26.01.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ №7

Жұма 26 қаңтар 2018 қаңтар

Жұма 26 қаңтар 2018 қаңтар

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

№7 (1546)

26/01 27/01 28/01

-1 -13 -7 -16 -5 -13

www.shymkala.kz

СЫРТҚЫ САЯСАТ

Ãàçåò 1990 æûëµû 21 øiëäåäåí áàñòàï øûµàäû

Жұма 26 қаңтар 2018 жыл

АНОНС

Төрткүл дүниеге

төрелік айтқан елміз

Қаржыны

инвестициялау:

болашағыңызды

ойладыңыз ба?

4-БЕТТЕ

Оңтүстік –

еліміздің

кәсіпкерлік

орталығы

6-БЕТТЕ

Сапарғали ҚАНАТ

sqanat@shymkala.kz

Қазақстан Президентінің іссапары

аясында өткен тағы бір

ауқымды шара – Нью-Йорктегі

Біріккен Ұлттар Ұйымының

штаб-пəтерінде БҰҰ Қауіпсіздік

Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын

қаруды таратпау: сенім шаралары»

атты отырысы. Мемлекет

басшысының төрағалығымен

өткен алқалы жиын əлем

жұртшылығының назарын аударып,

Қазақ елінің көтерген тақырыбына

құлақ түрді.

Қазақстан келіссөз алаңын

ұсынуға дайын. Биыл Семей

ядролық сынақ полигонының

жабылғанына – 28 жыл. Талай

адамдардың өмірін жалмаған

бұл қару тажал болып

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен

барып, Ақ үй басшысы Дональд Трамппен,

ресми жəне іскер топ өкілдерімен кездесті.

Жалпы құны 7 милллард долларға жететін 20 келісім

бекіді. Экономикалық серіктестікке бастайтын бірқатар

келісімдер жасады. Бұл жайында газетіміздің өткен

санында кеңінен баяндаған болатынбыз.

көрінеді бізге. Сол себепті де

Тəуелсіздік алған бойда сынақ

полигонын жауып, өз еркімізбен

ядролық қарудан бас тарттық.

Дегенмен, 40 жыл бойы сынақ

жүргізілген қырғын қарудың зардабын

Семей, Қарағанды, Павлодар

жұртшылығы күні бүгінге

дейін көріп келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Қауіпсіздік Кеңесінде Солтүстік

Кореяны біздің жолмен жүруге

шақырып, өзге елдерге үлгі əрі

тəжірибе тұрғысынан көмек болатынын

айтып өтті. Естеріңізде

болса, Иранды да осылай

ядролық қарудан бас тартуға

шақырған болатын. Сонымен

қатар, Қазақ елі мен дүниежүзілік

қоғамдастықтың арқасында

Жаңа жер, Невада, Лобнор

сияқты сынақ полигондарының

жабылғанын атап өту керек.

Салдарынан түрлі сынақтар

жүргізуге шектеу қоятын,

ал, жүргізілген жағдайда мораторий

қолданылатын келісім қабылданды.

Олардың қатарында

«Ядролық клуб» державалары

да бар.

Қазақстан бүгінгі таңда

бейбітшілік пен ынтымақтастықты

қолдайтын жəне ол бағыттағы

бірден-бір бастамашы

ел болып отыр. Геосаяси мəселелерде

əрқашан үн қосып,

мемлекеттер арасындағы шиеленісті

бір үстел басында шешуге

шақыруда.

– Сенім шаралары бүгінде

қантөгіс болып жатқан Таяу

Шығыс үшін де өте өзекті болып

отыр. Сириядағы шиеленіс

алыс жатқан өңірлерге де зиянын

тигізуде.

Жалғасы 3-БЕТТЕ

КҮРІШ

ҚАУЫЗЫНАН

ҚУАТ АЛҒАН

ӨНЕРТАПҚЫШ

7-БЕТТЕ

Салық

кодексінде

не өзгеріс?

8-БЕТТЕ

ДЕНСАУЛЫҚ

Шымкентке Германиядан

дәрігерлер келді

Германиялық мамандар елімізде алғаш рет қолға алынып

отырған «Кинестетикс» əдісін үйретуге келіп отыр.

Осылайша өңіріміздің дəрігерлері балалардың сал ауруын

емдеудің тың тəсілдерін меңгермек.

Германиядан арнайы шақырылған

Норберт Фельдманн жəне Лилия

Кернер Шымкенттегі №1 облыстық

балалар оңалту орталығында

сал дертіне шалдыққан балалар

мен олардың ата-аналарымен

кездесті.

Неміс мамандары мүмкіндігі

шектеулі балаларды оңалтудағы

үздік тəжірибелерімен белгілі. Енді

осы дəрігерлердің сал ауруын емдеудегі

тəсілін күнгейлік дəрігерлер

меңгеруге кірісті. Шетелде кеңінен

танымал «Кинестетикс» əдісі бойынша

біліктіліктерін арттырады.

Бұл ғылым сал аруына шалдық-

қан науқастардың тірек қимылын

қайта қалпына келтіруді реттеп,

оңалту жұмыстарын жоғары сапада

жүргізуге бағытталған.

Осы орайда сал ауруына шалдыққан

балғындардың ата-аналарын

қолдау аса маңызды. Мұны

өзіміздің дəрігерлер ғана емес, шетелдік

мамандар да айтып отыр.

Себебі сал дертіне шалдыққан

жанды емдеу қажырлы еңбек пен

біліктілікті талап етеді. Осынау шеберлік

сабақтарын меңгеру – заман

талабы. Өңірлік дəрігерлер бұл сабақты

10 күннің ішінде өтеді. Кəсіби

мамандарды даярлау курсы 6 ақпанға

дейін жалғасады. Сабақ соңында

қатысушылар халықаралық

сертификатқа ие болады.

А. СƏДУƏЛІ

2

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Апта

www.shymkala.kz

Көрме

шетелде тегін

білім алуына

мүмкіндігі бар

Оңтүстік өңірінің жастары белсенді болғанымен,

шетелде білім алудағы көрсеткіші төмен. Бұған

себеп – шет тілдерін білмеуі ғана емес, оқу

мүмкіндігінен хабарсыз болуында.

Шымкент қаласында «Халықаралық

бағдарламалар орталығы»

АҚ Қазақстан Республикасы

білім және ғылым

министрлігінің қолдауымен

Орталық Азиядағы ең

ірі халықаралық «Internftional

Education Fair - 2018» білім

көрмесі болып өтті. Іс-шараның

аясында шетелдің стипендиялық

бағдарламасы бойынша

грантпен оқудың тиімді

тетіктері таныстырылды. Ауқымды

шараға Еуропа, АҚШ,

Ұлыбритания, Азия және ТМД

елдерінен мамандар келген.

Халықаралық білім беру көрмесі

жұмысына қазақстандық

100-ге жуық және шетелдік

жоғары оқу орындарының 80-

ге тарта өкілдері қатысты.

Бұл жиын Орталық Азияда ең

ірі халықаралық білім көрмесі

деп бағаланып отыр.

Екі күнге жоспарланған

көрменің ашылу салтанатына

келген облыс әкімі Жансейіт

Түймебаев шетелдік білім ордаларының

өкілдерімен арнайы

жүздесіп, өңіріміздің

мүмкіндіктері мен әлеуетін айтып

өтті. Халық саны басым

өңірде білімқұмар балалардың

қатары жыл санап артып

келе жатқанын тілге тиек етті.

– Бұл басқосудың берері

мол. «Болашақ» бағдарламасы

бойынша оқығысы келетін

жастар білім ордаларының

талаптары мен тиімді ұсыныстарымен

танысады.Қазірдің

өзінде Венгрия мен Ресейде

шетелдік білім алушылар үшін

құжат қабылдау жүріп жатыр.

Бүгінде өзге елде 70 мыңға

жуық қазақстандықтар білім

алуда. Оның көпшілігі Ресейде,

40 мыңнан астам студент

Қытайда және Италияда, 15

мыңнан астамы АҚШ, Ұлыбританияда

білімін жетілдіруде.

Озық білім беретін Францияда

бүгінде 320 мыңға тарта шетелдік

студенттер тегін білім

алуда. Оның 43 мыңы Мароккодан,

ал Қазақстаннан бар

болғаны 500 -ден астам жерлесіміз

бар. Сондықтан бұл

көрсеткішті көтеру қажет. Біз

бұл университетті де көрмеге

шақырып отырмыз,– дейді

«Халықаралық бағдарламалар

орталығының» басшысы Жанболат

Мелдешев.

Осынау игі шара аясында

қазақстандық және шетелдік

жоғары оқу орындары

мен білім агенттіктері арасында

арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Басқосу барысында

студент алмасу, білім беру

бағдарламаларын дамыту бойынша

меморандумдарға қол

қою, қазақстандық және шетелдік

университеттер арасында

қос диплом бағдарламалары

аясында келісім-шартқа

отыру да жоспарланды.

Конференция

Жолдау –

жетістіктер

тетігі

Отан» партиясы

ОҚО филиалының

кезектен «Нұр

тыс ХХХІІІ конференциясы

өткізілді.

білім

Д. АЙБАР

daibar@shymkala.kz

Айгүл КЕРІМҚұлоВА

aigul-kerim@mail.ru

Жекеменшік мектептер

мемлекеттік тапсырыс

қабылдайды

Елімізде алғаш рет жекеменшік

мектептер

мемлекеттік тапсырысты

орындайтын болады.

Бұл жоба 2018 жылы қыркүйек

айынан бастап Астана,

Шымкент, Ақтөбе қалаларында

жүзеге асады, деп хабарлайды

ҚР Білім және ғылым

министрінің баспасөз

қызметі.

Ақтөбедегі 600 орындық

«Сымбат» мектеп-интернатына

қаңтар айынан бастап

Іс-шараға облыс әкімі, облыстық

партия филиалының төрағасы

Ж.Түймебаев, партия филиалы

саяси кеңес мүшелері, облыстық

мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан

сайланған делегаттар,

мемлекеттік органдардың басшылары,

БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда Елбасы

Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Жолдауын талдау

және насихаттау мәселелері бойынша

Халықаралық «Түркология»

орталығының ғылыми қызметкері

Қазыбек Тәжиев баяндама

жасады.

– Құрылыс салудың жаңа әдістерін,

заманауи материалдарды,

сондай-ақ ғимараттардың жобасы

мен қала құрылысының жоспарын

жасағанда мүлде басқа тәсілдерді

қолдану керек. Оңтүстікте 245 көпқабатты

тұрғын үйдің құрылысы

жүрзіліп, оның 91-і немесе 4 733

пәтер пайдалануға берілген. Бір

шаршы метрі 140 мың теңгеден

аспайды. Бұл құрылыстардың сапасына,

экологиялық тиімділігіне

назар аударуымыз қажет, – деп

атап өтті.

Тақырыпқа сай «Дустлик» өзбек

ассоциациясының төрағасы,

өзбек драма театрының директоры

Икрам Хашимжанов, облыстық

мәслихаттың депутаты Нұралы

Абишов, Еңбекші аудандық

партия филиалы төрағасының

бірінші орынбасары Бердіқұл

Садықов, «ҚазТрансОйл» АҚ

«Шымкент» қабылдау тауарлық

пунктінің операторы Бағжан Нарпаева

және тағы басқалар сөз

сөйледi. Олар маңызды құжатқа

қолдау білдіре отырып, осы міндеттерді

жүзеге асыру тек аймақтың

ғана емес, тұтастай алғанда

елдің әлеуметтік-экономикалық

дамуына ықпал ететініне

сенім білдірді.

Сондай-ақ, жиын барысында

облыстық партия филиалының

Саяси кеңесі және Бюросы

құрамына өзгерістер мен толықтырулар

енгізілді. Мәжіліс қорытындысы

бойынша қарар қабылданды.

мемлекеттік тапсырысты орналастыруға

қаражат қарастырылған.

Шымкент қаласындағы

жекеменшік мектептерде

жергілікті бюджет есебінен

3310, ал астаналық мектептерде

орналастырылатын

3721 орындық мемлекеттік

тапсырыс республикалық

бюджет есебінен қаржыландырылады.

Нәтижесінде,

мемлекеттік-жекеменшік

әріптестікті қолдау нәтижесінде

2020 жылға қарай 56 300

оқушы орнын қамсыздандыратын

89 жаңа мектеп ашылмақ.

Үш қалада апробациядан

өтетін мектеп басқарудың

жаңа үлгісі кейін еліміздегі

өзге қалаларға таратылатын

болады.

Қала шаруашылығы

Шымкент аязды

күндерге дайын

Шымкентте ауа райы

күрт суытуы мүмкін.

Синоптиктердің

мәліметі бойынша, 26-29 қаңтар

күндері өңірімізде сынап

бағанасы – 18-20 градусқа

дейін төмендемек. Осыған

орай қаладағы барлық қызмет

аязды күндерге дайындықты

бастап кетті. Бұл туралы қалалық

бірыңғай ақпарат орталығының

жетекшісі Əйгерім

Жұмағұлова хабарлады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Шымкент қаласы әкімдігі: 53-00-15;

Абай ауданы әкімдігі: 56-25-75;

Əл-Фараби ауданы әкімдігі: 54-58-46;

Еңбекші ауданы әкімдігі: 43-31-98;

Қаратау ауданы әкімдігі: 42-10-20.

«Құрметті шымкенттіктер! Метеорологтар

26-29 қаңтар күндері аралығында Шымкентте

күн суытып, үскірік аяз орнайтынын ескертеді.

Осыған байланысты қалалық әкімдік үскірік аяз

орын алса, шымкенттіктер бір-біріне жылулық

танытып, көшеде тоңып тұрған егде жастағы

азаматтар мен балалардың, жалпы қала тұрғындарының

жанынан елеусіз өтпейтініне сенім

білдіреді» делінген хабарламада.

Осыған орай қалалық әкімдік қазіргі таңда

аязға дайындық жұмыстарын пысықтауда.

Барлық шұғыл қызметке ауа райының күрт

суытатыны жөнінде хабарлама таратылды.

Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс

тәртібіне көшті.

Қала және аудандық әкімдікте коммуналды

сұрақтар бойынша тәуліктік кезекшілік

ұйымдастырылды. Байланыс телефондары

мынадай:

Мұнымен қатар «3-Энерго орталық» АҚ

мен «Қуат жылу орталығы-3» мекемелерінің

мамандары да күшейтілген жұмыс кестесіне

ауысқан. Қалада газ және көмірден қызу

алатын бес дербес қазандық істеп тұр. Бұған

қоса жылу өндіретін орталықта қазіргі таңда 2

энергетикалық қазандық пен екі турбина жұмыс

істеуде дейді мамандар.

«Қуат жылу орталығы-3» мекемесі мамандарының

мәліметінше, шаһарда қазіргі таңда

8 бригада жасақталған. Олар шұғыл шақыртуларға

дайын. Бұған қоса қалада 4 диспетчерлік

қызмет пен шаһардың бас диспетчерлік

қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

Егер жылу жүйесінде ақау болса, 44-82-37, 44-81-39, 50-50-50, 44-82-36, 27-07-82 немесе 8-

702-360-22-71 байланыс телефонына хабарласыңыз. Ал пәтеріңізде немесе жертөледе құбырыңыз

жарылып, жылу болмаса, қалалық диспетчер қызметіне 53-00-15, 545-545 нөмірлері

арқылы хабарласуға болады.

рухани жаңғыру

Балалар

кинозалы

ашылды

Ы.

Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық

мақаласы аясында жас оқырмандарға арналған

кинозал ашылды.

Бұл 7 бөлім, 2 сектордан

тұратын кітапхана жыл сайын

26 мыңнан аса оқырманға қызмет

көрсетіп келеді. Олардың

500 мыңға жуық түрлі әдебиеттер

мен құжаттарға қолы

жеткен. Бүгінгі таңда кітапхананың

кітап қоры 250 мың данадан

асады, ал қазақ тіліндегі

оқулықтар саны – 87 609.

Бұған дейін рухани азық алатын

орынға оқырмандар: балаларға

арналған дүниежүзілік

үздік әдебиеттер, осы заманғы

отандық және шетелдік балалар

көркем әдебиеті, оқу

процесіне көмектесетін салалық

және анықтамалық әдебиеттер,

мерзімді басылымдар

мен электронды басылымдар

оқуға келетін. Енді аталған

қызмет түріне жаңа кинозал

еніп отыр.

