27.06.2018 Views

Шымкент келбеті 50

Сәрсенбі 27 маусым 2018 жыл

Сәрсенбі 27 маусым 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

Кәсіби мереке

www.shymkala.kz

ҚÀлÀÌгеÐлеÐ ÕÈкÀßсÛ

Журналистердің

æ‰ðãåí æåð³

õèêàÿ

Жақсы ортада,

жайсаң жандар

арасында

жүрген жарқын сәттер

еш уақытта естен

шықпайды. Журналист

әріптестердің ортаны

шаттық пен күлкiге кенеген

әдемi әзiлдерi,

тосыннан айтқан тапқыр

сөздерi жаныңды

жадыратады. Жүрген

жері думанға толы қаламдастардың

қызықты

сәттерінен үзік-үзік

хикаяларды оқи отырыңыздар.

«Þ» âèòàìèí³

«Оңтүстік Қазақстан»

газетінде ұзақ жыл қызмет

атқарған суретшiбезендiрушiсi

Қасымбек

Нұрбеков пен жарнама

секторының меңгерушiсi

Өтепберген Есенбаев екеуi

секретариаттың кең бөлмесiнде

қатар отырады.

Жастары құрыптас болған

соң әңгiмелерi де қызық,

бiрiн-бiрi сөзбен iлiп,

әдемi әзiл өрбiтедi, ендi

бiрде бiрiн-бiрi мойындамай

кәдiмгiдей айтысып

қалады. Мұндайда Өтекең

қызбалықпен батырып-батырып,

қатты-қатты сөздер

айтып жiбередi. Ал қашаннан

сабырлы да салмақты

Қасекең алдындағы суреттiң

қасы-көзiн бояуды

жалғастырған қалпынан

танбай басын шайқап:

– Сен өзi қазiр мынадайсың,

қызметiң сәл жоғары

болса редакцияны төңкерiп

жiберерсiң, – дейдi.

Қарсыласы шаптығып тұрмаған

соң Өтекең қайда

барсын, бiраз екпiндеп барып

ол да басылады. Бiрақ

жұмыстан кейiн екеуi

жұбын жазбаған күйi егiз

қозыдай болып бiрге қайтады.

Ауру-сырқау дегендi бiлмей,

үнемi сергек жүретiн

Қасекеңнiң бiрде ауруханаға

түсiп қалғаны бар. Өтекең

бастаған топ көңiл сұрай

барсақ, Қасағаң бәзбаяғы

қалпы, жайраңдап,

әзiл айтып сергек жүр екен.

Мұнысына қуанып қалдық.

Қасаға бiздiң сәлем-сауқатымызды

жайғастырып

болған соң тоңазытқыштан

iшiне толтыра қызыл

сұйық құйылған үлкен стаканды

қолына алды.

– Сендердiң келген құрметтерiңе!

– деп қысқа қайырды

да әлгi стакандағыны

тартып салды. Ащылау

ма, соңынан тісіне ет басып,

су iштi.

– Бұл не, дәрi ме? –

деймiз жастар жағы.

– Иә, дәрi болғанда, жақсы

дәрi. Аты – витамин

«Ю», – дедi Қасекең.

Сөйтсек, ол анар сөлiн

араластырып қойған

«ақаң» екен.

«Øàœáàñòû»

ìåí

«Æûíáàñòû»

рақты ұйымдастырылатын

Наурыз мерекесінде бас қосқан

ардагер журналистер

өткенді еске түсіріп, қызықты

әңгіме өрбітті.

– Бұрын мұнда әр аптаның

соңында «Шаңбасты»

деген отырыс болып тұрушы

еді, – деді Байдулла аға

өзі осында жұмыс істеген

кезді еске алып. Әр аптадағы

дастархан шығынын кезекпен

көтеретінбіз. Намысқа

тырысып, бір-бірімізден

асып түсу үшін барымызды

Қара шаңырақ «Оңтүстікте»

жыл сайын тұсалып

бағушы едік.

– Әйелдердің гәбі сияқты

нәрсе екен ғой, – деді Марархабат

аға мырс етіп.

– Е, жоқ-ә, оған әйелдер

араласпайтын! – деді

Байекең.

– Араласпағаны дұрыс

екен, әйтпесе ол басқосу

«Шаңбасты» емес, «Жынбасты»

болар еді ғой, –

деді Махаң.

Дîқ êөðñåòó

Бүгінде облыстық «Оңтүстік

Қазақстан» газетінің

бас редакторы қызметін

атқаратын Абай Балажан

сонау бір жылдары, осы

басылымда жауапты хатшы

болып жүрген кезінде

қара сүліктей автокөлік сатып

алды. Бірде сол көлікке

Оразхан Жарқынбек

екеуміздің қатар мінгеніміз

бар. Есік-терезесінің айнасына

дейін тұтас қара

болған соң ба, сұсты көрінеді

екен. Осыны меңзеген

Оразхан:

– «НКВД»-ның мәшинесі

сияқты екен, – деді.

