04.01.2019 Views

Шымкент келбеті 1

Жұма 4 қаңтар 2019 жыл

Жұма 4 қаңтар 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4

№1(1643)

4 қаңтар 2019 жыл

Билік және халық

www.shymkala.kz

Жеке қабылдау

Қала әкімінің 2018 жылғы 16

шілдедегі №4-ө өкіміне сәйкес аудан

әкімінің жеке қабылдауы күнделікті

сағат 09.00-10.00 аралығында

жүргізіліп отырды.

2018 жылы аудан әкімінің жеке

қабылдауында 167 адам болды, олардың

113 өтініші өз шешімін тапса,

21 түсіндіріліп, 33 құзырлы мекемеге

жолданды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы

әкімдігінде тұңғыш рет мемлекеттік

бағдарлама бойынша «Нұрлы

жер» кабинеті ашылды. Мұнда тұрғын

үй жинақ банкінің мамандары

халыққа мемлекеттік бағдарлама аясында

берілетін тұрғын үйлер бойынша

кеңес береді.

Көріктендіру және

санитарлық тазалық

Аудан аумағын санитарлық тазалау,

көркейту және көгалдандыру жұмыстарын

жүргізу әрқашан да басым

міндеттер қатарына кіреді.

Аудан аумағындағы көп қабатты

тұрғын үйлердің санитарлық тазалық

жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын

тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген,

әр учаскеге аудан әкімі аппаратының

жауапты мамандары бекітілген.

2018 жылы санитарлық тазалық

жұмыстарды атқаруға қалалық бюджеттен

156,9 млн. теңге бөлінді.

Көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық

тазалық жұмыстарын, аула, ішкі

орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы

кенеттен пайда болған қоқыс

қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Корпарация

Ais» ЖШС, «БекАсыл Сервис»

ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «Нуреке Азия

Бизнес» ЖШС, «Каусар Групп» ЖШС,

«НұрСат» ЖШС, мекемелері тарапынан

атқарылды. Аталған мекемелермен

жыл басынан 7406² аяқжолдардың, 9900

ш.қ. ирригациялық арықтардың және

133450м² ішкі орамдардың санитарлық

тазалау жұмыстары жүргізіліп, 17 990

м³ қоқыс полигонға шығарылды.

Аудан аумағындағы қураған ағаштарды

санитарлық қырқу жұмыстарына,

ағаштардың түбін әктеу және шөп

ору жұмыстарына қалалық бюджеттен

46,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстарды

«Аяулы алақан» қоғамдық бірлестігі

атқарды. Қоғамдық бірлестік тарапынан

605м² жасыл желектер қырқылып,

58 130м² шөп орылды, 7820 тал санитарлық

қырқылып, 43 522 ағаш түптері

әктелді.

Аудан аумағында тұрмыстық қатты

қалдықтарға арналған 192 контейнер

алаңшалары және 658 қоқыс контейнерлері

бар.

2018 жылы бюджеттен 11,4 млн.теңге

бөлініп аудан аумағындағы ескірген

қоқыс жәшіктерінің орнына, 91

дана жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды.

Қалған қоқыс жәшіктеріне қызмет

көрсеруші мердігер мекеме тарапынан

жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында жыл басынан

27 рет сенбіліктер ұйымдастырылды.

Оған 45200 астам тұрғындар мен мекеме

қызметкерлері және 96 техника

жұмылдырылып, 143 шақырым ирригациялық

арықтар тазартылды, 14600

түп ағаш көшеттері отырғызылып,

17300 түп ағаш әктелді және 3180 м3

күл-қоқыс шығарылды.

«Таза қала» акциясы

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасы

мен «ОҚО Азаматтық Альянсы»

қауымдастығы жариялаған «Таза

қала» акциясына тұрғындардың қызығушылықтары

артып, жылдан жылға

акцияға қатысушылар саны арта түсуде.

Байқаудың алғашқы жылында ауданымыздан

жалпы саны 64 өтініш,

2016 жылы 87 өтініш, 2017 жылы 94

өтініш тіркелсе, 2018 жылы «Үздік

аула» номинациясына 112 ауладан

және «Үздік көше» номинациясына 20

көшеден қатысушылар өтініш білдіріп,

жалпы 132 өтініш тіркелді.

