27.06.2018 Views

Шымкент келбеті 50

Сәрсенбі 27 маусым 2018 жыл

Сәрсенбі 27 маусым 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

№50 (1589)

$ 340,27 € 396,31 5,39

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады Сəрсенбі 27 маусым 2018 жыл www.shymkala.kz

«Өгіз де өлмесін,

арба да сынбасын»

деп алып-ұшып

жүретіндер кімдер?

Шымкент білімді

мамандар

даярлайтын

оқу орындарымен

ерекшеленсе...

«Ұланға» жазған

хаттарым мені

журналистикаға

жетеледі»

4-БЕТ

5-БЕТ

8-БЕТ

ÆÅÄÅËÕÀÒ

ЕЛБАСЫ

ЕРДОҒАНҒА

ҚҰТТЫҚТАУ

ЖОЛДАДЫ

Қазақстан

Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев Режеп

Тайип Ердоғанға

Түркия Республикасының

Президенті

лауазымына сайлануына

байланысты

құттықтау жеделхатын

жолдады.

Мемлекет басшысы

Қазақстан халқының

және жеке өзінің атынан

Режеп Ердоғанды

Түркия Республикасы

Президентінің сайлауындағы

айқын жеңісімен

құттықтады.

«Сайлау нәтижелері

түрік халқының Сіздің ел

басшысы лауазымындағы

қызметіңізді жоғары бағалап,

жүргізіп отырған

саяси және экономикалық

реформаларыңызға, сондай-ақ

дамудың стратегиялық

бағыттарына шынайы

қолдау білдіргенін

көрсетті.

Қазақстан мен Түркия

арасындағы өзара құрмет

пен бауырластыққа

негізделген дәстүрлі достық

қарым-қатынас екі

халықтың мүдделеріне

қызмет етіп, болашақта

біздің стратегиялық әріптестігіміз

сапалы жаңа

деңгейге көтеріледі деп

сенемін, – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан

Назарбаев Режеп Ердоғанға

зор денсаулық, жауапты

қызметіне табыс, ал

бауырлас түрік халқына

бақ-береке тіледі.

28 ÌÀÓÑÛÌ – ÁÀÉËÀÍÛÑ ÆªÍÅ ÀҚÏÀÐÀÒ ҚÛÇÌÅÒÊÅÐËÅв ʇͲ

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ» –

Сонымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы

ìåãàïîëèñò³œ

Назарбаевтың Жарлығымен Шымкент республикалық

дәрежедегі қала атанды. Бұл жаңалықты бүкіл халықпен

бірге біз де – тілшілер қауымы да қуанышпен қарсы алдық.

28 жылдық тарихы бар, белгілі журналист Айгүл

Қапбарова басқарып отырған Шымкенттің басты мерзімді басылымы

– «Шымкент келбеті»-«Панорама Шымкента» енді

áàñ

мегаполистің бас газеттері атанып отыр.

Шымкенттің республикалық қала атануы 28 маусым –

баспасөз және ақпарат қызметкерлерінің мерекесі қарсаңына

тура келіп, қуаныш үстіне қуаныш қосылып отырған жағ-

ãàçåò³

дайы бар.

Әрине, бұл дәреженің басылым ұжымына артар жүгі салмақты.

Миллионды қаланың басты газеті алып шаһардың

тыныс-тіршілігін қалт жібермей, қала тұрғындарымен бірге

болуы тиіс. Біз де өз міндетімізді адал атқарып, оқырманға

жылт еткен жаңалықты дер кезінде жеткізіп отырамыз.

Ендеше, қазақ баспасөзімен бірге болыңыздар, оқырман!

Мереке құтты болсын, әріптестер!

ҚÎҒÀÌ ҚÎŒÛÐÀÓÛ

«ГАЗЕТ –

ТАРИХТЫҢ

СЕКУНДТЫҚ

СТРЕЛКАСЫ»

«Алдағы 10-20 жылда

интернет газетжурналдарды

ақпарат

әлемінен ығыстырып

тастауы

мүмкін».

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

aigul-kerim@mail.ru

Бұқаралық ақпарат құралдарының

ішінде қағаз

басылымдардыңкелешегі

туралы сөз болғанда

бұл болжам жиі айтылады.

Кезінде Ахмет Байтұрсынов

«Газет – халықтың көзі құлағы

һәм тілі»деп атап өткен

маңызы жоғары, рухани

азық саналатын басылымға,

расында, ақпараттық

кеңістіктен жоғалу қаупі

төне ме? Ақпарат саласы

мамандарының жан-жақты

пікірлерін ортаға сала отырып

осы тақырыпты тарқатып

көрдік.

3-БЕТ

Îëàð æóðíàëèñò

Банк династиясының

негізін қалаушы ағылшын

Натан Ротшильд

бұдан 2 ғасыр бұрын «Ақпараттың

қожайыны кім

болса, әлемді сол билейді»

деп еді. Уақыт өткен сайын

бұл сөздің құны артып келеді.

Оның үстіне бүгінгідей

цифрлық жүйесі дамыған

қоғамда ақпараттың алар

орны орасан.

6-БЕТ

áîëƒûñû êåëåä³

ÔÅÑÒÈÂÀËÜ

Шырайлы шаһар төрінде француз әндері

шырқалды. Қаланың орталық саябағында

өткен мерекелік кеште Шымкенттегі

француз альянсы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен

алғаш рет ашық кеңістікте «Fête de la

Musique» фестивалі жоғары деңгейде өтті.

21 маусым – халықаралық

музыка күні. Бұл

Франция елінен бастау

алған ән мен күйдің мерекесі.

Әлемнің 110 елінде

тойланатын өнер мейрамында

мыңнан астам

шымкенттік тұрғын да

халықаралық музыка

күнін тойлап, көңіл-күйлерін

көтерді.

Орталық саябаққа

жиналған миллионды

шаһар тұрғындары шетелдік

Jambo-jambo тобымен

бірге ән шырқап,

жергілікті өнер иелерімен

би биледі. Алғаш

рет осындай мерекенің

куәсі болған жұртшылық

өнердің өрісін кеңейтіп,

жанды дауыстағы орындалған

әуендерден ләззат

алып қайтты.

«Fête de la

Musique»

2

№50 (1589)

Апта

www.shymkala.kz

Кәсіпке - қолдау

«ЫРЫС»

үздік

атанды

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының

еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы

«Кепілді сәттілік» республикалық конкурсының

шағын және орта бизнесті қолдау саласы бойынша

жеңімпазы атанды.

«Royal Club» және «Kasiet»

фитнес клубтары ұйымдастыратын

марафонға қала

әкімдігі қолдау көрсетіп

отыр. Шаһар тарихындағы

ірі спорттық шараға бас қаладан

арнайы маман қатысады.

– Шымкент ресми түрде

еліміздегі республикалық

маңызы бар қалалар

қатарына қосылды. Биыл

«Royal Club» және «Kasiet»

фитнес клубтарының ұйымдастыруымен

және қала

әкімдігінің қолдауымен 14 қазан

күні «Marathon Shymkent»

марафонын өткізуді жоспарлап

отырмыз,-деді

Намазбай Әбдіқұлов. – Бұл

Елбасымыздың Жолдауында

айтылған бұқаралық спортты

дамытуға бағытталған

«Даму» қоры мұрындық

болатын бұл байқау 2014

жылдан бастап жыл сайын

өткізіледі. Оған қордың шағын

және орта бизнес несиелері

бойынша жұмыс істейтін

серіктес-банктер мен

олардың жеке менеджерлері

қатыса алады. Жеңімпазды

таңдаудың басты талабы

2017 жылы түзілген кепілдік

келісімдерінің саны және

проблемалық несиелердің

болмауы еді.

Осы талаптың үдесінен

шыққан «Ырыс» МҚҰ 2017

жылы 6,5 млрд теңгені құрайтын

2293 жобаны қаржыландырған.

Ал жалпы қызметін

бастаған 2009 жылдан

бастап 29,6 млрд теңгені құрайтын

16 139 жоба ұйымнан

қаржылай қолдау тапқан.

Қаржыландырылған жобалар

аясында 13 943 жаңа жұмыс

орны ашылды.

Осылайша «Ырыс» микроқаржы

ұйымы «Оңтүстік» қаржы

институтының кепілдігімен

кәсіпкерлікті дамытуға

және жұмыссыздықты төмендетуге

бағытталған мемлекеттік

бағдарламаларды

жүзеге асыруға үлес қосып

келеді. Атап айтқанда 2017-

2021 жылдарға арналған «Нәтижелі

жұмыспен қамту және

жаппай кәсіпкерлікті дамыту

бағдарламасы» аясында

өткен жылы «Даму» кәсіпкерлікті

қолдау қоры (500 млн

теңге) мен «Аграрлық несие

корпорациясы» АҚ (400 млн

теңге) арқылы жалпы сомасы

900 млн теңге тартылған.

Нәтижесінде 191 жоба қаржыландырылып,

180 жаңа жұмыс

орны ашылып отыр.

Аграрлық несие корпорациясынан

тартылған қаражат

ауыл тұрғындарына таратылса,

«Даму» қорынан бөлінген

қаражат арқылы Кентау,

Түркістан және Шымкент қалаларының

тұрғындары несиелендірілген.

Мега-марафон

Тұрғындар

42 шақырымға

жүгіреді

Шымкентте 1 шілдеден бастап «Marathon

Shymkent» байқауына тіркелу басталады.

Миллионды қаланың туған күні қарсаңында

алғаш рет шаһар тарихындағы ең ауқымды

марафон өтеді деп күтілуде. «Royal Club» спорт

кешенінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық

спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы

Намазбай Әбдіқұлов осылай деп мәлімдеді.

шаралардың бірі. Бүгінгі таңда

жүгіру жолдары және қатысушылар

төлейтін жарна

құны бойынша мәселелер

нақтылануда. Жалпы, алғаш

рет 42 шақырым қашықтықты

жүгіріп өтеміз деген жоспар

бар. Марафонға қатысушыларға

қомақты жүлде

қоры бар марапаттар ұйымдастырамыз.

Айта кетейік, марафонға

kasiet.kz және royalfitness.

kz сайттары арқылы тіркелуге

болады. Қатысушылардың

жас ерекшеліктері

қарастырылмаған. Ұйымдастырушылардың

айтуынша,

спорттық шараға

қала және шетелдіктерді

қоса есептегенде 10 мыңға

жуық тұрғын қатысады деп

жоспарлануда.

Денсаулық

Дәрігерлер

арнайы оқуға

қатысады

Күнгейдің дəрігерлері кәмелет жасына толмағандар

арасында суицидтің алдын алып, жасөспірімдерге

қажетті көмекті дер кезінде

ұсыну үшін арнайы оқудан өтеді. Бұл туралы

Шымкенттегі №3 емханада өткен дөңгелек үстелде

айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

қолдауымен және «Bilim foundation» қоғамдық

қорының ұйымдастыруымен өткен мәжіліскен қаладағы

барлық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

Игі іс

Айлардың сұлтаны Рамазан

айынан басталған игі іс

үш шаңырақты шаттыққа бөлеген.

Аталмыш ұйым мұқтаж

жандардың тізімін жасап,

көмек көрсетілген отбасылар

жөнінде БАҚ өкілдеріне

есеп берді. Құрылғанына

енді ғана бір ай толған

«Дүние түріктерінің руханияты»

қоғамдық қоры

Оқу жылы аяқталып,

түлектер

жаңа өмірге қадам

басуда. Шымкенттегі

Кеңес Одағының батыры

Сабыр Рақымов атындағы

Шымкент республикалық

«Жас ұлан» мектебін

140 түлек бітірді.

