқан кеңістіктегі

туыс халықты бір-біріне айдап салып, араларын ажыратып тастау саясатын

жүргізді. Түркілердің атам заманнан тиесілі жеріне 1918 жылы алғаш рет Армения

мемлекетін құрып, содан кейін оның белгілі бөлігін Зангезур облысына

күштеп қосулары, большевиктердің түркі бірлігін бөлшектеуге бағыттала

жасаған тиянақты жоспарларының бірі еді. Дегенмен, олар бұл ойларын жүзеге

62

Шашыраңқылықтың біртұтастығы

асыра алған жоқ: Еуразияның түркілік этножүйесі қолдан жсалған күштеулер

мен қысымдарға қарамастан, өзінің біртұтастығын сақтап қала алды. Тіпті,

Шығыс пен Шығыс Еуропада тұрып жатқан тамыры түркіден тарайтын ұлттар

дәп бүгінгі күнде де өзіндік ерекшеліктерін сақтап қала алды. Қиыр Шығыс

пен Таяу Шығыста саны жағынан да ұлттық-мәдени тереңдігі жағынан да

өзгелерден ерекше екі түркі ұлты бар: олар Қытайдағы ұйғырлар мен Ирандағы

әзербайжандар. Қазіргі уақытта Орталық Азияның көптеген елдеріне сіңісіп

кеткен ұйғырлардың байырғы отаны, кезінде Қытайда үстемдік құрған Ұйғыр

империясының жері болған еді. Бүгінде аталған ірі аймақ Қытайдың меншігі

есептеледі. Шыңжаң-Ұйғыр (қытайша – Хинжуан) автономиялық облысының

көлемі 1 660 000 шаршы шақырым құраса, онда 21 813 334 ұйғыр тұрып жатыр

(халық саны жағынан әлемдегі 25-ші орын) (236).

ХІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейін жетекші орынды иемденген, бүгінде аталған

ел халқының үштен бірін құрап отырған әзербайжандардың Ирандағы жалпы саны

79 млн адамды құрайды. Бүгінгі Иранда да Ресейдегі секілді, әзербайжандардың

ұлттық-географиялық тұтастығын бұзу үшін ежелгі Әзербайжандардың жері Батыс

және Шығыс Әзербайжан деп аталатын екі әкімшілік бөлімге бөлінді де (252),

аймақтың осыдан қалған жер бөліктері көршілес басқа облыстардың меншігіне

үлестіріліп берілді. Қытайдағы ұйғырлар секілді, Ирандағы әзербайжандар да

белгілі уақыттарда ұлт-азаттық қозғалысы көтерілістерін жасап отырды, алайда

ол әрекеттер дер кезінде аяусыз жаншылып отырды. Дегенмен де, бұл азаттық

жолындағы қасиетті күрестің тамыры түбірінен қиылды деген сөз емес. ХХІ

ғасыр әлем халықтарына, соның ішінде түркі әлеміне де даму бағытының келешегін

ашты. Қазіргі уақытта түркіден тараған миллиондаған адамдар және

солардың қолымен жасалған Ұлы Түркі Диаспорасы тарихи жад негізінде

түркі әлемінің бірлестігі идеясы жолында жаhандық әрекеттерге қосылуда. Бір

кездері Корея мен Моңғолиядан бастап Балқанға дейінгі алып кеңістікте өзінің

мемлекеті мен автономияларын, сондай-ақ олардың ықшам шоғырлануын

ұйымдастыра алған түркі халқы қазіргі уақытта сол арадағы байланыстардың

тереңдігі мен жылуын жан-тәнімен сезіне білуде. Екі жүз жылдық саяси-тарихи

күйзелістердің салдарынан бөлектеніп, түрлі аумақтарда, түрлі мемлекеттердің

құрамында жүріп тіршілік етсе де, олар жүрек соғыстарының, идеяларының, ал

ең бастысы – Болашағының ортақ екендіктерін түсіне алуда.

Бөлінгенді біріктіру – бұл олардың тарихи тағдыры. Өйткені, ежелгі кездердегі

секілді, бүгінгі күні де Еуразиядағы түркілер этносаясат пен этномәдениеттің

қаншалықты ала-құла екендігін және оларды біріктіру мүмкіндігінің қаншалықты

қажетті екендігін де өте жақсы түсінеді! Тұтастық бөлшектенеді, ал керісінше

шашылғандар қайта бірігеді, тарих диалектикасы осындай. ХХІ ғасырды

түркілер ғасыры деп жариялаушылар өз ойларын тура осы қисынға сүйеніп

айтты десек артық емес. Сондықтан да біздер барлық жолдардың Түркілердің

Бірлесуіне алып келетін ғасырында өмір сүріп жатырмыз деп ауыз толтырып

айтуымызға толық негіз бар!

63

64

4. ТҮРКІ БІРЛІГІ ИДЕЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы өзінің заңдылықтары және

көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Бұл үдеріс түркі тайпаларының этникалық

бірлесуге жасаған алғашқы қадамдарынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі

жалғасып жатқан халықаралық саяси бірлікті құруға бағытталған күрделі

кезеңдерін қамтиды. Осы эволюциялық үдерісте идея біртіндеп толығырақ

маңызға ие бола бастайды, өзін жаңа тарихи кезеңнің ақиқатында көрсету үшін

жан-жақты тәжірибелер де жинақтайды. Сол арқылы бөтен идеологияларға

қарсылық көрсете алатын қабілетке де ие болады. Түркі бірлігінің идеясы өзінің

өзектілігін мемлекеттер мен алып империялар құрылып жатқан уақыттарда

да, одан соңғы кері кетушілік пен құлдыраушылық кезеңінде де жоғалтпады.

Түркілер қай уақытта болмасын тұралаған ахуалдан тез тұрып кете алатын да,

сәтсізіктің себебін – түркі мемлекеттері арасындағы бірліктің сетіней бастауынан

көретін. Ал, бір кездегі мызғымастай көрінген бірліктің бетіне түсе бастаған

сызатты олар, өмір сүру заңының бұзылуынан деп түсінді. Егер де бірліктің басынан

бағы тая бастаса, онда көп ұзамай оның орнын бейберекеттіктің басары

сөзсіз. Ал, «бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, өз ара терең түсіністік

болған тұста үйлесімділіктің үстемдік құрары да анық. Сондықтан да түркілер

мемлекеттік пен империядан айрылғанымен де, даналығынан айрылған жоқ.

Олар жаппай торығуға түспеді, керісінше сол бірліктің негізіндегі мәңгіліктің

еш уақытта да сөнбейтін қуат көзін алға қарай жылжытудың жаңа бағытына

қарай ұмтыла алды. Осы себептер бойынша тарихтың кез-келген кезеңіндегі

түркілердің кері кетушіліктері, кем дегенде оларды алға қарай дамуға жетелейтін

жаңа жол ашты. Нақ осы кері кетушілік кезеңінде, әсіресе ХІХ және ХХ

ғасырдың басында түркілердің бойларына тән табандылығы, тұрақтылығы мен

ұлттық жадының беріктігі арқасында өздерінің мемлекеттігінің негізін қалай

алды. Соның нәтижесінде мемлекет құруды қаматамасыз етті.

Өйткені, мәселенің шындығына келер болсақ, түркілер қолында адамзат

баласының мақтануына тұрарлық және бірауыздылықты қамтамасыз ете алатын

бірліктің берік үлгісі болды. Түркілер жаңа мемлекеттер мен империялар

құра отырып, өздері өмір сүретін этногеографиялық аумақты кеңейте берді.

Сонымен бірге аталған кеңістіктің әлеуметтік-саяси бірлігін қамтамасыз ету

идесы туындады және оларды мұраға қалдырудың жолын қарастыру да өмір

қажеттілігіне айналды. Сонау ежелгі дәуірден бастап І мыңжылдықтың соңына

дейінгі аралықтағы ұзақ тарихи кезеңдегі ғұн-түркүт-көктүркі – түркіоғыздардың

жаңа ұрпақтары, түркілер-қыпшақтар, түркілер-бұлғарлар,

түркілер-қарлұқтар, түркілер-ұйғырлардың мұрагерлік жүйелерінің этникалық

және әлеуметтік-саяси саралануының барлық ақиқаттары назарға алынды. Со-

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

нымен қатар, этножүйенің дихотомиялық бірлігін сақтап қалу мен соған қол

жеткізу жолындағы әрекеттер нәтижесінде Еуразияда ширақ та тұрақты кеңістік

қалыптасты. Бұл географиялық кеңістікті Түркілік немесе Тұрандық әлем деп

атап кеткен көршілес елдер, шындығына келгенде, олардың нағыз атауының

ақиқатын анықтап берген еді. Осыдан кейін, тіпті ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде

Еуразияда өткен оқиғалардың барлығы да тікелей немесе жанамалай болсын,

бәрібір де Түркі атауымен тікелей байланысты болды. Осы аталған Түркілік

Саяси Мәдениеттің үстемдікке қол жеткізуі бірлік идеясының арқасында

келгендігі туралы айтылады; кейіннен бұл идеялар тұжырымдамалық

идеологияға айналды..

Түркі бірлігі идеясының ең алғашқы нышанын, біздің дәуіріміздің 680-445

жылдарында (немесе түркінің Отүкен жазбаларынан) пайда болған Орхон-Енисей

ескерткіштерінен кездестіруге болады. Сол кездегі қашалған тастардағы

түркизм мен мемлекеттік идеяларының ажырамас ұғым екендігінің тайға

таңба басқандай ап-анық жазып қалдырылғанын әлі күнге дейін айқын көруге

болады. Әли Өзтүріктің «Ұлттық өсиет» атты кітабында келтірілген (130,

5 бет) түркі әлемі ұлттық бірлігінің түркі тарихындағы ең алғашқы идеологы

Білге Қағанның «Эй, түркі ұлты, сілкін, өзіңе қайта орал!», (125, 74-75

беттер) деп айтқан сөзі күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше

қараңғы жерге түскен күннің жарық сәулесі секілді болашаққа нұрлы сәулесін

шашып тұр. «Түркі өркениеті» кітабының авторы Метин Айдоған әлемдік тарих

үшін ерекше маңызы мәселелерге терең де жүйелі салыстырулар жүргізеді,

егер де: «... Франция Королі Людовик ХІV былай, «Мемлекет – бұл менмін!

Сондықтан да қарамағымдағылардың өмірі де, мүлкі де менікі», деп айтқан

болса, Көктүріктердің билеушісі Білге Қаған (VIII ғасыр) одан мың жыл бұрын:

«Түркі ұлты үшін мен түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым», деп айтып кеткен

(98, 65 бет). Ақиқатына келер болсақ, бұл абсолютизм де немесе зорлық та

емес, бар болғаны мұны ұлтқа адал қызмет жасау мақсатындағы өз миссиясын

анық көріп, оны сезіне алған нағыз саяси көшбасшының ұстанған бағыты десе

болады. Бұл бағыт өзінің ең жоғарғы нүктесін өз ұлтының бірлікке қол жеткізген

биігінен ғана таба алады. Әскери жорығы қашан аяқталады деген сауалға

Шыңғысханның берген жауабы да нақты әрі ұғымды: «Бізге түркі әлемінің екі

шетін біріктіру маңызды. Соңғы түркіні кездестіргенше алға жылжи беріңдер.

Соңғы түркіні кездестірген жерде тоқтаңдар». Шыңғысханның айтқан бұл сөзі

оны қанішер-басқыншы етіп көрсетіп келе жатқан бірқатар пікірлерді жоққа

шығарады, ал бұл мәселеге басқа қырынан келер болсақ, Еуразия тарихының

шынайы көрінісіне тап боламыз.

Өйткені, Шыңғысхан жорығына дейінгі уақыттың өзінде түркі әлемі Еуразия

деңгейінде танылып үлгерген болатын: ғұндар-түркілерден кейін түркілерқыпшақтар,

олардан кейін түркілер-оғыздар, олардан кейін өзге де түркі

халықтары тарап кеткен алып аймақты Шыңғысхан басып алып, мұнда мемле-

65

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

кеттер мен қоғамдастықтар құрды. Осымен Еуразиядағы түркі тіршілігі тоқтап

қалған жоқ: бұдан да күшті толағай толқын көтеріліп, Темірланның әскери

жорықтары Еуразияның жаңа картасын сызуға алып келді... «Зафернама»

шығармасын қайта-қайта сүзіп шыққан әлем тарихшылары, Темірланның саяси

басқыншылығының хронологиясын тереңдете зерттейді. Француз тарихшысы

Рене Груссенің сөзімен айтқанда, әлемнің саяси бірлігін өмірде қалай жүзеге

асырғандығы туралы мол мағұлматтар береді.

Наполеон және Атилламен салыстырылатын Темірлан Құрылтайды

(«құрылтай» сөзі көптеген ғасырлар өтсе де маңызын әлі де өзгерткен жоқ, бұл

сөз түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданыста) (241, 427 бет) құрған түркі мемлекеттігіндегі

ең бірінші саясаткер болды. Кезінде Құрылтайға аймақтардағы

әскери-саяси басшылар шақырылып, онда алып империяны бөлшектеуге

қатысты қандай да болмасын әрекеттердің алдын алу жөнінде шаралар жасалып,

шешімдер қабылданатын және бірыңғай мемлекеттік саясатты дамыту

мәселелері талқыланатын.Түркілерден туындаған барлық эпос-оғызнамалар

(«Оғыз-Қаған», «Китаби Деде Горгуд», «Манас», «Эмсали-Түркі» – түркілердің

қанатты сөздерінің жинағы), «Диуани Лұғат-ат-Түрк» (Махмұд Қашқарлы, XI

ғасыр), «Құтты білік» (Жүсіп Баласағұн, XI ғасыр), «Диуани Хикмет» (Сейид

Ахмед Ясауй, XII ғасыр), Фезлуллах Рашид ад-Диннің «Оғызнамасы» (XIV

ғасыр), Әлішер Науаидың (ХV ғасыр) «Мухакамат ал-лугатайны» (екі тіл туралы

пайым), Әбілғазы Баһадүр ханның (XVII ғасыр) «Шеджереи-Тарикиме»

(түркі халықтарының аттары туралы кітап) және де басқалары сол идеялардан

тармақталатын шығармалардың үлгілері. Түркі әлемі исламмен біріккеннен

кейін түркизмнің дәстүрлі идеясына діни реңк қосылғанымен де, ол өзінің негізгі

бағытынан тайған жоқ: түркі бірлестігі өзінің «ұясының» негізін исламмен

бірге қалай бастады. Осы айтылған себептерге байланысты болар, сопылық

философия сырттай қарағанда түркі дүниетанымына қарсы секілді көрінгенімен

де, ақиқатында суфизм аталған дүниетанымның нағыз философиясы болып табылды.

Түркілердің жаулап алушы-сұлтандары – Гази Бурханаддин, Джаханшах

Хагиги, Шах Исмаил Хатай, сұлтан Сүлеймен (Кануни) – сопылық рухта

поэтикалық шығармалар жазды және дәл осы шығармаларды олардың саяси

қаракет-қызметтерінің моральдық-адамгершілік келбетіне айналдырды. Жалпы

алғанда түркілердің саяси бірлігінің мәдениеті суфизм, шиизм және бекташизм

секілді бір-біріне мүлдем қарама-қайшы жатқан бағыттардың басын біріктіріп,

оларды ортақ мақсатқа ұйыстыра алды. Бұл дегеніңіз, түркілік этносаяи

жүйенің ислам әлеміне қатысты сыртқы факторларды – идеологиялық қарамақайшылықтар

мен адамгершілік тұрғысындағы қарым-қатынастарды дамытуда

саяси шеберлік таныта білгендігін айғақтаса керек.

Бірліктің түркілік идеясының екінші үлкен тарихи эволюциясы ХІХ

ғасырдың ортасында түркі мемлекеттері мен империясының құлаған кезінен,

яғни түркілер өздерінің құлдырау себебін қайта талдап, оны тоқтатудың

66

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

және қайта жаңғырудың жолын тұтастай іздей бастаған тұстармен сәйкес

келді. Бұл өз кезегінде түркі әлеміндегі классикалық түркизмді бірте-бірте

әмбебаптандыру үдерісіне алып келді. Азияны және сонымен қатар Ислам

мен Үнді әлемдерін де қоса түгелдей дерлік құрсаулап алған ұлттық-азаттық

қозғалыстар толқынында Түркі әлемін ояту үшін екі маңызды беталыс шешуші

идеологиялық факторларға айналды, оларды; панисламизм мен пантүркизм деп

атауға болады.

Уақыт өте келе исламдық және түркілік идеологтардың атқарған

жұмыстарының барысында жоғарыда қатар аталған екі ұғым да түрленуге

түсіп, исламдық және түркілік деп айтылатын болды. Шығыс елдерінде осы

түсініктердің келісімділігі мен айырмашылықтары мәселелеріне байланысты

көптеген айтыс-тартыстар мен пікірталастар өткізіліп келеді. Әзербайжанда

Шығысты модернизациялау идеясы Мирза Фатали Ахунзаденің (1812-1878

жылдар) шығармашылығында мейлінше демократиялық сипатта көрсетілген.

Бүкіл Шығыс бойынша ол тұңғыш рет өзінің туған әзербайжан тілінде

философиялық трактаттар жаза отырып, түркі мәдениетінің еуропалық үлгіден

ешқандай да кемдігі жоқ екендігіне көз жеткізе алды. Мұны аз десеңіз, ол

түркі тілінің драмалық эстетикасын да жасай алатындығын толық дәлелдеп

берді. Сондықтан да оның есімі түркизмнің негізін қалаушылардың алдыңғы

қатарынан орын алады. Мирза Фатали Ахундзаденің жас замандасы – Джамаладдин

Афгани (1838-1897 жылдар), исламды модернизациялауға байланысты

бүкіл Шығысты және Еуропаның да түкпір-түкпірін аралап шықты. Сөйтті де

тың діни-саяси дүниетанымға негізделген, қазіргі заманға лайықталған жаңа

мемлекет құрудың қажеттігіне қолдау іздеді(263, 108-112 беттер; 302, 30-31

беттер).

Түркизм ХХ ғасырда исламизмнің беталысын алдымен екінші кезекке қояды

да, соңынан тіпті оның бар-жоғын ешкім де елемейтіндей күйге түсіреді және сол

арқылы түркі әлемінің идеологиялық-саяси, мәдени дүниетанымында өздерінің

орындарын белгілеп алады. Тұжырымдалудың бұдан кейінгі үдерісі барысында,

осы дүниетанымның өзіне тән жүйелік сипатына сәйкес, идеологиялық түркизм,

саяси түркизм және мәдени түркизм деп аталатын өзара тығыз байланысқа ие

осындай кезеңдерге бөлінді. Осман империясы тәуелсіздікке ие болғанмен, осы

кездегі Ресей империясының, бұдан да басқа мемлекеттердің құрамында болып

бостандықты аңсаған түркілер, бір ғана идеяның маңына топтасты, ол: түркілік

идеологияға бірігудің жолдары еді.

Империялық әмбебап саясатты жариялаған Осман империясын Түркі мемлекетіне

айналдыру, басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүріп жатқан түркі

қауымдастығының (кезінде өз мемлекеттері болған!) мәдени-саяси тәуелсіздігін

қайта қалпына келтіру, сайып келгенде олардың әлемдік бірігуіне қол жеткізу

– міне, осы айтылғанның барлығы да түркизмнің ең басты арман-мақсаты

болып белгіленді. Аталған идеяны жасаушылар мен оны иеленушілер, Ос-

67

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

ман және Ресей империялары мен бұдан да өзге мемлекеттердегілер секілді

түрлі қысымдарға ілігіп, қудалауларға ұшырап жатса да, уақыт өткен сайын

ізгі мақсаттарын қырнап өңдей де, бұрынғыдан бетер толықтыра берді. Олар

алғашқы алған беттерінен таймады, қасиетті күресті күн өткен сайын күшейте

берді. Егер де қазіргі заманда түркі әлемінің бірлігі үшін саясаттың ең биік

деңгейіне дейін көтеріліп, белгіленген маңызды жобаларды нақты түрде жүзеге

асыра алатын түркі мемлекеттері бүгінгі күндері болатын болса, онда олар тек

осы жолдың негізін салып кеткендерге, яғни түркизмнің қозғалысына қарыздар.

Өйткені бұл жұмыс кезең-кезеңмен, ұлттық ойлау қабілеті күшті адамдардың

теңіз құрайтын тамшыдай еңбектерінің, тұтастай ұрпақтың күресінің арқасында

жүргізілді. Бұл жол әлі де болса аяғына дейін жеткен жоқ. Біздердің алдарымызда

тұрған жаңа міндеттерге сәйкес, күрестің жаңа кезеңдері әлі ілгеріде.

Әйтсе де, біздің бұл жолда да табысқа жетінімізге сенім мол. Өйткені біздің

бабаларымыз мұның негізін жақсылап қалап кетті. Түркизмнің идеологы

Юсуф Ақшораның (Ақшоралы) бүкіл түркі ұрпағына өте тамаша үлгі болған

«Түркизм тарихы» деп аталатын классикалық кітабында, аталған идеологияның

эволюциялық үдерісі барынша мұқият қадағаланған. Онда, осы тұлғалардың

барлығының да энциклопедиялық орасан білімге ие болғандары, өз халқының

ұлттық мәдениетінің революциясында төңкеріс жасап, жаңа ойлау қабілетінің

негізін салып кеткендері жөнінде жан-жақты көрсетіліп, тарқатыла жазылған.

Ал, Юсуф Ақшораның өзі кім болған? Юсуф Ақшора (1876-1935) ұлты

жағынан қазандық татар болып табылады. Оның ұлы аталарының бірі князь

Адаш орыс патшасы Иван Грозныймен өте тату дос адам екен. Атақты Ақшора

әулетінің тоқыма фабрикасы болыпты. Ал, Ресей императоры Николай І

Қазанда болған сапарларында Юсуфтің әкесі Гасан бектің үйінде қонақта болып,

олардың дастарханынан дәм татқан. Екі жасында әкесінен айрылған

Юсуфтың барлық өмірі, оның күреске толы жылдары Ыстамбұлда өтті. «Жас

түркілер» аталатын түркизм қозғалысының мүшесі бола жүріп ұсталған ол

қамауға алынып, өмірлік бас бостандығынан айрылады. Дегенмен, ол жерден

қашып шығып Парижде бас сауғалайды. Юсуф бек 1899-1903 жылдары Француз

Академиясы мен атақты Сорбоннда оқып, саяси ғылым жөнінде білім алады.

Юсуф Ақшора орыс революциясы басталмай тұрып, сонау 1916 жылдың

шілде-тамыз айларында Швейцарияның Цюрих қаласында В.И.Ленинмен

кездесіп, төрт сағаттан астам уақыт сұхбаттасады. Сонда Ю.Ақшораның, егерде

билік басына большевиктер келген жағдайда, онда олардың ұлттық мәселеге

көзқарастары қандай болмақ, деген сауалына В.И.Ленин: «Егер де біз жергілікті

өзін-өзі басқару әдісіне көшер болсақ, онда сіз өзіңіз қойып отырған

талаптарыңызды артығымен қанағаттандыра аласыз», деп жауап береді. Алайда,

кейіннен белгілі болғандай, большевиктер өз сөздерінен тайып, уәделерінен

айнып кетеді. Түрік Республикасы құрылған соң Юсуф Ақшора Ұлы Ұлттық

Мәжіліске сайланып, Ыстамбұл университетінің профессоры атанады, ал ең

68

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

бастысы Түркия Президенті Мұстафа Кемел Ататүріктің ең жақын үзеңгілес

серігіне айналып, оның саясат және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі

қызметтерін атқарады. Түркизм идеологы Юсуф Ақшора 1931 жылы Түркі

Тарихи Қоғамдастығын құруға белсене қатысып, оған 1935 жылға, өмірінің

соңына дейін жетекшілік етті. Юсуф Ақшораның бай мұрағатына зер салар

болсақ, оның ғылыми, саяси және публицистикалық маңыздарға ие болған

жұмыстарының ішінде әсіресе «Саясаттың үш түрі» аталатын трактатының

маңызы ерекше. Сипаты мен маңызы жағынан алып қарағанда, армян зерттеушісі

Заревандтың өзі мұны Маркс пен Энгельстің әйгілі «Коммунистік

партияның манифесті» еңбектерімен қатар қойып салыстырған. Мысырдың

«Түркі» газетіне басылған шығармасы, сол жарияланған сәттен бастап-ақ, түркі

интеллектуалдары арасында бірден үлкен талқылау көзіне айналып сала берді.

Әли Камал, Ахмед Фарид, әзербайжан Әли бек Гусейнзаде секілді заманының

озық ойшылдары да аталған газетке өздерінің ой-пікірлерін жазды. Юсуф

Ақшора «Саясаттың үш түрі» трактатында, Осман империясы – османдық,

исламдық және түркизм секілді үш тұғырнаманың алдында тұрды, дегенмен

мемлекетті құтқару жолын түркизм деп таныған олар, осы жолға таңдау жасады.

Шындығына келер болсақ, османдық немесе исламдық идеяларды емес,

нақ осы түркизм саясатын мемлекеттік саясат мәртебесіне дейін көтеруді

алғаш ұсынып, түркизмнің негізінің қалануына жол салған да нақ осы Юсуф

Ақшора болатын. Түркизм саясаты туралы сөз қозғала қалғанда, оның алдымен

айтары Ресей мен Осман империясында тұратын түркілердің түбі бір ұлт

екендігін мойындау және бірыңғай мемлекет құру идеясын қорғау мәселелері

болатын. Түркілердің бірін-бірі тани түсуі мен олардың мәдени мәселелерде

бірігуі Юсуф Ақшораның көкейіндегі асыл арманына айналды... Ақиқатында,

ол ұсынған түркизм идеясының астарында келешекте жеке-жеке түркі мемлекеттерін

құру және олардың тәуелсіздіктерін қамтамасыз ету мақсаты жатты

(53, 13 бет).1928 жылғы «Түркизм тарихы» аталатын еңбегін жұртшылық

оның шығармашылық деңгейінің шыңына бағалайды. Түркілер мен әлемнің

басқа да халықтары үшін түркизмнің ұлттық, жалпыадамзаттық маңызы туралы

жазылған еңбегінде, ол идеологиялық жүйелер арасында түркілердің

өзгелермен салыстыруға жатпайтын ұстанымын көрсетеді және оның тарихитеориялық

негіздерін анықтайды. Түркия мен Ресейде, Әзербайжанда және Кавказда,

Орталық Азия мен Қырымда, сондай-ақ Қазанда түркизм қозғалысының

қалай дамып, қай бағытта жылжып келе жатқандығын кезек-кезек зерттеген

Юсуф Ақшора, түркизмнің қалыптасуы жайында әңгімелейді. Ал, ең бастысы

түркизмнің қайнар бастауында тұрған сол дәуірдің ойшылдары туралы ол кереметтей

энциклопедиялық дәлдікпен айна-қатесіз етіп айтып береді. Олар: Шинаси

мен Зия Паша, Ахмед Вефиг Паша, Мұстафа Джалаладдин Паша, венгр

Вамбери, бұхаралық Шейх Сүлеймен Әпенді, Ахмед Мидхад Әпенді, Сүлеймен

Паша, Ахмед Джевдет Паша, Мирза Фатали Ахундзаде, Шейх Джамаладдин

69

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

Афгани, Гасан бек Зардаби, Исмаил бек Гаспыралы, Шахабеддин Марджани,

Шамсаддин Сами, Наджиб Асим, Велед Челеби, Амруллах Әпенді, Таир Бурсалы,

Рауф Фуад, Ахмед Хикмет Мюфтюоглу; саяси түркизмнің өкілдері – Юсуф

Акчура өзі, Али бек Гусейнзаде, Ахмед бек Агаоглу, Хилми Туналы, түркизм

ұйымын құрушылар – Хамдуллах Субхи, Зия Гёкалп және де басқалар (92) еді.

Осынау беделді топ тізімі арасынан Әзербайжанның жаңа кезеңінің

мәдениетін қалыптастырушының да есімін көріп отырмыз. Демек, мұны

түркі әлемі ұлттық мәдениетінің таңдаулы өкілдерінің бір-біріне жақын да,

солай бола тұрғанымен алыста орналасқан түрлі елдерінде тұрып жатты.

Соған қарамастан, олар өздерінің табиғи дауыстарын керемет бір қуатты да

үйлесімді үнге айналдыра алған тарихи сәтте, сондай жауапты уақыттарда

өмір сүрді деп айтсақ жарасады. Олар өздерін жалпы түркизм идеясы аталатын

алып «шатырдың» астынан көріп, жасаған қызметтерін де аталған идеямен

жалғастыру жолында барлық мүмкіншіліктерін сарқа жұмсап бақты. Түркі

әлемінің әр түкпіріндегі, планетаның әр бұрышындағы ұлттық рухтың оянуы

өзінің жүру жолдарын анықтады, Түркизм Күнінің орбитасымен бір бағытта

жылжуға келіп қосылды. Юсуф Ақшора, әзербайжандық қоғамдық-саяси және

әдеби-мәдени ойлардың тарихын зерттеушілер, сондай-ақ түркітанушылар

мен әзербайжантанушылардың барлығы да «түркизм идеясын қалыптастыруға

атсалысқсан бірден-бір ел Әзербайжан болды» деген ұстаныммен бірауыздан

келісіп, осыны қолдайтындықтарын білдіріседі.

Юсуф Ақшора «Экинчи» газетін Ресей империясындағы түркілердің алғашқы

басылымы деп есептеді (92, 87 бет). «Экинчи» газетінің дәстүрін жалғастырушы

- «Зия-и Кавказий» ( Кавказ жарығы), «Кешкюль», «Хаят» (Өмір) газеттері, «Фиюзат»,

«Молла Насреддин» журналдары дүниежүзілік түркизм қозғалысына

ұлттық түркизмді қосып, біріктіре алған алғашқы жұлдыз-басылымдар болды

(92, 87-95 беттер; 55, 165-443 беттер; 302, 30-35 беттер). Бұл кез біздің

елімізде әзербайжандық идея нышанының пайда бола бастаған тұсы еді (74).

Америкалық әзербайжантанушы Тадеуш Святоховский түркизмнің алғашқы

тұғырнамасын егжей-тегжейлі зерттей келе, оның ұлттық мәдени факторынан

бастап «пантүркизмге» дейінгі өсу деңгейін қадағалай отырып, «Хаят» газетінде

басылған «Түркілік, Исламдық, Еуропалық» лозунгының негізін қалаушының

және танымал «Фиюзат» журналын бастырып шығарушының есімі Әли бек

Гусейнзаде деген қорытындыға келеді. Содан кейін ұлы идеолог-түркішіл Зия

Гекалптің тұғырнамасына («Түркизмнің негіздері») жүйелендіріліп, одан әрі

Осман империясының түркі мемлекетіне ауысуының ең негізгі идеологиясына

айналды (302, 34-35 беттер).

Зия Гекалптің есімі түркизм идеясының бастауында тұрған Исмайл бек Гаспыралы,

Ахмед бек Ағаоғлу және Әли бек Гусейнзаделардың аттарымен қатар

айтылады (40, 12 бет). Әли бек Гусейнзаде (1864-1940) бүкіл саналы ғұмырын

сарқыншағына дейін түркі әлемінің бірлігі идеясына арнап, осы тұрғыдан

70

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

келгенде түркизмнің, оның философиясы, саясаты және мәдениетімен бір сәтте

шаршамай-шалдықпай жұмыс жасаған, сирек адамдардың бірі (51). «Ұлттық сана-сезім

эволюциясы және оның Орта ғасырлық философиядан ұлттық тұрғыға

өтуінің өзін де осы ойшылдың сіңірген өлшеусіз еңбегі деп бағалауымыз керек.

Тіпті кеңес дәуірі кезінде де Әли бек Гусейнзадеге қарсы «пантүркизм» деп кінә

таққандардың өздері, оның «Әзербайжандағы түркизм қозғалысының тұңғыш

насихаттаушысы» екендігін әлдеқашан мойындап қойған». Ұлы идеолог-ойшылды

зерттеуші Әзер Тұран: «Егер де Әли бек Гусейнзаденің «Тұран» өлеңі

тұранизм идеясының әліппесі деп есептелер болса, онда «Түркілер кімдер және

олар қайдан пайда болды» атты еңбекті осы идеологияның хрестоматиясы деп

айтуға толық негіз бар», деп айтқаны шындық (76, 201, 205, 207 беттер). Әли

бек Гусейнзаденің асқан көрегенділікке негізделген өте қисынды тұжырымы,

бір кездері бөлшектеніп кеткен түркі әлемінің қалыптасқан ахуалдан шығып,

қайта бүтінделуіне еш мүмкіндік бермей келе жатқан, астыртын милитаристтік

саясаттың себебін (атап айтқанда ұлыорыстық шовинизм мен парсылық

ұлтшылдық) әшкерелеп, мұндай пиғылдың күлін көкке ұшырғандай етеді.

Нақ осы қисын негізінде ғана келешектегі түркі әлемі қозғалысының бағытбағдарының

дұрыс таңдалуын жүзеге асыратын арнаның пайда болғанын да

айта кету керек. ХХ ғасырдың бас кезіндегі түркизмнің тұжырымдық идеясы

дәл осы аталған арна негізінде басқа ойшылдардың қолдауымен дамыды.

Әли бек Гусейнзаденің серіктесі Ахмед бек Ағаұғлы (1869-1939) Түркия мен

Әзербайжан, тіпті Еуропадағы жалпытүркілік мәдениет пен саясаттың жетекші

жобалаушысы саналды. Шушада (Қарабақ) дүниеге келген Ахмед бек Ағаоғлу

(Агаев) Петербургте және Парижде оқып білім алды. Ал, ХІХ ғасырдың 90-

шы жылдарынан басында Франциядағы атақты басылымдарда көкірек кернеген

өзекті мәселелермен тұрақты түрде жариялана бастады. Ол 1892 жылы

Әлем Шығыстанушыларының ІХ Халықаралық Конгресіне қатысып, онда

француз тілінде баяндама жасады. Парижде болған кезінде Шығыс-Исламдық

Жаңғырудың өкілі Шейх Джамаладдин Афганимен жүздесті, ақиқатына көшер

болсақ, осы кездесу оның өмірінде шешуші рөл атқарды. Әзербайжанға қайта

оралғаннан кейін ол 1897 жылы Алимардан бек Топчибашевпен, сондай-ақ

Гасан бек Зардаби, Нариман Нариманов, Джалил Мамедкулизаде, Фирудин бек

Кочарли секілді танымал әдебиет тарландарымен бірлесе отырып, «Каспий» газетін

шығарады.

Әзербайжандағы Ресей империясының армян ұлтынан тағайындалған цензоры

(әзербайжан баспасөзіне армян ұлтының цензор болып тағайындалуының

өзі түсініксіздеу емес пе?) Ахмед бек Ағаұғлын «барып тұрған нағыз панисламист

және пантүркист» деп қаралап бақты. Шынтуайтында ол, Кавказдағы, оның

ішінде 1905-1906 жылдарғы Әзербайжанда мұсылмандарға қарсы жасалған

геноцидтің барлық фактілерін алғашқы болып тіркеп, құжаттап-хаттаған

жалғыз ұлтжанды адам еді. Кавказдағы Ресей билігінің өкілі Воронцов-Даш-

71

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

ков өзін қамауға алуға дайындалып жатқанын білген Ахмед бек Ағаұғлы ендігі

жерде көп аялдамастан бірден Түркия асып кетуге мәжбүр болады. Шекара

аттаған ол, осындағы Әли бек Гусейнзаде, Юсуф Ақшора, Зия Гекалп

және де басқа серіктес эммигранттар тобына келіп қосылады. Содан ол 1915

жылы Лозаннада өткен конференцияға Ресейде тұратын түркі тілдес халықтар

атынан қатысады. Ал, 1919 жылы Париждің Бейбітшілік конференциясына

қатысайын деп тұрған жерінен оны ойдан шығарылған айыппен қамауға алған

Ыстамбұлдағы оккупациялық әскери командованиесі, тұтқынды Мальтаға жеткізеді.

Айдауда жүрген екі жыл ішінде көрген барлық ауыртпашылықтарын Нариман

Наримановқа жазған хатында шынайы суреттейді. Кейіннен, Түркиядағы

серіктестерімен бірге күреске белсене араласқан Ахмед бек Ағаұғлы сол кездегі

Түркі баспасөзінің Аға өкілі, Мұстафа Кемел Ататүріктің көзқарасы мен идеясын

қолдайтын, «Ұлттық үкімет» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды,

Юсуф Ақшорамен бірге Ұлы Ұлттық Жиналысқа (парламент) депутат болып сайланды.

«Ахмед бек Ағаұғлы көзі тірісінде Мұстафа Кемел Ататүріктің ең жақын

үзеңгілес серіктерінің бірі және шынайы досы болып қана қоймай, Ататүрік

жүргізген күрестің аса белсенді қорғаушысына да айналды. Осы жағдайлар

оның Республикада алғашқы жылдарда жетекші қызметтер атқаруына себеп

болғаны сөзсіз» (75, 10 бет). Жалпы, Ахмед бек Ағаұғлы өз уақытындағы танымал

тұлғалармен тығыз араласып, үнемі шығармашылық-парасаттық байланыста

болды. Ең бастысы, оның өмірге деген бірегей көзқарасының қалыптасуы

өзгелердің назарын үнемі өзіне қарай аударып, тартып тұрушы еді.

Әзербайжан ойшылдарының ғылыми-публицистикалық қызметінің ерекшелігі

сонда, олар жалпытүркілік мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениетінің

мәнмәтінінде талдап, оның мәдениетаралық түр-түсінің қатынасы мен

бәсекелестігінің арақатынасын Еуропа мен Американың авторларынан көп

уақыт бұрын анықтай білді (4). Ағаұғлы шығармашылығының бұдан да өзге

қызықты жағы бар: ол өз уақытының әлеуметтік психологиясын бұрмаламай,

оны сол шынайы көрінісінде, адамдардың ішкі әлемін олардың ұлттық болмысы

мен ар-намысын бұзылмаған күйінде көрсетуге тырысты (3). Сондықтан да,

Ахмед бек Ағаұғлының пайымында түркизм деген ұғым – тек қана жалғыз идеология

емес, сонымен қатар ішкі мәдениеттің ерекше толғанысынан туындаған

түркі халықтарының тарихи тағдыршешті кілтінің ең жарқын бейнесі болды деп

толық сеніммен айта аламыз. Шығыста ең алғашқы демократиялық республиканы

құрушы Мамед Эмин Расулзаде, өзінің публицистикалық мақалаларында

түркі әлемінің (ұлы империядан бастап демократиялық республикаға дейінгі

аралықта) тарихи тағдырын шынайы бейнелеп көрсеткен, барлық ғұмырын

Әзербайжанның болашағына арнап, осы қуатты бірлікпен байланыстырған ол,

ең кем дегенде түркист болды. Мамед Эмин Расулзаде 1906 жылы Саттарханмен

кездесті, ол кезінде Оңтүстік Әзербайжандағы, Тебриздегі революцияларға

жетекшілік еткен, сонан кейін 1918-1920 жылдары Әзербайжан Демократиялық

72

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

Республикасының (бұдан әрі-ӘДР) уақытында да Осман империясымен белсенді

дипломатиялық келіссөздер жүргізген, өз ісінің жетік білгірі ғана емес,

түркизмнің ұлы ту ұстаушысы атанған адам.

Қырым татарлары үшін жаңа уақыттың ұлттық идеологиясын қалыптастыра

білген Исмаил бек Гаспыралы (Гаспринский) (1881-1914) алдына мынадай

мақсаттар қойды: онысы, Ресей империясында тұратын барша түркі ұлттарынан

ұйымдастырылған бірлікті жалпы түркі әлемі бірлігімін қосу еді. Осы мақсатына

жету үшін ол алдымен жалпытүркілік құндылықтарды құтқаруға, тіл мен ойлауды

өзінің табиғи түбірінде жаңғыртуға, яғни түркілендіру жұмыстарын

жандандыруға үгіттеді. Гасан бек Зардаби үшін «Экинчи» газетінен кейінгі

үгіт-насихат алаңына айналған басылым «Тәржіман» газеті болды. Ол 1883

жылдан бастап отыз бір жыл бойы (ғасырдың үштен бірі) Бақшасарайда адам

айтқысыз қиындықтармын шығарылып келген, түркі тіліндегі үнпарақ ретінде

тарихта қалды. Исмаил бек Гаспыралының алдына қойған ең үлкен мақсаты

– «Тілдегі, пікірдегі және істегі бірлікті» - түркі әлемі тұтастығының негізгі

бағдарламасы ретінде ойластырып қарау еді. Сондықтан да, ол 1900 жылы

жалпытүркілік мәдениетті қалыптастырушы – ғалымдар және әдебиетші

қаламгер-қайраткерлердің өмірі мен олардың атқарған қызметтері туралы

энциклопедиялық сөздік басып шығарады. Мұстафа Кемел Ататүріктің кезінде

Зия Гекалп (1876-1924) жайлы «Егер менің етім мен сүйегімнің әкесі Әли

Рза болса, онда менің ойларымның әкесі Зия Гекалп болып табылады», – деп

айтуының өзі бұл адамның түркі мемлекеті мен қоғамының қалыптасуына,

түркизм идеясының жан-жақты дамуына сіңірген еңбегінің ерен екендігін

білдірсе керек.

«Түркизмнің негіздері» аталатын (1923) айтулы еңбектің авторын түріктің

ұлы идеологы деп нық сеніммен айтуға әбден болады. Аталған бағдарламалық

еңбекті өзінің өлерінен тура бір жыл бұрын жарыққа шығарып үлгерген Гекалп,

түркизмнің тұжырымдамалық бағыттарын тек өз уақыты үшін ғана емес, сонымен

қатар болашақ үшін де айқындап берді. Ол «Түркизмнің мәні» тарауында

«Түркизм деген не?» сауалына жауап іздеп, «Түркизм тарихын» зерттейді,

ұлттық мәдениеттерге кеңінен өте түсінікті етіп сипаттама береді. Сонымен қатар

түркизмдегі «Халыққа қарай» және «Батысқа қарай» аталатын бағыттардың

да ара-жігін айырып, ұлттық ар-ождан мен ұлттық ынтымақтастықты

нығайтудың, ұлттық мәдениеттің дамуын кемеліне жеткізудің шарттарын алға

тартады. Ал, «Түркизм бағдарламасында» түркизмнің тілі, эстетикасы (өнер),

тәртібі (адамгершілік), құқығы, діні, экономикасы, саясаты мен философиясы

(гуманитарлық ғылымдар) салаларындағы мақсаттары, міндеттері мен болмысы

негіздерінің неден қаланып, қалай құралатындығы жайында егжейлі-тегжейлі

зерттейді. Бұдан әрі, ол өз ойын жинақтай отырып, түркизмнің нақты әлеуметтікидеологиялық

сұлбаларын белгілейді, оларды бірыңғай дүниетаным жүйесіне

негіздейді. Маңыздысы сол, ұлы ойшыл күні бүгінге дейін талай пікірталастың

73

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

өзегіне айналып келе жатқан «Түркизм» мен «Тұранизм» түсінігін терең талдап,

олардың келешегін бағдарлайды. Оның айтар пікіріне қарағанда, түркизм

идеологиясы өзінің мән-маңызына қарай үш дәрежеге бөлінеді: 1. Түркілік

(Türkiyəçilik). 2.Оғыздық (Oğuzçuluq) немесе Түрікмендік (Türkmənçilik). 3.

Тұрандық (Turançılıq) (40, с.39). Шындығында, автор түркизмнің ұлттық және

универсалдық деңгейін көрсете отырып, келешекте әрбір тәуелсіз мемлекеттің

өзінің саяси идеологиясы болатындығын назарға алады. Осы тұрғыдан келгенде,

«Түркизмнің алыс идеясы – бұл Тұран... Ал, Тұран – түркілер үшін өтіп

кеткен, мүмкін келешектегі – жалғыз үлкен Отан саналады» (40, 37-39 беттер).

Зия Гекалптің бұдан басқа бірқатар шығармалары, атап айтқанда, «Түркіленбек,

Исламданбақ, Жанғыомақ» («Türkləşmək, İslamlaşmaq, Müasirleşmək»),

«Жаңа өмір», «Алтын әлем» «Түркі торасы» («törə» - көнетүркілік сөз, мемлекеттік

құрылымнан қоғамдық дәстүрлерге дейінгі аралықты қамтитын түсінік

деген ұғым береді), «Дұрыс жол», «Түркі мәдениетінің тарихы», «Алтын дастан»

және «Үш ағым» аталатын еңбектерінің барлығын да қай жағынан алып

қарамаңыз, түркизм идеалдарымен тығыз байланысып жатқанын байқайсыз.

Башқұрттың тарихшы-түркітанушысы Зәки Уәлиди Тоған (1890-1970) башқұрт

революциясы мен тәуелсіздік қозғалысының көшбасшысына айналды. Түркі

әлемі мен мәдениетінің тарихын ұзақ жылдарғы зерттеулері оның ұлттық-саяси

көзқарасының қалыптасуына ерекше ықпал етті. Небәрі жиырма төрт жасында

Ферғана мен Бұхараға аттанған ол, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (ХІ

ғасыр) шығармасын зерттеп, әлемді түркінің осы жазба жәдігерімен таныстырды.

Зәки Уәлиди Тоған Башқұртстан автономиясы жарияланған соң Ресей

мұсылманының өкілі ретінде 1917 жылы Думаға сайланады; соңынан үкімет

жасақталғанда қорғаныс министрі болып тағайындалады. Ұлттық тәуелсіздікке

қол жеткізуді талап еткен ол Ленин, Сталин және Троцкийлермен бірнеше

рет кездесулер өткізеді. Алайда, мұның барлығы да нәтижесіз болғандықтан,

мұндай әрекеттерінен түк шықпасына көзі әбден жеткен ол Түркістан басмашыларына

барып қосылады да, Түркістан Ұлттық Бірлігін құрушы және оның

бірінші жетекшісі болады. Ресейде ұлттық тәуелсіздік қозғалыстарының кезкелген

әрекеті басып-жаншылып, өз өміріне де қатер төне бастаған соң, амал

жоқ, Зәки Уәлиди Тоған шет елге бас сауғалай тұруға мәжбүр болады.

Сол кездері түркі ұлттық қозғалыстарының көшбасшылары Түркияда жиналып

бас қосты және осы жерде жан-жақты байланыстарын дұрыс жолға қойды.

Сөйтіп, мемлекеттік деңгейдегі ықыласқа бөлене алған олардың өз қызметтерін

бір арнаға тоғыстыра отырып, Түркизмнің Ұлы Мектебін құра алғандықтарын

көреміз. Өз кезеңінің дүниетанымы терең оқымыстысы ретінде кеңінен танымал

болған, қоғам және саяси қайраткер Зәки Уәлиди Тоған Түркияда маңызды

қызметтер атқарды. Уақыт өте келе Ыстамбұл Университетінде, сондай-ақ

еуропалық Вена, Бонн, Геттинген университеттерінде профессор-ғалым ретінде

студенттерге дәрістер берді. Әйткенмен, басқа түркішілдер секілді оған да

74

Түркі бірлігі идеясының эволюциясы

туранизм және КСРО-ға қарсы әрекеттері бойынша айыптар тағылды, бірақ көп

ұзамай оны әскери сот ақтап шықты. Зәки Уәлиди Тоған өзінің «Жалпытүркілік

тарихқа кіріспе» деп аталатын маңызды шығармасында (1913) түркі халықтары

мен мемлекеттерінің саяси-мәдени тарихын бір мәнмәтінде зерттеудің негізін

көрсетіп берді (132).

Ресейдің Еділ-Жайық өңірінен шыққан түркілік татарлардың өкілі Аяз Исхаки

(1878-1954) өте ауыр, тіпті кей жағдайда адам төзгісіз ауыр жағдайларда

күрес жүргізді. Ол 1905 жылы Ресей империясын құлатып, халыққа, оның ішінде

түркі жұртшылығына да егемендік алып беру жолында күреске ұмтылған

«Танчылар» ұйымын құрды. Бір мезетте «Таң» (мағынасы – «Таңертеңгі

орын») және «Таң жұлдызы» («Таңғы жұлдыз») газеттерімен қызмет атқарды.

Дегенмен қамауға алынып, Сібірге айдалды, содан 1913 жылы ғана босанып

шықты. Кеңес уақытында оның еңбектерін оқуға (29 шығарма) қатаң тиым салынды.

Аяз Исхаки 1923 жылы Берлинде «Тұран» ұйымын құрады, кейіннен

Түркияға өтіп, онда «Тюрк юрду» газетінде жұмыс жасайды. Ол 1933 жылы

Қиыр Шығысқа аттанып, онда Жапония мен Манчжурияның түркілік татарларымен

байланыстар орнатады (62, 6-10 беттер). Аяз Исхаки Еуропаның Германия,

Англия және Польша секілді елдерінде күресін жалғастырды, сондай-ақ

өзінің ғылыми-публицистикалық еңбектерімен де өмірінің соңына дейін үзбей

шұғылданып, түркі әлеміне адал қызмет еткен, түркінің адал перзентінің бірі

ретінде тарихқа енді (119).

Түркия ХХ ғасырдың басында тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік түркизмнің

орталығына айналды. Түркизмнің өмірлік-маңызды мәселелері нақ осы

жерде мейлінше кеңейтілген деңгейде қарастырылып, көптеген пікірсайыстар

соның шешімімен жүргізіліп отырды. Мұның барлығы да нақты заңдылықтарға

сәйкес, сол уақыттың әлемдік саясатының шынайылығы негізінде сындарлы

нәтижелерге алып келуі тиіс болды. Түркияның әлі де болса әлсіз елді

жалпытүркілікке шоғырландыруға бағытталған әрекеті жан-жақтан орынсыз

шабуылға ұшырады, өйткені бұл қадам империяны аңсау секілді көрінді және

солай қабылданды да. Түркия Осман империясының саясатынан ресми түрде

бас тартты. Осындай аса күрделі тарихи кезеңде түркизмнің болашағы үшін ең

оңтайлы да сындарлы тұғырнаманы таңдап алып, оны ұсына қою өте күрделі,

бірақ маңызды іс саналды. Сол мезеттерде халықаралық қарым-қатынастарды

орнату үдерісіне жоғарыда келтірілгендей бір жақты бағдарды ұсыну дегеніміз,

келешекте әлемде түркілік тәуелсіз мемлекеттердің қатарының көбеюі мүмкін

екендігін көрсетті.

Нақ осындай нәзік ойды сол уақытта Мұстафа Кемел Ататүрік айқын

және дәл формуламен былайша сипаттап берді: «Түрлі ұлттардың басын бір

жерге жиып, оларды ортақ тәртіп пен шарттарға біріктіру, сол арқылы күшті

мемлекет құру – бұл сондай жарқын да өте тартымды көрініс. Бірақ, дегенмен

де бұл алдамшы нәрсе. Тіпті шекараларды мойындамай, жер бетінде

75

I ТАРАУ Тарихтан туындаған болашақ

тұрып жатқан барша түркілердің басын біріктіру (курсив менікі-Дж.Ф)

– орындалмайтын, ешқандай да сынға жатпайтын мақсат. Бұл қисапсыз

қанды оқиғалармен, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келген адамдардың тірлігімен

ілесіп келген шындық. Панисламизм мен пантүркизмнің қолданылуы

бұл өмірде дәлелденбеген» (95, 436 беттер). Түркі мемлекеттерінің басын

біріктіріп, бірыңғай мемлекет үлгісіне келтіру дегеніміз, Ататүрік заманынымен

салыстырғанда бүгінгі күндері мейлінше қисынсыз және абсурдтық

идея болып көрінері сөзсіз. Классикалық түркизмдегі секілді,қазіргі заманғы

түркизмнің көздеген басты идеясы жаһандық түркі мемлекетін, тіпті

конфедерация құру болып табылмайды, керісінше бүгінгі халықаралық

жүйеде тәуелсіз нысандар объектілерінің бірлестігін құру екендігін, бізде

бірауыздан мақұлдап, мәлімдейміз.

Түркизмнің орыстың еуразиялық тоталитаризмнен басты айырмашылығы

міне, нақ осында жатыр. Орыстың еуразияшылығы тоталитаризмге алып келсе,

түркілік еуразияшылық – БІРЛІККЕ жол ашады! Бұл жерде түркизмнің

басқа да тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әрқайсының ұлттық идеологиялары,

саяси доктриналарымен өзара байланыс орнатуы үлкен рөлге ие болады.

Түркизм түркі мемлекеттерінің халықаралық жүйесі ішіндегі әріптестікке ең

жақын саясаты болғандықтан, ол ұлттық саясаттар мен идеологияларда қарамақайшылықтарға

жол бермейді.Өйткені, кез келген мемлекеттің ұлттық саясаты

мен идеологиясы сол елдің даму мүддесіне қарай құрылатындықтан, ұқсас

идеяны жалпытүркілік мемлекеттік деңгейде жылжытқан түркизм де осындай

мақсатты ұстанды. Түркизм – түркі мемлекеттері бірлігінің идеясы, ал ұлттық

идея болса, ол нақты субъектіге қатысты болмақ. Мәселен, әзербайжандық

пен түркизм арасында қақтығыс, тайталас пен қарама-қайшылықтар болуы

мүмкін бе? Үзілді-кесілді жоқ! Керісінше, гуманитарлық саясаттары мен

стратегиялық жоспарларында олардың іс жүзінде шынайы келісімде болып,

басқа да түркі мемлекеттерінің идеологияларымен үндес келмек.

Ақиқатында Түркизм – біздің түркілігіміздің расталуы. Біздің түркілігіміз

өзін-өзі тануымыздың өзегі болып табылады (39). Түркілік – бұл ұлттық

танымның сондай әмбебап деңгейге дейін көтерілуі, осы жерден түркі әлемінің

географиялық және адамгершілік шекаралары, бүгінгі күннің тарихтан туындайтын

келешегінің тағдыршешті есігі анық та айқын көрінеді.

Түркі бірлігінің идеясы – бұл құрылымды жаңа қадамдарымен жетілдіріп,

оның мазмұнын тереңдете түсетін, өзінің ұтымды идеялық негізі бар жанды да

сондай серпінді жүйе. Бұл идея да өмір секілді өзіндік өзегі бар, бұл идея өзін

жүзеге асырудың қарқынды кезеңіне кірісті.

Уақыт жебесі оны жүзеге асу жолдарына қарай жетелеп келеді.

76

ІІ ТАРАУ

ӨРКЕНИЕТТІҢ ЕРЕКШЕ ҮЛГІСІ

РЕТІНДЕГІ ЖАЛПЫТҮРКІЛІК

МӘДЕНИЕТ

5. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРКІЛЕР

Әлемдік мәдениетті түркі мәдениетінсіз көз алдыңызға елестетудің мүмкін

еместігі секілді, әлемдік тарихты да түркі тарихынсыз көз алдыңызға елестетіп

көру мүмкін емес. Егер де әлемдік мәдениеттің сонау көне заманнан осы күнге

дейінгі дамуын зерттейтін болсақ, онда түркі мәдениетінің де өзіндік алар оны бар

екендігін айқын аңғаруға болады. Жалпытүркілік мәдениетті бірыңғай өркениет

үлгісі ретінде қарастырған тарихи-географиялық жағдай, ең басынан-ақ аталған

мәдениетті қалыптасқан жағдайда мезгіл-мезгілімен дамыту және оны одан

әрі де жетілдіре түсу үшін түркілік этностың шығармашылық-пассионарлық

мақсаттағы күш-қуаты мейлінше жеткілікті болды. Түркі мәдениеті дамыған

тарихи кезеңі аралығында өркениеттің сапасы мен өлшемін бойына жинақтады.

Дегенмен, түркілік өркениет қаншалықты ұлғайып дамығанымен де, байлығы

арта түсіп, бойына жаңа сапалар жинағанымен де, ол өзінің өзегінде сақталған

мәдениеттің мемлекеттік түпнұсқасын еш уақытта да жоғалтпады.

Түркі суперэтносының тарихи саралануы, яғни суперэтнос қатарына жататын

халықтардың пайда болуы мен суперэтносқа кіретін мәдениеттің қалыптаса

бастауы, сөз жоқ, Еуразия аймағы жүйесіндегі әмбебап этномәдениеттің тұрақты

эволюциялық үдерісіне айналды. Жекелеген ұлттық түркілік мәдениеттер

өздерінің этногенетикалық жалпытүркілік мәдениетінің өзегін өз іштерінде

сақтап қана қоймай, оны одан әрі де дамыта түсті. Соның арқасында түркілер

сондай ептілік және жылдамдықпен империялар құра білді және оларды бірбіріне

сәйкес түрлендіре алу ісін де түркілік ұқсастықтың болуы мүмкіндігінің

нәтижесінде қол жетті. Бір-біріне етене жақын мемлекеттерді, олардың тілдері

мен мәдениеттерін бір қолдың астына жинастырып, бұдан да тиімдірек конфигурация

ұйымдастыра қою сол кездегі көшбасшылар үшін соншалықты қиын

емес еді. Алайда олардың бөлінуі мен тәуелсіздіктер алуы, бірігулері сол кездегі

нақты тарихи-саяси ахуалдарға байланысты, табиғи жолмен жүзеге асырылды.

Сондықтан да түркі империялары мен мемлекеттері аумақтарын кеңейте

түскенімен де, өздерінің ұқсастығы мен мәдениетін көздің қарашығындай

сақтай отырып, бөлшектенуге де немесе бірігуге де дайын болды. Біз осы арада

түркі өркениетінің іргетасы да түркі империясы мен мемлекетін құрушылардың

қолымен қаланды деп толық айта аламыз. Түркі мемлекеті, анығырақ айтқанда

– Түркі мемлекеттігі, – бұл тарихи сынақтардың барлығынан да сүрінбей өткен,

түркі өркениетінің ішіндегі ең күшті ұстын.

Түркі мемлекеттігі дегеніміз – бұл түркі өркениетінің жұлыны іспетті нәрсе.

Әлемдік мәдениеттің дамуы тарихындағы түркілердің алар орны, алдымен

олардың өздерінің мемлекеттік дәстүрлерінде жатыр десе болады. Түркілермен

79

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

байланыста, алыс-берісте болған әлем халықтары мемлекеттің дәстүрлерін

меңгерді және оларды өздерінің күнделікті тіршілігінде кеңінен қолданды.

Дегенмен, түркі мәдениетінің ішкі рухани байлығы тек мемлекеттіліктің

мәдениетімен шектеліп қана қоймайды. Сонымен қатар, түркі мәдениеті өз бойына

әлеуметтік-саяси, адамгершілік, көркем, гуманитарлық, экологиялық және

басқа да мәдениеттерді де жинайды. Түркі әлемінің мәдени-интеллектуалдық

өмірін, оның барлық құндылықтарын тарихи-мәдениеттану тұрғысында

зерттеген ғалымдар, түркі өркениетінің әлемдік өркениеттің өңешінде мүлдем

жұтылып кетпей, аталған әлемдік өркениеттің әмбебаптық сапаларын бойына

жинағанын, олардың тиімді тұстарын өздеріне синтездеу жолымен ала отырып,

бастапқы табиғилығы мен өзіндік ерекшеліктерін сақтап қала алуларын өте сирек

кездесетін бірегей құбылыс ретінде деп бағалап отыр (230; 241; 328; 126;

98).

Түркі мемлекеттіктерінің мәдениеті, бірінші кезекте, мемлекеттік

дәстүрлердің біртұтас-сатылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, оны

ұйымдастыру ісінде әкімшілік жүйелер тұрақтылығының «алтын ережелеріне»

арқа сүйейді.

Түркілердің әлеуметтік-саяси мәдениеті – мәселен, үнділік, қытайлық,

грекиялық және римдік дәстүрлі қоғамнан ерекшелігі – түрлі таптар мен қоғамдық

топтарға бөлінген жоқ, есесіне адамдардың қоғам және мемлекет алдындағы

рөлі олардың әлеуметтік мәртебесінің негізінде белгіленіп отырды. Біздің

пікіріміз бойынша, өткен кезеңдерде көшпелі өмір үлгісін ұстанған түркілердің

«дала демократиясы» қағидаты, сол кездегі отырықшы қоғамның тас болып

қатып қалған қасаң тәртібінің талаптарымен салыстырып қарағанда, әлдеқайда

жұмсақ та жоғары, сондай-ақ түркілік пассионаризмнің синергетикалық

сапаларына ие болды деп айтуға әбден болады. Нақ осы атап көрсетілген

артықшылықтар түркілердің көптеген тарихи жеңістерге жетулеріне жол ашып,

септігін тигізді.

Түркілердің экономикалық мәдениеті империя мен мемлекетті құру

барысында уақыт талабына сай өзгерістерге ұшырап отырды, көшпелі мал

шаруашылығымен қатар қала салудың архитектурасы мен сауда-саттықтың

да жолдарын игере бастады. Түркілер табиғатынан өте еңбекқор халық

болғандықтан, олар тарихтың қай кезеңінде болмасын ашығып, жабыққан жоқ,

өздерін тұрмыстық қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралардың барлығын

да қамтыды, шаруашылық жүргізудің мәдениетін де терең игере білді.

Империяның мейлінше гүлденіп тұрған кезеңінде мемлекет пен әскерді асырау

үшін түркілердің экономикалық әлеуеті өте күшті болған еді. Ал олардың

Самарқан, Бұхара, Тебриз, Гәнжі, Исфахан, Ыстамбұл, қала берді бір кездегі

Агра мен Бағдад және басқа да көптеген шаһарлары өз елінің шеңберіндегі ғана

емес, әлем деңгейіндегі ірі сауда, ғылым және мәдениет орталықтары болып

саналған-тын.

80

Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер

Түркілердің Рухани мәдениетінің ішкі мазмұны, олардың адамгершілік

пен руханият, қоғамдық және отбасылық құрылым, дәстүрге адалдық пен

құндылықтарға беріктік секілді қасиетті ұғымдардан құралады. Түркілердің

моральдық кодексі – бұл жазылмаған, бірақ одан еш уақытта аттап өтуге

болмайтын, барлығы да қатаң түрде орындалатын ережелер жиынтығы.

Отбасында, қоғамда немесе мемлекетте болсын әрбір адам, өз мәртебесіне орай

белгілі бір деңгейдегі жауапкершілігін ұмытпауы, ол өзін қоғамнан ажырамас,

одан бөлінбес бөлшегі ретінде сезінуі тиіс. Бұл оның адалдығы мен өзіндік

танымының көрсеткіші саналады, өз кезегінде аталған осы қасиеттер түркі

мәдениетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Түркілердің Көркемдік мәдениеті – көне заманнан бері әлемдік

мәдениеттің алып бірлігімен біте қайнасып кеткен ең озық салалардың бірі.

Адамзат өркениетінің құрдасы саналатын Пазырық қорғанынан бастап Тәж-

Махалға, Тебриздің миниатюрлық мектебі, түркілердің ең алғашқы жазба

ескерткіштерінен, бүгінгі Шыңғыс Айтматовқа дейінгі аралықтар... түркілердің

көркемдік мәдениетінің тәрбиеленушілері – бұлар, адам санасының көкжиегін

үнемі дамытып келе жатқан эстетикалық қайнар көздер. Түп-тамыры ежелгі

түркі тілінен таралған бүгінгі түркінің ұлттық әдеби тілдерінің әрқайсысы

ақындық өнердің ең жоғарғы деңгейіне дейін көтерілді. Сондай-ақ, әлемдік

мәдениеттің шынайы жауһарлары да осы аталған тілдерде дүниеге келіп,

жазылды.Түркілік классикалық көркем мәдениет түркі өркениетінің әсемдік

негізін қалыптастырды және осының негіздерінде жаңа уақыттарға сәйкес,

түрлене түсу мүмкіндіктеріне де ие болды.

Түркілік Гуманитарлық мәдениет ғылыми-интеллектуалдық тәжірибелер

жасау тұрғысынан келгенде, оның жинақтары мен мұралары, сөз жоқ, үлкен

маңызға ие. Білге – ол өте білімді, даналықтың ең биік шыңына дейін көтерілген,

өмірлік тәжірибесі өте бай, нағыз данагөй де ғалым адам болған. Білгенің ойөрісі

– бұл дегеніміз, дарындылықтың барлық өлшемін қамтамасыз ете алатын

қоғамның рационалды негізі, ойлаудың үлгісі. Білгенің гуманитарлық міндеті,

іздейтін, онысын табатын және біліктілігін адамдар мен қоғам арасындағы

қарым-қатынастарды дұрыстауға қолданылатын, әрекет құралдарының дұрыс

үлгісі ретінде таңдалынып, оларды өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалану болып

саналады. Сондықтан да түркі қоғамы Білгеге, оның білімі мен даналығына

шүбәсіз сенген. Ал, мұндай үрдіс қоғамды кездейсоқ қадамдарға барудан,

«әдептен аттатын» қажетсіз әрекеттерден сақтандырып, пайдалы нұсқаларды

іздеуге бағыттайды, осындай келелі істерге қарай жұмылдырады.

Түркілердің экологиялық мәдениеті қоршаған ортаға ешқандай да зиян

келтірместен адамдардың «табиғаттағы үйлерінде» өмір сүруі формуласын

бекіте түседі. Түркілер ықылым заманнан-ақ өркениет пен табиғаттың өз

ара үйлесімділігіне артықшылықпен қарап, оның тазалығын қаз-қалпында

сақтауды өздерінің қасиетті борышы санады. Түркілер ХVІІІ-ХІХ ғасырларда

81

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

басталған «өркениет марафоны» атаулы технология ғасырының көшіне

білімсіздігі салдарынан емес, керісінше «өркениеттің қоршаған ортаға залал

әкелетін тұстарын» түйсігімен сезе алғандықтан ғана ілеспеді. Осындай

дәлелді себептердің нәтижесінде қалалар салынғанымен, олардың зардаптары

түркілердің табиғи және әлеуметтік экологиясына айтарлықтай нұқсан келтіре

қоймады.Түркі суперэтносының мәдениет қалыптастырушы кемеңгерлері

әлемдік өркениетті тек әмбебап мемлекеттік дәстүрлермен, түрлі ғылыми және

қымбат мәдени жәдігерлермен ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік

өлшемдерімен, мәдениеттің аса жоғары деңгейімен, басқа халықтар және

қауымдармен қарым-қатынасты тереңдетудің теңдессіз үлгісіне айналған

әлеуметтік іс-әрекеттер көрсеткіштерімен де байытты.

Сондықтан да ежелгі өркениеттерге арналған зерттеулерде, оқу құралдары

мен жинақтарда түркі өркениеті туралы айтылмай қалып немесе жеткілікті

деңгейде әңгімеленбей келе жатқанын көргенде өзекті өкініштің кернейтіні

жасырын емес. Мәселен, шығыстанушылар мен көне заманды зерттеуші

ғалымдар бірлесе дайындаған «Ежелгі өркениет» деп аталатын энциклопедияны

алып қарайық(159). Мұнда түркі өркениетінің арғы отаны саналатын – Орталық

Азия туралы айтылған дей тұрсақ та, осы тарихи-мәдени аумақты (ең алдымен

Түркістан) әдейі және еш негізсіз себептермен «Бактрияның, Парфиляның,

Соғды мен Хорезмнің жергілікті мәдениеті» деп, көпе-көрнеу бұрмалауға жол

беріп жіберген (159, 208-209 беттер). (Біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларындағы)

көне мұралар мен жәдігерлер («Қара Тепе» және «Торпақ Қала») деп аталған

географиялық аумақтар, адамдардың сол кездегі антропологиялық сипаттары,

аталған ескерткіштердегі бейнелер, айналып келгенде, міне, осылардың барлығы

да Түркілердің еншісіндегі дүниелер екендігін соқырға таяқ ұстатқанмен бірдей

етіп көрсетіп отырған жоқ па? Ендеше, мұнан артық қандай дәлел керек?!

Оның үстіне аталған аумақтағы түркі өркениетінің тамыры тым әріде жатыр

(біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ғасырлар) және өшпейтіндей іс тастап кетті.

Әрине, белгілі тарихи кезеңдерде үндіеуропалық халықтардың бір бөлігі осы

аймақтарда тұрды, бірақ Орталық Азияның – түркі өркениетінің Отаны екендігі

ғылыми түрде дәлелденіп қойған. Түркі өркениеті нақ осы «орталықтан» қайнап

шығып, жетілген соң кейінгі мың жыл ішінде алып өркениетке айналды.Міне,

сондықтан да түркі мемлекеттігіннің қазіргі заманғы доктринасын түркілердің

классикалық саяси мәдениетінің жалғастырушысы деп атап кеткен Мұстафа

Кемел Ататүрік түркі өркениетінің алыптығын мойындауды және осының

негізінде халықтық жад құруды өсиет етті: «Біздің бабаларымыз үлкен мемлекет

құрушылар, сонымен қатар олар үлкен мәдениет те қалыптастыра алды. Мұны

жан-жақты зерттеп, Түркияға, қала берді жалпы төрткүл дүниеге әйгілеу бүгінгі

күнгі баршамыздың міндетіміз... Біздің арамызда да түркілерді әлемге үлкен

ұлт ретінде таныстырушылардың болуы керек. Біздер тарихымызды, шыққан

тегімізді өзгелерге тереңінен таныстырып қана қоймай, оларға нағыз үлкен

82

Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер

ұлттан тараған, барлық мәдениет атаулының анасы ретінде танылған

дамушы ұлттың балалары екенімізді түсіндіріп қана қоймай, көздерін де

толық жеткізуіміз керек (96, 175 бет)».

Мұстафа Кемел Ататүрік жалпытүркілік мәдениетті мемлекеттік саясат

деңгейінде оқып-үйренуге шақырғаннан кейін-ақ, бұл бағытта шешуші шаралар

қолға алына бастады. Соның нәтижесі болар, бүгінде тәуелсіз түркі мемлекетінің

гуманитарлық институттары еуропалық және ресейлік түркітанушылардың

ұстанымынан тіпті бөлек, түркітанудың шынайы жаңа тұжырымдамасы

дайындалды. Ал, оның артықшылығы бұған дейінгі әбден қалыптасып,

денеге қалғандай бұлжымастай біржақтылық идеологиялардан тазарған құжат

болуында жатыр. Ендігі жерде мемлекеттік деңгейде тың зерттеулер мен

зерделеулер жасаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болмақ. Осындай келелі

зерттеулердің қорытындысында жалпытүркілік мәдениетті нағыз адамзаттық

құндылық ретінде танудың жаңа қырлары ашылады. Осы тұрғыдан келгенде

қазіргі заманның озық түркітанушысы атанған ғалым Бахаддин Өгелдің «Түркі

мәдениетінің тарихына кіріспе» деп аталатын тоғыз томдық еңбегінің маңызы

өте ерекше.

Профессор Бахаддин Одел өзінің табандылықпен жүргізген көпжылдық

зерттеулерінің нәтижесіндегі еңбегінде тарих үдерісі барысында жиналған

жалпытүркілік мәдениеттің негізгі ұстанымдарын толық түсінуге көмектеседі

деген фактілер мен үдерістердің қыры мен сырын аршуды айналып өтпеген.

Ол, түйірдей ғана болып көрінетін детальдың өзін жан-жақты суреттеп,

оларды терең талдаудан өткізген, жинаған бай мәліметтері негізінде теориялық

талдаулар мен толықтырулар жүргізген. Аталған көптомдық түркілерден

бастап ғұндар мен көктүріктер, османдарға дейінгі халықтың өмірі мен тұрмыс

салттарын жақсы жазып көрсеткен: олардың көшпелі өмір салттары, жазғы және

қысқы жайылымдағы, қалалық және ауылдық тұрмыстары, қала құрылыстары

мен қорғандар салу мәдениеті, сауда орындары мен дүкен салатын орынды

таңдаулары, жол және керуен сарайлар тұрғызу, пошта пункттерінің орнын

таңдау (ақпарат жолдауды орындайтын қызмет), тасымалдаушылардың еңбегін

өтеу, уақытты және даталарды санау, географиялық бағыттағы қатынастарды

белгілеу, үйлер мен шатырлар құрылысы, отбасы құрамы мен моральдік

өлшемдер талабына сәйкес үй ішіндегі бөлмелерді орналастыру, үйлер мен

аулалардың өмір сүру талаптарына сәйкес орналасуы, есік-әйнектер мен

үйдің ішкі-сыртқы қабырғалары, сондай-ақ төбелерінің ұлттық нақышпен

безендірілуі, сәулет өнерінің жалпы мәдениеті, құдықтар қазу, бассейндер мен

қолдан тоғандар салу үрдісі, тоқымашылық (киіз басу мен кілем-алашалар

тоқу...), киім үлгілері мәдениетінің жалпы шеберліктері, үй жиһаздарын жасау

(орындықтар, үстелдер, шырағдандар, сандықтар, сөмкелер), кең салалы

шаруашылықтар жүргізу мәдениеті (жер өңдеу, мал шаруашылығы, бағбандық,

омарташылық...), қоршаған ортамен қарым-қатынас, тағам дайындау, ас үй және

83

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

ас қабылдау мәдениеті, ту мен герб мәдениеті, әскери-соғыс жүргізу мәдениеті,

мемлекеттік мораль, қоғам мен отбасы негіздері, халықтың музыкалық

аспаптары мен өнерді тереңдете түсінудің эволюциясы жөніндегі түрлі

зерттеулер мен өмірлік маңызды зор мәселелер тарқатылып айтылып, түсінікті

етіп көрсетілген (126). Жалпытүркілік мәдениеттің ғылыми-гуманитарлық және

көркемдік-эстетикалық дүниетанымдарын кешенді түрде дамытуға ықпалды

факторлардың барлығын да жүйелі түрде танып-білудің мән-жайы белгілі

бола түседі. Олардың бостандығы мен табиғи-тиімді мәні түркілердің әлемдік

мәдениеттен өз орындарын ойып тұрып ала алатындығын растайды.

Осы заманғы түркі ғалымы Метин Айдоғанның «Түркі өркениеті»

кітабында тарихтың барлық уақытындағы түркілердің қолымен жасалған түрлі

мәдениеттер сарапталады (98). Метин Айдоғанды қатты қызықтырып отырған

ең маңызды қорытынды мынадай: түркі өркениеті айрықша үлгі мен терең

мазмұнға ие болса, оның әлемдік өркениетпен бір мезгілде қатар дамуы өзін өзі

дамыту және жетілдіру сипаттарына ие қол жеткізе алғандығында: осы қарым

қатынастар мен қақтығыстар барысында ол өзінің айрықшалығын жоғалтып

алмауға тырысқандықтан, өзінің жолы, арман-мұраты мен сенімінен құрыштай

болып құйылған өркениетке айналды. Сол кездердегі түркі өркениетінің

құндылықтарына әлем тарапынан көрсетілген құрмет деңгейі басқа мәдениеттер

мен өркениеттер құндылықтарынан әлдеқайда жоғары болған еді.

Әлемдік мәдениеттің даму тарихындағы түркілердің ұстанымдарын

айқындайтын басты сапалардың бірі, олардың қолдарымен тұрғызылған

мемлекет пен империяның тікелей түркі өркениетінің «көлемінен» табылып,

жалпытүркілік саяси мәдениетті оның иесі ретінде өз бойларында сақтауында

болды. Бір-бірінен бөлінетін саяси жүйелерге қатысты өздерінің ұстанған

көзқарастарын, сол кездегі әртүрлі шектеулерге қарамастан, дұрыс түсіндіріп

бере алуында жатты десе болады. Осы айтылып отырған әлеуметтік-саяси

құрылым тіл мен мәдениет саласына бөгде этностардың жақындасуларына

ешқандай да тосқауылдар келтірген жоқ. Тіпті түркілердің бойында ертеден келе

жатқан төзімділік, олардың өз қолдарымен тұрғызған мемлекеті мен империясын

өзге тілдер мен мәдениеттер үшін өте жағымды салаға айналдырды. Ежелгі

түркілік әлеуметтік жүйелер өздері дами отырып, өзге түркілік емес этномәдени

ықпалдастықты да белгілі бір заң аясындағы сәйкестік қалпына келтіріп қойды;

«түркілік универсумдағы» тілдер мен мәдениеттердің тармақтануы түркілік

өркениетпен қоса аталған бағыттың бас тілі – түркішені де әмбебап мәдени тіл

ретінде жаңа эволюциялық қисынға алып шықты. Өйткені, АҚШ-тың Ратгер

университетінің профессоры, тарихшы Петер Голденнің «Әлемдік тарихтағы

Орталық Азия» атты монографиясында «түркілердің Орталық Азияда үстемдік

етуші саяси күшке айналуы, түркі тілін саяси тұрғыда басымдық тіліне алып

келгенін ұмытуға болмайды», – деп көрсетілген (238, 91бет).

84

Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер

Торэ және Яса,қазіргі заманғы түсінік бойынша түркілік әмбебап мемлекеттің

кодексі мен конституциясы бола тұрып, ол осы мемлекеттерде тұрып жатқан

барлық халықтар мен қауымдастықтар үшін қоғамдық қарым-қатынастарды

реттейтін нормалар болып табылды. Әлеуметтік-мәдени жүйелердің түркі

мемлекеттігінде еркін қозғалысы мүмкін болды, ендігі жерде осы аталған еркін

қозғалыс мүмкіндігінің жылдамдығына сәйкес тіл және мәдени ойлаудың

траекториясы белгіленбек.

Үнемі ат үстінде жүрген «Дала империясы» талай жерлерге дейін жетіп,

жаңа аймақтағы жұртқа түркі мәдениетінің негізін орнатты. Ол жерлерге

де мәдениеттің нағыз жайнаған «жазирасын» құра алды. Еуразияның

түрлі кеңістіктерінде орын алған түркі мәдениетінің тарихи туындылары

өзінің реңктік шоғырларының көрінісін әлі күнге жоғалтқан жоқ. Түркілік

мәдениеттің «ландшафтық көріністерін» осы құрлықтың әр мүйістерінен әлі

күнге дейін анық байқауға болады. Түркілердің мәдениет қалыптастырудағы

ғажаптығы олардың империя құрудағы таңғаларлық тамаша ерекшеліктерінің

жалғасы іспетті көрініс береді. Түріктердің бағындырып алған жерлері олардың

отанына және жаңа түркі мемлекетінің ошағы мен түркінің жаңа мәдениетіне

айналады. Сондай-ақ, осы аумақтар өзінің алғашқы түркілік ошағын өз

ақиқатына сәйкес Қасиетті сәуле ретінді мәңгілік есте қалдырады. Француздың

танымал оқымыстысы Рене Груссо түркілердің бойындағы ең басты қасиетті

мәдениетіне қандай да бір тарихи-әлеуметтік жағдайлар әсерін тигізбесін,

олардың өздерінің дәстүріне адалдығынан және аталған дәстүрді жаңартылған

келбетте пайдалануды жалғастыра білуінен көреді (241,148-170 беттер).

Шындығына тоқталар болсақ, назар аудара кетерлік бір мәселе, түркілер

әлемдік мәдениетке өз қолдарымен бергені және одан алғанынан өздерінің

ары қарайғы өмірі мен іс-әрекеттерінің үлгісін құрастырып ала білген. Алға

қарайғы бағыттарға (келешекке көз сала отырып) түркілік керуен компасының

тура бағытталғанының және солай бола тұра, жүріп өткен жолды және қателікті

есептеп, біліп отыру үшін өткен іздеріне шолу жасап отырғанының куәсі боламыз

(230, 224-237 беттер). «Әлемдік тарихтағы түркілер» монографиясының авторы,

профессор К.В.Френдли түркілердің рөлін анықтай отырып, олардың жүріп

өтер тарихи өмірлік жолдарында өздері жасаған мәдениеттерімен тұрақты

түрде әлемдік мәдениеттің ішінен «көп қабатты» етіп «ұялар салып» отыруға

негізделген деп, өте дұрыс қорытынды жасаған (230,37-55,175-223 беттер).

Барлық ұлттық түркілік тілдер мен мәдениеттердің үлкен анасы – көне

түркі тілі - түркілік этномәдени жүйені тұтастай сақтап қалудың ең күшті

факторы Көне түркі тілі ойлаудың бай қуаты мен мәдени жиынтығына ие,

оның құрсағынан ұлттық түркі тілдері мен мәдениеттері туылғаннан кейінгі

эволюциялық үдерістің жаңа кезеңінде, ұлы түркі әлемінің жан-жақты әдеби

тілі ретінде қалыптасқан- түркі- тілі, ұзақ ғасырлар бойына қатынас құралы

болып қалыптасты. Түркілік және әлемдік мәдениеттегі алып жәдігерлер де осы

85

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

тілде өмірге келді. Түркілер алғаш рет шығыс өркениетімен кездесіп, олармен

де тығыз қарым-қатынастар орната бастаған кездердің өзінде өз тілдерінің және

мәдениетінің күшіне шүбәсіз сенді. Оларды өзара қарым-қатынасты орнатудың

тәжірибе алаңына ешқандай да қауіп-қатер ойламай алаңсыз шақырды. Түркі

тілі мен мәдениеті осы екі ортада көп уақыт өтпестен, Шығыстың жазба әдеби

дәстүрге ие мәдени-өркениеттік жүйесінен орын тауып, өздерінің тарихи

тіршілігінің жаңа кезеңін тың ортада бастап кетті.

Алдымен түркілер пайдаланған әдеби түркі тілі, содан кейін осы тілден

сараланған ұлттық түркі тілдері Орта ғасырларда Орталық Азиядан бастап

Шығыстың да барлық аймағында жетекші тілдердің бірі ретінде қабылданды.

Сонымен қатар, сол уақыттағы Исламдық Шығыста түркі тілінің қолданылу

аясының өте кең болғандығы да естен шығарылмауы тиіс. Шамамен ХІV

жүзжылдықтарға дейінгі аралықта түркілік басқарушылардың көпшілігі өз

сарайларында негізінен араб және парсы тілдерінің қолданылуына басымдық

беріп келді. Әйтсе де, осы айтылғандарға қарамастан, көп уақыт өтпей

жатып-ақ түркі тілі ең жоғарғы саяси-мәдени деңгейлерде қолданылатын

әмбебап қатынас құралына айналды және Шығыс өркениетінің маңызды

функционалдылық тілі мәртебесіне ие болады.

Ерте ортағасырда түркі этномәдени жүйесінің басымдық жағдайларға

ие болуы төмендегідей жағдай туғызады, атап айтқанда түркі ұлыстары мен

мемлекеті үш тілде, яғни – араб, парсы және түркі тілдерінде жазды. Өзінің

артықшылығы бола тұра оны өз пайдаларына қарай бұрмаламай, мүдделері үшін

пайдаланып кетпей, басқа тілдер мен мәдениеттерге қатысты кемсітушіліктерге

бармауы түркі тілінің әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан теңдессіз үлесінің

бірі болып табылады. Керісінше, олар өздерінің ана тілдерін Шығыстың көне

тілдерінің полигонына алып шығарады. Мұнысымен олар ұтылмады, керісінше

өз тілдерін мәңгіліктің төріне шығарды. Нәтижесінде түркі мәдениеті басқа

да мәдениеттердің тасасында қалып немесе жұтылып кетпеді (мұндайға

ұшыраған үлкен халықтар болды), есесіне, өзге мәдениеттерді қорғаушы,

«өркениет қалқаны» қызметін жемісті атқара алды. Сондықтан да тек түркі

тіліндегі тарихи дереккөздер ғана емес, сонымен қатар көптеген өзге тілдердегі

дереккөздер де түркілер, олардың мемлекеттері мен мәдени мұраларының

теңдессіздігі туралы көптеп жазып қалдырды (143). («Оғыз Қаған», «Китаби

Деде Горгуд», «Көрғұлы», «Манас», «Эмсалы-Түркі» – қанатты сөздер

жинағы), секілді түркілердің өмірлік тарихы, кейде аңызға айналып кеткен

бірақ нақты жағдайлар туралы баяндайтын көптеген эпостары немесе оғыздың

жазба мұралары, көркемдік-эстетикалық ойлаудың ең жоғарғы көрсеткіштері

болып табылады. Үлкен мемлекетке біріктірілгендегі оғыздың жазба мұралары

бірыңғай білім жүйесінің құрылуын қолдайды... Оғыздар және олардың атабабалары,

оғыз мәдениеті, оғыз мемлекеттігі туралы баяндайтын дастандар

86

Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер

түркілердің өзге аймақтарды өздеріне қаратып алу идеясын тарату мақсатында

жазылған құралдар болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде, оғыздардың жазба мұралары әр уақыттарда

пайда болған әлемдік түркі мемлекеттерінің идеологияларын қорғайды және

оларды оғыздық үлгіде насихаттайды. Оғыздардың түркілер тарихындағы

үлкен мемлекеттер құруларына белсенділікпен қатысқандықтары табиғи

заңдылық, сонымен қатар олар өз мемлекеттерін де құрды. Олар қашанда

сәулелі мемлекет құру идеясын қолдаушылар болды. Ақиқатында, оғыздың

жазба мұралары тек оғыздардың мемлекеттері туралы ғана эпостық дәстүрде

ақпараттар жеткізумен айналысып қойған жоқ, жалпы алғанда, бұл түркі

этносының тарихи-идеологиялық дастандары болып саналады. Осы тұрғыдан

алғанда көптеген Оғызнамалар сөз жоқ, түркизм идеологияларын саналы түрде

насихаттаған Орхон-Енисей жазбалары Қашқаридың «диуанымен» бір қатарда

тұрды... Ержүректікке бағытталған түркілік дастандардағы батырлықтың

өлшемі – бұл жанкештілік, батылдық, батырлық пен алып күш иесі, ержүректік.

Ал, дастандардағы жаулап алушылық жөніндегі батырлық белгісі үстемдік

идеяларымен жалғасады. Батыр немесе ержүрек болу әлем билеушісі ретінде

қабылданады. Батырлық, жанкештілік және үстемдік етушілік Оғызнаме

дастандарында Алла Тағаланың болмысы ретінде ұсынылады. Сондықтан да

Орта ғасырдағы авторлар кей уақыттарда түркі әскерін дұрыс жолдан тайып

кеткендерді жазаға тартатын заңдылық пен тәртіпті белгілеуші күш ретінде

көрсетеді (26, 89,100 бет).

«Китаби Деде Горгуд» және «Көрғұлы» дастандары Оғызнамаға кіретін

және барша түркі халықтары арасындағы ең танымал және көркемдікэстетикалық

тұрғыдан алып қарағанда да барып тұрған кемел де құнды

дүниелер. «Китаби Деде Горгуд» әлемдік мәдениеттің орасан зор жазба әдеби

жәдігерлерінің бірі болғандықтан, онда оғыздық түркілердің мемлекеттігі

мен оның алғашқы қалыптаса бастаған кезеңінен бергі ахуалдарды, олардың

ғибраттық-адамгершілік құндылықтарын, мемлекет пен жер үшін күрескерлік

рухты, қандай жағдай қалыптаспасын оғыз тайпалары арасындағы бірлікті

сақтап қалуға жанқиярлылық секілді құндылықтар анық та толық ашылып

көрсетілген (54).

Ал, «Көрғұлы» (149) туралы айтар болсақ, мұнда қаһармандық жаңа

қырларынан айшықталады. Халықтың арасынан жарып шыққан батырлар оның

құқын қорғау міндетін өз қолына алады, әділдікті жер бетіне қайта орнату

үшін, тіпті биліктің өзімен күресуге әзір. Ақиқатында түркі эпостарының осы

тектес мағынадағы айтпақтары – бұл ұлы даналықтың мақұлдануы: түркілер

ендігі жерде мемлекет деңгейінен шығып, алып империяға айналғаннан кейін

осымен іс бітті деп, халыққа қырын қарамауы керек. Өйткені, ол осыншалықты

биікке халықтың қолдауымен ғана жетті. Ал, халықтан сырт айналған кезкелген

мемлекет келе-келе сарай деңгейіне дейін кішірейеді, ал халықтың

87

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

қарғысына ұшыраса тіпті жер бетінен жойылып та кетеді. Екі эпостың да

түркі халықтарына тиісті екендігі,сонымен қатар әзербайжанның да мәдениеті,

адамгершілігі және этногеографиясының жемісі болып табылатыны біздер

үшін өте маңызды. Түркіден тарайтын қырғыздардың «Манас» эпосы да көлемі

жағынан әлемдегі ең ірісі болып табылады (Ол Гиннес рекордтар кітабына

енген) (170). Халық ауыз әдебиетінің озық үлгісі болған бұл дастан жүздеген

жылдар бойы жыршылар орындаумен толықтырылып келді, үнемі өзгеріп

отыратын мына өмірде халықтың айнасы болды.

Ал, мынау «Амсалы Түркі» аталатын жазба жәдігерді қанатты және пікір

сөздердің атасы ретінде мойындалып, өз бағасын алып қойды. Осы ғақлиялы

Оғызнамадан ежелгі Орта ғасырларда қолданылған қысқа да нұсқа сөздер

арқылы тіл мен мәдениеттің шеберлігінің қалай жеткізілетінен көруге болады.

Яғни, бұл сөздер біздің халқымыздағы мақал-мәтелдер, мәселен: «Арамшөп

ексең, астық күтпе», «Ұнамас үйге құр қол бар», «Ескі қалалар – темір қақпан»,

«Астыңдағы атыңды досыңдай етіп сақта, жауыңдай етіп мін» және басқалар

(67, 75, 50, 58; 32; 158беттер).

Парсы тілді ислам тарихшысы, нәсілі еврей Фезуллах Рашид ад-Диннің

(ХІV ғасыр) «Джами ат-тауарих» аталатын орнықты шығармасы түркілік

және әлемдік мәдениет үшін тарихи-хронологиялық Оғызнаменің аса құнды

үлгілерінің бірі болып табылады. Осы шығармада оғыз түркілерінің саясимәдени

тарихы тұңғыш рет әлемдік тарих мәнмәтінінде көрініс береді. Әлемдік

деңгейдегі тарихтанушының осы жәдігері түркі халқына, оның мемлекеттігіне,

тілі мен мәдениетіне, сондай-ақ оның ислам әлеміндегі жоғары ұстанымына

ерекше құрмет көрсетіле жазылған, оның үстіне мұнда тарихқа аздап қиялдау мен

дәріптеу де қосылған. Фезуллах Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарихі» бұған

дейін әлемнің көптеген тілдеріне аударылып келген болса, түркі руларының

шежіресін, түркі мемлекеттерінің тарихи эволюциясы мен түркі мәдениетінің

жалпыәлемдік сипаттарын зерттеуде әлі күнге дейін ең маңызды дереккөз

саналады. Әлемде алғаш рет түркі тілдерінің лингвистикалық болмысы, басқа

тілдермен салыстырғандағы оның грамматикасы, тіл мәдениеті мен оның жанжақтылық

қасиеттерінің ерекшеліктері шамамен осыдан мың жылдан астам

уақыт бұрын түркілік ғалым-энциклопедияшы Махмұд Қашқарлының «Диуани

лұғат-ат-түрк» (XI ғасыр) атты еңбегінде жан-жақты зерттелгені белгілі

(121). Сол уақыттарда Еуропада грамматикаға арналған бірде-бір кітаптың

болмағандығын осы жерде ескерте кеткен өте орынды деп білеміз. Ұлы

түркі жаулаушысы Алып-Арслан 1071 жылғы 26 тамызда Малазгит қорғаны

маңындағы шайқаста Византияның (Шығыс-Рим империясы) сансыз қаптаған

әскерін жеңіп, Анадолының қақпасын ашты.

Бұл жеңісті де Бағдад жұрты үлкен қуанышта барша сән-салтанатымен

лайықты түрде атап өтті. Алғашқы мұсылмандық түркі мемлекеті Караханидтер

уақытында дүниеге келген Махмұд Қашқарлы дәл осы кезде түркі

88

Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер

империясының басқа аумағы – Атабек мемлекетіндегі Бағдадта «Диуани лұғатат-түрк»

еңбегін жазу үстінде болатын:

«Тарих осы оқиғаға көзін тігіп, қадағалау жасап отырғанда, Махмұд

Кашқарлы ғылым майданында түркілерді бүкіл әлеммен таныстырды» (99,

22 бет). «Махмұд Қашқарлы арабтар мен арабтілді халықтарға түркі тілінің

кеңдігі мен түркі ұлтының беделін жай көрсетіп қана қойғысы келген жоқ, ол

түркілердің әлемді тек қылыштың жүзімен ғана емес, сонымен қатар мәдениеті,

тілі және өркенді өнегелілігімен де билейтіндігін мойындатты. Мұның барлығы

да ұлы ғалымның «Диуани лұғат-ат-түрк» еңбегінде жақсы көрсетілген»

(99,87бет).

Махмұд Қашқарлының көрнекті замандастарының бірі Жүсіп Баласағұнның

(ХІ ғасыр) «Құтты білік» шығармасы да түркі мемлекеттері мен

қоғамдарының эволюциялық тарихы жөнінде аса құнды дереккөз болып

табылады. Жүсіп Баласағұн еңбектерін таза түркі тілінде жазды және мұның

өзін де үлкен ерлікке балауға болады. Саналы түрде түркішіл болғандықтан,

түркі тілі мен оның ұлттық болмысын сақтап қалу мақсатында, ол өзінің

монументалдық еңбегін туған тілінде жазуға шешім қабылдайды. Бұған дейін

оның тілінде үлгі етерліктей деңгейде жазылған бірде-бір маңызды әдеби

туынды болмаса да, ол осынау қасиетті істі қолға алып, «Шахнама» аталған

еңбегін белгіленген мерзім ішінде түркі тілінде жазып шығады (38, 114-бет).

XVII ғасырдағы түркілік көрнекті әскер басыларының бірі және тарихшы

Әбілғазы Баһадур ханның «Шеджереи-Тарикиме» (түркі халықтары есімдерінің

кітабы) – бұл түркімен нұсқасындағы Оғызнаманың құнды дереккөзі (21).

Фезлулах Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарих», Әбілғазы Баһадурханның

«Шеджереи-Тарикиме» және Язычыоглу Алидің «Сельджукнаме» еңбектеріне

жасалған салыстырмалы зерттеулердің қорытындысына қарағанда, осы аталған

тарихи-хронологиялық жәдігерлердің барлығы да Оғызнама стилінде жазылған

болып шықты. Демек, мұны түркі тарихы мен мәдениетін географиялық

кең ауқымда да немесе өзге де баламалы негіздегі зерттеулерге үлгі ретінде

ұсынуға болады. Түркілер және одан да басқа көптеген ұлттар түркілердің

тарихын, тілін, әдебиетін және өнерін соншалықты қызығушылық таныта

отырып зерттеді. Бұған қоса түркілер әдебиетті, өнерді және ислам әлемінің

мәдениетін дамыту ісіне де ерекше ынтамен қатысып, үлкен қызығушылығы

мен жауапкершіліктерін көрсете алды. Араб және парсы тілді әдебиеттің,

ғылым мен теологияның, философия мен өнердің, жалпы алғанда барлық ислам

мәдениетінің прогрессивтік деңгейде дамуына түркілердің қосқан үлесі ерекше

және бұл даусыз да. Ата тегі түркіден тараған ислам мәдениетін жасаушылардың

есімдері: Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Абдулхамид ибн

Түрік, Әл-Газали, Ас-Сюхреверди, Бахманьяр, Хатиб Тебризи, Низами Гәнжәзи,

Джелаледдин Руми, Имадеддин Насими, Мухаммед Физули, Абдуррахман

89

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

Джами, Әлішер Науаи, Әл-Бухари Накшибенд, Кемаледдин Бехзад… (133; 221,

54-120, 146-327, 238-265, 367-379; 162 беттер, 128-359 беттер).

Осы және бұдан да басқа есімдер бүгінгі күнге дейін әлемдік мәдениеттің

көшбасшы классиктерінің қатарынан лайықты орындарын алып тұр. Қазіргі

заманғы түркі халықтарының ұлттық мәдениеті – бұл тек өзіне ғана тән

ерекшелігімен, үлгісімен және мазмұнымен әлемдік мәдениетті байытатын

феномен. Әлемдік мәдениеттің «түркілік қоспасы» өзін тұрақты түрде

байытуға икемді моральдық-эстетикалық күшін жұмылдыра отырып, жалпы

адамдық құндылықтарды оның озық қасиеттерімен бірге өрістете түсуге

және адамгершілік моралін, сезімін және арманын адамзаттың гуманитарлық

мәдениетінің іргетасына айналдыруға серпін береді. Әлемді таза түркілік

ақыл-парасаттың, оның ғылыми-интеллектуалдық зеректігінің, көркемдікэстетикалық

түсініктерінің жиынтығымен таныту оның бүкіл болмысын

толығымен ашып көрсетеді. Түркілік ғибраттың ғарыштық кеңістігінде «ұлт»

және «адам» деген ұғымдар бірігіп кетеді.

Мәдениеттің жан-жақты әмбебап заңдары нақ осы бағытта жұмыс жасап,

Ұлы Бірлікке қарай жылжиды. Түркі мәдениетінің рухы нақ осында: ұлттық

пен адамгершілікте!

Түркі мәдениетінің тарихын қадағалай отырып, оның да көптеген елдердің

мәдениеттері секілді әлемдік өркениетпен үндестікте дамып келе жатқандығын

оңай аңғаруға болады. Бұл даму, бір жағынан, ұлттық тамырға негізделе

отырып, өзіндік ерекшелігін сақтайды, ал екінші жағынан, әлемдік өркениет

жүйесінің бөлшегі ретінде алға шығады. Алайда аталған жүйе бөлшегі өз

болмысын сақтап қалуы тиіс және сол бір мезетте өзін қоршағандардың бөлшегі

есебінен дамуы тиіс. Бақытына қарай, түркі мәдениеті дамудың осы айтылып

отырған әмбебап қағидатының шегінен әрі асып кеткен жоқ: бір жағынан, ол

түркілерге тиесілі мәдениетті қалыптастырды және оны дамытты да, ал екінші

жағынан, әлемдік мәдениеттің бойынан да аса маңызды қасиеттер жинап алды.

Нәтижесінде түркілер әлемдік мәдениеттің даму диалектикасын ұғынықты

және стихиялы қалыпта сақтады. Түркі мәдениетінің нағыз ұлылығы, міне, дәп

осында жатыр!

90

6. ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН

КӨРЕГЕНДІКТІҢ ҮЛГІСІ

Орхон ескерткіштері тарихта тұңғыш рет түркі бірлігінің жазба құжаттар

үлгісінде мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерілуіне ықпал етті және жалпы

түркі мәдениетінің дамуындағы, оның ішінде әсіресе саяси негіздерінің жолын

қалыптастырудағы маңызы өте күшті болды. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары

қазіргі Моңғолия аумағының Енисей өзенінің жоғарғы ағысындағы Ұлан-Батор

қаласынан 360 шақырым жерде ағып жатқан Орхон өзенінен даниялық әскери

тарихшы Вильгельм Томсеннің көмегімен табылған ескерткіштердегі жазудың

көнетүркі (көктүрік) тілінде жазылғандығын ғалымдар дәлелдеп берді.

Олар 680-745 жылдар аралығында Көктүрік империясының нағыз гүлденіп

тұрған «алтын» уақытында бірегей түркі әріптерімен (руналық әріп деп те

аталады) жазылған болатын. Осы қымбат жәдігерлер түрлі зерттеулерде қилы

аттармен аталынып жүр, мәселен: «Орхон-енисей ескерткіштері», «Орхун

жазбалары», «Өтүкен Түркі Эпитафиясы», «Түркі (руналық) жазбалары»

және т.б. Екі жүз жылдан астам уақыт (552-745ж.ж.) өмір сүрген Көктүрік

империясының, әрине, осы уақыт аралағында Еуразияға басшылық еткені

жасырын емес, сондықтан да құрлықтағы өзінің артықшылығын сақтап

отыру үшін сол кездегі халықаралық қатынастарға сәйкес ұлттық саясат

жүргізуге, ұлттық идеологияны жасауға және саналы түрде аталған саясат пен

идеологияны қоғамдастырып отыру қажет болды. Ескерткіш тастарға қашап

жазылған Орхон жазбаларының мақсаты саяси мәнерде әрекет ететін, мүмкін

болар идеологиялық құралдардың барлығында да түркінің бірлігін көрсету

және сол уақыттағы ұлттық сана сезімнің баии түсуіне үндеу болды. Орхон

ескерткіштері бұған дейін негізінен жұртшылықты тарихи-лингвистикалық

тұрғысынан қатты қызықтырып келген болса, ендігі жерде сол өркениеттің,

яғни жалпы түркі өркениетінің, олардың ұлттық, әскери, мәдени және саяси

болмыстары алдыңғы қатарға шығып, бүгінгі күннің назарына іліге бастады.

Әсіресе түркі халықтарының саяси-мәдени тағдыры үшін Орхон

ескерткіштерінің өзектендірілуінің басты себептерін мына жазбалардан

аңғаруға болады:

1) атауында «түркі» сөзі бар ең бірінші мемлекет – Көктүрік империясының

тарихи құжаттарын жинақтау болып табылады;

2) қазіргі заманғы түркі тілдерінің барлығының атасы саналатын көктүрік

тілінде жазылған;

3) түркі ұлты мен мемлекеттігінің этногенезисін, түркі өркениетінің тарихи

эволюциясын, Еуразиядағы тарихи мәдениетке түсініктеме беретін алғашқы

негізгі дереккөз болып табылады;

91

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

4) түркілік этносаяси жүйенің дамуы нәтижесінде Ортағасырларда пайда

болған және келе бере алып миперияға айналған еуразиялық ірі мемлекетпен

(көктүрік) әскери, саяси және дипломатиялық қатынастарда геосаяси теңдік

пен ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету жөніндегі нақты саяси факті болып

табылады;

5) түркі әлемінің бірлігін құру жөніндегі тарихи және классикалық идеологиялардың

барлығының алдыңғы толқын бастамашысы болып табылады.

Орхондық түркілік жазбаларға жан-жақты зерттеу жүргізген түркі тарихшысы

Әли Өзтүрік осы ескерткіштердің маңыздылығын «Тарихта тұңғыш

рет, атауында «түркі» деген сөзі бар мемлекет құрған Көктүріктер ұлттық

бірлікті сақтап қалу үшін идеологиялық күрес жолын таңдады, бұл жөнінде

мақтанышпен мәлім етті» деп, атап өтеді. – Олар Көктүрік тарихы туралы

шығармалар жинағы болып табылатын идеологиялық жазба құжаттарды

біздерге қалдырып кетті. Аталған жазба ескерткіштер бүгінгі ұрпақты сол

уақыттағы түркі қоғамын әр қырынан таныстырады. Қазіргі заманның жастары

сол дәуірдің өкілдерінің, әсіресе ел билеушілерінің ұлттық саясатындағы

жанкешті ұстанымдарын өздеріне бағыт етіп ұстанса болар еді.

Білге Қаған және Білге Тоныкөк көптеген ұлттық мәселелер, мемлекетке

төнер қауіп-қатерлер, ұлттық бірлікке зиянын тигізер қателіктер жөнінде

шынайы түрде, кей кездері уайым араластыра айтып отырды. Олар осы

жазбалары арқылы ұлттың қалыптасуының философиясын жасады» (130, 93

бет).

Қазіргі заманғы тарихнама Көктүрік империясын екі дереккөз бойынша

біледі: Орхон ескерткіштері және Қытай хронологиясы. Сол уақыттағы

сипаттаулар тұрғысынан қарағанда, айтылып кеткен екі дереккөздің мәліметтері

де бір-бірінен онша алыс жатқан жоқ (241, 80-85 беттер). Яғни ерте

Ортағасырлық тарихи нақты суреттемелер тұрғысынан келгенде, Орхон

ескерткіштері ерекше құндылықтарға ие. 552 жылы іргетасын Бұмын және

Истеми атты екі ағайынды қаған қалаған Көктүрік империясы Пекиннен

Константинопольге дейінгі созылып жатқан географиялық алып кеңістікке

саяси-дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Еуразиядағы ұлы мемлекет

болды. Бұл мемлекет түркі бірлігінің арқасында құрылды. Осы ұлы бірліктің

әлсірей бастауы империяны Қытайдың қол астына (630-680) алып келді, олар

мұндай қолайлы сәтті көптен күтуде еді. Алайда, жарты ғасырға дейін созылған

езгіден кейін түркі бірлігі қайта жаңғырды. Көктүріктер мұндай еркіндікке

Елтеріс Қаған, Қапаған Қаған, Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөктің тікелей

әрекет етуі мен олардың идеялық тұтастығының арқасында қол жеткізді. Қытай

басқыншыларына қарсы ұйымдасқан көтерілістер жасау және оларға қарсы

соғыс жүргізе жүріп, соның нәтижесінде өздерінің еркіндіктеріне жетті.

Жаңа бірліктің негізін қалаушы Елтеріс Қаған (681-691ж.), одан кейін Қапаған

Қаған (691-716 ж.) одан кейін Білге Қаған (716-734ж.) билік еткен жылдары

92

Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі

Көктүрік империясы бірте-бірте күшейіп, нағыз кемеліне келді (107, 77-93 ж).

Олар басқарған жылдары ешқандай да сарайішілік төңкерістер болған жоқ.

Өйткені, билік басындағы түркі қағандары өз халқына деген ашық жүректілігі

мен адалдықтарын ашып көрсете алды. Білге Қаған басқарған тұста аумақ

тыныштықпен қамтамасыз етілді. Езгіден құтылған соң, Еуразия көлеміндегі

билікті қайта қалпына келтіріп, оны қолдарына қайта алған түркі ұлыстары, өз

бірліктерін тағы да жоғалтар болса, бастары қайтадан құлдыққа түсетінін жақсы

түсінді. Сондықтан да былай деп ерекше мақтанышпен: Орхон жазбалары

– түркі бостандығының, түркі бірлігінің және түркі мемлекеттігінің ең

ұлы ескерткіші! – деп айтуға болады. Барлық кезеңдегі барша түркілер үшін

Одақ туралы Акт саналатын Орхон ескерткіштерінің беті «Күлтегін», «Білге

Қаған» және «Тоныкөк» деген жазулардан тұрады. Кейде бұларды «Орхондық

үштік» деп те атайды. Бірақ, бұлар бар болғаны құлпытастағы жазулар ғана

емес. Олар түркілердің тарихи дүниетанымы мен болмысын бейнелеп тұр.

Осы айбынды ескерткіштер мағыналық та, физикалық та және жазылу үлгісі

бойынша да түркілерді жаулап алушы, сондай-ақ бірлікке ұмтылушы халық

ретінде көрсетеді.

«Күлтегін» мен «Білге Қаған» Білге Қағанның баласы Йоллұқ-тегіннің

(соңынан билеуші болған) қолымен жазылған болса, «Тоныкөкті» оның бас

уәзірі жазып шыққан. «Күлтегін» ескерткішін Көктүрік империясының ең күшті

қағаны – Білге Қаған ағасы Күлтегін 723 жылы өлген соң, соның атына арнап

тұрғызды. Гранит ескерткіштің төрт жағына түгелдей көктүркі тілінде сөздер

қашап жазылған. Ескерткіштің бір жағына қытай тілінде жазылған. Өткен

уақытқа байланысты ескерткіштегі жазбалардың кей тұстары кертіліп, өше

бастаған. Сол себепті де сөздердің байланыс қисыны жоғалған, дегенмен негізгі

айтылар ойды түсінуге болады. Ескерткіш тақтаның бетіне түркі тайпасының

жалпы гербі бейнеленген және түркілердің мифтік тұрғыдағы шығу тегінің

символын көрсетететін кескін – «сәбиді емізіп тұрған қасқыр» суреті де

салынған. Негізінде «Күлтегін» Білге Қағанның жалпы түркі халқына монологарнауы

үлгісінде жазылған. Ескерткіштің оңтүстік жақ бетінен оқитынымыз

(мәтін жаңа оқылымда берілген – Дж.Ф.): «Мен көктен туған (көкке ұқсас,

көктен шыққан) Түркі Білге Қаған таққа отырдым. Менің сөздерімді толығымен

тыңдаңдар! Сіздер, менің соңымнан ерген кіші туыстарым мен жастар, менің

одақтас тайпаларым мен халқым!»

