20.02.2019 Views

Шымкент келбеті 14

Сәрсенбі 20 ақпан 2019 жыл

Сәрсенбі 20 ақпан 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

№14 (1656)

Сәрсенбі 20 ақпан 2019 жыл

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

q $ 378 q € 425 p 5,72

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады

Үкімет

«Цифрлы

Қазақстан» – Елбасы

бақылауында

ҚР Премьер-Министрі

Бақытжан Сағынтаевтың

төрағалығымен өткен Үкімет

отырысында «Цифрлы

Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру

барысы қаралды. Бұл туралы

Премьер-Министрдің

ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшысы «Цифрлы

Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру

Елбасының ерекше бақылауына

алынғанын атап өтті.

Бағдарламаны іске асыру аясында

қосылған құнды өсіруді,

сондай-ақ экономикадағы

шығындарды қысқартуды

көздейтін елеулі экономикалық

әсер күтілуде.

Бағдарлама іске асырылған

былтырдан бері біраз

бағыттың көрсеткіші жақсарған.

Заңнамалық база

жетілдіріліп, өндірісті, бизнесті

және мемлекеттік басқаруды

енгізудің оңтайланған

тәсілдері әзірленді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар

министрлігінің

деректері бойынша, «Цифрлы

Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасы негізгі бес бағыттан,

17 бастамадан және

120 іс-шарадан тұрады.

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігіне экономиканың

жекелеген салаларындағы

цифрландырудың

әлеуетін белгілеп, сосын

шығындардың іс жүзінде

қысқаруын ескере отырып,

цифрландыру жобаларының

тиімділігін есептеудің бірыңғай

әдіснамасын жасау, сондай-ақ,

мемлекеттік органдармен

және АТ-қауымдастықпен

цифрлық технологияларды

қолдану мәселелері

бойынша заң жобасын

пысықтауды жетелдету тапсырылды.

Қағаз түрінде ұсынылатын

қызметтердің

80 пайызын

электронды форматқа

көшіру жоспарлануда

Әкім есебі

SHYMKENT –

БОЛАШАҒЫ

ЖАРҚЫН ШАҺАР

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов

2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ел алдында есеп берді

Елбасы Жарлығымен былтырғы маусым айында миллионды шаһарға айналып,

республикалық дербес қала мәртебесін алған Шымкенттің 2200 жылдық

тарихы бар. Бүгінде көне шаһардың ажары айшықталып, экономикалық

әлеуеті нығайып, келбеті күн санап көріктеніп келеді.

Сәбит ТАСТАНБЕК

sabit.tastanbek@mail.ru

Елбасының тапсырмасына

сәйкес, бүгінде еліміздің

барша өңірлеріндегі әкімдер

жұртшылық алдында

есеп беру кездесулерін

өткізіп жатыр. Сол дәстүр

бойынша Шымкент қаласының

әкімі Ғабидолла Әбдірахымов

өткен аптада қала

тұрғындарымен кездесіп,

2018 жылдың қорытындысы

бойынша ел алдында

есеп берді. Жиынға ҚР Ақпарат

және коммуникация

министрі Дәурен Абаев, ҚР

Президенті Әкімшілігінің

Мемлекеттік бақылау және

аумақтық-ұйымдастыру

жұмысы бөлімінің мемлекеттік

инспекторы Ерғали

Егемберді, Шымкент қаласы

мәслихатының депутаттары,

қала әкімінің орынбасарлары,

басқармалардың

басшылары, мемлекеттік

қызметкерлер мен зиялы

қауым өкілдері, жергілікті

тұрғындар қатысты.

Үшінші мегаполиске

580 млрд теңге

инвестиция тартылды

Жыл бойы атқарылған

жұмыстар сараланып,

алдағы мақсат-міндеттер

айқындалатын жиында

Шымкент қаласының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов өткен

жыл қала үшін табысты

болғанын айтып, қысқаша

баяндама жасады. Ерекшелігі

сол, әкім баяндамадан

кейін жарыссөздерден

бас тартып, бірден сұрақжауапқа

көшіп, 2 сағатқа

жуық уақытты тұрғындардың

сұрақтарына

жауап беруге

арнады. Әкімнің

м ә л і м е т і н ш е ,

үшінші мегаполисте

былтыр бірқатар

ірі нысандар қайта

жаңғыртудан

өтті. Оның ішінде

қала экономикасы

үшін маңызды 2 ірі

жоба бар.

u

2-3 БЕТТЕРДЕ

Ерлік

Шымкентте

«Өмір сапасын

ұзарту орталығы»

ашылады. Орталық жұмысы

зейнеткерлер мен әлеуметтік

осал адамдарды қолдауды

күшейту, мүмкіндігі шектеулі

азаматтардың денсаулығын

нығайтуға жағдай жасауға

бағытталған

13 жасар құтқарушы

марапатталды

Шымкентте өртеніп жатқан

үйден сәбилерді

аман алып қалған 13

жасар Бақытжан Беркімбайды

қалалық ТЖД басшылығы арнайы

алғыс хатпен марапаттады.

Департамент бастығы Нұрболат

Дербісов «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау

үшін еліміздің ІІМ атына

және арнайы алғыс хатпен марапаттау

үшін қалалық әкімдікке ұсыныс

жолданғанын жеткізді.

