04.01.2019 Views

Шымкент келбеті 1

Жұма 4 қаңтар 2019 жыл

Жұма 4 қаңтар 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6

№1(1643)

Билік және халық

www.shymkala.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі И.Қантөреевтің 2018 жылдың

қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының

тезистері

Құжат айналымы

Қаратау ауданы әкімі аппаратына

2018 жылы жалпы –

3886 құжат келіп түскен. Оның

ішінде: жеке тұлғалардан – 192,

заңды тұлғалардан – 6, жеке

қабылдауға – 259 өтініш, мемлекеттік

мекемелерден – 3429

өтініш түсті.

Аталған өтініштер бойынша

1483 толық жауап берілді және

2291 мәлімет үшін болса, құзырлы

мекемеге жолданғаны – 68,

ал 44 өтініш орындалу барысында.

Ауыз сумен

қамтамасыз ету

Аудан бойынша 47 202 жеке

тұрғын үй болса, оның 35 861

(62,5%) тұрғын үй тәулік бойы

сапалы ауыз сумен қамтылса, 8

010 (34%) тұрғын үй кесте бойынша,

ал 4 431 (3,5%) тұрғын үй тасымал

сумен қамтылған.

Сайрам тұрғын алабы жаңақұрылыс

аумағы тұрғындарын

сапалы ауыз сумен толық

қамту мақсатында құрылыс жұмыстары

жүргізілуде. Құрылыс

жұмыстарының аяқталу мерзімі

2019 жылдың соңы.

Қазіргі уақытта, Тұран ш/а

ауыз сумен қамту бойынша құрылыс

жұмыстары өндірістік

кестеге сәйкес атқарылуда. Құрылыс

жұмыстарын 2019 жылдың

соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қайнарбұлақ

т/а магистралды су құбырының

және Достық, Асар-2 ш/а

мен Тассай т/а ауыз сумен қамту

мақсатында жобалық-сметалық

құжаттамалары әзірленіп

бюджетке ұсынылды. Құрылыс

жұмыстары бюджеттен бөлінетін

қаржы аясында жүргізілетін

болады

Электр жарығымен

қамту

Аудан бойынша жалпы – 47

202 тұрғын үй болса, оның 35 628

үй (379 трансформатор) - қалалық

энергетика және коммуналдық

шаруашылық басқармасы

мен «Оңтүстік Жарық Транзит»

ЖШС-ның балансындағы, ал 11

574 үй (100 трансформатор) - жекеменшіктегі

электр трансформаторлары

арқылы электр жарығын

пайдалануда.

Ағымдағы жылы Қайтпас,

Нұртас ш/а (2 кезек) орналасқан

2230 тұрғын үйді сапалы электр

жарығымен қамту бойынша құрылыс-монтаж

жұмыстары аяқталып,

бүгінгі таңда абоненттеу

жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сайрам т/а

Тассай бөлімшесін сапалы электр

жарығымен қамту жұмыстарына

тиісті қаржы қаралып, құрылыс

жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, 250 отбасы сапалы

электр жарығымен қамтылып

отыр.

Ал, Достық, Асар-2, Тұран ш/а

мен Тассай т/а электр жарығымен

қамту мақсатында жобалықсметалық

құжаттамалары әзірленіп

бюджетке ұсынылды. Құрылыс

жұмыстары қаржы қаралуына

орай 2019 жылы атқарылатын

болады.

Қазіргі уақытта, Бозарық ш/а

«Шымкент қаласы 220/110/10 кВ

Бозарық қосалқы стансасының»

құрылысы жүргізілуде. Құрылыс

жұмыстары аяқталуына орай, аудан

аумағындағы шағынаудандар

толық сапалы электр жарығымен

қамтылатын болады.

Табиғи газбен қамту

Елбасы Жолдауын насихаттау

Аудан бойынша жалпы – 47

202 тұрғын үй болса, оның 34 586

тұрғын үй табиғи газбен қамтылған

болса, ал қамтылмаған тұрғын

үй - 12 616 құрайды.

Бүгінгі таңда Бозарық саяжайын

табиғи газбен қамту құрылыс

жұмыстары аяқталып, тұрғындарды

абоненттеу жұмыстары

жүргізілуде.

