03.08.2018 Views

Шымкент келбеті 61

Жұма 3 тамыз 2018 жыл

Жұма 3 тамыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

№61 (1600)

3/08 4/08 5/08

34 19 36 21 38 22

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады Жұма 3 тамыз 2018 жыл www.shymkala.kz

Эпидемиологиялық

ахуал тұрақты

Күнгейдің

маржаны –

Сайрам-Өгем

u

5-БЕТ

u

8-БЕТ

мәселе

Өндіріс

Ш ымкентке

батыс,

солтүстік өңірлерден

қайтатын

3 бағыттағы

пойыз

жолдан

кешікті. Жолы

бөгелген осы

жолаушыларға

теміржол вокзалында

қандай

қызмет

көрсетілді?

Ақмарал Молдиярқызы

aashirova@shymkala.kz

31 шілде күні сағат 08:05-

те Жамбыл облысына жүк

тиелген пойыздың 10-нан астам

вагоны рельстен шығып

кетті. Төтенше жағдай Қашқантеңіз-Жастар

өткелінің

Мойынты-Шығанақ бөлігіндегі

Сарышаған стансасында

Жолдан қалған

жолаушылар:

өтемақы төленеді

орын алған. Соның салдарынан

5 бағыттағы пойыз жолы

жабылып, мыңдаған жолаушы

межелі жеріне дәл уақытында

жете алмады.

Осы бес бағыттағы пойыздың

үшеуі Шымкенттегі

станцияға қатынайды.

Қалаға келген жолаушылардан

бөлек тағы 250-ден

астам жолаушы жергілікті

станцияға жиналды. Алайда,

пойыздың кешігетінін

естіген соң 150-і байланыс

нөмірін қалдырып, үйлеріне

қайтқан.

Түркістан облыстық

«Шымкент магистральді

желі» бөлімшесі филиалы

директорының вокзал шаруашылығы

жөніндегі орынбасары

Е.Занкоев түсіндіру

жұмыстарынан кейін теміржол

вокзалында 100-ден

аса жолаушы қалғанын

айтты.

– Олар Шымкентте тұрмайды.

Пойыздары келгенше

қайда барады? Осы

теміржол вокзалында түнеді.

«Қазақстан Темір

жолы» ҰК АҚ жолаушыларға

тек сервистік қызмет

көрсетуге міндетті.

u

3-БЕТ

Тұрмыстық

қалдық

кәдеге жараса...

Қазір жаз мезгілі. Тұрмыстық қатты қалдық көбейіп,

қаланы қоқыстан тазарту мәселесі де күрделене

түсетін кезең. Есептеулер бойынша қаладан күн

сайын 680-750 тоннаға дейін қатты қалдық полигонға

жеткізіледі.

Тағабай ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

Яғни, бүгінде қоқысты

кәдеге жарату, оны қайта

өңдеу, сатып пайда табу

сынды жұмыстар қолға

алынуы тиіс. Бізде бұл жұмыстар

қалай жүргізіліп

жатыр? Шымкентке жақын

«Бадам» индустриалды

аймағында бұл бағытта

әлеуетті жобаның құрылысы

бітуге таяған.

Жаңа жобаға

қызығушылар бар

Үш і н ш і мега пол ис т е

абаттандыру, көгалдандыру

сынды жұмыстар қарқын

алған. Бұл ретте көше

бойларында, үй аулаларында,

қоғамдық орындардағы

босаған қалдықтарды тазалап,

қаланы қоқыстан тазарту

– басты мәселелердің

бірі. Жыл өткен сайын бұл

жағдай күрделене түсері

мәлім. Жасыл қаланы одан

әрі көркейту, тынысын кеңейту

ләзім.

Маңызы да зор, әрі пайдасы

да мол бұл салаға қызығып

отырған инвесторлар

да бар. Соның бірі –

Бадам» индустриалды аймағында

орналасқан «Полиэтилентерефталат

(ПЭТ)

қалдығының жасанды талшығы

өндірісі» зауыты.

Жылына 50 мың тонна жасанды

талшық өндіретін

зауыт биылғы күзде толық

қуаттылығымен іске қосылмақ.

Ал Шымкенттегі жағдай

қалай?

u

3-БЕТ

Қайырымдылық

Кәсіпкерлер

қайырымдылыққа

үлес қосуда

Шымкенттегі Абай ауданында 300-ге жуық аз

қамтылған отбасы тіркелген. Оларға осы аудандағы

жомарт азаматтар мен қайырымды жандар

жыл бойы қаржылай және материалдық көмектер

көрсетіп келеді.

u

2-БЕТ

Қала шаруашылығы

көлік кептелісі азаюда

Ш

аһардағы «Бекжан» базары маңындағы жолайырықтан

көліктер жүре бастады. Мердігер мекеме

«ЖБИ-С» ЖШС құрылыс жұмыстарын қараша айында толық

аяқтауды жоспарлап отыр. Ал қалған ұсақ-түйек жұмыстары

көліктер жүрсе де жалғаса береді. Жолайырықтан

көліктерді ерте өткізудің де өз себебі бар.

Білім көкжиегі

Білім гранттарын бөлуге

қоғам өкілдері қатысады

Жыл сайын елімізде жоғарғы білім беруге бөлінген

қаржының көлемі ұлғайып келеді. Сондықтын

осы гранттарды бөлудің ашықтығы мен

әділдігін қамтамасыз етудің өзектілігін де арттып

отырғаны сөзсіз.

u 3-БЕТ u 2-БЕТ

2

№61 (1600)

Апта

www.shymkala.kz

"З-Энергоорталықта" –

жаңа логотип

Е

уразиялық Топқа (ЕRG) кіретін "З-Энергоорталық" АҚ

компанияның жаңа логотипін ұсынады. Бұған қоса

кәсіпорынның фирмалық стилі біртіндеп жаңарып келеді.

Бұл ребрендинг жобасы 2019 жылдың соңына дейін

толығымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды "З-Энергоорталықтың"

баспасөз қызметі.

Биылғы сәуір айында Еуразиялық

Топ құрамына кірген

"З-Энергоорталык" АҚның

жаңа бейнесі Еуразиялық

Топтың брендбугіне

сәйкес құрылды. Мыңдаған

адамдық ұжымы бар ірі халықаралық

компаниялардің

бір бөлігі атанған кәсіпорын

өзінде ERG-нің ең жоғары

әлемдік стандарттарға сай

келетін өндірістік және корпоративтік

мәдениетін енгізетін

болады. ЕRG-ның электр

және жылу энергетикасы саласында

жинаған мол тәжірибесі

"З-Энергоорталық" АҚ-да

қолданыс табады.

Ребрендинг кәсіпорын-

Анықтама

"3-Энергоорталық" АҚ 2000 жылдың 20 наурызында құрылды.

Негізгі қызметі – жылу және электр энергиясын

өндіру. Компанияға Шымкент қаласында орналасқан ТЭЦ-

3 жылу электр станция кешені тиесілі. Электр станциясының

алғашқы іске қосу кешені 1981 жылы пайдалануға

берілді. ЖЭО "Қуат-Жылу-Орталық-3" МКК-не жылу және

электр энергиясын жеткізеді. Кәіпорын орта есеппен жылына

700 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді.

Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып

шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг

салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды

өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың

бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан

14 елде кәсіпорындары жұмыс істейді. ERG 2014

жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқарушы компанияның

бас кеңсесі Люксембургте орналасқан. ERG –

Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен

бірін құрайды. Сонымен қатар Орталық Азиядағы электр

қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі теміржол операторы.

Қазақстандағы ERG кәсіпорындарында 61 мың

адам жұмыс істейді.

Өнер

ның техникалық жаңғыруы,

жаңа жобаларды іске асыру

және станцияның тұрақты

жұмысы бойынша стратегиялық

міндеттеріне жауап

береді. Белгілі болғандай,

Қазақстанның оңтүстік өңірі

қосымша реттеуші қуатын

қажет етеді және Шымкент

ЖЭО одан әрі дамыту, энергия

тапшылы мәселелерін

шешу үшін жақын болашақта

кәсіпорын алаңында бугаз

электр станциясы салынатын

болады.

Ал жаңа логотип барлық

коммуникацияларда кәсіпорын

стейкхолдерлерімен интеграцияланатын

болады.

«Қазына»

бишісі АҚШ-қа аттанады

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық

филармониясының «Қазына» би ансамблінің

бишісі АҚШ-тағы Breoklyn Art

Music университетінің арнайы шақыртуына ие

болды. Бұл туралы өнер ұжымының баспасөз

қызметі хабарлады.

u

Басы 1-БЕТТЕ

Білім гранттарын бөлуге

қоғам өкілдері қатысады

Осы мақсатта «Қоғамдық

бақылау картасы»

жобасын жүзеге асыру

аясында Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігі Білім және

ғылым министрлігімен

бірге жоғары оқу орындары

мен колледждерге оқуға

түсу кезінде білім беру

гранты мен мемлекеттік

білім беру тапсырысын

тағайындаудағы конкурстық

комиссияның жұмысына

қоғам өкілдерін қатыстыруды

жоспарлауда.

Осы ретте 31 шілде күні

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл

агенттігінің аумақтық департаментінің

ұйымдастыруымен

білім саласына

гранттар бөлудегі сыбайлас

жемқорлықтың алдын

алу, ашықтықты қамтамасыз

ету мақсатында

кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынға Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің аумақтық

департаментінің басшысы

Ә.Көмекбаев, облыстық

білім беру басқармасының

басшысы И.Сағындықов,

ЖОО және колледж

директорлары мен қызметкерлері,

жалпы саны 500-

ге жуық адам қатысты.

– Білім беру – ең өзекті

сала. Осы саладағы сыбайлас

жемқорлықтың алдын

алу, әсіресе, білім беру

гранттарын бөлудегі ашықтықты

қамтамасыз ету мақсатында

агенттік пен министрлік

тарапынан үлкен

жоба қолға алынып отыр.

Осы жобаны жүзеге асыру

мақсатымен департамент

жанынан құрылған, қоғам

белсенділерінен тұратын

арнайы мониторинг тобы

білім беру гранты мен мемлекеттік

тапсырысты бөлуге

бекітілген конкурстық комиссия

мүшелері жұмысына

бақылаушы ретінде қатысатын

болады. Тек арнайы мониторинг

тобының мүшелері

ғана емес, облыстың,

Шымкент қаласының белсенді

азаматтарын да бақылаушы

болуға шақырамыз,

- дейді департамент басшысы

Ә.Көмекбаев.

– Облыста еңбек нарығында

жұмыс күшіне деген

нағыз қажетті сұраныс

Кәсіпкерлер

қайырымдылыққа

үлес қосуда

u Басы 1-БЕТТЕ Қаржылай және азық-түлікпен

көмек беру - жыл бойы

Бизнестің әлеуметтік тоқтаусыз жүргізіліп отыратын

процесс, - дейді бөлім

жауапкершілігі аясында

жүзеге асырылып жатқан басшысы.

жұмыстар туралы Абай Қайырымдылық шарасында

аудандық әкімдікке қала-

ауданы әкімдігінің халыққа

әлеуметтік қолдау лық маслихат депутаттары

көрсету бөлімінің басшысы

Меруерт Тұтқышбаева лын созып, игі істен қалыс

мен кәсіпкерлер көмек қо-

айтып берді.

қалмайды. Тек аттарын атамауды

өтінеді. «Мейірім шуа-

– Абай ауданы әкімінің

орынбасары Гүлсара ғы» қайырымдылық қоры

Ташимованың бастамасымен

жыл басынан бері тинг» мекемесі өздерінің 20

мен «Су ресурстары-Марке-

39 қайырымдылық шарасы

өткізілді. Оның аясынңында

«Қайырымды 20 іс»

жылдық мерейтойы қарсада

834 отбасы қамтылды. акциясын өткізіп, аудандағы

Аталған игі істің шарапатын

көргендер – ҰОС көмектесті. Мешіт имамда-

тұрмысы төмен отбасыларға

және тыл ардагерлері, ры да игілікті шарада белсенді.

Енді осы отбасыларға

көп балалы аналар мен

тұрмысы төмен отбасылар.

Сонымен қатар тұл тар алдағы жаңа оқу жылы-

жоғарыда айтылған азамат-

және жартылай жетімдер,

дертке шалдыққан, сы барысында да көмектесна

«Мектепке жол» акция-

сондай-ақ, зорлық-зомбылыққа

ұшыраған азакерлеріпек,

- дейді әкімдік қызметматшаларға

да материалдық

көмек көрсетілді.

Азамат ЖАППАР

кәсіпке – қолдау

2018 жылдың І жарты

жылдығында «Ауыл шаруашылығын

қаржылай

қолдау қоры» АҚ облыстық

филиалы арқылы 260

тұлға несие алды. Жалпы

сомасы - 1 122,5 мың

теңге, соның ішінде 184

жоба мал шаруашылығына

қатысты кәсіп түрі. 6

пайыздық үстемесімен 7

жыл мерзімге берілген несиелер

бұған қоса жылыжай,

жиһаз өндірісі және

шаштараз ашуға байланысты

болып отыр. «Нәтижелі

жұмыспен қамту

және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017-

2021 жылдарға арналған»

пен жергілікті атқарушы органдардан

келіп түскен формальды

ұсыныс арасындағы

алшақтықты барынша қысқарту,

соған сәйкес жұмыссыздықты

және нағыз мамандық

иелерінің тапшылығын

кеміту мақсатында сұранысқа

ие, қажет мамандықтарды

сараптап, мемлекеттік

тапсырысты бекітуге

алғаш рет білім басқармасы

жанынан 7 сала бойынша

жұмысшы топ құрылды.

Осы жауапты істі атқаруға

жұмысшы топ құрамына

облыстық кәсіпкерлер палатасы,

кәсіпорын басшылары,

қоғамдық ұйымдар мен

салалық басқарма мамандары,

мәслихат депутаттары

енді, - деп атап өтті облыстық

білім басқармасының

басшысы И.Сағындықов.