– Бақытжан келешекте бізге құтқарушы

болып келеді деп сенеміз. Мұндай

жігіттерге біз арнайы оқу орнына

бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз

үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті

үлкен ерлік деп айтар едім. Атаанасына

және ұстаздарына алғыс айтамын,

– деді Нұрболат Дербісов.

«Цифрлы Қазақстан»

Электронды билет:

SMS немесе QR-код

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасын жүзеге

асыру бойынша Шымкент

қаласы бойынша жол картасы

әзірленген. Аталған жол картасына

сәйкес 2 жоба енгізіліп

отыр. Соның бірі – қоғамдық

көліктерге электронды билет

жүйесін енгізу. Осылайша мегаполисте

электронды құжат

айналымы жобасы іске асырыла

бастады.

2

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

Ел алдындағы есеп

www.shymkala.kz

13 жасар

құтқарушы

марапатталды

u

жоба

Басы 1-БЕТТЕ

Бақытжанның айтуынша,

сол күні ол көшеде

көлікте отырған. Кенеттен

көршінің Арай есімді

қызы үйлерінде өрт шыққанын

айтып, көмек сұрап

келген.

– Үйде анам бар еді. Бірақ

мен оған айтуға үлгермей,

дереу жанып жатқан

үйге бардым. Қарасам,

үйдің ішінде өрт шығып,

жан-жағы жанып жатыр

екен. Сол үйдің 6 жасар

қызы мен 3 жасар баласы

бір шетте қорқып отырды.

Түтінге тұншыққан ба, әйтеуір

есінен тануға шақ

қалған. Дереу кішкентайын

қолыма көтеріп алдым

да, үлкенін жетектеп

алып шықтым. Сыртқа

шыққан соң су беріп,

көмектесуге тырыстым.

Көршінің үйіне алып бардым.

Анам құтқару қызметіне

хабарласты. Кейін

ата-аналары да келді, –

дейді жасөспірім.

Бүгінде сегізінші сыныпта

оқитын бала отқа оранған

үйге кірген кезде қорқуға

уақыт болған жоқ дейді.

Өйткені ол мектепте сондай

дайындық сабақтарынан

өткенін, соның нәтижесінде

тезірек көмек көрсетуге

ұмтылғанын айтады.

Ал, Бақытжанның сынып

жетекшісі болса оның үйінде

төрт ағайынды екенін

жеткізді. 13 жастағы оқушысы

үйдің кенжесі. Сыныпта

жүргенде де тек жақсы қырымен

танылған.

Еске салсақ, 16 ақпан

күні қаладағы Құрсай шағынауданында

жеке үйден

өрт шыққан болатын.

Онда қараусыз 3 бала қалған.

Жанып жатқан үйде

қалған екі баланы сол

маңда тұратын 13 жастағы

Бақытжан Беркімбай

алып шыққан еді. Жасөспірім

дер кезінде құтқарып

қалғанының арқасында

екі бүлдіршін аман

қалды.

Кәсіпкерлердің

тәжірибе бөлісу

алаңы

Д. АЙБАР

Шымкент қалалық Қазақстан халқы

Ассамблеясында «Халықтық

бренд» жобасы тұрақты жүзеге асырылып

келеді. Оның аясында кәсіпкерлікпен

айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері

көпшілікке өздерінің бизнестегі тәжірибелерімен

бөлісуде.

SHYMKENT –

БОЛАШАҒЫ

ЖАРҚЫН ШАҺАР

Мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік

арқылы 500 адамға

арналған емхана

салынып, сонымен қатар

100 жедел жәрдем

автокөлігі сатып алынбақ

Мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік

аясында қалаға

50 мың бейнекамера

орнатып, орталықтандырылған

«Call-center» ашу

жоспарлануда. Бұл

жерде 101,102,103

қызметтері біріктіріліп,

112 нөмірі жұмыс

істейді.

Шымкентке отандық

1 мың автобус сатып

алынады.

Жуырда қалалық түрік

этно-мәдени бірлестігінің

мүшесі болып табылатын

кәсіпкерлер жастар үшін

арнайы шеберлік сабағын

өткізіп, табысқа жетудің

құпиясы жайлы айтып

берді.

Іс-шараға кәсіпкерлік

және индустриалды даму

басқармасының, кәсіпкерлер

палатасының,

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау

қорының өкілдері

және кәсіпкерлікпен айналысқысы

келетін қала

тұрғындары мен жастар

қатысты. Жиында «Қоғамдық

келісім» КММ

басшысы Ербол Байқонақов

жобаның маңызына

тоқталып, бүгінде этно-мәдени

бірлестіктер

мәдени іс-шаралар өткізумен

ғана шектелмей,

аймақтың экономикалық

әлеуетін арттыруға

лайықты үлес қосып келетінін

айтты.

Мысалы, «Фиркан»

компаниясы супермаркеттер

мен кондитерлік

өнімдер желісінің басын

біріктіріп отыр. Онда

бүгінде мыңнан аса адам

еңбек етеді. Компанияның

коммерциялық директоры

Идрис Аскаров

жиында компанияның

алғашқы құрылған күнінен

бүгінге дейінгі жолын

баяндап берді. Қазіргі

кезде кәсіппен айналыса

жүріп білім жинақтауды

дағдыға айналдырудың

маңыздылығын да

сөз етті.