– Осылайша «Әрбір бала

бір жұлдыз» жарқырауына жәрдем

бер» деген Мемлекет басшысы

ұстанымы, сарабдал саясатының

айқын дәлелі ретінде

білімнің көкжигіне кең қанат

жаюына жас оқырмандар үшін

тағы бір мүмкіндік туып отыр, –

дейді ұйымдастырушылар.

Азамат ЖАППАР

Сыртқы саясат

www.shymkala.kz

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

3

Төрткүл дүниеге

төрелік айтқан елміз

u Басы 1-БЕТТЕ

Өзара сенім Астана алаңындағы

диалогқа негіз болғанын

ерекше атап өткен жөн. Астана

процесі Женева келіссөздерін

толықтырып, Сириядағы шиеленісті

бейбіт жолмен реттеуге

қолдан келгенше үлес қосып

келеді. Астанада осындай

7 келіссөз өтті, – деді Қазақстан

Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы Корей

түбегіндегі болып жатқан

оқиғалар үлкен қарама-қайшылықтың

бар екенін және оған

мүдделі тараптарды Солтүстік

Корея мәселесін жылдам әрі

конструктивті жолмен шешуге

шақыратынын айтты. Бұдан бөлек,

сенімділік талабы ретінде

«ядролық бестіктің» Корей Халық

Демократиялық Республикасының

қауіпсіздігіне кепілдік

беруін және Пхеньянның келіссөз

үстеліне оралуын жақтайтынын

сондай-ақ, бұл бағытта

Қазақстан мүдделі тараптар

үшін келіссөз алаңын ұсынуға

дайын екенін мәлімдеді.

Тиімді құрал –

ядролық қарудан

азат аймақтар құру

Мемлекет басшысы Біріккен

Ұлттар Ұйымының штабпәтерінде

жаппай қырып-жоятын

қарудың таралуымен күрес

жүргізудің тиімді жолын

айтты. Бұл – ядролық қарудан

азат аймақтар құру. Осы арқылы

ұжымдық сенім білдірудің

үлгісі болу. Мұндай сенім шаралары

жаһандық қауіпсіздікті

қолдаудың, бүкіл планета көлемінде

бейбітшілікті нығайтудың

аса маңызды элементі

ретінде күн тәртібінен түспеуге

тиіс екенін жеткізді.

– Таяу Шығыста ядролық

қарудан азат аймақ құру жұмыстарын

күшейте түсуді маңызды

деп санаймын. Мүдделі

тараптарды осыған шақырамын

және кейбір елдер арасындағы

түсініспеушіліктер жақын арада

шешімін табады деп үміттенемін,

– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаппай қырып-жоятын қаруларға

химиялық, биологиялық

және радиологиялық қарулар

да жатады. Және олардың

деструктивті күштердің қолына

түсуі қауіп тудырады. Дамыған

елдер ғылыми жетістіктерін

бұл бағытта пайдаланбауы керек.

Мұндай бастаманы алдымен

үлкен державалар қолдауы

тиіс. Елбасы өз сөзінде аталған

қауіптердің орын алмауы үшін 4

басымдықты атады. Бірінші, ядролық

қаруды таратпау туралы

шарттан шығу процесін қиындату

қажет. Екінші, Жаппай қырып-жоятын

қаруды иемденуге

және таратуға қатысты қатаң

шара қолданудың нақты жұмыс

істейтін механизмін әзірлеу керек.

Үшінші, еш мағынасы жоқ

әрі арандатушылық туғызатын

әскери блоктарға бөлінуді қою

керек. Төртінші, халықаралық

қарым-қатынасқа саяси сенім

мен жүйелі диалогты міндетті

түрде қайтару керек.

Ортақ келісім

бұзылмауы тиіс

Қазақ елі басшысының төрағалығымен

өткен жиын соңында

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі

төрағасының өңірлік деңгейде

превентивті дипломатия және

шиеленісті болдырмау жөніндегі

мәлімдемесі қабылданды.

Мұнда әлемдік қатынастар

жөніндегі өзекті мәселелер

және оның шешімдері ұсынылған.

Маңызды мәлімдеме БҰҰ

Қауіпсіздік Кеңесінің тарихында

саяси міндеттемелер жүктейтін

халықаралық акт ретінде

тұңғыш рет қабылданғанын

атап өту керек.

Сонымен қатар, Елбасы

антиядролық келісімді бұзған

елдерге санкция қолдануды

ұсынды. Қауіпсіздік Кеңесі оны

арнайы резолюциямен бекітуі

тиіс екенін жеткізді.

Жиын барысында сөз алған

Польша Президенті Анджей

Дуда Нұрсұлтан Назарбаевқа

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне

шақырғаны үшін алғысын

білдіріп, күн тәртібіндегі мәселелердің

бәрі өте маңызды

екенін айтты.

– Нұрсұлтан Назарбаев

бірінші болып ядролық қарудан

бас тартқанда, оның

мұндай қадамды мемлекет

үшін жасағанын мәлімдегені

жадымда. Сол кезден бастап

Қазақстан ұстанымына

беріктігін дәлелдеуде. Қазақстанның

бұл бастамалары

бейбітсүйгіш мемлекеттер

арасындағы қарым-қатынасты

жақындататын, ядролық

қауіпсіздікті қолдайтын

маңызды қадам, – деді Анджей

Дуда.

Кеңестен кейін...

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің

отырысынан кейін Мемлекет

басшысы бұқаралық ақпарат

құралдарына баспасөз мәслихатын

өткізді. АҚШ-қа жасаған

сапарын қорытындылап,

Қауіпсіздік кеңесінде көтерілген

мәселенің маңыздылығына

тоқталды.

– Біз АҚШ, Ресей және Қытайдан

кейінгі, ал әлем бо-

йынша 4-ші ядролық қаружарағымыздан

саналы түрде

бас тарттық. Ол кезде елімізде

1100 оқ тұмсық, АҚШ-тың

шекарасына дейін жететін 110

дана СС-18 зымыраны болған.

Оларды қалдырып ядролық

қаруға айналдырып, барлығын

қорқытып үркіту идеясы

болды. Дегенмен, халық

менің шешім қабылдауыма

көмек көрсетті. Және біз дұрыс

жасадық, – деді Н.Назарбаев

қазақстандық және

шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Әділетті және қауіпсіз әлем

құруда бұл кеңестің рөлі үлкен.

Сонымен қатар, халықаралық

қатынастағы сенімге

селкеу түсіп, саяси дүрбелең

белең алған уақытта жер жаһанға

төрелік айтқан Қазақстан

Президентінің мемлекетаралық

ықпалдастықты арттырудағы

еңбегі зор. Шетелдік сарапшылар

мен бұқаралық ақпарат

құралдары Қазақ елінің

әлем бейбітшілігін сақтауға

қосып жатқан үлесін жоғары

бағалауда. Осы тұста, мұндай

мәртебелі қызметте Орталық

Азия елдерінің ішіндегі

алғашқы мемлекет болғанымызды

атап өту керек. Елбасы

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық

ету арқылы өзіміздің

көңіліміздегіні айтып қана қоймай,

сөзімізді өткізіп келе жатқанымызды

жеткізді.

– Осындай кезеңдерде

менің есімде халқым тұрады.

Қазақ деген халық болмаса

біз қалқиып осы жерде

отырмас едік. Әрине, толқисың.

Қай кезде қазақтың баласы

осы жерде отырып ақыл

айтып еді? Дүниежүзінде 200

мемлекет бар. Олардың ішінде

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін басқарғандар

көп емес. Өңірімізден

біз осындай дәрежеге

жеттік. Өзіміздің көңілімізді

айтып қана қоймай, сөзімізді

өткізіп келе жатырмыз, –

деді Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаев.

4

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Капитал

www.shymkala.kz

Халықтың қаржылық

сауаттылығын

арттыру

өзекті мəселенің

бірі. Елбасының халыққа

арнаған биылғы Жолдауы

елдегі қаржы секторын

дамытуға серпін

беретін маңызды құжат.

Осы орайда қаржы секторын

«қайта жаңғырту»

міндеті тұр. Бұл мəселе

қарапайым азаматтардың

қаржылық сауаттылығын

арттыруға да тікелей қатысты.

Тағабай ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

БАНКТЕР КӨБЕЙДІ

«100 нақты қадам» – ұлт жоспарында

Елбасы макроэкономикалық тұрақтылықты

орнықтыру, отандық қор нарығын

дамыту, одан əрі жандандыру экономиканың

өсіміне тың серпін беретінін айтқан

еді. Демек, инвестициялық ахуалдың

одан əрі жақсаруы жəне қор нарығының

дамуы маңызды.

Ал, инвестициялау дегенді əркім əрқалай

түсінеді. Бізде негізінен, кəсіпкерлердің

өндіріс орындарын ашып, инвестор

тарту кезінде ғана бұл термин ауықауық

айтылады. Ал қарапайым азаматтар

өз қаржыларын инвестициялап, қаржылық

қорларын көбейтуге енжар екенін

де мойындауымыз керек.

Мемлекет басшысы ел азаматтарына

əр қаражатын иневестициялау арқылы

қор жинауға, экономиканың жоғары қарқынмен

дамуына үлес қосуға болатынына

үндейді. Яғни, əрбіріміздің өз əл-ауқатымызды

көтеруге мүмкіндігіміз бар. Əрине,

халықтың жинаған өз қаражатын ең алдымен

түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау

мүмкіндігін одан əрі арттыру қажет.

Жалпы, отандық табысты əрі жетекші

компаниялар мен кəсіпорындарды инвестициялау

мен бағалы қағаздарды сатып

алу арқылы қор жинауға болады.

Бүгінде елімізде көптеген инвестициялық

қаржы ұйымдары ашылып, жұмыс істеуде.

Олардың қауқары қандай? Алдымен

осылар жөнінде айтып өтсек.

Өңіріміздегі сондай мекеменің бірі –

L.Capital инвестициялық компаниясы 2006

жылы құрылған. Бүгінде мекеме халықтың

сауатын арттыру мақсатында семинар-тренингтер

өткізіуді де қолға алыпты.

Компанияның қаржы кеңесшісі Сапаркүл

Мұратбаева жуырда инвестиция

салу арқылы табыс табу мен қор жинау

жөнінде редакциямызда əріптестерімізге

семинар өткізген-ді. Ол əрбір отбасының

өз капиталын жинап, түрлі банктерге кіріптар

болмау жөнінде кең мағлұмат берді.

Компанияның осы бағытта түрлі бағдарламалары

жұмыс істейді.

Мəселен, «Табысты инвестор» бағдар-

ламасы. Оның жай-жапсары мынадай: сіз

инвестициялаудың негізгі бөліміне шықсаңыз,

1 млн салымыңыз бір жылда 15 пайыздық

үстеме төлеммен 1 150 000 теңге

болады. Сонда əр тоқсанда 37 500 теңге

табыс табасыз. Осы бағдарламаға 1 млн

салымды 1 жылға салған азамат Қазақстандағы

шипажайлардың біріне тегін жолдама

алады. Ал 2 млн салымды 3 жылға

салған азаматқа шет мемлекеттін біріне 10

күндік тегін жолдама ұсынылады.

– Тағы бір халыққа керекті жобамыз

бар. Жалпы, ұл-қыздарымызды мемлекеттік

грантты иелене алмаса, ақылы оқытуға

мəжбүрміз. Оқу ақысы қымбат. Мəселен,

балаңыз экономика факультетіне оқуға

ақылы оқу бөліміне түсті делік. Мұнда

оқу ақысы 700 мыңнан кем болмайды. Инвесткомпания

бұл орайда 3 млн теңге инвестицияға

24 пайыздық жаңа жоба бағдарлама

ұсынады. Салымыңыз жылына

720 мың теңге табыс əкеледі. 4 жыл оқу

мерзімінде балаңыздың оқу ақысын жыл

сайын төлей аласыз. Балаңыз оқуды аяқтағаннан

кейін 3 млн теңге салымыңызды

қайтарып алсаңыз, не болмаса қайта

инвестицияға салсаңыз да өз еркіңіз,

– дейді қаржы маманы.

ҚАРЖЫ САРАПШЫЛАРЫ

НЕ ДЕЙДІ?

ҚАРЖЫНЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛАУ:

БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ

ОЙЛАДЫҢЫЗ БА?

Дамыған елдерде тұрғындардың

көпшілігі осылай қор жинайды. Оның

тиімді жолы – бизнестегі үздік отандық

компаниялар мен кəсіпорындардың бағалы

қағаздарын сатып алу арқылы инвестициялау.

Əрине, ол үшін де біліктілік керек.

Адам өзінің жинаған ақшасының бəріне

акциялар сатып алса, ол да асығыс

əрекет болуы мүмкін.

Қор нарығында жұмыс істеудің ең қарапайым

тактикасы – инвестициялау. Сізде

басы бос ақша пайда болса, қор нарығында

өте сенімді компанияның қандай да бір

акциясын сатып алыңыз. Ел экономикасы

өрлеу жолында. Компаниялардың табысы

артып келеді. Сəйкесінше, осы компаниялардың

акцияларының бағасы да өсуде.

Сіз іс жүзінде еш тəуекелге бас тікпейсіз.

Акциялар бағасы түскенінің өзінде – сіз өз

дивиденттеріңізді аласыз, ал бағасы ерте

ме, кеш пе орнына келіп, акциялар өсімін

жалғастырады.

Қаржы мамандары инвестициялаудың

көптеген түрлерін ұсынады. Енді солардың

артықшылықтары мен ерекшеліктеріне

тоқталайық. Мұндағы сəл күрделі тактиканың

бірі – трейдинг элементтерімен инвестициялау.

Мұнда сіз акцияларды қолыңызда

ақша болғанда емес, акциялар бағасы

құлдырай бастағанда сатып аласыз.

Осыдан соң оларды тұрақты ұстамайсыз,

бағасы өсе бастағанда сатып жібересіз.

Ал егер баға төмен қарай құлдырай берсе

ше? Сабыр сақтаңыз, өз акцияңыздан

айырылмаңыз жəне инвесторға айналыңыз.

Есіңізде болсын, сіз өз акцияңызды

сатпайынша шығынға ұшырамайсыз.

Келесі – Трейдинг əдісі. Бұл қомақты

қаражатты өте жылдам табу мүмкіндігімен

қызықты. Бір күн ішінде өз əлеуетіңізді пайдаланып,

бірнеше мəміле жасауға болады.

Сонда табыс күніне 100 пайызды құрауы

мүмкін. Дегенмен, осындай мөлшерде

шығынға ұшырауыңыз да кəдік. Яғни,

бар ақшаңыздан айырылу қаупі бар. Басты

талап – өзіңіздің сауда стратегияңызды

мұқият ойластырыңыз, капиталды басқару

жүйесін жасаңыз.

Америкалық қаржыгер Уоррен Баффеттің

ақшаны инвестициялау бойынша

бірқатар қағидалары бар. Ол – «Қарапайым

əрі түсінікті бизнеске», «Болашағы

сəтті ұзақ мерзімді сенімді компанияларға»,т.с.с.

ереже жүйелері мен халықаралық

франчайзинг желісі бар жəне өсім бағдары

кепілденген фирмаларға қатысты пайымдары.

Сондай-ақ, жапондық Кийосаки

Роберттің де «Бай əкенің инвестициялау

жөніндегі басшылығы» кітабы əлемге

танымал. Онда 13 қағида айтылады.

Жалпы, жинаған капиталыңызды барынша

ертерек, тіпті бала кезіңізден бастап

инвестициялауды бастаңыз. Сіздің ақшаңыз

неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, сіз

соғұрлым көп табыс табасыз. Əртараптандыруды

да ұмытпаған жөн. Сіздің инвестициялық

табысыңыз тек бір компанияға

немесе экономиканың бір секторына

ғана тəуелді болмауы керек. Осылайша

сіз өзіңізді тəуекелдерден сақтандыра

аласыз.

АКЦИЯ СЫЙҒА

БЕРІЛДІ

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Әбдез РАХМАНҰЛЫ,

журналист:

Бүгінде елімізде «Halyk Finance»,

«Сентрас Секьюритиз», «Казкоммерц

Секьюритиз», «Асыл Инвест», «Еуразиялық

Капитал», «SkyBridge Invest», «Фридом

Финанс», тағы басқа брокерлік компаниялар

жұмыс істейді. Бəрінің де ел

азаматтарына ұсынар түрлі бағдарламалары

жетерлік. Əрқайсысының талабы

мен өзіндік міндеттері бар.