Айта кетейік, азаматтармен

тиімді кері байланыс орнату

мақсатында департаменттің

memkyzmet.kz сайтында

арнайы «Білім» айдары

ашылып, +7 775-869-21-

21 нөмірі бойынша WhatsApp

мессенджері іске қосылды.

300 кәсіпкер

несие алған

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы

аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие

берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға

3,282 млрд теңге қаралып, несиелендіру жұмыстары

жалғасуда.

бағдарламасын іске асырудың

екінші тармағы

- «Аграрлық несие корпорациясы»

АҚ арқылы

64 тұлғаға (201 652 мың

теңге) 6 пайызбен 7 жыл

мерзімге несие беріліпті.

Оның 63-і мал шаруашылығына

қатысты болса,

беруі жылыжай өндірісіне

тиесілі.

Одан бөлек нәтижелі

жұмыспен қамту, жаппай

кәсіпкерлікті және кооперативтерді

дамытуға республикалық

бюджеттен

қосымша 3 млрд теңгеге

бюджеттік өтінім беріліп,

оның 1,8 млрд теңгесі

мақұлданды.

1 т а м ы з к ү н і

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық

филармониясына

қарасты «Қазына» би ансамблінің

бишісі Баттал Сабинаға

АҚШ-тың Нью-Иорк

қаласына Breoklyn Art Music

университетінің Dance Motion

USA бағдарламасының директоры

Sarah Horne ханымнан

арнайы шақыру қағазы

келді. Енді өнерпаз 5-11 тамыз

аралығында іс-тәжірибе

алмасу үшін мұхиттың арғы

жағына іс-сапарға аттанғалы

отыр. «Корея, Моңғолия,

Колумбия, Ресей сынды мемлекеттердің

кәсіби мамандарымен

бірге Қазақстаннан

біздің "Қазына" ансамбліне

арнайы шақырту келгені

қаншама жылдар бойғы ансамбльдің

еңбегінің нәтижесі

деп білеміз» дейді бишілердің

өздері. Ендеше, ел аманатын

арқалап, алыс сапарға аттанғалы

отырған Сабинаға

сәттілік тілейміз!

Азамат ЖАППАР

қала шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жерлері

кері қайтарылады

Шымкентте 775,8 гектар жер мемлекет меншігіне

қайтарылмақ

Бұл жерлерді осы уақытқа

дейін ешкім қолданбаған.

Нақты айтқанда

2017 жылы қолданылмаған

472,5 гектар жер

анықталды. Соның 74,5

гектары кезінде бизнеске

бөлінген болатын, 398 гектар

жер - ауыл шаруашылығына

арналған. Ал 2018

жылдың 6 айында тағы 211

учаске анықталды. Олардың

жалпы көлемі - 302,3

гектар. Соның 173 учаскесі

- бизнеске, ал 38 учаскесі

ауыл шаруашылығына

берілген.

М ы с а л ы , қ а л а д а ғ ы

Бәйдібек би даңғылының

бойынан жалпы ауданы

5,9 гектар болатын 24 жер

учаскесі бөлінген, дегенмен,

олар пайдаланылмады.

Қонаев даңғылының

бойынан жалпы ауданы

7,4 гектар болатын 21 жер

учаскесі, ал Алматы айналма

тасжолының бойынан

37 учаске бөлінген. Бұл

жерлер анықталғанымен,

жер инспекциясы оларды

мемлекет меншігіне қайтару

бағытында жұмыс

жүргізбеген. Енді ол жерлер

аудан әкімдіктеріне

қайтарылып, спорт-сауықтыру

және ойын алаңшаларының

қ ұ ры лысына

беріледі.

Үшінші қала

www.shymkala.kz

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

3

Жолдан қалған

жолаушылар:

өтемақы төленеді

u

Басы 1-БЕТТЕ

Тұрмыстық

қалдық

кәдеге жараса...

Алайда, кешегі жағдайға

байланысты қолымыздан келгенін

жасадық. Ана мен балаға

арнайы жабдықталған

бөлме берілді. Түнде көз шырымын

алу үшін бәріне орын

қарастырылды. Тамақтануға

жағдай жасап, сусын жеткізіп

бердік. Дегенмен, жолынан

қалған, уақтылы үйіне жетіп,

дұрыс тыныға алмаған адамның

ашулануы заңдылық. Ондай

сәттерді де түсінеміз және

жолаушыларымыздан төтенше

жағдайдың орын алуынан

туындаған келеңсіздіктер

үшін «Қазақстан Темір Жолы»

ҰК АҚ атынан тағы да кешірім

сұраймыз.

Бүгінде барлық бағыт бойынша

кешіккен пойыздар

келді, жолаушылар аман-есен

жолға шығып кетті. «Ал межелі

жеріне кешігіп жеткен барлық

жолаушылар пойыздан түскеннен

кейін вокзал станцияла-

Бұл жоба «Ontustik Invest-2016»

халықаралық инвестициялық форумы

аясында қол қойылған ынтымақтастық

туралы меморандумның

нәтижесінде жүзеге асып отыр. Инвестициялық

құны – 20 млн АҚШ

доллары. Жасанды талшық – бұл

өнеркәсіптің барлық салаларында

қолданылатын әмбебап материал.

ПЭТ-ті қайта өңдеу Қазақстандағы

экологиялық жағдайды жақсартуға

әсер етеді. Аталған жоба елімізде алғаш

рет қолға алынып отыр.

«Мемлекеттен

субсидия берілсе»

Қалалық тұрғын үй-коммуналды

шаруашылық бөлімі мамандарының

айтуынша, бір күнде қаладан 590-

650 тонна аралығында қоқыс шығады.

Оны полигонға шығару қызметі

ТҮКШ-тің арнайы автотранспорт мекемесі,

«Спец эко-сервис» ЖШС, «Бек

Асыл Сервис» ЖШС-іне жүктелген.

Жаз маусымында қоқыстың көлемі

де едәуір көбейеді.

Шымкентте Ақтас-1 елдімекеніне

жақын маңда 29 га жерді алып жатқан

жалғыз қоқыс полигоны жұмыс

істейді. Бұл жобаны ең алғаш «Технология

– 21» ЖШС қолға алған-тын.

Бірқатар қиындықтар кезігіп, зауыт

жұмысы тоқтап та қалған еді.

Қазір бұл жұмыстарды «Green

line» ЖШС атқаруда. Қоқыс сұрыптау

u Басы 1-БЕТТЕ зауыты аталған мекемеге 5 жылға

сенімгерлік басқаруға берілген.

Кәсіпорын былтыр желтоқсан

айында іске қосылып, жұмыс

басталып кетті. Сұрыптау қуаттылығы

17 пайызға жуықтайды.

Онда негізінен сұрыпталып жатқан

– қағаз, картон, ПЭТ ыдыстар,

пластмасса, темір, т.б. бұйымдар.

Шымкент қалалық тұрғынүй

коммуналды шаруашылық

бөлімі мамандарының айтуынша,

зауыт жұмысы әлі де жаңғыра

түсу керек. Заманауи құрылғылар

жетіспейді.

«Green line» ЖШС өкілдері не

дейді? Қазіргі мұндағы ең басты

мақсат – жұмысты тоқтатпау.

Күніне 500 тоннаға жуық қоқыс

келеді. Қалдықтар сұрыпталып,

сатылымға да шығып жатыр. Қоқыс

зауытының басшысы Ғалым

Сәдібековтың айтуынша, жарамайтын

қоқыс полигонда көміледі.

Қиындықтар да бар. Ол негізінен

тариф мәселесіне қатысты.

Қазір тек электр энергиясына

ақы төленеді.

– Зауытты қосқалы бері әлі

тарифті көтермедік. Алматы, Астана

қалаларында тариф жоғары.

Біз де бағаны көтеруге ұсыныс

жасаймыз. Полигон жанынан

қосымша жобалар қосу сынды

бірқатар жобаларымыз бар. Болашақта

дайын өнімдер де шығарамыз.

Қазір «Даму» қорынан

субсидия алуға құжаттарымызды

дайындап жатырмыз. Мемлекеттен

де қолдау керек, – дейді

ЖШС директоры.

Сондай-ақ, зауыт басшылығы

алда сұрыптаудан қалған қоқыстарды

жағып жіберетін жобаны

да іске асырмақ. Ол жүзеге асса,

қалада ешбір қоқыс қалмайды.

Әзірге жоспар 800 тоннаға дейін.

Оның да құрылысы полигонның

жанынан жүргізіледі.

Сана өзгеруі тиіс

«Таза болса табиғат, аман болар

адамзат». Рас, бұл сөздің маңызы

жыл өткен сайын еселене

түсуде. Күнделікті тұмыста қолданатын

заттарымыз көбеймесе,

азайған жоқ. Одан бөлек, әр қалдықты

өз алдына бөлек сұрыптау,

оны қайта өңдеу, сату сынды жұмыстар

өзекті.

Бұл салаға да жаңа цифрлық

технологияларды ендіру, инвестициялар

тарту, мемлекеттік қолдауларды

күшейту де басым бағыттардың

біріне айналып отыр.

Айта кетсек, АҚШ қоқысты

қайта өңдеу кәсібін ХІХ ғасырда

жолға қойған. Қазіргі таңда

дәл осы саладан қомақты пайда

тауып отыр. Жапония, Германияда

да қоқысты кәдеге жарату басты

саясатқа айналған.

Сол себептен де еліміздегі

кәсіпкерлер, инвесторлардың бұл

салаға мойын бұратын сәті жеткендей.

Бұл орайда ең алдымен

тұрғындардың да санасы өзгеруі

қажет.

рынан өтемақы алды» дейді билет

кассирі Бегарыс Сапарбай.

– Жолсерік акт толтырып беруі

тиіс. Оның аты-жөні жазылып,

қол қойған құжатымен кассаға келеді.

Кассада кезек көп болса кешке,

түнде немесе ертеңіне келіп

алуына болады. Жолаушылар тасымалдау

қызметі тек осы оқиғаға

байланысты әрбір кешігіп жеткен

азаматтарға өтемақы ретінде

билет бағасының 3%-ын қайтарып

береді, – дейді кассир.

Сондай-ақ, Бегарыс Толтайұлының

айтуынша, тек сол күнгі пойыздың

кешігіп келуіне байланысты

жолға шыға алмаған жолаушылар

да билетін теміржол кассасына

тапсырып, өз ақшасын 100% толық

қайтарып ала алады. Жалпы,

Сарышаған стансасындағы оқиғаға

байланысты уақытынан кешіккен

5 бағыттағы пойыз жолаушыларының

саны 4 мыңнан асып жығылады.

Абырой болғанда, адам шығыны

тіркелмеген.

«Исткомтранс» ЖШС-не қарасты

жүк пойызының рельстен шығып

кетуіне 28-вагонның бүйір

рамасы сынып кетуі себеп болған.

2009 жылдан бері қолданыста

жүрген бұл вагондардың рельстен

шығып кетуіне байланысты

осымен 14-ші оқиға тіркелді.

Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ осы бүйір рамаларды

қолданыстан алып тастау

туралы 2015 жылы шешім қабылдаған

екен. Енді шешімге құлақ

аспаған жүк вагондарының

иесі, заңға сәйкес барлық шығынды

өтеуге міндетті. Қазіргі таңда

оқиғаны тексеру бойынша арнайы

комиссия құрылып, өз жұмысын

бастады.

Шаһар шаруашылығы

көлік кептелісі

азаюда

u Басы 1-БЕТТЕ көшесі кеңейтіліп жатыр. Осы

жұмысты істеу үшін жолды ашу

Жуырда ғана газетімізде жолайырық

құрылысы қыркүйек айынлысын

қараша айында қабылдап

қажет болды. Жалпы, жол құрыда

аяқталатынын жазған едік. Көп аламыз, - дейді қалалық жолаушылар

көлігі және автомобиль

ұзамай-ақ мердігер мекеме жолайырықты

қала тұрғындарының жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі

Қ. Баймендиев.

игілігіне берді. Жалпы есептеулер

бойынша бұл маңнан өтетін көлік Бүгінде халық көп шоғырланған

маңдағы жолайырықтан көлік-

саны тәулігіне 150 мыңға жетеді. Бұған

дейін 109 мың көлік өтсе, осынау

жаңа құрылыстың нәтижесін-

межелі мерзімге дейін аяқжолдар

тер ағылып өтіп жатыр. Дегенмен,

де олардың саны 41 мыңға артып салу, көгалдандыру сынды жұмыстар

да жалғаса бермек.

отыр.

– Жұмыстар әлі толық аяқталған

жоқ. Бұл маңда Ахунбабаев

Ә.АЙТӨРЕ

4

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

Ұлт жоспары

www.shymkala.kz

Біздің мақсат

– мемлекеттік

Алик Шпекбаев,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

төрағасы

Бұл – мемлекеттік аппарат

қызметкерлерінің кәсіби

дәрежесінің төмен деңгейінің

және олардың жемқорлыққа

ұшырау себептерінің бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен

біз осы мәселені

шешудің кешенді амалдарын

қарастырдық.

Біріншіден, кадрларды іріктеу

және жоғарылату барысында

біліктілік тәсілі енгізілді.

Маманның білім деңгейін ғана

емес, сонымен қатар оның өз

білімін күнделікті қызметте

қалай қолданатынын және

осыған қажетті дағдылары мен

қабілеттерінің болуын анықтаудың

маңыздылығымен

келіспеу мүмкін емес. Нәтижелі

жұмыскер болу үшін теориялық

білім жеткіліксіз. Мысалы,

көшбасшылық саласындағы

маман әрқашан көшбасшы

болуға қабілетті емес.

Екіншіден, мемлекеттік органдардың

қызметшілерін бағалау

жүйесін қайта қарастыру

іске асырылды. Бұл жүйенің

кемшіліктері айқын. Мемлекеттік

қызметшінің атқаратын

жұмысының нәтижелілігі

оның ұйымның стратегиялық

жоспарын жүзеге асыруға қосқан

жеке үлесіне әділ баға беруге

мүмкіндік бермейтін ресми

көрсеткіштерге орай анықталды.