Сонымен қатар, Сайрам т/а

Тассай бөлімшесін табиғи газбен

қамтамасыз ету құрылыс

жұмыстарын «Арсенал Юг»

ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстарының

аяқталу мерзімі

2019 жылдың екінші жарты

жылдығы.

Қала аумағындағы елді мекендерді

табиғи газбен қамту

мақсатында «АГТС-3» стансасының

жобалық-сметалық құжаттамасы

әзірленіп, мемлекеттік

сараптамадан өткізілуде. Сараптама

қорытындысы алынуына

орай, құрылыс жұмыстарына

қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Құрылыс жұмыстары аяқталуына

орай, аудан аумағындағы

шағынаудандар толық сапалы

табиғи газбен қамтылатын

болады.

Аумақтарда санитарлық

тазалықты сақтау

Санитарлық тазалау жұмыстарын

ұйымдастыру мақсатында

аудан территориясы 10 аумаққа

бөлініп, оған аудан әкімі аппаратының

жауапты мамандары

бекітілген.

2018 жылы жоғарыда аталған

жұмыстарды атқаруға 180,2 млн.

теңге бөлініп, қазіргі таңда «Аяулы

алақан» қоғамдық бірлестігі

тарапынан аудан аумағындағы

8000 м3 күл-қоқыс шығарылып,

2100 км ирригациялық жүйелерді

тазалау, 24 000 дана ағаш түбін

әктеу, 1200 дана ағаштарды санитарлық

қырқу және 686 га аумақтың

қураған шөбін ору жұмыстары

атқарылды.

Қатты тұрмыстық

қалдықтарды шығару

жұмыстары

Аудандағы бей-берекет қоқыс

жиналатын орындарды жою

мақсатында қатты тұрмыстық

қалдықтарды шығаратын мекемелермен

келісім-шарт түзу қажеттігі

жөнінде тұрғындармен

түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, аудан бойынша

2017 жылы қатты тұрмыстық

қалдықтарды шығарумен айналысатын

мекемелермен тұрғындардың

келісім-шарт түзу

көрсеткіші - 97% болса, қазіргі

таңда бұл көрсеткішті - жоғарылату

бойынша жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, аудан аумағында

жыл басынан 21 рет

сенбіліктер ұйымдастырылды.

Оған 18 мың тұрғындар мен мекеме

қызметкерлері, 58 арнайы

техника қатыстырылып, 32 шақырым

аяқ жолдар мен оларға

іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып,

10 500 дана ағаш көшеттері

отырғызылып, 480 м3

күл-қоқыс шығарылды.

2018 жылы «Таза қала» акциясына

аудан бойынша «Үлгілі

аула» номинациясына 80 көп қабатты

тұрғын үй және «Үлгілі

көше» номинациясына елді мекендерде

орналасқан 64 көше комитеттері

өтінім білдіріп, конкурс

нәтижесі бойынша жеңімпаздар

қаржылай сыйлықтармен

марапатталды.

Аудан аумағындағы негізгі

көшелерде орналасқан нысандардың

қоршауларының қасбеттерін

ретке келтіру бойынша

түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,

нәтижесінде 680 нысанның қасбеттері

ретке келтірілді.

Жолдар құрылысы

Аудан аумағында жалпы

ұзындығы – 1009 км құрайтын

– 1086 көше бар. Оның

440,3 км (344 көше) – асфальт,

490,6 км (640 көше) – шағал

тас, 78,1 км (102 көше) – топырақ

көшелер.

Ағымдағы жылы қалалық

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы тарапынан

Қайнарбұлақ т/а №125

мектепке баратын көше, Достық

ш/а - 12 көше, Тассай ш/а-1 көше

күрделі жөндеуден өткізіліп,

пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Достық, Тассай,

Мирас, Мәртөбе, Нұртас, Бозарық

с/ж, Қайнарбұлақ, Сайрам,

Исфиджаб, Қызылсу тұрғын

алаптарында жалпы 12 көшеге

орташа жөндеу жұмыстары

жүргізілді.

Ал, Сайрам т/а облыстық маңызы

бар 3 көшеде күрделі жөндеу

жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс

жұмыстарын 2019 жылдың

соңына аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы

28 көшені орташа жөндеуге

жобалық-сметалық есептері

әзірленіп, бюджетке ұсынылды.