Таяуда «Фридом Финанс» инвестициялық

компаниясының журналистерге

арналған семинар-тренингіне қатыстық.

Əлеуетті мекеме 9 жыл бұрын құрылған.

Қаржы мамандары əдеттегідей, қаржылық

саясаты мен миссияларынан хабардар

етті. Ұсынып отырған акциялары

жөнінде толымды мəліметке қанықтық.

Соңында, əр тыңдаушыға 5 акция сыйға

берілді. Анықтап білгеніміздей, семинарға

қатысқан онға жуық журналистің

көбісі қазір ол акцияларының жағдайынан

бейхабар.

Компанияның ресми сайтында «2018

жылы қандай секторда инвестор болған

тиімді?» атты материал жарияланған-тұғын.

Сондағы негізгі айтылған деректерді

айтып өтелік.

«Əлемдік экономикадағы бағалы қағаздар

нарығы өткен жылы жақсы хабарлармен

есте қалды. Макроэкономикалық

көрсеткіштер, инвесторлардың қомақты

акцияларды сатып алуы, сондай-ақ, IPOның

əлемдегі санының артуы, т.б. Əлемдік

нарықта бəрінен де бұрын технологиялық

сектор үздік болды. Сондай-ақ, ел экономикасындағы

тікелей инвестицияның сомасы

өсті. Қазақстандық нарықтағы бағалы

қағаздар жөнінде айтсақ, бұл жерде

де жағдай осындай. Жыл басында KASE

индексі 56%-ға артты. Қазақстандағы акциялардың

қымбаттауы – эмитенттердің

қаржылық көрсеткіштерінің жоғарылауы,

елдегі экономикалық жағдайдың көтерілуі

сынды жағдайлар болды», деп жазады

брокерлік компанияның сайты.

Ондағы мынадай деректерді де

келтіріп кеткен жөн болар. Ресми сайттың

жазуынша, АҚШ биржаларында

жыл басынан 1624 публикалық акция

орналасыпты. Қазақстандық нарықта

бұл жағдай əлеқайда төмен. Сарапшылар

қор биржаларын тұрақты түрде

талдап отырады. Əрі инвестиция

салушыға сенімді шешім қабылдауға

жəрдемдеседі. Компания мамандары

осылай дейді.

ҚАРЖЫЛЫҚ

ҚАДАҒАЛАУ КҮШЕЙДІ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында

Ұлттық банк қаржы институттарының қызметін

қадағалау қатаң, уақтылы əрі нəтижелі

болуы керектігін атап өтті. Ұлттық

банктің ресми сайтындағы мəліметке

келейік.

2017 жылы қыркүйек айына дейін Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкіне

(Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді

тұтынушылардың құқықтарын қорғау

жəне сыртқы коммуникациялар басқармасы

жəне Ұлттық Банктің аумақтық

филиалдары) қаржылық қызметтерді жəне

микроқаржы ұйымдарының қызметтерін

тұтынушылардың құқықтарын қорғау мəселелері

бойынша 1255 өтініш түскен.

Ұлттық Банктің талдау нəтижелері көрсеткендей,

қаржылық қызметтерді тұтынушылардың

құқықтарын қорғау мəселелері

бойынша заңнама талаптарын бұзғаны

үшін екінші деңгейлі банктерге қатысты

5 шектеулі ықпал ету шарасы жəне

айыппұл салу жəне төлеу түріндегі 4 санкция

қолданылған.

Мінекей, қаржы институттарының жұмысы

мемлекет тарапынан қатаң қағалауда

болмақ. Қор биржаларына қатысып, бағалы

қағаздар нарығында ірі ойыншы атануға

бүгінде барлық мүмкіндік бар.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

БҰДАН БЫЛАЙ АРТАДЫ

ДЕП ОЙЛАЙМЫН

– Бізде əлі қаржылық сауаттылық төмен деңгейде. Əлі де қор жинап,

оны дұрыс инвестициялауға көңіл бөлмейміз. Инвестициялық акциялардан

пайда табамын деген қызығушылық та жоқ секілді. Қытай, Түркия елдерінде

адамдар биржаға қатысып, үлкен пайда тауып жүр. Бізде ондай қаржылық

мəдениет қалыптаспаған.

Біз негізінен артық ақшамыз жинала қалса, базардан ірі қара алуға құмартып

тұрамыз ғой. Мал басын көбейтсек дейміз.

Мен де «Фридом Финанс» компаниясының семинарына қатысып, 5 акция

алғанмын. Бірақ оны бақылап, одан пайда табамын деген ниетім жоқ қазір.

Шынымды айтсам, оны бақылап та жүрген жоқпын.

Бүгінгідей нарық заманында халықтың банк секторына деген қызығушылығын

арттыру, қаржылық сауатын көтеру – өзекті мəселе. Мемлекет

қаржы саясатын дамытуға назар аударып отыр. Ендігі кезекте азаматтардың

қор биржаларына, өз капиталдарын инвестициялауға да қызығушылығы

көбейеді деп ойлаймын.

Қоғам

www.shymkala.kz

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

5

ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ

ЕСЕП

Елбасы

жолдауы –

дамудың

жаңа

мүмкіндіктері

ҚР

Президенті, «Нұр

Отан» партиясының

Төрағасы Н.Ə.Назарбаевтың

биылғы «Төртінші

өнеркəсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Жолдауы – қазақстандық

қоғамның əлеуметтік-экономикалық

даму бағыттарын айқындап

берген маңызды саяси құжат.

Бекайдар ТӨЛЕГЕНОВ,

«Нұр Отан» партиясы Шымкент

қалалық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары, қалалық

мәслихат депутаты

Жолдауда айтылғандай, бүгінде

əлем төртінші өнеркəсіптік революция

дəуіріне, технологиялық, экономикалық

жəне əлеуметтік салалардағы терең

жəне қарқынды өзгерістер кезеңіне

қадам басып келеді. Жаңа технологиялық

қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді,

азаматтық құқықтарымызды

қалай іске асыратынымызды, балаларымызды

қалай тəрбиелейтінімізді түбегейлі

өзгертуде. Президент өз Жолдауында

жаңа əлем көшбасшыларының

қатарына қосылу үшін Қазақстанда

қажетті нəрсенің бар екендігін нық

сеніммен атап, осы мақсатта жұмыла

шешілетін міндеттерді көрсетті. Жолдау

жалпымызға жаңа бағыттарды айқындап

берді. Атап айтқанда, біріншісі

– индустрияландыру жаңа технологияларды

енгізудің көшбасшысына айналуы.

Бұл бағыт бойынша білім беру

жүйесін, коммуникация мен стандарттау

салаларын жаңа индустрияландыру

талаптарына бейімдеу қажетігі, 2018

жылы «цифрлық дəуір» өнеркəсібін қалыптастыруға

арналған индустрияландырудың

үшінші бесжылдығын əзірлеуге

кірісу талаптары қойылды.

Жолдауда аталған екінші міндет –

ресурстық əлеуетті одан əрі дамыту.

Елбасының айтуы бойынша, «Жасыл»

технологияларға инвестиция салу үшін

бизнесті ынталандыру маңызды. Сонымен

бірге 2030 жылға қарай Қазақстандағы

баламалы энергия үлесін 30 процентке

жеткізу міндетін қойды.

Үшінші – «Ақылды технологиялар»

– агроөнеркəсіп кешенін қарқынды дамыту

мүмкіндігі. Бұл бағытқа сəйкес

мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық

өнімді халықаралық нарыққа шығарудың

стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге

тиіс, ауыл шаруашылығын қарқынды

дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық

тазалығын сақтай отырып жүргізілуі

қажет. Бұл бүкіл əлемге танылатын

«Қазақстанда жасалған» табиғи азықтүлік

брендін қалыптастырып, ілгерілетуге

мүмкіндік береді.

Төртінші – көлік-логистика инфрақұрылымының

тиімділігін арттыру. Мемлекет

басшысы осы мақсаттар үшін Интеллектуалды

көлік жүйесін енгізу қажеттігін

көрсетті.

Бесінші – құрылысқа жəне коммуналдық

секторға заманауи технологияларды

енгізу. Бұл бағытта баспана-

мен қамту көрсеткішті

2030 жылы 1 тұрғынға

шаққанда 30 шаршы

метрге дейін жеткізу

керектігі жəне сол

міндетті орындау барысында

құрылыс салудың

жаңа əдістерін,

заманауи материалдарды,

сондай-ақ ғимараттардың

жобасы мен

қала құрылысының жоспарын

жасағанда мүлде

басқа тəсілдерді қолдану,

ғимараттардың сапасы,

экологиялық тазалығы

жəне энергиялық

тиімділігіне қойылатын

жоғары талаптар

аталған.

Алтыншы – қаржы

секторын «қайта жаңғырту».

Аталған бағытта

инвестициялық ахуалдың

одан əрі жақсаруы жəне

қор нарығының даму маңызы,

«Астана» халықаралық

қаржы орталығының

халықаралық озық тəжірибені

пайдаланып, ағылшын

құқығы мен заманауи қаржы

технологияларын қолданатын

өңірлік хабқа айналуға

тиістігі туралы айтылған.

Жетінші – адами капитал

– жаңғыру негізі бағытында

білім берудің жаңа

сапасы, үздік денсаулық

сақтау ісі жəне дені сау ұлт

жəне сапалы жұмыспен қамту

жəне əлеуметтік қамсыздандырудың

əділетті жүйесі

турасында бірқатар тапсырмалар

аталған. 2021 жылға

қарай жаңа бағдарламалар,

оқулықтар, стандарттар

жəне кадрларды дайындап,

орта білім беру саласында

жаңартылған мазмұнға көшу

процесінің аяқталатыны туралы

айтылды. Мемлекет басшысының

тапсырмасына сəйкес,

2025 жылға дейін білім берудің

барлық деңгейінде латын əліпбиіне

көшудің нақты кестесін

жасау қажет. Президенттің айтуынша,

қазақстандықтардың

болашағы– қазақ, орыс жəне

ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы

жаратылыстану ғылымының

жекелеген пəндерін

оқытуды ағылшын тіліне көшіру

басталатын болады.

Сегізінші – тиімді мемлекеттік

басқару. Ұжым мүшелері мемлекет

пен компаниялар жаңа технологияларды

енгізе отырып, өз

ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының

берік қорғалуын қамтамасыз

етуі, киберқауіпсіздік ұғымы

жəне оларды іске асырудың

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік

стратегиясында көрініс табуы туралы

ой бөлісті.

Тоғызыншы – жемқорлықпен

күрес жəне заңның үстемдігі бағыты

бойынша жоспарланған жұмыстар

жүргізіле береді. Мемлекеттік

органдардағы процестерді,

соның ішінде олардың халықпен

жəне бизнеспен қарым-қатынасын

цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар

өз өтініштерінің қалай қарастырылып

жатқанын көріп, дер кезінде сапалы

жауап алуға тиіс.

Оныншы – «Ақылды қалалар»

«ақылды ұлт» үшін деп аталатын

бұл бағытта «Смарт Сити» тұжырымдамасы

мен қалаға қоныс аударатын

адамдардың құзыреттерін дамыту

негізінде қалалық ортаны басқаруды

кешенді түрде енгізу қажеттігі

жайында айтылған.

Елбасымыз жаңа Жолдауында

«Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық

келісімнің арқасында экономикамызды,

саясатымызды жəне санамызды

жаңғыртуға кірістік» деп ерекше атап

өтті. Мұның барлығы тату тірліктің, берекелі

бірліктің жемісі.!

Еңбекші ауданының

əкімі Ғалымжан

Ильясовтың соңғы

есептік кездесуі №24 мектепте

өтті. Жиынға облыс əкімі

Жансейіт Түймебаев, қала

əкімі Нұрлан Сауранбаев,

құрылымдық салаға жауапты

бөлім басшылары, депутаттар

жəне құқық қорғау

органдарының өкілдері

қатысты.

Шағымдар бойынша

нәтиже жіті бақыланады

А. КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

aigul-kerim@mail.ru

Сонымен бірге, «Теріскей»,

«Күншығыс», «Сайрам»,

«Ұлағат», «Шаңырақ»,

«Қарабастау»,

«Жұлдыз» елдімекендерінің

тұрғындары көптеп

жиналды.

Ғалымжан Молдабайұлы

алдымен аудандағы

жаңадан салынған,

жөндеуден өткен

жолдар, аумақты

көріктендіру мен санитарлық

тазалығы, коммуналдық

сала жəне

тұрғындарға қажетті

ауыз су, жарық, газбен

қамтуда іске асырылған

жұмыстарға тоқталды.

– Аудандағы жаңадан

қосылған елдімекендерде

шешімін

күтіп тұрған мəселелер

бар. Сондықтан

атқарылар жұмыстарды

жүйелеп,

алдағы жоспарды

нақтыладық, – деді

баяндамасында аудан əкімі.

Жарыссөзде сөз алған Шымкент

қалалық мəслихатының депутаты

Ермек Дəрменов Сайрам

жəне Уəлиханов көшелері қиылысындағы

9 қабатты үйдің жайы

алаңдататындығын айтты.

– Тұрғын үйдегі жеделсатының

(лифт) əбден тозығы жеткен.

Жиі бұзылатындықтан тұрғындар

өз қаражатымен жөндегенімен

пайдасы болмай тұр.

Апатты жағдайға жеткізе ме деген

қауіп бар. Алайда бір жеделсатыны

ауыстыруға 10 млн теңге

қаржы керек. Сондықтан бұл

тұрғын үйге биліктің көмегі қажет.

Осы мəселені назарға алсаңыздар,

– деді депутат.

Апатты жағдайда тұрған тағы

бір баспалдақтың жайы айтылды.

«Теріскей» шағынауданындағы

№49 көпқабатты үйдің тұрғыны

Любовь Шевцова: «Көпқабатты

үйлердің аулаларына бюджет

қаржысына алаңшалар салынып,

көшеге, əр аулаға жарық шамдар

қойылды. Соның нəтижесінде бұрынғыдай

емес, қорықпай жүріптұруға

мүмкіндік алдық. Бұған алғыс

айтамыз. Тек шағынаудандағы

біз тұратын тұрғын үйлер арасында

баспалдақ бар. Сол арқы-

лы оқушылар №65 мектепке, балғындар

№45 балабақшаға өтеді.

Қазір баспалдақтың тасы мүжіліп,

мініп-түскенде адамдар құлайды.

Сондықтан ескі баспалдақты жаңартуға

қол ұшын берсеңіздер»,

– деді.

«Шаңырақ», «Бадам», «Жұлдыз»,

«Қаратөбе» тұрғындарының

атынан келген зейнеткер Оңғар

Кенжеев жерлеріннің құжатын

қосалқы шаруашылықтан тұрғын

үй учаскесіне ауыстыруға көмек

берсе деген өтінішін айтты.

Есептік жиынның сұрақ-жауап

кезеңінде мектеп залына облыс

əкімі Жансейіт Түймебаев кіріп

келді.

– Аудан əкімдерінің есеп беру

кестесін жақсы білемін. Бүгін

есепті тыңдап, қойылатын сұрақтарды

бақылап, мəселелерді өздеріңізбен

бірге ақылдаса шешсем

деп келдім, – деді облыс

əкімі.

Тұрғындар ауданды көріктендіру,

абаттандыру, қоғамдық

көлік пен коммуналдық қызмет

көрсететін мекемелердің қызмет

көрсету сапасының тым төмен

екендігін атап, оларды билік бақылауға

алса деген ұсыныс айтты.

Еңбекші ауданының əкімі

Ғ. Ильясов халықтан келген сауалдардың

ешқайсысын назардан

қалдырмай, бірден жауабын берді.

Жылдық есепті облыс əкімі қорытындылады.

– Тұрғындардан келген сауалдардың

барлығын жазып алдым.

Оларды сала-саласымен, бағыт-бағытымен

бөліп, сосын күрделілігіне

байланысты жіктеп, 3

күндік,1 апталық, 2 апталық, 1

айлық мерзімдермен кесте жасап,

олардың орындалауын бізге баяндап

отыруға тапсырма берем. Бұл

Еңбекші ауданы ғана емес барлық

ауданға қатысты. Оны инспекторлар

бақылайды, – деді Ж.

Қансейітұлы.

