24.08.2018 Views

Шымкент келбеті 67

Жұма 24 тамыз 2018 жыл

Жұма 24 тамыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

№67 (1606)

24/08 25/08 26/08

32 17 30 13 28 13

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады Жұма 24 тамыз 2018 жыл www.shymkala.kz

Кино –

өнер һәм

идеологиялық

қару

u

6-БЕТ

Туризмге

де тәртіп

керек

u

8-БЕТ

Форум

Мегаполис мүмкіндіктері

жаңа жобалар:

Шымкент

қалай дамиды?

Еліміздің Солтүстік өңірінен Шымкентке қонақ

боп келген бір әріптесіміздің айтқаны

бар еді: «Жер шарын жеті айналып шықсаң да,

Шымкенттей көркем қаланы, ондағы ыстық ықыласты

табу қиын». Айтқаны рас шығар. Шымкент

шаһары, қазақ жеріндегі ең қонақжай, меймандос

қаланың бірі ретінде кеңінен танымал ғой.

Бұған ешкім шүбә келтірмес. Күні қандай ыстық

болса, тұрғындарының пейілі де сондай дархан.

Шымкентке қадам басқандардың қайта келгісі

кеп тұратыны да сондықтан шығар, бәлкім.

Шымкентте

партияны жаңғырту

жұмыстары

жандана түседі

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының

жаңғыруы аясында

бастауыш партия ұйымдарының

екі күндік аймақтық форумы

өтті. Жиынға Алматы, Жамбыл,

Қызылорда, Түркістан облыстары

және Шымкент қаласынан ірі бастауыш

партия ұйымдарының төрағалары,

аумақтық филиал төрағаларының

орынбасарлары, барлығы

250-ге жуық партия мүшелері қатысып,

тәжірибе алмасты.

u 2-БЕТ

Сәбит ТАСТАНБЕК

sabit.tastanbek@mail.ru

Сағынтаевтың

Шымкентке сапары

Осыдан оншақты жыл

бұрын небәрі 500 мыңнан

сәл ғана астам тұрғыны бар

Шымкент шаһары бүгінде –

миллиондар мекені. Өндірісі

өркендеп, кәсіпкерліктің

жандануы нәтижесінде

Шымкент ірі орталыққа айналды.

Мегаполистің тұрғындарына

қажетті нысандар

қазіргі таңда қаламызда

бірінен соң бірі іске қосылып

келеді. Қала мен елдімекендерді

жалғайтын жолдар

жөнделіп жатыр. Бала туу

көрсеткіші жоғары шаһарда

салынып жатқан көпқабатты

тұрғын үйлердің де саны

артуда. Мәселен, былтыр

Шымкентте 25 тұрғын үйге

тапсырыс берілген болса,

биыл 58 тұрғын үй салынды.

Яғни, екі еседен аса көбейіп

отыр деген сөз. Сондай-ақ

былтырдың өзінде қала аумағында

5 бірдей саябақ бой

көтерді. Бәрі де халықтың

игілігі үшін! Өндіріс, кәсіпкерлік,

құрылыс саласының

қарқынды дамуы нәтижесінде

соңғы 3-4 жылда қала

қазынасы екі есеге жуық

өсіп отыр. Тұжырып айтсақ,

Шымкентті әлемдік түсініктегі

мегаполиске ұқсаттыру

үшін қазір қолдан келетіннің

барлығы жасалуда.

u

3-БЕТ

акция

Қауіпсіз

өнім –

денсаулық

кепілі

Шымкент қаласы қоғамдық денсаулық сақтау

департаменті және «Ұлттық сараптама орталығы»,

Абай, Еңбекші, Қаратау, Әл-Фараби аудандық

басқармаларының ұйымдастыруымен «Айна»,

«Қырғы», «Самал», «Мерей» базарлары және

«Магнум», «Шахан-2» сауда орталығында «Қауіпсіз

өнімді таңда!» тақырыбында акция өтті.

Азия ойындары

Қоржында – 2 алтын жүлде

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп

жатқан Жазғы Азия ойындары қыза түсті.

Бұл сында Қазақ елінің спортшылары да сайыс

көрігін қыздыруда. Әзірге қоржында 2 алтын,

6 күміс, 17 қола, жалпы 25 жүлде бар.

қала көркі

«Таза қала»:

жеңімпаз

анықталатын

күн жақын

Шымкентте көктемде басталған «Таза қала»

байқауының қорытындысы шығуына да

аз уақыт қалды. Көктем, жаз бен күз айларында

шаһардағы әдемі аула, ең таза көше, ең жанашыр

тұрғын көрген болсаңыз, ол осы байқаудың

қатысушысы деп ойлаңыз.

u

2-БЕТ

u

2-БЕТ

u

4-БЕТ

2

№67 (1606)

Апта

www.shymkala.kz

Бизнес-семинар

Біздің нарықта тауар өндірушілер әлі де аз.

Әлі де тауардың сапасын арттырып, бәсекелестікті

дамытуымыз қажет.

Тауар

өндірушілердің

әлеуетін арттыру

керек

Ә. АЙТӨРЕ

aaitore@shymkala.kz

Шымкентте «Бәсекеге

қабілетті бизнес – бәсекеге

қабілетті экономика» тақырыбында

өткен бизнесқауымдастық

өкілдерімен

кездесуде осы мәселелер кеңінен

талқыланды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі,

Инвестициялар

және даму министрлігі, стратегиялық

бастамалар орталығы,

«Атамекен» ҰКП және

экономикалық зерттеулер

орталығының басшылары,

жергілікті кәсіпкерлер қатысып,

ел экономикасындағы

өзекті жағдайларды шешудің

жолдарын сөз етті.

Отандық кәсіпкерлердің

әлемдік бәсекеге қабілеттілігі

талқыланған жиын бизнесинфрақұрылымының

бәсекеге

қабілеттілігін арттыру,

инновацияларды дамыту

және қаржыландыруға

қолжетімділік тақырыбында

еркін пікір алмасу форматында

өтті. Шымкент қаласы

әкімінің орынбасары

Данат Жумин өз баяндамасында

бәсекеге қабілеттілік

– бұл тұрақты дамудың кілті

екенін айтып өтті.

ҚР Ұлттық экономика

министрлігінің Стратегиялық

жоспарлау және талдау

департаменті директорының

орынбасары Бауыржан

Тұрлыбековтың айтуынша,

Қазақстанның жалпы бәскеге

қабілеттілігін арттыру

бойынша талдау жұмыстар

жүргізілуде. Түрлі салалардағы

субсидиялар, мемлекеттің

бизнестің дамуына

жасап жатқан әр түрлі шаралары

бойынша терең талдаулар

жасалған. Делегация

ақпан айында да кәсіпкерліктің

және бәсекеге қабілеттіліктің

мәселелерін талқылаған

еді.

Бизнеске қолайлы ортаны

қалыптастыру бойынша

Б.Тұрлыбеков, инфрақұрылымды

арттыру, бәсекелестікті

арттыру және инновацияларды

дамыту бойынша

ҚР Инвестициялар және

даму министрлігінің технологиялық

және инновациялық

даму департаменті директорының

орынбасары Құралбай

Бұқарбаев баяндама жасады.

Жиын соңында жергілікті

кәсіпкерлер көкейіндегі

сауалдарын қойып, жауап

алды.

Қоржында –

2 алтын жүлде

u Басы 1-БЕТТЕ жүлде жеңіп алды. Алда

Қ а й р а т Е р ә л и е в ,

С е м с е р л е с у ш і

Дмитрий Алексанин мен велоспортшы

Алексей Луценко

Азия ойындарының чемпионы

атанған еді. Алексей

Луценко 150 шақырымдық

топтық бәсекеде үздік шықты.

Отандасымыз аталған

қашықтықты 3 сағат 25 минут

25 секундта басып өтті.

Алексей Луценко 2014 жылы

Инчхонда өткен Азия ойындарында

да топ жарған

спортшы.

Сайыста Шымкент қаласының

да спортшылары

бақ сынауда. Қалалық

кешенді жоғары спорт шеберлігі

мектебінің шәкірті

Мария Дмитриенко қабырғаға

оқ атудан қола

Б е к д ә у л е т И б р а г и м о в ,

Ер с ұ л т а н М ұ з а п п а р о в ,

П и р м а м м а д А л и е в ,

Лу иза Саидиева сы н д ы

шымкенттік спортшылар

ел намысын қорғайды.

Әзірге ел спортшыларының

қоржынында 25 жүлде

(2 алтын, 6 күміс, 17 қола)

бар. Бұған дейін грек-рим,

еркін және әйелдер күресінен

бәсекелер өтті. Онда

Нұрмахан Тыналиев, Алмат

Кебісбаев, Данияр Қайсанов

сынды тәжірибелі спортшыларымыз

жүлдегер атанды.

Көпшілік асыға күткен бокс

бәсекелері бүгін басталады.

Жалпы Азия ойындарының

бәсекелері 2 қыркүйекке

дейін созылады.

Ә.АЙТӨРЕ

Шымкентте партияны жаңғырту

жұмыстары жандана түседі

Тағабай ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

байқау

u

Басы 1-БЕТТЕ

2018 жылғы 1 шілдедегі

жағдай бойынша республикада

5839 бастауыш партия

ұйымы жұмыс істейді. Олар

өз қатарларында 1 млн-нан

астам партия мүшелерін

біріктіреді. БПҰ төрағаларын,

партия мүшелері тұрақты

түрде партиялық

оқытудың түрлі әдістерін

қолдану арқылы (онлайн

оқыту, семинар-тренингтер,

соның ішінде көшпелі) оқытылуда.

2017-2018 жылдары

БПҰ төрағаларының 4 мыңға

жуығы партиялық оқуға

қатысып, тәжірибелерін

арттырған.

Форумның алғашқы

күнінде 4 секциялық талқылаулар

өтті. Сондай-ақ, секция

жұмыстарында цифрландыруды

жүзеге асыру,

шағын және орта бизнесті

қолдау, үштілділіке көшу,

мемлекеттік жастар саясатын

жүзеге асыру, «Рухани

жаңғыру» бағдарламасына

үлес қосуға бағытталған

22 жаңа партиялық жобаны

іске асыру тәсілдері

талқыланды.

Бастауыш партия ұйымдары

қызметін жандандыру

тұжырымдамасы талқыға

түскен бірінші секцияда

«Нұр Отан» партиясының

хатшысы Тамара Дүйсенова

негізгі басымдықтарды атап

өтті. Жалпы, тұжырымдама

БПҰ қызметін, оның

ішінде партия мүшелерімен

жұмысты жандандырудың

нысандары мен түрлерін

жетілдіру, бастауыш

партия ұйымы және партия

мүшелерінің деректер базасын

өзектендіру, БПҰ жұмысын

бағалау, ынталандыру

жүйесін енгізуді көздейді.

БПҰ жұмысын жандандырудың

негізгі қағидалары –

жүйелілік, кешенділік, атаулылық

және ашықтық.

Судьялар

сайысқа түсті

Шымкент қалалық

сотында

судьялар мен

сот қызметкерлерінің

арасында «Білгір» тарихи-танымдық

зияткерлік

байқауы өтті.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Байқау Мемлекет басшысының

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» бағдарламалық

мақаласында

айтылған міндеттерді іске

асыру, ұлттық мәдениетті

және рухани құндылықтарымызды

насихаттау, жас

судьялар мен қызметкерлердің

шығармашылық бастамасын

қолдау мақсатында

өткізіліп жатыр дейді

Партия тарихында алғаш

рет өткізіліп отырған

форумның екінші күні пленарлық

мәжіліспен жалғасты.

Оған қала әкімі, «Нұр

Отан» партиясы Шымкент

қалалық филиалының

төрағасы Ғабидолла

Әбдірахымов қатысып, форумның

жұмысы маңызды

екеніне тоқталды.

– Жалпы, қарапайым

халықпен жұмысты жандандырған

кезде партия

да күшейеді. Осы тұрғыда

БПҰ–на жүктелетін міндет

ауқымды. Себебі, сіздер

тікелей халықпен жұмыс

істейсіздер. Бүгінде

Шымкент қаласында 20 мыңнан

аса партия мүшелерін

біріктірген 78 бастауыш

ұйым бар. Қазір ұйымдардың

саны көп болса да, біз-

қалалық сот төрағасының

міндетін атқарушы Әділ

Керімшеев.