Біз маманның кәсіби

қалыптасуын ғылымға негізделген

тексеру жүйесін енгізу

арқылы осы және басқа

кемшіліктерді жойдық. Бұл жүйенің

сапасы «Б» корпусының

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін

кешенді аттестаттау

барысында сыналды.

Мемлекеттік органдардың

қызметшілерін қаржылық ынталандыруды

күшейту қажет

болды. Мемлекеттік қызметшілердің

еңбекақысын олардың

қызметінің нәтижелеріне байланысты

көтеру Ұлт жоспарында

көрініс тапқан түйінді

міндеттердің бірі екені белгілі.

Оны шешу Мемлекет басшысының

біздің барлық жұмысымыз

халықтың табыс деңгейін

арттыруға бағытталуы

тиіс деген нұсқауы тұрғысында

айрықша өзектілікке ие болады.

Ол үшін еңбекақы төлеудің

жаңа жүйесі әзірленді,

пилоттық режимде агенттікте,

әділет министрлігінде,

Астана қаласының және

Маңғыстау облысының

әкімдіктерінде енгізілді.

Ол екі бөліктен тұрады:

ф а к т орл ы- б а л д ы қ ш к а л а

негізінде анықталатын «тұрақты»

және бір жыл ішінде

атқарған жұмыс нәтижелері

бойынша кем дегенде 4 жалақыдан

жоғары бонус төлеуге

байланысты «ауыспалы».

Пилоттық жобаның мәні

неде? Жаңа жүйенің үш айқындаушы

факторы бар. Ол

қызметшілерді

ынталандырудың

жоғары деңгейіне

қол жеткізу

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі

түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған. Олардың

басты мақсаты жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю

емес, оны емдеу болып табылады. Дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол

ашатын, кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына бөгет болатын

осындай жүйелі мәселелердің бірі халыққа тиімді және адал қызмет ету

идеясын құнсыздандыратын мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы деңгейінің

жеткіліксіз дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесі,

шешілетін міндеттердің

ауыртпалық деңгейі

және нәтижеге қол жеткізу

үшін жауапкершілік деңгейі.

Аталған факторлар бойынша

«ұпайлар» жиынтығы

еңбекақы төлеудің жаңа

кестесіндегі лауазымның орнын

айқындайды. Ол 4 блокқа

біріккен: жауапты хатшылар,

аппараттардың басшылары

мен комитеттердің төрағалары

кіретін жоғары басқарушы,

негізгі, жәрдем беруші

және қосалқы.

Қызметінің тиімділігі

ұйымның стратегиялық мақсаттарға

қол жеткізуі үшін

түйінді болып табылатын

негізгі салалық бөлімшелердегі

жұмыс, әрине, жәрдем беруші

және қосалқы құрылымдардағы

жұмыспен салыстырғанда

әлдеқайда жоғары төленетін

болады.

Еңбекақы төлеудің

жаңа жүйесін енгізу

не береді?

Біріншіден, материалдық

ынталандырудың пәрменді

тетігі құрылады. Біз бірінші

рет ж ұ мыстың сипатына,

ауыртпалық деңгейіне және

тиімділігіне қарамастан, барлығы

тең дәрежеде жалақы

мен сыйақы алатын теңестірілген

тәсілден бас тартамыз. Мысалы,

мемлекеттік органның

стратегиялық мақсаттарына

қол жеткізуде маңызды рөл

атқаратын департаментінің

сарапшысы, құжаттарды тіркеу

мен жіберу бойынша міндеттерді

атқаратын канцелярия

бөлімінің маманымен бірдей

еңбекақы алады. Біреуі

тиімді басқарушылық шешімдерді

тұрақты іздеумен айналысса,

екіншісі әзірленген дайын

алгоритм шеңберінде әрекет

етеді. Сыйақыға байланысты

жағдай да осындай. Яғни,

әділеттіліктің негізгі қағидасы

бұзылады.

Екіншіден, жаңа моделді

қолдану аймақтардағы және

орталықтағы мемлекеттік қызметшілердің

жалақысындағы

үйлеспеушілікті 70%-дан 10%-

ға дейін түбегейлі қысқартуға

мүмкіндік береді. Ол «орталық-аймақ-орталық»

қағидасы

бойынша кадрлар айналымы

тетігін тиімді қолдануға

мүмкіндік береді.

Үшіншіден, осы жолмен

біз мемлекеттік қызметті әсіресе

талантты жастар үшін

еңбек нарығындағы тартымды,

бәсекеге қабілетті ойыншы

ретінде таныстыра аламыз.

Бүгінгі күннің өзінде пилоттық

органдардағы мемлекеттік

қызметшілердің жалақысы

екі есе артты. Ол еңбекке

деген қатынасты түбегейлі

өзгертеді, яғни заманауи адамды

жетістікке жетелейтін жасампаздық

пен көшбасшылыққа

шақырады.

Әрине, санаулы айлар ішінде

мемлекеттік қызметшілерді

материалдық ынталандырудың

үздік моделі құрылады

деп есептеу қателік болар. Сол

себепті бұл жобаны жүзеге асырудың

барлық мәселелік жақтарын

талдап, әрі қарай оны

барлық мемлекеттік аппарат

ауқымында іске қосу үшін пилоттық

режимде енгізілді.

Пилоттық жобаның аралық

нәтижелері қызметшілердің

адал және тиімді еңбек

етуге талпынысын, сонымен

қатар бәсекенің артуын

көрсетіп жатқанын атап өткен

жөн. Өткен жылмен салыстырғанда

кадрлардың ауысуы

шамамен 3 есе азайды, ал әділет

министрлігінде биыл мемлекеттік

қызмет жүйесінен бір

де бір адам кетпеген.

Бір орынға жарияланған

байқауға үміткерлер саны 55,

ол мемлекеттік қызметтің тартымдылығы

мен абыройының

артуын дәлелдейді. Реформаның

жоғары тиімділігінің

маңызды көрсеткіштерінің

бірі - пилоттық жобаны жүзеге

асыруға қатысатын мемлекеттік

органдардан сұрастырылған

жұмысшылардың

95%, оның нәтижелеріне қанағаттануында.

Факторлық-балдық шкала

шеңберінде жалақының

артуына қарамастан биыл

агенттіктің штат санын толықтыруға

мораторий жүргізу

арқылы орталықта 30%

және аймақтарда 10% оңтайландырдық,

бұл орталық аппараттың

орындаушылық сатысындағы

қызметшілердің

жалақысын 60%-ға, аймақтық

департамент қызметшілерінің

жалақысын 10%-ға арттыруға

мүмкіндік берді.

Бұл бағыттағы келесі қадам

кадр қызметтерінің жұмысын

қолданыстағы «Е-қызмет»

ақпараттық жүйесі негізінде

жалпы қызмет көрсету орталығының

үлгісіне ауыстыру

болды. Шетелдік және отандық

тәжірибе көрсеткендей,

жеке компаниялар мен мемлекеттік

мекемелердің адамзаттық

капиталы сапасын айтарлықтай

арттыруға қол жеткізу,

сонымен қатар HR-саясат

саласында шығындарды азайту

қызметкерлерді басқарудың

интеграцияланған жүйесін

құру арқылы қамтамасыз

етіледі. Ол қызмет көрсету

орталығының жалпыға ортақ

модельдерінің бірі.

Мысалы, Нидерландыда

қызметкерлерді басқару саласында

қызмет көрсететін

осындай орталықты құру мемлекеттік

мекемелердің аталған

қызметті атқаратын жұмыскерлер

санының 50 пайызға

қысқаруына және 250 млн

АҚШ доллары көлеміндегі қаражаттың

үнемделуіне алып

келді. Біздің жобаны жүзеге

асыру HR-үрдістеріне жұмсалатын

шығынды қысқартуға

мүмкіндік береді.

Қызметкерлерді басқарудың

интеграцияланған жүйесінің

жұмыс істеуі шеңберіндегі

кадрлық іс-жүргізуді

орталықтандыру мемлекеттік

органдардың құрылымы

мен қызметшілерін оңтайландырудың

сапалы жаңа

кезеңінің бастамасы болмақ.

Біздің есебіміз бойынша, аталған

модельді барлық мемлекеттік

қызмет ауқымында қолдану

кадр бөлімдерінің қызметкерлерін

және жалақы төлеу

бойынша бухгалтерлерді

шамамен 4600 қысқартып,

жыл сайын 5,5 млрд теңге

үнемдеуге алып келеді.

Оңтайландыру бойынша

кешенді жұмыс мемлекеттік

қызметшілердің еңбекақысының

жаңа жүйесін енгізу

бойынша жобаға қатысатын

әкімдіктерде де жүргізілуде.

Осылай өзгертудің нәтижесінде

Астана әкімдігі басқармаларының

саны 30-дан 21-ге

дейін қысқарды. Артық басқарушылық

құрылымдар оңтайландырылды,

қосарланушылық

жойылды. Агенттікке

ұқсас қызметшілерді басқарудың

бірыңғай қызметі, сонымен

қатар бақылау саласында

Бірыңғай орган құрылды. Халықпен

кері байланыс құруға

арналған «I-komek» бағдарламасы

іске қосылды.

Маңғыстау облысында басқарушылық

құрылымдарды

оңтайландыру, бизнес-үрдістерді

автоматтандыру жүргізілуде,

аудандар қағазсыз құжат

алмасу жүйесіне ауысуда.

Бақылау-қадағалау міндеттерінің

қысқаруы, қосарланушы

міндеттердің жойылуы,

міндеттерді бәсекелі ортаға

жіберу және әрі қарай

цифрландыру мемлекеттік органдардың

құрылымдары мен

штат санының оңтайландырылуына,

мемлекеттік қызметшілердің

еңбекақысын арттыруға

арналған қажетті қаржы

қорының пайда болуына

әкеледі.

Лауазымдары қысқартылатын

мамандарды әлеуметтік

қорғау мақсатында біз бейінді

мемлекеттік органдармен бірлесіп

оларды қайта оқыту және

әрі қарай жұмыспен қамтамасыз

ету мәселесін шешудеміз.

Жалпы факторлы-балдық

шкаланы енгізу бойынша жұмысты

мемлекеттік органдарда

шығындарды оңтайландыру

есебінен қарастырылатын

қаржының болуын есепке ала

отырып, кезең-кезеңімен өткізу

қарастырылған. Соның өзінде

Президенттің 2007 жылғы 29

наурыздағы «Әкiмшiлiк реформаны

одан әрі жүргізу жөнiндегi

кейбір шаралар туралы»

Жарғысына сәйкес еңбекақы

төлеудің қолданыстағы қорының

бюджетке қайтаруды қажет

етпейтіндігін, яғни мемлекеттік

органдардың теңгерімінде

қалдырылатындығын

ескертіп өткен жөн.

Мансаптық модельді құрудың

әлемдік тәжірибесі бойынша

мемлекеттік қызметшілерге

қойылатын талаптарды

арттырумен қатар, олардың

әлеуметтік қорғалуының деңгейін

де арттыру қажет. Сол

себепті қазіргі уақытта Президент

Әкімшілігінің қолдауымен

агенттік мемлекеттік қызметшілерді

әлеуметтік қамту

деңгейін жақсарту бойынша

шаралар әзірлеуде.

Баспаналы болу және зейнетақы

тағайындау, балабақшаларда

орындармен қамтамасыз

ету, аймақтарда денсаулықты

қалыпқа келтіру үшін

жағдайлар жасау барысында

жеңілдіктер ұсыну сөз болып

отыр. Мемлекеттік қызметшілердің

әлеуметтік жағдайларын

жақсартуға Мемлекет басшысының

5 әлеуметтік бастамасын,

оның ішінде «7-20-25»

бағдарламасын жүзеге асыру

маңызды серпіліс бермек.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс

банкі» АҚ-мен бірлесіп

әскери қызметшілер мен арнайы

органдардың қызметшілеріне

арналған бағдарламалар

сияқты әкімшілік мемлекеттік

қызметшілерге арналған

«5-5-25» ипотека мәселесін

әзірлеу шаралары басталды.

Жаңа еңбекақы жүйесін

қосқанда, мұның барлығы

мемлекеттік қызметшілердің

ынтасын айтарлықтай арттыруға

мүмкіндік беретін болады.

Мемлекеттік қызметшілердің

жалақысын орташа

деңгейде екі есе арттыру бойынша

реформаны толыққанды

жүзеге асыру 220 млрд теңге

қосымша қаржыны талап

етеді. Қаражат мөлшері ауқымды,

бірақ, оны тіпті бюджетке

ауыртпалық түсірмейақ

қарастыруға болады.

Ата лған жұмыс ұлттық

экономика министрлігінде

агенттікпен бірлесе Мемлекет

басшысының мемлекеттік органдар

мен ведомстволық бағынышты

ұйымдарды оңтайландыру

мен нығайту туралы

тапсырмасы аясында орындалып

жатыр. Біз бастапқы кезеңде

бос жұмыс орындарын

қысқартуды дұрыс деп есептейміз.

Олардың мөлшері шамамен

- 12 мың. Ол бірден 13

млрд теңгені бөлуге мүмкіндік

береді.

Бағынысты ұйымдарды

оңтайландыру тұрғысынан,

олардың ұйымдық-құқықтық

нысанын коммуналдық мемлекеттік

мекемеден (КММ) коммерциялық

емес акционерлік

қоғамға (КЕАҚ) өзгерт тиімді

шаралардың бірі болып табылады.

КЕАҚ форматында жұмыс

істеудің негізгі артықшылығы

- басқарудың икемділігі,

бюджетті бөлудегі тәуелсіздік,

қызметкерлерді бәсекеге қабілетті

жалақымен қамтамасыз

ету және қызметкерлер санының

азаюту мүмкіндігі.

Мысалы, осы өзгерістің нәтижесінде

Астана әкімдігі балалар

үйінің басшылығы қаржы-шаруашылық

қызметінің

ашықтығын арттырды. Нәтижесінде

90 млн теңге үнемделіп,

өрт қауіпсіздігі жүйесін

жетілдіруге, үй-жайларды

жөндеуге және жылумен

қамтамасыз ету инфрақұрылымын

жақсартуға, биометриялық

қол жеткізу жүйесін

енгізуге бағытталған.