Еңбекші ауданы əкімінің есебін

тыңдаған қос тарап қанағаттанарлық

деген бағасын берді. Облыс

басшысы есептен шыққан

соң С. Ерубаев атындағы №24

мектептің жай-күйімен танысты.

Мектептің тарихи-өлкетану жəне

С. Ерубаев мұражайымен танысып,

«Жас мемлекеттік қызметкер»

жобасына қатысқан оқушылармен

тілдесті.

Шымкент қаласы білім

бөлімінің басшысы Жанат

Тəжиева облыс, қала басшыларына

аталған білім ордасында орналасқан

электронды күнделік,

бүлдіршіндерді электронды жүйемен

балабақшаға тіркеу жəне мұғалімдерді

қызметке қабылдау бойынша

қызмет атқаратын базаның

жұмысымен таныстырды.

6

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Экономика

www.shymkala.kz

– Асқар Бегдəулетұлы, «Атамекен»

ҰКП-ның басым бағыттары

бойынша қандай жұмыстар

жүргізілуде?

– Елбасы Жолдауда атап өткендей,

«Атамекен» ҰКП кəсіпті енді бастап жатқан

азаматтарды бизнес жүргізуге үйретеді.

Негізгі мақсат – құқық қорғау,

əкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Бізде Кəсіпкерлер құқығын қорғау

жөніндегі кеңес белсенді жұмыс істейді.

Əкімшілік кедергілерді азайту –

бұл жүйелік жұмыс, біз Ұлттық Кəсіпкерлер

Палатасына мемлекеттік бағдарламалар

бойынша ұсыныстар жасаймыз.

Кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау нəтижесінде

Палата кəсіпкердің ақшасын

үнемдеуге қол жеткізген мысалдар да

бар. Осылайша, кəсіпкер үнемделген

қаражатты айыппұлға емес, өзінің компаниясына,

халықтың жалақысына жұмсайды.

Кəсіпкерлердің құқығын қорғау

бойынша барлығы 1471, ал 2017 жылы

514 өтініш келіп түскен. Кəсіпкерлердің

қорғалған меншік құқықтарының жалпы

көрсеткіш 12,4 млрд теңгені құрайды

(айыппұлдар жойылды, контрагенттердің

шарттық міндеттемелері орындалды,

мүлік қайтарылды). 2017 жылы

кəсіпкерлердің 4 млрд теңгеден астам

мүліктері қорғалды.

Мəселен, кəсіпкерлердің құқығын қорғау

бойынша «Ордабасы Құс» ЖШС-нің

580 млн. теңге қаржысы қорғалып, тəркілеу

туралы сот шешімінің күші жойылды

жəне қылмыстық сот ісін тоқтатуды

жүзеге асырды. Сондай-ақ, «Мельдеева»,

«Шопанов Г.Б» жеке кəсіпкерлігіне

жəне тағы басқа кəсіпорындарға

қатысты сот шешімінің

күші жойылып, жалпы сомасы

990 млн. теңге қорғалды.

– Əкімшілік кедергілерді

азайтуға байланысты

нақты мысалдар

келтіре аласыз

ба?

– Оңтүстік Қазақстан

облысында үш жыл бұрын

құрылған энергия

қуаттарының электронды

картасы жұмыс істейді.

Жыл сайын бірыңғай

терезе қағидаты

бойынша шамамен

100 компанияға техникалық

шарт алуына ықпал

жасаймыз. Мұнда, əрбір

адам онлайн тəртібінде

өз кəсіпкерлігін қуаттандыруға

қажетті мəліметтерді

көре алады. Сондайақ,

біз бизнеске жүргізілген

тексерулерді тұрақты түрде

бақылап отырамыз. Осындай

тексеру нəтижелеріне талдау

жасау барысы көрсеткендей,

2017 жылда алдыңғы жылмен салыстырғанда

құқық бұзушылықтың

азайғаны байқалады. Бізде қазір, экономикалық

бөлім көп жұмыс атқарып

жатқанын атап өткім келеді.

– Оңтүстік Қазақстан облысы

шағын жəне орта бизнес саласы

бойынша республикада көш басында

келеді. Өңірдегі бизнестің

артықшылықтары туралы айтып

өтсеңіз...

– Оңтүстік Қазақстан облысының бұл

салада артықшылықтары көп. Статистика

көрсеткеніндей, шағын жəне орта бизнестің

кең құлаш жайған жері – біздің

облыс, одан соң Алматы қаласы екен.

Бүгінде ОҚО-да 177 мың кəсіпкер өз ісін

дөңгелетіп келеді. Халық тығыз орналасқан

аймақ. Оның үстіне мұндағы халық

кəсіп жүргізуге бейім. Сондықтан біз,

Кəсіпкерлер палатасы ретінде, Оңтүстік

Қазақстан облысы еліміздің кəсіпкерлік

орталығы ретінде орнықтыру үшін көптеген

идеологиялық жұмыстар жүргіздік.

Астана – бұл бас қаламыз, Алматы, бұл

– қаржы орталығы. Ал шағын жəне орта

бизнестің шоғырланған кəсіпкерлік орталығы

– біздің облыс. Біз осы тұрғыда

дамып келеміз.

Қазір біз Өзбекстанмен белсенді жұмыс

жүргізудеміз. Өзбекстанға экспортталатын

өнімдер шамамен 20%-ды құрай-

Асқар АБУБАКИРОВ:

ОҢТҮСТІК –

ЕЛІМІЗДІҢ

КӘСІПКЕРЛІК

ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында

«Адамдарды нəтижелі жұмысқа тарту

үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке

кəсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып,

жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. «Атамекен»

ұлттық кəсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі

жұмыстары қолдауға тұрарлық» деп, «Атамекен» ұлттық

кəсіпкерлер палатасын ерекше атап өткен болатын.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Атамекен»

кəсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакировпен

аталған мекеменің бизнестегі жаңалықтары мен жоспарлары

туралы сұхбаттасқан едік.

ды. Біз оларға 58 млн. доллар көлемінде

тауар экспорттаймыз, 46-47 млн доллардың

тауарын импорттаймыз. Ұн өнімдеріне

акциздік салықты төмендету туралы

мəселені көтергеннен кейін (алдын

12, одан кейін 5) ұнды экспорттауды ұлғайттық.

Бұдан басқа, көптеген компаниялар

өз өнімдерін экспорттағысы келгенін

көріп отырмыз, бірақ оларға айналымдағы

капитал мен кепіл қажет.

– Оңтүстік Қазақстан облысының

кəсіпкерлеріне ыңғайлы болу

үшін Палата қандай бастамалар

жасайды?

– Біз «Yellow Pages» əлемдік тəжірибесіне

негізделген жақсы деректер базасын

жасадық. Оңтүстікте қандай кəсіпорындардың

бар екенін білгісі келген

кез-келген адам «Оңтүстік өнімдері» деп

аталған каталогқа кіріп көре алады. Біз

каталогты 2015 жылдан бастап шығара

бастадық, алғашында 250 өндіруші, өткен

жылы 500, ағымдағы жылы 1000 тауар

өндіруші туралы ақпарат жинауды жоспарлап

отырмыз. Ендігі міндет – нақты

өндірушілердің кім екенін, ал алып сатарлардың

кім екенін анықтау.

– «Атамекен бизнес мектебінің»

жұмысына тоқталып өтсеңіз...

– «Атамекен бизнес мектебі» үш бағытта

сабақ өткізеді: кəсіпкерліктің негіздері,

жобалық оқыту жəне жұмыс істеп

тұрған кəсіпкерлермен жұмыс. «Бизнесмектеп»

шеңберінде апталық салалық

семинарлар тəжірибесі жасалды.

Кəсіпкерлер сұраныстар жібереді,

біз мамандарды жинап,

жылыжай шаруашылығы, бухгалтерлік

есеп немесе мемлекетік

сатып алу бойынша

салалық семинар өткіземіз.

Кесте əлеуметтік желілерде

жəне «Атамекен» сайтында

орналастырылған.

Алғашқы уақытта 10-

12 адам келетін болса,

қазір 30-ға жуық адам

қатысуда.

– Кəсіпкерлер

палатасының 2018

жылғы жоспарлары

қандай?

– «Атамекен» орталық

аппаратымен бірлесіп,

аудандар бойынша

терең талдау жəне скрининг

жүргізу орайында ауқымды

жұмыстар күтіп тұр.

Аудан деңгейіндегі қаржыландырудың

90%-ы негізінен

мал шаруашылығына арналды.

Басқа кəсіп түрлеріне

аз көңіл бөлінеді. Сондықтан,

бір бағытта ғана кетпей, кəсіпкерлер

көздеген мақсатына жетуі

басқа салаға да мəн берген жөн.

Айталық, наубайхана, тігін шеберханасын

ашу керек. Жаңа кəсіпорындар

қажет. Біздің барлық ақпараттарымыз

əлеуметтік желілерде қол жетімді.

Кəсіпкерлердің сұрақтарына жауап береміз.

«Тікелей эфир» жүргіземіз. Шымкентте

Интернет-теледидар жасауды

жоспарлап отырмыз. Қазір интернетте

отыратын барлық жастар республикалық

арналарды қарамайды. Жаңа шығармашылық

форматта IT-да жəне басқа

да салаларда не істей алатынымызды

көрсеткіміз келеді. Облыс үшін мемлекеттік

бағдарламалар бойынша көмекші

құрал əзірледік. Мұнда қарапайым жəне

түсінікті тілмен: қандай бағдарлама, қанша

ақша, пайыздық мөлшерлемесі, қандай,

қанша уақытқа беріледі – барлығы

жазылған. Қаржылай қолдау қоры 5 бағдарламаға,

аграрлық несиелендіру 6 бағдарламаға

арналған. Бірақ олар туралы

ешкім білмейді. Көмекші құралда «Индустриялық

аймақ», «Қазақэкспорт» туралы

мəліметтер анық көрсетілген. Енді

біз топ құрып, ауылдар мен аудандарға

барып, адамдарды хабардар етіп, оқытуды

жоспарлап отырмыз.

– Əңгімеңізге рахмет

Сұхбаттасқан

Сапарғали ҚАНАТ

Жаңа технология

Ілияс Мұрат – М.Əуезов атындағы

ОҚМУ-дің 4 курс студенті.

Жаратылыстану-педагогика фаwww.shymkala.kz

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

7

КҮРІШ ҚАУЫЗЫНАН

ҚУАТ АЛҒАН

ШЫМКЕНТТІК ӨНЕРТАПҚЫШ

Шымкентік студент күріштен электр жарығын

алуды ойлап тапты. Нақты айтқанда өнертапқыштың

əдісімен күріш қауызынан көше шамдарын

жарықтандыруға болады. Ол үшін баламасы жоқ

экологиялық батарея құрастырдым дейді Ілияс Мұрат.

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

«Әке көрген оқ жонар»

Күріш қауызын ыдырату арқылы

шамды жарықтандыру

əдісін Ілиястың əкесі қағаз бетіне

түсіріпті. Инженер-энергетик

əкесінің теориясын ұлы нақты

іс жүзінде сынап көргенін айтады.

Анығын айтқанда, күріштен

электр қуатын алу əдісі басқа

елдерде бұған дейін қолданылып

келеді. Тек мен ол əдісті барынша

экологиялық шығынсыз етіп

отырмын, дейді студент.

Күріштен қалдық

қалмайды

культетінде кəсіптік білім беру

мамандығында оқитын ол Қазақстан

"ЭКСПО-2017" халықаралық

көрмесін өткізу мəртебесін ұтып

алған сəттен ауқымды көрмеге

өз үлесін қосуды ойластырады.

Содан əкесінің қағаздарын қайта

оқып, күріштен жарық алу əдісін

қолға алады. Бұл əдістің басқаларынан

ерекшелігі – күріштің

өзін емес, қауызын ыдыратады.

Биологиялық бактерияның

көмегімен химиялық реакцияға

түскен қауыздан энергия шығады.

Дүниежүзінің басқа елдеріндегі

күріштен энергия алу əдісінен

айырмашылық та осында –

ыдыраған қауызды одан кейін тыңайтқыш

ретінде қолдануға болады.

Ал басқа елдерде күріштің

өзі ыдыратылып, қауызы қоқыс

ретінде тау болып жиналып қалады

дейді Ілияс.

Бұл əдістің баламалы энергия

алудың басқа жолдарынан тағы

бір ерекшелігі – күн немесе жел

Қазақстан емес, əлемдік нарыққа

шығарғымыз келеді. ша пайдалы дүниені өз еліміздің

Осылай-

азаматтары қолдаса, Елбасымыз

айтқан төртінші өнеркəсіптік революция

жағдайындағы дамыған

Қазақстан атануға тағы бір қадам

жақындар едік.

электр станцияларынан шығатын

қуат алдымен арнайы аккумуляторларға

жиналып, үйге немесе

техникаға содан кейін барып

таратылады. Ал Ілияс қорғап

жүрген əдісте күріш қауызының

ыдырауынан шыққан энергия

жарық шамына тікелей бағытталады.

Арзан энерия көзі

Шымкенттік өнертапқыш өзі

ұсынған əдісті қолданса, жарыққа

кететін шығын көлемін 10

есе азайтуға болады, дейді. Бұған

мысал ретінде бір батареясының

бағасы 10 мың теңге тұратынын

айтады. Ал қала көшелерінде

тұрған қазіргі бір жарық

шамын жағуға орта есеппен 5600

теңге кетеді.

– Біз жасап шығарған биологиялық

батареяларға қара-

жат өте аз жұмсалады. Екіншіден,

оның өзін-өзі ақтау мерзімі

қысқа, – дейді Ілияс Мұрат. – Біз

күріштің қауызын ыдырату кезінде

химиялық энергияны тікелей

электр энергиясына ауыстырдық.

Осылайша ұзақ мерзімге

шыдайтын аккумуляторлар ойлап

шығардық. Енді сол батареяны

құрастыруды өндіріске қою

үшін демеуші іздестіріп жүрміз.

Біздің батареяларды орналастыруға

60 млн теңгедей қаржы керек.

Егер инвесторлар табылып,

қолдау көрсетсе, біз батареяларды

зерттеуді жалғастырып, тек

Идеяға қолдау

21 жастағы жігіттің бұл идеясы

көпшілік назарына ілініп те үлгерді.

Ізденімпаз студент былтыр

Jas Project жобасына қатысып,

өнертапқыш жас ретінде 1 миллион

теңге жеңіп алады. Ал 2017

жылдың соңында облыстық кəсіпкерлік

палатасының бастамасымен

өткен байқауда топ жарып,

грант иегері атанды. Осылайша

жас жігіт жуырда 1 миллион теңгенің

грантына қол жеткізбек.

– Біздің жобаның жеңімпазына

қойылған басты талап – инновациялық

жоба ұсыну керек

болды. Ілиястың жұмысы ноу-хау

деп жоғары бағаланып, бір миллион

теңге жеңіп алды, – дейді

облыстық кəсіпкерлер палатасының

бас маманы Мадина Тұрсынбекова.

Қазір құжаттар рəсімделуде.

Содан соң бұл жобаға əрі қарай

да қолдау көрсетілмек

Смартфон қуаттау –

жоспарда

Айта кетейік, Ілиястың өз достарымен

қорғап жүрген батареясының

қуаты – 6 вольт. Яғни, əзірге

көше шамдарын жарықтандыруға

жетеді. Енді осы жобасына

қызығушылық танытқан АҚШ-қа

шақыртумен барып, іс-тəжірибеден

өтіп келсе, батареяларының

қуатын 12 вольтқа дейін арттырып,

смартфон немесе планшет

қуаттауға дейін жеткізу де жоспарлап

отыр.

МОБИЛЬДІ

ҚОСЫМША

ҚҰРАСТЫРУДЫ

КӘСІП ЕТКЕН СТУДЕНТ

Өткен жылы мəңгілік еліміз Үшінші жаңғыруға

бет бұрды. Нəтижесінде тың идеялардан

туындаған біршама жаңа бастамалар қолға

алынды. Солардың қатарында «Цифрлық Қазақстан»

кешенді бағдарламасы бар.

Азамат ЖАППАР

Ал биыл Мемлекет басшысы бұл

бағдарламаны одан əрі дамытуға ерекше

ықылас танытып отыр. «Төртінші

өнеркəсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

маңызды құжатта 2018 жылы «цифрлық

дəуір» өнеркəсібін қалыптастыруға

арналған индустрияландырудың

үшінші бесжылдығын əзірлеуге кірісу

керектігін атап өтті. Қаламызда осы

бастамаға қолдау білдіріп отырғандардың

қатары аз емес. Жаңа технологияны

жаны қалайтын, оқыған-тоқығанын

тəжірибе жүзінде үйренуді мақсат

тұтқан мамандар Елбасы Жолдауының

үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына

сенім артуда.

ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН

1 АҚШ ДОЛЛАРЫ

Шаһар тұрғыны Нұрсұлтан Əбілдаев

бүгінде мемлекеттік жеңілдікпен

магистратурда білімін жетілдіруде.

Ол осыдан 2 жыл бұрын мобильді

қосымша құрастыруға кірісті. Бос уақытын

тиімді пайдалана білетін студент

үшін нағашысының ағалық ақылы

алғашқы қадам жасауға қанаттандырған

екен.

– Бастапқыда "Google play"-ден

компания ашуымыз керек болатын.

Ағам маған алғашқы қадам жасауды

үйретті. Заңды түрде тіркеліп,

мобильді қосымша жасауға кірістім.

Ол балаларға арналған ойын болатын.

Тəжірибем аз болғандықтан барлық

сыннан сабақ алуға дайын болдым.

Айта кетейін, ол кезде қазақша

қосымшалар аса сұранысқа ие

емес еді. «Қызыл бөдене» ойынымды

жүктеп достарыма, таныстарыма

тараттым. Оларға жарнамалау арқылы

центтерден құралған бірінші АҚШ

долларына қол жеткіздім. Барлығы

да еңбекпен келетінін одан ертерек

түсінгеніммен сол кезде іштей ерекше

күй кештім. Қуандым. Менің мақсатым

– балабақша мен мектеп жасындағы

өрендерге қосымша құрастыру.

Барлығы тілден басталады. Қазақша

оқу арқылы балақайлар ана тілін

құрметтеп қана қоймай, қазақша жазу,сызуға

дағдыланады, – дейді өнертапқыш

Нұрсұлтан Əбілдаев.

Қазақстан – болашағына үлкен мақсаттар

қойып отырған тəуелсіз мемлекет.

«Қазақстан – 2050» стратегиясында

бұл мақсаттарымыз айқындалған.

Əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің

қатарына кіру, ішкі өнім дамуын көтеру

бағытында, мемлекетті, адам ресурсын

дамытуға байланысты нақты

сандар мен меже де белгіленген.

Сандық технологияларды енгізу

экономика салаларының бəсекеге

қабілеттілігін жəне халықтың өмір

сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл сандық түрлену

көлік пен логистика, денсаулық

сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы,

электронды коммерция секілді бағыттарды

қамтымақ. Дегенмен, сұранысқа

қарай ойын-сауықтық бағдарламаларды

да ұмытпауымыз керек деп

түсіндіреді 14 қосымшаны екі жылда

құрастырып қолданысқа енгізген жас

өнертапқыш. Нұрсұлтан өз тəжірибесіне

сүйене отырып, мұның барлығы еңбек

пен ізденудің, үш тілді жетік меңгеру

арқылы қол жеткізгенін айтуда.

Ал, латын қарпіне көшсек, бұл одан

да тиімді бола түспек.

GOOGLE PLAY – КІРІС КӨЗІ

Адамдардың қаперінде ақша табу

тек дайын заттық өнімді саудалау арқылы

жүзеге асырылады деп ойлауы

мүмкін. Алайда, Google play де кіріс

көзі саналады. Жас өнертапқыш оны

өз сөзімен былай түсіндіріп өтті.

– Яғни, мобильді қосымша жасамас

бұрын мен тіркелгенімді, заң

шеңберінде ойын құрастыратыныма

тоқталып өткен болатынмын. Тіркелген

соң банктен жеке есепшот аштырып,

менің табысым соған аударылып

отырды. Қолданушылар тек

Қазақстан азаматтары деп айта алмаймын.

300 мыңнан астам ойын

жүктеушілердің қатарында этникалық

қандастарымыздың бар екенін

анықтадым. Олар шетелде жүріп те

біздің жасаған жұмыстарымызды пайдалануда.

Міне, осыдан түсетін барлық

қаражат шетелдік компаниялардан

бізге түсіп отырады. Еске сала

өтсек, андройдтарға арналған сатылым

алаңы Google play – АҚШ-қа

тиесілі компания. Смартфондарға

арналған бағдарлама арқылы ақша

табу тек маған емес, елімізге де өз

пайдасын алып келуде деп толық

айта аламын.

МАҚСАТ – БАЛАЛАРҒА

АРНАЛҒАН МУЛЬФИЛЬМДЕР

ҚҰРАСТЫРУ

Болашаққа жүйелі жоспар түзіп,

ол үшін еңбек етуге асыққан студенттің

алға қойған мақсаттары да

көп-ақ. Қазіргі таңда ол ойындармен

қатар балалардың зейінін ашуға

арналған викториналық тест-тапсырмаларын

əзірлеу үстінде екен.

Қолынан 3D мультфильм кейіпкерлерін

бейнелеу ісі де келеді. Ал,

болашақта бұл көпшіліктің сүйікті

кейіпкерлеріне айналып кетуі де

ғажап емес. Себебі Нұрсұлтан балақайларға

арналған мульт-сериалының

жобасын жасап үлгеріпті.

Жаңа технология заманында нарықтағы

сұранысқа сай өмір сүру

керектігін Елбасымыз да бағдарламалық

мақаласында айтып өткен

болатын. Ал Нұрсұлтанның қадамы

оны сол сұраныстың баспалдағымен

жоғары өрлеуге бастайтын

сыңайлы.

8

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Заң және заман

www.shymkala.kz

Қазақстанда 2018

жылдың 1 қаңтарынан

бастап заң

саласында енген

өзгерістердің ішінде

Салық кодексі бар. Сала

мамандары «Қазақстанда салық

саясаты бағытын өзгертті,

бұл адал салық төлеушілердің

мүддесін қорғайды»

дейді. Жаңа кодекс

бойынша мемлекеттік кірістер

органдары тарапынан

бұрынғыдай емес, бақылау

жұмыстары барынша азайтылатындығы

айтылады. Ол

үшін халықты ерікті түрде

салық төлеуге ынталандырмақ.

Салық төлеушілер үшін

ең маңызды деген жаңалықтарды

Əл-Фараби ауданы

бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Ерқасым

Махадилов түсіндіріп

айтып береді.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

aigul-kerim@mail.ru

Салық төлеу мерзімі ұзартылды.

Салық төлеушілер үшін ең

маңызды жаңалық – салық төлеу

мерзіміне өзгеріс енді. Мəселен,

жеке тұлғалардың 2017 жылғы

жер, мүлік салығын ағымдағы

жылдың 1 қазан айына дейін төлеу

міндеттелетін. Жаңа кодексте

ендігі жылдың 1 қаңтары мен

31 желтоқсанның аралығы салық

салу мерзімі болып табылады,

жеке тұлға салығын келесі жылдың

1 қазанынан кешіктірмей төлеуіне

міндеттеледі (2018 жылдың

салығын 2019 жылдың 1 қазан

айына дейін).

Сонымен бірге, жеке тұлғалардың

салық берешегін өндіруде

мəселені соттың араласуымен,

айталық салық берешегін өндіріп

алу туралы өтінішті сотқа жүгіну

арқылы жүргізетін. Өзгерістерде,

салықтық берешегі бар тұлға

хабарлама табыс етілген күннен

бастап 30 жұмыс күні өткен

соң төлемеген жағдайда, салық

органы жеке тұлғаның берешегін

өндіріп алу туралы салық бұйрығын

шығарып, бес жұмыс күнінен

кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

Жеке тұлға салықтық берешегін

өтемеген жағдайда істі сотқа

емес, бірден сот орындаушыларға

жібереді. Бұл тұрғыда сала

мамандарының уақытты тиімді

пайдалануына мүмкіндігі бар.

Кəсіпкерлердің мүддесін қорғайды.

Жеке кəсіпкерлікті тіркеуде

азаматтар қағазбастылық, кезек

күту секілді мəселелерден құтылады

деуге болады. Яғни, азаматтар

бұдан былай жеке кəсіп

Салық

кодексінде

не өзгеріс?

бастау үшін мекемеге барып уақыт

жоғалтпай электронды түрде

жеке кəсіпкер ретінде тіркелуге

мүмкіндігі бар. Сонымен қатар,

оңайлатылған декларация

негізінде арнаулы салық режимдерін

қолдану шарты да өзгерді,

яғни, дара кəсіпкер мен заңды

тұлғаға бөлінбейді, оларға жалпы

талап қойылды. Онда қызметкерлердiң

орташа саны 30 адамнан

жəне кірісі ең төменгі жалақының

2 044 еселенген мөлшерінен

аспауы керек.

Патент құнын есептеу шартында

да өзгерістер бар. Атап

айтқанда, патент құнына кіретін

жеке табыс салығының сомасын

есептеу, сауда саласындағы қызметті

жүзеге асыратын тұлғалардың

салық салу объектісін қоспағанда,

салық салу объектісіне 1%

мөлшердегі мөлшерлемені қолдану

арқылы жүргізіледі.

Сауда саласындағы қызметті

жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер

патент құнына кіретін жеке

табыс салығының сомасын есептеуді,

1% мөлшерлеме бойынша

салық салынатын қолма-қол ақшасыз

есеп айырысулар арқылы

алынатын кірістерді қоспағанда,

салық салу объектісіне 2% мөлшерінде

мөлшерлемені қолдану

арқылы жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы өнімін

өндірушілер мен ауыл шаруашылығы

кооперативтері үшін арнаулы

салық режимін қолдануға құқылы

салық төлеушілер – корпоративтік

табыс салығы мен жеке

табыс салығының (төлем көзінен

Біле жүріңіз!

2019 жылдан бастап

салықты төлемегендер

берешекті өтеу

туралы хабарлама

берілген күннен бастап

1 жұмыс күні өткеннен

кейін, банк

шоттары бұғатталады,

мүлікке билік етуі

шектеледі

Салық берешегінің

сомасын салық төлеушінің

банк шотарынан

мəжбүрлеу

тəртібімен өндіріп

алу хабарлама берілген

күннен бастап 5

жұмыс күні өткеннен

кейін жүргізіледі.

Сыбайластық жемқорлықтың

алдын алу бойынша сенім

телефоны:

53-01-71

ұсталатын салықтардан басқа) сомасын;

əлеуметтік салық сомасын,

мүлікке салық, көлік құралдарына

салық сомасын 70 пайызға

төмендетуге құқылы. Бірақ, қосылған

құн салығы бойынша соманы

70 пайызға төмендету шарты

алынып тасталды.

Əлеуметтік салық бойынша

жеңілдіктер. Əлеуметтік салықтың

мөлшерлемесі 2018 жылғы 1 қаңтардан

бастап – 9,5%, 2025 жылғы

1 қаңтарынан бастап – қайтадан

11% мөлшерлемесі бойынша

есептеледі. Ал дара кəсiпкерлер

жəне жеке практикамен айналысатын

адамдар, өзi үшiн – айлық

есептiк көрсеткiштің 2 еселенген

мөлшерінде төлейді, алайда бұл

ереже есептік салық кезеңінде

кіріс алмаған адамдарға қолданылмайтын

болады.

Сонымен қатар, патент негізінде

шаруашылық немесе фермер

қожалықтарында қимыл-тірек аппараты

бұзылған, есту, сөйлеу,

көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер

əлеуметтік салықтан босатылады.

Көлік құралдары салығы бойынша.

Көлік құралдары ұрланғанда

көлік иесінің салық төлеуі

мəселесінде айтарлықтай жаңалық

бар. Мысалы, бұрынғы салық

кодексінде көлік қолды болғанда

алдымен уəкілетті органда

қылмыстық іс қозғалып, іздестіру

шаралары жүріп, осыны

негізге алып мəліметтер базасынан

алынып тасталатын. Содан

кейін ғана көлік салығынан босатылатын.

Оған дейін көлік табылсын

не табылмасын уəкілетті

органның мəліметтер базасынан

тіркеуден алынбай көліктің салығын

төлеуге міндетті болатын. Ал

жаңа кодексте салықты есептеу

(есепке жазу) көлік құралын айдап

əкету (ұрлау) туралы қылмыстық

іс қозғалған күннен бастап

тоқтатылады.

Салық кодексіндегі өзгерістерді

түсіндіру жұмыстары жүруде.

Əл-Фараби ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

өткен жылы мемлекеттік бюджет

жоспарын 108,7%-ға орындап,

есепті мерзімді бюджетке жоспардан

тыс 2876,6 млн теңгеге

(2016 жылы 24853,1 млн теңге)

артығымен орындалды. Республкалық

бюджет 117,1 %-ға, яғни

2410,1 млн теңгеге (2016 жылы

10065,3 млн теңге), ал жергілікті

бюджетке жоспардан тыс 466,5

млн (14787,8 млн теңге) теңгеге

артық.

Елбасы Н. Назарбаевтың 2018

жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші

өнеркəсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері»

атты Жолдауында ел алдында

атқарылар 10 тапсырмасында

«Мемлекеттік органдар нақты уақыт

жəне жедел жауап беру режимінде

азаматтардың ескертпелері

мен есепке алу үшін заманауи

цифрлық технологияларды

қолдануы тиіс» деп атап өтті.

Бүгінгі таңда, салық мекемесінде

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы

Жолдауы аясында атқарылар

жұмыстар нақтыланып,

Салық кодексіндегі өзгерістерді

тұрғындарға түсіндіру жұмыстары

жалғасуда.

Айтпақшы...

Жетім балаларды асырап

алғандар жылына 2,1 млн

теңге табыс шегінде табыс

салығын төлеуден босатылады.

Бұл туралы ұлттық экономика

бірінші вице-министрі

Руслан Дəленов мəлімдеді.

Дəлірегі, табыс салығынан

ата-ананың тек біреуі

ғана əр жыл сайын босатылады.

Аталған норма еліміздегі

барлық бала асырап

алушыларға қатысты. Мүгедек

болып қалған баланың

ата-анасының біріне жер салығы,

тіркеу алымы, мемлекеттік

баж бойынша жеңілдік

болады.

Таксист те – дара кәсіпкер

Бюджетке түсімдерді ұлғайту

туралы қала əкімдігі, уəкілетті

органдар жəне мемлекеттік

кірістер органдары

бірлесіп бекіткен іс-шаралар жоспары

аясында, қазіргі уақытта қала

аумағында такси қызметімен заңсыз

айналысып жүрген жеке тұлғаларды

дара кəсіпкер ретінде тіркелуін қамтамсыз

етуге бағытталған профилактикалық

іс-шараларды мемлекеттік

кірістер органдары жол полициясы

органдарымен бірге жүргізуде.

ендеше олар да заңды

тіркелуі тиіс

ҚР Салық кодексінің 79 бабына сəйкес,

жеке тұлға дара кəсіпкер ретінде

тіркелуі үшін Қазақстан Республикасының

рұқсаттар жəне хабарламалар

туралы заңнамасында белгіленген

тəртіппен салық органына электронды

түрде («электрондық үкімет»

веб-порталы арқылы) немесе қағаз

тасығышта хабарлама жібереді. Дара

кəсіпкер ретінде тіркелу ешқандай

алымсыз жүргізіледі. Ал 2018 жылы

бюджетке төлейтін салығы мəлімдеген

табысының бір пайызын құрайтын

болады.

Құрметті такси қызметімен айналысып

жүрген азаматтар! Сіздерді өз

еріктеріңізбен дара кəсіпкер ретінде

мемлекеттік кірістер органдарына тір-

келіп, тиісті салықтарды төлеуге шақырамыз.

Себебі, Қазақстан Республикасының

Əкімшілік кодексінің 463

бабына сəйкес заңсыз кəсіпкерлікпен,

яғни салық органдарында тіркеусіз

такси қызметімен айналысып

жүрген жеке тұлғаларға 15 АЕК (36

075 теңге) айыппұл салынатын болады,

ал егер де қайта құқық бұзушылық

анықталған жағдайда айппұл сомасы

30 АЕК-ті (72 150 теңге) құрайтын

болады.

Сонымен қатар, дара кəсіпкер

ретінде тіркелуге жəне салықтар бойынша

басқа да туындаған сұрақтар

бойынша аудандық мемлекеттік кірістер

басқармаларына (Абай, Əл-Фараби,

Еңбекші, Қаратау аудандары) жүгінуге

болатындығын хабарлаймыз.