Осыған орай оқу орнында

23 маусым күні түлектерге

аттестат тапсыру рәсімі

9 мемлекеттен 100-ден аса

спортшы қатысқан халықаралық

турнир 1 аптаға ұласты.

Австралия, Туркия, Ресей, Ұлыбритания,

Швеция, Өзбекстан,

Индия, Жапония, Қазақстанның

18 жасқа дейінгі жасөспірімдері

өзара мықтыны анықтады.

Жиын барысында кəмелетке

толмағандар арасындағы

суицидтің алдын алу

бағдарламасындағы денсаулық

сақтау саласы мамандарының

рөлі және дәрігер

мамандардың арнайы

оқытудан өту мәселелері

қарастырылды. Жасөспірімдерге

дер кезінде

көмек көрсету үшін қала

бойынша 351 дәрігер-маман

игі бастаманы бастамас бұрын

құжат заңдастырып,

қаламызда жұмыссыз жүрген

жастардың басын қосты.

Қазіргі күні қорға заңды

түрде тіркелгендер қатарында

50-ден астам өренді ерікті

бар. Олар таң атқаннан кешке

дейін науқас бүлдіршіндердің

еміне керекті қаржы

көзін жинайды.

өтті. Биыл 140 мектеп бітірушінің

барлығы ҰБТ-ға қатысып,

жоғары жетістіктерге

жетті дейді мектеп басшылығы.

Түлектердің алды

130, 127 және 124 балл жинап

қуантса, жалпы орташа

көрсеткіш 83 балды көрсетті.

Соның ішінде 4 түлек

қызыл аттестатқа ие болды:

Д.Есіркеп, Д.Мифтахов, А.Құрбанов

және М.Жолдасбек.

Іс-шара барысында түле

к т ер а л д ы ме н Ке ңе с

Ақтық сайыста Шымкент

қаласының спортшысы, теннистен

спорт шебері Достанбек

Ташбулатов пен түркиялық

Бора Сенгул ойын

көрсетті. 2 сағатқа созылған

финалдық ойында жерлесіміз

қарсыласын 2:1 есебі-

Бала – болашағымыз

ған

Бала – біздің болашағымыз! Ғұмырымыздың жалғасы. Қолына қорап ұстап,

осындай ұранмен шаһар көшелерінде жұртшылықтан қайырымдылық қорына

қаражат жинаған жастар бір ай толмай 2 500 000 теңгенің басын құрады.

Халықаралық «Дүние түріктерінің руханияты» қоғамдық қоры әлеуметтік

әлсіз отбасылардағы науқас сәбилерге мейірімділік шарасын өткізуде.

Жас ұлан

Аттестатпен

бірге -

әскери

оқу орнына

жолдама

Спорт

Жерлесіміз -

халықаралық

турнирдің жеңімпазы

Шымкентте «Shymkent ITF International Junior

Tournament» халықаралық турнирі өз мәресіне

жетті. Түркістан облысының әкімі

Жансейіт Түймебаев пен шаһар басшысы Ғабидолла

Әбдірахымовтың қатысуымен қаладағы Ұлттық теннис

орталығында турнирдің ақтық ойындары өтті.

Баспасөз мәслихатына жиналған

БАҚ өкілдерінің алдына

алғыстарын арқалап,

қайырымдылық қорының

шарапатын көрген жалғызбасты

аналар келді. Қор төрағасы

Ерғали Мұхамеджановтың

айтуынша, аталған

ұйымға көмек сұрап келген

онға жуық отбасының жағдайымен

арнайы жасақтал-

Одағының батыры Сабыр

Рақымовтың ескерткішіне

гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін мектеп басшысы

Ғазиз Тулеушев құттықтау

сөз сөйлеп, үздік ұландарға

пәндік грамоталары мен

аттестаттарын тапсырды.

Айта кету керек, бұл түлектердің

барлығы жоғары әскери

оқу орындарына жолдама

алды. Енді білімдерін

жоғары әскери орындарында

жалғастырмақ.

мен ұтып, жеңіс тұғырынан

көрінді.

Айта кетейік,

жеңімпаз Достанбек

Ташбулатов теннистен

ұлдар арасындағы жасөспірімдердің

әлемдік

рейтингінде 32-орында.

Сонымен қатар оның

Аргентинаның Буэнос-Айрес

қаласында өтетін жасөспірімдердің

III жазғы

Олимпиада ойындарына

жолдама алуға мүмкіндігі

бар.

осы айдан бастап арнайы

оқуға қатысады. Бұл жоба

Премьер-Министрдің бұйрығымен

бекітілген Қазақстандағы

2015-2020 жылдарға арналған

отбасылық қатынастарды,

моральдық-этикалық

және рухани-адамгершілік

құндылықтарды нығайту

жөніндегі жалпыұлттық ісшаралар

жоспарына сәйкес

жүзеге асуда.

Осыған байланысты денсаулық

сақтау, білім және ғылым

министрлігі мен ішкі істер

министрліктерінің бірлескен

бұйрығы бар. Үкімет жанындағы

денсаулық сақтау

жөніндегі ұлттық үйлестіру

кеңесінің жол картасын жүзеге

асыру бағытында Шымкентте

наурыз айынан бастап

«Жасөспірімдер арасында

денсаулық және өмірлік

дағдыларды қалыптастыру

және суицидтің алдын алу»

бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама бойынша

Шымкенттегі мектептер

мен колледждердің педагогпсихологтары

арнайы оқытудан

өтті.

А.СӘДУӘЛІ

комиссия танысып, көмек

қолын созуға бекінген.

Барлық жанұя тағдыр тауқіметіне

ұшыраған. Жалдамалы

пәтерді паналап, мемлекеттен

бөлінген қаражатқа

балаларының дәрі-дәрмегін

сатып, қалғанына жан бағып

келеді.

Айта кетейік, аталған

ұйым жиналған қаражаттың

қандай мақсатта жұмсалып

отырғанын әр айда бір рет

БАҚ өкілдеріне есеп беріп

отыруға да дайын екенін

жеткізді.

Халықаралық «Дүние

түріктерінің руханияты»

қоғамдық қорының мекенжайы:

Шымкент қаласы, Республика

даңғылы, «Жейхун» сауда

орталығының 3-қабаты.

Байланыс телефондары:

8-776-250-81-81, 8-702-000-92-31.

Өнер

Жас

сәнгерлер

сынға түсті

Шымкентте алғаш

рет жас сәнгерлер

өз өнерімен сынға

түсті. Жастар ресурстық

орталығының ұйымдастыруымен

Астана қаласының

20 жылдық мерейтойына

орай жас дизайнерлердің

облыстық апталығы аясында

«Ontustik Fashion

week» байқауы өтті. Оған

облыстан іріктелген 25

жас сәнгер қатысты.

Сән әлеміндегі заманауи мәдениетті

рухани жаңғыру құндылықтарымен

үйлестіре отырып,

шығармашыл жастардың ортасын

қалыптастыру – аталмыш

шараның басты мақсаты. Байқауға

қатысушылар 4 түрлі топтамада

150-ге жуық киім үлгісі мен

ерекше фантазиядан туындаған

зергерлік, әшекей бұйымдарын

ұсынды. Көздің жауын алатын

сөмке, сағаттар, бас киімдер

мен түрлі түсті орамалдар талғампаз

тұтынушылардың көңілінен

шықты.

Сайыстың бірінші кезеңінде

сәнгерлердің халық мұрасы

мен бүгінгі брендін ұштастыра

отырып әзірлеген ұлттық

стильдегі туындылары ұсынылды.

Екінші кезеңде әділқазылар

алқасы гламур және кэжуал

стиліндегі туындылар топтамасын

бағалады. Қорытынды

кезеңде жас дизайнерлердің

классикалық үлгідегі киімдер

топтамасы мен аксессуарлары

сынға түсті.

Байқау жеңімпаздары

арнайы диплом және қаржылай

сыйлықтармен марапатталды.

Ақпараттарды дайындаған Азамат ЖАППАР

Қоғамның қоңырауы

www.shymkala.kz

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

3

u

Басы 1-БЕТТЕ

Ұлт тарихының

темірқазығы

Газеттің, басқа жақты

айтпағанда, қазақ даласында

халықпен бірге жасап

келе жатқанына екі ғасырға

жуық уақыт өтіпті. Посткеңестік

дәуірде ақпарат таратуда

радио, сосын көгілдір

жәшік келді де, сол уақытта

дәл қазіргідей газеттің болашағы

жоққа шығарылып,

тіпті «жерленіп» те тастағанмен,

газет әлі «өмір сүріп»

келеді. Бүгінгі таңда электронды

порталдар, әлеуметтік

желілердің жаңалықтарды

таратудағы көз ілеспес жылдамдығы

қағаз басылымдардың

нарықтағы сұранысын

төмендетуде. Иә, шынтуайтына

келгенде оқырман бүгін

болған жаңалықты екі-үш

күннен кейін жарық көретін

газеттен оқығаннан гөрі үшін

интернеттен көруді дұрыс санайтыны

жасырын емес.

Дегенмен, тарихшыларымыз

«Газет жойылады»

деген пікірмен келіспейді.

Әйгілі неміс ойшылы А.Шопенгауэр

«Газет – тарихтың

секундтық стрелкасы» деген.

«Басылымдарымызда ұлтымыздың

тарихы, тұрмысы,

әр замандағы болмысы жатыр»

дейді облыстық саяси-қуғын

сүргін құрбандары

мұражайының директоры

Батырғазы Серғазиев.

– Әр адамның заман ағымынан,

технологиядан қалыс

қалмағаны дұрыс. Бүгінде

оқырманның басым бөлігіне

интернет қолжетімді болғандықтан

ақпаратпен лезде,

яғни, оқиға болып жатқан

сәтте-ақ жылдам танысқанды

мақұл көреді. Бұлар қысқа

ғана «болды», «өтті» дегендей

жеңіл ақпараттар. Ал басылымдардан

қоғамда болып

жатқан рухани, әдеби, мәдени,

әлеуметтік саладағы жаңалықтармен

кеңірек танысамыз.

Газет осы жағынан

ұтымды. Екіншіден, газетжурналдар

– ұлтымыздың тарихы.

Мәселен, саяси қуғынсүргін

құрабандары мұражайының

қорында елімізде алғаш

жарық көрген «Ақжол»,

«Шолпан» журналдарының

кейбір сандарының көшірмесі

сақтаулы. Оларды көрші Ташкенттегі

мұражайлардан алдырдық.

Осы арқылы тарихымызды

зерттедік, журналистердің

еңбегі арқылы сол

қоғамның үнін естідік. Сондықтан,

газет ертеңіміз үшін

қоғамымызға қажет, – дейді

мұражай басшысы.

Жаңа медиамен

бәсекеде

«Газет – тарихтың

секундтық стрелкасы»

Осы тұста айта кету керек,

жұмысын газет-журналдан

бастап, қазір ақпараттық

порталдарға қатар жазып

жүрген әріптестеріміз

жетерлік. Солардың бірі –

ақпарат айдынына қосылғанына

екі жыл болған «Адым.

кз» сайтының жетекшісі

Нұршат Төкен. «Газетті қолға

ұстап, парақтап, мақалаларын

сүзгіден өткізе оқығаннан

артығы жоқ» дейді журналист.