Әділқазылар арасындағы

зияткерлік конкурстың ережесіне

сәйкес қатысушылар

«Туған өлкем – тарихым»,

«Билердің сөзі – ақылдың

көзі» және «Рухани жаңғыру»

тақырыптары бойынша

өздерінің туған жері

мен тарихы туралы айтып,

сынға түсті. Судьялар Асан

қайғы, Қазтуған жырау,

М а й қ ы , Тө л е , Ә й т е к е ,

Қазыбек билердің, атақты

ақын-жыраулардың, ұлы

Абайдың нақыл сөздерін

жатқа айтып, Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» мақаласы бойынша

сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар көрермендер

назарына өздері әзірлеген

слайдтар, роликтер, рефераттар

мен сахналанған

көріністерді ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша

Шымкент қаласы

Әл-Фараби аудандық сотының

бас маманы Жанәділ

Үсенов, мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік

сотының бас маманы

ге жұмыстың сапалы болғаны

жөн. Жалпы, партияға

елді ойлайтын, қоғамның

қай бағытта дамып бара

жатқанын білетін сауатты

де елжанды азаматтар керек.

Ең басты жұмысымыз –

Елбасының тапсырмаларын

сапалы орындау. Шымкент

қаласы республикалық мәртебені

алғаннан кейін алда

үлкен мақсаттар тұр. Бірнеше

IT сыныптар, коворкинг

орталықтар аштық. Біз бұл

жұмыстары одан әрі қарай

жалғастыра береміз, – деді

қала әкімі.

Сондай-ақ, бастауыш

партия ұйымдарының

пленарлық мәжілісінде

Түркістан, Алматы, Қызылорда,

Жамбыл облыстық

филиалдарының төрағаларының

орынбасарлары бастауыш

партия ұйымдарының

қызметін жандандыру

бойынша пікірлерін ортаға

салды.

П ленарлық мәжілісті

қорытындылаған Тамара

Дүйсенова қазан айында

Астана қаласында республикалық

БПҰ-ның форумы

өтетінін айтты.

– Елбасының «Нұр Отан»

партиясын жаңғырту тапсырмасына

сәйкес, Орталық

аппарат бірнеше үлкен

жобаны қолға алды. Бастауыш

партия ұйымдарының

белсенділігін арттыру

бойынша жобаны талқылап

шықтық. Мұндай форум

жыл сайын өтеді. Әр

партия мүшесі өзінің көшбасшы

партияның мүшесі

екенін білсе, қоғамдағы

болып жатқан оқиғаларға

өзінің де жауапкершілігі бар

екенін сезінетін болса, партияның

өмірі ұзақ болады.

Республикалық форумға

дейін ұсыныстарыңызды қабылдауға

дайынбыз, – деді

Тамара Қасымқызы.

Айта кетсек, 15 қыркүйекке

дейін партияны жаңғырту

бойынша қосымша ұсыныстар

қабылданады.

Елемес Мұхаметжан және қалалық

соттың бас маманы

Әділхан Исалиев үздік деп

танылды. Бұл мамандар алдағы

уақытта «Білгір» тарихи-танымдық

зияткерлік

байқауының республикалық

айналымында Шымкенттің

намысын қорғамақ.

Қауіпсіз өнім – денсаулық кепілі

Хабарландыру!

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да 8-8000-8000-12 нөмірі бойынша

колл-орталығы жұмыс істейді (Қазақстан бойынша

қоңырау шалу-тегін). Онда сіздер көп пәтерлі тұрғын

үйлерді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жалпыүйлік

жылу есептеу құралдарын орнату, тұрғын үй

көмегін алу, кондоминум объектісін тіркеу, «Өңірлерді

дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары

туралы» Заң нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша

сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар. Жұмыс уақыты

сағат 09:00 бастап 18:30-ға дейін, демалыс күндері

- сенбі-жексенбі.

Бибайша Нұржанқызы

b.aisha@shymkala.kz

Мұндағы мақсат - салауатты

өмір салтын қалыптастыру

мен тағам қауіпсіздігіне назар

аудару. Акция барысында

ұлттық сараптама орталығы

тұрғындар сатып алған тағам

өнімдерінің сапасын анықтауға

ақысыз жедел сараптама жасап

берді. Онда сүт өнімдерінің

сапасы, ет және балық өнім-

u

Басы 1-БЕТТЕ

дерінің термиялық өңдеуінің

деңгейі, балдың табиғилығы,

бақша өнімдерінің құрамындағы

нитрат, ет, шұжық және

ысталған балықты микробиологиялық

тағам өнімдерінің

сапасы анықталды.

– Іс-шараның мақсаты –

сатып алушыларға кез келген

тағамның сапасын, тазалығын,

нитраттардың құрамын

білуге мүмкіндік беру.

Сонымен қатар тұрғындар

арасында дұрыс тамақтануды

қалыптастыру, жеке бас

гигиенасын сақтау мен ботулизмнің

алдын алу, сараптаманың

қалай өткізілетіні

және тұтынушылардың сауда

жасауда құқықтарының

бұзылмауын түсіндіріп, жалпы,

халыққа қажет ақпарат

беру. Егер азық-түлік сапасы

талапқа сай болмаса, өнім

жеткізушілерге қайтарылып,

акт жасалады. Сатып аларда

алдымен өнімнің қаптамасына,

таңбалануына, сақтау

уақытына назар аудару

және сараптамадан өткені

жайлы құжатты сұрау қажет,

– дейді қоғамдық денсаулық

сақтау департаментінің

же т ек ш і ма ма н ы Б ек з ат

Сайлауова.

Акцияда жеміс-жидектердің

нейтраттарын, сүт,

ет өнімдерінің сапасын жедел

анықтау әдістерімен тексеріліп,

нәтижесінде сатылымдағы

өнімдердің зияны

жоқ екені анықталды. Мамандар

«Қауіпсіз азықтар»

тақырыбында түсіндіру жұмыстарын

жүргізіп, тұрғындарға

ішек инфекцияларының

алдын алу жөнінде кеңес

айтылды.

Мегаполис мүмкіндіктері

www.shymkala.kz

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

3

u Басы 1-БЕТТЕ

О с ы ж ы л д ы ң м а м ы р

айында Елбасы Нұрсұлтан

Н а з а р б а е в Ш ы м к е н т т і

Ас т а н а м е н А л м а т ы д а н

кейінгі еліміздегі миллион

тұрғыны бар қалалардың қатарына

қосты. Президенттің

бұл мәлімдемесі Шымкентке

деген қызығушылықты

арттырып қана қоймай, бұл

қала «мегаполис» ұғымына

сәйкес келе ме деген сауалдың

шетін шығарды. Әрине,

мегаполис атану үшін халық

санының сәйкес келуі мен құқықтық

мәртебесінің ресімделуі

жеткіліксіз екені айтпаса

да түсінікті.

Ел ішінде қазір «Шымкент

мегаполис болса не өзгереді?»,

«Мегаполистің мүмкіндіктері

қандай болмақ?», «Қаланың

инфрақұрылымы мегаполиске

сай ма?» деген сұрақтарды

естіп қалып жүрміз.

Көпшіліктің көкейінде бұл

сауалдардың тууы да заңдылық.

Мегаполис дегенде, ең

алдымен, халық санына қарай

туындайтын қажеттілік

пен әлемдік стандартқа сай

келетін инфрақұрылымдық

жағдайды жасау маңызды

екені белгілі. Әрине, 15 млннан

астам халқы бар Мәскеу

немесе 35 млн халық тұратын

Токио мегаполисі секілді

Шымкент ә дегеннен әлемдік

түсініктегі «мегаполис» қалалардың

қатарына еніп кетпес.

Десе де, еліміздегі үшінші

қала қазір сол алып мегаполистерге

бет түзеп, өзіндік

келбетін қалыптастыруға

кірісіп кетті.

Бүгінде Шымкентті республикалық

маңыздағы қала

ретінде дамыту мәселесі күн

тәртібінде тұр. Таяуда ғана

Мемлекет басшысының тапсырмасымен

ҚР Премьер-Министрі

Бақытжан Сағынтаевтың

Үкімет мүшелерімен бірге

Шымкентке арнайы келді.

Онда Шымкент шаһарының

ірі серпінді жобалары, алға

қойып отырған мақсат-міндеттер

таныстырылды. Кеңес

барысында жаңа мегаполисті

дамыту мәселесіндегі

қазіргі жағдай, агломерацияны

тиімді, үйлесімді әрі теңгерімді

дамытуды қамтамасыз

етудің жоспарлары мен

әлеуеттері қаралды. Сондайақ,

қаланы дамыту жоспары,

нақтырақ айтқанда, 2018-2019

жылдары іске асырылатын

ірі жобалар талқыланды. Бақытжан

Сағынтаев өз сөзінде

Елбасының Шымкентке республикалық

маңыздағы қала

мәртебесін беруі кезінде

өңірдің инвестициялар, технологиялар

және интеллектуалдық

ресурстар тарту орталығы

болуы үшін барлық қажетті

жағдайлары мен әлеуеті

бар екенін атап өтті.

Осы жиында жаңа қала

мәртебесі тұрғысынан Шымкент

агломерациясын дамыту

бойынша әкімдік атқарып

жатқан жұмыстар мен

мақсатты индикаторлар туралы

қала әкімі Ғабидолла

Әбдірахымов баяндама жасап,

Үкімет басшысына жобаларды

жан-жақты таныстырды.

Сол жобалардың бірқатарына

қысқаша тоқталайық.

Туризмді

түлетуге барынша

маңыз берілуде

2200 жылдық терең тарихы

бар Шымкент шаһары

туризмнің де ордасы. Тіпті

Шымкентті Түркістан облысының

туризмдегі қақпасы

десек те артық емес.

Шымкент бір замандарда

«Ұлы Жібек жолының» ең

бір күре тармақтарының бірі

есебінде танылғанын тарихтан

білеміз. Сол себепті саяхатшыларды

көбірек тартып,

Шымкент туризмін түлетуге

барынша маңыз берілуде.

Еліміздің әр аймағынан,

шетелден де арнайы саяхаттап

келетін туристердің

бәрі ең алдымен Шымқалаға

кеп тоқтайды. Бұл орайда

келімді-кетімді адамдарға

ыңғайлы жағдай жасау мақсатында

қала әкімдігі әуежай,

темір жол тасымалы бойынша

жаңа жобаларды қолға

алып жатыр.

Атап айтсақ, 2020 жылға

жаңа жобалар:

дейін Шымкентте әуежайдың

жаңа терминалы мен теміржол

вокзалының жаңа ғимараты

салынады. Құрылыс

әуе компаниялары мен ҚТЖ

қаражаты есебінен жүргізілмек.

Қазіргі таңда SCAT компаниясының

қаражаты есебінен

әуежайдың жаңа терминалын

салу бойынша келісімге

қол қойылған. Шымкент

әуежайында бой көтеретін

жаңа терминалдың құны –

17,5 миллиард теңге. Әуе компаниясы

$50 млн көлемінде

инвестиция салуға әзір. Қала

әкімдігі терминал құрылысы

мен оған апаратын жолды

салу үшін 2,8 гектар жер

телімін бермек.

Жасыратыны жоқ, 1968

жылы ашылған Шымкент әуежайы

қазір заманауи талаптарға

сай келмейді. Біріншіден,

ол жерде әскери базалар

бар. Екіншіден, келіп-кететін

ұшақтардың барлығы қала

үстімен ұшады. Оның үстіне

қонақтарға қызмет ету үшін

тарлық етеді. Әзірге онда кеңейту

жұмыстары жасалынбақ.

Бұған дейін Шымкентте

жаңа халықаралық әуежай

салу жоспары қарастырылған

болатын. Ол жобаға сәйкес,

қазіргі қолданыстағы әуежайдың

Қорғаныс министрлігінің

теңгерімінде болуына байланысты

жаңа әуежайдың

3 жаңа нобайы әзірленген.

Алғашқы нұсқа бойынша

біріншісі қазіргі әуежайдың

оңтүстік-батыс бөлігінде орналасса,

екінші нұсқада Ордабасы

ауданының аумағында,

ал үшінші нұсқада Шымкент

қаласының солтүстік

жағындағы аумақта орналасатыны

көрсетілген. Бұл жобаның

да жүзеге асатын сәті

алыс емес секілді.

Шымкент теміржол вокзалын

қайта құру мақсатындағы

жоспарға келсек, «Қазақстан

теміржолы» компаниясы

бұл мақсатқа 1,6 миллиард

теңге қарастырып отырғаны

белгілі болды. Қаланың

Бас жоспарына сәйкес «Батыс

Еуропа – Батыс Қытай»

халықаралық көлік дәлізінің

бойында салынуы тиіс жаңа

теміржол вокзалы Шымкент

қаласының 2020 жылғы ТМД

елдерінің мәдени астанасы

жылына орай пайдалануға

берілмек.

«Шымкент-Ташкент»

жүйрік теміржол

экспресі іске

қосылуы мүмкін

Сондай-ақ, Шымкенттегі

ірі жобалар қатарында А2

айналма жолы мен Қонаев

даңғылының жалғасы бар.