«Таза қала» акциясы, байқауының

қорытындысы бойынша, Әл-Фараби

ауданы «Ең Үздік Аудан» номинациясын

жеңіп алды!

Жылумен қамтамасыз ету

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұловтың

халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының

тезистері

Қазақстан Республикасы

Президентінің бағдарламаларын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы

Қазақстан халқына жолдауы және 2017 жылғы

12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

атты мақаласы сонымен қатар 2018 жылғы 5 наурызда

Парламент палаталарының бірлескен отырысында

Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік

бағдарламасы» атты Үндеуін жариялады.

Осыған орай Елбасы бағдарламаларын аудан

аумағында түсіндіру жұмыстары бойынша жұмысшы

тобы құрылып, желілік кесте бойынша насихаттау

жұмыстары жүргізілді.

Статистикалық уәкілетті органның мәліметіне

сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының халық

саны 218 865, аумағы 14 380 га жерді құрайды.

Ауданда 672 көпқабатты және 15 000 жеке тұрғын

үйлер орналасқан.

Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты

тұрғын үй бар. Оның ішінде

орталықтандырылған жылу жүйесінен

613 көпқабатты тұрғын үй жылу

қабылдайды, қалған 59 үй автономды

жылу жүйесіне қосылған.

Көп қабатты тұрғын үйлердің келбетін,

тазалығын және жылуын сақтау

мақсатында кіреберіс алаңдарының

есік-терезелерін жөндеу, жұмыс

істемейтін тік құбырларды ауыстыру

тұрғындардың өз күштерімен жасалатындығы

жөнінде түсіндіру жұмыстары

жүргізіліп, нәтижесінде 106

жұмыс істемейтін тік құбыр анықталып,

барлық тікқұбырлар толығымен

ауыстырылып, 90 кіреберіс алаңдарының

есігі және 322м² кіреберістегі терезелер

орнатылды.

Сонымен қатар, жылу энергиясын

үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына

жылу есептегіш құралының

тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары

жүргізіліп, 63 көпқабатты

тұрғын үйге жылу есептегіш құралы

орнатылды.

ҚР «Өңірлерді дамытудың

2020 жылға дейінгі»

бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің

2011 жылғы 28 қаңтардағы

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

атты халыққа жолдауында берілген

тапсырмасына сәйкес, «Тұрғын үйкоммуналдық

шаруашылығын жаңғырту

мен дамытудың 2011-2020 жылға

дейінгі» қабылданған бағдарламасын

жүзеге асыру мақсатында, аудан

бойынша 2011 жылдан бастап жалпы

52 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі

жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019

жылы қаржы қаралған жағдайда 22

көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу

жұмыстарын жүргізуге дайын.

Дезинфекция жұмыстары

Аудан аумағындағы көпқабатты

тұрғын үйлердің жертөлелерін дезинфекция

жасау бойынша үй тұрғындарына

түсіндіру жұмыстары тұрақты

түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда, аудан

орталығында орналасқан 213 көпқабатты

үй тұрғындары қызмет көрсетуші

мекемелерімен келісім-шарт

негізінде жертөлелеріне дезинфекция

жұмыстарын жүргізсе, қалған көпқабатты

тұрғын үйлер өз күштерімен дезинфекция

жұмыстарын жасап, жертөлелерді

күтіп ұстауда.

Шымкент қаласы ауыл шаруашылық

басқармасының тапсырысы

бойынша «Дез-Стом» ЖШС, «Дезинфекция

Сардар» ЖШС-і тарапынан,

аудан аумағындағы «Қошқар

ата», «Қарасу» өзендеріне, Шымкент

каналына мен далалық аумақтарға,

егеуқұйрыққа және басқада жәндіктерге

қарсы дезинфекциялау жұмыстары

атқарылды.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын

үй аулаларындағы 192 қоқыс алаңшасына

жалпы 6470м² аумаққа «Бек-

Асыл» ЖШС-і тарапынан дезинфекциялау

жұмыстары жүргізілді. Аталған

жұмыстар алдағы уақыттарда тұрақты

түрде жүргізілетін болады.