Ең бастысы, қолда бар

бюджетпен қызметкерлердің

жалақысын 3-4 есеге көтеру

мүмкіндік болды. Егер бұрынғы

еңбекақы 33-тен 120 мың

теңгеге дейін болса, бүгінгі

күні 120-дан 450 мың теңгеге

дейін жетіп отыр. Астаналық

балалар үйінде жүргізілген

бұндай жұмыс басқа мемлекеттік

мекемелер үшін үлгі

бола алады деп ойлаймын.

Жоғары ынталанған мемлекеттік

қызметші, өзінің

мансаптық және материалдық

келешегінің тұтас және

толығымен ұйымның мақсаттарын

жүзеге асыруға қосқан

өз үлесіне, әлеуеті мен

жеке қасиеттеріне баға беруге

тәуелді екеніне сенімді болған

жағдайда өзінің абыройын

бағалап, әрқашан өзінің кәсіби

білімі мен дағдыларын дамытуға

талпыныс жасайтыны

ешбір күмән туғызбайды. Бұл

- біздің атқаратын еңбегімізден

күтілетін нәтиже.

Жаңа жүйенің

3

айқындаушы факторы бар. Ол

құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесі,

шешілетін міндеттердің

ауыртпалық деңгейі және

нәтижеге қол жеткізу үшін

жауапкершілік деңгейі.

Ең бастысы, қолда бар бюджетпен

қызметкерлердің жалақысын

3-4 есеге көтеру

мүмкіндік болды. Егер бұрынғы

еңбекақы 33-тен 120 мың теңгеге

дейін болса, бүгінгі күні

120-дан

450

мың теңгеге дейін

жетіп отыр.

Денсаулық

www.shymkala.kz

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

5

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау

вице-министрі Олжас Әбішев

Шымқалаға келген сапарында

атап өтті. Вице-министр бастаған

бір топ делегация «Денсаулық

сақтау саласын жаңғырту»

жобасын іске асыру мақсатында

екі күн семинар өткізіп, өңірдегі

емхана-ауруханалардың бас

дәрігерлеріне жобаны түсіндірген

болатын.

«Денсаулық сақтау саласын

жаңғырту» жобасының елімізде

жүзеге асып келе жатқанына

биыл - үшінші жыл. Бағдарлама

аясында алты бастама іске асырылуда.

Онда әлеуметтік медициналық

сақтандыруды енгізу,

жекеменшік медициналық мекемелер

мен бәсекелестікті нығайту,

денсаулық саласында бірыңғай

ақпараттық кеңістік құру,

дәрі-дәрмек нарығын, медциналық

туризм мен импортты алмастыру,

әлеуметтік маңызы бар

ауруларға түсетін ауыртпалықты

азайту көзделген.

– 2020 жылы басталатын міндетті

әлеуметтік медициналық

сақтандыруды енгізу, онда қарапайым

тұрғындарға қандай

шарттар енгізіледі, цифрландыру

жүйесі нендей пайда әкеледі

және өзге де жобадағы атқарылып

жатқан жұмыстарды

түсіндіреміз, - дейді денсаулық

сақтау вице-министрі

Олжас Әбішев.

Вице-министр сәуірден бастап

медициналық құжаттарды

Эпидемиологиялық

ахуал тұрақты

Биылғы 6 ай көлемінде облыс және

қала тұрғындарының арасында оба,

тырысқақ, құтыру, сібір жарасы, іш сүзегі,

паратиф, дифтерия, қызылша, қызамық,

жедел вирусты С гепатиті сынды

жұқпалы аурулар тіркелмеген деп

хабарлайды сала мамандары. Облыстық

денсаулық сақтау департаменті

басшының орынбасары Жұмағұл Медетовтың

айтуынша, менингакок инфекциясы

2017 жылғы осы мерзіммен

салыстырғанда бірдей, ал кей инфекциалы

аурулар былтырмен салыстырғанда

төмендеген.

– Өткен жылы менингокок инфекциясын

жұқтырудың 5 фактісі тіркелген

еді. Биыл да сол көрсеткіш. Ал былтырға

қарағанда көрсеткіші азайған аурулар:

тері лейшманиозы – 43 есе, Қырым-конго

гемморогиялық қызбасы 2

жағдайға төмендесе, тыныс алу органдардың

туберкулезі - 20,2 пайызға, эхинококоз

- 19, қышыма - 47, дерматомикоздар

16,5 пайызға азайды. Жағдай қатаң

бақылауда, аймақта ешқандай ауру

өршуі тіркелмеді, - дейді департамент

басшысының орынбасары.

Брифингте дәрігерлер ішек инфекциясы

маусымдық дертке жататындықтан,

жазда бұл аурулардың тіркелуі жиілеп,

оны тудыратын жағдайларға тоқталып

өтті. Улану ең алдымен үйде тамақ

дайындау және оны сақтау ережелеріне

байланысты екенін алға тартады.

Себебі, үй шаруасындағы гигиена

мен дайын және шикі азық-түлікті орналастыру

және сақтау тәртіптері мен

мерзімі дұрыс сақталмайды. Ыстық күнде

тамақты салқын емес жерде бір сағаттан

астам уақыт сақтауға болмайды.

Тіпті тоңазтқыштың өзінде ол 6-12 сағаттан

артық сақталмауы керек.

– Жазда тамақты артығымен әзірле-

Шымкент

қаласы

қоғамдық

денсаулық сақтау

департаментінде

жұқпалы

аурулар

және олардың

алдын

алу мақсатында

жүргізіліп

жатқан жұмыстар

туралы

брифинг өтті.

Жиында биылғы

6 ай көлеміндегі

жұмыс

қорытындыланды.

Емханаларға енгізілген

пилоттық жоба нәтижесін

беруде

Жағдай бақылауда

Шымкенттегі емханалар толықтай қағазбастылықтан

арылып, электронды қызмет

түріне өтті.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

меу керек. Өйткені, тоңазтқышта сақтаулы

тұрған тамақта микроағзалар

пайда болуы мүмкін. Бұл ең алдымен

майонез және қаймақ қосылған салаттарға

қатысты, - дейді Ж.Медетов. –

Жемістерден ең алдымен құлпынайға

көңіл бөлу керек. Себебі бұл қиын

жуылатын жеміс. Ал жүзімді алдымен

қайнаған суға, артынша сода қосылған

суға бір салып алып, содан кейін

таза сумен шаю керек.

Меккеге екпесіз

кіргізбейді

Биылдан бастап елімізден қажылыққа

зиярат етушілер менингокок

инфекциясына қарсы екпе жасатуы

керек және екпе жасатқаны жайлы

анықтамасы болуы тиіс. Мұны Сауд

Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі

талап етіп отыр.

– Дәстүр бойынша қажылық сапары

Құрбан айт қарсаныңда басталады.

Жыл сайын Сауд Арабиясына

бүкіл әлемнен 2 млн-ға жуық зиярат

етушілер келеді. Ал Қазақстанннан

жыл сайын 3-4 мыңдай, соның

ішінде біздің облыстан 400-500 адам

барады. Бұл азаматтар менингокок

инфекциясына қарсы вакцинаны

Шымкент қалалық №1 ауруханада жасатады.

Бүгінге дейін 335 адам менингокок

ауруына қарсы иммундалған, -

дейді Жұмағұл Бекенбайұлы.

Шетелде сақ болыңыз

қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы

енгізілген төрт аймақтың

бірі - Шымқаладағы денсаулық

ұйымдарының жұмысына оң бағасын

берді. Бүгінгі таңда қаладағы

емханаларға онлайн тіркелу,

электронды кезекке тұру, дәрігерге

жазылу секілді қызмет түрлерін

үйінде отырып алуға болады.

Жаңа жоба аясында қаладағы

медицина мекемелерінде дәрігерлер

қағазбастылықтан құтылып,

науқастың ауру тарихын жазу,

науқастарды тіркеу, олардың

дәрігер алдында кезек күтуі сынды

рәсімдер арнайы бағдарлама

негізінде жүзеге асырылуда.

– Емханамыз жаңа технологиялармен

қамтамасыз етілді.

Қазір тұрғындардың мобильді

қосымшалар арқылы медициналық

қызмет түрлерін алуға

толық мүмкіндігі бар. Әзірге

қосымшаны тұрғындардың 16-

17 пайызы ғана смартфондарына

енгізді. Сондықтан түсіндіру

жұмыстарын қарқынды жүргізілуде,

- деді Шымкент қалалық

№11 емхананың бас дәрігері

Бақытжан Мырзагелдиев.

Семинар барысында созылмалы

аурулардың алдын алу,

алғашқы медициналық көмекті

дамыту, денсаулық саласына

ұжымдық басқару және электронды

денсаулық сақтау жүйесі

тақырыбында өзекті мәселелер

талқыланды.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

өкілдері сонымен қатар

шетелден келетін келетін туристер

алып келуі мүмкін безгек, малярия

секілді инфекцияларға күн сайын

мониторинг жүргізіп отырмыз

дейді. Қазақстандықтар ТМД елдері

арасында шетелге шығу көрсеткіші

бойынша екінші орында тұр. Осыған

орай, шетелге саяхатқа шығу кезінде

инфекциялардың алдын алу ережелерін

мұқият сақтану керек. Мысалы,

Таиландқа барушылардың басым

бөлігі Денге безгегін алып келу жағдайы

кездескен. Бұл безгекті Вьетнам,

Үндістаннан және Оңтүстік-шығыс Азия

елдерінде де жұқтыру қаупі бар. Денге

безгегін тасымалдаушы маса болғандықтан,

саяхатқа шыққанда дұрыс киіну

қажет. Және теңіз тағамдарынан аулақ

болған жөн. Көшеде сатылатын сусындар

да қауіпті. Себебі сусынды салқындатуға

арналған мұздың лас судан

дайындалуы жиі кездеседі.

– Еуропаға саяхатқа шыққан қазақстандықтар

қызылша ауруын жұқтыру

жоғарылығын ескергені абзал. Онда

бүгінде қызылша ауруы өршіп тұр.

Бүгінгі күні 5 мыңға жуық адам ауру

жұқтырған және ондаған адам көз жұмды.

Дифтерия ауруы да тіркеліп отыр.

Сол себепті бұл ауруларға қарсы екпе алмаған

балаларды шетелге алып баруға

болмайды. Ата-аналар осыны есте сақтаса,

- дейді облыстық денсаулық сақтау

департаменті басшысының орынбасары

Алдан Ахметов.

Субұрқақта шомылу -

қауіпті

Облыс аймағында 2-санаттағы 35

су қоймасының мәдени-тұрмыстық демалатын,

шомылатын орындары және

45 шомылу бассейні, 8 аквапарк бақылауға

алынған. Жыл бойы бұл орындарға

мониторингтік зертханалық

бақылау жүргізіліп, судың сапасының

санитариялық-химиялық , микробиологиялық,

радиологиялық, көрсеткіштері

тексеріліп отырады. Алдан

Ахметовтың айтуынша, тексеру нәтижесінде

су құрамынан қауіпті сынамалар

анықталмаған. Сондай-ақ, денсаулық

сақтау департаменті тұрғындарды

қаладағы субұрқақтарға шомылмауға кеңес

береді. Өйткені субұрқақтардың суынан

ешқандай санитариялық-химиялық

сынамалар алынбайды. «Сақтансаң, сақ

боласың» дегенді есте сақтайық.

Медициналық

сақтандыру

деген не?

Медициналық сақтандыру

– қорға жиналған

қаражат есебінен

азаматтардың тегін медициналық

көмек алуына

кепілдік беруді көздейтін,

халықтың денсаулығын

қорғау жүйесі.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын

барлық деңгейдегі

денсаулық сақтаудан

медициналық сақтандырудың

айырмашылығы осында. Медициналық

сақтандыру міндетті

және ерікті сақтандыру жолымен

жүзеге асырылады.

Міндетті медициналық сақтандыру

мемлекеттік әлеуметтік

сақтандырудың бір

бөлігі болып табылады және

мұнда сақтандыру жарналарын

жұмыс істеуші азаматтар

үшін кәсіпорынның, ұйымның,

басқа да жұмыс берушілер өз

қаражатынан төлейді, ал еңбекке

жарамсыздар, жұмыссыздар

үшін тиісті деңгейдегі

бюджеттерден қаржы аударылады.

Ерікті медициналық сақтандыруда

сақтандыру тарифтері

сақтандырушы ұйым мен

медициналық мекеме арасындағы

келісім бойынша белгіленеді.

Сақтандыру шарттарын азаматтар

жеке өзі жасайды немесе

олар сақтандыру жарнасын

кәсіпорынның, ұйымның, тағы

да басқа пайдасынан төлеу жолымен

ұжымдық нысанда жасалуы

мүмкін. Еңбекшілердің

өз қаражатынан төленетін

ерікті медициналық сақтандыру

бойынша неғұрлым жоғары

деңгейде медициналық көмек

көрсету көзделеді.

Арнаулы медициналық сақтандыру

қорларына аударылатын

міндетті немесе ерікті сақтандыру

жарналары денсаулық

сақтау мекемелерінің сақтандыру

бойынша медициналық

қызмет көрсетуін қаржыландыру

көзі болып табылады.

Азаматтардың денсаулығын

қорғау саласындағы мемлекеттік

саясатты іске асыру

үшін дербес коммерциялы

емес қаржы ұйымдары ретінде

жалпы ұлттық немесе аумақтық

міндетті медициналық

сақтандыру қорлары құрылады.

Сақтандырылушы әр

азамат елдің кез келген аумағында

медициналық көмек алуға

кепілдік беретін медициналық

полис алады. Мемлекеттік

және жергілікті денсаулық сақтау

мекемелерін қаржыландыруға

аударылған қаражатқа салық

салынбайды.