Әлеуметтік желіні ақпарат

таратуда тиімді пайдаланып

жүрген жігіт қағаз

басылымның орны бөлек

екенін айтады. – Жазу

шеберлігі бар жандардың

бірінші газет-журналдардың

сүзгісінен өтіп, тәжірибе жинақтағаны

дұрыс деп ойлаймын.

Жалпы, газет редакциясы

– журналистиканың

мектебі деп едім.

– «Интернет ресурстарының

күші дәстүрлі БАҚ-тың

жойылуына алып келеді» деген

– алыпқашпа әңгіменің

бірі. Бұл сөздер қағаз басылымдар

мен жаңа медианың

арасындағы бәсекелестікті

шыңдау үшін айтылатын

болу керек. Қайта

осы бәсекелестіктен олар

бір-бірін толықтырып, дами

түседі. Қарапайым ғана мысал,

Жапония техникалық

прогрестің шыңына шыққан

ел болғанымен жарық

көргеніне 100 жылдан асқан

дәстүрлі басылымдары миллиондаған

тиражбен шығады

екен, – дейді сайт жетекшісі.

Газет салмақты

ақпарат құралы

болуы тиіс

Тағы бір әріптесіміз де

газеттің болашағына сенім

артады. Өзі жаңа медиа саласынан

хабары бар, түрлі

семинарларға қатысып,

интернет-БАҚтың қақ ортасында

жүрген Жәнібек

Нұрыш ол үшін қағаз басылымдар

салмақты да сараптама

материалдарымен

ерекшеленуі тиіс деп санайды.

– Қазақстанда қағаз газеттің,

соның ішінде қазақ

тіліндегі баспасөздің таяу

ондаған жылда жойылатынына

сенбеймін. Өйткені,

басылымды алатын аудитория

және оған жазылатын

оқырманы бар. Осы

екі фактор газеттің қағаз

түрінде таралуына әсер

етеді, - дейді «Оңтүстік Рабат»

газетінің бас редакторы

Жәнібек Нұрыш. – Тағы

бір жайт - газетте деген

сенім интернет-сайттары

мен телеарнада айтылған

ақпаратқа қарағанда жоғары.

Мұның себебі неде

екенін білмеймін, бірақ

«газетте жазылған, газетте

айтыпты» деген тіркестер

әлі де қолданыста. Демек,

қазақ тіліндегі газеттердің

шығуы әзірге тоқтамайды.

Бір жағынан мен

мұны қазақстандық медиада

әлі күнге дейін сапалы

ақпарат таратушы интернет-сайттардың

әлі де аз

болуымен байланыстырамын.

Бірі екіншісін толықтай

алмастыруға, сайттар

өз мүмкіндіктерін пайдаланып,

технологиялық тұрғыдан

ерекшеленетін контент

ұсынуға әзір емес. Тек

мәтін-фото, ара-тұра видео

берумен шектеледі. Мұның

видеодан басқасын газет

те ұсына алады. Бұған

қағазды қолға алып оқудың

әсері басқаша болатынын

да қосыңыз. Ал газетті

қалай дамытуға болады,

оқырманын арттырмаса

да барын жоғалтпаудың

жолдары қандай десек,

мұнда, ең біріншіден,

газет өзінің сараптамалықталдамалы

бағытынан таймауы

керек. Салмақты әрі

толыққанды, тараптары

қамтылған, эмоциясы бар,

оқиғаларға толы материал

ұсына алса, бұл газеттің тұрақты

оқырмандарының

қалыптасуына әсер етеді.

Сондай-ақ, сериялы материалдар,

бір айдар аясында

тұрақты түрде қызықты

мақалалар ұсына алса,

онда оқырманын табады.

Газет өзінің беттелу дизайнымен

де оқырманын өзіне

тартып, ұстай алады. Ондағы

мәліметті берудің визуализациясы

әсем де ұғынықты

болса, бұл да оқырманның

көзін қуантады. Баспасөзде

тек мәтін ғана емес,

визуализация да алдыңғы

орынға шықты. Маған аймақтық

медианың, соның

ішінде қағаз түріндегі газеттің

медианарық заңдылықтарына

сай дамығанын

бақылау және тек бақылап

қоймай, соның ортасында

жүру ұнайды.

Уақытпен

үндесу көштен

қалдырмайды

Қош, өз қаламыздан шығып,

әлемге назар аударайық.

Соңғы бір статистикалық

зерттеу «Әлемде газет

жойылады» деген қауесетті

жоққа шығарады. Айталық,

NOP World компаниясы

жүргізген зерттеуге сүйенсек,

адамдар бір аптадағы

16,6 сағат уақытын теледидар

көруге, 8,9 сағатын –

ғаламторға, 8 сағатын – радио

тыңдауға, ал 6,5 сағатын

мерзімді басылымдарды

оқуға жұмсайтын көрінеді.

Осы көштің басындағы

үндістандықтар аптасына

10 сағат уақытын кітап,

газет оқуға арнайды екен.

Бұған қарап әлем бойынша

газеттердің қоғамдағы маңызын

жоғалтпағанын аңғарамыз.

Ал еліміздегі «Егемен

Қазақстан» газетінің

Түркістан облысындағы

меншікті тілшісі Ғалымжан

Елшібай «Газет уақытпен

үндесіп жұмыс істесе, ақпарат

нарығында көлеңкеде

қалмайды» деген пікір

айтады.

– «Газеттің болашағы

жоқ» деген сөздің айтылып

жүргені кеше немесе

бүгін емес. Технологиядағы

жетістіктермен бірге

ақпарат таратудың түрлі

көздері пайда болған сайын

айтылатын даурықпа

әңгіме, – дейді әріптесіміз.

–«Даурықпа сөз» деп айтуға

негіз бар, өйткені келер

жылы еліміздің бас басылымы

жүз жылдығын кең

көлемде атап өткелі отыр.

Яғни, «Егемен Қазақстан»

газеті ақпарат нарығында

бір ғасырдан бері оқырманымен

бірге тыныстап келеді.

Бірақ, бұл тұста қағаз

басылымдар арқаны кеңге

салмай, уақытпен үндесіп,

ақпараттық порталдармен

қатар жүргені дұрыс. Бұл

тұрғыдан біздің басылымның

ақпараттық порталының

қазақ, ағылшын тіліндегі

және латын қарпіндегі

нұсқалары кең қолданысқа

енген. Бүгінде газеттің

латын тіліндегі нұсқасының

көрілімін шетелдегі

қандастарымыз көбейтіп

отыр. Осылайша «Егемен

Қазақстан» газетінің интернеттегі

нұсқасы елімізде

электронды ақпарат порталдар

арасынан таралымы мен

оқылымы жағынан ондық

болмаса да алғашқы отыздықтан

орын алып, салмақты

мақаларымен көштен де,

көптен де қалмай, көш басынан

көрініп келеді.

Ғ.Елшібай «Алдағы уақытта

қоғамда ең сенімді

ақпарат – газеттерде» деген

түсінік қалыптастыруда

журналистер біршама тер

төгуі тиіс» деген ұсынысын

айтты. – Қазір әлеуметтік

желілерде анық-қанығы жоқ

ақпараттар легі көп тарап

жатқандықтан, мәселені

тарқатып, түсіндіріп, аныққанығын

жеткізетіндер – қағаз

басылымдар ғана. Смартфондар

сараптаманы қамти

алмайды, – деді тілші.

Қалай болғанда да барлығына

уақыт төреші. Кино

пайда болғанда «театр

өледі», газет шыққанда

«кітап келмеске кетеді»,

ал интернет ақпарат нарығын

жаулағанда «газет-журнал

құрдымға кетеді» деген

әңгіме айтылған. Ал «Газет

– рухани азық, бүгінгі тарих,

қоғамның тынысы» десек,

шынайы ақпарат көзіне

қол жеткізіп, таңдап-талғауды

өзіңізге қалдырамыз,

көзі қарақты оқырман!

4

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

ʪѲÁÈ ÌÅÐÅÊÅ

БАҚ пен бүгінгі шақ

www.shymkala.kz

28

маусым – байланыс және ақпарат

маусым – байланыс және ақпарат

қызметкерлерінің күні. Бұл мерекеде

көбіне бұқаралық ақпарат құралдарында

қызмет етіп жүрген журналистерді

құттықтап жатамыз. Дегенмен, журналистерге

қажетті, нақты ақпараттарды

тауып беріп, түрлі мекемелер мен БАҚ арасын

байланыстырып жүрген баспасөз хатшыларының

да кәсіби осы мейрамға қатысы бар

екенін естен шығармаған жөн.

«Өгіз де өлмесін,

арба да сынбасын»

äåï àëûï-±øûï æ‰ðåò³íäåð ê³ìäåð?

Сапарғали ҚАНАТ

sqanat@shymkala.kz

Иә, журналистерге дер

кезінде керекті мәліметтерді

тауып беру – баспасөз хатшыларының

басты міндеті. Бір

сөзбен айтқанда олар тілшілерге

жұмыс істеп жатқандай.

Бірақ мекеменің мүддесі мен

басшылықтың талабы тағы

бар. Екі ортада «Өгіз де өлмесін,

арба да сынбасын» деп

алып-ұшып жүретіндер осылар.

Міне, хатшылықтың машақаты

да осында. Жұмыс

қиын. Бірақ маңызды.

Жуырда БАҚ туралы заңнамаға

енгізілген өзгерістер

мен толықтырулардағы ақ-

парат сұрату мерзімін ұзарту

баспасөз хатшыларының

жұмысын едәуір жеңілдетті.

Бұл ақпараттардың нақты,

сенімді, толық болуына жол

ашты. Сондықтан қазіргі таңда

бұл бағыттағы жұмыс біршама

жақсара түскен. Әсіресе,

Түркістан облысы әкімдігі

баспасөз орталығы қызметкерлерінің

жедел әрі сапалы

жұмысын ерекше атап өткен

жөн. Олардың арасында өз

жұмысына аса жауаркершілікпен

қарап, журналистердің

алғысын алып жүрген облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз хатшысы

Мира Сүлейменова да бар.

Мира Сүлейменова Әл-Фараби

атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің журналистика

мамандығын үздік бітірген.

«31 арна», «Информбюро», «Шахар»,

«Азаттық радиосы» және

тағы басқа да бұқаралық ақпарат

құралдарында кәсіби журналист

болып істеген. «Сондықтан

болар, журналистердің

қандай ақпарат сұрағысы келгенін

бірден біліп, мәліметтерді

нақты және дер кезінде

беруге тырысамын» дейді.

– Журналист болып жүргенде

ақпарат ала алмасақ,

«Неге бізден жасырады?» деп

ренжитін едік. Ресми ақпарат

ала алмасақ, басқа жолдармен

іздеп, тауып, жазамыз.

Ал оның баспасөз хатшыларына

қатысы жоқ екенін білмейміз.

Енді өзім осы салаға

келіп, бұның да өз машақаты

бар екеніне көзім жетті.

Мәселен, журналистер 15 сұрақ

жолдаса, мен оларға өзім

жауап бере алмаймын. Сол 15

түрлі сұраққа 15 түрлі маманмен

жолығып, мәліметтерді

толық жинап болған соң ғана

бере аламын. Кейде 1-2 күн

ішінде шешілмейтін кейбір

мәселелер туралы ақпаратты

талап етіп жатады, – дейді

Мира Сүлейменова.

Әріптесіміздің айтуынша,

ақпараттық сауатсыздық

көбіне әлеуметтік желі белсенділерінде

кездеседі. Өйткені

олар негізінен табыс пен

жеке басының атағы үшін жұмыс

істейді. Олардың денін

жәбір көрген, ауруға ұшыраған,

жетім қалған балалардың

өмірі қызықтырмайды дейді.