Ал қалалық кәсіпкерлік

және индустриалды

даму басқармасының

бөлім басшысы Үсен

Исаев бизнес негіздері бойынша

оқу, бизнес-жоспар

жасап кәсіпті ілгерілету,

бизнес бастамаларды

қаржыландыру бағытындағы

мемлекеттік

қолдауларға тоқталды.

Еркін де ашық сипатта

өткен басқосуда

кішігірім кәсіптен бастап,

үлкен бизнеске дейінгі

жолда керекті кеңестер

берілді. Бастаған істе нақты

жетістіктерге жетуде

біліммен қатар жаңа технологияны

дұрыс қолданып,

инновациялық

даму жүйесінің болуы қажеттігі

айтылды.

u Басы 1-БЕТТЕ жылыжайлар салынып, олардың

жалпы көлемі 168 гектарға

жетті. Алынған өнім көлемі

15 мың тоннаны құрады.

Мал шаруашылығын дамыту

мақсатында 47 мал бордақылау

алаңы, 36 жанұялық сүт

фермалары ашылды, – деді

қала әкімі.

Шаһар басшысының айтуынша,

«Сыбаға» бағдарламасымен

123 бас ірі қара, «Алтын

асық» бағдарламасымен

518 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен

110 бас жылқы

алынған. Ауыл шаруашылығын

дамыту үшін 136 гектар

жер бөлініп, Агро-Индустриялық

аймақ құру басталды.

Осы аймақта ауыл шарушылығы

өнімін өңдейтін 30-ға

жуық кәсіпорын және заманауи

көтерме сауда орталығы

ашылады деп күтілуде.

Тарқатып айтар болсақ,

біріншісі, Шымкент мұнай

өңдеу зауыты жаңғыртудан

өтіп, оған 580 млрд теңге инвестиция

тартылды. Соның

нәтижесінде жоғары октанды

жанармай өндірісі жылына

881,7 мыңнан 2 271 мың тоннаға

дейін, дизельді отын өндіру

1 209,4 мыңнан 1 916 мың тоннаға

дейін, авиациялық отын

көлемі 279,7 мыңнан 400 мың

тоннаға дейін артады.

Екінші, қалада «Shymkent

Temir» болат өндіру зауыты іске

қосылды. Жобаның құны – 5,9

млрд теңге. Кәсіпорында 440

жаңа жұмыс орны ашылды.

– Шымкент қаласында 2018

жылы атқарылған жұмыстардың

нәтижесінде бюджетке

түскен кіріс 2017 жылмен салыстырғанда

27 пайызға немесе

15,3 млрд теңгеге артып,

72,2 млрд теңгені құрады. 2019

жылы бюджеттің кіріс көлемін

11,6%-ға жоғарылатып, 92,4

млрд теңге болады деп жоспарлап

отырмыз, – деді қала әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов.

30-ға жуық

кәсіпорын ашылады

Шымкенттегі ауыл шаруашылығы

саласында жалпы

өнім көлемі 2018 жылдың

қорытындысы бойынша 25,3

млрд теңгеге жетіп, өсім 100,3

пайызды құраған.

– «Агробизнес-2020» бағдарламасы

аясында 100-ден

астам кәсіпкерге 1,4 млрд

теңге субсидия бөлінді. 115

гектар жерге қарқынды бау

отырғызылды, 9 гектар жерге

Шымкентте көпбалалы

аналарды қолдаудың

жаңа тетіктері

қарастырылды

Мегаполисте көпбалалы

аналарға қызмет көрсететін

орталық ашылып, олар мұнда

мемлекеттік қызмет түрлерін

ала алады.

Қуаныштысы сол, 2019 жылдың

1 наурызынан бастап Алтын

алқа, Күміс алқа иегерлері

және Батыр аналар мен І және

ІІ дәрежедегі орденмен марапатталған

аналар қоғамдық

көлікте тегін жүреді.

Бұл үшін Шымкент қаласының

әкімдігі тасымалдаушы

компанияларға субсидия

бөлді. Ал табысы күнкөріс

деңгейінен төмен отбасыларға

берілетін бір реттік жәрдемақы

көлемі 25 мыңнан 100

000 теңгеге дейін ұлғайып, тамыздан

бастап беріледі. Сонымен

қатар кәсіпкерлермен бірге

«Сен жалғыз емессің» жобасы

жүзеге асырылмақ. Оның

аясында тағдыр тауқыметін

тартып жатқан отбасыларға

баспана салынады.

Бұған қоса Шымкенттегі

1000 отбасыға газ және өрт

қауіпсіздігінің алдын алуда

дабыл беретін арнайы құрылғылар

орнату жұмыстары басталды.

Аталған құрылған аз

қамтылған және көпбалалы

отбасыларға демеушілер есебінен

тегін орнатылмақ.

– Əкем 10 ағайынды, анам

7 ағайынды, мен де көпбалалы

отбасының перзентімін.

Шымкентте 31 мыңнан астам

көпбалалы ана бар, Құдайға

шүкір. Біз осы бағытта жұмыс

істейміз. Кəсіпкерлікті

қолдаймыз жəне жақында

Шымкент қаласында көпбалалы

аналармен жұмыс істейтін

орталық ашатын боламыз,

– деді Шымкент қаласының

әкімі.

Атап өтейік, мегаполисте

2220 Алтын алқа иегері, 6056

Күміс алқа иегері, 511 Батыр

ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі

орденмен марапатталған

және 3200 көп балалы

ана бар.