Медициналық сақтандыру –

бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың

сақтық жарналары

мен бюджеттік қаражаттар

есебінен сақтандырылған

адамдарға зиянның орнын өтеу

үшін және медицина мекемелерінің

шығындарының өтемақысын

төлеу үшін ауырған, жарақат

алған жағдайда денсаулықты

қаржыландыру жөніндегі

қатынастар. Ол әлеуметтік

бағдарланған экономикасы бар

елдердің салық қорғауы тұтас

міндетті атрибуттарының бірі

болып табылады.

Н.Нысанбаева,

облыстық кардиологиялық

орталықтың дәрігеркардиологы

6

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

Әлеумет

www.shymkala.kz

оңалту

Тағдырластар

Эрготерапия әдісінің маңызы

Эрготерапия –

(латын тілінен

аударғанда

ergos - еңбек)

емдік медицинаның

мүмкіндігі

шектелген адамдардың

іс-әрекеттерінің

белсенділігін

қайта

қалпына келтіруге

бағытталған әдісі.

Яғни, эрготерапия

медициналық

оңалту іс-шараларының

бірі болып

саналады.

Д.Сыдықова,

ШЖҚ облыстық

№2 балаларды оңалту

орталығының еңбек

нұсқаушы-педагогы

Эрготерапияның негізі

– белгілі мақсатқа бекітіліп,

қандай да бір міндеттерді

шешуге бағытталған, қажет

қызмет. Ол эмоциональдық,

когнотивтік және психикалық

жүйелердің мүмкіндіктерін

жақсартуға көмектеседі.

Қазіргі таңда оңалтуда

жаңа әдіс ретінде, әсіресе,

балалардың церебралды

сал дертімен ауыратын балаларды,

бас-ми жарақатын алғандарды

және тірек-қимыл

аппараты бұзылған науқастарды

оңалту жұмысында

көп қолданылып жүр. Эрготерапия

әдісі негізінде емделушінің

өзіне-өзі қызмет ету

дағдыларын дамытуға арналған

жаттығулар топтамасымен

жұмыс жасалады.

Эрготерапияның көмегімен

бала қалауына сай өзін

қоршаған әлеуметтік, физикалық

және мәдениеттік

ортасының қажеттілігіне

сай толыққанды өмір сүруге

үйренеді. Әр бала үшін

жайлы орныққан қалыпта

дұрыс қозғалуға, іс-әрекеттерге

үйретеді. Балалардың

әрқайсысы үшін денсаулық

жағдайларына байланысты

міндеттер де әр түрлі болады.

Сондықтан эрготерапия

әдісінде әр баламен жеке жұмыс

жасалынады. Сабақтардың

ойын түрінде болуы балаларға

өте ұнайды. Сонымен

қатар бала үшін ұсақ

моторика дағдысы мен сөйлеу

дағдысының дамуын

қолдайтын ақпараттық ортаны

құру да маңызды болып

табылады.

Эрготерапиялық агротерапия

әдісі – еңбекпен

тәрбиелеу және эрготерапия

бағыттарының бірі, өсімдіктерді

өсіру, баптау арқылы

еңбек дағдыларын қалыптастырады.

Бұл агротерапияның

әдістері қозғалыс

бұзушылықтарын (бірінші

кезекте манипулятивтік

белсенділікті және қолдың

ұсақ моторикаларын дамытуға)

танымдық белсенділік

пен ой өрісін арттыруға, балалар

мен жасөспірімдердің

бастапқы кәсіптік бейімделуін

түзетуге бағытталған.

Біздің ортопедия бөлімінде

осы бағытта «Табиғат бұрышы»

жасалып, балалар дәрігерлермен

бөлме гүлдерін

егіп-баптауда.

Сенсорлық интеграция

(ықпалдастық), қабылдауды

дамыту. Сенсорлық

ықпалдастық деп орталық

жүйке жүйенің сезім мүшелері

арқылы қабылдап,

түйсіктердің сезім мүшелері

арқылы ұйымдастырылуын

айтамыз. Сенсорлық

ықпалдастық 90-жылдардан

бастап дүниежүзінде

кең ауқымда қолданыла

бастады. Бұл әдісті американдық

ғалым Джин Айрес

енгізді. Сенсорлық ықпалдастық

әдісін топтық

және жеке жаттығуларда

қолданамыз. Бүгінгі таңда

балалармен бірге сенсорлық

ықпалдастық әдісімен де

көптеген жұмыс атқарылуда.

Ерте балалық шақ – ба-

лалардың дене мүшелерінің

және жүйелердің, әсіресе,

ми функциясының дамуының

ерекше кезеңі. Бас-ми

қабығының функциясы тұқымдық

бойынша тіркелмеген,

олар қоршаған ортаның

ағзаларымен өзара қарымқатынас

жасау нәтижесінде

дамитыны дәлелденген.

Қазіргі таңда кейбір балаларда

дене түйсігі арқылы

сезіну, есту сезімдерін-

де кемшіліктер бар. Яғни ол

қоршаған әлемді бір жақты

қабылдауы мүмкін. Сондықтан

сенсорлы жүйе сандары

баланың тәрбие және оқыту

үрдісіне неғұрлым көп араласса,

оның дамуы соғұрлым

тиімді жүреді. Қазіргі

таңдағы соңғы технологиялық

әдістердің кейбірі балалардың

сенсорлы тәжірибесін

тапшы етіп, оны визуальды

және виртуальды

образдарға ауыстырған.

Сенсорлық ықпалдастық

әдісі бірнеше бағыт

бойынша жұмыс атқарады:

• Тактильді

• Вестибулярлы аппарат

• Проприоцептивтік

жүйе

Біз осының тактильді

түрін жиі қолданамыз, себебі

ол баланың сенсорлық

қабылдауын, яғни есту,

қөру, сипау және көлемді,

пішінді, түр-түсті тануды

дамытуға жақсы әсер етеді.

Ерте жастағы балалар бөлімшесіндегі

балалармен бірге

«Заттармен танысу», «Дәндер»,

«Жұмсақ қауырсын»,

«Сиқырлы қасық», «Жаңғақтар»

атты жаттығулармен

жұмыс жасалып жүр.

Арттерапия әдісі

Емделуші балаларға арттерапия

әдісімен квиллинг,

оригами және аппликация

техникалары қолданылып,

түсті қағазбен және мата,

мақтамен жаттығулар жасау

арқылы еңбекке бейімделуде,

ұсақ қол моторикасы

дамытылуда.

Арттерапия сөзін 1938

жылы суретші Андриан

Хилл қолданысқа енгізді,

ағылшынша «art – өнер»

деген мағынаны береді, ол

емделушінің шығармашылықпен

айналысуы ауруды

жеңуге көмектесіп, эмоционалдық

жай-күйін, психологиялық

саулығын жақсартатынын

байқады. Сондықтан

кардиология және ортопедия

бөлімдерінде ермексазбен

мүсіндеу, түрлі бояулармен

бейнелеу, боямақтармен

жұмыс жасау да балалар

үшін өте қызықты әрі

қажет. Арттерапияның бұл

әдістерімен балалардың қобалжуын,

сенімсіздігін басып,

сабырлылық пен шыдамдылыққа,

зейінділікке,

сезімталдыққа, ой-қиялын

дамытуға көмектесеміз.

Ұсақ моториканы дамыту

Жеке және топпен жұмыс

жүргізгенде балаларға

ұшы бар грек жаңғағын

ұсынамыз:

1. Оны екі алақанның

ортасына салып айналдырамыз.

2. Жаңғақтың ұшы бар

жағын әр саусақтың ұшымен

басып шығамыз.

Сонымен қатар:

3. Бүртігі бар доппен жұмыс

жасаймыз (оны екі алақанның

ортасына салып айналдырамыз).

4. Қыры бар қарандашпен

жұмыс (екі алақанның

ортасына салып айналдырамыз).

5. Балаларды өз бетімен

саусақтарына жаттығу жасауға

дағдыландырамыз.

Балалардың церебральды

сал дертінен зардап шегетін

балалар үшін түзетедамыту

жұмысының, ойынжаттығулардың

ерте басталғаны

дұрыс. Сабақ кезіндегі

дифференциалды ыңғай

баладағы мүмкіндіктерді

ескеру мен оның жақын

даму аймағында орналасқан

жаттығулар жүйесін

құруды ескереді.

Церебральды сал дертіне

шалдыққан балалардың

ерекшеліктерін ескере отырып

оларға жиі кездесетін

ойыншықтардан гөрі сыртқы

түрі, түсі, пішіні, көлемі,

материалы бойынша ерекшеленетін

өте ашық түсті

ойыншықтардың атауын

есте сақтау ұсынылады. Бұл

балалардың ойыншықтарды

көрсетуінің ерекшеліктері

бар. Оқыту сабақтарында

ойыншықтарды көрсетумен

қатар оның атауын

білдіретін сөз айтылады.

Сөздер баланың көзқарасы

ойыншыққа тоқтаған

кездерде айтылады немесе

ойыншықтар баланың көру

аймағында орналасады.

А йтылатын сөз ба я у,

әуенделіп, әртүрлі интонациялармен

айтылады. Балада

сөздерді түсінуді қалыптастыру

барысында

есту, көру және тері-бұлшықеттік

жұмысын белсендіреді.

Қазір біз осы жұмыстардың

нәтижесін көріп

отырмыз. Ата-аналар балаларымен

сабаққа қызығушылықпен

қатысады, қимыл

іс-әрекеттерін қадағалап,

берген нұсқауларды мұқият

орындауға тырысады.

Ата-аналардың ұсақ моторикаға

дұрыс көңіл бөлгені

жөн: балаларына ойындар,

жаттығулар, түрлі тапсырмалар

беруі керек.

Бұл екі міндетті шешеді:

1. Баланың жалпы интеллектуальды

дамуына әсер

етеді; 2. Қолдың, саусақтың

іс-әрекеттері дамиды.

Қарапайым жаттығулардың

баланы естуге және көргенін,

естігенін жадында

сақтап қалуға үйретуге пайдасы

орасан зор. Ұсақ және

жалпы моториканы дамыта

отырып, біз баланы мұқияттылыққа

тәрбиелейміз.

Эрготерапияда Тауб

қолғабы әдісі 3 принциптен

тұрады. Олар:

1. Шектеу – іс-әрекетті

жақсы жағынан шектету,

Тауб қолғабын кигізу.

2. Мәжбүр ету – науқастың

лажсыз іс-әрекет етуіне

жағдай жасау.

3. Қарқындылық (интенсивность)

- ұзақ уақыт,

үздіксіз жаттығулар арқылы

нәтижеге қол жеткізу.

Бұл әдісті БСА емделуші

балалармен көп қолданып,

аналарына кейін де жалғастыруды

ұсынамыз.

Айна терапиясы әдісі

Айна терапиясы да эрготерапияның

жаңа, тиімді

әдістерінің бірі. Мидың визуальды

және қимыл-әрекеттік

аймағын белсендіруге

қолданылады. Айнаны үстел

үстіне ыңғайлы қойып,

емдейтін қолын айна арқасына

жасырып, көрсетпей,

ал сау қолымен айна алдында

жұмыс жасайды. Әр

түрлі жаттығуларды емделушіге

көрушілік қайтымды

байланыспен, терең сезімталдықпен

жасауды ұсынамыз.

Сол кезде екі қолымен

де жақсы жұмыс жасағандай

сезім пайда болады.

Ж а л п ы, эрг о т ера п и я

әдісімен емдік оңалту барысында,

жалпы емдік ісшаралар

кезінде барлығының

орны ерекше болып

табылады: балаларды қоршаған

орта, жеке қасиеттері,

отбасындағы қарымқатынас,

әлеуметтік жағдайы,

интеллектісінің көрсеткіші.

Бұл әдіспен емделушінің

өмір сүру сапасын

жақсартуға, қалыпты ісәрекеттерін

орнатуға, өзіне-өзі

қызмет жасай білуге

мүмкіндік туғызуға және танымдылығын

дамытуға көмектесеміз.

«Өмірімді

өнеріммен

өрнектеймін»

Жуырда облыстық

көзі көрмейтін

және

әлсіз көретін азаматтарға

арналған арнайы

кітапханада «Тағдырластар»

клубының кезекті

басқосуы өтті.

Ербек Бакиев,

облыстық арнайы

кітапхананың

тифлолог-редакторы

«Өмірімді өнеріммен өрнектеймін»

тақырыбымен

өрбіген кешке қатысушылар

еліміздің әр өңірінен жиналды.

Олардың арасында жазушы,

«Пейіштің сауабы»

кітабының авторы Бақтыгүл

Ауданова, сазгер, әнші

Арайлым Саттарова, ақын

Гүлзат Холибекова және

Қ ы зы лорд а о бл ысына н

Әкімжан Өміртай, Динара

Ешниязова, Ақтөбеден

қайсар жандар

Өнерім –

жанарымның

шырағы

Оған еліміздің 7 өңірінен

12 өнерпаз қатысты. 2017

жылы алғаш рет Орал қаласында

өткен сайыс биыл

Шымкент қаласында жалғасын

тауып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі болса

да өмірге құлшынысын

жоғалтпаған жандар байқау

шарты бойынша патриоттық

әндерді жанды дауыста орындады.

Ш.Қалдаяқов атындағы

облыстық филармонияның

әншісі Аман Төре төрағалық

еткен қазылар алқасының

құрамында облыстық зағип

азаматтарға арналған арнайы

кітапхана директоры Бәкір

Нұрманбетов, сазгер

Нұрлан Қожа жас таланттардың

өнерін бағалады. Сайысқа

қатысушылардың шеберлігі

мен әнінің мағынасы,

сахнада өзін ұстауы және киім

үлгісіне баса мән берілді.

Қазылар алқасының

шешімімен «Нұрын шаш-

Манас Есентаев, Алматы облысынан

Жасұлан Бекенов

сынды зағип жандар келіп,

өнерлерін ортаға салды.