Құрылыс жұмыстары бөлінетін

қаржы аясында атқарылатын

болады.

Аудан аумағындағы Нұртас,

Достық, Тұран, Қайтпас, Асар-2,

Азат шағынаудандары мен Бозарық

саяжайы, Тассай, Таскен,

Қайнарбұлақ, Сайрам, Исфиджаб,

Шапырашты, Өтеміс тұрғын

алаптарындағы топырақ

көшелерге шағалтас төсеу мақсатында,

бюджеттен тиісті қаржы

бөлініп, жалпы 68,2 км көшеге

шағалтас төсеу жұмыстары

атқарылса, жеке кәсіпкерлермен

түзілген меморандум аясында

5 км болатын 9 көшеге шағал

тас төселді.

Тұрғын үй коммуналдықшаруашылық

мәселелері

Аудан аумағында көп қабатты

тұрғын үйлерге 4 сервистік

мекеме қызмет көрсетуде. Осы

мекемелер тарапынан кіреберістер

мен баспалдақтарды тазалау,

жертөледегі жиналған

суды шығару, үй ауласын тазалау,

жертөледегі инженерлік жүйелерді

күтіп-ұстау жұмыстары

атқарылуда. 2018 жылы 13 көп

қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне

тұрғындардың өзі

есебінен қайтарымды негізде

(пайызсыз) жөндеу жұмыстары

жүргізілді.

Қазіргі таңда, аудан аумағында

«ОҚО үйлерді басқару»

және «Шымкент Сити» басқарушы

компаниялары көп қабатты

үйлерде 13

қызмет түрін көрсетуде. Сонымен

қатар, аталған мекемелер

тарапынан мүмкіндігі шектеулі

азаматтарға арналған пандустар,

баспалдақтар мен аяқжолдар

салынды.

Жылумен қамтамасыз

ету

Аудан аумағында жа лпы

339 көп қабатты тұрғын үй болса,

оның 291 көп қабатты үйлер

орталық жылу жүйесінен,

ал 48 көп қабатты үй автономды

жылу жүйесінен тұтынады.

Қысқы жылу маусымына көп қабатты

үйлерді дайындау жұмыстарын

«ОҚО үйлерді басқару»

және «Шымкент Сити» басқарушы

мекемелері жүргізіп, жылуға

толық қосылды.

Көп қабатты тұрғын үйлерде

жылуды сақтау мақсатында

кіреберістерге есіктер мен терезе

орнату қажеттігі туралы тұрғындарға

түсіндіру жұмыстары

жүргізіліп, 13 кіреберіс есіктер

және 45 терезе жаңартылды.

Аумақты абаттандыру

жұмыстары

2018 жылы бюджеттен тиісті

қаражат бөлініп, «Нұрсәт» ш/а

тозығы жеткен 31 көп қабатты

тұрғын үйлер аулалары толық

абаттандырылып, 1

аулаға ашық спорт алаңшасы

орнатылды.

Сонымен қатар, тұрғындардың

өтінішіне сәйкес аудан

әкімі аппараты қызметкерлері

тарапынан «Нұрсәт» ш/а 43 ауланы

толық абаттандыру және

балалар ойын алаңшаларын орнату

жұмыстарына жалпы 893,8

млн теңгеге, сонымен қатар,

22 қоқыс жинауға арналған замануи

павильондарын дайындау

және орналастыруға 32,2

млн. теңгеге жобалық-сметалық

есептері әзірленіп бюджетке

ұсынылды.

Жастарды спортқа баул у

мақсатында 7 жер теліміне

қала әкімінің қаулысы қабылданып,

3 жер теліміне мемлекеттік

актілері мен жобалықсметалық

есептері әзірленіп бюджетке

ұсынылды. Қалған 4 жер

телімінің құжаттары заңдастырылуда.

Құрылыс жұмыстары

қаржы бөлінуіне орай атқарылатын

болады.

Еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі

жолында мемлекет басшысы

Қазақстан халқына жыл сайын өзінің

Жолдауын жолдап келеді. Әр Жолдаудың

басты мақсаты – еліміздің экономикасының

нығаюына бағытталған.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018

жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші

өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері» және

5 қазандағы «Қазақстандықтардың әлауқатының

өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын

арттыру» атты Жолдауын халық

арасында кеңінен насихаттау бойынша

ағымдағы жылы аудандық ақпараттықнасихаттық

топтың қатысуымен 32 рет

кездесулер өткізіліп, 5000-нан астам тұрғын

қамтылды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының

қазіргі Қазақстанның жаhандық рөлін айқындауға

тірек болатын «Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың

жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы

негізгі бағыттарды насихаттау

және ілгерілету бойынша аудан тұрғындарымен

17 кездесулер өткізілді.

Аяқ жолдар мен

аялдамалар орнату

жұмыстары

Қайнарбұлақ тас жолының

бойына Қайнарбұлақ т/а Бөлешов

көшесі, №125 жалпы орта

мектебіне баратын көше, Бозарық

ш/а №57 жалпы орта мектебіне

баратын көше,Таскен т/а

№115, №103 жалпы орта мектептеріне

баратын көше, Сайрам

т/а №71 жалпы орта мектебі

мен №12 спорт мектебіне баратын

көше және Өтеміс т/а Төлеби

көшесіне аяқжол салу жұмыстары

жүргізіліп пайдалануға

берілді.

Сонымен қатар жеке меншік

мекемелерге қала аумағында

өтіп жатқан «Біз біргеміз» акциясы

аясында 63 мекемеге

мүмкіндігі шектеулі азаматтарға

қолайлы орта (пандус) қалыптастырылды.

Аппарат қызметкерлері тарапынан

аудан аумағындағы әлеуметтік

нысандарға (мектептер,

балабақшалар, емхана,) баратын

36 көшелерге аяқ жол салу

мақсатында 315,5 млн. теңгеге

ЖСҚ әзірленіп бюджетке ұсынылды.

Сонымен бірге, тұрғындардың

өтінішіне сәйкес аялдамалар

орнатуды қажет ететін 173

орын анықталып, қалалық энергетика

және коммуналдық шаруашылық

басқармасына ұсынылған.

Қазіргі таңда 20 аялдама

нысандарын орнату жұмыстары

жүргізілуде.

Аудан қауіпсіздігін

қамтамасыз ету

жұмыстары

2018 жылы аудан аумағындағы

көп қабатты тұрғын үйлер

мен көше бойларына бейнебақылау

камераларын орнату

мақсатында 67 орын анықталып,

қалалық ішкі істер басқармасына

жолданды. Бейнебақылау

камералары қаржы

бөлінуіне орай орнатылатын

болады.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы

орталық маңызы бар

79 көшені жарықтандыруға ұсыныс

берілген. Нәтижесінде, Ақжайық

ш/а - 3 көше, Қайнарбұлақ

саяжайы – 1 көше, Қайтпас

ш/а – 2 көше, Орманшы т/а – 2

көше, Шапырашты т/а – 2 көшені

жарықтандыруға ЖСҚ әзірленіп

бюджетке ұсынылды.

Ретсіз сауда

орындары мен

жарнамаларды реттеу

Заңсыз сауда орындарын

жою және қала көшелерінің

келбетін ретке келтіру мақсатында

құрылған жұмысшы

топ тарапынан 2018 жылы аудан

аумағында 38 рейдтік ісшара

өткізілді. Нәтижесінде

294 ретсіз сауда орындары жойылып,

1125 заңсыз жарнама

анықталып ретке келтірілді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық

туралы» Кодексінің 204, 505

баптары бойынша 741 хаттама

толтырылып, тиісті шаралар

көрілді. 2017 жылмен салыстырғанда

осы баптар бойынша

заң бұзушылық 58,76%

дейін төмендеді.

Ауданда орналасқан дүңгіршектердің

заңдылығын анықтау

бойынша зерделеу жұмыстары

жүргізіліп, нәтижесінде 44

дүңгіршектер мен контейнерлер

және 7 киіз үй алынды.

Әлеуметтік маңызы бар

тауарлардың тұтыну

бағасын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар 19

түрлі азық-түлік тауарларының

бағасын тұрақтандыру мақсатында,

аудан аумағындағы 16

ірі сауда үйлерінде мониторинг

жүргізіліп, ақпарат Кәсіпкерлік

және индустриалды- инновациялық

даму бақармасы жолданып

отырады.