Санитарлық тазалықты қамтамасыз

ету бойынша рейдтік

іс-шаралар

Жыл басынан бері аудан аумағындағы

елді мекендер мен көше бойларына,

көпқабатты тұрғын үйлердің

аулаларына бей-берекет қоқыс тастаушыларды

тәртіпке шақыру үшін,

аудан әкімі аппаратының мамандары

мен ІІБ қызметкерлерімен бірлескен

рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шара кезінде

«Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша

әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Кодексінің – 505, 434 бабтары бойынша

500 құқық бұзушылық анықталып,

тиісті хаттамалары толтырылып,

айыппұлдар салынды. Атап айтқанда,

заң бұзушы тұлғаларға жалпы 1

279 460 теңге айыппұл салынып, оның

822 510 теңгесі өндірілді.

Аудан тұрғындарымен

кездесу!

Ауданда, айына бір рет, «Үй басқарушылар

күнін» өткізу жүйелі түрде

жолға қойылған. Тамыз айынан бастап,

барлық коммуналдық салалардың

өкілдерін қатыстыра отырып,

тұрғындармен, орам және көше басқарушыларымен

аудан әкімдігінің үлкен

мәжіліс залында 5 рет кең көлемдегі

кездесулер өтті.

Өткізілген жиындарда, тұрғындардан,

түрлі мәселелер бойынша 243

өтініш түссе, оның ішінде 190 өтініші

аудан әкімінің құзырындағы сұрақтар

мен ұсыныстар болды. Аталған өтініштер

бойынша заң аясында жұмыстар атқарылып,

оның ішінде шұғыл шешуді қажет

ететін 74 мәселенің басына шығып,

сол аумақтың тұрғындарымен кездесіп,

шешу мәселелері қарастырылды.

Қалған 53 сұрақтар басқа мекемелерге

қатысты сұрақтар мен ұсыныстар

болды. Аталған сұрақтардың

барлығы жинақталып арнайы іс-шара

жоспары бекітіліп, құзырлы мекемелерге

тиісті жұмыстар атқару бойынша

жолданды.

Өз тарапымыздан атқарылатын

өтініштер бойынша жұмыстар орындалып,

басқа құзырлы мекемелерге

қатысты өтініштер қосымша мерзімді

талап етуіне байланысты тұрақты бақылауға

қойылды.

Төтенше жағдайлардың

алдын алу бойынша!

Аудан аумағында көпқабатты тұрғын

үй және жеке үй тұрғындарымен

бірлесе жер сілкінісі кезінде, сауатты ісәрекет

пен дұрыс өзін-өзі ұстау дағдыларын

игеру мақсатында 6 рет сейсмикалық

оқу жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар, аудан аумағында

орналасқан демалыс орындар мен

суға шомылатын аумақтарда шомылу

маусымы басталғаннан, аудандық

жергілікті полиция қызметкерлері

және Төтенше жағдайлар басқармасы

қызметкерлерімен бірлесе тұрғындарға

Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары

бойынша түсіндіру, насихаттау

жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, аудан аумағындағы

су айдындарындағы шомылуға тиым

салынған аумақтарға (20 орынға) ескертпе

белгілері орнатылып, «Айғақ»

ТК, «Нар-ТВ» ТК, «TVK» ТК және төтенше

жағдайлар басқармасы, аудан

әкімінің әлуметтік желілерінде мақалалар

жарияланды.

Аудан аумағындағы Ташкент тас

жолы, Текесу тұрғын алабы, Ақтас елді

мекенінің егістік жерлерінде және Сауле

шағынауданының апатты жерлерінде

орман өрттерінің алдын алу мақсатында

жалпы ұзындығы 40 шақырым

минералды жолақ жырту (опашка)

жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен

аудан аумағындағы орналасқан

көпқабатты және жеке үй тұрғындарына

Төтенше жағдайлар басқармасы

қызметкерлері, «КазТрансГаз-Аймақ»

АҚ-ның және жергілікті полиция

қыметкерлерімен бірлесе тұрғындарға

газ қазандықтары мен жылыту пештерін

пайдалану кезінде сақтық шаралары

ұстану мақсатында түсіндіру жұмыстары

жүргізілді. Аталған жұмыстарды

кеңінен насихаттау мақсатында,

«Шымкент келбеті» газеті, «NAR

TV», «TVK» телеканалдарында және аудан

әкімі аппаратының ресми сайтында

жарияланды.