Алматы-Ташкент бағытындағы

транзиттік жол қайта

жаңғырса, ал даңғыл арқылы

қаланың солтүстігі мен

оңтүстігі байланысады. Сондай-ақ,

оңтүстік көршімізбен

іскерлік байланысты

нығайтып, туризмді дамыту

үшін «Шымкент-Ташкент»

бағытындағы теміржол экпрессінің

құрылысы жоспарланған.

Бұл жоба бойынша

Шымкент пен көршілес Ташкент

қаласының арасында

шойынжолмен небәрі жарты

сағатта жетуге болады.

Кәсіпкерлік тұрғысынан

айтар болсақ, қалада «Оңтүстік»

және «Тассай» индустриялды

және «Оңтүстік» арнайы

экономикалық аймақтары

бар. Аталған аймақтарға 58,5

млрд теңге инвестиция салынып,

66 кәсіпорын іске қосылды,

4 890 жұмыс орны ашылды.

2018 жылдың соңына дейін

осы аймақтарға 38,3 млрд теңге

инвестиция салып, 2 047

жұмыс орны бар 14 кәсіпорын

ашу жоспарланған.

Ауыл шаруашылық өнімдерін

өңдеу бойынша агроөнеркәсіпті

дамыту үшін 136

гектарға АГРО – индустриалдық

аймақ құру жоспарланып

отыр. Онда сауда-логистикалық

орталық, қоймалар,

көкөніс сақтау қоймалары,

автовокзал, бизнес-орталық

және қонақ үй орналасатын

болады. Шымкентте өткен

жиында аталған жобаны

Үкімет басшысы Бақытжан

Сағынтаев қолдап, көмек көрсетілетінін

айтты.

«Шымкент СИТИ» –

шаһар шырайы

Шымкенттің 2020 жылға

дейінгі даму жоспары аясында

жүзеге асып жатқан ерекше

жобаның бірі – «Шымкент

СИТИ» жаңа іскерлік және

тұрғын үй кешені. Қаланың

солтүстік бөлігінде, Бәйдібек

би ескерткішінің жанында 427

гектарды алып жатқан аумақта

қазір жол салынып, инфрақұрылым

жұмыстары аяқталған.

Жоба толықтай аяқталғанда

жаңа қалашықта 50

мың адам қоныстанады.

«Шымкент СИТИ» – бүгінде

қаланың басты құрылыс

алаңы. Жаңа қалашықта тұрғын

үйлер салуға «Highvill»

(51 га) «BAZIS-A», «Bi Group»

(5 га), «Отау Строй» (14 га)

компанияларымен келісім жасалған.

Бұл аумақта 300-ден

астам көпқабатты тұрғын үй

бой көтермек. Сонымен қатар,

«Highvill» компаниясы мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік

бойынша 49 гектар алаңға

Шымкент

қалай

дамиды?

құны 5 млрд теңге тұратын

саябақ салуға дайын.

Шаһар басшысы Ғабидолла

Әбдірахымов қала әкімдігінде

өткен кезекті жиында «Шымкент

СИТИ-дің» жай ғана жаңа

кешен емес, ол ең алдымен

қала тұрғындарының өмір

сүруі үшін бар жағдай жасалған,

жаңа стандарттардың

үлгілі көрсеткіші болатынын

айтқан еді. Шын мәнінде,

«Шымкент-сити» – қаламызды

үшінші мегаполиске

айналдыру бойынша қолға

алынған ерекше жоба. Қалашықтың

құрылысы 2020 жылға

таман толық аяқталған

жағдайда, бұл мекен барша

қала тұрғындарының мақтанышына

айналатыны сөзсіз.

Жалпы, бүгінгі таңда Елбасымыздың

Бес әлеуметтік

бастамасын орындау аясында

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы

бойынша 175 көпқабатты

үйдің құрылысы

жүргізілуде. Бұл баспанаға

мұқтаж тұрғындардың мәселесін

шешуге жол ашады.

Баспана тапшылығын азайту

үшін келер жылы 56 млрд

теңгеге 8 арендалық және 68

несиелік көпқабатты үй салу

жоспарлануда.

Үкімет басшысы

Б.Сағынтаевтың төрағалығымен

өткен Шымкент қаласын

дамыту мәселелері жөніндегі

кеңесте ірі жобалар талқыға

салынды, салиқалы пікірлер

айтылды. Жиында Премьер-министр

шаһар басшысы

Ғ. Әбдірахымовтың көрсеткен

жобаларының тұшымдылығын

айтып, қолдау білдірді.

Алайда қаржы мәселесін шешуде

барлық қажетті құжатты

даярлау керегін де айтты. Сонан

соң республикалық бюджет

комиссиясының отырысында

қаралатын болады.

Түйін сөз:

Шымшаһар ежелден

бірлік пен достықтың қаласы

ретінде ерекше танымал.

Қаламызды түлетуде

қолға алынып жатқан жоғарыдағы

ірі жобалар шаһардың

одан сайын көркейіп,

дами түсуіне жағдай жасары

сөзсіз. Қала басшысы болып

екінші рет тағайындалған

Ғабидолла Әбдірахымовтың

тәжірибесі мол, іскерлігі басым

екенін жұртшылық біледі.

Әкімнің Шымкент жайлы

«Қазір қалаға жер-жерлерден

көп қонақтар келеді.

Біз оларға Шымкенттің нағыз

шырайлы келбетін көрсете

білуіміз керек. Қала

тұрғындарымен қатар, жанжақтан

келген азаматтар да

Шымқаланы тек жақсы қырынан

танып, әрдайым мақтанышпен

еске алуы тиіс»,

деп пікір білдіргені бар.

Осы бағыттағы жұмыстарды

шаһар тізгінін ұстаған

Ғабидолла Рахметоллаұлы

мен ол бастаған елшіл азамаматтардың

сәтімен жүзеге

асыратынына сеніміміз

мол.

Шымкент қаласында...

Жеті айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 250,8 млрд

теңгені құрады, НКО 2017 ж. осы кезеңіне шаққанда

— 102,1%. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға

2018 ж. 1337,7 млн теңге бөлінді, оның ішінде жұмысшы

кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін —

247,2 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін —

184,8 млн тг, жастар іс-тәжірибесіне — 618,3 млн тг, қоғамдық

жұмыстарға — 284,4 млн тг және т.б.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының

екінші бағытын іске асыру аясында 2018 ж. қаңтар–маусым айларында 829

млн теңге сомасына 64 шағын несие берілді. 2018 ж. қаңтар–шілде айларында қала

бюджеті 63,8 млрд теңгеге орындалды. Қалалық бюджеттің өз кірісі 32,7 млрд теңгені

құрады, болжамның орындалуы — 106,9%. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда

жергілікті бюджетке түсімдер 5470 млн теңгеге артқан.

Қаланың солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтудың негізгі көзі болатын 220 киловольт

«Бозарық» шағын станциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған

соң 250 мың қала тұрғыны сапалы электр қуатымен қамтылады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары 2014 жылы басталған. Зауыттың

өнім көлемі қыркүйек айынан бастап 6 млн тоннаға жетеді. Бұрын 4,5 миллион тонна

болған. «Петро Қазақстан» компаниясы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін және Орта

Азия нарығына шығу үшін, Шымкент зауытын кеңейтуді және мұнай өңдеу мүмкіндігін жылына

10 млн тоннаға жеткізуді ұсынып отыр.

Шымкент әуежайында құны 17,5 миллиард теңге болатын жаңа терминал салынады

4

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

Әлеумет

www.shymkala.kz

Ақмарал Молдиярқызы

aashirova@shymkala.kz

u

Басы 1-БЕТТЕ

Шымкент қаласы

әкімдігі мен ОҚО «Альянс

қауымдастығы» дәстүрлі

байқауды биыл да ұйымдастырды.

Осыған орай, байқау

ережесіне сәйкес әр аудан

бойынша құрамында қоғамдық

ұйым өкілі, журналист,

коммуналды қызмет

бойынша жауапты мамандары

бар жұмысшы топ құрылған.

Қаратау ауданынан

құрылған мұндай топ «Таза

қала» байқауына қатысуға

өтініш білдірген үй мен көшелерді

аралап, сараптама

қорытындылары мен фото

материалдарын байқау ко-

«Таза қала»:

жеңімпаз анықталатын

миссиясына ұсынды. Әр 15

күн сайынғы аралау барысында

жұмысшы топ байқау

шартына сәйкес жасыл

желекпен көмкерілген аула

күн жақын

мен көшенің гүлі мен ағашы

дұрыс күтім көргеніне,

жайқалып өсіп, айналасы

қоқыстан таза тұрғанына

көз жеткізуі тиіс.

Жеке тұрғын үйлер орналасқан

көшелер мен көпқабатты

үйлердің ауласын

көгалдандырып, санитарлық

жағдайына көңіл бөлуге

насихаттайтын жобаға

Қаратау ауданынан қатысушылар

аз емес.

– Қаратау ауданынан жобаға

қатысуға биыл 64 көше,

80 аула өтініш білдірген. Біз

жақында осы көше мен ауланың

бәрін аралап, қорытындысын

комиссия назарына

ұсындық. Енді тағы 15 күнде

қайта аралаймыз. 2017

жылы «Таза қала» байқауына

45 көше, 40 аула қатысқан

еді, – дейді халықпен

жұмыс жүргізу бөлімінің

басшысы Б.Қалдыбаев.

Байқауда әр аудан бойынша

І, ІІ және ІІІ орын

жеңімпаздары бөлек анықталады.

Жеңіске жеткендер

үшін бағалы сыйлықтар

тағайындалған. Дегенмен,

қаламыздың байқау

барысында белсенділік танытқан

әр тұрғыны ерекше

құрметке ие болмақ. Әсіресе,

өзі тұратын аула мен көшенің

тазалығына, көркеюіне

үлес қосқан мектеп оқушылары

назардан тыс қалмайды.

Ал қоғамдық орындарда

тәртіп сақтау, «нөлдік

төзімділікті» қалыптастыру,

ұсақ құқық бұзушылықтардың

алдын алуда нәтижелі

еңбек көрсеткен құқық

қорғау органдарының

қызметкерлері де бағалы

сыйлықтармен марапатталады.

кездесу

Шымкенттегі «Ерлік» мұражайында жуырда Қазақстан жазушылар

одағының мүшесі, жазушы Нұрғали Қадырбаевтың әдебисазды

кеші ұйымдастырылды. Әдеби басқосуға жиналған елімізге

белгілі ақын-жазушылары мен оқырмандар жазушының өміріндегі

қызықты фактілермен танысты.

елге қызмет

Шаһарға еңбегі сіңген...

Күн шұғылалы

Шымкент қаласының

мегаполиске

айналуы баршамыздың

ерекше қуанышына айналды.

Қаламыз биік заманауи

талап үдесіне

көтеріліп, бүгінгі кезеңде

республика аумағындағы

уақыт талабына

лайық дәрежеге жетуін

әр шымқалалық мақтан

тұтады. Бұл көп жылғы

үздіксіз атқарылған үлкен

ізгі жұмыстар нәтижесі

екені белгілі.

Ойы да көркем, бойы да көркем

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Нұрғали Әмірбекұлы

Қадырбаев 1950 жылы 1 қаңтарда

Түркістан облысы, Мақтаарал

ауданы, Еңбекші ауылында

дүниеге келген. 1966

жылы осы аудандағы №66

мектепті бітірген. 1970 жылы

Сырдария педагогика институтының

«Қазақ тілі мен

әдебиеті» бөлімін үздік дипломмен

тәмәмдаған. 1970-1977

жылдар аралығында Абай

атындағы орта мектепте қазақ

тілі және әдебиеті пәні

мұғалімі болып алғашқы еңбек

жолын бастаған.

Нұрғали Әмірбекұлы ұстаздық

жолымен бірге журналистика

саласы мен бірқатар мемлекеттік

қызметтерде болған.

Бүгінге дейін жазушының 30-

дан астам көркем, деректі-ғылыми,

зерттеу, аударма кітаптары

жарық көрген. Атап айтқанда

«Қоянның құлағы неге

ұзын?», «Алыстап кеткен жұлдыздар»,

«Мырзашөл жазы»

және тағы да басқа туындылардың

авторы. Әңгімелері

болгар, орыс, өзбек тілдеріне

аударылған. Әңгіме-ертегілері

мектеп оқушыларына арналған,

диктанттар мен мазмұндамалар

жинақтары оқу бағдарламаларына

енген.

Шетел әдебиетінің үш томдық

хрестоматиялық оқулығының

авторы, еңбектері

республикалық басылымдарда

жиі жарияланып тұрады.