Клуб отырысына жиналғандар

өмірге құштарлық,

өнерге деген махаббат тақырыбында

пікір алмасып, ән

шырқады, жыр айтты. Клуб

жетекшісі Е.Бакиев жүргізген

кеш барысында көрерменге

түрлі сауалдар қойылды,

қонақтармен еркін сұхбат

өрбіді. Басқосу соңында

жазушы Б.Ауданова арнайы

кітапханаға өз кітаптарын

сыйға табыстады.

Бұл кеште кітапхана

оқырмандарымен қатар №8

арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсету орталығының

демалушылары қатысты.

Өнерге ықыласы мол, өмірді

жан-тәнімен жақсы көретін

жандардың бұл күнгі басқосуы

ерекше болды. Көңілді

тарасқан көрерменнен шаттықтың

лебін сезіп, біз де

қуандық.

Шымкентте «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық

бірлестігінің облыстық филиалының

ұйымдастыруымен Астананың 20

жылдығына орай «Өнерім – жанарымның шырағы»

атты республикалық ән байқауы өтті.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

қан әлемге, тұтқа болған

бар елге – Астанаға 20 жыл»

номинация бойынша бас

жүлдені Талдықорған қаласынан

келген Арғын

Нұрдана жеңіп алды. Осы

номинация бойынша І

орынды Шымкент қаласынан

Ақмарал Басымбек

иеленсе, ІІ орынға Қызылордадан

келген Өміртай

Әкімжан, ІІІ орынға Орал

қаласынан келген өнерпаз

Батырова Айнагүл лайық

деп табылды.

«Ән көңілдің ажары» номинациясы

бойынша бас жүлдені

талдықорғандық Жасұлан

Бекенов қанжығасына байласа,

І орынды қызылордалық

Динара Ешниязова иемденді.

ІІ орын – Атырау облысынан

келген Гүлжанат Тастанбековаға,

ІІІ орын шымкенттік

Мақсат Жанпейісоваға бұйырды.

Жүлдегелермен қоса

барлық қатысушыларға ынталандыру

сыйлықтары табыс

етілді. Келесі жылғы байқау

Талдықорған қаласында

өтеді.

Жаршы

www.shymkala.kz

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

7

Шымкент қаласы мәслихатының

ШЕШІМІ

Шымкент қаласы №34/273-6с 13 шілде 2018 жыл

Шымкент қалалық мәслихатының

2014 жылғы 20 наурыздағы №33/220-5с

«Шымкент қалалық мәслихатының

2007 жылғы 24 шілдедегі №41/413-3с

«Бейбіт жиналыстар, митингілер,

шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы» шешімінің

күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына және

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016

жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының

мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы

№33/220-5с «Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24

шілдедегі №41/413-3с «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2612 болып

тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде «Шымкент келбеті» газетінде

жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік

мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде

белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік

тіркелуін;

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап

күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды

түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық

ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы

нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау

банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік

он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында

таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға

жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы

мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз

етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласы

мәслихаты сессиясының

төрағасы

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы

Е.Омаров

Н.Бекназаров

Оңтүстік Қазақстан Облысы әділет департаментінің нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2018 жылғы

25 шілде №4699 болып енгізілді

Қала шаруашылығы

Жылыту маусымына

дайындық жүруде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жылыту

маусымына дайындық жұмыстары

басталды.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Қазіргі таңда аудан әкімдігі

мен «Қуат жылу орталық-3»

ММК мекемесінің бірлескен

іс-шара жоспары түзіліп, 2018-

2019 жылдардағы жылу маусымына

дайындық жұмыстары

жүргізілуде.

Қысқы жылыту маусымына

дайындық жұмыстары кестеге

сәйкес жүргізілуде. Коммуналды

шаруашылық саласының

мамандары жұмыстың жоспарлы

уақытында аяқталатынын

және аудан тұрғындары жылу

тапшылығын сезінбейтінін айтады.

Жалпы, Әл-Фараби ауданы

аумағында көпқабатты

672 тұрғын үй бар, оның ішінде

613 көпқабатты тұрғын үй

жылу қабылдауға тіркелген.

Бүгінде көпқабатты 217 үйде

қысқа дайындық жұмыстары

жүргізіліп, аудан тұрғындарына

жылу энергиясын үнемдеу

мақсатында жылу есептегіш

құралының тиімділігі туралы

түсіндірілді, 63 үйге осындай

құралы орнатылған.

– Әл-Фараби ауданындағы

80 үй біздің мекемеге қарайды.

Жылу жүйелерін сығымдау

жұмыстары бойынша қызмет

көрсету әр шаршы метрге

7 теңге деп бекітілген. Әр пәтер

иесіне 12 айға кесте түзіледі.

Одан бөлек тазалап-сығымдаймыз

және жылу жүйелерін

толығымен жуып шығамыз,

- дейді «Қуат жылу орталық-3»

ММК өндірістік директоры

Мейірман Сәбитов.

Бүгінде Шымкент қаласы

бойынша әр ауданда 5 бригада

жылу жүйелерін жөндеуде.

Сондай-ақ, жылу жүйелерінде

апатты жағдай орын алса,

тәулік бойы арнайы диспечер

тұрғындардан түскен қоңырауларды

қабылдап, әр аудан

бойынша жұмыс жасап жатқан

бригада жеделдетіп қызмет

көрсетуге әзір.

1 сыныпқа қабылдау

Оқушыларды

электронды қабылдау

жобасы жалғасуда

Шымкентте оқушыларды

1 сыныпқа

қабылдаудың

электронды

форматы жалғасуда.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Ата-ана арнайы портал арқылы

өзі таңдаған мектеп пен

мұғалімдердің рейтингісін де

көре алады.

Қазір Шымкенттегі мектептерде

1 сыныпқа электронды

түрде қабылдау жүйесі сәтті

жұмыс істеп тұр. Осыған сәйкес

ата-ана 30 тамызға дейін баласының

құжатын электронды

түрде өткізіп, мектепке өтініш

бере алады. Қалалық білім басқармасының

мамандары осылай

деп хабарлап отыр.

– Балаларды 1 сыныпқа қабылдау

үшін мынадай құжаттар

қажет: Ата-ананың өтініші

(немесе оларды алмастыратын

тұлғалардың); баланың туу туралы

куәлігінің көшірмесі, денсаулығы

туралы анықтамасы

(медициналық паспорт) және

екі фотосурет (3х4), - дейді

білім басқармасының маманы

Айгүл Текебаева.

Ата-аналар баласы білім

алатын мектепті өзі таңдай

алады. Оған шектеу жоқ. Бүгінде

мектепке баланы қабылдау

жұмыстары қатаң бақылауда.

Қалалық білім басқармасы атааналардың

құқын қорғау мақсатында

білім беру мекемлеріне

«Жасырын тұтынушы» әдісін

пайдалана отырып, бірнеше

рейдтік жұмыстар жүргізген,

нәтижесінде өрескел ережелерді

бұзған оннан аса мектеп

анықталды. Нақты айтқанда

оқушыларды мектепке қабылдау

кезінде ҚР білім және ғы-

лым министрлігінің 2015 жылғы

8 сәуірдегі №179 бұйрығымен

бекітілген «Бастауыш, негізгі

орта, жалпы орта білім берудің

жалпы білім беретін бағдарламалары

бойынша оқыту үшін

ведомотволық бағыныстылығына

қарамастан білім беру ұйымдарына

құжаттарды қабылдау

және оқуға қабылдау» мемлекеттік

стандартының 9-тармағының

тізбесінде көзделмеген

құжаттар топтамасын сұрататыны

анықталды.

Мәселен, №77 мектепте баланың

ата-анасының жұмыс орнынан

анықтама мен неке қию

туралы куәліктерінің көшірмелерін

талап еткен. №4, 26, 23,

45 мектептердің қызметкерлері

оқушының мекенжайы анықтамасы,

ата-анасының жеке

куәліктерінің көшірмесін сұрапты.

Ал №47, 64 мектептерде жөндеу

жұмыстарына, №17 мектепте

мұғалімдердің еңбек демалысында

болуына байланысты

рейд жүргізілген күні мүлдем

құжат қабылданбай жатқаны

анықталды. Білім басқармасының

мамандары мұндай фактілер

басқа мектептерде де орын

алып жатқанын айтады.

– Ата-ананың неке туралы

куәлігін немесе мекенжай анықтамасы

қабылдауға қажет емес.

Білім мекемелерінің басшылары

қатаң ескертуден соң өздерінің

тарапынан кеткен кемшіліктерді

түсініп, нәтиже шығарады

деген сенімдеміз, - дейді

А.Текебаева.

Оқушыларды мектепке қабылдау

жұмыстары 30 тамызға

дейін жалғасады. Қазіргі таңда

1 сыныпқа баратын 17 мыңнан

аса бала тіркеуге алынса, соның

14 мыңының құжаты электронды

жүйеге тіркелген. Ал жалпы

биыл 30 мыңнан аса бала мектепке

қабылданады деп жоспарлануда.

Кеңес

Үйлерді өрттен

сақтаңыздар!

Шымкент қаласындағы №4

өрт сөндіру бөлімі тұрмыстық

және тұрғын секторларда

орын алатын өрттердің және

адамның қазасының алдын алу

мақсатында қала тұрғындарын өрт

қауіпсіздігі ережелерін сақтаудын

ескертеді. Атап айтқанда:

- үй ішінде мас күйде темекі

шекпеген дұрыс;

- жылыту маусымы алдында

пешті жөндеу керек;

- пештің маңайына, жанжағына

тез жанатын заттарды

қалдырмаңыз;

- пешті жағу үшін тез тұтанатын

сұйықтықты қолданбаңыз;

- толық сөндірілмеген

көмірді ағаштан жасалған

заттың қасына қоймаңыз;

- қолдан жасаған электр

қорғаныштарын қолдануға

тыйым салынады;

- электр сымдарды жөндегенде

және үйге электр

жүйесін тартқанда электр

мамандарының көмегіне

жүгінген абзал;

- электр қондырғыларды

уақтылы тексеріп отырыңыз;

- балаларды қараусыз

қалдырмаңыз және оларды

сырттан жауып кетпеңіз;

- тез тұтанатын заттарды

және т.б заттарды балалардың

қолы жетпейтін жерде

сақтаңыздар;

- үйден шыққанда, ұзақ

жолға шыққанда үйдегі ток

көзін сөндіріп, газды өшіріп

шығуды ұмытпаңыздар.

Егер өрт қауіпсіздігі қағидаларын

сақтасаңыздар,

адам шығынына әкеліп соқтыратын

түрлі өрттердің

алдын алуға болады.