Сонымен қатар, әр аптаның

жексенбі күндері Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза»

сауда үйінің жанында

147 кәсіпкердің қатысуымен

азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты

түрде өткізілуде.

Салық түсімі

Қаратау ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

мамандарымен бірлесіп,

тіркелмеген мүліктерді тіркеу

қажеттігі жөнінде барлық елді

мекендерде түсіндіру жұмыстары

жүргізілді.

Жергілікті бюджет бойынша

жоспар 6841,0 млн.теңге болса,

нақты түсім 6841,0 млн.теңге,

орындалуы 100% қамтамасыз

етілді. Өткен 2017 жылдың

5601,4 млн.теңге түскен болса,

ағымдағы жылдың түсімдерінің

өсу қарқыны 113,1% құрап, артығымен

734,0 млн.теңгеге қамтамасыз

етілді.

Қайырымдылық

іс-шаралары

Аудан аумағында әлеуметтік

жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына,

жетім балалар үйіне

және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға

арналған қайырымдылық

іс-шаралары тұрақты түрде

өткізіліп келеді.

Жалпы 2018 жылы Қаратау

ауданы бойынша азық түлік,

көмір және құрылыс заттарымен

жалпы 928 отбасыға көмек

көрсетілді.

Нысандардың қасбетін

ретке келтіру

Аудан аумағында орналасқан

кәсіпкерлік нысандардың

қасбетін ретке келтіру бойынша

түсіндіру жұмыстары

жүргізіліп, нәтижесінде осы

күнге дейін 167 кәсіпкерлік нысандар

ретке келтірілді, жұмыстар

жалғасын табуда. Кәсіпкерлік

нысандарының алдарына

қоқыс жәшігі қою қажеттілігі

түсіндіріліп, 231 данасы

қойылды.

Білім саласы

Аудан бойынша 2018 жылы

«Білім күні» қарсаңында Бозарық

саяжайында жаңадан 900

орындық мектеп пайдалануға

беріліп, Таскен т/а №103 мектеп

пен Сайрам т/а №102 мектептерге

қосымша ғимараты пайдалануға

берілді. Нәтижесінде,

ауданымызда 3 ауысымда

білім беру мәселесі өз шешімін

тауып отыр.

Қазіргі уақытта, Нұрсат т/а

1200 орындық мектеп ғимараттың

құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Тұран және

Асар 2 ш/а 1200 орындық мектеп

құрылысына жобалық-сметалық

құжаттамасы әзірленіп,

құрылыс жұмыстарын жүргізу

үшін бюджеттік өтінім берілді.

Ал, Таскен т/а №115 негізгі орта

мектеп орнына 300 орындық

мектеп құрылысын жүргізуге

мемлекеттік сатып алу конкурсы

өткізіліп, 2019 жылдың

бюджетінен қаржы бөлуге ұсыныс

берілді.

Денсаулық сақтау

саласы

Аудан тұрғындарымен кездесу

барысында айтылған өтініштері

негізінде 2017-2018ж.ж Қайнарбұлақ,

Бозарық саяжайларында

және Ақжайық, Тұран

шағынаудандарында отбасылық

дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға

берілді.

Ал 2018 жылы Ақжайық ш/а

медициналық жедел жәрдем

қызмет көрсету бекеті ашылып,

жақын маңдағы елдімекендерге

де қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, 2017 жылдың маусым

айында Нұртас ш/а 500

адам қабылдайтын қалалық емхана

құрылысы басталып, 2019

жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Мемлекеттен берілетін

жәрдемақылар мен

әлеуметтік аз қамтылған

отбасыларға көрсетілген

көмектер

2018 жылдан бастап Елбасының

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары

негізінде Жаңа форматтағы

«Атаулы әлеуметтік көмек»

жүзеге асырылуда.

2018 жылдың 12 айында Атаулы

әлеуметтік көмек алуға құжат

тапсырған 4813 отбасының

3746-на оң қорытынды берілсе,

бір реттік әлеуметтік көмек

алуға құжат тапсырған 940 отбасының

851-не оң қорытынды

берілді.

Сонымен қатар, осы жылдан

бастап Атаулы әлеуметтік

көмектің жаңа форматта көрсетілетіндігі

туралы аудан

тұрғындарына түсіндіру жұмыстары

кеңінен жүргізілуде.