Түрмеде, изоляторда отырған

адамдардан «Суретіңізді

жарияласақ болады ма?» деп

сұрау тіпті ақылға сыймайды.

Әр материалдары елді

дүрліктіргенін қалайды.

– Денсаулық сақтау саласында

қандай да бір мәлімет

беруден алдын мұқият

тексеру керек. Мұнда адам

тағдырына қатысты дүниелер

айтылады. Ертең бұл ақпараттар

емделушінің жеке

өміріне әсер етеді. Тілші болып

жүрген кезімде дәрігерлердің

жұмысын онша біле

бермейтінмін. Баспасөз хатшысы

болғалы бері ақ халатты

жандардың жұмысы қаншалықты

қиын екеніне көзім

жетті, – дейді облыстық денсаулық

сақтау басқармасының

баспасөз хатшысы.

Шерхан Мұртаза айтқандай,

«Арқалағаны алтын, жегені

жантақ» журналистердің

қатарында баспасөз хатшыларының

қызметін атап өтуге

әбден болады. Сондықтан

екі сала қызметкерлері тізе

біріктіріп жұмыс істегенде

ғана ақпарат саласында сапалы

дүниелер пайда болары

анық. Ендеше, мерекелеріңіз

құтты болсын, әріптестер!

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

aashirova@shymkala.kz

Басы 1-БЕТТЕ

Қазіргі таңда ақпараттық

салада қызмет етуге жаны құмар,

жаңашыл жастар да аз

емес. Мектеп жасынан-ақ «Кім

болғың келеді?» деген сұраққа

кідірмей «журналист» деп

жауап беретін жастар оқуға

түсерде сүйікті Шымқаласынан

алысқа кеткісі келмейді.

Ал Шымкентте журналист мамандарды

дайындайтын факультет

жоқ. Есесіне, Түркістан

облыстық «Жастар ресурстық

орталығының» қолдауымен

«Zhas MEDIA» жас журналистер

жобасы қолға алынды.

– Біздің мекеме 14-29 жас

аралығындағы жастармен жұмыс

жасау кезінде олардың

түрлі қызығушылықтарын

қанағаттандыруды, қолдауды

басты назарға алады. Бұған

дейін жастардың ұсынысымен

ашылған «Шаңырақ»

жас отбасылар мектебі мен

Îëàð æóðíàëèñò

áîëƒûñû êåëåä³

«Көшбасшылар» мектебінің

қатарын «Zhas MEDIA» жас

журналистер мектебі толықтырды.

Енді Шымкент қаласының

және Түркістан облысының

жастары өз қызығушылығын

осы мектептің сабақтарына

қатысып, дамыта

алады, – дейді орталық басшысы

Береке Дүйсебеков.

2017 жылдың күзінде ашылған

мектепке бүгінге дейін

700-ге жуық жас мүше болып,

300-ден астам 40 сағаттық

дәрісті толық аяқтап, сертификат

алды. «Zhas MEDIA»

жобасының алғашқы түлегі

Б а қ д ә у л е т Н ұ р м а т – т і л

маманы.

– Журналистикаға мектеп

жасынан әуеспін. Бірақ, «Қазақ

тілі мен әдебиеті» мамандығы

бойынша жоғары білім

алдым. Сол біліміммен бағымды

ақпарат айдынында

сынап көргім келген. «Іздегенге

сұраған» демекші, дәл

осы тұста «Жастар ресурстық

орталығы» жаңа жобаны

қолға алды. Біздің топта

әртүрлі жастағы 15 қызжігіт

белгілі тележүргізуші

Санди Сұлтан мен «Еуразия»

арнасының журналисі Гүлназ

Ауданбаевадан 4 күн бойы

дәріс алдық. Маған камера алдында

сөйлеу, сұхбат алу, сюжет

дайындау және мақала,

эссе жазу бойынша айтылған

сабақтар ұнады. Өзіме қажетін

көкейіме түйіп алдым, – дейді

мектептің алғашқы сертификатын

алған жас маман.

Шымкентте алғаш рет

қолдау тапқан жоба аясында

Түркістан облыстық

жастар ресурстық орталығының

басшысы Береке

Дүйсебеков «SS LAB» телелабораториясының

құрылтайшысы,

тележүргізуші

Санди Сұлтанмен меморандум

түзген. «Zhas MEDIA» жас

журналистер мектебі Шымкент

қаласында ғана емес,

Түркістан облысына қарасты

әр аудан жастарымен де

жұмыс жасайды. Жақында

ғана жоба жетекшілері

Кентау жастарына ақпараттық

саланың қыр-сырын үйретіп

қайтты.

Бұл жобаның жүзеге асу

кезеңі 3-ке бөлінеді. І кезеңде

аудан, қалаларда журналистика

саласына қызығушылығы

бар 1 500 жасты оқыту

барысында ынтасы жоғары

150 жас іріктеледі. ІІ кезеңде

осы іріктеуден өткен 150

жас медиа форумға қатысады.

Оған белсенді қатысқан

50 жас келесі кезеңге өтеді.

ІІІ кезеңге өткен 50 жас республикалық

және жергілікті

БАҚ-та іс-тәжірибеден өтеді.

Нәтижесінде өз қабілетін жанжақты

көрсетіп, журналистикаға

жаны құмар 5 жас маман

осы салада қызметке орналасуға

мүмкіндік алады.

Дегенмен, Жастар ресурстық

орталығының қызметкері

Айгүл Әлішердің айтуынша,

қазылар алқасына 5 адамды

іріктеу қиынға соғуда. Өйткені,

жобаға қатысушылар

арасында мектеп жасынан-ақ

журналистика жолында еңбек

етіп жүргендер бар.

– Жобаға қатысушы жастардың

көбі Шымкент қаласында.

Осыған байланысты

жақында орталық тарапынан

шымкенттік жастар

үшін «Қазақстан» телеарнасының

журналисті

Руслан Жылқыбай, «Айқын»

газетінің оңтүстік өңірлері

бойынша тілшісі Нұршат

Төкен мен фото-тілші Мақсат

Шағырбаев, ONinfo.kz сайтының

редакторы, блогер

Дастан Башировтардың қатысуымен

семинар-тренинг

ұйымдастырдық. Спикерлер

журналистика саласындағы

тәжірибесімен бөлісіп, газеттер

мен интернет ресурстарында

мақала жазу тәртібі,

фотожурналистика, әлеуметтік

желіні тиімді пайдаланудың

жолдары мен тұлғалық

иммидж қалыптастыру,

ақпараттық қауіпсіздік, блог

жүргізу бағыттары бойынша

тәжірибелерімен бөлісті, –

дейді орталық қызметкері.

Ендеше, Жастар ресурстық

орталығы 14-29 жас аралығындағы

«журналист боламын»

деген әр жасты «Zhas

MEDIA» жас журналистер мектебіне

шақырады. Талапты

жасқа орталық есігі таңғы 9-

дан кешкі 7-ге дейін ашық.

Үшінші қала

www.shymkala.kz

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

5

Мегаполис саны

миллионнан асқан

тұрғындарымен

ғана өлшенбеуі тиіс.

Барлық саланың

темірқазығы білім

десек, республикада

үшінші қала статусын

алған Шымкент

қаласын дамытуда

бірінші кезекте мықты

мамандар даярлауды

қолға алуымыз

қажет».

Бұл – М.Өтебаев

атындағы жоғарғы

жаңа технологиялар

колледжінің директоры

Қанатбек

Досалиевтың пікірі.

Кәсіптік-техникалық

білім беруде тың

жобалармен алда

жүретін жаңаша

көзқарастағы басшымен

«Мегаполис

қай бағытта дамуы

қажет» деген сауал

төңірегінде әңгімелескен

едік.

– Қанатбек Балтабайұлы,

Шымкент республикада

үшінші қала атанды. Алып

шаһардың өсіп-өркендеуіне,

әсіресе, білім саласының

дамуына өзіндік үлес

қосып келе жатқан азаматсыз.

Мегаполист дәрежесін

алған қаладан қандай жаңалықтар

күтесіз?

– «Жасыл», «шымды» деп

аталып келген қаламыз, расында,

Қазақстандағы көне

қалалардың бірі. Өзінің терең

тарихы бар шаһар талай

мемлекеттерді Ұлы жібек

жолы бойында тоғыстырған

ерекше қала болды. Ғасырлар

бойы тарихтың талай тезіне

түсіп, соқтықпалы-соқпақты

жолдармен өткенімен Шымқала

бет-бейнесін, тұрғындары

қазақылығын жоғалтпай,

салты мен дәстүрін сақтап

қалғанымен ерекшеленеді.

Шымкент тұрғындарының

саны биыл миллионға жетіп,

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан

Назарбаевтың қаламызға республикада

үшінші қала атауын

беруі оңды қабылданған тарихи

шешім деп қараймыз. Енді

қаланы алдағы уақытта жарқын

келешек күтіп тұр деп

айта аламыз.

Менің ойымша шаһар жанжақты

дамуы тиіс. Біріншіден,

инвесторлардың қызығушылығы

артып, құйылатын

инвестиция көлемі артады.

Екіншіден, ғылыми-мәдени,

бизнес орталығы болады. Өйткені,

халықтың өзі өзгерістерді

дұрыс жағынан қабылдауға

бейімділігі және олардың

жол тапқыштығы мен еңбекқорлығы

қаланың өркендеуіне

жылдам ықпал ететініне

сенімдімін. Шымкент географиялық

ерекшелігіне орай мәдени

орталық болуға да лайықты

қала. Ташкент түбімізде

болса, Бішкек қаласы да алыс

емес. Сол себепті көрші халықтардың

мәдениетін бір орта-

Øûìêåíò

Á²Ë²ÌIJ ÌÀÌÀÍÄÀÐ

ÄÀßÐËÀÉÒÛÍ

ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÌÅÍ

ÅÐÅÊØÅËÅÍÑÅ

ға шоғырландырып, әлемнің

назарын аудара алады. Осы

орайда Шымкенттің 2020 жылғы

ТМД елдерінің мәдени астанасы

болып аталуының өзі

үлкен істің бастамасы.

– Жалпы, әлемде, елімізде

болсын әр шаһардың

даму жолында өз бағыты

болады. Бізде бетұрысты

бірінші қай салаға бағыттаған

дұрыс?

– Барлық саласының темірқазығы

– білім. «Ел мен елді,

адам мен адамды теңестіретін

– білім» деп текке айтылмаған.

Мемлекет білімді

азаматтарымен, ғылымымен,

солардың жетістігімен, ойлап

тауып жатқан технологиясымен

озықтар қатарынан көріне

алады. Сондықтан қандай

елдің болмасын халықтың

тұрмыс жағдайын дұрыстайтын,

экономикасын көтеретін

– мықты мамандар. Өңірімізде

90-нан астам колледж, бұдан

бөлек жоғары оқу орындары

бар, ал олардың көбісі қала

аумағында орналасқан. Солардың

ішінде кәсіптік-техникалық

білім беретін оқу орындарында

білім сапасын жасқартуда

талапты күшейтіп, нарыққа

қажетті мамандар дайындау

мәселесі назарға алынғаны

дұрыс деп ойлаймын. Дәл

қазіргі уақытта мегаполиске

білікті кадрлардың қажеттігі

артатынын ескерсек, нарыққа

бейім мамандықтарға терең

талдау жасап, сараптап,

түбегейлі шешім қабылдамаса

болмайды. Бұл үшін арнайы

мониторинг жасау орталығы

құрылып, жан-жақты зерделеу

жасаудың уақыты келген

сияқты.