Сіздер, оң жақта тұрған әскербасылары, сол жақта тұрған тархандар мен

әмірлер, Отыз татардың бектері, халық және Тоғыз Оғыздың бектері! Менің

осы сөздерімді жақсылап тыңдаңдар және назарларыңа мықтап ұстаңдар!

Алдымызда, күншығысқа қарай, оңтүстікте, жартыкүндік елде, артқы

жағымызда, күн батысқа қарай, солтүстікте, жартытүндік, – сол жақтың

барлығында (яғни осы аталған шекте) тұратын халықтар – барлығы да маған

бағынышты (сөз империяның көлемі жөнінде болып отыр – Дж.Ф.). Осыншама

93

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

көп халық, мен барлығын да орналастырдым. Егер де түркі қағаны Өтүкен

даласында (билікте отырса) отырса (Өтүкен – Көктүркі империясының

астанасы – Дж.Ф.), онда мемлекетте ешқандай да қиындықтар болмайды...

Мен әскеріммен алға қарай (яғни шығысқа) Шантунг жазығына дейін бардым,

теңізге шамалы жер жетпедім. Оңтүстікте мен өз әскеріммен Тоғыз Эрсинге

дейін бардым, Тибетке шамалы жер жетпедім. Батыста, мен Інжу өзені арқылы

өтіп, өз әскеріммен Демир-қапыға (Темір қақпа) дейін жеттім. Солтүстікте мен

әскеріммен Йир-Байырку еліне дейін бардым. Көп елдерге бардым (әскермен).

Өтүкен даласынан өткен жақсы жер жоқ. Өтүкен – нағыз мемлекет құратын

жер.

Өтүкенге қоныстанып, мен Қытаймен келісімге келдім. Ендігі жерде бізге

есепсіз көлемде алтын, күміс және жібек беретін Қытай халқының (барлық

уақытта) сөздері тәтті, ал асыл заттары жұмсақ (яғни сәнді, өте нәзік). Тәтті

сөздерімен және сәнді қымбат бұйымдарымен баурап алатын олар алыста

жатқан халықтарды өздеріне соншалықты (тым) тартып алады. (Олар) өте

жақын орналасып алады, содан кейін олардың жағымсыз әдеттерін қабылдай

бастайды. Жақсы және ақылды адамдарға, бекзат батырларға қытай халқы

ешнәрсе істей алмайды, оларды ақиқатты жолдарынан тайдыра алмайды. Бірақ,

олардың торына түскендер өз халқына да жат болып кетеді. Олардың тәтті

сөздері және сәнді қымбат бұйымдарымен өзіңді бауратып алсаң, сен, о түркі

халқы, жаппай қырылғаның...

Түркі халқы, егер сен соларға барсаң, өлесің! Түркі халқы, егер сен Өтүкенде

қалсаң, онда мәңгі өмір сүресің! Түркі халқы, сен тоқсың. Сен арық және аш

болғанда, тоқтың жағдайын түсінбейсің, енді тойынған соң аштың ахуалын

түсінбейсің. Сенің сондайлығыңның салдарынан, өзіңді құлап жатқан жеріңнен

көтерген ханыңды тыңдамай, басқа елдерге қаңғып кеттің, сол жақта әбден

қажыдың және қалжырадың.

Көктің рахымы бойынша және мендегі бар байлықтың арқасында мен

Қаған болдым. Қаған болғаннан кейін, мен аш, жарлыларды жинадым. Аш

адамдарды бай еттім. Аз халықты көп еттім. Менің сөздерімде шындық жоқ па?

Түркі бектері мен халық, тыңдаңдар! Мен түркі халқының бір одаққа бірігіп,

мемлекет құра алатынын осы тасқа жаздым!..» (125, 16 бет).

Ескерткіштің шығыс жақ бетінен оқитынымыз: «Төбеде көк аспан, ал

төменде қара жер пайда болған кезде, оның екеуінің ортасында адам жаратылды.

Адамзат баласына менің аталарым Бұмын Каған мен Истеми Қаған билік етті.

Патшалыққа отырған олар, тайпалық одақты қолдады, оларды жасады және түркі

халқын белгіледі. Төрт бұрыштың (яғни, төрт құбылада түгел тұрып жатқан

елдер) барлығы да оларға жау болды. Әскермен шығып, олар төрт бұрышты

мекен еткен барлық халықты жеңді, олардың барлығын да бейбітшілікке

мәжбүрледі. Басы барлардың бастарын игізді, тізесі барлардың тізесін бүктірді.

Олар оңтүстікте Қадырқан даласына дейін, ал батысында Демир-капыға (Темір

94

Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі

қақпа) дейін жорықтар жасады. Олар осы екі шекараның арасын мекен етті,

бұған дейін ұйымсыз болған көктүріктер үшін тәртіп-ережелер орнатты. Олар

дана және батыл қағандар болды. Сондықтан да олар мемлекет пен тәртіп

орната алды» (125, 17 бет).

Содан кейін мәтінде көктүріктердің қытайлықтарға алданып, биліктен

айрылып қалғандығы туралы айтылады. Халқы киліккен қиындық жағдайлар

туралы Қаған ашына отырып айтады: «Мен өз мемлекеті бар халқыммен бірге

едім, енді қазір менің мемлекетім қайда? Мен өз Қағаны бар халқыммен бірге

едім, енді менің сол Қағаным қайда?».

Содан кейін ол, Түркі «Азат бол, немесе өл!», деген үндеумен күреске

ұмтылады: «Түркілердің төбесіндегі Тәңірі түркілерге қасиетті орынды

және суды меңзеді. Аспан, көк биігінен жетекшілік ете отырып, менің әкем

Елтеріс пен менің анам Елбелгі қатынды жоғарылатты (халықтан биіктетті)».

Түркінің күресі оны азат етті. «Елтеріс іріктелген түркі әскерімен қырық жеті

рет жорыққа аттанып, жиырма рет соғыс жүргізді. Көктің рақымы бойынша

ол түркі тайпалары арасындағы ауызбіршілікті қалыптастырды және өзінің

жеңімпаз халқының мемлекетін құрды».

Бостандық үшін күрес жолында өз әкесінен қалыспайтын Білге Қаған

киліккен қиындықтардың қалай еңсерілгендігі туралы барлық шындықты

халқына жасырмай айтып берді. Ол алдын ойламайтын басқарушылар мен

келешегін дұрыс болжай білмейтін бұқараның қателіктеріне өзінің бітіспес

көзқарасын білдіреді. Қаған түркілердің өрлеуі мен кері құлдырауын шынайы

түрде бүкпесіз түсіндіреді. Ол құлдыраудың себебін ұлттық бірліктің

жоғалуынан пайда болғанын ашық мәлімдейді, ал өрлеудің себебін – осы

бірліктің сақталуынан екендігін де етене жеткізеді: «Түркілік Оғыздық бектер

және халық, тыңдаңдар: Төбелеріңде көк аспан, ал аяқтарыңның астында

жер (тұрғанда), түркі халқының бірлігін, мемлекетін кімнің дәті барып

бұза алады»(125, 18 бет). Білге Қаған өзімен қанаттас жүріп күрескен кіші інісі

Күлтегіннің ерліктері туралы бұдан да асырып айтады. Өзінің інісінің өлімі

туралы ол ашына отырып айтады: «қос жанарым соқыр болып қалған секілді,

ақылымнан да адасып қалғандаймын».

Естеріңізге сала кетейік, Күлтегінді жерлеуге Қытайдан бастап Византияға

дейінгі аралықты алып жатқан аумақтағы көптеген елдердің өкілдері келіп

қатысты. Білге Қаған Күлтегінді әскери қолбасшы бейнесінде көрсетеді.

Ақиқаты сол, Күлтегін абыроймен соғысты және өз өмірін Көктүркі мемлекеті

мен оның халқы үшін қиды, бұл тарихи факт: «Күлтегіннің бойында билікке

деген құмарлық болған жоқ. Оның ең үлкен идеалы мен мұраты түркілердің

бірлігі және Көктүрік мемлекетінің қуаттылығы болды. Ол осы аталған

мақсаттар үшін күресті. Қарапайым сарбаз болып соғысу керек пе немесе

билеуші, болмаса әскери қолбасшы дәрежесінде соғыс жүргізу, оның жеке

басы үшін еш айырмашылық саналмайтын» (6, 105 бет). Осы тұста мемлекеттік

95

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

деңгейде ойлаудың мәнісін көне көктүрік тілінде жазылған: «Mən bir-iki

budunığ ot, sub kılmadım» - «Мен бір халықты су мен отқа бөлмедім» бір ауыз

сөз мағынаны айнытпай беріп тұр. Бұл мағынасы сондай терең идея саналады,

өйткені: су мен от бір-біріне кереғар нәрселер. Су отты сөндіреді. Демек, Қаған

өз халқын су мен отқа бөлмеген, тұтастықты ортасынан жармаған, керісінше

бөлінгенді біріктірген.

«Күлтегін» ескерткішінің батыс жақтауындағы жазба тань императоры

Сю-ань-цзуннің жиені, әскери қолбасшы Чанг Сенгюнге тиесілі. Мәтінде

көрші мемлекеттер арасындағы достық қатынасты дипломатиялық жолмен

реттеу жөнінде айтылған. Түркі және қытай тілдеріндегі жазбалардың бірқатар

мәселелер бойынша бір-біріне деген қайшылықтары назар аудартады. Қытайша

мәтінде тату көршілестік қатынастар жайында айтылады. Ал, түркіше мәтінде

Қытайдың түркі мемлекетіне қарсы әккі және бүлдіргіштік саясаты туралы

жазылған. Әрине, Білге Қаған қытайлық мәтіннің мағынасын білді. Ескерткіш

оның идеясының жемісі болып табылады. Дегенмен, ол мәтін арасындағы

айырмашылықтарды кейінгі ұрпаққа ғибрат болсын деп әдейі қалдырғанға

ұқсайды. Қытай саясаты мен дипломатиясында жоғарыда келтірілгендей достық

қарым-қатынастар секілді жылы да жағымды сөздер айтылып тұрғанымен,

сәті келген тұста олар дереу өздерінің жасырын ойларын жүзеге асырып

жіберуге қашанда әзір. Тарихи үдеріс Білге Қағанның дұрыс айтып кеткендігін

дәлелдеді...

Білге Қаған өлген соң қағанаттың бірауыздан шыққан келісімі бойынша

таққа оның баласы Йоллық-тегін келді және ол біз оқып отырған осы сөздердің

авторы да. Ал, Йоллық-тегіннен кейін билікке Тәңірі хан атанып кеткен баласы

Білге Құтлық келеді де біраз уақыт өткенде ол Қытайға өз елшісін жібереді

(152, 364 бет).

Бар-жоғы алты жыл өткенде, яғни 745 жылы түркітілді ұйғырлар Қытаймен

одақтастық құрып, Шығыс көктүркілік империяның тіршілігін күштеп

тоқтатқызды, ал есесіне осы аумаққа ұйғырлар өздерінің жеке мемлекетін

құрды (130, 19 бет).

Ұлттық мемлекеттіктің дәстүрі мен идеологиясынан аттап өтіп, кезінде өзі

отырған бұтақты өз қолымен кескен Ұйғыр империясын бар болғаны жүз жыл

ғана уақыт өткенде «бұрынғы одақтасы» Қытай тағынан тайдырып, оның да

жұлынын үзіп, тынысын тоқтатты... Бүгінде 22 млн халқы бар Синьцзян Ұйғыр

автономиялық облысы Қытай Халық Республикасының шағын бір бөлшегі ғана.

Түркінің батыс мемлекеті көктүріктер империясында орын алған жағдайдан

кейінгі келесі жүзжылдықта мемлекеттіктің дәстүрін Анадолыға дейін жеткізіп,

Еуразияда ұлы түркі империясын құрушы ретінде тарихқа енді. Осы бір мызғымас

дәстүрдің жазба кодексі болып табылатын «Күлтегін» ескерткішіне

жүргізілген талдау, оның тереңдегі ойын жарыққа алып шығады: түркі

мемлекетінің басшысы Білге Қаған түрлі түркі тайпалары арасындағы

96

Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі

айырмашылықтарды көрсетпей ғана қоймайды, сонымен қатар ол өзінің

жеке басын да өзгелермен қатар қоя отырып, билік пен халық арасындағы

айырмашылықты әйгілемейді. Ол, ешқашанда өз халқымен көптеген

мемлекеттер мен жұртшылықты күш қолдану арқылы жеңіп алған жаулаушы

император ретінде сөйлесіп көрген емес. Ол өз халқымен сайланған Билеуші

ретінде, өз халқының туған тілінде сөйлесті. Білге Қаған өз жүрегінің түбінен

жарып шыққан сөздерді айтты. Өзін халықтан бөліп-жармақ түгілі, Білге

Қаған үшін халық пен кеңістік және мемлекеті орнаған табиғат біртұтас болып

есептелетін.

Мемлекеттің аумағының кеңеюіне қарамастан, өзі үшін ең ардақты жер

Отаны екендігін жасырмаған: «Өтүкен – бұл нағыз мемлекет құратын жер»,

деп айтты. Осы тұрғыдан келгенде көктүріктердің түбінде Мемлекет-Халық-

Табиғат деген ұғымға ұйысатынын көреміз. Көктүрік идеясы осы аталған

ұстынға сүйенеді, сондықтан да оның басталуы орынсыз саналмайды. Мұндағы

бастаудың әуелден-ақ: «Мен қаншама халыққа тәртіп әкелдім» ұғымына

көзделгендігін түсінуге болады. «Күлтегін» ескерткішінде мифологиялық

дүниетанымның терең тамыры мәңгі есте қалдырылған, халық пен мемлекеттің

жаралуы уақыттың пайда болуымен шамаластандырылады. Білге Қаған жер

бетінде пайда болған алғашқы адам түркі деп ойлап, «Бұмын қаған мен Истеми

қаған алғашқы адамдарға өз билігін орнатты» – деп түсінеді. Дегенмен, аталған

мифологиялық мәнмәтін негізгі мәтіннің нақты қисынын бұзбайды. Ескерткіште

Көктүркі мемлекетінің кезең-кезеңмен кеңейгендігі туралы мақтаныш

сезіммен мәңгі өшпестей етіліп қашап жазылған. «Қытаймен келісімге

келгендер» Қытай дипломатиясы мен қытайдың сәнді байлығы және оның

жұмсақ «жібек өркениетіне» алданып қалуға болмайтынын Көктүркі империясы

жақсы түсіне білді. Сондықтан да Білге Қаған билікке өзінің саяси ептілігінің

арқасында ғана емес, сондай-ақ жеке басының ержүректігі мен Күлтегін секілді

әскербасшыларының ерліктерінің арқасында келді. Оның билікке келуіне жеке

басының байлығы да мол мүмкіндік берді. «Жарлыларды бай еттім», - дейді

ол. Білге Қаған түгі жоқ кедейлер емес, керісінше байлар билік жүргізеді, деп

мәлімдеді. Сондықтан да, «түркі халықтарының басын бір одаққа біріктіру

және мемлекет құру», бұл нағыз саяси мүмкіндігі мол ақиқат деп есептеді ол.

Саяси шындық мынадай, ұлттық мемлекетті «төрт бұрыштағы» жаулардың

кез келгенінен өздері бекіткен тәртіп бойынша қорғау қажет. Саяси биліктің

тастай берік болуы үшін Білге Қаған тағы бір шарт туралы айтады: мемлекеттің

бектері мен халық «дұрыс» болулары керек. Құрылған мемлекет «заң» жүзінде

ұйымдастырылуы қажет! Осының өзі де үлгі есептеледі: Көктүрік мемлекетінің

патриархтары мемлекет те және онда тәртіп те орната алды.

Негізгі мәтіндегі «тасқа қашалған тағы бір жолдардың» бойынан өнегелілік

пен ақпараттық леп байқалады: «Басы барлардың бастарын идірді, тізесі

барлардың тізесін бүктірді» (осы сөздер басқа да Орхон ескерткіштерінде өзге

97

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

мәнмәтінде, бірақ осы мағынада пайдаланылады). Осы сөйлемнің ішкі мағынасы

мынадай: Ақыл баста, ал күш тізеде. Билікті Ақыл мен Күштің бірлескен

одағының көмегімен күшейтуге болады. Ал, жауды бастағы ақыл және тізедегі

күштің көмегімен жеңу керек – басы барларды идіру, ал тізесі барларды бүктіру

керек! Ұлы түркі қағандары өздері құрған биліктің мызғымайтындығына сенімі

кәміл. Оның семімейтін сенімі бойынша: «...төбелеріңде Аспан, ал аяқтарыңның

астында жер (тұрғанда, ) мемлекетті, түркі бірлігін кім жоя алады?». Білге Қаған

түркі халқының санасына мынадай идеяны сіңіреді: Аспан мен аяқ астындағы

жердің жоғалып кетуі қалай мүмкін болмаса, түркі тайпаларының күшті одағы

есебінен құрылған түркі мемлекетінің қуатты тіректерінің де жойылып кетуі еш

мүмкін емес!

«Орхон трилогиясының» екінші монументі – «Білге Қаған», бұған дейін

айтып өткеніміздей, оны 735 жылы баласы, жаңадан сайланған қаған Йоллықтегін

тұрғызды. Бұл ескерткіш те тура «Күлтегін» секілді Білге Қағанның

монолог-үндеулерінен құралады. Өзінің идеясы және қисынды жүйелілігі

жағынан да осы аталған ескерткіштің «Күлтегінмен» сәйкес келіп жататын

тұстары аз емес. Білге Қаған жаңа сөздік құрылымдардың, жаңа нұсқалар

мен стильдердің көмегін пайдалана отырып, бір үндеуді түрлі жағдайларға

байланысты түрлендіріп айтып отырған секілді әсер қалдыратыны да рас.

Дегенмен, осыдан Көктүркі империясының жаңа қағаны Йоллықтегін әкесі

Білге Қағанның өсиетіне канондық пішін бергісі келгендігі байқалады. Әрине,

сөз болып отырған гранит ескерткішінің уақыт сынына ұшырағаны рас, соның

салдарынан кей тұстағы бірқатар мәтіндерді ажыратып оқу мүмкін болмай

қалған. Осының барлығы да мәтіннің айтар ойын толық түсінуді қиындатып отыр.

Дегенмен, естелікке қашалған Көктүркі империясы доктринасының мағынасы

түсінікті: түркі ұлты жығылмау керек, ол өзінің түп-тамырын ұмытпауы тиіс,

сүрінсе де тура жолдан таймауы керек, үлкен қиындықпен құрылған көктүрік

ұлттық билігінің түркі тайпалары одағынан тұратынын ешкім де еш уақытта

естерінен шығармаулары керек! Осы мәселеге байланысты профессор Тофик

Гаджиевтің пікіріне назар аударар болсақ, «Білге Қаған» ескерткішінде Білгенің

билеуші әрі әскери қолбасшы ретіндегі асқан артықшылықтары тереңде жатыр.

Бұлар кәдімгі мұзтау іспетті. Айтылған артықшылықтарды толығымен көрсету

үшін жанама теңеулерді пайдалану керек. Күлтегіннің айбындылығының

бір құпиясын оның Білге Қағанмен иықтас тұруымен байланыстырады. Ал,

шындығында, әскери қолбасшылық өнердің де, даналықтың да жарқын

көріністері бір Білге Қағанның бойынан табылып тұр. Оның осы трилогиядан

ел басқарудың да, ержүректік пен даналықтың шыңына айналғанын аңғарамыз»

(6, 113 бет).

«Тоныкөк» ескерткіші «Орхон трилогиясының» үшінші монументі болып

табылады. Ол 720-725 жылдары жасалып, 732-734 жылдары орнатылды. Бұған

дейінгі түркі жазба ескерткіштеріне қарағанда «Тоныкөк» жазулары мүлдем

98

Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі

бұзылмаған және ол тарихи тас ескерткіш ретінде өзінің монументалдық

айбындылығын сақтап қала алған. Граниттегі осы мәтіндердің авторы Білге

Тоныкөк болып саналады. Ол көзі тірісінде үш Ұлы Қағанның – Елтеріс Қаған,

Қапаған Қаған және Білге Қағанның ұлы уәзірі (кеңесші) болған. Тіпті, кей

кездері түрлі әскери жорықтарда қолбасшылық та жасаған.

Түркизм идеясын практикалық саясат ретінде жүзеге асыра білген, сондайақ

оны идеологиялық доктринаға айналдыра алған есімі түркі тарихына

яғни біздерге дейін жеткен тарихтағы жалғыз идеолог Тоныкөк екені рас.

Тоныкөктің дәрежесінің қағанмен тең тұлға болғандығын төмендегі мына

фактілер растайды: «Мен, Білге Тоныкөк, Қытайда тудым. Ол кезде түркі ұлты

Қытай билігінің қол астында болды» (125, 125 бет).

Білге Тоныкөкті шын мәнінде түркі ағартушылығы мен тәуелсіздігі қозғалысы

көшбасшыларының нағыз ізбасары деп айтуға болады. Өзі айтып

отырғандай Тоныкөк Қытайда, туған халқы қытайлық биліктің қол астында

тұрғанда дүниеге келді. Ол жастайынан қытай тілін, олардың мінезқұлықтарын,

мәдениеттерінің бітім-болмысын, түркі халқы мен түркінің жеріне

деген көзқарастарын, сондай-ақ Қытайдың тактикалық және стратегиялық

мақсаттарын зерттеді. Ол өзінің түркілік отанына осылардың барлығына қарсы

күрес жүргізудің пісіп-жетілген идеясымен оралды. Қытай басқыншылығына

қарсы күрескен әскер қатарына келіп қосылды, басына түскен ауыр сынақтардан

өтті, осылардың барлығынан кейін ғана Көктүрік империясының жетекшілігі

деңгейіне дейін көтерілді. Ал, ақиқатында ол өз мемлекетін құру және оны

көтеру жөніндегі қадамдарды нақты жүзеге асырушы, ұлы саяси стратег болып

табылады. «Тоныкөк» ескерткіші, өте терең тәжірибе мен асқан ақыл иесі,

мемлекеттік тұлға Білге Тоныкөктің қолымен көнетүркі тілінде жазылды.

«Орхон трилогиясының» осы аталған үшінші соңғы ескерткішінде де,

алдыңғы ескерткіштердегідей Көктүрік мемлекетінің көтерілуі, құлауы және

оның екінші рет көтерілуінің драмаға толы тарихтары, сондай-ақ орын алған

оқиғалардың барлығын да түркілердің жеңісіне қарай бағыттайтын көреген

саясатты жүзеге асыру жөнінде сөз болады. Түркі барлық уақытта да күреседі.

Бірақ, күреске түркілердің барлық тайпалары мен халықтары бірігіп қатысқанда

ғана шайқас түркілердің жеңісімен аяқталады. Барлық түркі тайпалары

мен халықтары бірлескен ұлттық ерік-жігер ұғымын саналарына толық

сіңіре алғанда ғана, бұл саясат өз жемісін береді: «Көктүріктердің болашақ

демократиясының негізін, даналық пен ержүректіліктің бірігуін Тоныкөктің

кемеңгерлігі көрсетіп беріп отыр» (6, 115 бет).

Осы ескерткіш құжатта Көктүрік империясының басынан бастап Тоныкөкке

дейінгі тарихы, сондай-ақ сол уақыттардағы тартысты оқиғалар, түркілердің

бірігуі мен бөлінуі, түркілердің қатысуымен өткен қанды қырғындар, осы

соғыстардың түркілер үшін үйренерлік тұстары туралы егжей-тегжейлі және

тамыры тарқатыла айтылады. Сондай-ақ түркі бірлігі идеясының қолға қару

99

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

алып қорғалуы, түрлі түркі халықтарының Көктүрік империясының туы астында

бірігуі үшін – Елтеріс, Қапаған және Білге қағандар қолданған көреген

саясаттар және жүргізілген саясаттағы түрлі түркі халықтарының теңдігі туралы

да сөздер айтылады. Сонымен қатар, ескерткіште жоғарыда аталып өткен

саясатты жүзеге асыру барысында серіктестердің бір-бірлеріне және жалпы

ортақ идеяға адал болғандықтары, ал түркі көшбасшыларының ержүректік

пен жанқиярлық көрсетуде халыққа үлгі бола алғандықтары туралы да терең

баяндалады.

Ескерткіштегі жазбалар мынадай ғибратты сөздермен аяқталады: «Егер де

Елтеріс Қаған жеңбегенде, егер де мен де жеңбегенде (яғни, егер де біздер ортақ

мақсат үшін күреспегенде және жеңбегенде – Дж.Ф.), онда мемлекет те, ұлт та

жойылып кеткен болар еді. Елтеріс Қаған жеңді, мен де жеңдім. Сондықтан да

ұлт ұлт болып қалды, ал мемлекет мемлекет болып сақталды... Өйткені, Елтеріс

Қаған да және мен, Білге Тоныкөк те жеңіске жеттік, Қапаған Қаған түркілік

осы соғысты...(мәтіннің бұдан арғы бөлігі өшіріліп қалған – Дж.Ф.). Түркі Білге

Қаған Түркі-Оғыз ұлтын тәрбиелеп (билеп – Дж.Ф.) отыр».

Егер де түркі қолбасшыларының ерік-жігері жүзеге асырылмағанда, онда

түркі халықтарының одағы да болмас еді және осы одақ ешқашан да мемлекетке

айналмас еді, деген ұғымдар мәтіннің басты идеясына айналып отыр. Алайда,

аталған ерік-жігер өз-өзін толығымен ақтады. Түркі Ұлтының Бірлігі жүзеге

асты, және осы идеяның қисынды аяқталуы ретінде түркі мемлекеті пайда

болды! Орхон ескерткіштерінің («Күлтегін», «Білге Қаған» және «Тоныкөк»)

бірлігі, олардың идеялық мақсатқа сәйкестіктігінің жүйелілігі, бір ескерткішке

қарағанда екіншісінің айтпақ ойының шешімділігі мен батылдығы бәрі де көзге

көрініп тұр. Әрине, мұның барлығы да кездейсоқтық емес.

Түркі халықтары көршілес мемлекеттер және халықтармен тек соғыс пен

қайта татуласу жағдайында ғана ғұмыр сүрген жоқ қой. Сондай-ақ олар аталған

мемлекеттер және халықтармен өте күрделі өркениеттік жағдайларды да бастан

өткере отырып, тіршілік етті. Бөтен мәдениет пен жат өркениеттің ықпалына

түсіп, олардың жетегінде кетудің соңы түгелдей жойылып кету екендігін

олар түйсігімен түсіне білді. Сондықтан да түркі даналары халыққа өздерінің

жеке дәстүрі негізінде өркениеттілік құндылықтарын жасаудың маңызы зор

екендігіне жете мән берді. Ресейдің белгілі түркітанушысы Лев Гумилевтің

аталған ой-пікір жөніндегі көзқарасы өте орынды. Оның айтуы бойынша,

түркінің «қуатты үштігі» - Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөктің көздеген

басты мақсаттары – тек Қытай (Тан) империясының басқыншылығына қарсы

тұру ғана емес, сонымен қатар қытай өркениетінің жымысқы да өте күшті

ықпалына түсіп қалмау (152, 352,376 беттер).

Білге Тоныкөк өзінің Табғаш (қытайлық) мәдениетінің ықпалында

тәрбиеленгенін жоққа шығармайды. Сондықтан да ол мұның тым қауіпті

екендігін өте жақсы түсінді. Түркі Қағаны оны өзінің қатарына шақырады.

100

Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі

Бұрыннан бергі өз көкейінде жүрген ұсынысты қабыл алған ол дереу Қағанға

келеді де (қаладан даланы артық көреді) тәуелсіздік жолындағы қозғалысқа

қосылады (167, 64-65 беттер). Бұған дейін атап өтілгендей, ол алдымен осы

қозғалыстың көшбасшысы, содан кейін оның бұлжымас идеологы болады.

Қытайдың буддизм және даосизм секілді «жұмсақ» өркениетін үйрену көне

түркілердің табиғатына сәйкес келмеді. Өйткені, олардың этнопсихологиясы

дала өркениетінің қатал заңдылықтарымен қалыптасқан еді. Олар үшін ең

қажеттісі өте күшті әрі төзімді болу. Осындай қасиеттердің арқасында ғана көне

түркілердің ұлттық абыройы қытайлық өркениет тарапынан жасалған қысымға

төзе алды. Олардың еш уақытта да жат идеология мен ілімді қабылдамағаны

тарихтан белгілі болып отыр. Сондықтан да түркілерді жұмсақ «жібек» те,

жымысқы «идеология» да алдап-арбаудың қармағына түсіре алған жоқ.

Осы шындықтарды ескерген Лев Гумилев, мынадай постулаттарды алға

тарта сөйлейді: «Түркі қағанатының ресми идеологиясы екі қағидатқа сүйенді,

олар: қытай мәдениетін мойындамай, оны теріске шығару және көршісіне

қарағанда өзінің артықшылығын ұғыну» (152, 375 бет). Шындығында, «қытай

мәдениетін теріске шығару» көне түркілердің өз мәдениетін мойындаудан, ал

«көршісіне қарағанда өзінің артықшылығын ұғыну» – империялық тәртіптің

орнауынан шыққан ережелер десе болады. Лев Гумилевтің пікірі бойынша, сол

кезеңдердегі тағдыршешті тарихи күрделі сәттерде басқа мәдениетке кіруден

үзілді-кесілді бас тарту фактілері тағы бір аса маңызды шындықтың бетін

ашады: «Бұл екі мемлекеттің арасындағы соғыс қана емес. Бұл екі дүниетаным

мен екі дүниесезім арасындағы күрес. Ұлы Дала өзінің Манифестімен (түркінің

жазба ескерткіштері деп түсіну керек – Дж.Ф.) қытайлық болу емес, өзіменөзі

болудың қажеттігі туралы мәлімдеді... Ішкі рухы тастай берік Түркі этносы

(мемлекеті) өзін құрушылардың идеяларына сәйкес басқа тайпалардың үстінен

өктемдік жүргізуі тиіс. Тоныкөк өмірін толықтай осы мақсатқа арнағанын

және түркі халқын жоғары дәрежеге көтере алғанын өзінің еңбегінің бір жемісі

ретінде бағалайды» (152, 376 бет).

«Орхон трилогиясы» тек тарихи-идеологиялық тұрғыдан ғана емес,

сонымен қатар тарихи-этнографиялық құжат тұрғысынан қарағанда да ерекше

құндылықтарға ие. Оның үстіне қытайлық дереккөздерге қарағанда осы

монументалдық ескерткіштердің көне түркілер жайында айтары басым және

олардың бойында аса құнды ақпараттар жүгі бар. Егер де қытайлық дереккөздер

тек хронологиямен ғана шектелген болса, түркілік дереккөздер өмірдің

нақты көріністерінен және тірі тарихтан баян беретін құралға айналып отыр.

Сондықтан да көптеген зерттеушілер бұларды тарихи-батырлық эпостар деп

есептейді. Орхондық түркілік жазба ескерткіштерінің мұндай қырларын әсте

жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да осы ескерткіштермен алғашқы рет

танысқан сәттерде, рухани тұрғыда Орхондық түркілік жазба ескерткіштерінен

тараған «Оғыз Қаған» және «Менің Қорқыт атамның кітабы» секілді

101

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

эпикалық шығармалардың қандай екендігі туралы ойлар туындайды. Көктүрік

империясының тарихи құжаттарының аталған жинағы ерекше құндылықтарға

ие. Өйткені, мұнда уақытты сезіне алудың өте шебер көрінісі байқалады. Уақыт

ешқашанда тоқтамайды, сондықтан адам да, мемлекет те және қоғам да бір

орында тұралап қала алмайды. Ежелгі түркілер «мұздап қалған тарихтың»

өзін тербелген тірі қозғалысқа келтіріп, оның кеңістігін Еуразиядағы теңіздей

толқыған түркі әлеміне қарай бұруға қабілетті екендігін білдіре алады. Түркі

әлемі осынау шексіз де шетсіз кеңістікте бірігуді, бөлінуді, содан кейін қайта

бірігуді бастан өткеріп жатты. Бірлік жүйесінің ұлттық өзін-өзі тануының

дамыған үлгісіне қол жеткізгенге дейін ол әбігерленеді, өз орнын іздейді...

Орхон ескерткіштері оның тарихта өзін-өзі таба алғандығының дәлелі болып

көрінеді. Сондықтан да «Орхон трилогиясында» түркі өзінің тарихи өмір

жолына шынайы көзқараспен қарайды, жіберген қателіктері мен жаңсақ кеткен

тұстарын жасырмайды. Құлдырау мен шарықтау сәттерін зерттейді, өздері өмір

сүріп жатқан нақты уақыттың объективті көрінісін жасайды және де болашаққа

кемелді кемеңгерлікпен көз тігеді. Алғашқы түркі ескерткіштеріне жүргізілген

талдаулар қорытындысы түркілерді Батыстың көптеген идеологтары айтып

жүргендей тек қозғалысқа – жою мен жасауға ғана қабілетті ұлт емес, керісінше

терең ойлауға қабілеті күшті ұлт болып қалыптасты деп айтуға толықтай негіз

береді. Немістің ұлы философы И.Канттың түркілерді селге теңегені бар. Ия,

түркі мінезінде мұндай адуындылықтар бар екендігі жасырын емес. Олар

жаңаның құрылысын бастау үшін ескіні жойып жіберуге бар.

Дегенмен, ежелгітүркілік ескерткіштерге жасалған талдаулар, ұлттың

материалдық игіліктермен қатар рухани құндылықтарды да жасауға қабілетті

де мұратты екендігін дәлелдеп берді. Алғашқы түркілік идеологиялық

ескерткіштерге жүргізілген талдаулар түркілердің қолымен жасалған

құндылықтардың батыс идеологтарының құндылықтарына қарағанда әлдеқайда

шынайы, кемелді, зайырлы да ізгілікке бай екендігін айқын көрсетіп отыр. Бір

ғана «Өзіңе орал» атты түркілік идеяның өзін ғана өзін-өзі тану ғылымының

алғашқы манифесті деп атауға әдбен болады. Ал, мұны жасауға батыс

идеологтары сонау ХV ғасырдан бері талмай ізденіп келе жатқанымен, оны әлі

күнге дейін құрастыра алмай келеді. Ағылшын тарихшысы «Жаңа Сократты»

іздеп тыныштық көрмесе, біздің түркілер мұны өздерінің алғашқы тарихи

ескерткіштерінен тапты. Міне, сондықтан да Орхон ескерткіштерін нағыз

шынайылық пен парадигманы, сондай-ақ кемеңгерліктің ерен үлгісін танытты

деп айтуға әбден болады.

102

7. ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ,

ОНЫ САҚТАУШЫЛАР – ТҮРКІЛЕР

Ұлы Жібек жолы өз өмірінде бейне бір «маусымдық өзгерістерді» басынан

өткеретін секілді: жылдың ауысып келіп отыратын «көктем», «жаз», «күз»,

«қыс» мезгілдері секілді, мұнда да құлдыраушылық және қайта көтерілу секілді

драмалық көріністер бірін-бірі алмастырып отырды. Ондаған жылдар бойына

адамдардың дауыстары мен сауда керуендерінің толассыз дыбыстарын естіп,

оларды тыныстарына дейін сезіп жатқан сауда жолдары, уақыт шырғалаңына

байланысты кей кездері ұмыт қалып жататын сәттері болды. Сондай-ақ, кепкен

өзеннің ұлтанына қайтадан су көтеріліп, айналасына жан бітіргені секілді, ұмыт

қала бастаған жолдың да тамырларына қан жүгіріп, келесі ұрпақтың игілігіне,

олардың жүктері мен мәдениетіне куә болып, қайтадан түлеген кездері де аз

емес. Ара-арасында бұл тасымал жолдарына баламалы таңдаулар да болып

тұрды.

Негізгі бағыты бойынша шамамен 12 800 шақырым ұзақтыққа созылып

жатқан Ұлы Жібек жолының ескі және жаңа тармақтары аңғарлар мен

жыралардан, таулар мен жазықтардан аттап өтіп, өзендер мен теңіздерден жүзіп

өтіп, Қытай мен Испания аралығын жалғаған жол айрығы бірде қосылып, енді

бірде қайта ажырап қалып жатты. Жүздеген жылдар бойына әлемдік өркениетті

құрайтын түрлі халықтардың қарым-қатынасын реттеп, оны қамтамасыз етіп

келе жатқан Ұлы Жібек жолы өзінің іске асқандығының шынайы әрі жарқын

көрінісін Солтан Гаджибековтың «Керуен» аталатын симфониялық мұғамында

тапқан шығар: ауыр ырғақтың үнінен қиындықтар мен қауіп-қатерлерге

бойлары үйреніп, ұзақ та қиын жолға шыққан адамдардың көңілді торлаған

толқынды сезімдері мен үрейі байқалады... Бұл жол алысқа, тіпті ұшы-қиыры

жоқ шексіздікке, жерден сонау ғарыш кеңістігіне, алыстағы өркениетке бет

түзейтін секілді. Дегенмен, аталған жол өзінің шынайы тағдырын өзіміздің осы

планетамыздан, түрлі-түсті «өркениет бедері» бар, бүгінгі күндері ғарыштан

айқын көрініп тұрған және түрлі мәдениеттердің тарихи Отанына айналған,

жағасын Тынық және Атлант мұхиттары шайып жатқан нақ осы құрлықтан

табады. Ұлы Жібек жолының адамдар, қоғамдар, мемлекеттер мен мәдениеттер

арасындағы тарихи байланыстарды шебер тамырластыра алғаны соншалық,

олардың әрқайсының өз орындарында қалыптаса бастауына, коммуникациялық

қызметтерді одан әрі жетілдіре түсуіне қажетті күш-қуат табылып отырды,

аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндіктердің барлығы да жұмылдырылды.

Қазіргі заманғы түркі әлемі үшін ерекше маңызға ие тағы бір мақсатты

себептің түйіні, Ұлы Жібек жолы бойындағы жыл бойғы маусымдық кезеңдер

103

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

қалай алмасып отырмасын, оның қызметін қалпына келтірушілердің, жолды

пайдалануды қамтамасыз етушілердің басында бірінші кезекте түркілер,

олардан тараған ұрпақтар, мемлекет пен империяның тұрғандығында еді.

Әлемдік тарих пен өркениет үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты

зор болса, түркілердің рөлі мен олардың тарих сахнасынан біржолата жойылып

кетпей, әлі күнге дейін тіршілік етіп келе жатуының да маңызы соншалықты

үлкен деп айтуға болады.

«Жібек жолы» түсінігін алғаш рет 1877 жылы неміс географы Рихтгофан

көтерді. Өзінің атауынан белгілі болып отырғандай-ақ, сонау ІІ ғасырдан

бастап біздің дәуірімізге дейінгі аралықта Жібек жолы Оңтүстік Азиядан,

дәлірек айтқанда, Қытайдан жол тартып, Жерорта теңізі елдеріне қарай іс

жүзінде Жібек саудасы жолының классикалық маңыздағы міндетін атқарды,

кейіннен одан әрі жетілдіріле түскен ол сауда және мәдени байланыстарды

қамтамасыз ететін өте қажетті коммуникациялық құралға айналды. Дегенмен,

Жібек жолының тағдыры атына заты сай, есілген «жібек» тәрізді жұп-жұмсақ

бола қойған жоқ; ол түрлі қауіп-қатерлермен бетпе-бет қақтығысып отырды,

оның ғұмыры қилы мезгілдердегі түрлі әскери-саяси күштерге, экономикалықмәдени

аумалы-төкпелі ахуалдарына, геосаяси жағдайлардың қолайлы

мүмкіндіктеріне тікелей тәуелді болды. Негізгі мақсаттық бағытының сақтала

отырып, Жібек жолының түрлі ауқымдағы өзгерулері, оның түркі мемлекеті мен

мәдениеті орналасқан аймақтарды қамтуы, Еуразиядағы геосаяси ахуалдардың

барлығының өзгеріп отыруын реттеуде түркі әлемі жетекші рөл атқарды десе

болады. Жібек жолы мәдениетінің тарихи эволюциясын зерттеу барысында,

бұл үрдіске оның бірегей қорушысы саналатын – түркілердің қатыстырылуы,

Еуразиядағы трансөркениетті оқиғалардың тарихи шынайылығы мен оның

жалпы заңдылықтарын мейлінше объективті түрде анықтау болып табылады.

Өйткені, Жібек жолына қосылудың нәтижесінде халықаралық саяси-мәдени

қарым-қатынастардың ауысуының қандай сипатқа ие болғанын біліп алмай

тұрып, Еуразияның да тарихи-геосаяси болмысын зерттеу мүмкін емес.

Өйткені, кейбір зерттеулерде Жібек жолы әрекетіндегі «түркілік факторлар»

толықтай қате және бүлдіргіш дүниелер ретінде біржақты етіліп, әділетсіз

көрсетіледі. Ал, «Үндіеуропалық факторлардың» рөліне тоқталар болсақ,

керісінше оларды аталған үдерісте белгілі мақсаттар бойынша әсерлеп,

барынша әспеттеп көрсетуге тырысады. Дегенмен, тарих шындыққа сай

келетін өзге шынайылықты алдыңғы қатарға алып шығады: егер де түркілер, өз

аумақтары арқылы өтіп, мыңдаған шақырымдарға созылып жатқан Ұлы Жібек

жолына кедергілер келтірер, оған шабуылдар ұйымдастырып, тонаушылықпен

айналысар болса, онда қай кезеңде болмасын сауда жолының күре тамыры

жұмысын жалғастыра алмаған болар еді. Сондықтан да нағыз шындық

мынадай, түркілер тарихтың түрлі кезеңдерінде Ұлы Жібек жолының ырғақты

жұмыс жасауына кедергі келтірушілерді тиып тастап, сауда жолының қалыпты

104

Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер

жағдайда жұмыс атқаруына мейлінше қолайлы жағдайлар туғызып отырды.

Эволюциялық үдерісі күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, трансеуразиялық

коммуникациялық жүйенің алғашқы негізі Ұлы Жібек жолының қызметінен

көп уақыт бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларда қаланған.

Месопотамия мен Эламнан шыққан сауда жолының үнді аңғары арқылы өтіп,

Памир тауларына дейін жеткендігі сол заманнан-ақ белгілі.

Таяу Шығыстың саудагерлері тауарларын осы жолмен Бадахшан көктасына

дейін тасымалдады. Адамзаттың ең алғашқы өркениетінің нағыз отаны

саналатын Мохенджо-Даро мен Харапп өзенаралығы арасынан Месопотамияға

дейін оңтүстік сауда жолы жұмыс жасады. Месопотамия мен үнді аңғарларының

мәдени орталықтары арасындағы сауданы өз қолдарына қондырып алған

эламидтер, «сонау б.д. дейінгі ІV-ІІІ мыңжылдықтарда қалаға дейінгі және

бірінші қалалық орталықты байланыстыратын Орталық Шығыста көпқырлы

коммуникациялық желілерді қалыптастыра алды» (201, 26 бет).

Жалпы айтқанда, көшпелі халықтар мен Еуразия бойына түгелдей алғашқы

қоныстанушылардың өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерген, сауда

жасау және тәжірибе алмасу үшін жағдай туғызған ежелгі керуен жолдары

арнасы тағы да тармақтала түседі. Міне, соның нәтижесінде халықтар мен

қауымдастықтардың аралары жақындасып, олардың бір-бірімен араласуы жаңа

деңгейге көтірілді, ал сауда-мәдени байланыстар арасындағы өзара сенім де

күшейді. Еуразия құрлығының түрлі бағыттарына қарай тарайтын бұл жолдардың

арасында кездейсоқтары да кездесіп жатады. Дей тұрғанымен, жолдардың

тұрақты түрде пайдаланылуы, олардың географиялық-мәдени кеңістіктерді

бір-бірімін байланыстыруы болып табылатын «үйреншікті бағыттар» үлкен

бедел мен сенімге ие болды. Іріктеле келе, күре жолдар арасында олардың

«жұлыны», яғни басты, магистралдық желісі анықталды. Шындығында, тарихи

өте қажеттілік нәтижесінде пайда болған Ұлы Жібек жолы келесі ғасырлар

бойында кеңейе берді. Жаңадан пайда болған шекараларды қиып өтіп, дамудың

осы айтылғандай қилы-қилы сатыларынан сүрінбеген Еуразияның тарихы

мен геосаясаты құрлықтағы ең маңызды жол мәртебесіне лайықты түрде ие

болды. Сауда жүргізу мақсатында Ұлы Жібек жолының бір бөлігі ретінде

құрылған «Солтүстік Жібек жолының» ірге тасының қалана бастау кезеңі біздің

дәуірімізге дейінгі 138-126 жылдармен тұспа-тұс келеді. Сол уақыттарда қытай

императоры У-ди өзінің бітіспес жаулары, бірақ Орталық Азияда бастаушыэтно-саяси

күш болып табылатын юэчжилер – ғұндық-түркілерден пайда

олжаламақ ниетте одақ құру жөнінде шешімге келеді. Ойын жүзеге асыру

мақсатында ол өзінің танымал елшісі Чжан Цянды батыс аумағындағы көшпелі

тұрмыс кешетін юэчжилерге аттандырады. Барған жерінде Қытай елшісі өзін

қатты таң қалдырған көріністерге тап болады, солардың бірі қытайдағыға

қарағанда әлдеқайда биік, әрі сондай сұлу мүсінді жылқылар табыны еді. Еліне

қайта оралған уәкіл көргендері туралы императорға қызыға хабарлап, ол жаққа

105

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

юэчжилер білмейтін жібек мата түрлерін апарып, оларды жылқыларға, сондайақ

дәмді жемістерге, шарапқа және басқа да өнімдерге алмастыруға кеңес береді.

Бес жыл өткен соң, яғни біздің дәуірімізге дейінгі 121 жылы жиегі күміспен

көмкерілген айналар мен жібек маталар артылған алғашқы керуен Қытайдан

аттанып, қиын жолдарды артқа тастай отырып, Ферғана аңғарына жетеді. Екі

ел арасындағы бейбіт келісімге қол жеткеннен соң, бұрын бұған дейін болған

Оңтүстік Жібек жолына параллельді бағыт бойынша сауда жүргізудің жаңа

кезеңі басталады.

Келесі ғасырларды Ұлы Жібек жолына балама ретінде –Үндістан мен Рим

Империясы арасындағы сауда байланыстарды қамтамасыз ететін теңіз Жібек

жолы (Үнді теңізі арқылы) бағыты құрылады.

Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан бастап Жібек жолы арқылы еуразиялық

өркениеттер арасында жүйелі сауда қатынасы орнады. Олар өркениеттер

арасында дамыған инфрақұрылымы бар макроқарым-қатынастың белгілі көп

полюсті үлгісін қалыптастырды... Негізінен жер өңдеумен айналысатын және

де шаруашылық үшін өте қажет тауарларға мұқтаж Еуразия жазығындағы

көшпелілер сауда айырбасының белсенді мүшелеріне айналды. Еуразияның өте

қолайлы аумағында тұратын олар Қытайдан бастап Орталық Еуропаға дейінгі

аралықты алып жатқан өркениеттердің барлығымен де байланыс орнатты (169,

142 бет). Жібек жолының солтүстік және оңтүстік бағдарлары (құрлық және

теңіз бойынша) төмендегідей бағыттар бойынша қатынады: Орталық Азия –

Жер орта теңізі бассейні және Қытай – Шығыс Түркістан – Жерорта теңізі.

Жіктелудің бұл себебін Еуразия құрлығындағы саяси ахуалдың үнемі және

түбегейлі өзгеріп отыратындығымен түсіндіруге болады. Ежелгі әлем сауда

айырбасы мәдениетін күшейту мақсатында балама жолды іздеумен болды.

Бірқатар аралық саябырсуларға қарамастан, еуразиялықтардың саяси және

экономикалық шебер орағытуларының арқасында Жібек жолы өз жұмысын

жалғастыра алды.

Егер де Ұлы Жібек жолына тарихи мәнмәтінде зер салар болсақ, онда

осы аталған негізгі бағытпен адамзат өркениетінің дамуына игі ықпал еткен

сұрыпталған материалдық және рухани да құндылықтар тасымалданды (жібек,

қымбат тастар, дәмдеуіштер, былғары, жүн және де басқа тоқыма шикізаттары,

қағаз, кәрлен, шыны, шәй, шарап, күріш, өсімдіктер мен көкөніс тұқымдары,

киім-кешек, маталар, сәндік бұйымдар, опа-далап, қару-жарақ, кітаптар,

қолжазбалар, діни жарақтар, ою-өрнектер, адамдар пайдаланатын құралсаймандар,

басқа да керек-жарақтар мен жабдықтар. Бұлардан өзге, аңшы иттер

мен қыран сұңқарлар, тотықұстар, леопардтар, арыстандар, тіпті тірі құлдарға

дейін болатын). Керуендерге тарихтың әр кезеңінің өзіне тән «жүктері» артылып

отырғандай сезіледі. Керуендер, түйекештер, түйелердің мойындарына ілінген

қоңыраулар, киім-кешектер, керуен сарайлар, сауда жүргізілетін қалалар,

106

Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер

сатылатын және сатып алынатын тауарлар, айналымда жүретін ақшалар,

қатынас жасайтын тілдер, сауда жолдарын бақылайтын шенеуніктер, сарайлар,

империялар – бәрі де бірін-бірі алмастырып жатты.

Дегенмен, сауда айырбасы мәдениетінің бір «алтын ережесі» өзгеріссіз қалды:

адамдардың барлығы да тарихтың белгілі бір бөлігінде өз ара қарым-қатынасты

жаңа деңгейге көтеруге, бір-бірлерін тереңірек танып-білуге, ең қымбат

материалдық және рухани құндылықтарымен бөлісуге, соның нәтижесінде

өндіру және тұтыну мәдениетінде бұрынғыдан да қолайлырақ технологияны

игеруге ұмтылды. Мұның барлығы да жалпыадамзаттық құндылықтарды

қалыптастыруға деген ынталандыру болды. Осылайша, қазіргі заманғы әлемдік

өркениеттің көтерілген биігіне Ұлы Жібек жолы мәдениетінің де сүйеу

болғандығын әркімнің де ұмытпағаны абзал.

Бұған тарихи мәнмәтінде қарайтын болсақ, онда түркі әлемінің Ұлы Жібек

жолымен табиғи байланысы тарихтың барлық кезеңінде үш деңгейде өтті деген

қорытынды жасауға болады:

1. Ұлы Жібек жолының түркі мемлекетінің үстімен мыңдаған шақырымдарға

созылып өтуіне байланысты, түркі этногеографиясының топономикалық іздері

осы жолдың бойына сіңіп қалған.

Түркіден шыққан топонимдер – мекендердің географиялық атаулары Ұлы

Жібек жолының ізін көрсететін теңіз шамшырағы секілді көрініп тұрады:

Алтай, Тұрфан, Үш Тұрфан, Тарим, Такла-Макан, Жаркент, Қара қала (Енкі),

Куча, Ақсу, Қызыл су, Қашқар және Түркістан... (241, 39-41 беттер).

2. Тарихи ұзақ кезеңдерде негізгі әріптестер де, қатысушылар да, сондайақ

ұйымдастырушылар мен делдалдар да (түркіше «ортақ» сол кезеңнің

барлық мемлекеттерінде бұл сөз «делдал» сөзінің түсінігін береді және солай

пайдаланылады) түркілер болды.

3. Түркі мемлекеті мен империясы Ұлы Жібек жолының тарихи қызметін

трансеуразиялық коммуникациялық жүйе ретінде жүзеге асырды және де осы

жолдың екі мың жылдан асқан тарихи кезеңінде, белгілі аймақтық шекараларына

бақылау жүргізуді өз міндеттеріне алды.

Ұлы Жібек жолының саясаты түркі өркениетінің фундаменталдық

құндылықтарының қатарынан өз орнын ойып тұрып алды. Ол түркілік

дүниетанымның жан-жақты болуына жол ашты, ал түркілердің әскери-саяси

қабілеттілігін – Ұлы Жібек жолының ілгерілеуі мен пәрменіне жеткізді. «Әлемдік

тарихтағы Орталық Азия» монографиясының авторы, профессор Петер

Голден Жібек жолы тарихына арналған тарауында, Жапониядан Бельгияға дейін

созылып жатқан Жібек жолының дәлізінде қытай, тибет, тохар, үнді, грек, араб

және парсы тілдерінің арасында түркі тілі кең қолданымдағы ең танымал тіл

ретінде қалыптасты, деп атап көрсетеді (238, 50-60 беттер). Ұлы Жібек жолының

тарихына арналған іргелі еңбектерде, соның ішінде профессор Хинру Льюидің

(Қытай, АҚШ) «Әлемдік тарихтағы Жібек жолы» және профессор Кристофер

107

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

Бекуизидің (АҚШ) «Жібек жолы империясы. Қола ғасырдан қазіргі заманға

дейінгі Орталық Азияның тарихы» (281, 208 бет) атты сүбелі шығармаларында

түркі мемлекеті мен империясының Ұлы Жібек жолына қосқан үлестері жанжақты

зерттелген.

Сонау «ғұндар дәуірі» кезеңінің өзінде түркі этностарының Алтайдан

Еуропаға дейін таралуының өзі Ұлы Жібек жолының келешегін ашқан тарихи

үдерістердің бастауы болған еді (208, 93-111 беттер).

Азиалықтар мен еуропалықтар бір-бірімен алғаш рет тек найза түйістіріп қана

емес, сонымен қатар мәдениеттерімен, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен,

сондай-ақ өздері күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдары арқылы да

танысты.

Ғұндық түркі империясы бақылайтын аумақтағы алғашқы сауда жолдарының

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысқан Қытайдың Хан империясы,

айналып келгенде ғұндық түркілермен есептесуге мәжбүр болды. Ғұндық

түркінің императоры Мөде Қағанның кезінде (біздің дәуірімізге дейінгі 208-

175 жылдар) Ұлы Қытайдан Байкалға дейінгі құлашын жайып жатқан аумақ,

ал Чичи Қағанның кезінде (біздің дәуірімізге дейінгі 55-34 жылдар) мүмкіндік

шегі бұдан да кеңейіп, Еділ мен Жайық өңірінің барлығы да ғұндық түркілердің

бақылауында болды. Ғұндық түркілерден кейінгі Еуразияда екінші үлкен

әскери-саяси күштің қалыптасып, көктүріктердің басымдық жағдайға ие болуы

Ұлы Жібек жолының шекарасын Қара теңізден Жерорта теңізіне дейін кеңейтті.

Қытайдың тауарларын Орталық Азия мен Түркістанда танымал еткен соғдылық

бас саудагер Маниахтың ұсынысы негізінде Көктүрік империясының елшісі

Сизабу 571 жылы саясат, дипломатия және сауда салаларында келіссөздер

жүргізу үшін Византияға аттанады (281, 82 бет).

Ал Византияның елшісі Земарх екі ел арасындағы саяси және сауда жөніндегі

байланыстарды жолға қою мақсатында түркілерге сапармен келді. Осылайша

түркілер Ұлы Жібек жолы дипломатиясының негізін қалады. Дәл осы

уақыттан бастап Ұлы Жібек жолының «Алтын ғасыры» басталады. Қытайдың

жібекпен қоса өзге де тауарлары түркілердің төтенше әскери-саяси кепілі

арқасында Византияға жеткізіледі де, сол жерден Еуропаның көптеген басқа

елдеріне таратылады. Бұл мемлекеттердің бір-біріне әскери артықшылықтарын

көрсетулерінен кейін, олардың көшпелілер мен отырықшы өркениеттері

арасындағы бейбітшілік үдерісіне жалғасатын кездері болды: «Түркілер

тәжірибе жүзінде бұл қағидатты толығымен жүзеге асырды» (169, 144 бет).

V-VІІ ғасырларда Қиыр Шығыс аумағы мен Жерорта теңізін біріктірген

Көктүріктер империясы сауда жолдарына бақылау жүргізуді өз қолдарында

ұстады. Сол кезеңнің жетекші мемлекеттері – Византия, Қытай және Сасанидтер

империясы Көктүріктер империясымен келісілген Ұлы Жібек жолының саясатын

жүзеге асыруға мәжбүр болысты. Соғдылық саудагерлердің көмегімен түркі

(немесе Көктүрік) империясының Еуразияда құрған геосаяси жағдайы қытай

108

Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер

тауарларын Еуропаға тасымалдауға мүмкіндіктер берді. Дегенмен, кейінірек

аталған империя Шығыс көктүрік және Батыс көктүрік қағанаттары болып екіге

бөлінгенімен де, түркілер (оңтүстік бағытта – оғыздар, солтүстікте – бұлғарлар,

хазарлар мен ұйғырлар) сол бір тарихи кезеңде жетекші өркениет орталықтары

арасындағы сауда-мәдениет байланыстарды жетілдіру жөніндегі ең басты

делдалдар болып табылды. Біздің дәуіріміздегі 600-1000 жылдары шығысында

Жапониядан батысында Ұлыбританияға дейінгі аралыққа құшағын жайған Ұлы

Жібек жолы сол уақыттың негізгі көлік магистралы болып қалыптасты. Осы

жол бойына орналасқан түрлі мемлекетінің қалаларындағы «Сауда қоймалары»,

өзіндік реттеулер тәртібі бойынша жұмыс істеді (281, 70-71 беттер).

Ұлы Жібек жолы аясына кіретін елдер, аймақтар мен қалалар жедел түрде

ырғақты дами бастады. «Еуразиялық рынокты жібек саудасымен өзгерту» (281,

87 бет) экономикалық қарым-қатынастың кең және жан-жақты дами түсуіне

жаңа мүмкіндіктер ашты. Ортағасырлық қалаларда сол уақыттың халықаралық

сауда талаптарына сәйкес арнайы өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге

арналған учаскелер ашылды.

Әскери қуаттылықпен қатар экономикалық әлеует те, халықтың өмір сүру

деңгейінің көрсеткіші де салық төлеудің қабілеттілігіне сәйкес, мемлекеттің

қаржылық негізі халықаралық саясатта салмақты факторға айналды;

мемлекеттер, қалалар мен сауда орталықтары арасындағы бәсекелестік арта

түсті. Қуатты мемлекеттер Ұлы Жібек жолы үшін «үлкен күрестерге» бел

шешіп кірісе бастады. Түркілік салтанаттың үшінші толқынында, яғни осы

суперэтностың Ислам өркениетінің алдыңғы қатарына шығуына байланысты,

Ұлы Жібек жолының стратегиясында оңтайландырудың бұрынғыдан да

сергек әрі әбжіл қадамдарын игерудің қажеттіліктері туындады. Ұлы Жібек

жолының араб әлемі арқылы өтетін бөліктеріне бақылау жүргізу бірте-бірте

түркілердің қолына өтеді. Осы аумақта құрылған түркі-салжұқтар мемлекеті.

Араб халифатының ұзақ ғасырлық тоң-мұзын ерітіп, Ұлы Жібек жолымен

жалғасатын сауда және экономиканың жаңа бағыттарын енгізді. Арабтардың

басымдығына нүкте қойған түркілер бастары бытырап кеткен ислам әлемін

біріктіру үшін жаңа жағдайлар жасай бастады. Олар сауда және мәдени әлеуеті

күшті қалалар салумен қатар, осы қалаларға жеткізілетін тауарлары одан әрі

әлемнің бұрыш-бұрышына қарай тасымалдайтын кәсіби саудагерлердің пайда

болуына ықпал туғызды. «Ұлы Жібек жолының шығыс бағытын бақылауда

ұстаған түркі-салжұқтар, саудагерлерге арнайы кепілдіктер берумен қатар,

олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде де лайықты қызмет түрлерін

көрсетті» (281, 106 бет).

Еуразиядағы ондаған мемлекеттер мен жүздеген халықтардың басын қол

астына біріктірген түркі-моңғол империясы (ХІІІ-ХV ғасырлар) адам айтқысыз

жылдамдықпен құрлықтағы барлық бәсекелестерін саяси үстемдіктерінен

айырып, «ортақ» (делдал) деп аталатын халықаралық сауда және салық жүйесін

109

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

енгізу арқылы Ұлы Жібек жолы бойына әкімшілік әділдікті енгізді және оны

сақтай алды (208, 201-203; 281, 116-117 беттер). Бұл кейбір жағдайда қазіргі

заманғы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының халықаралық сауда құқығы және

оның міндеттері жөніндегі қызметтің алыста қалған өте қарапайым үлгісін көз

алдыңызға елестетеді. Мұнда тіпті, «адам құқығын қорғау» жөніндегі түсінік

те төбе көрсетеді. Соның нәтижесінде кез келген шет елдің азаматтары өз

отанынан тыс жерлерге еркін қатынап, бөтен мемлекеттің аумақтарында саудасаттықпен

айналысуларына мүмкіндіктер берілгені соның айғағы болса керек.

Әйткенімен де, мұндай өкілеттілік дипломаттар мен саяхатшыларға басымырақ

берілген. Сондықтан да Марко Поло (1254-1324ж.ж.) секілді және бұдан да өзге

саяхатшылар Азия елдерін аралап, олардың өмір сүру салты және мәдениетімен

танысуларына, бұл елдердің басқа халықтарға деген көзқарасы мен қатынасы

туралы ақпараттар жинастырып, пікір қалыптастыруларына жағдайлар жасалды.

Азия аумағындағы түркі-моңғол империясының көптеген қалаларын аралап

шыққан Марко Поло өзі болған жерлердегі дамыған мәдениет пен байлықтың

жоғары деңгейін көріп қатты таң қалады және бұған тәнті болады (280, 285

бет). Оның кезінде танымалдыққа жетіп, үлкен табысқа ие болған Шығыстың

шынайылығы туралы жазылған «Марко Полоның саяхаты» атты кітабы әлі

күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ, керісінше бүгінге дейін классикалық

бестселлер ретінде қымбат дүниеге айналған туынды болып отыр.1453 жылы

түркілер Константинополь мен Византия империясын басып алғаннан кейін,

Шығыс пен Батыс арасында саяси және экономикалық қарым-қатынастың жаңа

дәуірі басталады, бұл үдерістердің барлығының да Шығыстық түркі-исламның

басымдығымен жүргізіліп отырғандығын да атап өту керек.

Османдар, Сефевидтер және Моғолдар секілді түркінің үш алып империясы

Ұлы Жібек жолының жаңа дәуірінің қайта жаңғыруын қамтамасыз етті.

Еуразиядағы түркілер тек қана құрлықтағы емес, сонымен қатар теңіз

жолындағы (Үнді мұхитынан Жерорта теңізіне дейін) сауда қызмет түрлерін

бақылауды да өз қолдарында ұстайды (208, 204-222 беттер).

Өз араларындағы қайшылықтарға қарамастан, «геосаяси үштік»

аталатын Осман, Сефевид және Моғол империялары сол кездегі еуропалық

империализмнің ХІХ ғасырға дейінгі әлемді орап алуына қарамастан, Ұлы

Жібек жолын жетілдіруді ұйымдастыру және оған дайындықтар үдерісіне

негізгі қатысушылар қатарында танылды. Ұлы Жібек жолының XVI-XVIII

ғасырлары шығыстың қалаларын сауданың жетілдірілген мәдениетіне және

осының базасындағы мәдени-экономикалық байланыстардың бірегей деңгейіне

көтерудің классикалық тарту кезеңіне айналды. Ыстамбұл, Тебриз және Дели

қалалары саудагерлердің әлемнің түкпір-түкпірінен тауар толтырып, керуен

тартқан астаналары ретінде аттары шықты. Қытай – Орталық Азия – Кавказ

– Жерорта теңізін біріктірген тарихи бағыт, Әзербайжан арқылы өте отырып,

біздің осындағы Тебриз, Ардебиль, Баку, Гәнжі және Шеки секілді туған

110

Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер

қалаларымыздың тез арада гүлденіп, дамуына ықпал етті; олар өсті, шығыс

сәулетінің тасқа түсірілген классикалық шеберлігімен байыды, халықаралық

сауда қалаларына тән сапаларға ие болды. (сөз реті келіп тұрғанда айта кетерлік

жайт, біз пайдаланатын «қытай ыдыс-аяғы» сөзі «Қытайдан жеткізіліген ыдысаяқтар»

деген түсінік береді). Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынас

орнатқан Ұлы Жібек жолы жетістіктің жоғары деңгейіне алып шығатын және

осыдан тиімділікті ажыратып алуға ықпал ететін тәжірибелер алмасудың мол

мүмкіндігін ашты.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі еуропалық империализм

трансқұрлықтық көлік жүйесі ретіндегі Ұлы Жібек жолын қиратып, оның

орнына тек өздерінің ғана мүдделерін көздейтін жаңа халықаралық желіні

қалыптастырады. Осы уақыттардан бастап Батыс құрлықтың келесі бағытындағы

Шығысқа «отарланушы аумақ» ретіндегі пиғылмен қарап, ондағы байлықты

тасымалдауға көшті. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың арасындағы

«метрополия – периферия» аталатын әлемдік сауда режимінен туындаған

сауда тепе-теңдігінің өрескел бұзылуы ахуалды драмалық шиеленісушілікке

дейін алып келді. ХХ ғасырдың ортасына таман халықаралық сауда құқығы

нормативтері аясында жүзеге асырылған халықаралық сауда қатынастарын

жетілдіру шарасы сауда қызметі түрлерін жүйелендірді. Кеңес Одағы күйрегеннен

кейін Еуразиядағы тәуелсіз түркі мемлекеттерінің құрылуы әлемдік

сауданың кең жиынтығын құрайтын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту идеясын

қайтадан көтере бастады. Шындығында да, мыңжылдықтардың

өркениеттерін бойына жинақтап сіңірген Ұлы Жібек жолы адамзаттың өркен

жайып, дамуына зор үлесін қосты. Бұл жол тек тауарлар алмасуын ғана

қамтамасыз етумен шектеліп қалған жоқ, инновацияларды, технологияларды,

діндегі жетістіктерді, ғылым мен білімді де таратты.

Ұлы Жібек жолы әлемдегі ең ұзаққа созылған трансөркениетті сауда

желісі ретінде тек қана Шығыс пен Батыс бағыты арасындағы ғана емес,

кері бағыттағы сауда істерін де жүзеге асыра алды. Сонымен қатар Шығыс

қоғамына Батыстың көптеген жаңа дәстүрлерін де алып келді: «Орнаған

мықты мәдениетаралық қарым-қатынастардан парсы, қытай, соғды және түркі

мәдениеттерінің синкретизмі көрініс беріп, олардың бойынан табылатын бірегей

өнер туындылары өмірге келді» (169, 148 бет). Жалпы, Ұлы Жібек жолы қазіргі

уақытқа дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени

ықпалдастықтарын жүзеге асырды. Сондай-ақ, олардың өз араларындағы

қарым-қатынас түрлерінің бай тәжірибелеріне сүйене отырып, оның бүгінгі

таңдағы жаһандану қозғалысына қатысатындығын дәлелдейтін мәдени-тарихи

үдерістерді де басынан өткерді.

Ұлы Жібек жолы өзінің ішкі болмыстары мен өзіндік құрылымдық

сипаттары кешендеріне сәйкес, Шығыс пен Батысты және Батыс пен Шығысты

өте жақын етіп таныстырды. Сондықтан да ІІ және ІІІ мыңжылдықтар

111

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

тоғысындағы жаһандану үдерістерінің қажетті актісі ретінде Ұлы

Жібек жолы идеясы қазіргі заманғы көлік технологиясы базасында қайта

жаңғырудың жаңа мүмкіндіктеріне ие бола бастады: Ұлы Жібек жолының қайта

қалпына келтірілген нұсқасы ретіндегі «Жаңа Жібек жолы» қазіргі уақытта

TRASEKA (Еуропа – Кавказ – Азия Көлік дәлізі) жобасы аясында жүзеге

асырылып жатыр. Ұлы Жібек жолының Әзербайжан географиясындағы тарихи

және қазіргі заманғы маңызы ескеріле отырып, біздің елімізде TRASEKA-ның

Бағдарламалық Хатшылығын орналастыру жөнінде шешім қабылданды.

TRASEKA-ның Әзербайжан бойынша Үкіметаралық Комиссиясының ұлттық

хатшысы Акиф Мұстафаевтың баяндамасында, 1993 жылы Брюссельде өткен

Халықаралық конференцияда Еуропалық комиссия тәуелсіздікке қол жеткізген

посткеңестік елдерге саяси және экономикалық көмектер көрсету мақсатында

Қара теңіз, Кавказ және Орталық Азия аумақтарының көлік тасымалы жүйесін

одан әрі дамыта түсу үшін мемлекетаралық бағдарлама ретінде TRASEKA

жобасын бекітті, деп айтылады. Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан,

Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Түрікменстан республикалары аталған

бағдарламаның алғашқы қатысушылары болды. Ал осыдан сәл кейінгі жылдары

бұл бағдарламаға Украина, Молдова, Болгария, Румыния және Түркия да

қосылды.

Еуропалық Комиссияның техникалық қолдауымен жүзеге асырылған

бағдарлама көптеген қатысушы елдерде көпатқарымды тиімді халықаралық

көлік тасымалы жүйелерінің құрылуына және аймақтарға инвестиция тартуға

себеп болды (66, 26 бет). Аталған жобаның жүзеге асырылуын ұйымдастыруды

2009 жылдан бастап қатысушы елдер толықтай өздері жүзеге асырып келеді.

1998 жылдың қыркүйегінде Әзербайжан Республикасының Президенті,

жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің бастамасымен және Бакудегі

Еуроодақтың қолдауымен «TRASEKA – Жібек жолын тарихи қалпына келтіру»

атты Халықаралық Конференция болып өтті. Конференция жұмысына 12

мемлекеттің басшысы, 32 елдің делегациясы, Еуроодақ Комиссиясының және

13 халықаралық ұйымның өкілетті өкілдері қатысты. Әзербайжан, Болгария,

Грузия, Армения, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния,

Тәжікстан, Түркия және Украинаның мемлекет және үкімет басшыларының

Еуропа – Кавказ – Азия көлік тасымалы дәлізін дамыту мақсатындағы

«Халықаралық көлік тасымалы жөніндегі негізгі көптарапты келісім» құжатына

қол қоюлары Конференцияның басты нәтижесі болып табылды. Бүгінгі күнге

дейін Еуразияны жалғайтын халықаралық көлік тасымалы жобасының басым

бөлігінің жұмысы аяқталды, мемлекетішілік және халықаралық жолдар да

жүргізілді, алдағы атқарылар жұмыстардың көлемі де белгіленді.

Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев TRASEKA

Үкіметаралық Комиссиясының 4-ші Жылдық конференциясына қатысушыларға

арнап: «Әзербайжан Республикасы өзінің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан

112

Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер

бастап-ақ, халықаралық экономикалық байланыстарды одан әрі жақсарта түсу

мақсатында, коммуникациялық дәліздер құруды басымдыққа ие мәселе ретінде

белгіледі. Осы тұрғыдан қарағанда, Еуразиялық Одақтың қолдауымен жүзеге

асырылып жатқан TRASEKA бағдарламасының маңызы өте зор. Ұлы Жібек

жолының тарихи дәстүрін қайта қалпына келтіруге бағытталған бұл бағдарлама,

қатысушы елдердің барлығының да экономикалық дамуына қызмет көрсетіп,

олардың аймақтық және аймақаралық тығыз ықпалдасуларын қамтамасыз

етеді. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде басталғанымен, ол болашақтың жолы

(курсив біздікі – Дж. Ф). Біздің осы жолдағы әріптестігіміз, біздің халқымызды

молшылық пен ілгерілеушілікке алып келеді деп үміттенемін» – деп айтқан

болатын (11, 4 бет). Ұлы Жібек жолының қазіргі заманның халықаралық өмірінде

қайта өзектілікке ие бола бастауы – әлем дамуының тарихи заңдылығының

көрінісі. Бұл түркі әлемінің Үлкен Саясатқа қайта орала бастағанын дәлелдеп,

қазіргі заманғы Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени өмірдегі рөлінің

жанданып келе жатқандығын растайды.

Осылайша, Ұлы Жібек жолының кешегі тарихи сақтаушысы болған түркілер,

бүгін оны қайта жасаушы деген міндетті мойнына алып отыр. Немістің ұлы

философы М.Хайдеггер, «үлкен дүние қашан да үлкеннен басталады» деп

айтып кеткен. Жібек жолы да үлкен жол болғандықтан, оны бастап жүргізу де

тек ұлы түркілердің ғана қолынан келді. Тарих – осы ұлылыққа куә.

113

8. ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САПАСЫ:

МӘДЕНИЕТТЕР АЛУАНДЫҒЫ АЛАҢЫНДАҒЫ ТҮРКІ

ТІРШІЛІГІ

Түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойына Орталық Азиядағы негізгі

өркениет болып саналғандықтан, ол Қиыр Шығыста Қытай және Жапония

өркениеттерімен, оңтүстік-батыста – Үнді өркениетімен, Таяу Шығыста – Ислам

(негізі парсы және араб) өркениетімен, ал Батыста – Еуропалық және славяндық

өркениеттермен бекем де баянды қатынаста болды, дегенмен жоғарыда аталған

өркениеттерге қарағанда, оның мәдениеттер алуандығы кеңістігін көбірек

құруға қабілеттілігі жоғары еді. Алтай мен оның шегінде, одан әрі – Азия мен

Еуропаның географиясын жеткілікті дәрежеде кесіп өтіп, үлкен мемлекет пен

империя құру түркі суперэтносының ғана қолынан келетін іс. Сонымен қатар,

күні бүгін тіршілік етіп жатқан халықтардың мемлекеттігінің мызғымас берік

дәстүрлерін жалғастырып қана қоймай, оны одан әрі жетілдіре түсу, сондайақ

олардың әлемдік тарихтағы ұлы рөлі мен алып мәдениетін дамыту – міне,

осылардың барлығы да түркі өркениетінің этномәдениеттану мен этносаяси

әлеуетінің сарқылмас қуатының көрсеткіші болып табылады. Тарихи даму

үдерісінде әлемдік мәдениетті өзіне қарай және өзінен кері түркілік қарқынмен

өзгерте алатын, дәл осындай екінші суперэтносты (этнос тудыратын суперэтнос)

кездестіру тіпті де мүмкін емес шығар.

«Түркі өркениеті» секілді аса құнды шығарманың авторы Метин Айдоған

жоғарыда аталған сипаттық ерекшелікті алға тарта отырып, былай жазады:

«Тарихта бірде-бір қоғам, дәл осы түркілер секілді әлемге ағынан ашылып, алып

кеңістікке тарала алған жоқ. Бірде-бір қоғам, дәл осы түркілер секілді өзін де

және қарым-қатынас орнатқан қоғамды да өзгерте алған жоқ. Бірде-бір қоғамның

өзінше беталысы, түркі қоғамы жасағандай, тарихқа соншалықты әрекет ете

алмады және оның айтарлықтай ықпалы да болмады. Тарихи мезгілдердің

өзгеруі барысында түркілер ұзақ уақыттар бойы үнемі қозғалыста болды, олар

алыс өлкелерге аттанып, аяғы жеткен жерлерге ықпалдарын жүргізді және

өздеріне пана тапқан жердің ықпалында да болды. Өркениеттерге араласып

кетіп немесе оларды өздерінің бойына сіңіре отырып, бірігудің бұрынғыдан

да жетілдірілген үлгілерін жасады, тарихи және революциялық өзгерістердің

себептеріне айналды. Олар адамзаттықтың барлық кезеңінде тіршілік етті және

тарихпен бірге бірыңғай тұтастыққа айналды, деп айтады. Шынында да, осы

тұтастықтың күрделілігі мен тереңділігі соншалық, неміс ғалымы, профессор

Фриц Ноймарктің айтуынша, «егер де осы айтылып отырған тарихтан түркілерді

ажыратып алып тастаса, онда аталған «тарихтан» түк те қалмайды», деген

ахуал туындаған» (98, 9 бет).

114

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

Гуманитарлық ғылымдар бойынша жүргізілген сәйкес зерттеулер

қорытындысы Еуразиядағы мемлекеттіктің тұрақты тарихын жасаушылардың

нақ осы түркілер болғандығын растайды. Исламға дейінгі тарихи кезеңдердің

өзінде де түркілер мемлекеттіктің бай мәдениетіне, рухани шыңына, жазба

мәдениетінің жетілдірілген ерекшеліктеріне және экономика саласындағы

тасымал технологияларына ие болды. Еуразияның бірыңғай алып кеңістігі

түркілер бойындағы нақ осы жасампаздық қасиеттермен тікелей байланысты.

Осы себептерге қатысты, түркі өркениетінің исламға дейінгі тарихы мен ислам

кезеңін бағамдайтын, қазіргі кезеңі мен оның ықпалдастық бірлігін жүйелейтін

тұжырымдамалық тәсілдердің жан-жақты бағасын алуға болады.

Ал, түркі-ислам байланысынан туындаған ұшқын шығыс өркениетіне жаңа

энергетикалық теңгерім алып келіп, мемлекет пен дін, саясат пен өнегелілік

арасындағы қарым-қатынастарға тепе-теңдік әсерін туғызды. Бұл әсіресе

Исламдық Шығыстың тек адамгершілік тұрғысындағы өміріне ғана емес,

сонымен қатар олардың діни - ортодокстық көзқарастарына және әлеуметтіксаяси

өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізген түркі сопылығының

философиялық дағдысында жүзеге асырылды.

Түркілер шығыстың – араб, парсы және түркі секілді үлкен үш тілінде

мәдениет жасап, Шығыстың озық үдерістерінің барлығының басын біріктірді.

Осыдан шығатын түйін, түркілердің өзінің әскери-саяси және мәдени-рухани

үстемдігі басым өркениет құра алуы толықтай табиғи қалып болып есептеледі.

Сондай-ақ түркі дәуірінің бойында батыс империализмінің қанаушылық

пиғылына тән, жеңілген этносты басып-жаншитын, жою стратегиясы болған

жоқ. Көктүрік, Моғол, Атабек, Осман және Сефевидтен бөлінген барлық

халықтар өздерінің тарихи-мәдени тұрмыстық тіршіліктерін қалыпты жағдайда,

ешқандай да қысымсыз, алаңдаусыз жалғастырды. Түркі империясының қимылқозғалысында,

өз кезегінде алып империяның өзін дағдарысқа итермелеген ауыр

қайшылықтардың болғаны да рас. Түркі тарихындағы этномәдениеттанудың

жіктелу үдерісінде бірқатар ауытқушылықтар мен шығындар байқалғанымен,

ол өз тамырынан ажырамаған және өзіндік тұрпатқа ие түркі мәдениетінің

жасалуымен аяқталды. Жалпытүркілік бұл мұраның байлығы соншалық, қазіргі

заманғы ұлттық түркілік мәдениеттер соның негізіндегі ортақ құндылықтарға

ие. Аталған мол мұра негізінде қол жеткен жетістіктердің барлығы да олардың

ортақ байлығы болып табылады.

Әлемдік таңдаулы саяси және мәдени дәстүрлердің біріне ие болып отырған

түркілік шығармашылық ойлау қабілеті өзін қашанда үйлесімді және өте тиімді

қалыпта ұстайды. Аталған қалып мынадай векторлар бойынша қалыптасты:

жалпытүркілік мәдениет – әлемдік мәдениет. Аталған үлгі тарих пен қазіргі

заманның сынынан сүрінбей өтті. Сондай-ақ, Батыс мәдениетінің (Еуропаның

ұлттық мәдениеті мен Солтүстік Американың – Батыстың жалпыеуропалық

115

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

мәдениеті – әлемдік мәдениет) және араб мәдениетінің де (араб ұлттық мәдениеті

– жалпыараб мәдениеті – әлемдік мәдениет) іргетасы осы заңдылық пен

бірыңғай вектор негізіне сүйене отырып қаланды. Әлемдік дамудың жаһандық

үдерісінде аталған осы үлгі ұлттық мәдениет пен мемлекеттіліктің тіршілік

етуіне кепілдік бере алады. Қазіргі заманғы түркі ұлттық мемлекетінің сонау

ежелгі бастауында түркі халықтарының мемлекетін құрған, бүкіл тарихында

этномәдени байланысты және тарихи жіктеу кезеңінен бері қарай жалпы

құндылықтардың сақталуын тұрақты түрде дамытып және оны жалғастырып

келе жатқан тәжірибе мен дәстүрге өте бай мемлекеттіктің этногенетикалық

негізі тұр. Осы аталған іргетас тарихтың ең аяусыз кезеңдерінің өзінде де

шатқаяқтаған жоқ, керісінше – мүмкіндігінше беки түсті, дәл қазіргі сәтте ол

өзінің күшті де қуатты энергетикалық әлеуетін мақсатты бағытқа қарай бұрып,

оны қайтадан қозғалысқа келтіруге дайын тұр. Тарихи тұрғыдан алғанда, бүгінгі

күннің аренасында мәдениет алуандылығының сақталуы түркі болмысының,

оның бүтіндігінің динамикасын танытады. Ал өзге де мәдениеттермен тығыз

байланыс орната алуы, оның рухани баюы мен осыншалықты кең ауқымға

шығуының кепілі болды. Әмбебаптықтың үсті-үстіне дамып, оның үстіне

тарихи-мәдени үдерістердің де күрделене түскен кездерінің өзінде түркілер еш

абыржыған жоқ, керісінше ерік-күштерін үнемі бір арнаға жұмылдыра отырып,

өз мәдениетін үлгі стандартының ең алдыңғы және озық қатарына алып шықты.

Біздің пікірімізше, әлемдегі барлық мәдениеттердің өзара қарым-қатынастары

барысында түркі өркениеті төмендегідей атқарымдық сапаларға ие болды:

1. Мәдени ойлаудың табиғатын архетиптеу, яғни: түркілер үшін табиғат –

барлық жер – олардың отаны.

2. Даму үдерісі барысында өз тілі арқылы лингвистикалық «негізді» сақтау

орын алды: өзара өркениеттілік үдерісі барысында түркі тіліне шеттен енген

көптеген сөздерге қарамастан, оның санының өсуі түркі тілін шұбарлап,

құрылымдық ерекшелігін бұза алған жоқ, керісінше – бұл осы тілдің

сапалылығының көрсеткішіне айналды.

3. Түркі өркениетін қалыптастыру үдерісіндегі мифологиялық дүниетаным

оның «поэтикалық сәулетін» жасайды: түркі мәдениеті эпосының архетипі

көркемдік-эстетикалық дамудың келесі сатыларында жаңа үлгі мен әлпетте

көрініс береді.

4. Халық өздері құрған өркениеттің барлық кезеңінде де өздерін мемлекеттің

ажырамас бір бөлшегі ретінде көрсетіп келеді: түркі тарихындағы ұлыс –

мемлекеттің жиынтығы және ол түркілік саяси-мәдени өзін-өзі ұйымдастырудың

синергетикалық заңдылықтары ретінде танылады.

5. Түркілер жаңғыртуды өз тамырынан алшақтатқан емес: жаңашылдық пен

дәстүрлер бірлесе отырып, өздерін түркі өркениетінің өмірлік қағидаты ұғымын

сақтайды.

116

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

6. Түркі өркениеті барлық уақытта өз ішінде де, сондай-ақ басқа

өркениеттермен қарым-қатынасында да үндестік заңдылықтарын жасайтын

бастау биікке қарай ұмтылды. Басқа мәдениеттерге берлген және ол жақтан

алынғанның арасындағы тепе-теңдік осы өркениеттің ішкі тепе-теңдігінде

сақталды.

7. Түркілер Еуразияның алып кеңістігіне мемлекет пен имприя құрып, аталған

саяси құрылымда өз алдына жеке ұлттық мәдениет қалыптастырғанымен де,

айналып келгенде жүргізілген мәдени-саяси жіктеулер түркі өркениетінің

өзегін бұза алған жоқ. Түркі өркениеті тарихтың барлық уақытында да

түркілік ұлттық мәдениет үшін біріктіруші база ретінде қалып қойды және

осы «кернеуден» мызғымайтын негіздердің бойынан табылатын энергияны

күшейте түсудің нақты мүмкіндігіне ие болды. Осы тұрғыдан келгенде,

түркі бірлігі түркі өркениетінің біртұтастығы мен бөлінбейтіндігін көрсетеді.

Өркениеттің тарихы мен теориясына жаңа әдістемелер тұғысынан қарайтын

танымал зерттеуші Роджер Осборн Батыс өркениетіне әлемдік мәдениетті ілгері

дамытушы және оның тұтастығының қамтамасыз етілуіне себепші боларлықтай

ерекше құбылыс ретінде қарауға болмайтындығы туралы айтады. Әлемдік

өркениеттің жинақталған ерекшеліктеріне қарамастан, олардың айрықша бір

қасиеті саналған – «көп дауыстылығы» – бәрінен де тартымдырақ. Гректік,

эллиндік және римдік өркениеттердің басқа халықтар мен мәдениеттерге

жабайылар деген көзқарас танытуы, Батыс өркениетінінің өзге өркениеттерге

кемсітушілікпен қарай бастауына алып келді (175, 144-172 бет). Әрине, мұндай

қарым-қатынастардың әсіресе, Батыс империализмін өзгелердің төбесінен

қарайтындай «өркениеттік артықшылықтың» биігіне көтеретіндей әсерге

бөлегені рас. Аталған қарым-қатынасты ғылымдағы ұқсас өлшемдер бойынша

оңтайландыру барысы мәдениет пен өркениетті «өресіз» және «классикалық»

деп аталатын екі түрге бөлді.

Шынтуайтында, барлық мәдениеттердің көне заманғы қалыптасқан күйінен

бастап қазіргі жетілдірілген, классикалық жағдайына дейінгі өзіндік сара

жолдары бар екендігі жасырын емес. Өкінішке қарай, осы үдерістерді жеткілікті

материалдар қорымен зерттеген француз универитетінің тарихшысы, профессор

Нотр-Дам Фелипе Фернандес Арместо өзінің еңбегінде өрескел қателіктерге

орын беріп алған: ол өркениетке қатысты Еуразияның тарихи рөлі жайында сөз

қозғай отырып, тек қана моңғолдар туралы және өркениеттер арасындағы қарымқатынастар

орнатуға кедергі келтірген, Шыңғысханның қолымен жасалған

«сұмдық империя» туралы ғана айтуға тырысады. Бұдан да өткен түсініксіз

мәселе: Шыңғысхандай жаулап алушының келбетін жасау үшін, ол: «Моңғол

әскері қай бағытқа бет түземесін, бұл туралы үрейлі хабар ол келместен көп

уақыт бұрын тарап кететін», деген секілді армяндық дереккөздерді пайдаланды.

117

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

Армяндық дереккөздер батыс елдеріне «антихристің» келетіні туралы оның

алдын ала, көп уақыт бұрын үнемі ескертіп отырған: «олардың түрлері сондай

қорқынышты, бойында аяушылықтың бір тал сезімі жоқ, олар үшін адам өлтіру

деген тойға немесе мерекеге барғанмен бірдей», деп күні бұрын байбалам салып

отырған (142, 160 бет).

Жоғарыдағы баяндауда моңғолдардың аса қаһарлы түрі тек қана армяндық

дереккөздердің негізінде суреттелгені аздық еткендей, ендігі жерде ол аталған

этностың Еуразия тарихындағы шынайы рөлін де әділетсіз бұрмалауға жол

береді. Ал іс жүзінде моңғолдар XIII-XV ғасырларда Еуразияның саяси-мәдени

өмірінің алдыңғы қатарына түркілермен әскери одақ құру арқылы шыққан

еді. Осы уақытқа дейін және одан кейінгі XIX ғасырға дейін де түркілер

тарихтағы түркі өркениетінің, мәдениет адуындылығы алаңындағы түркілік

тіршіліктің, Еуразиядағы геосаяси және геоөркениеттің барлығының да авторы

болып табылды. Ф.Ф.Арместо Еуразия өркениетінің тарихынан «моңғолдық

эпизодтарды» көргенімен, есесіне бұл жерден түркілік туындыларды қасақана

көргісі келмей қалған.

Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының соңы мен ІІ мыңжылдығының басында

түркілердің Еуразия кеңістігіндегі шығыстан батысқа қарай қозғалысы кезінде,

осы аталған моңғолдар түркілердің арнайы әскери құрамы (қазіргі заманғы

десанттар секілді) рөлін атқарды. Сол уақыттың тарихи фактілеріне жүргізілген

обьективті зерттеулер Шыңғыс хан мен оның тарихи мұрагері Темірланның

кездерінде түркілер мен моңғолдардың әскери одағының үстемдік етушісі

және оның негізін құрушы этнос нақ осы түркілер болғандығын дәлелдейді

(230, 9-55 беттер). Олар тұрған жерлердің барлығында да түркілік мәденисаяси

жүйе қалыптасқан еді. Түркілер Каспий мен Қара теңіздер бойындағы,

Кавказ бен Парсы және Анадолының айналасындағы аумақтарда қалыптасқан

шиеленістерді шешушілер деңгейіне дейін көтерілді. Аталған аумақтардың

барлығында, сондай-ақ жергілікті және аймақтық деңгей көлемінде де (оның

ішінде моңғолдар арасында да) түркі тіліне ұлтаралық қатынас құралы ретінде

басымдық берілді (155, 385 бет).

Аталған аумақтарда моңғол тілін пайдаланудың нышаны сезілген

жоқ. Мәдени эволюциялық жүйе барысында мұнда моңғол тілінен келген

сөздерді кездестіру тіпті де мүмкін емес. Бұдан кейінгі тарихи кезеңдерде,

Моңғолияны есепке алмағанда, Еуразияның орталық жазығының барлығы да

тек түркі суперэтносының, түркі тілі мен түркі өркениетінің отаны саналды.

А.А.Арместоның болжамдарына қарамастан, өркениет тарихындағы дала-отан

тек катализатор рөлін ғана емес, сонымен қатар өркениетті тербейтін «бесік»

рөлін де қоса атқарды (142, 169 бет). Бесіктің тұла бойындағы бар қасиетін

түгелдей сақтап қалған түркі өркениеті өзінің табиғаты мен фольклорына

да соншалықты жақын болды. Георгий Гачевтің сөзімен айтқанда, түркі

118

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

пассионарлығының түп-тамыры өздерінің табиғи болмысынан нәр алып,

өздерінің «космопсихологиясынан» бір сәтке де болса ажырамауында жатыр

(148, 11-20 бет).

Түркілер қайда бармасын, олар туған «табиғатын», бітім-болмысын

өздерімен бірге алып жүрді. Мүмкін, түркілердің мейлінше ерек экологиялық

этнос атануының бір себебі де осында жатқан шығар. Пассионарлық түркілердің

бойындағы бұла күш саналады (153,155, 122-145 беттер). Түркі өркениеті

өз болмысына қарай жүздеген жылдар бойы Еуразияның бай табиғаты мен

этникалық түрлілігін және фольклорлық архетипін бойына сіңіре білді.

Сонымен қоймай, оларды рухани қуаттың күшті көзі мен бірлігіне, ұйымдасқан

әскери-саяси ұйымға айналдыра алды. Демек, бұл пассионарлық өркениет

болып саналады. Прототүркілік мәдениеттің іздері мен белгілерін сақтап

қалған, археологиялық қазбалардың қортындыларына сәйкес, «ғұндар өнерін

де скифтер секілді өте көне» деп есептуге әбден болады (241, 24 бет).

Ғұндар мәдениетінің материалдық үлгілерінен өздерінің бейнелерін

кездестіргендердің батырлық кейіптері келе-келе өнердің түрлі салаларындағы

шығармалардың тұрақты сюжеттік желісіне айналады. «Түркілердің бірлескен

өткенінен, түркілердің бірлескен болашағына» мағынасындағы өркениет

қозғалысы (56, 74 бет), еш уақытта да тоқтап қалмайды, керісінше, оның

қозғалысы нақ сол кезеңдерден басталады. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі І

мыңжылдықтың ортасына қарай қалыптаса бастаған көне түркі эпосы, «эпикалықмифологиялық

ойлаудың ізденістерінің нәтижесінде» пайда болған (29, 3 бет,

230 бет). Түркілердің бүкіл тарихы, олардың тілі мен ойлау қабілетінің барлығы

да түркі мәдениеті эпосының санасына сіңіп қалған. Соның нәтижесінде «Оғыз

Қаған», «Қорқыт Ата кітабы», «Көрғұлы» және «Манас» секілді көптеген алып

батырларға арналған эпостар жазылды. Бағындырушы түркілердің сипаты

мен бейнесі осы айтылған эпикалық шығармалардың прототипіне айналып,

осы еңбектер бойынан көрініс табады. Егер кезінде түркілер Еуразияның бір

түкпірінде «бастарын бұғып», бетегеден биік, жусаннан аласа кейіпте отырып

қалғанда ғой, онда олар еш уақытта да дәл осындай монументалды еңбектер

жасай алмаған болар еді. Тағы бір маңызды жайт, түркі мәдениеті эпосының

ерекшелігі, этногеографиясы, этнографиясы, нақты тарихи әңгімесі, сюжеттің

шиеленісуі, батырлардың ержүректігі, мемлекеттік ар-ұждан түрлі халықтармен

жүргізілген жан-жақты байланыстардың барлығы да осы ескерткіштерде

Еуразия кеңістігі секілді көлемділігі мен кемелділігі өзіне тән түрлі-түстілігімен

құбылта көрсетіле алғандығында болып отыр.

Түркі этномәдениетінің жүйесі өзінің құрылымдық және атқарымдық

қасиеттеріне қарай, «тұтастықты көрсетеді және әлемдік үлгінің тұтастығын

қорғаушы ретінде бейнеленеді. Бұл тұрғыда жалпытүркілік мифологиялық

дүниелер үлгісі біркелкі. Оның қандай да бір элементтерін түркі халықтарының

119

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

арасынан кездестіру түк те қиын емес. Сонымен қатар, жекелеген түркі халықтары

арасында кездесіп қалатын әлем үлгілері бас үлгілердің негізгі нұсқалары

болып қалуы да ғажап емес. Бас үлгі өзінің біртұтас күйінде де, элементтік

нұсқасында да жекелеген түркі халықтары ішінде өзгерістерге ұшыраған

жоқ. Ол күні бүгінге дейін тұрақты өмір сүріп келе жатқан жалпытүркілік

мифологиялық әлемнің үлгісі болып қала береді» (27, 34 бет). Түркілік эпикалық

мәдениеттің классикасына енген әр кезеңнің өзіндік эпостары, кейінгі жіктеу

үдерістерінде түркі суперэтносының жеткілікті деңгейде ұлттыққа айналуы

(қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан және түркі халықтары), біртұтас

Түркі Кітабына, ал дәлірек айтқанда түркі халықтарының бірлігі мен түркі

әлемінің біртұтастығына алып келді.

Мәселен, «Қорқыт Ата кітабы» шығармасының ең басты идеясы Сыртқы

және Ішкі, яғни шашыраңқы және жинақы тұрып жатқан Оғыздар арасындағы

қайшылықтарды біржолата жою болып табылады. Нақ осы идея монументалдық

эпостан жан-жақты жанрларға көшу барысында өзеннің түрлі арналарынан

жылжи ағып жатқандай әсерге итермелейді, алайда ол барлық тұста да өзінің

мәнін сақтап қалады. Шағын жанрлардың эволюциялануы барысында түркі

мәдениеті өзінің ойлау және тіл ерекшеліктерін сақтап қалады. Туюгтарды

баяттар, озандарды ашугтар алмастырады. Шатырды сарайлар, ал эпостарды

поэмалар алмастырады. Дегенмен, жаңарудың қай сатысында болмасын

түркілік үлгі мен болмыстың бояуы өзгерген жоқ. Профессор Магеррам

Гасымлы, «түркі ұлысы жүздеген жылдар бойы қылышты өзінің қолының,

ал сазды әуенді – өз жүрегінің жалғасы деп есептеді», деп атап өтеді. Ал егер

де «қобыз түрленісі үдерісін» мысалға алар болсақ, онда қобызды Алтай –

Түркістан – Кавказ – Анадолы жүйесінің шеберлігі тұрғысынан алғанда, оның

эволюциялану үдерісі қаншама байлықты бойына сыйғыза алып отырғанын

көреміз (57, 117-118 беттер). Жалпы алғанда, барлық түркі халықтарының

музыка мәдениетіндегі қобыздың эволюциялану үдерісі өзіндік ерекше үлгіде

жүргізіліп, ол жіктелудің әрбір кездескен бағытында озан өнерінің архетипін

бойында сақтап қала алды. Әзербайжанның ашуг өнері сопылық бейнелемеге

дейін өскенімен, «архетиптік ұяда» «қам-шаман кешеніне» тіршілік сыйлайды

(57. 7, 127 бет). Әзербайжан фольклорындағы баяттар алдыңғы қатарға озып

шыққан уақыттарда, сол кезеңнің поэзиясы (XIV ғасыр) әлі де араб және парсы

тілдерін ұмыта қоймаған шақ болатын. Ал тура осы кезеңдерде қарамандар мен

османдар және түркі тайпалары үнемі өз ара қақтығыста болып отырды. Өз ара

өршіген жауластықты ауыздықтап, елдегі заңдылықты күшейту мақсатында

Ғази Бурханеддин ең көне жанрлардың біріне негізделген туюг жазып шықты.

Өйткені, туюг дегеніміз тайпалардың таралу тамырының ең тереңіне үңілуге

шақырып, түркі бірлігінің баянды болуын жырлайтын өнер туындысы.

Түркі өркениетін ислам өркениетімен синтездеу кезінде әлем тарихында

бұған дейін болып көрмеген ең бір қызықты оқиға орын алды. Исламмен қанат-

120

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

тас жүруді бастаған түркілер көп ұзамай діни-өркениеттік өзгерістерге

ұшырап сала берді. Сонымен қоймай, түркілердің өздері де ислам әлемі өмірін

демографиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өзгерістерге

кеңінен ұшыратып, оларды аз уақыттың ішінде күшті әскери қоғамға айналдырып

жіберді. Сондай-ақ, осы кеңістікте орналасқан барлық мемлекеттерді басқару

тізгінін түркілер өз қолдарына алды (100. 134-281, 241, 141-501 беттер).

Түркі өркениеті исламды бойына қаншалықты сыйғыза алса, түркілердің

мұсылманшылығы да соншалықты деңгейде қалыптасты. Біздің дәуіріміздегі І

ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың басында (950-1150 жылдар) «мұсылман әлемі»

мен «түркі әлемі» тұтас бір денеге айналу үдерісін бастарынан өткерді (171).

Сондай-ақ, түркі мен ислам өркениеттерінің бірлігіне негізделген үдерісте

түркілердің саяси қалауы Мұсылмандық шығыста бір-біріне селбескен жаңа

өркениетті қалыптастыруға жол ашты.

Түркі суперэтносы ислам өркениетіндегі алдыңғы қатардағы қуатты ел

атанды және де ол өз кезегінде әлемдегі ең озық өркениеттің біріне айналды.

Х-ХІІ ғасырлардан бастап Таяу және Орта Шығыс халықтарының өміріне шұғыл

бетбұрысты алып келген «алмасу кезеңдері» (171, 3 бет), ислам және түркі

өркениеттерінің бірлесе дамуларына зор мүмкіндіктер әкеліп, «мұсылмандық

ренессанс» аталатын тарихи үдемелі мәдениеттер толқынын туғызды. Пассионарлық

исламдық өркениеттік іргетас ретінде қалыптасқаннан кейін, түркі

өркениеті Көктүріктер кезеңінен кейінгі екінші және ең бір шешуші толқында

түркі тілін Исламдық Шығыстың халықаралық қатынас құралына айналдырды.

Шығыс мәдениетінің небір классикалық туындылары мен ескерткіштері осы

тілде өмірге келді. Біздердің бұған дейін атап өткеніміздей, араб, парсы және

түркі секілді Шығыстың үлкен үш тілінде жазып келген түркінің таудай ақылға

ие, терең ойшылдары әлемдік мәдениеттің жан-жақтылануына тың серпін

беріп, мәдениетаралық қатынастардың көптілділік негізін жасады... Дінді

(теологияны) оңтайландыруды, жалпыадамзаттық құндылықтардың барлық

адамдарға тиістілігі идеясын, қоғамдық заңдылықтар мен саяси жетекшілердің

әділдігін, адамгершілік және дене сұлулығын, отбасылық құндылықтарды,

Құдайға сүйіспеншіліктің кереметтігін ғылыми, философиялық жоғарғы

көркемдік шеберлікпен және гуманизм философиясының ғылыми қисынын

келтіре ашып берген жалпытүркілік поэзияның, ғылымның және философияның

классиктері әлемдік мәдениеттің дамуының жаңа кезеңдік қайта жаңғыруына

тың серпін берді (56. 62-127, 133,164 беттер).

Түркі империясы түркі, ислам және әлем мәдениеті мен тарихына мүлдем

жаңа көзқарастар қалыптастыратын қоғамдық ғылымның, тарихтың, медицина

мен табиғи ғылымдардың, географияның, математиканың, астрономияның,

биология мен технологиялық ілімдердің дамуына баса назар аударып

отырды. Бұдан өзге, түркі империясы түркілердің дүниежүзілік идеологиясын

121

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

насихаттайтын жүйелік идеология қалыптастырды, сондай-ақ әлемдік

деңгейдегі классиктердің шығармаларын империялық аталатын – араб, парсы

және түркі тілдеріне аударды (304). Жалпы алғанда, түркі империясына

қарайтын қалалар мен облыстарда жан-жақты және көптілді орта қалыптасты.

Сондықтан да, дәл осы кезеңдерде парсы тілінде жазатын Низами Гәнжәуи мен

Мәулана Жалаладдин Руми, сондай-ақ түркі тілінде жазатын Юнус Эмре мен

Имамеддин Насими (ол сонымен қатар араб және парсы тілдерінде де жазды)

және басқалардың танымалдыққа ие болулары кездейсоқтық емес еді. Тіпті

түркі билеушілерінің өздері де шығармаларын жетекші үш тілде жазды, осылай

ету арқылы олар саяси биліктің тірі мәдениеті және өнерімен біте қайнасып келе

жатқандығын дәлелдеп, олардың бір-бірінен еш уақытта да ажырмайтындығын

көрсетті. Түркі өркениетін исламмен қатар дамыту ісі үздіксіз жүргізілді және

ол жүздеген жылдарға жалғасты. Түркі-ислам мемлекеттерін басқару Таяу

және Орталық Шығыс саясаткерлеріне, осы аумақта тұратын халықтарды өз

ара ықпалдастыруға және олардың мәдениетін түркі әрі ислам өркениетімен

жақындастыруға жол ашып берді.

Түркілердің саяси үстемдік құруы исламды дін, мәдениет және саясат

ретінде оның тарихының ең бір жарқын кезеңдеріне алып келді. Мұны түркілер

мен арабтардың алғашқы араласа бастаған кезеңдерінен мәліметтер беретін

араб дереккөздері растайды. Онда арабтардың көптеген артықшылықтары

жөнінде айтылған. Арабтар түркілердің әскери ержүректігі мен соғыс өнерін

жетік игерулерін өте жоғары бағалаған (143, 21-22 беттер). Француздың

ХХ ғасырдағы екі көрнекті ғалымы – Анри Массе мен Фернанд Браудель

аймақтағы түркі мемлекетінің бірыңғай саяси-өркениет кеңістігіне айналу

фактісіне түсіндірме бере отырып, түркілердің жауынгерлік ержүректігін және

әскери қуаттылықты ақылды саясатпен үйлесімді байланыстыратындықтарын

алдыңғы қатарға шығара айтқан болатын. Сонымен қатар олар түркілердің

өздерінің әскери-саяси қуатын өркениеттің құндылықтарымен бекіте түсуге

бағытталған қадамдарына өте жоғары бағалар берді (61, 190-227 беттер;

209, 55-68 беттер). Түркі өркениеті өзінің ерекше гүлденген кезеңдерінде

мәдениет пен өркениеттің архитектоникасын жасады және онымен де өзара

қатынастарда болды. Үнділік, Қытайлық, Исламдық, Батыстық және Славяндық

өркениеттерге қарағанда тек қана түркі өркениеті ғана өзінің мақсатты бағыты

мен жұмылдырушы қызметін адамзаттың тарихи дамуын прогрессивтік

бағытқа қарай қайта бағыттау жөніндегі бастамашылығын айқын да анық

білдірді. Түркі өркениетінің гүлденуінің арқасында Шығыстың қайта өркендеуі

ілгерілеушіліктің ең жоғарғы көрсеткішіне жетеді. Аймақтағы мемлекеттердің

саяси менмендіктеріне байланысты өркнеиеттер арасындағы шиеленісушілік

пен драмалық ахуалдарға қарамастан, олар қарқынды дами түсті және өз

құндылықтарын қалыптастырды.

122

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

Тарихтың есінде мәңгі сақталатын, соншалықты ұмытылмас фактілердің

біріне түркі мемлекеттерінде ұлтаралық кемсітушілікке еш уақытта да жол

берілмегендігін жатқызуға болады. Тіпті, басқа ұлттар мен өзге діннің осында

тұрып жатқан өкілдері мемлекет ішінде алға жылжып, керек десеңіз, жоғарғы

билікке де ұсынылып отырған. Өзінің саяси өмірбаянын өзінің туған түркі

тілінде жазған, Ұлы Моғол Империясының негізін салушы Бабыр мен оның ісін

жалғастырушы Акбар өз елінде (Үндістан) өмір сүру және даму мақсатында

барлық ұлттар мен дін өкілдеріне тең құқық берді (190. 69-72 беттер; 275.178-

183 беттер). Түркі-ислам өркениетінің ілгерілеген кезінде (XI-XVII ғасырлар)

түркі мемлекетінің астанасына әрқилы мәдениеттер мен өркениеттердің ең

мықты деген шеберлері мен қолөнершілері шақырылды. Солардың қатысуымен

өңірлерде классикалық мәдениет пен шынайы өнердің орталықтары құрылды

(мәселен, Сефевидтер империясының билеушісі Шах Исмаил Хатайдың

Тебриздегі миниатюра мектебі). Ұлы Моғол билеушісі Джахан Шах бұрынғы

өткен түркілердің (XVI ғасыр) Үндістанның астана ретінде таңдаған Агра

қаласында, «сәулетшілер, шеберлер мен суретшілер, сондай-ақ 200 мыңнан

астам тас қалаушылар мен жұмысшыларды жұмылдыруы нәтижесінде 17

жылда әйгілі «Тәж Махал» кесенесін салып бітірді» (314, 434 бет).

Осман әскеріне жаңа шерік (Осман сұлтанының жеке әскерлерін және

оққағарларын құрайтын топ) ретінде қосылған Румели мен исламды

қабылдаған Мемар Синан (1494-1588 ж.ж.) кейіннен Стамбұлда Сүлеймение

кешені мен бұдан басқа да ондаған сәулет ескерткіштерін тұрғызады. Осман

империясының сүйіктісіне айналған Мемар Синан көзі тірісінде мемлекеттің

үлкен қамқорлығына алынды. Оның иелігінде 18 алпауыт қожалығы, 38 дүкені,

9 үйі, сондай-ақ жер учаскелері, диірмендері және шағын мешіттері мен

медресесі болды (243. 22 бет). Осы уақыттар кезеңнің эстетикалық мәдениетінің

жан-жақты бағыттарын таңдайды да, соның негізінде үстемдік етуші «түркілік

стиль» және «исламдық бейнелеме», сондай-ақ ілгерілеуші дәстүрлер мен

қолөнер құндылықтары өздерінің шоғырлану нүктесіне жетіп, нәтижесінде

өзіндік синкреттік шығармашылықтың жаңа үлгісін дүниеге алып келеді (314.