Аумақты абаттандыру

жұмыстары

Әл-Фараби ауданы бойынша 672

көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға

біріктірілген. 2018 жылдың 1 қаңтарына

дейін 217, 2018 жылы 22 көпқабатты

тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып,

балалар ойын алаңшасы

орнатылды.

Сонымен қатар, 171 көпқабатты тұрғын

үй аулаларын абаттандыру, балалар

ойын алаңшаларын орнату және 75

көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар

ойын элементтерін жөндеу үшін

сметалық құжаттамалары әзірленіп,

бюджеттік өтінім ұсынылды.

Аудан аумағында 33 спорт алаңшалары

орнатылған. Оның ішінде,

2014 жылға дейін қалалық тұрғын үйкоммуналдық

шаруашылық бөлімі тарапынан

15 спорт алаңшалары, 2014

жылы аудан әкімі аппараты тарапынан

18 спорт алаңшалары орнатылды.

Қазіргі таңда, 33 спорт алаңшаларын

жөндеуді қажет етеді.

Ауыз су, табиғи газ, электр

қуатымен қамту

Әл-Фараби ауданы қаламыздың ең орталық

ауданы болғандықтан, тұрғындардың

ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен

қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.

Шымкент қаласының әлеуметтікэкономикалық

даму картасына сәйкес,

инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз

етуді қажет ететін, Сайрам ауданынан

қосылған «Бадам» тұрғын

алабын (195 орам) инфрақұрылыммен

қамтамасыз ету 2019 жылға және «Сәуле»

шағынауданы (276 орам) жаңақұрылыс

аумағын 2020 жылға қамтамасыз

ету жоспарлануда.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына

«Бадам» тұрғын алабы (195 орам)

Сайрам ауданынан қосылған. Бұл елді

мекенде егжей-тегжей жоспарына сәйкес,

жеке тұрғын үй салу үшін 600

жер учаскесі берілген. Бүгінгі таңға,

110 тұрғын үй құрылысы жүргізілген,

халық саны 650 адам.

Сонымен қатар, Сайрам ауданынан

қосылған «Сәуле» шағынауданындағы

(276 орам) жаңақұрылыс аумағында

шамамен 85 тұрғын үй құрылысы

жүргізілген, халық саны 517

адамды құрайды.

Аталған елді мекендер ауыз су

және табиғи газбен қамтылмаған, ал

электр қуатын тұрғындар өз бетінше

жеке кәсіпкер Н.Ережеповтің жеке

меншігіндегі өндірістік базасынан

алып жатқан электр қуаты сапасыз.

Шымкент қаласының тұрғын үйкоммуналдық

шаруашылық басқармасының

тапсырмасымен, «Бадам» тұрғын

алабын (195 орам) инфрақұрылыммен,

яғни ауыз су, электр қуаты және

табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында,

жобалаушы мекеме «Строй

Проект Инвентаризация» ЖШС-і тарапынан

жобалау-сметалық құжаттамасы

әзірленген.

Жолдар құрылысы

Аудан бойынша 2018 жылы бюджеттен

Шымкент қаласының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасына жол жөндеу және

аяқжолдар орнату жұмыстарына 164,9

млн. теңге қаржы бөлінген.

Оның ішінде, көшелердің орташа

жөндеу жұмыстарына 34,3 млн.теңге

қаржы қарастырылып, ауданымыздың

11 көшесіне орташа жөндеу жүргізілді.

2018 жылдың қаңтар айында тұрғындар алдында

есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу

барысында тұрғындардан 98 сұрақтар мен ұсыныстар

түсіп, олардың 14 сұрағына кездесу барысында

жауап берілді, 84 сұрақ бойынша іс-шара

жоспары түзіліп, оның 72 сұрағына толық жауап

беріліп, орындалуына байланысты бақылаудан

алынды, қалған 12 сұрақ 2019-2021 жылдардың жоспарына

енгізілді.

Түскен өтініштердің орындалуы бойынша әр

тоқсан сайын, мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтында

және газет беттерінде жарияланып тұрды.

Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды

тұлғалардан 2018 жылы 356 өтініш түсіп, барлық

өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды.

Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратына 2018

жылы 3015 хат түсіп, 2957 хат жолданды және қала

әкімінен 34 тапсырма түсіп, 25 тапсырма орындалды,

9 тапсырма тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарына

бюджеттен 50,0 млн. теңге

қаржы қарастырылып, 30 көшеге ағымдағы

жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағына шағал тас төсеу

үшін, бюджеттен 32,1 млн.теңге қарастырылып,

«Бадам» шағынауданы

195 орам аумағының тиісті жолдарына

3 шақырым, «Сәуле» шағынауданы

276 орам аумағына 9 шақырым, «Сәуле»

шағынауданы 275 орам аумағына 1

шақырым, «Бадам» тұрғын алабына 3

шақырым, «Ақтас-2» тұрғын алабына 2

шақырым, жалпы 18 шақырымға шағал

тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағындағы көшелерде жол

кептелістерін болдырмау мақсатында,

оң жақты бұрылыс жолын жүргізу үшін

бюджеттен 31,9 млн.теңге бөлініп, Ғ.Иляев

және Қ.Рысқұлбеков көшелерінің

қиылысына, Түркістан көшесі мен Әл-

Фараби алаңының қиылысына, Ұ.Арғынбеков

және С.Бәйтереков көшелерінің

қиылысына, Д.А.Қонаев гүлзары

мен Желтоқсан көшесінің қиылыстарына

1 жағынан оң жақты бұрылыс

жолдарының құрылысы жүргізілді.

«Сәуле» шағынауданы Өндірістік

көшесіне аяқ жол орнатуға бюджеттен

16,6 млн. теңге қаржы бөлініп,1,6

шақырым аяқ жол орнатылды. Сондай-ақ,

«Бадам» тұрғын алабы Қырық

қыз көшесіне, «Забадам» шағынауданы

Чайковский көшесіне аяқ жол орнату

мақсатында жобалық-сметалық

құжаттамасы әзірленді.

Жалпы аудан бойынша Шымкент

қаласының энергетика және коммуналдық

шаруашылық басқармасына

40,4 млн. теңге бөлініп, төменде көрсетілген

жұмыстар атқарылған.

Атап айтқанда, 21,8 млн.теңге

қаржы бөлініп, Қабанбай батыр даңғылы,

М.Х.Дулати, Т.Рысқұлов және

К.Тоқаев көшелерінің бойындағы аяқжолдар

жөнделді.

1,3 млн.теңге бөлініп, Желтоқсан

көшесінің бойындағы №9 орта мектептің

алдына және С.Бәйтереков көшесінің

бойына («Бам» ш/а) аялдама

павильоны орнатылды.

Сонымен бірге, 17,7 млн.теңге қаржы

қарастырылып, Ж.Тәшенов көшесі

(Н.Төреқұлов көшесінен – О.Жандосов

көшесіне дейін) мен Н.Төреқұлов

көшесіне (М.Х.Дулати көшесінен

– А.Байтұрсынов көшесіне дейін) 2

көшеге жарықтандыру жұмыстары

жүргізілді.

Белгіленбеген орындардағы

сауда

Аудан бойынша жыл басынан

ретсіз саудамен айналысып отырған,

839 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық

туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес

әкімшілік хаттама рәсімделіп, 390

819 теңге көлемінде айыппұл салынып,

126 262 теңгесі өндірілген.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына

сәйкес, 567 әкімшілік хаттама

толтырылып, 48 100 теңге көлемінде

айыппұл салынып, 27 000 теңгесі

өндірілген.

Аудан аумағында орналасқан заңсыз

дүңгіршектер бойынша аппарат қызметкерлері

тарапынан күнделікті анықтау

жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы

128 заңсыз дүңгіршектер алынып, оның

ішінде Төле би көшесінің бойында (қырғы

базар аумағында) 34 заңсыз орналастырылған

дүңгіршектер Шымкент қаласы

сотының шешіміне сәйкес, орнынан

сүрілді. Бұған қоса, түсіндірме жұмыстарының

жүргізілуі нәтижесінде «Визит»

сауда үйінің алдында орналасқан

18 заңсыз дүңгіршектер алынды.