Елбасының Жарлығымен

«Қазақстан Тәуелсіздігіне -

20 жыл», «Қазақстан халқы

Ассамблеясына - 20 жыл» медальдарымен

марапатталған.

Қазақстан республикасы білім

және ғылым министрлігінің

Ы.Алтынсарин төсбелгісімен

марапатталған. Еліміздің мәдениет

саласының үздігі,

Мақтаарал ауданының құрметті

азаматы, Ресей жаратылыстану

академиясының алтын

медаль иегері, халықаралық

көне әлем академиясының

лауреаты, құрметті докторы.

Әдеби кеште замандастары

жазушының көпқырлы

шығармашылығына, сонымен

қатар, оны қоршаған ортаның

шындығына, жазушының

өзіне ғана тән ой толғауына

аса назар аударып,

поэмалары мен өлеңдерінен

үзінділер оқыды. Нұрғали

Қадырбаевтың санқырлы шығармашылығы

90-ға жуық

туындымен жасақталған кітап

көрмесінен көрініс тапты.

Шымкент қаласы осы талаптарға

сәйкес көркейіп, абаттанып,

көгалданып, тек қала

тұрғындары емес, қонақтар,

алыс-жақыннан келуші туристерді

де ереше таңдандыруда.

Әрине, айтуға ғана оп-оңай

ғой. Қаламыздың көгалданып,

көркейіп, гүлге оранып, саялы

саябақтарға айналу үшін

көп іскерлік, ұйымдастырушылық

жұмыстар жүргізілгені

белгілі.

Бүгінде қаланы аралаған

әрбір серуендеуші ерекше

сүйсініп, қуанышқа бөленеді.

Шымкент қаласының әкімдігі

саябақтар мен аллеяларды,

субұрқақтарды күтіп-ұстауға

айтарлықтай көңір бөлуде. Біз

ос шағын мақаламызда жоғарыда

аталған игілікті жұмыстарға

кезінде ерекше үлес қосқан іскер,

ұйымдастырушылық қабілеті

мол азамат туралы баяндағанды

жөн деп санаймыз.

«Жақсының жақсылығын

айт, нұры тасысын» дегендей,

бұл азамат - 2012-2015 жылдары

Шымкент қаласының тұрғын

үй-коммуналды шаруашылық,

жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы қызметін

абыройлы атқарған Құрманбек

Жарқынбек Айдарбекұлы. Ол

қаланың коммуналды саласын

басқарған жылдары өзінің

білімін, ұзақ жылдар жинақтаған

осы саладағы мол тәжірибесін

шаһарды абаттандыруға,

талапқа сай жұмыс атқаруға

жұмсады.

Қаланың коммуналды саласының

үздіктерінің бірі болып

саналатын Ж.А.Құрманбек

1981 жылы Алматы ауыл

шаруашылығы институтын,

2005 жылы мемлекеттік Қ.А-

.Яссауи атындағы қазақ-түрік

университетін, 2007 жылы ҚР

Президенті жанындағы Мемлекеттік

басқару академиясының

мемлекеттік қызметкерлерді

қайта даярлау курсын

ойдағыдай тәмамдаған.

Жалпы еңбек өтілі - 38 жыл,

оның ішінде мемлекеттік қызметтегі

еңбегі өтілі 25 жылдан

жоғары.

Шымкенттегі Тәуелсіздік

саябағы, Неке сарайы, Шәмші

әлемі, Қызғалдақ субұрқағы,

Нұрсәт шағынауданындағы

әкімшілік-іскерлік орталығы,

Наурыз алаңы, Бәйдібек баба

кесенелерінің құрылысы және

қаланың іргелес аумақтарын

инфрақұрылыммен қамтамасыз

ету, Тассай, Қайтпас-1,

Қайтпас-2, Достық, Асар, Ынтымақ,

Қазығұрт, Қызылжар,

Ақжар, Самал-1, 2 және 3, Ақтас

елдімекендерін сапалы

ауыз су, табиғи газ және электр

энергиясымен қамтамасыз ету

жұмыстары жүргізіліп, халық

игілігіне мерзімінде пайдалануға

берілді.

Қазіргі кезеңде жоғарыда

баяндалған жұмыстар халықтың

игілігіне айналған.

Ал Жарқынбек Айдарбекұлының

еңбегі құрметке бөленіп,

2008 жылы Шымкент қаласы

әкімінің Құрмет граммотасымен,

«Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне – 20

жыл» «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне - 25 жыл»

мерекелік медальдерімен, 2017

жылы Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімінің Құрмет грамотасымен,

2018 жыл ОҚО әкімінің

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін»

медальдерімен марапатталған.

2015 жылдан осы уақытқа

дейін ОҚО энергетика және

тұрғын үй-коммуналды шаруашылық

басқармасының жобаларды

қарау және іске асырылуына

мониторинг жүргізу

бөлімінің басшысы қызметін

атқарып келеді.

Ал біз мегаполиске айналып,

мәртебесі биіктеген

Шымкент шаһарының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымовқа

және оның сан салалы жұмыстарына

сәттілік тілейміз.

Сарманбай Исақ,

ҚР жазушылар

одағының мүшесі

Қоғамдық келісім

www.shymkala.kz

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

5

іс-сапар

Ресейліктер Шымкентке қонақ болуға ықыласты

Ресейдің Ивановская облысы мен Қазақстанның

оңтүстігі 20 жылдан бері бауырлас облыс болды.

Қазір біздің өңірде бірқатар өзгерістер орын

алып, бұрынғы облыс атауы Түркістан болып өзгерсе,

оның орталығы болған Шымкент шаһары ірі мегаполистер

қатарына енді. Дегенмен, көрші елмен

байланыс бұдан әрі де жалғаса береді.

Ақмарал Молдиярқызы

aashirova@shymkala.kz

Қазақстан мен Ресей елдерінің

арасындағы байланысты

арттырып, сауда-саттық,

туризм саласынан жандандыру

және ұлтаралық татулық

пен әріптестік қарымқатынасты

жақсарту мақсатында

Қазақ делегациясы

жуырда Иваново облысына

сапарлап қайтты. Қазақстан

халқы Ассамблеясы төрағасының

орынбасары Леоинд

Прокопенко бастаған отандық

делегация құрамында

9 адам сапарға шықса, екеуі

Шымкент қаласынан барды.

Бірі – Шымкент қалалық

Қазақстан халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары,

хатшылық меңгерушісі

Мұратәлі Қалмұратов болса,

екіншісі – Қазақстан өзбектерінің

«Дустлик» қоғамдық

бірлестіктері қауымдастығының

төрағасы Икрам

Хашимжанов.

– Ресей Федерациясының

Иваново облысында өткен

халықаралық форумға

сол елдің Костромская,

Ярославская, Владимирская,

Смоленская, Калужская,

Рязанская, Московская,

Курска облысынан өкілдер

келіп қатысты. Маңызды

жиында Қазақстан халқы

Ассамблеясы төрағасының

орынбасары Леоинд

Прокопенко аймақаралық

форумда еліміздегі ұлтаралық

саясаттың басым бағыттары

мен Ассамблея жұмысын

жан-жақты таныстырды.

Еліміздің жалпыұлттық бірлік

пен келісім саласындағы сындарлы

саясаты таныстырылды.

Қазақ делегациясы төрағасының

баяндамасы көрші

елдегі әріптестерімізді таң

қалдырды. «Қазақстан бұл салада

мақсатты түрде жұмыс

істейді екен!» деп, Ассамблея

жұмыстарына өте жақсы баға

берді. Шынында бізде әр этностың

өз қауымдастығы, мәдени

бірлестігі, оның төрағасы

бар. Дәстүрлі шаралардың

бәріне бір кісідей атсалысатынымыз

тағы белгілі. Әр этнос

ұлттық киімі мен әдетғұрпын,

ұлттық тағамдарын

сақтаумен қатар қазақтың

да салт-дәстүр құндылықтарын

жылдан-жылға жақсы

меңгеріп келеді. Біз бұның

ауыз толтырып, мақтана

айтуға болатын шаруалар

екенін көршілес елдегі атқарылған

жұмыстармен салыстырғанда

түсіндік, – дейді

М.Қалмұратов.

Қазақ делегациясының

құрамында болған «Kazakh

Tourism» АҚ ҰК туристік дестинация

департаментінің

бас менеджері Салтанат

Искаринова еліміздің саяхаттап,

демалыс өткізуге қолайлы

аймақтарын таныстырғанда

форумға қатысушылар

Түркістан облысы Түлкібас

ауданындағы «Шұбайқызыл

шоқысына» ерекше қызығушылық

танытқан. Тіпті, келер

жылы қызыл кітапқа енген

қызғалдақты көру үшін

қазақ жеріне ат басын бұруға

ықылас білдірген.

– Форумға қатысушылар

Шұбайқызыл шоқысын көруге

келсе, тұрақтауға болатын

қандай орын бар деп

сұрағанда біз Шымкенттегі

«RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ

үйін таныстырдық. Оларға

ұнады, – дейді Мұратәлі

Оразалыұлы.

Ал ең қызығы – алманың

да, қызғалдақтың да отаны

Қазақстан екенін таныстыру

делегация мәртебесін одан әрі

тасытты. Сонымен қатар, Қазақстан

халқы Ассамблеясы

төрағасының орынбасары –

ҚР Президент әкімшілігі ҚХА

хатшылығының меңгерушісі

Леонид Прокопенко Ресейдегі

қазақ диаспорасымен арадағы

байланысты арттыру жайын

талқылаудан кейін екі елдің

ынтымақтастығын арттыруға

ықпал етеді деген оймен алып

барған қазақша кітаптар мен

оқулықтарды тапсырып, Ивановская

облысының губернаторына

ұлттық оюмен өрнектелген

шапан жапты.

– Бір қызығы, осы форумда

көршілес елдер қазақтың

қонақжай халық екеніне тағы

көз жеткізді. Ивановская облысында

Ресейдегі әр этнос

өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын

таныстыратын дәстүрлі

фестиваль өтеді екен.

Іс-сапардың екінші күні сонда

бардық. Қазақ қауымдастығының

төрайымы Айжан

Түзелбекованы қолдап, елден

қымыз-қымыран, құрт, қарағандының

еті бар, үлкен дастархан

жаюға мұрындық болдық.

Онда өзге этнос өкілдері

өздерінің ұлттық тағамдарын

сатады екен. Ал Қазақ қауымдастығы

ет асты, бауырсақ

пісіріп, палауды да көпшілікке

тег ін тарат ып жат т ы.

Сол жерде шамамен 200-дей

адам әңгімеге тартса, соның

бәрінен «мен де бір кездері

Шымкентте, Оңтүстікте тұрғанмын»

дегенді естідім, –

дейді шымкенттік делегат.

Жалпы, былтыр бір ғана

Ивановская облысының

Қазақстанмен арадағы тауар

айналымы 28 миллион долларды

құрапты. Қазақ делегациясы

бұл сапар алдағы уақытта

екі ел арасындағы байланысты

жандандыра түседі

деп сенеді. Әрине, салт-сана,

өнеркәсіп, экономикалық

тәжірибеден бөлек газет-журналы

көп Шымқала үшін баспа

өнімдерінің отанымен тығыз

байланыс орнату біздің өңір

үшін қашан да тиімді.

қайырымдылық

«Мектепке жол» -

қайырымдылықтың үлгісі

Жыл сайын елімізде

жаңа оқу жылының

қарсаңында

республикалық

«Мектепке жол» қайырымдылық

шарасын

өткізу дәстүрге айналған.

Бұл акция Шымкенттегі

130 жалпы білім

беру мекемесінде 1 тамыздан

30 қыркүйекке

дейін жалғасады.

Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ

b.aisha@shymkala.kz

Мұндағы мақсат - аз қамтылған

және көп балалы отбасылар,

жетім балалар мен

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған оқушыларға жаңа

оқу жылына дайындалуға көмек

көрсету және материалдық

көмек беру. Шымкент қалалық

білім басқармасы өкілдерінің

мәліметінше, бүгінгі

таңда қала мектептерінде

әлеуметтік жағдайы төмен

отбасыдан шыққан балалар

саны 14 654-ке жетеді.

– «Жалпыға міндетті білім

қорынан» бөлінетін қаржы

есебінен тегін ыстық тамақпен

11 660 оқушы қамтылған.

Мектеп асханасын жалға алушылар

өз есебінен демеушілік

көрсетіп, 2016 оқушыны күніне

бір ретті тегін тамақпен

қамтып отыр, - дейді

қалалық білім басқармасы

басшысының орынбасары

Айгүл Текебаева. – 2018-2019

оқу жылының басында «Мектепке

жол» акциясы аясында

тамыз айында 9272 оқушыға

жергілікті бюджет есебінен

қаржылай көмек берілмек.