392-401, 425-436 беттер; 171.18-19, 231-261 беттер; 100.243-260 беттер; 93.94-

101, 63 беттер).

Бұл ескерткіштерде түркі әлемінің негізділігі, біртұтастығы және

әркелкілігі секілді ерекшеліктері мен тамаша қасиеттері қоғамдық-саяси көзқарас

тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар эстетикалық мәдениет көзқарасы

тұрғысынан да айқын көрініс беріп тұрады. Түркілер еш уақытта да басқа ұлттар

мен діндерге қатысты кемсітушілікке жол берген жоқ, сондай-ақ олар басқа

халықтардың тарихи ескерткіштеріне, қолөнер технологияларына, ар-ұждан

пен рухани құндылықтарына ерекше құрметпен қарады. Өмірде өздерін атақты

рулар мен сословиелердің өкілдері ретінде көрсететін олар барлық уақыттарда

123

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

басқа да қоғамдар мен мәдениеттердің, олардың шығармашылық стильдері

мен озық өмірлік тәжірибелерінің қажетті тұстарын өздеріне пайдалануға және

қолдануға тырысты. Мәселен, Орталық Азиядан бастап Анадолыға дейінгі

барлық көне мәдениеттердің ізі әлі күнге дейін өшірілмеген, бұзылмаған

күйінде сақталып қалды. Көпнәсілді, көптілді, көпмәдениетті және көпдінді

түркі қалалары мәдениеттер алуандығы көзқарасын ұстанушы ретінде дамыды.

Мұндай көпдауыстылыққа тіпті қазіргі заманғы Америка мен Еуропаның өздері

де қызыққандай еді. Сондай-ақ, қала салушылық, сәулетшілік, миниатюра өнері,

кілем тоқу, керамика және қолөнердің басқа да салалары шеберліктің ең шырқау

шегіне дейін көтерілді (126). Әлемдік тәжірибеден әдебиеттің, ғылымның және

білімнің құндылықтарын бойына жинақтаған түркілер шығыстық ар-ұждан

мәдениетіне, білімге және тиімділікке сүйенетін өлшемдерінде артықшылық

тұстарының басым екендігін айғақтайды.

Түркі әлеміндегі әр жақты білім берудің белең алуының қатты дамығаны

соншалықты, тіпті кей кездері аталмыш сала ахуалының уыстан шығып кету

қауіпі туындай бастағандай әсер қалдыратын сәттер де байқалып қалып жатты.

Дәл осындай күрделі уақыттарда түркі өркениеті негізінің шатқаяқтауына

бір қадам да жол бермейтін түркизм қозғалысы қалыптаса бастап, аталған

жағдайларға қатысты қарсылық шаралар қабылдана бастады. Сол уақыттардағы

орын алған жағдайларды жақынырақ танып-білу үшін, ХІХ ғасырдағы Осман

империясында 465 америкалық, 83 ағылшындық, 72 француздық, 44 орыс, 24

итальяндық, 7 неміс, 7 австриялық, 3 грек миссионерлік мектептерінің ашылып,

олардың бір мезетте жұмыс жасағандығын атап өткеннің өзі де жеткілікті болар

(98. 149 бет). Әрине, осыншалықты құжынап кеткен мектептердің әрқайсы да тек

өздерінің көздеген мүдделеріне сай іс жасап, балаларды осы бағытта тәрбиелеп,

оқытқаны шындық. Ал тап осы кезеңдері басқа елдердің аумақтарында (атап

айтқанда, Иран, Ресей және Қытай) өмір сүріп жатқан түркі қауымдарына

қарсы, оларды өздерінің ұлттық тамырынан ажыратуға бағытталған саяси

және идеологиялық жұмыстар ашықтан-ашық жүргізіліп отырғандықтан, оның

барысы алдыңғысынан да қауіптірек еді.

Дегенмен, мылтықсыз жүргізілген осындай сұрқия майдандарға қарамастан,

империализм тарапынан жасалған орынсыз шабуылдар мен әділетсіз

соқтығысулардың барлығына да шыдамдылықтың үлгісін көрсеткен, сондайақ

түркі қауымдастығы өркениетінің кодын сақтаушы болып табылатын түркі

өркениеті шамамен 150 жылға созылған күрестерден кейін, яғни ХХ ғасырдың

соңына қарай өз тәуелсіздігіне қайтадан қол жеткізу бақытына ие болды.

Түркі халықтарының әлемдік деңгейдегі бұл жеңісі жалпы түркі өркениетінің

жеңімпаздық қасиетінің айнымас көрсеткішінің бірі болса керек.

Қазіргі заманғы тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық мәдениеттерінің

бойында түркі өркениетін әлемдік деңгейге көтеріп, аталған биіктен көрсете

124

Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі

алатын шығармашылығы қуатты әлеуеті бар. Егер де біз бүкіл әлемге түркі

өркениеті сыйлаған саясат, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің

есімдерін еске түсірер болсақ (Мұстафа Кемел Ататүрік, Гейдар Алиев, Тұрғыт

Озал, Нұрсұлтан Назарбаев, Хасан Өзбекхан, Лютфи Заде, Тофик Фикрет,

Намик Камал, Рашад Нури Күнтегін, Фазыл Хюсню Дагларджа, Наджиб

Фазиль Гысакюрек, Әзиз Несин, Гафур Ғұлам, Муса Жәлел, Шыңғыс Айтматов,

Кара Караев, Бахтияр Вахабзаде, Тоғрұл Нариманбеков, Олжас Сүлейменов,

Мұхтар Шаханов, Ораз Ягмур, Рауф Пярви және басқалар секілді.), онда

түркі мәдениетінің жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманизм идеалдарын

қалыптастыруда, ілгерілеушілікке бастайтын, сондай-ақ ұлттық-мәдени

ойлауды тоқтататын жаппай идеологиялық құралдарды жою жолында алдыңғы

шепте келе жатқанымызды көреміз.

Қазақтың аса көрнекті ақыны және терең ойшылы Олжас Сүлейменов өзінің

сонау 1972 жылы жазған «Аз и Я» шығармасында Еуразияны түркі рухының

отаны екендігін бұлтартпас дәлелдермен тастай етіп бекітіп берді, сондайақ

түркі тілі мен оның мәдениетін де көне өркениеттің тамырымен тығыз

байланыстырды. Сонымен қатар өткен ғасырдың 80-ші жылдары «Невада-Семей

ядролық қаруға қарсы қозғалысыына» жетекшілік еткен Олжас Сүлейменов

аталған халықаралық деңгейдегі соғысқа қарсы экологиялық қозғалыстың

миссиясын төрткүл әлемнің түкпір-түкпіріне дейін түгелдей танымал етті.

Сондай-ақ, ендігі жерде «Өркениеттің адасуы» және «Жазагер жады

космоформуласы: Шыңғысханның пенделік құпиясы» атты алып тынысты

монументалдық эпостық романдардың авторы Мұхтар Шаханов туралы сөз

қозғар болсақ, италиялық жазушы Роберто Чичули қазақ ақыны туралы былай

деп жазады: «Еер де шындықтың бетіне тура қарап, мәселенің ашығын айқара

айтар болсақ, онда Еуропадағы қазіргі заманғы замандастарымыз арасында

дәл Мұхтар Шахановқа тең келер тегеурінді жазушы жоқ», дейді (197, 8 бет).

Түркі өркениетінің қайғылы тағдырын ерекше шынайылықпен суреттеп, оны

қайта тірілткен, сондай-ақ жалпыадамзаттық маңызды жаһандық мәселені де

айналып өтпеген бұл шығармалардың ЮНЕСКО деңгейінде талқылануының

өзі кездейсоқтық болмаса керек. Сондай-ақ олар «Жібек жолындағы ғылым

мен ар-ұждан» атты халықаралық конференцияда арнайы түрде талқыланатын

тақырып ретінде де күн тәртібіне енгізілді. Егерде бүгінгі күні түркі әлемі бірлігі

идеясының өзектілігі арта берер болса, онда осы идеяның жүзеге асырылуына

тәуелді болып отырған қисынды шындықтың әу бастағы шынайылығы басты

назарға ілініп, түркі өркениеттерінің барлық деңгейдегі сана-сезімінің үдерісі

жемісті түрде жалғасын табатын болады.

Түркілік саяси-мәдени жүйенің бірыңғай тұтас сипатта көрінуі өз өркениетін

мәдениеттердің алуандығы сахнасында еркін сезіне алуымен, сондай-ақ

заңдылықтар жүйелілігі және түркі болмысының өзін-өзі танытуға деген

125

ІІ ТАРАУ Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет

шешімділігімен тығыз байланысты болды десек артық айтқандық болмас еді.

Осы себептер бойынша аталған өркениеттік кеңістікке енген түркі халықтары

мәдениетінің таңдаған басты бағыты Еуразияда жылжыған түркі бірлігі

идеясының траекториясымен қанаттаса отырып, бірге даму еді. Ал аталған

траекторияның таңдаған негізгі жолы түркі өркениетін жаһандық өркениеттің

озық үлгідегі үдерісімен жалғастыру болды.

126

ІІІ ТАРАУ

ЕУРАЗИЯ МЕН ТҮРКІ

МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ

БОЛАШАҒЫ

9. АЗИЯ МЕН ЕУРОПА: ТҮРКІЛЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ

ҚОСҚАН ӘЛЕМІ

Еуразия. Ол тарихи-географиялық дихотомиядан және «Еуропа» мен

«Азияның» белгілі бағыттағы саяси-мәдени реттелулерінен кейін де өзінің

табиғи көлеміндегі біртұтастығымен қабылданатын құрлық.

Еуразия. Ол әлемдік төрт алып мұхиттың дәл ортасындағы аумағы ең үлкен

құрлық, ол толқыны таудай буырқанған саяси мұхит.

Еуразия. Ол айбынды империяның, пассионарлық этностың патшалығы. Ол

қария халықтар мен жаңа туған ұлттың Отаны.

Еуразия. Ол соншалықты тоқтаусыз құмарлықпен Шығыстан Батысқа және

Батыстан Шығысқа қарай ұмтылған шексіздіктер легі.

Еуразия. Ол соғыс пен өркениеттің, қызу қан мен ақыл-парасаттың, қылыш

пен қаламның бір-бірінің тыныс алуларына мүмкіндік бергізбеген алып алаңы.

Еуразия. Ол Еуропадан Азияны, ал Азиядан Еуропаны іздеген романтик.

Сайып келгенде, Еуропаның Азиясыз, ал Азияның Еуропасыз тіршілік етуі

мүмкін емес екендігін түсінген реализмді жақтаушы.

Еуразия, оның тарихи тағдыры мен саясатында ең маңызды деген оқиғалар

орын алды және олардың шешуші бетбұрыстарының барлығы да айқындалып

қойды. Сондай-ақ, басқа түскен қайғылы үдерістерден үлкен тәжірибелер

жинақтаған ол бұдан арғы даму бағытын кездейсоқтықтың уысына беріп

қоймаудың қисынын дұрыс түсіне алды. Бұл оның кейінгі кездегі тағдыры

барысынан анық көрінеді. Тарихи-саяси үдерістердің өзара қиылысып та және

тығыз байланысып та жатқандығы соншалықты, геосаяси парадигма негізіне

сәйкес Еуразияны планетаның «өзегі» (Heartland) және тарихтың географиялық

«ядросы» («The Geographical Pivot of History») деп те атап кетті (282. 431-436

беттер). Осы идеяның авторы, британдық географ және академик Хэлфорд

Маккиндер аталған геосаясаттың негізін қалаушы болып табылады. Ал геосаясат

өз миссиясын саясаттың халықаралық орталығы саналған Еуразияға қосып

қоюдан басталады. ХХ ғасырдың басында (1904 жыл) Хэлфорд Маккиндер

өз идеясының түп негізін былайша: «Кімде-кім Еуразияны басқара алса, сол

әлемді билейді», деп қалыптастырады(282. 448 бет).

Сондықтан да халықаралық саясаттың бастаушылары, міне, жүздеген

жылдар бойына аталған теорияның әміріне сәйкес «әлемді билеу үшін Азияны

билеу қажет» жоспарын жүзеге асыруды ойластыруда, сондай-ақ осыған сәйкес

алғашқы қадамдарын да жасап жатыр. Ал өз кезегінде геосаясаттың тарихы

мен оның қазіргі заманғы даму үдерісі, «бөтен ойыншылардың» «Еуразияның

ішкі жан дүниесіне» үңілісінің және әлемді оның орталығынан басқаруға

ұмтылысының – барып тұрған қисынсыздық және оның еш уақытта мүмкін

128

Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі

емес екендігін көрсететін сындарлы қатынас пен шынайы түсінікті алға тартты.

Тарихтың эволюциялануы, саяси құрылымданудың қазіргі ахуалы, Еуразияның

дамуы мен геосаясатының келешегі, өзін-өзі танытудың қажеттілігін жүктейтіні

соншалықты, құрлық тек қана еуразиялықтардың ұлттық-саяси қалауымен

және жаһандық ықпалдастықтың табиғи динамикасымен басқарылуы тиіс, өзге

жол жоқ. Еуразиялық геосаясаттың «жергілікті ойыншылары» «сырттан келген

ойыншылардың» ықпалына еріп кетпеуі тиіс. Бұл – Еуразияның нағыз қисынды

шынайылығының қарапайым ғана шындығы. Еуразиялық геосаясат пен оның

қазіргі заманғы даму тарихында қандай шоғырландырушы күш жетекші

саналмақ? Әрине, тек қана түркілер!

Егер де Еуропа тарихы мен оның бүгінгі этносаяси географиясын бейнелейтін

картаға, сондай-ақ осы аумақтағы мемлекеттердің эволюциялық үдерістері

барысына назар салып қарайтын болсақ, онда түркіден тарайтын топонимдердің

Еуразия кеңістігінде түгелдей, құдды бір аспандағы жұлдыздар секілді

шашылып жатқанын көреміз. Сонымен қатар, Еуразияның тарихи дамуының

екіталай күн кешкен кезеңдеріне де бір сәт үңілер болсақ, мұнда да бірінші

кезекте алдыңғы қатарда келе жатқан түркі батырлары көзге ұшырасады. Мен

өзім негіздеуге тырысқан парадигманы былай деп қысқаша білдірдім: Еуразия

өзінің геосаяси тұтастығына тек түркі әлемінің бірлігінің арқасында

ғана қол жеткізді. Азия мен Еуропа түркілердің қолымен түйістірілген түрлі

өркениеттің «қоспалары» бола тұра, олар өзара байланыстарын бірыңғай

өркениеттік мегажүйеге қатысты қалыптастырады.

Егер де Еуразия – Еуропа (Батыс және Шығыс Еуропа), Таяу және Қиыр

Шығыс, Кавказ, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия «блоктарынан»

тұратын болса, онда олардың орташаландырылған геосаяси кеңістігін түркі

мемлекеттері құраған болар еді. Бұл аймақтарда түркі мемлекеттерінен басқа

бірде-бір саяси жүйе геосаяси үйлестірулер жасауға қабілетсіз, олар мұндай

мүмкіндікке еш уақытта та ие бола алмайды. Бұл табиғи географиялық

факторларға негізделген және де осы шынайылыққа кім-кімнің болса да

қатысуға қабілетсіздігінен туындаған ақиқат. Ал түркі мемлекеті болса мұндай

мүмкіндіктер мен атқарымдылықты ұзаққа созылған тарихи-саяси үдерістерді

игеруді үйрене білудің нәтижесінде қол жеткізді. Еуразияның тарихи геосаясаты

осы үдерістердің түбегейлі бағыттарына және оның шешуші дәрежедегі

көрсеткішіне, яғни Азия мен Еуропа арасындағы қарым-қатынас түрлерінің

тарихи өзгеруі мен осы жердегі түркі мемлекетінің атқаратын рөліне тікелей

тәуелді болды.

Әрине, ғылыми қорытындыларға қарағанда, тарихтың басталуынан бұрынғы

және ерте тарихи кезеңдердегі ( халықтың жаңа аумақтарға қоныс аударулары

мен отырықшылыққа ауысуы) адамдардың Африкадан Азияға, Азиядан Еуропа

бағытына қарай антропогендік аймақтарға таралуының мейлінше кеңейе

түсуіне байланысты Еуропаны Азияның «жалғасы» деп есептуге болады деген

129

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

де ұғым бар. Дегенмен, ежелгі Азия мемлекеттері (ахменоидтар мен ғұн-түркі

империялары) мен көне еуропалық мемлекеттер (гректің полис қалалары,

Эллада, Македония және Рим империялары) арасындағы «тегіне тартушылық»

эволюциясы үнемі соғыстарға жалғасып отырды. Азия мен Еуропаның оңтүстікбағытындағы

әскери-саяси қарым-қатынастарында парсылар гректермен, ал

солтүстік бағытында ғұндар-түркілер мен шығыс еуропалықтар римдіктермен

қақтығыста болды. Өркениеттік ойлаудың тарихтағы осындай өзара қарамақайшылықтары

із-түзсіз кеткен жоқ. Өйткені, геосаяси қарама-қайшылықтар

барысында азиаттардың ең басты нысан екендігіне еуропалықтардың көздері

анық жетті. «Еуропаны Азияға қарсы қоюдың ең алғашқы мәдени-тарихи

тұжырымдамасын бірінші болып Геродеттің (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр)

қолымен жасалғаны белгілі» (60. 150 бет). Кейіннен шығыс ислам мәдениетіне

ықпалы күшті болған грек философы Аристотель (біздің дәуірімізге дейінгі

IV ғасыр), «гректің еркін рухын Еуразияның құлдық психологиясына қарсы

қойды», сондай-ақ философ ұстазынан осындай сабақты жақсылап үйренген

Александр Македонский де өзінің әскери жаулап алу жорықтарын Еуропадан

Азия бағытына қарай үнді қалаларына дейін жалғастырды» (біздің дәуірімізге

дейінгі 334-326 жылдар).

Еуропаның Азияға қарсы соншалықты деңгейдегі шапқыншылығына

ғұндар-түркілер араға жеті жүз жыл уақыт сала отырып, (біздің дәуірімізге

дейінгі 451-453 жылдар) тегеурінді жауап қайтарды. Тіпті, олар Александр

Македонскийдің қолынан келмеген істерді жасады, яғни ғұн-түркілердің Батыс

империясы Римді жаулап алса, ғұн-түркілердің Шығыс империясы Қытай мен

Үндістанды қоса бағындырды (біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың соңы мен

VI ғасырдың басы). Ғұндар-түркілер империясы тынық мұхиты бағытында

Қытай империясын, ал Атлант мұхитына қарай Рим империясын тізе бүктіріп,

оларды толықтай өздерінің ықтиярына бойұсындырды, сол арқылы олардың

Еуразияға үстемдік ету жөніндегі ниеттерін енді қайтып бас көтермейтіндей

етіп жаныштады. Ең бастысы ұшы-қиыры жоқ алып кеңістіктің, құрлықтағы

«өзегінің» (Heartland) тек қана азиаттар мен оның суперэтносы – түркілердің

ғана басыбайлы жері екендігін мойындатты. Еуразияның өркениеттік заңдарына

негізделген және құрлықтағы Азия мен Еуропа арасындағы өзара қарымқатынастарға

жол ашатын нағыз геосаяси тарих, барлық бағыттар бойынша

Көктүріктер империясының (немесе, көптеген дереккөздер бойынша – Түркі

империясы) эволюциясымен басталды.

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдан бастап Көктүріктер империясы

Орталық Азияның өзегіне орын тепкен Еуразияны әлемдегі ең үлкен геосаяси

құрлық ретінде танып, оның тарихи шекараларын тұңғыш рет: шығыс

бағытына қарай – Қытайға дейін, ал оңтүстік бағытында – Византияға (Шығыс

Рим империясы) дейін деп белгіледі. «Әлемдік тарихтағы Орталық Азия»

монографиясының авторы П.Б.Голден: «Түркі (көктүрік) империясы Еуропа

130

Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі

мен Шығыс Азияны тікелей байланыстырған ең бірінші трансеуразиялық

мемлекет атанды», деп атап өтті (238.37 бет). Түркілер жүздеген жылдар

бойы үнемі көшіп-қонумен жүретіндіктен, олардың тұратын жерлерінің

өзгеріп отыратынына байланысты аталған геосаяси кеңістіктің салмақ түсетін

орталығы Шығыстан Батысқа қарай және Батыстан Шығысқа қарай әр

кездері ауысып келді. Әйтсе де,ең бастысы түркілердің қолымен тұрғызылып,

уақыт талабына сай үнемі эволюцияланып отыратын мемлекет пен империя

ғана өзгеріссіз қалды. Лев Гумилевтің пікірі бойынша, Азия мен Еуропаны

жалғайтын, геосаяси кеңістікті біріктіру үшін «Кавказдық кедергіні» ашу

мақсатында, тіпті VII ғасырдың өзінде көптеген мемлекеттер мен халықтардың

қатысуымен «дүниежүзілік соғыс» басталып, соңында ол түркілердің жеңісімен

аяқталды (152. 216-234 беттер).

Ғұндар-түркілер, хазарлар және қыпшақтардан кейін түркілердің келесі

ғасырлардағы ұзаққа созылған драмалық үдерісі Кавказ жолындағы күреске

ұласады. Айтқандай, түркілер Аевандағы (Албания) Құр және Араз өзендері

бойындағы аумақтарға бірінші болып салық жүйесін енгізді (А.А.Попов).

Келе-келе біртіндеп нығая түскен Каспий маңындағы түркі аймағы осы

кезеңнен бастап, Азия мен Еуропа қарым-қатынасының геосаяси тұрғыдағы

қиылысуының ең маңызды нүктесіне айналады.Түркі өркениетінің саяси

пассионарлығының Батыс бағытына қарай кеңеюі мейлінше тегеурінді және

шешімді қалыпқа енді (151). Еуразиялық геосаясаттың серпінді дамуына

айтарлықтай ықпал еткен факторлардың бірі түркілердің имперлік құрылыста

саяси жинақылық дәстүріне адал болуында: олар этносаяси жүйені тереңдету

сипатына сәйкес, иерархиялық құрылысты тігінен тереңдетті, ал көлденеңінен

қабырғасын айтарлықтай кеңітті. Түркілер өзінің геосаяси кеңістіктегі беделінің

арта түсуіне қарамастан, олар аумақтарға бақылаудың сақталуының саяси

билігінің «бөлінуінен» еш қорыққан жоқ: аталған «бөлшектер» біріге келе,

саяси «біртұтастықты» құрады. Бұл нағыз синергетикалық заңдылық және оны

түсінуге деген қабілеттілік.

Осы себептерге байланысты, түркілер сонау «ғұндар кезеңінен» бастап осы

заңдылықтарды ескерді, үкіметті «шығыс» және «батыс» аталатын екі қапталға

бөлген олар басқарудың тек өздеріне ғана тән жүйесін қолдануды енгізді: Шығыс

ғұн-түркі империясы мен Батыс ғұн-түркі империясы; Шығыс көктүріктер

империясы мен Батыс көктүріктер империясы; Шығыс Түркістан және Батыс

Түркістан. Геосаяси кеңістікті, яғни жан-жағы аймақтармен қоршалған (Азияның

шығысынан Балканға дейінгі) Еуразияның өзегін түркілер көне және ана

тіліндегі сөзбен атады: ил (эл)! Эл – сөзі «ұлыс» («ұлт») деген ұғым береді,

(этимология бойынша «ил» және «ұлыс» - бір түбірлі сөз), сондай-ақ – «мемлекет»

деген маңызды мағына да береді. «VII-IX ғасырларда аймақтың солтүстікбатысында

күшті көршілердің, яғни – ғұндар мен ұйғырлардың жақын туысы

түркілердің өмір сүріп келгенін» қытайлар күні бүгінге дейін ұмыта қойған жоқ

131

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

(168. 32 бет). Үндіеуропалықтар тұрған, парсылық қанатқа қарайтын кеңістік

– Парсы, ал түркілер тіршілік еткен Еуропаның оңтүстігіне қарай созылып

жатқан аумақ – Тұран, саяси мазмұны тұрғысынан өзіндік қайшылықтарға ие

(292. 189-194 бет; 100. 134-149 бет .) Түркілер Парсы-Тұран кедергісін бұза

отырып, Еуразия одан әрі Австрия, Германия және Италия жерлеріне дейін өтіп,

ондағы көпұлтты және көпөркениетті аумақтарды жаулап алды. Сонымен қатар,

«І-ХІІ ғасырдағы Еуразияның этномәдениеттік жүйесінің қозғалысы» (153. 788

бет) осындағы геосаяси үдерістердің пассионарлық толқынында өтіп жатқан

оқиғалардың барлығы үнемі Еуразияға қарай бағытталды. Түркілер жүздеген

жылдар бойы Шығыс Еуропаға қарай жылжи отырып, ондағы – орыстар,

белорустар және украиндар секілді славян халықтарын қозғалысқа келтірді,

олардың аймақтық этносаяси үдерістерге тартылуын жандандыра түсті.

Жалпы түркі геосаясатының шамамен екі мың жылдық серпінді дамуы

барысында Шығыс және Батыс Түркістан түркі этносаяси жүйесінің екі

маңызды қанаты ретіндегі қалыптасуы ең тартымды көрініс болып табылады:

Шығыс Түркістан Орталық Азияда орналасқан түркі мемлекеттеріне геосаяси

белдеу жасайды, ал Батыс Түркістан болса біртіндеп Еуропаға қарай

бағыт ұстанған Батыс Азияда геосаяси белдеу жасайды.

Дегенмен, түркі мемлекеті жанындағы көршілерімен қаншалықты түрлі

сипаттағы конфигурациялар жасамасын, олар бәрібір де этногенетикалық

негізде сақталып қалған түркі мемлекеттік тұтастығы күйінде қалуын

жалғастыра берді.

Түркі дихотомиясы батыс бағытында Еуропа елдерімен, ал шығыс

бағытында – Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен қарым-қатынас орнату

мәселесінде белсенділік көрсетті. Азияның классикалық империялары атанған

– Қытай, Үндістан, Парсы, Араб елдерінің бірде-бірінің қолынан келмеген істі

тек түркілер ғана жасай алды: олар Азия мен Еуропаның қарым-қатынасында

күні бүгінге дейін түркілердің геосаяси артықшылығына негізделген саяси

тұрақтылықты сақтай алып келеді. Бұл үдеріс Осман империясы кезінде өзінің

шырқау шыңына жетеді. «Жаһандық саясат» деп аталатын көлемді шығарманың

авторлары, британдық профессорлар Дженней Эдкинс пен Мажа Зехфустар:

«Осман империясы XVII ғасырда жаңа саяси жүйе қалыптастырғаннан кейін

еуропалық үкіметтермен интерактивтік қарым-қатынасқа кіріскен ең бірінші

мұсылман мемлекеті болды», деп атап өтісті (228. 101 бет). Дей тұрғанымен де,

сонау XVI ғасырдың өзінде Еуразияның сол кездегі «геосаяси үштігі» атанған –

Осман, Сефевид және Моғол империяларының әрқайсы өз мүдделеріне сәйкес

жеке-дара еуропалық саясатты жүргізіп отырғандары белгілі.

Бір-бірінен бөлек жүргізіліп келген осындай саясаттар бірте-бірте алып

империяның сүрінуіне себеп болған бірден-бір факторға айналғандығы еш дау

тудырмайтын шындық. Өйткені, мұндай мүмкіндікті мүлтіксіз пайдаланған

айлалы Еуропа мемлекеттері Азияны алдымен бөлшектеп алып, содан кейінгі

132

Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі

кезекте оны жұтып жіберу жоспарларын өте сәтті түрде жүзеге асыра алды («Divide

et empire!» - яғни, «Бөліп ал да билей бер!» саясаты). Алайда, Еуразияның

«геосаяси үштігінің» Азия мен Еуропа қарым-қатынасында әлі де болса үстемдік

жүргізу уақытының жоғала қоймағанын сездіреді.

Түркі империясының жан-жақтылық болмысы осындай қарым-қатынастарда

өркениеттер құндылықтарын арттыра түсуге жан-жақты жағдайлар жасап,

көптеген мүмкіндіктер де туғызды. Қол қусырып қарап отырмаған еуропалықтар

да бұл кездері Азия әлемімен терең танысып, оның осал жақтарын да жақсылап

зерттеп, зерделеп алған болатын. Ұлы Жібек жолы арқылы жасалған және

ғасырлар бойына түркі империясының бақылауында болған трансеуропалық

байланыстар, Азия мен Еуропа арасындағы интерактивтік өркениетті сол

уақыттың ең жоғарғы деңгейіне көтерді. Интерактивтік мәдени орталар,

сонымен қатар Азия мен Еуропаның қазіргі заманғы жаһандану әлеміндегі

түркілерден көшірілген увертюралық кезеңінің бақуатты тұрмысы жасалды

және ол кеңейтілді де. Өйткені, түркі империясы құндылықтарды ортақтаса

отырып жасау және бөлісу мүмкіндіктерін қалыптастыру үшін, Азия мен Еуропа

өркениеттерінің бір-біріне шынайы кейіпте ашылуының мүмкіндігін кеңейтті.

Бұл империяларда – ислам және христиан (өздерінің барлық секталары мен

тармақтары) аталатын тек қана екі монотеистік діндер ғана емес, сонымен қатар

ежелгі уақыттардан бүгінгі күнге дейін ілесіп келе жатқан зороастризм, даосизм,

несториандық, буддизм секілді діни-мәдени салалар да өздерінше дамып,

жетілдіріліп отырды (230. 48 бет; 238. 1 бет). Мұнда діннің ең алғашқы үлгісі

аталатын – шаманизм сақталып, діннің ең жоғарғы үлгісі – теология ілімі ілгері

дами түсті. Нақ осы тұста айтыла кетер ең маңызды мәселенің бірі, түркілер

исламды басқа діндерден артық санайтын, исламды қабылдаған халықты

өзге халықтан жоғары қойып, оны төрге оздыратын ешқандай да доктринаны

басшылыққа алған жоқ. Түркі әлемінің бір бөлшегі ретінде Әзербайжандағы

діни төзімділік пен күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан өркениеттіліктің

осы уақыттағы жан-жақтылығы, біздің еліміздің аумағы қазіргіден әлдеқайда

көлемді кездерінің өзінде де Шығыс пен Батыс интерактивтігі мейлінше

оңтайлы деңгейде өрістеді (37.12 бет).

Көптеген еуропалық авторларға қарағанда, атақты ағылшын ойшылы

Арнольд Тойнби түркі тарихына, түркілердің қолымен тұрғызылған

алып өркениетке, түркі көшбасшыларының, оның ішінде Мұстафа Кемел

Ататүріктің әлемдік тарихтағы рөліне, жалпы көріністегі түркі болмысына,

оның ішінде түркілік классикалық кезеңдерге ерекше сергектікпен және де

табиғи шынайылықпен қарай отырып, бейнелі салыстырмалы стильде былай

деп жазады: «Адамдар үшін Даланың өзі құрғақтағы теңіз болып есептеліп, XV

ғасырдың соңына дейінгі христиандар дәуірінде қарым-қатынастар жасау үшін

жағасы көрінбейтін тұзды теңіздерге қарағанда анағұрлым ыңғайлы да тиімді

құрал саналды. Мұндай суы жоқ теңіздің тек өзіне ғана тән құрғақпен жылжитын

133

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

кемелері мен айлақсыз порттары да болды. Түйелер – даланың желкенді соғыс

кемесі, ал жылқылар – көп ескекті қайықтар ретінде саналса, керуен сарайлар

жазирадағы аралық – дала порттары ретінде қабылданды, ал құрғақ айдынның

соңғы табан тірер жеріндегі – «сахараның» бұйра құм толқындары «егілген

жердің» көкорай шалғын жиегіне келіп соғылады. Теңізді арылы-берілі

бораздаған желкенді кемелердің орнына, далаға айқұш-ұйқыш із қалдырған

тұяқты жануар жылқылар құрғақтағы кемелер тәрізді, сол уақыттың негізгі

мініс көлігі саналды. Олар осыдан 1500 жыл бұрын пайда болып, тіршілігін

жандандырған жекелеген өркениеттерді өз ара байланыстырды. Оның өзінде де

осал және әлсіз дәрежеде, нақтылап айтқанда, арадағы қатынастар деңгейінің

көлемінде ғана байланыстырды.

Өздеріңіз көріп отырғандай, Бабырдың Ферғанасы (Бабыр өз жорығын

Ферғанадан бастап, арада 22 жыл өткенде Үндістанды жаулап алды және осы

жерден Ұлы Моғол империясының негізін қалады – Дж.Ф.) әлемнің орталығы

атанса, түркілер де тап сол Бабырдың уақытында үлкен ұлттар ордасының

орталығы ретінде танылды.

Әлемнің түркіорталықтандырылған тарихы (Turkic-serıtred history of

world ) ең соңғы рет ұлы батысшыл осман түркі, президент Мұстафа Кемел

Ататүріктің кезінде жарияланды.

Бұл өз отандастарының адамгершілік рухын көтерудің ең жарқын әдісі,

тіпті шын мәніндегі тарихи ішкі түйсігінің айқын үлгісі болып табылды.

Христиандық дәуірдің IV ғасырынан бастап, ұлы даладан үндіеуропалық

халықтардың ең соңғы адамы қуылғанға, яғни XVII ғасырына дейін, Османдар,

Сефевидтер және Тимуридтер, тиісінше Кіші Азия, Иран және Индиядағы

түркі әулеттерінің құлағанын көрген, «Васко-да Гамаға дейінгі» өркениетінің

белдеуін өздерінде ұстаған сол уақыттағы түркі тілдес халықтар шындығында

да Азия доғасының нағыз іргетасы атанды. Осы аталған он екі ғасырдың

ішінде жекелеген өркениеттер арасындағы байланыстар түркілердің далалық

қуатының бақылауында болды және түркілер «Васко-да Гама әлемі» аталатын

орталық айқындамасына сәйкес шығыс пен батысқа және солтүстік пен

оңтүстікке, яғни Маньчжурия мен Алжирге, Украина мен Деканға өзінің жаулап

алу жорықтарын жасады (190. 72-73 бет).

Арнольд Тойнби баса назар аударған тарихи үдерістің маңызды мәнінің бірі

мынада еді, тарихи ескерткіштер мен дәстүрлерді басшылыққа ала отырып,

ұлттық-ұждандық рухты тірілтуге жүрегінен жігер, бойынан күш тапқан

түркілер, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде ауырлықты барлық

бауырлас азиаттармен бірге бөлісті және дағдарысты ауыздықтаудың жолын да

өзгелерден бұрын түсінді. Сөйтті де, олар алға қарай қарышты қадамдар жасай

отырып, Азияның өзін-өзі таныту қозғалысын қолға алуды бастады.

Азияның өзін-өзі таныту қозғалысы барысындағы, Азия мен Еуропа

өркениеттерінің қазіргі заманғы құндылықтарына сүйенетін ең күшті бағыт

134

Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі

түркизм болды. Түркілердің осы ұстанған беталысы өздерін ұлтшылдықтың

тайыз да біржақты аясында қалып қойған адамдар емес екіндіктерін тағы

дәлелдеп берді. Тәуелсіз Азия, азат түркі мемлекетін құру арқылы, Азия мен

Еуропа арасында әділ қарым-қатынас теңдігін жасауға және оны жалғастыруға

тырысты. Сондай-ақ түркі қоғамына еуропалық құндылықтардың табиғи түрде

енуінене қарсы емес екендіктерін де көрсетіп, бұған ешқандай да кедергілердің

жоқ екендігін дәлелдеді. ХХ ғасырдың соңына таман орын алған және оны

тәуелсіз түркі мемлекеттерінің құрылуымен аяқтатқан оқиғалардың даму

қисыны Азия мен Еуропаның қарым-қатынасында «түркілік жобаның» қазіргі

заманға бейімделген нұсқасының сақталғандығын көрсетіп берді. Сондайақ,

жаһандану бағытын жан-жақтыландырудың жағымды жақтары Азияға да

сонымен бірге Еуропаға да өз пайдасын тигізетіні ақиқат.

Бүгінгі таңда еуразиялық геосаясатты тәуелсіз түркі мемлекеттерінсіз

көз алдыға елестетудің өзі де мүмкін болмай қалды (296). Егер кімде-кім

Еуразияның саяси субъектілерінің өзегімен санаспай, оны жолдан ысырып

тастап немесе «ресурстар мен құралдардың» қызметін артық пайдалана

отырып, қандай да бір жұмысты немесе жобаны жүзеге асырамын десе, олар бұл

жерде қатты қателеседі. Айтылғандай әрекеттерді шұғыл түрде ауыздықтауға

Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің геосаяси әрекеттерінің күші де, өкілеттілігі

де жеткілікті. Өйткені, олардың ортақ күш жұмсай отырып көздейтін басты

мақсаттары, шын мәнінде Азия мен Еуропа арасындағы қалыптасып отырған

қарым-қатынастың көлемі мен оның жан-жақтылығын бүгінгіден де терең

әрі баянды ету болмақ. ХХІ ғасырдың әлемдік саясатында күш ала бастаған

түркі мемлекетінің рөлі, оларға табиғи-географиялық және тарихи-саяси

факторлармен келісілген геосаяси ұстанымдарды барынша кеңінен пайдалануға

мүмкіндік береді. Азия мен Еуропаның қарым-қатынасындағы түркілік

геосаясатпен ынталандырылатын, географиялық үйлестірулермен қамтылатын

жалпы көріністерге назар аударалық.

Еуразия аймағында орналасқан тәуелсіз түркі мемлекеттерін әлемдік

картадан іздеп қарар болсаңыз, олардың мұнда шашыраңқы орналаспағанын,

теңіз айлағында болсын, құрлықта орын тепсін, бір-бірімен мемлекеттік

шекаралар арқылы өзара тығыз байланысып жатқанын көресіз. Басқа

мемлекеттің аумақтарында өмір сүретін, белгілі саяси мәртебеге ие түркітектес

халықтар қарым-қатынастар орнату шекарасы шегінде тығыз орналасып

тіршілік етеді. Түркілердің этникалық географиясы олардың мемлекеттерінің

саяси географиясынан ауқымды болуына байланысты, бұл шекаралардың шебі

мықтырақ болып келеді. Сонымен қатар, олар өз ерік-қалауларын шынайы

саяси жағдайда көрсету мүмкіндігін де сақтап қалады.

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы (аумағы шамамен Шығыс

Еуропаның жерімен тең) орында тұрған Қазақстан, Орталық Азиядағы бірінші

135

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

түркі мемлекеті болып есептеледі. Қазақстан солтүстігі мен батысында Ресей

Федерациясымен, шығысында – Қытаймен, ол оңтүстігінде – Қырғызстан,

Өзбекстан және Түрікменстанмен шекараласады (247). Қырғызстан

Республикасы екі түркі мемлекетпен – солтүстігінде Қазақстанмен, батысында

– Өзбекстанмен, ал оңтүстік-батысында – Тәжікстанмен және оңтүстікшығысында

– Қытаймен шекараласады (248). Өзбекстан Республикасы Орталық

Азияның кіндігіне орналасқан, шығысында – Қырғызстанмен, солтүстікшығысында

және солтүстік-батысында – Қазақстанмен, оңтүстік-батысында

– Түрікменстанмен, ал оңтүстігінде – Ауғанстанмен, оңтүстік-шығысында –

Тәжікстанмен шекараласады (255). Түрікменстан Республикасы оңтүстігінде

Ауғанстан және Иранмен, солтүстігінде – Қазақстан және Өзбекстанмен,

Каспий теңізі арқылы – Әзербайжанмен (254) шекара бөліседі. Демек, бес

шекаралас мемлекеттің үшеуі – Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан –

түркі мемлекеттері. Ал Әзербайжан Республикасы солтүстігінде Ресей және

Грузиямен, батысында Түркия және Армениямен, оңтүстігінде Иранмен,

Каспий теңізі арқылы шығысында – Түрікменстанмен шекараласады (250).

Түркия Республикасы шығысында Әзербайжан, Армения және Грузиямен,

оңтүстігінде Ирак және Сириямен, батысында Грекия және Болгариямен, Қара

теңізі бойынша – Ресей Федерациясымен шектеседі (253). Түркия шекарасын –

Қара теңіз, Жерорта теңізі, Эгей теңізі және Мәрмәр теңізі секілді төрт жағынан

төрт теңіздің сулары шайып жатыр. Жоғарыда атап өткеніміздей, Түркияның

мемлекеттік шекарасын айналдыра Қытайдан Болгарияға дейінгі миллиондаған

шаршы шақырымға созылып жатқан алып аумақта түркі тектес халықтардың

осы күнге дейін өмір сүріп жатқанын назардан еш шығарып алмауымыз керек.

Географиялық осы көріністе түркі әлемі бірлігі координатынан Еуразияның

Орталық Желісінің құрылғаны «тайға таңба басқандай», ап-анық болып

көрініп тұр.

Сондықтан да батыс стратегиясы мен түркі әлемінің саяси көшбасшылары

Тынық мұхитын Атлант мұхитымен жалғайтын негізгі жаһандық коммуникациялық

жүйе құруды жоспарға алуда. Ал, үстемдік етуге абсолютті

тұрғыда ешқандай да талабы жоқ, түркі мемлекеттерінің аумағында халықаралық

бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген кепілдік беріледі. Басым бөлігі

жүзеге асырылып үлгерген осы жобалардың әлі де болса жандана да кеңейе

түсуі Азия мен Еуропаның қарым-қатынасын бүгінгіден де тереңдетіп, тіптен

жаңа арнаға қарай бет бұрғызады. Келешекте түркі мемлекеттерінің бірігуі

үшін берілуі мүмкін геосаяси және геостратегиялық мүмкіндіктер, жалпы осы

қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін де, Еуразия үшін де ең сенімді және

оңтайлы тетік болып табылады. Өйткені, тарихта бұған дейін де болған және

бүгінгі күні де Азия мен Еуропаны біріктіретін негізгі геосаяси күш түркілер

мен олардың мемлекеті болып табылады. Трансеуразиялық коммуникациялық

жобалардың (мұнай, газ және басқалар) бар болуы мен олардың жүзеге

136

Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі

асырылуы, сөз жоқ, түркі мемлекеттері бірлігінің нығаю үдерісіне маңызды

үлесін тигізеді.

Еуразия кеңістігіндегі түркі мемлекеттерінің өздері және олардың

көршілерінің қолымен жасалған геосаяси конфигурация, Азия мен Еуропаның

қарым-қатынасындағы түркі мемлекеттерінің осы тұстағы рөлінің ерекшеліктері

үшін өте пайдалы болып табылатыны сөзсіз. Өйткені, ол өз кезегінде

халықаралық саясатты, экономикалық және мәдени жүйелерді нығайтуға үшін,

сондай-ақ халықаралық тыныс-тіршілікті де дамыту үшін өлшеусіз кепілдік

береді. Солай бола тұрғанымен де Батыс түркі мемлекеттерінің бірігуі мен

дамуы барысына ерекше қуана қоймасы айдан да анық. Соған қарамастан,

оның жасалуына өз тарапынан қолдауын танытады және бұл тек Ресейге ғана

қатысты күшін сақтайды. Ал шындығына келер болсақ, түркі бірлігіне Ресеймен

қоса Батыстың өзі де сондай қызғанышта, асқан іштарлықпен қарайды. Өйткені

Тимуридтерден қорыққанын ұмыта қоймаған батыс стратегиясы түркі бірлігінің

нығайып кетуінен әлі де болса қатты шошынады. Қалай дегенде де, Батыс пен

түркі әлемі арасындағы қарым-қатынаста Ресей факторы маңызды рөл ойнайды,

бұл жайында біз алдағы бөлімде сөз қозғайтын боламыз.

137

138

10. РЕСЕЙ ЕУРАЗИЯШЫЛЫҒЫ

Кеңес Одағы құлағаннан кейін одақтас республикалар мен социалистік

лагерлер елі «халықтар түрмесінен» біржолата босанып шығып, бақыттан

бастары айналған олар, қысқа мерзім ішінде бірінен соң бірі өз тәуелсіздіктерін

жариялай бастады. Ең бастысы, Батыстың либералдық демократиясына

басымдық берген жас тәуелсіз мемлекеттер өз дамуларының бағыттарын қысқа

уақыт аралығында айқындап алған соң, осы жолда кездесетін кедергілерді еңсеру

жөнінде шешім қабылдады. Солардың басым көпшілігі өздерінің мемлекеттік

тәуелсіздіктерін нығайтып, оның тұғырын бекіте алды деп бүгінгі күні үлкен

сеніммен нық айтуға әбден болады. Ал қалғандары пайда болған, дұрысын

айтқанда, қалыптасқан мәселелерді шешуге тырысуда. Қаншалықты парадоксты

болып көрінбесін, әңгіменің ашығын айтқанда, бүгінгі Ресей келешегін және

үшінші мыңжылдықта жаһандық дамудың талаптарына толығымен жауап бере

алатын өзінің оңтайлы жолын таба алмай келе жатқан бірден-бір мемлекет.

Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы

тым құлдырап кетті, сонымен қатар Ресейде заңды мемлекет құру мен дамудың

бағытын таңдау барысындағы сәтсіздіктерге ұшырауы, олардың сыртқы және

ішкі саясаттарында орын алып отырған қарама-қайшылықтардан айқын көрініс

беріп отыр.

Одақтың күйреуінен кейін пайда болып, қордалана бастаған ішкі қоғамдық

мәселелерді шешіп алмай жатып, Ресей қайтадан әлемдік гегемонға айналуды

көксейді. Көздеген осы мақсаттарына жету үшін өзінің саяси-экономикалық

әлеуетін ішкі тұрақтануға бағыттаудың орнына имперлік мұраттарын жүзеге

асыруға қарманып жатқандығы да айқын байқалады. Дегенмен бұл бағытта

да Ресей саясатының бойынан уақыттың өз талабына лайықты үдемелі

ілгерілеушілік серпіні байқалмайды, керісінше, шешімсіздік пен таңдаудың

сәтсіздігі көрініс беретіндей. Осы тұрғыдан қарағанда, Ресейдің қазіргі заманғы

саясаты өтіп кеткен ескі уақыттың қалыбынан әлі күнге дейін шыға алмай келе

жатқанын көрсетеді. Өйткені, жиырма жылдан бергі мерзімде Ресейде жаңа

ұлттық идеология қалыптасқан жоқ, есесіне тарихты қайтадан кері бұру және

«тонын үстіне теріс айналдыра киген», бұрынғы Кеңес Одағын қайта қалпына

келтіруге деген талпыныс басым. Бұлай деп айтуымызға нақты себептер бар:

1) Ресей коммунистік құрылыстан босағанымен, коммунистік идеядан

әлі күнге дейін арыла алмай келеді. Ал бұл идеологияның тоталитаризм мен

біріздендіруге бағытталғаны баршаға аян.

2) Ресейдің саяси элитасы, әскери-өндірістік кешені мен әскери стратегиясы

әлі күнге дейін Батысқа деген дұшпандық пиғылынан арыла алмай келеді.

Ресей еуразияшылығы

3) Ресейдің саяси технологиясы жаһанданудың қисынына сәйкес идеологияны

жасай да және оны ұсына да алмады. Егер де сөз жүзінде бірқатар жаңа

ережелер туралы айтылып қалғанымен, Ресей бәрібір де Батысқа өшпенділік, ал

Шығысқа қызғанушылық сезімінен арыла алмай өмір сүруде.

4) Империялық сезімді аңсау сол ұлттың барлығының бойына тән немесе

кем дегенде көпшілігінің көкейін сыздатқан арман бұл.

Осындай аспектілер ресейлік Еуразияның өзін барлық қырынан анық

көрсетті. Міне, осы айтылғандар қордалана келе Ресейді еуразиялықтың

бастауындағы қандай да бір тарихи өркениетке негізделмеген базада

абстрактылы одақ құрудың бос қиялына жетелеп алып келді. Соңғы жылдары

Ресейдің халықаралық саясатында да еуразиялық секілді аса көп айтылатын

өзіндік нақты теория жоқ. Бұл жалпақ әлем үшін, әсіресе Еуразияның

географиялық кеңістігі үшін соншалықты елең еткізер жаңалық та емес. Сонау

XVIII ғасырдағы Ресейдің «жоғарыдағы» Солтүстік соғысындағы жеңісі мен

«төмендегі» Алтын Орданың бөлінуі орыстарды соғыстың үлкен алаңына алып

шықты. 1721 жылы өзін Империя деп жариялаған Ресей түркі мемлекеті мен

империясының әлсіреген тұсын өте шебер пайдаланып кетті. Ресей империясы

Қара және Каспий теңіздерін жағалай отырып, Кавказдың ішкі жағынан

Еуразияның стратегиялық қапталын жаулап алып, Парсы жағына, сондай-ақ

Орталық Азияның ішкі жағымен – Қытайға қарай кеңейе түсті. Ал 1905 жылы

Ресей империясының аумағының жалпы көлемі Түркі-моңғол және Британия

империяларынан кейінгі деңгейге жетті. Оның 22 млн шаршы шақырымды

қамтыған жер аумағы солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттан оңтүстігінде

Қара теңізге дейінгі, ал батысында Балтық теңізінен шығысына қарай Тынық

мұхитына дейінгі кеңістікке дейінгі аралықта құлашын кеңге жая созылып

жатты.

Сонымен, түркілердің Еуразиядағы ғасырлардан-ғасырларға жалғасып

келген үстемдігінің құлдырауының салдары мен осы құрлықтағы орын алған

өзгерістер славян халқын, нақтылап айтқанда – орыстарды алдыңғы қатарға

алып шықты. Қарапайым да жәй сөзбен айтқанда, түркілердің тарихи әлсіреуі

мен орыстардың күш ала бастауының бір уақытқа дөп келуі Еуразиядағы

геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді. Ал мұның зардабы түркілер

мен Азияның басқа да халықтары үшін қатты болса, бұл тек орыстардың

жеке басының қамы үшін шексіз пайдалы болды. Еуразияның үстемдік етуші

империясына айналған Ресей осы құрлықтың басым бөлігін жаулап алумен

шектеліп қойған жоқ, сонымен қатар олар Түркиядан басқа жаулап алған

аумақтағы түркі мемлекеттерінің барлығының бастарындағы тәуелсіздіктерін

жойып, халқын өз құзырына бағындырып алды. Ресейдің саяси-идеологиялық

жүйесіндегі бұдан арғы өзгерістер мен Кеңестік Социалистік Республикалар

Одағының құрылуы бұл елді Еуразия құрлығындағы ғана емес, сонымен

қатар әлемдегі алып мемлекеттердің біріне айналдырды. Жаңадан құрылған

139

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

екіполярлы әлемнің бір басында нақ осы алып унитарлық мемлекет тұрды.

Дегенмен, өзі өмір сүрген 70 жыл ішінде Кеңес Одағы ұлттық саясатты жүргізу

барысында да, сонымен қатар халықаралық сахнада да түбегейлі қателіктер

жіберіп алып отырды. Осындай ебедейсіздіктерінің салдарынан «динозавр

денелі» алып мемлекет өз салмағын өзі ұстап тұра алмауы салдарынан күйреді.

Айтқандай, аталған алып Одақтан бөлініп шыққан он төрт республиканың

ішіндегі бесеуі түркілік болып табылады. Бойында мемлекеттіктің тарихи

дәстүрлері сақталып қалған бұл республикалар ұлттық қайта жасампаздану

шараларына жылдам әрі шешімді түрде кірісіп кетті. КСРО-ның құлауы

Еуразияның геосаясатын жаңаша бейнеде, бұрынғысынан да ұтымды негізде

қайта қалыптастырудың қажеттігі пайда болды.

Осындай тарихи кезеңдерде әлі күнге дейін имперлік кеудемсоқтықтан арыла

алмай келе жатқан Ресей Федерациясының басына бір кездері өзінің империя

болып қалыптасуына және оның негізгі саяси-идеологиялық тірегіне айналуда

маңызды рөлге ие болған Еуразия жайлы ойлар мен жаңа идеялар келе бастайды.

Дегенмен, әлдекімдердің жаңа еуразияшылықты тың келбетте көрсетуге

тырысып баққандары байқалып отырғанымен де, ақиқатында ол өзінің Еуразия

аталатын классикалық жаратылысынан еш уақытта айнымайтыны да, бастапқы

тамырынан ажырамайтыны да айдан анық. Классикалық еуразияшылық

дегеніміз түркілер гегемониясы дәуірінен кейінгі Ресейдің Еуразияда үстемдігін

орнатуға талпынған доктринасы, ал Ресейлік еуразияшылық дегеніміз,

ресейлік фундаментализмнің саяси-идеологиялық жүйесі болып табылады.

Жалпы панисламизм мен славянофилге негізделгенімен, олардың бұдан әрі

философиялық-мәдениеттану тұрғысына тереңдетіле түсуі мен ресейлік

еуразиялықтың артық дәріптелуі Ресей қоғамындағы Батыс және Шығыс жаққа

қарайтын көзқарастағы азаматтар арасына жік түсірді және оны күшейтті.

Сайып келгенде, мұның барлығы да Ресей саясатындағы батыс және шығыс

қайшылықтарын жою үшін жасаған шаралар болатын. Мұндай күш салулар

әлі күнге дейін жалғасып келеді және ол ұзақ пікірталастар да тудырып жатыр.

Сондықтан да түрлі пікірлер мен талқылаулардың үсті-үстіне дамуы барысында

туындаған еуразияшылық доктринаның эволюциясы түрлі қайшылықтар мен

ауыр үдерістерге де тап болды.

Ресейдің саяси-философиялық ойының кейбір жекелеген өкілдері ресейлік

еуразияшылықтың бойынан үнемі қайшылықтар көріп келді. Алайда, өздерінің

осыны мойындауларына қарамастан, бастапқы идеяны жүзеге асыру жолында

аталған қайшылықтарды жоюға бағытталған пайымдар айтып, Ресей жүзеге

асыратын басқыншылық пен тиімсіздікке негізделген саясатты ақтап қалуға

тырысып бағуда.

Мәселен, Ресей империясының қалыптасу үдерісін зерттеген орыстың

көрнекті философы Николай Бердяев Ұлы Петрдің реформасын «жоғарғы

деңгейдегі революция» деп атады. Өйткені, «Петрдің халқы үшін соншалықты

140

Ресей еуразияшылығы

азаппен және күштеумен жүргізген реформасы болмағанда, Ресей өзінің әлемдік

тарихтағы миссиясын орындай және өз сөзін еркін айта алмаған болар еді» деп

жазады (144. 16 бет). Ресейдің «өзін іздеу» үдерісін түсіндіруге тырысқан Петр

Чаадаев сонау 1829 жылдарғы Ресей империясының жүзеге асырылуы кезіндегі

өзінің жаулап алушы пиғылындағы саясаты жөнінде аса бір құштарлықпен

былайша: «Біздер адамзат аталатын ұлы отбасының бірде-біріне жатпаймыз.

Біздер не Шығыстан болмаса не Батыстан да емеспіз. Біз олардың дәстүрлерін

де білмейміз», деп жазады (196. 508 бет).

ХІХ ғасырдың соңына таман, сол уақытта Ресейдің Еуразияның гегемоны

ретінде күш алып тұрған кездерінде, орыстың ұлы ойшылы Федор Достоевский

орыстың өзіндік сәйкестілігі турасындағы пікірталастарға қатысып, жеке

басының өткір пікірін былайша: «Еуропада біздер – татарлармыз, ал Азияда

біздер – еуропалықтармыз», деп білдірген еді (158. 509 бет). Осы мойындаудың

өзінен-ақ, еуропалықтардың дәл осы кезеңдері татарлар деп ат қойып, айдар

тағып отырған этностары, яғни түркілер, Еуразияның нағыз болмысы ретінде

қабылданды. Осы себептерге байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысында

ресей идеологтары мен парасаттылары алдында – өздерін Еуропалық мемлекетпіз

деп көрсету керек пе, жоқ әлде Азиялық мемлекетпіз деп атау керек пе деген

екі таңдау тұрды. Дегенмен бұл империя ерте ме, жоқ әлде кеш, пе бәрібір,

әйтеуір өздерінің геосаяси «мәртебесіне» сәйкес, ешқайда да қашып құтыла

алмайтын «еуразиялық» аталатын жамылғыны жамылулары тиіс. Ал Шығыс

пен Батыс арасындағы идеялық күресте бұл елдің гегемонға айналуы үдерісіне

қатысты өзін-өзі танытуы мен геосаяси маңыздылығы жөніндегі қорытынды

бойынша Шығыс жеңіске жетті. Жалпы, славян әлемі ерекшеліктерінің идеясы

тұрғысынан қарайтын панславистер өздері ұстанған көзқарастың салдарынан

еуропалықтардың тарапынан мойындамаушылығына ұшырады. Панславизмнің

арнайы теориясын ұсынған Николай Данилевский 1862 жылы жазылған «Ресей

мен Еуропа» атты шығармасында өз елінің Батыстың жаңа парадигмасына

қатысты қарым-қатынасқа келуі қажеттігі туралы идеясын негіздеуге тырысады.

Николай Данилевский еуропаландырылған пікірлер мен еуропаландырылған

адамдарды орыс өмірінің сырқаты деп атады және де батыспен жүргізілген

күресті «орыстың сана-сезімін құтқарудың жалғыз жолы» деп есептеді (156. 323,

529 беттер). Николай Данилевский «Еуропаның арийлік тайпаларға, ал Азияның

– семиттік, тұрандық (түркілік) халықтарға жататынын» мойындады (156. 370

бет). Автор мынадай: өзінің дұшпанын мұсылмандар мен түркілер емес, өзінің

жауын славяндар деп есептейтін Еуропа, түркі әлемі Түркияның көшбасшысы

мен славян әлемі Ресейдің көшбасшысын үнемі бір-біріне айдап салуға тырысып

деген айқындаманы ұстанады 156. 400-401 бет). Ақырында панславизмнің басты

мақсаты алдыңғы қатарға шықты: «...ұлы тарихи естеліктердің шоғырланған

жері, православиенің орталығы саналған Константинопольді (Ыстамбұлды)

жаулап алу Ресейге Шығыстың барлық елдеріне ықпалын жүргізуге үлкен

141

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

мүмкіндік берер еді». Константинопольді «патшақаласы» деп атаған орыс

идеологы, оны тек Ресейдің ғана астанасы ретінде емес, сонымен қатар оны

«бүкілславяндық одақтың» астанасы деңгейінде көруді көксейді (156. 467-

470 беттер). Әрине, Византияны кері қайтарып алу және Константинопольді

(Ыстамбұл) славян әлемінің орталығына айналдыру дегеніміз бар болғаны

күлге айналған Рим империясын қалпына келтіру секілді сандырақ идея ғана.

Ақырында Ресейдегі империялық идеологияның шегіне жеткендігі соншалық,

енді олар әлемдік гегемонияға жету күресі жолындағы дұшпандарын Шығыста

– түркілер деп таныса, Батысында еуропалықтардың бойынан көріп отыр.

Дәл осы кезден бастап Ресей Еуразияны игеруді және оны өзінің ұлттық

идеясына айналдыруды қажет деп шешіп, аталған мәселелердің жүзеге

асырылуын қолға ала бастайды. Ал шынтуайтында Еуразия тек түркілерге ғана

қараған және түркілік гегемонияны ғана мойындаған. Еуразияшылық өзінің

алдындағы ізашары – панславизмге қарағанда, Ресейдің империялық геосаясатын

басшылыққа ала отырып, Азияға қатысты орыстық фундаментализмнің жаңа

қадамдарымен жақындасады. Владимир Ламанский өзінің 1892 жылы жарық

көрген «Азиялық-Еуропалық құрлықтың үш әлемі» атты шығармасында бірінші

рет Ресейді Еуразияның мемлекеті ретінде қарайды және Еуразияны Орал

тауларының бөктерінен бөлінетін екі құрлықтан тұрады деп емес, керісінше,

ол Еуропа, Еуразия және Азия секілді үш құрлықтан құралады деген қате

көзқарасты ұсынады.

Оның пікірінше, Ресей өзінің ұлттық сәйкестігін «аталған үш әлем» түйіскен

кеңістіктен тауып отыр. Ал, Владимир Ламанскийдің замандасы Константин

Леонтьев болса, тіпті алысқа құлаш сермеп кетіп, Ресейді келешектегі Азиядағы

мемлекет ретінде көрсеткісі келеді. Сондай-ақ ол мұны Ресейдің Еуропадан

бас тартқандағы салмақ түсетін нүктесі ретінде таниды. Осылай болуы керек

деген түсініксіз де дәйексіз долбарларды алға тартқан ол: «өзінің славян

әлеміне қарағанда, Тұран әлеміне көбірек тартып кеткенін» білуі керек секілді

(279. 3 бет). Сонымен, орыстық ой-сананың түсінігі бойынша «Тұран әлемі»

Еуразияның өзіне теңестірілген кеңістік болып саналады. Князь Николай

Сергеевич Трубецкий классикалық еуразияшылықтың жетілдірілген жүйелік

тұжырымдамасын ұсына отырып: «Ресейдің түпкі тарихын Батыстан емес,

Шығыстан іздеу керек» дегенді айтады (192).

Түрлі халықтардың қолымен тұрғызылған Еуразияны таңдаулы өркениеттік

кеңістік ретінде көрсеткісі келетін ол, Еуразияның тұтастығын қамтамасыз

ететін негізді осыдан 700 жыл бұрын Шыңғысханның жасап кеткенін

мойындайды: «Бүгінгі тарихи жағдай туралы айтар болсақ (1920 жылдар), онда

қазіргі Ресей немесе КСРО деп те аталатын мемлекеттің еншісінде (мәселе,

оның атауында емес) Шыңғысхан құрып кеткен Моңғол-Татар империясының

да бір бөлшегі жатыр... Ресейдің географиялық аумағы осы империяның

өзегімен дөп келіп жатыр». Трубецкий, «Мәскеулік князь ретінде өзін Алтын

142

Ресей еуразияшылығы

Орда хандығына мұрагердің бірі ретінде санайтынын» айтады, сондай-ақ ол,

«Еуразия аумағына орналасқан Ресей мемлекеттігін Шыңғысхан мемлекетінің

тікелей мұрагері және оның ізін жалғастырушы» ретінде көрсеткісі келеді.

Тіпті, Николай Трубецкий дегеніңіз аталған мұрагерліктің генетикалық негізін

де таптым деп санайды: «Финдік-угорлық және славяндық халықтар секілді,

орыстардың тамырында да түркінің қаны ағып жатыр. Тек славяндар ғана емес,

сонымен қатар түркілердің де біздің бауырларымыз екендігі (діні мен тіліне

емес, мінезі мен мәдениетіне қарайды) жәйшылық уақытта ұмыт қала береді»,

деп көсемсиді (192. 14, 15-17, 31-36 беттер). Орыс идеологының пікірінше, егер

де Ресей өзін Шыңғысханның мұрагері және оның ізін жалғастырушы екендігін

сезінгенде ғана, Еуразия өзінің шынайы тарихи орынын таппақ екен! Демек,

мақсат айқын: Еуразияның гегемоны болу үшін, Ресей «түркі қоспасына»

байланысты қайшылықтарды бейтараптандыру мақсатында жерін жаулап алған

түркілермен өздерін «қандас бауырлар» ретінде жариялағысы келеді.

1917 жылы Ресей империясының құлап,оның аумағына КСРО құрылып

жатқан кездері еуразияшылық эмигранттар арасында да арнайы саясиидеологиялық

үрдіс ретінде дамиды: 1932 жылы шетелде Еуразия партиясы

ұйымдастырылды. Осы партияны құрушылардың бірі Петр Савицкий

еуразиялықтың теориясын дайындап болған соң, оның саяси тұғырнамасын

жасады. Еуразияшылық идеяға өмірінің соңғы күніне дейін адал болып қалған

Петр Савицкий ресейлік геосаясаттың Еуразиялық нұсқасын жетілдірумен

қатар, оның теориялық тұрғыдан әрекет етуінің практикалық негізін көшіріп

басады. Ол да өзінің алдыңғы ізашарлары секілді, Ресейдің тағдырын Азиямен

байланыстырады, орыстардың азиаттардан қабылдап алған «құрлық сезімін»

оның Еуразияда үстемдік етуінің басты шарты деп санайды (185. 155 бет).

Әрине, КСРО-ның ресми түрде коммунизм идеологиясын басшылыққа

алуына байланысты, мұнда еуразияшылыққа орын болған жоқ. Сондықтан да,

әрі кетті дегеннің өзінде, белгілі бір идеялардың долбары ғана пайда болуы

мүмкін еді. Дегенмен, осыларға қарамастан КСРО-ның «жасырын» түрдегі

өктемдік жүргізу саясатының ауқымы еуразияшылыққа қарағанда әлдеқайда

көлемді де менменшіл болды. Еуразияшылықтың ашық доктринасы Кеңес

Одағы құлағаннан кейін қайта жаңғыра бастады, бұл беталыс теориялықсараптау

әдебиетінде «жаңаеуразияшылық» деп аталды (279.3-6 беттер).

Жаратылысында классикалық еуразияшылықтан еш айырмашылығы жоқтай

көрінетін жаңаеуразияшылық өзін қазіргі заманғы саяси жағдайдың негізінде

және соған сәйкес жайғастырылым деп ойлайды. Алайда, тарихи ахуалдарды

салыстыру кезінде, оның бойынан өте қауіпті өзгешеліктердің бар екендігі

байқалды: Ресейдің бұрынғы «жоғалған» «одақтық» республикалары өздерінің

осылайша «ғайып» болып кеткендеріне бой ұсына қойған жоқ, керісінше, олар

өз тарихында тұңғыш рет мемлекеттік саясаттың, оның жүйесінің маңында

елес кезген еуразияшылыққа айналуға бастамашылық жасайды. Бүгінгі күні

143

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

Ресейде еуразиялану үдерісі бір-бірімен тығыз байланысты төрт бағыты: (1)

ғылыми-теориялық және гуманитарлық-мәдениеттану тұжырымдамасы; (2)

қоғамдық-саяси қозғалыстар ұстанымы; (3) саяси партиялардың идеологиялық

тұғырнамасы; (4) мемлекеттік саясаттың бағдарлары пішіні бойынша жүргізіліп

келеді. Еуразияшылыққа қатысты, оны қазіргі заманғы жақтаушылардың

назарын аударып отырған басты мәселе Ресей мемлекетінің бүгінгі геосаяси

қуатының сақталуы мен оның дамуының бүгінгі тарихи-саяси мүмкіндіктері

болатын. Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының философия институты

әлеуметтік-философиялық зерттеулер орталығының басшысы Александр

Сергеевич Панарин өзінің «Әлемдік тарих кезеңіндегі Ресей», «Жаһандық саяси

болжамдар», «Жаһандануға алдану» (178; 176; 177) атты шығармаларында

ресейлік «еуразияшылықты» Батыстың «атлантизміне» балама ретінде қояды.

Ол Ресей империясы мен Кеңестер Одағының тікелей мұрагері болып табылатын

Ресейді алдымен Еуразия құрлығына, содан кейін бүкіл әлемге үстемдік құрушы

саяси күшке айналдыру жайын қатты ойлайды және өзінің осы байламын

жұртшылыққа ұсынады. А.С.Панарин «Ресейдің құлдыруының жалғасып келе

жатқандығын» мойындайды (176. 78 бет), солай бола тұра, ол өзінің осы ойына

қайшы келетін, Ресей үшін әлдеқандай сопылық қисындағы сюрреалистік

болашақтар туралы айтады. Ол Ресей үшін қайта күресудің негізін жасайтын

үдерістерды былайша түсіндіріп: «Біздер бүгін үш Еуразиялық жобаның

бәсекелестігін бақылаудамыз: Солтүстік Еуразия жобасы, ресейлік Еуразия,

мұсылмандық Еуразия (түркі мемлекетінің ықпалындағы Еуразия) және қытай

Еуразиясы (Қытай үстемдігімен Ұлы Жібек жолының қайта жандануына

байланысты Еуразия)» деген ой түйіндейді. Өйткені, мұндағы соңғы екі жоба

да Атлантикалық және Тынық мұхиттарын Ресейді айналып өту арқылы жалғау

үшін ойластырылған. «Екі жоба да Каспийдің мұнай байлықтарын ашуға

бағытталған» (176. 163 бет).

Автордың пікірінше, егер үдерістер «орыс жобасы» бойынша дамитын

болса, онда мұның табыс әкелері сөзсіз. Панариннің «Жаңаеуразияшылығы»

айдалада жалғыз қалған Ресейге «одақтас» серік іздегенді көз алдыңызға

елестететін секілді. Ол өз мемлекеті үстемдікке ие болған кезде жаңа

жаһандық альянстардың пайда болатынын болжағанымен де (176. 317 бет),

бұл тұжырымның саяси прагматикадан қаншалықты алшақ жатқандығы

күннен-күнге әйгілене түсуде. Өйткені, іс жүзінде Еуразия алаңына жаһандық

бәсекелестікте «орыс жобасына» көнбейтін ықпалы күшті салалар қалыптаса

бастады. Еуразияшылықтың Ресейдің барлық саяси партияларының саяси

тұғырнамаларына орналастырылуы, ресей қоғамының консервативтік бөлігіне,

оның ішінде әсіресе КСРО-ны аңсайтындар арасындағы коммунистердің, әлемдік

аренада Ресейдің үстемдігін қолдайтын ұлтшылдардың, сондай-ақ Ресейдің

саяси этникалық бейнесінің жан-жақтылығын көрсететін космополиттердің

арасында ерекше танымалдықа ие болу үшін аталған партиялардың барлығының

144

Ресей еуразияшылығы

да асқан белсенділікпен насихат жүргізіп келе жатқандығы ашықтан ашық

көрсетіліп отыр.

Еуразияшылықты Ресейдің қоғамдық-саяси қозғалыстарының деңгейіне

алып шыққан Александр Дугин «Еуразиялық көзқарас» атты кітабында өзінің

«Еуразиялық тұғырнамаға» қатысты негізгі қағидасын ұсынды. Жалпы Дугиннің

қоғамдық-саяси қызметі (қазіргі кезде ол Ресей Федерациясы Мемлекеттік

Думасы жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі) бұрынғы кеңестік

республикалармен ықпалдастық жағдайында Ресейдің «Еуразияның

супердержавасы» мәртебесін қайта қалпына келтіруге бағытталып

отыр. Автордың «Еуразия» атты кітабы Жалпыресейлік қоғамдық-саяси

қозғалыстың әрекеттік бағдарламаларының негізгі ережелерінен құралған.

Жаңаеуразияшылықтың идеологы Александр Дугин ұсынып отырған

тұғырнаманың өзегін былайша суреттеуге болады: жаңаеуразияшылық классикалық

еуразияшылықтың идеологиялық базасында қалыптасады. Ал оны

«жасаушының» басты тезисі «Батыс адамзатқа қарсы» деген идеядан тарайды

(160. 6 бет). Сондықтан да Батысқа еліктеген бірде-бір ел өз жолын өздері

анықтай алмайды, үнемі солардың жетегінде жүрді. Ресейдегі батыстық саясат

жеңіп алған ұстанымдар құлдырауға ұшырады, тіпті оның жоғалып кетуіне

жол ашты. «Тап қазіргі заманғы Ресейдегі идеялық дағдарыс» өз бастауын тура

осы жерден алады. Дәл бүгінгі сәтте Батыстанушылық жаһанданудың үлгілері

көрініс беріп қалады. Сондықтан да осы аталған қатерлерге қатысты белгілі

деңгейде ұйымдастырылып отырған қарсылықтар да бар: «Дүние жүзін, оның

ішінде Ресейді де қоса америкаландыру жаңа гегемонға құлдық ұрып, көнбістік

ишарасын білдіру көпшілікке ұнамайды» (160. 5 бет).

Жаһанданудың бірполярлық әлем тек еуразияшылдық қана дүниетанымның

жалғыз көзі ретінде баламалы таңдау бола алады. Соның өзінде «Еуразиялық

Федерализм» идеясын күшейту, ТМД негізінде «Еуразиялық Одақ» құру, ТМД

кеңістігі ішіндегі стратегиялық ықпалдастықтың аясын кеңейту, Мәскеу –

Тегеран – Дели – Пекин бағытындағы «одақтық мемлекеттер өзегін» жүзеге

асыру басымдыққа ие болып табылады» (160.14-15бет). Тарихта бұған дейін

де болып келгені секілді, великорустардың бүгінгі күні де славян, түркі және

финн-угорлық этностардан будандастыру арқылы «бір халық қалыптастыруды»

қамтамасыз етуге жағдайы бар. «Еуразияшылықтың «дүниетаным, философия,

геосаяси жобалар, экономикалық теориялар, рухани қозғалыстар, сондай-ақ

саяси күштердің кең спектрінің шоғырлануының өзегі» болуы мүмкіндігіне»,

өзінің күш-қуатына сенгенгендіктен «Еуразия – бұл тұтас әлем» деп мәлімдеді

(160.34-35 беттер).

Алайда Александр Дугин өз жобасында Ресей империясынан, тіпті Кеңестер

Одағы мен ТМД-ден да ары асып түсті: өйткені, ол Еуразия кеңістігінде дүниеге

келген «Еуразиялық Одақты» тәуелсіз мемлекеттер одағының ұйымы деп емес,

оны, керісінше, қазіргі заманғы Ресей Федерациясы аясының федеративтік

145

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

негізінде құрылған біріккен унитарлық мемлекет ретінде танытқысы келеді

(160. 62-69 беттер) . Мұның соңына ала бере ол өзі иланғын идеалдық сеніммен

«Еуразиялық ортақ үй» жобасын ұсынады, оны ұсынып қана қоймастан осы

үйге кіруге Азияның – Моңғолия, Қытай, Жапония, Иран, Ауғанстан және

Үндістан секілді мемлекеттерін шақырады (160. 70-76 беттер). Өздері жүзеге

асырмақ ниеттегі жұмыстарының «бүкіләлемдік маңыздылығына» ерекше

аңғалдықпен ессіз сеніп отырған Дугин мырза кітабының соңғы беттеріне,

барлық еуразиялықтардың есі кете құмарта оқып және осы ұйымға мүше болуға

ұмтылулары тиіс Жалпыресейлік қоғамдық-саяси қозғалыстың Ережесін

орналастырып қояды!

Орыс идеологының өз елі бақылауда ұстап отырған Еуразияшылықтың

беталысын осыншалықты менмендікпен мемлекеттік саясат деңгейіне

дейін жеткізіп отырғаны жәй ғана кездейсоқтық емес. Мынаған қараңыз,

«Еуразиялықтар президент В.В.Путиннің Ресей билігінің геосаяси қуатын

қайта жаңғырту және Ресей мемлекеттігін күшейту жөніндегі бағытына

ерекше үмітпен қарайды» (160. 88 бет). Еуразияшылық бүгінгі күндері

Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатына алып келетін саяси бағыт

болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелмегендіктен,

мүмкін, одақ достастығының ресмилігіне сене қоймағандықтан болар, Ресей

«Еуразиялық Одақты» жүзеге асыру үшін маңызды шараларды бастап кетті

(«Кеңес Одағымен» ұқсастығы көрініп тұр) (139). Еуразиялық Одақты құру

туралы 2011 жылдың 12 қарашасындағы декларацияға Ресей, Беларусь және

Қазақстан қол қойды және осы айтылған одаққа мүшелікке өтуге Қырғызстан

мен Тәжікстанның кандидатуралары бекітілді. Еуропалық Одақтың құрылуы

Еркін Сауда Аймағы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Кедендік Одақ, Бірыңғай

Экономикалық Кеңістік секілді ықпалдастыру кезеңдеріне бөлінген болуы тиіс.

Құрастырушылардың пікірінше, мұндай жоба жеткілікті дәрежеде өте «тиімді».

Егер де мақсат жүзеге асар болса, онда Еуразиялық Одақ жер көлемі жағынан

(20 030 748 шаршы шақырым) әлемде бірінші орынды, халқы жағынан (169

315 689 адам) жетінші орынды, ал ІЖӨ (2. 720 трл. доллар) жағынан алтыншы

орынды иеленген болар еді.

Жоба авторлары, егер де солардың тілімен айтқанда, «өз тәуелсіздіктерін

жариялаған посткеңестік мемлекеттер, оның ішінде Абхазияны, Оңтүстік

Осетияны, Днестр бойы мен Таулы-Қарабақ Республикасын» Еуразиялық

Одақтың жаңа тәуелсіз мүшелері ретінде көріп отыр. Осылай дей отырғанымен

де, Ресей тәуелсіз республикаларды өздерінің ықпал ету аясынан шығарғылары

келмейді және де БҰҰ-ға мүше болып табылатын тәуелсіз республикалардың

ішінде сепаратизмді ашықтан-ашық ынталандыру арқылы оларды «Еуразиялық

Одаққа» кіргізуге ұмтылыс жасап бағуда. Мұның халықаралық құқықты

бұзудың өрескел актісі болып саналатыны ақиқат.

146

Ресей еуразияшылығы

Орыс еуразияшылары Еуразиялық Одақты саяси, экономикалық, әскери

және кедендік кеңістік бойынша мұраттас болған, тәуелсіз мемлекеттердің

конфедеративтік ұйымы деп қарайтындықтарын ешкімнен де жасырмастан,

мұны сондай сенімділікпен мәлімдейді. Сондай-ақ олар, «Кеңестер Одағын

Еуразиялық Одаққа, ал коммунизм идеологиясын еуразиялық идеологияға»

айналдыруды осы Ұйымға ауадай қажет деп, ашық мәлімдеп отыр. Ресей

Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Еуразиялық Одақтың мемлекеттік деңгейдегі авторлары аталады. Владимир

Путин әлі премьер-министр болып отырған кезінде, 2011 жылдың күзінде

жарияланған «Еуразияның ертеңі үшін – бүгін туындап отырған ықпалдастықтың

жаңа жобалары» (181) атты мақаласынан кейін-ақ арада көп уақыт өтпей жатып,

Еуразиялық Одақты құру туралы декларацияға қол қойды. Ресей мемлекетінің

басшысы Владимир Путин осы Одақтың еуразиялық геосаясатта құрылуы

барысында мұнда «қазіргі заманғы полюстердің бірінің мүддесін білдіретін» күш

қалыптасады деп ойлайды (181). Барынша қысқа уақытта «ұлттық» Еуразиялық

парламент пен Еуразиялық одақ құрылып, олардың толықтай жүзеге асырылуы

2015 жылға жоспарланды. Одан кейінгі кезеңдерде ықпалдастықтың бұданда

ауқымды жоспарлары барысында, ол құрамына Қытай, Үндістан, Иран, тіпті

Еуропаның да бірқатар елдері кіретін «Үлкен Еуразиялық Одаққа» айналмақ!

Шындығында да қазіргі заманғы халықаралық саясат Ресейдің әлемдік

үстемдік құруына жол бере қояр ма екен?! Мұндай ықтималдықтың тіпті адам

сенбестей болып көрінетіні хақ! Классикалық еуразияшылықты білдіретін

ресей идеологтары Николай Трубецкий, Владимир Ламанский, Константин

Леонтьев немесе Петр Савицкий секілділердің мұндай Одақтың тіршілік етуі

үшін, алдымен барлығын тұтастай ұстап тұратын жалпы тарихи-өркениеттік

тамырдың болуы қажеттігін алдын ала ескермегені немесе оны ескеруді қажет

деп санамағаны көзге көрініп тұр.

Сонымен қатар «жаңаеуразияшылықтардың» (Александр Панарин,

Александр Дугин) көзқарасына үңілер болсақ, онда Ресейдің жаңаеуразияшылықтың

тұғырнамасы арқылы өзінің имперлік саясатын ақтап қалуға

деген ұмтылысы, адасушылықтан әлі күнге дейін арыла алмағандығы мен

ұстанымының сындарлы емес екендігінен нақты көріністер береді. Өйткені өн

бойы имперлік идеологиямен сусындап, соған әбден қаныққан еуразияшылық

бірінші кезекте Еуразия халықтарына Ресей билігін толықтай мойындатуға

арналған саясат болып табылатыны сөзсіз. Ал халықаралық саясаттың бүгінгі

конфигурациясында, мұндай саясаттың жемісті бола қалатынына сену барып

тұрған аңғалдық, немесе тарих дөңгелегінің кері айналуына илану секілді

барып тұрған қияли дүние. Еуразияшылық идеологиясын жақтаушылар

өздері барын салып, жанталаса қорғаштап жатқан айқындамаларының бәрібір

де Еуразия тарапынан еш уақытта қабылданбайтынына көздері жетулері

керек және оны өздері мойындаулары тиіс. Өйткені, Ресей өзінің имперлік

147

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

тарихында басқа түгілі, тіпті түбі бір славян халықтарының өзіне де өкшесін

аямай батырып, оларға өлшеусіз қиянаттар жасап келді. Бауырластарының өз

алдына тәуелсіз ел болып дамуына қарсы қолдарынан келгенше тиым салды.

Басқаны айтпағанда, бойларында мемлекеттіктің үлкен дәстүрлері сақталған

Украина мен Польшаның өздері де Ресей тарапынан жасалған қысымға қатты

ілігіп отыр. Сондықтан да орыс панславизмі сол қиял күйінде қалып қойды.

Панславизм мен еуразияшылық Ресейдің имперлық пиғылдағы саясатында тек

құрал ретінде ғана пайдаланылды.

Еуразияның Батысеуропалық бөлігінің Ресейге деген қарым-қатынасы

жоғары өркениеттілік деңгейде қалыптасты. Батыс болса Ресейді өзіменен

терезесі тең ел деп айтудың еш қисынын таба алмай басы қатып отыр немесе оны

іздегісі де келмейді. Ал Еуразияның Шығыс бөлігі, әрине, (ең бастысы Орталық

Азия) «Ресей үшін оңай олжаға» айнала қойғылары келмейді. Сондықтан да

тарихтың барлық кезеңдеріндегі сияқты Ресейге жасалған азиаттық қарсылық

еуропалықтағы секілді мейлінше қатаң болады және солай бола да береді.

Сонымен, еуразиялық жобалар бойынша көзделген мақсаттарының бәрі бірдей

Еуропа мен Азия тарапынан шеттетуге ұшыраған Ресейдің геосаясаты мен

геоөркениеті күмәнға ілігіп, оны бағытынан жаңылыстырады. Еуропаның

ыңғайлы да ықшамдырақ және тығыздау кеңістігінен ысырылған Ресей үшін

ендігі жерде Азияның ыңғайсыздау, ықшамды да және тығыздау да емес

кеңісітігіне бас сұғып, осында бекінуден басқа жол қалған жоқ. Еуропадан

теріс айналуға, сөйтіп Азияның қолтығына келіп тығылуға мәжбүр болған

еуразияшылық идеяны жақтаушылар геосаяси сүйеніштерін Азияға қарай

бұруда. Дегенмен, соның өзінде де олар Еуразияның өздеріне жақын жатқан

бөлігінің түркі өркениеті мен түркі этносының тіршілік етіп келген мекені

екендігін де жақсы түсінеді. Бұл жердегі әңгіме ғасырлар бойы славян жерінде

(әсіресе Алтын Орда кезінде) мемлекет құрып және этногенездің даму үдерісіне

белсенділікпен қатысқан түркілер жайында болып отыр. Осы себептерге

байланысты еуразияшылық идеясын жақтаушылар азия әлемі мен түркі әлемін

бір деңгейге қояды. Түркі әлемін жаулап алудың Азияны да игеру екендігін

олар жақсы түсінеді (279.171-201; 202-204 беттер). Шындығында, Еуразияның

геосаяси тарихының бас авторы түркілер екендігі ақиқат нәрсе, бұған ешкімнің

де күмәні болмаса керек.

Ресейдің Еуразияға үстемдік етуінің шыңы екінші Дүниежүзілік соғыс

аяқталған кезден бастап 1980-ші жылдарға дейін, шамамен 40 жылға созылды.

Тарихи тұрғыдан келгенде, осы қысқа уақыт аралығында Ресей бағынышты

елдердің саяси жүйесін өзгертіп, олардан өздеріне «серіктес-мемлекеттер»

жасады. Тіпті, Германия секілді алып мемлекеттің өзін екіге бөліп тастады.

Жағасын Тынық мұхитының суы шайып жатқан Курил аралардына қарай

бет алған ол, Жапонияға барып тірелді. Қытаймен бірге, Қиыр Шығыстағы

Азияның басқа да көптеген елдерін Шығыс Еуропадағы секілді «социалистік

148

Ресей еуразияшылығы

лагерге» қосты. Жаратылысында диктаторлық мемлекет болғандықтан,

Ресей екі полярлық әлемнің бір полярындағы доминанттық елге айналды.

Сондықтан да кезіндегі І Петрдің реформасына ұқсаған күштеу саясатынан

басқа бағытты қолданып көрмеген, ешқандай да прагматикалық тәжірибесі

болмаған бұл елде КСРО-ның құлауы қарсаңында ықпалдастықты ыдыратудың

үдерісі жедел түрде басталды. Кеңестер Одағы кезінде зорлықтың күшімен

одақтық республика атанған және «адал социалистік лагер» ретінде көрінген

елдер ендігі жерде саналы түрде одан алшақтай отырып, тарихи-саяси қисын

көптен талап етіп келген әлемдік құрылыстың үдерісіне келіп қосылды. Қазір

бұрынғы уақыт емес: тәуелсіз елдерді, соның ішінде Еуразияның тәуелсіз

түркі республикаларын да ендігі жерде Еуразиялық Одақтың «торына» әкеліп

түсіру мүмкін емес. Мұны күштеп жүзеге асыра салатындай Ресейдің бойында

бұрынғы қауқары жоқ.

Ресейлік саяси талдаушы, Мәскеулік Карнеги Орталығының директоры

Дмитрий Тренин Ресейдің бүгінгі таңның халықаралық өміріндегі рөлін

анықтауға арналған зерттеуінде («Постскриптум: Еуразияның Тарихы»,

«Еуразияның ақыры: геосаясат және жаһанданудың айрығындағы Ресей»), бұл

елдің жаңа экспансиялау көзқарасындағы саясаты болашағының бұлыңғыр

екендігін ашық та шынайы түрде көрсетіп береді, деген пікір айтады. Ол мұны

былайша суреттейді: ХХІ ғасырдың жаңа Ресейі бұрынғы Ресейден мүлдем

өзгеше. Коммунизмнің күйреуі идеология бостандығы мен құндылықтар үшін

игіліктің хабарын жеткізді... Ресейдің 500 жылға (меніңше, 300 жыл – Дж.Ф.)

созылған имперлік тарихы өшті және супердержаваның кеудемсоқтығы да

бірте-бірте жойыла бастады. Сонымен қатар, тап қазіргі сәттерде Ресей сырттай

кеңеюдің орнына іштей тарылып келеді» (310. 9 бет). Империяға қайта оралу

ендігі жерде мүмкін емес. Өйткені халықаралық саяси ахуал «ұлттық мемлекет

құрады және соларға сүйенеді де» деп, ащы шындықты ақтарып салады (310.

13 бет).

Еуразияның тарихи өткені мен оның осы күнгі ахуалын тереңдете талдаған

Дмитрий Тренин еуразияшылық идеяны жақтаушылар мен осы кеңістікті

орыстандыруға ниеттенгендер әуел бастан-ақ қате стратегияны таңдады:

бағытты Еуразиядан Азияға қарай бұрған олар заңдылықты мойындамау

жолында тарихи қателіктерге жол берді. Алайда «фундаменталдық тұрғыдан

алып қарағанда Ресей еуразиялық емес, ол еуропалық ел болып табылады».

Осындай себептерге қарағанда Ресейдің еуропалық келешегі оған әлдеқайда

мол мүмкіндіктер ашқан болар еді: бәрінен бұрын ол Батыс өркениетінің бір

бөлшегіне айналар еді. Ал қазір Азияның ұшы-қиыры көрінбейтін ұланғайыр

даласының бір бұрышында қалып қойған Ресей, әлі күнге өзін-өзі таба алмай

елес кезіп жүр. Бүгінгі тарихи ахуалда «Еуразияны тартылыс орталығына

айналдыруда Ресейдің рөлі аяқталды». «Еуразияшылықтың күні бітті, ендігі

жерде ол Еуропада да, Азияда да Ресейдің көзқарасы мен ұстанымын күшейте

149

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

алмайды» деген қорытындыға келді (311.94-99, 138-147 беттер). Ресейдің

империализмнен кейінгі қайтадан қолға алған саяси күрестерінің салдары

оны бұрынғыдан ауыр жағдайларға алып келеді: оның жұмсақ әрі күштеуге

негізделген айла-амалдары тәуелсіздік жолындағы ең маңызды, күрделі және

дағдарысқа толы кезеңдерінен бірге өткен елдерді бұрынғыдан да алыстата

түсті. Оларды «жоғалтып» алуы себебінен Ресейдің бойын кернеген агрессия

оны «үлкенірек» Солтүстік Кореяға айналдырып жіберуі әбден кәдік. Ақыр

соңында, ықпалдастықтың ыдырау үдерісі бұл жолы оның өз ішінен басталуы

да бек мүмкін!

Осындай себептерге байланысты Ресей «жаңаеуразияшылықтың» қиялына

беріліп, өзін-өзі алдамуы және «Славяндық Одақ» пен «Еуразиялық Одақ»

аталатын қос кұрылымның арасында босқа сенделіп қалмауы тиіс. Өйткені,

онсыз да жер көлемі жағынан әлемдегі ең ірі елдердің бірі саналатын Ресей үшін

«жаңа одақтар» мен «федерациялар» құру есебінен бұдан әрі үлкейе түсудің

еш қажеттілігі жоқ. Ресейдің өзінің осыншалықты үлкен аумағының ішінде

әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелері жетіп артылады. Сондықтан да,

еуразиялық Ресей елі Еуропада үстем Еуропа, ал Азияда үстем Азия атану

амбициясын тоқтатып, жарға соқтырар жаңсақ идеядан үзілді-кесілді бас тартуы

керек. Өйткені, Ресейдің осы айтылып отырған ішкі ниетімен оның тек өзі ғана

болмаса, Азия мен Еуропадағы бірде-бір мемлекеттің мұны еш уақытта да

қолдамайтындығы, өліп бара жатса да бұған ықтиярымен келісім бермейтіндігі

ақиқат. Бүгінгі Ресей Еуразиядағы халықаралық ынтымақтастықтың аясындағы

өз міндетін орындап, ізгіліктің бұдан әрі дамуына өзіндік үлесін қосқаны

абзал болар еді. Дегенмен, бұл әзірге тілек қана, ал өкінішке қарай, мәселенің

шындығы басқаша қалыпта өрбіп тұр.

150

11. ЕУРАЗИЯНЫҢ ӨЗГЕРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӨЗГЕРМЕЛІ

БАТЫСТЫҚ САЯСАТЫ

Ренессанс, Реформация мен Ағартушылық қозғалыстары қоғамдық, саяси,

экономикалық және мәдени өмірді түбегейлі өзгертуге дайындалу үстіндегі

Еуропаның барлық қапталындағы үдерістерге қозғау салды: еуропалықтар

жүздеген жылдар бойы билік жүргізген корольдерді орындарынан кетіруден

және оларды жазалаудан, әулеттерін өлтіріп тастап, жаңа саяси жүйе

қалыптастырудан (Француз революциясы), саяси тәжірибеде – парламенттік

мәдениетті күшейтуден (британдық реформа), өндірісті революциялық

әдістермен өзгерте отырып, экономиканың капиталистік жүйесін қалыптастыру

және оны бүгінгі күннің тұрғысында жүзеге асырудан еш уақытта қашқан

емес. Вестфальд бітімі (1648) жасалғаннан кейін Еуропада ұлттық

мемлекеттердің пайда болу үрдісі қайталанбайтын болды. Әрине, осыдан кейін

аймақтардағы соғыстар бірден тоқтап қалған жоқ, дегенмен құрлықтық өзінөзі

ұйымдастыруының саяси қисыны Еуропа ішіндегі жанжалдарды Еуропа

сыртындағы бәсекелестік алаңына қарай бағыттай бастады. Планетаның

географиясы және оның түрлі аймақтарында тіршілік етіп жатқан адамдардың

өмір сүру салты жөніндегі тың ақпараттарының легі «еуропалықтарды оятты».

Олар өз уақытында Александр Македонский, одан кейін Рим империясы

кеңейтіп кеткен сонау шекара аймақтарына қайтадан оралуды қиялдады.

Бұдан әрі, олар қалыптасқан шектеулерден аттап өтіп, ендігі жерде Азия,

Африка, сондай-ақ Америка құрлықтарында «өздерінің үкіметін» құрудың

мүмкін екендігіне шексіз сеніммен қарай бастады. Еуропалық мемлекеттердегі

экономиканың дамуы саяси құрылымдардың ілгерілеуіне, оның ізін ала әскери

өнеркәсіптің дамуына жол ашты.

Еуропаның қатты дамыған елдері Еуропадан тыс алып геосаяси кеңістіктердегі

өзінің «өркениеттік артықшылықтарын» әскери-саяси өктемдіктерімен

алмастыру үшін бір-бірімен қатал бәсекелестік күреске кірісіп кетті. Тарихы

XVIII ғасырдан басталып, өзінің шырқау шыңына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ

ғасырдың басында көтерілген Еуразиялық империализм, планетаның басым

бөлігін өздерінің саяси экспансиясының желісіне тартып алды. Планетамыздың

батыс бөлігінің жарты шары ХХ ғасырға дейінгі уақытта әлемдік саясатты

басқаруға қатысқан жоқ. Есесіне, осы кездерге дейін бұл саясаттың негізгі алаңы

Шығыстың жарты шары бөлігінің, нақтылап айтқанда, Азия мен Еуропада

бірін-бірі алмастырып жатқан гегемон-мемлекеттердің қолында болды. Тек

Құрама Штаттары мен Батыс жарты шары ғана, гегемондардың менмендігінің

басымдығына айналған «нақты саясаттың» бағытын жүргізе асырылған сәттен

бастап қана, олар әлемдік саясатқа шықты (272. 17-55, 137 беттер).

151

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

АҚШ, Еуропаның Батыс жарты шарына қарасты бөлігіндегі тым «көбейіп»

кеткен экспансияны, Еуропамен бірлесе отырып «Батыс өркениеті» және

«Батыс империализмі» аталатын ерекше құбылысына айналдырды. Еуропа мен

АҚШ арасындағы көптеген өзара қарама-қайшылықтар мен түсінбестіктерге

қарамастан, шешуші сәттерде олар бір ұстанымның аясынан табыла алды.

Сонымен қатар, олар Еуразия мен Азия, сондай-ақ Шығыс пен Батыс

арасындағы қарым-қатынастар бойынша батыс саясатын бірлесе ілгерілетті.

Батыс империализмі Америка, Африка және Австралия құрлықтарына ендеп

кірген ұзақ жылдарғы тарихи кезеңінде, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс

Азияның бірқатар елдеріне өз ықпалын орнатты, ал мұндай үдерістің жалғасын

тоқтату тек қана Еуразияның планетарлық деңгейдегі екі күшінің ғана қолынан

келді: олар – Осман және Ресей империялары болатын (189. 154-163 беттер).

Дегенмен, ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнби атап өткендей, Ұлы Петр

мен Мұстафа Кемел Ататүрік Батыстың қуатты қаруы – батыстандыру үдерісін

соңына дейін жеткізбестен, оны асқан ептілікпен олардың өздеріне қарсы асқан

шеберлікпен қолдана білді (190.256, 266-291 беттер): Ресей мен Түркия Батыс

империализмінің Еуразияға абсолюттік деңгейде үстемдік жүргізуіне мүмкіндік

бермеді. Дегенмен, осыған қарамастан, планетаның үстем саяси күші ретінде

қалыптасып үлгерген Батыс империализмі әлемнің барлық құрлықтарында

өздерінің отарлық жүйесін орнатты. Отаршы елдердің бар байлығы Еуропа

мен Американың қалаларына қарай ағылды. Америка Құрама Штаттары күш

алып, қуаттанған сайын батыстың трансатлантикалық кеңістігінің геоөркениеті

бұрынғыдан да кеңейе түсті. Батыстың еуразиялық үдеріске мамық дипломатия,

қатал радикализм және қанқұйлы соғыспен жанталаса араласуы Шығыс пен

Батыстың арасындағы нәзік геосаяси тепе-теңдікті түбегейлі түрде Батыстың

пайдасына қарай өзгертті. Азияның көптеген елдері Батыстың ырқынан шыға

алмайтын, оған тәуелді күйге түсіп, осындай жағдайда тіршілік етуге мәжбүр

болды. Салыстыру үшін айта кетер болсақ, 1800 жылы Азия мемлекеттерінің

ішкі жалпы өнімі жалпыәлемдік ІЖӨ-нің 60 пайызын құраса, бұл көрсеткіш

Батыста – 30 пайыз ғана құраған. 1750 жылы Ұлыбританияның отаршылығына

айналмай тұған кезінде Үндістан әлемдік экономиканың 25 пайызын (яғни,

бүгінгі АҚШ секілді) иеленіп келді. Ал Британия империясының басқаруында

болған 1900 жылы оның әлемдік экономикадағы үлесі 1,6 пайызға дейін

құлдырап кетті (213. 15 бет).

Жалпы Батыс империализмі сол тарихи кезеңде Азия мемлекеттерінің

экономикасын құлдыратып, оның деңгейін төмендетіп жіберді және бұл

елдерді арзан жұмыс күші мен шикізат қорына айналдырды: «Еуропа ХХ

ғасырды бас айналдырған байлық және асқан қуаттылықпен қарсы алды. 1900

жылы Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей және Австро-Венгрия секілді

еуропалық бес ірі елдің әлемдік өндірістегі салыстырмалы салмағы, АҚШ-тың –

26,6 пайызына қарағанда - 51,9 пайыз құрады» (184.141бет). 1492 жылы Колумб

152

Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты

алғаш рет Жаңа Жерге табан тіреген кезде еуропалықтар жер шарының тек қана

9 пайыз аумағына иелік етуші еді. Ал 1801 жылы үштен бір бөлігін басқарды.

Бұл көрсеткіш 1880 жылға қарай үштен екіге дейін жетті. 1935 жылғы зерттеу

қорытындысы бойынша еуропалықтар жер беті аумағының 85 пайызына, ал

оның тұрғындарының 70 пайызына саяси бақылау жүргізді» (191. 163 бет).

Алайда ХХ ғасырдың ортасынан бастап бұл үдерістің екпіні төмендей бастады:

ІЖӨ-нің 46 пайызын өз үлесінде қалдырған батыс өркениеті блогы (Солтүстік

Америка, Батыс Еуропа, Австралия және Жаңа Зеландия) әлі де болса (2000

жыл) әлемдік экономикадағы артықшылығын қамтамасыз ете алды. Дегенмен,

бұл көрсеткіш 1950 жылғы үлестік мөлшерімен салыстырғанда (54,5 пайыз)

айтарлықтай төмен еді. Ал ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында солардың

иелігінде болып келген әлемдік экономиканың үлестік көрсеткіші бұдан әрі

құлдырай береді (2015 жылға дейін – 38,5 пайызға төмендейді) деп болжануда

(198.32 бет).

Әрине, бұл болмай қалмайтын үдеріс: өйткені, Екінші Дүниежүзілік

соғыстан кейінгі өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарына қарайғы Батыс

империализмін жаулап алған дағдарыс пен планетаның барлық құрлықтарында

басталған ұлттық-азаттық қозғалыстар түбегейлі түрде тұрақты халықаралық

саяси жүйеге алмасты. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен халықаралық

құқықтық нормалар талабына сәйкес, мемлекетаралық қарым-қатынастарды

құру және оны дамыту тәжірибесі қалыптасты. Осыған байланысты әлемдік

гегемония жолындағы күрестің айла-тәсілі де, оны жүргізудің үлгісі де өзгерді.

Халықаралық саяси жүйені құрайтын алдыңғы қатардағы мемлекеттер

амалдарының жоқтығынан ғана халықаралық нормаларға сәйкес келетін

икемді айла-тәсілді жүргізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің

негізін екінші Дүниежүзілік соғысты жеңген елдердің өкілдері құрағандықтан,

халықаралық саяси жүйелерді енгізу және халықаралық әділеттіліктің

бұзылуына жағдай туғызушылардың әрекеттерін ауыздықтау да солардың

құзырында болды. Бірақ олар мұндай келеңсіздіктерді толығымен тоқтата

алмады. Соңғы жүз жыл (1910-2010) ішінде халықаралық саяси үдерістердің

дамуының шиеленістерге толы болғандығы соншалық, «жаһандық үстемдіктің

әлемдік иерархиясындағы көшбасшы елдер конфедерациясы мен басқа да

мемлекеттер түбегейлі түрде бес рет өзгеріске ұшырады» (213. 24 бет).

Осы мезеттерде үлкен күйзелістерге алып келген әрбір тектоникалық

толқындағы өзгерістер, сол «иерархия» сатысының ең жоғарғы баспалдағына

тек қана батыс әлемін көрсететін елдердің ғана (Франция, Ұлыбритания,

Австро-Венгрия, Германия,Ресей және Құрама Штаттары) тұрғанын ескеруіміз

қажет. Солардың азғыруымен болған екі дүниежүзілік соғыс пен одан кейінгі

халықаралық жанжалдардың оттай өршіп тұрған кездерінің өзінде де олар бірбірінің

беттеріне тура қарап тұрып, жаһандық басқарудың тетігін уыстарында

мықтап ұстады. Батысқа кірмейтін көшбасшы елдерге жаһандық гегемония

153

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

қазанының «құлағын» қолдарына ұстатудан қатты қорыққан олар мұндай

әрекетке еш мүмкіндік бергізбеді.

Батыстың еуразиялық саясатының бірқатар маңызды сәттерін ағылшын

географы, академик Хэльфрод Маккиндер, америкалық дипломат және

саясаттанушы Георг Кеннан, Польшаның саяси қайраткері және маршал Юзеф

Пилсудский, америкалық геостратег Збигнев Бжезинский және америкалық

геосаясаткер Александрос Петерсон өздерінің шығармаларында былайша

тұжырымдайды. Бүгінгі күнгі геосаясаттың негізін қалаушы Хэльфод Маккиндер

Батыстың Еуразиядан басталған әлемді билеу жолына, оның доминанттық

саясатының негізін қойса (282), Георг Кеннан тура осы парадигманы басқаша

бағытта түсіндіріп, Америка Құрама Штаттарының жаһандық саясатын өзінше

түрлендіреді. Ол «Саясатты тежеуді» («Contain-ment») дәлелдейтін негізгі

теориялық ережеге сәйкес, Ресейді Еуразияның геосаяси кіндігінен шығарып

тастап, осы аймаққа Құрама Штаттарының геостратегиялық ұстанымын

күшейту идеясын тыққыштайды.

Ал маршал Юзеф Пилсудскийдің идеясына сәйкес, Батыстың Еуразияға

қатысты «прометеизм – интермариумдық» саясаты әлдеқайда әділетті және

орынды болуы тиіс. Еуразия қандай да бір гегомонның соңынан тіркеліп жүруге

тиісті емес. Польша да құрамына кіретін Еуразиялық мемлекеттер «қысқара

және кішірейе түсуі» салдарынан Еуразияда Ресейдің үстемдігінің артуына жол

беріліп отыр. Юзеф Пилсудский Еуропа мен Азия арасының тиянақты тірегі

ретінде, Германия мен Ресей секілді үлкен екі мемлекеттің арасындағы қырғиқабақтылыққа

қатысты болған Шығыс Еуропа мемлекеттері бірлігі идеясын

жүзеге асырушы ретінде көрінуге тырысады. Жапониядағы жиырма жылдық

эмиграциядан кейін Польшаға қайта оралған Юзеф Пилсудский 1926 жылы

саяси билікке ие болады. Алайда, екінші Дүниежүзілік соғыстың алдындағы,

өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қайғылы үдерістер кезінде «прометеизм»

қозғалысы тұншықтырылды. Осы жердегі қызықты бір жайт, аталған қозғалысқа

тек Шығыс Еуропа халықтарын ғана емес, сонымен қатар кавказдықтарды да,

соның ішінде Әзербайжандықтарды да тартудың әрекеттері байқалып қалып

жатты (315.273-275).

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша 1977-1981

жылдарғы бұрынғы кеңесшісі, халықаралық саясат мәселелері жөніндегі

бестселлердің авторы Збигнев Бжезинский Батыстың Еуразиядағы

геосаясатының стратегиялық бағытын тұжырымды түрде жасап шықты. АҚШ

стратегиясы Еуразияны тарихи түп тамыры бар, үнемі дау-жанжал туындатып

отыратын мазасыз, еш уақытта да ауыздықтауға келмейтін геосаяси аймақ

ретінде мойындайды: мұнда тарихи қалыптасқан және мемлекеттер құрған

ұлттармен қатар, дәстүрлері жоқ этникалық топтар да бірлесе отырып, аса

күрделі құрамдастық жасайды; КСРО-ны құру кезіндегі Еуразияның біртұтас

аумағының бөлшектендіріліп, олардың этникалық тұтастығының бұзылуы

154

Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты

себебінен мұндағы халықтар арасында жанжал туындауы мүмкін; сондықтан

да үлкен мемлекеттердің осындағы жанжалдардан өздеріне пайда шығарамыз

деген пиғылы аймақтағы тұрақсыздықты одан әрі ушықтыра түседі. Збигнев

Бжезинский «көпжақты бәсекелерге» ашық, осы аймақтағы саяси үдерістерді

басқаруға айтарлықтай ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ретінде –

Орталық Азиядан Балқанға дейінгі созылып жатқан «түркінің этнотілдік және

этносаяси аймағы» ендігі жерде біртұтастықтың қажеттігін қатты сезініп отыр

деп, атап көрсетеді (145. 163-166 беттер). Азиядан Еуропа бағытына қарай

ақырындап өсіп келе жатқан геосаяси қарбаластық Кавказ шегінде өз шыңына

жетті: мұндағы Ресей, Түркия және Иранның геосаяси бәсекелестігі (145. 167

бет) Еуразия империясының өткен уақытындағыдай немесе жасампаздық,

ынтымақтастық және нығаю кезеңіндегі деңгейде жалғасты.

Збигнев Бжезинский талдаудың тек өз бойына ғана тән қабілеті негізінде:

«АҚШ үшін Еуразияға қатысты кешенді, оны тұтастай қамти алатын және ұзақ

мерзімге лайықтандырылған геостратегияны жасайтын және оны қолданатын

кез келді» деген қорытынды жасайды. Мұндай қажеттілік екі фундаменталды

шындықтан келіп туындайды: Американың бүгінгі күні бірегей супердержава

екендігі ақиқат, ал Еуразия болса, ол әлемнің орталық аренасы. Осы тұрғыдан

қарағанда, Еуразия құрлығындағы күш пен оның арасалмағының өзгеруі

Американың әлемдік билік жүргізуі мен тарихи мұрасы үшін өте шешуші маңызға

ие болады» (145. 230 бет). Осылайша, АҚШ-тың Еуразияға сөзсіз гегемония

жүргізу стратегиясы аталған өктемдікті жүзеге асыру барысындағы «жаңа

әлемдік тәртіпке» рұқсат береді. Оның пікірінше, «Әлемнің және Еуразияның

бүгінгі төрешісі АҚШ». Еуразияның қандай да болмасын мемлекеттеріне

немесе «сырттан» келгендерге көшбасшылық жасаудың төтенше шараларына

қатысуларына ешқандай да мүмкіндіктер берілмеуі керек; өйткені, жаһандық

саясаттың ең басты одақтасы Еуропа болса, мұны жүзеге асырушы басты құрал

НАТО деп танылады. «Жаңа Еуропа енді-енді ресімделу үстінде, егер де жаңа

Еуропа «еуроатлантикалық» геосаясаттың бір бөлігі болып қалса, онда НАТОны

кеңейту қажет» (145. 237 бет).