Білім саласында талай жылдар

еңбек етіп, тәжірибе жинақтап,

оқу ордамыз шет мемлекеттердің

білім жүйесімен

танысып, озық үлгілерімен

бірлесе жұмыс жасағандықтан

білекті емес, білімді мыңды

жығатынына көз жеткіздік.

Осы орайда Шымкент сапалы

білім беріп, ең білімді мамандар

даярлайтын оқу орындарымен

ерекше қала болса құба-құп

болар еді.

– Жарты ғасырлық тарихы

бар колледж қаланың

дамуына қаншалықты үлес

қосты? Нарыққа бейім мамандар

даярлай алдыңыздар

ма?

– Манап Өтебаев атындағы

жоғары жаңа технологиялар

колледжі заманға лайықты

мамандар даярлаудың көш

басында келеді. Кәсібін терең

меңгерген, білімі мен іскерлігін

жан-жақты тиімді

пайдалана алатын мамандар

дәріс беретін колледжді бітірген

түлектер жұмыс берушілер

тарапынан жоғары сұранысқа

ие. Коледжді бітірген түлектердің

90 пайызы Шымкент

қаласында әр түрлі салада жұмысқа

орналасады. Ол – қаржы,

заң, бизнес, қызмет көрсету

орталықтарында, мұнай,

құрылыста және энергетика

және өзге де салаларда жұмысқа

оңай қол жеткізеді.

– Қаламыздың бет-бейнесі

қалыптастыруда қандай

мәселелер ескерілу керек

деп ойлайсыз?

– Қаланың аумағы кеңейіп,

жаңадан шағынаудандар мен

елдімекендер қосылды. Оларда

коммуналдық тұрғыда

шешілмеген мәселелері көп.

Мегаполис қала болғандықтан,

аумағында орналасқан

елдімекендердің инфрақұрылымы,

жолы, көшелері стан-

дартқа сай салынған, үйлерінің

сәулеті жарасқан, абаттандыруы

өзгеше болғаны дұрыс.

Жоғарыда атап өткенімдей,

шаһарымыз шымды, жасыл

қала атауына лайықталып,

көркеюінде осы жағы ескерілсе,

әрине, жақсы.

Қай елде болмасын мегаполисті

дамытуда жолдарға

және көше бойындағы үйлердің

сәулетіне, абаттандыруына,

тазалығына да аса

мән береді. Қазір Шымкентте

көлік жүретін жолдар өте

тар, соған шет мемлекеттердегідей

2-3 деңгейдегі көшелер

салуды бастауы керек. Көшелердің

тоғысқан жерлеріндегі

айрықтар жасау мәселесі

назарда болса, болашақта үлкен

көлік кептелістердің алдын

алар еді.

Осы тұста айтып өткім келетіні,

ертеректе Шымқалада

көше бойындағы арықтарда

су ағып жататын. Ол қаланың

ажарын ашып, жасал

ағаштардың жайқалып өсуіне

септігін тигізіп, ауаның тазаруына,

экологияның жақсаруына

да көмегі тиді. Қаланың

даму жоспарында биліктегілер

осы жағдайды назарға алса деген

ұсынысым бар.

Сөз соңында айтарым,

Шымкент қаласына әкім болып

қайта тағайындалған Ғабидолла

Әбдірахымов қаланың

жағдайын жетік білетін

азамат, бұған дейін де көптеген

жақсы істердің ұйытқысы

болды. Ендігі жерде

еліміздегі үшінші қаланың

тізгінін ұстаған басшының

игі бастамаларына сәттілік

тілеймін!

– Қанатбек Балтабайұлы,

өзіңізбен Байланыс және ақпарат

қызметкерлері күні

мерекесі қарсаңында сұхбаттасудың

сәті түсіп отыр.

Осы орайда журналистер

қауымына айтар мерекелік

лебізіңіз?..

– Қоғамның дамуы мен

қоғамдық сананың қалыптасуында

журналистер қауымының

қозғаушы күш ретінде

атқаратын ролі мен қызметі

орасан. Сондықтан олардың

барлық мәселеде принципті,

әділ, обьективті болғаны

маңызды. Шымкент үшінші

мегаполис болғандықтан енді

қаланың бас газеті саналатын

«Шымкент келбеті»-«Панорама

Шымкента» газеттерінің

де мазмұндық, сапалық деңгейі

арта түседі деп сенемін.

Оқырман ретінде журналистерге

шығармашылық биіктік

тілеймін.

–Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасхан

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

ÀÒÀ-ÀÍÀËÀÐ ÍÀÇÀÐÛÍÀ!

Бюджет есебінен

оқуға қабылданады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге

асырылып жатқан «Баршаға арналған тегін

кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы аясында

«Индустриалды - техникалық колледж» МКҚКны

2018-2019 оқу жылына 9 сынып және 11 сынып

негізінде азаматтардың өтініштерін келесі сұранысқа

ие кәсіби-техникалық мамандықтарға бюджет

есебінен оқуға қабылдау жүргізеді:

№ Мамандықтың атауы

1

Бақылау өлшеу аспаптары жəне автоматика

бойыншадəнекерлеуші

2 Токарь

3 Электр газымен дəнекерлеуші

4

Электр жабдықтарын жөндейтін жəне қызмет көрсететін

электромонтер

5 Автомобильдерді жөндейтін дəнекерлеуші

6 Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик

7 Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету

Білім алушылар стипендия, тегін тамақ, жол ақысымен

қамтылады. Бітірушілерді жұмыспен қамту қарастырылған.

Құжаттар төмендегі мекенжайда қабылданады:

Шымкент қ, Гагарин көшесі, 121 үй.

Тел. 31-89-01, 35-08-84, 8705-8950609, 8778-7025113, 8747-

7899177, 8778-2283539, 8778-7687628.

Асығыңыздар! Оқу гранттарының саны

шектеулі!

ҚÀËÀ ÊӨÐʲ

Áîñ îðûíäàðäà

ñàóäà æàñàœûç

Шымкент қаласы аумағында

белгіленген жерлерден

тыс орындардағы сауданы

жою жұмыстарының

2018 жылға арналған ісшара

жоспарына сәйкес,

Шымкент қаласы Әл-

Фараби ауданы әкімі аппаратының

қызметкерлері тарапынан

зерделеу жұмыстары

жүргізіліп, аудан аумағының

көшелерінде ретсіз саудамен

тұрақты айналысатын,

бүгінгі күнге дейін жұмыссыз

тұлғалардың тізімі анықталды.

Аталған азаматтардың

басым бөлігі өздерінің сауда

қызметіне бейімделгенін

алға тартып, жұмыспен қамту

бағдарламаларына қатысудан

бас тартуда (532 тұлға).

Алайда қала аумағында

белгіленбеген орындарда

саудамен айналысқан тұлғаларға

Қазақстан Республикасының

«Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы» кодексінің

204 және 505-баптарына

сәйкес тиісті айыппұлдар

салынады.

Осыған орай Әл-Фараби

ауданы әкімінің аппараты

қала аумағындағы базар басшыларымен

бос сауда орындары

және әлеуметтік жағдайы

төмен саудагерлерге

жеңілдетілген бағдарламалар

бойынша екі жақты

келісім жасады. Атап айтқанда:

1. Орталық қырғы базар

аумағында – 90-100 орын;

2. «Айна» базары аумағында

– 50 орын;

3. «Автонұр» базары аумағында

– 91 орын;

4. «Самал» базары аумағында

– 52 орын;

5. «Алаш» базары аумағында

– 35 орын;

6. «Бекжан» базары аумағында

4000 орын және көрсетілген

базарларда жанжақты

жеңілдіктер беру

қарастырылған: әлеуметтік

жағдайы төмен сатушылардан

алғашқы бірінші айда

сауда орнына ақы алынбайды,

әлеуметтік жағдайы төмен

саудагерлерге 50 пайыздық

жеңілдікпен орын беруге

мүмкіншілік бар.

Шымкент қаласының көркейуіне

үлес қосу, сәулеттік

келбетін және санитарлық

тазалығын сақтау мақсатында

жоғарыда аталған базар

аумағына орналасуды ұсынамыз.

Бұл өз кезегінде қаламыздың

дамуына, тазалығы

мен әсемдігіне септігін

тигізуі сөзсіз.

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданы

әкімі аппараты

Мекенжайы: Тыныбаев

көшесі, 49.

Байланыс тел:

53-28-92

Шымкент қаласы

тұрғындарының назарына

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет басқармасының

ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін

қабылдайды және Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының басшысы Дина Балтабекқызы

Ботан 2018 жылдың 3-тоқсанына жеке және заңды тұлғалардың

өкілдерін Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі,

№5 ғимаратта сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-12:00

ден 15:00-17:00-ге дейін жеке қабылдайды.

Сонымен қатар Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет

басқармасында «55-09-98» Сенім телефоны бойынша

тікелей және басқармада бақылау кітабына жазылу арқылы

хабарласуға болады.

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, №5

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әділет

басқармасы басшысының жеке және заңды

тұлғалардың өкілдерін қабылдау

КЕСТЕСІ

А.Т.Ə

Ботан

Дина

Балтабекқызы

Атқаратын

қызметі

Басқарма

басшысы

Азаматтарды

қабылдау

күні мен

орны

Сейсенбі,

Бейсенбі

Шымкент қ.,

Қазыбек би 5

Қабылдау

уақыты

10:00-

12:00

15:00-

17:00

Сенім

телефоны

55-09-98

Ескертпе:

1. Азаматтарға күнделікті кеңес беру Шымкент қаласы

Еңбекші аудандық әділет басқармасы, Қазыбек би көшесі

№5 үйде жүргізіледі.

2. Басқа қалалардан, елдімекендерден келген азаматтар

күнделікті сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

6

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

Кәсіби мереке

www.shymkala.kz

ҚÀлÀÌгеÐлеÐ ÕÈкÀßсÛ

Журналистердің

æ‰ðãåí æåð³

õèêàÿ

Жақсы ортада,

жайсаң жандар

арасында

жүрген жарқын сәттер

еш уақытта естен

шықпайды. Журналист

әріптестердің ортаны

шаттық пен күлкiге кенеген

әдемi әзiлдерi,

тосыннан айтқан тапқыр

сөздерi жаныңды

жадыратады. Жүрген

жері думанға толы қаламдастардың

қызықты

сәттерінен үзік-үзік

хикаяларды оқи отырыңыздар.

«Þ» âèòàìèí³

«Оңтүстік Қазақстан»

газетінде ұзақ жыл қызмет

атқарған суретшiбезендiрушiсi

Қасымбек

Нұрбеков пен жарнама

секторының меңгерушiсi

Өтепберген Есенбаев екеуi

секретариаттың кең бөлмесiнде

қатар отырады.

Жастары құрыптас болған

соң әңгiмелерi де қызық,

бiрiн-бiрi сөзбен iлiп,

әдемi әзiл өрбiтедi, ендi

бiрде бiрiн-бiрi мойындамай

кәдiмгiдей айтысып

қалады. Мұндайда Өтекең

қызбалықпен батырып-батырып,

қатты-қатты сөздер

айтып жiбередi. Ал қашаннан

сабырлы да салмақты

Қасекең алдындағы суреттiң

қасы-көзiн бояуды

жалғастырған қалпынан

танбай басын шайқап:

– Сен өзi қазiр мынадайсың,

қызметiң сәл жоғары

болса редакцияны төңкерiп

жiберерсiң, – дейдi.