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

«Құтыдағы

Медицина

www.shymkala.kz

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

9

Бибайша

НҰРЖАНҚЫЗЫ

сәби»

Таяуда Шымкент қаласы «Оңтүстік»

қабылдау үйінде «Репродуктивті

медицинаның жаңалықтары»

атты іс-шара өтті. Шараға

биология ғылымдарының докторы,

эмбриолог Салтанат Байқошқарова,

«Экомед» клиникасының

шет елдегі кеңесшісі Маркус

Нитцшке (Германия/Испания),

«Экомед-Шымкент» клиникасының

білікті мамандары, өңіріміздегі

медицина саласындағы: гинекология,

андрология, эндокринология

салаларының жетік

мамандары қатысты. Жиын барысында

«Экомед» клиникасы

əлемнің алдынғы қатарлы мамандарымен

біріге отырып, денеден

тыс ұрықтандыру əдісін

өзінің күнделікті жұмыс тəжірибесіне

енгізгені, бедеулікпен қатар

тұрған өзекті мəселелердің

бірі – онкологиялық аурулардың

көбеюі жəне одан кейінгі жүктілікті

жоспарлау мəселелері жөнінде

əңгіме қозғалды.

Жиында сөз алған С. Байқошқарова,

Қазақстанда əр 7-ші

отбасы балалы болуды жоспарлауда

қиындықтарға кезігетінін

атап өтті. Сонымен қатар, бағаның

қымбаттығына байланысты

қажетті емдеу шараларын қабылдай

алмай жүргендерге, репродуктивті

медицина саласындағы

соңғы жаналық – аз шығынды

денеден тыс ұрықтандыру

əдісі Шымкенттегі «Экомед»

клиникасына енгізілгендігін айтып

өтті.

– "Қазіргі кезде жасанды

ұрықтандырудың орташа бағасы

– 800 мың теңгені құраса, оның

60%-ы дəрі-дəрмектерге кетеді.

Ал девальвациядан кейін барлық

препараттардың бағасы 2-

2,5 есеге қымбаттады, сол себепті

бұрын дəрі-дəрмектерге

100-250 мың теңге кетсе, қазір

500-600 мың теңге керек. Бүгінде

жасанды ұрықтандырудың шығындарын

барынша қысқартуға

болады. Тіпті, кейбір препараттың

мөлшерін азайтып, дəл сондай

нəтиже беретін қол жетімді

препараттарды қолдану арқылы

əйелдің бала көтеруіне жағдай

жасауға мүмкіндік бар. Мəселен,

жас келіншектер мен жасы үлкен

əйелдерде аналық жасушалардың

қоры (резерв) əртүрлі.

Соған қарай дəрі-дəрмектердің

мөлшерін кемітіп, дəрілерге кететін

шығындардың мөлшерін

50-100 мың теңгеге дейін азайтуға

болады. Егер, əйелдің физиологиялық

жағдайы жақсы болса,

дəрі-дəрмек салудың мүлдем

қажеті болмас. Сонда жасанды

ұрықтандыру технологиясының

өзіне 300-500 мың теңгедей кетеді»,

– деп атап көрсетті С. Байқошқарова.

«Экомед» клиникасына кеңес

алуға келген отбасылардың

басым бөлігі үреймен жəне үлкен

күдікпен келетіндігі назарға

алынды.

– «Бізге үміттеніп келетіндердің

көбі "денеден тыс ұрықтандыру

əдісімен бірден балалы

болуға кепілдік бар ма" деп

сұрайды. Кейбіреулері, тіпті,

баланы ақшаға сатып алатын

«заттай» көреді. Дүние жүзінде

ешқандай маман ДТҰ арқы-

оның

өмірге келуі

оңай ма?

лы бірден бала болады деген

кепілдік бере алмайды. Табиғат

бермегенге біз қалай 100 пайыз

кепілдік береміз? Мысалы, бір

айда жас əйелдің бала көтеру

мүмкіндігі 15-20 пайызды құраса,

жасанды ұрықтандыру əдісінен

100 пайыз кепілдік сұрағанымыз

орынсыз болар»– дейді

С. Байқошқарова.

Статистикаға жүгінсек, бүгінде

жаңадан отау құрған отбасылардың

15 пайызы бедеуліктен

зардап шегуде. Жыл өткен сайын

жасарып бара жатқан бедеуліктің

басты себептерін «Экомед

Шымкент» клиникасының

медициналық директоры Аслан

Абишев атап өтті.

– Бедеулікке алып келетін себептер

əртүрлі. Жоғарыда айтылғандай,

көбінесе ерлер мен əйелдердің

бұл мəселемен бетпе-бет

келуіне өздерінің өмір сүру сапасы,

мысалы ерте басталған жəне

ретсіз жыныстық қатынастар, ағзаға

суық тигізу салдары жəне

түрлі инфекциялардан болатын

қабыну процестерінің орын алуы,

түсік жасату, дер кезінде медициналық

көмекке жүгінбеу, тіпті, дұрыс

тамақтанбау сияқты жайттар

да əсер етеді. Одан бөлек экологиялық

өзгерістердің, ғылымитехникалық

прогрестің əсері де

баршылық. Басқа аурулар сияқты

бедеулікті де бала кезден

бастап алдын алуға болады. Мəселен,

бала кезінен қыз баланы

балалар гинекологына, ұл баланы

андролог маманына көрсетіп,

жас ағзаның жыныстық жүйесінің

дұрыс дамуын тексертіп тұру керек.

Баланың дамуы барысында

бедеулікке алып келуі мүмкін

кейбір өзгерістердің алдын-алуға

болады» – деп түсіндірді А.

Абишев.

Қазіргі уақытта «Экомед» клиникасы

– еліміздің Астана, Алматы,

Шымкент, Тараз, Атырау мен

Ақтау қалаларында ашылып, өте

жоғары нəтижелерге қол жеткізіп

жатқан ірі клиникалар тобы. 2015

жылдан бері Шымкент қаласында

жұмыс істейтін «Экомед» клиникасы

280-ге жуық «құтыдағы

сəбилердің» дүние есігін ашуына

септігін тигізді. Халықтың демографиялық

жағдайы мемлекет

назарынан тыс қалған емес. Былтыр

ОҚО-да 139 əйелге мемлекет

тарапынан қолдау көрсетіліп,

квота бөлінген. «Экомед-Шымкент»

клинкасының директоры

С. Бекмусаевтың айтуынша, басқа

өңірлерге қарағанда Оңтүстікке

бала сүю мүмкіндігі жоғары.

Оның дəйектеріне сүйенсек, ДТҰ

əдісінің оң нəтиже беруіне экологияның

да тікелей əсері бар.

Мəселен, ОҚО –да экологиялық

апаттың

болмауы, əртүрлі

ауыр металды

зауыттардың

аздығы, ауарайының

жылылығы

мен жасыл желектердің

көптігі ауа тазалығын

қамтамасыз етеді.

Денеден тыс ұрықтандыру

əдісінің нəтижесі 30-35 пайыз

болса, Оңтүстікте бұл көрсеткіш

45-50 пайызды құрайды.

«Экомед» мамандары əрдайым

əлемнің заманауи жаңалықтарынан

хабардар. Олар үнемі

халықаралық конференцияларға,

шеберлік – кластарына қатысып,

біліктілігін арттырып отырады.

Сонымен қатар, Германия,

АҚШ, Израиль, Жапония, Ұлыбритания,

Ресей елдерінің əлемге

танымал ғалымдарымен тығыз

байланыс орнатылып, тəжірибе

алмасу үрдіксіз жүргізіліп тұрады.

Гүлмира Бекбосынова Қазақстанның

технологиялық жағынан

мықты екенін жəне нəтижесінде

нəрестелі болу мүмкіндігінің жоғары

екеніне тоқталды.

– Жыл өткен сайын ЭКО саласында

жаңалықтар көбейіп келеді.

Мəселен, жапон профессоры

Масашиге Куваяманың 1990

жылдары енгізген ұрықтарды

криоконсервациялау əдісін 10

жыл бұрын Қазақстанда алғаш

рет Экомед клиникасының эмбриолог

мамандары қолдана бастады

жəне жоғары нəтижелерге

қол жеткізді.

Бүгінгі таңда, осы

жаңа əдісті (криоконсервация)

қолдана отырып, денеден

тыс ұрықтандыру əдісінің нəтижесін

70-80% дейін жеткіздік.

Криоконсервация дегеніміз алынған

ұрықтарды қатырып, сұйық

азотта – 196°С-та сақтау. Бұл

технологияның тағы бір жетістігі

– қатерлі ісік дертіне шалдыққан

науқастардың жəне тұрмыс құрмаған

əйелдердің аналық жасушаларын

дер кезінде қатырып,

сақтап қоюға болатындығында

– дейді «Экомед-Шымкент» клиникасының

эмбриологы Гульмира

Бекбосынова.

«Экомед-Шымкент» клиникасының

директоры Сырым Бекмусаев

2018 жылдан бастап Шымкенттегі

клиникада эмбриондардың

генетикалық талдау əдісін

өткізу жоспарда екенін айтады.

Қазақстанда алғашқы

денеден тыс ұрықтандыру

зертханасы

– «Экомед» адам ұрпағын

өрбіту клиникасы

1995 жылы 18 сəуірде

Алматы қаласында ашылды.

Осы жолмен ұрықтанған

алғашқы сəби 1996 жылы

31 шілдеде дүниеге келді.

Елімізде алғаш рет бұл саланың

негізін қалаған, биология

ғылымдарының докторы

Салтанат Байқошқарованың

көмегімен бүгінде

көптеген отбасылар көптен

күткен нəрестелі болу бақытына

ие болды.

Бұл дегеніміз, эмбриондарды

анасының жатырына толық дені

сау екендігіне көз жеткізіп қана

салу. Ал, өз кезегінде осы əдіс,

отбасында дені сау баланың дүниеге

келуін қамтамасыз етеді.

Елбасы Жолдауында «Адами

капитал – жаңғыру негізі» бағытында

«Жастардың репродуктивті

денсаулығын қорғауға жəне

нығайтуға ерекше назар аудару

керек» деп атап көрсетілгендей,

бедеулікке тап болған отбасының

денсаулығын нығайтып, халық

демографиясының өсуіне

«Экомед» клиникасы да өз ықпалын

тигізуде.

10

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Ресми

www.shymkala.kz

Заң

Зияткерлік

меншік

құқығы

Қазақстан дүниежүзілік зияткерлік

меншік ұйымының мүшесі, сондықтан

да зияткерлік еңбек – әрбір азаматтың

жеке мүліктік құқығы, яғни, оның

жеке меншігі.

А. ЖАубАсАров,

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

әділет басқармасының бас маманы,

«Заңгерлер Одағының» мүшесі

Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен

жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық

туындылар, сондай - ақ, коммерциялық

мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар

және үлгілер жатады. Оның өзі өнеркәсіптік

меншік және авторлық құқық болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар,

селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік

үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді.

Ал, авторлық құқық объектілеріне әдеби, ғылыми

шығармалар, музыкалық, бейнелеу, мүсіндеу,

графика, сәулет, фотосурет туындылары

жатады. Сабақтас құқық объектілеріне қойылымдар,

орындаулар, фонограммалар, эфирлік

және кабельдік хабар тарату ұйымдарының

бағдарламалары кіреді.

Автор дегеніміз - шығармашылық еңбегімен

туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық

құқық – автордың мүліктік және мүліктік

емес жеке құқықтары болып табылады. Зияткерлік

меншік құқығы өзге де меншік құқықтары

сияқты, авторға өз туындысынан немесе

шығармашылық жұмысынан табыс табуына

мүмкіндік береді. Бұл мәселе дүниежүзілік

адам құқықтары декларациясының 27 бабында

нақтыланған. Дарынды адамдар шығармашылық

қызметте табыстарға жеткенімен, көп

жағдайда өз еңбегін қорғаудың заңды жолдарын

біле бермейді. Біздің мақсат соны түсіндіру.

Шығарма авторына жеке мүліктік емес және

мүліктік (айрықша) құқықтар беріледі. Автордың

жеке мүліктік емес құқықтарына автор деп

тану, есімі аталу және беделін қорғау құқықтары

жатады. Бұл құқықтардан айыру мүмкіндігі

жоқ және оларды қорғауға шек қойылмайды.

Мүліктік (айрықша) құқықтарға автордың өз еңбегін

өз қалауы бойынша кез келген әдіспен

және кез келген нысанда пайдалану құқығы

жатады. Бұл құқықтар басқа адамдарға шарт

бойынша берілуі мүмкін.

Мүліктік құқықтар мұрагерлік немесе құқық

мирасқорлығы тәртібімен де ауысады. Автордың

мүліктік құқығын иеленген адам белгіленген

тәртіппен құқық иеленушіге айналады.

Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда,

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабына

және Қазақстан Республикасы Қылмыстық

Кодексінің 198, 199-баптарына сәйкес, жауапкершілікке

тартылады.

Заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында

аудандық әділет басқармасы мемлекеттік

органдар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлер

арасында зияткерлік меншік саласына қатысты

құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Заңды тұлғалар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары

өкілдерімен де «дөңгелек үстел»,

семинарлар өткізіліп, дәрістер оқылуда.

р/с

Шымкент қаласы аумағында адамдар мен ауыл шаруашылығы

жануарлары арасында құтыру ауруының алдын алу бойынша 2018-2020 жылдарға

арналған кешенді Іс-ШАрАЛАр жоспары

Іс-шара атауы

Орындау

мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.2 Үй және жабайы жануарларды тексеру және жоспарлы түрде құтыру ауруына

қарсы вакцинация жүргізу

Жоспарлы

түрде

және тұлғалар

жүгінген

кезде

1.3 Шымкент қаласының аумағының мекемелеріндегі иттерді тіркеуге алу Тұлғалар

жүгінген

кезде

1 2 3 4

1. Жануарлар арасында құтыру ауруының алдын алу шаралары

1.1 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26 маусым 2013 жылғы №14/125-V

шешімімен бекітілген иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын

Жергілікті полиция қызметі ішкі істер басқармасы,

ит пен мысық асыраушы иелерінің сақтау тұрғысына тексеру мақсатын-

Шымкент қаласы

Жылына 2

да елді мекендерде үй аралау жұмыстарын ұйымдастыру

ауыл шаруашылығы және ветеринария

рет

бөлімі

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қызметі"

МКК

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімі.

"Ветеринариялық қызмет" МКК

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет»

МКК

1.4 Ветеринарлық-санитарлық тексеруді өз құзыреті шеңберінде фермаларының,

бордақылау алаңдары, жазғы демалыс лагерлері және басқа да мал шаруашылығы

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет»

МКК

қора-жайларын анықтау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын Жыл ішінде

және күзет иттер, құтыруға қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізбеген жағдайда

тиым салынады.

1.5 Қора-жайларға ,отарларға жабайы жануарлардың келуіне, жол бермеу

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары

(келісімі бойынша)

Тұрақты

1.6 Иттерді, мысықтарды тексеру және 10 күн карантинге қою, жануарлардың құтыру

ауруы белгілері болған жағдайда зерттеу жүргіу

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет»

МКК

Жыл бойы

(қажеттілігіне

қарай)

1.7 Қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу және олардың құтырмаға қарсы

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет»

МКК

Жыл бойы

иммундау жұмыстарын ұйымдастыру.

1.8 Тиісті санитарлық жағдайда ұстауды кәсіпорындардың, мекемелердің, базарлардың,

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі

қоқыс арналған алаңдар, қоқыс және басқа да қалдықтарды жол бермеу, Жылбойы Шымкент қаласы, базарлардың әкімшілігі, ет

қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды осындай жерлерде жою және жертөлелерде,

(қажеттілігінеқарахана,

және сүт өңдеу кәсіпорындары, дүкендер, ас-

шатырлар астына басқа да тұрғын емес үй-жайларда ұстауға шектеу

қою болдырмау.

үй иелері (келісім

бойынша)

1.9 Елді мекендердің ,кәсіпоындардың, базарлардың қоқыс алаңдарында санитарлық

жағдайын бақылауды жүзеге асыру.

1.10 Аңшыға түлкі мен қасқырды ату үшін жергілікті бюджеттен қаражатты бөлу,

елді мекендер аумағына, отарларга, үй-жануарларға жабайы жануарлардың келуіне

жол бермеу.