Артқы орындықта отырған

екеумізге айнадан көз

салған Абай:

– Қаланың ішінде әлі

жөнді айдай алмаймын. Бірақ

алғашқыға қарағанда,

біраз үйреніп қалдым, - деп

алдын кес-кестей жанап өткен

көлікке бір-екі рет бапылдата

сигнал беріп еді,

Оразхан:

– Айдай алмайтыныңды

қайдам, айналаңдағы

шопырларға доқ көрсетіп

жатырсың ғой! – деді.

ªìáåáàï

áàëîí

Бірде белгілі журн

а л и с т С у х а н б е р д i

Оразалыұлы екеумiз автомашина

төңiрегiнде әңгiмелесiп

отырып:

– Қар т үсетiн уақ ыт

та жақын қалды, машинамның

дөңгелектерiн қыстық

балонға ауыстыру керек

едi, құнттамай жүрмiн.

Сенiң машинаңның балоны

қыстық па, жаздық па?–

деп едiм, машина жүргізуді

енді-енді меңгеріп

келе жатқан ол күмiлжiп

тұрды да:

– Соны бiлмедiм, бiрақ

қыста да жазда да жүре бередi,

– дедi.

Слам НҰРМАҒАНБЕТҰлы,

Қазақстанның

құрметті

журналисі

тàқûðûï

òàï – òөñáåëã³ òàқ

ҚР ақпарат саласының үздігі,

ҚР мəдениет қайраткері Ертай

Бекқұл ағамыздан мына бір жағдайды

естіген едік. Ол кісінің тақырып

қойып, төсбелгі алғаны

қызық. Әрі қарай өзінің айтқанына

құлақ түрсек...

...Журналистикада «тақырып –

жарты мақала» деген ұғым бар. Тақырып

қойсаң қатырып, оқырманды

тұрар шақырып... ҚазҰУ-дегі

журфактың деканы, қазақ журналистерінің

ұстазы Темірбек Қожакеев

бізді осылай оқытты. Əрине,

айтулы салада 45 жыл тер төгіп,

қанша мақалаға тақырып қойғанымды

санап бере алмаспын. Түрлі

газеттерде тілші, басшы болған кездері

ең əуелі мақаланың тақырыбына

айрықша мəн бердім. Қызық

ретінде айтайын, дəл осы тақырыптың

арқасында «Облысқа сіңірген

еңбегі үшін» төсбелгісін таққаным

бар. Ол былай болды. 2012 жылдың

аяқ кезі. Облыстық əкімдікке шақыртты.

Мəжіліс залына кілең бас

редакторлар жиналыпты. Бастығым

«Оңтүстік Қазақстанның» директор-бас

редакторы Бақтияр Тайжан

да отыр. Əкімнің бірінші орынбасары

Б.Оспанов келіп бəрімізді кезек-кезек

шақырып, кеудемізге төсбелгі

таға бастады. Бір редакциядан

екі журналистің қатар марапатталғанына

əріптестеріміз аң-таң. Өзім

де таң-тамаша болып отырмын. Бар

«құпия» кейін ашылды ғой. Облыстық

ішкі саясат басқармасының сол

кездегі басшысы Берік Уəли марапатталушылар

тізіміне менің қалайша

кездейсоқ еніп кеткенім туралы

жиналыстан кейін айтқанына

қарағанда оқиға былай болған.

Төсбелгіге ұсынылғандар тізімін

облыс əкіміне бекітуге апарғанда

Асқар Исабекұлы «Соңғы кездері

«Оңтүстіктің» тақырыптары ұнап

жүр. Бұл жұмыспен тікелей кім айналысады?»

– деп сұрайды. Сонда

Б. Уәли «Журналистердің бəрі айналысады.

Дегенмен тақырыпты

тауып қоятын бір ағамыз бар» деп

мені меңзеген екен. Осылайша ойламаған

жерден тақырыптың тəтті

жемісін татқанымыз бар.

«Ðàáî÷èé³ì æàóàï

áåðìåñå,

ïðèåìíûéäàí

ñ±ðàœûçäàðøû»

«Қазақстан – Шымкент» радиосының

жетекшісі Уәлихан Қожақ іргедегі

Қошқарата өзеніне қысы-жазы

шомылады. Денсаулығы мығым.

Оның «ауырдым» дейтін кезі сирек

екен. Дегенмен, ол да пенде. Аяқ астынан

ауырып, ауруханаға түседі.