Еуразияны тоқтаусыз ағып тұрған қорытпаның бұлыңғыр да көмескі жүйесі

ретінде ғана көретін Збигнев Бжезинский бұл құрлықта «геосаясаттың алуан

түрлілігінің» болуы мүмкін екендігіне сенбейді. Ресей, Қытай, Үндістан,

Иран және басқа да мемлекеттердің АҚШ-тың гегемондық саясатына қарсы

қандай да бір конфигурацияның одағын құру жөніндегі әрекеттерін қадағалай

отырып және олардың арасындағы айтарлықтай қайшылықтардың бар

екендігін ескере келе ол, «одақ» секілді ұйымның құрылуы мүмкін емес деген

ойға келеді: дегенмен, Штат Еуропамен одақтаса және НАТО-ны да күшейте

отырып, керек бола қалған жағдайда Еуразия мемлекеттері арасындағы өзара

қайшылықтарды өздеріне қарсы бағыттап, «коалициялық әрекеттер» мен басқа

да іс-қимылдарды жойып отыру керек деп түйіндейді. Көріп отырғанымыздай,

155

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

Збигнев Бжезинский АҚШ-тың көшбасшылығана орайластырылып жазылған

«Қауіпсіздіктің еуразиялық жүйесі» еңбегінде, Еуразия мемлекеттеріне тек

құрал ретінде ғана қарайды және солай деп есептейді де. Дегенмен, Еуразияның

геосаясатын гегемон мемлекеттің пайдасына негіздей отырып белгілегенімен де,

осындағы аймақтар арасындағы орын алатын қайшылықтар мен жанжалдарды

дер кезінде тыя алмайды. Сондай-ақ аймақтардың бір-бірінен тәуелсіз жағдайда

дамуы мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан шаралар үдерісін дұрыстап

ынталандыра да білмейді.

АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығы

директорының орынбасары және Әзербайжанның геосаяси жағдайы туралы

құнды пікірлердің авторы Александрос Петерсен өзінің «Бүкіләлемдік арал:

еуразиялық геосаясат және Батыстың тағдыры» атты кітабында бүгінгі күннің

халықаралық саяси тұғырнамасында батыстың классикалық геосаясатының

негізгі ұстанымдарын қайтадан дәйектеуге тырысып бағады. Осы мақсатта

ол «Еуразия үшін ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясын» ұсынады (290):

бұл стратегия өзінің барлық өлшемінде Батыс мемлекеттерінің саясатын

Еуразиялық мемлекеттердің саясатымен толық үйлестіреді; ол Батыстың

«еуразиялық геоэкономиканың» жоғары деңгейдегі қайта құрылуына

қатысуын өте қажет деп санайды. Ресейге, Түркияға, Қытайға, Қазақстанға,

Түрікменстанға, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Грузияға, Арменияға,

Ауғанстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Монғолияға, Украинаға, Молдоваға

және Белорусқа қатысты, олардың әрқайсымен жеке-жеке жүргізілуі тиіс

арнайы саяси бағыттарды бақылап отырған автор аймақтың әрбір мемлекетінің

жөнге салып қойған саясатының, «Еуразиялық әмбебап саясатпен» үйлесім

тапқанда ғана Батыс өзінің Еуразиядағы үстемдігін қамтамасыз ете алуы мүмкін

деген қорытындыға келеді. Еуразиялық мемлекеттердегі саяси жүйелердің

басым бөлігі «батыстық» болып табылмайтындықтан, олардың Ресейге немесе

Қытайға қарай жақындасуы заңды да, өйткені «бұл елдерді демократияландыру

дегеніміз Батыс саясатының қозғалысын қамтамасыз ете алу болып табылады»

(290. 119-122 беттер).

Александрос Петерсен батыс геосаясаты өкілдерінің ішіндегі Хэлфорд

Маккиндер, Георг Кеннан және Юзеф Пилсудский секілді идеалдарға сүйене және

«Еуразия үдерістерінің шынайы сипаттары» ұстанымын айта жүріп: «Грузиядан

Монғолияға дейінгі шағын мемлекеттер» Батыстың қолдау көрсетуінің

арқасында күшеюі тиіс және олар осы аймақта үстемдік құруға ниетті болып

отырған үлкен мемлекеттермен геосаяси теңдікті жөнге келтірулері керек,

деген пікір айтады. ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясы Еуразияға ауқымы күн

санап кеңейе түскен Батыстың ықпалынан да басым болуы тиіс. Сондай-ақ бұл

жүйе Батыстың Еуразияға әсерін және онымен ықпалдасудың мүмкін екендігін

ғана емес, оның стратегиялық көзқарас тұрғысындағы императивтік идеясын

негізге алады, сонымен қатар оның ықпал жүргізу аймағы тек қана Қара теңіз

156

Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты

өңірімен шектеліп қалуға тиісті емес, бұған қоса Каспий аймағы мен Орталық

(Ішкі) Азияны да қамтуы тиіс... Бұл өзін-өзі оқшаулайтындай соншалықты

үмітсіз стратегия емес, сонымен қатар ол – империалистік менмен наразылық

болып та саналмайды. Географиялық өлшемге ие бұл стратегия шексіз

шындыққа негізделген. Оның бойында жаңаруға және Еуропаның өзін қорғауға

деген қажеттілік жатыр. Қысқасы, бұл Батыстың Еуразияға қатысты адам

нанғысыз зиянын көріп және оны толықтырып отырған ақылды стратегиясы...

Батыстың тағдыры әлдеқашан белгіленіп қойған және бұл Дүниежүзілік

Аралдағы (Еуразиядағы) орын алып жатқан оқиғалар арқасында анықталып та

келеді. Сондықтан да Батыс Еуразияның геосаятында тиянақты түрде және ұзақ

уақыт қалғысы келсе, онда оның үкіметі, халқы мен ұйымдары бойларындағы

барлық энергиясы мен ресурстарын осында шоғырландырулары керек (290.

144-145 беттер). Әрине, «империалистік талаптарға» қарағанда бұл шараны

әлдеқайда «сақ және прагматикалық қадам» деп санауға болады. Еуразияның

өзінің жеке саяси үдерістерінің дамуы Батыстан өзіне деген көзқарастың

түбегейлі өзгеруін талап етеді. Бұл бірінші кезекте еуразиялық посткеңестік

кеңістіктегі жаңа қалыптасқан шындықтарды есепке алудың қажеттігінен

туындауы тиіс: Батыс Еуразияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерін әлі күнге дейін

Ресей Федерациясының «ықпалынан» шыға алмай, оның темір «құрсауында»

келе жатқан және әлемдік қауымдастықта ықпалдастық жасауға дәрмені

жетпейтін қауқарсыз ел ретінде танымауы керек. Әрине, бұл тұста Құрама

Штаттары қашанғы қалпы бойынша, консервативтік қадамының шамадан тыс

баламалы нұсқаларына тәуекелмен кіріседі: олар Ресейді Орталық Азиядан

ысырып тастағылары келеді. Вашингтон осы аймақта өзінің ірі әскери базасын

құру жөніндегі жоспарын біртіндеп жүзеге асыру үстінде. Орталық Азияны

өзіне қаратып алудың Ресей мен АҚШ арасындағы күресінде Вашингтон өз

басымдығын арттыра түсті. 2012 жылы америкалықтар өздерінің Өзбекстандағы

әскери қуатын күшейте түсу үшін ел үкіметімен келіссөздер жүргізді. Ал Ресей

болса, өзінің «серіктесі» деп санайтын Қырғызстанмен жақындасу жөніндегі

шаралар белсенділігін арттыра түсті. Бұл тұрғыда да Құрама Штаттары

қол қусырып, қамсыз отырған жоқ, олар Қырғызстан мәселесіне қатысты

Ресеймен бәсекелестік құруды ойластыруда. Ұрымтал сәттегі «баламалы

саясатты» қолданып қалғысы келген Қырғызстан өз кезегінде АҚШ-пен де

ынтымақтастыққа дайын екендігін жариялады.

Вашингтонның Ташкентпен келіссөздерінің мақсаты АҚШ-тың Өзбекстанда

Жедел Әрекет ету Орталығын («Center for Operative Reactiori») құруға

арналғаны белгілі. Нақтысында, 2014 жылы аталған Орталықты АҚШ-тың

әскери базасының құрамына пайдалануға беру жоспарланды. Орталық алғашқы

кезеңдері аймақтағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды бақылауға

алуға арналды. Оның техникалық базасы Ауғанстандағы НАТО-ның әскери

техникалары есебінен құрастырылады. Біраз уақыттан кейін бұл техникалар

157

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

Өзбекстанға беріледі (258). Дипломатиялық үдерістің белсенділігі, ақиқатын

айтқанда, АҚШ-тың Орталық Азияда ірі әскери база құру туралы ниетін ашық

та анық көрсетіп отыр. Орталықамерикалық және Орталықеуропалық батыс

геосаясатының дихотомиясы: біріншісі радикалдық саяси бағытты ұстанса,

екіншісі – орташа бағытты қолдайды. АҚШ-тың Еуразиядағы стратегиялық

мүддесінің Еуропамен қаншалықты сәйкес келетіндігі бүгінгі күні қызу

талқылануда. Германиядағы Мартин Лютер университетінің профессоры Рауль

Петер Дас, «Америка Құрама Штаттары Азиядағы әрекеттерінің қарқынын

күшейте түсуде, бұл сөз жоқ, «еуропалық міндеттерінің» әлсіреуіне жол

ашады» деген қорытындыға келеді. Сондықтан да Еуропа өзінің әлеуетін

шоғырландырып, қолындағы құралын жаһандық оқиғаның ықпалын күшейту

бағытына арнауы керек, деген ойын айтады.

Егер де Еуропа осындай қарсылықтарға дер кезінде тиімді шаралармен

жауап бере алмаса, онда саяси төтенше күштер саласы шектеулілікке ұшырау

қаупімен бетпе-бет келген күйінде қалып қояды (225. 1 бет). Өйткені Еуразияда

болып жатқан үдерістердің жаһандық саяси кеңістікке ықпалы күшейе түседі де,

күштердің арақатынасындағы шағын өзгеріс халықаралық қарым-қатынастар

түрінің тепе-теңдік факторына түрленімдер енгізеді. Алдымен Батыстың,

кейін одан да басқа да халықаралық саясаттың жатпай-тұрмай Еуразияның

геосаяси құрылымын жаппай қадағалауға алуы мен жетекші геостратегиялық

үрдістердің анықталуы өзектендіріле түсті. Өйткені, Еуразияның өз күшіне

сену үдерісі, өзінің ішкі әлеуетіне деген шамалауы тоқтаусыз болды.

Әлемдегі табиғи байлықтың басым бөлігі Еуразияның үлесінде. Экономикасы

мен әскери бюджеті күшті, жер көлемі мен халық саны жағынан тек Құрама

Штаттарынан кейін ғана тұрған, қуатты саналатын алты (соның ішінде, ядролық

қаруға ие) мемлекет Еуразияда орналасқан. Егер де, бөтен мемлекеттердің

бөлшектектендіруге бағытталған экспансионистік пиғылдағы араласуылары

болмаса, онда бұл аймақ өзінің жеке әлеуеттерін пайдалана отырып,

дамудың жаңа деңгейіне көтеріле түсері сөзсіз. Еуразия бүгінгі күнгі өзінің

«ішкі» геосаяси дамуының өлшеміне қарай бойындағы қазіргі заманғы

халықаралық саясаттың ең озық гуманистік үрдістерін өзгертеді, ал мұндай

труппалардың одақтар мен үстемшілдік секілді алдамшы да зиянды екендігі

белгілі. Еуразияның осы үрдістерді оңтайландыру және прагматикаландыру

бағыттарындағы мәселелеріне деген Батыстың маңызды ықпалы оған оң әсерін

тигізеді. Еуразиялық мемлекеттердің өз тәуелсіздігін нығайту барысында

табандылық танытуы, «тіркемелі саясаттың» соңынан ергісі келмеуі мен ұлттық

экономиканы жаңғыртуы, сондай-ақ демократияландыруды нақты жүзеге

асыру әрекеттері, сөз жоқ, Батыс тарапынан саймасай қатынасты талап етеді.

Бірқатар саяси талдаушылардың пікірлері бойынша, егер Құрама Штаттары мен

Еуроодақ Батыс әлемін дамытқылары келетін болса, онда олар Азия әлемінің де

158

Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты

дамуына мүдделі болулары тиіс: Батыс ешқашанда Азияға «төменге қабатқа»

қарағандай биік көзқараспен емес, керісінше оны халықаралық саясаттың ақиқи

талаптарына сәйкес, толыққанды әріптес ретінде көруі тиіс.

Шығыстың да және Батыстың да жаңа дәлелдемелерінде мұндай тәсіламалдар

пайда бола бастады. Еуразияның жаһандық кеңістігіндегі өзін-өзі

танытуының қажеттілігі Түркия Республикасының Премьер-Министрі

Реджеп Тайип Ердоғанның Стамбұлда өткен (2012 жылы) Халықаралық

Форумда жасаған баяндамасының өн бойынан көрініс беріп отырады: «Ендігі

жерде Батыс – әлем орталығы емес. Ендігі жердегі Солтүстік, Батыс, Оңтүстік

және Батыс арасындағы бейбітшілік орталықтары ортақ саяси жүйе болып

табылады. Экономикалық тұрғыдан қарағанда әлем осы жүйенің бағытына қарай

өзгереді. Біздер де осыған сәйкес, қолданыстағы күштер теңгерімін қамтып,

Үлкен Жиырмалық (G-20) құрған саяси жүйені байсалды қабылдаймыз», деп

айтқанынан айқын көрініс береді (109).

Ақиқатын айтар болсақ, осыдан жүз жыл шамасы бұрын планетарлық

деңгейде өз сөздерін Батыстың төрт (Ұлыбритания, Франция, Құрама Штаттары

мен Германия) елі, ал Еуразияда тек бір ғана мемлекет (Ресей) айтып келген

болса, ендігі жерде бұл ахуал Еуразияның пайдасына қарай түбегейлі өзгерді.

Осыдан жарты ғасыр бұрын өзіне ешқандай да назар аудартпаған бірқатар

еуразиялық мемлекеттер, ендігі жерде халықаралық саяси жүйенің алдыңғы

тұғырнамасына шықты. Сондықтан да Батыс бүгінгі күндері Еуразияға

қатысты көпжақты плюралистік саясатты жандандыра түсу, аймақтағы

түрлі мемлекеттермен ынтымақтастықты қажетті деңгейге көтеру, солармен

арадағы келісілген саясатты қиыстыра түсу қажет деп санайды (271 бет).

Еуразияда аймақтық геосаяси тұтастықты құрай алған түркі мемлекеттерімен

осындай кең тұғырнамада қарым-қатынастар орната алу олар үшін өте жоғары

маңызға ие. Еуразиялық Одақтың Шығыстық Әріптестігінің Бағдарламасы

Батыстың Еуразиямен көпжақты ынтымақтастығының тиімді кезеңдерінің

жаңа мүмкіндігін ашатын ең маңызды бастамаларының бірі болып табылады.

2009 жылдың мамырында қабылданған бұл жоба, Еуроодақ пен Еуразияның

жеті мемлекетінің (Ресей, Украина, Молдова, Әзербайжан, Грузия, Армения

және Беларусь) тұғырнамалық ынтымақтастығының дамуын болжайды (276

бет). Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени әлеуетінің барысымен

жақсы таныс, аймақтың алдағы даму болашағын мұқият бақылап жүрген

мамандардың бірі, АҚШ-тың Польшадағы және Пәкстандағы бұрынғы елшісі

Томас Симонс өзінің «Еуразияның жаңа Шекаралары: жас мемлекеттер, көне

қоғам, ашық болашақ» атты кітабында, Батыстың Еуразиямен саясатты

жаңа негізде қалауы туралы идеясын айтады. «Бүгінгі Еуразия – бұл кешегі

Кеңестер Одағы емес» (300. 7 бет) парадигмасын дамыта отырған америкалық

дипломат, Еуразияның өзін-өзі танытуы саясатына қолдауын білдірер болса,

онда Батыстың шын мәнінде халықаралық қатынастар динамикасына күшті

159

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

серпін беретінін атап көрсетеді: егер осындай қолдаулар көрсетілсе, онда Құрама

Штаттары өз саясатын Ресейге емес, Еуразияның бүгінгі мемлекеттерімен

байланыстыра отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізе алады.

«Еуразиялық мемлекеттермен тиімді әрі пайдалы жұмыстар жүргізу үшін

АҚШ оларға жиырма бірінші ғасырдың барлық талаптарына сәйкес өмір

сүріп келе жатқан, халықаралық қауымдастыққа мүшелікке толық қабілетті

және жауапкершілігі күшті елдер ретінде қарап, қатынастар жүргізуі тиіс.

Сонымен қатар, өзіміз де жиырма бірінші ғасырдың жауапкершілігін терең

түсіне білуіміз керек... Біздер Еуразияда орын алуы мүмкін өзгерістерді

қолдап, оған жол ашуға тиістіміз», дейді ол (300. 12-13 бет). Шындығына

келер болсақ, Батыстың Еуразиядағы өзгермейтін және өзгермелі саясатының

қырлары бүгінгі халықаралық саясаттың күрделі сипатына да байланысты.

Өзгермейтіні – шынайы консервативтік саясаттағы үстемдік доктринасынан

бас тартқысы келмейтінгін көрсетеді, ал өзгермелілігі – әлемді дамытудың

халықаралық саясатындағы демократияны либералдық көзқараспен жаңартуға

қажетті бірқатар шарттарды алдыңғы қатарға шығарады. Халықаралық жүйені

еуразиялық геосаясаттың үдемелі бағытына қарай өзгерту Батыстың, сондайақ

Еуразияның да ұлттық мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынастың

дамуына, күштерді шоғырландырудың нақты негізін жасауға және оң

өзгерістерді жүзеге асыруға деген қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.

Дегенмен, ортақ мәмілеге келуге қабілетті белгінің табылуы – бұл тарихи

да қисынды да қажеттілік. Консерватор өз консерваторлығын, ал либерал өз

либералдығын еш уақытта да ұстап тұра алмайды. Мұндай жағдайды сақтап

қалуға деген талап айналып келгенде, халықаралық үндестікке зиянын тигізіп,

оның нормаларын бұзуы мүмкін.

Сондықтан да саясаттағы өзгермейтін үрдістер өзгермеліге қарай жүруі

тиіс, ал өзгермелі үрдіс болса, олардың арасындағы тепе-теңдік сақталуы үшін

жалпы мәмілеге келуі керек. Тарихтың бүгінгі күнгі беталысының үрдісі, Батыс

өз консерватизмін жұмсарта алғанда ғана әлемдік саясаттың демократиялық

үдерістерінде өзін-өзі танытуға қол жеткізе алуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Демек, ол Еуразиялық аймаққа әлемдік саясат пен экономикадағы өзіне лайық

орынды тауып орналасуына көмектесуі керек. Тек, осындай саяси беталыс қана

бүгінгі Еуразияға қарай бағытталатын қандай да бір гегемондық талаптарды

болдырмауды жүзеге асырады.

160

12. КАВКАЗ БЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ

ГЕОСАЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ. ЕУРАЗИЯНЫҢ

«ТҮРКІЛІК БӘТУАЛАСТЫҒЫ»

Кавказ бен Орталық Азияның еш уақытта да бөлінбейтін ортақ тағдырға ие

болуы Еуразия геосаясатының ең бір маңызды тұсы саналады. Өйткені, Кавказ

Каспий теңізінің артқы жағалауына орналасқандықтан, ол Еуропаға шыға алады,

ал Орталық Азия Каспий теңізінің шығыс жағалауына орын тепкендіктен, оның

Азияға шығуға мүмкіндігі зор. Қос өңір де Еуразияның геосаяси координатының

тиімді жүйесінің екі маңызды аймақтық буыны болып табылады. Ғылыми

әдебиеттерде «Каспий бассейнінің аймағы» деп аталатын осы геосаяси кеңістік

ғасырлар бойы түркілердің бақылауында болып келсе, бүгінгі күні де тарихисаяси

өзгерудің бұрылыс шегіне айналуының шешуші кезеңінің алдында тұр.

Осыған байланысты пайда болған дилемманың құрылымы: Кавказ бен Орталық

Азия елдері жаһандық күштер мен олардың өзара бітпес қайшылықтарының

ықпалына түсіп, «жеңімпазға» бағынышты болып қалады. Немесе тәуелсіздіктің

барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықаралық қауымдастықтың

тәуелсіз субъектісі ретінде әлемдік жетекші күштердің қатарынан орын алып,

өздері де жеңімпаз атанады!

Әрине, аймақтық мемлекеттер үшін екінші бағыт тиімді саналады. Кавказ бен

Орталық Азия геосаясаттың жаңа жолын таңдауда, нақ осы бағытты ұстанып,

сергектік пен мұқияттылық көрсетулері тиіс.

Дегенмен, Кавказ бен Орталық Азияда орын алып жатқан геосаяси үдерістер

аталған жемісті бағытқа қол жеткізе қоюдың оңай еместігін көрсетеді. Өйткені,

табиғи ресурстарға өте бай осы аймақта гегемон елдердің тойымсыз да ымырасыз

мүдделері қақтығысып, соның ұшқындары «аймақтың ең осал тұстарына» шоқ

түрінде шашырап жатыр. Кавказ бен Орталық Азиядағы түрлі факторлардың

себептерінен туындаған этносаяси жанжалдар, тіпті ел ішіндегі билік үшін

саяси күрестің оттары да қасақана жағылып, оның ұшқындары әдейі өшірілмей

отыр. «Халықаралық төреші» қызметін өз міндетіне алған жаһандық күштер

жанжалды тоқтатудың дұрыс жолын ешуақытта да қарастырмайды, бірақ

оны басқарады. Кеңестік дәуірден кейінгі ең басты және ең үлкен кеңістікте

– Кавказ бен Орталық Азияда тәуелсіздіктерін алған барлық елдердің басында

бір мезетте осындай жанжалдар болды. Тәуелсіз мемлекеттердің мойнына

ілінген осындай жанжалдар, қажет кезінде олардың мысын басуға арналған

құрал ретінде пайдаланылды. Сонымен, Кавказ бен Орталық Азия елдері тек

тәуелсіздікті қалыптастыру жолында ғана емес, сонымен қатар оларды үнемі

қыспақтан шығармауға тырысқан мәселелерді шешу барысында да, гегемон

елдердің аймақтағы тайталастарды теріс пайдаланып кетуін болдырмауда

161

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» бірлікті көрсетулері керек.

Орталық Азия мен Кавказ үшін қатал және бүкпесіз шындықтың негізі міне

мынадан тұрады: Еуразияның осындай күрделі аймағында сыртқы ықпал емес,

керісінше тең қозғалыстағы ішкі күш шешуші тетікке айналуы тиіс.

Еуразияның тағдыры осы аталған тең қозғалыстағы күштердің маңызын

жете түсінуге алып келеді. Кавказ бен Орталық Азиядағы геосаяси үдерістерге

бақылау жүргізу, бізге Еуразияның дамуының ішкі ынтасын қозғауға қабілетті

күшті анықтау мүмкіндігін береді. Кавказдағы үш елдің бірі – Әзербайжан,

ал Орталық Азиядағы бес ел – Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және

Қырғызстан барлығы да түркітілдес мемлекеттер. КСРО құлағаннан кейін

олардың әрқайсысы да өз тәуелсіздігін алу құқына ие болды. Басқаша айтқанда,

тәуелсіздіктерін қайта қалпына келтіру жолында олардың барлығы да құрдастар

саналады. Алайда, түркі мемлекеттері мен империяларының Каспий теңізінің

батыс және шығыс жағалауларында құрған этносаяси географиясының әу

бастан-ақ Түркі Одағы эволюциясының бағытына қарай оңтайландырылғаны

белгілі. Сондықтан да, тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап, Түркі Одағы

аймақтың жалғастырып келе жатқан маңызды идеясы болды. Орталық Азияның

көптеген ғасырлар бойына Түркістан атанып келуінің өзін кездейсоқтық деп

айтуға әсте болмайды.

Этномәдениеттану түсінігінің кеңейтілген деңгейінде және аздаған

романтикалық реңкте қабылданатын Тұран өз кезегінде Моңғолиядан бастап

Түркияға дейінгі аралықты алып жатқан алып геосаяси кеңістіктің атауы болды.

КСРО-ны құру барысында ауызға ілігер түркілік топонимдердің барлығы да

өзгертілді. Нақ осы себептерге байланысты Түркістан Орталық Азия атанды.

Түркіні еске түсірмесе болды, одан қалған атаулардың барлығын да жергілікті

орындарға беруге рұқсат етілді. Егер де «Кавказ» атауында түркі қоспасының

қылаудай күмәні көрініп жатқан болса, онда Гәнжіні «Кировабадқа»

айналдырғандар, бұл атауды да ойланбастан өзгертіп салған болар еді.

Орыстандыру мен кеңестендіру Кавказ бен Орталық Азиядағы (Түркістан)

саяси құрылымды бөтен еткені соншалық, тіпті геосаясатқа қатысты

меншікті дүниелердің өздерін де танымастай ету үшін картографиядағы

топонимдердің атауына дейін өзгертіп жіберді. Тәуелсіздіктің алғашқы дәуірі

Еуразияның өзегін құрайтын осы екі аймақтың геосаясилануына жағдай

туғызатын реформалардың түбегейлі өзектендірілгенінен көрініс береді. Менің

пікірімше, Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің шынайы түрде бірігуінің көзін

таба алатын жаңа геосаяси парадигма нақ осыдан тұрады: халықаралық саясат

үшін оның аймақтық күшті саясатын халықаралық саясаттың алдыңғы қатарына

алып шығу өзінің табиғи ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізуден әлдеқайда

маңыздырақ болуы тиіс. Кавказ бен Орталық Азиядағы болып жатқан геосаяси

үдерістерге жүргізілген талдаулар, аталған әлеуеттің пайда болуының әлемдік

қауымдастық үшін маңыздылығы соншалықты екендігін көрсетеді. Бір белгілісі,

162

Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»

Кавказ бен Орталық Азияға «посткеңестік» немесе «жаңа кеңестік», яғни

Кеңестер Одағының жаңартылған нұсқасы ретінде қарауға болмайтындығы

анық (300.136; 233.107-111 беттер).

«Ұлтшылдық» ұғымы бұл жерде өркениеттік ұқсастыққа негізделген, жоғары

саяси деңгейде сараланған және ұлттық мемлекеттілікті күшейтуге қызмет

ететін идеологиялық құрал болып табылады. Сонау ХХ ғасырдың бас кездерінде

өте танымал болған «батыстық» атты ұғымның мағынасы бүгінгі таңда Еуразия

елдерін жаңғыртудың қажеттілігі деңгейінен көп төменге құлдырап кетті.

Олар ешкімге де ұқсауға тырыспай, тек өздеріне ғана тән жолмен жүргенді

қалайды. Әлемдік саясатты, экономиканы және мәдениетті өзіне ұқсатуға

тырысып баққан, басқаша айтқанда, «оны игеруге» ұмтылған Батыс ниетінің

жеңіліске ұшырағанын өздері де жақсы түсініп отыр. Осылайша, бүгінгі

күні Еуразия өзін-өзі таныту дәуірінің басында тұр (261.103-120; 300.91-

119 беттер). Қазіргі заманда «күшті мемлекет» деген түсінік те өз мағынасын

түбегейлі өзгертті: бүгінгі күннің субъектілері өздерінің даму қабілеттерін

мемлекеттік маневрлердің мүмкіндіктері, бюрократтық «жұдырықтың» күші

арқылы емес, керісінше либералдық саясатты жүргізу жолын өркендетумен

көрсетіп те дәлелдеп те келеді. Мұндай өзгерудің ең озық үлгісі Шығыс

Азия елдері саналады. Олар өткен 60 жыл ішінде адам танығысыздый болып

өзгеріп, өздерінің либералдық басқару институтының мейлінше жан-жақты

және өте имкемді екендігін дәлелдей алды (194. 13-14 бет). Олар ерекше

талғампаздықтың арқасында, мына әлемнен өздерінің бейнесін, ал өздерінің

бойынан мына әлемді көре білді. Сондықтан да «Азияның күшті мемлекеттерінің

жаһандық өркендеуге ықпалының мүмкіндігі» өсе түсуде (305). Азияның 10

мемлекеті құрайтын ASEAN ұйымы (Оңтүстік –Шығыс Азия Мемлекеттерінің

Қауымдастығы), өздеріне жасалып отырған қысымға қарамастан, аймақтың

дамуын авансценаға шығаруда (267. 188-201 беттер) және Орталық Азия мен

Кавказға – Азияның өзегін үлгі ретінде көрсете білуде.

Тап қазіргі сәтте, егер де біз Азияның геосаяси құрылымына жаһандық

деңгейден назар сала қарайтын болсақ, онда біз мынадай жағдайларға куә

боламыз: Еуразияның Батысеуразиялық бөлігі мен (Германия, Ұлыбритания,

Франция, Норвегия және т.б.) оның Шығысазиялық бөлігінде (бастысы Жапония

мен Қытай) дамыған елдер орналасқан. Солтүстігінде Ресей, ал оңтүстігінде

Иран мен Ауғанстанның арасында қалып, дамуы үшін аталған көршілерінен

ешқандай да көмек нышанын көре алмаған Орталық Азия мен Кавказ елдері,

ендігі жерде маңызды қисындағы саясат жүргізулері тиіс. Сондай-ақ Батыстың

дамуы мен Шығыстық тұғырнама деңгейіне жету жолында да, тек қана өз

мүмкіндіктеріне сүйенуі керек. Мұндай жағдайда жаһандық геосаяси қарымқатынастың

жағымды стратегиясы гегемон елдердің (әсіресе АҚШ пен Ресей)

ашық немесе жабық үлгідегі басқыншылық ниетіне және олардың қоқанлоққы

саясатына жол берілмеуін талап етеді; тұрақсыздық пен идеологиялық

163

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

фанатизм белең алған елдермен қарым-қатынасты өте сақтықпен және абайлап

жүргізу керек, ал Шығыс және Батыс тұғырнамасындағы дамыған елдермен өз

ара қарым-қатынастарды барлық бағытта орнатуға болады. Егер де Орталық

Азия мен Кавказды Шығыстық және Батыстық кеңістік тұғырнамасындағы

халықаралық саяси-экономикалық жүйелердің желісі бойынша сәйкестендіру

дәйекті түрде жүзеге асырылар болса, онда бұл сөз жоқ, әлем дамуын жаңа

деңгейге көтеру үдерісіне тың серпін берген болар еді. Орталық Азия мен

Кавказдың жеті тәуелсіз мемлекеті, оның ішіндегі бесеуі түркілік болып

табылатын елдер тап қазіргі сәттерде өз араларында да, сонымен қатар

көршілерімен де геосаяси қарым-қатынастың күрделі кезеңдерін бастан өткеріп

келеді. Жалғыз түркі мемлекеті – Әзербайжан орналасқан Кавказ барлық

геосаяси желілілер қиысатын геосаяси кеңістік болып есептеледі.

Өзінің әлеуеті бойынша Кавказдағы ең ірі (Оңтүстік Кавказдан да

үлкен) мемлекет саналатын Әзербайжан Түркия мен Орталық Азия елдерін

жалғастырып, сол арқылы ол түркі әлемінің геосаяси тұтастығын қамтамасыз

етіп отыр. Ал Әзербайжанның көршісі – Армения болса, Әзербайжанның жерін

басып алған, Кавказдағы тұтастықты бұзып отырған жалғыз мемлекет саналады.

Егер де кезінде Кавказдағы геосаяси теңдікті бұзып отыру мақсатында, Армения

деп аталатын осы бір шөңкеге Ресей соншалықты қамқорлық көрсетіп, шынайы

ықыласын төкпегенде, оны мәпелей күтіп-баптап өсірмегенде аймақтың

тәуелсіздік алған кезеңдердегі саяси, экономикалық және мәдени өмірі тіпті

басқаша бағытта дамыған болар еді. Ресейдің барлық көршілерімен саяси

қарым-қатынасы доминанттық менмендікке негізделгендіктен, оның әу бастанақ,

түбі сәтсіздікке ұшырайтыны күмәнсіз-тін. КСРО тарағаннан кейін де, өзін

осы аймақтың «көшбасшысы» ретінде есептейтін Ресей алған бетінен қайтып,

өзінің дәстүрлі саясатынан бас тартатын сыңай танытар емес. Егер Кеңес Одағы

күйрегеннен кейін Құрама Штаттары Батыстан Шығысқа қарайғы геоосаяси

желінің бойына Украина, Әзербайжан және Қазақстанды таңдап, соларды

іштарта бастағаны сол еді, Ресей де бұған жауап ретінде Балқан, Кавказ және

Орталық Азиядағы өз ықпалының шегін жасауды шұғыл қолға алды (193.

105 бет). Сөз жоқ, оның Кавказдағы іштартары Армения ғана. Әрине, әскери

қолдаусыз «ергежейлі» Армения өз күшімен Әзербайжанға тиесілі, оның

атадан балаға мирас келе жатқан меншігі Қарабақ жеріне еш уақытта басып кіре

алмаушы еді. Мұны, әзербайжандықтардың өздерімен қатар, Кавказ мәселесі

туралы құлағдар болып отырған әлемдік қауымдастық та жақсы біледі. Тіпті,

бүгін Армения өз еркімен бұл жерді кері қайтарғысы келеді десек те – Кавказдағы

«армяндық үшкірден» айрылмау үшін Ресей бұған еш уақытта да жол бергізбейді.

Тек армяндық қоғамның өзін ғана мысалға алып қарайық, банкротқа ұшыраған

және халықаралық сауалнамаға сәйкес әлемдік қауымдастық арасында өзін

екінші «ең бақытсыз қоғам» ретінде тани бастағаны Ресейдің қанатының астына

кірушіліктің қандай салдарға алып келетіндігін көрсеткендей. Бүгінгі күндері

164

Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»

Әзербайжанның белгілі деңгейдегі тырысуының арқасында Армения барлық

аймақтық жобалардан қағылып, тек шетелдіктердің көмегіне ғана тәуелді күй

кешіп отыр. Егер де жеңімпаздар күшті болатын болса, онда Әзербайжанның

басыбайлы жерін жаулап алған «жеңімпаз» Арменияның жағдайы неліктен

қазіргі таңда кісі аяйтындай күйге құлдырап кетті?! Осы жерде мынадай

салыстыруды айта кеткен орынды: Арменияны қатты тұншықтырған анаконда

Әзербайжан ендігі жерде оның тек соңғы демін шығаруын ғана күтіп отыр.

Жалпы, Ресейге тарихи тақау орналасып, оған сүйеніш ел ретінде қарайтын

Армениядан өзге елдердің барлығын да осыған ұқсас тағдыр күтеді, сондықтан

да алдағы уақыттарда олардың дамуы қамтамасыз етіледі дегенге илана қою

мүмкін емес. Өзінің шексіз кеудемсоқтығының салдарынан «Еуропаның соңғы

елі және Азияның бірінші елі» (239. 58 бет) мәртебесінен бірте-бірте айырылып

келе жатқан Ресей, алып аумағына қарамастан, басқа елдерге сүйеу жағдайынан,

басқа елдерден сүйеніш сұрау жағдайына қарай қарай бет алып келеді. Оның

Еуразиялық Одақ доктринасын халықаралық конфигурация алдында өзін

жоғалтып алу қорқынышынан туындаған саяси жанталасы деп түсінуден өзге

мағына жоқ. Мәскеу – Ереван – Тегеран жүйесі бойынша Ресей құрған «тік

геосаяси өзек» дипломатиясы бірте-бірте өз маңыздылығынан айрылып келеді

(157. 164 бет).

Халықаралық саясат үшін қатердің үлкен ошағына айналған Иран

халықаралық қауымдастықтың нысанасына айналды. Варшава шартына

кіретін социалистік мемлекеттердің блогы құлағаннан кейін және «қырғи-қабақ

соғыс» дәуірі де аяқталған соң (1947-1990 жылдар) басқыншылық саясатымен

өзіне-өзі ор қазып келе жатқан Армения, Азиядағы өз көршілерімен жабайы

тағылар тілінде сөйлесетін Солтүстік Корея, туған халқының басына қара

түнек орнатқан диктаторлық режимдегі Ливия мен Сирия (біріншісі тақтан

тайдырылды, енді екінші де соның алдында) және фундаменталдық Иран, ол

халқының жартысын құрайтын әзербайжандардың ұлттық құқығын аяқасты

етіп келе жатқан ел, Ресейдің халықаралық деңгейдегі одақтастары болып

қалды. Бүгінгі Ресейдің «саяси бет-бейнесін» сипаттайтын бұл көрінісі кімді

болмасын қатты ойландырса керек. Каспий маңы аймақтарына өзінің геосаяси

ықпалы мүмкіндігін шоғырландырған, «америкалықтар мен атлантикалық

саясатқа қарсы күресуші құрлықтық аймақтық мемлекет ретінде» (157. 164-165

бет), Иран өзінің стратегиялық болашағын айқындайды, оның бұл бағыттағы

ұстанымы Ресейдің көзқарасымен толықтай сәйкес келіп отыр. Бұл жерде,

Оңтүстік Әзербайжанға қысым жасауда, Иран мен Ресей екілігінің ұстанымы

жақындасуы әбден мүмкін. Өйткені, түркі мемлекеттерінің бірігуін өзектендіру

Иран мен Ресейді қатты мазасыздандырады. Олар осы аталған үдерісті өздерінің

аймақтағы ықпалын толықтай жоғалту деп түсінеді.

Тіпті, Грузияның аймақтық тұтастығын сақтап қалу күресінде Ресейдің

әскери күшпен берген жауабы, Қарабақты жаулап алу фактісі кезіндегі

165

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

Арменияны өзінің әскери базалармен нығайтуы және осылардың барлығына

қоса айтылатын тағы бір мәселе, қуыршақ мемлекеттермен әскери одақтар

құру туралы келісімдер жасасуы, «постимперлік мемлекеттің» (310. 17 бет)

аймақтың дамуына әлі де болса кедергілер келтіру саясатын тоқтатқысы

келмей отырғанын байқатады. Әзербайжан мен Грузияның күшейе түсуінің

және олардың өздерінің аймақтық тұтастығын қамтамасыз етулерінің нәтижесі

кавказдық геосаясаттың жаңа бағыттарын тереңдете түседі. Қолға алына

бастаған жаңа жобалар аясында Кавказдың осы аталған екі елінің мүдделері

арасындағы байланыстардың пайда бола бастауы мен халықаралық саясаттың

прогрессивтік үдемелі міндеттерін бірлесе жүзеге асыруы аймақтағы Ресей

гегемониясының «күні батқанын» білдіреді. Ал басқыншы Армения үшін бұл

«бітті» деген сөз. Орталық Азия осыдан жиырма жыл бұрын геосаясаттың

жаһандық координатында әлемнің қақ ортасындағы қара ойық («black hole»)

секілді көрінетін. Дегенмен, тәуелсіз мемлекеттер құрудың күрделі мәселелерін

біртіндеп шеше келе, олар тіпті этникалық даудың шиеленісін шешудің кілтін

де тапты. Саяси және экономикалық тұрғыдағы көзқарас бойынша Орталық

Азия республикаларының күшейе түсуі, әрқайсысының өз тәуелсіздігінің

тарихи сындарлы кезеңінен сүрінбей өткендігін және батыл түрде алға қарай

дами беруге қабілетті екендіктерін көрсетті. Дәстүрлі қоғамдарға тән саналатын

бірқатар белгілерге ие бұл елдер дәл қазіргі сәтте ұлттық бостандық базасында

жаңғырудың табиғи үдерісінен өту үстінде.

Халықтың ұлттық бірлігі мен мемлекеттің саяси-экономикалық тәуелсіздігінің

кепілдігін толығымен қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықтағы

өзінің лайықты орнын алу үшін аймақтық және жаһандық тиімді жобаларға

қатысуға деген ұмтылыс ел басшыларының бүгінгі күндегі ең басты міндеті

мен мақсатына айналып отыр. Жалпы жер көлемі 4 млн шаршы метр аумақты,

ал халқы 65 млн адамды құрайтын Орталық Азия аймағының негізгі геосаяси

мақсаты, өңірдің ортақ бөлігінде тұрып жатқан елдердің әрқайсысына тиімді

негізде аймақішілік және оның маңындағы елдермен саяси-экономикалық

қатынастар орнату болды. Осындағы елдердің әрқайсысының өзіндік

аймақтық ерекшеліктерінің болуымен қатар, олардың бір-біріне қатысты

қалыптасқан әлеуметтік-мәдениеттанымдық таңдаулары, сондай-ақ өндіріс

және шаруашылық жүргізу тәжірибелері де бар. Этносаяси жүйеден ұлттық

мемлекеттік құрылымға ауысу үдерісі кезінде байқалып қалатын қайшылықтар

кей жағдайда этникалық жанжалдың туындауына себеп болады. Алайда,

осының барлығына қарамастан, жас та болса Орталық Азияның көне тарихын

жетік меңгерген республикалардың өз тәуелсіздіктерін «көздің қарашығындай»

етіп қорғай да оны жан-жақты дамыта да алатындықтарына ешқандай күмән

болмаса керек. Сондай-ақ, аймақ ішіндегі және оның маңындағы әлеуметтікэкономикалық

қатынастарды жоғары деңгейге көтере алу, Орталық Азияның

геосаяси қауіпсіздігінің негізі болып табылатыны ақиқат. Бүгінгідей геосаяси

166

Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»

ахуалда Орталық Азияның – Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және

Қырғызстан секілді төрт мемлекеті, сондай-ақ Тәжікстан аймақтың тұрақтылығы

мен дамуының негізгі жауапкершілігін өз міндетіне алып, өз әлеуеттерін осы

бағытқа жұмылдыруға тырысуда. Олардың барлығы да басым бағыттарды

жаһандық күштерге қарсы тұруға емес, керісінше ынтымақтастыққа

айналдырғылары келеді.

Орталық Азияның геосаяси шекарасының бойына орналасқан Ресей, Қытай,

Иран және Пәкстан осы аймақта ықпалының арту мүмкіндігіне қол жеткізгілері

келеді (218. 211 бет). Аймақтағы ықпалы Кавказбен салыстырғанда күштілеу

Ресей өзінің осындағы үстемдік менмендігін өзгелерден артығырақ деңгейде

көрсетуге тырысады. Ресей Орталық Азияны ТМД-ны «Еуразиялық одаққа»

өзгертудің полигондық лабораториясы ретінде қарайды. Ал Америка Құрама

Штаттары болса Орталық Азияны Ресейдің ықпалынан шығарып алып, оны

жаһандық жобалардың аренасына айналдырғылары, осы аймақты өздерінің

«ықпал жүргізу ландшафты» ретінде көруге ниетті. АҚШ-тың НАТО-мен

бірлесе жүзеге асырып келе жатқан «террорға қарсы күрес» операциясы

көршілес қоныстанған елдердің барлығының да тынышын кетіріп, олардың

мазасын алып отыр. Батыстық Альянстың «Халықаралық Қауіпсіздіктің

Көмек Күші» Еуразияның аталған драмалық аймағында толық табысқа қол

жеткізе алмағанын тілейді, сондай-ақ операциялар жүргізу үшін жұмсалған

миллиардтаған шығындарға қарамастан, аймақтағы этникалық, діни және

саяси жанжалдарды бейтараптандыруға және оны басқаруға үлкен құлшыныс

танытып отыр. Еуразияның «өзегіне» мықтап бекітіп қою үшін олар АҚШ-тың

Тынық мұхиты командованиесіндегі қарулы күштерінің бір бөлігін ортаазиялық

командованиенің құрамына әкеліп қосып қойды (298. 57 бет). Ресейліктер құрып

отырған «Еуразиялық Одақ» атты торға түсіп қалмау Орталық Азия елдері

үшін қаншалықты маңызды болса, Батыстық альянстың «Террормен күресу»

алаңына айналып кетуінен аман қалу да соншалықты қымбат. Ауғанстан,

Иран және Пәкстан жақтардан келе жатқан «Исламдық фундаментализмнің»

толқыны Орталық Азия елдеріне айтарлықтай қауіп-қатерлер туғызады.

Радикалды исламистер (мәселен, «Хазб-ут-тахрир» исламдық партиясы),

аймақтарда «Талибан» секілді топтық қозғалыстар құрып, дәстүрлі исламдық

қауымдастықтан қолдау табуға тырысады (210. 40 бет). Өзінің экономикалық

әлеуеті бойынша әлем елдері арасында екінші және үшінші саналатын, сондайақ

Ресей, АҚШ және басқа да осыған мүдделі күштер арасындағы бәсекеде

Еуразияның жаһандық геосаясаты теңгерімінің маңызды геосаяси құраушына

айналған Қытай мен Жапония, бейтарап саясатты ұстана отырып, Орталық

Азияның табиғи ресурстарын пайдалануға ынта танытады және осы аймақтағы

өндірістік және тұтыну рыноктарының жандана түсуін жүзеге асырады. Әрине,

халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың осы айтылған нұсқасы Орталық

Азияның ішкі мүддесін мейлінше қанағаттандыруға жақын. Табиғи

167

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

ресурстарды батыс бағытында Баку-Тбилиси-Джейхан тасымал құбыры арқылы,

шығыс бағытында Қытай арқылы Атлантикалық мұхитына шығу, оңтүстік

бағытында – Ауғанстан, Пәкстан және Үндістан арқылы Үнді мұхитының

экономикалық аймағына шығу, Орталық Азияның экономикасын әлемдік

экономикамен байланыстыру үдерісінде мүлде жаңа кезеңнің басталуына жол

ашуы мүмкін.

«Орталық Азия және Кавказ: Жиырма бірінші ғасырдың Еуразиялық

түйісі» фундаменталдық зерттеулер мен статистикалық мәліметтер жинағына

жүргізілген талдау аталған аймақтарды жоғары деңгейде дамыту үшін нақты

мүмкіндіктердің шексіз екендігін көрсетеді (217). Экономикалық және саяси

келешекті дұрыс та сауатты айқындай білу нәтижесінде айтылып отырған

мол мүмкіндіктерді жүзеге асырудың кепілдендірілген жолы ашылады. Осы

мақсаттарға жетуге байланысты, Орталық Азия республикалары Еуразияның

алып кеңістігінде ынтымақтастық орнату үдерісінің белсенді мүшелеріне

айнала бастады.

Еуразиялық геосаясатты дамытудың осы жердегі барлық қисыны

құрлықтық түркілік геосаясатты сәйкестендіру үдерісі мен оны ұйымдастыру

жүйесіне тікелей байланысты. Бұл екіжақты геосаяси кеңістік,

осында орналасқан жеті республиканың ішіндегі бесеуі – түркілік болғандықтан

да, олар Кеңес Одағы құлаған күннен кейінгі өздерінің қайта қалыптаса

бастауы жолында осы қисынды жүзеге асыру бағытын ұстана дамып келеді.

Түркиядан бастап Қазақстанға дейінгі барлық түркілік қауымдастық, қандай

болмасын халықаралық ұйымдардың «бастарына май жағып қойса да» бәрібір,

түркі мемлекеттерінің достастығы аталатын маңызды ұғымның бәрінен де

жақын екендігін олар жақсы сезінді. Еуразияның геосаяси мәселелеріне, оның

ішінде ұйымдар құру және олардың келешегіне агностикалық қадамдар жасау

жөніндегі бастамашылықтардың бағаланғанына арналған зерттеулер жоқтың

қасы.

Ал, Үндістанның көрнекті ғалымы Анита Сенгуптаның «Еуразияның

үш жері: саяси кеңістіктің геосаясаты» деп аталатын шығармасы осындай

фундаменталдық зерттеулердің бірі саналады. Автор өзінің осы еңбегінде

дамудың «метатарихи» және «метагеографиялық» заңдылықтарында «түркілік

буынның» артықшылыққа ие екендігін және бұдан кейінгі үдерістердің түркілік

геосаяси жүйелердің күшеюіне алып келетіндігін растайды. Көрнекті ғалым:

«Қазіргі заманғы түркі халықтары өркениетінің бірлескен мұрасы» олардың

арасында маңызды рөл атқаратыны соншалық, аталған фактор осы қоғамның

таңдаулы тобының интеллектуалдық идеясының ұлттық негізін қалыптастырады

және түркі халықтарын шоғырландырудың да нақ осы өркениеті негізінде

саналы түрде қабылданатынын көрсетеді (298.75-96, 108-109, 129-141 беттер).

«Дүниежүзілік арал: еуразиялық геосаясат және Батыстың тағдыры»

кітабының авторы Александрос Петерсен өз зерттеулерінің түбегейлі нәтижесі

ретінде, ғұндар дәуірінен бері Еуразиянің ішкі жеріне иелік етіп келе жатқан

168

Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»

түркі халықтары аталған аймақтың дамуына негізгі жауапкершілікті өз

міндеттеріне алуға қабілетті деген қорытындыға келеді. Теоретик ұсынып

отырған Батыс пен Еуразияның мүдделерін байланыстырушы «Еуразия үшін

ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясы» атты мәнмәтіннің бойынан «түркілік

тұғырнама» да айқын көрініс береді. Бұл ұғымдағы – «Еуразияның қақпасын

Азияға ашушы» аталатын Әзербайжан көзқарасын қалыптастырушы топтама

өте жоғары бағалауға ие болады (290.146-160 беттер). Тап қазіргі уақытта «Wall

Street Journal» атты халықаралық деңгейдегі журналдың ақпараттық бюросының

жетекшісі Хью Поуп, өзінің ұзақ жылдар бойғы жұмысында әлемдегі жиырма

елдің ойлау дәстүрін егжей-тегжейлі зерттеп, сондай-ақ Кавказ бен Орталық

Азия (оның ішінде Әзербайжан мен Нахчыван анклавы да бар) мемлекеттерін де

толық аралап шыққан соң мынадай: «Жаулап алушылардың ұрпақтары: Түркі

әлемінің жаңа күншығысы» атты құнды зерттеулер жазды. Осы зерттеулерінің

негізгі қырларын аша отырып, ол түркі елдері туралы: «Менің кітабымда

келтірілетін басты дәлелдер, олардың бұдан кейінгі уақыттарда Еуропа мен

Орталық Шығыстың «шетке қақпайлайтын» қуыршақ ойыншылары болып

қала алмайтындығы немесе АҚШ пен ЕО-ның алыс одақтасы болу рөлін

таңдайтындығында болып отыр. Өйткені, олар жоғарғы құндылықты құптайтын,

бір-біріне көп векторлықпен байланған, өз құқықтарын жақсы білетін халықтар,

сондай-ақ күн өткен сайын гүлдене түсіп және ілгері қарай қарышты қадаммен

дамып келе жатқан мемлекеттер» деп жазады (292. 18-19 беттер).

Өзіміз көріп отырғанымыздай, құрлықтың өзегі саналатын түркі әлемі,

шын мәнінде, Еуразияны дамытудың ішкі ынтасын қалыпты қозғалысқа

келтіре алатын қабілетті күш болып табылады. Еуразияның «үш жеріндегі»

(Маккиндер) түркі мемлекеттері құрған геосаяси жүйелерді нығайту, аймақтағы

басқа да елдердің де (тіпті Ресейдің де) мүдделерін қамтиды. Еуразияның

«Түркілік бәтуаластығы» аймақтық елдер арасындағы келісімнің жалпы

айқындамасын жасайды, соның нәтижесінде олардың қай-қайсы болмасын

жалпы тұғырнамада дамудың мейлінше тиімді мүмкіндіктеріне ие болады.

Еуразияның «Түркі бәтуаластығының» ұлттық, аймақтық және жаһандық

деңгейлерінің үйлесімділігіне құрылған басты артықшылығы, мұнда қандай

да бір саяси субъектінің үстемдік жүргізуіне жол берілмейтіндігінде жатыр.

Әдетте, күшті және әлсіз мемлекеттер бір-бірімен көршілес тіршілік ететін,

аморфтық сипаттағы геосаяси кеңістікте, тұрақты және тұрақсыз саяси

жүйлердің, ілгері үдеген және тұралаған экономикалардың, демократиялық

және демократиялық емес қоғамдардың қатарласа жүруі, кеудемшілдік

гегемония мен үстемдік етушілікке деген пиғылға «іштен» де және «сырттан»

да өте қолайлы жағдайлар туындайды. Сондықтан да, «Түркі бәтуаластығы»

аймақтардағы мұндай «диссонанстық» әрекеттерге негізделген кеселді біртебірте

жойып тастауға тырысуы керек.

Еуразия геосаясатының қауіпсіздігі жағдайында, Жапониядан Британияға,

Ресейден Үндістанға дейінгі елдермен түрлі деңгейдегі ынтымақтастық

169

ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы

қатынастар орнатуға болады. Міне, мұндай жағдайда мүдделері бір-біріне

қарсы келетін елдер арасындағы қайшылықтар мен келешекте текетіреске

жол ашатын, әскери блоктарға ұйымдасу секілді келеңсіздіктер азаяды. Осы

себептерге байланысты, дәл қазіргі уақытта Түркиядан Қазақстанға дейінгі

аралықта тіршілік етіп жатқан барша түркі елдері байыпты саяси мәдениет пен

көрегендік қисынында, Еуразияның геосаяси қауіпсіздігін жүзеге асыратын

үрдістің жақтаушылары ретінде танылып келеді. Халықаралық деңгейлерде

көптеген мемлекет қайраткерлері мен ғаламдық саяси сарапшылар тарапынан

оң бағаланып жүрген Түркияның белсенділігі ерекше назар аударады.

(272.815-816беттер. 213.77,128,133-140 с.162: 233, с.144-148:271,с.195-218).

Еуразия кеңістігіндегі жаңа геосаяси ақиқат жағдайындағы Түркияның геосаяси

рөлі өңірлік пәтуәнің қажеттілігіне деген сенімді арттырып, сонымен бірге

Жаңа Түркі мемлекеттері Одағы идеясын жүзеге асырудың тағанын қалайды.

Саймон Фрейзер атындағы Канада университетінің профессоры Грехэм Фуллер

мен Фатех түрік университетінің профессоры Бюлент Араз осы тақырыпқа

арналған өздерінің арнайы зерттеулерінде Түркияның Еуразияның геосаяси

ахуалындағы белсенділігінің артуын бүгінгі ең заманауи халықаралық саясаттың

қажеттілігімен байланыстырып,осынау өсе түскен бұл белсенділік өңірдегі барша

елдерде де өрістей түседі деген пікірге келеді (235:203). Түркия мемлекетінің

бұл реттегі тұжырымдама түріндегі өзіндік ресми ұстанымы Түркияның

сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглының «Стратегия болмысы: Түркияның

халықаралық қауымдастықтағы орны» деген еңбегінде көрсетілген.Түркияның

басты мақсаты – өз көршілерімен ынтымақтастығын одан әрі де жақсартып,

көршілерінің де өзара қарым-қатынастарын «нольдік проблемалар» деңгейіне

жеткізу. Егер, түркі әлемі «Азия кіндігі» болса, онда Түркия – осынау арқаудың

дем берушісі. Шындығында Түркия бүгінде өзінің жақын көршісі әрі одақтасы –

Әзербайжанмен де өз саясатындағы Кавказ бағытында да, сонымен бірге Кіндік

Азия бағыттарында да табысты белсенділігін жеткілікті дәрежеде үйлестіріп,

Еуразияның өңірлік проблемаларына деген қадамдарын шешу тұрғысынан

қайырлы жолдарын белсендіре түсуде. Еуразиядағы түркі мемлекеттеріндегі

құрылып жатқан саяси, экономикалық және мәдени алаңдардағы жаңа

геосаяси бағыттар осы өңірдегілердің баршасына «Ашық алаң» мүмкіндігін

беруде. Бұл аталған мемлекеттің барша әлем елдерімен даналық қарымқатынастарының

мүмкіндіктерін ашып, оң нәтижелерге, материалдық игіліктер

мен жақсы басымдықтарды еселеуге әлеуеттер ашып және өзара сенімділік

пен иланушылықты орнықтыруда. Әрине, әзірге бұл басымдықтардың іске

асуына кедергі жасайтын күштер баршылық. Мысалға Ресей мен Арменияның

басқыншылық пиғылдардағы шамшылдықтары аталған жарқын істерді жүзеге

асыруға кедергілер жасауға немесе оны өзгертуге бағытталуда. Бұл іс жүзінде

«Түркілік келісім» мұраттарын жүзеге асырмауға бағытталған нағыз қатер

болғанымен, тарихтың толқындары түркі әлемінің бірігуіне қатысты күштердің

тоқтаусыз өрістеп,бөгелмесін алға тартып, заманның ақиқатын көрсетуде.

170

IV ТАРАУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ПЕН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА ОДАҚТАР

ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДАРЫ

13. БҮКІЛӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯ:

БАСЫМДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА БАҒАЛАУ

Бүгінгі замандағы ғаламдасу мен әлемдік тарихтың даму үрдістеріне назар

салсақ, бұл тарихи жолдардың әр кезеңі қадам басқан сайын халықтар мен

мемлекеттерді өзара жақындастыра түскенін анық көреміз. Осынау үрдістер

кенеттен күшейіп, халықтар мен мемлекеттердің өзара байланыстары әбден

бекіген «тарихи-өркениеттік сананың» жағдайларын тұғыр етуде. Осынау

уақыт өткен сайын тереңдей түсіп жатқан қарым-қатынастар ғаламшарымыздағы

жекелеген өркениеттер кеңістіктерін қозғалысқа келтіріп, ғаламдық

интеграциялық үрдістерге жол ашып берді. Бүгінде біздерге арғы бабаларымызтүріктердің

адамзаттың тарихи-өркениеттік сана мен өркениеттераралық

қарым-қатынастарды қалыптастырып, әлемдік кең ауқымды интеграцияға бас

жетелейтін әуелгі жолдың бастауында болғанын мақтан тұтуға болады.

Түркі халықтары Еуразияның байтақ кеңістіктерінде өткен ғасырлардың

ұзын сонар жолдарында айналысында шағын этностарды өз одақтастарына

айналдырып, көпұлтты және сан түрлі мәдениетті жүйені құрып, түрлі

көзқарастар мен сенімдер арасында төзімділік ахуалдарын орнатып, сан

тілді және түрлі діни сенімдегі қоғамдарды саяси тұрғыдан басқарудың

институттарын құра білді. Бұл тұрғыдан алғанда, әлемдік өркениеттердің ешбірі

де түркі өркениетінің әмбебаптығының сапасы жағынан теңдесе алмайды. Тіпті

ең «Әмбебап өркениеттің» өздерінде «бұзуға болмайтын шекаралар мен

тосқауылдар» бар болғандықтан, тараптар бір-бірлерін үнемі де қабылдай

бермейді. Осынау түркі өркениетінің «шамадан тыс әмбебаптығын»

дәлелдейтін үрдістердің басты себебін айқындайтын жәйтті оның барлық

кезеңдердегі «ашықтығы» мен өзге өркениеттердің ең сапалы қасиеттеріне

деген табиғи құмарлығынан оларды өз болмысына терең сіңіре білуінен іздеген

дұрыс. Айтары жоқ, өркениеттер аралық кеңістіктердің қайнаған ортасында,

Еуразияның нақ жүрегінде орналасқан түркі өркениеті айналасындағы елдерді

шоғырлаушы міндетін атқарумен болды. Ол мемлекеттік жүйелерді империялық

деңгейлерге көтеріп, бірегей әлеуметтік, саяси мәдени және әмбебап түрлі

қоғамдардан құрылған «синтез-сала» құра алды.

Сонымен, түркі өркениетінің тарихи дамуының заңдылық ерекшелігі әр елдің

түпқазық сәйкестігін жоғалтуынан тумағандығын айтқымыз келеді. Жекелеген

түркі халықтарының тарихи-мәдени саралануы үрдістерінде мемлекеттер мен

олардағы ұлттық мәдениеттердің қалыптасулары осынау заңдылықтардың

негізінде, яғни, түркі өркениетінің ішкі жаңғыруынан туғаны анық.Түркілер

өзара жіктелу барысында өздерінің бағзыдағы көне өркениеттерімен терең

тамырластығын бар болмыстарымен сезініп, осынау бірліктері тұрғысында

173

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

рухани толғаныстарға берілді. Бір тектілік пен әмбебап қасиеттері мол түркі

әлемінің кеңеюі оның әлемдік интеграция үрдістерін алға бастырушы күшке ие

әлеуеттердің құрамдас бір бөлігіне айналуына мүмкіндіктер берді. Сондықтан

да, бүгіндегі Еуразия кеңістігінде жүріп жатқан ғаламдық интеграциялық

үрдістердің ең үлкен геосаяси және де геоөркениеттік арнасы бар түркі халықтары

мен олардың мемлекеттерінің жауапты қатысуларынсыз елестету мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда түркі әлеуеттері Еуразияның ғаламшарымыздағы ең үлкен

геосаяси кеңістік қана емес,сонымен бірге ғаламдасуға қарай беттеген қозғалыс

атаулының «өзегі де» болуына мүмкіндіктер тудырады.

Ғаламдасудың «Түркі әлеуеті» әлі Мұзтау үлгісінде тұр.Осынау әлеуеттің

толықтай күшіне енуі мақсатты саяси ерік тұрғысы қисынымен алғанда болмай

қоймайтын интеграцияның ғаламдасу үрдістеріне «ішкі интеграцияны»

қатыстыруға мүмкіндік берерін аңғартады. Бұл үрдістер бүгіннің өзінде басталды

және ғаламдық экономикалық,саяси және мәдени жобаларды іске асыруда өз

жемістерін беруде. «Тарихты жасаушы » түркілер «жасампаздықты жасаушы

мемлекеттер» ғаламдасып жатқан әлемнің интеграттивтік міндеттерін

өзіне алған саяси күштердің сапына қосылды./230,с.235-237.308:127: с.18, с.19/

болгарлық зерттеуші Иван Палчев атап өткендей, осынау түркі мемлекеттерінің

бірі – «кавказ жолбарысы» атанған Әзербайжан өзінің геостратегиялық

саясатын халықаралық жүйенің геостратегиялық саясатымен үндестіре отыра,

өңірдегі жалпы ғаламдасу үрдістеріне басшылық етуде. Өңірдегі «Ресейдің,

Иранның, Түркия мен Еуроодақтың мүдделерін» жақтай отырып, осынау жас

Республика саяси көрегендік көрсетіп, «оның толық құзыретті» өкілі ретінде

танылуда. Түркиямен, Әзербайжанмен және өзге де түркі республикаларымен

бірлесіп, Еуразияда «ғаламдық саясаттың келісімшіл орталығын» құру

ғаламдасып жатқан әлемнің қажетті үндестіктегі үрдістерін күшейтуде.

Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтардың құрылуы

әлемдік интеграцияның басты басымдықтарын, яғни халықаралық саяси

жүйелердің өзіндік нысандарын-егеменді мемлекеттердің маңызын көрсетеді.

Халықаралық нормаларға сай олар өзара келісімге құрылған негіздерде одақтар

құрып, ұйымдастырады.

Бұл одақтарды халықаралық қарым-қатынастар бекіте түсіп, оның мызғымас

тағандарын қалайды. Өз құзыреттеріне өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке

қатысты тиісті міндеттер алған бұл одақтар заманауи халықаралық ұйымдардың

мүшелігіне өтіп, әлемдік даму үрдістерін жылдамдататын кең ауқымдағы «кілт»

рөлін атқара бастайды. «Мемлекеттер ассоциациясы» деп аталатын осынау

ерекше құбылыс (278, с.79) әрекетке кірісіп, жүйелене бастаған ғаламдасу

үрдістерінің арнасындағы негізгі оқиғалардың кіндігінде болады. Осынау

жағдайларда мемлекеттер халықаралық құқық нормалары реттеп отыратын

әлемдік тарихта тұңғыш рет халықаралық саяси жүйенің қалыптасуына

қатысты халықаралық құқық нормалары реттеп отыратын жауапкершілікті

174

Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау

бөлісе бастайды. Бүгіннің өзінде-ақ, әлемде БҰҰ, НАТО, Еуроодақ секілді

246 мемлекеттераралық ұйымдар бар. ХХ ғасырдың ортасында басталған

институтционаланудың бұл үрдістері халықаралық саясатта мемлекеттераралық

қатынастарды жоғары деңгейлерде оңтайландыра алатын мүмкіндіктері бар

көп векторлы жаңа халықаралық саясатты құра бастады.

Сонымен, әлемдік интеграциялық үрдістер мемлекеттер арасындағы

«ғаламдық өзара тәуелділік» (172,с.112) деп аталатын солқылдақ та айлалы

әрекеттер құрады. Бұл жағдайда халықаралық жүйедегі бірде-бір субьекті,

болмаса, үлкен мемлекеттердің Трансұлттық Корпорациялары болса да,

лайықты әріптестерсіз өмір сүре алмайды. Ақпараттық қауымдастықтағы

постиндустриалдық түрленуден өткен қоғамдар ғаламдық коммуникация

саласында революцияға әкеледі. Адамзаттың ғылымға негізделген санасы,

сайып келгенде, оны ғаламшарлық деңгейге көтереді. Аспан әлемінде өзін

әр қырынан көріп тұрған жер ғаламшары да өмір мен Адамзаттың Бірегей

Өркениетінің болашағын қамтамасыз етуші тірі ғаламдық субьектіге түрлене

бастайды.Тарихта тұңғыш рет «Бүкіләлемдік Одақ» идеясы өз болмысында

саяси шындыққа айналып, шарықтай өсіп, ғаламдық мағынаға ие болуда.

Бір қызығы, ғаламдық өркениеттің тосындықтары болса, осы сәттерде

белгі бере бастайды. Бұл жағдайда ғаламдық интеграциялық үрдістер әлемдік

қауымдастықты жақындастыра бастайды да, олардың тәуелсіз сипаттары

айқындала түседі. «Этникалық қайта өрлеу» болса, өзінің «Ғаламдық қайта

өрлеу» ішіндегі өмір сүруін танытуда. Бір қызығы, жаһандану проблемларына

арналған көптеген пікірталастарда ғаламдасып жатқан әлемде ұлттық

мемлекеттер мен мәдениеттер бірте-бірте жоғалатыны талассыз деген

алаңдаушылық айтылып тұрады. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес және

ол әлі басталған да жоқ. Шындығында, жаһанданудың түрлі үрдістерінің

өздері-ақ, бұндай болжамдардың күлін көкке ұшырып, әлем халықтары мен

мемлекеттеріне жақындаса беру мен интеграцияланудың аса қажеттігін,

ұлттық мемлекеттердің бәсекеге қабілеттерін барынша арттыра түсу олардың

халықаралық жүйеде өзіне айырықша қолайлы орынды жеңіп алуына жол

ашуына мүмкіндіктер жасайтынын дәлелдеуде. Сондықтан бүгінде жаһандану

үрдістерінде «жеңімпаздар» мен «жеңіліске ұшырағандар» деген бір-біріне

кереғар түсініктер қалыптасуда. Неге десеңіз, жаһандануды табысты қолданып

жатқан мемлекеттер бар да, керсінше, осынау сұрапылда абдырап, тұралап

қалған елдер де жетерлік. Жаһандануға қарсы қозғалыстардың өзі де осы екінші

топ өкілдерінің еншісінде.

Жаһандану мен жаһандануға қарсылық бүгінгі халықаралық өмірдің

ақиқатына айналды. Сайып келгенде, олардың өзара күрестері халықаралық

жүйенің икемділігін сақтауда. Ақиқатында ғаламдық интеграциялық үрдістердің

болмай қоймасын түсінген анағұрлым тәжірибелі де батыл қоғамдар онымен

күреске әсте өзін дайындамайды. Керісінше, олар өз қуаттарын осы жаһандану

175

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

үрдістерінің алғы шептерінде болуға шоғырлауда. Мұндай әрекеттердің

қорлануы ұлттық, болмаса, өңірлік субъектілердің ғаламдық кеңістіктегі өз

орнын анықтаудағы маңызды шартына айналуда. Сондықтан біздер ғаламдық

үрдістерге айтарлықтай ықпалын тигізетін өңірлік үрдістердің шешуші

кезеңдерге таяп қалғанын байқап отырмыз. Бұл үрдістердің болмысы негізінен

өңірлік интеграцияның іс жүзіндегі күшіне ене бастауын байқатады. Сондықтан

жекелеген өңірлік мемлекеттер аймақтық интеграциялық байланыстарын саяси,

экономикалық және мәдени негіздердегі деңгейлерге шығаруда. Әлбетте,

бұл жеткілікті дәрежедегі табиғи үрдіс. Неге десеңіз, ғаламшарымыздағы кез

келген өңірдің елдері тарихи өзара байланыстарда өзіндік тәжірибелер мен

дәстүрлерге ие. Егер өркениеті, тілі, діни сенімі, жерінің аумағы, геосаяси

мүдделері секілді факторлар кешенін есепке алар болсақ, онда жаһандануды

өңірлік деңгейден халықаралық сатыларға дейін көтерген осынау үрдістердің

барша мәнін көрер едік. Ғаламдық саясаттағы «интеграцияға функционалды

немесе функционалды емес қызмет ету жөніндегі» теориясы тап осы

тәжірибенің негізінде пайда болды. (268,с.279-280). Өзекті мәселелерді шешуде

ішкі өңірлік мүдделер мен бастамашылдықтар белгілі бір геосаяси аймақтағы

мемлекеттің қарым-қатынастарын функционалдық институционалдандыру

деңгейінде қалыптастыруға жол ашады.

Мұның қажетті үрдіс екені соншалық, тіпті араларында ұзақ уақыттық

соғыстар мен шиеленістер болып тұрған халықтар мен мемлекеттер жалпы

өңірлік мүдделер тұрғысында бірігу керектігінің қажеттілігін сезіне бастайды.

Егер біз өңірлік ұйымдардың мемлекеттераралық «геосаяси картасын»

қарар болсақ, бүгінде ғаламның барлық мемлекеттерінің дерлік Еуроодақ,

Араб мемлекеттерінің Лигасы, Африка Мемлекеттерінің Одағы, Шанхай

Ынтымақтастық Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, Оңтүстік-

Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы, Қара теңіз экономикалық ықпалдастық

Ұйымы, Грузия, Украина, Әзербайжан, Молдова елдерінің демократия мен

экономикалық даму жолындағы Ұйымы секілді халықаралық ұйымдарға

біріккендерін көреміз.( 267,с.145-146:278,с.89-104). Бұлар сондай-ақ, БҰҰ

секілді аса ірі әлемдік ұйымның да мүшелері саналады.

Еуропадағы, Азия мен Америка және Африкадағы өңірлік елдердің

құрлықтық интеграциялары да түрлі сырт пішіндер мен саяси, экономикалық,

һәм әскери ықпалдастықтардың деңгейлеріндегі сатыларда жүруде (11.215).

Еуропада мұндай терең тиімділіктегі ахуал негізінде құрылған одақтар мен

ықпалдастықтар секілді жетілген интеграцияның түрлері құрылған. Еуропа

институттары бірі-бірімен ықпалдаса отырып осы негізде жұмыс істеуде. Өзі

құрылған күннен бастап кеңейіп келе жатқан Еуроодақ та осы тұғырда дамуда.

Құрамына АҚШ пен Канада секілді Америка құрлығының екі ірі мемлекеті

кіретін Солтүстікатлантикалық Шарт Одағы, Еуропа Кеңесі және Еуропадағы

қауіпсіздік пен ықпалдастық жөніндегі ұйым Еуропаның өз ішіндегі және

176

Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау

Еуропа айналасындағы мемлекеттер аралық қарым-қатынастарға қатысты

мәселелерін үйлестіре отыра, Еуропа төңірегіндегі тұрақтылық пен құрлықтағы

қауіпсіздікке кепілдік беруде. «Паназат өңірі» құрған Одақтар – Азияның 10

елі кіретін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы мен Азия-Тынық

мұхиты аймағының экономикалық ықпалдастығы, ASEAN өңірлік форумы,

ASEAN еркін экономикалық аймағы, Шанхай Ықпалдастық Ұйымы еркін

экономикалық аймақтардағы құрлықтардың мүдделеріне көбірек көңіл бөле

отыра, сонымен қанаттас өз алаңдарында көп түрлілікке, идеологиялық

алуандықтарға, сонымен қатар ұлттық және субөңірлік бәсекелестіктерге

орын береді (200,с.24). Мысалы, Қара теңіз экономикалық Ықпалдастығының

Ұйымы мен құрамына Грузия, Украина және Молдова елдері және екі түркі

мемлекеті – Әзербайжан мен Түркия да кіретін демократия мен экономикалық

даму Ұйымы өзара ықпалдастық жөнінде шығыс Еуропа, Кіші Азия мен Кавказ

өңірлері елдерімен де қарым-қатынастарын қалыптастыруда (12, 216). Барша

түркі мемлекеттері, яғни Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан мен

Түрікменстан және Қырғызстан құрамына әлемнің 57 мемлекеті кіретін Ислам

Ықпалдастығының ұйымына мүше. Халықаралық саяси-экономикалық жүйенің

дамуында маңызды рөль атқаратын өңірлік және ғаламдық бірлестіктер

бүгінде әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Атап айтқанда,

сауда, инвестициялық және баспа-бас айырбас операцияларының басым

бөліктері осындай бірлестіктер күшімен жасалады. Мысалға Еуропадағы

өңірлік сауданың 55,2 пайызын Еуроодақ жүзеге асыруда. Ал, Америкадағы

өңірлік сауданың 51,7 пайызын еркін сауда жөніндегі Солтүстік америкалық

келісім ұйымы жүзеге асырып отыр. Азия-тынық мұхиты өңіріндегі сауда

операцияларының 20,4 пайыз үлесі ASEAN Еркін Сауда Аймағының құзырында.

Тынықмұхит аумағы экономикалық ықпалдастығы ұйымының бұл саладағы

үлесі 59,7 пайыз (293,с.443)

Әлемдік ықпалдастықтың басымдықтарына баға бере келе, оның өңір мен

ғаламдық үрдістерді қарама қарсы қоймайтын дұрыс дамуы бағыттарына ерекше

назар салғанымыз жөн. Неге десеңіз, бұл мәселеге әлемдік капитализмнің

дәстүрлі кертартпалық көзқарастары халықаралық саясат пен либералды

ғаламдық экономиканың көзқарасынан мүлдем өзгеше (13, 217). Егер, бірінші

ұстаным екіншісінен мүлдем өзгеше болса, дамыған және дамушы, сонымен

бірге әлсіз дамыған елдер олармен қатынастарын бұл сатылардағы иерархияның

негізінде өз қатынастарын құрып, екінші ұстаным өз жұмысының тұғырын

әлемдік дамуға бағыттап, осы негізде нашар дамыған елдерді өркендетуге

қатысты өңірлік және ғаламдық ықпалдастықтарды табуға күш алып отырғанын

пайдалануда. Былайша айтқанда, әлемдік экономиканың көшбасшылары мен

соңында қалушылар арасындағы жер мен көктей алшақтық түптеп келгенде

бір уақыттарда өздеріміз көріп отырғандай, дағдарысқа әкеліп соғатын болады.

Бұл барынша дұрыс ұстаным. Неге десеңіз, ғаламдық кеңістікте әлемдегі

177

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

барша байлық күштілердің қолына шоғырланып, мүмкіндіктері әлсіздердің

халықаралық көлемдерде жағдайларының нашарлай беруі қоғамдараралық

және мемлекеттераралық қатынастарды қиындатып, екі тарапты да үлкен

қатерлерге ұрындыруы мүмкін.

Демек, халықаралық ықпалдастықтағы демократияландыру мен адамгершілік

ұстанымдарды мұрат ету мен ымырашылық, әсіресе, өзінің ұйымдасуы

деңгейінде әлемдік текетірестерді жоққа шығаратын идеология мен

технологиялық мүмкіндіктерден көрініс бергенде оң нәтижелерге қол жетпек.

Егер ымырашыл, адамгершілік ұстанымдарын мұрат еткен мемлекеттер

қоғамдағы байлар мен орта дәулеттілердің және кедейлердің арасындағы

айырмашылықтарды жоюға күш салып, әлеуметтік-саяси болмыстың негізгі

факторы ретінде орта дәулеттілердің рөльдерін күшейтуге ықыласты болса,

онда мұндай ұстанымды осынау ықпалдасуды іске асыруы тиіс бүкіләлемдік

ықпалдастықтың, халықаралық ұйымдардың барлық деңгейлерінде қолданатын

болса, нәтижесінде деңгейлер аралық айырмашылықтарды біртіндеп жою

жөніндегі әлемнің орташа дамыған елдерін күшейту саясаты өз жемістерін беруі

қажет (14, 218). Біздің пікірімізше, түркі елдері кіретін әлемдік мемлекеттердің

жаңа толқынының даму мақсаттары әлемдік қауымдастықтың осы үрдістерінен

еселей күш алуы керек. Қазіргі кезеңде әлемнің барша саяси субьектілері мен

тиісті халықаралық ұйымдары кіріп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы дамуы

түрлі деңгейлердегі мемлекеттерді ынтымақтастыру ісін жүзеге асырып, осы

тәжірибе мен ұстанымдарды қолдап, өзі де тұрақты түрде кеңейе түсуде (15, 219).

Әзербайжан Республикасы өз тарихында алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің

Тұрақты емес мүшелігіне өтті. Заманауи халықаралық жүйенің пирамидалды

құрылымына сай күштер теңгерімі «үстем күштер», «орта күштер» және «шағын

күштер» аталатын (268, с.279-280) үлгілеріндегі бөліністерге ие. Дегенмен,

иерархия түріндегі мұндай бөліністер дамыған, дамып келе жатқан және баяу

дамыған елдер түріндегі иерархиялық деңгейлерге ие. Десек те, бұл бөліністер

халықаралық саясат пен Халықаралық құқық ұстанымдары бойынша дамуға

серпін беріп, елдердің өркендеуіне қозғаушы бола алмайды. Дегенмен, жаңа

әлемдік тәртіпті әлсіздердің күштіге бағынуы секілді көне ереже негізінде емес,

керісінше, халықаралық субьектілердің құқықтық теңдігі ұстанымдары негізінде

құруға болады. Міне, нақ осындай тәртіп, әлем дамуының жаңа сатысына

көшуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан, бүкіләлемдік ынтымақтастық өз

басымдықтарында халықаралық бірлестіктер тарапынан ғаламдық басқару

мен ғаламдық саясатта жаңа үлгілерді қабылдаудың қажеттілігін тұтынады.

Батыс сарапшыларының өздері де «ғаламдық саяси жүйені қайта қарау»

қажеттігі барлығын мойындауда (16, 220). Неге десеңіз, «Еуропа басымдығы

саясатын» рәсімдеу үшін бірде-бір құқықтық негіз қалған жоқ. «Өңірлік

мемлекеттер» «ұстанымына негізделген «Агусбургтік діни әлем» (1555 жыл),

«Вестфаль бейбіт келісімі» (1648 жыл) Еуропаның өзі үшін де бүгінде өздерінің

178

Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау

маңыздарын жойды. Неге десеңіз, «Еуропа отары» негізіндегі жоспар мен

әлемді басқару оны алға бастау емес, өткеннің құшағында жоғалып кету деген

сөз. Мұндай қадамдар фрагментация мен әлемдік ынтымақтастық арасында

шиеленістер тудырып, ғаламдық саясатты тығырыққа тірейді. Жаңару үстіндегі

әлем халықаралық жүйенің дамуы үрдістерінде саяси субьектілердің жоғарғы

деңгейдегі ұймдасқан қалыптарын талап етеді. Ғаламдық дүниені басқару

ережелер жасау ұстанымдары плюралистік сипатқа ие және басқарудың жаңа

тәсілдері иерархиялық көпвекторлыққа ауысады (270,с.37). Бұл жерде «қарымқатынастар

полифониясын» есепке алу әлемнің әр елінің ғаламдық саясат пен

басқарудың тұғырындағы ұлттық мүдделерін білдіреді. Ғаламдық басқарудың

негізгі міндеттерін (17, 221) өзіне алған мемлекеттераралық халықаралық

ұйымдар «баламалы саяси, экономикалық үлгілер» көмегімен оны «ұлтүстілік

ақиқатпен» қамтамасыз ете алады (219.с.171-176).

Ғаламдық деңгейде азаматтық қоғам құру үрдістері, әлбетте, «ұлттық

азаматтық қоғамды» дамыту кезінде «космополиттік мүдделерден» жоғары

тұратын болса ғана мүмкін болары ақиқат. Халықаралық саясаттың әдепнамасы

«демократияның ұстамсыздығын» емес, оның ғаламдық саясат кеңістігінің

әр нүктесінде орналасуын талап етеді. Бұл жерде ең бастысы – жергілікті жағдайлар

мен ұлттық-этникалық ерекшеліктерді ескеріп отыру. Басымдықтарды

бағалау кезінде нақты жағдайға байланысты баға өлшемі берілетіндіктен, бұл

мәселе маңызды саналады. Түркі қоғамдарында әр қашанда әлемге ашықтығымен

көрініс беретін ерекше қасиеттерге космополитизм мен жалпы адамзаттық

құндылықтар ерекше қасиеттерге иелігінен, осынау қоғамдардың әлемдік

қауымдастықпен ықпалдасуы тек қана саяси-экономикалық қажеттіліктерден

ғана туындамайды (18, 222). Бұл ақиқатында ішкі ұлттық-әлеуеметтік

психологияның сұранысы нәтижесінде де жүреді. Еуразияның қамтитын

әлемдік ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің ішкі ықпалдастықтарымен де

сабақтасып, нағыз ғаламдық бірліктің үлгісіне айналады...

179

180

14. ЕУРОПА МЕН ТҮРКІЛЕР

Еуропалық Одақтың қалыптасуы саясат пен халықаралық құқық тұрғысынан

алғанда осы заманғы адамзаттың аса ірі оқиғасы саналады. Бүгінде біздер үшін

«Еуропалық одақ» пен «Еуропаның бірлігі» деген ұғымдар мазмұндас естіледі.

Неге десеңіз, Еуроодақ өкілдігінің Әзербайжандағы ресми сайтында және

ресми құжаттарда «Еуропалық Одақ» ұғымы пайдаланады да, осынау терминді

қолданудың дұрыстығын оңтайлы көреміз. ЕО-ның маңызы осы заманғы

Еуразия үшін керекті Түркі Мемлекеттері одағының құрылуы мен дамуына

өнеге болады. Жаңа тарихи жағдайларда бұл одақтың құрылуы егер Еуразияның

батыс жағында Еуроодақ құрылса, түркі өркениеті өңірінің шығыс бөлігінде

неғұрлым жетілген түрде Түркі Мемлекеттерінің Одағы құрылуы мүмкін (19,

223). Түркі Мемлекеттерінің Одағы Еуразияға өте жақындығы себепті онымен

бірегей саяси кеңістік мәртебесін алуға мүмкіндігі бар. Осынау парадигманы

күн тәртібіне енгізу біздің Түркі мемлекеттері одағы идеясының Еуроодақққа

балама екенін және оған қарама-қайшы еместігін көрсетеді. Еуразияның

саяси-өркениеттік тұтастығын қамтамасыз ету тарихтағы және оның дамуы

барысындағы аса маңызды кезең саналады. Еуропалық одақты шарттаудың

келесі басты факторларын атап өтелік:

1/ біртұтас тарихи-геосаяси өңірде тұратын және соған жататын елдер,

2/ біртұтас еуропалық өркениетке жататын елдер,

3/ бітұтас үндіеуропалық тілдер тобына жататын елдер (Финляндиядан

басқа),

4/ Мүше-елдердің басым көпшілігі христиан әлеміне жатулары керек,

5/ Одақ көлеміндегі барлық соғыстар мен шиеленістер тоқтатылуы керек.

Осыдан 1800 жыл бұрын Рим әлемінің жойылуы Еуропаны тарихи жағынан

өзара жақындастыра түссе де, осы өңірлердегі дәйектілікпен жалғасқан

соғыстар мен өзге де қайшылықтар ондағы ықпалдасудың ыдырауына әр

уақытта да керекті қолайлы жағдайлар туғызып отырды. Сонымен, осынау

шиеленістердің шешуші себептер ретіндегі тоқтатылуы қажеттіктері өңірдегі

саяси ықпалдасудың болмай қоймауына әкелді (20, 224). Мысалы, ХХ ғасырдың

бірінші жартысында Еуропаның жетекші елдерінің қатысуымен екі ірі әлемдік

соғыс болды.Екінші дүниежүзілік соғыс болса, Еуропаның тарихындағы ең көп

адам құрбандығымен есте қалды. Мысалға осы соғыста 35 миллион еуропалық

қаза тапты (268с.155). Сондықтан неміс авторы Юрген Хабермас былай деп

жазады: Еуропа өзара қырқысып немесе бәсекелесіп жарысып тұратын ұлттық

мемлекеттерден тұрады. Мәселен, түркі халықтары арасында Еуропада пайда

болған «Ұлтшыл экстремизмді» жоюдың қажеттілігі жоқ. Еуропаны біріктіріп

отырған жайлар түркі әлемі ерекшелігінің табиғатына да келіңкірейді. Ұлттық

Еуропа мен түркілер

түркі мемлекеттері Азияны, Кавказды және Кіші Азия мен Еуропа Одағынан

Қытайға дейінгі аралықты қамтитын үлкен геосаяси бірлікті құрайды.

Бұл елдер.

2/ түркі өркениетіне жатады.

3/ түркі тілдері тобына жатады.

4/ Ең бастысы, ислам дінін ұстанатын түркі халықтарының Отаны саналады.

5/ түркі мемлекеттері Еуропадағыдай соғыс қаупін аластату үшін емес,

этносаяси бірлігін қайта орнату үшін және заманауи халықаралық саясат пен

«өзіне деген сенімділік» ахуалы күйінде заманауи халықаралық саясат пен

халықаралық құқық талаптарына сай ғаламдық маңызға ие Түркі мемлекеттерінің

одағын құру үшін бірігеді (21, 225).

ЕУРООДАҚ өзінің құрылу жолынан өткен үлгі ретінде Түркі Мемекеттері

Одағы үшін ең оңтайлы саяси-құқықтық тұжырымдама мен тәртіп саналады.

Еуроодақтың құрылу тарихы Еуропаның қайта бірігуінің қандайлық күрделі

жолдан өткенін көрсетеді. Дегенмен, Еуроодақ жағдайындағы ынтымақтасу

болса, осы жолдағы елдердің табанды ұмтылыстары мен күш-қайрат

жұмсаулары нәтижесінде өзінің ең басты мақсатына жете алды. Сонау 1648

жылы жасалған «Вестьфаль» бейбітшілік шарты бірінші дүниежүзілік соғыс

басталғанға дейін, яғни 1914 жылға дейін Еуропаның ұлттық мемлекеттерінің

Еуропа ұлттық мемлекеттерінің жалпы жүйесін құрудың тағанын қалап берді.

Сонау 1815 жылдың өзінде Наполеонның Францияны Еуроцентризмнің

идеологиясы негізінде Еуропаның көшбасшысы қылмақ талабы іске аспағаннан

соң, оған қарағанда анағұрлым бейбітшілік сүйгіш және озық Еуропаның

ынтымақтастығы идеясы осы өңірдегі санаткерлік саладағы озық идеялардың

біріне айналды (274.с.352-353). ХІХ ғасырдың соңында Фридрих Ницше

Еуропаның ынтымақтасуға ұмтылысы барлығын жариялады. ХХ ғасырдың

басында АҚШ-та Еуропаның бірлескен штаттарын құру идеясы туындасымен

Ортега-и- Гассет, Жан Монне, Альчиде Дегаспери қоғамдық, саяи және мәдени

салалардағы ұйымдасуды мақсат ұстаған Еуропадағы ынтымақтастық үрдістері

күшейе түсті. Ортега-и- Гассет болса, өзінің барша туындыларында Еуропаның

ынтымақтасуы болмай қоймайтын үрдіс деп санаумен болды (22, 226).

«Соңғы үш жүз жылда Еуропа әлемді биледі. Оның басқаруымен әлем бірегей

үлгіде өмір сүрді. Еуропаның гегемониясы дәуірі ендігі ретте соңына таяды.

Сондықтан, «аз халықтардың жиынтығы» ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы

дәстүрінің нәтижесі ретінде Ренессанс уақытынан бері пайда болды. Бұл «Батыс

ұлттық мемлекетінің» саяси негізі ретінде «Құрлықтық мемлекетке» айналуы

тиіс. Еуропаның бірегей жүйеде ынтымақтасуы қисынды және ол бірден-бір

дұрыс жол. 1946 жылы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ХХ ғасырдың аса

ықпалды саясаткерлерінің бірі – Уинстон Черчилл өзінің Цюрихтегі сөзінде

«Еуропаның Құрама Штаттары» идеясын алға тартты. Осы тұста Франция

мен Германияның дәстүрлі дұшпандарының өздері «Федералды Еуропа» құру

181

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

жайында келіссөздер жүргізе бастады. Еуропаның 16 мемлекетінің көрнекті

реформаторлары осы елдердің саясаткерлерінің Гаагада өтіп жатқан Еуропа

конгресіне қатысулары үшін нақты қадамдар жасады (278.с.99). Сонымен

Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтасуы бірегей саяси-құқықтық мәртебеде

нақты қадамдарға ауысуда. 1949 жылы Еуропа мемлекеттерінің бастамасымен

Еуропаның министрлер кабинеті мен Еуропа кеңесі құрылды. 1950 жылы

Роберт Шуманның мәлімдемесі қабылданып, 1951 жылы 6 мүше-мемлекет

Париж шартына қол қойысты. Осылайша көмір мен темірдің еуропалық

бірлестігі құрылды. 1953 жылы адам құқықтары жөніндегі Еуропа кеңесінің

конвенциясы өз күшіне еніп, осылайша адам құқықтары жөніндегі комиссия

бекітілді. 1957 жылы Рим шартына қол қойылып, оның негізінде Еуропаның

экономикалық ынтымақтастығы және атом энергетикасы жөніндегі бірлестік

құрылды (23,227). 1960 жылы Еуропаның еркін сауда аймағы құрылды. Ал 1961

жылы Еуропа кеңесі құрылды. 1962 жылы жалпы аграрлық саясат жүргізіліп,

1968 жылдың өзінде-ақ бірегей Кедендік Одақ құрылды. 1970 жылы Еуропаның

саяси ынтымақтастығы құқықтық мәртебесін алды. Ал 1978 жылы Еуропаның

валюталық жүйесі мен Еуропа Одағының резолюциясы жұмыс істей бастады.

1979 жылы Еуропа Парламентіне жалпы еуропалық сайлау жүргізілді.

1986 жылы Шенген келісіміне қол қойылды. 1986 жылы бірегей нарық

құруға бағытталған Бірегей Еуропалық акт күшіне енді. 1992 жылы Еуропа

экономикалық одағының негізіндегі Еуропа одағын құру жөніндегі Мастрихт

шарты жасалды. 2003 жылдан бастап ЕО айналымға бірегей валютасын-еуроны

шығарды. 2003 жылы ЕО институционалды реформаларын жүргізе бастады.

2009 жылы осы реформалар бойынша Лиссабон Келісімі күшіне енді (297:

267,с. 161-177: 291: 284. 223).

Бүгінде ЕО басқарудың жалпы жүйесін Еуропалық Парламент, ЕО Кеңесі,

Еуропа Комиссиясы, ЕО соты, Еуропаның аудиторлық соты, Еуропаның

Орталық Банкі атқарады (293,с.423-425). 1957 жылы ЕО-ның байырғы

мүшелері – Бельгия, Германия, Франция, Италия, Люксембург пен Нидерланд

саяси-экономикалық және одақтастық қарым-қатынастардың негіздерін

қалады. 1973 жылы Еуроодақтың кеңеюі басталды. Осы кезеңде оған Дания,

Ирландия, Ұлыбритания, екінші кезеңде – Грекия, (1981 ж.) үшінші кезеңде

– Португалия мен Испания (1986 ж.), төртінші кезеңде Австрия, Чехия,

Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия мен Словения,

алтыншы кезеңде – Болгария мен Румыния (2007 ж.) соңғы кезеңде, 2013 жылы

Еуроодаққа Хорватия кірді (24, 228). Бүгінде Еуроодақ осы құрлықтың 28 елін

біріктіріп отыр. Ресми түрде 23 тіл пайдаланады. Ресми астаналары – Брюссель,

Люксембург, Страсбург және Лондон. Еуроодақтың жалпы аумағы 78 мың

шаршы шақырым, әлемдегі жетінші орында, тұрғындарының саны 503 млн.

500 мың адам. (2012 ж). Бұл жер шары халқының 7,2 пайызы. Еуропа Кеңесі

өз аумағында 400 миллион адам тұратын (түркі мемлекеттерінен Түркия мен

182

Еуропа мен түркілер

Әзербайжан ғана бар) 47 мемлекетті қамтиды. Еуропа Одағының ішкі жалпы

өнімі 17,6 триллион долларды құраса, оның әр жанға шаққандағы үлесі 35

мың доллардан айналады. Бұл әлемдік жалпы өнімнің 20 пайызы. Аса қуатты

ішкі нарығы мен жүйелі түрде ықпалдасатын саяси бағыты бар Еуропа Одағы

халықаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және Дүниежүзілік Сауда

ұйымына /ДСҰ/, G-8 G -20 мүше.

Еуропа Одағына кіретін елдер экономика мен саясаттың барлық мәселелері

бойынша қабылданған заңдар мен Еуропа Одағының алындағы негізгі

міндеттеріне сай қадамдар жасайды. Десек те, бұл елдер аталған салаларда еркін

де тәуелсіз. Еуропа Одағы мен оның жетекші мемлекеттері де әлемнің саяси,

ғаламдық және экономикалық, һәм мәдени үрдістеріне айтарлықтай ықпал

жасауға қабілетті. Еуроодақтың саясаты, оның өңірлік және ғаламдық даму

бағдарламалары мен өркендеу жобалары әлемдегі демократияның дамуына

шын мәнінде де баға жетпес үлесін қосып келеді. Еуропаның тарихи өткенімен

салыстырғанда қазіргі Еуропада бастаушы да, бастаушылық та жоқ, тек аса күшті

елдерді ынтымақтастырушы құдіретті Одақ бар. Осынау құбылыстың өзі барша

әлем үшін өнеге саналады. Әсіресе, КСРО мен АҚШ арасында болған «қырғиқабақ

соғыстың» текетірес жылдарында Еуроодақ екі мемлекеттің арасындағы

және Еуроатлантика мен Еуразия кеңістіктеріндегі тепе-теңдік ахуалдарын

сақтай алды. Осынау аталған міндеттерді атқара алған Еуроодақты айтарлықтай

қуатты субьект деп бағалаған дұрыс. Бүгінде Еуроодақ ғаламдық дамудың алғы

шебінде тұр. Әлемдік көрсеткіште ішкі жалпы өнімнің 22 пайызына ие АҚШпен

Еуроодақ бүгінде бір деңгейде тұр. Еуроодақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің

22 пайызына ие. Дегенмен, әлемдік әскери шығынның 41 пайызын иеленіп

отырған АҚШ-қа қарағанда, Еуроодақ бұл тұста өз ықпалдылығы үшін өзгеше

өркениетті технологияларды қолданады. Сондықтан Еуроодақ төңірегінде

еркін ықпалдастыққа мәжбүр болу ісі күшейе түсуде. Демократиялық және

инновациялық реформалларға мүдделі елдердің Еуроодаққа өтуге мақсаттар

ұстануы осынау үрдістердің ажырамас бөлшегіне айналуда.

Ақиқатында, Еуропадағы ахуалдар біркелкі немесе жеңіл де емес.

Соңғы уақыттарда Еуропаны дағдарыстар толқыны сілкілеуде. Кейбіреулер

ықпалдастықтың кері кетерін болжауда. Десек те, нарықтық экономика

жағдайында Еуроодаққа мүше елдердің экономикаларының шарықтап өсуі

мен құлдырауы табиғи үрдістер саналады. Еуроодақтың жеткілікті тәжірибесі

бар. Оның сындарлы қызметтері қай уақытта да жоғары. Еуроодақтың әлемдік

экономикаға кірігіп кеткені соншалық, ондағы кез келген дағдарыс толқыны

дереу бүкіл әлемді қамти қалады. Сондықтан Еуроодақ пен дамыған елдер

«экономикалық дағдарыс аймағын» қозғалысқа келтіруге мақсат ұстанып,

сондай-ақ, өндірістер мен тұтыну нарығы әлеуеттерінің әлсізденуі үрдістеріне

тосқауылдар қоюлары керек. Сөз жоқ, Еуроодақтың барша кеңістіктері

бәскелестіктің ашық нарығында тұр. Мұндағы оның даму стратегиясын түрлі

183

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

саяси және идеологиялық мұраттар айқындайды. Осыларды негізге ала келе,

осыны бағалай келе, ғаламдық күштердің Еуроодақты қоса алғанда келешектегі

сырт пішіні мен басымдықтары әр түрлі екенін көреміз. Басымдық әлеуеті

тұрғысынан қадамдар басқан АҚШ (американ стратегиясы) мен Еуроодақ

(еуропалық стратегия) түркі әлемі де (түркілер стратегиясы) әрқайсысы

«жиырмасыншы ғасыр – Америка ғасыры», «жиырмасыншы ғасыр – еуропа

ғасыры», «жиырма бірінші ғасыр – түркілер ғасыры» деген сияқты парадигма

үлгілерін алға тартуда. Осындай ойлар Қытай, Үндістан, Жапония мен Ресей

тараптарынан да айтылуы әбден мүмкін. Әлбетте, олардың қай-қайсысы да

өздерінің ішкі әлеуеттерін есептей отыра, нақты болашақтарын көре келе,

осындай дұрыс пайымдар жасап отыр. «STRATFOR CEO» секілді ақпарат пен

болжамдар жасау саласының жетекші компаниясының басшысы әрі құрушысы

Джон Фридман АҚШ әлемді басқарып, қадағалап отыр және осылайша алдағы

жүзжылдықтар да бола бермек деп, санайды. Ол сондай-ақ, заманауи тарихисаяси

үрдістердің мәні – Еуропа өркениетінің сола бастауы мен Америка

тарапының үстем бола бастау қуаттарында деп пайымдайды (233,с.251). Ал

ағылшын саясаткері Марк Леонард болса, бұған кереғар пікірде – Еуропаның

құлдырауы тек Американың көзімен қарағанда ғана деседі. Ақиқатында олай

емес. Американың әлемге ықпалы үстүрт қана. Еуропаның ықпалы болса терең

де жан-жақты. Табиғи қажеттіліктен барша елдер Еуропаның болмысына

тартылуда. Еуропа заңдарының әсерімен олар түпкілікті және мәңгілікке

өзгеруде. Еуропаның күші де заңдарда.

Дүниежүзілік екі соғыстың салдарынан бүкіл Еуропа соғысқұмарлыққа

салынды. Алайда, империалистік пиғылдың қайшылықтарға толы ойлауынан

арылмаған ол демократиялық және одақтық тәуелсіз мемлекеттке айнала

бастауға қайрат тапты. Егер, Америка әлемді өзінің әскери базаларымен

шырмап алса, Еуроодақ, керісінше, өзінің демократиялық қағидаттарымен

жақыны мен алысын да бауырға тартуда. Бүгінде Еуроодақта 109 мемлекет

бар. Саяси көзқарас пен қисындар Америка дәуірлеуінің соңғы кезеңнің

туындап келе жатқанын аңғартады. Неге десеңіз, Американың «әлемнің жаңа

ережелері» әлемнің тәуелсіз мемлекеттерінің мұраттарына қайшы және бұл

оларды қанағаттандырмайды. Бұл жағдайда әлем елдерінің бар назары мен

ықыласы «демократияның қасиетті тұғыры» – Еуроодаққа ауады. Олардың бәрі

де Еуроодақтың құндылықтарын пайдаланатындықтан, оны жоғалту әлемдік

демократияның берік қамалын жоғалтумен пара-пар болатыны сөзсіз.

Еуроодақ – өз табиғатында әлемдегі саяси, экономикалық және өркениетті

бірлестіктер құру мен оны қолдауды мұрат тұтатын және өңірлік һәм ғаламдық

қарым-қатынастарды мақсат еткен елдердің бірлестігі болғандықтан, осы

арнадағы өнеге болып отыр (166.с.10-12,56-57,159-166. 185-204). Өзінің

пікірталасқа шақыратын көзқарастарымен белгілі британ саясаткері ойларын

былай деп түйіндейді: «Өңірлік бірлесудің үрдістері күшейісімен, онда АҚШ

184

Еуропа мен түркілер

секілді құдіретті елдер міндетті түрде ықпалдасттыққа тартылатын болады.

Олар бұл үрдісті баяулатқанымен, таза тоқтата алмайды. Егер олар бұл

үрдістерге қарсы шықса, өздері жапа шегулері мүмкін. Неге десеңіз, өңірлік

клубтардың өздеріне қарсы әрекеттерін жылдамдата түседі. Егер, АҚШ осы

үрдістрді пайдаланатын болса, онда өзінің қуаттарын арттырып, әлемдегі жаңа

ережелердің пайда болуын шапшаңдатады. Осынау үрдістердің жалғасуынан

біздер «Жаңа үлгідегі Еуропаның» замана көкжиегінде пайда бола бастауын

аңғарар едік. Бұл жағдайда Еуропаның әлемді империя ретінде қайта басқаруына

жол ашылмақ емес, қайта Еуропаның көркем мінезін бүкіл әлем үлгі ретінде

қабылдайтын болады (166.217б.). Соңғы ойдың соңғы түйінімен келіспей

отыра, әлемдегі саяси үрдістердің осынау ағымдарға сәйкес жүріп жатқанын,

яғни ықпалдасу бағыттарында белең алуда екенін айтқымыз келеді. Бұл

дегеніңіз, бүкіл түркі әлемінің пайдасына шешілетін жағдаяттар. Халықаралық

саясат пен халықаралық құқықтағы белгіленген өңірлік және ғаламдық

ықпалдастықты құру, одақтар жасау үрдістері болса, Түркі әлемінің де Одағын

жасаудағы оның ішкі қажеттігі болып айқындалады. (Дәл осындай Еуропалық

Одақты құрудың болмай қоймайтын қажеттілігі өткен ғасырдың орта шенінде

туындағаны мәлім). Бүгінде Түркі әлемі де халықаралық саяси өмір туындатып

отырған нақты жағдайларда дәл осы жолды ең дұрыс та, әрі тиімдісі ретінде

таңдап алуы тиіс. Әлбетте, Түркия мен Кавказ және Орталық Азиядағы жас

мемлекеттердің ықпалдасуын Еуроодақ кей кездерде батыстың ықпалдасуы

ретінде қабылдайды. Бұл оң және маңызды үрдістері саналады. Ойға алынған

және мақсаттар ретінде алға қойылған осы бағыттардағы жұмыстардың бір

бөлігі болса, Еуроодақтың шығыстық ықпалдастығы шеңберінде жүруде. Егер,

ЕО-ның түркі әлемімен қарым-қатынастары тарамдалған жолдармен дамитын

болса, бұл қадамдар түркі мемлекеттерінің ЕО-ға мүше болуларына әкелер ме

еді.

Түркі әлемі тарихының осы заманғы шешуші кезеңдерінде оның стратегиялық

және келешектегі жоспарларын таразылай келе, біздер Еуроодаққа кіргіміз келе

ме деген сауалға жауап іздеуіміз керек. Болмаса, еуропалықтар секілді барша

қиындықтар мен сынақтарды бастан кеше отырып, өзіміздің түркілік бірлігімізді

құруымыз қажет бола ма. Сонымен, осынау нұсқалардың қайсысы бізге тиімді.

Еуропалық одақ па, әлде түркі мемлекеттерінің одағы ма? Жауап біреу,әрине

тек өз одағымыз болуы керек. Осындай қисынмен Еуропалық одақта «Әрине,

өз одағымыз!» деген дилеммаға келгенде осылай дер еді. Еуроодақтың шығыс

бағытында кеңейе түсуге қатысты өз жоспарлары бар. Дегемен, Еуроодақтың

күн тәртібінде әзірге түркі мемлекеттерінің мүшелігіне қатысты мәселе жоқ.

Десек те, ЕО-нің Еуропа өркениетінің шекарасынан атап өтпеу жөніндегі

уақытша саясаты нені аңғартады. Алдымен осы жағдайда аталған саланың

барынша кеңейіп, беки түсуіне жол ашылады да, институционалдық жүйе

де тереңдей түседі. Бір сөзбен айтқанда, ЕО өзіне артық жүктің артылуын

185

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

қаламайды. Әсіресе, Еуразия құрлығындағы мемлекеттерге, оның ішінде

түркі тілдес елдерге Ресейдің ықпалын азайтуға күш салады. Десе де, ЕО өз

шекарасының аясында түркі тілдес елдермен қарым-қатынастар жасап, олармен

ынтымақтастыққа ықыласты екенін байқатқысы келеді.

Дегенмен, қазірдің өзінде де түркі тілдес мемлекеттер даму жағынан

Еуропа елдерімен деңгейлес дәрежеде. Мұны Түркияның мысалынан-ақ

көруге болады. Ол өзінің жер көлемі мен тұрғындарының саны жағынан, һәм,

экономикалық қуаттары тұрғысынан да аса ірі түркі тілдес мемлекет саналады.

Түркияның АҚШ-тан кейінгі НАТО-дағы Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз

етіп тұрған екінші мемлекет ретінде аса ірі әскери қару-жарақтарға иелігіне

және Еуропаның біріктіріп тұрған әлемнің ең құдіретті мемлекеті болуға

мүмкіндігінің молдығына және 1963 жылы Түркияның ЕО-тың ассоциативті

мүшесі болғандығына да қарамастан, оған Еуроодақтың есігі әлі ашылмай тұр.

Десек те, 1963 жылы Түркия ЕО-ға ассоциациялық мүше ретінде өтті. Ал 1987

жылы Еуроодаққа мүшелікке өту жөнінде өтініш білдірді. Осыдан соң Түркия

бірнеше еуропалық институттарға өтті. Еуроодақтың бірнеше кезеңдерде

кеңейе түскеніне қарамастан, Түркия 1987 жылдан бері әлі бұл одаққа

мүшелікке өте алмай отыр.Түркиядан анағұрлым кейін, яғни 2007 жылы ғана

өтініш білдірген Болгария мен Румыния одаққа мүшелікке қабылданды.Сайып

келгенде Түркияның ЕО-ға өтуіне барлық негіздер болды. Дегенмен, ЕО-ның

жетекші мемлекеттері «Дәстүрлі себептерін» келтіріп, бұл мәселенің тағы да

кейінгі қалдырылуына себеп болды.

Десек те Түркияны бұлайша шеттету жайбарақат өткен жоқ. Сол кездерде осы

іске арналған пікірталастар өрістеп, нәтижесінде Ероодақтың Түркияны одаққа

мүшелікке қабылдауды мүмкін емес әрі зиянды деп есептейтіні белгілі болды.