Жыл бойы Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Енбекші,

Каратау әкімшілігі

(қажеттілігіне

қарай

Жыл бойы

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімі

1.11 Бекітілген ветеринариялық профилактикалық жоспарға сәйкес Шымкент қаласының

аумағында, үй жануарларының құтыру ауруына қарсы иммундау

мет» МКК

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қыз-

Жыл бойы

1.12 Облыстық бюджеттен жабайы жануарлардың құтыру ауруына қарсы брикет сатып

алу үшін қаражат қарастыру

Қантар-ақпан

ОҚО ауыл шаруашылығы

1.13 Қала аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және уақытша ұстап,

кейіннен жойылады

мет» МКК

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қыз-

Жыл бойы

1.14 Қаңғыбас жануарларды аулау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру,

Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет»

МКК

Тұрақты

1.15 Құтыру ауруының қауіптілігі және жұқтыру жолдары туралы ЖОО студенттері Жылына 2 Шымкент қаласының білім бөлімі мемлекеттік

мекемесі

мен мектеп оқушылары арасында диктанттар алуды ұйымдастыру

рет

1.16 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26 маусым 2013 жылғы №14/125-V

ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

шешімімен бекітілген иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларына

ит ұстаушыларға қойылатын талаптарды күшейту бойынша өзгерістер

ветеринария бөлімі

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

2018 жыл

мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру.

1.17 Иттер мен мысықтарға құтыру ауруына қарсы екпе жасайтын ветеринариялық

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

Тұрақты

емдеу ұйымдарының жұмыстарына бақылау жасау

1.18 Құтыру ауруы ошақтары тіркелген аумақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын

құтыру ауруына қарсы жоспарлы екпе жұмыстарын жүргізу.

1.19 Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен қалалық аумақтық

инспекциясын құтыру ауруы жағдайлары тіркелгендігі туралы хабарлау

ветеринария бөлімі

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімі

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қыз-

Жыл сайын

мет" МКК

Құтыру ауруы

жануардан

анықталған

сәтте

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қызмет"

МКК

1.20 Ауланып алынған немесе өлген түлкінің денесін өртеу арқылы немесе биотермиялық

шұңқырға тастау арқылы жоюды ұйымдастыру

мет" МКК

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қыз-

Тұрақты

1.21 Аңшылыққа қолданылатын иттерді құтыру ауруына қарсы екпе жасату

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қызмет"

МКК

Жыл сайын

1.22 Жабайы жанаурлардың ауырғаны немесе қимылында оғаш әрекеттер (адамнан

Аңшылар, аңшылар қауымдастығы, орман

Анықталған

қорықпауы, өздігінен адамға және жануарларға шабуылдауы) байқалған жағдайда

Шымкент қаласының "Ветеринариялық қызмет" МКК шұғыл хаарлау

шаруашылығы, табиғат қорғау жөніндегі мекемелер

жағдайда

1.23 Табиғат қорғау аймақтары, қорықтарда, жасыл аймақтарда, елді мекендер маңында

аңшылық барысында табылған жабайы жануарлар (түлкі, қарсақ, қасқыр,

шибөрі) денелерін құтыру ауруына тексерту үшін ветеринариялық зертханаларға

жолдау.

1.24 Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармаларын және "Ветеринариялық қызмет" МККға

иттерден адамдардың зардап шеккендігі туралы шұғыл хабарлап отыру

1.25 Қала аумағында елді мекендерде және тұрғын аудандарда иттер мен мысықтарды

серуендетуге арналған орындар белгілеу, ол жерлерді тақтайшалар іліп,

иттер мен мысықтардан шыққан қалдықтарды иелері жинап тастауы үшін арнайы

контейнермен жабдықтау

1.26 Рұқсат етілмеген орындарда тасталған қоқыс қалдықтарын жою. Бейберекет қоқыс

тастауды болдырмау шараларын қабылдау

1.27 Қолданыстағы норматитік құжаттарға сай жоспарлы түрде егеуқұйрықтарға қарсы

дератизациялық жұмыстарды ұйымдастыру

1.28 Тұрғындар арасында жануарларды құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары туралы

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау.

1.29 Жергілікті телеарналарда қоғамдық денсаулықты қорғау басқамасымен бірлесіп

сұхбаттар ұйымдастыру

1.30 Тұрғындарды құтыру ауруын жұқтырып алмасы үшін парақшалар, жадынамалар

әзірлеп, таратуды ұйымдастыру

Жыл сайын

Анықталған

жағдайда

Жыл сайын

Тұрақты

Орман қорғау шаруашылығы, орманшылар, аңшылар

және аңшылар қауымдастықтары

Шымкент қаласының амбулаториялық хирургия

травмотология және гинекология орталығы

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы

әкімдіктері

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы

әкімдіктері

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімі және жеке нысандар иелері

мен жалға алып жасап жатқан жеке немесе

Жыл сайын

заңды тұлғалар (келісімдері бойынша)

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі, "Ветеринариялық

Тұрақты қызмет" МКК, қоғамдық денсаулықты қорғау

басқармалары

Тоқсанына

1 рет

Жыл бойы

ЖОба

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімі, Қоғамдық денсаулықты

қорғау басқармалары

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі, "Ветеринариялық

қызмет" МКК

хабарландыру

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын Шымкент

қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорны жүргізеді.

Байланыс нөмірлері: 32-44-14, 32-16-26, 8-776-000-04-50.

Сенім телефоны

ОҚО, Шымкент қаласы ҚАЖД қарасты ИЧ 167/2 мекемесінің жұмыс

телефонының номері өзгеруіне байланысты, мына сенім телефонына

хабарласа аласыздар

Сенім телефон: 53-34-10

Жеке қабылдау өткiЗеді

Шымкент қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығында әр айдың

бірінші бейсенбісі күні сағат 10:00-13:00-ге дейін жеке қабылдау өткізіледі.

Азаматтарды жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерді қабылдау

прокуратура, ішкі істер, әділет органдары және әкімдік қызметкерлермен

жүргізіледі. Сондай-ақ, қабылдауға адвокаттар мен медиаторлар қатысады.

Сонымен қатар, орталықта Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру

салалары бойынша басқарма, бөлім басшылары жеке қабылдау жүргізеді.

ОҚО Әділет департаменті облыс және қала тұрғындарын аталған іс-шараға

қатысуға шақырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының

Әділет департаментінің баспасөз қызметі

Жаршы

www.shymkala.kz

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

11

Заң

Бүгінгі күні сот жүйесіндегі жаңалықтардың бірі – электронды

талап-арыз сотқа Электронды Үкімет порталы

арқылы (www.egov.kz) беріледі.

Электронды сот -

заман талабы

Ә. КөШенов,

Абай аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Ол үшін арнайы берілген

үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген

немесе тұрғылықты мекенжайы

бойынша аудандық (қалалық

немесе оларға теңестірілген)

сот таңдалып, арыз мазмұнын,

істің дәрежесін және мемлекет

баж салығының көлемін көрсету

қажет. Үлгіні толтырған соң,

талап қоюшы электрондық құжат

нысанында талап-арыздың және

құжаттардың басқа да көшірмелерін

қоса тіркеп, талап-арызға

өзінің электронды-сандық қолтаңбасын

(енді – «ЭСҚ») қояды,

одан соң талап-арыз сотқа жолданады.

Бұл электрондық нұсқада

берілген талап-арыз сотқа жіберілген

соң, бірер минутта (шамамен

20-30 минут ішінде) ол

тиісті сотқа түсіп, тіркеуге алынады.

Осы талап-арыз тиесілі

сотта тіркелген сәтте, талапкерге

(немесе арызданушыға) электрондық

бақылау жүргізуге логин

мен пароль беріледі, яғни оған

жолданады. Еліміздің Жоғарғы

Сотының ресми сайтында осы

логин мен парольді енгізіп, іспен

ыңғайлы таныса алады. Электрондық

талап-арыз көшірмелерін

тіркегеннен кейін ол сотпен қаралып,

қабылданғаны немесе

кейін қайтарылғаны туралы хабарлама

арыз иесіне электрондық

портал арқылы немесе SMS

хабарлама арқылы ескертіледі.

Сонымен қатар бәрімізге белгілі

еліміздің осы барлық соттарында

2013 жылдың 1 тамызы мен

31 желтоқсаны аралығында аталған

іс жүргізу бойынша электрондық

бақылауды енгізу бойынша

пилоттық жоба қолға алынған

болатын. Оның негізгі мақсаты,

сот істері мен материалдарға

қатысты сот ісіне қатысушыларға

ақпарат алуға ыңғайлы бірыңғай

және біртектес механизм

құру болып табылды. Электронды

бақылау жолымен іс жүргізу

бұрын Республика сот органдарының

бірыңғай автоматтандырылған

ақпаратты талдау жүйесі

(БААТЖ), ал 2015 жылғы қыркүйек

айынан бері «Төрелік» ақпараттық

жүйесі тұтас бағдарламаның

сот істері бойынша мәліметтерді

автоматты түрде ұсынуға

халыққа жақсы мүмкіншілік туғызып

отыр және оларды қолдану

әдісі де аса күрделі емес.

Осы электронды интернет-ресурстары

арқылы сот істері бойынша

құжаттарды көру және

алу үшін, сот ісіне қатысушыларға

кез келген мәліметті алу

үшін рұқсат беретін пароль ұсынылып,

ол автоматты түрде алушыны

қамтамасыз етеді. Бұдан

кейін сот істері мен материалдар

бойынша деректерге қол жеткізу

осы мүдделі азаматтар тіркеліп,

оларға тіркеу-бақылау карточкасы

берілген уақыттан кейін басталады,

ал осы жердегі ең басты

талап осы жүйені пайдаланушы

адамда «ЭСҚ» міндетті түрде

болуы керек. Кез келген Қазақстан

Республикасының жеке

сәйкестендіру номері бар азаматы

осы «ЭСҚ»-ны алуға және

қажетті жерінде оны пайдалану-

ға құқылы. Қазақстандағы және

әлемдік «ЭСҚ»-ны пайдаланудың

тәжірибесі көрсетіп отырғандай,

оның жасанды көшірмесін

жасау мүмкін емес, себебі

«жабық кілт» құпия сақталады

және оның мәліметтері

тек иесіне ғана белгілі болады.

Одан басқа ешкім электрондық

қолмен құжатқа қол қоя алмайды.

Айта кетсек, Шымкент қалалық

Абай аудандық сотында

бүгінгі таңда электронды сот өз

міндетін атқаруда. Ал, «Төрелік»

ақпараттық жүйесі туралы айтатын

болсақ, бұл сот саласындағы

жетістіктердің бірі. Тәуелсіз

елімізде ақпараттық-технологиялардың

қолданылуы ілгері жылжып

келеді. Бүгінгі күні еліміздегі

көптеген мемлекеттік органдар

іс жүргізудің озық технологияларын,

электронды құжаттар айналымын

пайдаланады. Бұл игі

үрдістен соттар да тыс қалмай,

іс жүргізуде заман ағымына сай

жаңа жүйені меңгеруде. Соттармен

арадағы құжат айналымы

мәселесі бірте-бірте қағаздан

электрондық форматқа ауыстырылды.

Бүгінгі таңда құжат айналым

жүйесі жетілдірілді. Соттарға

«Төрелік» құжат айналым

ақпараттық жүйесі енгізіліп, күнделікті

іс жүргізу аталмыш жүйе

арқылы жүзеге асырылуда. «Төрелік»

ақпараттық жүйесін енгізудегі

негізгі мақсат – іс жүргізу

ақпаратын, шығарылған шешімдермен

танысу, қаулылармен,

сот ұйғарымдарымен және басқа

да қажетті ақпараттарды сот

ісін жүргізуге қатысушыларымен

шұғыл алу. Азаматтар үйлерінде

ғаламтор арқылы электронды

түрде талап-арыздарын

беріп, сол арыздарының қандай

сатыда жүріп жатқанын қадағалай

алады. Аталмыш жүйе

басқа мемлекеттік органдармен

ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені

пайдаланушыларға тіркеу

рәсімі жеңілдетілген, ақпарат

алу жүйесі жеделдетілген, барлық

тіркеу түрлері онлайн режимінде

көрінеді. «Төрелік» ақпараттық

жүйесі – сот саласындағы

жетістіктердің бірі. Құжаттардың

сауаттылығы, түсініктілігі,

ұқыптылықпен дайындалуы халықтың

сот жұмысын бағалауына

мүмкіндік береді. Сонымен

қатар, қазіргі уақытта Жоғарғы

Соттың интернет-ресурсында

«Жаңа сот актілерінің банкі»

атты сервис іске қосылды. Бұл

сервистің басты мақсаты азаматтардың

сот төрелігіне қолжетімдігін

жеңілдетуді көздейді.

Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары

мен олардың өкілдеріне

құқықтық шектеулерді ескере

отырып, барлық сот сатыларының

сот актілеріне рұқсат

беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің

оң тәжірибесі пилоттық

режимде «Жаңа сот актілерінің

банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге

және іске қосуға негіз болды.

Кейіннен «Сот істері жөніндегі

анықтамалық» сервисі «Сот

кабинеті» сервисінің құрамына

енгізіледі және тек қана тіркелген

пайдаланушыларға істердің

қозғалысы, іс жүргізу құжаттары

және ағымдағы сот актілері туралы

мәліметтерді ұсына отырып,

қолжетімді болады.

неСие

Қаржыландыру артығымен орындалды

микроқаржы

ұйымы 2016

«Ырыс»

жылы жалпы сомасы

4 831,3 млн.теңгеге 1979

жобаны қаржыландырған

болса, 2017 жылы 2293 жобаға

6 599,7 млн.теңге қаражат

бөлді.

нағима ШойғАрАевА

Соның ішінде, «Жұмыспен

қамту – 2020 жол картасы»

бағдарламасы мен «Нәтижелі

Әлеумет

салтанат КөЛбАевА,

№6 Шымкент қалалық

емхана дәрігері

МӘМС – Қазақстанның барлық

сақтандырылған азаматтарына

жынысына, жасына, әлеуметтік

мәртебесіне, тұрғылықты жеріне

және табыстарына қарамастан

медициналық және дәрі-дәрмектік

көмекте тең қол жетімділікке

кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесі қалай

жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің

және әрбір адамның ортақ

жауапкершілігіне негізделген.

Бұл ретте мемлекет экономикалық

белсенді емес халық үшін жарналарды

жүзеге асыратын болады.

Жұмыс берушілер – жалдамалы

жұмыскерлер үшін. Салық органдарында

тіркелген жұмыскерлер

және өзін-өзі жұмыспен қамтыған

азаматтар – өздері үшін. Осылайша,

қаржылық ресурстарды тиімді

бөлу қағидаты әрекет етеді – ортақ

жауапкершілік негізінде кем

мұқтаж неғұрлым мұқтажға “бүгін

сен өзгелерге көмектесесін – ертең

саған бәрі көмектеседі”.

МӘМС енгізудің мақсаттары

мен артықшылықтары:

- Әр түрлі табыс деңгейі бар

адамдарға сапалы медициналық

көмекке тең қол жеткізуін қамтамасыз

ету үшін қаржы ағындарын

қайта бөлу қажеттілігі. Шығыс Еуропаның

көптеген елдері, Жапония,

Корея дәл осындай үлгісін

таңдады;

Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорына (ӘМСҚ) жарнаны

кім аударатын болады?

МӘМС жүйесінің қаржы-қаражаты

жұмыс берушілер, жұмысшылар,

азаматтардың өздерінің,

сондай-ақ, әлеуметтік-әлсіз санаттағы

және жұмыс істемейтін

халықтың мемлекеттік бюджеттен

сақтандыру жарналарының

түсімдерінен құралады.

Сонымен, халықтың әлеуметтік-қорғалмаған

тобы үшін

мемлекет 2017 жылдың 1 қаңтарынан

бастап 4%, 2018 ж. бастап

5% , 2023 ж. бастап 6%, 2024

ж. бастап 7% аударатын болады.

Жұмыс берушілер қызметкерлер

үшін жарнаны 2017 жылдың

1 қаңтарында 2%-дан бастап,

жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту 2017

- 2021» бағдарламасы аясында,

2017 жылы қаржы институттары

арқылы тартылған қаражатты

толығымен игеріп, 1042 жобаға

3 164,1 млн. теңге несие

таратты. Бұл көрсеткіш 2016

жылдағы несиелендірілген жобаларға

қарағанда (477 жоба,

1 426,0 млн.теңге) 122 пайызға

артқан.