Бөлінетін қаржы балаларды

мектепке дайындау яғни, оқуға

керекті кеңсе заттарымен

алуға бағытталған.

«Мектепке жол» акциясына

түрлі мекемелер үлес қосып

отыр. Шымкент қаласы

бойынша төтенше жағдайлар

басқармасы 5 оқушыға көмек

қолын созып, мектепке қажетті

оқу құралдарын алғалы

отыр. «Халық банкінің»

Шымкент қалалық филиалы

30 оқушыға мектеп портфелі

және кеңсе заттарын табыстаса,

жаңадан ашылған «Алатау»

әмбебап базарының басшылығы

10 оқушыға мектеп

формасын әперді. Айта кетейік,

акцияға кез келген заңды

және жеке тұлғалар қатыса

алады. Қазіргі таңда құрылыс,

сауда компанияларының

басшылары және жеке кәсіпкерлер,

меценаттар, депутаттар

қыркүйек айына дейін

қала мектептеріндегі 4 мыңға

жуық оқушыға көмек береді

деп жоспарланып отыр.

Сондай акцияның бірін Әл-

Фараби ауданының әкімдігі

«Жомарт жандардың балаларға

қайырымдылық іс-шарасы»

атауымен ұйымдастырды.

Ауданда тұратын 150 бала

«Фиркан сити» сауда-ойынсауық

орталығында жиналса,

тағы 150 оқушы А.Пушкин

атындағы №1 мектеп-гимназияда

бас қосты.

Қаладағы мүмкіндігі шектеулі,

жартылай және тұл

жетім, аз қамтылған отбасыларынан

шыққан балаларға

қолдау көрсетуге

«Фиркан сити», «Mega Planet»,

«Шымкент плаза» сауда-ойынсауық

орталықтары, «Имран»

СҮ, «Орталық қырғы базар»

ЖШС, «Жайлаукөл» демалыс

аймағы басшыларының демеушілік

жасады. 150 балғынға

жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе

заттары табысталыпп, ісшара

соңында жеткіншектер

«Фиркан сити» сауда-ойынсауық

орталығында көңіл көтерді.

«Funky town» алаңында

ойнап, ересектер жайған дастарханнан

дәм татты. Соңынан

«Арсенал» кинотеатрында

«Монстры на каникулах»

мультфильмін тамашалады.

Ал А.Пушкин атындағы

№1 мектеп-гимназияға

жиналған тағы 150 балаға

Шымкент қалалық мәслихат

депутаттары Бауыржан

Сейтжанов, Ерлан Омаров,

Төрайым Сұлтанова және

«Гипер Хаус», «Керемет» сауда

үйлерінің басшылары демеушілік

жасады. Аға-әпкелері

оқушы балақайларға

сөмке, кеңсе заттарын

табыстап, жомарттықтың

үлгісін көрсетті. Ел ағалары

балалардың сабақты үздік

оқуға деген ықыласын арттырып,

олардың болашағынан

зор үміт күтетінін

жеткізді.

6

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

Жастар

www.shymkala.kz

өнер

Жиырмаға жуық қысқаметражды фильм

түсіріп, сол кинотуындалары арқылы әлеуметке

ой салып жүрген Серік Таласов кино режиссері

ретінде танылып үлгерген.

Отан мен отбасыны құрметтеуге шақырып,

имандылық пен парасаттылыққа

жетелейтін дүниелер түсіру – сол кино

маманының бүгінгі басты мақсаты.

«Барыңды бағала», «Ойлан»,

«Жанұя», «Майдангер» сынды

туындылары әлеуметтік

желілерден көпшілікке

таныс. Міне, бұл тізім

қатары жуырда жаңа

толық метражды

фильммен

Кино –

жаңармақ.

жарқын орта

Zhaslife:

бар мүмкіндікті

пайдалан!

«Кино –

өмірімнің

бөлшегі»

– Ата-анамның берген

тәрбиесінен бе, мені бүгінгі

қоғамдағы отбасы мәселесі

мен бала тәрбиесі жиі

алаңдатады, - дейді Серік

Таласов. – Ауылда туып, еңбекке

епті болып өстік. Басқа

салада өзімнің қабілетімді

байқап көрдім. Әркім қоғамды

өзгерткісі келетіні

сөзсіз. Мен де өзімнің қолымнан

келгенше кино арқылы

бүгінгі әлеуметтің кемшін

тұстары мен өзекті мәселелерді

жеткізгім келді. Осындай

мақсатпен бес жыл бұрын

алғашқы «Жаңғырық»

толық метражды фильмімді

түсірген болатынмын. Көрермен

жылы қабылдады. Соңынан

жалғастырып, қысқа

метражды фильмдер мен

әлеуметтік роликтерді көрермен

назарына ұсынып келеміз.

Біраз фестивальдерге

қатысып, еңбегіміз де бағаланып

жатты. Кейде кәсіби

маман ретінде қарап, байқаулардан

алып тастады. Бірақ

бұл менің шығармашылығыма

айтарлықтай нұқсан

тигізбеді. Қайта өзімді

қамшылап, сапалы да салиқалы

дүниелерді жасауды

тоқтатпадым.

Бү гінгі та лғам басқа.

Әлеуметтік желілерде көрермен

тарапынан хаттар келеді.

Бірі зорлық-зомбылықтың

құрбаны болған кейіпкерлер

жайында фильм түсіруімді

сұрайды. Енді бірі тастанды

балалар мен ажырасудың

салдарын кино арқылы

көрсетуімді өтінеді.

Әрине, көрермен талап-тілегі

де ескерілуі керек. Айта

кетерлігі, толық метражды

фильмге қарағанда кино сүйер

қауым үшін қысқа метражды

фильмдердің қаралымы

артып, тез таралады. Бір

оқиға көрерменге жетіп, содан

біреу сабақ алып жатса

– режиссердің еңбегінің бағаланғаны.

Үміттің ақталғаны.

Еңбектің жанғаны деп білемін.

Біздей шығармашыл

адамдарға одан асқан бақыт

жоқ. Кино – өмірімнің

бөлшегі.

«Көгілдір экран –

тәрбие құралы»

– Бала кезімізден шығыс

актерлерінің ерлігіне тәнті

болып өстік қой. Ол кейіпкерлер

салауатты өмір салтын

ұстануға, адамдарды

мейірімділікке шақыратын.

Шабыттандыратын. Соңғы

кездері, өкінішке қарай, телеарналарымызда

жасанды

қимылдары мен жаттанды

мәтіндер оқылған, айтар

ойы жоқ, мән-мағынасыз

түсірілген дүниелер қаптап

барады. Оның қатарында

түрік пен кәрістің сериалдары

бар. Осы арқылы жастарымыздың

санасын жаулап,

рухани әлсіретіп жатқанын

көпшілік әлі түсіне қоймаған

сыңайлы. Бір оқиғаны

келтірейін, жақында ұлым

тырнағын өсіріп алғанын

байқап қалдым. Ақырын

неге олай істегенін, қайдан

өнер һәм

идеологиялық

қару

көргенін сұрап білдім. Дегенмен

іштей сездім. «Көпшілікті

шулатқан топтың» артынан

ілесіп кетпей тұрғанда сақтанайын

деген мақсатпен музыкалық

арналарды көруіне тыйым

салдым. Міне, біз қарапайым

бейнебаян деп, жеңілжелпі

қарағанымыздан, балаларымыз

басқа бағытта кетіп,

соңы адасушылыққа апармасын

деп, баса мән бере бастадым.

Бұл мәселеде ел ағаларына

да үміт артамын. Оның алдын

алу үшін министрлік телеарналарға

мұқият қарап, бақылауына

алғаны дұрыс шығар.

Тәнін жалаңаштап, ерсі

киінгендері былай тұрғанда,

ерлеріміздің боянып-сыланғаны

өзекті өртейді. Намысқа

тиеді. Олардан елдің батырлары

шығар дейсіз бе?!

Тағы айта кетерлігі, біздің

төл туындыларымыздың барлығы

қыр-адыр мен ой-салада

түсіріліп жүр. Батырларды

ұмытпауымыз да, ұлықтауымыз

да керек. Бірақ көретін

фильмдеріміз тек дала өмірі

болуы тиіс емес қой. Сіз бен

біз сәулеті келіскен ғимаратта

отырмыз. Шаһарымыз дамып,

халық саны миллионнан

асып, мегаполис дәрежесін

алып жатырмыз. Міне,

осындай еліміздің өркендеуін

де кейде киноларда көрсетуді

ұмыт қалдырдық. Досым жақында

Мәскеуге барып келді.

Сонда ол жақтағы әріптестеріміз

сендерде камера бар ма

өзі деп тиіскен екен. Шынында,

біраз фильмдерімізде тек

ауыл көрінісі бейнеленеді. Өркениетті

елдерге қарап, экономикамыз

бен еліміздің әл-ауқаты

нығайып келеді. Осындай

жақсы жақтарымызды,

заманауи кейіпте жеткізуге

көшуіміз керек пе деп кейде

ойға ерік беремін. Көпшілік

айтуы мүмкін. Неге мықты

болса, Серік өзі сондай дүниелерді

түсірмейді деп. Қолдан

келгенше өз бағытымнан жаңылмай,

мақсаттарым орындалып

келеді. Бұл пікірімді

бір қазақтың жан-айқайы деп

емес, кино өнерімізді бірге өсірейік

деген ұсыныс ретінде қабыл

алғаны дұрыс шығар. Әрқайсымыз

пікірімізді айтуға

құқылымыз.

«Бір құмалақ бір қарын майды

шірітеді» демекші, ондай

керағар дүниелер кино өнерінде

де кездеседі. Бірақ бұл біздің

өшкеніміз емес. Шүкір біз

өсіп келеміз. Сапалы фильмдер

көптеп түсірілуде. Біздің

туындылар мен өнерпаздарымыз

әлемді мойындатып

жатыр. Әсіресе, жастардың

кино саласына қызығушылығы

жоғары. Алматы қаласы –

отандық кино индустрияда

алғашқы орында. Онда сапалы

туындылар жасайтын мамандар

да, мүмкіндік те мол.

Біздің шырайлы шаһарға да

Темірбек Жүргенов атындағы

ұлттық өнер академиясы сынды

кино мамандарын даярлайтын

өнер ордасы керек.

Біздегі жоғары оқу орындарда

театр актерін оқытады. Бірақ

театр мен кино бөлек емес

пе?! Осы мәселені қолға алса,

біздің қазіргі жастарымыздың

арасынан дарынды актерлер

мен атақты режиссерлер шығар

еді, - деген тілегін жеткізді

Серік Таласов.

Мақсат – 7 фильм

Әңгіме ауаны біз күткен

жаңа фильмге жақындады.

Кастингтің қай деңгейде

өткенін, түсірер фильмнің

мазмұны қандай болатынын

кино маманы шет жағасынан

қайырды. Алдағы жоспарларымен

бөлісіп, сүйіншілер

жаңалықтарының көп болатынын

айтты.

– Бұл туынды «Гарантия»

деп аталады. Фильмді облыстық

жастар ресурстық орталығының

директоры Береке

Дүйсебековтің бастамасымен

түсіргелі жатырмыз. Фильм

желісі келін мен ене арасындағы

оқиғаға негізделеді. Оны

көрсеңіз, қорқып та, күліп те,

жылап та алатын боласыз.

Сценарий керемет жазылған.

Барлық жанрды қамтиды. Барлық

адамның бір күнгі жұмысы

үйден шыққандағы көңілкүйге

байланысты. Міне, бұл

туындыда осы жағдайды

баяндаймыз. Жарыққа шыққан

кезде көптің көңілінен

орын алып, халық бағасын

бере жатар. Біз іске кірісіп те

кеттік. Қазір түсірілім орындары

мен іріктелініп алынған

50-ден аса өнерпазға рөл

бөлу жұмыстары жүріп жатыр.

Алдағы аптада фильм

түсірілімі басталады деп жоспарлап

отырмыз.

Ал, шығармашылық жалпы

жоспарларыма тоқталсақ,

бірінші қаражатқа келіп тіреледі.

Бұл фильмнен басқа

6 қысқа метражды туындыны

түсіруге бел байлағанбыз.

Сол фильмдерге де нүктесін

қойып, көрерменге ұсыну -

биылғы алға қойған мақсаттарымның

бірі. Сонымен қатар,

Алматыда үлкен кинофестиваль

өткелі жатыр. Қазір керекті

құжаттарды жолдап жатырмын.

Оны да уақыт көрсетеді.

Бағымыз жанса, жүлделі

болармыз. Өнер адамы болған

соң, біздің жұмыс көбірек еңбек

етіп тер төгуді талап етеді.

Бастысы деніміз сау, еліміз тыныш,

халқымыз аман болсын!