Мыңнан астам

мүмкіндігі шектеулі

азамат тұрақты

жұмысқа орналасқан

Шымкентте мүмкіндігі

шектеулі азаматтардың да

тыныс-тіршілігі ерекше назарда.

Оларға қоларба, гигиеналық

заттар, көмекші және

инватакси қызметтері тұрақты

көрсетілуде.

Мәселен, өткен жылы 1

мыңнан астам мүмкіндігі

шектеулі азамат тұрақты жұмысқа

орналасты. Сонымен

қатар, халықты жұмыспен

қамту және әлеуметтік қолдау

саласында бірқатар жаңа бастамалар

қолға алынуда.

Атап айтқанда, «Жұмыспен

қамту орталығы», жұмыспен

қамту және әлеуметтік

қорғау, еңбек инспекциясы

және көші-қон басқармалары

және халыққа қызмет көрсету

орталықтары бір ғимаратқа

көшіріліп, «бір терезе» қағидасы

бойынша қызмет көрсетуде.

Ол жерде жұмыспен

қамту және әлеуметтік қызметтер

толығымен электрондық

форматқа көшірілді.

Елімізде алғашқылардың

бірі болып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық

құрбандарына

арналған дағдарыс орталығы»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі Шымкентте

құрылды.

«7-20-25»

бағдарламасы:

Тұрғын үй құрылысы

қарқынды

Елбасының тапсырмасымен

Шымкент қаласында «7-

20-25» бағдарламасы іске асырылуда.

Халыққа кеңінен насихаттау

мақсатында елімізде алғаш

болып «Халықтық кеңседе»

арнайы «Ақпараттандыру

Мегаполис

www.shymkala.kz

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

3

Құны 23 млрд теңге,

ұзындығы 31 шақырым

«А-2» айналма жолын

қайта құру және құны

21 млрд теңге, ұзындығы

21 шақырым Ташкент

бағытындағы жол

құрылысы, сондай-ақ,

4 көпірдің құрылысы

басталды

Шымкентте балабақшамен

қамту деңгейі 89 пайыздан

94 пайызға өсті. Қалада

498 балабақша бар,

оның 397-сі - жекеменшік

Медиация

Жұмысшылар

құқығы –

басты назарда

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Тәжірибелі

заңгерлердің ұлттық орталығы» және «Медиацияны

дамыту орталығы» республикалық қоғамдық

бірлестігі мен Шымкент қаласының

білім басқармасының өкілдері мектепке дейінгі

ұйымдардың басшыларымен және құрылтайшыларымен

кездесу өткізді.

Шымкентте жүйелі түрде

спортпен шұғылданушылар

саны 27 пайыздан асты

орталығы» ашылды.

Ол жерде екінші деңгейлі

банк, құрылыс компанияларының

және «Баспана» акционерлік

қоғамының өкілдері

күнделікті түсіндірме

жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін 114 азаматқа

1,1 млрд теңге несие

берілген.

– Тұрғын үй құрылысы

«Шымкент сити» және

әкімшілік-іскерлік орталықта

қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда қаламызда

әлемдік деңгейде белгілі

«Highvill» компаниясы 51 гектар

жерге, отандық «BI group»

компаниясы 5 гектар жерге

тұрғын үй салуға қызығушылық

білдірді. Мен былтыр

арнайы Сеул қаласына

барып, «Highvill» компаниясының

басшысымен келіссөз

жүргіздім. Нәтижесінде

«Highvill» компаниясымен

«Shymkent Сity» жобасына 130

млрд. теңге салу бойынша

меморандумға қол қойдық.

Биыл құрылыс жұмыстары

басталады, – деді әкім.

Тұран

шағынауданында

5 мың орындық

14 жатақхана

салынады

Студенттер 2021-2022 жылдары

жатақханамен толық

қамтылады. Бұл да қала әкімі

Ғ. Әбдірахымовтың есебінде

айтылған жоспар.

Шымкент – жастар қаласы.

Елбасының 5 әлеуметтік

бастамасы аясында студенттердің

жатақхана жағдайын

жақсарту міндеті тұр.

Осы мақсатта Тұран шағынауданында

8 гектар жерге 5

мың орындық 14 жатақхана

салу жоспарлануда.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер

арқылы 200 және 500

орындық жатақхана салу

үшін келісім-шарт жасалды.

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, медицина

академиясы өз қаржысы

есебінен қолданыстағы ғимаратты

450 орындық жатақхана

етіп қайта құрады.

Жалпы студенттерді жатақханамен

қамту мәселесі 2021-2022

жылдары толық шешілмек.

Мәдени астананың

дайындығы зор

2018 жылы Шымкент республикалық

маңызы бар қала мәртебесін алды. Ал

2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы

болмақ.

Осыған байланысты Шымкент қаласында

бірнеше ірі жобалар басталды.

Қала әкімі 2018 жылы атқарылған жұмыстар

туралы есебінде осы жобаларды

атап өтті.

Нақты айтқанда, «SСAT» әуе компаниясы

әуежайдың жаңа терминалының

құрылысын бастады, желтоқсан

айынан бастап Шымкент – Дубай бағытында

тікелей әуе рейсі ашылды. Келесі

әуе рейсі Шымкент – Қазан бағытында

ашылады; теміржол вокзалы қайта құрылады;

2200 орындық заманауи Конгресс

орталығының құрылысы және 20

мың орындық Қажымұқан атындағы

орталық стадионды қайта құру жұмыстары

басталды.