«Көктемгі егін егу-жинау»

бағдарламасы бойынша қаржыландырылған

жоба саны 2016

жылы 834 (1 387,9 мнл. теңге)

болса, 2017 жылы 880 жоба (1

500 ,0 млн теңге) қаржыландырылып,

нәтижесінде көрсеткіш

8 пайызға артты.

Сондай-ақ, «Ырыс» микроқаржы

ұйымы 2017 жылы өз

қаражат есебінен 371 жобаны

(1 935,6 млн.теңге) қаржыландырды.

Айта кетейік, ұйым осы уақытқа

дейін жалпы соммасы

29,6 млрд. теңгені құрайтын 16

139 жобаға қолдау көрсеткен.

Ырыстан қолдау тапқан жобалар

аясында 14 193 жаңа жұмыс

орны ашылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру деген не?

Бұл – халықтың денсаулығын

сақтау саласындағы

мүдделерді әлеуметтік

қорғаудың жүйесі.

2020 жылы осы көрсеткішті 5%-ға

дейін жеткізеді. Қорына төленуге

тиiс азаматтық-құқықтық сипаттағы

шарттар бойынша табыс алатын

дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар,

жеке сот орындаушылары,

адвокаттар, кәсіби медиаторлар

және жеке тұлғалардың

жарнасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан

бастап 2%, 2018 жылдың

1 қаңтарынан бастап 3%, 2019

жылдың 1 қаңтарынан бастап –

5%, қаңтар 2020 жылдың 1 қаңтарынан

7% құрайды.

Мемлекет ӘМСҚ-қа жарналарды

кім үшін төлейді?

Мемлекет “Міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру

туралы” Заңның 28-бабы 4-тармағына

сәйкес азаматтардың 12

санатына ӘМСҚ аударымдарын

жасайды:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа»

иегерлері, бұрын «Батыр Ана»

атағын алғандар, сонымен қатар

I және II дәрежелі «Аналық даңқ»

орденімен марапатталған көп балалы

аналар;

3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері

мен мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген

азаматтар;

6) интернат мекемелерінде

оқытылып, тәрбиеленіп жатқан

тұлғалар;

7) техникалық, кәсіптік, орта

білімнен кейінгі және жоғарғы

білім беру ұйымдарында күндізгі

бөлімдерде, сонымен қатар резидентура

формасындағы ЖОО

кейін білім алып жатқан тұлғалар;

8) бала тууға, бала асырап

алуға, 3 жасқа дейінгі бала

күтіміне байланысты демалыстағы

тұлғалар;

9) жұмыс істемейтін жүкті

әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі

баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз

азаматтар;

10) зейнеткерлер;

11) ең төменгі деңгейдегі

қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде

сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде

айыбын өтеушілер;

12) уақытша ұстау изоляторлары

мен тергеу изоляторларындағы

азаматтар жатады.

Әскери қызметшілер, арнаулы

мемлекеттік органдардың және құқық

қорғау органдарының қызметкерлері

және басқалар жарналардан

босатылған, бірақта медициналық

көмекке құқылы.

Сақтандыру ақшасы қайда жіберіледі?

МӘМС қатысушыларының барлық

аударылатын қаражаттары

әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорында (ӘМСҚ) жинақталатын

болады. Қор жасалған шарттар

негізінде медициналық қызмет

жеткізушілеріне төлемдер жасайтын

болады. ӘМСҚ мүшелері қордағы

жинақ көлеміне және жеке

табысқа қарамастан, қызметке

тең қол жеткізе алады. Азаматтар

мен денсаулық сақтау ұйымдары

қызмет көрсету сапасы мен

толықтығы бойынша қорына шағым

жібере алады.

МАҢЫЗДЫ! Мемлекет кез келген

моделінде халықтың әлеуметтік

осал топтарына медициналық

қызмет көрсету үшін жауапты

болып табылады

Мемлекет МӘМС Қорына қатысты

қандай кепілдік береді?

Мемлекет МӘМС Қорына түсетін

қаражаттың тұрақтылығы

мен сақталуына кепілдік береді.

Оның активтері тек қана Үкімет

белгілейтін және Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі басқаратын

қаржы құралдарына орналастыру

арқылы жүзеге асырылады.

Қор өз міндеттерін өз табыстарына

сәйкес қатаң қалыптастырады,

сондай-ақ ӘМСҚ күтпеген шығыстарды

жабу үшін резервтерін

қалыптастыруды көздейді.

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар

үшін қандай медициналық

мекемелерде қызметтер

ұсынылады?

Олармен ӘМСҚ келісім-шартын

жасаған ұйымдарда. Бұл

ретте келісім-шарт мемлекеттік

және жеке мекемелермен жасалатын

болады. Қор медициналық

қызметтер жеткізушілерінің қатаң

іріктеуін жүзеге асыратын болады.

Барлық жеткізушілер үшін

бірыңғай іріктеу шарттары болады.

Және тек қана белгіленген

талаптарға сай келетiндер, сақтандырылғандарға

көмек көрсетеді.

Осылайша, Қор өз мүшелеріне

таңдау ұсынады – жеке

немесе мемлекеттік медицина

ұйымын.

Медициналық сақтандырудың

бар болуы қалай анықталады?

Адамның медициналық сақтандыруы

бар екенін білу үшін

медициналық ұйымдағы қызметкерге

оның ЖСН бірыңғай электронды

деректер қорына енгізуі

жеткілікті болмақ. Егер аударымдар

жүргізіліп жатса, онда өтініш

беруші адам сақтандыру ұсынатын

қызметтердің барлық түрін

пайдалануға құқығы бар. Егер

жоқ болса, оған медициналық көмектің

кепілдік берілген көлемі

шеңберінде көмек көрсетілетін

болады, ал қалған шығыстарын

өзі төлейтін болады.

12

№7 (1546)

26 қаңтар

2018 жыл

Тәрбие

www.shymkala.kz

ЖаС ұлан

Жеңістің де, жемістің де

кілті – тәрбиеде

1993 жылы 19 қаңтарда

Жоғарғы Бас Қолбасшы-Елбасымыз

Нұрсұлтан Назарбаевтың №

1084 Қаулысымен «Қазақстан

Республикасының Қарулы

Күштерінде командирлердің

тәрбие және әлеуметтік-құқықтық

жұмыстар жөніндегі

орынбасарлары институты»

құрылды.

А. ОспАнқұлОвА,

Шымкент «Жас ұлан»

республикалық мектебінің

қызметкері

Мақсаты – жаңа заманғы

Қарулы Күштер қатарындағы

жарғылық әскери тәртіпті нығайту

мен ұлттық идеологияны

әскери ортада кеңінен насихаттау,

күшейту болып табылады.

Сол себептен, Шымкент

республикалық «Жас ұлан»

мектебінде тәрбие және идеологиялық

жұмыстар басқармасының

бастығы подполковник

Мадрахимов Медгат Мадрахимовичтің

басқаруымен іс-шара

лар өткізілуде.

«Әскер-елдің айнасы» десек,

сол әскердің айнасы тәрбие

құрылымы офицерлері деп

айтуға толық негіз бар. Еліміз

егемендігін алғаннан бері тәрбиеші

офицерлер Қарулы Күштеріміздің

жеке құрамын тәрбиелеуде

Отанға, елге, туған

жерге деген адалдықты, сүйіспеншілікті

арттыруда орасан

зор үлестерін қосып келеді.

Тәрбиеші офицерлерді

«адамдардың ішкі жан дүниесінің

емі» деп бекер айтпаған.

Өйткені, өздеріне байланысты

жеке құрамы үшін қандайда

бір жағдайда қуанышы

болсын, мейлі қиыншылығы

болсын әрдайым қасында табылатыны

сөзсіз. Әскери ортада

өткізілетін әрбір іс-шараның

басы-қасында жүретін тәрбиеші

офицерлер – өз мамандықтарының

майталманы.

Соның бірі деп, мектеп бастығының

орынбасары – тәрбие

және идеологиялық жұмыстар

басқармасының бастығы подполковник

Медгат Мадрахимовты

айтса болады. Ол жеке

құрамды тың ақпаратпен, мәдени

дүниелермен сусындата

отырып, өз жұмыс жолын

тікелей тәрбие саласына арнап

келеді. Қарулы Күштер қатарында

әскери тәртіп пен құқықтық

тәрбиені күшейту жолында

ерінбей еңбек етуде.

Міне, биыл 18 жыл осы салада

жұмыс атқарып өз үлесін

әскери тәрбиеге қосып, саналы

жас ұландарға дұрыс бағыт-бағдар

беруде қоғамдық

іс-шараларды көптеп өткізуге

атсалысып келеді.

Осы орайда, подполковник

М.Мадрахимов тәрбие және

идеологиялық жұмыстар басқармасының

бастығы ретінде

өсіп келе жатқан жас ұрпақ

өкілдерін Елбасы артқан

сенімді ақтауға, Қарулы Күштер

қатарындағы жарғылық

әскери тәртіпті сақтауға шақыра

отырып, бабаларымыздың

армандап өткен аманатын

біздің Қарулы Күштеріміздің

айбынды жауынгерлері сақтай

да, ақтай да білетін нағыз

Отанының патриоты екеніне

сенімі мол.

Спорт

Азамат ЖАппАР

Мұздағы кішкентай

бүлдіршін

Мәнерлеп сырғанау спорт

түрімен Айсұлу Жалдыбай екі

жылға жуық шұғылданып келеді.

Ол мұзда конькимен сырғанап,

музыка сазына сәйкес әсем қимыл

жасауға әуес. Мәнерлеп

сырғанауда қозғалыс жылдам не

баяу, әр түрлі бағытта айналып,

секіріп, тағы да басқа орындалуы

тиіс. Сондықтан спорттың

бұл түріне баланы 7-8 жастан

баули бастайды. Алайда Айсұлу

одан ертерек, яғни 4 жасынан

кіріскен.

– Маған сырғанау ұнайды.

Әпкем мен ағам биге барады.

Мені болса анам конькиге

берді. Аптасына үш рет

келемін. Достарым да көп, –

дейді жас спортшы.

Мәнерлеп сырғанаудың жекелей,

жұптасып, топтасып

сырғанау және мұздағы би

түрлері бар. Жекелей сырғанауда

міндетті және еркін жаттығудан

спортшы өзінің қабілеті

мен шеберлігін көрсетеді.

Бұл ретте жас спортшыға

ұнайтыны секіріп өнер көрсету.

Яғни, музыкаға ілесе билеген

спортшы қимыл-қозғалыстарына

секіруді қосады. Әрине,

буыны қатпаған бүлдіршін

әлі шеберлігін шыңдап жүр.

Балалар мұзда емін-еркін сырғанауға

жылдар бойы жаттығады.

Сол үшін мұздың сырын

түсіну, меңгеру өте күрделі.

Шалт қимылда мүлт кет-

Балақайдың

таңдауы – спорт

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы! Өскелең ұрпақты

шымырлық пен ептілікке тәрбиелеу – әрбір атаананың

перзент алдындағы борышы. Ал ұйымшылдыққа

баулып, қимыл-қозғалысты арттыру салауатты

жастардың жарқын болашағын қалыптастырмақ. Елбасының

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында спортқа

ерекше көңіл бөлуді қолдау атты қадамы бүгінде қаламызда

өз нәтижесін беруде.

сең қиынның-қиыны. Есіл еңбек

желге ұшпақ. Ал Айсұлудың

талпынысы жоғары екен.

Қалалық жарыстарда бақ сынап,

жеңіс тұғырынан көрінген.

Оқуда озат. Орысша сайрап,

ағылшын тілінен сабақ алып

келеді. Сондай-ақ, ол шаһарымыздың

ең жас спортшыларының

қатарында.

Мәнерлеп

сырғанағың келсе...

Мәнерлеп сырғанау – өнер

әрі спорт. Өнер атаулының дарыннан

бөлек қажымас қайрат

пен тынымсыз еңбекті талап

ететіндігі секілді мәнерлеп

сырғанауда да табысқа жетемін

деген адамға үлкен төзімділік

қажет. Сонымен қатар, мұздың

үстінде өнер көрсету үшін қысқы

спорт мектебіне қабылдаудың

балаларға қойылар қатаң

талабы бар.

– Мәнерлеп сырғанаумен

кәсіби тұрғыда айналысу

қымбатқа түседі. Балалар

қатаң тәртіппен жаттығады.

Бірақ үзбей жаттығуға

көп баланың шамасы

жетпейді. Себебі, шығыны

көп, қымбат спорт түрі

болғандықтан, екінің бірінің

мүмкіндігі бола бермейді.

Бізге келетін ұл-қыздарды

бойындағы бірнеше қасиеттерін

бағалай отырып қабылдаймыз.

Бірінші, балалар

оң-солын тануы керек.

Кейінгі кезекте ол балақайлардың

физикалық пропорционалдығы

маңызды. Секіре

білуі, буындардың икемділігі

және жылжымалығына да қараймыз.

Баланың музыкалық

зейіні мен вестибулярлық

аппаратына да аса мән

береміз, – дейді ОҚО қысқы

спорт түрлерінен балалар

мен жасөспірімдер спорт

мектебінің әдіскері Диляфруз

Худайшукурова.

Елбасымыз айтқандай,

спорт – елдің мерейін асырып,

абыройын тасытатын

сала. Егер балаларыңыз жоғарыда

келтірілген қасиеттерге

ие болса, облысымыздағы

қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға

мүмкіндік беретін жалғыз

орын – «Мұз сарайында»

тегін жаттығуына жағдай қарастырылған.

Биылғы Жолдауында Мемлекет

басшысы «өзінің тарихын,

тілін, мәдениетін білетін,

сондай-ақ заманына

лайық, шет тілдерін меңгерген,

озық әрі жаһандық көзқарасы

бар қазақстандық біздің

қоғамымыздың идеалына айналуға

тиіс» екенін атап өткен

еді. Айсұлудай жастайынан

білім мен спортты қатар

алып жүрген өрендер ОҚО

қысқы спорт түрлерінен балалар

мен жасөспірімдер даярлайтын

спорт мектебі оқушыларының

қатарында аз емес.

Олай дейтініміз, 15-19 қаңтар

аралығында Алматыда өткен

«Ice Tiger» атты жасөспірімдер

турнирінде 10 жерлесіміз

жүлделі орындармен оралды.

Олардың талпынысы Елбасы

айтқан қоғамымыздың идеалына

жеткізері сөзсіз.

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìеншiк èесi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Дèректор–бас редактор

¬ÀПÁÀÐÎÂÀ Àйгѕë

Æаðûëаñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Ñ´áèò ÀÓÅÑÁÅÊÎÂ

Дèректордыє орынбасары

Таєаò ¦ЛIÁÅÊÎÂ

Жауапты хатшы

Àñхаí ÌÀйЛыÁÀÅÂÀ

Журналèстер:

Таµаáай ¬ÀÑыÌÎÂ

Ñапаðµаëè ¬ÀÍÀТ

Àйгѕë ÊÅÐI̬±ЛÎÂÀ

ͽðëаí ÁÅÊТÀÅÂ

Беттеушi-дèзайнер

̽аµаëè Т¯ÐÅÕÀÍ

¬аñûì ͱÐÕÀÍ

Жарнама жґне

маркетèнг бјлiмi

Àæiáåê ̱ÑТÀôèÍÀ

Фото-тiлшi

Ñåðiê ÊÎÑÀй

Газет ¬азастан Республèкасы èнвестèцèялар жґне даму

мèнèстрлiгi Байланыс, апараттандыру жґне апарат

комèтетiнде 2016 жылµы 15 сґуiрде тiркелiп, №15961-Г куґлiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái жґне æ½ìа

к¾ндерi шыµады. Таралу аймаµы: ¬азастан Республèкасы.

«Шымкент келбетiнде» жарèяланµан матерèалды баса

басылым кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тèiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакцèялы јєдеу жасалуы м¾мкiн.

- аылы èмèдждiк маала

Газет редакцèяныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ¾й.

Ðåдаêцèя ìåêåí æайû:

Шымкент аласы, ш/а. «¬арасу» шаµынауданы, 66/6.

Тåë.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru èíдåêñ 65810

Тапсырыс: 269 Таралымы: 8495 дана

Кезекшi редактор – Таµаáай ¬ÀÑыÌÎÂ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!