Шымкент қаласының мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылау басқармасына

және жер қатынастары және жердің

пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау

басқармасына нысаналы мақсатына

сай пайдаланбай жатқан жерлер

бойынша 27 нысан жолданды.

Оның ішінде 10 нысанға Әкімшілік

құқық бұзушылық туралы Кодексіне

сәйкес, 2 320 825 теңге көлемінде

айыппұл салынды.

Азық-түлік бағаларын

тұрақтандыру

Аудан аумағында әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік тауарларының

бағасын тұрақтандыру мақсатында

33 нысан (4 базар, 19 сауда үй, 10 дүкен)

мониторингке алынды. Аудан

әкімі аппараты тарапынан Шымкент

қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық

даму басқарамысына

баға бойынша мәлімет күнделікті

жолдануда.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыруымен «Нұр Отан»

партиясының Әл-Фараби аудандық

филиалы, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, Шымкент

қаласы жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»

және «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет

көрсету орталығы мамандарымен және

«Халық», «Форте» банк өкілдерімен аудан

аумағындағы кәсіпкерлерге 28 жиналыс

өткізілді. Жиналыстар барысын-

да тұрғындарға «Бизнес жол картасы-

2020», «Инновациялық грант» жобасы,

«Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы

және басқа да мемлекеттік бағдарламалар

жайлы сұрақтар кеңінен

талқыланды, арнайы дисктер мен брошюралар

таратылды.

Аудан бойынша кәсіпкерлікті қолдау

мақсатында өткізілген жиналыстардың

нәтижесінде, мемлекеттік бағдарламалар

аясында өз кәсібін бастауға

ниет білдірген кәсіпкерлердің көптеген

ұсынған жобаларының ішінен

«Ауылшаруашылығы үшін» 5 жоба

мақұлданып, 22 млн. теңге көлемінде

қаражат бөлінген.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы

кәсіптік нысандардың саны артуда.

Жалпы аудан бойынша 15 нысан іске

қосылып, 700 жуық тұлға жұмыспен

қамтамасыз етілді.

Ретсіз орналастырылған

жарнамалар

Шымкент қалалық сәулет және қала

құрылысы басқармасының мамандарымен

бірлесе рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып,

аудандағы негізгі көшелерде

және коммерциялық нысандарда,

сауда орындарында орналасқан жарнамаларды

ретке келтіру мақсатында күнделікті

түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңға 700 жуық ірі жарнама және

11 мыңға жуық хабарлама ретінде жапсырылғын

ұсақ жарнамалар алынды.

Жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру

қажет екендігі туралы түсіндіру

жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде

төлемақы төлеушілер мен салық салу

объектілері туралы мәліметке сәйкес,

200 заңды тұлға тіркеліп, жалпы 2018

жылы сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша

бюджетке түскен түсім көлемі

85,9 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша 2018 жылы мемлекеттік

атаулы әлеуметтік көмекке

3661 үміткер отбасының, 3233 отбасы

«Мұқтаж» деп танылды.

Бір реттік әлеуметтік көмекке 636

үміткер отбасы өтініш білдіріп, 581 отбасы

«Мұқтаж» деп танылды.

Бүгінгі таңда ауданда 15 Ұлы Отан

соғысы ардагері 1201 тыл ардагері және

5871 мүмкіндігі шектеулі азаматтар

тізімге алынған.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің

73 жылдық мерекесіне орай, Ұлы

Отан соғысы және тыл ардагерлеріне

сыйлықтар таратылып мерекелік

іс-шаралар ұйымдастырылып және

90,95,100 жасқа толған ардагерлерді

туылған күндерімен тұрақты түрде

құттықталуда.

Дін саласы

Аудан тұрғындары, мектеп оқушылары,

колледж және ЖОО студенттерімен

«Дін туралы жалпы түсінік

беру», «Терроризм мен экстремизм»

алдын алу «Жастарды отансүйгіштікке

тәрбиелеу» мақсатында, аудан

әкімінің бекітілген жұмыс кестесіне

сәйкес 61 кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы

адамдар көп шоғырланатын әлеуметтік

104 ірі нысанның қорғалу паспорттары

әзірленіп, Ішкі істер басқармасына

тапсырылды.