Ескі қалашық – «Цитадельді» қалпына

келтіру және Қошқар ата өзені жағалауын

көріктендіру жұмыстары қарқын

алды.

Қырғы базарды заманауи талапқа

сай қайта құру мақсатында жаңа жоба

әзірленуде.

2018 жылы газбен қамту

бойынша 3 жобаның

құрылысы жүргізіліп, 5 мың

тұрғын газға қосылды.

Түйін сөз:

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық

даму деңгейі мен алдағы жоспарларды

тыңдаған тұрғындар қала әкімі

Ғ. Әбдірахымовтың есебіне көңілі толатындарын

жеткізіп, әкімнің жұмысын оң

бағалады. Ерекше атап өтерлігі, есеп

беру жиынында шаһар басшысы xалықтың

сұрақтарына тік тұрып, қағазға

қарамай жауап берді. Сонымен қатар,

жарыссөздерден бас тартып, бірден

сұрақ-жауапқа көшкені де әкімнің

сөзден гөрі іске жақын екенін аңғартты.

Есеп беру кездесуінде уақыттың

шектеулігіне байланысты бірқатар тұрғындар

сауалдарын жазбаша жолдап

жатты, олардың барлығына алдағы

уақытта басылымдар арқылы жауап

берілмек. Жиын соңында қала әкімі

Елбасы саясатының орындалуына, оны

терең зерделеп, әрдайым қолдау көрсетіп

отырған халыққа шынайы алғысын

білдіріп, межелі міндеттерге елдің

бірлігінің арқасында жетуміз қажет деген

тілегін жеткізді. Түйіндей айтсақ,

Шымкентте атқарылған жұмыс көп, атқаратын

істер де жетерлік. Тұрғындар

сабыр етіп, сенім білдірсе, жоспарланған

жұмыстар ретімен жүзеге асып,

қаламыздағы игілікті істердің молаятынына

күмән жоқ.

Онда Елбасының «Қазақстандықтардың

әл-ауқатының

өсуі: Табыс пен

тұрмыс сапасын арттыру»

атты Жолдауын жүзеге

асыру мақсатында

ең төменгі жалақыны

көтеру, ұйымдарда бастауыш

кәсіподақ ұйымдарын

ашу, еңбек қатынастарын

реттеу, дауларды

шешу, медиация жұмыстарын

жүргізу, еңбекті

қорғау және техника

қауіпсіздігін сақтау

жөнінде түсіндіру жұмыстары

жүргізілді.

Жиында кәсіподақтар

бірлестігі төрағасының

орынбасары С.Әуесханов

кәсіподақтың қажеттілігі

мен бастауыш кәсіподақ

ұйымын ашу, ұжымдық

және еңбек шарттарын

жасасу, еңбек қорғау және

техника қауіпсіздігін сақтау

жөнінде баяндама

іс-шара

Сарбаздарға

діни сауат

түсіндірілді

жасап, жалақы қарыздарын

болдырмау мәселелері

және ең төменгі жалақыны

көтеру туралы

түсіндірді. Ал медиаторлар

дауларды шешу және

медиация жұмыстары туралы

сұрақтарға жауап

берді.

Ш ы м ке н т қ а л а л ы қ

бі л і м басқ армасының

өкілдері сұрақтар туындаған

жағдайда кәсіподақтар

орта лығы мен

медиция орталығына тікелей

баруға және байланысуға

болатынын хабарлады.

А.Датқаев,

«Шымкент қаласы

кәсіподақтар

орталығы»

аумақтық

кәсіподақтар

бірлестігінің

бас маманы

Шымкенттегі жастар арасында діни

сауаттылықты арттыру іс-шаралары

жалғасуда.

Жуырда қалалық

әкімдіктің ішкі саясат

және дін істері басқармасына

қарасты дін мәселелерін

зерттеу орталығының

бөлім басшысы,

дінтанушы

И.Айтаев Шымкенттегі

республикалық «Жас

ұлан» мектебінің оқушыларымен

кездесті.

Басқосуда Қазақстандағы

діни білім жүйесі:

тарихы, қазіргі жай-күйі

және өзекті мәселелері

талқыланды.

Дін мәселелерін зерттеу

орталығының маманы

еліміздегі діни білім

жүйесі қалыптасуының

кезеңдерін сөз қылып,

қазақ халқының тарихи,

діни, ұлттық танымына

тоқталды. Отансүйгіштік

мәселелері айтылды.

Дінтанушы ақпараттық

технологиялар

дамыған заманда әлеуметтік

желілердегі кереғар

діни ағымдардың ісәрекеттері

мен айлаларын

көрсетіп, олардан

сақ болуға шақырды. Кездесу

соңында жас сарбаздар

маманға сұрақтар қойып,

жауап алды.

4

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

Рухани жаңғыру

www.shymkala.kz

Тарих

тағлымы

тұнған

қала

Кез келген азамат өзінің туған өлкесінің

тарихын білуі парыз. Бұл туралы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

баса айтылған.