Әлбетте, халықаралық аренадағы салмағы күн санап артып келе жақтан және

оның ықпалының түркі әлемінен де тысқары жерлерге күштілігі белгілі болып

тұрған уақытта, һәм түркі мемлекетері Одағын құру мүмкіндігіне барлығына

қарамастан, Түркияның Еуроодаққа мүшелікке өтпеуінің себебі неде деген

сауалдар туындай бастады. Онда Түркия неліктен Еуроодақтың есігінің алдында

ұзақ күтуі керек. Саяси болжауларға қарағанда бүгінгі Түркия кешегі Түркиядан

даму сатылары бойынша оқ бойы ұзық тұр. Болжауларға сенер болсақ, 2020 жылы

Түркия ең қуатты дамыған әлемнің 10 елінің сапына қосылады. Бүгінде Түркия

халықаралық саясаттың шығыстық платформасын жаңа демократиялық арнаға

түсіруді басынан өткерген ел ретінде әлем назарында тұр. Осынау бауырлас ел

Таяу Шығыс пен Орталық Азияның саяси өмірлеріндегі өзгерістерге өзінің оң

ықпалдарын тигізуде. Әсіресе, Түркияның халықаралық беделі мазасыз шығыс

елдеріндегі демократияландыру мен гуманитарлық қасіреттер барысында

көрсеткен көмектерінен соң өсе түсуде. Бұл жағдайда Түркия шын мәніндегі

түркілік ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан қол ұшын беріп, аталған елдерде

азамат соғысының тұтанып кетуіне жол берген жоқ.

186

Еуропа мен түркілер

Әлбетте, Түркияның халықаралық және өңірлік саясаттың алғы шебіне

шығуын кей саясаткерлер қателік болар еді деп, есептейді. Ол жаңа османдану

деп бағаланады (неоосманизм термині тұңғыш рет гректер тарапынан 1974

жылы Түркия Солтүстік Кипрдің Түркі республикасын қорғау үшін Кипрға

әскер кіргізгенде қолданған болатын). Әлбетте, бұл жаңа османизм деген пікірге

қосылуға болмас. Шын мәнінде, Түркия әлемді жақсы жаққа қарай түрлендіргісі

келеді. Барша күшін гуманистік мемлекет қасиеттерін иеленуге және осынау

күрделі жолда өз жақтастарын қалыптастыруға қадамдар жасауда. Әрине, бұл

мақсаттарда оның ең жақын одақтастары түркі тілдес мемлекеттер бола береді.

Ғаламдық саясаттың стратегі және болжаушысы Джордж Фридманның ойынша,

осыдан соң Түркия империя бола алмайды. Ол тек ислам мемлекетері үшін

тартылыс орталығы ғана болуы мүмкін. Бүгінде Түркия әлемнің барша ғаламдық

күштілерімен – Құрама Штаттарымен, Еуроодақпен, Ресеймен,

Қытаймен және Жапониямен өз қатынастарын орнатып, олардың арасындағы

ықпалдастықтар секілді маңызды істің бөлігі ретінде қабылданып, өз қызметімен

халықаралық саясаттың басымдығын алға бастыруда. Сонымен Түркияға

жоғарыдағылар да, төмендегілер де сенім артуда. Түркия дипломаттарын Ақ

үйде де, Еуропаның өзге астаналарында да сыйлы, сенімді саяси тұлғалар ретінде

жақсы қабылдайды. Түркия болса, шығыстағы мәселенің алтынортасы саясатын

қандай да жағдайларда болсын, табысты алға жылжыта білетін мемлекет. Неге

десеңіз, осынау бауырлас ел мемлекеттік және саясаи дипломатияда аса бай

тәжірибеге ие. Мемлекеттераралық қарым-қатынастардағы суық кездер мен

тоқырау мезгілдерін өткере келе, бұл ел өзінің әлем мен өңірлер үшін қажет

мемлекет ретіндегі маңызын барған сайын дәлелдей түсуде.Түркиямен шекаралас

Еуроодақ өзімен қанаттас тұрған бұл елдің аса құдіретті де қуатты мемлекет

ретінде қайта дәуірлей бастағанын көріп отыр. Осыған байланысты Еуропа мен

Азия арасындағы қарым-қатынастар және Түркияның өзіндегі ынтымақтастық

үрдістері және өзге де түркі тілдес елдер дамудың жаңа кезеңіне ауысуда. Бұл

жағдайда Еуропалық Одақтың Ресей секілді аталған үрдістерге тосқауыл қоюы

екіталай деп ойлаймыз. Десек те, оны қолдамайтыны айдан анық. Сонымен,

Еуропалық Одақтың түркі мемлекеттерінің геосаяси өңіріне қатысты пейілдері

өзгеруі керек. Бүгінде Еуропаның өз ішіндегі түркі құрамдасы айтарлықтай

салмақты. Нақтылай айтсақ, Еуропа елдерінің аймақтарында 3,8 миллион түрік

тұрады және олардың 1,3 миллионы сол елдердің ресми азаматтары ретінде

тіркелген. Түріктер Еуропаның саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени

өмірінде аса маңызды рөлдер атқарады. Олар христиан мен ислам әлемдерінің

әмбебап құндылықтарын қалыптастыруға белсене араласуда. Түріктердің

Еуропаның өркениетті кеңістігінде өмір сүріп жатқандарының өзі-ақ Еуроодақ

пен Түркияның арасындағы қарым-қатынастарға ерекше реңк береді. Тіпті

Батыстың өзі әлде де Түркияның Еуроодаққа мүше болудан бас тартуының бұл

елге ешқандай зиян әкелмегенін және мұның өзі Еуразияға балама одаққа қарай

187

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

өңірлік төңкеріс жасауға бет алғызғанын мойындайды. 2007 жылы Еуроодақ

кеңейе бастағанда, яғни Түркияның ЕО-ға мүшелігі ақиқатқа айналмай қалғанда,

Түркияның өз реакциясы әлі күшті еді. Американың Герман Маршалл қоры

жүргізген әлеуметтік талдау 2004 жылға қарағанда 2007 жылы Еуроодақты

жақтаушылар саны Түркияда анағұрлым азайып кеткенін көрсеткен. Сайып

келгенде бұл Түркияның Еуроодаққа деген сенімнің аздығын айғақтаумен қатар

осынау елдің өз болашағына деген сенімінің мықтылығын дәлелдейді. Түркі

мемлекеттері Одағына ерекше рухтағы пікірталасын арнаған Назми Чора да

Еуроодақ тарапынан Түркияға қосарланған саясат ұстануының салдары аталған

елдің ЕО-ға мүшеліктен бас тартуына себеп болғанын атап өткеніміз жөн.

Еуроодақ Түркиямен ықпалдастықпен қатар оның ұлттық бірлігіне қатер

төндіретін талаптар да қоюда. Сайып келгенде, ол талаптар Түркияның сыртқы

және ішкі саясатын шектеп, түбінде «Еуроодақтың босағасында тұрғаннан

гөрі Түркия біздермен ынтымақтастықтың баламалы түрін табуы керек. Ондай

қадамдардың тағанына толық мүшелік құқықтың күн тәртібінен шығып,

кедендік Одақтың Түркиямен қарым-қатынастарын шектеу және өмір сүру

стратегиясына қарай икемлеуі керек. Мұнымен қатар Түркия барша әлеммен

бірігіп, ғаламдық экономиканың идеясын алға жылжытуға көмектесуі қажет.

Сөйтіп, заманауи әлеммен қатар жүрудің мүмкіндіктерін табуы керек»

қағидатын ЕО басты міндет етіп қоюда (101.216 б). Ақиқат мынада жатыр:

егер Түркия соңғы онжылдықтарда Еуроодақта болғанда, онда халықаралық

деңгейлерде бүгінгідей тәуелсіз саясатын жүргізе алмаған болар еді. Осы

жылдар ішінде Түркия Еуроодаққа мүше елдерге қарғанда, бұл бағыттарда

айтқарлықтай табыстарға жетті. Осы кездерде Түркия өзінің өткен саясаты мен

келешектегі жасайтын қадамдарын айқын көріп отыр.Түркия тәуелсіз саясат

жүргізуді одан әрі де жалғастыра беру саясатын ұстанып отырған қадамдарына

үйрене алмай келе жатқан АҚШ пен Еуроодақ бұл елдің үлкен әлеуеттерін анық

байқауда (120.21 б). Осынау мүмкіндіктерді іске асыра берудің ең әлеуетті тұсы

Түркияның Еуразиялық саясаты екені анық. Түркияның түркі мемлекеттерімен

ынтымақтасуды ұйымдастыруға қатысты нақты қадамдары ЕО-ны алаңдатпай

қоймайтыны рас. Айтары жоқ, бұл істегі Түркияның батыс қанатында аса

күшті Еуроодақ орналасқан. Ал Шығыс жағында түркі әлемі кеңістігін бірібіріне

тарту мен қосуға керекті бүкіл әлеуеттер шоғырланған. Рухани әлем мен

ақыл-ойдың, тарихтың да кіндігі осы жер – теңдесі жоқ түркі әлемі өркениеті

Отанының баршамыз мыңдаған жылдар басымыздан кешкен ұлы тағдырының

шешілуі керек мұраттарының мекені. Бұл жерлер түркілер үшін тек қана ұлы

дала емес, бүкіл түркі мәдіниетімен өркениетінің де Отаны саналады. Қазіргі

уақыттың өзі де оны далалардағы түркі өркениетінің Моңғолиядан Балқанға

дейінгі құлашын жайып жатқан түркі өркениетінің өзінің алты туелсіз елден

тұратын Түркі Мемлекеттерінің Ұлы Одағын құруын талап етуде. Неге десеңіз,

еуропалық өркениет өз тарихындағы ең қасіретті кезеңнен соң екінші әлемдік

188

Еуропа мен түркілер

соғыстан кейін оның қирандыларынан шығып, Кеңестер Одағы мен АҚШ өз

дамуының шырқау шегіне жеткенде шаңырақ көтеріп, мақсаттарына жете алды.

Біз де өз мұраттарымызға қол арта аламыз.

Бұл тұстарда бір еске аларлығы: еуропалықтардың Еуроодақты құрудағы

кезеңдердің бірде-бір шешуші уақыттарын жадыларынан тастамайтыны.

Еуродақтың жетекші елдері - Германия мен Францияның көшбасшылары Ангела

Меркель мен Француа Олландтың «Әлем сөзі» деген атаумен өткен одақтың

50 жылдық мерекесіне арналған салтанатта 1962 жылы Франция президенті

Шарл де Голльдің сөйлеген мына сөздерін еске алысты: «Біздер баршамыз

үлкен халықтың үлкен қателіктер жіберген елінің перзенттеріміз» деп неміс

тілінде айтқан ойларын еске түсірулері де тегін емес. Мінеки, осы мойындаудан

кейін миллиондаған адамдарын жоғалтқан, әсіресе, бұл тұста көп қасіреттер

көрген Германия мен Франция бірте-бірте жақындаса бастаған еді. Мерекелік

аталған шарада әсіресе,Француа Олланд «Біздер – Еуропаның жүрегіміз» деп,

Еуроодақтағы Франция мен Германияның ерекше жауапкершіліктерін атап

өткен. Екі ел басшыларының да ішкі еуропалық бірлікті қорғаудағы және

дағдарысты кезеңдерді жою және болашақ бірегей Еуропаға деген сенімді

тереңдете түсу мақсаттарындағы шақырулары Ангела Меркельдің «Біздер

өз бақыттарымыз үшін ынтымақтасқан еуропалықтармыз» деген жолдауыпарадигмасында

негізгі ойдың өзегі ретінде тартылған (259 б).

Еуропалықтардың осыдан жарты ғасыр бұрынғы ұқсас тарихи тағдырлары

түркілерге де келді. Бүгінде олар үшін де одақ құру жөніндегі сананың орнығуы

стратегиялық көрегендікке, батыл шешімге келуге, ұлы мақсаттар жолындағы

ынтымаққа ұмтылуға әкелді. Егер, олар бүгінде «біздер еуропалықтармыз»

деп өздері жайында ерекше мақтанышпен айтатын болса, осындай қисынмен

біздер де «біздер түркілерміз» деуге тиіспіз. Өз арманына Түркі Мемлекеттері

Одағын құру идеясын тудырған біздер де ғаламдық өркениет мәртебесінде

түркі әлемінің тұғырға қонуының айдай ақиқат екеніне сенеміз.

189

15. БІРТҰТАС ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС

БӨЛІГІ БІРЕГЕЙ ӘЗЕРБАЙЖАН...

Түркі мемлекеттерінің аумағы соңғы жүзжылдықтарда түркі әлемінің

аса кең этножағрапиялық аумағынан айтарлықтай азайды. Егер осынау

жағрапиялық аумақта тұрып жатқан түркі тілдес халықтар өздерінің саяси

тағдырларын бекіте алса, онда Еуразияның Қытайдан Балқанға дейін созылып

жатқан саяси картасы мүлдем өзге болар еді. Алайда, қатыгез соғыстар мен

аяусыз күрестер жағдайында өздерінің көнеден бергі тарихи аумақтарында

мемлекеттерін құрып, өмір сүре жүріп, Еуразияның кең байтақ өңірлерінде өз

тіршіліктерін сақтай алды. Осынау олардың өздері туған түркілік кеңістіктері

осыдан мың жыл қандай болса, сондай болып сақталып қалды. Дегенмен, ащы

шер мен ауыр тұрмыстарға қарамастан біздер тарихи ақиқатты мойындап,

одан қорытындымызды шығара білуіміз керек. Түркі мемлекеттері аумағының

соңғы екі жүз жылдағы азаюы үрдістерінде бұл бағытта ең көп шығынға

ұшыраған Әзербайжан болды. Тарихи Әзербайжан мемлекетінің аумағы

осы кезеңдерде бөлшектеліп, Иран мен Ресейдің құрамына берілді. Иранда

Оңтүстік Әзербайжан болса, Ресейде Солтүстік Әзербайжан мүлдем әртүрлі

саяси-идеологиялық жолдарға түсті. Ал Солтүстік Әзербайжанның тәуелсіздік

алуымен оған тағы бір ауыр соққы жасалды. Таулы Қарабақ сол баяғы

агрессиялық саясаттың салдарынан басып алынды. Бүгінде әлемдегі әрбір түрік,

әсіресе, әзербайжан ұлтының әр өкілі Әзербайжан мемлекетінің тарихында

оның аумағы мұншалықты азаймағанын білуі керек. Бір сөзбен айтқанда,

әзербайжан ұлты еш уақытта да өз тарихында мұндай шағын аумақта өмір

сүрмегенін ұмытпауы тиіс. Тіпті олардың Кавказдағы жер аумағы қазіргіден

анағұрлым кең болатын. Қарабақ мәселесіне әлемдік қоғамдастықтың назарын

аударсақ та, екі мемлекеттің Иран мен Ресей тарапынан Әзербайжан аумағын

екіге бөлген әділетсіздіктің тарихи-саяси ахуалына деген енжарлықтан құтыла

алмадық. Әзербайжан мәселесіне арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулерде

осы ақиқаттарға деген көзқарастар терең де жан-жақты болғанымен, біздер

осынау мәселе туралы мықтап ойлануымыз керек. Соңғы он жылдықтағы осы

мәселеге халықаралық деңгейдегі көзқарастардан Әзербайжанның екіге бөлінуі

мәселесі әлемдік деңгейлерде кез келген уақытта көтерілетін көккейкесті жай

екенін көреміз. Неге десеңіз, осынау қасіретті оқиғаның басталуы мен одан

туындаған оқиғалар түркі әлемінің саяси тағдырын ажырататындықтан, оның

түп тамырларына тағы бір үңілу керек. ХVШ ғасырдың аяғы мен Х1Х ғасырдың

басындағы Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің әлсіреуімен және Батыс

империализмінің күшеюі, Ресей империясының Шығысқа қатысты өктемдігі

Әзербайжаның Кавказдағы мемлекеттігіне айтарлықтай қауіптер төндірді.

190

Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...

Ашығын айту керек, осы тұстарда Әзербайжан мен барша түркі мемлекеттері

де Осман империясынан басқа өзгелердің басып алуына әзір тұрған еді.

Еуразиядағы үлкен түркі мемлекеттері шағын феодалдық мемлекеттерге,

хандықтарға дейін ұсақталып кеткен еді. Осы кезде әлемдік империализмнің

Үлкен Ойын саясатын іске асыруға қолайлы жағдайлар да туған еді. Иранның

аумағындағы сефевид хандығының ыдырауымен Парсы мен Әзербайжан аумағы

Ресей-Парсы, Англия-Парсы соғыстарының алаңына айналды. Жалпы түркілік

тарихты бұрмалаудың жаңа кезеңі дәл осы уақыттан басталды. Ресей жағында

соғысушылардың сапында негізінен Әзербайжан хандығы болса, ал ресми

құжаттарда бұл оқиға Ресей-Парсы соғысы аталған. Осы дәлелдерге қарамастан,

аталған аумақта Атабековтерден (21ғасыр) Сефевидтер (28) басқарған кезде

тек түркі мемлекетері өмір сүрді. Олар Осман империясының аумағы кіндік

Азия мен Каспийдің оңтүстік иінін қосатынын жақсы білді. Мұнда Кавказдан

Түркістанға дейінгі аумақта Әзербайжан елі жатты. Олар Парсыны, яғни

өңірдегі түркі әлемінің бірлігін бекемдеп отырған Әзербайжанды басып алғысы

келді. XIV ғасырдың 20-шы жылдарында Үндістанның Ұлыбританияның

бодандығына айналғанын, Ресейдің Оңтүстік Кавказды бағындырып өз

дегендеріне жете алды. Араз өзеніне дейінгі жерлерін басып алуына байланысты.

Әзербайжан хандығы болса, Ресейге жалғыз өзі ғана қарсылық көрсетіп, ақыры

Ресейдің бодандығында қалды. Еуропа мен Қара теңіз жағалауындағы Осман

империясының әлсізденуі осы кезден бастап қарқын ала бастады. Осыдан

кейінгі жүзжылдық түркі мемлекеттерінің тарихтағы құлдырау кезеңіне ұласып,

олар бір-біріне көмектесе алмаған дәуірге тап болды. Сөйтіп олар бет-бетімен

шашыраңқы күйде ғұмыр кеше бастады.

Түркі тілдес елдердің Еуразиядағы ежелгі дұшпандары (қытайлар, парсылар,

орыстар, армяндар) бұл мүмкіндіктерді пайдалана бастады. Сөйтіп, Осман

империясынан өзге түркі мемлекеттерін Еуропадан ысыра бастады. Олар

көрші империялардың құрамдарына еріксіз енді. Хандық билік Империяны,

Ханның өзі де Императорды жеңе алмады. Дегенмен, ең үлкен қасірет Шығыс

пен Батысты және түркі әлемінің оңтүстігі мен солтүстігін біріктіріп тұрған

Әзербайжанның өзінің екіге бөлінуі еді. Бұл бөлініс осы елдің Еуразияның

ықпалына түсіп, әлемдік империализмнің әсеріне кіру үрдістерін шапшаңдатуға

жол ашып берді. 1828 жылдың 10 ақпанында екінші Ресей-Парсы соғысының

аяқталуына себеп болған 16 баптан тұратын Туркманчай бейбітшілік келісіміне

қол қойылды. Түркманчай селосында қол қойылған осы келісім арқылы

Әзербайжанның жаңа шекарасы бекітілді. Бұл келісімге Ресей тарпынан Иван

Паскевич, Парсы тарапынан Мирза Абдул хан қолдарын қойды (186,314-324).

Келісімге қол қою рәсіміне Ресей мен Әзербайжанның сол кездердегі көрнекті

қайраткерлері А.С. Грибоедов, А.А.Бакиханов (аудармашы ретінде)

қатысты. Бұл келісімде ресми тараптар ретінде бүкіл ресей императоры мен

парсы падишахы қатысқаны көрсетілген. Осынау ақиқаттың өзі Әзербайжанды

191

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

екіге бөлген орыстар мен парсылар екенін дәлелдейді. Осы келісімге қол қойылған

күннен бүгінге дейін Оңтүстік Әзербайжанның тәуелсіздігі жайында

мәселелер көтеріле қалса, Ирандағы парсы билігі барша әлемге Әзербайжанның

әуелден-ақ Иранның құрамында болғаны жайында бар дауысымен айта бастайды.

Егер осылай болса, онда неге Иран Солтүстік Әзербайжанды Ресей

басып алғанда қарсылық көрсетпеді екен. Аталған ел еш уақытта Солтүстік

Әзербайжанды Ресейдің басып алғаны жайында халықаралық деңгейлерде

мәселе көтерген емес. Керісінше, Түрікманчай келісімін үнемі рахаттана

отырып орындаумен болды. Осы келісімге қол қойылған күннен бастап

Ресей мен Иран туысқан бауырлас достас ел болып келеді. Бір-бірінің жер

аумақтарының бүтіндігіне құрметпен қарауда.Үнемі құбылып тұратын

халықаралық жағдайларда бірі-бірін қолдаумен, қорғаумен болуда. Сонда Иран

неге өз жерін Ресейден азат етуге талаптанып көрмейді. Демек, Әзербайжан

жері жайындағы ақиқатты тарихи шындық деп түсіну керек. Тек жері бөлініске

түскен Әзербайжанның өзі мен ондағы әзербайжан түркілері ғана азаттығы

жолында күресуге талпынды. Бір сөзбен айтқанда, тек Әзербайжанның өзі

ғана оңтүстікте Иранға қарсы, ал солтүстікте Ресейге қарсы өз тәуелсіздігі мен

егемендігі үшін күресумен болды. Ресей мен Иран әредік осынау тәуелсіздік

жолындағы күрестерді ең қатаң күштермен басып тастауға күш салды. Иран

Әзербайжанды екіге бөліп тастап, болашақта екі бағытта жеңіске жетуді көздеді.

Атап айтқанда, Иран билігі түркілерден құтылуды көздеді (мысалға, Атабеков

пен Севервидовтар) және түркі әлемінің бір бөлігі ретінде қанаттас орналасқан

ұлы Әзербайжан тарапынан төнер қатерден құтылмақшы болды. Екіншіден,

Ресей жағы да өздері басып алған әзери жерінің бөлігін бермеу арқылы бұл

елдің бөлшектелген халімен әр уақытта да келісе береді деп және Әзербайжан

елінің бірігуіне мүлдем қарсы бола береді деп, ойлады. Ресей жағы болса,

Әзербайжанның Оңтүстік Кавказдағы аумағын басып алып, максималистік

геожағрапиялық жоспарын іске асыра алды. Сөйтіп, Оңтүстік Кавказда

Әзербайжан жерін тартып алып, шығыс ислам елдерімен арадағы қауіпсіздіктің

кавказдық белдеуін құрды және түркі әлемінің геожағрапиялық мақсаттарына,

яғни Османдық Түркия мен Орталық Азиядағы Түркістанның бірігіп кетуіне

тосқауыл қойды. Екі ғасыр бойына оқтын-оқтын болып тұрған орыс-түрік

соғыстары Ресейді көздеген мақсаттарына жеткізген жоқ. Әзербайжанның

бір бөлігін алып қойған Ресей болса, Алтайдан Балқанға дейінгі аралықтағы

Еуразия кеңістігінде басым рөльге ие түркі белдеуін үзіп отыр.

Осы басып алудан кейін Ресей Иран мен Сириядағы, содан соң Түркиядағы

армяндарды осы жерлерге қоныстандырып,1920 жылы Әзербайжаннан тартып

алған жерлерге тұңғыш армян мемлекетін құрды. Оның күні бүгінге дейін

сақталуына ықылас білдіруде. Бұдан соңғы үрдістер Әзербайжанды басып алуда

Ресей мен Иранның мүдделес екенін көрсетуде. Ол мүдделілік күні бүгінге

шейін жалғасуда. Әзербайжан елі екіге бөлінгеннен кейін Иран тарапының

192

Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...

елді парсыландыру саясаты, ал солтүстікте орыстандыру саясаттары біртіндеп

жүргізіле бастады. Ресей империясы Әзербайжандағы түркі құрамдасты

бейтараптандыру үшін қолынан келген мүмкін шараларының барлығын

жасап бақты. Ресей империясы Кавказдағы армян азшылығын күшейту үшін

және өзінің тірек пункті ретінде осы жерде христиандық Арменияны құрып,

Әзербайжан мен Түркияның арасында аралық аймақ ұйымдастырды.

Көрші елдерден Әзербайжанда құрылған Эривандық хандыққа армян қоныс

аударушыларының жаппай көшуін де Ресей өзі ұйымдастырып, оларды негізінен

Бакудің мұнайлы өңірлеріне қоныстандыруға күш салды. Бір сөзбен айтқанда,

бүкіл Кавказ патшалық Ресейдің орталығы Тбилисиде болған губерниялар

үлгісіндегі басқару жүйесіне енгізілді. Ал Әзербайжанда басқару жүйелері

негізінен орыс пен армяндарға тапсырылды. Осы жүйедегі саясат тіпті кешегі

кеңес кезеңінде де жалғасты. Ресейдің мақсатты түрде жүргізген саясатының

салдарынан 1872 жылдың өзінде Әзербайжан өнеркәсібі орындарындағы

армяндардың үлесі әзербайжандарға қарағанда 10 есеге көбейді. 1900 жылы

Мирзоев, Маилов, Лианозов, Арамянц, Таветосян мен Манташев секілді қоныс

аударушылар Баку губерниясының өнеркәсіп орындарының 3,2 пайызына

қожалық етті. Әзербайжандықтар болса, осы кәсіпорындардың 18 пайызына

қожалық ете алды. Әзербайжан кәсіпкерлері Гаджи Зейналабдин Тагиев,

Муса Нагиев, Муртаза Мұқтаров, Шамен Асадуллаев, Иса бек Гаджинский,

Сейид Мирбабаевтардың ұлттық капиталданудың қайнар басында тұрып,

елдің дамуына бағытталған демеушілік қайырлы істерде аса үлкен жұмыстар

жасаумен болды.

ХІХ ғасырдағы ұлттық-ағартушылық қозғалысты Мирза Фатали Ахундзада

бастап, ХХ ғасырдың басында ол табиғи эволюция жолымен ұлт-азаттық

қозғалысына айналды. Оңтүстік және Солтүстік Әзербайжанда болған

оқиғаларды шендестіре қарағанда, олардан өте бір қасіретті үрдістерді

байқаймыз. ХХ ғасырдың басында Ирандағы конституциялық революцияның

көшбасшысы Саттар-хан (1905-1911 ж.ж.) өз төңірегіне азаттық жолындағы

күрескерлерді жинап, парсы езгісіне қарсы көтерілісті бастады. Конституциялық

революцияның мақсаты – ирандық әзербайжандардың ұлттық-конституциялық

жолмен келуі керек тәуелсіздігі еді.

Осы мақсатпен 1908 жылы Саттарханның басшылығымен жоғарғы әскери

Кеңес құрылды, сол жылы Тебриз революциясы да жеңіспен аяқталды. Осыдан

кейін кімдер мазасызданды дейсіздер ғой! Әрине,Иран билігі мен патшалық

Ресей және Англия!1910 жылдың 10 наурызында Англияның сыртқы істер

министрі Эдуард Грей Ирандағы осы елдің елшісі Джорджу Бирлиге Саттархан

мен оның серігі Багир-ханның көздерін жоюды бұйырды. Армян Ефрем

Давидьян Саттарханды ауыр жаралап, соңынан өзі де қаза тапты. Дегенмен,

Әзербайжанның конституциялық революциясын қанқұйлы қатыгездікпен

басып тастау азаттық жолындағы екінші қозғалысты тоқтата алмады. Ол

193

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

қозғалысты прогрессшіл саясаткер, революционер-демократ Шейх Мухаммед

Хиябани алдымен идеологиялық майданда бастап, өзінің бостандық пен

тәуелсіздік жайындағы идеяларын халық зердесіне кеңінен терең ұялатып,

елдің зор құрметіне бөленді. Оның Әзербайжан Демократиялық партиясы

Иран Әзербайжанындағы тұңғыш партия болды. Ол 1917 жылы ашық майданға

шықты. Хиябани де Саттархан секілді Иранның, Ресейдің және Англия мен

Германияның биліктерін құлатуға мақсат ұстанды. 1920 жылы Тебризде

Әзербайжан Демократиялық партиясы халық арасында аса үлкен ықпалға ие

болған митинг өткізді.

Сол жылдың 22 маусымында Әзербайжан Демократиялық Партиясы Ұлттық

Үкімет құру туралы шешім қабылдады. Десек те, әлемдік империализмнің

бірлескен саясаты тағы да Иранды құтқарып қалды. Демократиялық өзгерістерге

жаны қас парсы-иран режимі Хиябани қозғалысын аса қаталдықпен басып

тастады.

«Бөліп ал да, билей бер» ұстанымын мақсат еткен империялық пиғыл

Әзербайжанда әзерилер мен армяндар арасына от салып, кескілескен жанжал

тудырып, 1905 жылы армян-орыстардың әзерилерге жасаған бірлескен

кескілеуіне қарсылық ретінде Әзербайжанда тұңғыш рет ұлттық-саяси

бағдардағы Дифаи партиясын құруға алып келді. Ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған

халықтар үшін Ресейдегі революция толқынында Ресей империясынан

бөлініп кетудің мүмкіндіктері пайда болды. Бұл мүмкіндікті солтүстік

әзербайжанның перзенттері лайықты пайдаланып, ол жерде Әзербайжан

Демократиялық Республикасы құрылды. Бұл республиканың қандай ауыр

заманда өмір сүргенін елесетету қиын емес еді. Өйткені, бірінші дүниежүзілік

соғыс аяқталар кезінде Таяу Шығыста аса ірі әсери күші бар Англия Кеңестік

Ресейге әскери интервенция жасағандықтан, Баку одан бөліп алуға күш салды

және Бакуге Германияны жақындатпауға әрекеттенді.

Баку мұнайын басып алуға тырысқан империалистік күштер Әзербайжанда

тек өздерінің ғана мақсаттарына қызметтер жасайтын қуыршақ билік құруға

тырысты. Бірақ, Бакуге Нұры паша басқарған Осман Түркиясының әскері

кірісімен жергілікті ұлт – Әзербайжандарға қарсы қанды қырғын жасау

тоқтатылып, Әзербайжан Демократиялық Республикасын орнатуға жол

ашылды. Бірақ дашнактік Арменияның Әзербайжан жерінің біртұтастығына

қарсы жасаған дұшпандық әрекеттері бұл жердегі тұрақтылықты орнатуға

кедергі келтіре берді және дұшпандарға қарсы күресетін жасақтар жинауға

мүмкіндік бермеді. Осыны пайдаланған Қызыл Армия Әзербайжанды басып

алды. Қарап отырсаңыз, Иран мен Әзербайжандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын

басудың еш айырмашылығы болмаған және екі елде де бір сценарий бойынша

жүргізілген екен. Солтүстік Әзербайжан одақтас республика ретінде өзге де

республикалар секілді КСРО-ның құрамына енді. Бұл формальды болғанымен,

ұлттық тілді, білім мен мәдениетті дамытуға жол ашылды. Ал монархиялық

194

Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...

Иранда осы мүмкіндіктердің өзі болмаған еді. Монархиялық Иранда парсы

режимі күні бүгінге дейін оңтүстіктегі әзерилерге туған тілдерінде оқытатын

бірде-бір мектеп ашқан жоқ. Солтүстік Әзербайжанның – КСРО-да, Оңтүстіктің

– Иранда қысымға ұшырағанына қармастан, таразының екі жағында тұратын

әзерилер әлі де бір-біріне ұмтылумен, қосылуға ынталанып келеді. Кеңес

Одағының Иранға қатысты саясатында оңтүстік Әзербайжанды кеңестендіру

белсенді түрде өрістеді. Оңтүстік Әзербайжанның әр уақытта да Ираннан

бөлініп, тәуелсіздік алып, солтүстікке қосылуды армандаған демократтары

жаңа тарихи ахуалды пайлануға күш салды.

Олар Саттархан мен шейх Мұхаммед Хиябанидің дәстүрлеріне беріктік

танытып, Тудэ партиясын, одан соң Әзербайжан Халықтық Партиясын

құрды. Осының нәтижесінде КСРО-ның қолдауына ие болған ұлттықдемократиялық

күштер осыдан кейінгі революциялық қозғалыстарға қатысты.

Иран Әзербайжанының астанасы – Тебризде Сейид Джафар Пишеваридің

жетекшілігімен Әзербайжан Ұлттық Үкіметі құрылды (1945-1956 ж.ж.). Бұдан

соң Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде ұлттық тілде сабақтар беру

туралы жариялап, Иран Мәжілісіне, АҚШ-қа, Ұлыбритания мен Францияға,

Қытайға мәлімдеме жасады (302.с.140-144).

Сөйтіп, Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде сабақтардың ұлттық

тілде жүрулеріне мүмкіндіктер ашты. Жұмысшылар үшін еңбек жөнінде заң

қабылданды. Әйелдерге ерлермен теңесетін құқықтар берілді. Жер реформасы

жүргізілді. Елді көріктендіру мен сәулеттендірудің бұрын-соңды болмаған

жұмыстары жүре бастады. Оңтүстік Әзербайжандағы бұл демократиялық

реформаларды дұшпандардың өздері де мойындады. Ол жылдары Батыстың

реакцияшыл баспасөздері Пишеваридің жетекшілігімен Ұлттық Үкіметтің

жарты ғасырлық жұмыстарды жыл ішінде ғана орындағанын жазып жатты.

Дегенмен, Оңтүстік Әзербайжандағы осынау демократиялық реформалар

тек Иран реакционерлерін ғана емес, Иран байлықтарын пайдаланып отырған

Ұлыбритания мен АҚШ-ты да шошытып, олар өзара бірігіп, Әзербайжан

Ұлттық Үкіметін қанға бөктірді. Сөйтіп, бұл елдегі 15 мың әзери Кеңестік

Әзербайжанға қашуға мәжбүр болысты. Оңтүстік Әзербайжанның ұлт-азаттық

қозғалысын қатаң жазалау АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің және шығыстық

Ислам елдерінің, әсіресе Иранның империалистік саясаттарының салдарынан

туды. Олар Батыстық және мұнайлы Иранды бөлуге еш уақытта да жол бермес

еді. Олар Оңтүстік Әзербайжанда автономды мемлекет құрудың аяғы Кеңестік

Әзербайжанмен табиғи түрде қосылуға әкелетінін білді. Алғашқыда Кеңестер

Одағы мен оның лидері Сталин 1945-1946 жылдарда Әзербайжандағы ұлтазаттық

қозғалысын қорғады да, артынан бұл саясатын өзгертті. Кеңестер Одағы

екінші Дүниежүзілік соғыстағы негізгі одақтастары – АҚШ пен Англияның

дегеніне көнді. Тегеран режимі қарсы болса да, Кеңестер Одағы Иран мен

Әзербайжанды емес, Шығыс Еуропаны таңдады (230.188б).

195

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

Кеңестер Одағы «Батыс қабырғаны» бекіте түсу үшін Шығыс Еуропаны

советтендіру саясатын таңдап алды. Өзі грузин болғандықтан, Сталинді

солтүстік пен оңтүстік Әзербайжанның болашақта бірігіп кетуі толғандырмай

қоймағаны ақиқат. Егер, екі ел қосылған жағдайда Әзербайжан халқының саны

артып, Кавказдағы одақтас үш мемлекеттің «геосаяси теңгерімі», яғни тепетеңдігі

бұзылған болар еді. Егерки, аталған оқиғалар Оңтүстік Әзербайжанның

автоноиясына әкелгенде кеңестер Одағы құлаған соң, Әзербайжан Республикасы

біртұтас әрі тәуелсіз үлкен мемлекет болар еді. 1979 жылы Иран Ислам

Революциясы болып, оңтүстіктегі әзербайжандардың ұлт-азаттық қозғалысы

тағы да тарих сынағына түсті. Онда алдыңғы сапқа насихат шығып, ұлт-азаттыққа

ел назарын аударған газеттер мен журналдар әзери тілінде шыға бастады. Одан

кейінгі жылдарда Оңтүстік Әзербайжанда жаңа заманға лайықты ұлт-азаттық

қозғалысының үрдістерін жүзеге асыратын үрдістер замана қажеттілігіне

айнала бастады. Иран Әзербайжанындағы оқиғалар кеңестік Әзербайжанда да

өз толқынын туғызғанын мақтанышпен айта аламыз.

1971 жылы Әзербайжан жазушылары одағының 7-ші сьезінде жалпы ұлттық

көшбасшы Гейдар Әлиевтің де екі Әзербайжанның арасындағы байланысты

нығайта түсу керек деген сөздері тұңғыш рет халықаралық деңгейде әлем

назарын аударды. Бұдан соң Гейдар Әлиевтің шетел дипломаттарымен «мен

болашақта екі Әзербайжанның бірігеріне сенемін» деген сөзі Лондонның аса

ықпалды «Тhe times» газетінде жарияланды (302.191б). 1982 жылғы Гейдар

Алиевті тарихта тұңғыш түркі ретінде ең жоғарғы лауызымға, КПСС Орталық

Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне және КСРО Министрлер Кеңесі

Төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындау, Әзербайжанның өзінің

тарихи-ұлттық проблемаларын шешумен айналысуына жол ашты. Сол уақыттың

мүмкіндіктері шеңберінде Түрікманяай шартының әділетсіздігі туралы

ақиқаттар әлем жұртшылығына кеңінен тарады. 1959 жылы «Гүлстан» атты

саяси поэма жазған Бахтияр Вахабзаде ол шығармасын Саттархан мен Шейх

Мухаммед Хиябаниге арнап, 80-жылдардың соңында солтүстік Әзербайжанның

тәуелсіздігі жолындағы қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің біріне

айналды. 1970-80 жылдардағы Араздың екі қапталындағы (оңтүстіктепарсылануға,

солтүстікте-орыстануға) қарсы әзербайжандардың «біртұтас

Әзербайжан» идеясы жолындағы күрестері үдей түсті.

Әсіресе, бұл қозғалыстар Иран билігін қатты алаңдатты.Сондықтан, Иран

мен Кеңес ғалымдарының өздерінің бірлескен еңбектерінде Әзербайжанның

жергілікті тұрғындарының әуел баста иран тілді болғанын, тек артынан

түркі мемлекеттерінің ықпалымен түркі тілді болып кеткенін және осынау

тұрғындарды туған тілдері-фарсы тіліне оралту керектігін дәлелдеуге тырысуы

тегін емес еді. Олар бұл үшін арғы тегі әзербайжан емес, тебриздік ғалым Ахмед

Кесревидің (249) еңбектерін мысалға келтірді. Неге десеңіз, Ахмед Кесреви

ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазіргі Әзербайжанның аумағы тарихи

196

Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...

жағынан Албания және Аранмен байланысты еместігін дәлелдеген-мыс. Оның

айтуынша, солтүстік Аразды әзербайжандық деп Осман жаулап алушылары

атапты. Большевиктер болса, осы дәстүрді жалғастырған. Әзербайжандағы

қазіргі тіл олардың ана тілдері емес. Әзербайжан болса ықылым замандардан

бері Иран мен оның ұлттық қозғалысының (әзербайжан мәселесі, яғни Оңтүстік

Әзербайжан мен Солтүстік Әзербайжанның тәуелсіздіктері) бөлінбес бөлшегі

болған. Қалғандарының баршасы империализмнің әзәзіл сандырағы деп жазады

әлгі ғалымсымақ. Бұл тұста егер туған тілді бұл ғалым айтқандай оп-оңай

ауыстыру мүмкін болса, Иранның түркі-әзербайжандары неге 200 жыл бойына

халқы тек парсы тілінде ғана сөйлейтін Иранда, бұл елде өз ана тілдерінде

бірде-бір мектеп болмаса да, туған тілдерін ұмытпаған екен.

Дегенмен де, империалистік пиғылдың салдарынан Әзербайжан екіге

бөлінген деген ой кеңес жүйесіне жақты. Бұл мәселеге қатысты нағыз ақиқат та

бүгіндегі Әзербайжан Республикасының егеменді ел ретінде тарих аренасына

қайта оралуымен ашылып отыр. Солтүстік Әзербайжанда тәуелсіз Әзербайжан

мемлекетінің туының желбіреп тұруы оңтүстіктегі әзерилерді де тәуелсіздікке

қанаттандыруда. Бүгінде оңтүстік Әзербайжандағы ұлт-азаттық қозғалысының

толқындары шекара бағанын бұрынғыдан да күштірек соғуда. Бұл қозғалыс

барған сайын Иранда ұйымдық жағынан беки түсіп, азаттықты қолдаушы

демократиялық мемлекеттердің күшімен әзерилер мен түріктердің бірлесуі

жолындағы қызметтерін ықпалды ете түсуде. Осынау ұйымдардың арасында

жетекші ретінде Оңтүстік Әзербайжанның оянуының Ұлттық қозғалысы

ерекше көзге түсуде. Оны 1995 жылы профессор Махмудали Чехраганлы

мен оның мұраттас серіктері астыртын құрған болатын. Бұл ұйым да ауыр

күндерді басынан кешіріп, тұтқындау мен қудалауды көп көрсе де, Оңтүстік

Әзербайжанның азаттығы жолындағы қозғалыстың іргетасы мен оңтүстіктегі

түркі идеясының тарауына керекті тағанды қалай алды. Махмудали Чехарганлы

бүгінде бұқаралық акциялар мен қарсылықтарға және ағартушылық

қозғалыстарына басшылық жасауда.

Иранның ұлттың құқықтарына қатыстының баршасына төзімсіздігін

еске ала келе, осы елдің өз ішінде бұл қозғалыс Оңтүстік Әзербайжанның

Ұлттық қозғалысы деп аталады. Десек те, бұл ұйым Ирандағы миллиондаған

тілектестерімен жақтаушылары бар және өз төңірегіне түркілік жаңғыру мен

өркендеудің идеяларына арқа сүйеген жүздеген ғылыми-әдеби, ұлттық-мәдени,

қоғамдық-саяси ұйымдарды біріктіріп отырған үлкен демократиялық және ірі

қоғамдық-саяси ұйым саналады. Оның ондаған белсенді мүшелері Тегеран

режимінің құрбанына айналды, ал жүздеген мүшелері мен жақтастары қазір

Иран түрмелерінде отыр. Қозғалыстың орталық штабы Оңтүстік Әзербайжанда

орналасқан және ел аймақтарында комитеттері мен бөлімшелері жұмыс істеуде.

2002 жылдан бастап аталмыш қозғалыстың шетелдік өкілдіктері де ашылды.

Бүгінде оның 24 өкілдігі шетелдерде қызметтерін жасауда. Ондай өкілдіктер

197

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

бүгінгі Әзербайжан Республикасында, Түркияда, АҚШ-та және Еуропада

орналасқан. Аталған халықаралық ұйым БҰҰ-ының көптеген комиссиялары,

бірнеше халықаралық ұйымдар мен Еуроодақ тарапынан мойындалды. Бұл

ұйым халықаралы құқықтар мен ұстанымдарға арқа сүйей отыра, Оңтүстік

Әзербайжанның өз тағдырын өзі шешуі құқығы жолында күресуде.

Әзербайжан мәселесі бүгінде халықаралық деңгейлерде, ғылыми және

саяси орталарда, сонымен бірге азаматтық қоғамдарда да маңызды мәселеге

айнала бастады. Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер де жазыла бастады.

Олардың арасындағы екі еңбек ерекше көзге түседі. Көрнекті америкалық

әзербайжантанушы профессор Тадеуш Святоховскийдің «Ресей мен

Әзербайжан: өтпелі кезеңдегі шекаралық аймақ» және Гарвард Университетінің

профессоры Бренд Шаффердің «Шекара мен туыстар: Иран және Әзербайжан

біртектілігінің проблемалары» атты еңбектері көңіл аударуға тұрарлықтай. Бұл

туындылар өте құнды саналады. Неге десеңіз, онда Оңтүстік және Солтүстік

Әзербайжанның бостандығы күрестері жолындағы күрескерлердің ерікжігерлері

мен күрестері жайында сөз етеді. Олардың бір ғасырдың ішінде төрт

рет күреске шыққандары тілге тиек етіледі. Аталған кітаптарда тәуелсіздік

жолындағы күреске күш беретін қайнарлар да айтылады. Екінші кітапта

тәуелсіздікке ұмтылған әзербайжандықтардың бауырластығын шекарамен

бөлуге болмайтыны тілге тиек етіледі. Ол бауырластықтың тамырлары тереңде

жатыр және аса мықты ұлттық сананы тұғыр еткен. Кітап авторлары біртектілік

жайындағы өз теориясын алға тартады.

Әлбетте, оңтүстік пен солтүстік Әзербайжанға қатысты батыстың саяси

ұстанымы ХХ ғасырдың басы мен орта шеніндегіден онша өзгере қойған жоқ.

Иран өзінің АҚШ-пен және Еуропамен де бұған дейінгі байланыстарында,

әсіресе, ішкі ұлттық проблемаларды шешуге қатысты істерінде еш өзгерген

жоқ. Бұл ел өзін 1979 жылғы революциядан кейін Ислам Республикасы деп

жарияласа да, Әзербайжан мұсылмандарына ана тілдерінде мектептер ашуға

рұқсат бермей келеді. Иранның әлемдік демократия үрдістеріне кереғар

келетін соғысқұмарлығы мен негізгі ұстанып отырған саяси бағыттары ішкі

қарсылықтарға да, халықаралық деңгейлердегі қолдамаушылыққа да кездесуде.

Халқының 16 пайызы әзербайжандар саналатын Иранды (бұл ресми мәлімет,

ақиқатында, бұл елдегі 75 миллион тұрғынның 25 миллионы әзербайжандар)

көрші тәуелсіз Әзербайжан Республикасының күн санап күшейе түсуі қатты

алаңдатуда. Әлемдегі 50 миллион әзербайжан ұлтының жартысы тұрып

жатқан Оңтүстік Әзербайжанда Иран билігі ұлтқа қарсы саясаттар жүргізіп,

әзербайжандардың тарихи жерінің тұтастығына қол сұғып, оны үшке, Батыс,

Шығыс және Ардебиль аумағына бөліп тастады. Әзербайжанның қалған жерлері

өзге әкімшілік аумақтарға берілген. Бүгінде Иранда парсы ұлтшылдығының

асқынған түрі мен дін көшбасшыларының авторитаризмі белең алып тұр.

198

Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...

Сондықтан да Иранның бұрынғы Президенті Мохаммед Хатами: «Мен

елдегі жағдайды өте нашар деп бағалаймын, өзге де шешімін таппаған қазіргі

жағдайлар мен үшін Иранның жеңілуіне әкеледі, болмаса, оны майшамдай

ертіп жіберуі мүмкін» деп мәлімдеуге мәжбүр болды. Осыған қарамастан,

Иран Әзербайжан Республикасына қатысты ұстамсыздық пен Әзербайжан

республикасына қоқан-лоққы көрсетушілік пиғылынан танбай отыр. Кейде ол

біздің елімізге жерге қатысты талаптар қоюдан да бас тартпай отыр. Мұндай

жағдайда Әзербайжанның халықаралық саясаттағы тұжырымдары Иранға

қарағанда анағұрлым табиғи әрі мүмкін нұсқа болып табылады. Америкалық

стратег Эбигнев Бзежинский Әзербайжан Республикасының халықаралық

және экономикалық маңызына тоқталып, оған назар аудара отырып, оны АҚШ

тарапынан ең қуатты геосаяси қолдауға лайықты мемлекет деп атайды және

оның өңірлік саясаттағы, экономикадағы, мәдениет пен технологиядағы және

демократиядағы геосаяси орталық ретінде қайталанбас орнына жоғары баға

береді. З. Бзежинский Иран-Түркия-Әзербайжан үштігіндегі ұлттық-өңірлік

көкейкесті жайларды шешудің маңызды болашағына қатысты жайттарды да

былай деп қозғайды: «Егер Әзербайжан тұрақты саяси және экономикалық

дамудың орнықты жолына шықса, Ұлы Әзербайжанды құру идеясы

күшейе түсетін болады». Сөйтіп, Әзербайжанның әлемдік қауымдастықпен

ынтымақтасуының үрдістерін қамтамасыз ету оның ұлттық- тарихи мүдделері

мен ықпалына лайықты табиғи жағдайда сабақтасатын болады. Батыстың

ықыласы Иранға өзгере бастаған мына заманда біздер Тәуелсіз Әзербайжан

мен Оңтүстік Әзербайжанның ұлттық мүдделерін қорғай білуіміз керек.

Ядролық бағдарламасы мен өзге де өңірлік проблемаларын шеше алмай отырған

Иранға санкциялар қолданып отырған Батыстың әрекеттерінде бізге қолайлы

тұстар баршылық.

Дегенмен, бұл саясаттар әзірге бұлыңғырлау. АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі

саясаткері Генри Киссенджердің ойлары болса, бізге Еуропаның өзгерістері

аясындағы Иранның орнын аңғаруға мүмкіндік берері сөзсіз. Ол: «Иран -

Американың Ресей мен Қытай табытына қаққан соңғы шегесі болады..» – деп

жазады. Америка Құрама Шаттарының ықпалды бір басылымы болса, бұл

өзгерісті жүзеге асыруды «Әлемнің жаңа картасы » халықаралық қауымдастығына

тапсыруды ұсынады. Бұл картадағы өзгерістерде Әзербайжан да бар. Онда

Иранның қазіргі режимі құлаған кезде Иран Әзербайжанының тәуелсіздік алып,

Оңтүстік пен Солтүстік Әзербайжанның қосылмай қоймайтыны көрсетілген.

Бұл үрдіс пен Таулы Қарабақты қайтаруға Әзербайжанға аса ықпалды өңірлік

мемлекет Түркия көмектесуі мүмкін... Өткен жылдың 12 қыркүйегінде

конгрессмен Дана Рорабахер АҚШ-тың Өкілдер палатасына «Иранда тұратын

әзербайжандардың өз тағдырларын өздері шешулеріне қатысты құқықтарын

мойындау туралы резолюциясын» ұсынды.

199

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

Бұл тұста (жалпы Батыс саясатында) әзірге Иранды бөлшектеудің орнына,

оған қатысты саясаттың тек қана босаңси бастағанын ғана байқауға болады.

Әлбетте, барша бастамалар мен мәлімдемелер де, болжамдар да ең алдымен

АҚШ-тың мүдделеріне жауап беретін үрдістерді әзірлеуге жұмсалатынын

білеміз. Бүгінде Әзербайжан Республикасының өзінің тәуелсіз саясатын

жүргізе отыра АҚШ пен өзге де елдердің қолындағы олардың мүдделеріне

қызметтер жасайтын саяси құралға айналмайтыны анық. Халықаралық және

өңірлік саясаттардың дамуындағы келешекте біздерге ұлт ретінде әзербайжан

проблемасы мен өзге де жайларды «саяси құрал ету» маңызды. Болашақта

Иранды бөлшектеу емес, Әзербайжанның бірігуі біздер үшін басым бағыт

болуы керек. Замануи халықаралық саяси үрдіс Әзербайжанның 185 жыл

бұрын бөлінуін қалпына келтіру және осынау саясаттың түрленуінің оң

кезеңіне айналуы тиіс. Келесі ақиқаттар да заманауи халықаралық саясат пен

халықаралық құқықтарда үнемі ескеріліп отыруы заңды.

Әзербайжанның тарихи тұтастығы:

1. 1828 жылы Ресей мен Иранның екеуара Түркіменчай шарты арқылы

біртұтас Әзербайжанды екіге бөлуі:

2. Оңтүстік Әзербайжанның кең байтақ аумағында 25 миллион әзерилердің

тарихи тұтастықта тұрып жатқандығы:

3. Оңтүстік Әзербайжан тұрғындарының өзінің ұлттық құқығы мен

бостандығы жолындағы жүздеген жылғы күрестері.

4. Халықаралық құқықтағы Әзербайжанды кез келген бірлескен мемлекет

секілді біртұтас мемлекет ретінде тану мен қабылдауға қарсы дәлелдердің

жоқтығы.

Егер Әзербайжан мен Иранның шекара алды аумақтарын қарасаңыз, оның

ұзына бойының Түрікменстанға дейінгі шегінен бірде-бір парсыны көрмейсіз,

тек тұратындар әзерилер. Бұлай болуы себепті ол жерлерде ықылым замандардан

бері тек әзерилер тұрған. Тебриздің өзі де, тарихқа үңілсек, әуелден-ақ

Әзербайжанның астанасы болған. Бір тілде сөйлейтін миллиондаған әзербайжан

ұлтының неліктен біртұтас мемлекеті жоқ болуы керек. Бұл сауалдар үнемі

жаңғырғып, көңілдерге оралады да, осы заманнан өз жауабын күтеді. Оған

жауап бермеу әділетсіздік болар еді. Осынау әділетсіздікті жою Әзербайжан

елінің біртұтас ел болуына және түркі жұртының да бірігуіне жол ашар еді.

Бір сөзбен айтқанда, түркі жұртының бірігуі бүгіндегі Иранның қолындағы

оңтүстік Әзербайжаннан және Ресей басып алып, армяндарға берген Таулы

Қарабақтан, яғни барша біртұтас Әзербайжан мемлекетінен өзек тартады.

200

16. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

САЯСАТТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫСАНЫ

Үшінші мыңжылдықтың басындағы әлемдік саяси үрдістердегі оң

заңдылықтар әлем елдерінің тұрақты түрде және біртіндеп империалистік

өзекке бірігуден батыл түрде бас тарта бастауына жол ашты. Әрине, таптаурын

болған әбден әлемдік империализм өзінің отаршылдық ғадетінен түрлі

амалдарымен бас тартпауға күш салуда десек те, өзің бастарта бастағанды сақтап

қалу – қиынның қиыны. Әлемдегі либералды-демократиялық құндылықтар

саяси мінез-құлықтарды қалыптастыратын күш ретінде әлеуеттерін арттыра

бастағанда бұлай жасау оңайға соқпауда. Ендігі ретте әлемді көнерген

тәсілдермен басқарудың соңы аяқталуға жақын.Үшінші мыңжылдықтың

халықаралық саясат пен халықаралық құқық үшін жетекші үрдісіне өңірлік

және ғаламдық деңгейлердегі әлем елдерінің ынтымақтасуы зорлап қосу емес.

Саяси қажеттілік жатуы керек. Біздің пікірімізше.

Елдердің өздері жүздеген жылдар тәуелді болған бодандық қамытынан

шығуы осынау туралау нүктесінен басталады. Ал әзірге әлемді саяси саналылық

пен саяси ойлау тұрғысынан алғанда көнерген тәсілдермен басқару замануи

қазіргі дәуірдегі күштілер әлсіздерді бағындырған кездерде атам заманғы тәсіл

ретінде бағаланады. Бұндай уақытта әлсіздер дами алмайды. Ал нашар дамыған

субьект қай уақытта да қауіп-қатерлердің көзі болады. Замануи дәуірде күштілер

мен әлсіздердің арасындағы шыңырау тереңдей түскен жағдайда бұл қауіптер

онан сайын шиеленісе түсуде. Сондықтан ғаламдық лаңкестік өз қаруын екі

нүктеден көтеруде; олар: мемлекеттік лаңкестік пен патриархалды лаңкестік:

егер әлемдік империализм ғаламдық лаңкестікті тудырушы болса, ол жаппай

қырып-жоятын аса қатерлі қаруды қолдануы мүмкін. Онда, аталған қауіптерді

тудыратын себептерден арылуға тура келеді. Бұл құтылу күштілердің әлсіздерге

өз дегенін жүргізетін имперализм үстемдікті тудырып, үстемдігінен арылуға

бағытталады. Имперализм үстемдікті тудырып, ол қауіпті еселейді. Соңғы

жүз жылдықта имперализмге қарсы тұрар ең әлеуетті күш ұлттық қарсылық

күштерінің қозғалыстары /ұлтшылдық/ болып отыр. Тап осы қозғалыстар әлем

картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуына игі ықпалын жасады.

Дегенмен, үшінші мыңжылдықтың басында империализмнің ұлттық

күштермен күресі, яғни ұлттың өзін-өзі сақтап қалуы санасынан туған

идеологиямен күресі жаңа кезеңге, тәуелсіздік алған түркі мемлекеттері

ғаламдық үстемдіктің саясатымен емес, халықаралық саясаттың алғы шебіне

өз саясаттарын шығаруға талпынуда. Тап осы үрдістер ғаламдық үстемдік

пиғылдың кеудемсоқтығын басып, халықаралық-құқықтық үлгідегі қарым-

201

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

қатынастарға басымдықтар беріп, халықаралық ықпалдастықтарды осы

негізге жатқызуға талпынып келеді. Ашығын айту керек, күні бүгінге дейін

халықаралық саясаттың ғаламдық билігін беруге онша құлықты емес және

үстемдікті мақсат еткен империализм халықаралық саясат пен халықаралық

құқықтар арасындағы шиеленістерді тудыруға себеп болуда. Айтары жоқ,

халықаралық құқықтар нормасын халықаралық саясатта басымдыққа ие ету

Жаңа Әлем жүйесін құруға жауапты мемлекеттердің өңірлік және ғаламдық

ынтымақтасудың үрдістерінде пайда болуда. Ескірген тәсілдермен әлемді

басқаруға ұмтылатын күштер бар уақытта осындай ынтымақтасудың қажеттілігі

де арта түсуде. Неге десеңіз, қай уақытта да ынтымақтсудың сыртында қалған

жекелеген елдермен жекпе-жек түрде есеп айырысу оңайырақ. Десек те, осы

заманғы саясат көрсетіп отырғандай, бұл қажеттілікті жете сенгенмен, қалай

болса солай ынтымақтасудың жеткіліксіздігі көрінуде. Бірлесу үшін әлеуетті

болу керек. Кез келген уақытта ыдыратып жіберуге болатын әлсіздердің

бірігуі ешқандай нәтиже бермейді. Неге десеңіз олардың ынтымақтасуы ұзаққа

созыла алмайды. Сондықтан, іргесі ажырамайтын, тұғыры мықты одақ қана

мәңгілік болмақшы. Заманауи саяси тарих көрсетіп отырғандай, халықаралық

құқықтармен басқарылатын аса күшті ұлттық-демократиялық күштердің бірігуі

бүгінде басты күшке айналуда.

Массачусетс Технологиялық Университетінің профессоры Дарон Аджеоглу

мен Гарвард Университетінің профессоры Джеймс Робинсон ұлттық

мемлекеттерді біртіндеп демократияландыру мен осы бағытта нығайта беру

әлемдік саясаттағы олардың мықты болуларына және өңірлік пен әлемдік

ынтымақтастыққа еркін енулеріне жол ашады (199,с. 368-462). Әлбетте,

мемлекеттер мен әлем халықтарының бірігуі «империялық жолмен» жүзеге

асқандықтан, өзін ақтамады. Батыс империализмі кедей өңірлердің қанын

сорып, өзінің ең шетін отаршылдық үлгісіне ауыстырды. Сондықтан әлем елдері

империалистік кезеңнен кейінгі үрдістерінде империализмге қарсы күреске

бірігуге қатысты ұмтылыстарында халықаралық саясатта нағыз революция

тудырып, біздің көз алдымызда әлем отар елдерден ұлттық мемлекеттердің

әлемдік одағына айналуда. Бұл халықаралық саясатты түбегейлі өзгертуге

ұшыратуда.

Ендігі реттерде халықаралық қауымдастықтың егеменді саяси субьектілері

өз бастамаларының қандай да бір күштердің айтуымен жүруіне жол бермеуі

тиіс. Біздер үшін тарихи маңызы жоғары Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру

түркі халықтарының әлеуеттерін іске асыру болып табылады. Еуропалық

Одақтан кейін халықаралық саясатта Жаңа Әлем Жүйесін құру болмай

қоймайтын үрдістерді жақындата түсті. Еуропалық модельге балама ретіндегі

түркі мемлекеттерінің Одағын құру екуропалық үлгімен жасалуы керек.

Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар уағында жинақталған тәжірибелер

өңірлік ынтымақтастық үрдістері Еуропадағы секілді өркениетті үлгі екенін

көрсетуде. Адамдар және қоғамдар мен мемлекеттер бірлесудің немқұрайды

202

Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...

түрлерін емес, ұлттық тамырлармен сабақтастатын нағыз үлгілерін артық

көреді. Осынау жүйенің ішіндегі оңтайлы одақ пен ұлттық-генотиптік жүйенің

үндестігін құра білу маңызды. Түп тамыры немесе негізі жоқ одаққа кім сене

алады.

Егер түркі елдеріне Ресей Еуразиялық идеяны ұсынып, ынтымақтасуға

шақырса, ол одақта Ресейдің басымдықта боларын және ол ынтымақтасудың

өзі зорлықпен жасалатын бірлесу болар еді. Ертеме, кеш пе ондай одақ кешегі

КСРО секілді ыдырамай қоймайды. Шындығында социалистік блоктың қорғаны

болған және небір ауыр соққыларға төтеп берген ол империяны ешкім

де сақтап қала алмады. Демек, мұндай табиғи одақтардың ғұмыры ұзаққа бара

алмайды. Солтүстік Кавказ бен Таяу Шығыстағы жағдайлар Шешенстанның мың

жылдар өтсе де Ресейге, ал Ауғанстанның АҚШ-қа бағынбайтынын көрсетеді.

Бұл тарих пен өмірдің бұлжымайтын қисындары. Демек, ұлттық-генотиптік

жүйе өзі туған шеңбері мен құрамдас сыңарларын ғана қабылдап, өзге жат

денелерді қабылдамайды. Сондықтан түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан

соң, олардың ынтымақтасуы жөніндегі идеялар да өзді-өзінен пайда болды.

Сондықтан олардағы билік пен халықтар барша күштерімен осы мақсаттарды

іске асыруға құлшынысты. Неге десеңіз, бұл мақсаттар мыңдаған жылдар

бойына түркі халықтарының өз ішінде дамып, тарихи тұрғыдан келгенде,

жалпыұлттық әмбебап идеялар ретінде алға шықты. Тілден өркениетке дейін

сабақтасып жатқан осынау тамырларды кім үзе алады. Мұны Ресей империясы

мен Кеңестер Одағы секілді үстемдікке құрылған жүйелердің өздері құрта

алмаған еді... Неге десеңіз, табиғилық қашанда жасандылықты жеңіп отырады.

Сондықтан осыған дейін де атап өткеніміздей еріксіз ынтымақтасу емес,

саяси мақсаттармен құрылған одақтар ғана болашаққа ие болмақшы. Түркі

Мемлекеттерін Ынтымақтастыру тек саяси мақсаттармен ғана құрылатын

болады.

Анығында, ұлттық біртекіліктің аса қуатты болатыны соншалық, тіпті

АҚШ секілді аса күшті мемлекеттегі классикалық түсініктегі ұлтшылдық

өзінің идеологиялық түсініктемесін айғақтауы әбден мүмкін. Ғаламдық саясат

жөніндегі бірқатар даулы еңбектердің авторы С.Ф. Хантингтон бұл жолы

америкалық ұлтшылдық идеологиясын негіздеуге күш салды. Оның айтуынша,

1820-1954 жылдар аралығында өз құрлықтарын тастап кеткен еуропалықтардың

60 пайызы АҚШ-та тұрақтап қалды. Штаттар болса, сайып келгенде,

Еуропаның жалғасы секілді болған. Осыдан соң, әлемнің барлық түкпірлерінен

келген қоныстанушылар тасқыны Американың бет әлпетін бүтіндей өзгертіп

жіберген. Ассимляция мүлдем жүрген жоқ дейді. «Келгінбайлар» солай қалып,

«жергіліктілер» де өзгерген жоқ. Штаттар ұлттық құрамы жағынан аморфты,

яғни тұлғасыз мемлекетке айналды. Ал бұл олар үшін үлкен қауіпті жағдай.

Әлемдегі мемлекеттердің негізі ұлттық құрамға негізделген болса, АҚШ бұл

тағаннан айырылып отыр. Егер халықтар америкалық болмау үшін, түріктер

203

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

Германияға неміс болмау үшін қоныс аударатын болса, онда адамдар қайда

барса, өз ұлттығын сонда апарады» дейді ол өз пайымында (262.с.190-192).

Демек, тіпті шағын ғана мемлекет өз ұлттық біртектілігінен және діни

сенімінен барып, өрениетті таңдау жасайтын болса, онда АҚШ секілді алып

мемлекет олай істемеуі керек. Сондықтан аталған ғалым «біз кімбіз» деген

заңды сұрақ қояды. С.Ф. Хантингон өзі бұған былай деп жауап береді:

«америкалықтар тәңір мен өз еліне берілген. Олар ұлттық біртектілігін діннен

іздейді...» Бұл қате пікірлер. АҚШ-қа соғысты Ирак ашқан жоқ, керсінше

АҚШ өзі бастап отыр. Профессордың пайымынша, Түркия 2002 жылдан бері

Ататүріктің жолынан ауытқып, вестернизациялануға бет алуда. Бұл елде

исламның саяси қозғалысына ұмтылу бар /262,с.356/. Бұл да олай емес. Түркия

батыстана бастаған жоқ, керсінше, жаңғырып, анағұрлым түркілене бастауда.

Бұл түркілену тек Түркиямен ғана шектеліп қалмайды, ол жалпытүркілік

көлемде жүре береді. Түркия өзінің түркілермен және ислам әлемімен тарихи

байланыстарын мүлдем жаңа деңгейлерде жүргізіп, Шығыс пен Батыстың

қарым-қатынастарын өңірлік елдер үшін пайдалы арнаға бұрады /235.с.67-162./.

Өңірдегі барлық түркілік мемлекеттерде осынау үрдістер ғаламдық

көлемдерде белең алуда. Бұл дегеніңіз халықаралық саясатта күштердің бірегей

ортақ кіндігі ретінде өз шеңберінде қажетті кескіндемесін жасайды. Тек қана

Түркиядағы ғана емес, бүкіл Түркі әлеміндегі түркілендіру қозғалысы өзінің

көріністері мен қызметтері жағынан идеологиядан нақты істерге көшуді

байқатады. Түркілендіру түркі мемлекеттерінің ұлттық идеологияларын

айқындап, нақтылай және тереңдете отыра, олардың қасиетті сапынан өз орнын

иеленеді. Мұндай әмбебап ұлтшылдық, яғни тамырлары тарихи тереңде жатқан

жалпы түркілік өзінің адамгершілік-өркениеттік мақсаттарымен ұлтшылдықтан

мүлдем өзгешелікте болады. Американың табиғатынан С.Ф. Хангтинтон көргісі

келетін американизм өзінің субсаясаттық табиғатында бір ғана мемлекеттің

әлемдік үстемдігінен тұрса, Еуразияның негізін құрайтын ұлттар құратын

Түркі мемлекеттерінің ОДАҒЫ мүлдем басқаша мазмұнда болмақшы. Жалпы

алғанда, бір ғана мемлекеттің біртіндеп әлемге билік жасауы (тіпті зорлықпен

құрылған одақ болса да) өзінің ұлттық идеологиясы мен саясаты тұрғысынан

да өмір сүруі мүмкін емес. Неге десеңіз, әлемдік қауымдастықтың мұраттарына

қайшы шығатын ахуалға жатады. Қазіргі заманғы дәуірде әлем елдерінің

жалпыұлттық, өңірлік, лингвистикалық, діни және өркениеттілік ұстанымдары

бойынша ішкі ынтымақтасуға кіруі және осы ынтымақтасуға сәйкес алыс

келешектерде олардың саяси және экономикалық мүдделері осынау одақтарды

құрудағы мықты кепілге айналады. Түркі мемлекеттерінің ішкі ынтымақтасуын

қамтитын бұл үрдістер де халықаралық құқықтармен реттеліп отыратын

халықаралық саясатқа және жаңа өркениетті-анархиялық кезеңге көшуін

білдіреді.

Тарихта тұңғыш рет халықаралық саясат пен халықаралық құқық бірігіп,

принципті ұстанымға аяқ басуда. Неге десеңіз, бұл үрдістерде халықаралық

204

Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...

саясат пен халықаралық құқықтардың заңдары керек. Соңғы жүзжылдықтағы

халықаралық қатынастарды халықаралық заңдылықтармен және ұлттық

заңдармен сәйкестендіре реттеу мемлекеттераралық заңдардың дамуындағы

адамзаттың табысы саналады /237.с.124-144/. Халықаралық саясаттың өзі де

осынау үрдістерді туындатушы саналады. Сондықтан бүгінде халықаралық

саясат халықаралық қатынастар және мемлекеттераралық байланыстарды

орнату мен дамытудың «ғаламдық жауапкершілігін» өзіне алуда. Бұл

қарым-қатынастар өз дамуының табиғи қажеттілігі жағынан ықпалдастық

пен одақтастықтың белгілі бір деңгейдегі ұймдастырушылық үлгілерін

қалыптастыруда. Мемлекеттераралық халықаралық құқықтың ең басты

ұстанымы барлық жағдайларда да «мемлекеттердің егемендігі мен теңдіктерін»

қорғау болып табылады/212.с.289-298/. Олардың одақ құрудағы қызметтері осы

қағидаттарға арқа сүйейді.

Сондықтан екі тарапты және көп тарапты келісімдер негізінде мемлекеттер

арасындағы одақтар ешуақытта да егемендік пен теңдікке қатысты құқықтарға

нұқсан келтірмейді. Осынау құқықтардың тағанында құрылған одақтар,

керісінше, әр мемлекеттің мүмкіндіктерін оңтайландыра түседі.

Өзінің негізгі ұстанымдарына халықаралық құқықтардың жоғарғы

заңдылықтарын енгізген Біріккен Ұлттар Ұйымы өз Жарғысының бірінші

бабында «Біріккен Ұлттар Ұйымы», теңдік пен өз тағдырын өзі шешу

ұстанымдарын негізге ала отыра, ұлттардың өзара достық қарым-қатынастарын

дамыта беруді мақсат етеді және жалпыға ортақ бейбітшілікті бекіте түсуге

қатысты шаралар қолданады» – деп атап көрсеткен /207, с.3/. Сондықтан

ықпалдастықтар мен халықаралық қатынастарды қолдайтын БҰҰ өз Жарғысына

сай халықаралық құқықтардың негізгі ұстанымдары тағанында қызметтерін

жасай беруі керек.

«Саяси және құқықтық одақ құру туралы акт» тәуелсіз мемлекеттердің

ғаламдық қоғам құрудағы тәжірибесінің бастапқы кезеңі ретінде керек /22-

26.7270-271б./, неге десіңіз, осынау үрдістерде ол еркін қызметтер жасап,

өзгелердің айтуынсыз, өзіне анағұрлым қолайлы жолдарды таңдап ала алады.

Әлемдік экономиканы либерализациялаудың жалғасуы мемлекетерге аса сақ

болуды, саяси және экономикалық қатынастардың себеп-салдарларын дұрыс

тарзылай алуды талап етеді. Егемендіктің ұлттық мүдделері мен одақтар

құрудың әмбебап ұстанымдарына сай ынтымақтастыққа қол жеткізу өзіне

қатысты терең зерттеулерді қажет етеді. Бүгінгі заманғы халықаралық құқық

мемлекеттер арасындағы тұрақты қарым-қатынастар мен қауіпсіздіктің кепілдігі

күштерді біріктіруге өңірлік және ғаламдық деңгейлерде блоктар емес, сондайақ,

одақтастықтың саясатын бірлесе жүргізуге мүмкіндіктер береді. Олардың

институциялық бірлестігі де белгілі бір өңірдегі қауіпсіздік үшін жауаптылықты

мойынына алып, халықаралық құқықтың субьектісіне айналады /265.746-749б,

309. 226-228б/.

205

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі ретіндегі қауіпсіздіктің өңірлік

салалары өсіп және нығая түскен сайын және бүлдіргіш күштердің бұл

аймақтардан кетуі бұл өңірлерде қасақана арандатуларға тосқауылдар қояды.

БҰҰ, НАТО мен ЕО тараптарынан батыс өркениеті елдерінде «Қауіпсіздік

шоғырларының» құрылғаны осыған мысал бола алады. Ұлттық және

әмбебап мұраттар, құндылықтар мен өзара міндеттер негізінде құрылған

мемлекеттер ғаламдық басқарудың белгілі бір міндеттерін мойынына алған

мемлекеттераралық және халықаралық институттардың мәртебесін иеленеді.

Неге десеңіз, одақтас мемлекеттер бірлестігі халықаралық құқықтардың

ережелері бойынша ұйымдасып, олар ғаламдық ашық жүйенің құрамдас

бөлігіне айналып, құқықтық ынтымақтасудың тұжырымдамасынан орын

алып, мемлекеттердің өзара ынтымақтасуының халықаралық құқықтық

ұстанымдарының нақты мазмұны бойынша әрекеттер жасайды /214. 312б/.

Осы бірлестіктердің және қазірдің өзінде іс үстіндегі халықаралық

ұйымдардың (БҰҰ), сондай-ақ, өзге де мемлекеттераралық ұйымдардың

араларында міндетті қатынастар орнығады. Осынау үрдістердің баршасы және

қолданыстағы халықаралық құқықтар тұғырында әмбебап адамзат қоғамын

құруды мақсат еткен ғаламдық ашық жүйенің дамуына әкеледі. Сөйтіп, Түркі

Мемлекеттерінің Одағы халықаралық саясат пен одақтар құру жөніндегі

халықаралық құқықтар тұжырымдамасының келесі негіздерінде құрылуы

мүмкін:

1. Тарихи-саяси дәлелдерге құрылған түркі мемлекеттері ынтымақтасуына

деген қажеттіліктердің:

2. Тарихи-саяси дәлелдерден туындаған себептер тұғырындағы оның

құрылтайшыларының тәуелсіз саяси еріктерінің актісі ретіндегі Түрік

Мемлекеттерінің Одағын құрудың мұраттарының негізінде:

3. Мүше-мемлекетер ретіндегі түркі мемлекеттерінің өзара егемендігі мен

теңдіктері негізінде:

4. Олардың өзара тиісті өңірлік және ғаламдық жауапкершіліктерді тең

бөлісіп алуы жағдайында:

5. Одақтың өз ішінде және өзге де мемлекеттермен ынтымақтастықтың тең

қарым-қатынастары тағанында:

6. Түркі мемлекетерінің және өзге де мемлекеттердің ықпалдастығының тең

жағдайында:

7. Одақтастардың мемлекеттераралық қатынастарындағы өңірлік және

ғаламдық қауіпсіздіктердің басымдығы жағдайында:

8. Түркі мемлекетері одағының ғаламдық басқару ісінің белгілі бір бөлігін

алған халықаралық ұйым мәртебесін алған жағдайда.

9. Жоғарғы деңгейлерде өзге де халықаралық ұйымдармен және БҰҰ секілді

халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар орнату негізінде:

206

Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...

10. Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру барысында Әлемдік Қоғамдастықтың

жетіле түсуіне ықпал ететін инновацияны қолдану, ғаламдық саяси және

құқықтық жүйелерді жетілдіру негізінде.

Халықаралық саясат пен Еуразия кеңістігіндегі дамуға үлес қосатын

халықаралық құқықтың субьектісі ретіндегі түркі мемлекеттері одағының пайда

болуымен әлем дамуының жаңа кезеңі басталады. Бүгінде түркі әлеміндегі

қоғамдық-саяси өмірдің шеңбері аясындағы оқиғалардан біздер ынтымақтастыққа

деген ұмтылыстың күштілігін көреміз. Түркі мемлекеттерінің

көшбасшылары қоғамның еркін білдіретін осынау үрдістерді басқарып, бірлесу

идеясын тұжырымдап, оны саяси мәнде қарастырады. Жоғарыда өзіміз атап

өткен баптар түркі мемлекеттері одағын құрудың негізгі ұстанымдарына

айналып, түркі әлемі саяси және мәдени қайраткерлерінің қызметтерінде айқын

көрністер беруде. Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев

түркі әлемінің көкейкесті жайларына арналған сөздерінде Әзербайжанның

заманауи саясаттың «Еуропамен және үлкен мемлекеттермен қарымқатынастарда

біздің ұстанымдарымыз ұқсас. Бұл біздің бірлескен қызметіміздің

жоспарын құру үшін үлкен маңызға ие» – деп, атап көрсетті. Түркияның Премьер-

Министрі Реджеп Тайып Эрдоған түркі әлемінің бірлесуін оның тәуелсіз түркі

мемлекеттері мен олардың халықтарының саяси еркі субьектісіне айналуының

тоқталуы деп бағалайды.

Оның пікірінше, «бүкіл әлемдегі түркі ұлттарының мүдделерін қорғаудағы

бауырлас елдердің бірі-біріне қолдау көрсетуінен асқан табиғи қажеттілік

жоқ. Біз бұл бірлесудің еш күмән туғызбайтын тұрақты болып, ықпалдастықтардың

тереңдей түсуіне қызметтер жасауына бағытталған пайдалы

идеяларды көріп отырмыз. Сондай-ақ, бұдан да нақты және ықпалды әрекеттердің

жүйелі үлгілерге айналуын қалар едік. Бұл жолда бізге артылар міндеттер өте

маңызды. Бұл істе біздердің баршамыз – саясаткерлер де, ғалымдар да, мәдениет

қайраткерлері де, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де, инвесторлар

да, кәсіпкерлер де белсене қатысуымыз керек. Аталған істе қол ұстаса бірлесіп,

тығыз ынтымақта боламыз да, бүкіл түркі елдерін жарқын болашаққа бастайтын

боламыз..».

Түркі әлемінің көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы

елшісі, жазушы Олжас Сүлейменов тарихи-саяси себептер негізіндегі түркі

мемлекеттері ынтымақтасуының Еуразиялық үлгісінің өзінің геосаяси тұрғыдағы

артықшылықтарына назар аударатын уақыттың келгенін атап өтеді: «Әлемде

қырықтан астам түркі тілдес халықтар бар. Бұл өте кең ауқымды жағрапия.

Тарих біздерді Моңғолиядан Жерорта теңізіне дейінгі аймақтарға таратты.

Өзгеріп тұратын тарихи жағдайлар біздерді кеңістіктерге жіктеп жіберді. Осыған

қарамастан, біздер өз мақсаттарымызды бірдей түсінеміз. Ортақ қасіреттерімізге

де бірге күйзеліп, ортақ жетістіктерімізде де бірге шаттанамыз. Осыдан барып,

түркі тілдес халықтарды ұлы түркі әлемінің аса үлкен түркілік суперэтносы деп

ұғамыз» – дейді қазақ қаламгері /32,с.23/. Түркі елдері өңірлері ықпалдастығының

207

IV ТАРАУ Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары

көп жақты дамуының қажеттілігі, тиісті өңірлік және ғаламдық жауапкершіліктер

мен міндеттерді әділ бөлісу, одақтық деңгейдегі тұрақты бейбітшілік пен өзара

ықпалдастықты құру, жоғарғы кепілдік жағдайында олардың қауіпсіздіктерін

бірлесе шешу, оларды бірегей саяси жүйеде нығайтудың шараларын жасауға

жұмылдыру күн тәртібінен әсте түспеуі керек. Осыған дейін кезең-кезеңмен

өткізілген түркі мемлекеттері одағының идеясын дамытуға қатысты шаралар

түркі әлемінің ынтымағының нығая түсуіне қызмет етті.

Әсіресе, Президент Илхам Әлиевтің бүгінгі заманғы әлемдік саясат пен

көкейкесті мәселелер аясындағы түркі дүниесін халықаралық қауымдастықпен

байланыстыратын көптеген маңызды жайларды түсінуге көмектесетін

сөздері мен мәлімдемелерін ерекше атап өткеніміз абзал. Мемлекет Басшысы

бүгіндегі әлемдік экономиканың Еуразидағы түркі мемлекеттерінің аса бай

энергоқорларына мұқтаж екенін атап көрсетеді. Әзербайжан бүгінде Еуропаның

энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсене қатысуда. Қазақстан да

бұл үрдістерге қатысуда. Ендігі ретте Түрікменстанды да қолға алынып жатқан

жобаларға тарту күн тәртібінде тұр. Осынау үш елдің энергиясын, яғни мұнайгаз

қорларын біріктіру арқылы Әзербайжан өзінің де ғаламдық нарықтағы

үлес көлемін арттыру арқылы көптеген үрдістерге ықпал ете алады. Президент

Илхам Әлиевтің пікірінше, түркі мемлекеттерінің экономикалық әлеуеттерін

осылайша біріктіру осы елдердің саяси мүмкіндіктерін де біріктіруге қол

жеткізеді.Түркі өңіріндегі мемлекеттердің экономикалық қуаттарын осылайша

біріктіру бұл мемлекеттердің халықаралық аренада күштердің бірегей

орталығына айналуына да жол ашады. «Түркі әлемінің бірлігі-тарихи қажеттілік»

байламы Әзербайжан және әлемдегі түрік диаспоралары басшыларының

І-ші форумында қабылданған Баку Декларациясының негізгі идеясында

бекітілген осынау құжатта Әзербайжан мен Түркияның ұлттық мүдделерін

қорғау мен шетелдерде тұратын әзерилер мен түріктердің қоғамдық- саяси

белсенділіктерін арттыру ісі де өз байламын тапқан /80.265 б./.

Мұның баршасы түркі дүниесінің бірлігі анық болашаққа ие екенін көрсетеді.

Түркі өңірі елдерінің өзара ынтымақтасуының әлеуеттері соншалық, олар тіпті

аса даулы жайлардың өзін де сырттан және өзгелердің араласуынсыз-ақ, бірлесе

шеше алады. Мысалға, Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы Каспийдегі

Кяпаз кен орнына қатысты дау-дамайды екі ел Түркияның қатысуымен шешуге

күш салуда. Жалпы алғанда, түркі мемлекеттері аймағындағы мемлекеттердің

бірегей энергетикалық саясатының ортақ алаңын құру қажет. Бұл үрдістер

түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтасудың шешуші

қадамдарының біріне айналса оңды. Түркі өңірі мемлекеттерінің (ТӨМ) Түркі

мемлекеттері одағына (ТМО) айналуы осы бағыттағы мақсатты және сатылы

қызметтердің нәтижесінде жүзеге асудың қарсаңында тұр. Түркі Мемлекеттерінің

Одағы өз қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрса да халықаралық саясат

пен халықаралық құқықтың көшбасшысы ретінде Еуразиядағы геосаяси және

өркениеттің жаңғыруын іске асырудың үрдістерін бастай беретін болады.

208

V ТАРАУ

МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫР

НЕГІЗІНДЕ

17. ТҮРКИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН: ӘЛЕМДІК ТҮРКІ

ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТАРТЫЛЫС ОРТАЛЫҒЫ

Бірі-бірінен айырмашылықтары болса да, ұқсас қырлары бар жекелеген

тарихи уақыттарда ХХ ғасырдың басы мен соңында Түркия мен Әзербайжан

елдерінің негізін қалаушылар Мұстафа Кемел Ататүрік пен Гейдар Әлиев

ерекше саяси көрегендікпен түркі әлемін біріктіретін үрдістердідің қажеттілігін

ерте саяси сезініп, сайып келгенде, оны жүзеге асырудың стратегиясын

құра алды. Сондықтан Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам

Әлиев пен Түркия Республикасының басшылары мен түркі тілдес өзге де

елдердің жетекшілері бүгінгі әлемдік ахуалдардың ақиқи жағдайында аталған

стратегияны іске асыруға үлестерін қосуда. Әзербайжан мен түркі дүниесінің

көшбасшысы Гейдар Алиевтің ұлы қызметтерінің арқасында осынау идеяның

іске асырылуы жаңа уақытта да ықтиятпен қолға алынуда. Сондықтан ендігі

мерзімде Түркия мен Әзербайжан арасындағы туыстық байланыстар дамып

келе жатқан түркі әлемінің тартылыс орталығына айналуда. Мұстафа Кемел

Ататүрік жоғары саяси көрегендікпен әлемдегі жаңғыру үрдістеріне орай түркі

дүниесінің өзді-өзін тануы мен қазіргі тұғырларын бекіте түсуі керектігін айтқан

болатын. Ол: «Түркі ұлты сен батырлық пен ерлік тұрғысында адамзаттың

бір бөлігі ғана емессің, сен өркениет пен рухани дүниесінің де ажырмас

бөлшегісің! Сен құрған өркениет жайындағы мақтаныш сезімдері тарихта

молынан айтылады. Десек те, сенің табиғатыңа қарсылыққа бағытталған саяси

және қоғамдық факторлар бірнеше ғасырдан бері жолыңа бөгесін болып, сенің

рухыңда ондаған жылдардан бері асыл мұра болып, лаулап тұрған мәдени және

идеялық құндылықтардың жасампаздыққа қарай одан әрі қадамдар жасауын

бөгеттер қоюда. Мыңдаған жылдардың қасиетті жүгін арқалаған тарих саған

өркениеттегі лайықты орныңды саусағымен нұқып көрсетуде. Сен сол орныңа

барып, өсіп, өркенде де, даму жолына түс. Бұл сенің ұлы құқығың және сонымен

бірге талассыз асыл парызың да...» (164.74б/.

Ататүріктің пайымынша, ұлылыққа өрілген өткен шақтың өркениетті

құндылықтарын түріктер көрсете алады және өткен мен болашақтың арнасында

құрылып жатқан өркениетте өз ұлылығының бар болмын таныта алар еді.

Сонда барлық жұрттар мен өркениетті әлем ұлы ұлттың түркілер екенін

мойындар еді. Мен қысқа ғана уақытта қайтадан түркі ұлтының ұлы халық

екенін мойындап, әлемдегі жаңа күн секілді нұрын шашқан ұлы түркі жұртына

таңдана қарар еді-дейді Ататүрік /97.т.11.с.272/. Әлемдегі түркі мемлекеттері

үшінші мыңжылдыққа бірегей саяси және мәдени стратегиямен қимылдау

қажеттігімен кірігіп, осынау үрдістерді табыспен және батылдықпен іске

210

Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы

асыруда. Өткен мыңжылдықтың кеткен соңғы ғасырында адамзаттың жаңа

тарихындағы осынау халықаралық саясаттың аясындағы бұл қажеттілік туралы

алғаш пікір айтқан Мұстафа Кемел Ататүрік болғанын әлгінде атап өттік».

«Біз Кеңестер Одағымен достасып және ықпалдастып өмір сүрудеміз. Десек

те, ол елде біздің тілі мен ділі, діні бір қандас бауырларымыз тұрып жатқанын

естен шығармауымыз керек. Кеңестер Одағы алып империя. Сондықтан кез

келген империя сияқты ол да құлайды. Біздер болашақта өз бауырларымызға

көмектесуге дайын болуымыз керек...».

ХХ ғасырдың соңғы жүзжылдығы Ататүріктің осынау көрегендігін ақиқатқа

айналдырды. Бүгінде саяси билік пен қоғамдық-адамгершілік деңгейлерінде

түркі дүниесі бірлігіндегі туысқандық және бірегей саяси және мәдени

тамырларға ие түркі ұлттық мемлекеттерінің түркі әлемінің тұтастығына шақыру

идеясы белсене түсуде. Түркі әлемінің бірлігінің, түрік ұлттық мемлекеттерінің

бірегей саяси және мәдени стратегиямен қызметтер атқару стратегиясы

Әзербайжанда, Түркияда және өзге де бауырлас түркі елдерінде саяси билік пен

қоғамдық-адамгершілік деңгейлерде белсене түсуде. Тәуелсіз мемлекеттілік

тәжірибелері бар Әзербайжан мен Түркия әлемдік түркизмнің отаны ретінде ең

қиын уақыттардың өзінде осынау түркі ынтымағы идеясын сақтап, дамытып,

осынау тұжырымға берік таған қалауда. Бұл саясат Әзербайжан мен Түркияда

әлемдік ақиқаттарға негізделіп, аса қуатты тағанға орнығып, тамырын тереңге

жая түсуе. Бүгінде Әзербайжан мен Түркия осынау өмірлік маңызы бар мәселеде

бірауыздылық танытуда. Сондықтан аталған елдердегі көптеген экономикалық,

саяси және мәдени жобалар екі мемлекеттің бірлескен күштерінің арқасында

жүзеге асуда. Жалпы алғанда, түркі әлемінің бүтіндігі мен оның әлем

кеңістігіндегі геосаси алаңы және осынау жерлердегі болып жатқан үрдістерге

бірлесе қимылдар көретуіне жол ашуда. Егер Түркия мен Әзербайжанды өзге

де бауырлас түркі республикалары қолдаса, түркі мемлекеттерінің ынтымағын

әлем таныр еді. Профессор, доктор Мұстафа Эркелдің пайымынша, түркі

әлемінің мәдени мұралары бұл ретте оның анағұрлым әлеуетті тұғырдағы жаңа

бірлігінің ең басты кепілі болады /105.с.18-26/. Бұл үрдісте Әзербайжан түркі

әлеміне анағұрлым саяси жуықтайтын тірек болады. Еуразиядағы суперэтнос

ретіндегі түріктердің тарихи дамуына қатысты геоөркениетті қарым-қатынастар

тұрғысынан қарағанда, Әзербайжанның осынау ғаламдық маңызы зор мәртебені

жеңіп алуы үшін елімізде бастапқы және барша қажетті шарттар жасалып отыр.

Әзербайжан-Түркия секілді Азия мен Еуропаны Орталық Азиядағы түркі

елдерімен ынтымақтастыратын ең үлкен түркі мемлекеті. Ол бұл жағдайында

геожағрапиялық, экономикалық, геоөркениеттік тұрғыдан қарағанда да Каспий-

Кавказ аймақтарының тұтастығын сақтауға да үлесін қосуда. Әзербайжанның

жалпыұлттық Көшбасшысы Гейдар Әлиев тәуелсіздік кезеңінде бұл идеяны

ақиқатқа айналдырып, іргетасы ХХ ғасырда қаланған мақсатқа түркі әлемінің

көшбасшысы ретінде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақстастығын құру

211

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

ісінің тарих үшін маңызын айқындап берді. Осынау ұлы Көшбасшымыз түркі

халықтарының қоғамдық-саяси өмірінде бұл үрдістердің қаншалықты маңызға

ие болатынын көрегендікпен болжай алды. Түркі әлемінің мақтанышы Гейдар

Алиев түркі халықтарының достық, туысқандық және ықпалдастық сьезіне

қатысушыларға жолдаған хатында: «өз дәуірінің жаңа кезеңін басынан кешіріп

отырған бүгінгі заманғы түркі әлемі адамзаттың өркениетіне теңдесі жоқ

үлгілер бере алады. Бүгінде егемендігін алған түркі республикалары түркі

әлемінің жарқын болашағына деген үкілі үмітті орнықтырады. Экономикалық,

саяси және мәдени өмірлердің тарқамас түйіндерімен байланған көптеген түркі

республикалары жаңа әлемнің маңызды факторына айналуда /34.25. 427-428 б/.

Гейдар Алиевтің саяси ойлай білу үлгісінің жарқын мысалына айналған

бұл сөздері түркі әлемінің қазіргі дамуындағы жолынан, оның халықаралық

аренадағы арнасынан және әрбір түркі мемлекетінің әлемдік және жалпытүркілік

саяси ахуалдармен үндескен шеңберінен өзінің оптимистік және ақиқи орынын

тапты. Ұлы ойшыл осынау тұжырымдаманың ғана жағдайында, бүкіл түркі

әлемін қанағаттандыратын барша саяси шараларды барлық саяси бағыттарға

арнағанда ғана түркі дүниесі өз еркін білдіріп, жалпы адамзаттың мұраттары мен

өз мақсаттарына, ұлттың саясатына қызмет етудің алғы мұраттарын орындап,

блашақта әлемнің ғаламдық дамуына, әсіресе Еуразияның өркендеуіне игі

ықпалын тигізе алатынын болжай алды. Бұдан бұрындары да атап өткеніміздей,

түркі дүниесінің ынтымағы Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарының

деңгейлеріне байланысты. Сондықтан, жалпы ұлттық көшбасшымыз Гейдар

Әлиев бағыттап берген сыртқы саясаттағы осы стратегияда атап көрсетілген

өзге де елдермен қарым-қатынастарды тұрақты бекіте беру басым бағытымыз

болады. Сондықтан, 2002 жылы Әзербайжан мен Түркияның арасындағы қарым-қатынастардың

орнағанына 10 жыл толуына арналған мерекеге орай

жолдаған үкіметтік құттықтауында Гейдар Әлиев Түркия Президенті

Ахмет Неджет Сезерге былай деп мәлімді: «Біздің елдеріміздің арасындағы

көне заманнан бері қалыптасқан достық пен ықпалдастық соңғы ондаған

жылдардан бері одан әрі беки түсіп, дамуда. Біздің елдеріміздің арасындағы

осынау стратегиялық достық пен одақтастық алда да кеңейе береді және

халықтарымыздың әл-аухаттарының арта берулеріне қызметтер жасайды деп

сенемін! Түркияның елшісі Ахмед Унал Чевикоздан сенім грамотасын қабылдап

тұрып Гейдар Алиев былай деп ерекше атап өткен болатын: Біздер Түркияда

да, Әзербайжанда да мақтанышпен былай дейміз. Біздер екі мемлекеттің бір

ғана ұлтымыз. Түркия-Әзербайжан үшін ең жақын ел. Біздің халықтарымыздың

арасындағы байланыстар тамаша да үлкен тарихқа ие. Ондаған жылдардан

бері бұл байланыстар дамып келеді. Олар Түркияда ерекше дамуда. Біздің

саяси, экономикалық және мәдени, ғылыми және гуманитарлық салалардағы

байланыстарымыз әр қашанда да кеңейіп, дамуда. Бұл екі халықтың, екі

мемлекеттің де шын ықыласынан туған жағдайлар. Ататүріктің ұлы дәстүрлері

212

Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы

Түркиядағы халықтың, ұлттың, қоғам мен мемлекеттің де жадында. Мұны

мен бүгінгі күннің ең басты шарты деп ойлаймын.Түркия мен елі үшін

Әзербайжаннан жақын ел жоқ. Әзербайжан мен Түркия қатынастарының түрлі

көкейтесті мәселелерін талқылағанда Гейдар Әлиев айқындап берген осынау

стратегияны айқын көреміз және екі елдің арасындағы үнемі тереңдей түсетін

байланыстардың осы кешенді тұтас тұғырын аңғарамыз.

Жалпы ұлттың көшбасшысы Гейдар Алиев түркі әлемінің бірлігін нығайтып,

бекіте түсудегі Түркияның рөлін қай кездеде жоғары бағалаумен болды. Ол

бірнеше рет Түркия мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің

тарихи рөлін жоғары бағалады. Оны жиырмасыншы ғасырдың ұлы ойшылы

деп бағалап, оның тұлғасымен тарихи еңбектері және идеяларына бауырлас

Әзербайжан халқының аса үлкен құрметпен қарайтынын талай атап өтті.

Ататүріктің кемеңгерлігі мен даналығы біздер үшін тарихи күш беретін қайнардеп

атап көрсетті ол /15.т.22с.441/. Гейдар Әлиевтің Түркия мен Әзербайжан

жайындағы ұстанымдарының, пікірлері мен ойларының серпіндеріне қарап

отрсақ, осынау ұлы стратег-көшбасшының болып жақтан оқиғалар мен

үрдістерді дұрыс бағалап, екі ел үшін де пайлаы болар шешімдерге келіп, қимыләректетер

үшін ең оңтайлы жолдарды таңдай білгенін көреміз. Осынау екі ел

үшін ғана емес, жалпы түркі мемлекеттері үшін де жоғарыдағыдай өте дұрыс

стратегиялық шешімдер негізінен мызғымас ынтымақтастықтың іргетасына

сүйенеді. 1999 жылдың 1 қарашасында Әзербайжан Республикасының

Президенті Гейдар Әлиевке Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік

сыйлығын табыстау барша түркі әлемі үшін, әсіресе түрік-Әзербайжан қарымқатынастары

үшін ерекше маңызды оқиға болды. Бұл оқиғаны жалпыұлттық

көшбасшы Гейдар Әлиевтің өзі былай деп бағалады: «Маған Ұлы Ататүріктің

атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығы табыс етілді. Мен мұны мақтан

етемін. Ататүріктің тұлғасы мен оның құрған мемлекеті Түркияның мен үшін

үлгі, өнеге болып табылады» /35.т.22.441б/. Гейдар Әлиевке Ататүрік атындағы

халықаралық сыйлықтың тапсырылуы Түркия мен Әзербайжан арасындағы

өзара тиімді ықпалдастықтың тереңдей түсуіне жол ашып, кейбір белгіленген

идеялар мен жобалардың жүзеге асуын жеделдетті.

Әзербайжан мен Түркия қарым-қатынастарының жаңа беттерін ашып

берген өзінің саяси бағыттарымен Гейдар Алиев осы екі мемлекет арасындағы

ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгілеп, жалпы түркі әлемі үшін де

бірлесе дамитын өркениеттің жаңа мүмкіндіктерін жасап берді. Бұл стратегия

барша түркі мемлекеттері үшін, әсіресе осы заманғы Түркия үшін де ерекше

маңызға ие. Түркиядағы саяси ахуалдар алуандығы мен бағыттары қаншалықты

өзгергенімен, осынау ұлы түркілік мемлекеттің алған бағытынан және

Ататүріктің белгілеп берген жолынан таймайтынына деген сенім күшті.

Гейдар Алиев өзінің саяси бағыттарымен Әзербайжан мен Түркия қарымқатынастарының

одан әрі өркендеуінің жаңа көкжиектерін ашып, түркі әлемінің

213

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

бірлескен өркениетінің ортақ стратегиясын құрып берді. Бұл стратегия барша

түркі мемлекеттері үшін де, әсіресе бүгінгі заманғы түркі үшін де аса үлкен

маңызға ие. Түркиядағы Ататүрік құрып берген және Әзербайжандағы Гейдар

Әлиев жасаған Ұлттық Идеологияның өркениетті мақсаттары болашақта

осынау түркі мемлекеттерінің және барша түркі елдерінің ынтымақтаса

түсуіне даңғыл жолдар аша беретін болады. Ататүрік пен Гейдар Әлиев Түркия

мен Әзербайжанды біріктіріп тұрған мызғымас көпірдің болат діңгектері!

«Бір ұлт, екі мемлекет» иедясын жүзеге асыруға деген сенім тұрғысындағы

мұраттар уақыт өткен сайын батыл жүзеге асырылуда. Әзербайжан мен

Түркия ықпалдастығының жаңа кезеңі де осы тұғырдан күш алады. Осынау

мұраттардағы аталған жұмыстарда әлем елдерінің жаңа буынымен /оның

ішінде соңғы онжылдықтарда тәуелсіздік алған жаңа замандағы түркі елдері де

бар / байланыстардың жаңа үлгісі керек. Ұлттық Әзербайжан мен Түркияның

мемлекеттері мен оның мәдениеттерін құрудағы Гейдар Әлиевтің және Мұстафа

Кемел Ататүріктің саяси тәжірибелері жаңа одақты құрудағы істерде аса қажет.

Осынау екі кемеңгердің түркизм мен әзербайжанизм аталатын идеологиялық

жасампаз тәжірибелерінің өзін ақтағанын бауырлас ел Әзербайжанның

өмірінен көруге болады. Гейдар Әлиевтің осынау мақсатты саясатын

Әзербайжанда елдегі саясат пен мәдениеттің қайраткерлерімен бірлесе отырып,

Әзербайжан Республикасының қазіргі Президенті Илхам Әлиев жалғастырып,

жемісті дамытып келе жатқаны әбден заңды екенін атап өткеніміз жөн.

Президенттің Әзербайжанды басқарған алғашқы жылдарындағы алғашқы

қадамдары, оның Қазақстанға, Өзбекстанға және Түркияға ресми сапарлары,

Гейдар Әлиоғлының саяси бағыттарына сай келетін қабылдаған шешімдері

осы мемлекеттермен және өзге де түркі тілдес елдермен ынтымақтастықтың

жаңа кезеңінің басталғанын көрсетті. Мемлекет басшысы Илхам Әлиев өзінің

әзербайжан-түрік қарым-қатынастарының даму бағыттары стратегиясына

қатысты бағдарламалық кей сөздерінде, осы заманғы түркі мемлекетерінің өзара

байланыстарының жүйелерін жетілдірудегі Кемел Ататүріктің тарихи еңбектерін

атап өтеді. Ол өз еңбектерінде түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясының

нендей идеологиялық деңгейлерде бір-біріне сәйкес келетінін және оның

жалпы түркілік саяси ойлау үрдістері тұжырымдамасында қалай түйінделгеніне

ой жүгіртеді. Ол өз еңбегінде: «Мұстафа Кемел Ататүрік ұлы мемлекет және

саяси қайраткер. Оның ең үлкен еңбегі - Түрік Республикасын құру. Бүгінгі

заманғы Түркия расында да Мұстафа Кемел Ататүріктің перзенті, Түркия әлемде

үлкен саяси салмағы бар ел. Түркия әлемдік қауымдастықта өте маңызды

орынды иеленген. Әзербайжан тәуелсіздік алғаннан кейін оны Түркияның бірінші

болып мойындауы да тегін емес еді. Сонымен, Түркия мен Әзербайжанның

арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар күн өткен сайын нығайа түсуде.

Бұл ынтымақтастықтардың осылайша нығая түсуінде Гейдар Әлиевтің үлесі

өте үлкен. Оның соңғы он жылдағы Түркия мен Әзербайжан елдері арасындағы

214

Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы

ынтымақтастықты тереңдете түсудегі қызметтері еңбектерінің арқасында екі

елдің ынтымақтастығы ерекше күшейіп, ол халықаралық қатынастарда өзгелерге

өнеге бола алады. Екі ел де осынау саясатқа адал болуда. Біздер Әзербайжанның

жаңа басшылығы қай бағыттарда болмасын Гейдар Алиевтің салып берген

жолымен келе жатырмыз. Түрік-әзербайжан қатынастарына қатысты дамытуға

бағытталған істерде де сол саясатқа адалмыз» – деп атап көрсетті /36.295-297б/.

Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев Американың түркі

Ассоциациясының ХІV сьезіне жолдаған «ХХ1 ғасырдағы түрік-әзербайжан

байланыстары» атты хатында және өзге де шараларда Ататүріктің ұлы саяси

көрегендігін жоғары бағалап, ғаламшарымыздағы дамудың келешегіндегі

түркі әлемінің алар орнының шарттары мен жағдайлары, ортақ құндылықтар

мен үлгілі мәдениет, белсенді саяси стратегия сөз етілді. Илхам Әлиев түркі

әлемінің бірлігі идеясын жүзеге асыру үшін оны бірегей және бөлінбес ақиқи

күшке айналдыру керектігін атап өтті.

Барлық салалардағы түрік-әзербайжан қарым-қатнастарының дами беруі

маңызды әрі шешуші бола береді. Мұстафа Кемел Ататүрік тек Түркияны

ғана ойлап қойған жоқ, ол барша түркі әлемінің қамын жеді. Оның ішінде

Әзербайжанда болып жатқан оқиғалар қай кездерде оны толғандыратын.

Оның елімізбен барша бауырлас әзербайжандарға деген махаббаты мен

құрметі ерекше еді. Елдеріміздің арасында табысты ықпалдастықтар, барлық

салалардағы қарым-қатынастар бар. Біздің саяси, экономикалық, әскери және

мәдени байланыстарымыз дами түсуде. Бұл бізді қуантады. Бүгінде Түркия

мен Әзербайжан әлемдегі ең үлкен Баку-Тбилиси-Джейхан жобасын жүзеге

асыруда. Бұл жоба біздерді бұрынғыдан да жақындата түсуде. Жоба өңірлік

ынтымақтастыққа тамаша мүмкіндіктер ашатын болады.

Жалпы алғанда, болашақта да өңірдегі барша үрдістерге оң ықпалын тигізеді.

Біздің күшіміз – бірлікте. Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзербайжан Түркияның

қолдауын үнемі сезіне бастады. Бұл тұрғыда біздер жалпыұлттық көшбасшымыз

Гейдар Әлиевтің «біздер бір ұлт, екі мемлекетпіз» деген сөздерін әрқашанда

жадымызда ұстаймыз. Көшбасшымыз: «Түркия қайда болса, Әзербайжан да

сонда болуы керек. Алда да осылай боларына сенемін» деген болатын. /36.т.3.396-

297б/. Бұның дәлелі үшін Әзербайжан мен Түркияның екі елдің одақтастығын

түркі мемлекеттері үшін және өңірдегі елдерге ынтымақтастық үшін де өнегеге

айналдыру жолындағы жасап жатқан жемісті қызметтерін айтсақ та жеткілікті.

Осының баршасынан көшбасшымыздың жоғарыдағы ойларының айқын

келешекке арналып, түркі әлемінің бірігуі үрдістеріне идеялық демеу болып

отырғанын аңғарамыз. Биік деңгейдегі Әзербайжан-Түркия ықпалдастығы

Кеңесінің шеңберінде өткізіліп жатқан шаралар мен жұмыстар тарихи маңызға

ие және екі туысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, тарихи

маңызын арттыра түсуде. Аталған кеңестің бірінші отырысы Түркияда өтсе,

екіншісі 2012 жылы Әзербайжанда болды. Соңғы шаралар мен одан кейінгілері

215

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

Әзербайжанның тарихи аймақтары Габала мен Шекиде болып, оған Әзербайжан

Президенті Илхам Әлиев қатысып, халықаралық деңгейдегі Әзербайжантүрік

қарым-қатнастарының нақты істердің нәтижесінде барған сайын жемісті

бола түскенін атап өтті. Сөз жоқ, бұл нәтижелердің ішінде ең бағалысы - TA-

NAP жобасы. Трансатлантикалық газ құбыры, «Бүгінде Түрік-Әзербайжан

қарым-қатынастары екі жақты ынтымақтастықты дамытуда ғана маңызды емес,

сонымен қатар өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты және қауіпсіздікті де

қамтамасыз етуде үлкен ықпал етеді. TANAP жобасы қазірдің өзінде әлемге

кеңінен мәлім. Бұл жобаға халықаралық деңгейлердегі ықылас ғаламдық

энергетикалық саясатты қайта құруға ықпал жасайды. Бұл жобаға халықаралық

деңгейде назар аударылуының өзі Түркия мен Әзербайжанның аталған

бастамамен уақтылы бірге айнылыса бастағанын көрсетеді. Жақын болашақтағы

бес жылда аталған жобаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Сонда Әзербайжан

газы Түркия арқылы Еуропаға шығатын болады» – деп атап көрсетті Илхам

Әлиев /19.10-11 б/. Шындығында, егер ғасыр шарты секілді алғашқы жобаны

халықаралық инвесторлар қаржыландырса, бүгінде еліміз жан-жақты күшейіп,

экономикалық жағынан әлемдегі 16-шы орында тұрған туысқан Түркиямен

бірлесіп, жоғарда аталған TANAP жобасын іске асыруға кірісті. Аталған екі

түркі мемлекеті өз тарихындағы ғаламдық мәні бар жобаны үшінші немесе

тысқары инвесторлардың араласуынсыз-ақ іске асырып жатыр. Ақиқатын айтар

болсақ, елдің көбі энергетикалық нарықтағы әлемдік орын үшін небір күштілер

тайталасқа түсіп жатқан геосаяси кеңістікте Түркия мен Әзербайжан мұндай

батыл қадамдарға барады деп, ойламаған еді. Расында да, екі түркі мемлекеті

ортақ мақсат жолындағы өңір мен халықаралық қауымдастыққа осынау геосаси

жобаны игере алатынын көрсетуде. Саяси еріктерін танытуда. Қысқасы, осынау

геостратегиялық жобаны жүзеге асыру Түркия арқылы Еуропаның нарығына

Каспий теңізінің Әзербайжан секторындағы табылған 2,6 триллион шаршы метр

газды жөнелтуге жол ашатын болады. Мемлекетіміздің басшысы атап өткендей,

жобаға бес жылдың ішінде шамамен 7 млрд. доллар салынып, газ құбырының

өткізу қуаты 16-дан 50 миллиард шаршы метрге жететін, трансанадолы газ

құбырының 80 пайызы - Әзербайжандікі, ал 20 пайызы- түркиянікі болмақшы.