Басқасын бейнетке қарай зейнетін

көреміз.

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында

биыл қолға алынған

жобалар сәтті жүзеге асуда.

Өңірдің 14-29 жас аралығындағы тұрғындары

үшін төрт бағытта қызмет атқаратын

орталықта 13 үйірме бекітілген кестеге

сәйкес жұмыс жасап келеді.

– Оңтүстік жастарының

сауатын ашатын, әр жастың

өзін-өзі қалыптастырып,

жеке қасиеттерін дамуына

қызмет ететін, сонымен

қатар бос уақытты

тиімді пайдаланатын

орталық бұл, - дейді жастар

ресурстық орталығы

басшысының орынбасары

Еркебұлан Нарбаев. – Бүгінде

мекемемізде 50-ге жуық

қызметкер бар. Олар төрт

бөлімге бөлініп, тиісінше

қызметтер атқарады. Орталықта,

психологиялық

көмек көрсету, талантты

жастарды қолдау, қызмет

көрсету; талдау, мониторинг

бөлімдерінің жұмыстары

жүйелі түрде жүріп

жатыр. Одан бөлек, жастарға

қызмет көрсету секторының

жұмысын да атап өтуге

болады. Мұнда жастарға арналған

мемлекеттік бағдарламалар

бойынша түсіндіру

жұмыстары жүргізіліп, кеңестер

беріледі. Білім мен

жұмыс, кәсіпкерлік, тұрғын

үй мәселесіне де қатысты

ақпараттарды жастарға

қызмет көрсету секторынан

ала алады. Жастардың

шығармашылығы

мен білім-білігін арттыруға

бағытталған үйірмелер,

спорттық ойындар алаңшасы

орталыққа келуші жас

үшін арналған.

Жыл санап орталықтың

көмегіне жүгінгендер

қатары ұлғайып келеді.

Еркебұлан Елікбайұлының

айтуынша, биыл да бұл көрсеткіш

артып отыр.

– Жыл басынан бері орталықтағы

жастарға қызмет

көрсету секторының

мамандары 6200-ге жуық

жасқа түрлі бағыттар бойынша

15000 кеңес берді.

Бұдан бөлек «Болашақ» халықаралық

стипендиясы,

«Серпін-2050», «Әлем білім»,

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды

және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017-

2021» бағдарламалары бойынша

түсіндіру жұмыстары

мен аудан-қалалардағы

осындай жастар орталықтарының

қызметкерлеріне

сабақтар ұйымдастырылды.

Жастарға мемлекеттік

бағдарламалардың

түсіндіру жолының

тиімді тетігі ретінде «1001

дерек» жинағы әзірленіп,

жастардың көкейіндегі

сауалдарына жауап беру

мақсатында кездеулер де

өткізілуде.

Тегін үйірмелер

Жазғы демалыс басталғалы

бұл орталықтың маңайында

жастардың қарасы

көбейді. Түрлі пайдалы

да қызықты шаралар ұйымдастырып,

жас буынның

бос уақытын тиімді өткізуге

мекеме қызметкерлері барын

салғандарын айтты.

– Бүгінгі таңда бізде көптеген

жобалар жүзеге асырлып

жатыр. Жастар тарапынан

сұраныс болған бағытта

жұмыстар жүргізіліп

келеді. Тегін үйірмелер мен

кино көрсетілім, демалыс

күндері ұйымдастырлатын

кешкілік орталық алаңындағы

көңілді думанды айтуға

болады. Мұнда карокеде

жастар ән шырқап, үстел

тенисін ойнауға болады.

Воркаутшылар қозғалысымен

жаттығуға да жағдай

жасалған. Бастысы, уақыт

тауып келсе болғаны.

– Бұдан бөлек, біздің орталықтың

жоспарына сәйкес

мектептер өз жұмысын

бастаған. Оған бүгінге

дейін 2190 жас қатысуда.

Ал жыл соңына дейін

сол жастарды дамыту мектебіне

3500-і өтініш білдіріп

отыр. Атап айтсақ, көшбасшылар,

кәсіпкерлер, «IT

парк», «Жас МЕДИА», «Шаңырақ»

жас отбасылар,

пікір-сайыс және ораторлық

шеберлігі, тілдер, жастар

театры, модельдік сән

сынды 10-нан аса мектеп

бар. Біздің өңірдің жастары

барлық жағынан алғыр келеді.

Спорт, ән мен би, күй

мен жыр, қай саланы айтсақ

та, мыңнан іріктелгендер

баршылық, - дейді жастар

ресурстық орталығының

маманы.

Жа лындаған жастың

жарқын ортасына айналып

үлгерген орталықта әлі де

көптеген игі істердің жалғасын

табатынын мекеме

қызметкерлерінің сөзінен

байқадық.

– Жылдық жоспарда

көрсетілгендей жас кәсіпкерлердің

жобаларына қолдау

білдіру мақсатында

алдағы уақытта ауқымды

жоба ұсынбақ ниеттеміз.

Байқаудың шарттары мен

ережесін әлеуметтік желілердегі

орталық парақшалары

мен zhaslife.kz өңір

жастарының біріңғай ақпараттық

порталынан танысуға

болады. Тек бақылауда

ұстау қажет. Жүлде

қоры қомақты. Бұл қатысушы

жастардың ұсынылып

отырған стартап жобасын

қаржыландыруға жетеді.

Осы және өзгеде байқаулар

мен іс-шаралар жайында

аталған дерек көздерінен

табуға болады. Офлайн

режиміндегі жастарға

есігіміз ашық. Келіп, барлық

мүмкіндікті пайдалануға

шақырамын, - дейді

Еркебұлан Нарбаев.

Ж а с т ар м е н ж а с т ар

ұйымдарының бастамасын,

олардың шығармашылық,

рухани және физикалық

мүмкіндіктерін дамытуға

бағытталған мемлекеттік

саясатты жүзеге асыру орталықтың

басты миссиясы

екенін ескерсек, алдағы уақытта

да осы бағытта тындырымды

жұмыстар артқара

бермек.

Бетті дайындаған - Азамат ЖАППАР

Жаршы

www.shymkala.kz

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

7

денсаулық

Еліміздің медицинасы тек бюджетке қарап

отырмай, сақтандыру қорына түсетін жарна

арқылы өзін-өзі қаржыландыруға кірісті. Медициналық

сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына

жылдың жүзі болды. Жалпы, жеке кәсіпкерлер

мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың

жалпы сомасы 88,9 млрд теңгеден асты. Оның

ішінде Қазақстан бойынша шілде айында медициналық

сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден

астам жарна аударылды.

Медициналық

сақтандыру қоры –

баршамызға ортақ

табыс

Айта кету керек, жарнаның

80,3 млрд теңгесі (90,3%

жуығы) жұмыс берушілердің

қарамағындағы жұмыскерлері

үшін жасаған аударымдары

болса, қалған 8,6 млрд

теңге (9,7%) жеке кәсіпкерлер

мен азаматтық-құқықтық

келісім-шарт негізінде еңбек

ететін тұлғаларға тиесілі.

Оның ішінде Түркістан облысының

үлесі жинақталған

жарнаның 6,5% құрады. Ал

жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық

келісім-шарт

негізінде еңбек ететін тұлғалардың

үлесі 9,7% құраса, жұмыс

берушілер тарапынан аударым

90,3%-ға жетті.

Аймақтық тұрғыдан алғанда,

жарна төлеу жағынан

Алматы, Астана қалалары

және Қарағанды облысы көш

бастап тұр. Жинақталған қаржы

ұлттық банкте сақталады.

Еліміздің бас банкімен қаржыны

сенімгерлік басқару туралы

келісім бекітілген. Түскен

қаражат болашақта МӘМС пакеті

шеңберіндегі медициналық

қызметтер ақысын төлеуге

жұмсалады.

Осы тұста жинақталған

қаражат қазақстандықтардың

ортақ игілігіне айналатының

айтпақпыз. Өйткені,

әркімнің қорға жинақтаған

қаржысы өзіне ғана жұмсалмайды.

Егер олай болса,

бел¬гілі бір азаматтың жарнасы

ол пайдаланған медициналық

қызмет ақысына жетпес

еді. Себебі, қазір денсаулықты

сақтаудың құны шарықтап

тұр. Айталық, лейкоз

кезінде сүйектің майын

ауыстыру отасы шетелде 150-

200 мың еуро тұрады. Қазақстанда

100 мың еуро шамасында.

Мұндай қыруар қаржыны

кез келген адамның қалтасы

көтермейтіні анық. Сонымен

қатар пневмония (өкпе қабынуы)

сынды кең таралған сырқатты

емдеуге орта есеппен

– 90 240 теңге, соқыр ішекті

алып тастау – 67 525 теңге, ал

босану құны орта есеппен 52

814 теңгені құрайды екен. Демек,

медициналық көмек ақысы

әркімнің өзіне жинаған

ақшасына ғана тәуелді болса,

ол жоғары технологиялы

қондырғылардың көмегімен

жасалатын операцияларды

айтпағанда, қарапайым ауруларды

емдеуге де жетпейді.

Сондықтан қорға жинақталған

қаражат – күллі қазақстандықтарға

ортақ табыс. Әлбетте,

адамдардың бәрі бірдей

ауыра бермейді. Жылдап

емханаға бармайтын денсаулығы

темірдей азаматтар да

баршылық. Олардың есебінен

қор қаржысы молайса,

ертеңгі күні ол күрделі операцияға

зәру бір адамның

өмірін құтқаруы мүмкін. Медициналық

сақтандыру жүйесі

арқылы азаматтардың

ынтымақтасуы деген осы.

Сонымен, өткен жылы қорға

жарна құюды жұмыс берушілер,

жеке кәсіпкерлер,

адвокаттар мен нотариустар,

кәсіби медиаторлар бастады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан

жарна төлеушілер қатарына

мемлекет пен өзін-өзі

жұмыспен қамтып жүргендер

қосылды.

Ал жұмыс істеп жүрген

азаматтар жарнаны 2020 жылдың

бірінші қаңтарынан бастап

төлей бастайды. Жарна

мөлшері 2020 жылы – жалақының

1 пайызын, 2021 жылы 2

пайызын құрайды. Сақтанды-

рылған азаматтар МӘМС пакеті

шеңберіндегі медициналық

көмекті 2020 жылдан бастап

пайдалана алады. Cебебі

жекеменшік клиникалар мен

емханалармен және ауруханалармен

медициналық қызмет

көрсету туралы келісім-шарттар

осы кезеңде бекітіліп бітуі

тиіс. Сондай-ақ, еліміздің

барлық тұрғындары ЖИТС,

туберкулез сынды әлеуметтік

маңызы бар ауруларды емдеумен

қоса жедел жәрдем, шұғыл

көмек, санитарлық-авиация

көмектерін тегін ала алады.

Жарна төлемеген азаматтар

амбулаторлық көмек пен

шұғыл жағдайлар туындағанда

көрсетілетін стационарлық

көмекті тегін пайдаланатын

болады.

Азаматтардың денсаулығын

сақтандыру алдымен

емханаға тіркелуден басталады.

Медициналық сақтандыру

жүйесіне қатысу барлық

азаматқа міндетті болғандықтан,

әркім өзінің құқығын

пайдаланып, жұмыс

орнына, оқу орнына немесе

тұрғылықты жері бойынша

емханасына немесе аураханасына

баруы керек. Ол үшін

емхананың тіркелу бөліміне

жеке куәлікпен келіп, бас

дәрігердің атына өтініш жазу

жеткілікті немесе телефон арқылы

да мәртебеңізді анықтауға

болады. Бұл ретте ешқандай

да мекенжай анықтамасы

талап етілмейді. Сондай-ақ,

дәрігер мен емхананы

еркін таңдау құқы жылына

бір реттен аспау керегін де

есте ұстаған жөн.

Ал тиісті ем-домды жасау

алдымен емханадағы жалпы

тәжірибелік дәрігерден басталады.

Өзге клиникаларға немесе

дәрігерге қаралу үшін

қолыңызда міндетті түрде

жергілікті емхана дәрігерінің

жолдамасы болуы қажет, онсыз

ешкім сізді тегін қарамайды.

Егер дәрігер тиісті жолдаманы

бермей жатса, онда құқыңызды

қорғап, міндетті медициналық

сақтандыру қорының

ресми сайтына арыз-шағым

қалдыруға болады.

А.С.Беден,

«Әлеуметтік

медициналық

сақтандыру қоры»

коммерциялық емес

акционерлік

қоғамының облыстық

филиалының

бөлім басшысы

кеңес

I. ХХІ ғасырдағы

ұлттық сана

Бұл ретте тұтас қоғам мен

әрбір қазақстандықтың санасын

жаңғыртудың бірнеше бағытын

жіктеуге болады.

