11.05.2018 Views

Шымкент келбеті 36-37

Жұма 11 мамыр 2018 жыл

Жұма 11 мамыр 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

№36-37 (1575-1576)

11 мамыр 2018 жыл

Соңғы бет

www.shymkala.kz

қылқалам Ақ желеңді абзал жандар Құттықтау

Алтын қорға

енген картина

Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өз үлесін қосқан қылқалам

шеберлері жетерлік. Солардың бірі – жерлесіміз

Сабыр Мәмбеев 1928 жылы 1 мамыр күні ОҚО Келес ауданының

Абай-Базар ауылында дүниеге келген. 1946 жылы

Алматы көркемсурет училищесін бітірді. Ол – кәсіби жоғары

білім алған алғашқы қазақстандық суретшілердің бірі.

Назгүл Нысанбекова,

Облыстық бейнелеу өнері

музейінің ғылыми қызметкері,

өнертанушы

Сабыр Әбдірасулұлы Ленинградтағы

И.Репин атындағы КСРО

кескіндеме, мүсін және сәулет институтын

аяқтаған. Оқудан оралған

соң Алматы көркемсурет училищесінде

сабақ берді. 1956-1982

жылдары ҚазКСР Суретшілер одағының

төрағасы болды. Қыл қалам

шеберлеріне мемлекет тарапынан

қолдау көрсетілуі керегін

әрдайым алға тартып, осы бастамаларының

жүзеге асуына қол

жеткізе білді.

Cабыр Мәмбеев Қазақстанның

бірнеше қалаларында алғашқы

суретшілер шеберханаларының

салынуына үлкен үлес қосты.

Шығармашылық жолында

«ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері»

(1963), «Қазақстан халық суретшісі»

(1980) атақтарымен, «Құрмет

белгісі» орденімен, «Еңбек қызыл

ту» (екі рет), «Халықтар достығы»,

«Парасат» және т.б. бірнеше

медальдармен марапатталған.

Сабыр Әбдірасылұлы Суретшілер

одағының басшысы ретінде

қазақ руханиятына да аямай еңбек

етті. Жаңашыл жастарға қолдау

көрсетті. Өткен ғасырдың 60-

жылдары келген жұлдызды талантты

тұтас бір буынды, соцреализм

сыншыларының тұмсықтысына

шоқытпай, қанаттысына

қақтырмай қорғады. Сабыр Мәмбеев

дәуірінің суреткерлік интонациясы,

азаматтық желпінісі,

шалқыған бояулар шаттығы жастардың

ізденістерінде жаңа тыныс

ашты.

Лирик-суретші Сергей Герасимовтың

1958 жылғы Мәскеудегі Қазақ

өнерінің декадасында Сабыр

Мәмбеевтің «Тауда» және «Киіз

үйде» картиналарына білдірген

пікірі оның шығармашылығына

ерекше серпін берді: «С.Мәмбеевтің

картиналары туған елінің қуанышты

өмір салтына толы. Күннің нұрымен,

түстердің ашықтығымен

орындалған, өзіндік сәні бар, эмоционалдық

жағынан өте ұлттық әрі

заманауи қалыпта жазылған».

Суретші өзінің шығармаларында

ауыл өмірін, оның сұлу табиғатын

өзгеше қырынан бейнелейді.

Сабыр Мәмбеевтің шығармашылығының

басым бөлігі импрессионизм

бағытында жазылған. Көптеген

еңбектері Қазақстан бейнелеу

өнерінің классикасына айналған

автордың шығармалары, негізінен,

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік

музейінде сақтаулы. Ал «Ыстық

көл» картинасы ОҚО Бейнелеу

өнері музейінің негізгі, ең құнды

жәдігерлерінен топталған «Алтын

қор» коллекциясына енген.

Сабыр Мәмбеевтің шығармаларында

өзіне тән ерекше сиқырлық

бар. Кескіндеменің бай тілінде суретші

қоршаған ортаның әдемілігі

мен сән-салтанатын шебер жазады.

Оның қазақ өнеріне қосқан үлесіне

баға жетпейді. Сабыр Мәмбеевтің

шығармашылығы Қазақстан бейнелеу

өнерінде биік бағаланады

және қазақ кескіндеме өнерінің

Алтын қорына кіреді.