Әсіресе мақаладағы «Туған

жерге туыңды тік», «Туған

жерге тағзым», «Тарихи

сананы жаңғырту» бағдарламаларына

байланысты айтылған

ойлар өлке тарихымен

шұғылданатын зерттеушілердің

кең көлемде жұмыс жасауына

мол мүмкіндік беріп

отыр. Сонымен қатар, халқының

өткен тарихына қызығатын

әрбір адамға өскен ортасы

мен кіндік қаны тамған аймағының,

сондай-ақ ауылы мен

қала-ауданының тарихи сырларын

кеңінен зерттеуіне де

барынша жол ашты.

Жуырда ғана тұрғындарының

саны миллионға жетіп,

Қазақстан Республикасы Президентінің

2018 жылғы 19 маусымдағы

№702 қаулысымен

республика көлемінде айрықша

мәртебесі бар үшінші мегаполис

атанған Шымкент

қаласының тарихы тереңде

жатыр. Шымқаланың кешегі

күннен бүгінге дейінгі тарихы,

қаламызда өткен ғасырларда

іске асқан барлық тарихи

оқиғалар, сондай-ақ оның

бергі кезеңдердегі өсіп-өркендеуі

мен даму жолы туралы,

Шымқаланың пайда болуы

мен оның қалыптасуына, табиғи

ерекшелігіне, кезінде бұл

шаһардың кімдердің иелігінде

болғандығына, өндірісі мен

өнеркәсібінің қалай дамығанына,

қалада іске асқан өзгерістерге

қатысты деректердің

барлығын Түркістан облысының

мемлекеттік архивінде

сақталған құжаттарынан көруге

болады.

1932 жылы 10 наурызда

Бүкілресейлік Орталық Атқару

Комитетінің Президиумы

Қазақстанда 6 облыс, оның

ішінде Оңтүстік Қазақстан облысын

құру туралы қаулы қабылдаған

болатын. Осы қаулының

негізінде Оңтүстік Қазақстан

облысы құрылды. Облыс

құрамына: Арыс, Әулие-Ата,

Бостандық, Жуалы, Қазалы,

Қаратас, Қармақшы, Қарсақпай,

Келес, Қызыл-құм, Ленгер,

Мерке, Мақта-Арал, Сайрам,

Созақ, Талас, Түркістан,

Жаңақорған аудандары кірді.

Облыс орталығы – Шымкент

қаласында орналасты.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан

облысының әкімшілік орталығы

– Шымкент қаласы

– Қазақстандағы инфрақұрылымы

жақсы дамыған ірі

өнеркәсіптік және мәдени орталықтардың

бірі. Ұлы Жібек

жолы бойындағы керуен жолдарының

қиылысында пайда

болған бұл шаһар – Орта Азиядағы

көне қалалардың бірі болып

саналады. Қала солтүстік

кеңістіктің 42-ші градусы мен

шығыс бойлығының 69-шы

градусындағы Сырдария алқабына

қарасты, Бадам және

Сайрам өзендерінің аралығындағы

табиғаты тамаша,

тау бөктеріндегі жазық жерде,

теңіз деңгейінен 506 метр

биіктікте орналасқан.

Шымкент қаласының

ежелгі тарихы қола кезеңінен,

яғни біздің дәуірімізге дейінгі

бірінші мыңжылдықтың басынан

басталады. Ғалымдардың

пайымдауынша, Шымкент алғашқыда

Хурлуг, Нуджикес

деп аталған екен. Жазбаша

деректемелерде Шымкент қаласы

тұңғыш рет 1366 жылы

пайда болды.

Шымкент қаласы атауының

мағынасы «бау-бақшалы

қала», «жасыл қала», «шыммен

қоршалған қала» - деген

мағына береді. Мысалы, шымға

қатысты қала атауы былай

түсіндіріледі: Шымкент

түркінің «Шым» және иранның

«Кент» - қала, мекен деген

сөздерінен құралған.

Қазақ халқының арғы тегі

болып саналатын көне тайпалардың

ата қонысы бергі атабабаларымыздың

кіндік қаны

тамған қасиетті мекені. Бұдан

басқа көне жазбалардың

оңтүстік аймағына қатысты

қандай да бір деректерінен

шет қалмайтын қала іргесіндегі

Қаратау мен Алатаудың,

Бадам мен Арыстың, Сайрам

мен Сайрамсудың тарихи мәні

жарты әлемге жайылған, қала

берді, біздің шаһардың даңқын

көкке көтерген таулар мен

өзен-сулар. Қалай десек те,

Шымқала мен оның төңірегі

құшағына талай жұмбақ сырларды

сыйдырған мекен.

Расында, шаһарымыздың

ашылмаған қаншама тарихы

бар және зерттеу еңбектерден,

ақиқат анықтамалардан

сырт қалған сырлы дүниелері

де мол.

Біздің қала көне замандарда

іске асқан түрлі оқиғаларға

куә болған шаһар.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында,

дәлірек айтқанда 1882

жылы Ташкенттік көпес Громов

және Орынборлық Савинков

Чимкент қаласында қант

зауытын салды. Келесі жылы

яғни, 1883 жылы орыс көпестері

Савинков пен Иванов Сантонин

зауытының құрлысын

бастаған болатын, 1885 жылы

1 қаңтарында қомақтылау

кәсіпорын ретінде Сантонин

зауыты іске қосылды. Мұндағы

зауыттың негізгі де, жалғыз

өндірісі дәрілік жусанның

гүлшоқтарынан сантонин

өндіру болып табылды.