«Осы жасқа келгенше аурымақ

түгілі, жөтеліп көрген емес еді. Не

боп қалды екен» деп режиссер бір

топ қызметтестері халін сұрай барады.

Сөйтсе, сол жерде бір қызық болыпты.

Өмірі ауруханаға түсіп көрме-

ген Уәлихан мырзаның қан қысымын

тексеріп жатқан дәрігер қыздар:

– Аға, рабочийіңіз қанша еді? –

деп сұрамай ма?! Сөйтсе Уәкең:

– 53-11-39, – деп қызмет телефонын

айтып қоймапты. Сөйтсе медбике

қыздар бұған таңқалып:

– Аға, ондай рабочий болмайды,

дұрыстап айтсаңызшы. Бұрын

қанша еді, есіңізге түсірсеңізші,

– дейді.

Сөйтсе Уәкең тағы да:

– Айналайын қарындасым, көріп

тұрсың ғой, қиналып жатырмын.

Мен сөйлесе алмаймын. Рабочийім

жауап бермесе, онда 53-62-07-ге,

приемныйға телефон соғып сұраңыздаршы

– депті ыңырсып. Мейірбикелер

мән-жайды сонда ғана

түсініп, бір күлісіп алған екен.

Сонда Уәкеңнің сырын білетін

әріптестері:

– Уәкең, камерамен той түсіремін

деп жүріп, аяғын ыстық сорпаға

батырып алғанда да бұлай әбіржіген

жоқ еді... Бұл жолғы «кеселі сәл

серьезный» болған-ау шамасы, – деп

әлдебір оқиғаның шетін шығарып,

басын шайқаған екен.

Îðûñ êåë³íøåê

Әріптестердің арасында қалжыңқұмарлары

да көп. Сондай

әріптестеріміздің бірі – «Жас

Алаш» газеті бас редакторының

орынбасары Оралхан Дәуіт. Әріптес

ағамыз мына бір езу тартқызар

хикаяны өзі баяндап беріп еді.

Облыстық «Оңтүстік

Қазақстан» газетінде жұмыс істеп

жүрген кезде бір топ журналист

Созақ ауданына іссапармен барып,

күні бойы ауылдарды араладық.

Созақтың әкімі Созақбай ағамыз

кешке Қызылкөлдің жағасында көлкөсір

дастархан жайды. Әйтеуір,

көңілді отырыс болып, қас қарая

ырғалып-жырғалып Шымкентке қарай

әрең дегенде шықтық.

Шағын автобусқа мінгенде

«Южный Казахстан» газетінде

жұмыс істейтін бір орыс келіншектің

қасына отырып қалған

екенмін. Қалаға жеткенше журналист

келіншекке үш-төрт сағат

әңгіме айтып келгенмін ғой. Білмеймін

не айтқанымды... Өмірімді

айттым ба, өзімді айттым ба... Әйтеуір,

қалаға келген соң «үйіңізге

дейін шығарып салайын» деп, біраз

қиғылық салғаным есімде...

Ертеңінде жұмысқа барған соң

бетімнің оты шығып осы жәйтті

журналист Жәмила әпкеме айттым.

« Ұят болып қалған сияқты.

Сіз барып тамырын басып көресіз

бе?» деп... Құдай бере салған әпкем

үшінші қабатқа көтеріліп кетті де

тез оралды. «Ой, ренжіп отырған

ол жоқ, қайта «Оралхан түскі тамаққа

шақырсын да...» деп жайраңдап

күліп отыр» деп келді.

Сонымен әлгі орыс келіншек,

Жәмила әпкем үшеуміз түскі тамаққа

бардық. Дастархан басында

көбінесе екеуі әңгіме айтты.

Мен тыңдаушымын. Анда-санда

«Солай ма?» дегендей орыс келіншек

мені түртіп, өзімсініп қояды...

Ұялып барамын. Содан кешегі қылығым

үшін қазақ тілінде кешірім

сұрап, әпкеме менің сөздерімді

орысшаға аударып айтуын өтіндім.

Әпкем менің көзімше орысшаға аудара

бастап еді, орыс келіншек:

– Жамиля, почему ты его слова

переводишь? Он же со мной вчера

четыре часа на русском языке разговаривал...

Он хорошо знаеть русский

язык... – деп ішегі қатып күледі.

Шынында Шолаққорғаннан

Шымкентке жеткенге дейін үштөрт

сағатта орыс келіншекке тоқтамай

орысша әңгіме айтып келгенмін

ғой. Енді кеп ертеңінде

көзім бақырайып, бір ауыз орысша

сөйлей алсамшы...

Дайындаған Т. ҚАСыМ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!