Қарсыласы шаптығып тұрмаған

соң Өтекең қайда

барсын, бiраз екпiндеп барып

ол да басылады. Бiрақ

жұмыстан кейiн екеуi

жұбын жазбаған күйi егiз

қозыдай болып бiрге қайтады.

Ауру-сырқау дегендi бiлмей,

үнемi сергек жүретiн

Қасекеңнiң бiрде ауруханаға

түсiп қалғаны бар. Өтекең

бастаған топ көңiл сұрай

барсақ, Қасағаң бәзбаяғы

қалпы, жайраңдап,

әзiл айтып сергек жүр екен.

Мұнысына қуанып қалдық.

Қасаға бiздiң сәлем-сауқатымызды

жайғастырып

болған соң тоңазытқыштан

iшiне толтыра қызыл

сұйық құйылған үлкен стаканды

қолына алды.

– Сендердiң келген құрметтерiңе!

– деп қысқа қайырды

да әлгi стакандағыны

тартып салды. Ащылау

ма, соңынан тісіне ет басып,

су iштi.

– Бұл не, дәрi ме? –

деймiз жастар жағы.

– Иә, дәрi болғанда, жақсы

дәрi. Аты – витамин

«Ю», – дедi Қасекең.

Сөйтсек, ол анар сөлiн

араластырып қойған

«ақаң» екен.

«Øàœáàñòû»

ìåí

«Æûíáàñòû»

рақты ұйымдастырылатын

Наурыз мерекесінде бас қосқан

ардагер журналистер

өткенді еске түсіріп, қызықты

әңгіме өрбітті.

– Бұрын мұнда әр аптаның

соңында «Шаңбасты»

деген отырыс болып тұрушы

еді, – деді Байдулла аға

өзі осында жұмыс істеген

кезді еске алып. Әр аптадағы

дастархан шығынын кезекпен

көтеретінбіз. Намысқа

тырысып, бір-бірімізден

асып түсу үшін барымызды

Қара шаңырақ «Оңтүстікте»

жыл сайын тұсалып

бағушы едік.

– Әйелдердің гәбі сияқты

нәрсе екен ғой, – деді Марархабат

аға мырс етіп.

– Е, жоқ-ә, оған әйелдер

араласпайтын! – деді

Байекең.

– Араласпағаны дұрыс

екен, әйтпесе ол басқосу

«Шаңбасты» емес, «Жынбасты»

болар еді ғой, –

деді Махаң.

Дîқ êөðñåòó

Бүгінде облыстық «Оңтүстік

Қазақстан» газетінің

бас редакторы қызметін

атқаратын Абай Балажан

сонау бір жылдары, осы

басылымда жауапты хатшы

болып жүрген кезінде

қара сүліктей автокөлік сатып

алды. Бірде сол көлікке

Оразхан Жарқынбек

екеуміздің қатар мінгеніміз

бар. Есік-терезесінің айнасына

дейін тұтас қара

болған соң ба, сұсты көрінеді

екен. Осыны меңзеген

Оразхан:

– «НКВД»-ның мәшинесі

сияқты екен, – деді.

Артқы орындықта отырған

екеумізге айнадан көз

салған Абай:

– Қаланың ішінде әлі

жөнді айдай алмаймын. Бірақ

алғашқыға қарағанда,

біраз үйреніп қалдым, - деп

алдын кес-кестей жанап өткен

көлікке бір-екі рет бапылдата

сигнал беріп еді,

Оразхан:

– Айдай алмайтыныңды

қайдам, айналаңдағы

шопырларға доқ көрсетіп

жатырсың ғой! – деді.

ªìáåáàï

áàëîí

Бірде белгілі журн

а л и с т С у х а н б е р д i

Оразалыұлы екеумiз автомашина

төңiрегiнде әңгiмелесiп

отырып:

– Қар т үсетiн уақ ыт

та жақын қалды, машинамның

дөңгелектерiн қыстық

балонға ауыстыру керек

едi, құнттамай жүрмiн.

Сенiң машинаңның балоны

қыстық па, жаздық па?–

деп едiм, машина жүргізуді

енді-енді меңгеріп

келе жатқан ол күмiлжiп

тұрды да:

– Соны бiлмедiм, бiрақ

қыста да жазда да жүре бередi,

– дедi.

Слам НҰРМАҒАНБЕТҰлы,

Қазақстанның

құрметті

журналисі

тàқûðûï

òàï – òөñáåëã³ òàқ

ҚР ақпарат саласының үздігі,

ҚР мəдениет қайраткері Ертай

Бекқұл ағамыздан мына бір жағдайды

естіген едік. Ол кісінің тақырып

қойып, төсбелгі алғаны

қызық. Әрі қарай өзінің айтқанына

құлақ түрсек...

...Журналистикада «тақырып –

жарты мақала» деген ұғым бар. Тақырып

қойсаң қатырып, оқырманды

тұрар шақырып... ҚазҰУ-дегі

журфактың деканы, қазақ журналистерінің

ұстазы Темірбек Қожакеев

бізді осылай оқытты. Əрине,

айтулы салада 45 жыл тер төгіп,

қанша мақалаға тақырып қойғанымды

санап бере алмаспын. Түрлі

газеттерде тілші, басшы болған кездері

ең əуелі мақаланың тақырыбына

айрықша мəн бердім. Қызық

ретінде айтайын, дəл осы тақырыптың

арқасында «Облысқа сіңірген

еңбегі үшін» төсбелгісін таққаным

бар. Ол былай болды. 2012 жылдың

аяқ кезі. Облыстық əкімдікке шақыртты.

Мəжіліс залына кілең бас

редакторлар жиналыпты. Бастығым

«Оңтүстік Қазақстанның» директор-бас

редакторы Бақтияр Тайжан

да отыр. Əкімнің бірінші орынбасары

Б.Оспанов келіп бəрімізді кезек-кезек

шақырып, кеудемізге төсбелгі

таға бастады. Бір редакциядан

екі журналистің қатар марапатталғанына

əріптестеріміз аң-таң. Өзім

де таң-тамаша болып отырмын. Бар

«құпия» кейін ашылды ғой. Облыстық

ішкі саясат басқармасының сол

кездегі басшысы Берік Уəли марапатталушылар

тізіміне менің қалайша

кездейсоқ еніп кеткенім туралы

жиналыстан кейін айтқанына

қарағанда оқиға былай болған.

Төсбелгіге ұсынылғандар тізімін

облыс əкіміне бекітуге апарғанда

Асқар Исабекұлы «Соңғы кездері

«Оңтүстіктің» тақырыптары ұнап

жүр. Бұл жұмыспен тікелей кім айналысады?»

– деп сұрайды. Сонда

Б. Уәли «Журналистердің бəрі айналысады.

Дегенмен тақырыпты

тауып қоятын бір ағамыз бар» деп

мені меңзеген екен. Осылайша ойламаған

жерден тақырыптың тəтті

жемісін татқанымыз бар.

«Ðàáî÷èé³ì æàóàï

áåðìåñå,

ïðèåìíûéäàí

ñ±ðàœûçäàðøû»

«Қазақстан – Шымкент» радиосының

жетекшісі Уәлихан Қожақ іргедегі

Қошқарата өзеніне қысы-жазы

шомылады. Денсаулығы мығым.

Оның «ауырдым» дейтін кезі сирек

екен. Дегенмен, ол да пенде. Аяқ астынан

ауырып, ауруханаға түседі.

«Осы жасқа келгенше аурымақ

түгілі, жөтеліп көрген емес еді. Не

боп қалды екен» деп режиссер бір

топ қызметтестері халін сұрай барады.

Сөйтсе, сол жерде бір қызық болыпты.

Өмірі ауруханаға түсіп көрме-

ген Уәлихан мырзаның қан қысымын

тексеріп жатқан дәрігер қыздар:

– Аға, рабочийіңіз қанша еді? –

деп сұрамай ма?! Сөйтсе Уәкең:

– 53-11-39, – деп қызмет телефонын

айтып қоймапты. Сөйтсе медбике

қыздар бұған таңқалып:

– Аға, ондай рабочий болмайды,

дұрыстап айтсаңызшы. Бұрын

қанша еді, есіңізге түсірсеңізші,

– дейді.

Сөйтсе Уәкең тағы да:

– Айналайын қарындасым, көріп

тұрсың ғой, қиналып жатырмын.

Мен сөйлесе алмаймын. Рабочийім

жауап бермесе, онда 53-62-07-ге,

приемныйға телефон соғып сұраңыздаршы

– депті ыңырсып. Мейірбикелер

мән-жайды сонда ғана

түсініп, бір күлісіп алған екен.

Сонда Уәкеңнің сырын білетін

әріптестері:

– Уәкең, камерамен той түсіремін

деп жүріп, аяғын ыстық сорпаға

батырып алғанда да бұлай әбіржіген

жоқ еді... Бұл жолғы «кеселі сәл

серьезный» болған-ау шамасы, – деп

әлдебір оқиғаның шетін шығарып,

басын шайқаған екен.

Îðûñ êåë³íøåê

Әріптестердің арасында қалжыңқұмарлары

да көп. Сондай

әріптестеріміздің бірі – «Жас

Алаш» газеті бас редакторының

орынбасары Оралхан Дәуіт. Әріптес

ағамыз мына бір езу тартқызар

хикаяны өзі баяндап беріп еді.

Облыстық «Оңтүстік

Қазақстан» газетінде жұмыс істеп

жүрген кезде бір топ журналист

Созақ ауданына іссапармен барып,

күні бойы ауылдарды араладық.

Созақтың әкімі Созақбай ағамыз

кешке Қызылкөлдің жағасында көлкөсір

дастархан жайды. Әйтеуір,

көңілді отырыс болып, қас қарая

ырғалып-жырғалып Шымкентке қарай

әрең дегенде шықтық.

Шағын автобусқа мінгенде

«Южный Казахстан» газетінде

жұмыс істейтін бір орыс келіншектің

қасына отырып қалған

екенмін. Қалаға жеткенше журналист

келіншекке үш-төрт сағат

әңгіме айтып келгенмін ғой. Білмеймін

не айтқанымды... Өмірімді

айттым ба, өзімді айттым ба... Әйтеуір,

қалаға келген соң «үйіңізге

дейін шығарып салайын» деп, біраз

қиғылық салғаным есімде...

Ертеңінде жұмысқа барған соң

бетімнің оты шығып осы жәйтті

журналист Жәмила әпкеме айттым.

« Ұят болып қалған сияқты.

Сіз барып тамырын басып көресіз

бе?» деп... Құдай бере салған әпкем

үшінші қабатқа көтеріліп кетті де

тез оралды. «Ой, ренжіп отырған

ол жоқ, қайта «Оралхан түскі тамаққа

шақырсын да...» деп жайраңдап

күліп отыр» деп келді.

Сонымен әлгі орыс келіншек,

Жәмила әпкем үшеуміз түскі тамаққа

бардық. Дастархан басында

көбінесе екеуі әңгіме айтты.

Мен тыңдаушымын. Анда-санда

«Солай ма?» дегендей орыс келіншек

мені түртіп, өзімсініп қояды...

Ұялып барамын. Содан кешегі қылығым

үшін қазақ тілінде кешірім

сұрап, әпкеме менің сөздерімді

орысшаға аударып айтуын өтіндім.

Әпкем менің көзімше орысшаға аудара

бастап еді, орыс келіншек:

– Жамиля, почему ты его слова

переводишь? Он же со мной вчера

четыре часа на русском языке разговаривал...