Мейіргерлер

үздікті анықтады

12 мамыр - халықаралық

мейірбикелер күні. Бұл

атаулы күннің тарихы

ХХ ғасырдың басынан

басталады.

Толқын Тұрғанбай,

Шымкент қалалық №11

емхананың бас медбикесі

Бұл күні қайырымдылық қызметінің

негізін салушы мейіргер

Флоренс Найтингейл дүниеге

келген.

1934 жылы Ф.Найтингейл

атындағы халықаралық қор құралып,

осы бастама бойынша ха-

Мейірбикелер тән

саулығын насихаттады

Халықаралық мейірбикелер

күніне орай

облыстық клиникалық

аурухана қызметкерлері

мен медбикелер

спорттық іс-шарада бақ

сынасты.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Өзара сайысқа клиниканың

25 мейірбикесі қатысты. Тән мен

жанның саулығын насихаттап

лықаралық мейіргерлер күні жыл

сайынғы мейрам болып қалыптасты.

Жалпы, денсаулық сақтау

саласында мейіргерлердің

қызметі зор. Статистика бойынша

науқастарды күту жұмысының

80 %-ы мейіргерлерге түседі

екен.

Осы мерекеге орай Шымкент

қаласындағы №11 емханада «Ең

үздік мейіргер» конкурсы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында

қатысушылар бағдарлама бойынша

ситуациялық сұрақтарға

жауап беріп, басқа да өнерлерімен

бақ сынасты. Конкурс қорытындысымен

бас жүлдеге балалар

фтизиатр бөлмесінің медбикесі

Пиялиева Айгерім ие болды.

жүретін медицина мамандары

кәсіби мерекелерінде өздері де

салауатты өмір салтын ұстанатындарын

дәлелдеді.

Жарыс бағдарламасы бойынша

медицина қызметкерлері

жүгіруден, шахмат ойнаудан

және арқан тартыстан сайысқа

түсті. Сонымен, сайыс қорытындысы

бойынша Н.Ауашова

мен Б.Ақтаева жүгіруден суырылып

шықса, Ж.Әмірбек пен Ж.Утенбаева

шахматтан үздік екендерін

көрсетті. Ал арқан тартыста

терапия бөлімінің командасы

жеңіске жетті.

Күндей күліп,

шуақ шашып

жүріңіз

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың

болғанына қарамастан, қатты

жел тұрса, тамырымен қопарылып

құлап түседі.

Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен,

қатты жел тұрғанда сәл майысады да,

жел басылған соң, бойын қайта тіктеп, жапырақтарын

күннің нұрына малындырып,

жайқалып тұрады. Бүгінгі туған күн иесі

де осы қайың ағашы тәріздес – өмірде де,

қызметте де қиындықтардан жасымаған,

бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай

ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе

де мойымай, күресе білетін азамат. Жаңалыққа

жаны құмар, ізденімпаз, кемеңгер

басшы, керемет ұстаз, аяулы жар, ардақты

әке және де абзал әріптес.

Құрметті, Арман Шымбайұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен

құттықтаймыз. Сізге мықты денсаулық,

ұзақ та бақытты өмір, отбасыңызға береке,

еңбегіңізге ерен шығармашылық табыстар

тілей отырып, құттықтау соңын мына өлең

жолдарымен жалғастырғымыз келеді:

Туған күнмен құттықтаймыз бүгін біз,

Күндей күліп, шуақ шашып жүріңіз.

Денсаулықтың арқасында әрқашан,

Қуанышты, бақытты өмір сүріңіз.

Еңбегіңіз бола берсін жемісті,

Сіздей басшы жеткізеді жеңіске.

Қамал алып қырық жастың төрінде,

Ұжымыңды баста талай белеске.

Ұстаздардың ұстазысыз бүгін де,

Өмір заңы – шын мықтылар үнемі,

Бағындырар асуларды түбінде.

Шоқжұлдыздай жана берсін бағыңыз,

Нобельдің де сыйлығын сіз алыңыз.

Шәкірттерің кірпіш болып қаланып,

Қазағымның тарихында қалыңыз!

Ізгі тілекпен:

№90 жалпы орта

мектебінің ұжымы

маман кеңесі

Дәрігердің де,

емделушінің де

көмекшісі

Ел б а с ы

Н.Ә.Назарбаевтың

«100 нақты

қадам» бағдарламасында

ерекше аталған

маңызды бағыттардың

бірі – ұлт саулығы.