Қ.Кеңесбеков,

Шымкент қаласындағы

№4 өрт сөндіру

бөлімінің қарауыл

бастығы, азаматтық

қорғау аға лейтенанты

Шымкент қаласының тұрғын үй кезегінде 01.04.2018 ж дейін тіркелген

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары тізімі

u

Басы 32, 36-59-нөмірлерде

№ Т.А.Ж

Кезекке

тіркелген

уақыты

13058 Өсербай Н.М 01.03.2018

13059 Амандық Н.Б 01.03.2018

13060 Елтай Ш.У 01.03.2018

13061 Азадова С.Б 01.03.2018

13062 Зиятбекова Б.А 01.03.2018

13063 Сандыбаева Б.К 01.03.2018

13064 Сырманова А.И 01.03.2018

13065 Картбаева А.М 01.03.2018

13066 Амирханова У.А 01.03.2018

13067 Ергешова Р.М 02.03.2018

13068 Гриценко В.Т 05.03.2018

13069 Таджиева О.Н 05.03.2018

13070 Сидикбаева Г.И 05.03.2018

13071 Абдиманап Ә.Қ 05.03.2018

13072 Баймаханова Д.Х 05.03.2018

13073 Ахметова Г.К 05.03.2018

13074 Ахмедова С.Н 05.03.2018

13075 Мусабаева Н.С 05.03.2018

13076 Исмаилова М.С 05.03.2018

13077 Тургунова З.Я 05.03.2018

13078 Тукешова Н.К 05.03.2018

13079 Жаппарова Г.Е 05.03.2018

13080 Егембердиева А.С 05.03.2018

13081 Ашимова Л.А 05.03.2018

13082 Байдалиева Ж.Е 05.03.2018

13083 Дубчак Ю.В 05.03.2018

13084 Рахматуллаева А.А 05.03.2018

13085 Ахметова Э.Д 05.03.2018

13086 Тайжанов Н.Б 05.03.2018

13087 Даулбаев К. 05.03.2018

13088 Нурбашова Т.А 06.03.2018

13089 Черниязова К.С 06.03.2018

13090 Махмудова У.К 06.03.2018

13091 Тасполатов С.О 06.03.2018

13092 Дүйсебек Б.М 06.03.2018

13093 Изтлеуова А.Б 06.03.2018

13094 Мамбетова Ф.А 06.03.2018

13095 Расулметова В.Р 06.03.2018

13096 Аманова О.Т 06.03.2018

13097 Муратов К.А 06.03.2018

13098 Баратов А.Р 06.03.2018

13099 Байбуриев Б.М 06.03.2018

13100 Шаурыкова Д.Ё 06.03.2018

13101 Баймуратов С.А 06.03.2018

13102 Рыстыбаев Б.Т 06.03.2018

13103 Аманбай Б.Н 06.03.2018

13104 Ирисбекова У.Т 06.03.2018

13105 Исаева Г.М 06.03.2018

13106 Мустафаева С.С 06.03.2018

13107 Ибрагимова Ш.К 06.03.2018

13108 Бақытжанқызы А. 06.03.2018

13109 Нурманова Л.М 06.03.2018

13110 Мудурова Н.С 06.03.2018

13111 Уалиханова Ж.А 06.03.2018

13112 Имашев С.М 06.03.2018

13113 Момбекова Ж.Ә 13.03.2018

13114 Хабибов А.Х 13.03.2018

13115 Шарипова А.М 13.03.2018

13116 Халжигитов Н. 13.03.2018

13117 Дилданова Э.А 13.03.2018

13118 Мырзатай М.М 13.03.2018

13119 Адихамов Ш.И 13.03.2018

13120 Аймаханбетова Ж.Т 13.03.2018

13121 Утеева С.К 13.03.2018

13122 Фазилова Г.М 13.03.2018

13123 Пирмет Т.О 13.03.2018

13124 Абдумажитова Г.Б 13.03.2018

13125 Абдурахманова Г.У 13.03.2018

13126 Куралова Г.К 13.03.2018

13127 Тойынбетова М.Б 13.03.2018

13128 Абдурахманова М. 13.03.2018

13129 Турымбетова С.Н 13.03.2018

13130 Шамшиметов У.М 13.03.2018

13131 Боровская Н.С 13.03.2018

13132 Миррахимова Н.А 13.03.2018

13133 Талипжанова Д.З 13.03.2018

13134 Ахметова С.А 15.03.2018

13135 Раймкулова Т.И 15.03.2018

13136 Момынтай Қ.Н 15.03.2018

13137 Мырзагелдиева Б.Т 15.03.2018

13138 Әлімжан Г.Н 15.03.2018

13139 Багланова М.А 15.03.2018

13140 Голубова Д.В 15.03.2018

13141 Каратаева В.С 15.03.2018

13142 Көпбай Р.К 15.03.2018

13143 Абдуллаева М.Т 15.03.2018

13144 Бердикулова Ж.Т 15.03.2018

13145 Ибраева Д.Н 15.03.2018

13146 Айышева Р.К 15.03.2018

13147 Пинчук А.В 15.03.2018

13148 Талипбеков О.С 15.03.2018

13149 Антонова Е.А 15.03.2018

13150 Омарбекова А.С 15.03.2018

13151 Садыбаев А.Д 15.03.2018

13152 Серикбаева С.У 15.03.2018

13153 Тобакабылова Ж.Б 15.03.2018

13154 Нияз Т.С 15.03.2018

13155 Исергенова Г.А 15.03.2018

13156 Құдайбергенова Г.М 15.03.2018

13157 Кадамбаев Б.К 15.03.2018

13158 Мұстафаева А.М 15.03.2018

13159 Ортаева А.А 15.03.2018

13160 Абдуразакова Ш.К 15.03.2018

13161 Хайтметова Д.М 15.03.2018

13162 Асқарбек А.Б 15.03.2018

13163 Есбосынова А.Т 15.03.2018

13164 Назаров Б.Ж 15.03.2018

13165 Орынбеков Е. 16.03.2018

13166 Сәбден Э.Қ 16.03.2018

13167 Жунисова А.Т 16.03.2018

13168 Турсынова Ж.Л 16.03.2018

13169 Меденова М.О 16.03.2018

13170 Худайшукурова Р.А 16.03.2018

13171 Халикова М.З 19.03.2018

13172 Оспанова А.Ж 19.03.2018

13173 Затыбекова А.О 19.03.2018

13174 Қосалиева М.Ө 19.03.2018

13175 Умарова Д.М 19.03.2018

13176 Сапарбаева К.У 19.03.2018

13177 Муталиева А.А 19.03.2018

13178 Нуридинов Г.М 19.03.2018

13179 Османова Н.К 19.03.2018

13180 Назарбаева С.М 19.03.2018

13181 Саваровская Л.В 19.03.2018

13182 Саматова Ж.С 19.03.2018

13183 Сеитова М.М 19.03.2018

13184 Байтибаев М.Ш 19.03.2018

13185 Сансызбаева Н.С 19.03.2018

13186 Нарметова С.С 19.03.2018

13187 Нурымбетов А.А 19.03.2018

13188 Тулегенова У.Ж 19.03.2018

13189 Абдуллоева А.Б 19.03.2018

13190 Рыспанова Б.Б 20.03.2018

13191 Воскобойников С.В 20.03.2018

13192 Сергазин М.Б 20.03.2018

13193 Құрманбекова Л.Д 20.03.2018

13194 Кемпрекова М.Б 20.03.2018

13195 Сүйеубекова М.Ы 20.03.2018

13196 Андасов Е.Б 20.03.2018

13197 Сатоев Э.А 20.03.2018

13198 Каленова С.А 20.03.2018

13199 Досова Г.К 20.03.2018

13200 Кенжебек Ә.С 20.03.2018

13201 Нурсалиева К.К 20.03.2018

13202 Асанова Р.М 20.03.2018

13203 Әбілдаева А.С 20.03.2018

13204 Боранбаева Г.А 20.03.2018

13205 Ерметова Н.И 20.03.2018

13206 Абдурасулова А.А 20.03.2018

13207 Мамбетияров А.Б 20.03.2018

13208 Күлсінбай Ф.Е 20.03.2018

13209 Закарадзе Г.Д 20.03.2018

13210 Тургинбаева А.А 20.03.2018

13211 Нысанова Д.А 20.03.2018

13212 Накипова Г.С 20.03.2018

13213 Мусрепова А.Б 20.03.2018

13214 Айтбаев А.С 20.03.2018

13215 Дуйсенова Д.А 20.03.2018

13216 Кизбаева А.К 20.03.2018

13217 Сапарова Ж.Б 20.03.2018

13218 Султанова А.Ж 20.03.2018

13219 Тохтар С. 20.03.2018

13220 Бузько А.В 20.03.2018

13221 Исраилова Д.А 20.03.2018

13222 Босоногова Н.А 20.03.2018

13223 Утепова М. 20.03.2018

13224 Бекжанова А.Т 20.03.2018

13225 Альжанова Ж.С 20.03.2018

13226 Нәзірбек М.У 20.03.2018

13227 Тамтаева А.Р 20.03.2018

13228 Муталиева Ш.Н 20.03.2018

13229 Есенов К. 20.03.2018

13230 Кульбаева С.Т 20.03.2018

13231 Аширов С.А 20.03.2018

13232 Мырзабекова П.А 20.03.2018

13233 Орынбасарова А.А 20.03.2018

13234 Қаржау Б.Ж 20.03.2018

13235 Аскарбекова У.Б 20.03.2018

13236 Килишбаева А.Ж 20.03.2018

13237 Акназарова У.Е 20.03.2018

13238 Камалбекова Г.Д 21.03.2018

13239 Айтжан М.М 21.03.2018

13240 Төрегелдиева Ж.Ө 21.03.2018

13241 Сарыбаев М.Д 21.03.2018

13242 Кошанова Г.С 21.03.2018

13243 Аширов Н.А 21.03.2018

13244 Зиябекова Ш.А 21.03.2018

13245 Елемесова Р.К 21.03.2018

13246 Ширинова М.К 21.03.2018

13247 Калханова Н.Н 21.03.2018

13248 Амангельдиева А.Ж 21.03.2018

13249 Оразымбетова Н.Т 21.03.2018

13250 Аманова М.Б 21.03.2018

13251 Сманова Ш.Н 21.03.2018

13252 Муханова Ш.Ш 21.03.2018

13253 Абубакиров Г.А 21.03.2018

13254 Жанбутаева А.С 21.03.2018

13255 Ибраимова М.Д 21.03.2018

13256 Хасанов А.Т 21.03.2018

13257 Кемалова Л.С 21.03.2018

13258 Юсупалиев А.С 21.03.2018

13259 Каманова А.А 21.03.2018

13260 Жолдасова П.Р 21.03.2018

13261 Жолаева А.Б 21.03.2018

13262 Орманова Ш.С 21.03.2018

13263 Калтаева М.Д 21.03.2018

13264 Акмамбетова Г.М 21.03.2018

13265 Пазилова Б.М 21.03.2018

13266 Тогусбаева А.Т 21.03.2018

13267 Мәженова Р.Ә 21.03.2018

13268 Алиева Г.Н 21.03.2018

13269 Умирбекова Ж.С 21.03.2018

13270 Садыкова К.И 21.03.2018

13271 Арыстанова С.М 21.03.2018

13272 Жумабаева И.Ж 21.03.2018

13273 Мусина Л.Т 21.03.2018

13274 Ксенитиади В.Х 21.03.2018

13275 Кенжебекова Р.Ж 21.03.2018

13276 Кыдырбекова Б.К 21.03.2018

13277 Артукова З.Б 21.03.2018

13278 Оразалиева С.П 21.03.2018

13279 Сарсенбекова Б. 21.03.2018

13280 Рыспанова А.Б 21.03.2018

13281 Сардарова А.А 21.03.2018

13282 Ходжаева А.М 21.03.2018

13283 Тұрсынбай Ә.Ж 21.03.2018

13284 Үсен А.С 21.03.2018

13285 Байгабилова А.К 26.03.2018

13286 Айтбаева С.Б 26.03.2018

13287 Калиева А.К 26.03.2018

13288 Омарбекова Г.О 26.03.2018

13289 Аширова М.А 26.03.2018

13290 Жансейтова Д.Б 26.03.2018

13291 Байжанова Р.Б 26.03.2018

13292 Ирисметова Н.Е 26.03.2018

13293 Абдурасулова Д.Р 26.03.2018

13294 Шаяхметова Ж.Ш 26.03.2018

13295 Санаева З.Б 26.03.2018

13296 Турлибекова А.К 26.03.2018

13297 Орлова О.С 26.03.2018

13298 Шамшиева М.К 26.03.2018

13299 Ертаева Ж.Е 26.03.2018

13300 Абжапбарова С.Т 26.03.2018

13301 Дадаметов Х.Х 26.03.2018

13302 Байтимова А.Д 26.03.2018

13303 Дарибаева А.Ж 26.03.2018

13304 Усманова К.Х 26.03.2018

13305 Есентаев К.Л 26.03.2018

13306 Таттыбаев И.Б 26.03.2018

13307 Асилбекова А.П 26.03.2018

13308 Абетов С.С 26.03.2018

13309 Бухарбаев К.Д 26.03.2018

13310 Турапова И.М 26.03.2018

13311 Исаева Ж.И 26.03.2018

13312 Розакова Э.У 26.03.2018

13313 Шакирбеков Т.К 26.03.2018

13314 Бермишев Е.У 27.03.2018

13315 Ахметова М.Т 27.03.2018

13316 Сабырова Н.Х 27.03.2018

13317 Көкен Б.К 28.03.2018

13318 Архабаева Г.А 28.03.2018

13319 Ибрагимова А.А 28.03.2018

13320 Адилов А.Р 28.03.2018

13321 Ирисметова М.Ш 28.03.2018

13322 Кененбаева Э.А 28.03.2018

13323 Дуисебаева Г.С 28.03.2018

13324 Бадалов А.Э 28.03.2018

13325 Атажанова Г.У 28.03.2018

13326 Чинибекова А.Б 28.03.2018

13327 Парпиева Ш.Б 28.03.2018

13328 Акмурзаева Ж.А 28.03.2018

13329 Уткуров А.Д 28.03.2018

13330 Сатжанов Г.А 28.03.2018

13331 Бабашева Д.С 28.03.2018

13332 Тагайбекова А.Б 28.03.2018

13333 Мусаева Б.А 28.03.2018

13334 Суюмаганбетова А.А 28.03.2018

13335 Караев А.Р 28.03.2018

13336 Дуйсебаева Б.У 28.03.2018

13337 Досмаилова Ж.А 28.03.2018

13338 Брызгалова И.С 28.03.2018

13339 Борыкбаева Г.Б 28.03.2018

13340 Бердибекова Г.Б 28.03.2018

13341 Бекмуханов Б.К 28.03.2018

13342 Ажибекова О.И 28.03.2018

13343 Баймолдаев К.Ж 28.03.2018

13344 Джалилова Н.А 28.03.2018

13345 Калданбекова Ш.А 28.03.2018

13346 Кутумбетов Б.К 28.03.2018

13347 Бегимбетова Г.Ж 28.03.2018

13348 Мансурова Ш.Б 28.03.2018

13349 Аймбетова Г.М 28.03.2018

13350 Жақсылықова К. 28.03.2018

13351 Джумашова А.Т 28.03.2018

13352 Казыбаев У.К 28.03.2018

13353 Кандильдаев Е.К 28.03.2018

13354 Ерменбеков Р.М 28.03.2018

13355 Мәлік Ұ.С 28.03.2018

13356 Касимова Д.Ш 28.03.2018

13357 Даржанов Б.Т 30.03.2018

13358 Бұланова Т. 30.03.2018

13359 Толапбергенова Н.К 30.03.2018

13360 Нәрікбай Ф.М 30.03.2018

13361 Айтжанов Т.Е 30.03.2018

13362 Жүніс А. 30.03.2018

13363 Арефьева Н.А 30.03.2018

13364 Тнеева А.Г 30.03.2018

13365 Тилемисова Р.С 30.03.2018

13366 Калмурзаев Б.О 30.03.2018

13367 Үсіпбекова С.А 30.03.2018

13368 Тагабаев Э.Т 30.03.2018

13369 Рахметова З.К 30.03.2018

13370 Меденова Н.О 30.03.2018

13371 Битемиров К.Т 30.03.2018

13372 Нарбеков Р.К 30.03.2018

13373 Мырзахметова Р.К 30.03.2018

13374 Уристемова Р.А 30.03.2018

13375 Тиляходжаев К.А 30.03.2018

13376 Халова Б.М 30.03.2018

13377 Шортанова А.Т 30.03.2018

13378 Бекмурзина Э.Р 30.03.2018

13379 Куанышбекова У.Т 30.03.2018

13380 Тұрабекова Г.Х 30.03.2018

13381 Шырымбекова А.Х 30.03.2018

8

№61 (1600)

3 тамыз 2018 жыл

Туған өлке табиғаты

www.shymkala.kz

Күнгейдің маржаны

– Сайрам–Өгем

Құттықтау

Ел ағасы -

67 жаста!

Оңтүстік өңірінің

саяхатшыларды

қызықтырып, өзіне

магниттей тартатын

туристік әлеуеті жоғары.

Күнгейде орналасқан

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік

ұлттық табиғи

паркінде, тау бөктерінде

демалғысы келетіндердің

қарасы жыл сайын

көбеюде.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Статистикаға назар салсақ,

биылдың өзінде өңірімізге

еліміздің басқа аймақтарынан

және алыс-жақын шетелден

125 мыңға жуық турист келген.