Он хорошо знаеть русский

язык... – деп ішегі қатып күледі.

Шынында Шолаққорғаннан

Шымкентке жеткенге дейін үштөрт

сағатта орыс келіншекке тоқтамай

орысша әңгіме айтып келгенмін

ғой. Енді кеп ертеңінде

көзім бақырайып, бір ауыз орысша

сөйлей алсамшы...

Дайындаған Т. ҚАСыМ

Заң және біз

www.shymkala.kz

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

7

ПОЛИЦЕЙЛЕР де

...ойнайды

...тойлайды

23

м а у с ы м –

полицейлер

күні. Елімізде

жыл сайын 23 маусым

күні кәсіби мереке

– Қазақстан полициясы

күні атап өтіледі. Биыл

Қазақстан полициясының

құрылғанына 26

жыл толып отыр. 1992

жылы Жоғарғы Кеңес

«Қазақстан Республикасының

ішкі істер органы

туралы» заң қабылдады.

Ол ел полицейлерінің

міндеті мен

қызметін анықтаған

алғашқы құжат болды.

Ал 2007 жылы

Мемлекет басшысы

Н.Назарбаевтың жарлығымен

23 маусым –

Қазақстан полициясының

күні болып

бекітілді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Спорт және

спартакиада

Тәртіп сақшылары өздерінің

кәсіби мерекелерін

жыл сайын ұйымдасқан

түрде атап өтеді.

Дәстүрлі спартакиадамен

басталатын мереке қарсаңындағы

іс-шаралар

биыл да жалғасын тапты.

Шымкенттегі «Динамо»

және «Марс»

спорт кешендерінде

Елбасының Қазақстан халқына

Жолдауы мен «Болашаққа

бағдар: Рухани жаңғыру»

атты бағдарламалық

мақаласын жүзеге асыру

арқылы халықты салауатты

өмір салтына баулуға

бағытталған спартакиада

өтті.

Спартакиадаға облыстық

ішкі істер департаментінің

жеке құрамынан

200-ден астам қызметкер

қатысып, волейбол, арқан

тарту, шағын футбол, жеңіл

атлетика, қол күресі, турникке

тартылу, кір тасын

көтеру және жауынгерлік

атыс қаруынан оқ атудан

өзара сынға түсті.

Екі күнге созылған спартакиада

төрешілердің

шешімімен қорытындыланып,

жалпы командалық

есепте Шымкент қалалық

ішкі істер басқармасына

қарасты Еңбекші

полиция бөлімінің командасы

І орынды иемденді.

Екінші орынды облыстық

ішкі істер департаментінің

жергілікті полиция қыз-

метінің өкілдері жеңіп алса,

үшінші орынға департаменттің

аппараты лайық

деп табылды. Жеңімпаздар

сый-сияпатпен марапатталды.

Қаһармандарға

құрмет

Қазақстан полициясының

күнін мерекелу барысында

Шымкентте полицейлерге

ескерткіш

ашылды. Бұл ескерткішобелиск

Қазақстан полициясының

26 жылдығына

орайластырылып отыр.

Салтанатты іс-шараға

Түркістан облысының әкімі

Жансейіт Түймебаев,

Шымкент қаласының әкімі

Ғ.Әбдірахымов, ҚР ІІМ көшіқон

комитеті қызметінің

төрағасы, полиция генерал-майоры

М.Қабденов,

облыстық ІІД бастығы, полиция

полковнигі Қайрат

Дәлбеков, Ішкі істер органдарының

генералдары

Ж.Сұлтанов және

М.Оразалиевтер, сондайақ,

полиция ардагерлері,

қызмет бабында қаза болған

полицейлердің жесірлері

мен балалары және

өзге де құрметті қонақтар

қатысты.

Ескерткіштің ашылу

рәсімінде алғашқы болып

сөз алған облыс басшысы

Жансейіт Қансейітұлы жаңа

нысанның мән-маңызына

тоқталып, ішкі істер органдары

қызметкерлерінің төл

мерекесімен құттықтады.

Ал департамент басшысы

қапыда мерт болған қызметтестерін

еске алды.

– Тәуелсіздік алған жылдарда

елімізде қызметтік

борышын атқару кезінде

709 полиция қызметкері

өмірден өткен. Оның

ішінде 23-і – Оңтүстіктегі

сақшылар. Біздің қызметіміз

ауыр қатерсіз болмайды.

Біз өз өмірін заңның

дұрыс орындалуы,

бейбітшілік пен тыныштық

орнауы үшін қиған

жандарды мәңгілік есте

сақтауымыз қажет. Олардың

есімі полиция тарихында

алтын әріптермен

жазылып қалады, – деді

полиция полковнигі Қайрат

Дәлбеков.

Салтанатты іс-шара барысында

облыс әкімі бұл

ескерткіштің қарапайым

азаматтардың қауіпсіздігін

қорғау мақсатында өз

өмірлерін қиған полицейлердің

рухына арналғанын

жеткізіп, олардың отбасы

мүшелеріне өз тарапынан

алғыс айтты. Жиналғандар

содан кейін қаза тапқан

тәртіп сақшыларын

үнсіздікпен еске алып, гүл

шоқтары қойылды.

Іс-шара аясында облыстық

ішкі істер департаментінің

жеке аппарат құрамы

салтанатты шерумен

жүріп өтті. Жиынға қатысушылар

одан кейін ішкі

істер департаментінің музейін

тамашалады. Бұдан

соң «Қоғамдық келісім»

мекемесінің ғимаратында

полиция саласына арналған

фото көрме ұйымдастырылды.

Үздік полиция

қызметкерлері марапатталып,

шара соңы мерекелік

концертке ұласты.

Көші-қон қызметін

көрсету орталығы

ашылды

Оңтүстіктің полицейлері

кәсіби мерекелерін тек

салтанатты жиынмен ғана

емес, пайдалы орталық

ашумен де атап өтті. Нақты

айтқанда Шымкентте

көші-қон қызметтерін көрсету

орталығы ашылды.

Ашылу салтанатына ішкі

істер министрлігінің көшіқон

қызметі комитетінің

төрағасы М.Қабденов, облыс

әкімі Ж.Түймебаев,

Шымкент қаласының әкімі

Ғ.Әбдірахымов қатысты.

Бұл орталық халықтың

сұранысы бойынша ашылып

отыр дейді жауапты

мамандар. Шымкент қаласы

әкімдігінің қолдауымен

пайдалануға берілген аталмыш

қызмет Елбасының

«Қазақстанның үшінші

жаңғыруы – жаһандық бәсекеге

қабілеттілік» мақаласындағы

сандық жүйеге

өту талабына сай келеді.

Орталықтың ашылу мақсаты

– шетелдіктер мен

азаматтығы жоқ адамдарға

мемлекеттік қызмет көрсету

сапасын арттыру және

уақытты үнемдеу. Яғни, шетелдік

азаматтар 1 сағат уақыт

ішінде «бір терезе» қағидаты

бойынша толықтай

медициналық тексеруден

өтіп, жеке сәйкестендіру

нөмірін бір жерден алады.

Сонымен қатар орталықта

Шымкент тұрғындарына

уақытша тіркеуге келген

шетелдіктерді есепке алу

және жеке тұлғалардың үй

шаруашылығында жұмыс

істеуге келген еңбек имигранттарына

рұқсат рәсімдеу

жұмыстары жүргізілмек.

Бұған қоса мұнда салық

органдары, екінші деңгейлі

банк өкілдерінің және

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы

ҚЕАҚ облыс бойынша

филиалының қызметкерлері

де қызмет көрсетеді.

Бұл – елімізде Астанадан

кейінгі екінші көші-қон

қызметтері орталығы.

1.

Түркістан, Қызылорда,

Ақтөбе және Маңғыстау

облыстарының өнеркәсіп,

құрылыс, ауыл шаруашылығы,

көлік және байланыс

кәсіпорындарының басшылары

мен қызметкерлеріне

ЕСКЕРТУ

Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС

«Магистральды құбырлар туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына (14

бап) сәйкес Магистральдық құбырдың күзет

аймағы Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және

Маңғыстау облыстарының аумағынан «Бейнеу-Бозой-Шымкент»

жоғары қысымды магистральдық

газ құбыры өтетіні және магистральдық газ құбырының

күзет аймағының бар екендігі жөнінде ескертеді.

Магистральдық құбырдың күзет

аймағында:

Өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық

құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де

уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу

орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін

магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;

2.

Бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер

жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын

далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық

жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық

құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген

жұмысты орындауға;

3.

Магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор

жайластырған, магистральдық құбырға қызмет

көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз

етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ

магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын

орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен

қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

4.

5.

6.

7.

Кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

Автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен

механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

Мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару

және құрғату жүйелерін салуға;

Магистра л ь д ы қ қ ұ бы рд ы ң меншік иесінің

келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау

және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8.

Ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ

сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға

байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және

басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге;

9.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында магистральдық

құбырға жатпайтын кез келген объектіні

құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең

аз қашықтық шегінде салуға;

10.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

Тасжол бойлық жолдарды магистральдық газ

құбырының объектілерін пайдалану бойынша

негізгі қызметке қатысы жоқ мақсатта пайдалануға тыйым

салынады.

Жоғарыда баяндалғандарға қатысты барлық

сұрақ, шағым және ұсыныс жөнінде келесі

мекенжайға хабарласуыңызға болады:

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы

қаласы, Желтоқсан к-сі 96/98,

тел. +7 (727) 330-66-44,

факс: +7 (727) 330-66-45, info@bsgp.kz.

Дөңгелек үстел

Қоғам дертімен

күрес тоқтамайды

Шымкент қаласындағы

№4 өрт

сөндіру бөлімінде

жеке құраммен «Сыбайлас

жемқорлықтың

алдын алу» мақсатында

дөңгелек үстел өтті.

А.Алтынбеков,

Шымкент қаласындағы

№4 өрт сөндіру бөлімінің

бастығы, азаматтық қорғау

подполковнигі

Іс-шараға қатысқан

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің облыстық

департаментінің бас маманы

Жазира Алжанова «Бүгінгі таңда

мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа

қарсы функциясын құқық

қорғау органдарының жұмысы

тұрғысынан ғана қарау мүмкін

емес. Сыбайлас жемқорлықпен

пәрменді күресу үшін халықтың

құқықтық сауатсыздығын

жоятын құқықты түсіндіру жұмысының

деңгейі мен сапасын

арттыру керек. Біздің қоғамда

сыбайлас жемқорлыққа орын

жоқ. Азаматтық қоғамның барлық

институттарының күш-жігерін

біріктіру, осы дерттің одан

әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың

халықаралық тәжірибесі

мен барлық амалдарын қолдану

арқылы ғана бұл құбылысқа

тиімді түрде қарсы тұруға

болады» деді.

Ал Шымкент қаласы Қаратау

аудандық «Нұр Отан» партиясы

филиалы төрағасының бірінші

орынбасары Әшірбек Тұрдалин

қазіргі уақытта елімізде жемқорлыққа

қарсы белсенді жұмыс

жүргізіліп, жемқорлықпен күрес

мәселесінде екінші мемлекеттік

бағдарлама іске асырылып жатқанынтілге

тиек етті.

8

№50 (1589)

27 маусым 2018 жыл

Фототілші

Соңғы бет

www.shymkala.kz

«Ұланға» жазған

хаттарым мені

журналистикаға

жетеледі»

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

«Балбөбектен»

ҚазҰУ-ге дейін

Әйгеріммен сұхбатымыз

біз бірге жүрген саланың қызықты

сәттерінен басталды.