- Бәсекелік қабілет - ұлттың

аймақтық немесе жаһандық нарықта

бағасы, я болмаса сапасы

жөнінен өзгелерден ұтымды

дүние ұсына алуы. Яғни,

компьютерлік сауаттылық, шет

тілдерін білу, мәдени ашықтық

сияқты факторлар әркімнің

алға басуына септігін тигізетіні

сөзсіз. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан»,

«Үш тілде білім беру»,

«Мәдени және конфессияаралық

келісім» сияқты бағдарламалар

- ұлтымызды, яғни барша

қазақстандықтарды ХХІ ға-

мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың жаны, рухы, ойы мен санасы

Қазақстан

Республикасының

мемлекеттік тілі,

Елбасымыз атап айтқандай,

«барша қазақстандықтарды

біріктірудің

басты факторы» екенін

әрқашан есте сақтауымыз

керек.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған

жерде оның мәселесі де болады.

Қазақ тілінің мәселесі өткен

ғасырдың басынан бері қозғалып

келеді. Бір ғасырдан астам

уақытқа созылған тіл мәселесін

жаңа ғасырдың алғашқы

жиырма жылдығында түбегейлі

шешуге мемлекет те мүдделі.

Бүгінде мемлекеттік тілді

енгізу жөніндегі күрделі кезең

артта қалды. Қазіргі күні бұл

жөнінде арнайы заң бар. Тек

соның орындалуын назарда ұстауға

тиіспіз. Мәңгілік ел болуға

керекті басты алғышарттардың

бірі – тіл, ел және жер. Осы ойды

санамызға сіңіре алсақ, тіл мәселелеріндегі

түйткілді тұстар

өздігінен шешілер еді.

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

Тұмау – әлемде ең көп таралған инфекция. Індет

кезінде жер шары халқының 4-тен 15%-на дейін

жұғады. Әдетте ауа-тамшылары арқылы жұғып,

бірден дене қызуының көтерілуі, бұлшықет пен бастың

ауыруы, қатты сырқаттану, құрғақ жөтелу, тамақтың

ауыруы секілді белгілермен сипатталады.

Әсіресе жүкті әйелдерде, нәрестелер мен созылмалы

аурулары бар тұлғаларда аурудың ауыр түрінің дамуына

әкелуі мүмкін.

Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар

Еліміз жаңа тарихи

кезеңге аяқ басты.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев

жыл басындағы халыққа

Жолдауында табысты

өткен екі жаңғырудың

нəтижесінде Қазақстанның

үшінші жаңғыруына

да табан тірегенін

жариялаған болатын. Өздеріңіз

білетіндей, болашаққа

қойған мақсатымыз

бен бағытымыз айқын,

яғни, ол - әлемдегі

ең дамыған 30 елдің қатарына

қосылу. Қазіргі

таңда еліміздің мықты,

әрі жауапкершілігі жоғары

біртұтас Ұлт болуы

үшін бірқатар ауқымды

жұмыстар қолға алынуда.

Болашаққа қалай қадам

басамыз және бұқаралық

сананы қалай өзгертеміз

деген сұрақтардың туындайтыны

анық.

Тұмаудың алдын алудың екі

түрі бар: спецификалық, спецификалық

емес. Спецификалық

түріне екпе жатады, ол тұмаумен

ауру қаупін мейлінше төмендетеді,

егер егілген адам

ауырып қалса да ауру асқынусыз

жеңіл өтеді. Екпені індет басталмай

тұрып егу керек, өйткені

ағзаға иммунитет қалыптастыруға

немесе вирустың қандай

да бір штаммына қарсы тұруға

қорғанысқа уақыт қажет. Екпе

жүргізу мерзімін анықтауға иммунитет

даму мерзімін білу керек,

ол екпеден соң екі күннен

сырдың талаптарына сай даярлаудың

қамы.

- Прагматизм - өзіңнің ұлттық

және жеке байлығыңды

нақты білу, оны үнемді пайдаланып,

соған сәйкес болашағыңды

жоспарлай алу, ысырапшылдық

пен астамшылыққа,

даңғойлық пен кердеңдікке

жол бермеу.

- Ұлттық бірегейлікті сақтау

- ұлттық сананың кемелденуі.

Яғни, ұлттық сана-сезімнің

көкжиегін кеңейту және ұлттық

болмыстың өзегін сақтай отырып,

оның бірқатар сипаттарын

өзгерту. Алайда, басты мақсат

- ұлттық салт-дәстүрлеріміздің,

тіліміз бен музыкамыздың, әдебиетіміздің,

жоралғыларымыздың,

бір сөзбен айтқанда ұлттық

рухымыздың бойымызда

мәңгі қалуы.

- Білімнің салтанат құруы.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу

болуға ұмтылу - біздің қанымызда

бар қасиет. Осыған орай,

елімізде өте жоғары деңгейдегі

бірқатар университеттер ашылып,

зияткерлік мектептер жүйесі

қалыптасуда. Себебі, құндылықтар

жүйесінде білімді

бәрінен биік қоятын ұлт қана

табысқа жететіні сөзсіз.

- Сананың ашықтығы. Бұл

ретте, біріншіден, ол дүйім

дүниеде, Жер шарының өзіңе

қатысты аумағында және өз

еліңнің айналасында не болып

жатқанын түсінуге мүмкіндік

береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның

ағыны нəтижесіндегі

өзгерістердің бәріне дайын

болу деген сөз. Үшіншіден, өзгелермен

тәжірибе алмасу мақсатында

ең озық жетістіктерін

бойға сіңіру мүмкіндігі.

ІІ. Таяу жылдардағы

міндеттер

Қоғамдық сана өз кезегінде

тек қана заман талабына сай

Ата Заңымыздың 7-бабында:

«1. Қазақстан Республикасындағы

мемлекеттік тіл - қазақ

тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

және жергілікті өзін-өзі

басқару органдарында орыс

тілі ресми түрде қазақ тілімен

тең қолданылады. 3. Мемлекет

Қазақстан халқының тілдерін

үйрену мен дамыту үшін жағдай

туғызуға қамқорлық жасайды»

деп көрсетілген. Халық

арасында тіл туралы заң

қабылданып, тіл саясатын

мемлекеттік тілдің мүддесіне

шешу, мемлекеттік тілдің мәртебесін

нақты белгілеу туралы

әр түрлі талаптар мен өтініштер

бар. Қазіргі таңда республика

көлемінде қызу талқыланып

жатқан Тілдерді қолдану мен

дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасының

жобасы - осының

кепілі. Оның үстіне, Елбасымыздың

бастамасымен мемлекеттік

тілді дамыту жөніндегі

Президенттік қор құрылған.

Мәдениет министрлігінің

тіл комитеті тілді дамыту және

енгізу жөніндегі уәкілетті орган

ретінде халық тарапынан

жаңғырудың негізгі қағидаларын

қалыптастыруды ғана

емес, сонымен бірге, біздің заман

сынағына лайықты төтеп

беруімізге қажетті нақты жобаларды

жүзеге асыруымызды да

талап етеді. Қазіргі таңда осыған

орай, бірнеше жобалар ұсынылған

болатын.

- Қазақ тілін біртіндеп латын

әліпбиіне көшіру жұмыстарын

бастау.

- қоғамдық және гуманитарлық

ғылымдар бойынша «Жаңа

гуманитарлық білім, қазақ

тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын

қолға алу. Бұл бағдарламаны

қолға алудағы басты мақсат

қандай? Ең алдымен, жүз

мыңдаған студентке жаңа сапалық

деңгейде білім беру, яғни,

білім саласындағы жаһандық

бәсекеге неғұрлым бейімделген

мамандарды даярлау.

- «Туған жер» бағдарламасын

қолға алу. Туған жерге деген

сүйіспеншілік нені білдіреді,

жалпы, бағдарламаның

мәні неде? Біріншіден, бұл білім

беру саласында ауқымды өлкетану

жұмыстарын жүргізуді,

экологияны жақсартуға және

елді мекендерді абаттандыруға

баса мән беруді, жергілікті

деңгейдегі тарихи ескерткіштер

мен мәдени нысандарды

қалпына келтіруді көздейді.

Екіншіден, басқа аймақтарға

көшіп кетсе де туған жерлерін

ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы

келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді,

зиялы қауым өкілдері

мен жастарды ұйымдастырып,

қолдау мақсатында. Бұл

- қалыпты және шынайы патриоттық

сезім, ол әркімде болуы

мүмкін. Біз оған өз кезегімізде

тыйым салмай, керісінше, ынталандыруымыз

керек.

- Жалпыұлттық қасиетті

орындар ұғымын сіңіру. Яғни,

бұл дегеніміз - «Қазақстаның

қасиетті рухани құндылықтары»

немесе «Қазақстанның

кейін басталып, 15-30 күні шегіне

жетеді. Қарсыденелердің қорғаныс

деңгейі бірнеше айдан

жарты жылға дейін сақталады.

Тұмауға қарсы екпенің тиімді

мерзімі – қазан, қараша айлары.

Жыл сайынғы екпе, аннотацияда

басқа жазылмаса, барлық

тұрғындарға, 6 айлық баладан

65 жастағыларға дейінгі азаматтарға

жүргізіледі. Заманауи екпе

аллергия тудырмайды, екпеден

соң бірден тұмаудың бірнеше

штаммына бір мезгілде иммунитет

қалыптастырады.

Екпеге қарсы көрсетілімегетін

күні жіті немесе асқынған

созылмалы аурулар. Қосымша

ақпаратты тұрғылықты

жеріңіз бойынша емханадан

ала аласыз. Спецификалық

емес профилактиканы нақты

жұмыс істейтін және қорғаныс

демпердесін қолдану, қолды

жиі жуу немесе залалсыздандыратын

ерітіндімен тазалау,

жөтелгенде немесе түшкіргенде

ауызды көлегейлеу, ғимаратты

жиі желдету, ылғалды тазарту,

науқас адаммен байланысты

шектеу, адам көп жерге

бармау секілді тұмау инфекцияның

жұғуынан қорғауға көмектесетін

жалпы ұсыныстарды

айтуға болады.

Салауатты өмір салты қағидаларын

сақтау керек: қанық

ұйқы (күніне 8 сағаттан

кем емес), күніне 400 грамм көкөніс

және жеміс қолданып дұрыс

тамақтану, шынығу, күніне

30 минуттай жаттығулар жасау,

күйзеліске түспеу.

Егер ауырып қалсаңыз не

киелі жерлерінің географиясы»

жобасы.

- Ұлт мақтаныштары тек

қана бұрынғы өткен батыр-бабалар,

данагөй-билер мен жыраулар

ғана болып қалмауы

тиіс. Бұл ретте, көзделген мақсат

«Қазақстандағы 100 жаңа

есім» жобасы, яғни, Тәуелсіздік

жылдарында табысқа жеткен,

еліміздің әр өңірінде тұратын

түрлі жастағы, сан алуан этнос

өкілдерінің тарихында назарда

ұстау.

Мемлекет пен ұлт құрыштан

құйылып, қатып қалған дүние

емес, ол үнемі заман ағымына

сай дамып отыратын тірі ағза

тәрізді. Ол өмір сүру үшін əрқашанда

бейімделуге қабілетті болуы

шарт. Заманға сәйкес жаңғыру

міндеті барлық мемлекеттердің

алдында тұр. Алайда,

жаңа жағдайда жаңғыруға деген

ішкі ұмтылысты, түбегейлі

жаңғыру және жаңа идеялар арқылы

болашағын баянды ете

түсу үшін туындаған мүмкіндіктерді

сақтап қалу, одан əрі нығайта

түсу оңай емес. «Біздің

басты күшіміз - бірлікте» - демекші,

Қазақстанды кейінгі ұрпақ

үшін бұдан да өсіп-өркендеген

елге айналдыру басты жалпыға

ортақ мақсат. Алдымызға

қойған межеге жетуіміз үшінбаршамыз

жұдырықтай жұмылып,

аянбай еңбек етуіміз керек.

Сол кезде ғана алдағы асулар

мен белестерді бағындыратындығымыз

сөзсіз.

М.Елікбай,

ОҚМУ «Заңтану

және халықаралық

қатынастар»

факультеті,

«Азаматтық құқық және

азаматтық

іс жүргізу»

кафедрасының

меңгерушісі, з.ғ.к.,

М.Сәрсенова,

оқытушы

жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге

баса назар аударып

отыр.

2020 жылға дейінгі мерзімге

арналған мемлекеттік бағдарлама

жасау – Елбасымыздың Үкіметке

берген тікелей тапсырмасы.