Соның 10 мыңнан астамы осы

ұлттық паркке ат басын бұрған

екен. Ал бұл былтырмен салыстырғанда

55 пайыз көп.

Табиғаттың бар кереметін

бойына жинаған Сайрам-Өгем

мемелекеттік ұлттық табиғи

паркі 2006 жылы ұйымдастырылып,

оған Түлкібас, Төле би

және Қазығұрт аудандарының

табиғаты көрікті жерлері енеді.

Аумағы 149 мың гектар саябақты

ұйымдастырудағы басты

мақсат – Батыс Тянь-Шань тау

жоталарындағы ғылыми тұрғыдан

құнды табиғат байлықтарын

қорғап қалу, қалпына

келтіру және республикадағы

экологиялық туризмді дамыту.

Бұл парктің аумағынан Өгем,

Сайрам су, Қасқасу, Біркөлік,

Машат, Дәубаба және Көкбұлақ

өзендері ағып өтеді.

– Бүгінде ұлттық паркке қызығушылардың

саны артып,

тіпті шетелдік туристтер де

осында демалуға келе бастағаны

біз үшін үлкен қуаныш,

- дейді «Сайрам-Өгем мемелекеттік

ұлттық табиғи паркі»

мекемесінің директоры Сахит

Қынтаев. - Ұлттық табиғи

парк 2006 жылы Өгем, Төлеби

және Түлкібас орман және ха-

йуанаттар әлемін қорғау мемлекеттік

мекемелерін қосу арқылы

құрылған. 2006- 2008

жылдар аралығында бізге келетін

қонақтардың саны мыңнан

асса қуанатын едік. Қазір

туристер саны анағұрлым көбейді

және сапалы қызмет көрсетуде

атқарылып жатқан жұмыс

та орасан. Бекітілген аумақты

күнде аралау, парктің

табиғи байлығын сақталуын

қамтамасыз ету, браконьерлерлердің

алдын алу мен экскурсия

барысында туристерді бастап

жүру, өрт қәуіпсіздік шаралары

осы парктегі инспекторлардың

міндетіне кіреді. Тәжірибелі

гидтеріміз жолсерік болып

қана қоймай, мұндағы әр

өсімдік пен ағаш жайлы көптеген

мәлімет беріп, қоршаған

ортамен таныстырады. Айта

кетейін, парк аумағында 10 туристік

соқпақ және тауда атпен

серуендеймін дейтіндерге 20-ға

жуық ат дайын, - дейді Сахит

Жақсымбекұлы.

Сайрам-Өгем табиғи ұлттық

паркке келген туристер

саны:

2016 жылы – 19 780 адам

2017 жылы – 23 441 адам

2018 жылдың бес айында

– 10 166 адам.

– Табиғат аясында демалғысы

келген адам паркке мемлекет

тарапынан белгіленген тариф

бойынша ақысын төлеп кіре алады.

Бұл жерде сүтқоректілердің

60-қа жуық түрі мен құстардың

300-ге жуық түрі мекендейді,

олардың көбісі «Қызыл кітапқа»

енгізілген. Табиғатты аялап, болашақ

ұрпаққа сол күйі жеткізуіміз

керек. Барлық тіршілік

иесінің өсіп-өнуіне тыныштық

қажет. Сондықтан туристерге

ұлттық парк жерлерін ластауға,

ұялар мен апандарды бүлдіруге,

ағаштар мен бұталарды кесуге,

сындыруға жол берілмейді.

Осындау қамқорлықтың нәтижесі

де жоқ емес. Мәселен, аймақта

жойылып бара жатқан аңның

бірі - қар барысы парк қызметшілері

тарапынан қойылған

фото-қақпандарда бой көрсете

бастады. Бұл – біз үшін керемет

жаңалық. Бастысы, демалушылар

қоршаға ортасына зиян

тигізбеуін қатаң қадағалаймыз,

- дейді парк директоры Сахит

Жақсымбекұлы. – Айта кетейін,

табиғат аясына келіп жатқан

жастар өздерін қалай ұстауды

біледі, зиянды әрекеттерге

бармауға тырысады. Меніңше,

бұл жастардың мектеп пен отбасында

алған тәлім-тәрбиесі

мен елімізде жүргізіп жатқан

идеологияның нәтижесі деп ойлаймын.

Өгем тау жотасы –

альпинизмнің бесігі

Таулы аймақта 10 туристік

бағыт ұйымдастырылған, жалпы

ұзындығы 701 шақырымды

құрайды. Оның 250 шақырымы

- жаяу, 263 шақырымы - аттылы

және 186 шақырымы автомобильді

бағыт. Серуендеудің

түрін өзіңіз таңдайсыз. Табиғи

парктің ең тамаша тұстарының

бірі - теңіз деңгейінен

2300 биіктікте орналасқан Төменгі

Сайрам су көлі. Оның

қазаншұңқыры гитара тәріздес.

Судың мөлдірлігі соншалық,

тіпті, ең терең жердің

өзінде көлдің түбін көруге

болады. Келетін туристердің

де назарын тартып тұратын

осы көл.

– Мақпалкөл мен Сусіңг

е н к ө л і н е қ а р а ғ а н д а

Сайрам су көліне бару жеңілдеу.

Туристер мен демалушылар

сол көлге көп келеді. Ал

Өгем өзені 3000-4000 м биіктегі

мәңгі қар басқан Сайрам

тау жотасынан бастау алады.

Сондай-ақ, өңіріміздегі ең

биік шың да (биік нүктесі 4299

метрлік Сайрам шыңы) альпинисттердің

сүйікті жаттығу

орнына айналған. Бұл шың

оңтүстік альпинизмның бесігі

саналады, мұнда тауға өрмелеуге

қолайлы жолдар бар. Тек

техникалық дайындыққа мұқият

болу керек, - дейді Сахит

Жақсымбекұлы.

Сайрам-Өгем паркінде туристер

үшін 6 демалыс үйі, бірнеше

киіз үй және 90-ға жуық

демалыс алаңқайы жұмыс істейді.

Сусіңген және Мақпалкөл

көлдеріне атпен бару үшін

2 туристік соқпақ ашылған.

Қошқаратаның

бастауы –

Сусіңген көлі

Сусіңген көлі – көпке танымал

болғанымен, жету жолы

қиын, Өгем тауының інжу-маржаны

саналады. Теңіз деңгейінен

1907 м биіктікте, Өгем жотасының

оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Аумағы - 3 500 ш.м. Жыл

сайын жазда суы аздап тартылып,

кейін суы қайта толады.

Көлге көп бұлақтан бастау алған

Сусіңген өзені келіп құйылады.

Халық аузындағы кей аңыздарға

сенсек, осы көлден сіңген су

Шымкент қаласының ортасындағы

Қошқарата өзенінен және

Қазығұрт тауының етегіндегі

Ақбура бұлағынан бастау болып

шығады екен. Көлде дақты

форель-осман балығы тіршілік

етеді. Көлге ең жақын ауыл –

Өгем елдімекені. Мұнда жететін

тура жол жоқ, жаяу немесе атпен

баруға тура келеді.

Ұлттық парктің басшылары

экологиялық туризмді бұдан

ары дамыту мақсатында алдағы

уақытта қосымша туристік

бағыттар ашуды, мініс аттарының

санын көбейтіп, қысқы туризмді

ұйымдастыруды жоспарлап

отыр. Бұл қадамдар саябақтың

туристік әлеуетін одан ары

арттыра түспек. Шынында да туған

өлкеміздің табиғаты әлемдегі

мақтаулы елдердің ғажайыптарынан

кем емес!..

Бүгін елге белгілі азам

ат, « О б л ы с қ а е ң б е г і

сіңген» медалінің иегері,

Ордабасы ауданының

Құрметті азаматы,

«Дос Демеу» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы

Ө т е г е н Ж а н ы с б е к

Тұрсынәліұлының туған

күні. Әріптесіміз, өмірде

үзеңгілес досымызды 67

жасқа толуымен шын жүректен

құттықтаймыз!

Қадірлі азамат қоғамдағы

түйткілді мәселелердің

шешілуіне үлес қосып,

өзінің бар күш-қайратын

азаматтық қоғамды дамыту

жолына жұмсап келеді.

Үзеңгілестері арасында

абырой бар ел ағасының

табанды мінез, мұқалмас

жігерінің арқасында

өмірлік мақсатының

жолында аянып қалған

кезі жоқ.

Бі з бү г і н г і қ у а н ы ш

иесінің деніне саулық, мол

бақыт, отбасыңызға амандық,

құт-береке тілейміз.

Шаңырағыңыз шат тық

пен бақытқа толсын! Өмірде

көздеген мақсатыңызға

жетіп, еліміздің дамуына

мол еңбек сіңіре бергейсіз

деп тілек айтамыз.

Қоғамдық бірлестіктер

қауымы атынан құттықтаушылар:

Шаруа Пірмат,

Жарқынбек Сейтінбет,

Ибрахим Әлсерке.

Жабайы жануарлар төлдеуде

ҚР Үкіметінің 2005

жылғы 5 қаңтардағы

№1 «Жануарлар

дүниесін мемлекеттік

есепке алуды,

оның кадастры мен мониторингін

жүргізу туралы»

қаулысы негізінде

2018 жылдың наурыз

айында Сайрам-Өгем

мемлекеттік ұлттық табиғи

парк аумағындағы

жабайы жануарлардың

көктемгі санақ жұмыстары

жүргізілді.

С.Аманқұлов,

Сайрам-Өгем МҰТП

жануарлар дүниесінің

өсімін молайту бөлімінің

бас маманы

Мұндағы Боралдай тау сілемдері

орманында арқарлар

көктемде ішінара төлдейді.

Арқарлар бұл жерлерге қазан

айының соңы мен қараша айының

басында келеді, ал мамыр

айының соңында жазғы жайылымына

қоныс аударады, яғни

ұлттық парктің аумағынан тыс

жерге миграция жасайды. Сондықтан

күзде қыстауға және

төлдеуге қайтып келген арқарлардың

саны тұрақты түрде

ауытқып отырады. Арқарлар

ақпан айында көп көрінбей,

тек наурыз айының екінші

жартысында тұз жалақтарға

келе бастайды. Сәуір айында

олардың саны артып, бір топта

15-тен 35 басқа дейінгі аралықта

кездесіп отырды. Наурыз

айының басынан бастап

тұз жалақтарға фототұзақ орнатылып,

жүйелі түрде мониторинг

жасалады.

Қар барысы - жыртқыштар

отрядының мысықтар тұқымдасына

жататын аң. Дүниежүзілік

және Қазақстан

фауналарында осы туыстың

жалғыз өкілі тіршілік етеді.

Қазақстанның «Қызыл кітабына»

енгізілген. Ұлттық паркте

Төлеби және Өгем филиалдарының

тасты құздарында,

негізінен таудың субальпілі

және альпілі белдеулерінде

мекендейді. Қар барысы күйге

ақпан-наурыз айларында

түсіп, мамыр-маусым айларында

күшіктейді. Әдетте 1-5,

көбінесе 2-3 жас барыс туылады.

Негізгі қоректері - елік, тау

ешкі, борсық, кекілік және т.б.

2018 жылы 28 наурызы күні ұлттық

парктің Науытсай жеріндегі

бақылау бекетінің бейнекамерасына

сол жерден өткен

қар барысы түсіп қалған.

Сайрам-Өгем МҰТП аумағында

Тянь-Шань қоңыр аюы

да мекендейді. Қазақстанның

«Қызыл кітабына» енгізілген.

Биылғы санақ жұмыстары барысында

филиалдар аумағында

Тянь-Шань қоңыр аюларын

байқадық. Аюға арнайы фототұзақтар

орнатылып, мамыр

айының бірінші және екінші

жартысында түсірілді. Аюдың

қыстан жақсы қоңмен шыққан,

маусым айында түлейді, қонжықтары

үлкейіп, анасының

ізінен ілесуге жарап қалғаны

байқалады.

Түркістан сілеусіні – бұл

мысық тәрізділер тұқымдасының

сілеусін туысына жататын

жыртқыш сүтқоректі

аң. Қазақстан фаунасында сілеусіннің

үш түрінің бірі. Орталық

Азия тауларында, Қазақстанда

Тянь-Шань, Жоңғар

Алатауы, Тарбағатай тауларында

таралған. Тау етегіндегі

қылқан жапырақты және

жапырақты ормандар, бұталар

көп шоғырланған жерлерінде

кездеседі. Бір жерде тұрақты

тіршілік етеді, бірақ қар қалың

түсіп, азық қоры жетіспегенде

маусымдық қоныс аударады.

Тіршілігі қараңғы түсе түнде

өтеді. Негізгі қорегі – қояндар,

ұсақ кеміргіштер, суырлар,

еліктер, жабайы шошқалар

мен тау текелердің лақтары,

құстар. Негізгі жаулары

мен бәсекелестері – қасқыр

мен қар барысы.

Сібір елігінің негізгі мекен

ету ортасы маусымдық

өзгерістерге тікелей тәуелді.

Жаз айларында таудың жоғарғы

белдеулеріндегі жайылымдарға

дейін көтеріліп, қыста

ең төменгі белдеуге, кейде

парк территориясынан тыс аумақтарда

да байқалып қалады.

Көктем және күз айларында

тау аңғары ішіндегі өзен

бойындағы арша, бұта ағаштар

тоғайында жиі кездеседі.

Елік мамыр-маусым айларында

төлдейді. Күйек маусымынан

кейін мүйіздерін тастап,

жаңа мүйіздері желтоқсан

айында шыға бастайды.

Жалпы ұлттық паркімізде

орман және мен өсімдіктер дүниесі,

жан-жануарлар мен құстар

әлемі алуан түрлі: ағаштар

мен өсімдіктердің 1600-ден

аса түрі өседі, олардың 200

түрі - дәрілік өсімдіктер. Жабайы

аңдардың 59 түрі және

құстардың 300-ге жуық түрлері

мекендейді.

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 2341 Таралымы: 8154 дана

Кезекшi редактор – Азамат Жаппар

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!