Осы орайда әдеуметтік

қауіпті кесел туберкулезбен

күрес мәселесі

назардан бір сәт те тыс

қалған емес.

Патологиялық күйзеліс,

тұрмыс жағдайының төмендігі,

дұрыс тамақтанбау, маскүнемдік,

қала берді нашақорлық

тәрізді зиянды әдеттер туберкулездің

тууына басты себеп.

Осындай дертке шалдыққан

науқастар «Облыстық туберкулезге

қарсы диспансерде»

ем алады.

Іргетасы 1925 жылдың қарашасында

қаланған туберкулезге

қарсы диспансер Шымкент

қаласында бастапқыда 25-төсектік

болып ашылған.Меди-

циналық мекеме содан бері өз

міндетін мінсіз атқарып келеді.

Қоғам өзгеріп, заман алға басқан

сайын диспансердің материалдық-техникалық

базасы

да нығайды, медицина қызметкерлері

қатары да толықты.

Өткенге көз жіберсек, диспансердің

қалыптасу, өсу, өрлеу

кезеңдерінде жүздеген

адамдардың тер төккенін байқаймыз.

Қаншама дәрігерлер,

білікті мейірбикелер, кіші буын

медицина қызметкерлері еңбек

етті. Соның ішінде мейірбикелік

істің дамуына үлкен үлес

қосқан, өз мамандығына адал

әрі жаңа медициналық технологияларды,

профилактикалық

жұмыстың жаңа түрлерін тәжірибеге

енгізіп жүрген диспансер

медбикелерін ерекше айта

кеткен жөн. Алдыңғы толқын

ардагер мейірбикелер салған

сара жолда қазіргі таңда ортамызда

жүрген мейірбикелеріміз

Ж. Наурызбаева, Ұ.Сарымсақова,

С. Бердібекова, Л. Сыздықбаева,

Г.Оразалиева, А.Қалманова,

Г..Ақжігітова, З.Қамбарова,

Ш.Мейірбекова, З.Сариева,

М.Изтаева, Н.Тәңірбергенова,

Ж.Байжарасова, Г.Тұрсынова,

Б.Жиренбаева, А.Маханова,

Р.Тулемисова, С,Туржанова,

С.Алиева, З.Бабаназарова,

М.Мамырқұлова, Р.Тұрымбетова,

Н.Тұрашова, Б.Шегірбаева,

Х.Тасқұлова, Р.Ерназар, Г.Исмайлова,

Х.Шалхарова, К Каримбаева,

Қ Жүніс, А.Сопыбекова,

Б.Тілеубердиева, Г.Натаева,

Г. Жүсіпова жалғап, жаңа

технологияны, инновациялық

озық әдістерді кеңінен пайдаланып,

материалдық-техникалық

базасын нығайту, заманауи

кейіпке келтіру бағытында тынбай

еңбек етіп келеді.

Емді қатаң түрде тікелей

қадағалау медбикенің қатысуымен

іске асады.Емделушінің

шипалы ем алуы оған

жасалатын күтімнің сапасына

байланысты екенін жақсы білетін

медбике дәрігердің ғана

емес, ең алдымен емделушінің

жақсы көмекшісі.

Диспансерде орта буын медицина

қызметкерлері арасында

білікті мамандар озық тәжірибелерін,

білімін ортаға салып,

мәдени-танымдық, спорттық

іс шараларды жиі ұйымдастырып

тұрады. Бір ғасырға

жуық тарихы бар облыстық

туберкулезге қарсы диспансер

егемен елімізде болып

жатқан өтпелі кезеңдерді де

бастан өткірді. Бірақ, қандай

қиын-қыстау өзгермелі сәттер

болмасын адам жанының арашасы

атанған ақ желеңді абзал

жандар өз қызметтеріне адалдығынан

айныған емес.

Үрила ҚҰТТЫБАЕВА,

облыстық туберкулезге

қарсы диспансердің

кітапханашысы

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Сапарµалè ¬АНАТ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

̽àµàëè Ò¯ÐÅÕÀÍ

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекен жайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 1417 Таралымы: 8278 дана

Кезекшi редактор – Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!