Қайырымдылық іс-шаралар

Аудан ау мағында әлеу меттік

жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға,

жетім балалар үйіне және

мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған

қайырымдылық іс-шаралары

тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Ауданымыздың кәсіпкерлері мен

депуттарының демеушілігімен 400

отбасыға әртүрлі әлеуметтік көмектер

көрсетіліпді. 600 балаға мерекелік

сыйлықтар, киімдер мен ойыншықтар

және мектеп құрал-жабдықтары тарқатылып,

«Funky town» балалар ойын

алаңында балалардың көңіл көтеруіне

жағдай жасалды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз

қамтылған және көп балалы отбасылардың

балаларына арнап жаңа шылдық

шырша кеші ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық шыршаға жалпы 350

бала қатысып, мерекелік сыйлықтар

табысталды.

Отбасылық-демографиялық

саясат

Аудан бойынша жалпы 4804 көп

балалы аналар бар, олардың 351 ана

«Алтын алқа» және 935 ана «Күміс

алқа» иегерлері болып атанды. Қазақстан

Республикасы Президентінің

Жарлығымен жыл басынан бері 14 анаға

«Алтын алқа» және 55 анаға «Күміс

алқа» төсбелгілері салтанатты түрде

табысталды. Сонымен қатар, «Алтын

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен

наградтауға 70 ананың құжаттары

ұсынылды.

Аудандық әйелдер істері және

отбасылық - демографиялық саясат

жөніндегі комиссиясы «Сана сезім»,

«Ана үйі» жас аналарға арналған кризистік

орталықтың және ІІБ қызметкерлерімен

бірлесе аудан көлемінде

12 іс-шара ұйымдастырды.

Біз біргеміз акциясы

«Біз біргеміз» акциясы аясында

мүмкіндігі шектеулі азаматтараға қол

жетімді орта құру, жеке-меншік нысандар

мен мемлекеттік мекемелерге

еркін кіріп-шығуына жағдай жасау

мақсатында, пандус орнату бойынша

түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде

12 бала-бақшаға және 971

көше бойларында орналасқан нысандарға

пандус орнатылды.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы Кодексінің 83-бабы

Қазақстан Республикасының мүгедектердi

әлеуметтiк қорғау туралы

заңнамасын бұзу бойынша 5 жекеменшік

нысанға 3,1 млн. теңгеге құзырлы

мекемелер тарапынан айыппұл

салынып, бүгінгі таңға 1,2 млн. теңгесі

өндірілді.

Құқық бұзушылықтың

алдын алу

Аудан аумағында құқық бұзушылық

пен қылмыстың алдын алу мақсатында

көпқабатты үйлердің үй басқарушыларымен

және тұрғындармен

бейнекамералар орнату бойынша

тиімділігі жөнінде 47 рет кездесу

ұйымдастырылып, нәтижесінде 10 мекенжайға

60 камера орнатылды.

«Шымкент-қауіпсіз қала» жоба

аясында аудан әкімі аппаратының

ұйымдастыруымен түнгі мезгілдегі

кәмелет жасына толмағандардың

заңды өкілінсіз жүруін анықтау бойынша

46 рейд өткізіліп, 819 тұлғаға

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Кодексінің 442-бабына сәйкес,

хаттама толтырылды. Оның ішінде,

78 хаттама бойынша 1,3 млн. теңге

айыппұл салынған.

Сонымен қатар, А.Жангельдин,

Т.Айбергенов көшелерінің бойында

орналасқан жалдамалы пәтер беретін

кәсіпкерлерге аудандық кірістер

басқармасына заңды түрде тіркелу

бойынша түсіндірме жұмыстары

жүргізілді. Салық төлеуші ретінде

тіркелмеген кәсіпкерлерге қатаң түрде

ескерту берілді. Әкімшілік құқық

бұзушылық туралы Кодексінің 449

бабына сәйкес, 750 тұлғаға әкімшілік

хаттама толтырылып, 354 757 теңге

айыппұл салынып, оның 174 162 теңгесі

өндірілген.

Сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу

2018 жылы Қазақстан Республикасының

2015–2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын

іске асыру мақсатында 7 жиналыс,

2 дөңгелек үстел, 5 құқықтық

сабақ, 1 семинар өткізілді.

Сонымен қатар, «Есіктен-есікке»

және «Парасыз болашаққа бірге»

атты сынамалы бағдарламалары

аясында тұрақты түрде қоғамдық

орындарда, халыққа түсіндірме жұмыстары

жүргізіліп, қоғамдық көліктерге,

аялдамаларға, адам көп жиналатын

орындарға «Сенім телефонының»

нөмірлері көрсетілген баннерлер,

плакаттар ілініп, парақшалар

таратылды.

Ономастика және тілдерді

дамыту

Ауданда жалпы 404 көшелер мен

даңғылдар бар. Оның ішінде атауы

қайталанатын, идеологиялық тұрғыдан

ескірген және атауы жоқ 36

көшенің тұрғындарымен кездесулер

өткізіліп, хаттамалары республикалық

ономастикалық комиссия қарауына

ұсынылды.

Аудан аумағында 15 шағынаудан

орналасқан. Оның ішінде 11

шағынауданның шекарасын бекіту,

атауын заңдастыру мақсатында тұрғындармен

кездесулер өткізіліп, хаттамалары

мәдениет және тілдерді дамыту

басқармасына жолданды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

жаңадан бекітілген ережесіне

сәйкес осы уақытқа дейін «Мемлекеттік

көрсетілетін қызмет» бойынша

спорттық санаттар алу үшін

10 өтініш келіп түсті. Оның 8 өтініші

қанағаттандырылып, 2 өтініш талаптарға

сәйкес келмеуіне байланысты

кері қайтарылды.

Мәдени-ағарту саласы

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыруымен бекітілген

жоспарға сәйкес, 2018 жылы мемлекеттік

маңызы бар 11 мерекелік, 8

кәсіби және 25 қайрымдылық іс-шаралар

аталып өткізілді.

Аудан аумағында 44 мемлекеттік

мекеме орналасқан. Мемлекеттік

рәміздерге қойылатын стандарттың

өзгеруіне орай, елтаңбаның

жаңартылған нұсқасына ауыстыру

бойынша және мемлекеттік мекемелердегі

мемлекеттік рәміздерге

қойылатын стандарттардың, сақталуына

және оларды күтіп ұстау мақсатында

32 рет мониторинг жұмыстары

жүргізіліп, кемшіліктер дер

кезінде ретке келтірілді.

Аудан аумағында 30 саябақ, 18

ескерткіш және 11 субұрқақ орналасқан.

Аталған нысандар тұрақты түрде

зерделеніп, анықталған кемшіліктерді

ретке келтіру бойынша тиісті

жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы аудан

аумағында екі демалыс аймағы

ашылды. Атап айтқанда, Бейбітшілік

көшесінің бойындағы «Арбат» және

Ж.Тәшенов ескерткішінің аумағындағы

Бекет батыр көшесінің 1 шақырым

жері абаттандырылып, екі

демалыс аймақтары халық игілігіне

берілді.

Аудан әкімінің аппаратымен

өткізілген барлық іс-шаралар мен

атқарылған жұмыстар БАҚ-та және

facebook және instagram парақшалары

мен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

ресми сайтында (http://

www.alfaraby-shym.gov.kz) тұрақты

түрде жариялануда.

2019 жылы атқарылатын

жұмыстардың негізгі

бағыттары

1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

жолдауы мен бағдарламаларын

жүзеге асыру.

2. Аудан аумағын санитарлық

тазалықта ұстауды ұйымдастыру

және қадағалау.

3. Балалар ойын алаңшаларын,

аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру.

4. 2019-2020 жылу беру маусымына

сығымдау-дайындау жұмыстарын

ұйымдастыру және өткізу.

5. Тұрақты түрде аудан аумағына

қарасты елді мекендерде

сенбіліктерді ұйымдастыру және

өткізу.

6. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы

болдырмау бағытында тиісті

жұмыстар жүргізу.

7. Атаулы әлеуметтік көмек пен

бір реттік көмекке арналған іс-шараларды

уақтылы ұйымдастыру.

8. Жоспарланған мәдени іс-шараларды

жоғары деңгейде өткізу.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!