Әйелдер істері және

отбасылықдемографиялық

саясат

«Қазақстан Республикасындағы

2030 жылға дейінгі отбасылық

және гендерлік саясат» тұжырымдамасына

сәйкес, аудандық әйелдер

істері және отбасылық - демографиялық

саясат жөніндегі комиссиясымен

аудан көлемінде 13

іс-шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы

аудандағы алтын құрсақты аналарымызға

Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығымен

36 «Алтын алқа», 99 «Күміс

алқа» табыс етілді.

Мерекелік іс-шаралар

Аудана аумағында мерекелік

іс-шаралар бойынша аудан белсенділерінің

және аудан тұрғындарының

қатысуымен ағымдағы

жылы 17 мерекелік іс-шаралар

өткізілді.

Сонымен қатар, аудандағы

150 ардагерлерге мерекелік дастархан

жайылып, марапаттармен

мерекелік сыйлықтар табысталды.

Барлық ұйымдастырылған

мәдени іс-шаралар мен атқарылған

жұмыстар бұқаралық

ақпарат құралдарында жарияланды.

Ономастика және

тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасы Президент

Әкімшілігінің тапсырмасымен

көшелерге кісі есімін беру

тоқтатылған (мораторий). Алайда,

жер-су, таулардың, табиғи көріністердің

атауларын беру бойынша

жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағындағы

атауы жоқ көшелерге

атау беру мәселесі бойынша тұрғындармен

өткізілген жиналыстардың

хаттамалары толтырылып,

211 көшенің құжаттары қалалық

мәдениет және тілдерді дамыту

басқармасына жолданды.

2018 жылы аудан аумағында

58 көшелерге атау беру бойынша

тұрғындармен тиісті жиналыстар

өткізіліп, хаттамалары қалалық

мәдениет және тілдерді

дамыту басқармасына тұрақты

түрде жолдануда.

Сонымен қатар, аудандағы

атауы қайталанатын көшелер

мен орыс тілді атаулы көшелерге

зерделеу жұмыстары

жүргізіліп, қазақша қайта атау

беру бойынша тиісті жұмыстар

жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес жұмыстары

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

– бүгінгі күн талабы және

онымен күресу әрбір азаматтың

міндеті. Осы мақсатта «2015-

2025 жылдарға арналған сыбайлас

жемқорлыққа қарсы стратегиясын

іске асыру және көлеңкелі

экономикаға қарсы іс-қимыл

жөніндегі» іс-шара жопарына

сәйкес, аудан аумағында құзырлы

мекемелермен бірлесіп 8

дөңгелек үстел, 7 семинарлар 192

құқықтық сабақтар өткізілді. Ісшаралар

барысында арнайы бейнероликтер

көрсетіліп, ақпараттық

парақшалар таратылды.

Дін саласы

Аудан аумағында жалпы 40

діни бірлестіктер тіркелген. Діни

экстремизмнің, кереғар діни ағымдар

мен секталар іс-әрекетін алдын-алу

мақсатында 2018 жылы

жоғарғы және орта оқу орындары

студенттері мен оқушылар, тұрғындар

және тұрғындар арасында

44 дөнгелек үстелдер мен семинар

кездесулер ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімі

аппаратының алдағы

уақытта жоспарланып

отырған 5 маңызды

міндеттері

1. Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

халыққа арналған Жолдаулары

мен бағдарламаларын кеңінен

насихаттау, басым бағыттары

бойынша жұмыс жүргізу;

2. «2019 жыл - Жастар жылы»

болып жариялануына орай, аудандағы

дарынды, талантты

жастарды қолдау мақсатында

түрлі форматтағы іс-шаралар

ұйымдастыру;

3. 2018-2020 жылдарға арналған

«Қаратау ауданы аумағындағы

тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы

туындаған өзекті

мәселелер мен оларды шешу жолдары»

бағытындағы жұмыстарды

уақытылы атқару;

4. Өскелең ұрпақты сапалы

білім мен тәрбие, отандық патриотизм,

салауатты өмір салтына

баулу бағытында жұмысты

жалғастыру;

5. Ауданның санитарлық тазалығын

тұрақты түрде сапалы

қамтамасыз ету және аулаларды

абаттандыру.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!