Бұл тапсырманы орындау

әр мемлекеттік қызметшінің

ғана емес, барша қазақстандықтардың

да парызы. Мемлекеттік

бағдарламаның басты стратегиялық

мақсаты - Қазақстанда

тұратын барлық ұлттардың

тілін сақтай отырып, ұлт

бірлігін нығайтудың маңызды

факторы ретінде саналатын

мемлекеттік тілді балабақша,

мектеп, жоғары оқу орындары,

мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси,

әлеуметтік кәсіпкерлік

саласының барлығында

да батыл қолданысқа енгізіп,

қазақстандықтардың өмірлік

қажетіне айналдыру.

Елбасымыз «Қазақ тілі үш

тілдің біреуі болып қалмайды.

Үш тілдің біріншісі, негізгісі,

бастысы, маңыздысы бола береді.

Қазақ тілі – Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

тілі» деп атап көрсеткен. Бағдарламаны

іске асырудың 10

жылдық кезеңі алдымызға

жаңа міндеттер жүктейді. Олардың

бәрін рет-ретімен жүзеге

асыруға қазіргі кезеңде толық

мүмкіндігі бар. Мемлекеттік

органдарда мемлекеттік тілді

дамыту бойынша біршама жұмыстар

жүйелі түрде атқарылып

жатыр. Мысалы, сот саласындағы

қызметкерлерге мемлекеттік

тілді үйрету сабақтары

тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Осы сабақтардың нәтижесінде

қазақ тілін үйренген

басқа ұлт өкілдері де бар.

Қазіргі уақытта барлық құжаттар,

іс-қағаздар мемлекеттік тілде

орындалады.

Мемлекеттік ұйымдар мен

жергілікті өзін-өзі басқару органдарында

іс-қағаздары мемлекеттік

тілге көшіріле бастады.

Қазақ тілінде шығатын бұқаралық

ақпарат құралдардың саны

арта түсті. Мемлекеттік тілге деген

талап күшейтілді.

С.Бейсенбеков,

Шымкент қаласы,

Абай аудандық

сотының судьясы

істеу керек? Басқа адамдармен

байланысты шектеу, өз бетіңізбен

емделмей медициналық көмекке

жүгіну, жеке бас гигиенасын

сақтау, қорғаныс демпердесін

қолдану, сұйықтықты

(жылы шай, сүт, морс және

т.б ) көп ішу, сарымсақ, пияз

жеу керек.

Егер үйде біреу ауырып қалса

ше? Оны жеке бөлмеге жатқызу

керек, тұрмыстық заттары

бөлек болсын, бөлмені жиі желдету

керек, оған күтім жасағанда

демперде кию қажет, қолды

сабындап жиі жуу керек.

Есіңізде болсын! Денсаулығыңыз

– өз қолыңызда!

Г.Зиядинова,

Шымкент қалалық

көпсалалы аурухана

емханасының

аймақтық дәрігері

8

№67 (1606)

24 тамыз 2018 жыл

Соңғы бет

www.shymkala.kz

экологиялық сауат

Туризмге

де тәртіп керек

Отбасы – ел тірегі

Туған күніңізбен

құттықтаймыз!

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке

басының ақыл-парасатымен кейінгілерге

үлгі бола білген сүйікті Дәмегүл әпкемізді

мерейлі жасымен құттықтаймыз. Осы қуанышты

күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға

ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,

көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым

осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,

табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан

бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,

өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.

Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз

әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың

асуларына жете беріңіз!

Ізгі ниетпен:

Байжігітовтер отбасы

Өңірімізде туризм, оның ішінде экологиялық

туризм дамып келеді. Ақсу-Жабағылы

мен Қаратау қорықтары, Сайрам-

Өгем ұлттық паркі және Сырдария-Түркістан

өңірлік табиғи паркі сияқты орындарға қыдырушылар

мол келіп жүр. Жергілікті билік

өкілдері де туризмді дамытуға арналған ісшараларды

атқаруда.

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Соның бірі – жуырда Сайрам-Өгем

тауларының үш шыңына

қазақтың үш биінің есімі

берілді. «Бұл – біздің таулар!»

фестивалі Елбасының «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы

аясында өтті. Қарағанды, Ақтөбе,

Түркістан облыстары мен

Шымкент қаласынан жиналған

15 альпинист үш шыңның

басына билердің есімі жазылған

тақтайша орнатты. Бұрын

Студенттер шыңы (3750 м) деп

аталған шың енді Әйтеке би

шыңы деп аталса, Кергелі узловая

(3787 м) шыңына Қазыбек

бидің есімі берілді. Ал Рощина

(3860 м) шыңы енді Төле

би шыңы деп аталады.

Табиғатқа қызығушылардың

саны жыл санап артып

келе жатқаны қуантады, әрине.

Дегенмен, өңірімізде туризм

саласында әлі де болса

мықтай түсетін тұстар

жеткілікті. Олар насихаттау

жұмыстарынан бастап ұйымдастыру,

сервистік қызметпен

жалғасып, ең соңы демалушының

мәдениетімен аяқталады.

Соның ішінде туризмнің

соңғы уақытта жақсы дамып

келе жатқан экотуризм саласына

тоқталсақ.

Демалысты ұйымдастыру

мен қызмет көрсету белгілі

бір жауапты тұлғалардың міндеті

делік. Ал туристің, қыдырушының

мәдениеті ше? Экологиялық

сауаты? Ол енді әр

адамның өзіне байланысты.

Жүріп өткен жолың мен демалған

жеріңде қоқыс қалдырмай,

бүлдірмей кету ешқандай

білімді қажет етпесе

керек.

– Табиғат аясында көп жүремін.

Сонда адамдардың салақтығына,

демалған жеріне

қоқыс шашып кететініне қарным

ашады. Табиғат біздің ортақ

үйіміз емес пе? Ал адам өз

үйінде таза отырады ғой?! –

сұхбаттасым Ғани Назарбектің

даусынан ашыну білініп-ақ

тұр. – Рас, соңғы кездері БАҚ

беттеріндегі тәртіпке үндеген

роликтер арқылы жағдай

біршама дұрысталды. Дегенмен,

экологиялық сауат қай

кезде де бірінші орында тұруы

тиіс.

Оңтүстіктің табиғаты үшін

шыр-пыры шығып жүрген

Ғани Назарбектің «экологиялық

сауат» сөзін кеш бойы

жиі қайталуының өзіндік себебі

бар. Туризм саласына кел-

мей тұрып жерлесіміз орманшы

болып істеген. 2011-2016

жылдары Сайрам-Өгем табиғи

паркінде қызмет атқарған

Ғани экологиялық сауаттың

тұмса табиғатты сақтап қалудағы

маңызын күн сайын

сезініп те, көріп те жүрді.

Қазір «Arsha travel» туристік

фирмасының директоры. Басшы

болғанда офисте отырмайды,

қыдырушыларды өзі

бастап, табиғат аясына алып

шығады.

– Осыдан бір ай бұрын 5

жігіт болып Сайрам-Өгемнің

маржаны – Мақпал көлге барып

келдік. Жолға 2 тәулік толық

кетті, - деді Ғани. – Жалпы,

Мақпал көлге барып-келу

оңай емес. Едәуір қаржы мен

дайындықты қажет етеді. Бес

адамдық тобымызға 75 мың

теңгеден қаржы жұмсалды.

Оның ішінде қаладан шыққан

бастап, қайтып жеткенше толық

шығынымыз бар.

Туризмнен бөлек Ғани экологиялық

мәселелер, табиғат

пен тарихи-мәдени ескерткіштерді

қорғау секілді бірер жобамен

айналысып жатқанын

айтты. Соның бірі – Созақтағы

петроглифтерді қорғау.

Ғани қазір сол петроглифтерді

белгісіз біреулер арнайы

құралмен кесіп алып кетіп

жатқанын ашына айтты. «Тастың

бетін 5 см қалыңдықта

кесіп алып кетіп жатқанына

қарағанда қалталы азаматтар

мен коллекция жинаушыларға

қажет болуы мүмкін деген

күдігін айтты. Себебі, жастар

бүлдіретін болса тастардың

бетін сызып кете беретін еді.

Ондайды көріп те жүрміз»

дейді жерлесіміз.

– Созақтағы петроглифтер

негізінен мемлекеттің

қорғауында. Бірақ, ашық аспан

астында жатқандықтан,

қараусыз жатыр деуге болады.

Ескі қалашықтың аумағына

да кіру тегін. Енді осы

мәселені жауапты мамандар

қолға алып, көне тарихымыздың

көзіндей ескерткіштеріміз

қорғалса. Осындай

сәтте Мақпал көлдің алыста,

баруы қиын жерде жатқаны

да бір жағынан дұрыс па деп

қаламын. Себебі, кез келген

адам баратын жерде болғанда

көлдің айналасы әлдеқашан

ластанып, жол бойы баклажкалар

мен целлофан қалталар

шашылып жатар ма еді,

кім білсін... Ал қазір ол жаққа

адам аз барады. Жоғарыда

айтқандай, жол алыс әрі

оңай емес.

Ғанидің бұл уәжімен келіспеске

лаж жоқ. Себебі, қала

маңындағы демалыс орындары,

ашық табиғат аясына

бара қалсаң, өкінішке қарай,

алдыңнан шығатын көрініс –

осы. Мұны экологиялық туризмге

құмар тағы бір жерлесіміз,

әуесқой фотограф

Дана Мадалиева да қоштайды.

– Сайрам-Өгем болсын, Ақсу-Жабағылы

болсын, Боралдай

өңірі болсын – әр сапа-

рымызда далада жатқан қоқысқа

кезігеміз. Өте өкінішті,

әрине. Қолымыздан келгенше

қайтарда қоқыс ала кетеміз.

Көбінесе пластик ыдыстар

мен қаптамалар кезігеді,

- дейді Дана.

Дана әр сапарында табиғатты,

қоршаған ортаны міндетті

түрде фотоға түсіреді.

Әлеуметтік желідегі аккаунты

сондай суреттерге толы. Бірақ,

кәсіби фотограф емес. Туризмге

де қатысы жоқ кәсіппен

шұғылданады. Дегенмен,

табиғатқа қызығушылығы бір

сәтке дамыл тапқан емес.

– Өзіміздің арамызда құрған

«Шымтау» деген тобымыз

бар. Коммерциялық емес.

Бұған дейін табиғат аясына

шыққысы келгендер талай

рет ақы төлеп, ертіп баруымды

ұсынды. Дегенмен,

бас тартып келемін. Себебі,

тауда жүру – оңай іс емес.

Асқан жауапкершілік қажет.

Ал біздің адамдар қия тас,

жартас немес таудың шетіне

барып, селфиге түскісі келеді.

Қауіпсіздікті үнемі ұмыта

береді. Сол үшін гид болу

асқан жауапкершілікті талап

етеді. Ал біздің топтағы достарымыз

туризмнің қағидаларын

білетін жандар, - дейді

Дана. – Табиғат аясында демалушылардың

тағы бір бұлжымас

қағидасы – айналаңа

залал келтірмеу. Оған қоқыс

қалдырмай жинап кету,

жануарларды өлтірмеу, талөсімдіктерді

бүлдірмеу жатады.

Қуанышқа орай, мен қоқысты

тазалау үшін арнайы

табиғат аясына барып-қайтатын

жерлестерімізді танимын.

Міне, табиғатқа жанашырлық

деп соны айтады.

Әр демалушы немесе турист

сол экологиялық сауатты меңгерсе

екен.

Экологиялық сауат – Ғани

Назарбекті толғандыратын

жайттың бірі де бірегейі. Орманшы

қызметін қалдырып,

еркін «жүзуге» кеткен жігіт

қазір туризмге қатысты ауқымды

жобаны қолға алған.

Өзі секілді табиғат жанашырларымен

бірге жуырда сол

жобаны көпшілікке таныстырмақ.

Сонымен қатар оқушыларды,

жастарды табиғатқа

қызығушылыққа, экологиялық

сауатқа үйреткісі

келеді.

– Себебі, қаламыз мегаполис

атанып, урбанизация

үрдісі қарқын алған. Ол, әрине,

жақсы. Дегенмен, шаһар

көшелеріне, алаңдарына егілетін

талдар мен гүлдердің

қалай жерсінуі, тез жетіліп

кетуі аса маңызды. Сол үшін

басқа жақтан жеткізілген көшеттердің

біздің ыстық климатқа

үйреніп кетуін қадағалау

керек. Жастар, жастар ғана

емес, жерлестеріміз қала аумағында

құстың қанша түрі

өмір сүретіні секілді мәселелерді

білсе дейміз. Міне, экологиялық

сауат осыдан басталады.

Себебі, табиғат – біздің

ортақ үйіміз!

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

С´бит ТАСТАНБЕК

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 2552 Таралымы: 8154 дана

Кезекшi редактор – Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!