ХХ ғ. 30-40 жылдары, облыстың

құрылған уақытында екі

кірпіш зауыты, макарон, тігін

және аяқ киім фабрикалары,

жеміс-жидек өңдеу, май айдау

зауыттары, цемент зауыты,

Шымкент қорғасын балқыту

зауыты құрылып, алғашқы

өнімін берді. Қуаты жөнінен

ол Одақта бірінші, әлемде

үшінші орында болатын.

Қ а з і р г і т а ң д а

Тәуелсіздігімізді алып аяққа

нық тұрған сәтте адамдардың

ұлттық сана-сезімі оянып,

ұмыт қалған дәстүрлерімізді

қайта жандардырып, ғасырлар

бойы жиналған қазыналарымыз

– тіл, мәдениет, салтдәстүрімізді

келер ұрпаққа

жеткізу мақсатында қаламызда

ұлттық мәдени орталықтар

көптеп ашылуда. Айта кетсек

хайуанаттар бағы, 4 кинотеатр,

көркем сурет галереясы

халыққа тұрақты мәдени

қызмет көрсетеді. Сондай-ақ,

Абай саябағында Ұлы Отан соғысының

65 жылдығына орай

мәрмәр тасқа Оңтүстік Қазақстан

облысының 142 мың майдан

ардагерлерінің есімдері

қашалып жазылған «Даңқ» мемориалы

мен «Мәңгілік алау»

обелискісі бой көтерді. Қазақ

халқы үшін есімдері қастерлі

саналатын Төле, Қазыбек,

Әйтеке билер есімдерімен

аталатын көшелердің қилысқан

жері Ордабасы алаңында

бой көтерген Тәуелсіздік

монументі «Жер-Ана» және

«Тәуелсіздік алаңы», Ж.Тәшенов

көшесінің бойы, көл маңында

«қазақ вальсінің королі»

атанған Шәмші ағамызға

арнап «Шәмші әлемі» демалыс

орны мен заманауи үлгіде

бой көтерген Неке сарайы,

Ж.Шанин атындағы қазақ

драма театры, Түркістан

сарайы, «RIXOS-KHADISHA» қонақ

үйі, «Шымкент-plaza» орталықтары

салтанатты түрде

ашылды. Ш.Қалдаяқов атындағы

филармониясы мен Абай

және Дендро саябақтары күрделі

жөндеуден өтіп халық

игілігіне ұсынылды. Сондайақ,

«Асар» шағынауданында

Шымкент қалалық балалар

ауруханасы ашылды және

«Шымкент-сити» мөлтек ауданының

құрлысы қарқынды

жүріп жатыр.

Шымқала маңы ежелден

суларында ерекше қасиет

бар бұлақтар шығып жатқан

нәрлі жер, жері құнарлы, шөбі

шүйгін, мал жайылымына қолайлы,

өзен-сай жағаларында

өздігінен өнген табиғи жемісжидектері

мол, қамысы мен

түрлі ағаштар нуының арасында

аңның мың түрі өрген

көрікті алқап, табиғаты

мен климаты адам тіршілігіне

жайлы мекен. Осының барлығы

ертедегі ата-бабаларымызға

Шымқала аумағын жиірек

қоныстануға ықпал етсе керек.

Қай заманда болса да, адамдар

ең бірінші сулы алапта көбіне

орныққан. Бұл сұраныста

да Шымқала аймағы барлық

талаптарға сай келген.

М.Әмірбекова,

Түркістан облысы

мемлекеттік архивінің

археографы

«El – búgіnshіl,

menіkі – erteń úshіn».

Ahmet Baıtursynuly

Memleket basshysy

Nursultan Nazarbaev

Qyrǵyzstanda ótken

túrkіtіldes memleketter

basshylarynyń sammıtіnde

elіmіzdіń latyn

grafıkasyna negіzdelgen

álіpbıdі qoldaný týraly

sheshіm túrkі halyqtaryn

jaqyndastyrady dep

esepteıtіnіn aıtty. Memleket

basshysy óz sózіnde

Túrkі keńesі aıasyndaǵy

yntymaqtastyq ózara

damýǵa qolaıly jaǵdaı

týǵyzatynyn atap óttі.

Elbasynyń tapsyrmasy

boıynsha Qazaqstan 2025

jylǵa deıіn latyn álіpbıіne

kóshýі tıіs.

Osyǵan oraı Premer-mınıstr

Baqytjan Saǵyntaev Ulttyq

komıssııa qurylǵanyn málіmdep,

josparlarymen tanystyrdy. Bul

jobada qazaq álіpbıіn latyn

grafıkasyna 2025 jylǵa deıіn

bіrtіndep kóshіrý kózdelgen.

Bіrіnshі kezeń - 2018-2020

jyldar – daıyndyq, talqylaý, sońǵy

latyn nusqasyn bekіtý kezeńі.

Ekіnshі kezeń - 2021-2023

jyldar. Bekіtіlgen nusqa boıynsha

jalpy daıyndyqty pysyqtap, kezeńkezeńіmen,

sala-salamen latynǵa

kóshý.

Úshіnshі kezeń 2024-

2025 jyldardy qamtıdy. Latyn

grafıkasyna ótýdіń sońǵy

kezeńі.