Келешекте TANAP жобасы Болгария, Румыния және Италия бағыттарына

тартылатын болады. Бұл қадамдардың өңірдегі түркі мемлекеттерінің қолына

осы аумақтағы энергетикалық саясатты шоғырландыруға мүмкіндік беретіні

анық. Жоба Еуропадағы жаңа геосаясаттың да шешуші факторларының бірі

екені анық /203.18-19 б/.

Түркияның Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған Әзербайжан-Түркия

Ынтымақтастығының Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде былай деген болатын:

«екі мемлекет те алдағы уақыттарда да одақтық мәндегі экономикалық

және саяси қарым-қатынастарды одан әрі жалғастырып, одақтастық

стратегиясы бағытын дамытатынына сенім білдірді. Бұл сенімнің беріктігіне

216

Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы

оның халықаралық деңгейлерде қолдау табуында және түркі мемлекеттерінің

өз айналасында халықаралық шоғырлануды құра бастауы себеп болуда». Сайып

келгенде, екі тарапты жоғары деңгейдегі мұндай ықпалдастық халықаралық

аренада табиғи түрде өз орнын табуда. Оның барлық халықаралық деңгейлерде

ақиқат үлгі екені шындық бола түсуде /Дж.Ф./. Өздеріңіз білетіндей,

Әзербайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуы біздер

үшін орасан зор маңызға ие. Мен Әзербайжанның осынау миссиясы аяқталғанан

соң осынау ұйымға тұрақты емес мүшелікке кандидат Түркияның 2015-

2016 жылдарғы жұмыстары біздің бірлігімізді бекіте түсіп, біздің одан арғы

дамуымызды қамтамасыз етті /20.14 б/.

Түркия мен Әзербайжанның ұстанымдарының жақындығы жүздеген

жылдарғы елдеріміздің қарым-қатынастарының тағанында тұр. Бұны

Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанның: «тіпті біздердің

ойларымыздың өзі де бірі-бірінен айынымайды» – деген сөздерінен байқауға

болады. Осынау ойлардың ақиқаттығын екі мемлекеттің басшылары Илхам

Әлиев пен Реджеп Тайып Ердоғанның таяудағы уақыттағы Шекидегі көне

Әзербайжан ескерткіштерін аралап көрген кездегі сәттерден байқауға болар.

Осынау ұмтылмас кездесуге мен де қатысып, түрік саяси қайраткерлерінің

жергілікті халықпен әңгімелерін тыңдап, екі елдің достығы мен бірі-біріне

деген зор сыйластығының куәсі болдым. Туысқан түрік ұлтына деген біздің

әзербайжандардың да бауырмалдық сезімдері осы оқиғада айқын аңғарылды.

Кездесуге қатысқан адамдардың көздерінен жарқын болашаққа деген сенім

оттарын көрдік. Ол сенімдердің мәңгіге өшпесіне уақыт пен тарихтың өздері

куә.

217

18. БІРЛЕСУ АНАТОМИЯСЫ:

БОЛМАЙ ҚОЙМАЙТЫН ҰЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Түркі әлемінің ынтымақтастығы халықаралық саясат пен мемлкетаралық

қатынастардың өңірлік дамуын ғаламдық деңгейге шығаратын бетбұрысты

үрдіс ретінде бүгіндері сенім мен табыстарды иеленуде. Үшінші мыңжылдықтың

басында халықаралық саясатқа күштеу факторына оралту, сондай-ақ оны

ғаламдық тұрақтылықты сақтау мақсатымен аса шиеленісті жағдайларда

дипломатиялық әдістермен теңестіру түркі өркениетіне қарайтын мемлекеттің

ғаламдық үрдістер бағытын ұстанған мұндай күштеу орталығынан бойын

аулаққа салатынын көрсетті. Еуразия құрлығының аса үлкен аумағындағы

адамзат баласының 250 миллион түрік ұлысынан тұратын тоғыз жарым

миллион шаршы метр жердегі аса ірі бөлігінің бірігуі біртұтас саяси алаңдағы

ғаламдасу үрдістеріне көшбасшы болатын ірі күшті өмірге әкелер еді. Әлемдік

қауымдастықпен байланыстарын сақтай отыра, барша ғаламшарымыздың түркі

мемлекеттері өздерінің тәуелсіздіктерін сақтай отыра және ғаламдық геосаяси

кеңістікте баршасы бірегей саясат ұстана отыра, тек қана өз қуаттары мен

құқықтарын танытып қана қоймай, тарихи қисындарға негізделген әрекеттер

жасар еді. Түркиямен қоян-қолтық бауырластық пиғылда келе жатқан түркілік бес

республика-Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан

өздері тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдегі өзге де мемлекеттер секілді олардың

арасынан өздерінің лайықты орындарын тауып, алдарынан ашылған ғаламдық

ынтымақтастық пен жаңа халықаралық қарым-қатынастарда өздерін таныта

түсуде. Осынау мемлекеттердің аталған өзара тиімді ықпалдастықтарын

ескермей, өңірлік ынтымақтастықтарды керекті деңгейлерге көтеру мүмкін

емес. Соңғы онжылдықтарда түркі мемлекеттерінің одағын нығайта түсетін

барша бастамалар олардың жүргізген саясаттарының негізгі бағыттары болды

және осы ұстанымдар келешекте одан әрі де нығайып, сабақтаса беруі керек.

Тек осынау түрленудің берік ұстанымдары ғана халықаралық саясаттағы түркі

елдерінің келешектегі де ақиқи бағыты бола береді. Осы мемлекеттердің бірі -

Әзербайжан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне,

ал 2012 жылдың мамыр айынан Әзербайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне

төрағалыққа сайлануын түркі әлемінің үлкен табысы деп қараймыз. Бұл қадам

сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың оның көкейкесті жайларына

(әсіресе, Таулы Қарабақ ісін) шешуіне көңіл аударту болып та табылады.

Түркі мемлекеттерінің кез келгенінің әлеуетке ие болуы - жалпы алғандағы

түркі әлемінің де әлеуеттер жинауы болып есептеледі. Бұл жағдайда оларға

саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ықпалдастықтарға кең жолдар

218

Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық

ашылады және дәстүрлі түркілік кәсіпкерліктің өркендеуі өрге басады әрі

қызметтің кең көлемде өрістеуіне мүмкіндіктер молаяды. Бауырлас елдерге

инвестиция құю мен Транскаспий жобаларын жүзеге асыру, сөйтіп түркі

дүниесінің экономикалық, саяси және мәдени жағрапиясын іс жүзінде

біріктіруде Әзербайжан өмір жолына айналып келеді. Каспий бассейнінің табиғи

байлықтары мол өңіріндегі түркі мемлекеттері осы жолмен үлкен халықаралық

экономикалық қарым-қатынастарға шығуда. Баку-Тбилиси-Джейхан-Баку-

Тбилиси-Эрзерум мұнай-газ құбырлары өңірдің жаңа энергетикалық картасын

құруда. Осы жолдармен және дәліздермен Каспий теңізінің шығыс жағалауынан

Қазақстан мен Түрікменстаннан олардың батыс жағалауына Әзербайжан мен

Түркия жерлерінен өтіп, ол жақтан мұнай мен газ Еуропаға тасымалданып,

әлемдік нарыққа шығады.

Салынып жатқан Баку-Тбилиси-Карс теміржолы Түркиямен Әзербайжанды

ғана емес, елімізді Орта Азямен де сабақтастыратын болады. Кезі келгенде

бұл теміржол Еуропаны кіндік Азиямен жалғамақшы. Айтары жоқ, жыл өткен

сайын ұлы Түркі дүниесін ынтымақтастыратын жұмыстар күш алып, өткен

ғасырдың соңғы онжылдығында тәуелсіздік жолында өріс алған қозғалыстар

егеменді түркі елдерінің халықаралық қауымдастықта өз орынын анық

табуына жол ашты. Осыдан барып, соңғы жиырма жылдағы жалпы түріктік

компоненттің халықаралық жүйеде нығая түскенін байқаймыз.1993 жылдан

бері үзіліссіз өткізіліп келе жатқан достық, бауырластық, ықпалдастықты

нығайта түсуге арналған түркі халықтарының съездері түркі халықтарының

арасындағы достық пен туыстықты нығайта түсуге және түркі әлемінің бірлігі

идеясын тиімді насихаттауға жол ашуда.

Осы сьездерде талқыланған мәселелерге қатысты шешімдер көрсетіп

отырғандай, түркі халықтарының көкейкесті мәселелері бірі-бірінен

айырмашылықсыз ортақ. Мұны өздерінің түркілік тарихи жерлерінде, бірақ

түркілік емес елдерде, яғни, Ресейде, Украина мен Молдовода, Македонияда

және Болгария мен Иракта, Грузияда да тұрып жатқан түркілердің де

өмірлерінен байқауға болады. Атлған елдерде тығыз тұрып жатқан түркілерге

ұлттық рухани құндылықтарына ана тілдеріндегі оқулықтар қажет. Бұл

тұрғыда олардың мәдени орталықтарына әрбір түркілік мемлекет қолдау,

көмектер көрсетуді өзінің моральдық парыздары санайды. Түркі тілдес

мемлекеттер басшыларының Саммиті 1992 жылы Анкарада өтсе, 1994 жылы

Ыстамбулда,1995 жылы-Бішкекте, 1998 жылы Астанада, 2000 жылы Бакуде,

2006 жылы - Анталияда, 2009 жылы-Нахчыванда ұйымдастырылды. 2010 жылы

қыркүйекте Ыстамбұлда өткен түркі тілдес мемлекеттер Х саммитінде Түркия

Президенті Абдолла Гүл Әзербайжанда өткен ІХ саммитте қабылданған түркі

тілдес мемлекеттер арасындағы ықпалдастықты бекіте түсу жөніндегі шешімнің

маңызын атай келе, 2009 жылы 3 қазанда қабылданған Нахчыван Келісіміне

жоғары баға берді.

219

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

Бұл шешімнің елдер арасындағы ықпалдастыққа, әсіресе түркі тілдес

елдердің ықпалдастығы жөніндегі кеңесті құрудағы жұмыстардың түрі мен

мазмұнын жаңалаудағы маңызын жоғары бағалады. Осы сөзінде ол былай

деп атап өтті:-Енді біздер алты мемлекеттегі бір ғана ұлтпыз. Осы кеңестің

құрылуымен әрекет үстіндегі бірлік іске аса бастайтын болады. Барша түркі

мемлекеттері осы құрылымға бірігуі керек. Бұл жердегі мақсат бюрократтық

ұйым құру емес. Мақсатымыз - халықтардың іс үстіндегі рухы мен кәсіпкерлік

әлеуеттерін жаңғырту/44/. Саммитте Әзербайжан Республикасының Президенті

Илхам Әлиев тарихи геосаяси үрдістердің Түркі әлемінің жағрапиясына кей

уақыттарда қалайша ықпал жасайтынын тілге тиек етіп, осы жағрапиялық

өңірде тұрып жатқан түркі тілдес халықтардың замануи әлемдегі ақиқаттарға

табан тіреген жоғарғы саяси мәдениеті бар мызғымас одағын құру үшін

үлкен нартәуекелділік керек екенін ескертті. «Түркі әлемі – ұлы ғалам.

Әзербайжаннан бір замандарда түркі дүниесінің көне де, ажырмас бөлігі

болған Зангезкур ауданының бөлініп, Арменияға қосылуының салдарынан

түркі әлемінің бағзыдағы біртұтастығы бүлінді. Картаға қарасақ, егер, осынау

тарихи әділетсіздік болмағанда, бүгінде бүртұтас түркі әлемі мен оның кеңістігі

жағрапиялық тұрғыдан қарағанда бірегей кеңістік ретінде өмір сүре берер еді.

Дегенмен, осының баршасына қарамастан, бізді тек қана жағрапиялық жағдай

ғана емес, біздің өткеніміз бен бүгініміз де бауырластыра береді. Бізді бұған

қоса ықпалдастығымыз бен ұлттық терең тамырларымыз да біріктіреді».

Жиырма жылдан бері біздің тәуелсіз мемлекеттеріміз егемендікте өмір сүріп

келеді. Осы кездерде біздің мемлекеттігіміздің негізі қалыптасып, тұрақтанып,

күшейе түсті. Бүгінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,

Түрікменстан секілді елдер өз кезектерінде Түркияның күшейіп, Түркия да өз

кезегінде аталған елдер әлеуеттерінің жоғарылауына әсер етуде. Біздің күшміз

де – бірлікте. Біздер барлық салаларда да осы бірлігімізді нығайта беруіміз

керек. Ол – БІЗДЕРДІ БІРІКТІРЕТІН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫМЫЗ

БЕН ӨТКЕНІМІЗ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КҮНДЕРІМІЗ.Түпкі мақсаттарымызда түркі

әлемінің ұлы бірлігінің болмысы жатыр. Аталған келешекте Түркі әлемінің

бүтін бір ағзадай қалыптасуы өз қызметінің белгілі бір деңгейлеріне ие

болады. Осынау ұлы мақсатқа біртіндеп жетуі мүмкін. Осылайша түркі тілдес

мемлекеттер жетекшілерінің Х саммитінде Нахчыван келісіміне сай түркі тілдес

елдер ықпалдастығының кеңесінің негізі қаланды.

Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған түріктерді біріктіруді

дамытудағы бұл кеңестің рөлін жоғары бағалай келе, оның екі бауырлас ел,

әлемде теңдесі жоқ ерекше байланыстары бар Түркия мен Әзербайжанның

арасындағы байланыстарды одан әрі дамытып және аталған Кеңестің осынау

туысқандық туын мәңгілік көтеріп тұратын тұғыр боларына сенімділік білдірді

/43/. Түркі тілдес елдер ықпалдастығы жөніндегі Кеңестің І Саммиті 2011

жылдың қазанында Алматыда өтті. Әзербайжан Республикасының Президенті

220

Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық

Илхам Әлиев Кеңестің қызметтерінде түркілік туысқандықты бекітуге

бағытталған шаралардың маңыздарын атап өтті. Ол қызметтер елдердің іс

жүзіндегі мүдделері мен жемісін бере бастағаны анық нәәтижелер аясында

қорытындыланып отырулары керектігін де тілге тиек еткен. Президенттің

ойынша, осы кезеңде ықпалдастық жөніндегі Кеңес қалыптасып болған соң,

өз назарымызды нақты жобаларға аударуымыз керек. Неге десеңіз, осы күнге

дейін салиқалы мәлімдемелер жасалып, құжаттарға қол қойылды.

Егер, алдағы жылдар ауқымында нақты жобаларға көңіл бөлетін болсақ, ол

біздің ұйымымыздың дамуында оң ықпалдар жасап, елдеріміздің арасындағы

бірлікті бекіте түседі деді ол. Біздер бұған әзірміз және нақты жобаларды

орындауға қатысты ұсыныстарымызды береміз деді Илхам Әлиев өз сөзінде.

Біздер түркі әлемінің қазіргіден де күшейе түсуі үшін қолдан келгеннің

барлығын жасауымыз керек деген пікірде Президент. Бұл үшін елде барлық

мүмкіндіктер бар. Ең алдымен қуатты саяси еркіміз бар. Осынау кездесулерді

жоғарғы деңгейлерде тұрақты өткізіп отыру және ықпалдастық жөніндегі

бірінші Кеңесті өткізу, онда қабылданған шешімдер аса күшті саяси еріктің

бар екенін көрсетеді деді ол /81/. Бұл тұста осынау жоғарғы деңгейлердегі

кездесулерде Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің Баку қаласында түркі

тілдес мемлекеттердің Мәдени қорын құру жөніндегі ұсынысы да қолдау тапты.

Осыған байланысты TURKSOY-дің түркі әлемін гуманитарлық негіздерде

біріктіріп келе жатқан өзгермес рөлін ерекше атап өткен жөн. Өзі құрылған

күннен бастап, бүгінге дейін TURKSOY түркі халықтары мен мемлекеттерінің

дәстүрлерін дамытуға, олардың арасындағы туысқандық байланыстарды тығыз

бекіте түсіп, түркі әлемінің аса бай рухани және мәдени байлықтарын, замануи

өркениеттің жоғарғы құндылықтарына жалғастырып, молайта түсуде. Сөйтіп,

олардың халықаралық қауымдастыққа, жаһандық мәдениеттерге өлшеусіз

қызмет жасап, адам құқықтарына да жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.

Бүгінгі Еуроодақты қандай да бір қиындықтарға тап келсе де, мемлекеттердің

құрлықтық көлемдегі, экономикалық, саяси, құқықтық негіздерде бірігуінің

ең көрнекі үлгісі деп тану керек. Сондықтан, неміс философы Юрген Хаббермас

Еуропадағы үрдістердің кері ынтымақтық ахуалға ауысып кетуі қауіпін атай

келе, Еуропаның бірігуінің саяси бағыттағы табысын әлемнің өзге өңірлеріне

өнеге болардай сынақтық сипаттағы ахуал деп түсінуге шақырады. Осы

себептен де ол Еуроодақ дамуының келешегін ХХІ ғасырдың бүгінгі күндегі

ең үлкен жобасы деп таниды. Еуроодақтың құрылымдық үш жүйесін, яғни

Еуроодақ қауымдастығын, жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласын

құқықтық салалардағы құқық қорғау органдары мен сот органдарының

ықпалдастықтары ол Еуроодақтың негізгі тіректері деп тұжырымдайды.

Осынау үш тұғырға қондырылған Еуроодақ жетекші үш бірегей институтқа ие.

Атап айтар болсақ, олар Еуропарламент, ЕуроКеңес, ЕуроКомиссия, Еуросот

және Еуропалық Есеп комитеті және мүше-мемлекеттердің бірегей құрамы

221

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

мен ортақ валютасы бар. Еуропалық Парламент пен Еуропалық Кеңес ішкі

Еуропалық мәселелермен қатар әлемдегі болып жатқан оқиғаларға және саяси

жаңғыру мен демократияландырудың жалпы әлемдік үрдістеріне деген өз

көзқарастарын белсенді түрде білдіріп отырады. Мәселен, Түркі тілдес елдер

Парламентінің Ассамблеясы / TURKPA / секілді әмбебап табысты тәжірибенің

одан әрі жалғасуы Еуроодақ парламентінің құрылу тарихи қажеттілігімен

жақын келешекте түркі әлемінің бірлігі жолындағы қозғалыста TURKPA

маңызды рөлін көрсететін болады. TURKPA 2008 жылдың 21 қарашасында

Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан мен

Түрікменстан республикалары Парламенттерінің жетекшілері Ыстамбулдағы

Долмабахча Сарайында қол қойғаннан соң құрылған болатын.

TURKPA-ның негізгі мақсаты парламентаралық ықпалдастықтың сапалы

жаңа кезеңіне жататын парламенттік дипломатия арқылы тарихи, мәдени және

тілдік ортақтыққа негіздеп, мемлекеттер арсындағы саяси үнқатысуларды

қамтамасыз етіп, ұлттық заңнамалардың жақындасуына қол жеткізіп,

парламенттераралық қырым-қатынастарға жататын мәселелерге қатысты

аса тығыз ықпалдастыққа қол жеткізіп, тең құқықты өзара тиімді өркендеуге

ықпалдар жасау. Бұларға қоса өз қызметтерімен түркі тілдес елдердің

өмірлерінде мәні зор құндылықтарды келер ұрпақтарға жеткізу, әсіресе мәдени

мұраларды, тарихи және өнердегі, әдебиеттегі құндылықтарды қастерлеп, жас

буындарға беру тараптар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени,

гуманитарлық, құқықтық байланыстарды тереңдетуге ықпалдар ашу.

2001 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстанда өткізілген түркі тілдес

мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының пленарлық сессиясында

қабылданған Астана Декларациясына сай түркі ұлттық парламенттерінің тиісті

мәселелерге байланысты жайларын үндестірудің ұстанымдары анықталды.

Астана Декларациясында Ислам ұйымдары Одағының парламенттік

ассамблеясының бақылаушы мәртебесі бар Парламенттераралық Одағы

өзінің қысқа уақыттағы қызметінен толық құқықты парламенттераралық

жүйеге айналды. Ол өзінің түркі тілдес елдер парламенттерімен өзара тиімді

ықпалдастығын жемісті жүргізуге мақсат ұстанған жұмыстарын ойдағыдай

жүргізуде.

Парламент Асамблеясы түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздік алғандарына

20 жыл толуын маңызды оқиға және осынау халықтардың жаңа

тарихында аса маңызды рөл атқарады деп мәлімдейді. Бұл бағыттағы ұйымдық

жұмыстарда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық

пен Еуропадағы ықпалдастық бағыттары мен аталған халықаралық ұйымның

Парламенттік Ассамблеясына түркі тілдес мемлекеттердің белсене қатысулары

біздің елдеріміздің халықаралық қауымдастықтағы беделіне оң әсер

етіп, Еуразия құрлығындағы көкейкесті жайларды шешудегі халықаралық

қауымдастықтың жұмыстарына қатысуға ұмтылған істерде үлкен сенімділік

222

Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық

пен күш береді. Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы 2011 жылы

Әзербайжанда өткен Бүкіләлемдік Мәдениеттераралық үнқатысу форумының

маңызын атай келе, түрлі мәдениеттерге, этностарға, діндер мен тілдерге,

мұраларға ие адамдар мен топтардың арасындағы өзара сыйластық пен

түсінушіліктерді және құрметтердің өзара түсіністік ахуалында жеткізетінін

және оның мәдениеттер аралық үнқатысулардың дамуына үлкен үлес қосуы

ерекше деп ой түйеді. Ғаламдық саяси, экономикалық, мәдени кеңістіктегі

халықаралық жүйені құрайтын мемлекеттердің жүйеленуі ұлттық- тарихи

дәсүрлердің жүзеге асуына байланысты.Сондықтан, түркілік ұлттық

мемлекеттер мен халықтар бірегей саяси және мәдени негіздерде әрекеттер

жасай отыра, осынау стратегиялық бағыттарда өз мүдделері мен пайдаларын

өзгелермен келісе отырып, үйлестірілген стратегияларын замануи әлем

дамуының жетекші үрдістеріне айналдыра білулері қажет. Бұған қоса түркі

әлемінің бүтіндігі әрбір түркі мемлекетінің өзінің ұлттық мәдениетін дамытып,

сақтап, бекіте түсудегі басты шарты боларын естен шығармау керек.

Түркілердің ұлттық мәдениетінің үйлесімі олардың әр қайсысының

өзіндік ерекшелігінің жалпы түркілік мәдениетінің синтезіне табиғи кірігуі

арқылы мәңгілікке қалуында. Олардың бүгінгі заманғы саяси дәстүрлері

мен мемлекеттік мәдениеттері де осынау бұлжымас негізде дами береді. Ал

аталған негіз болса, бірлікті құрайды. Бұл жай ғана ұран сөз емес, бұл дегеніңіз

ойлау бейнесі, өмір салты және идеялар мен мақсаттардың және саяси және

гуманистік идеалдардың, түркі халықтарының шығармашылық рухтарының

шыңы. Бірлікке сүйеніп, өзінің ұлттық рухтары және мәденитерінің тарихи

және қисынды себептеріне сабақтасқан тамырларын дамытып, таратуды мақсат

еткен ұлттардың бірлесуі болмай қоймайтын құбылыс. Осынау ынтымақтасуды

дамыту мен қолдау және қорғау түркілердің мақсаттары болған және бола

да берері анық.

223

19. САЯСИ-МӘДЕНИ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ

ГУМАНИТАРЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Түркі Мемлекеттерін құру үрдістерін соңына дейін ойдағыдай жеткізіп,

оның бүкіл әлемдік бірлестіктердің маңызды бір субьектісіне айналуы үшін осы

мақсаттағы қызметтерінің басты бағыттарын дұрыс анықтап алу керек.Үлкен

бірлестікті өмірге әкелуге арналған үлкен жолдағы атқарылған жұмыстардың

негізгі кезеңдерінде бірегей гуманитарлық саясатты жүзеге асыру барған

сайын қызметтің жүйелі де тұрақты сабақтасқан қарекеттерін қажет ететінін

дәлелдейді. Тәуелсіз әрбір түркі мемлекетінің Ұлттық Гуманитарлық саясаты

олардың бірлікке бағытталған қозғалыстарында өзара келісім сәттерін тауып,

бір-біріне жуықтай береді. Осының нәтижесінде түркі Мемлекеттерінің Одағы

тиімді үйлескен біртұтас гуманитарлық саясатқа айналды. Түркі мемлекеттерінің

жуықтасу саясаты егеменді түркі республикаларының арасындағы қазіргі

жағдайларда өз болмысында саяси-мәдени интеграцияның негіздерін құруды

мақсат етеді. Олардың негізінде Одақты құру үрдістерінде дұрыс идеялық

алаңын жинақтау мен мақсат түбегейлі орындалғанға дейін оны сау-саламатта

сақтау міндет. Ең бастысы, түркі Мемлекеттері Одағын құрудың тарихи-саяси

қажеттілігі тұрғысынан төмендегі әрекеттерді жасау керек.

1. Одақтың саяси идеологиясын қалыптастыру және идеялық тұжырымдамасын

құру.

2. Интеграциялық үрдістердің алдын ала ұстанымдары тағандарын біріктіру.

3. Интеграциялық үрдістердің негізгі тағамдарын алдын ала біріктіру.

4. Бірегей саяси-мәдени кеңістіктің лингвистикалық-мәдениеттанулық

алаңын дайындау.

5. Мәдени-өркениеттік құндылықтарды жуықтату

6. Мәдени және өркениеттік құндылықтарды жуықтату

7. Түркілік саяси Әдепнама мен Қабілеттіліктің геосаяси аумақтық ауқымдағы

оңтайлылығын бекіту.

8. Түркі тектес халықтар арасында Түркі мемлекетері Одағын құру идеясын

кеңінен насихаттау.

Түркі республикаларының күшімен достастық сьездерін, түркі халықтарының

бауырластық пен ықпалдастық және түркі тілдес мемлекеттер басшылары

деңгейінде жоғарғы кеңес жиналыстарын өткізу, TURKSOY шеңберінде

кездесулер жасау, түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы

сессияларын шақыру және өзге де шараларды ұдайы ұйымдастыру күн өткен

сайын ұлы түркі дүниесінің гуманитарлық қызметтерін кеңейте түсуде. Бір мақсат

жолындағы бағыттар біріктіріліп, жүйелене түсуде. Бүгінде түркі халықтары

бұрын-соңды болмаған жақындасуға ие болып, бірі-бірлерін жақынырақ білуге

224

Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері

мүмкіндіктер алуда. Бұл тұста түркі халықтары ортақ тамырларының бір екенін

жете түсініп, ортақ мұраттар мен идеяалдар төңірегінде топтасудың мәнін

сезінулері керек. Ғаламдасу дәуірі болса, түркі халықтарының бүтіндігінің

ақиқаттығын дәлелдеуде. Бұл үрдістер жалпы түркілік ішкі терең ойлау

қажеттігін алға тартады. Ақиқатында «Ғаламдасу жалпы түріктік мәдениеттің

қайта өрлеуін тудырады» (331с.44-47).

Бұл үрдістер ұлттық, әлеуметтік және мәдени құрамдастықтағы саяси

субьектілердің жинақталуы жолын игерген болмыстың ғаламдасып жатқан

әлемнің ішкі табиғатында жүруімен өтеді. Әлемдік болмыстың бір бөлшегі

ретіндегі жалпы түріктік әлеуметтік-мәдени саланың оралуы өзінің тереңде

жатқан адамгершілік-санаткерлік негіздерінде ғаламшарымыздың ең түп тамыр

кеңістігіндегі үлкен нұрлы жарықты білдіреді. Егер, ұлттардың тамыры ортақ

болса, онда олар неге бүгін мен келешекте де бірге болмауы керек.

Осынау бірлікке бәрінен бұрын түркі өркениеті – ұлы мемлекеттер,

ұлы империялар мен ұлы мәдениеттер құра білген біздің Өркениетіміз

алдымен лайықты. Аса құдіретті Түркі өркениеті өзінің қайнар бұлақтарынан

ажырамаған болмысымен соншалық алуан түрлі, соншалықты көп бояулы және

кереметтей сан қырлы. Сондығынан екені талассыз, тіпті осынау өркениеттің

алыс қиырларында жатқан түркі халықтарының өздері бірі-бірінің сөздерін

терең түсініп, бауырларының рухтары мен жүрек жанарларын көңіл көзімен

көре біледі.Түркі табиғатын тиімді түсіну өзінің талассыз қисынға негізделген

табиғатымен жарқын сезімдерге негізделгендігін бүгінгі түркі өркениетінің

қозғалысындағы бірлесудің идеалдарында оның сенімділік пен жеңілмейтін

рухты иеленгенін көреміз.Түркі әлемін бірлесуге апаратын гуманитарлық

қызметтің негізіне Ұлы Ақиқат идеясы алынған. Сондықтан, осыған дейін

біздер еске салған шаралар ресми-үстірт шара емес жалпы түріктік мәдениеттің

өзін-өзі құрудағы байыпты ұтымды жолдары болып саналады.

Түркі дүниесіне осыдан 20 жыл бұрын көптеген келешектер қол

жетпестей көрінсе, қазіргі уақытта олар түркі мемлекеттері мен қоғам үшін

түркі мемлекеттерінің күнделікті үйреншікті жұмыстарына айналды. Түркі

мемлекеттерінің стратегтері мен жетекшілері қызметтерінің шапшаңдығы кең

көлемді ауқымды да оңтайлы қызметтерге жетелеуде. Мысалға, 2012 жылдың

тамызында Бішкек қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ықпалдастығының

жоғары дәрежедегі кездесуінде маңызды саяси құжаттармен қатар қажетті

гуманитарлық мәселер бойынша да шешімдер қабылданған болатын. Осы

шарада сөз алған Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев

Түркі тілдес Мемлекеттердің Ықпалдастық Кеңесі 2009 жылы Нахчыванда

өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездеуінде құрылғанын еске

салып, ендігі кезекте Түркі Тілдес Мемлекеттер Ықпалдастығы Кеңесінің

төрағалығы Қырғызстанға ауысуына байланысты өзінің ризашылығын білдірді.

Міндетті қызметтерінің шапшаңдығы түркі мемлекеттерінің стратегтері мен

225

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

басшыларын одан да ауқымды да үлкен жұмыстарға жетелейді. Қырғызстан

Президенті осынау жүйенің мүшелері-мемлекеттер арасында гуманитарлық

салалардағы байланыстарды тереңдете түсу үшін не істелгенін сөз етті. Өз

сөздерінде Түркияның, Қазақстанның және Әзербайжанның да басшылары

мемлекеттер аралық қарым-қатынастардағы көптеген маңызды мәселелерге

тоқталысты. Мысалы, Әзербайжан үкіметінің басшысы түркі тілдес мемлекеттер

ынтымақтастығының одағына мүше мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың

өсе түскенін атай келе, ағымдағы жылда олар мен Әзербайжан арасындағы

тауар айналымының 55,56 пайызға өскенін атап өтті.

Талқылау барысында түркі тілдес мемлекеттер одағы кеңесінің аясында

мәдениет, білім беру салаларын игеру және бірегей әліппи мен арнайы

оқулықтар жасау істерін қолға алу мақсатында осы кеңестің Түркі академиясы

туралы сөз болды. Түркі тілдес мемлекеттер одағы кеңесінің тарихи осынау

саммитінде оған мүше-мемлекеттер арасында төрт құжат қабылданды,

олар: Түркі мәдениеті мен мұрасының жалғасы, түркі тілдес мемлекеттер

ықпалдастығының кеңесі хатшылығының қаржылық ережелері жөніндегі

жарғысы, Түркі академиясын құру туралы келісім, сондай-ақ жоғары деңгейдегі

екінші түркі кеңесінің декларациясы қабылданды. Түркі мемлекеттерінің

арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастардың заңды жалғасы

ретінде гуманитарлық қатынастар саласы да кеңейе түсуде. Осы күндерде

түркі әлемінің санаткерлерінің бірлескен қызметтерінің арқасында Түркиядан

Қазақстанға дейінгі аралықта кең ауқымды ұйымдастыру жұмыстары басталып

кетті. Бұл ретте әр жеке түркі тілдес мемлекетте болсын, немесе баршасын қоса

алғанда да түркі өркениеті мен олардың ұлттық мәдениеттері мәселелерімен

айналысатын гуманитарлық орталықтар жұмыс істеуде. Олар TURKSOY-

Түркі Мәдениетінің Халықаралық Ұйымы, ВАКФ Түркі әлемін зерттеу

орталығы, TIKA-Үйлестіру мен ынтымақтастық жөніндегі түркі агенттігі,

Түркі халықтарының бүкіл әлемдік ассамблеясы, Түркі өркениетін зерттеу

орталығы, TUDEV–Түркі мемлекеттерінің ВАКФ-ы және достық, туысқандық

қоғамдастығы ынтымақтастығы, Түркі тілдес мемлекеттердің саясаттарын

қолдау қоры, TASAM-стратегиялық зерттеулердің Түркия-Азия Орталығы,

Түркі әлемі журналисттерінің бірлестігі, Әлемнің жас түркі жазушыларының

бірлестігі, Түркі әлеміне туыстас қоғамдар қызметтерінің үйірмесі, Түркі әлемі

муниципалиттетерінің бірлестігі және өзге де құрылымдар.

Бұл ұйымдар әр түрлі бағыттардағы түркі әлемінің бірлігіне қатысты насихат

қызметтерін-халықаралық кеңестер өткізуден, кітап бастырудан, журналдар,

альманахтар шығарудан бастап, мақсатты ғылыми-гуманитарлық зерттеулерге

дейінгі істермен белсене айналысады. Бұл бағыттардағы аталған қызметтердің

нәтижесінде бірлескен ғылыми орталықтар, оқу орталықтары, университеттер

ашылып, жалпы түркілік тарих пен мәдениеттерді іс жүзінде нақты зерттеулерге

мүмкіндіктер ашылып, түркі мемлекеттері арасында Моңғолиядағы,

226

Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері

Түркия мен Әзербайжандағы белгілі болған түркі ескерткіштерін халықаралық

деңгейлерде зерттеуге жол ашылып, замануи түркі тілдерін сақтай отыра,

ортақ әліппиіне көшу мәселелері күн тәртібіне қойылды. Сонымен бірге осы

жұмыстармен қатар осы заманғы түркі тілдерінің әмбебап сөздігін жасау

аяқталып, түркілік тілдердің автоматтандырылған тәржіма жүйесі жасалды.

Түркі әлемінде гуманитарлық қатынастар дамып, идеология, мәдениет,

ғылым, білім беру, әдебиет және өнер салаларындағы құндылықтарды

бірлесе жасау тәжірибелері тереңдей түсуде. Түркі өркениетін ұлттық

мәдениеттер жәдігерлерімен толықтыра беру, олардың басымдықтарын алға

шығару - бұл заңдылықтарды түлетудің болмысы екенін және оның жанды

жұмыстар болатынын айғақтауда. Тұжырымдалған түркі гуманитарлығының

орталандырылған саясаты өзінің тарихи табиғатындағы генезисі мен

тәжірибесін тұғыр еткен түп тамыры бір мәдениетін дамытудың жаңа кезеңіне

аяқ басуға қабілетті.

Бүгінде Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне қызметтер жасайтын

гуманистік саясатты жүзеге асыратын бірлескен бастамаларды тұғыр еткен

үлкен ғылыми әлеуеттерге сүйенген түркі мемлекеттері ғалымдарының

қызметтері үлкен қолдауға ие болуда. Осынау үрдістерде түркі өркениетінің

қайнарынан туындаған аса қуатты санаткерлік қозғалысы, атап айтқанда,

Орталық Азия мемлекеттерінің беделді ғалымдары мен олардың күшімен

құрылған Түркі Халықтарының дүние жүзілік ассамблеясы ерекше мәнге ие.

Түркі халықтарының бүкіләлемдік ассамблеясының тұжырымдамалық негізгі

алаңы TXUA–Түркі халықтарының бүкіләлемдік ассамблеясы да бұл тұста

ерекше маңызға ие. TXUA-ның негізгі тұжырымдамалық алаңы TXUA-ның

жетекшілері, қазақстандық академик Ерментай Сұлтанмұратов пен татарстандық

профессор Рафаэль Мухамеддиновтің және ортатүрік институтының

директоры, өзбекстандық философ-лингвист Бахтияр Каримовтың бірлесіп

жазған «Тұрақтылықтың түркілік белдеуі: Түркі халықтарының әлемдік

ассамблеясы» атты кітабында көрініс тапқан. Онда аталған авторлар өздерінің

бағдарламалық идеяларын ұсынып, бүгінгі әлем үшін Түркі бірлігінің

тарихи маңызы мен мағынасы туралы ой толғасады. Сондай-ақ, ғалымдар

түркі әлемі бірлігінің іргетас негіздері, түркі халықтары тілдерінің тілдік

бірлігі тұжырымдамасы туралы баяндап, түркіліктің өміртану пәлсәпасының

жүйелерін анықтап, түркі әлеміне бағытталған әмбебап гуманитарлық саясаттың

басты ұстанымдарын көрсетіп, түркі бірлігінің бәсекелестері ұстанымдарымен

пікірталастарға түседі. Стратег ғалымдар түркі бірлігінің түркі әлемінің

дамуы үшін бірден-бір жол екенін дәлелдеуге тырысады. Дамудың осынау

үрдісінде мемлекет тәуелсіздігінің негіздері дамып, күшейе түседі және ұлттық

экономикалардың өңірлераралық байланыстары күшейіп, бәсекелестік артады.

Түркі әлемі бірлігіндегі саяси ұстанымдарды үнемі өзара келісіп отыру, оның

әлеуеттерін арттыра түседі және өздерінің саяси тұғырын бекітіп, түркі исламы

227

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

өзінің ең жақсы қасиеттерін ұсынып, осы заманғы ұлттық, мәдени және діни

һәм, адамгершілік қасиеттердің үндесуіне, жарасуына жол ашады. Түркі

Мемлекеттері Одағының осынау бағдарламасы тұңғыш рет өз халықтарының

мұраттарына қызмет етуші әлемдік саясаттың нысаны мәртебесінде ұсынылды.

Онда геосаяси әлеуеттерден шығатын аса үлкен табиғи және материалдық

байлықтарын ұлттың мүддесіне жарата отырып, Түркі Мемлекеттерінің Одағы

(1) түркі мемлекеттерінің шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Одақ әрбір түркі тілдес халықтың ұлттық бостандығын жетілдіре отырып

өз мүмкіндіктерін қуатты заманауи қоғамның экономикасын, ғылымы мен

қорғаныс қуаттарын күшейтуге жұмсайды. Осы мақсаттарда әр түріктің

материалдық игілікке бай, бақуатты өмірін қамтамасыз етіп, ғаламдық бірліктің

ең жоғарғы деңгейлеріне шығып, түркілік суперұлттың қалыптасуына жол

ашады. Осынау жағдайда түркілердің құқықтары да әмбебап гуманитарлық

құндылықтар негізінде қорғалатын болады. Одақтың міндетіне сонымен

бірге дұшпандық пиғылдағылардың басып алушылық ниеттерінен қорғану,

халықтық капитализм жолында түркілік дамудың бағытына түсу, қоғамдағы

демократиялық реформаларға жол ашатын және азаматтардың меншіктерін

қорғау үшін барша мүмкіншіліктерді жұмылдыру парыздары да жататын

болады (188.9-10б).

Түркі Халықтарының Бүкіләлемдік Ассамблеясын құрушылар Түркістанның

тарихи бірлігі идеясын, Түркі Мемлекеттері бірлігінің маңызды даму

кезеңі ретінде бірінші кезеккее шығаруды ұсынуда. Олар кіндік Азияның

сайып келгенде Түркістан екенін көрсетуде. Сонау 1920 жылдың өзінде,

Кеңестер Одағының алғашқы қалыптасу жылдарында-ақ Орта Азия елдерінің

көшбасшылары бүкіл Түркістанды біріктіретін Түркі Кеңес Республикасын

құрғысы келген. Бірақ Ресей мен Кремль Ресейден де аумағы жағынан үлкен

Орта Азия түптеп келгенде бір мемлекет болып кетуі мүмкін деген қауіппен

бұл бастаманы басып тастады. Кремль тіпті орыстың әйгілі шығыстанушытүркологы

Бартольдтың «Түркістанды бөлшектеу-бұл тарихи қателік» деген

пікіріне де құлақ асқан жоқ. Аталған бастаманың өкілдері болса, саяси қуғынсүргінге

ұшырады.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Түрікстан идеясы қайта жаңғырды.

1989 жылы Орта Азияда Түркістан халық қозғалысы басталды. Мәскеуде,

Қазақстанда және Әзербайжанда «Түркістан» газеттері шыға бастады. Ал

Швецияда «Орталық Азия» журналы жарық көрді. Одан кейінгі жылдарда

түркінің ұлы перзенті, әлем таныған жазушы Шыңғыс Айтматов «Түркістан

– біздің ортақ үйіміз» бастамасын көтерді. Өзбек ғалымы Бақтияр Кәрімов

Ортатүрік атты тіл әдістемесін дайындап, ол Түркілік қозғалыстың ұлы түркі

әлемін біріктіретін Тұран атауымен Түркістан бастамасына ұласты. Бағзыдағы

Түркілер Отанындағы өркениет ынтымақтастығының тоқтаусыз саяси-мәдени

геосаяси маңызы осынау аймақтың Ресей мен Қытай секілді ірі мемлекеттерінің

228

Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері

ұстамсыз саясаттарынан қорғанудың мүмкіндіктерін ашып беруінде дер

едік. Түркі тұрақтылығының белдеуі болса, Еуразия аймағындағы барша

мемлекеттерге қолайлы жағдайлар тудырып отыр.

Түркі халықтары Ассамблеясының 2007 жылы өткен V съезінде айтылған

қорытындылар мен ойлардың мазмұнында түркі мемлекеттері одағының

мақсаттарын іске асырудағы бағыттағы істерге анағұрлым қарқындылық

керектігі, яғни әлемдегі түркі ынтымақтастығының болмысындағы әлеуметтікадамгершілік,

ғылыми-санаткерлік қырларын күшейту керектігі аталып өтті.

Осылармен қатар съездің іс жүзіндегі шараларында бірнеше гуманитарлық

жобалар да болды. Ассамблея тарихи бағзы заманалардан бері түркі халықтары

тұрып жатқан жанды кеңістіктегі, яғни тарихи Жібек Жолы бойынан Тұран

қаласының іргесін қалау туралы, сондай-ақ осы қалада Көктүрік монументті

ескерткішін орнату және түркі халықтары Ассамблеясының бүкіләлемдік

съезінде қабылданған Әлем Түркілеріне Үндеу мәлімдемесін келесі сөздермен

қортындылауды ұсынды: Көктүрік ескерткіші мен Тұран қаласы түркі ұлты

мен түркі өркениеті өрлеуінің символикалық бастауы болады (188. 98б). Манас

қырғыз-түрік университетінің жанынан құрылған Түркі Өркениетін Зерттеу

Орталығы /TSAM/ да түркі өркениетінің тарихымен және оның осы заманғы

дамуының көкейкесті мәселелерін зерттеумен айналысып, оларды іске асырумен

шұғылданады. /TSAM/ шығаратын түркі өркениетін зерттейтін жорнал болса,

қазірдің өзінде-ақ халықаралық деңгейде аса беделді ғылыми-гуманитарлық

басылымға айналып үлгерді. Осы жорналда жарияланған мақалаларда әлемдік

өркениеттің кеңістігіндегі түркі өркениетінің орнына негізінен айрықша көңіл

бөлініп, халықаралық саяси-мәдени ортадағы түркі ұлттық мемлекеттерінің

алар орны анықталады (118).

Түркі мемлекеттерінің одағын құруда әмбебап қатынастардың орталықтандырылған

түркі тілінің көкейкесті жәйларына байланысты гуманитарлық

саясатты жүзеге асыру маңызды тұс болып саналады. Бұл мәселелер

көптен бері Түркияда және Әзербайжан мен Орталық Азия республикаларында

талқылауға шығарылып, осыған орай мамандар бұл мәселеге қатысты оңтайлы,

болмаса шендесе бермейтін ойларын ортаға еркін салуда. Сонау, 1968 жылыақ

The New York Times газетінің тілшісі Дж.Л. Сульцбергер еуразиялық түркі

тілінің таралу аймағын елестете отыра болжап: «Егер, бір адам осы күндері

атына мініп, Болгариядан Шығыс Қытайға дейін сапарға шықса, онда сапар

үстінде түркіше сөйлессе, оны міндетті түрде түсінер еді. Бұл ақиқатты

мойындау керек. Шынжырларын сылдырлата жүріп түркілер Ұйғырстанның

астанасы Үрімшіге дейін осындай кеңістік құрды» (106), деп жазды. Расында

да Көктүрік империясы өмір сүрген уақыттан бастап (VI ғасыр) соңғы

жүзжылдыққа дейін түркілер тілі ортақ қолданыста болды. Бірегей Түркі

этномәдениетінің бүтіндігін айғақтайтын түркі тілі жүздеген жылдар бойына

Еуразия кеңістігіндегі жанды қатынастың тілі болды және осынау ұлы тіл

229

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

арқылы түркі және әлемдік әдебиеттің ғажайып жәдігерлері жасалды. Алайда

тарих өз ісін жасады. Түркі өркениетінің даму үрдісінде Түркі Тілдерінің ұясы

құрамындағы көне түркі тілдері жіктелуге түсті. Сөйтіп, түрлі сападағы ұлттық

түркі тілдері пайда болды. Мұндай үрдістер үлкен тілдік топтарында да орын

алды. Алайда бүгінгі заманғы түркі тілдерінің ерекшелігі сонда, олардың түп

тамырларында түркі тілінің әмбебап нұсқалары қалыптасуы әбден мүмкін.

Осы дәлелдерге сүйенген көптеген тіл мамандары орташаланған түркі

тілін қалыптастыруды ұсынуда. Ғалым Бақтияр Кәрімов те Ортатүрік немесе

Анатүрік тілдерінің әдістемесін құрып, бұл мәселені жан-жақты зерттеді. Жалпы

түркілік әдеби тілдің мүмкіндіктері жөніндегі Әзербайжан Ұлттық ғылыми

академиясының корреспондент-мүшесі, милли мәжілістің мәдениет жөніндегі

комитетінің төрағасы, Әзербайжандағы Ататүрік орталығының жетекшісі,

профессор Низами Джафаровтың да пікірі аса бағалы. Ғалым жалпытүркілік

тілге көшудің бірнеше нұсқаларын салыстыра келе, олардың арасындағы ең

қолайлысын таңдап алуды ұсынады және келесі нұқасын ең оңтайлысы деп

пікір тастайды: Осы заманғы түркілік әдеби тілдің біреуі ғана таңдап алынады.

Ол тілде жеңіл жинтықтау операциясы жүргізіліп, сол тіл ғана жалпы түркілік

әдеби ортақ тіл ретінде таңдалып алынады дейді. Әрине, бұл мәселе барлық түркі

мемлекеттері мен ұлттық қауымдастықтардың өзара келісімдері негізінде аса

ықтиятпен және зор көңіл бөлулерімен мұқият қаралуы керек. Барлығымызды

қанағаттандыратын және түркі әлемінің қарым-қатынастарын қамтамасыз

етердей нәтижелер болуы тиіс.

Түркі дүниесінің әмбебап қатынастарына қол жеткізетін Түркі Мемлекеттері

Одағының орталандырылған тілі түркі мемлекеттері арасындағы ресми

тіл атануы қажет. Десек те, орталандырылған түркі тілінің қалыптасуы түркі

тілдерінен бүтіндей бас тарту дегенді білдірмейді. Ол тілдерді шектеулі ғана

ортада пайдалану қажет деген талаптар да қойылмауы керек. Неге десеңіз, әрбір

ұлттың түркі тілі - сол ұлттың тарихы және рухани қазынасы , сол халықтың

тарихы мен тағдыры және мәдени ғұмыр кешуінің негізіне жатады. Былайша

айтқанда, түркі өркениетінің сұлулығы да оның барша түркі тілдеріне ортақ

қасиеті-сан бояулығы бола бермек. Осынау тілдерде ғажайып та аса зор

мәдениеттер жасалды. Түркі тілдері одан әрі де дамып, гүлдене береді. Түркі

тілдерінің қазіргі өзара жақындығы соншалық, нәтижесінде осы заманда

орталандырылған түркі тілін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Осынау орталандырылған түркі тілі өзге де бауырлас түркі тілдерімен қанаттаса

көркейіп, дами беретін болады. Ол да өзіне тілдің әмбебаптық қасиеттерін

алып, өзге де түркі тілдерімен қанаттаса жүріп, ресми-мәдени орталарда

пайдалана беретіні ақиқат болмақшы. Тіпті шетелдіктердің өздері де түркі

мемлекеттерінде жүріп, осынау тілді еркін пайдалана алады. Уақыт өте келе

орталандырылған түркі тілі халықаралық қатынас тілі ретінде Біріккен Ұлттар

Ұйымына ұсынылуы тиіс. Бір атап өтерлік жәйт, Біріккен Ұлттар Ұйымының

230

Саяси-мәдени интеграцияның гуманитарлық негіздері

білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы соңғы кездерде түркі

өркениетінің әлемге сый еткен материалдық және мәдени ескерткіштеріне

жіті көңіл бөліп, халықаралық деңгейлерде шаралар өткізіп, жалпы түркілік

мәдениет классиктерінің мерейтойларын өткізе бастады.

Әлбетте, алдағы уақыттарда да жалпы түркілік гуманитарлық мәдениеттің

заманауи әлемдегі ғаламдық алғы шептерде болып, өзінің конструктивтік

тұғырынан көрінетініне күмән келтірмейміз. Тілдік, ойлау қабілеттілігі мен

мәдени жақындасулар жалпы түркілік мәденилену жүйесінің болмысында

рухани ішкі дамудың жанды жаратылыстық құрылымын қалыптастырып, оны

адасудан және қателіктер жіберуден қорғайды. Түркі әлеміндегі мәдениеттер

арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың ең күшті негізі мен келешектегі

дамуының ынталандырушы бәтуалы қуатына бәтуалы гуманитарлық ойлау мен

іс жүзіндегі әмбебап қызметінің ішкі жүйелік болмысы жатады. Оның бүтіндігін

сақтау-бұл дегеніңіз Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру мақсаттарын

іске асыру деген сөз. Ал бұл мақсаттар ең алдымен жалпы түркілік тарихты

дайындауға, жалпы түркілік тілдегі сабақ беру мен әліпбилерді әзірлеуге және

осыларды оқыту мен дайындауға, жалпы түркілік тарихты, адамгершілік және

ойлау ерекшеліктерін орнықтырып, түрлі салалалардағы көкейкесті жайлар

жайындағы жариялайтын баспа органдарын қалыптастыруға тәуелді. Біздің

міндетімізге де осы бағыттарды жалғастыру мен дамыта беру жатады.

231

20. ОДАҚТАСТЫҚТЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ МЕН

ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне байланысты гуманитарлық

саясаттың тұжырымдамалық негізіне идеология жатады. Түркілік Ұлы

классикалық саяси-идеология дәстүрлерінде құрылған түркизм идеологиясы

оған қатысты толып жатқан біржақты, сыңарезу ұстанымдарға қарамастан,

жалпы түркілік гуманистік саясаттың негізгі тұғырлық алаңы ретінде

өмір сүре береді. Классикалық түркизм түркі халықтарының көпшілігінің

империялардың бодандығында болған қиын уақыттарында өмірге келді. Біздің

кешегі уақыттарымыз тәуелсіз түркі мемлекеттерінің егемендік пен бірлікке

ұмтылыстарына тосқауылдар қойған заман болғанына қарамастан, түркі

елдері өз дербестіктері үшін күрестерін тоқтатқан жоқ. Күрескерлік рухын

сол классикалық түркизмнен алған бүгінгі заманғы түркілік рухты тұтынған

елдер жаңа тарихи дәуірде Түркі Мемлекеттері Одағын құру жолындағы

қозғалыстың көшбастаушысы бола білуде. Дегенмен де, қазіргі заманғы саяси

үрдістер күрделі болғандықтан, тәуелсіз түркі мемлекеттерінің одағын құру

жолында кедергілер де көптеп кездесуде. Ұйымды бөлуге және белсенді түрде

оған бөгет жасауға назар салатын күштері бар бүгінгідей қайшылыққа толы

уақытта бірегей және мызғымас саяси-идеологиялық ұстанымның шешуші

рөль атқаратыны ақиқат. Сондығынан да қазіргі заманда идеологиялық жүйенің

ойлау ісінің бүтін болмысы ретіндегі түркілікті дамытудың қажеттілігі басым.

Сондықтан да қазіргі заманда осының негізінде Түркі Мемлекеттері Одағының

тұжырымдамалық идеологиясын дамыта беру керек.

Бүгінгі заманғы түркіліктің негізгі идеологиясына елдердің тәуелсіздіктеріне

нұқсан келтірмейтін, қажетті ықпалдастықтан соң асыра үстемдігі бар

мемлекет құруды мақсат ұстанбайтын, конфедерация құруды мұрат жасамайтын

түркі мемлекеттерін құру жатады. Бұл сонда халықаралық жүйедегі

егемен субьектілердің одақтық бірлестігі болады. Түркілік мысалға

Әзербайжандағы секілді түркі мемлекеттерінің ұлттық идеологиясына қарсы

емес. Керісінше, ол бірлесудің басты мақсаттарын ықпалдасу идеологиясына

телитін мұраттарға бағынады. Түркі мемлекеттерінің арасындағы одақтастықтың

тұжырымдамалық идеологиясының негізіне келесі шарттар жатады (1).

Одаққа тарихи-фундаменталдық ұстанымдар мен жалпы түріктік

құндылықтарынан туындайтын міндеттерді ескере отыра өту (2) Тәуелсіз

түркі мемлекеттерінде ұлттық идеологияны басшылыққа ала отыра даму (3),

осы республикалардағы одақ құруға қатысты қызметтер мен ықыластарды

зерттеу (4), осы елдердегі саяси биліктің гуманитарлық- идеологиялық алаңын

232

Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары

дайындау (5), мемлекеттераралық шоғырлануды бекітумен қатар шетел

идеологиясына қарсы жүйелі ұйым құру (6), халықаралық деңгейде, әсіресе

түркі халықтары мен диаспоралық ұйымдарда табыстарға жету (7). Осы негізде

халықаралық қауымдастықты Түркі Мемлекеттерінің Одағын құруға дайындау,

әлем елдерінің оған қолдау көрсететін және түркі елдерімен және олардың

қоғамдарымен одақтасатын мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарды және

жаңа күшті саяси бірлестіктің құрылуымен ғаламдық жаңғыруға беталатын

үрдісті ұйымдастыру.

Біздер, түркілер өз тарихи тағдырымыздың көкжиегіне анық жанармен көз

салғанда, көкейімізге сан сауалдар оралады. Егер біздің ұлы бабаларымыз

құрып кеткен орасан зор түркі мемлекеттері мен империялар көптеген ғасырлар

бойына тек түріктерді ғана емес, біртіндеп Еуразияның өзге де халықтары мен

этностарын бірегей саяси, идеологиялық, діни және өркениетті жүйелерге

біріктіре алған болса, біздерге неге Түркі Әлемінің ауқымында өңірдегі

бірегей суперэтнос шеңберінде осыны жасамасқа. Бүгінде өткен ғасырдың

орта шенінде Еуропада құрылған Одаққа қарағанда біздің мүмкіндіктеріміз

әлдеқайда жоғары. Себебі біздің өңірлерімізде олардағыдай қанды соғыстар

болған жоқ. Бұл - біздің ең үлкен және айырмашылығы орасан ерекшелігіміз

екені ақиқат. Біздер тәуелсіз ел болып, алып империядан бөліндік. Баршамыз

да ұлттық мемлекеттер мен мемлекеттілік құру ісінде қанаттаса қатар адымдап

келеміз. Бірден-ақ бір-бірімізге бауырластық қолымызды созып, тілектес бола

бастадық. Осылайша туыстығымызды сезініп, өзара жақындаса бастадық.

Ынтымақтасу жолында кедергі болардай ішкі шиеленістер де жоқ. Неліктен

біздер Еуроодақ пен НАТО жағына сағынышпен қарап, осы тақылеттес әлемдік

альянстарға қызғанышпен көз салуымыз керек. Неге біздер әлемге өзіміздің

қуатты бірлестігімізді танытпауымыз керек.

Қазіргі ғаламдық саясат көрсетіп отырғандай, Түркі Мемлекеттері Одағын

құру жолында енді тайсақтауға, жарты жолдан тоқтауға әсте болмайды.

Осы жолдарда пайда болатын сансыз сауалдар мен қиындықтарға да әзір

болуымыз және күш-қуаттарымызды ортақ мақсатымыздың ақиқат жолына

бағыттай білгеніміз дұрыс. Біздер қазірдің өзінде Одақ құру жолындағы

гуманитарлық кезеңнен өтіп, саясаттағы, экономика мен әскери салалардағы

болашақ одақтастығымыздың іргетасын қалап алдық десек те, әлі де болса,

бірегей бағдарламалық жобамыз бен Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру

ісіне жауапты саяси өзара келісілген субьектілерді толық анықтаған жоқпыз.

Сондай-ақ, ұлы мақстымызды жүзеге асыратын бірегей механизмді де құрған

жоқпыз. Алдымызда тезірек шешілуі қажет көптеген көкейкесті жайлар тұр.

Ендігі ретте жасалған ауқымды істерді кеңейтіп, саяси, экономикалық және

әскери салалардағы ықпалдастыққа бағытталған жүйелік-тұжырымдамалық

бірлестікке көшуіміз дұрыс. Сайып келгенде «ұлтқа зораю емес, кішірейе беруді

жазмыштың жазғанын» естен шығармауымыз керек (101.67 б).

233

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

Осынау афоризмнің иесі Незми Чора өзінің Түркі мемлекеттерінің

одақтасуына және түркі тілдес елдердің бірігуіне арналған кітабында осы

бағыттардағы көптеген жайлармен қанаттастыра бірлесуге бастайтын

үрдістердің саяси- идеологиялық тұстарын да мұқият зерттейді. Көздегені

Түркі Мемлекеттерінің Одағы құру болатын түркизм идеясына сүйенген Незми

Чора кез келген ұлт армиядан немесе шетел күштерінің өзге де материалдық

қуаттарынан жеңілмес бұрын, алдымен олардың моральдық-идеялық езгісіне

түседі деген пікірін айтады. Мысалға, рухани жеңілген ұлтты соғыста жеңу

жеңіл дейді. Сондықтан да болашақтарының көкжиектерін айқын көрулері

үшін түркі елдерінің идеологиялық мызғымас тұғырын қалау керек. Сөйткенде

олар болашақта да жеңілмес қамалға айналады.Түркі мемлекеттерінің бастарын

қосатын түркизм бірегей күштер тұрғысынан қарағанда барша ұлттардан да

жоғары тұратын идеология болуы керек. Түркизм асқақтау үшін емес, өзгелерді

де жоғарылататын идея болуы керек. Өз-өздерін осы жолда құрбан ететін

көптеген адамдары бар қоғам қашанда өркендеуге бейім болады (101.53б).

Незми Чора ұлттың өзін-өзі төменшік сезінуінен және айналысындағы һәм

әлемде болып жатқан оқиғаларға, ең бастысы, өз болашағына салқын-самарқау

қарауынан арылуының маңызын атап өтті. Ол ұлттардың өз ойларын тұрақты

түрде жоғары адамгершілік қасиеттермен тазартып тұруын, ұлттық идеологияны

сырттан таңылатын өзгелердің ықпалынсыз жаңғыртып отыруды ұсынды. Ұлт

мәртебесінің үнемі биікте болуы үшін рух бірлігі, мақсат ортақтығы керек.

Бүгінде түркі ұлты басынан талай қиындықтарды өткізгеніне қарамастан,

әлемдегі ең үлкен ұлттардың қатарында тұр. Дунай мен Балқан тауларынан

бастап Қытайға дейінгі аралықта сіздер тек қана түркілерді кездестіресіз.

Осынау ұлы кеңістіктің басынан ең шетіне дейін түркі халықтарының

жерлерінен өтесіз. Осынау ғажайып ұлттың жасаған істері оның алып бейнесін

зорайта түседі және ол тарихтың айдынына тағы шығады. Осының баршасы

осынау өлкелерге көз тіккендерді толғантпай қоймайды. Сондықтан олар түркі

ұлттарының бірігіп кетпеуі үшін қоятын кедергілерін күшейтіп, ең алдымен

осы халықтардың ынтымағы мен туыстығын бұзып, жоқ еткісі келеді.Осы

жолда олар түркі халықтары жайында арандатушылық материалдар таратып,

арандатушылық әрекеттер жасайды.

Түркі ұлттарының дамуы үшін кез келген түркі ұлты бірлікті, теңдікті және

нендей қиындықтар болсын бірлесе шешуді мұрат ұстанулары керек. Біздің

бірлігімізге қарсы арнадатушылық әрекеттердің басында жершілдік тұр. Өзінің

шындап дамуы үшін Түркі өзінің ұлттық абыройына, ұлттық болмысына қайта

оралуы керек (101. 64б).

Көктүріктік тамырлары тереңде жатқан ұлттық ойлаудың тұғырларына

сүйенген Незми Чораның шын жүректен шыққан сөздері ақиқат. Осынау

туындысымен Незми Чора әлемдік түркизмге сүбелі үлестер қосқанымен,

234

Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары

оның кітабының мұқабасындағы Түркия мелекеттерінің бірлесуі деген атаудың

дұрыс еместігін аңағартқымыз келеді. Өйткені, Түркі мемлекеттерінің бірлесуі

деген атаумен жоғарыдағы аттың айырмашылығынің бөлектігіне автор онша

мән бере қоймағанға ұқсайды. Әлем түріктері бір ғана мемлекеттің бастауымен,

басымдығымен құрылған бірлестікті өзге мемлекеттердің мойындамайтынын

жақсы біледі. Әлбетте, Түркия түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығында

үлкен рөль атқарады. Ол түркі тілдес елдердің қиын кезеңдеріндегі қорғаны да.

Дегенмен, Түркияның бірлескен мемлекеттері деген атаумен ынтымақтасуға

бірде-бір ел келісім бермейді. Түркияның өзі болса, түркі әлемі мен

халықаралық қауымдастыққа келгенде сындарлы саясат ұстанып, үстірт те қате

қадамдар жасаудан сақтанып отырады және ондай жаңылуларға бармайды.

Сондықтан Түркияның ресми саясаты өте анық. Онда болжамды ұстаным мен

түркі дүниесінің бірігуіне қатысты мақсаттар бар. Сондығынан мұндай шетін

көзқарастардан бойды аулаққа салған дұрыс.

Түркі дүниесінен тысқары жерлерде түркі мемлекеттерінің болашақ

одағын болдырмауға бағытталған шиеленіскен саяси-идеологиялық ойындар

ұйымдастырылуда. Осы жағдайда Түркияны бірлескен мемлекеттердің

орталығы түрінде меңзеуге жол бермеген жөн. Онсыз да батыстың сарапшылары

бүгінгі заманғы Түркияның түркі әлеміндегі және барша мұсылман дүниесіндегі

дағдарыстарды еңсеруге бағытталған сыртқы саясатына талдау жасай отырып,

негізінен мұны Осман империясын құруға талпыныс немесе османизм деп

түсіндіруде (216).

Демек, қазірдің өзінде халықаралық қауымдастықта аталған мәселеге

дұрыс көзқарасты қалыптастыру қажет. Түркі Мемлекеттері Одағын құру ісі

Түркияның ғана мұраты емес, барша түркі елдерінің бірлескен ықыласы мен

еріктері деп қараған жөн. Өйткені, мұның ақиқат екені шындық. Ол жағдайда

осынау бірлестіктің халықаралық құқық шеңберіндегі ынтымақтасуының

жүйеленуіне деген сенім де пайда болады.

Түркі әлемінің геосасаи кеңістігі кең де түрлі себептердің салдарынан

жаңғыруларға тап болса, бұл жерлердегі ұлттық саяси-идеологиялық

жүйелерде белгілі бір айырмашылықтар болды. Тарихи даму заңдылықтарының

шарттарына сай осынау геосаяси кеңістіктің Батыс және Шығыс қанаттары

қалыптасты. Түркі әлемінің геосаяси қанаты Шығыс бөлігі Моңғолиядан

бастап Каспийге дейін, яғни Орталық Азия деп аталып жүрген Түркістанды

құрайды. Ал Батыс геосаяси қанаты болса, Каспий теңізінен Балқанға дейінгі

аралықты алып жатыр. Бүгінде осынау екі қанатта да Түркі Мемлекеттерінің

Одағын құруға деген ықыластар күшті. Дегенмен де, осы бағыттардағы

жекелеген батылсыздықты, яғни өзге ықпалдастық үрдістеріне қосылуға деген

ықыластардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Осыдан барып түркі әлемін

біріктіру жолындағы интеграциялық жобалар мен бірлескен шараларда, әсіресе

235

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

бірлескен конституционалдануға кейбір түркі республикаларының қатыспай

қалатынын байқаймыз. Мысалға, 2012 жылы тамызда Бішкек қаласында өткен

Түркі мемлекеттерінің Ықпалдастығы Кеңесінің екінші Саммитінде түркі

мемлекеттерінің бірегей туы қабылданды. Түркияның сыртқы істер министрі

Ахмет Дәуітоглу тудың Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзербайжан

секілді түркі республикаларының, яғни төрт елінің мемлекеттік байрақтарын

көрсетеді деп атап өтті. Өкінішке қарай, осынау тарихи оқиғаға Түрікменстан

мен Өзбекстан қатысқан жоқ. Демек, осы екі мемлекет одаққа қосылғаннан

кейін Түркі елдерінің туын қайта қарауға тура келмекші. Түркі Мемлкеттерінің

Одағын құруға қатысушы мемлекеттер оның құрылуы кезінде өңірлік және

ғаламдық интеграциялық үрдістерге қатысты өз көзқарастарын анық та

айқын білдіруі керек. Егер Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру түпкілікті

және негізгі мақсат болса, ақиқатты айтудан жасқанбаған дұрыс. Біздер өз

ынтымақтастығымызға зиянын тигізетін өзге одақтық жобаларға кіріп, өзімізді

алдамауымыз керек.

Әрине, кез келген мемлекет өзінің егемендік құқығын мемлекеттераралық

қатынастарда пайдалануға құқылы. Бірақ Түркі Мемлекеттерінің Одағы мен

Түркі аймағының геосаяси еуразиялық кеңістігінің болашағы болса, оған

деген көзқарас нақты болуы шарт. Түркі әлемінің Шығыс және Батыс беттері

(Орталық Азия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан) - Кавказ

бен Кіші Азия (Әзербайжан, Түркия, Солтүстік Кипрдің Түркі Республикасы)

-баршасы бірегей саяси алаңда қимылдар жасауы керек. Егер саяи тұрғыдан

келер болсақ, түркі әлемінің Шығыс бөлігіндегі түркі республикалары өзара

өте жақын. Ал түркі әлемінің Батыс қанаты-Әзербайжан, Түркия және Кипрдің

Түркі Республикасы болса, Одақ құру мен оның болашағына қатысты

ортақ көзқараста. Демек, аталған бастапқы ортақ көзқарастар келісімі

түркі республикаларының арасындағы болашақ Одақ тағдырына қатысты

көзқарастарға қозғаушы күш және мықты таған бола алады.

Өзін Еуразияның көшбасшысы санайтын Ресей Федерациясы мүмкіндігінше

кешегі кеңестік елдерді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аясынан

шығармауға, ал шамасы жетсе, Еуроазиялық Одаққа тартуға қарманып қалары

сөзсіз. ТМД, КСРО ыдыраған соң, 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беловежье

Келісімімен құрылған болатын. Бүгінде Грузия мен Балтық жағалауы

республикаларынан басқалары, яғни кешегі кеңестік республикалар (ішінде

түркі республикалары да бар) сол ТМД-дан еш айырмашылығы жоқ Еуразиялық

Одақтың мүшелері. Еуразиялық Экономикалық Одақ Ресей, Белорусь және

Қазақстан арасындағы 2011 жылдың 12 қарашасындағы келісімге сай қалыптаса

бастаған еді. 2012 жылдың 23 мамырында Астана қаласында өткен Астананың

экономикалық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«Біздер 2025 жылға дейін Еуразияның экономикалық одағын құра аламыз»

236

Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары

-деп, Еуразиялық одақтың болашағына сенім білдірген болатын. Еуразиялық

экономикалық одақтың келешегін әлемдік интеграциялық бірлестік ретінде

қарастыратын Қазақстан Басшысы сонымен бірге түрлі саммиттерде түркі

тілдес мемлекеттердің де болашақ одағы жайлы батыл әрі мықты негізделген

мәлімдемелер жасауда.

Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған 2013 жылдың

ақпанында өткен Түркия мен Еуроодақтың экономикалық кеңесшілдік

комитетінің отрысында: «Біздер Еуроодақтың көтерген жүгін өзімізге

алмақшы емеспіз» - деп, мәлімдеді. Сонымен қатар Түркия басшысы

болашақта Түркияның да Еуроодаққа мүшелікке мүшеліке өтетініне батыл

сенім білдірді. Ердоған мырза да Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы секілді

Түркі әлемінің ынтымақтастығы үшін күресіп жүрген әлемдегі аса ықпалды

саясаткерлердің сапындағы ұлы қайраткер. Олай болса, бұл жерде келесі

таңдау туралы еріксіз ойланасың. Түркі әлемінің ең үлкен екі мемлекетінің

екі ұлы басшысының, яғни Түркия мен Қазақстан көшбасшыларының түркі

республикаларының арасындағы ынтымақтастыққа аса маңыз берумен қатар, өз

елдерін Еуроодақтың құрамынан көргісі келетінінде не сыр бар екен. Әлбетте,

Түркияның Еуроодаққа мүшелікке кіріп, Қазақстанның бүкіл Орталық Азия

елдерімен бірге Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуге қатысты қадамдар жасауы

кезінде түркі мемлекеттерінің одағын жүзеге асыру мүмкін бе? Бұл тұста сөзсіз

басым бағыт таңдалуы қажет. Еуразиялық одақ қаншалықты қызықтырғанымен,

Еуроодақ үлгісіндегі ынтымақтасу қаншалықты жеңіл болғанымен, олардың

ешбірі де ұлы түркі тарихының таң арайы тудырған түркі мемлекеттерінің

одағына жете алмайды. Қазіргі түркі мемлекеттерінің одағын құру жолындағы

айқын мақсаттар кезеңінде осынау тарихи миссияны жіберіп алмау керек. Бұл

кезеңдегі ынтымақтықты ыдыратпау мен ұйымшылдықтың іргесін нықтамау

Еуразиядағы замануи түркі ынтымақтастығын белгісіз күштердің ықпалына

беру арқылы түркі бірлігін кері кетіру деген сөз.

Түркі мемлекеттерінің бірлігін құру жолы көптеген өзекті мәселелерді

шешуді талап етеді және әлемдегі ұлы державалармен бетпе-бет келуді

қажет етеді. Бұл мақсатта сырт күштердің қарсылығына тойтарыс беріп, аса

үлкен күреске шығуға тура келеді. Сондықтан, Түркі мемлекеттерінің одағы

ең сенімді, болашағы берік одақ болады. Ол жағдайда елдеріміз Еуропа мен

Ресейдің ықпалынан арылады.Түркі мемлекеттерінің ертеңін кәміл сеніммен

басқару керек. Бұған қоса, осыған дейін түркі мемлекеттерімен нығайған

қарым-қатынастарды одан әрі бекітіп, дамуға кедергі болар барша бағыттарды

жіті анықтап алу керек. Баршамызды Түркі мемлекеттерінің одағына апаратын

саясатты одан әрі бекітіп, идеологиялық саясатты тұрақты түрде дамытып,

әрбір жаңа тарихи жағдайлармен сәйкес келетін жетілдірілген ғылымигуманистік

тұжырымдамамен алға жылжи отырып, жаңа саяси-идеологиялық

237

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

технологияларды іске қосу қажет. Ғаламдық басқарудың басты жетекшілік

мақсаты- ғаламшарымызда әскери басымдықтармен қатар идеолгоиялық

үстемдікке қол жеткізу болып табылады. Бүгінгі заманда мұндай артықшылыққа

қол жеткізу үшін идеологиядан бас тарту жоспарынан туындайтын саясаттарға

қарсы шаралар жасалуда. Бұндағы басты дәлелге өркениеттер арасындағы

қатынастардың асқынуы идеолгиялар арасындағы текетірестер идеологиялар

арасындағы қатынастарды екінші сатыға түсірді (262.53.125-122 беттер).

Осынау қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі - америка ұлтшылдығын

негіздеуге күш салып жүрген американ стратегі С.Р. Хантингтон: «Азияөркениеттердің

қайнаған қазаны (262.53.219 беттер). Анығын айтқанда, Азия

өркениеттерінің арасында ымырасыз соғыстар жүруде. Егер жағдай осылай

болса, Азия (болмаса өзге құрлық) түрлі өркениеттерге жататын мемлекеттердің

ұлттық идеологиясының «қайнаған қазаны» болып есептеледі. Идеологиялар

ұлттық мүдделерге орай өседі. Олар ұлттың еркі мен кемшіліктерін де көрсетеді

(236.57-13 беттер).

Қандай да бір халықаралық бірлестікке кірген ұлттық мемлекеттің

ынтымақтастығы барысында олардың идеологиясы әлсіремейді, қайта

белсене түсіп, икемділік машықтарына ие болады. Әлемнің көп өркениетті,

нешеме түрлі өркениетті ахуалдарында ұлттық мүдделер идеологиялары үшін

әрекеттер жасаудың ауқымды мүмкіндіктері ашыла бастайды. Сондықтан

түркі мемлекеттерінің одағын қалыптастыру үрдістері осынау қайшыласқан

ағымдардан тыс қала алмайды. Одақтастықтың саяси идеологиясы бүгінгі

заманның кейбір сапаларын алуы керек. Осыдан кейін ғана демократиялық

әлем бұл қадамдардың жасампаздыққа бағытталғанын және өздеріне пайдалы

боларына сенеді. Ал жас түркі республикалары болса, жетілген демократиялық

жүйелермен тең дәрежедегі қырым-қатынастарының оң нәтижелі қадамдарын

жетілдіріп, қызметтер істей берулері керек. Олар еуропалық демократияның

азиялық демократиямен синтезінің сәттерін көресетуі қажет. Әлбетте, бұл

оңай іс емес, неге десеңіз, осы уақытқа дейін Азия патриархалды қоғам ретінде

қабылданып келді. Сондығынан да демократиялық Түркияның Азияның саясиидеяологиялық

жүйесін жаңғыртуға қатысты ұстанымын әлемдік қауымдастық

түсіністікпен қабылдауда 203.90-93беттер).

Түркі тілдес мемлекеттердің одағын құру идеялогиясына қауіп төндіретін

себептердің ішінен Еуразияда көшбасшы болуға үмтікерлердің жоғарыдан

туғызар және діни-идеологиялық радикалды топтардың төменнен жасар

арандатуларын бөле жара атағанымыз жөн. Бұлардың екеуі де қатерлі. Бірі

аймақты әскери базалардың көмегімен бақылауға алуға тырысса, екіншісі

бірбеткейлік отын қыздырып, жанжал тудыруға тырысады. Олардың араласулары

Ауғанстандағы секілді өте қауіпті. Түркі әлемі осынау қақтығыстардың ұшқыны

өз аумағына келіп, ұшқыннан жалын қаулап кетпеуін қадағалауы

238

Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары

керек. Түркі ұлтының қажыр-еркімен құрылған «парасат империясы», әрине,

мұндайдың өз аумағында орыналуына жол бермейді. Сондықтан, «түркі

прагматизмі» түркі әлеміне бетперде жамылған ортағасырлық үстемдік пен

демократия киімін киген осы заманғы империализм құбыжығының кіріп

кетпеуіне қарсы тұрар қабілеттерін көрсетуі керек. Түркизмнің этикалықидеялогиялық

құндылықтарын дамыту мен қорғауда әлі де көптеген жұмыстар

жасауына тура келеді. Мысалға, орта ғасырдың сонау заманғы әубасында

Еуразия жаулап алған түркілердің бабалары туралы осы заманғы дәуірге

дейін олардың жақын және алыс көршілері жалаға толы тарихтар құрастырып,

ойға сыймайтын өтіріктер айтып, жалғандықтар таратумен келеді. Сондағы

мақсаттары - түркілердің адамдар мен халықтарға, әсіресе, армяндарға жасаған

өтірікке толы қатыгез өктемдігін елге жаюда қолдан келгеннің барлығын

жасуда. Олар бүгінде де сол «әндерінен» жаңылған жоқ. Адам айтса нанғысыз,

өзін Еуропаның ұлы санаткері санайтын, классикалық француз ағартушысы

Монтескье түріктерді ғаламшардағы ең оңбаған, нас адамдар санайды (124.г.

2.192 бет). Дегенмен, түркі халықтары жөнінде ақиқатты арқау еткен өзге де

пікірлер жетерлік. Мысалға азамзаттың ұлы перзенттері Низами, Гете, Пушкин

мен Лермонтовтардың түріктердің жан мен тән сұлулықтары жайындағы

сөздерін немесе оларға кереғар А. Вольтердің романтикалық қойылымдарын

еске алып, оның ақылға сыймайтындай сөздерін жадыға оралтып көрген дұрыс

шығар. Ол: «түркілер славян әйелдерінің аппақ тәндерін көргеннен соң, олардың

жамбастарынан бір түйір ет кесіп алып, жеп қойған екен...», деген сөздер айтты,

сандырақтапты../147.174-176 бет). Еуропалықтардың өздері де 1876 жылы

Ұлы Британия Парламентінде лорд Гладстонның сөздерінде де ешбір ақиқат

жоқтығын мойындайды. Лорд: «Түркілер адамзаттың адам емес кейпіндегі

жандары. Біздің мәдениеттеріміз мәңгі болуы үшін оларды қуу керек. Құран

барда, осынау қанды тағылық жер бетінде жасай береді »-деп, лағады ол (136.

59 бет). Осы сөздер иесінің Отаны - Британ империясы ғаламдық бодандықтың

іргесін қалап берген батыс империализмінің ақылға сыймайтын, адамдыққа

келмейтін ең сұмдық механизмдерін жасаған мемлекет. Бұл мемлекет адамзат

тарихындағы ең қанды зұлматты жасаған ел. Ол Австралияға жақын Тасмания

аралында өз отарын ұйымдастырып, 1833 жылы онда өмір сүріп жатқан байырғы

тұрғындарды аяусыз қырып, ондағы халықтан 300 ғана адам қалдырған

болатын (295.т.1.141-173 беттер).

Түркілерге жасалып жатқан келесі бір құйтырқы қиянат, түркі тілдес

халықтар көп тұратын Ресей Федерациясының орта мектептерінде оқытылатын

«Отан тарихы» кітабының 6-шы сыныптарға арналған басылымындағы

«Моңғол-татар басқыншыларының жыртқыштығы» атты картинасында

Вольтер қиялының басқа бір суреті берілген. Онда моңғол-татар тағылары

жебелер көмегімен адамдарды өлтіріп, қылышпен кескілеп, еттерінен кәуәп

239

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

жасап үлкен ықыласпен жеп жатқаны салынғаны бейнеленген. Ресейдің білім

беру министрлігі шындыққа мүлдем жанаспайтын осы суретті өз оқулығында

жариялап, шәкірттер санасына адамгершілік сезімдерін сіңіріп жатырмыз деп

қалай ғана ойлайды екен. Міне, осы заманғы Ресейдің өз еліндегі ағартушылық

жолының сиқы! Аса ауыр қылмыстар мен әділетсіздікке барғандар, әдетте

өз кінәларын өзгелерге аудара салуға бейім тұратынын тарихтан білеміз.

Ағылшындардың кең ауқымдағы зұлымдықтарын, армяндар да шағын

аяда болса да жасады. Түркі әлемінің тарихына, мәдениетіне, ұлты мен

мемлекеттеріне, Түркі Мемлекеттері Одағын құру ісі секілді ұлы жоспарына

қарсы жасалған осындай арандатушылықтар мен оған бағытталған барша

дұшпандық пиғылдардың бетперделерін уақытында ашып отыратын мезгіл

жетті.

Түркі дүниесінің көркемдік-эстетикалық, оның саяси-гуманитарлық әлем

халықтарына деген толерантты әмбебап идеологиясы адамзат баласының ең

тамаша құндылықтарының және рухани қазыналарының бірі. Бүгінгі заманғы

дәуірде халықаралық қауымдастықтың әділ де адал ойлы өкілдері түркі

өркениетін оған жасалып келе жатқан идеологиялық диверсиямен түркілік

өркениеттің мәнін салыстырар болса, жаңағы жалақорлық саясаттарға тіптен де

негіз жоқтығын мойындап, олардың тек қана сабынның көпіршігі екенін көрер

еді. Егер жаңағы жалақорлар айтқандай, бүкіл Еуразия аумағындағы ұлттық

дәстүрлер мен діндерді және мәдениеттерді де түркілер нәсілдік кемсітушілікке

салып,адамдарды кәуәп ретінде жеген болса, онда бүгінде аталған аймақтарда

түркі жұртынан өзге ешбір халық тұрмас та еді. Тіпті түркілердің аяқтарының

астында ұзақ уақыттардан бері шатылып жүрген армяндардың өздері де осы

біз қалай тірі қалдық екен деп, ойлана бастаса. Олар басқа жерлерге қарағанда

түркі өркениетінің алып кеңістігінде молынан тұрып жатқан жоқ па. Таласары

жоқ, түркілер соғыстар уағында да, болмаса, бейбіт өмір кездерінде де

өздерінің адамшылық қасиеттерін бәрінен жоғары қойған ел. Бұған Мұстафа

Кемел Ататүріктің өмір жолдары куә. Түркі дүниесінің ұлы қолбасшысы және

сардары тарихтағы ең сұрапыл соғыстарда өз ұлтын қорғап қала алды және

үнемі жеңістерге жетіп отырды. Измирге жеңімпаз әскерлерімен кірген ол

аяқтың астына тасталған дұшпан байрағын көтеріп: «Ту-ұлттың тәуелсіздігінің

белгісі. Оны сыйлап, дұшпандікі болғанына қарамастан, құрметтеу керек»,-

деген болатын. Бүгінде соғысушы тараптар бірінің-бірі туларын аяқтарына

таптап жатқанда, түріктің осынау ұлы қолбасшысының қадамдары өте-мөте

адамшылық және азаматтық ретінде көңілге ұялайды.Тіпті жауларымен

кездескеннің өзінде де Мұстафа Кемел Ататүрік түркі бекзаттығы мен нәзік

дипломатиялық дарынын танытқан болатын. Мысалға, француз генералы,

бірінші дүниежүзілік соғыста, Дарданелл түбіндегі Ататүрікке қарсы шайқаста

бір қолын жоғалтқан Гураға құрметпен қарап, былай деген екен: «Сіздің түркі

жерінде қалған даңқты қолыңызды елдерімізді жалғап жатқан қасиетті жәдігер

240

Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары

деп ойлаймыз (122.72 бет). Түріктің осынау ұлы қолбасшысы Ататүріктің

соғыста қаза тауып, шәйіт болған жауынгерлерін жерлеп болғаннан кейін осы

шайқастарда қаза болған өзге ұлттың сарбаздары жайында аталған шараға

қатысқан елінің қорғаныс министрінің көзінше: «осынау Елдің аумағында

қаны төгілген батырлар, Сіздердің рухтарыңыз достас елдің топырағында

мәңгілікке тыным тапты. Жандарыңыз жаннатта болғай» дегені тарихта қалды

(117.6 бет). Адамзатқа берілген ұлы баға деп осыны айтсақ керек. Жүздеген

сарбаздары әлемдік соғыста қаза тапқан армияның Жоғарғы қолбасшысы

мемлекеттераралық және адамзатаралық дұшпандық қатынастарының ең

бір шиеленіскен шағының шырқау биігінде осылайша қасиетті адамзаттық

сезімдерге ерік береді. Қолбасшылықтың, даналықтың және адамгершіліктің

бірлігін өз әрекеттерімен қалап берген Мұстафа Кемел Ататүрік жасақтаған

түрік армиясы бүгінгі әлемдегі ең қуатты қарулы күштердің сапынан саналады.

Бүгінде Түркі Мемлекеттері Одағын құрудағы аса маңызды әрекеттердің

қатарында Бірлескен Армия құру үрдісі екені рас. 2013 жылдың 23 қаңтарынан

Түркияның, Әзербайжанның, Моңғолияның және Қырғызстанның қатысуымен

бірлескен армия құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Баку

қаласында өткен әскери мәртебеге ие Құқық Қорғау органдары Еуразиялық

қауымдастықтың отырысында бірлескен армия құрудың алғашқы келісіміне қол

жеткізп, оның алғашқы қызметтері анықталып, оның алғашқы атауы ТАКМ-

(Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия) болып бекітілді. Ол саясат

саласында (түркі тілдес мемлекеттердің Саммитеріне, Түркі тілдес елдердің

ықпалдастық Кеңестерінде), гуманитарлық салаларда (түркі халықтарының

достық, бауырластық және ықпалдастық құрылтайларында), заң шығарушылық

саласында (түркі тілдес халықтардың Парламеттік Ассамблеясында) жалпы

түркілік идеологиядағы тұжырымдамалықты, ортақ бағыттылықты көрсететін

болады.

Түркі мемлекеттерінің Одағын құрудың жиырма жылдық идеясы мен

адамдардың, үйлестіру ұйымдарының және азаматтық қоғамдар жүйелерінің,

батыл азаматтардың, дипломат-прагматиктердің бір мақсатқа жұмылған

данышпан идеологтар мен көреген стратегтерің жанкешті еңбектерінен өзіміз

күресіп жүрген бірлесу идеясының негізінде, расында да мызғымас тұғыр

тұрғанын көреміз. Ақиқатын айтар болсақ, бұл мақсаттың отын сөндірер әлемде

ешқандай күш жоқ. Ал осынау ақиқатты баршаға жеткізушілер қатары өте көп

және олар бұлжымас мақсаттың тұғырында тұрғандар. Неге десеңіз, бұл идеяның

тағанында ұлы мемлекеттік дәстүрлер, жоғары адамгершілік қасиеттер,

ұлттың және заманның биік рухы, саяси этиканың құндылықтары, түркі

саясатының әмбебап дүниетанымы жатыр. Осы айтылғандар түркі

мемлекеттерінің одағын мызғымас бірлестікке айналдырып, оның қуаттарын

жеңілмес биіктерге көтеріп, бір байрақтың саясатын көтеріп, түркілердің

кемеңгерлік төзімдері мен данышпандық шешімдерін іске асыратын болады.

241

V ТАРАУ Мызғымас тұғыр негізінде

Түркілерді біріктіретін Түркі ынтымақтастығының идеологиясы туралы

айтқанымызда, дұшпандық пиғылдағы күштердің қисынға сыймайтын,

адамзатқа қарсы ниеттегі істеріне көңіл аударғанымыз дұрыс.Түркілер

идеологиясы екіжүзділік пен зұлымдыққа емес, ерлік пен жалпы адамзатқа деген

махаббатқа негізделген. Біздің жеңімпаз-көшбасышымыз дұшпанның туына да

құрметпен қарауға үндесе, дұшпандарымыз идеологиямызға қарғыс жаудырып,

туымызды аяқтарының астына басқысы келеді. Біздің идеологиямыздың

маңызды мақсаттарының бірі де бүгінгі заманғы Монтескеьлерге де осынау

айырмашылықты ұқтыру. Сондықтан, одақтастықты табысты дамытудың да

бір шарты осы.

242

VI ТАРАУ

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ

СТРАТЕГИЯСЫ

21. ЖАЛПЫ ТҮРІКТІК ГЕОСАЯСИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ

ЫРҒАҚТЫ ДАМУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Жер бетінде өркениет пайда болғанда немесе оның ерте дәуірінде мемлекеттер

тым аз болды да, олар соғыс пен саясат стратегиясын ғана білді. Мысалға,

көне гректерге антикалық Грекиядағы мемлекет-қалалардың қалыптасуының

алғашқы кезеңінде бұл қосарланған атқарымдылық стратегиясы өз

нәтижелерін берді. Неге десеңіз, Грекияның әскери стратегтері алдағы

шайқастарының тактикалық жолдарын ертерек белгілеп, сарбаздар шептерін

белгілеп, өз жоспарларының іске асуларының барша ендіктерін белгілейтін

болғандықтан, үнемі жеңіске жетіп отырған. Антикалық дәуір гректері

сонымен бірге, саяси стратегияларды да шеберлікпен пайдалана білген.

Грекиядағы одақтас қалалардың қалыптасуы тек қана дұрыс саяси стратегияны

қолдана білгендіктерінен еді. Осы тұрғыдан алғанда Еуропаны жаулап алған

түріктерді әскери және саяси стратегияның патриархтары деп айтуға болады.

Осынау терең стратегиялық талантты француз тарихшысы Рене Груссе ойдың

өткірлігінен деп бағалайды. Бұған қоса ол түріктердің уақыт координаттары

мен кеңістіктеріндегі көзқарастарының сұңғылалығынан дейді. Расында да

олар бүгінде өз болашақтарын сезініп, сол түйсіктерін кеңейте түсіп, өте-мөте

икемді қимылдар жасауда (241.148-151 бет).

Ғұндар дәуірінен бастап түркілер Еуразия жүрегінде әбден жан-жақты

ойластырылған әскери және саяси стратегияларды қолдана отырып, Еуразияның

жүрегінде ғана өз мемлекеттері мен империясының пантеондарын құра алды.

Бүгінгі замандағы түркі көрегендігі мүлдем жаңа тарихи миссияда, яғни

ынтымақтастық қызметін айғақтайтын Одақты құруымен көрінуі керек.

Сонымен бүгінде:

– Тәуелсіз түркі мемлекеттері өздерінің Одақ құруға деген ынталарын

интеграциялық қызметтерімен айғақтауда.

– Бұл интеграцияның негізіне жетекші бағыт ретінде саяси-экономикалық

ықпалдастық алынуда;

– Гуманитарлық-идеологиялық негізгі беталыс үрдістері біртіндеп барған

сайын тұжырымдамалық сапаға көшуде;

– Осынау негізгі беталыстар мен тәуелсіз идеялар мен бастамалар ойдағыдай

үйлесуде;

Өз мемлекеттерінің Одақты құрудағы нақты жолындағы қолдары жеткен

табыстарын түркі халықтары қолдауда. Бұл-Түркі Мемлекеттері Одағы –

түркілердің саяси дегдарлары ғана емес, сонымен қатар жалпытүркілердің де

қалауы екенін көрсетуде;

244

Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері

Сайып келгенде, бұл Түркі мемлекеттері одағының стратегиялық келешегін

айқындайтын белгілер үшін керек. Яғни бұл тұста стратегия тәтті қиял немесе

ізгі арман ретінде емес, Еуразияда бағзы замандардан бері тұрып келе жатқан

түркі халықтарының шынайы мақсаттарының бағдары ретінде көрініс беріп,

жалпы түркілік ерік пен ТМО-ның түбегейлі стратегиясы ретінде бірлік

тәжірибесінің негізінде қол жеткен берік стратегиялық параметр қалпында

басты мақсатқа айналып, келешектің теориялық-прагматикалық құрылымын

білдіруде. ТМО-ның түбегейлі стратегиясы түркі мемлекеттерінің жуықтама

стратегиясында үйлесімді мазмұнға ие болып, негізгі мақсаттарды біріктіруі

керек. Түркі Мемлекеттері Одағының стратегиясын, таяудағы және болашақтағы

мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын себептерді айқындау Еуразиядағы

геосаяси факторларды сараптау мен терең зерттеу арқылы ғана мүмкін.

Анығы сол, геосаяси себептер геосаяси стратегияны туындатып, өз кезегінде

геостратегия саяси стратегияны мазмұнға толтырады және оның жолдарының

баспалдақтарын айқындайды. Сонымен қатар әрекетерге қарсылық ретінде

міндетті қызметінің сапасына көшкен саяси стратегия геостратегиялық

параметрлерді түрлендіріп, алдыңғы қатарға геосаясттың тың үрдістері мен

оған қатысушылардың жаңа үйлесімін шығарады.

Егер түркі аумағының жаңа геосаяси өңірінің дамуына көз жүгіртсек, онда

тұрақтылық пен ырғақтылықты қатар сақтаған маңызды үрдістердің жүріп

жатқанына куә боламыз. Еуразиядағы геосаясаттың тарихи түрленуі түркілік

геосаяси өңір шеңберіндегі орталық организмнің тұрақты бекуінің себебі болып

отырғанын байқаймыз.Тіпті түркі этносының геолингвистикалық жіктелуінің

өзі түркі әлемінің шашыраңқы субьектілерінің арасында тілдердегі туысқандық

тамырлары үзіліп, жоғалардай жарықшақ тудыра алған жоқ. Замандардың сұрқия

желі қаншама сілкілесе де түркі ұлттары арасын байланыстырып тұрған түркі

тілдеріндегі ортақ тінді туыстықтың нәзік жібі үзілген жоқ. Осынау байланысты

түркілердің ұлы тарихы жасады. Оның бабалар өсиетінен құрылатын қисыны

да қуатты. Бұл өсиеттер түркі тілдері туыстығының мызғымас тұғыры – Орхон-

Енисей жазбаларындағы ескерткіштерде баян етілген.

Бүгінде жер көлемі Еуразиядағы Қазақстан Республикасынан Түрік республикасына

дейін созылып жатқан түркі әлемінің полифониясы өзінің алуан

түстілігімен бірегей жүйені құрап тұр.Түрік геосаясатының аймағы өзінің үндесу

табиғатында ең жоғарғы танымдық стратегиялық биікке жеткені соншалық,

өз болмысы мен айналадағы әлемді өзі жете танып, осыған орай келешегінің

де көкжиектерін айқын көріп отыр. Түркі геосаяси аймағының қалыптасуы

стратегиялық тұрғыдан қарағанда табиғи және үш кезеңге сабақтасады, Түркі

геосаяси аймағына кірігіп, түркі геосаяси құбылып, Түркі геосаяси жүйесі

Түркі мемлекеттерінің одағына айналады. Түрік этножағрапиясының барша

мемлекеттері мен халықтары ұзақ мерзімдік тарихи кезеңнің өне бойғы

жолында түркі геосаяси өңірін қалыптастырды.Тіпті түрлі империялардың

245

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

құрамында Түркиядан басқа жерлерде өмір сүрген басқа да түркі халықтары

бұл өлкелердің түркі әлеміне қарайтындықтарына күмән келтірмеген. Әлбетте,

аталған өңірлерді бөлшектеуге жасалған әрекеттер аз болмаған. Дегенмен

бұл қадамдар еш нәтиже бермеген. Алайда, түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік

алулары түркі әлемінің геосаяси жүйе ретінде қалыптаса бастауына жол ашты.

Бұл жолғы үрдістер егеменді түркі мемлекеттерінің еркімен оның геосаяси

өңірін бірегей саяси-экономикалық алаңдағы ахуалға жеткізіп, оны заңға сәйкес

жүйелік жағдайға жеткізуге қызметтер жасауда. Осынау тарихи үрдістер Түркі

Мемлекеттері Одағын жүзеге асыруға қажетті кезеңнің тарихи белесін бастан

кешуде. Түркі геосаяси өңірінің түркі геосаяси жүйеге ауысуы, Түркі геосаяси

жүйесінің Түркі Мемлекеттері Одағына ауысуы – бұл соңғы және шешуші кезең.

Бұл онымен қатар әлемде барған сайын кең құлашпен жүріп жатқан дүниежүзілік

ықпалдасу үрдістерінің маңызды бөлігі. Бұл өзгеру заңдылығының маңызына

одақтың құрылуы кезеңіндегі ғаламдық интеграция шарттарының бірлікке

қажетті ережелерінің дұрыс орындалуында жатыр. Әмбебаптық пен бірлесудің

үндестігі құрылып, жеке меншіктен жалпыға ортақтыққа көшу ырғақты геосяси

байланыстардың үш деңгейінде-Ұлттық (Түркі Ұлттық Мемлекеті), жалпы

түріктік (Түркі Мемлекеттерінің Одағы) және әлемдік (халықаралық одақ) өтеді.

Егемендік субьектілері бекітетін жүйелер халықаралық құқықтарда одақтың

мәртебесін алады. Ұлттық заңдардың халықаралық заңдармен себептес болуы

және олардың күшімен халықаралық ашық жүйелер құру (212.383 бет), доктрина

секілді бұйрықтылыққа жету, мемлекеттер мен ұлттың еркіндігін ғаламдық

саясат пен оның ұлттың мәртебесінде қабылдау-бұлар халықаралық құқық пен

халықаралық саясаттың ережелері мен тәртіптерінің түбегейлі ұстанымдары

(228.230-234 беттер). Неге десеңіз, ұлттық мемлекеттер халықтың ең жоғары

деңгейдегі мұраты мен еркіне және белгілі бір аядағы этнотарихи жағрапия

арқылы өз болмысына әлеуметтік-мәдени дамуды, дербес шаруашылығының

жетілуі мен материалдық- экономикалық өмір сүру салтын, дүниетаным мен

ұлттың идеологиясын тартады, сонымен бірге тұрақты түрде ұлттық энергиясын

таратады (236.57,91 беттер). Ұлт әлсірегенде, мемлекет те жоғалады, мемлекет

әлсіресе, ұлт та жоғалады. Бірін-бірі толықтырып, құрап тұратын мемлекет пен

ұлт мыңдаған жылдардан бері тарихтың саяси-мәдени атрибуттарының бастысы

болып келеді. Сондықтан да, тіпті көп ұлтты мемлекеттердің өздері де бүгінгі

заманда ұлттық сәйкестікті сақтап, дамытуға ерекше көңіл бөледі (262:242).

Халықаралық жүйенің геосаяси тәртібі ұлттық мемлекеттер субьектілерінің

қақтығысулары мен жарасуларынан туындайтын тарихи-саяси үрдістердің

барысында ерекше күйге түсетін өзара мүдделілік саласының негізінде

қалыптасады. Алайда ұлттық мемлекет қанша күшті болғанымен, ол

халықаралық жүйенің геосаяси пішім үйлесіміне сәйкес келетін тұсынан өзге

мемлекеттермен одақтаса отырып, өзара мүдделілік негізінде өз орнын алуға

246

Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері

тырысады. Түрік зерттеушісі Назми Чора атап өткендей: «Бүгінгі әлемде ұлттық

үкіметтерінің мүдделерін қорғай отыра, мемлекеттер халықаралық аренада

топтасу жолы арқылы Әлемдік саясатта салмақты рөль ойнауға тырысады...»

(101.138 бет). Интеграцияның табиғи және қажетті осынау уәжі бүгінгі заманғы

мемлекеттер одағы саясатының тұғырында тұр. Олар қаншалықты күшті болса

да, жеке өздерінің одақтас елдермен бәсекеде жеңе алмайтынын жақсы біледі.

Сондықтан да батыс өркениетіндегі мемлекеттер өздерінің геосаяси салаларында

өздеріне керекті одақтастық тіректі құрады. Осындай қажеттіліктен Солтүстік

атлантикалық альянс /НАТО/ пен Еуропалық Одақ /ЕУРОО/ құрылған болатын.

Егер, АҚШ пен Еуропа елдері секілді аса күшті дамыған мемлекеттердің

өздері де одақтастыққа мұқтаж болса, геояси қарым-қатынастар аса күрделі

де шиеленіскен жағдайдағы аймақтардағы одан әрі дамуға қажетті егемендікті

сақтауға керекті одақтастық маңызға ие бола түсері анық. Сондай-ақ, үлкен

әскери-саяси мүдделер қақтығысқан Еуразия аймағында да жағдай осындай. Бұл

жердегі, яғни түркі геосаяси аймағында жас та егемен ұлттық субьектілердің

одақтасуы олардың өмір сүру қажеттіктерінен туындауда. Мұндағы геосаяси

байланыстардың үш сатылы ырғақты жүйесі (ұлттық, жалпы түркілік, әлемдік)

тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық бірлікке бағытталған интеграциялық

қатынастарын, түркі ұлттық мемлекеттерінің жалпы түріктік одағын құруды

(бірінші деңгей), жалпы түркілік одақты жасауды (екінші деңгей), халықаралық

қауымдастыққа кірігу мұраттарын (үшінші деңгей) дамыта түсуде.

Енді Еуроодақтың мысалында тәуелсіз еуропалық мемлекетер мен Еуроодақтың

халықаралық ынтымақтастықтағы халықаралық істерге қатысуларын

талдайық. Демек, түркі геосаяси аймағының өзгеруі қаншалықты заңды деген

сауалға жауап іздеп көрелік. Ал түркі геосаяси жүйесінің – Түркі Мемлекетері

Одағының заңдылығы соншалық, оның үш деңгейлі даму жүйесі (ұлттық,

жалпы түркілік және әлемдік) халықаралық саяси жүйені нығайтудың құрамдас

бөлігі ретінде қарастырылады да, осынау диалектикалық заңдылықта ұлттық

деген ұғым геосаяси аймақта жаңа мазмұнды иеленеді. Еуропалықтар еуропа

геосаяси аймағында, ал түріктер түркі геосаяси аймағында ұлттық деген

ұғымды аса кең ауқымда түсінеді. Мысалға, Қырғызстан Проезиденті Алмазбек

Атамбаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапармен келгендегі

сөзін келтіре кетелік: «Біздің елдерімізді тарихи тамырлар біріктіріп тұр.

Біздер, түріктер (59) осы тұрғыдан қабылдануымыз керек. Қырғыз (болмаса,

кез келген түркі тілдес елдің өкілі) өзін түрікпін деп таныстыратын болса,

ол өз болмысынан түркі дүниесін көріп тұрса, ол осынау әмбебаптығын

таныта алады. Туысқандық тамырлары ортақ ұлттар нақты айтқанда, (Түркі

мемлекеттерінің одағы) өз одақтарын құрса, ұлттық одақтардың арасындағы

біртектектілік мына мемлекеттердің (түрік, әзербайжан, түрікмен, қазақ, өзбек,

қырғыз) шекараларын қамтып, жалпытүркілік ұлттың ортақ болмысын қалар

еді...» Түркі мемлекеттерінің одағын құру үрдістері кезінде ұлттық түркілік

247

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

деген ұғым азаматтық инабаттылықтың жаңа сапасына айналуы керек. Жүйенің

қалыптасуы жолында болатын өзгерістердің бір талассыз ақиқаты бар, мысалға

оның қалыптасуы барысында неғұрлым кедергілер көп болса, солғұрлым оның

қарсыласу әлеуеттері де арта түседі.

Соңғы жүз жылдықтарда түркі әлемінде болған жайттар осыған айқын

дәлел. Мысалға, өзге империялардың құрамында болған түркі елдерінде ұлтазаттық

қозғалыстар мен ұлттық идеология қалыптасты. Кейіннен олар табиғи

түрде жалпы түркілік тарихи-саяси алаңға – түркизмге айналды.Түркі әлемінің

геосаяси аумағы Отан мағынасына ие болып, моральдық аумағы- түркизм

идеясына бағыт ұстанды. Өз кезінде Наполеон: Елдердің жағрапиясы-олардың

тағдырларын айқындайды-деген болатын (283.362 бет). Жағрапиялық кеңдігі

мен түркі әлемі үшін Отан ұғымын орнықтырып, жер аумағының алуан

түрлілігі мен ландшафтық полифониясы түркі мінезінің саясатын анықтады.

Түркінің жағрапиялық аумағы түрлі себептермен бөлшектеліп қалған кездерде

жалпы түркілік Отан ұзақ уақыттардан бергі үнсіздіктен соң, генетикалық

сананың тереңдерінен оянып, тіл қатып, түркілік ұлттық рухтың бар болмысын

таныта бастады. Оның соқпақтары көмескілене бастаса да, түркілік рухтың

ізі қалды. Бұл түркілік ұлы жолдың сорабы еді. Сол сорап қайта табылды.

Бұл түркілердің үлкен жолы. Сондықтан да, түркі мемлекеттері мен оның

халықтары тәуелсіздіктерінің алғашқы күнінен-ақ, осынау үлкен жолда бірігуге

бет алысты. Бұл жолдағы жұмыс үрдістеріне түркі геосаяи өңірі түркі геосаяси

өңірін бетке ұстап жетекшілік етуде. Егер Наполеонның жоғарыдағы сөзін

өзімізше тұжырымдар болсақ, Түркі Мемлекеттері Одағын құру түркі әлемінің

жағрапиялығы арқылы оның тағдырын айқындайтын болады.

Еуразияда жүріп жатқан ырғақты үш тұғырлы жүйедегі (ұлттық, жалпы

түріктік, әлемдік) геосаяси үрдістердің негізінде алғашқы сыртқы және ішкі

саясатты ұйымдастыруды тұңғыш рет мемлекеттің құрылысында Әзербайжан

Республикасы пайдаланды.

Мұны біз тарихи жетістік ретінде мақтан етеміз. Республиканы құрушылар

мемлекеттіліктің ұлттық дәстүрлеріне сүйеніп, түркі әлемімен тарихи

байланыстарды жаңғырту және халықаралық қауымдастықпен қарымқатынастар

орнату қызметтерін жинақтай отыра, ғаламдық өркениет дамуының

арнасына түсуге бағыт ұсады. Әзербайжан Халық Республикасы Ұлттық

Кеңесінің Төрағасы Мамед Эмин Расулзаде еліміз парламентінің бірінші

отырысында туған түркі тілінде сөйлеп, былай деп мәлімдеді: «Бір ұлт тәуелсіз

және еркін болуы керек. Сосын тәуелсіз болғаннан кейін өзге ұлттарға да

өздерінің көңіл қалаулары таңдаған осындай одақты ұсынуы тиіс. Әлемнің

барлық ұлттарын халықаралық бірлікке әкелу-бұл біздердің ең құнды да,

қасиетті мұраттарымыз» (2). М.Э.Расулзаде мен өзге де республикашылдар

Әзербайжанды үлкен гүл шоғындағы бір тал гүл есебінде санап, өз күштерімен

Әзербайжан мен Түркияның арасындағы байланыстарды одан әрі ең биік

248

Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері

деңгейлерге көтеруге мүдделілік танытып, сайып келгенде әзербайжан жалпы

түркілік және әлемдік қарым-қатынастардың квинтэссенциясын бөліп көрсетті.

Соңғы жүз жылдағы осындай қуаттардың өсе түсуінің жалғасуы, оның ішіндегі

бүгінгі егеменді ұлттық субьектілерді ғаламдық ынтымақтасу үрдістермен

қатар халықаралық бірлікке бастауы бірегей интегралдық жүйедегі Түркі

Мемлекеттері Одағының өз дербестігінің жолдарын табуына жол ашуда.