Жақында өткен БАҚ арасындағы

дәстүрлі спартакиаданы

еске алдық. Алматыдағы

іс-сапары жайлы әңгімелестік.

Кейін Әйгерім осы салаға

қалай келгені туралы

айтып берді.

– Мен 2 сыныпта оқып

жүргенімде «Шымкент келбеті»

газетінің жанынан

айына екі рет басылып шығатын

«Балбөбек» балалар

газеті болатын. Міне, осы

газеттің жас оқырмандарының

бірі едім. Бұл 1998 жылдар

болуы керек. Араға біраз

уақыт салып, 7 сынып

оқып жүргенімде «Балбөбекте»

байқау болып жатқанын

оқыдым. «Асыл әжем менің»

тақырыбындағы балалар арасындағы

шығарма жазудан

облыстық байқауға мен де

әжем жайлы шағын әңгіме

етіп жазып, алғашқы мақаламмен

байқауға қатыстым.

1 маусым - халықаралық балаларды

қорғау күніне орай

ұйымдастырылған байқаудың

марапаттау сәті әлі де

көз алдымда, балалық шағымның

жарқын естелігі болып

қала бермек.

Анасының сіңлісі

Әйгерімнің жазуға қабілеті

бар екенін байқап, жазған бір

мақаласын республикалық

«Ұлан» газетіне жіберді. Осылайша

7 сынып оқушысының

егіз көршілері жайлы мақаласы

жарық көреді. Әйгерім

кейін мектептегі озат оқушылар,

дарынды жастар жайлы

жазып жүргенін айтты.

– 9 сыныпта оқыған жыл

мен үшін сәтті болып, «Ұланның»

мүшесі атандым. «Ұланның

жас тілшісі» куәлігін

мектеп директорының өзі табыстады.

Ал 10 сыныпта Астанаға

жас тілшілердің халықаралық

«Жас қаламгер»

фестиваліне Оңтүстіктен 5

оқушы бардық. 11 сыныпта

Алматыда өткен «Қаламгер

азамат» республикалық

жас тілшілер форумына

қатыстым. Екі күндік шара-

да Әл -Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық университетіне алып

барды. Журналистика факультетімен

жақсылап танысқан

мен осында оқимын деген

ойда болдым. Үйге келгенде

ҰБТ-ға дайындыққа кірістім.

Дегенмен, анасы жалғыз

қызын алып шаһарға жібергісі

келмепті. Уайымдайды. Оған

қоса көзі ауырып, емдетуге

тура келеді.

– Ұлттық бірыңғай тесттен

кейін анамның жанарына

ота жасатуға тура келді.

Мен анам үшін оқудан бас

тарттым. Шымкентте, филология

факультетінде оқи беремін

дедім. Бірақ ҚазҰУ-дің

аудиториялары мен студенттер

қалашығы көз алдымнан

кетпеді. Анам ауруханада

жатқан кезде көрші ауылдағы

ағамның үйіне барып, Қаз-

ҰУ-ге қоңырау соқтым. Біздің

ауылда ешкімде телефон болмады

ма, есімде жоқ. Тұтқаның

арғы жағындағы анам

қатарлы апай құжат тапсыру

аяқталуына екі күн қалғанын

айтты. Ол жұма еді.

Сенбі түске дейін ғана жарты

күн мүмкіндік болды. Ал

жексенбі күні анамның көзіне

ота жасалатын.

Шарасы таусылған

Әйгерім ақылшы әпкесінен кеңес

сұрапты. Ол кісі құжаттарын

дайындай алса, жексенбі

күні анасының операциясынан

кейін Алматыға алып баратынын

айтып, қуантады.

Ертеңіне Әйгерім барлық құжатын

дайындауға кіріседі.

Медициналық анықтамасын

жалғыз жүгіріп, әрең алғанын

айтады.

– Содан ауылдағы мектептен

атестатымды алып, жексенбі

күні әпкеммен Алматыға

жол тарттық. Дүйсенбі күні

№137 түлек болып, қабылдау

комиссиясына құжаттарымды

өткіздім. Араға екі-үш күн салып,

шығармашылық емтихандарын

тапсырдым. Шекті

50 балдың елуін алып, ҰБТдан

алған қазақ тілі мен Қазақстан

тарихынан 46 ұпай

бар - жалпы 96 балмен мемлекеттік

грант иегері атандым.

Осылайша бала арманым

орындалып, үлкен шаһардағы

белді университеттің студенті

атандым.

«Ауылда

фотограф болып

ақша таптым»

Әйгерімді көпшілік тек

журналист қана емес, фотограф

ретінде де таниды. Өзінің

айтуынша, бұл кәсіпті мақала

жазудан кем көрмейді. Әңгімеміз

де осы тақырып төңірегінде

өрбіді. Фототілшінің

өзінің ұстазы, фотограф

Мақсат Шағырбаев туралы

жазған мақаласын бір оқып

алып, Әйгерімнен суретке

түсіруді қалай, қашан үйренгенін

сұрадым.

– Анамның кенже сіңлісі

менің туған әпкемдей қамқорлық

жасады. Он үшке толған

күнімде маған пленкалы

фотоапарат сыйлады. Міне,

6 сыныптан бастап ауылдағы

туыс-туған, көрші-қолаңды

суретке түсіре бастадым. Үйрететін

ешкім болмады. Пленканы

толтырып, шығарғанша

асығатынмын. Толмай жатса,

табиғатты, айналаның бәрін

суретке түсіре беретінмін. Көшеге

қолыма фотоапаратымды

ұстап шыққанда бәрі менен

қашатын. Содан бір күні

көршілерімнің балаларын суретке

түсіріп, шығарып бергенімде

маған ақша ұсынды.

Осылайша мұны кішігірім бизнеске

айналдырдым. Мектеп,

мәдениет үйлеріндегі іс-шаралардың

барлығын суретке

түсіре беретін болдым. Ол кезде

ауылда смартфон да, фотограф

та жоқ, барлық іс-шараға

мені шақыратын. Тіпті,

көрші ауылдан шақыратын

еді. Оларда фотоаппараты бар

ешкім жоқ еді. Осылайша мектеп

бітіргенше ауылдың фотографына

айналдым. Ауылдастарыма

қазір алғыс айтамын.

Кішкентай қыз деместен,

талабымды қайтармай

барлық іс-шаралардан қалдырмайтын.

Тіпті, суреттер

күйіп кеткен немесе қарайып,

дұрыс шықпаған кезде де маған

ренжімейтін. Әлі есімде,

«Балбөбекте» «Қыс мезгіліндегі

ең үздік хат жолдаушы»,

«Әрбір балаға отбасы қажет»

сынды байқаулар ұйымдастырылатын.

Осы байқаулардың

бірінде екі фотоаппарат

ұтып алғаным бар. Содан мектеп

бітіргенше үш фотоаппаратты

да ешкімге бермей, не

сатпай, алма-кезек ауыстырып

пайдаландым.

Әйгерімнің тілегені болып,

ҚазҰУ-дегі оқуында жазумен

бірге фотоға түсірудің де қыр-

Оның іnformburo.kz сайтында күркетауық

бағып, 23 жасында «Гелендваген» мінген

жігіт туралы материалынан кейін кейіпкері

Бақыт Кенжебаев та «жұлдыз» атанды, өзі

де оқырманына танымал бола түсті. Ауылда

жүріп, кәсіптің көзін тапқан жігіт туралы қызық

материал екі-үш күннің ішінде 30 мыңнан аса

қаралып, «Қазақстан», «Еуразия» және тағы басқа

телеарналар осы тақырыппен сюжет жасады.

Қаншама сайт көшіріп басты. Облыстық, республикалық

қазақ және орыс тілінде шығатын газеттер

мақала етіп жариялады. «Күркетауық»,

«Гелендваген» сөздерінен кейін өздеріңіз де танып

отырған боларсыздар, бүгінгі кейіпкеріміз

Әйгерім Бегімбет туралы болмақ. Әйгерім Бейсен

Құранбек жүргізетін «Қарекет» бағдарламасында

қонақта болып, «Қызық кәсіп» тақырыбында

күркетауық баққан Бақыт туралы сұхбат беріп

қайтты. Бұл – Әйгерімнің бір ғана кейіпкері жайлы

әңгіме. Жазған дүниелерін оқырман бір деммен

оқып, кейіпкерлері ел-жұртқа кейде өзінен

асып, танымал болатын фото-тілші. Өзі қарапайым.

Қайда барса да иығына асынған фотоапаратын

тастамайды. Журналистикаға деген махаббаты

мен талабы ерекше.

сырын үйретеді.

– Бізде журфакта бірінші

курста «Телевизиялық журналистика»,

екінші курста

«Фотожурналистика» сабағы

жүрді. Үй тапсырмаларына

пейзаж, портрет сияқты әртүрлі

жанрда суретке түсіруге

тапсырмалар беретін. Ауылдан

енді ғана келген бізде ондай

құрылғы жоқ қой. Фотоаппаратты

жоғарғы курстағы

аға-әпкелерден сұрап алатынбыз.

Оған кезекке тұратынбыз.

Бірде үйдегілер хабарласқанда

осындай жағдай

болып жатыр деп айтқанымда,

әпкем цифрлы фотоапарат

алып, салып жіберген.

Содан әпкемнің жарты айлығына

алған фотоаппаратына

бүкіл студенттік шақтарды

түсірдік.

Әйгерім Алматыда оқып

жүргенінде белгілі фотограф

ағаларымен танысып, ақылкеңесін

алып жүреді. Фототілші

атты өнердің қырсырын

үйреткен ағаларының

бірі, тіпті, Әйгерім жалғыз

фотоаппаратын жоғалтып

алған кезінде көмекке келіп,

өзінің фотоаппаратын сыйлап,

мәрттік танытқан. Жас

фототілші осы жақсылықты

өмір бойы ұмытпайтынын

айтады.

– Шүкір Шахай аға 16 жыл-

дан бері Премьер-Министрдің

фотографы. Демалысқа елге

келгенде Шымкентке бес-он

минут аялдап, өзінің тым

қымбат фотоаппаратын маған

сыйға тартты! Шүкір ағаның

үйіндегі апайымыз «Сенің

фотоаппаратыңның жоғалғаны

ағаңа қатты батты» дейді.

Қамқорлық жасаған ағама

Алла разы болсын деймін.

Талай тарихи тұлғалар мен

оқиғаларды түсірген фотоаппарат

маған да құт боларына

сенімдімін. Сосын Жеңіс

Ысқақбай ағама алғыс айтқым

келеді. Мен құр қол жүргенде

өзінің бір фотоаппаратын бере

тұрды. Бағалы фотоаппартты

алты ай ұстап, игілігіме пайдаландым.

Осы ағаларыма айтар

алғысым шексіз.

...Бүгінде Әйгерім өңірімізге

белгілі фотограф қана емес,

қаламы қарымды журналист.

Фототілші мамандығын қатар

алып жүр. Ресми түрде республикалық

«Әжір» балалар

журналының тілшісі. Дегенмен,

бір орында дамыл тауып

тұрмайтын әріптесім бірқатар

сайттарға мақала жазып,

фрилансерлікпен сәтті айналысып

жүр. Өзінен «Фотоның

сіз үшін мағынасы не» дегенімде

жымиып, «Фотография

– тілсіз оқиға» деп қысқа

қайырды.

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Сапарµалè ¬АНАТ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 1928 Таралымы: 7916 дана

Кезекшi редактор – Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!