Егер түркі геосаяси өңірінің, оның Түркі Мемлекеттері Одағына өзгеруі

үстірт те болса, көз салсақ,бұндай мүлдем қарама қарсы сценарийлер Еуразияның

тарихи дамуының қисынымен қабыспайды. Неге десеңіз, геостратегиялық

тұрғыдан қарағанда ең алдымен Түрік Республикасынан Қазақстан

Республикасына дейінгі оның геосяси жер бедерінде түркі мемлекеттері

одақ құра алмайды, қайта ол одақты Еуразияда құрады. Бұл тұста үлкен

мүмкіндіктерге Ресей мен АҚШ ие де, Қытайдың мүмкіндігі оларға қарағанда

аздау болса да, олар өзге мемлекеттермен одақ құрудың әлеуетті орталықтарына

айналуы ғажап емес. Өңірлік мемлекеттер болса, екінші дәрежедегі елдер

ретінде болса да, Еуроодақтың құшағына енуге құмар. Еуразиялық Одақтың

шығысқа қарай кеңеюінің (егер, бұған Ресей мүмкіндік беріп, АҚШ пен Қытай

бөгет жасамаса) барынша жұмсақтау үлгісіне өңірлік мемлекеттердің ЕО-ның

құшағына екінші дәрежедегі елдер ретінде енуін, болмаса, ең нашар деген жолы

– демократиясы әлі қалыптаспаған елдердегі радикалды теократиялық күштерді

топтастырып, үшінші санаттағы субьектілер ретінде Еуроодаққа енуі дер

едік (298.127-150 бет).

Бір немесе бірнеше түркі мемлекеттері мен елдері түркілердің геосаяси

жүйесін ыдырату мақсатында өте бір әдемі декларациямен түркілерге қарсы

жауыққан альянстарға тартылуы мүмкін. Осы жағдайда батыс (Кавказ

бен Кіші Азия) және шығыс арасында (Орталық Азия), Каспий бассейіні

өңірлерінің, дәлірек айтар болсақ, Батыс және Шығыс түркілік өңірлердің

арасында жік пайда болуы мүмкін. Осы нұсқалардың баршасын жобалау

мен оларды жүзеге асырудың мақсатында түркілердің өздерінің атақоныс

жерлеріне қатысты сенімді сөздерінен бас тартуы керектігінің емеуріндері

жатыр. Шындығында да, егер түркілердің жерлері Еуразияда болса, онда

түркі мемлекеттері өз одақтарын құру ісін созбаққа салып немесе осы жолда

батылсыздық танытып, ынтымақтарын ыдыратуға, өзге одақтарға кіруге бет

алар еді де, қауіпті бағыттарынан кенеттен айнып, бас тартар еді. Еуразияда

болған түрік мемлекеттері орта ғасырларда осы себептермен де өздерінің

басымдықтарын жойып алған еді. Феодалдық соғыстардан шаршап, қажыраған

түріктер өз араларында тұрған таулар мен өзендерді шекара есебінде көре

бастаған. Ол замандарғы мемлекеттерді біздер аталған оқиғалар тізбегінде

Еуразияның тарихи дамуыныа кереғар қалыпта байқаймыз. Геостратегиялық

тұрғыдан алғанда мұндай халде егер жер аумақтары Түрік Республикасынан

Қазақстан Республикасына дейінгі өңірлер ретінде мойындалса, онда түркі

249

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

мемлекеттері өз одақтарын емес, өзге саяси жобалар мен альянстарға барар

еді, бұл жерде Ресей мен АҚШ, аз да болса Қытай өз тараптарынан қуатты

орталық жасауға ықпалдарын күшейтер еді. Жалғыз қалып, бытыраған

түркі әлемі дұшпандарының қолына оңай түсті. Жаңа замандағы түркі

мемлекеттеріне құлдилау мен құлдырау, бытырау мен дағдарыстар тудырған

осынау тарих берген қиындықтар сабақ болуы тиіс. Тәуелсіздік әперген өңірлік

ынтымақтастың басымдықтары мен замануи көзқарастың айқындаушылығы

түркі қоғамына қазіргі әлемдік үрдістерге сабырмен, сарабдал ақылмен қарауға

үйретеді. Олар Еуразиялық түркілік жүйені геосаяси жүйеде өзінің табиғи

жағдайында құрылымдаудың альянстардың өзге нұсқаларына қарағанда қажет

екенін және оның болашағы зор екенін ашық көріп, аңғарып отыр.

Әрине, бірлік жоқ жерде бұған қарама қарсы жолдар керек болар. Оның ең

нашар нұсқасына түркі мемлекеттерінің жалғыз қалуын жатқызуға болар. Түрлі

саяси жағдайларды теріс пайдаланушылар түркі мемлекеттерінің төңірегін

ұялы қасқырлардай торуылдауларын әлі қойған жоқ. Жалғыз қалғандарды

олар осыдан бұрын айтқанымыздай, талауға түсіріп, жерлерін қанға бөктеруді

әлі қойған жоқ. Тап осындай ауыр халге Ирак пен Ауғанстан және байлық

пен мұнай дариясында жүзіп жүрген араб әлемі де түсіп, туысқан Ирак пен

Ауғанстанға көмек қолын соза алмай отыр. Жасыратын не бар, бүгінгі ислам

әлеміне жік түскен, бірлік жоқ, алауыздық басым. Орта Азиядағы шиеленісті,

тұрақсыз ахуалдар әлсіз мемлекеттерден көрші елдерге тарауы әбден мүмкін.

Мұндай қатерлі белдеулер Солтүстік Кореядан Иранға дейін созылып жатыр.

Түркінің геосаяси өңірлері оңтүстігінде осынау қауіпті жолақтармен қанаттас

болса, солтүстігінде Ресейдің ұстамсыз белдеулерімен көршілес тұр.

Өзінің империялық ойларынан арылмай отырған Ресей қайткен күнде де түркі

геосаяси жүйесін бұзып, одан ыдырағандарды Еуразиялық Одаққа тартуға

тырысады. Өзінің геосаяси көлемінен бір қарағанда шағындау көрінгенімен

Ресейдің өзінің Кавказ бен Орталық Азияға қатысты жаңа талаптарынан

байқалып тұрғандай, оның кешегі ағалық мәртебесінен айырылу ниеті жоқ.

Өздерінің аумақтық және демографиялық мәселелерімен бетпе-бет қалып

отырған Қытай, Жапония және Корея, олардан сәл әріректегі Үндістан да

Еуразияның халық аз тұратын аумақтарына елдерін қоныстандыруға талап

қылулары әбден мүмкін.Түркінің геосаяси аймақтары жан-жағынан төніп тұрған

осындай қауіптерден қорғануға мәжбүр және мүмкін қатері бар демографиялық

экспансияға тосқауыл қоюға әзірленуі керек.

ХХІ ғасырда ғаламдық деңгейлерде геосаяси мүдделер құру мен өздерінің

геосаяси жобаларын ғаламдық саясаттың құбылған жағдайларында белсендіре

түсу (240.3-20б) Еуразияның ішкі ахуалдарынан анық байқалып отыр және

олар бүгінгіден де шиеленіскен қатерлі жағдайларға апаруы мүмкін. Болжаулар

көрсетіп отырғандай, ғаламдық және өңірлік одақтар ғаламдық бәсекелестіктегі

күштердің теңгерімдерін басқаруға, өздерінің жағымды орталықтарында

250

Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері

геосаяси мүдделерге сай өмірге күшті одақтастық саясаттарын енгізуге

қабілетті. ХХІ ғасыр – Жалғыздықтың емес, Одақтастықтың ғасыры.

Осынау ақиқаттың келешегі бүгіннің өзінде айқын көрінуде. Түркі өңірінің

мемлекеттері Еуразиядағы геосаяси қарым-қатынастардың дамуына бағытталған

оң қадамдар мен теріс әсерлерді де мұқият салмақтап, таразылап және де

Түркі мемлекеттерінің Одағын құру ісіне қарсы келетін барша әрекеттерді өзге

бауырлас елдермен бірлесе жойып отыруға міндетті. Еуразияның тарихындағы

соңғы 3 мың жылда Түркілік Саяси таланттың арқасында ғұндарды,

көктүріктерді, түркі-моңғолдарын, Сефевидтерді, Моголдарды шығарған жүзге

жуық мемлекеттер, он алты империя ХХІ ғасырда да болашақтың жеңілмес

саяси одағы – Түркі Мемлекеттері Одағын алдыңғы сапқа апаруы VШ деңгейлі

геосаяси байланыстардың (ұлттық, жалпы түркілік және әлемдік) түріктік

этносаяси ырғақты дамып келе жатқан саласын осынау Одақтың қалыптасуы

бағытына бастап, кейіннен оның халықаралық қауымдастыққа енуіне жол ашу

керек. Түркі Мемлекеттері Одағының оңтайлы стратегиясы оларды ғаламдық

саяси жүйелендірудің ең жоғарғы деңгейіне тек қана одақтастық мәртебесінде

ғана көтеруі керек. Бұл тек қана түркі мемлекеттері геосаяси байланыстарының

ырғақты да жүйелігіне ғана тәуелді болады. Осынау байланыстардың жүйелілігі

дегеніміз, өзара және халықаралық ауқымдарда да байланыстарын орнатқан

бұл мемлекеттер өзара үйлестіріліп отыратын байланыстарының тұрғысынан

жұмыстар жүргізулері керек. Түркі одағының ақиқаты байланыстарды

үйлестіріп отыру болмаған жағдайда қандай да бір ынтымақ жайында сөз етудің

мүмкін еместігін айғақтайды.

Егер геосаяси байланыстар жайында сөз етер болсақ, оны икемділігі мен

серпінділігі ұстанымдар ретінде осынау байланыстардың өзегінде болуы

тиіс. Егер осынау тәртіп сақталмаса, онда түркі одағы өзінің мұраттарын іске

асыра алмайды, тіпті халықаралық геосаясатпен қатар дами алмайды да. Түркі

мемлекеттерінің геосаясаттарына келер болсақ, олар байланыстардың жүйелілігі

мен ырғақтылығын алдыңғы қатарда ұстауы қажет. Түркі мемлекеттерінің

консенсусы осыны талап етеді.

251

252

22. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫТҮРКІЛІК ҰЙЫМ...

Түркі әлемін бірлікке бастайтын үрдістердегі маңызды бағыттардың бірі түркі

мемлекетеріндегі және әлемдік деңгейлердегі жалпы түркілік қызметтердің

бағыттарын көрсетудегі жұмыстарды үйлестіру және олардың ортақ нысаналық

мақсаттарын анықтап отыру болып табылады. Олардың ойға алған іс-қимыл

әрекетіне көшудегі Түркі Мемелекеттері Одағын құру идеясының алаңына

ауысуы өздеріне әрекеттер аясының ауқымды шеңберлерін құрады. Қазірдің

өзінде патриоттықтықтың нышандары мен түркіліктің адамшылық қасиеттерін

молынан сіңірген санаткерлік белсенділер мен саяси көшбасшылардың және

ел азаматтарының бірлікке бет алған қызметтері уақыт өткен сайын ақиқатқа

айналуда.

Әрбір түркі еліндегі тиісті ұйымдардың әлемдегі жалпы түркілік ұйымдармен

байланыстары халықаралық деңгейлермен қатар ұлттық және халықаралық

көлемде де өте қызғылықты сырт пішін үйлесімін құрап, халықаралық та,

ұлттық және жалпы түркілік деңгейлерде де түркі дүниесінің ортақ көкейкесті

мәселесіне деген көзқарастарды шоғырландырып, олардың барша қызметтерін

осы бағытқа топтастыруда. Былайша айтқанда, бүгіндегі назарға ерекше іліккен

түркі халықтары үшін тағдыршешті мәселеге айналған Түркі Мемлекеттері

Одағын құру және осынау ұлы идеяны жүзеге асыру күн тәртібіндегі аса

маңызды шаруаға айналып отыр. Жалпы түріктік ұйымдар қадам басқан

сайын осынау мақсаттарына жақындай түсуде. Біздің көз алдымызда түркі

әлемінің бүтін болмысын танытатын көріністер достық съездері, түркі

халықтарының бауырластығы мен ықпалдастығының жиындары секілді

арнайы шаралар арқылы айқындала түсуде. Түркі тілдес елдердің мемлекеттік

басшыларының жоғары деңгейлердегі жүздесулері, әлемдегі Әзербайжан

мен түркі диаспоралары ұйымдары жетекшілерінің форумы, мүлдем тәуелсіз

бастамашылардың күштерімен жобаланып, бүгінгі күндегі жалпы түркілік

ұйымға айналып, атқарылған жұмыстарымыздың жүйелі көрсеткіштеріне

айналған жалпы түріктік ұйымдар келешектің түбегейлі мақсаттарын көрсетіп

беруде. TURKPA-Түркі тілдес халықтардың Парламенттік Ассамблеясы,

TURKSOY-Түркі Мәдениетінің Халықаралық Ұйымы, TDAY-Түркі әлемінің

зерттеу қоры, TIKA-Үйлестіру мен Ықпалдастық жөніндегі Түрік Агенттігі,

SSAY–Осси Мармара Тобы, TXUA-Түркі Халықтарының Бүкіләлемдік

Ассамблеясы, TSAM –Түркі өркениетінің зерттеу орталығы, TUDEY–Түркі

мемлекеттері мен қоғадарының достық, туысқандық және ықпалдастық

орталығы, TDBB-Түркі әлемі муниципалиттерінің бірлестігі, BTH–Ұлы Тұран

Қозғалысы, TDSDF-Түркі тілдес мемлекеттердің саясаттарын қолдау қоры,

TASAM–Стратегиялық зерттеулердің түрік-азиялық орталығы, AAYB-Еуразия

жазушыларының одағы, TDYSY – Түркі әлемі журналисттерінің бірлестігі,

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

DGTYB-Әлемдегі жас түркі жазушыларының бірлестігі, DTOCFB-Әлемдік

түркілік туысқандық қауымдастығының бірлестігі, DTCAT-Түркі жастарының

бірлестігі ұйымы және басқалары өздерінің түркі мемлекеттеріндегі және өзге

де шетелдік елдердегі қызметтеріндегі түркілік бастамашылықтың ауқымының

қаншалықты кең екенін танытып келеді.

Түркі мемлекеттерінің бірлестігі жөніндегі идеяны жақтаушылар өз

елдерінде немесе әлемнің кез келген түкпірінде өздері құрған түркілік

ұйымдардың көмегімен тарихи уақыттарды насихаттап, бүгінгі күндерде

де түркі халықтарының сарқылмас рухани және материалдық қазыналары,

алуан түрлі және жағрапиялық жағдайларының нешеме алуан климаттары

қақында, мемлекеттік және ұжымдық тамаша дәстүрлері, ғылыми және

білімдік қабілеттері туралы жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықаралық

қауымдастықты ынтымақтастыра түсіп, жасампаз, шығармашылық еңбектерге

бастайтын бейбітшілікті және адамгершілікті қадір тұтқан сезімдермен

жалпытүркілік ділге қатысты толыққанды пікірлер қалыптастыруда. Осыдан

20 жыл бұрын түркі республикалары тәуелсіздіктерінің алғашқы жылдарында

батыс ғалымдарының күш біріктірулерімен жазылған «Әлемнің түркі

халықтары» кітабында Еуразиядағы түркі мемлекеттері мен түркі әлемінің

жалпы алғанда біртұтас этножағрапиялық түпнегізді құрайтыны және олардың

бірігуі болмай қоймайтын ахуалдар екені жөніндегі идея алдыңғы орынға

шығарылған. Бұл олардың халықаралық деңгейлерде жүзеге асатынын (308)

айтқан зерттеушілер қателеспеген еді. Өйткені, өткен 20 жыл түркі әлеміндегі

ынтамақтасу үрдістері болжамдардан да асып кетті. Тиісті ұйымдық қадамдарда

бұл үрдістер өзінің шапшаңдығымен әйгілене бастады. Бүгінде осынау

үрдістер түркі мәдениетінен бастап диаспоралық жүйелерге дейінгі арналардан

бастап, көптеген бағыттардағы бірлесу қызметтерінің шоғырлануына әкелуде.

Диаспоралық қозғалыстардың тіпті мемлекеттер аралық қарым-қатынастарға

тікелей ықпал етіп, халықаралық саясатқа ықпалды қозғау сала алатыны мәлім.

Халықаралық деңгейдегі Кипр проблемасына Түркі диаспорасының лоббиі

(226.412-418 беттер) бірнеше рет қатарынан өзіне назар аудартқан. Жаулап

алушылардың ұрпақтар: «Түркі әлемінің жаңа өрлеуі» атты тамаша туындының

авторы Хью Поуп пен «Христиандық мұхиттағы Түркі аралдары» (292.281-

287б, 361-368,369-379 б) кітабының авторлары батыстың өз ішінде түркі

әлемінің мүдделерін қорғаудағы өз парыздарын лайықты орындауда.

Жалпы түркілік ұйымдарға әлемдік деңгейлерде аса күшті саяси қолдау

көрсетіп келе жатқан, сөз жоқ, түркі халықтарының осы бағыттардағы асыл

мұраттарын іске асырып жүрген мемлекет басшылары екені талассыз. Түркі

Мемлекеттері мен қауымдастығының 2007 жылдың қараша айында өткен

Түркі халықтары мен қауымдастықтарының достығы, туысқандығы мен

ықпалдастығының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Әзербайжан Республикасының

Президенті Илхам Әлиев түркі мемлекеттерінің бүгінгіден де тығыз топтасуы

жолында жалпы түркілік ұйымдар мен жалпы түркілік ұйымдарға барлық

253

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

жолдардың ашықтығын ерекше атап өтті. Ол сол жиналыста төмендегідей ойлар

айтты: Осынау сьездер мен шаралар бір ғана мақсатты-түркі әлемін бұдан да

тығызырақ ынтымақтастыру,өзара байланыстар мен әлемдік сабақтастықтарды

бүгінгіден де нығайта беруді көздеуі керек.... Бұл, әлбетте, баршаның мүдделері

үшін. Егер біздің бірлігіміз күшейе берсе, онда әр түркі мемлекетті де өзінің

ұлттық мүдделерін еркін қорғай алады (13.363 б). Мемлекет Басшысы

Әзербайжан және Түркі диаспоралары жетекшілерінің 2007 жылдың наурыз

айында Бакуде өткен бірінші форумында көтерілген мәселелерге назар аудара

келе, бұл кездесудің түрік және әзербайжан диаспораларын біріктіруде маңызды

рөл атқарғанын атап өтті: «Қазіргі уақытта барлық елдердегі түрік және

әзербайжан диаспоралары біресе қызметтер атқарып, бірге жұмыс істеуде деп

айтуға әбден болады. Олар сондай-ақ, біздерге қарсы бағытталған және өзімізді

де алаңдатып отырған шараларды болдырмауға арналған қадамдарды да бірлесе

атқаруда. Сөйтіп, олар бір-бірлерінің мүмкіндіктері мен ұйымдастырушылық

қабілеттерін дұрыс пайдалануда. Кей кездерде олар біздерге қарсы жүргізілетін

әділетсіз науқандардың алдын алуға қатысты өте бір негізделген ұсыныстар

жасайды. Егер біздер күшті бола түссек, біздің ақиқатымыз да қуаттана түсетін

болады. Онда біздің сөздерімізді де естіп, онымен санасатын болады. Олай болса,

біздің бірлігіміз елдеріміз болашағының басты кепілі және біздің күшіміз де

осында жатыр..» (13.366-367б). Сол сьезде сөйлеген сөзінде Түркияның Премьер-

Министрі Реджеп Тайып Ердоған Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевтің

сөзін қолдап, аталған ұйымның түркі әлемінің, ғаламдық ынтымақтастықтың

бірлігіне қатысуының толықтай қисынды екенін, осылайша бейберекеттіктен

аулақ болып, тәртіп пен реттілік ахуалын алуына жол ашатынын атап өтті.

Түркі әлемін ынтымақтастыққа бастайтын жаһандану жобаларының

үрдістеріне барлық тусқан елдердің қатысуы және бірлесе ой қорытып, әлауқаттың

өсуіне, өңірдегі ынтымақтастық пен тұрақтылыққа баға беру үшін

аса кең ауқымдағы ашықтық керек. Өйткені, соңғы съезде атап өтілгендей,

ағылшын тілді, француз тілді, испан тілді елдер бір тіл мен бір мәдениет

төңірегіенде қарым-қатынастар құра бастаса, біз де сыртқы саясаттардағы

жұмыстарымызды осындай бірлескен үлгіде ұйымдастыруымыз керек. Біздің

тамаша тілімізде сөйлейтін түркі тілдес мемлекеттердің тұтастығы біздің

халықтарымызды халықаралық деңгейлерде қорғауға, сондай-ақ, бейбітшілік

пен тұрақтылықты бекіте түсуге мүмкіндіктер береді. Осы аяларда біздер

бір тіл бағытындағы жұмыстарымызды күшейте түсуіміз қажет. Біздің ортақ

тарихымыз жазылған жаңа мәліметтер мен осынау ортақ тарихымызды

оқулық ретінде зерделеуге қатысты негіздегі бүгіндегі бар тақырыпты еске

сала кетелік. Түркі республикалары арасындағы кез келген ынтымақтастықты

институционалдық үлгі ретінде қабылдайтын уақыт келді. (Дж.Ф.) 87.372 бет).

Ақиқатында, өткен қысқа ғана мерзімде жалпы түркілік ұйымдарда, әсіресе

диаспоралық қозғалысты жандандыру мен байланыстарды күшейтуде, әлемнің

өзіне түркілік көзбен қарап, түркі әлемін танып, оның халықаралық жүйеде

254

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

қандай орын алуын анықтауда айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазір әлемдегі,

әсіресе батыс елдеріндегі Әзербайжан мен Түрік диаспоралары осынау екі

ел мен түркі әлемінің жалпы алғандағы мүдделерін қорғаудағы және осынау

қызметке өзге де түркі диаспораларын тартып, әлемдік көлемде жалпы түркілік

ұйымдарға жаңа тыныс беру бағыттарындағы тұжырымдамалық жобаларды

іске асыруға оңтайлы мүмкіндіктер тудыруда. Әлемнің түрлі елдерінде тұратын

әзербайжандардың ұйымын құрудағы маңызды оқиғаның бірі, 2004 жылы

Германияда, Берлинде Еуропа Әзербайжан Конгрессінің құрылуы болды. Оған

дүние жүзінің 28 елінен, атап айтқанда, Ресейден, Украинадан, Беларустан,

Молдовадан, Швециядан, Швейцариядан, Норвегиядан, Даниядан, Франциядан,

Голландиядан, Австриядан, Болгариядан, Румыниядан, Венгриядан, Бельгиядан,

Финляндия мен Германиядан сайланған әзербайжан диаспорасының өкілдері

Еуропа Әзербайжандары Конгресінің ұжымдық мүшеліктерін құрады.

Өңірлердегі әзерилердің ұлттық-мәдени дәстүрлерін, қорғап, олардың

әлеуметтік және саяси-құқықтық мүдделерін қорғау Конгресстің негізгі

міндеттеріне жатады.ЕӘК-нің тағы бір міндетіне Әзербайжан, Қазақстан,

Кавказ бен Каспий аймақтарымен байланысқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын

қолдап, қорлар және зерттеу институттарын, кітапханалар мен мұрағаттар

құрып, Еуропаның,ТМД-ының және өзге де аймақтардағы жұмыс істеп жүрген

әзербайжан диаспораларымен ықпалдасу, қызметтер істеу болып табылады. Бұл

тұста Еуропадағы түркілердің көбеюіне және олардың ынтымақтарының беки

түсуіне Германия Федеративтік Республикасы мен Түрік Республикасының

1961 жылы еңбек миграциясы жөніндегі Келісімге қол қоюлары айтарлықтай

ықпал еткенін атап өткен орынды. Саяси партиялардың сайлау науқандарында

түрік диаспорасын өз электораттарына тарту жөніндегі (бүгінде Германиядағы

түріктер саны 2 миллион 637 мыңға жетті) және түріктердің осындағы

диаспорасын Германия халқының бөлінбес бір бөлшегі екенін ел басшылары

мен саяси элитаның қабылдауын талап еткен бастамалары аса құнды болды.

Түріктер Германияның барлық қалаларында, яғни Берлинде, Боннда,

Гамбургте, Штугартта, Майндағы Франфургте, Кёлньде, Кёнигсбергте,

Дюссельдорфте және Германияның өзге де қалаларында тұрып жатыр. Белгілі

фирмалар мен ірі компаниялар Германияда түрік кәсіпкерлерімен әріптестікке

көшіп, олардың бірлігі мен тәжірибелерін өз істерінде пайдалануда. «Ең ірі

шетел капиталы» мәртебесіне ие түрік бизнесмендері өздерінің этникалық осы

атағын ақтап, Германиядағы аса ірі жеке меншік капиталға ие этникалық қауым

саналады. Германияны өздерінің екінші отаны санайтын түрік диаспорасының

өкілдері спортта, медиа, ақпарат технологиялары мен банк салаларында ғана

емес, ғимараттарды жобалау мен құрлыстарын салуда, ғылым мен денсаулық

сақтау істерінде де белсенділік көрсетуде. Германиядағы түрік диаспорасы

өзінің ұлттық болмысын, дәстүрлерін, мәдениеті мен өзіндік ас-ауқаттар

дәстүрлерін және дінін көздің қарашығындай берік сақтап отырған негізгі

диаспора саналады. Осындағы түрік зерттеу орталығының мәліметтеріне

255

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

қарағанда, түрік сайлаушыларының қолдауына ие партиялардың бірі-Социал-

Демократиялық Партиясы рет саны бойынша елдегі негізгі партия саналады.

Одан кейінгі орындарда Демократиялық Социализм Партиясы мен Жасылдар

партиясы тұр. Германиядағы түрік сайлаушыларының өздері дауыс беретін

саяси партияларға артар аманаттарының бірі – Гермаияның азаматтығын

алуда жеңілдіктерге қол жеткізу. Германиядағы түрік диаспорасы мен

әзербайжан диаспорасының арасында тығыз байланыстар орнаған. Өзара аса

жақын ынтымақтастықтағы түрік пен әзербайжан диаспораларының өкілдері

бір мақсатта келешек кемелділігі үшін қызметтер жасауда. Мысалға «Түрік

Ислам мәдениетінің федерациясы», «Түрік Ислам Мәдениетінің Еуропалық

Бірлестігі», «Түрік Ислам мәдениеті негізінің Еуропалық бірлестігі» және өзге

де ұйымдарда әзербайжандар молынан орын алған.

Германиядағы Әзербайжан диаспорасы мен түрік диаспорасының өкілдері

түркі халықтарының тілдерін, ұлттық дәстүрлері мен әдебиеттерін, фольклорын

сақтап қалуда бірелесе қызметтер атқарады. «Әзербайжан-Германия

Қоғамы» 1988 жылы Берлинде құрылды. Осы қаладағы «Әзербайжан-Герман

Академиясы» (1986ж) «Әзербайжан мәдени ошағы» мен оның жанындағы

«Савалан» журналы, «Ошақ» (1988) «Оттар Елі» мәдени-ағарту қоғамы,

Бонн қаласындағы «Әзербайжан мәдени ошағы», Дюссельдорфтағы «Герман-

Әзербайжан Қоғамы» (1990), Кёльндегі «Әзербайжанның мәдени байланыстар

қоғамы», Нюрнбергтегі «Әзербайжанның мәдени қоғамы», Лимбургтегі

«Әзербайжан үйі» және басқа да диаспоралық ұйымдар Әзербайжан

Республикасы мен Германия арасындағы қоғамдық-мәдени және экономикалық

байланыстардың дамуына тікелей араласып, белсенділік танытуда.

1996 жылы Германиядағы Әзербайжан қоғамы Герман-Әзербайжан

Қоғамдық Федерациясы жүйесіне бірікті. Бұл федерацияның негізгі мақсаты

– диаспоралық ұйымдар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсу.

1999 жылы Боннда аталған федерацияның бірінші сьезі өткізілді. 2004 жылы

Берлинде «Низами Гәнжәзи атындағы Мәдениет институты» құрылды. Сол

уақтта әзербайжан және неміс тілдерін оқытудың курстары ашылып, музыка

сабақтары өткізіле бастады, компьютерлік сауаттылыққа үйрететін курстар

жұмысы іске қосылды.

Еуропаның келесі бір дамыған елі ‐ Ұлыбританияда Түркия мен Оңтүстік

Әзербайжаннан (Иран) және өзге де түркі мемлекеттерінен келген шамамен

100 мыңнан астам түркі нәсілді біздің қандастарымыз тұрып жатыр. Олар

да Ұлыбритания-Түркия қоғамын құрды. Олардың басым бөлігі мақта-мата

және азық-түлік өнеркәсіптерінде еңбек жасауда. Ұлыбританияға келіп оқып

жатқан түркі елдерінің (әсіресе, Әзербайжан елі) студенттерінің де саны

арта түсуде. Бүгінде аталған елдің жоғарғы оқу орындарында түркі тілдес 20

мыңға жақын студенттер мен магистрлар оқып жатыр деген мәліметтер бар.

Ұлыбританияда қос азаматтық туралы заң қабылданысымен оның талаптары

256

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

толық қанағаттандыратын шетел азаматтары, оның ішінде түркі тектес ұлттар

өз азаматтығын сақтай келе, Ұлыбританияның да азаматтығын ала бастады.

2006 жылдың мәліметтеріне қарағанда, Англияда оның азаматтығын алғандар

саны 54 мыңға жеткен. Бұл елде түркі диаспорасының медиа ұйымы жұмыс

істеп, өз елдерінің мүдделерін алға тартып, насихаттаумен айналысады.

Әзербайжан ұлтының алғашқы өкілдері Англияға ХХ ғасырдың орта тұсында

келіп, қоныстана бастаған. Бүгінде Лондонда әзербайжандар саны анағұрлым

көбейіп, олардың құрған қуатты диаспоралары айтарлықтай жұмыстар атқаруда.

Мысалға, Әзербайжан-Англия Қоғамының, Еуропа-Әзербайжан Әзербайжан

жастары клубының белсенділері, Әзербайжан елінің ақиқат тіршілігі мен өз

қоғамдарының өмірлері қақында шындықты насихаттап, Қарабақ проблемасын

шешуге мақсат ұстайтын шараларды кеңінен атқаруда. Лондондағы әзербайжан

балаларының өз тілдерін ұмытпаулары үшін мұнда әзербайжан мектептері

ашылған. Бұдан басқа, Еуропа-Әзербайжан қоғамының қолдауымен ағылшын

тілінде «Visions of Аzerbaijan» журналы шығып тұрады. Бұл ұйым Қожалы

зұлматы мен Қарабаққа байланысты шараларды тұрақты өткізіп келеді.

Сондай-ақ, осы ұйым аталған проблемалардан туындаған көкейкесті жайларды

еуропалықтардың қаперлеріне жеткізу жолында үлкен жұмыстар жасауда.

Әзербайжан елінің тұңғыш өкілдері Алимардан бек Топшиев пен Джейхун

бек Гаджибейлилер мен басқалар Францияда ХХ ғасырдың басында пайда болса

да, диаспоралардың ұйымдасуы соңғы 20 жылда ғана өте бастады. Францияда

бірнеше мәдени ортпалықтар жұмыс істеуде, олардың арасында «Әзербайжан

Үйі» ассоциациясы да бар. 2003 жылдың қараша айында әзербайжан

студенттерінің күшімен Франция-Әзербайжан жастарының ассоциациясы

құрылып, қоғам әзербайжан студенттерінің елдегі ұйымдарымен байланыстар

орнатып, жұмыс істей бастады. 2004 жылдан бері ассоциацияның «Korpu-Le

Pont» журналы шығып келеді.

Швецияда да шамамен 20 мың әзербайжан тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі

Иран Ислам Республикасынан /Оңтүстік Әзербайжан/ қоныс аударғандар.

2001 жылы Әзербайжан-Швеция Федерациясы комитеті құрылды. Федерацияның

жұмысына бірнеше ықпалды швед азаматтары қатысуда. 2001 жылдың

маусым айында әзербайжан эмигранттары Әзербайжанмен байланыстағы 14

ұйымды біріктіріп, қоғам құрды. Ол қоғамның құрамында «Ерік», «Улдыз»,

« Трибун», «Савалан» және басқа да ұйымдар бар. 2002 жылдың қазан

айында «Әзербайжан академиялық Қоғамы» құрылды. Бұл қоғам Әзербайжан

Республикасының мемлекеттік жүйелерімен және қоғамдық ұйымдарымен

ықпалдаса жұмыстар істеуде.

Голландиядағы әзербайжан-нидерланды қоғамы 2003 жылдың тамыз

айында құрылған болатын. Бұл қоғамның 1993 жылдан бері «Бенилюкс» газеті

шығады. Осы елдің Ден Хааг қаласында Әзербайжан-Түрік Мәдениетінің

қоғамы жұмыс істеп, осынау ұйым елдің қоғамын Әзербайжан және Түркия

257

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

Республикаларымен таныстыруда көптеген жұмыстар атқаруда. Аталған елдер

арасында Америка Құрама Штаттары мен Канада ерекше орында тұр. Мысалға,

АҚШ-та тұратын әзербайжандықтардың дәл саны жайында нақты мәлімет

болмаса да, түрлі ақпарат көздеріне қарағанда 400 мыңнан 1 миллионға дейін

әзерилер тұрып жатыр деген хабарлар бар.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 1997 жылы құрылған америка-түрік

ассоциациясында өз жұмыстарын АҚШ пен Канада елдерінде жүргізіп келе

жатқан 57 бөлімше бар. Ол «Түркі Әлемі» журналын шығарып қана қоймай, өзге

қауымдастықтармен тығыз байланыстар орнатуда.1880 жылдан бастап Канадаға

қоныстана бастаған түріктер осы елде диаспоралар жүйелерін ұйымдастыра

бастады. Ең алдымен инженер, дәрігер мамандықтарын игеріп және басқа түрлі

салаларда мамандана бастаған түріктердің осы елдегі тұрақтап қалуына Түркия-

Канада Бірлестігі үлкен ықпалдар жасап отырды. 2003 жылғы мәліметтерге

қарағанда, Канададағы түріктер саны 25 000 жеткен. Саяси тұрғыдан өз іргелерін

бекіте бастаған түріктер осы елде бұрыннан қоныс тепкен армяндар мен

гректерге бәсекелес бола бастап, өз мұраттары жайында әлемдік қауымдастыққа

жеткізе бастады. Осы елдегі Түркия-Канада Бірлестігі, Канадалық түріктердің

Мәдени Қауымдастығы, Түрік Диаспоралары Ұйымдарының Федерациясы

секілді түріктердің ұйымдары тақылеттес көптеген диаспоралық ұйымдар өз

қызметтерін уақыт санап жандандыра түсуде. 2005 жылы Канаданың Торонто

қаласында Канада-Әзербайжан Ұйымдарының Федерациясы, Білім және

Мәдениет жөніндегі Әзербайжан Орталығы, Канада-Әзербайжан Әйелдерінің

Ассоциациясы, Әзербайжан мен Канада Достығының Қоғамы, Квебек

Әзербайжандарының Ассоциациясы, Онтарио Әзербайжандарының Қоғамы,

Канада-Әзербайжан Альянсының қатысуымен Әзербайжан Ұйымдарынының

Федерациясын құру жөніндегі конференция болып, оған барынша әмбебап

ұйымдарды бекітуге арналған шаралар ұйымдастырылды.

«Жасыл құрлыққа», яғни Австралияға түріктердің қоныстана бастауы ХХ

ғасырда басталды. 1911 жылғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, осы

жылы түріктер саны 332 адамға жеткен. Ал 1954 жылы олардың қатары 1036

адамға көбейген. Австралиялық түріктердің басым бөлігі солтүстік кипрлықтар.

1960 жылы басталған түріктердің осында жаппай көшуіне байланысты Түркия

мен Австралияның арасында «Түрік республикасы үкіметі мен Австралия

үкіметінің арасындағы Австралия түріктерінің мәртебесі мен қызметтері

туралы Келісім» аталған еңбек шартына қол қойылды. Осынау Шарт түрік

қоныс аударушыларының Австралияға еш кедергісіз көшіп баруына жағдайлар

жасады. Осының нәтижесінде Австралиядағы түріктер саны 1971 жылы 8 мыңға

жетті. Бүгінде Австралияда қалыптасқан түрік диаспорасы 55 мыңға жетіп, өз

қызметтері жағынан өзге елдердегі түріктерден ерекшелене бастады.

Түріктердің белгілі бір бөліктері өз ана тілдерін сақтап қалу мақсатында түрік

мектептеріне барып, өзара туған тілдерінде сөйлесіп, түрік мейрамханалары

мен дәмханаларында тамақтанып, түрік дүкендерінде сауда жасауда. Бірі-

258

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

бірлерімен жиі араласып тұратын түріктер диаспорадағы келісімді сақтау

және қолдау үшін Отанмен тығыз байланыстарын жоғалтпай, елдерінің

телеарналарын көріп, түрік әндерін тыңдайды. Тіпті Австралияның өзінде де

түрік диаспорасына жататын өз бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың

арасында «Океан», «Новая родина» «Время» және «Yorum» секілді баспасөз

органдарының бар екендігі мәлім.

Сонымен қатар Австралия мен Жаңа Зеландияда шамамен 10 мың әзербайжан

өмір сүруде және Австралияның өзінде Әзербайжан Қоғамы және Австралия

әзербайжандарының қоғамы жұмыс істейді. (1996 жылы Сидней) Австралияда

Әзербайжан-Жаңа Зеландия Қоғамының бар екендігі бұл елде кеңінен әйгілі.

Жаңа Зеландиядағы әзербайжандықтар болса, негізінен Иран мен Түркиядан

қоныс аударып келгендер. Бұл күндері кешегі кеңестік кеңістікте жеткілікті

түрде ұйымдасқан әзербайжан диаспорасы өмір сүруде. Ең маңыздысы сол,

Орта Азия мемлекеттеріндегі түркі диаспоралары өздерін Ұлы Отандарының

бір бөлігінде тұрып жатырмыз деп ойлайды. Ресми мәліметтерге қарағанда,

Қазақстан Республикасында бүгінде 106 мың әзербайжан тұрып жатыр.

Негізінен олар Жамбыл, Шымкент, Алматы және Талдықорған облыстарында

орналасқан. «Тұран» Әзербайжан мәдени Орталығының бастамасымен 1993

жылы Алматыда «Озан» мәдени қоғамы құрылды. Ал Қостанай, Жамбыл,

Талдықорған, Солтүстік Қазақстан облыстарында диаспоралық ұйымдар

құрылды. 1992 жылдан бері Қазақстанның мемлекеттік радиосында әзери тілінде

«Достлуг» радиосы сөйлей бастады. Ал 2002 жылы «Воскресенье» әзербайжан

мектебі ашылды. Аталған «Тұран» ұйымы Қазақстандағы өзге де 17 әзербайжан

ұлттық қоғамдарымен, атап айтқанда, «Гобустан» /Алматыда/, «Достлуг»/

Ақтөбеде/, /Новруз/ Атырау облысында, /Азери/ Жамбыл облысында, /Ветен/

және Әзербайжан/ Павлодар облысында және басқа да өңірлердегі ұйымдармен

бірлесе қызметтер атқаруда.

Өзбекстан Республикасында әрекет үстіндегі Әзербайжан Мәдениетінің

Ассоциациясы 2003 жылдың қаңтарында құрылған болатын. Ташкент

қаласындағы жұмыс үстіндегі «Братство», «Гардашлыг», «Азербайджанский

дом» секілді Әзербайжан Мәдениетінің Орталықтары уақыт санап жұмыстарын

жандандыра түсуде.

Қырғызстан Республикасындағы «Азери» орталығы осы елде тұрып жатқан

әзерилердің ұйымы ретінде 1992 жылы құрылды. Бұл елде де 20 мың әзербайжан

өмір сүреді. Олар негізінен 30 жылдарғы саяси қуғын-сүргін уақытында осында

жер аударылғандарың ұрпақтары. Өзі құрылған уақыттан бастап «Азери» осы

елдегі отандастарының құқықтарын қорғап, Қырғызстанның қоғамдық өміріне

белсене араласуды, тарихи отандарымен тығыз байланыс жасап отыруды алдына

мақсат етіп қойды. Қырғызстанның Мемлекеттік Телерадиокомпаниясында

«Азери» бөлімі жұмыс істейді. Бішкекте әзери балалары үшін «Воскресная»

мектебі ашылып, көркемөнерпаздардың «Улдузлар» фольклорлық ансамблі

құрылды.

259

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

Еуразия кеңістігінде әзерилердің ең күшті де үлкен диаспорасы Ресей

Федерациясында. Мұнда сонымен бірге Орталық Азияның тәуелсіздік алған

республикаларының ең көп түркі тілдес ұлттары да шоғырланған. Неге десеңіз,

мұнда кешегі кеңес дәуірінде-ақ КСРО құрамына енген әзербайжандық біздің

отандастарымыз /өзге түркі тілдес ұлттар да бар/ осы елдерде тамыр жайған еді.

Ресей аумағында өмір сүріп жатқан әзербайжандардың жалпы саны бүгінде 3

миллионға жуықтады. Бұл елдегі әрекет үстіндегі Әзербайжан диаспораларың

ең үлкені бүкіл ресейлік Әзербайжан Конгресі /ВАК/. 2001 жылы наурызда

Ресей мен Әзербайжан елдерінің аса ірі мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен

құрылған бұл Конгресс Ресей аумағында ұлтаралық келісімді орнату мен

азаматтық бейбітшілікті сақтауды және Ресей мен Әзербайжан арасындағы

әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі тереңдетіп,

сақтауды мұрат тұтады және осы жолда еңбектер жасауда. Аталған конгрестің

басты көздегені – ұлттық мұраттар мен дәстүрлерді, тіл мен дінді сақтап,

әзерилердің құқықтары мен бостандықтарын қорғап, өзге де халықтардың

ұлттық-рухани құндылықтарын мен салт-дәстүрлеріне деген құрметтері

жоғалтпай, Ресей аумағында өмір сүріп жатқан өзге де ұлттар мен ұлыстардың

арасындағы сыйластықты, туысқандықты жоғалтпай, тамырларын тереңдете

беру. Сонымен қатар, Конгресс қос тарапты достық қарым-қатынастардың

сақталуы мен тереңдеп, дамуына бағытталған нақты қадамдар жасап, Ресей мен

Әзербайжан елдері арасындағы саяси байланыстардың үзілмеуіне жан-жақты

үлестерін қосуда.

Сонымен бірге, бұл ұйымның Ресей Федерациясының 73 субьектісінде

өз өңірлік бөлімшелері жұмыстар атқаруда. Бұған қосымша өзге де ұлттық

ұйымдар мен қоғамдар Бүкілресейлік Әзербайжан Қоғамының /БӘҚ/ ұжымдық

мүшелері ретінде қанаттатаса еңбектер атқаруда. Осымен қатар, жергілікті

ұйымдардың қызметтерін үйлестіріп отыру мақсатында Солтүтік Батыс, Еділ

бойы, Орал, Сібір және Қиыр Шығыс федералдық округтерінде БӘҚ-тың

округтік кеңестері құрылды. Конгресстің орталық жүйесіне «Экономикалық

даму қоры», «Құқықтық қорғау қоры» мен «Әзербайжан Конгресі» газеті кірді.

Ресей Федерациясында «Интер Әзербайжан» компаниясының әзери тіліндегі

бағдарламасы жұмыс істеуде. Бұған қоса, елде «Халық үні», «Бос уақыт»

газеттері мен «Наследие» ғылыми-саяси жорналы әзери, орыс және ағылшын

тілдерінде шығып тұрады. «Әзербайжан» орталығының «Баку» коммерциялықкөрмелік

мекемесі де өз үлестірін қосуда.

Шығыс Еуропадағы жетекші диаспоралық ұйымдардың бірінен саналатын

Украин-Әзербайжан Конгрессі /УӘК/ 1999 жылы наурызда құрылған болатын.

Бұл қоғам да ұлттық мәдени дәстүрлердің сақталуында, Украинада тұратын

әзербайжандардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерін

шешуде маңызды рөл атқарады. Украинаның 27 әкімшілік орталығында /

Винницада, Днепропетровскіде, Донецскіде, Житомирде, Одессада, Полтавада,

260

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

Тернопольде, Севастопольде, Харьковте, Херсон мен Черкасыда, Чернигов

және өзге де қалаларда оның өңірлік бөлімшелері бар.

Конгресс аталған елдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, түрлі

қоғамдық-мәдени және қайырымдылық шараларын өткізіп, Украинадағы өзге

де диаспоралық орталықтармен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен,

қайырымдылық қорларымен байланыстарын реттеп отырады. Қоғам өз

тарапынан соғыс ардагерлеріне чернобыльдіктерге, закарпат өңіріндегі апаттан

зардап шеккендерге, Донбасс шахталарындағы апаттардан қасіретке душар

болғандарға, сонымен қатар балалар үйлеріне, интернаттарға материалдық

көмектер беріп отырады.

Конгресс жанында «Әзербайжан» ансамблі жұмыс істейді. Қоғамның

жекелеген өңірлік бөлімшелерінде «Воскресенье» мектептері жұмыстар

атқарады. Киевте «Әзербайжан дауысы» газеті шығып тұрады. Аталған

Конгрестің бастамасымен Әзербайжан мен Украинаның арасында ғылыми

мекемелер мен студенттер алмасу жөніндегі ықпалдастық саласында келісімге

қол қойылды. Конгресс Әзербайжан мен Украинаның мемлекеттік және ұлттық

мерекелерін, қоғамдық саяси, экономикалық және мәдени шараларын өткізуге

де белсене қатысады. Бір сөзбен айтқанда, Украина мен Әзербайжанның

арасындағы байланыстардың тамырларының тереңге кеткені соншалық, екі ел

азаматтарының ресми диаспоралар ұстанымдарымен тұрулары мүмкін болмай

қалды. Неге десеңіз, екі мемлекеттте де түріктер мен әзербайжандар өз қарымқатынастарын

бірі-бірінің үйінде тұрып жатқан достар немесе бауырлас туыстар

ретінде қалыптастыруда.

1999-2002 жылдары Түрік Республикасында «Измирдегі Әзербайжанның

мәдениет үйі және қоғамы», «Манистегі Әзербайжан мәдениетінің қоғамы»,

«Бурстағы Әзербайжан мәдениетінің қоғамы», «Коджалидегі Әзербайжан

мәдениетінің қоғамы», «Әзербайжан Бурс үйінің қоғамы», «Әзербайжанның

Коджаэли Үйінің Қоғамы», «Әзербайжанның Чанкале Үйінің Қоғамы»,

«Әзербайжанның Коджаэли Үйінің Қоғамы», «Әзербайжанның Мугла

Үйінің Қоғамы», «Әзербайжанның Адана Үйінің Қоғамы», «Әзербайжанның

Балыкесир Үйінің Қоғамы», «Әзербайжанның Анкара мәдениетінің қоғамы»,

«Әзербайжан-Түрік Хатай мәдениет Орталығы», «Әзербайжан-Ыстамбұл

мәдениетінің орталығы» және көптеген қоғамдар құрылды. 2004 жылдың

мамыр айында Искендерун қаласында Түрік-Әзербайжан Қоғамы Федерациясы

құрылды. Ол Түркиядағы барша әзери қоғамдарының басын қосып, жиырма

қалада, атап айтқанда, Анкара, Ыстамбұл, Измир, Балыкесир, Тира, Дертьел,

Чанаккала, Ығдыр қалаларында «Түркі-Әзербайжан қоғамы Федерациясы»

арқылы жұмыс істей бастады.

Бұл құрылымдар Әзербайжанның Түркиядағы мүдделерін қорғап, өз

қызметтерін әзери қоғамдарымен сабақтастыра атқаруда. Былайша айтқанда,

Түркиядағы әзери қоғамдары ел өңірлеріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-

261

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

экономикалық және мәдени салаларға белсене араласып, қызметтерін

«Ыстамбұлдағы Әзербайжан Мәдениеті Қоғамымен» сабақтастыра атқаруда.

Бұл қоғамдардың 2004 жылдың қаңтарынан бастап «Азербайджанский мир»

журналы шығып келеді. /41 , 49/.

Жалпы түріктік ұйымдар үрдістерінде түрік мәдени қоғамдарының өзінің

кең көлемдегі адамгершілік, мәдени-білім беру бастамаларымен, түріктік білім

берудің жоғары құндылықтарымен мәлім және оларды халықаралық деңгейлерде

пайдалануымен белгілі қызметтері ерекше орында. Түрік мәдени қоғамдары

жүйесінде түркі республикаларында, әсіресе, Әзербайжанда, сондай-ақ әлемнің

түрлі елдерінде де орта мектептерден университеттерге дейін, көптеген оқу

орындарында да түрік тілі мен мәдениетінен сабақтар беріліп, бұл жерлерде

ондаған мың балалар мен жасөспірімдер және жастар білім алуда. Олардағы

сабақтар білім берудің нормативті жүйесіне сай жүргізіліп, осы мектептердегі

жоғары деңгейлердегі материалдық-техникалық қамтамасыз етілумен және

жоғарғы деңгейлердегі халықаралық ғылыми-мәдениеттану жетістіктері

деңгейлерінде түркі әлемі жөнінде аса бай ақпараттар беретін кәсіби біліктілігі

жоғары ұстаздардың көмегімен атқарылуда.

«Чаг Өйретимишлетмелери» компаниясының мәліметтеріне қарағанда

бүгінде әлемнің 150 мемлекетіндегі түрік мектептері /45/ халықаралық білім

беру жүйесінде жоғары деңгейлі ағарту мекемелері болып саналады. Осынау

мектептерді бітірген балалар жоғарғы оқу орындарына жақсы бағалармен

түсіп, білімді маман толық қанды азаматтар болып қалыптасулары үшін берік

негіздер алады. Мысалға, Түркияның астанасында және Анадолының өзге

де мемлекеттік лицейлерінде ұйымдастырылған емтихандарды бір мезетте

1 миллион 97 мың 503 оқушы тапсырады. Анадолы лицейлеріндегі қабілетке

қарай тапсырылатын емтихандар Түркиядан тысқары жерлерде де

ұйымдастырылады. Мысалға, Баку, Ашхабад, Ташкент, Бішкек, Триполь,

Эриад, Медине, Джедда, Лефкош және өзге де қалаларда осындай шаралар

жоғары деңгейлерде жылдам ұйымдастырылады /110/. Мұндай әмбебаптық пен

жеделдік үлкен жетістік саналады. «Татуласу мен әлемді ашушы» ұранымен

қарекет қылушы түрік мектептері ғаламдық бірлесудің бейбітшілік сүйгіштік

идеясын алға тартушы ретінде адамгершілік идеяларын ұстаушы түрік

мектептері әлемдегі үлгілі оқу орындары саналады. Оларды, «Түркияның үлкен

сеніміне ие болушыла р» /114/ ретінде дүние жүзі құрмет тұтады.

Еліміздегі «Çağ Öyrətim İşlətmələri» түрік-Әзербайжан компаниясы ашқан

жекеменшік лицей оқушылары білімнің әлемдік олимпиадаларында жарысқа

түсіп, Әзербайжан елінің туын өзге елдерде асқақтата көтеріп жүр. Өзі құрылған

1994 жылдан бүгінге дейін аталған лицейдің тәрбиеленушілері 102 алтын, 166

күміс және 255 қола, барлығы 523 медаль алды. Жыл сайын аталған лицейдің

оқушыларының 99 пайызы әлемнің түрлі университеттерінің өздері қалаған

факультеттеріне түсіп, сабақтарын табысты жалғастыруда./46/

262

Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...

Түркия мен алдыңғы қатарлы батыс елдерінің заманауи білім беру

бағдарламалары мен технологияларын табыспен игеріп жатқан «Кавказ»

университеті елдегі және әлемдік жоғарғы оқу орындарының арасында

жоғары рейтингке ие. Университет ғылыми-педагогикалық қауымдастықпен

қатар әзербайжан халқы мен мемлекеттің де сенімін жеңіп алды. «Кавказ»

университетінің жаңа ғимаратының іргесін қалау рәсіміне қатысқан Түрік

Республикасының Президенті Абдолла Гүл өз сөзінде осынау білім беру

мекемесінің негізін қалауда және ғылым мен білім беру және мәдениет

салаларындағы әзербайжан-түрік байланыстарын орнықтыруда екі елдің жалпы

ұлттық көшбасшылары Гейдар Әлиев пен Түркияның бұрынғы Президенті

Тұрғыт Озалдың баға жетпес көмектер көрсеткенін атап өтті. Бүгінде «Кавказ»

университеті елдегі ең жоғарғы көрсеткіштерге ие жекеменшік озық жоғарғы

оқу орнына айналды. /84.с.346/

«Тамыры тереңде жатқан өткеннен – ұлы болашаққа» ұранымен жұмыс

істеп жатқан Ахмед Яссауи атындағы /116/ Халықаралық Түрік-Қазақ

Университеті Түркия мен Қазақстан республикаларының жекеменшік түріндегі

республикалық бірлескен мемлекеттік университеті саналады. Негізінен түрік

тілдес республикаларының жастарын оқуға қабылдап, жоғарғы білім беретін

бұл университет «ғылыми зерттеулерге қабілетті, ұлттық және адамгершілік

құндылықтар мен демократиялық өміртанымдарын игерген мамандар әзірлеу»

миссиясын абыроймен орындап келе жатыр. Аталған университет бүгінде түркі

тілдес елдер арасында үлкен беделге ие. Түркияда жыл сайын өтіп тұратын түрік

тілінің Халықаралық Олимпиадасы түрік тілі мен мәдениетінің халықаралық

ауқымда жүйелі түрде таралуының жарқын көрінісі.

Әзербайжан да Түрік тілінің Халықаралық олимпиадасына табысты қатысып

келеді. Бұл олимпиадаға әлемнің 140 елінен/47/ мыңдаған оқушылар келеді.

Бұл дәстүрлі олимпиадалардың басты мақсаты түрлі елдердегі түркі тілдерімен

танысу, түркі тілдес ұлттардың дәстүрлерімен және де өзге құндылықтарымен

жақын танысуды, сонымен қатар, халықтар арасындағы сүйіспеншілікті, бірібірлерімен

тереңірек танысуды мақсат ұстанады. Осының баршасы түркілердің

болмысында адамгершілік пен өнеге, әділдік пен өсу, бейбітшілік сүйгіштік,

адамды сүю, мәдениет пен гүлдену жататын ұйымды құрушылар екенігіне назар

салдырады. Осы қасиеттердің ортасындағы Түрік Мемлекеттері Одағын құру

өзінің болмысында жалпыадамзаттық мұраттар мен әлемдік қоғамдастықта

осынау идеяны жүзеге асырудың асқар шыңы жатқан мақсаттармен сабақтасқан

мақсат саналады. Әлемдік деңгейдегі жалпы түркілік ұйым түркілік мемлекеттер

мен қоғамдардағы бедел мен ықпалдылықтың өсуімен сабақтасып, түркі

дүниесіне халықаралық адамгершілік және мәдени құндылықтарды, саясиэкономикалық,

ғылыми-технологиялық жетістіктерді жедел енгізуге қолайлы

жағдайлар тудырады. Бұл болашақта Түркі Мемлекеттері Одағының Жалпы

Әлемдік Тәртіп /New World Order/ саясатында өзінің лайықты орнын алуы

жолындағы маңызды баспалдағы саналады.

263

23. ЖАЛПЫТҮРКІЛІК СТРАТЕГИЯ:

МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

2007 жылдың қарашасында Бакуде алғаш рет өткен Түркі Мемлекеттері мен

Қоғамдарының Достық,Туысқандық және Ықпалдастық жөніндегі ХІ съезінің

қорытынды есебінде Түркі Мемлекеттері Одағының мәнмәтінінде осынау

идеяны бірегей стратегия ретінде басшылыққа алу мақсаты алға тартылды.

Съездің қорытынды Декларациясында түркі геосаяси өңірлерінің сатылап

дамуы мен түркі тілдес халықтардың қауіпсіздігі мен олардың бейбіт

өмірлерін қамтамасыз ету, халықаралық қауымдастыққа ықпалдасудың

жұмыстарын күшейту, түркі тілдес халықтардың арасындағы мызғымас

бірлікті нығайту, экономикадағы, саясаттағы, мәдениет пен сауда және өзге

де салалардағы ықпалдастықты тереңдете түсу мәселелері атап көрсетілді.

Сьездің Қорытынды есебінің бірінші тарауында-ақ түркі халықтарының

халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға бағытталған стратегиялық

мақсаттар тұжырымдалып, аталған түркітілдес мемлекеттердің одағын құру

үшін керекті ғылыми, идеологиялық, институционалдық және құқықтық

салалардың қалыптасуы мақсатында аталған тұжырымдаманың жасалғаны

атап көрсетілді./77.с.394/

Қырық баптан тұратын қорытынды есеп міндеттеген маңызды тапсырыстардың

бір бөлігі соңғы алты жылда орындалса, келесі бөлігі жүзеге

асырылуда және қалғандары өз шешімдерін күтуде. Түрік мемлекеттерінің

стратегиялық ұстанымдарының үрдістері осы мемлекеттермен және мемлекет

басышыларының арасындағы екі жақты және көп тарапты ықпалдастықтардың

даму үрдістеріне тікелей байланысты. Бұл бағытта соңғы жиырма жыл аясында

аса өнімді және табысты алға басушылық байқалып, ел басшылары туысқан

мемлекеттерге жиі ресми сапарлар жасап, жоғарыда кездесулер өткізіп,

өзара ықпалдастықтарды одан әрі жемісті ете түсер маңызды құжаттарға

қол қойысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың

мамырындағы Әзербайжанға сапары уағында екі республиканың арасында

«Стратегиялық әріптестік пен одақтастық жөніндегі Шартқа» қол қойылды.

Тараптардың бірлескен баспасөз мәслихатында Әзербайжан Президенті Илхам

Әлиев осынау ықпалдастықтың стратегиялық маңызына тоқталып, былай деп

мәлімдеді: «Мемлекеттеріміздің бұл бағыттарындағы және өңірлік істеріміздегі

және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық шеңберіндегі екі жақты

ықпалдастық аясындағы бұл келісімдер ел ішіндегі дамуда болсын, сондайақ,

өңірлік саясаттағы ықпалдастық пен өңірлік қауіпсіздікте де болсын аса

маңызды.» /15.149б/.

264

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

Екі түркі мемлекетінің тарихи-геосаяи негіздердегі ықпалдастығына

тоқталған Қазақстан Басшысы өмірлік тәжірибесі тұрғысынан шын көңілден

ақтарылып, былай деп атап өтті: «Мен Қазақстанды Кіндік Азиядағы

Әзербайжан үшін негізгі мемлекет деп санаймын. Кавказда біздер үшін де

негізгі мемлекет Әзербайжан болып қала береді. Біздер тарихы, ұлы бабалары

мен тілі, мәдениеті мен дәстүрлері де ортақ бауырлас халықтармыз. Мен

де аулымызда әзербайжандармен бірге өстім. Халқымыздың сіздерге деген

көңілдері де осындай. Менің де, қазақ халқының да әзерилерге деген бейілдері

бауырластықтан туындайды. Ендігі кезекте Каспий теңізі бізді бөлмейді, қайта

біріктіре түседі. Сайып келгенде, біздер ортақ шекарасы бар тату көршілерміз.

Бүгінде біздің екі мемлекетіміз өңірдегі әлемдік нарыққа мұнай өндіретін

негізгі мемлекеттер саналады. Біздер өте күшті жұмыс істеп, әлемдегі еңбек

бөлісіндегі маңызды қатысушыларға айнала аламыз. Неге десеңіз, өңірдегі

лаңкестік пен өзге де экстремистік пиғылдарға қарсы бірлесе күресе келе, біздер

тұрақтылықты орнықтаруда еңбектер жасаудамыз.Біздер өз қуат көздеріміз

арқылы әлемдік кеңістікке ықпал жасай аламыз. Осылардың баршасы таяу

онжылдықтарда сүбелі үлестерімізге айналатыны рас. Бүгінде Ақтау-Баку-

Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын біздер лайықты түрде Ақтау-Баку-Тбилиси-

Джейхан деп орынды атап жүрміз. Бұл-Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа

шығарудың жылдан-жылға өсіп келе жатқан маңызды жолдарының бірі...»

/16.150б/.

Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиевтің 2007 жылдың

тамызындағы Қазақстанға ресми сапары стратегиялық ынтымақтастықты

ырғақты дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Мемлекет басшылары қол

қойған «Бірлескен декларация» Әзербайжан мен Қазақстанның саясаттағы,

саудадағы, экономикдағы, мәдениет пен коммуникациядағы және ғылымдағы

жалпы қарым-қатынастарының ұстанымдарын көрсетті. Тараптар:«Үкімет,

парламент пен азаматтық қоғамдар деңгейлеріндегі тәжірибелер алмасулар мен

үнқатысулардың жалғасулары стратегиялық әріптестік келісімдерін тереңдете

түсуге мақсаттар ашады.» /28.с.292/.

Жалпы түріктік бірлесудің қызғылықты орталығы Түркия мен Әзербайжанның

қарым-қатынастары Түркі Мемлекеттері Одағын құруды стратегиялық

идея ретінде ұдайы жетілдіре отырып, дамытып келеді. Түркия Республикасының

Президенті Абдолла Гүлдің Әзербайжанға сапарына орай Әзербайжан

Республикасының Президенті Илхам Әлиев екі бауырлас елдердің ғаламдық

трансұлттық жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірегей стратегиясын

жоғары бағалай келе, «мен трансұлттық осынау үлкен жобалардың екі елдің

дамуына әлі де талай жылдар өз үлестерін қосатынына сенемін. Олардың

артынан да үлкен жобалар туады. Біздер тап қазір Түркия мен Әзербайжанның

бастамаларымен қолға алынған көлік инфрақұрылымдарымызды біріктірумен

айналысып жатырмыз. Тарихи Жібек Жолын қалпына келтіріп, теміржолдар

265

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

арқылы Түркия мен Әзербайжанды қайта біріктіру арқылы бір мезетте Түркияны

Орталық Азиямен, Орталық Азияны Еуропамен қосатын боламыз. Бұл

жоба тек экономикалық қана емес, саяси да жоба. Сондықтан осынау жобалар

түркі тілдес мемлекеттердің ықпалдастықтарын күшейте түсетін болады.

Біздерді терең туысқандық тамырларымыз, этникалық тектеріміз бен ортақ

экономикалық және саяси мүддеделеріміз бен өңірлік ықпалдастықтарымыз

біріктіріп тұр. Осынау салалардың баршасынан біздер тамаша нәтижелерді

көріп отырмыз. Мен болашақта да Түркия мен Әзербайжан арасындағы

туысқандық қатынастың одан әрі күшейіп, алдымызда тұрған қиын міндеттер

шешімдерін тауып, келешекте біздің мүмкін ықпалдарымыз өңірде де, әлемде

де күшейе түсеріне сенемін.»/ 12. 323-324 беттер/.

Осы ұстанымнан сөз сөйлеген Түркия Президенті Абдолла Гүл де Әзербайжан

Президенті Илхам Әлиевтің ойларын сабақтастырып, туысқан республикаларды

замануи тарихи ақиқат тұсында одақтастыққа қол қойған және

екі ел ынтымақтастығын тұрақты түрде жақындастырып келек жатқан

мемлекеттер ретінде бағалап, «Түркия мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты

Әзербайжанның Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев өз

уақытында «Біздер бір ұлттан тұратын екі мемлекетпіз» деп, тамаша айтты.

Бірлігіміз жайында осыдан артық теңеумен айта алмаймыз. Шынында да

біздер бір ұлттан тұратын екі мемлекетпіз. Қазіргі заманда біздер екі мемлекет

ретінде өмір сүріп жатсақ та, шындығында солай. Төңірегіміздегі өңірлерде

айналымызда өзге де мемлекеттер бар, дегемен, біздер олармен де ынтымақтаса

аламыз. Жеке мемлекет ретінде тіршілік жасап жатсақ та, біздер қарымқатынастар

орнатып, туысқандық байланыстар орнатып, достыққа қарай батыл

қадам жасай аламыз. Бұл ықпалдасулар саяси, экономикалық және мәдени

салаларда сабақтасуы мүмкін /85.с.325б/.

Әзербайжанның Милли Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Түрік

Республикасының Президенті Абдолла Гүл Түркия мен Әзербайжанды

Еуразиядағы интеграциялық үрдістердің ошағы ретінде атап, «Каспий өңірі

Батыс пен Шығысты жалғастыратын тарихи Жібек Жолын бүгінгі уақыттағы

замана ақиқатына айналдыра алатын бірегей жоба деп атап көрсетті. Түркия

мен Әзербайжан Батыс пен Шығысты біріктіретін өмірлік маңызға ие жобаны

іске асырушы елдер ретінде еуразиялық саясаттың тағанын қалап отыр»

деген ойларын алға тартты. Біздің елдеріміздің арасындағы энергетикадағы,

коммуникациядағы және көлік салалаларындағы Еуроодақ пен Оңтүстік Кавказ

жүргізіп отырған еуразиялық көршіліктің саясатына сай келетін маңызды

жобаларды іске асырушылықтың маңызды бөлшегінде бай адами ресурстармен

маңызды ойыншыға айналудың мүмкіндіктері де мол. Осы тұрғыдан қарағанда,

ықпалдастықтың осынау алаңының түркі тілдерінде сөйлейтін елдер тұратын

бүкіл өңірде жемісті қарым-қатынастарға жеткізетіні сөзсіз /64.с.332/.

266

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтың 2008

жылдың қыркүйегінде Әзербайжанға сапары кезінде екі түркі мемлекеті

үшін тарихи-мәдени құны жоғары маңызды құжаттарға қол қойылды.

Олардың бірі Әзербайжан Республикасы мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы

сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардың дамуын одан

әрі өрістетудің шаралары туралы Келісім болды. Әзербайжан Президенті

Илхам Әлиев өз сөзі мен ресми мәлімдемесінде тараптар арасындағы қарымқатынастардың,

оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми–техникалық

салаларды одан әрі дамытудағы ықпалдастыққа қатысты өзі басқарып отырған

мемлекеттің ұстанымын айта келіп, екі мемлекеттің де ұлттық мұраттарының

стратегиялық бағыттардағы ұстанымдары ортақ екенін бөле-жара атап, «Біздің

мемлекеттеріміздің арасындағы ықпалдастықтар ырғақты дамуға бейім.

Біздердің келешегіміз өте айқын. Біздер халықаралық ұйымдарда бір-бірімізді

үнемі қолдап келдік және қолдай да береміз. Елдеріміздің одан әрі де жақындаса

беруі үшін біздер нарықтық қатынастардың барша механизмдерін пайдалана

беретін боламыз. Бұл үшін біздерде дәстүрлі тарихи байланыстар да, өңірлік

саясат пен халықаралық қызметтеріміздегі мәселелерге қатысты ортақ ісқимылдарымыз

бен көзқарастарымыз бар. Бүгін мен Сіздің басшылығыңызбен

елдеріңіз қол жеткізген өңірлік және халықаралық барша мәселелердегі

жетістіктеріңіз бен берік ұстанымдарыңызды айрықша атап өткім келеді. Бұл

біздің тәуелсіз еліміздің белсенді де, ырғақты даму жолына түсіп, өзінің саяси

және экономикалық әлеуеттерін күшейтіп, Кіндік Азия мен Кавказда маңызды

рөль атқарып отырған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған жағдай

елдеріміздің ықпалдастығын одан әрі дамыта беруге жақсы негіз болуда.

Былайша айтар болсақ, Орталық Азия мен Кавказдағы Каспий жағалауындағы

өңірлік ықпалдастығымыз елдеріміздің қарым-қатынастарына тәуелді бола

береді деп ойлаймыз /68.с.500/.

Республиканың қоғамдық-саяси өмірлеріне белсене араласатын 40 мың

әзербайжанның елдерінде тұрып жатқанын атай кетсек, Ислам Кәрімов

екі мемлекеттің арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейте түсу үшін

мүмкіндіктердің әлі де молдығын атай келе, көп тарапты қарым-қатынастарға

қарай дамып келе жатқан ықпалдастықтың жалпы түркілік бірлікке таған

қалайтынын атап көрсетіп былай деді:- «Бүгін шын мәнінде де өте бір ықыласты

кездесу болды. Ашық кеңесулер мен кездесулер өте мәнді болды. Мен осы

уақытқа дейін Кавказ бен Кіндік Азияға қатысты қандай да бір өзекті жайларда

екі елдің арасында қайшылықтар болғанын көрген емен. Сондықтан, біздер,

Президенттер бір мақсаттың адамдарымыз және өзара терең түсіністіктеміз

деп, кәміл сенемін. Меніңше, бұл біздің ең үлкен жетістігіміз/69.с.508/.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың 2012 жылдың наурызындағы

Әзербайжанға ресми сапары кезінде Илхам Әлиев соңғы кездерде екі ел

арасындағы қарым-қатынастар мен олардың үлкен болашағы Қырғызстан мен

267

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

Әзербайжан елдерінің дамуының болашағында деген сенімді арттырып, соңғы

жылдарда екі елдің қарым-қатынастарының арасын жандандыра түсуге кең

жол ашқанын атап өтті. Ресми сапар уағында қол қойылған құжаттар үлкен

маңызға ие. Өз тарапынан Президент Атамбаев та туысқан әрі достас елдің

басшысының өзін шын ықыласпен қабылдағанына зор ризашылығын білдірді.

«Мен өз бауырымды тапқандай, сенімді досымды жолықтырғандай әсердемін.

Меніңше, болашақта біздер тілек тоғыстыра көптеген игілікті істерді жасай

аламыз»/59/. ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы стратегиялық серіктестік

тұрғысындағы түркі мемлекеттері ықпалдастықтарының ерекше кезеңге

көшуінің айтулы маңызды мерзімі болды. Осынау кезеңде өңірдегі түркі

мемлекеттері арасында ынтымақтастықтың жүйелі мерзімі қалыптасып, бұның

өзі дипломатиялық қызуға «салқын нүктелер» берді. Түркі туысқандар бірібірімен

бетпе-бет отырысып, түркі парламентаризміне жол ашу үшін өздерінің

көкейкесті мәселелерін шеше бастауға көшті.

2008 жылы Түркия «Кавказдағы тұрақтылық пен ынтымақтастық

алаңы» деген атпен бастама көтеріп, ол халықаралық қолдауға ие болды.

Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл түркі тілдес мемлекеттер

Ассамблеясын бекіткен соң, түркі тілдес мемлекеттердің көбі дерлік ұйымға

қатысуға тілектерін білдірді. Әзербайжан, Түркия мен Түрікменстан басшылары

Түрікменбасшы қаласында кездесіп, үш тарапты жүздесу өткізді. Осы үлгідегі

кездесуді Әзербайжан Президенті Илхам Әлиев жоғары бағалап, былай деп

атап өтті: «Үш туысқан республикалардың басшылары алғаш рет үш тарапты

кездесу өткізіп отыр. Мен бұл жүздесуге үлкен мән беремін. Бұл кездесулердің

қорытындысы өте табысты боларына сенемін. Біздің туысқан және достас

елдер кездесуінде нәтижелері өте табысты болады. Бізді ортақ тарихымыз бен

ортақ тамырларымыз біріктіріп тұр. Осы негізде үш тәуелсіз ел өз саясаттарын

жүргізуде. Біздер осынау дәстүрлі достық, туысқандық тамаша қарымқатынастарымыздың

араларымызда жалғаса береріне сенеміз» /70.586 б/.

Үш туысқан елдер Президенттерінің қабылдаған шешімдері сол елдер үшін

ғана емес, жалпы алғанда бүкіл түркі тілдес мемлекеттер үшін де өте маңызды

болды. Стратегиялық тұрғыдан келер болсақ, негізгі мәселе Каспий бассейнінде

бейбітшілікті сақтап, Кавказ бен Орталық Азияда қауіпсіздік саясатын

басшылыққа ала отырып, түркі бірлігін нғайта түсуде болып отыр. Түркі

мемлекеттерінің бірегей стратегиялық ұстанымдарын қалыптастыру да осынау

үрдістердің қалай жалғасатынына байланысты. Түркі Республикасының Ұлы

Ұлттық Жиналысында сөйлеген сөзінде Илхам Әлиев өзара байланыстардың

түркі әлемі үшін аса маңыздылығын атап өтіп: «Біздің бірлігімізден келешегіміз

ғана емес, өңірде жүріп жатқан үрдістер де, елдеріміздің саяси салмақтары да,

мүдделерімізді әлі де болса толықтай қорғай түсудің нәтижелері байланысты

болмақ...» – деген байламын ортаға тастады /14.535 б/.

Бұл қазіргі заманғы Еуразияның геосаясатында және түркі мемлекеттерінің

саяси-экономикалық кеңістік ендіктерінде түркілік жуықтау стратегиясы

268

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

түркілік геосаясаи жүйеге-Түркі Мемлекеттері Одағына айналуына бастағанын

көрсетеді. Осының баршасы жетекші өңірлік саясат ретінде іске қосылған.

Осынау стратегия өзіне іргетас көзқарастар мен мәселені шешу жолдарын

топтастыра отыра түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясының жуықтасуын

қалыптастырып, мүдделерге сай басымдыққа ие саяси жүйені құруы керек.

Былайша айтқанда, Түркі Мемлекеттерінің Одағы өзін Еуразияның «барлық

қабаттарында», яғни «төменгі» және «жоғарғы» саясаттарында өзін көрсете

білуі керек. Бұл үшін түріктің саяси көшбасшылары атап өткендей, Еуразиядағы

жүріп жатқан геосаяси үрдістерді зерделеп, күштердің арасалмағы нендей

бағытта және қалай жұмсалып жатқанын білу керек. Түріктің саяси ойы бұған

әбден де қабілетті. Осынау көкейкесті жәйларға орай қазіргі күндерде көптеген

зерттеулер алға тартылуда.

Атап айтар болсақ, түркі әлемінің халықаралық бірлігі дамуының өсу жолы

анықталып, жекелеген есептер жасалуда. Осы мазмұнда түркі мемлекеттерінің

Еуразияның орталық жолағындағы өзге де елдермен біртіндеп жуықтасуының

өзінің осы ортадағы геосаяси орнын анықтаудағы халдерін анық болжамдар

жасалуда. Жалпы түркілік саясаттың біртіндеп Еуразияда алдыңғы қатарға

шығуына қызметтер жасайтын үрдістерді зерделеу арқылы осынау саясаттың

стратегиялық бір арнасындай Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі

Ахмет Дәуітоғлының «Тереңдік стратегиясы» шығармасы алдыңғы қатарға

шығады. Аталған шығарма осы елде соңғы он екі жылдың көлемінде 78

рет басылып, көптеген тілдерге аударылды. Ахмет Дәуітоғлы өзінің бұл

шығармасында «суыққабақ соғыстан» соң пайда болған күрделі мәселелерді,

атап айтқанда, осы заманғы халықаралық және өңірлік саясаттарды кең ауқымда

талдай келе түркі ұлттық саясатының, негізінен Еуразия мен орталық өңірлердегі

осы үрдістерді, түркі әлем жайлаған Еуразия мен орталық аймақтардағы көп

тарапты белсенді саясаттардан туындайтын себептер мен салдарларды тереңнен

талдай отырып, Түркияның белсенді саясаты мен халықаралық ұстанымдарын

анықтауға күш салады.

Еуразияның саяси субьектілері мен ғаламдық күштердің күрделі

жағдайларының табиғатын талдай келе, ол түркінің ұлттық саясатының

«Еуразияның бұралаң жолдарында» не істеуі керектігін көрсетуге күш салады.

Түркінің стратегиялық орталығы Еуразияны «ішінен» де сонымен қатар «сыртынан

да» қарап тануға тырысып, ғаламшарымыздың ең үлкен аумағындағы

мемлекеттер арасында өздерінің «иелік» талаптарын іске асыруға тырысатын

елдерде өзара қайшылықтардың да жеткілікті екенін ашып көрсетеді. Бұл жерде

халықаралық күштердің тепе-теңдігі мен өңірлік күштердің де тепе-теңдігі

жалпы үйлесімсіздікті тудыруда.

Халықаралық жүйені үнемі ширықтырып тұратын мұндай үрдісті басқару

оңай емес. Бұған қоса ғаламдық басқарудың мұндай талаптары аз емес, олар

көп те, анағұрлым қуатты. Сондықтан «суыққабақ соғыстан» соң және біздің

269

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

уақытымызда да Орталық Азияның өңірлерінде, ал ең бастысы, түркі геосаяси

өңірлерінде тепе-теңдік заманының ақиқаттары мен халықаралық және өңірлік

күштердің қақтығысуларына орай халықаралық және өңірлік күштердің

арасындағы қарым-қатынастар өз стратегиясы мен оның сипаттамаларын

анықтап алу қажеттілігімен өмір сүруде. Автор Азиядағы тепе-теңдік ахуалымен

қақтығысулар Орта Азия елдерінің сыртқы саясаттарына ықпал жасаусыз

пайда болмайтынын дұрыс көрсетіп отыр. Расында да, Орта Азия елдері

өздерінің табандылықтары жағынан нашарлау және Қытай, Үндістан мен Ресей

тараптарынан жасалатын қысымдарға қарсы тұру күштері демографиялық,

экономикалық және өзге себептерден әлсіздеу болып келетіндіктен қалыптасқан

өмір салттарын қорғауға мәжбүр.

Орталық Азияда халықаралық күштерге сәйкес қалыпта ұлттық және

өңірлік стратегияға өзектес қалыптасқан геосаяси жағдайлар және жағдайлар

мен ұстанымдарға ықпалы бар түрлі себептерді есепке ала келе автор Орта

Азиядағы жағдайды келесі түрде суреттейді. «Суыққабақ соғыстан» соң пайда

болған геосаясаттың бос кеңістігінде қос полярлы аумақтың Азия мен Шығыс

блогында нығайған өзектер ғаламдық құрлықтық және өңірлік стратегияны

алға бастырушы барша себептер мүдделері шеңберіне қосылды. Бұл мүдделілік

Орта Азияның стратегиялық мұраттарында өз жемістерін беруді жалғастыруда.

Ғаламдық деңгейлерде стратегиялық дамуға қабілетті Америка Құрама

Штаттары, Германия, Франция, Англия, Ресей мен Қытай және Жапония секілді

алыптармен байланыстар және өңірлік күштер ретіндегі Түркия, Пәкстан,

Иранмен Украина және Корея елдері, ішкі өңірлік күштер Өзбекстан, Қазақстан,

Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Тәжікстан секілді елдер осынау

күштердің түрлі дәрежеде болып, айтарлықтай ықпалдарға иелігіне жол ашуда.

Бұл тұрғыдан келгенде Орталық Азияның халықаралық саясаттағы

ұстанымын өзгерткісі келетін үлкен күштер мен өңірлік қуаттарды негізгі үш

сараптамалық бағытта түсіну керек:

1) Орта Азияның стратегиялық көзқарасы мен ғаламдық тепе-теңдіктегі

үлкен күштердің ұстанымдары;

2) Өңірлік күштердің Азияға қуатты ықпалдары мен өзгерістерін бағыттайтын

стратегиялық көзқарастары;

3) Өңірлік күштердің осынау тепе-теңдіктерге өздерінің стратегиялық

ұстанымдарын қарсы қоюға әрекеттер жасауы //103.468-469б/.

Еуразиядағы стратегиялық бәсекелестіктің қасіретті ахуалында және

өңірдің геосаяси тәуелділігін толыққанды алаңға айналдыру мақсатында түркі

мемлекеттерінің өз ұстанымдарын қорғауы мүмкіндігіндегі олардың даму

мен одақтастыққа қол жеткізудегі қабілеттерін дәлелдеуі олардың тарихи

жауапкершіліктерінің ең басында тұрған парыздары. Әзербайжанның бұрынғы

сыртқы істер министрі, қазіргі осы елдің Польшадағы елшісі Гасан Гасановтың

/авторлық лақап аты-Гасан Азизоглу/ «Біздің түркілігіміз» кітабының түркі

270

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

әлеміннің болашағын осы заманғы тарихи-саяси келешек тұрғысынан

түсінудегі маңызы өте зор. Көптеген көкейкесті жайларға анық түсініктер бере

келе автор «Түркологияның Бағдарламасы» деп аталатын жобаның жолдарына

түсініктемелер беріп, түркі гуманитарлық стратегиясының маңызды бағыттарын

сұрыптап береді /39.195-205б/.

Әлбетте, түркілік саяси-адамгершілік мәдениеттің тарихи құндылықтарын

игермей, оның негізінде заманауи дамуды қамтамасыз ететін сындарлы саясат

қызметінің идеялық-саяси негізді құрып алмай, түркі мемлекетінің геосаяси

жүйесін анықтайтын мазмұндағы әмбебап стратегияны қалыптастыру мүмкін

емес. Бүгінгі заманғы түрік мемлекеттерінің ұлттық даму стратегиясының

қазіргі уақыттағы ахуалына арналған қауіпсіздіктің ұлттық тұжырымдамасы

іс жүзінде ғаламдық және өңірлік ықпалдастықтың келешегін анықтай

келе сайып келгенде осы елдерге арналған стратегиялық алаңның жалпы

тұжырымдамалық көлемдегі әлеуеттерін таразылауға мүмкіндіктер ашады. Бұл

ретте «Әзербайжан республикасы Ұлттық Қауіпсіздігінің Тұжырымдамасы»

ерекше маңызға ие. Осынау құжатта Каспий-Кавказ аймақтарындағы

ықпалдастық алаңдарында Әзербайжанның атқарар маңызы ерекше екені атап

көрсетілген. Ал тіпті көптеген жағдайларда, мысалға қазіргі заманда бұл ел

өңірдегі энергетикалық және көліктік жобаларды жүзеге асыруда өлшеусіз

рөлге ие. Осынау стратегияның басты мақсаты – Әзербайжан Республикасының

гүлденуіне және өңірдегі өркендеу мен тұрақтылықты және қауіпсіздікті

сақтауды қамтамасыз етуге алғышарттар жасауға көмектесу. Түйіндей айтар

болсақ, Әзербайжан Республикасы көрші елдермен жан-жақты байланыстарды

нығайта беруге және оларды дамыта түсуге үлкен мән береді. Бұл жолда

Әзербайжан Республикасы негізгі көкейкесті мәселелерді өзара келісімдер мен

халықаралық құқықтарға сай шешуді батыл жақтайды. Әзерилер елі өңірлік

ықпалдастықты аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ететін және аса маңызды

фактор ретіндегі тұрақтылықты қайта орнатудың кепілі ретінде бағалайды.

Бұл бағытта Әзербайжан республикасы Баку-Супса, Гейдар Әлиев атындағы

Баку-Тблиси-Джейхан мұнай құбырларын және Баку-Тбилиси-Эрзерум Кавказ

газ құбырларын Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосатын және

Қара теңіз бен Каспий өңірлеріндегі ықпалдастықты арттыра түсетін жобалар

ретінде бағалайды.

Жалпы алғанда, аталған ықпалдастық Еуропа мен ғаламдық кеңістіктер

деңгейлерінде де энергетикалық қауіпсіздіктерге үлес қосып, Еуропа үшін негізгі

өмірлік әрі энергетикалық қауіпсіздіктің қайнар көзінің негізін қалайды. Өңірлік

ықпалдастықты кеңейтуді жеделдетуге маңызды қадам ретінде стратегиялық

маңызға ие «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол көлігі дәлізін құру жаңа ғаламдық

мүмкіндіктерге жол ашты. Өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда

аса маңызды ықпалға ие және Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін

бірінші болып таныған Түркиямен көп жақты байланыстарды алға бастыра

271

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

беру және этникалық, мәдени және тілдік тұрғылардан тығыз байланыстағы

бірлікті нығайту Әзербайжан Республикасы үшін аса маңызды және өзара

ықпалдастықтағы екі елдің байланыстары уақыт санап кеңейіп, ғаламдық

деңгейлердегі саясатта екі ел ұстанымдарының сәйкестігі дәлелденіп, аталған

мемлекеттер арасындағы ықпалдастық жаңа сапалық деңгейлерге көтеріліп

келе жатқандығы қуантады. Әзербайжан Республикасының трансэкономикалық

жобаларды жүзеге асырудағы, сондай-ақ, Түркияның армян-әзербайжан

жанжалын реттеуге бағытталған әрекеттері екі елдің ұстанымдарының бірбіріне

толық ұқсастығын және ықпалдастықтарының сапалық деңгейлерін

көрсетеді.

Әзербайжан Республикасының бұл тұжырымдамасы мемлекеттің мүдделері

мен тәуелсіздігін қорғау мақсатындағы мұраттарды мемлекеттік жүйелерге

арнайы жүктеп, олардың келісілген қызметтерін қажеттілікке ауыстырады /48/.

Егеменді түркі республикаларының таяу болашақтағы 10-20-30-40 жылдардағы

дамуын мақсатқа қойған стратегия бар. Ол 2012 жылы Қазақстан республикасы

қабылдаған ел дамуының жаңа саяси бағыттарын белгілеген «Қазақстан-2050»

ұзақ мерзімдік стратегиясы. Аталған стратегияда осы жылдарда әлемде жер

көлемі жағынан 9-ыншы орын алатын және өлшеусіз табиғи байлыққа ие

Қазақстанды әлемнің дамыған елдерінің сапына шығару көзделіп, Орта Азия

шеңберінде өзіне өңірлік қауіпсіздіктің жауапкершілігін арта отыра, тиімді

саяси алаң құрып, көршілес түркі мемлекеттерімен жоғары деңгейлердегі

ықпалдастыққа қол жеткізу мақсат етіп қойылды /187/. Әлбетте, Өзбекстанның,

Түрікменстанның және Қырғызстанның да ұлттық стратегияларында ел

дамуының стратегияларында саяси, экономикалық және мәдени өркендеулерінде

өңірлік ықпалдастықтың мүмкін деңгейлеріне қол жеткізіп, халықаралық

жүйедегі өркениетті саяси жүйені қалыптастыру жетекші мақсат етіп қойылған

/140:141/.

«Әзербайжан-2020: Болашаққа көзқарас» даму тұжырымдамасы осы

тақылеттес құжаттармен қатар назар аударуға тұрарлық орында/1/. Әзербайжан

мемлекеті тарихының осынау тұжырымдамасы Әзербайжанның мүлдем өзгеше

даму кезеңіне көшуінің жалғасы ретінде тіптен бөлек мәртебеге ие. Неге

десеңіз, Әзербайжан Республикасы дамуының өсе түсуі оның мемлекеттік

саясатының осынау тұжырымдамадағы мұраттарының дұрыстығын және

басынан аяғына дейін әр қадамының әбден ойластырылғанын көрсетіп отыр.

Егер елдің тәуелсіздік жылдарындағы 20 жыл аясындағы өркендеу кезеңдеріне

қысқаша ғана көз салар болсақ, осынау дамудың тағанында Әзербайжанның

өзінің лайықты болашағы үшін бүкіл әлеуеттерін қалыптастырып, өркендеудің

жаңа кезеңіне тас түйін дайындықпен келгенін көреміз. Әзербайжан

Республикасын алға бастайтын қызметтерін шоғырландыра келе, сыртқы және

ішкі саясаттары бірін-бірі толықтыра отыра, күшейе түскенін байқаймыз.

Сонымен, біздің егеменді мемлекетіміз халықаралық қатынастардың қуатты

272

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

сегментіне айналып, ал ұлттық экономика әлемдік экономиканың ажырамас

бөлігіне айналды. Әзербайжаннан бастау алып, дүниежүзі кеңістігіндегі саясиэкономикалық

саланың бүтіндігін қамтамасыз етуге бағытталған ғаламдық

жобалар да осы халде қуат ала түсті. Сондықтан Әзербайжандағы Батыс

пен Шығыс өркениеттераралық үнқатысуға айналып, ал Ұлы Түркі әлемі

осынау кеңістікте өз өзегін тапты. Халықаралық қауіпсіздікті сақтау ісіндегі

саясатта өз орны бар Әзербайжан мен түркі мемлекеттерінің арасында жоғары

сенімділіктің үлкен ахуалдары қалыптасты. Біздің еліміз әмбебап адамгершілік

құндылықтарына, демократия мен адам құқықтарының негізгі басты

ұстанымдары мен демократияға адалдығын әлемге дәлелдей алды. Әзербайжан

Республикасының Президенті Илхам Әлиев ұсынған «Әзербайжан-2020:

Болашаққа көзқарас» даму тұжырымдамасы – Жаңа Жасамапаздық Бағдарламасы

бұл болашаққа бағытталған бір ғана басшысының прагматикалық

саясаты ғана емес, ол көшбасшының өз халқына сүйеніп, оның ұлы қуаттарына

кәміл сеніп жасаған, өз елі мен әлем дамуының үрдістерін жетілдіретін,

саяси элита мен қоғамның ажырамауын қамтамасыз ететін, күн өткен сайын

халықтың сенімін ақтап, Әлемнің саяси көшбасшыларының сенімінен шығып,

өз халқын жарқын болашаққа, әлемдік өркениеттің келешегіне жетелеп, бұл

саясаттың жақын онжылдықтағы ең келешегі зор саясат ретінде үрдістердің

стратегиялық заңдылығы ретінде түркі әлемінің бірлігін қалыптастырады.

Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес стратегиялық Орталықтар егеменді түркі

республикаларында мемлекеттің ұлттық негізгі тапысырмаларын орындап,

мемлекет стратегиясында қолдануды қамтамасыз етеді /50/.

Әзербайжан Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер Орталығының

миссиясына осы елдегі болған оқиғаларды саралап, теориялық тұрғыдан

нәтижелерін үлгілеу тапсырыстары мен зерттеулердің негізінде жасалған

байламдардан туындайтын болжамдар мен ұсынымдар жасау жатады.Түркі

әлемі кездескен проблемалардан қорытынды жасап, кең ауқымды зерттеулер

жасау жатады. Түркі әлемінің заманауи тарихы, саясаты пен мәдениеті

бойынша жасалған көптеген зерттеулер, сондай-ақ оның халықаралық жүйедегі

ұстанымдары мен стратегиялық мақсаттарына арналған еңбектер тап осы

орталықтың қызметтерінің арқасында жарық көрді/11/. Осынау қызметтердің

тұжырымдамасы; ұлттық стратегияны тиімді және шұғыл мақсаттар негізінде

келісіп алутүркі мемлекеттерінің жалпы стратегиясынның басты мақсаттарын

үлгілеп, келесі қорытындыларға бастайды.

Түркілердің ұлттық мемлекеттері:

1. Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан

және Солтүтік Кипр Түрік Республикасы барлық бағыттарда және ең

жоғарғы деңгейлерде екі тарапты және көп тарапты ықпалдастықтар мен

стратегиялық одақтастық жұмыстарын жүргізіп, осынау қарым-қатынастар

273

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

барыстарында пайда болған кез келген көкейкесті жайларды түркілік емес

мемлекеттердің араласуынсыз, түркі дипломатиясының демократия мен

икемділігіне басымдық бере отырып, осынау іс жүзіндегі әдістерімен іске

асыру.

2. Стратегиялық мақсаттардың ұлттық және әмбебап мүдделерін келісуді

осы ынтымақтастық тұғырынан тауып, жалпы түркілік саяси жүйенің

басымдықтарын анықтауда түсіністіктерге қол жеткізу.

3. Үнемі өзгеріп отыратын коньюктура мен халықаралық саясаттың құбылып

отыруына сай бірегей саяси стратегияның параметрлері мен ауқымдарын

анықтап, осы негізде халықаралық саясатқа ықпал ету жолдарын өз

мақсаттары тұрғысынан анықтап отыру:

4. Халықаралық ұйымдар шеңберлерінде жалпы ұстанымдық кешендер

қызметтерін қалыптастырып, олардың реформалар жасаудағы

бағдарламаларын бірлесе және белсенділікпен атқару:

5. Өзара тауар айналымдарын және экономиканы арттырып, инфроқұрылымдық

жаңғырулар бағытындағы экономикалық қарым-қатынастарды

дамытып, коммуникациялық аяларды кеңейтіп, «Түркі мемлекеттерінің ішкі

экономикасы мен саудасын арттыру» кезеңіне көшу, әмбебап экономиканың

осындай жүйесімен әлемдік шаруашылық саласына кіріктіру.

8. Геостратегиялық және геосяси дамудың ырғақты қалпына сәйкес жалпы

түркілік стратегиялық алаң құрып, осы өркендеудің қозғаушы күшіне айналу.

9. Түркі геосаяси өңірінде кез келген мемлекеттің немесе мемлекеттер

тобының көшбастаушылығына жол берілмей, түркі бірлігін бұзуға

бағытталған ашық та жасырын әрекеттер, жымысқы мақсаттарға жол

бермей, түркі ынтымағын ыдыратуға күш салатын кез келген әрекеттерге

тосқауылдар жасап, түріктердің өз тарихи жерлері мен мемлекеттерінде

саяси еріктеріне шешуші басымдықтар беру.

10. Бір ғана мемлекеттің маңызды шаруасы, мысалға Әзербайжан жерін

басып алу халықаралық қауымдастыққа жалпы түркілік қасірет ретінде

хабарланып,оны барша түркілік әрекеттермен шешу, өзге мемлекеттердің

аумағында тұратын және түрлі мәртебелерге ие түркі қауымдастықтарының

құқықтарын қорғап отыру, осы қоғамдарды қолдайтын жобаларды жүзеге

асыру.

11. Жалпы түркілік бірегей стратегиялық тұжырымдама анықталып,

диаспоралардың барша әлемдік ынтымақтасуы қамтамасыз етіледі.

12. Әлемдік парламентализмнің /оның ішінде еуропалық парламентаризм

де бар/ ең озық дәстүрлерін игерген Түркі мемлекеттерінің Парламенттік

Ассамблеясы жалпы түркілік бірлік үшін маңызы үлкен және

құндылықтарды қорғап, оларды келешек ұрпақтарға тапсыру мақсаттарын

үстанған ұлттық заңнамаларға сай түркі тілдес елдер тараптарымен саяси,

әлеуметтік-экономикалық және мәдени, гуманитарлық, құқықтық және

274

Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер

өзге де салалардағы байланыстарды тереңдетіп, өрістете беретін шаралар

ұйымдастырады.

13. Түркі мемлекеттері мен қоғамдары тарапынан құрылтайшылық

етілген түркі Әлемінің Муниципалды Бірлестіктерінің қызметтері одан әрі

жетілдіріліп, түркі мемлекеттерінің муниципалитеттерімен байланыстар

кеңейтіліп, оңтайлы басқару жөніндегі тәжірибелер алмасады.

14. Ғылым, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы

ынтымақтастықтар мен байланыстар ең жоғарғы деңгейлерге жеткізіліп,

түркі әлемінің жағрапиясында университеттердің, академиялардың жүйелері

құрылып, туризмнің жалпыға ортақ картасы жасалып, түркі мемлекеттері

мәдениет министрліктері тараптарынан әлемнің дамыған елдерінде түркі

мәдениетінің орталықтарын ашу жөніндегі шешімдері қабылдананды.

15. Бүгінгі заманның талаптарына орай Түркі Мемлекеттерінің Одағын

құруға бағытталған және жалпы түркілік гуманитарлық саясатты жүзеге

асыратын түркілік идеологияны дамыту қамтамасыз етіледі.

16. Әрбір түркі мемлекетінің өркендеуі түркілік геосаяси өңірдегі өзінің

стратегиялық мақсаттарын орындауға бірлесе жұмыс жасаудың кепілі ретінде

қабылданады және осынау мәртебедегі Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру

ісі тақылеттес халықаралық мәртебенің жоғарғы деңгейі саналады.

17. Халықаралық саясат пен мемлекеттераралық қатынастардың бүгінгі

таңдағы ақиқаттарына сай Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру үрдістеріне

түркі қоғамы мен халықаралық қауымдастықты толық дайындап алған түркі

мемлекеттері тарихи қолайлы уақытта Жоғары Деңгейдегі Кеңес өткізіп,

Бірлесу Декарациясын қабылдап, әлемдік қауымдастыққа ұсынады.

Осылайша, түркі мемлекеттерінің стратегиялық мақсаттарын қарастырып,

бұл елдердің ешкімнен тәуелсіз стратегияларының ұлттық мақсаттарына

жету жолындағы мақсаттары екенін атай келе, сонымен қатар, жалпы түркілік

мұраттарды көксеген стратегиясын алға тартады. Түркі мемлекеттері үшін

мақсаттарды келісіп отыру нысанаға жетудің басты кепілі бола береді.

275

24. ЖАҺАНДАСУ МЕН ТҮРКІ БІРЛІГІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮРКІ

МЕМЛЕКЕТТЕРІ БІРЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ

Адамзаттың саяси тарихының соңғы жүз жылдығы халықаралық қарымқатынастардың

ғаламдық саяси үлгіге сай және әлемнің саяси аренасына

мемлекеттердің анағұрлым көптеп шығуы үрдістерінің тұрақты дамуымен

көзге түсуде. Тарих адамдарды, қоғамдар мен мемлекеттерді де «өте-мөте

күштілерден тәуелсіз жағдайларда өз егемендіктеріне сенімділікпен баруға

үндеуде. Осыдан жүз жыл ғана бұрын бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде

әлемнің бар болғаны шамалы ғана мемлекеті саясатта өзінің шешуші даусына

ие еді. Еуропа құрлығы мен барша әлемде дүние жүзінде көшбастаушылық

жолындағы күрес 1913 жылы ғаламшар тарихындағы бірінші әскери-саяси

блоктың құрылуына және ғаламдық соғысқа әкелді. Бірінші дүниежүзілік

соғыстан соң, бірден халықаралық қатынастарды ғаламдық деңгейлерде

реттеп отыратын алғашқы ғаламдық жүйелер құрылды. Дегенмен, 1919 жылы

Париждің бейбітшілік конференциясының нәтижесі ретінде құрылған Ұлттар

Лигасы әлеуетті империалистік елдердің мүдделерін қорғаушы ретінде жұмысқа

кіріскендіктен, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзінің халықаралық беделін

жоғалтып алды.

Еуропа мемлекеттерінің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында

1930 жылы Франция құрлықтағы 27 мемлекетке «Еуропаның Федералдық

Одағын» құру жөнінде ұсыныстар жасады. Алайда сәтсіздікке ұшыраған

«панеуропалық жоспар» әлемдегі милитаристік пиғылды үдете түсті. Әлемнің

жер шары тұрғындарының 80 пайызын құраған 61 мемлекеті қатысқан екінші

дүниежүзілік соғыс өзінің жағрапиялық қамтуы жағынан аса үлкен соғыс

болып, 1945 жылы милитаристік мемлекеттердің жеңілуімен аяқталды. Одан

әрі «қырғиқабақ соғыс» басталып, ол Кеңестер Одағы ыдырағанша жалғасты

/1947-1990/. Әлемдегі АҚШ пен КСРО-ның көшбасшылықтарымен дүниежүзінің

екі полярлы халықаралық жүйесі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс

пен «қырғиқабақ соғыс» әлемдік империализмнің ішіндегі аса үлкен де қатал

шиеленістерді тудырып, әлемде «этностық қайта өрлеулерді» әкелді. Сөйтіп,

әлемде бодандыққа қарсыласу мен тәуелсіздікке ұмтылу бел ала бастады.

Егер 1914 жылы Еуропада 17 тәуелсіз мемлекет болса,1922 жылы олардың

саны 24-ке жетіп,1930 жылы-27-ге ,ал 2000 жылы бірден 44 мемлекет болды.

Олардың 22-і КСРО ыдыраған соң пайда болған елдер. Ал Еуразияның Орталық

өңірінде тәуелсіздікке қол жеткізгендер қатарында түркі тілдес мемлекеттер де

болды. Өткен жүзжылдықтағы аса мәнді де шұғыл бетбұрысты кезең ретінде

ғаламшарымыздың барлық құрлықтарында тәуелсіз мемлекеттердің пайда

276

Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...

болуы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуын және Еуоодақтың шаңырақ

көтеруін айтқанымыз дұрыс.

Өткен жүзжылдықтағы күрт өзгерісті оқиғалар сапында /1/ ғаламшарымыздың

барлық құрлықтарында тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және /3/

Еуроодақтың құрылуы дер едік. Бұл оқиғалар халықаралық саяси аренада және

халықаралық құқық саласында белсене түскен үрдістердің қатарында болды.

Соңғы жүзжылдықтағы әлемдік тәжірибе тәуелсіздік пен одақтастықтың аса

жаңа саяси тарихының болмысын анықтайды. Осынау үрдістердің қисынды

нәтижесіндей ғаламдасу да өзінің шын мәніндегі болмысының алғы сапына

тәуелсіздігін алған мемлекеттердің бірігуін, саяси-құқықтық кеңістіктер

құруына мүмкіндік беруді алға шығаруда. Әлемдік мемлекеттердің егеменділік

құқықтарын мойындаған Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралқ қарымқатынастардпағы

олардың бірлестіктер мен ұйымдар құру саласындағы

қадамдарына халықаралық деңгейлерде негіздер құруда /207.2-26 б/.

БҰҰ құрылған 68 жылдан соң әлемде ондаған ғаламдық бірлестіктер

мен құрылымдар қалыптасып, еуропалық өңірлік мемлекеттер біртұтас

еуропалық одаққа бірігіп, ғаламдық ынтымақтасудың сөзсіз болатын

қозғалыс екенін дәлелдеді. Ақиқатында, Түркі Мемлекеттері Одағын құру

да осынау ғаламшарлық ынтымақтасудың бір бөлшегі. Тәуелсіз түркі мемлекеттерінің

түркі тілдес мемлекеттердің одағына айналуының негізгі

кезеңдерін жалпы түркілік саяси өмірдің төңкерістік құбылуларының кезеңі деп

есептеген дұрыс. Неге десеңіз, бұл кезеңде Әлемнің Жаңа Тарихында Тәуелсіз

Түркі Мемлекеттері өзіне артылған миссияны орындап шығу қажеттілігін бір

ғана идеямен қаруланырып, Үлкен Бірлікке қарай батыл қадамдар жасауда.

Бұған дәлел ретінде елдер арасындағы қос тарапты және көп жақты қарымқатынастар

мен олардың нәтижелерін айтуымыз керек. Бұлардың арасында

шарттар жасасулар, кездесулер өткізу, саммиттер ұйымдастыру, ресми

мәлімдемелер жасау секілді аса маңызға ие қызметтер де бар. Олар күтпеген

саяси қуаттарымен Тәуелсіз Түрік Мемлекеттері келесі асыл мұраттарын ұстану

арқылы өмір сүруі керектігін алғы шарттар ретінде қойып отыр:

Ынтымақтастық мәртебесінде одақ құру /77.393-399 б/.

1. Өздерінің ұлттық мүдделері тұрғысынан әрекеттер жасау /8.43-68б: 10.69-

95 б/.

2. Жалпыға ортақ геосаяси ұстанымдар тұрғысынан әрекеттер жасау/58.146б/.

3. Өңірлік және ғаламдық көлемдерде халықаралық қауіпсіздік үшін бірлесе

жауапты болу мақсаттарын ұстануға талпыну /86.304-333б/.

4. Еуропадағы күштер теңгерімінің ортақ мүдделерін ұстаушы ретіндегі

өкілеттілікті иелену/52.541-544б/.

5. Халықаралық саясат пен халықаралық ұйымдарда жалпыға ортақ мүдделер

мен ұстанымдарды қолдаушы ретінде өкілеттілік алу. /24.с.358-390/.

277

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

6. Халықаралық саясат пен халықаралық қарым-қатынастардағы өз орны

мен қызметтерін анық пайымдау /17.177-179б; 5. 183-188б/.

7. Әлемдік шаруашылықтың жүйелеріндегі аса маңызды негізгі міндеттерді

атқарушы ғаламдық экономикалық жобалардағы трансөңірлік және

коммуникациялық маңызды буындардың аса маңызды бөлшегіне айналу

/25.210-213 б/.

Кеңестер Одағының құлаған тоталитарлық жүйесінің қирандысынан

шығысымен саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болған, бірақ

тәуелсіздігін алған жас түркі тілдес мемлекеттер ұлттық экономиканың аса бай

табиғи байлықтарының нәтижесінде әлемдік экономиканың жүйесіне батыл

кіре алар еді. Бірақ, Кеңестер Одағының заңды мұрагері болған Ресей егеменді

түркі мемлекеттеріне бұл тұста да небір кедергілер жасауға тырысты. Десек

те, байырғы түркі мемлекеті-Түркияға арқа сүйеген аталған тәуелсіз елдер

өзінің өңірлік энергетикалық қауіпсіздігін жасап, ұлттық мемлекеттерінің

мүдделерінен туынған жобаларын іске асыра бастады.

Қазіргі уақытта Каспий жағалауы өңірлерінің аса бай көмірсутегі орындарымен

өз экономикасын байланыстырған түркі мемлекеттері тармақталған

көліктік жолдарының арқасында энергетикалық жобаларын жүзеге асыра

бастап, Еуропаның нарықтарына шығып, әлемдік экономиканың тіректеріне

айналып, мемлекеттераралық ықпалдастықтарға жаңа серпіндер беруде. Түркі

мемлекеттерінің бірлесіп жүргізген энергетикалық саясаттарының нәтижесінде

бұл жерлерде жақсы бәсекелестік ахуалы қалыптасып, экономикалардың ырғағы

қалыпты қарқынға түсуде. Осынау жақсы бәсекелестіктің ахуалы үстінде

энергетикалық ресурстардың, тұтынушы елдердің және оларды тасымалдаушы

мемлекеттердің мүдделерін қаамтамасыз етуге жақсы жағдайлар тууда.

Бакуде тұрақты өтіп тұратын халықаралық энергетикалық саммиттерде

түркі мемлекеттерінің, халықаралық бірлестіктер мен корпорациялардың

көшбасшылары экономикаларды құнарландырып тұрған Каспий өңірінің энергетикалық

ресурстары «саяси капитал» екенін де атап өтеді. IV Халықаралық

Энергетикалық Саммитте осы үрдістердің болашағы мәлім етіліп, оған

қатысушылар ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аса

маңыздылығына тоқталып, Энергетикалық Хартия жөніндегі шартта тұжырымдалған

ұстанымдардың негізгі тұжырымдарын қабылдады. Осы Саммитте

сонымен бірге, халықаралық нарықтарға энергияны жеткізушілердің тасымалдау

үрдістеріне ғаламдық экономикалық және саяси үрдістердің тұрақты

болуының ықпалдары аталып өтті. Осынау тасымалдардың әлемдік нарықтарға

жетуіндегі тұрақты қауіпсіздігін дамыта берудің Еуразиялық мұнай тасымалы

дәлізі арқылы Каспий өңірінің көмірсутектерін жеткізудегі маңызына ерекше

мән берілді. Халықаралық нарықтарға Каспий өңірі көлік дәлізі арқылы өнімдер

апарудың маңыздылығына халықаралық нарықтарда үлкен мән берілуі бұл

істің мәні мен жауапкершілігін де арттыра түседі /22, 568-573 б/.

278

Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...

Жоғарыдағы аталып өткен Энергетикалық Саммитте сөз алған Әзербайжан

Республикасының Президенті Илхам Әлиев осынау халықаралық шараны

«бірлескен ықпалдастықтардың маңызды кезеңі» ретінде атай келе,

«Әзербайжанда басталған энергетикалық жобалар бүгінде аса ауқымды

ықпалдастықтарға бастайтын мол мүмкіндіктер аясын аша түседі» деп, атап

көрсетті. Сонымен қатар Президент осы ел салған мұнай құбырларының

әзербайжан мұнайын әлемдік нарықтарға шығаруын тарихи оқиға деп бағалады.

Біздің еліміз тарапынан Каспий өңіріндегі ғана емес, сонымен қанаттас Қара

теңіз және Балтық теңізі өңірлеріндегі елдермен де жемісті ықпалдастық

жұмыстары жүруде. Президент осының баршасы елдер арасындағы әріптестіктің

жақсы нышандары деп атап өтті. Бұл дегеніңіз үлкен өңірлердің, оның ішінде

Әзербайжан, Түркия, Қазақстан мен Түрікменстан секілді елдердің бір-бірлеріне

жақындай түскенін көрсетеді. Неге десеңіз, қолданыстағы мұнай құбырлары

бар энергетикалық саясат елдер арасындағы әріптестікті күшейте түседі. Бұл,

Әзербайжан Президентінің пікірінше қазіргіден де ауқымды ынтымақтастыққа

әкеліп, оның болашағын айқын болжауға жол ашады және бұдан біздің алар

пайдамыз да ұлғаятын болады /23.с.574/.

Түркі мемлекеттері мен қоғамдарының достық, туысқандық және

ықпалдастығының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Түркияның сол кездегі Премьер-

Министрі Реджеп Тайып Ердоған түркі әлемі барша халықаралық мәселелердегі

ынтамақты бірлігінің өңірлік және ғаламдық көлемдердегі ықпалдастығының

мызғымас алаңын құрудың маңызына ерекше тоқталды. «Біздің ғасырымызынтымақтасу

ғасыры. Бүгінде ынтымақтасу мен ықпалдастық онсыз да өсіп

жатқан мүмкіндіктерді өмірге енгізуде оңтайлы жолдар ашып беруде. Біздер

табиғи қоғамдармыз. Өзіміздің дәстүрлерімізге, тарихымыз бен мәдениетімізге,

сенімімізге арқа сүйей келе, біздер өз арамыздағы қарым-қатынастардың

өркендеу әлеуеттерін қозғалысқа келтіруіміз қажет. Бүгінгі замандағы біздің

жеңістерге жету жолдарымыз негізінен ықпалдастық пен ынтымақтасу арқылы

өтеді. Егер ынтмақтастықта болмасақ, бізді бөлшектеп құртады.

Әлемнен өзіңді бөлек ұстап, көздеген мақсатыңа жету мүмкін де емес. Осы

мақсаттан келгенде біздің болашақтағы көзқарасымыздың мақсаттары қоғамның

демократиялануы, мөлдірлігі, жақсы басқарылуы мен адамдардың

бостандығы, құқықтарын кеңейте түсу, өңірлік және адамдық ынтымақтастық

аяларын кеңейте беру болуы керек. Еуразияның адамдық және табиғи

ресурстары барша проблемаларды шешуге әбден жетеді. Бәсекелестікпен

қанаттас ынтымақтастық рухымыздың мықтылығы мен оның барша істеріміздегі

көшбастауысы бізге өз пайдасын әкеледі. Бүгінге дейін біздер туысқан халықтар

арасындағы ынтымақтастықты өрістетуге құтты қадамдар жасауды ұсынып

келсек, қазірде оның аяларын ғаламдық деңгейлерде кеңейтуді жоспарлаудамыз.

Осы тұрғыдан алғанда, Түркия мен Әзербайжан мемлекеттерінің арасындағы

жүргізіліп отырған қарым-қатынастардың маңыздары өте үлкен. Осынау

279

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа қатысты жобалар бір кездерде тіпті

ойға да алынбағанын ескерсек, бүгінгі ынтымақтастық пен ықпалдастықтың

деңгейлеріне заманның жарқын жеңістері ретінде қараймыз /87.371-372 беттер/.

Сайып келгенде аталған екі елдің арасындағы қарым-қатынаста түркі

әлемінің ішіндегі ықпалдастықтың жарқын мысалдары ретінде күн санап

өрістей түсуде. Түріктер ұлттық, өңірлік және ғаламдық деңгейлердегі тұрақты

ықпалдастықтың ең озық үлгілерін ұсынуда. Сөйтіп олар Еуразиядағы бірігу

миссиясына жаңа тыныс пен соны серпіндер бере отырып, өңірдегі жалпы

түріктік саяси платформаға белсенділік туғызып, теңгермелі ұстанымдар

ұсынып, өңірдегі түркі мемлекеттерінің саясаттарына сай келетін ғаламдық

саясаттарды алға шығаруда. Демек, «егер біздер бірікпесек, онда біздерді

бөлшектеп құртады» – деген ойдың тегін айтыла салмағынын байқаймыз.

Бұл сөздер қоқыныштан емес, қисыннан туған пайымдар. Әлбетте, қашанда

«жұмсақ дипломатия» мен «жымиған дипломатияның» артында «бөліп ал да,

билей бердің» қатыгез ұстанымы жататынын кім білмейді. Әлемдік саясатта

«ғаламдық күштер» басым болып тұрған уақытта және олар Еуразияны түрлі

мүдделердің қиылысындағы өңір ретінде көріп, саясат тұманында адасып

кетпес үшін стратегиялық қозғалыстардың бағыттарын айқын болжап, түркі

дүниесінің ынтымағын ыдыратып отыруға күш сала беретін болады. Дегенмен,

Түркі Мемлекеттері Одағын құру үрдістерінде түркілер ие болған саяси капитал

анағұрлым өсе түсері анық.

Әлемдік саясаттың отаршылдығы күйрегеннен, империализнің дағдарысынан,

«суыққабақ соғыстан» кейінгі екі бірдей әлемдік соғыстан соңғы жүз

жылда әлеуетті мемлекеттердің ғаламдық кең ауқымдағы қақтығыстары қанаттас

жүрген үрдістердің жандануы кезінде әлем халықтары ұлттық егемендіктеріне

қол жеткізіп, өздерінің ұлттық мемлекеттерін құруда халықаралық саясатқа

басымдық бағыттарда тең қатысуда оң өзгерістерге қол артып, өздерінің ғаламдық

саясаттардағы қабілеттерін танытуда. Сөз жоқ, бүгінгі әлем өзгерістерге

бейім. Дүние жүзінің саяси және экономикалық өмірлері өзгерістердің қажеттігін

бастарынан кешіруде. Десек те, әлем мемлекеттері бұл жаңғырулардың

ендігі ретте ол өзгерістердің өздерінің еріктеріне қарсы және үлкен

мемлекеттердің жоспарларына сай болуын әсте қаламайды. Неге десеңіз, тарихи

тәжірибелер егер саған тиесілі субьектілерді өзгелер өзгерте бастаса, онда ол

жаңғыруларды өзгелердің мүдделеріне орайластырыла жүргізілетінін көрсетті.

Анық ақиқат қисыны көрсетіп отырғандай, қоғамыңды өзің өзгертпесең, оны

өзгелер өзгертеді. Бүгінгі заманның саяси өмірінің қатал ойындары осындай.

Осынау ғаламдық саясаттың шындығы қазірде бүкіл болмысымен ашылды.

Әлемнің жаңа толқындағы мемлекеттері, олардың арасында түркі мемлекеттері

де бар, өз тағдырларының бұдан өзге жолы жоқтығын сезініп, жаңғыруға

толы қоғам заңдылықтарын қабылдай келе, осынау жаңғыруларды ұлттық,

ғаламдық және өңірлік деңгейлерде де аталған жаңғыруларды бірлесе жасау

280

Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...

керектігін түсінулері қажет. Халықаралық қатынастардың келешектегі

дамуы осынау үрдістерге елдердің қандай деңгейлерде және белсенділікпен

қатысуларына байланысты болмақшы. Жаңа уақыттың ғаламдық саясатының

басты парадигмасы әлем баршаға ортақ. Неге десеңіз, тек халықаралық барша

нысандар үшін баршаның жауапкершілігін орната отыра, әлемнің жаңа саясатын

құруға болады.

Жаһандану үрдістеріне жаңа бағыт пен сипаттар берген бүгінгі заманғы

ғаламдық саясат өз мазмұнындағы парадигмалық жаңғыруларына саяси және

экономикалық капиталдарды жинап алғандықтан, белсенді демократиялық

елдерге тән алға баса беретін берік ұстанымға толы қуаттарын арттыра

түсуде. Бір сөзбен айтқанда, келешектің ғалымдық саясаты «құрып тынған

мемлекеттердің» емес, керсінше «жаңа заманға бейімделе алған елдердің»

иықтарында орнайтын болады /293.513-515 б/.

Бұл ойларды кездейсоқ деуге болмас. «Бүгінгі заманның жүйесі дағдарыста»

/313.503-515 б/, терең дағдарыстағы елдер өз тоқырауларын түрлі қаржылық

сілкіністермен, өзге де субьективті себептермен түсіндіреді. Десек те, саясат

пен экономикадағы дағдарыстардың келесідей себептері бар:

– Әлемдік саясат пен экономикадағы теңгерімнің жоқтығы. Әлеуетті

мемлекеттердің бұралаң жолмен дамып келе жатқан әлемдік өндіріс пен

капиталдың тосыннан қорлануынан барынша пайда табуға ұмтылатыны:

– Халықаралық қауіпсіздікті сылтауратып әлеуетті мемлекеттердің арасындағы

«күштер теңгерімдерін» көпе көрнеу жалған бақылаған болу:

– Әлемді билеуде бар қуаттарын салып көшбасшылықтан айырылмау және

бұны саяси, экономикалық және әскери қаруға айналдыру:

– Батыс пен өзге де мемлекеттер арасындағы ертеден қалыптасқан

алыс-берістерді жойып, шиеленістерді одан сайын күрделендіру, отаршыл

сабырсыздықты демократиялық төзімсіздікке ауыстыру.

– Әлемнің «әлсіз нүктелеріндегі» тұрақсыздықты, тұрақсыз және борпылдақ

мемлекеттерді тұрақсыз саяси режимдердің көшбасшы мемлекеттері тарапынан

құрал ретінде пайдалану негізінде өз мүдделеріне жұмылдыру.

– Әлсіз мемлекеттерді экологиялық тұрғыдан қарағанда ауыр саналатын

ымырашыл экономика арқылы әмбебап пайдалануда батылсыздық көрсететін

елдерді ояту.

– Ғаламдық дәрежедегі қаржылық-экономикалық айла-шарғылар, т.б.

Егер әлемнің маңызды әлеуетті орталықтарының ағымдағы экономикалық

дағдарыстар мен қаржылық бұралаңдар мен сілкіністер жайындағы

түсініктемелеріне көз салып отырар болсақ, егер әлем дағдарысқа шым батып

кеткен болса, неге әлемде миллиардерлер саны өсе түсуде деген заңды сауал

туындайды. Ендеше, дағдарыстың көздері әлемдік кеңістіктегі теңізсіздік

пен үндестіктің бұзылуында жатқан болар. Кедейлерді кедейлендіре түсетін,

байларды байыта беретін кез келген экономикалық және саяси жүйе күндердің

281

VI ТАРАУ Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы

күнінде дағдарысқа ұшырамай қоймайды. Неге десеңіз, өнім өндіру мен оны

тұтынудың арасындағы кереғарлықтар түптің түбінде қоғамның құлауына

әкеліп соғады. Прогресшіл саяси сана мұны көріп, оны түзетудің баламалы

өркенді жолдарын іздейді. Осыдан барып егеменді саяси субьектілердіңәлеуетті

ұлттық мемлекеттердің қызметтеріне деген сұраныстар артып,

дағдарыстарды тудыратын үрдістерге тежеу салынып, ғаламдық саясаттың

оң бағыттарды ұстанған жаңғыруларына жол ашыла береді. Осы баламалы

үрдістерде әлемнің саяси құрылымдары жаңа қалыпқа көшіп, ынтымақтастық

ықпалдары арта түседі. Сонымен, тарихи-саяси уақыт үшін мына жайлар

маңызды бола түспек:«Ақиқи саяси мемлекеттердің» ұлттық мүдделерін мүлдем

жауып тастауды көбейтіп, «ғаламды әлеует орталықтарының» /294.101-102 б/

пирамидалды жүйесіне тосқауыл қоюға тырысатын «Вестфальдық халықаралық

жүйенің» керексіздігін мойындау /244.5-6 б/ «Модернизм» аталатын орталықеуропалық

тарихи жүйенің өнімдерінің көнергендігін тану/103.563 б/.

Ғаламдық саясаттың сыңарезу және біржақты үлгілерінен бас тарту үшін

Шығыс Еуропаны, Азия мен Еуропаның тегін азыққа айландыратын жалған

саясатқа бастайтын «ғаламдық саясатқа» тосқауыл қойып, «бір полярлы әлемдік

тәртіптің үстемдік либерализміне қатысты қарсы жобаларды» жүзеге асыруды

ойластыру қажеттігі /195.187б/.

– Батыстық бағыттағы әмбебап әлемдік жүйенің фундаменталды

ұстанымдарын әлемнің әмбебап жүйесіне айналдыруға бағытталған қызметтер

жасау:

– Осынау тарихи маңызы бар бетбұрысты жобада Орталық Азия

мемлекеттері орналасқан түркі геосаяси өңірі қазірдің өзінде жаңғыруларға

бет алған үдерістердің қайнаған ортасынан байқалуда. Сондықтан да, осынау

мемлекеттердің еркімен құрылатын Түркі мемлекеттері одағы әлемдік

маңызды жаңғыруларға серпін беретін табысты қозғалыс болатыны ақиқат.

Геосясаи болжамдардың орталығы болса, қазірдің өзінде-ақ, Еуразияның

саяси құрылымдарын өзгертудегі жаңарған түркі мемлекеттерінің шешуі

рөлдерін болжауда /300,91-119 б,289б.156б/. Әрине, Еуразия мен Түркі әлемі

ықылым замандардан бері өзара ажырамас бірлікте болғандықтан, жаңа

саяси, экономикалық және мәдени құрылыста өз орнын тауып, оның терең

демократиялық бастауларында өзінің геосаяси түпқазығында беки түседі. Түркі

әлемге Еуразия дамуының жаңа парадигмасын ұсынуы керек. Ал Еуразия болса,

өз кезегінде өзінің шекарасын ғана емес, болмысын да өзгертуі керек. Ол өзінің

жаңғырған болмысы арқылы ғаламдық саясаттың өркениетті өзгерістерін қолдап,

оған көшбасышы болуы тиіс. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде пайда болған

Түркі Мемлекеттері Одағы шығармашыл және жасампаз күш ретінде ғаламдық

саясат пен халықаралық қарым-қатынастардың негізгі түпқазық бағыттарында

өмірге оң өзгерістерді енгізуі қажет. Ол сонымен бірге, үлкен әлеукеттерге

қозғау салып, алдыңғы сапқа маңызды тарихи-саяси мүмкіндіктерді шығаратын

282

Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...

болады. Еуразияда қуатты одақ – Түркі Мемлекеттерінің Одағын құрған

тәуелсіз түркі мемлекеттері өңірдің өзге де мемлекеттерінің оған мүшелікке

өтуіне мүмкіндіктер беруі керек.

– Еуразия өзінің ғаламдық кеңістіктегі орнында толық болмысына көшіп,

әлемдегі ең дамыған мемлекеттер өмір сүретін өңірге айналады;

– Еуроодақ пен Түркі Мемлекеттері Одағы Еуразияның екі аймағындағы

ықпалдастықтың басым бастауларын жасаудағы жұмыстарын аяқтап, тарихи

және жағрапиялық бастауларындағы бірліктерінде олар одақтас егеменді

мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықтардай қарым-қатынастарға

ауысады;

– Халықаралық саясатты адамгершілік қағидаттарына және демократияға

көшіру оның Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік Шығыс Азия құрлықтарында

ырғақты дамуын қамтамасыз етіп, әлемдік экономиканы либерализациялау

мақсаттары бұлжымас іске айналады;

– Түркі Мемлекеттері Одағы өз қызметінде халықаралық қарым-қатынастарды

немқұрайды өзгертпей-ақ, керісінше әлем дамуының стратегиялық үрдістеріне

сай халықаралық құқықтардың ақиқат талаптарына орай өзгертеді;

– Түркі Мемлекеттерінің Одағы Еуразияны барша өркениеттердің ең үлкен

үнқатысу кеңістігіне айналдырып, өзара сенімділіктің шұғыл өркендеуінің,

осынау өркениеттегі мемлекеттердің орнықты дамуының полигонына

айналдырады;

– Осының нәтижесінде Түркі мемлекеттерінің Одағы сөзсіз мойындалып,

әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардағы оның саяси маңызы

жоғары баға алып, адамзаттың тарихи дамуының жарқын кезеңі ретінде

бағаланатын болады.

283

284

ҚОРЫТЫНДЫ

Кеше мен бүгін және ертең – осының баршасы түркі әлемі бірлігінің тарихи

тағдырын қалыптастырған уақыттар сабақтастығы. Ал кей кездерде түрлі

толқуларды басынан өткеріп тұратын түркі әлемінің кеңістігі ғаламшардың

аса ұлы құрлығы - Орталық Еуразияның нақ кіндігінде орналасқан. Осынау

кеңістікте дүниеге келген ұлы түркі тарихы - оның жеңілмейтін, мәңгі

өлмейтін рухани жылнамасы саналады. Әлем тарихында түркілер секілді ұзақ

уақыттардан бері осы тақылеттес алып кеңістікті ұстап тұрған бірде-бір этнос

болған емес. Жаңғыру қисындарынан туындайтын түркі мемлекеттерінің

ынтымақтасуы мұраттарын жүзеге асыру тұрғысында ұлы түркі өркениетінің

тарихына үңілу үшін көз алдымызға уақыттар тізбесін жандандырып, елестетіп

көрелікші. Бұдан біздер түркі дүниесінің бірігуіне кедергі болар бөгеттерді

көрмейміз және түркілердің ұлттық мұраттарының деңгейіндегі келешектің

жақындай түскенін байқаймыз. Бұған қоса, түркі мемлекеттерінің өз егеліктеріне

ұмтылған үрдістерге әлемдік қоғамдастықтың құрметпен көз салып отырғанын

аңғарамыз.

Бүгінгі Еуразияны әлеуметтік-саяси бірлік ретіндегі ұқсастықта өз

тарихының өн бойында қалыптастырып келгендіктен, түріктер шындығында

да өз мемлекеттерімен біте қайнасқандықтарын көрсетуде. Бірегей этнос

ретінде өсіп-өнген түркілердің тарихы ақиқатында да өз мемлекеттерінің

өсіп, өнулерімен тамырлас, сабақтас. Соңғы үш мың жылда түркілер құрған

негізгі мемлекеттер әлемдік тарихтағы Еуразияның этносаяси жағрапиясын

өзгертіп, оны бүгінгі ақиқатына жеткізген келесі империялардан тұрғанын еске

оралталық: Олар-Сақтар империясы, Ғұндардың Ұлы Империясы, Батыс Ғұндар

Империясы, Шығыс Ғұндар империясы, Ақ Ғұндар империясы, Көк түріктер

империясы, Аварлар империясы, Хазарлар империясы, Ұйғыр империясы,

Қараханидтер империясы, Ғазнауилар империясы, Ұлы Салжұқ империясы,

Әзербайжандық Атабековтер мемлекеті, Ирак Салжұқтары империясы, Сирия

салжұқтары мемлекеті, Кирман салжұқтары мемлекеті, Анадолы салжұқтары

мемлекеті, Хорезм шахтарының мемлекеттері, Моңғол-Татар түріктерінің

мемлекеті, Алтын Орда империясы, Сібір, Қазан, Қырым, Ноғай, Қасым,

Астрахан хандықтары, Мәмлүктер мемлекеттері, Моғолдар империясы, Дели

түрік сұлтанаты, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті, Сефивидтер

империясы, одан соң Әзербайжан хандығы. Осынау аталған мемлекеттерді

құрған түркі супер этностары әуел бастан-ақ біртекті болмаған.

Оның ішкі этникалық жүйелері жаңғырумен қанаттас өзге халықтар да оның

ішкі этникалық болмысына сіңісті болып отырған. Сондықтан әрбір жаңадан

құрылған мемлекеттің де негізгі халқы үнемі түркілер болып қала берген.

Сондықтан этножүйенің ежелден сақталып келе жатқан «алтын ережесі»

бұзыла қалғанда, онда түркілер құрған мемлекеттер де ыдырап, күйреп отырған.

Түркілер өз табиғатында басқа елдерді жаулап алушылар ғана емес, этностарды

жаңғыртушылар болған.

Ежелгі дүниеден бастап V ғасырға дейін түркілер өз жаңғыруының негізгі

кезеңдерін аяқтаған түркілер ғұндар бастаған генеалогиялық бұтақтарында

антикалық дәуірдегі Орталық Азиядағы этностарды біріктіруші ұлт ретінде

әлеуеттер қосқан. Бұдан кейінгі тарихи үрдістерде, әсіресе XII-XIII ғасырларда

ғұн-түріктері суперэтносының ішкі эволюциясында түркілік бастау басым

болып, сөйтіп, XII-XIII ғасырларда түріктер Кіндік Азиядағы саны мен сапасы

жағынан басым ұлтқа айналып, осы өңірдегі әскери-саяси күш жағынан жоғары

тұрды. Тарихи тұрғыдан алғанда Ұлы ғұндар дәуірі Еуразиядағы Ұлы Түркі

Дәуірімен алмасты. Сонымен 3000 жылдық түркілер тарихы-бұл олардың өз

мемлекеттерін империялық институттар деңгейіне көтеру кезеңі де болды.

Еуразия құрлығындағы ғаламдық саяси өзіндік саналылық кезеңінде түркі

халықтары империялар арасындағы күштер теңгерімдеріне әлеуеттер қосуға

қабілеттерін таныта бастады. Иса пайғамбар дүниеге келгенге дейінгі тұңғыш

рет бірнеше ғасыр бұрын, шамамен /400 жыл/ Қытай империясының әлемге

билік ету ұмтылысы басталғанда, Азиядағы ғұндар империясы алғаш рет

қытайдың геосаяси мүдделерімен бетпе-бет келді. Жерорта теңізінен Шығыс

бағытына жылжып, күн өткен сайын күшейе түскен Рим империясы Азияға

солтүстік пен оңтүстіктен қайсарлықпен Орта Азияның кіндігіне қарай тақай

бастаған. Дегенмен, түркілер өз тарихтарында өмірі бетпе-бет келіп көрмеген

Қытай мен Рим империяларын өзара шайқасудан сақтап қалды. Бір сөзбен

айтқанда, Еуразияның батысы мен шығысынан ғұн түріктері екі ұлы империяны

ғаламдық қақтығысқа барудан аман алып қалды.

Шығысында ғұндар Қытаймен соғысып, батысында Рим империясымен

бетпе-бет соғысып, екеуінің де Еуразия кеңістігінде толық билік жүргізуіне

мұршаларын келтірмеді. Ғұндар шығыста Қытайды, батыста Римді күйрете

жеңді. Осылайша олар мына мысалдар негізінде Pax Turcica /түрік әлемінің

әмбебап үкіметі/, Pax Sinica/ рим әлемінің әмбебап әлемі/, PaxRomana /рим

әлемінің әмбебап әлемі/ Еуразияның нағыз билеушісі кімдер екенін көрсетті.

Бұдан соң олар ешкімге де Еуразияны толық құқықта билеуге мүмкіндік берген

жоқ. Келесі екі мыңжылдықта да тек түркілер ғана мен олар құрған бірлестіктер

өздері дүниеге әкелген мемлекеттері мен империяларын өздері кеңейтіп,

жетілдіре бастады.

Көне түркілердің тарихи-этникалық сараланып жіктелуі оны бірден

Еуразиядағы әскери-саяси үрдістерге тартып, оны әлеуеметтік жіктелудің ішкі

жаңа сатысына көтеріп жіберді. Осынау үрдістер 552 жылы түрік этнонимін

285

алған тұңғыш мемлекеттің – Көктүріктер империясының құрылуына әкелді.

Көктүріктер алғаш рет өз тарихында тұңғыш рет жалпы түркілік саясат пен

идеологияны көтерген өз мемлкетін құрды.Сонымен олар – Көктүріктер

империясы түркі мемлекеттерінің алдыңғы және соңғы империяларын

генетикалық тұрғыдан жалғастырған байланыстырушы буынға айналды. Енді

бұл мемлекеттер әлеуметтік-саяси жүйенің белгілері мен мүмкіндіктерінен

құрылған және саясаттарын мәдениет деңгейіне, ал мәдениеттерін саясат

деңгейіне көтере алған өз міндетті қызметтерін атқарушы мемлекеттерге

айналды. Сөйтіп, бұл түріктер өз дәуірлерін Шығыстың жаңа тарихынан

бастады.

Екінші және үшінші мыңжылдықтардың келесі белестерінде негізінен

Орталық Азия мен оған жақын өңірлерде түркі суперэтносының өкілдері:

қыпшақтар, бұлғарлар, қарлықтар, ұйғырлар, шуваштар мен жақұттар қалды.

Осы кезеңдегі Таяу Шығыстың экспансиясы уақытында көктүріктердің 24

тайпадан тұратын ең пассионерлік тармағы -оғыздар бұл жерлерде жаңа

түркі мемлекеттерін құрды. Негізінен исламды қабылдаған түркілердің

үлкен тобының /олардың арасында бүгінгі қазақтардың ұлы бабалары да бар/

осылайша Орталық Азияға /негізінен Түркістанға/ қайта оралуы бұл өңірлерде

осы күнгі түркілік мемлекеттердің пайда болуына себеп болды. PAXTurcica

мұрагерлері келесі ғасырларда да Орталық Азияда өмір сүрулерін жалғастырып,

түркі-ұйғырларының /745-840 жылдарда/ және түркі-моңғолдарының /1230-

1310 жылдарда/ империясы ретінде тіршіліктер құрумен болды.

Дегенмен, PAXTurcica өзінің Азияға қарай беталыстарында, яғни геосаяси

кеңістікті иелену мүмкіндіктеріне ұмтылыстарында, Еуропа мен Азияның

түйіскен жеріндегі Түрік-Ислам одағы мен ؛ Pax Turkcica өз жаңғыруларымен,

Pax Tuarica және Pax Ottomarica болса, түркі суперэтносы империялық жүйесінің

империялық өмірінің жаңа дәуірімен бастады. Еуропа, Азия мен Африка көне

құрлықтары құрған өңірлер көлемдерін шектеп, болашақ XV-XVI ғасырларда

түркілер әлем тұрғындарының үлкен бөлігін құрайтын түріктің үш тамаша

империясы-Осман түріктерінің /1300-1922/, Сефевидтер /1501-1722/ және

Моғол /1526-1858/ империяларын құрды. Сөйтіп, түркілердің әскери, саяси

және азаматтық жеңістерінің үштігін құрды.

Еуразияның бүкіл аумағына жайылған түркі суперэтносы осының нәтижесінде

ерекше сапаға ие болып, өз тамырларынан үзілмей, оның тағанында Орта

ғасырларды шаңырақ көтерген түркі-ислам мемлекеттерін аса зор мемлекеттік

тәжірибелер жинаудың арқасында жаңа түркілік империяларға айналдырды.

Империяның соңғы тірегі Араб-ислам сұлтанатының тағаны-Аббасидтер

Хлифаты құлағаннан кейін Таяу Шығыс пен Орта Шығысты жаулап алушылар

парсылар не византиялықтар емес, ендігі ретте түркілер болды. Егер біздер

бүгінде жүзжылдықтарды қамтитын түркі мемлекеттерінің өркендеу жолдарына

286

қарар болсақ, онда олардың арасындағы тарихи-геосаяси ахуалдарының

оларға өңірлік-геосаяси сырт пішінге пайдалы сабырлы да ұтымды шешімдер

қабылдауларын қамтамасыз етіп отырғанын байқаймыз. Олардың арасындағы

тікелей қарым-қатынастар сонау көне замандардан бері қарай мемлекеттіліктің

дәстүрлерімен алмасуларына қызмет жасаса, ал көлденең қатынастары сол

заманғы мемлекеттердің түрлі деңгейлері мен мүмкіндіктерінен туындайтын

шекаралардағы мүдделерін қамтып отырған.

Әлемдік тарихтың жаңғыруы мен әлеуетті түрік империяларының

құлдырап құлап,олардың ұлттық мемлекеттерге, тіпті хандықтарға айналуы

қарсаңындағы ахуалдардың көптеген тарихи-саяси себептерден туындағанын

байқаймыз. Мүмкін осынау себептердің негізінде ғана уақыттар өте келе

осынау империяларды жаңғырту кезеңдерімен қанаттаса қозғалу керек боған

шығар. Бұл істерге түркі мемлекеттері тек қана Иса пайғамбар туғаннан

кейінгі екінші мыңжылдықтың басында ғана қабілетті бола алды. Осы

тұстарда Еуропаны күшейте түскен себептер керісінше Азияның әлсірей

бастаған мерзімімен тұспа-тұс келді. Әлемдік империализмнің Азияға өктемдік

жасап, басып алуға ұмтылуының алдындағы үлкен сілкіністер қарсаңындағы

ауыр сынақтардың өзінде өз мемлекеттілігін жоғалтқан түркі әлемінде өз

тамырларынан үзілмеген жеңілмес рух пен адамшылық биік қасиеттер өзге

ұлттарға қарағанда жоғары тұрған болатын. Тек осынау сөнбес руханилық

пен адамшылық қасиеттердің арқасында ғана түркілік бірліктің идеясы

жоғалып кетпей, өмір сүре берген. Бұл өз кезегінде классикалық түркіліктің

барша әлем бойынша біртіндеп әмбебаптана бастағанын байқатады. Тарихи

жаңғырудың екінші кезеңі Көктүріктер дәуірінен соң серпінмен басталып,

XIX ғасырдың ортасындағы әлсіреуден кейінгі ұлы қайта дәуірлеудің келесі

толқынына көшкен. Бұл бүкіл әлемдегі түркіліктің әмбебаптануына ауысқан.

Түркінің саяси мәдениеті де ұлттық біртектіліктің тұрақты бірлік идеясына

жетіп, оның тұжырымдамалық идеяға айналуына жол ашқан. XIX ғасырдың

басында түркизм мен исламизмнің үрдістері өз болмыстарында екінші орынға

кетіп, түркі әлемінің идеялогиялық-саяси-мәдени дүниетанымның түбегейлі

өзгерістерінен көріністер тапты. Аталған дүниетанымды тұжырымдаудың және

оны жүйелендірудің кейініректегі үрдістерінде бұл танымдар идеологиялық

түркизммен,саяси түркизммен, мәдени түркизммен тікелей байланыстары

көріністер береді. Бүгінгі заманғы түркизмнің классикалық түркизмдегідей

негізгі мақсаты- тәуелсіз түркі мемлкеттерін конфедерацияға немесе алпауыт

мемлекетке айналдыру емес, халықаралық жүйедегі егеменді субьектілерге

ғана жаңғырту. Түркизм-бұл біздің түркілігіміздің айғағы ғана. Біздің

түркілігіміз-біздің ұлттық санамыздың өзегі, түп тамыры. Ендеше біздің

түркілігіміз ғаламдық ұлттық санаға кірігіп, түркі дүниесінің жағрапиясы мен

рухани қырларын, саяси өзгерістерін, талайлы тағдырына апарар есікті ашып,

287

тарих тербеткен болашағына апарар баспалдақтар болып отыр. Сонымен қатар,

түркілік мәдениет үнемі жетіліп тұратын жанды болмыс, тамыры тым тереңде

жатқан солмас қайнарлы қазына. Ол бүгінде де ұлттық түркілік мәденитетті

өркениетті идеялармен қуаттандырып, табысты байыта түсуде.

Әлемдік тарихты түркі тарихынсыз елесетету қандай қиын болса, әлемдік

мәдениетті де түркі мәдениетінсіз елестету сондай қиын. Егер әлемдік

тарихқа антикалық дәуірден бүгінгі заманға шейін көз салар болсаңыз, одан

түркі мәдениетінің алған орнын көре аласыз. Таңдаулы өркениеттің үлгісі

ретінде өмірге келген жалпы түркілік мәдениетті қалыптастырған тарихижағрапиялық

жағдаяттарға көз салсақ, әу бастан-ақ онда түркі суперэтносының

пассионарлық қуаттары мол болғанын байқаймыз. Осынау әлеуеттер бұл

этностың уақыт санап өз бетімен дамып, толыққанды өркениет ретінде дами

бергенін аңғарамыз. Алайда түркі өркениеті қанша дамыса да, қаншама кеңейе

түссе де өзінің түркілік мәдени тамырларынан үзілген жоқ және халықпен

байланысынан ажыраған емес. Түркілердің ұлттық мәдениеттері болса, осы

дәуірлерде Еуразия жүйесінде әмбебап этномәдени тұғырға айналумен болды.

Жекелеген ұлттық түркілік мәдениеттер болса, жалпы түркілік мәдениеттің

этногенетикалық тағанын қорғай келе, оларда өздерін барша қасиеттерімен

сақтай алды. Сондықтан түркі мәдениеттері табиғи қалпы мен өзара

үндестіктерін сақтай отыра, өз бастауларынан әсте де ажыраған жоқ. Осылайша,

түркі мемлекеттері мен империяларын құрушылар осымен бір уақыттарда

түркі өркениетін де құрды. Неге десеңіз, осынау саяси құрылымдар түркі

суперэтносына Еуразияның ұланғайыр аумағында өркениеттер құруларына

үлкен мүмкіндіктер жасады. Барша тарихи сынақтардан сүрінбей өтіп, тұрақты

түрде кеңейе түскен түркі өркениетінің жеңілмес үлгісі-Түрік мемлекеті, Түрік

мемлекеттігі болды. Түрік мемлекеттігі бұл шын мәнінде де түрік өркениетінің

алтын арқауы, беломыртқасы еді.

Әлемдік мәдениеттің даму тарихында ең маңызды рөл атқарған түріктер

болса,олардың құдіреттіліктері мемлекеттік дәстүрлерінде болды.Түріктермен

тығыз қарым-қатынастарда болған әлем халықтары да осынау мемлекеттік

дәстүрлерді өздерінің саяси іс-тәжірибелерінде кеңінен қолданды.Көктүріктер

дәуірінен соң қалыптасқан түркі өркениеті мен ислам өркениеті де пассионарлық

іргетас бола келе туған түрік тілдерін Шығыстық Исламның өркениет тіліне,

өзара қарым-қатынастар тіліне айналдырды. Көктүріктер империясының мәңгі

өлмес туындысы, түркі мемлекеттігінің, түркі бостандығы мен бірлігінің

ескерткіші Орхон жазбалары да осы тілде жазылған болатын. Мемлекеттік

саясат деңгейінде көрсетілген түркі бірлігінің идеясы тарихты тұңғыш рет

осылайша жазба материалы түрінде ұсынды. Бұл құжаттар Орхон жазбаларында

негізделген аталмыш жазбалар жалпы түркі мәдениетінің, әсіресе жалпы

түркілік мәдениеттің саяси тағанын қалауда баға жетпес маңызға ие болды.

288

Орхон ескерткіштерін түбегейлі маңыздандырудың қажеттігі, әсіресе,

түркі әлемінің саяси-мәденеи тағдыры үшін қажет болды. Орхон жазбалары

түркілік тұңғыш мемлекеттің тарихи құжаттарының бұқаралық сипатын

көтеріп, оның бүгінгі заманғы барша түрік тілдерінің түп қазығы, бастау бұлағы

болғанындығынан және көне түрік тілінде жазылғандығынан, Түрік этнонимін

алған Көктүріктер империясының әлемдік мемлекеттіліктің қалыптасуына,

оның этногенезисінің пайда болуына, тіпті жалпы Еуразияның жаңғырып,

өркендеуіне, оның ұлттық мүдделеріне қызметтер жасағанын көрсетеді. Бұл

ертедегі Орта ғасырларда түркі этносаяси жүйесінің дамуының нәтижесінде

пайда болған Көктүріктер империясының кейіннен аса үлкен империяға

айналуының куәсі. Аталған империя әскери, саяси және дипломатиялық

жағынан да үлкен империяға айналып, Еуразиядағы бүгінгі барша тарихиклассикалық

идеологияның түркі әлемінің бірігуіне қызметтер жасап отырған

жолының ең бастауында тұрғанын көрсетеді.

Бүгінгі заманғы түркі мәдениеті «Орхон ескерткіштері», «Оғыз-қаған»,

«Қорқыт ата кітабы», «Манас», «Эмсали Тюрк», «Диуани лұғат-ат түрк»,

«Құтты білік», «Диуани-Хикмет», «Оғызнама», «Мюгайисет-ул- лугетейн,

«Шеджереи-Тарикиме» секілді ұлы шығармаларды өмірге әкеліп, олардың

әлемдік мәдениетті өзіндік бояуларымен байытып, құнарландыра түскен,

ұлттық мәдениеттердің дамуына жол ашқан рухани-эстетикалық қуаттарымен

адамзаттың адамгершілік, кісілік сезім, жасампаздық ойларына қозғау салып,

кісілік құндылықтарға таған болған мәдениеттерге іргетас ретінде қаланғанын

көреміз. Түркі өркениетінің, түркі мемлекеттілігінің және оның саяси

көзқарастарының әмбебаптана түсуіне Ұлы Жібек Жолының баға жеткісіз

ықпалы болғанын бөле жара атап өту керек. Ұлы Жібек Жолының ықпалымен

және өзге де әсерлермен Орта Азияның күре тамыр тіршілігі ретінде Қиыр

Шығыста Жапон мен Қытай өркениеттерімен және оңтүстік-шығыста Үнді

өркениетімен, Таяу Шығыста Ислам өркениетімен, әсіресе Арабтармен,

Ирандықтармен, Батыста Еуропа мен Славян жұрттарымен байланыстар

орнатты. Дегенмен тарихи себептермен олардан байланыстарын үзіп алған

түркілер, сайып келгенде, олардың баршасымен мультимәдени кеңістік құра

алды. Атап айтар болсақ, түркі әлемінің Ұлы Жібек Жолымен біте қайнаса

жалғасуын үш деңгейге бөлген жөн.

1) Жібек Жолы тарихи кезеңдерде ұзына бойы мыңдаған шақырымдарды

құрайтын сол маңдағы қапталдас жатқан түркілер мемлекеттерімен қанаттаса

өткенде;

2) Тарихи мерзімдердің ұзақ жылдарында Жібек Жолының негізігі

пайдаланушылары әрі жақтаушылары да түркілер болғанда;

3) Түркі мемлекеттері көптеген ғасырлар бойына Жібек Жолының

трансеуразиялық коммуникациялық байланыс жүйесі ретінде істеп тұруын

қамтамасыз етті.

289

4) Түркі мемлекеттері мен елдері осы жолдың 2200 жылдық тарихының

өн бойында дерлік оны бақылауда ұстап, өңірдің шекараларын назарда ұстап

отырды. Жібек Жолының саясаты түрік өркениеті мен оның саяси мәдениетінде

ерекше орын алды. Сондықтан Ұлы Жібек жолының идеясын ғаламдық деңгейге

көтеру үшін жоғарғы деңгейдегі көліктік замануи технологиялар тағанында оны

осы заман талаптарына сай қайта өмірге әкелудің игі қадамдары жасалуда.Бұл

игіліктер /TRASEKA/ Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі жобасы арқылы жүзеге

аспақшы.

Бүгінгі заманғы халықаралық саясатта Ұлы Жібек Жолының маңызы айрықша.

Бұдан да түркі әлемінің үлкен саясатқа оралуын, оның Еуразия

құрлығындағы саясаттағы, экономикадағы және мәдени өмірдегі орнын

аңғарамыз. Тарихи нәтижесі ретінде Еуразияның түркі әлемімен геосаяси

біртұтастыққа көшуін айтқанымыз жөн. Бұған дейін әр түрлі өркениеттердің

бөлшектері болып келген Азия мен Еуропа түркілердің бірігуінің нәтижесінде өз

қарым-қатынастарын бірегей өркениеттің мега жүйесінде құруға бет алуда. Егер

Еуропа Таяу және Орта Шығыс, Кавказ, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс

Азия блоктарына бөлінсе, ендігі ретте түркі дүниесінің біріге бастауының

нәтижесінде біртұтас болмысқа айналатын болады. Олардың жалпы саяси

геосипаттық жағдайлары ендігі ретте біртұтас өркениетке ұласады. Былайша

айтқанда, бүгінде бірде-бір саяси партия, яки болмаса елдер түркі мемлекеттері

секілді өңірлерде геосаяси жағынан мемлекеттердің мүдделер мен мұраттарын

үйлестіре алатын мүмкіндіктерге ие емес. Сондықтан Еуразияның тарихи

геосаясаты жаңа Азия мен Еуропаның арасындағы түбегейлі өзгерістер мен

жаңғыруларға байланысты болып қала бермек және бұл жердегі табыстар түркі

мемлекеттеріне тікелей тәуелді.

Шамамен екі мың жылдан бері жалғасып келе жатқан түркі геосаясатының

ырғақты дамуы түркілердің тарихи-саяси жағдаяттарынан тұрып, кезінде

Шығыс Түрікстан мен Батыс Түрікстан болып тармақталған бөліністерінен

түркі этносаяси жүйесі құрылғаны мәлім. Тиісінше Батыс Түркістан Еуропаны

бетке ұстап келе жатқан түркі мемлекеттерінің геосаяси жолағын құрып

отыр. Дегенмен, түркі мемлекеттерінің мұндай бөлініске түсуі олардың

этногенетикалық жадыларын өшіре алған жоқ. Батысты бетке алған түркі

диотомиясы Еуропамен байланыстарын нығайта түссе, шығыс түркілері

Оңтүстік Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарын күшейтуде. Классикалық

Азияның бірде-бір империясы жасай алмағанды, яғни Қытай, Үндістан мен Иран

және Араб елдері жүзеге асыра алмағанды түркілер істеп, қазіргі жаңа уақытқа

шейін Азия мен Еуропаға қатысты саяси тұрақтылықтарын шайқалтқан жоқ.

Ғаламдық деңгейдегі жақындасудың парадигмасынан қарағанда Еуразияның

геосаяси дамуының қисындары аясына Орталық Азия мен Кавказ да кіретін

түркінің құрлықтық геосаяси жүйесінің үрдістерімен тікелей байланысты.

290

Өңірдегі сегіз түркі мемлекеттерінің бесеуі Кеңестер Одағы ыдырағаннан

соң өздерінің әуел бастағы құрылған жылдардағы орындалмастай көрінген

мұраттарына қарай қадам басып, дами бастады.Түркиядан Қазақстанға дейінгі

барша түркі қауымдастығы өңірлік және халықаралық ұйымдарда жеке

өздерінің ғана болуынан үлкен маңызға ие бола алмайтындарын жете түсінді.

Бұлай болмас үшін түркі мемлекеттерінің бірігуі керек және осынау жол аса

қисынды және де тарихи заңдылық болып табылады. Бүгінде Еуразияның ішкі

дамуын күшпен реттеу мүмкін еместігі және оның әлеуеттер қайнары тек қана

түркі әлемінде жатқаны айқын болып отыр. Бүгінде Еуразияның жүрегінде,

«ішкі жерлерінде» /Маккиндер/ түркілер құрған геосаяси жүйенің қуаттана

түскен жағдаяттары өңірдің қалған елдерінің мүдделеріне сай келуде /тіпті

Ресейдің де/ Еуразияның «Түркілік бәтуәсы» болса, осы өңірдегі мемлекеттер

арасындағы келісімдерге осынау мемлекеттердің әр қайсысының ортақ алаңда

дамуына оңтайлы жағдайлар жасайды.

«Түркілік бәтуәның» ғаламдық және өңірлік, ұлттық деңгейлері негізіндегі

салынған келісімдердің артықшылығы бұл жерде қандай да бір саяси субъектінің

басым болуына мүмкіндіктер бермейді. Әдеттегідей, тұрақты және тұрақсыз

саяси жүйелері, өркенді немесе дағдарысты экономикасы, демократиясы

орныққан, болмаса, демократиясы қалыптасып үлгермеген мемлекеттер енжар

геосаяси кеңістікте өзінің ішкі және сыртқы басымдықтары үшін қолайлы

ахуалдар табады. Сондықтан, «түркілік бәтуә» Еуразиядағы міндетті кезең

ретінде өңірдегі осынау «диссонанстық» жағдайды түзетуі керек. Еуразия

өзінің геосаяси қауіпсіздігі үшін түрлі даму деңгейлеріндегі елдермен, әсіресе,

Жапониядан бастап Британия, Ресейден Үндістанға дейінгі мемлекеттермен

ықпалдастыққа көшуі мүмкін. Сондықтан да қазірде түркі мемлекеттері, оның

ішінде Түркиядан Қазақстанға дейінгі елдер алысты болжай алатын және

қисынды қалыптасқан саяси мәдениеттерінің арқасында Еуропаның геосаяси

қауіпсіздігін жақтап, оның бастаушылары да болуда.

Еуразияны қамтыған әлемдік ықпалдасу үрдістеріне көз салар болсақ, онда

оның түркі мемлекеттерінің ішкі геосаяси ынтымақтастығымен сабақтасып,

нағыз ғаламдық бүтіндікке көше бастағанын аңғарамыз. Егер Еуразиядағы

жүріп жатқан қазіргі үрдістерді таразылап, түркі мемлекеттері геосаяси

кеңістігінің даму болашағын қаперге алар болсақ, онда осынау елдерде,

әсіресе Түркияда үрдістерге тиесілі қадамдардың саяси маңыздылығы арта

түскенін және оның ғаламдық мәнінің де өскенін көреміз. Батыстың саяси

сарапшылары Джордж Фридман мен Збигнев Бжезинскийлердің пікірлерінше,

Америка Құрама Штатының тұрақты назарындағы бірден-бір шығыстағы

ислам мемлекеті – Иранға қарағанда Түркия стратегиялық әріптес ретінде

мақсаттарына өз күштерімен-ақ жетуге болады деп санайтын және осы

өңірдегі күштер теңгерімін сақтауға қабілетті ел – Иран болса, осыдан барып

291

Түркиямен қуатты бәсекелестікке жету үшін өзінің стратегиялық қорларын

онымен бөлісуге мәжбүр. Әлемдегі ең күшті он жетінші мемлекет – Түркия

келесі он жылда АҚШ-тың өңірде қандай қадамдар жасайтынына қарамастан,

Таяу Шығыстағы экономикалық жағынан ең өркендеген ел болуға мүмкіндігі

бар мемлекет. Осыларға қоса, араб елдері шейттік Иранға қарсы тұрар күшті

іздеп жатқан уақытта бұған ең лайықты ел – Түркия болып отырғанын да атап

кеткеніміз жөн. Бұл ел өңірдегі, тіпті Еуропадағы да /Ресей мен Ұлыбританияны

есепке алмағанда/ ең қуатты армиясы бар мемлекет болғандығынан, Иранның

Араб түбегіндегі өңірге ықпал жүргізу арқылы басымдық танытуына қарсылық

білдіре алатын әлеуетті ел саналады.

Таяудағы онжылдықтарда АҚШ-тың араб әлеміне ықпалын арттыруы үшін

ұстанар мақсаты – Тегеран мен Анкараның одақтасуына мүмкіндігінше жол

бермеу болмақшы. Алайда Анкара мен Тегеранның Ақ Үйдің алдындағы уақыт

санап үдей түскен қорқынышы осынау одақтың құрылуын тездете түсетін сыңайы

бар. Дегенмен, Америкамен жасалған келісімге қол қойылуы ирандықтарды

белгілі бір мерзімге дейін тыныштандырып отыр. Сайып келгенде, Тегеран

Анкараның алыс келешекте көздеген мақсатына қарай жылжуын тоқтата

алмайды да. Анкара болса, өз тарапынан Ақ Үймен ұзақ мерзімдік қарымқатынастарын

одан әрі жалғастырып, Балқан мен Кавказдағы өзінің маңызын

жоғалтпауға күш салуда. Осының нәтижесінде Түркия АҚШ үшін осы өңірдегі

Ресей мүдделеріне тосқауыл болар белдеу қызметін атқаратын ел ретінде

бағаланып отыр. Бұдан алыс келешекте Тегеранның Анкараны өз мақсаттарына

жетуден тоқтата алмасын көреміз. Бір жағынан, экономикалық тұрғыдан

қарағанда Түркия Иранмен салыстырғанда әлде қайда әлеуетті де, ырғақты

дамып келе жатқан мемлекет. Бұл тұста, жағрапиялық жағынан қарағанда,

Тегеранның өңірдегі мүмкіндіктері шектеулі де, Анкара одақтар құру арқылы

өз ықпалын Кавказ, Балқан, Орталық Азия мен Жерорта теңізі мен Солтүстік

Африкаға қарай ұлғайта түсуде.Тегеранда мұндайлық мүмкіншіліктер жоқ.

Иранда еш уақытта да қуатты әскери-теңіз күштерінің болмағанын атай келе,

Джордж Фридман елдің стратегиялық жағдайы мен бұғаздың маңызына орай

Иран болашақта да мұндай күштерге ие бола алмайды деген пікірлер айтады. Ал

Түркия болса, Жерорта теңізінде, керісінше, басымдыққа ие және келешекте де

бұл артықшылығын сақтап қалуға мүмкіндіктері зор. Алдағы онжылдықтарда

Анкараның аталған өңірдегі басымдығы сақталып қана қоймай, арта түсері

сөзсіз. Бүгіннің өзінде-ақ Анкара аталған өңірде жеткілікті маңызға ие болып

отыр.Түркия ешкіммен де шиеленіске бармай, сондығынан да өңірдегі жағдайды

назарда ұстауда.

Дегенмен, келесі онжылдықтарда Түркияда елдің барша күшін ортақ

игіліктер жасауға жаппай жұмылдыру жүргізілетін болады. Бұған елдің ішкі

жағдайы мен экономикасының өркендей түсуі толық жағдайлар жасайтын

292

болады. Сондықтан АҚШ келешекте Түркиямен жақындаса түсіп, оның еркін

өркендеуіне кедергі келтімейтін болады. Збигнев Бжезинский де ХХ ғасырда

Түркия коммунистік Ресеймен салыстырғанда даму жолын сәтті таңдап алған

деп санайды. 1924 жылы Мұстафа Кемел Ататүрік жүргізген шұғыл реформалар

болмай қоймайтын жаңғыруларға бастап, Анкара ресми болмаса да батыстың

деңгейіне жетіп қалды. Бүгінде заманауи Түркия халықаралық аренада

өзінің өңірлік жағрапиялық басымдықтарын қалпына келтіруде. Осынау оң

жаңғыруларға діни негіздер емес, тарихи-геосаяси себептер негіз болуда.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған егеменді түркі

тілдес республикалар ендігі ретте Түркиямен қанаттас дамудың әлеуеттерін

иеленді. Энергетикалық тұрғыдан қарағанда, Түркияның байлығы мен түркі

тілдес мемлекеттердің баршасының даму мүмкіншіліктері өңірдегі шешуші

демократиялық күшке айналып, геосаяси жағынан алғанда, демократияландыру

мен сауда және мәдени байланыстарды орнатуға шешуші себептер болуда. Бұл

тұста Мәскеудің де Орталық Азияның энергетикалық ресурстарын пайдалануға

деген ниеті мен құмарлығын естен шығаруға болмас. Алайда, Анкараның,

Баку мен Тбилисидің ықпалдастық қауымдастығының Каспий теңізі арқылы

қарым-қатынастарының өсе түсуінің нәтижесінде түркі тілдес мемлекеттерден

және Орталық Азиядан мұнай мен газдың Еуропаға тасымалдануы қамтамасыз

етілуде. Сондықтан, Батыс Түркиямен байланысты жоғалтуға мүдделі емес.

Неге десеңіз, Батыс үшін Түркиямен байланыстарды жоғалту, бүкіл түркі

мемлекеттер өңірін жоғалтумен пара-пар.

Асылында, Түркияның өркендей беруі трансеуропалық жобаларды

жүзеге асырып, жалпы өңірдің өркендеуін және оның ғаламдық кеңістіктегі

белсенді ықпалдастықтарын қамтамасыз ете беру деген сөз /233:234:213/. Егер

осындай тарихи-саяси жағдайларда түркі әлемінің бірігу идеясы маңызға ие

бола түссе, онда осынау қисынды ақиқаттың өміршеңдігі айқындалып, түркі

өркентиетінің өзіне деген нық сенімі барша деңгейлерде беки түсері анық.

Мультимәденитаным кеңістігінде өзін бірегей түркілік өркениеттің барша

деңгейлеріндегі орыннан көру, осынау өркениетті тану, түркілік өміршеңдіктік

өрісінің кеңдігін мойындауға жетелейді. Сондықтан, әлем кеңістігінде түркі

мемлекеттерінің аталған өркениетінің пайда болуына орай мәдени-саяси өмірдің

негізгі бағытына Еуразияны қамтуға көшкен бірлік идеясы әлемде басымдық

таныта бастады. Бұл қозғалыстың басты жолы түркі өркениетін ғаламдық

өркениеттің даму үрдістерінің жетекші заңдылықтарымен біріктіреді. Мұндай

бірлестіктің құрылу тарихына байланысты жаңа тарих жағдаяттары егер

Еуразияның еуропалық бөлігі мәртебе биігіне Еуроодақты көтерсе, онда түркі

өркениеті өңірлері, әсіресе оның азиялық бөлігі мұндай миссияны өздері-ақ

жүзеге асырады және оны артығымен орындауға қабілетті. Еуроодақ /Europea

Union/ пен Түркі мемлекеттерінің одағы /Turkic States Union/ сапалық жағынан

293

Еуразия алаңына жақын болғандықтан, Еуразияның да ғаламдық саяси бірегей

кеңістік мәртебесін ала бастағанын көрсетеді. Осынау парадигманың алға

шығуы Түркі Мемлекеттерінің Одағы идеясы Еуроодақ идеясына балама болса

да, оның оған қарсы тұрмайтынын көрсетеді. Керісінше, Түркі Мемлекеттерінің

Одағын құру Еуроодақтан кейінгі Еуразияның саяси-өркениеттік бүтіндігінің

қисынды жалғасы әрі маңызды құбылысы саналады.

Халықаралық саясаттың басымдығына айналған халықаралық құқық

қағидаттары мемлекеттердің /ең алдымен түркілердің/ ғаламдық деңгейлердегі

біріге бастау үрдістерін одан сайын жеделдетті. Біздер үшін тарихи мәнге ие

үрдіс-Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру түркі халықтарының ұлттық-тарихи

еріктерінің нәтижесіндей іске асуын айғақтайды. Еуроодақ құрылғаннан

кейінгі халықаралық саясаттағы жаңа әлемнің үлгісін құру үрдістері өзге де

одақтардың құрылуын ақиқатқа айналдырды. Одақ құрудың Еуразиялық үлгісі

ретіндегі Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ендігі ретте оның еуразиялық

үлгісін жасауы тиіс. Халықаралық қарым-қатынастардағы көп тарапты

ықпалдастықтардың осы жылдарда жинақталған тәжірибелері көрсетіп

отырғандай, еуропалық өркениет секілді қауымдастыққа ену анағұрлым сенімді

екенін көрсетіп отыр. Адамдардың, қоғамдар мен мемлекеттердің жақындасуы

үстірт себептермен болса да, тарихи тұрғыдағы себептермен бірлесулерге сөзсіз

жол беретінін көріп отырмыз. Жалпы ұлттық, өңірлік және лингвистикалық, діни

және өркениетті негіздердегі ішкі ықпалдасуға кіріскен әлемдік мемлекеттер

жақын болашақтарда әр елдің саяси және экономикалық мүдделерін ғана

бірінші кезекте ескеретін болса, одақтар құруды барынша қиындатады. Бұдан

бұл жағдайларда бірегей халықаралық саясат пен халықаралық құқықтар

тұғырында одақтасуға халықаралық саясаттың аса қажеттілігін түсініп барып,

іске кірісудің маңызы зор екенін көреміз.

Әзербайжан – геосаяси, экономикалық және геоөркениеттік тұрғыдан

қарағанда және жалпы түркілік бірлесудің идеологтарын өсіріп шығарған ел

ретінде бағалағанда, бұларға қоса Еуропа мен Азияны өзара ынтымақтастырып,

Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерін, бүкіл Кавказ-Каспий өңірлерін

әлеммен жалғастырып тұрған біріктіруші әлеуеттері мен мүмкіндіктері

аса зор ең үлкен мемлекет. Бұларға қоса, көңілге түйер бір ақиқат- әлемдегі

түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделерін мүлдем ескерусіз және де түркі

мемлекеттерінің һәм осынау өңірдегі қалған мемлекеттер мен халықаралық

субьектілер арасындағы ықпалдастықтарды керекті деңгейлерге көтеру

мүмкін еместігі айдан анық. Осыдан барып, аталған барша принциптерді түркі

мемлекеттерінің одағын нығайту соңғы жиырма жыл көлемінде түркі елдері

ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарына айналып, осы ұстаным

уақыт санап кеңейіп, нық сенімдерге ие болуда. Бүгінде Түркі Мемлекеттері

Одағының болашақ ынтымағының конвергенттік саясаты қазіргі жағдайында

294

түркі тілдес республикалар арасындағы мәдени-саяси ынтымақтастықтың

гуманитарлық негіздерін жасау мақсатында аталған мақсатты іске асыру үшін

түркі халықтарының бірлігін сақтап, денсаулықтарын қорғап, ортақ асыл

мұраттарға адал қызметтер жасауды өз алдарына жеке жоспарлар ретінде

ұсынуда. Әсілі, түркі әлеміндегі қазіргі идеология, мәдениет, ғылым, білім беру,

әдебиет пен өнер салаларындағы қарым-қатынастар заманауи әлемде тереңдеп,

аясын кеңейте түсуде. Бұған түркі өркениетінің қазіргі замандағы замануи

әлемнің әмбебап құндылықтарын бойына сіңіріп, осы негізде өзінің тарихи

гензисі мен ішкі болмысын байытып, ұлттар арасындағы тілдік, мәндік және

мәдени жақындасуды мұрат етуілері түркі халықтарын қателіктер жіберуден,

жаңсақ қадамдарға барудан қорғауда.

Түркі әлеміндегі мәдениеттераралық қарым-қатынастардың даму

болашағындағы Түркі Мемлекеттері Одағының бірегей гуманитарлық жүйесі

– бұл дамудың негізін тапқан ең мықты іргетас және ынталандырар күш, атап

айтқанда, гуманитарлық ойлардың іс жүзіндегі әмбебап әрекеттерін өзара пәтуәға

келтірер ішкі қуатты болмыс. Оның бүтіндігін сақтау – Түркі Мемлекеттерінің

Одағын құру мақсаттарына қол жеткізу деген сөз. Түркі Мемлекеттері Одағы

идеологиясының тұжырымдамалық негізгі ережесі тарихи-жағдайдағы негізгі

үрдістер құндылықтарымен ұстанымдарынан, түркі мемлекеттерінің бірлігі

мен қызметтеріне бағытталған істерге деген ықыластары мен жаңғыруларына

бастайтын саяси биліктің әмбебап гуманитарлық-идеологиялық алаңын

қолдаудан тұрып, сырт күштердің насихаттарына бірлесе тосқауыл қойып,

халықаралық деңгейлерде идеологиялық бірлікке берілгендік танытып,

халықаралық қауымдастықты Түркі Мемлекеттерінің Одағын құру ісіне

дайындау, одаққа төнген қауіптер мен қатерлердің алдын алудан тұратын болады.

Ғаламдық динамиканың заңдылығы бойынша түркі геосаяси өңірін түркінің

геосаяси жүйесіне айналдыру және өз кезегінде оны Түркі Мемлекеттерінің

Одағына көшіру түркі мемлекеттері арасындағы геосаяси байланыстардың үш

сатылы динамикалық жүйесі секілді халықаралық саяси жүйені күшейту болып

табылады. Түркі Мемлекетері Одағы жайлы талқылаулар мен пікіралысулардан

оны нақты іс-әрекеттер сатысына шығару мұраттарды орындау жолын кеңейтіп,

Түркі халықтарының Сьездері шеңберіндегі: Туысқандық пен Ықпалдастық

съезіне, түркі тілдес елдер басшылары деңгейіндегі кездесулерге, түркі тілдес

мемлекеттер ықпалдастығы Кеңестеріне, әлемнің Түркі және Әзербайжан

диаспоралары Басшыларының Форумына шығып, тәуелсіз бастамалар

дайындап, жалпы түріктік ұстанымдарды төмендегі халықаралық ұйымдар

өмірінің ақиқатына айналдырады. Санамалап көрелік: TURKРA – Түркі тілдес

мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы, TURKSOY – Түркі мәдениетінің

халықаралық ұйымы, TDAV – Түркі әлемін зерттеу қоры, TIKA -Үйлестіру

мен ықпалдастықтың түрік агенттігі, SSAV-Мармара тобы, TXUA-Түркі

295

халықтарының дүниежүзілік ассамблеясы, OCCИ- стратегиялық және әлеуметтік

зерттеулер ұйымы, TXUA–Түркі халықтарының әлемдік ассамблеясы, TSAM-

Түркі өркениетінің зерттеу орталығы, TUDEV-Түркі мемлекеттері мен

қауымдастықтарының достық, туысқандық және ықпалдастық ұйымы, TDBB-

Түркі әлемі муниципалиттерінің бірлестігі, BTН-Ұлы тұран қозғалысы, TDS-

DE- Түркі тілдес мемлекеттер саясатын қолдау қоры, TASAM-Стратегиялық

зерттеулердің түркі-азиялық орталығы, AAYB –Еуразия жазушылары одағы,

TDYSY- Түркі тілдес мемлекетердің саясаттарын қолдау қоры, TDJB-Түркі

әлемі журналистерінің одағы, DGTYB–Әлемдегі түріктің жас жазушыларының

одағы, DTQCFD – Әлемдік түркі туысқандық қауымдастықтары қызметтерінің

бірлестігі, TGBT–Түркі жастары бірлестіктері қызметінің ұйымы мен өзге де

қоғамдық ұйымдар түркі мемлекеттерімен қатар шетелдік мемлекеттерге де

осынау түркілік бастаманың аса зор ауқымдарын дәлелдеп, өздерінің нендей

халықаралық этикалық-саяси құндылықтарды ұстанатындарын дәлелдеуде.

Әлем түркілері дәл осылардай қауымдастықтар құра алатын және олардың түп

тамырларында гуманизм мен адамгершілік, әділдік пен қайсарлық,бейбітшілік

сүйгіштік пен адамзатты жақсы көрушілік, кішіпейілділік, мәдениет пен

өркениеттке деген құштарлық жатқанын айғақтауда.

Әлем бүгінде түркілердің алдағы құрмақшы одағының жасампаздыққа

арналғанын, жалпы адамзаттық құндылықтарға қызметтер жасауды мұрат

етіп отырғанын жақсы білуде. Осынау асыл мақсаттарды орындау арқылы

түркілер Әлемдік Қауымдастықтың асқар шыңдарына көтерілетін болады.

Ғаламдық деңгейлердегі жалпы түркілік ұйымдасу түркі мемлекеттері

мен қауымдастықтарына әлем жұртының түркі дүниесінің гуманитарлық

құндылықтары мен саяси-экономикалық және ғылыми-технологиялық жарқын

жетістіктеріне терең бойлап, оның жемістерін көрулеріне жол ашады. Әлемдік

даму стратегиясының заманауи кезеңіндегі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық

қауіпсіздігінің тұжырымдамасы өңірлік және ғаламдық ынтымақтастықтың

келешегін іс жүзінде айқындай отырып, жалпы тұжырымдамалық көріністегі

осы мемлекеттер әрекеттер алаңының жалпы үлгісін елестетуге мүмкіндіктер

береді.

Түркі мемлекеттерінің одағын құруға бағытталған қызметтерді

шоғырландыру, Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, мен

Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы секілді тәуелсіз түркі мемлекеттерінің

ынтымақтастығы негізінде туындайтын жалпыға ортақ стратегияның негізгі

мұраттарын белсендіре түсу - алға қойылған ортақ мақсаттардың жүзеге асуына

тұғыр болатынын түркі ынтымақтастығының идеологиясын жасаушылар терең

түсінеді. Сондықтан жоғарыда аталған мемлекеттердің көшбасшылары әлем

елдері мен түркі тілдес мемлекеттер арасындағы қос тарапты және көптарапты

ықпалдастықтар арқылы барша бағыттарда үнемі туындап отыратын көкейкесті

296

жайларды бірлесе шешуге ықыласты. Мұндай кездерде түркі дипломатиясының

икемділігі мен демократиялығы алғаш рет қолданылуда.

Осынау әдісті жоспардағы кез келген түркі мемлекетінің дамуы өздерінің

геосаяси өңірлеріндегі стратегиялық мақсаттарының орындалуына қатысты

кепілдік ретінде қабылданады. Осы тұстарда Түркі Мемлекеттерінің Одағын

орнатудың жағдайлары ретінде жоғары өркендеудің аталған мәртебесіндегі

басты миссиясы болып саналатын халықаралық саясатқа сай және оңтайлы

тарихи кезеңдегі халықаралық ахуалдарға да орай Түркі Мемлекеттерінің

Одағын құру әлемдік қауымдастық тарапынан ақиқат және сөзсіз орындалатын

мұраттарға жататыны мойындалуда. Бұл бағыттарды іске асыру үшін

тәуелсіз түркі мемлекеттері жоғары деңгейлерде өзара бірлескен жиналыстар

өткізіп, түркі әлемінің бірлесуге шақыратын Декларцияларын қабылдауда.

Жақын уақыттардан бергі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қос тарапты және

көп жақты қарым-қатынастарының бүкіл тарихы мен олардың нәтижелері

мемлекеттер басшыларының жасасқан шарттары, өткізген кездесулері,

ресми мәлімдемелерінің ықпалдарымен олардың альянстар мәртебесіндегі

одақтар құруға деген өздерінің ұлттық мүдделері мен геосаяси міндеттерінің

бірегейлігінен туындайтын мақсаттарын ашық көрсетеді. Түркілер бүгінде

өз одағын құру арқылы өңірлік және ғаламдық дәрежелерде халықаралық

қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өзге халықтармен бірге бөлісуге даяр

екендіктерін танытуды мұрат етуде.

Олар өз жұмыстарының орнын халықаралық саясаттың қызметтері мен

халықаралық қарым-қатынастардың міндеттерінен айқын көреді. Әлемдік

шаруашылық жүйесіндегі маңызды атқарушылық міндетке ие ғаламдық

экономикалық жобалардың трансөңірлік коммункациялық жүйелерінде

түркілер осы салаларды ұйымдастыруға мейілінше белсене араласуда. Түркі

әлемінің арқауын құрайтын келешектер біздің көз алдымызда Еуразиялық

кеңістікте өзінің болашақтарын айқара ашуда. ХХI ғасырда алғашқы

онжылдықтарын аяқтаған әлемдік саясаттың тартылу орталығы өз ықпалдарын

ендігі реттерде Еуропадан Азияға аударуға талпынуда. Бұл ғаламдық деңгейдегі

еуроатлантикалық кеңістіктің ендігі ретте аса зор Еуразия кеңістігіне айналуы

мүмкіндігін жоққа шығармайды. Демек, осынау жаңа тарихи-саяси дәуірдегі

түркі елдері өмір сүретін аталған кеңістікте ендігі ретте бір ғана мемлекеттің

немесе оның империялық тобының үстемдік жасауы мүмкін болмай қалады.

Бұл жерде жекелеген мемлекеттің, атап айтқанда, Ресейдің болмаса, Қытайдың

немесе Жапонияның, дәлірек айтқанда, жеке дара билік жүргізуінен, болмаса,

көнеден келе жатқан дүниежүзілік барша империализмнің шығысқа қарай кеңи

бастаған мемлекеттерінің өздері де осыған дейінгі міндетті көрінетін үстемдігінен

айырылатын болады. Еуроодақтың өзі де қайдағы бір демократиялық толқынын

желеу етіп, ішкі Еуразиялық, болмаса сыртқы Еуразиялық күштерін құрмайтын

297

болады. Сонымен, Түркі тілдес Мемлекеттердің Одағы құрылысымен әлем

кеңістігінде пайда болатын түркі мемлекеттерінің саяси негізін тұғыр еткен бұл

тағанда Еуразия ғаламшарымыздағы әлемдік саясаттың негізгі орталықтарының

біріне айналып, түркі әлемі өзінің қайта өрлеуін, яғни, Ренессанстық заманына

көшеді. Осының нәтижесінде түркі халықтары классикалық геосаяси

парадигмаға орай /Маккиндер/ Еуразияның қожасынан әлемнің иесіне

айналды. Егер түркілер осынау кеңістіктің жүрегінде мыңдаған ғасырлардан

бері жасампаздықпен өнегелі өмір сүріп жатса, неге осы кеңістіктің шын

қожасы бола алмайды. Қалай айтсаңыз да түріктер ықылым замандардан бері

Еуразияның геосаяси тұғырының негізін салған халық болғандықтан, бүгінде

оны өркендетер де, өрге бастырар да ұлт болуы заңды. Олардың жасампаздық

істері барша әлемді ұлы өркениеттерге бастайды.

Бұл-тарихтың өз шешімі және ақиқаты!

298

ӘДЕБИЕТТЕР

1. “Azәrbaycan 2020: Gәlәcәyә Baxış” İnkişaf Konsepsiyası // www.presi- dent.az/

fıles/futureaz.pdf

2. “Azәrbaycan” qәzәti, 25 may, 1990

3. Ağaoğlu Ә. Seçilmiş әsәrlәri. Bakı: Şәrq-Qәrb, 2007

4. Ağaoğlu Ә. Üç mәdәniyyәt. Bakı: Mütәrcim, 2006

5. Almatıda Asiyada Qarşılıqlı Fәaliyyәtә vә Etimad Tәdbirlәrinә dair Müşavirәnin

II sammiti / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı:

Çaşıoğlu, 2009, s. 183-188

6. Azәrbaycan әdәbiyyatı tarixi, VI cilddә, II cild. Bakı: Elm, 2007

7. Azәrbaycan Xalq Cümhuriyyәti. Bakı: Elm, 1998

8. Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin Qazaxistana dövlәt sәfәri / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.42-68

9. Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin Türkiyәyә sәfәri / Cәfәrov N., Musayev

O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.42-68

10. Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin Özbәkistana dövlәt sәfәri / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.69-95

11. Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin TRASEKA Hökumetlerarası Komissiyasının

4-cü illik konfransının iştirakçılarına müracieti // “Neqliyyat hüququ”

jurnali, 2005, №3(4), s.4

12. Azәrbaycan Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin nitqi / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.322-324

13. Azәrbaycan Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin Türk Dövlәt vә

Cәmiyyәtlәrinin XI Dostluq, Qardaşlıq vә Әmәkdaşlıq Qurultayinda nitqi / Cәfәrov

N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.362-373

14. Azәrbaycan Respublikasmm Prezidenti İlham Әliyevin Türkiyә Böyük Millәt

Mәclisindә nitqi / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı:

Çaşıoğlu, 2009, s.531-538

15. Azәrbaycan vә Qazaxıstan prezidentlәrinin birgә mәtbuat konfransında

Azәrbaycan Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin bәyanatı / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.148-149

16. Azәrbaycan vә Qazaxıstan prezidentlәrinin birgә mәtbuat konfransında

Qazaxıstan Respublikasının Prezidenti Nursultan Nazarbayevin bәyanatı / Cәfәrov

N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.149-151

17. Azәrbaycan vә Türkiyә regionda mühüm qüvvәyә çevrilir / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s. 177-179

18. Azәrbaycanda Atatürk Mәrkәzinin Bülleteni. Bakı, AzAtaM, 2002, yaz

299

19. Azәrbaycan-Türkiyә Yüksәk Sәviyyәli Strateji Әmәkdaşlıq Şurasının ikinci

iclasında Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin bәyanatı // Azәrbaycanda Atatürk

Mәrkәzinin Bülleteni, Bakı, AzAtaM, 2012, 3(43), s.5-12

20. Azәrbaycan-Türkiyә Yüksәk Sәviyyәli Strateji Әmәkdaşlıq Şurasının ikinci

iclasında Türkiyәnin Baş naziri Rәcәb Tayyib Әrdoğanın bәyanatı // Azәrbaycanda

Atatürk Mәrkәzinin Bülleteni, Bakı, AzAtaM, 2012,3 (43), s.12-15

21. Bahadır хаn Э. Şecereyi-Terakime (“Türk ulusunun soy kitabı”). Bakı:

Azerbaycan Milli Ensiklopediyası Neşriyyatı, 2002

22. Bakı Enerji Sammitinin Bәyannamәsi / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D.

Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.568-572

23. Bakı Sammiti gәlәcәk birgә fәaliyyәtdә mühüm mәrhәlәdir / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.573-575

24. Bakıda Türk Dövlәt vә Cәmiyyәtlerinin XI Dostluq, Qardaşlıq vә Әmәkdaşlıq

Qurultayi / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı:

Çaşıoğlu, 2009, s.358-390

25. Bakı-Tbilisi-Ceyhan boru kәmәrinin rәsmi açılışı Heydәr Әliyevin neft

stratәgiyasının tәntәnesidir / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının

lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.210-213

26. Bayat F. Oğuz epik әnәnәsi vә “Oğuz Kağan” dastanı. Bakı: Sabah, 1993

27. Bәydili C. Türk mifoloji obrazlar sistemi: struktur vә funksiya. Bakı:

Mütәrcim, 2007

28. Birgә Bәyannamә / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının

lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.292-294

29. Cәfәrov N. Seçilmiş әsәrlәri. V cilddә, III cild. Bakı: Elm, 2007

30. Dünya Azәrbaycan vә türk diaspor tәşkilatlari rәhbәrlәrinin I Forumunda

Azәrbaycan Prezidenti İlham Әliyevin nitqi // http://files.preslib.az/site/diaspora/gl4.

pdf

31. Dünya Azәrbaycan vә türk diaspor teşkilatları rәhbәrlәrinin I Forumunda

Türkiyәnin Baş naziri Rәcәb Tayyub Әrdoğanın nitqi // http://fıles.preslib.az/site/

diaspora/gl4.pdf

32. Dünya Azәrbaycan vә türk diaspor tәşkilatları rәhbәrlәrinin I Forumunda

Qazaxıstanın YUNESKO yanında sәfiri, yazıçı Oljas Süleymenovun çıxışı // http://

files.preslib.az/site/diaspora/gl4.pdf

33. Әliyev H. Müsteqilliyimiz әbәdidir: çıxışlar, nitqlәr, bәyanatlar, mәktublar,

müsahibәlәr, mәruzәlәr, müraciәtlәr, fәrmanlar. 26-cı kitab, Bakı: Azәrnәşr, 2009

34. Әliyev H. Müstәqilliyimiz әbәdidir: çıxışlar, nitqlәr, bәyanatlar, mәktublar,

müsahibәlәr, mәruzәlәr, müraciәtlәr, fәrmanlar. 25-ci kitab, Bakı: Azәrnәşr, 2008

35. Әliyev H. Müstәqilliyimiz әbәdidir: çıxışlar, nitqlәr, bәyanatlar, mәktublar,

müsahibәlәr, mәruzәlәr, müraciәtlәr, fәrmanlar. 22-ci kitab, Bakı: Azәrnәşr, 2007

36. Әliyev 1. İnkişaf- mәqsәdimizdir. 3-cü kitab, Bakı, Azәrnәşr, 2009

37. Әsedova A. Qәrbin vә Şerqin mәrkәzindә yerlәşәn Azәrbaycan modeli /Şәrq

vә Qәrb: ortaq mәnәvi dәyәrlәr, elmi-mәdәni әlaqәlәr (Aida Imanquliyevanin 65 illik

300

yubilәyinә hәsr olunmuş beynәlxalq elmi konfransın materialları). Bakı: Elm, 2004,

s.9-22

38. Әsker R. Qutadğu Bilig. Bakı: Elm, 2003

39. Әzizoğlu H. Türklüyümüz. Bakı: AzATaM, 2007

40. Göyalp Z. Türkçülüyün әsasları. Bakı: Maarif, 1991

41. http://azerbaijans.com/content_495_az.html

42. http://gun.az/economy/48047

43. http://sia.az/az/news/politics/62564

44. http://www.anl.az/down/meqale/express/2010/sentyabr/133053 .htm

45. http://www.azadinform.az/news/a-22920.html

46. http://www.cag.edu.az

47. http://www.cag.edu.az/v2

48. http://www.iom.az/legislation/files/NationalSecurityConcept-Azeri.pdf

49. http://www.olaylar.az/news/diaspora/27229

50. http://www.sam.gov.az/

51. Hüseynzadә Ә. Seçilmiş әsәrlәri. Bakı: Şәrq-Qәrb, 2008

52. İlham Әliyev: Bu gün Türkiyә-Azәrbaycan birliyi bölgәdә sabitlәşdirici

amildir / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu,

2009, s.541-544

53. Kәngәrli A. Akçuraoğlu Yusuf kimdir? // Yusuf Akçura. Türkçülüyün tarixi.

Bakı: Qanun, 2010

54. Kitabi-Dәdә Qorqud. Bakı: Gәnclik, 1978

55. Qarayev Y. Azәrbaycan әdәbiyyatı: XIX vә XX yüzillәr. Bakı: Elm, 2002

56. Qarayev Y. Tarix: yaxindan vә uzaqdan. Bakı: Sabah, 1996

57. Qasimli M. Ozan Aşıq sәnәti. Bakı: Uğur, 2003

58. Qazaxıstan Respublikasının Prezidenti Nursultan Nazarbayevin Azәrbaycana

rәsmi sәfәri / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı:

Çaşıoğlu, 2009, s.145-162

59. Qırğızıstan Respublikasının Prezidenti Almazbek Atambayevin Azәrbaycan

Respublikasına rәsmi sәfәri // http://president.az/articles/4573

60. Qumilyov L. Etnogenez vә yerin biosferi. Bakı: Nurlan, 2005

61. Masse A. İslam. Bakı: Azarnaşr, 1964

62. Matsunaga A. Ayaz İshaki vә Uzaq Şәrqdәki Tatar Türklәri. Bakı: Sabah, 2004

63. Mehdiyev N. Orta әsrlar Azәrbaycan estetik mәdәniyyәti. Bakı: İşıq, 1986 ‘

64. Milli Mәclisdә Türkiyә Prezidenti Abdulla Gülün çıxışı / Cәfәrov N.. Musayev

O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.329-333

65. Musayev O., Osmanlı D., Cәfәrov A. Osmanlı Sultanları. Bakı: Çaşıoğlu,

2008

66. Mustafayev A. Tarixi İpәk yolunun bәrpası, TRASEKA-nın beynәlxalq

әhәmiyyәti, bu sahәdә Azәrbaycanda görülәn işlәr vә perspektivlәr / Azәrbaycanın

dünya birliyinә inteqrasiyasi: Mәdәniyyәtlәrin İpәk Yolu. Konfrans materialları. Bakı:

Sabah, 2009, s.26-30

301

67. Oğuznamә. Bakı: Yazıçı, 1987

68. Özbәkistan Respublikasının Prezidenti İslam Kәrimovun Azәrbaycana rәsmi

sәfәri. Azәrbaycan Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin bәyanatı / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.495-517

69. Özbәkistan Respublikasının Prezidenti İslam Kәrimovun nitqi / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.504-509

70. Prezident İlham Әliyevin Türkmәnistana sәfәri ölkәlәrarası әmәkdaşlığa yeni

tәkandır / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu,

2009, s.585-587

71. Rәcәbli Ә. Ulu türklәr. Bakı: Nurlan, 2003

72. Süleymenov O. Az-Ya. Bakı: Şәrq-Qәrb, 2007

73. Sümәr F. Oğuzlar. Bakı: Yazıçı, 1992

74. Şәmsizadә N. Azәrbaycançılıq. Bakı: Nurlar, 2006

75. Taşkıran T. Әhmәd Ağaoğlu fenomeni (Ön söz) // Ağaoğlu Ә. Üç mәdәniyyәt.

Bakı: Mütәrcim, 2006

76. Turan A. Ә1i bәy Hüseynzadә. Moskva: Salam Press, 2008

77. Türk Dövlәt vә Cәmiyyәtlәrinin XI Dostluq, Qardaşlıq vә Әmәkdaşlıq

Qurultayının Yekun Hesabatı / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının

lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.393-399

78. Türk dövlәtlәrinin ortaq ordusu yaradılıb - TAQM // http://www.xe- ber24.az

79. Türk dünyası qlobal inteqrasiyaya doğru / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı

D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.400-403

80. Türk dünyasının hәmrәyliyi vә inteqrasiyasi tarixi zәrurәtdir / Cәfәrov N.,

Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.263-265

81. Türkdilli Dövlәtlәrin Әmәkdaşlıq Şurasının I Zirvә Görüşündә Azәrbaycan

Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin nitqi // http://www.president.az/articles/3 358

82. Türkdilli Dövlәtlәrin Әmәkdaşlıq Şurasının II Zirvә Görüşü // http:// azertag.

com/node/993311

83. Türkdilli ölkәlәrin dövlәt başçılarının X zirvә toplantısında Azәrbaycan

Respublikasının Prezidenti İlham Әliyevin çıxışı // http://www.pre- sident.az/

articles/728

84. Türkiyә Prezidenti Abdulla Gülün Qafqaz Universitetinin yeni korpusunun

tәmәlqoyma mәrasimindә çıxışı / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının

lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009

85. Türkiyә Prezidenti Abdulla Gülün nitqi / Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D.

Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.324-327

86. Türkiyә Respublikasının Prezidenti Abdulla Gülün Azәrbaycana rәsmi sәfәri

/ Cәfәrov N., Musayev O., Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009,

s.304-333

87. Türkiyәnin Baş naziri Rәcәb Tayyib Әrdoğanın Türk Dövlәt vә Cәmiyyәtlәrinin

XI Dostluq, Qardaşlıq vә Әmәkdaşlıq Qurultayinda nitqi / Cәfәrov N., Musayev O.,

Osmanlı D. Türk dünyasının lideri. Bakı: Çaşıoğlu, 2009, s.368-373

302

88. Ulusel R. Qloballaşma vә Türk Sivilizasiyası. Bakı: Çaşıoğlu, 2005

89. www.president.az /articles/3397

90. www.president.az/articles/3327

91. www.president.az/articles/4406/print

92. Yusuf Akçura. Türkçülüyün tarixi. Bakı: Qanun, 2010

93. Zamanova E. Türk estetikası: tarixi vә müasir inkişafı. Bakı: Araz, 2005

94. Zeynalov F. Türkologiyanın әsasları. Bakı: Maarif, 1981

95. Atatürk M.K. Nutuk, III ciltde. İstanbul: Türk Devrim Tarihi Enstitüsü, 1919-

1967

96. Atatürkün fikir ve düşünceleri. Hazırlayan: Kocatürk U. Ankara: Semih Ofset,

1999

97. Atatürkün Söylev vә Demeçleri, I-V ciltler, с. II, Türk İnkilap Tarihi Enstitüsü

Yayını, 1945-1972

98. Aydoğan M. Türk Uygarlığı. İzmir: Umay Yayınları, 2006

99. Bayat F. Kaşğarlı Mahmut. Büyük Türk Bilgin ve Ansiklopedisti. İstanbul:

Ötüken Neşriyat A.S., 2008

100. Brockelmann C. İslam Ulusları va Devletleri Tarihi. Türkceye çevirәn

N.Çağatay. Ankara: Türk Tarihi Kurumu Basımevi, 2002

101. Çora N. Birleşik Türk Devletleri. İstanbul: Q-Matris, 2004

102. Davutoğlu A. Stratejik Derinlik: Türkiye’nin Uluslararası Konumu (Strategic

Depth: Turkey’s Place in the World). İstanbul: Küre Yayınları, 2001

103. Davutoğlu A. Stratejik Derinlik: Türkiye’nin Uluslararası Konumu. İstanbul:

Küre Yayınları, 2012

104. Erdoğan R.T.: “Biz AB’ye yük olmaya değil, AB’den yük almaya geliyoruz” //

http://www.zaman.com.tr/gundem_erdogan

105. Erkal M. Küreselleşme, Kimlik ve Türk dünyası. Bakı, AzAtaM, 2003

106. Genel Türk Tarihi: 10 ciltde, Ankara: Yeni Türkiye Yayınları, 2002

107. Giraud R. Gök Türk İmparatorluğu. İstanbul: Ötüken, 1999

108. http://tr.wikipedia.org/wiki/T%C3%BCrk_D%C3%BCnyas%C4%B 1

109. http://www.ensonhaber.com/basbakan-erdoganin-istanbul-kuresel-forumukonusmasi-2012-10-13

.html

110. http://www.haberler.com/

111. http ://www.tasam.org/

112. http://www.tha.com.tr/turgutozal/sayfa282.htm

113. http://www.turansam.org/

114. http://www.turkokullari.net

115. http://www.turksam.org/tr/

116. http://www.yesevi.edu.tr

117. İgdemir U. Atatürk ve Anzaklar. TTK Yayını, 1978

118. İsayev K. Küreselleşme Karşısında Ulus Devletlerin Durumu // http://edergi.

manas.edu.kg/index.php/jtcs/article/viewFile/818/637

119. İshaki A. Hayatı ve faaliyyeti. Ankara: Ayyıldız Matbaası, 1979

303

120. Johnson W.T. Dünya Meselelerinin Kesişme Noktasında Türkiye’nin Stratejik

Konumu, Türkiye ve Avrupa, Beklentiler ve Güçlükler. İstanbul, Harp Akademileri

Basımevi, 1995

121. Kaşğarlı M. Divanü Lüğat-it-Türk, 3 ciltde. Ankara, 1998-1999

122. Kocatürk U. Atatürkün fikir ve düşünceleri. Ankara, 1984

123. Ligeti L. Bilinmeyen İç Asya. Ankara: Türk Dil Kurumu Yayınları, 1986

124. Meriç C. Bütün Eserleri, II c., Bu Ülke. İstanbul: İletişim Yayınları, 1996

125. Moğolistan’daki Türk Anıtları Projesi Albümü. Album of Turkish Monuments

in Mongolia. Ankara: T.C. Başbakanlık, TİKA, 2001

126. Ögel В. Türk Kültür Tarihine giriş. 9 ciltde. Ankara: Kültür Bakanlığı, 1991

127. Özdağ M. Türkiye ve Türk Dünyası Jeopolitiği, 1995

128. Özkan M. Türk Devletleri. İstanbul: Kalipso Yayınları, 2008

129. Öztuna Y. Yavuz Sultan Selim. İstanbul: Babıali Kültür Yayıncılığı, 2006

130. Öztürk A. Ötüken Türk Kitabeleri. İstanbul: Milli Eğitim Basımevi, 1996

131. Tanrıveren M. Küresel Bir Türk Dünyası İçin Medeniyet Rönansina Doğru

// Azәrbaycanda Atatürk Mәrkәzinin Bülleteni, Bakı, AzAtaM, 2010, 4 (36), s.44-47

132. Togan Z.V. Ümumtürk tarihine giriş. İstanbul, 1946

133. Türk Düşünce Tarihi. Hazırlayan: Topdemir H.G. Ankara: AKM Yayınları,

2001

134. Türk Tarihinin Ana Hatları, Mehtal Kısmı, 1931

135. Türk Uygarlığı Araştırma Merkezi // http://www.manas.kg/index.php/ ru/

akademicheskiy/isledovatelskiye-sentri

136. Türkiye-İngiltere İlişkileri vә Muhtemel Gelişmeler. İstanbul: Harp

Akademileri Basımevi, 1993

137. Türkler: 20 ciltde, Ankara: Yeni Türkiye Yayınları, 2002

138. http://ru.wikipedia.org/wiki/PoccHH

139. http://ru.wikipedia.org/wiki/Eвpaзийcкий_Coюз

140. http://www.turkmenembassy.ru/?q=node/253

141. Алмазбек Атамбаев презентовал Стратегию устойчивого развития

Киргизии до 2017 года // http://www.news-asia.ru/view/ks/ politi cs/3952

142. Арместо Ф.Ф. Цивилизации. М.: ACT, 2009

143. Асадов Ф.М. Арабские источники о тюрках в раннее средневе ковье.

Баку: Элм, 1993

144. Бердяев Н. Самопознание. Русская идея. М.: Астрель, ACT, 2011

145. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. Господство Америки и его

геостратегические императивы. М.: Международ, отношения, 2002

146. Босворт К.Э. Нашествие варваров: проявление турок в мусуль манском

мире / Мусульманский мир. 950-1150. М.: Наука, 1981

147. Вольтер. Философские повести. М.: Худож. лит., 1985

148. Гачев Г.Д. Национальные образы мира. Еллада, Германия, Фран ция:

опыт экзистенциальной культурологии. М.: Логос, 2011

149. Гер-оглы. Туркменский героический эпос. М.: Наука, 1983

304

150. Груссе Р. Чингисхан: Покоритель Вселенной. М.: Молодая гвар дия, 2008

151. Гумилев Л Тысячелетие вокруг Каспия. Баку: Азернешр, 1990

152. Гумилев Л. Древние тюрки. История великого народа - от возник новения

до гибели. М.: Астрель, 2010

153. Гумилев Л. История Евразии. М.: Алгоритм, Эксмо, 2009

154. Гумилев Л. История народа хунну. Хунны в Китае. Хунны в Азии и

Европе. М.: Эксмо, 2008

155. Гумилев Л. Этносфера: история людей и история природы. М.: Астрель,

2010

156. Данилевский Н. Россия и Европа. М.: ТЕРРА - Книжный клуб, 2008

157. Дарабади П. Геоистория Каспийского региона и геополитика

современности. Баку: Элм, 2002

158. Достоевский Ф. Собрание сочинений в XV тт., t.XIV. M.: Наука, 1995

159. Древние цивилизации / Под ред. Г.М.Бонгард-Левина. М.: Мысль, 1989

160. Дугин А. Евразийский взгляд. Основные принципы доктринальный

евразийской платформы. М.: Арктогея-центр, 2002

161. Иван Палчев. Азербайджан - Кавказский тигр. Баку: Мутарджим, 2009

162. История Азербайджанской философии, т.1. Баку: Элм, 2002

163. История отечества. Учебник. Авторы: А.Преображенский и др. М.:

Просвещение, 2007

164. Крымский А.Е. Низами и его современники. Баку: Элм, 1981

165. Кун К.С. Расы Европы. М.: Астрель, 2011

166. Леонард M. XXI век - век Европы. М.: ACT, 2006

167. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. M.-Л: Наука,

1951

168. Малявин В.В. Китайская цивилизация. М.: Астрель, ACT, 2001

169. Мамлеева Л.A. Становление Великого шёлкового пути в системе трансцивилизационного

взаимодействия народов Евразии // Vita Antiqua, 1999, № 2,

с. 53-61

170. Манас. Киргизский героический эпос. М.: Наука, 1984

171. Мусульманский мир. 950-1150. М.: Наука, 1981

172. Нейсбит Дж. Мегатренды. М.: ACT, 2003

173. Ницше Ф. Сочинения: В 2-х т., т.П, М.: Мысль, 1990

174. Ортега-и-Гассет X. Восстание масс. Сборник. М.: ACT, 2002

175. Осборн Р. Цивилизация. Новая история западного мира. М.: ACT, 2008

176. Панарин А.С. Глобальное политическое прогнозирование. М.: Алгоритм,

2000

177. Панарин А.С. Искушение глобализмом. М.: Алгоритм, 2000

178. Панарин А.С. Россия в циклах мировой истории. М.: МГУ, 1999

179. Перспектива Евразийского Союза - мировое интеграционное

объединение: Нурсултан Назарбаев // http://www.iarex.ru/news/ 26109. html

180. Попов А.А. Тагвийцы. М.-Л., 1936

305

181. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии - будущее,

которое рождается сегодня //”Известия”, 03.10.2011

182. Рахманалиев Р. Империя тюрков. Великая цивилизация. Тюркские

народы в мировой истории с X в. до н.э. по XX в. н.э. М.: Рипол Классик, 2009

183. Рашид ад-дин Ф. Огуз-наме. Баку: Элм, 1987

184. Рубинский Ю.И. Европейская цивилизация в меняющемся мире /

Глобализация. Конфликт или диалог цивилизаций? М.: Новый век, 2002

185. Савицкий П. Н. Континент Евразия. М.: Аграф, 1997

186. Сборник архивных документов. М.: Русская книга, 1992

187. Стратегия Казахстана - 2050 // http://newscentralasia.net/

188. Султанмурад Е., Мухаметдинов Р., Каримов Б. Тюркский пояс

стабильности. Всемирная Ассамблея Тюркских Народов. Алматы: Оркениет,

2008

189. Тойнби А.Дж. Постижение истории. М.: Айрис Пресс, 2002

190. Тойнби А.Дж. Цивилизация перед судом истории. Мир и Запад. М.: ACT,

2011

191. Тоффлер Э. Третья волна. М.: ACT, 2002

192. Трубецкой Н.С. Наследие Чингиз хана. М.: Эксмо, 2007

193. Уткин А.Н. Американская стратегия для XXI века. М.: Логос, 2000

194. Фукуяма Ф. Сильное государство: управление и мировой порядок в XXI

веке. М.: ACT, 2010

195. Хабермас Ю. Расколотый Запад.М.: Вес мир, 2008

196. Чаадаев П.А. Сочинения. М.: Правда, 1989

197. Шаханов М. Заблуждение цивилизации (Сага о нравах эпохи). Космоформула

карающей памяти (Тайна, унесенная Чингизханом). Астана: Фолиант,

2003

198. Яковец Ю.В. Цивилизационные аспекты глобализации / Глобализация.

Конфликт или диалог цивилизации? М.: Новый век, 2002

199. Acemoglu D., Robinson J. A. Why Nations Fail: The Origins of Power,

Prosperity and Poverty. Profile Books LTD, 2012

200. Acharya A. Regional Institutions and Security in the Asia-Pacific: Evolution,

Adaptation, and Prospects for Transformations / Reassessing Security Cooperation in

the Asia-Pacific: Competition, Congruence, and Transformation. Ed. by Acharya A.,

Goh E. Cambridge: MIT Press, 2007, pp. 19-40

201. Alden J.R. Trade and Politics in Proto Elamite Iran // Carrent Anthropology.

1982, №2, vol. 25

202. Alstadt A. The Azerbaijani Turks. Stanford: Hoover Institute, 1992

203. Aras B. New Geopolitics of Eurasia and Turkey’s Position. London, Portland,

OR: Frank Cass, 2002

204. Astana Declaration // http://www.osce.org/cio/68972

205. Atabaki A. Azerbaijan: Ethnicity and Autonomy in Twentieth-Century Iran.

London: British Academic Press, 1993

306

206. Atkin M. Russia and Iran (1780-1828). Minneapolis: University of Minneapolis,

1980

207. Basic Documents in International Law. Ed. by Brownlie I. New York: Oxford

University Press, 2009

208. Beckwith Ch.I. Empires of the Silk Road. A History of Central Eurasia from

the Bronze Age to the Present. Princeton University Press, 2009

209. Braudel F. A History of Civilizations. Penguin Books, 1995

210. Brauer B. Central Asia: The Great Game Revisited / The Impact of Asian

Powers on Global Developments/ Ed. by Pieter E., Hazdra P. Phisyca-Verlag, 2004

211. Brill O.M. Central Asia’s New States: Independence, Foreign Policy, and

Regional Security. Washington, D.C.: United States Institute of Peace Press, 1996

212. Brownlie I. Principles of Public International Law. New York: Oxford

University Press, 2008

213. Brzezinski Z. Strategic Vision: America and Crisis of Global Power. New

York: Basic Books, 2012

214. Capaldo G.Z. The Pillars of Global Law. Ashgate, 2008

215. Carrere d’Encausse H. The End of the Soviet Empire. New York: Basic Books,

1993

216. Casertano S. Neo-Neo-Ottomanism // http: // www.theeuropean-magazine.

com

217. Central Asia and the Caucasus: At the Crossroads of Eurasia in the 21 st Century.

Ed. by Hermann W., Linn J. Emerging Markets Forum, 2011

218. Central Asia and the World: Kazakhstan, Uzbekistan, Tajikistan, Kyrgyzstan,

and Turkmenistan. Ed. by M.Mandelbaum. New York: Coun cil on Foreign Relations

Press, 1994

219. Chandler D. Constructing Global Civil Society. Morality and Power in

International Relations. Palgrave Macmillan, 2004

220. Churchill W. Speech to the Academic Youth, Switzerland: Zürich, 1946

221. Classical Arabic Philosophy. An Anthology of Sources. Hackett Pub lishing

Company, 2007

222. Cohen J.L. Sovereignty in the Context of Globalization: a Constitutional

Pluralist Perspective / The Philosophy of International Law. Ed. by Besson S.,

Tasioulas J. New York: Oxford University Press, 2010

223. Craig P., Burca G. EU Law, Text, Cases and Materials. Oxford: Oxford

University Press, 2007

224. D’Anieri P. International Politics. Power and Purpose in Global Affa irs.

Wadsworth: Cengage Learning, 2010

225. Das R.P. Europe in Eurasian Strategic Consideration: Introductory Remarks

/ The Impact of Asian Powers on Global Developments/ Ed. By Pieter E., Hazdra P.

Phisyca-Verlag, 2004

226. Diasporas and International Politics / Global Politics in a Changing World.

Ed. by Mansbach W.R., Rhodes E. Wadsworth: Cengage Lear ning, 2009, p.412-418

307

227. Dixon M., McCorquodale R. Cases & Materials on International Law. New

York: Oxford University Press, 2003

228. Edkins J., Zehfuss M. Global Politics. A New Introduction. London, New

York: Routledge, 2009

229. Ferguson Y.H., Mansbach R.W. History’s Revenge and Future Shock: The

Remapping of Global Politics / Approaches to Global Governance Theory. Ed. by

Hewson M., Sinclair T.J. New York: State University of New York Press, 1999

230. Findley C.V. The Turks in World History. Oxford University Press, 2005 “

231. Fischel W.J. Ibn Khaldun and Tamerlane. Berkeley: University of California

Press, 1952

232. Frank A.G. The Centrality of Central Asia // Bulletin of Concerned Asian

Scholars, 1992, no.24, pp.36-52

233. Friedman G. The Next 100 Years: A Forecast for the 21st Century. New York:

Anchor Books, 2010

234. Friedman G. The Next Decade: Empire and Republic in a Changing

World. Anchor, 2012

235. Fuller G.E. The New Turkish Republic: Turkey as a Pivotal State in Muslim

World. Washington, D.C.: United States Institute of Peace Press, 2010

236. Gilbert P. The Philosophy of Nationalism. The University of Hill: Westview

Press, 1998

237. Glahn von G., Taulbee J.L. Law Among Nations. An Introduction to Public

International Law. Pearson, Longman, 2010

238. Golden P.B. Central Asia in World History. Oxford University Press, 2011

239. Graham Th. The Sources of Russia’s Insecurity // Survival, 2010, v.52, no.l,

pp.55-74

240. Great Powers and Strategic Stability in the 21st Century: Competing Visions

of World Order. Ed. by Herd G.P. London, New York: Routledge, 2010

241. Grousset R. The Empire of the Steppes. A History of Central Asia. Rutgers

University Press, 2010

242. Guiberneau M. Nationalism: The Nation-State and Nationalism in the

Twentieth Century. Cambridge: Polity, 1996

243. Günay R. Sinan the Architect and His Works. İstanbul: YEM, Güzel Sanatlar

Matbaası, 1998

244. Herd G.P., Dunay P. International Security, Great Powers and World Order /

Great Powers and Strategic Stability in the 21st Century: Competing Visions of World

Order. Ed. by Herd G.P. London, New York: Routledge, 2010, p.3-20

245. http://edergi.manas.edu.kg/index.php/jtcs

246. http://eeas.europa.eu/delegations/azerbaijan/index_az.htm

247. http://en.wikipedia.org/wiki/ Kazakhstan

248. http://en.wikipedia.org/wiki/ Kirgizstan

249. http://en.wikipedia.org/wiki/Ahmad_Kasravi

250. http://en.wikipedia.org/wiki/Azerbaijan

308

251. http://en.wikipedia.org/wiki/European_Union

252. http://en.wikipedia.org/wiki/Iran

253. http://en.wikipedia.org/wiki/Turkey

254. http://en.wikipedia.org/wiki/Turkmenistan

255. http://en.wikipedia.org/wiki/Uzbekistan

256. http://en.wikipedia.org/wiki/Xinjiang_Uyghur_Autonomous_Region

257. http://tr.wikipedia.org/wiki/Iran

258. http://vestnikkavkaza.net/news/politics/30555.html

259. http://www.bbc.co.uk/news/world-europe-19684532

260. http://www.gamoh.biz/

261. Huntington S.P. The Clash of Civilizations and the Remaking of World Order.

N.Y.: A Touchstone Book, 1997

262. Huntington S.R Who are We? The Challenges to America’s National Identity.

New York: Simon& Schuster Paperbacks, 2005

263. Husain M.Z. Global Islamic Politics. Addison-Wesley Educational Publishers

Inc., 2003

264. Jacobs R, Khanna P. The New World //http://www.nytimes.com/interactive/2012/09/23/opinion/sunday/the-new-world.html

265. Kaczorowska A. Public International Law. London, New York: Rout- ledge,

2010

266. Kaplan R.D. The Coming Anarchy // The Atlantic Monthly, 1994, February,

pp.64-81

267. Karns M.P., Mingst K.A. International Organizations: The Politics and

Processes of Global Governance. Boulder, London: Lynne Rienner Publishers, 2010

268. Kegley Ch.W., Raymond G.A. The Global Future. A Brief Introducti on to

World Politics. Wadsworth: Cengage Learning, 2010

269. Kennan G. At a Century’s Ending. New York, London: W.W.Norton, 1996

270. Keohane R.O., Nye J.S. Introduction / Governance in a Globalizing World.

Ed. by Nye J.S., Donahue J.D. Washington: Brookings Institu tion Press, 2000, pp.

30-52

271. Kinzer S. Reset: Iran, Turkey, and America’s Future. New York: Times Books.

Henry Holt and Company, 2010

272. Kissinger H. Diplomacy. Simon & Schuster Paperbacks, 1994

273. Kissinger H. If You Can’t Hear the Drums of War You Must Be Deaf //http://

www.dailysquib.co.uk/index.php?news=3089

274. Knight W.A., Keating T. Global Politics. Oxford, New York: Oxford

University Press, 2010

275. Koller J.M. Asian Philosophies. New Jersey: Pearson Prentice Hall, 2007

276. Korosteleva E.A. The European Union and its Eastern Neighbours: Towards

a more ambitious partnership? London: BASEES / Routledge Series on Russian and

East European Studies, 2012

309

277. Lamy S.L., Baylis J., Smith S. et al. Introduction to Global Politics. New York,

Oxford: Oxford University Press, 2011

278. Langhorne R. The Essentials of Global Politics. Hodder Arnold: 2006

279. Lamelle M. Russian Eurasianism: An Ideology of Empire. Baltimore: The

Johns Hopkins University Press, 2012

280. Laurence B. Marco Polo: From Venice to Xanadu, London: Quercus, 2007

281. Liu X. The Silk Road in World History. Oxford University Press, 2010

282. Mackinder H. The Geographical Pivot of History // The Geographical Journal,

1904, vol. XXIII, April, No.4, p.430-451

283. McColl R. W. Encyclopedia of World Geography, Volume 1. Golson

Books, 2005

284. McCormick J. The European Union: Politics and Policies. Westview Press,

2007

285. Michael B. Marco Polo and the Silk Road to China. Mankato: Compass Point

Books, 2002

286. Murinson A. Turkey’s Entente with Israel and Azerbaijan: State Identity and

Security in the Middle East and Caucasus. Routledge, 2009

287. Nissman D. The Soviet Union and Iranian Azerbaijan: The Uses of Nationalism

for Political Penetration. Boulder: Westview, 1987

288. Ozcan A. The Ottomans and the Caliphate // The Great Ottoman Turkish

Civilization. In 3 volumes, v.III. Ankara: Yeni Türkiye, 2000, pp.181-191

289. Parliamentary Assembly of Turkic Speaking Countries // http://www.turk-pa.

org

290. Peterson A. The World Island: Eurasian Geopolitics and Fate of the West.

Praeger Security International, 2011

291. Pinder J., Simon U. The European Union: A Very Short Introduction, Oxford

University Press, 2008

292. Pope H. Sons of the Conquerors. The Rise of the Turkic World. Lon don:

Overlook Duckworth, 2005

293. Ray J.L., Kaabro J. Global Politics. Boston, New York: Houghton Mifflin

Company, 2008

294. Rhodes M. The United States: Leadership beyond Unipolarity? / Great Powers

and Strategic Stability in the 21st Century: Competing Visions of World Order. Ed. by

Herd G.P. London, New York: Routledge, 2010, p.101-116

295. Robson L. L. A History of Tasmania. Volume I. Melbourne: Oxford University

Press, 1983

296. Roy O. The New Central Asia: Geopolitics and the Birth of Nations. NYU

Press, 2007

297. Rudden and Wyatt. EU Treaties and Legislation. Oxford University Press,

2002

298. Sengupta A. Heartlands of Eurasia: The Geopolitics of Political Space.

Lexington Books, 2009

310

299. Shaffer B. Borders and Brethren: Iran and the Challenge of Azerbaija ni

Identity. BCSIA Studies in International Security: The MIT Press, 2002

300. Simons W.Jr. Eurasia’s New Frontiers: Young States, Old Societies, Open

Futures. Ithaca and London: Cornell University Press, 2008

301. Svatopluk S. A History of Inner Asia. Cambridge: Cambridge Univer sity

Press, 2000

302. Swietochowski T. Russia and Azerbaijan. A Borderland in Transition. New

York: Columbia University Press, 1995

303. Taspinar O. Turkey’s Middle East Policies: Between Neo-Ottomanism and

Kemalism. Carnegie Endowment for International Peace, 2008

304. The Great Ottoman-Turkish Civilization. In 3 volumes, v. III. Ankara: Yeni

Türkiye, 2000

305. The Impact of Asian Powers on Global Developments/ Ed. By Pieter E.,

Hazdra P. Phisyca-Verlag, 2004

306. The New York Times, 1968, 11 August

307. The Politics of Global Regulation. Ed. by Mattli W., Woods N. Princeton,

Oxford: Princeton University Press, 2009

308. The Turkic Peoples of the World. Ed. by Bainbridge M. London and New

York: Kenan Paul International, 1993

309. The United Nations Security Council and War: The Evolution of Thought and

Practice since 1945. Ed. by Lowe V., Roberts A., Welsh J., Zaum D. Oxford University

Press, 2008

310. Trenin D. Post-Imperium: A Eurasian Story. Moscow: Carnegie Endowment

for International Peace, 2011

311. Trenin D. The End of Eurasia: Russia on the Border between Geopolitics and

Globalization. Moscow: Carnegie Moscow Centre, 2001

312. Turks Become Increasingly Isolated // Today’s Zaman, 2007, September 7

313. Wallerstein I. World-Systems Analysis. An Introduction. Durham, London:

Duke University Press, 2004

314. World History. Combined Edition. J.Upshur, J.Terry, J.Holoka, R.Goff,

B.Lowry, USA: West Publishing Company, St. Paul, New York, Los Angeles, San

Francisco, 1991

315. Woytak R. The Promethean Movement in Interwar Poland // East

European Quarterly, 1984, № 13(3), pp.270-291

311

Джаваншир Фейзиев

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫ

Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі

(қазақ тілінде)

Басуға 28.04.2016 қол қойылды. Офсеттік қағаз. Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы 19,5. Пішімі 70х100 1 / 16

. Таралымы 2000 дана.

«Ғылым баспасы» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Мостовая көш., 6.

тел. +7 (7172) 57-49-83, 24-37-79

«Полиграфкомбинат» ЖШС баспаханасында басылды.

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қ., Мақатаева көш., 41.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!