Latyn

álіpbıі – zaman

talaby

Jappaı dıktant jazdyq

Qarasha aıynyń ortasynda

qazaqstandyqtar latyn tіlіnde alǵash

ret dıktant jazdy. Oǵan bіr jarym

mıllıonnan astam otandasymyz

qatysty. Jalpy halyqtyq dıktant

jazý elіmіzdіń mádenıet jáne

sport mınıstrlіgіnіń bastamasymen

uıymdastyryldy. Sol kúnі «Rýhanı

jańǵyrý» dep atalatyn dıktant

radıostantsııalar men áleýmettіk

jelіler arqyly halyqqa taratyldy.

Qazaqstandyqtar dıktantty jazýǵa

ortasha eseppen jarty saǵattaı

ýaqyttaryn jumsady.

Shymkenttegі dıktantty qalalyq

tіlderdі oqytý ádіstemelіk ortalyǵy

uıymdastyrdy. Qaladaǵy «Otyrar»

ǵylymı-ámbebap kіtaphanasynda

ótken sharaǵa 100-den astam

qatysýshy keldі. Olar bіr mezgіlde

«Rýhanı jańǵyrý» taqyrybyna

quralǵan 77 sózden turatyn mátіndі

latyn qarpіmen jazdy. Dıktant

jazǵandardyń arasynda memlekettіk

qyzmetkerler, bıýdjettіk uıymdardyń

ókіlderі men stýdentter, qala

turǵyndary boldy.

Aqparat-nasıhat

jumysy jalǵasýda

Shymkent qalasynda «Jańa qazaq

álіpbıіn engіzýdіń alǵysharttary jáne

emle erejelerіn kópshіlіk talqylaý»

taqyrybynda ártúrlі áleýmettіk top

ókіlderіnіń arasynda aqparattyqnasıhattaý

sharasy óttі.

Basqosýda Mádenıet jáne

sport mınıstrlіgіnіń tіl saıasaty

komıtetі Shaısultan Shaıahmetov

atyndaǵy «Tіl qazyna» ulttyq

ǵylymı-praktıkalyq ortalyǵynyń

mamandary latyn álіpbıіne kóshý

bar ysymen tanystyrdy.

Jıylǵ a n q aý y m l a t y n

álіpbıіnіń orfografııalyq

erekshelіgі, ádіstemesі

men termınologııasy jónіnde, emle

erejelerіnіń negіzgі qaǵıdalary

boıynsha pіkіrlerіn bіldіrіp, latyn

g rafıkasy na kezeń-kezeń men

kóshýge baılanysty kókeıіndegі

suraqtaryna jaýap aldy.

– Osyndaı basqosýlarda halyq

arasynda latyn álіpbıіne degen

kózqaras jaqsarǵanyn baıqadyq.

Árıne, álі de bolsa aǵa býyn

ókіlderі arasynda latyn grafıkasyna

aýysýǵa júreksіnetіnderі bar. Bіraq,

ol da ýaqyttyń enshіsіnde bolsa

kerek. Jalpy, latyn álіpbıіne kóshý

elіmіzdіń bolashaǵy úshіn mańyzdy

qadam dep oılaımyn. Óıtkenі,

kóptegen damyǵan elder latyn

álіpbıіn ózderіnіń qoldanysyna

engіzgen. Bul álemdіk suranysqa

ıe bolyp otyr. Sondyqtan elіmіz

bolashaqta damyǵan 30 elderdіń

qataryna enýі úshіn osy latyn

álіpbıіn qoldanýy qajet, - deıdі

Sh.Shaıahmetov atyndaǵy «Tіl

qazyna» ulttyq-ǵylymı praktıkalyq

ortalyǵynyń bólіm basshysy Aıdos

Ábdіhalyqov.

J ı y n ǵ a q a t y s ý s h y l a r d a n

taqyrypqa oraı saýalnama alynyp,

latyn grafıkasyn jetіldіrýge arnalǵan

derekter men usynystar jınaqtaldy.

Qazaqtyń

latyn grafıkasyna

negіzdelgen jańa

álіpbıіn Elbasy 2017

jyly bekіttі. Sońǵy

qabyldanǵan nusqada

32 árіp bar.

Aldaǵy ýaqytta mundaı usynystarǵa

taldaý jasalady.

Shymkent taǵy

erekshelendі

Eske salaıyq, Memleket basshysy

N.Nazarbaev qazaq tіlі álіpbıіn

kırıllıtsadan latyn grafıkasyna

kóshіrý týraly Jarlyqqa 2017 jyldyń

27 qazan kúnі qol qoıǵan bolatyn.

Sodan keıіn Shymkentte latyn

qarpіndegі jańa qazaq álіpbıі

erekshe ádіspen tanystyryldy.

Oqýshylar qala aýmaǵyndaǵy

"Shymkent sıtı" qalashyǵynda

asfalt jáne molbertke sýret salý

konkýrsyna qatysyp, latyn árіpterіn

asa іrі kólemde beıneledі. Jastar,

sonymen qatar, sýretshіler kórmesі

óttі. Shaһar іshіndegі bolashaq

qalashyqt a ótken іs-sharaǵa

2500-den astam oqýshy qatysty.

Konkýrs sońynda aýla klýbtarynyń

tárbıelenýshіlerі men qalanyń bı

ujymdarynyń qatysýymen fleshmob

óttі.

Jańa «Álіppe» bolady

Latyn grafıkasyna ótý máselesіn

talqylaýǵa arnalǵan kóp jıynnyń

bіrіnde elіmіzdіń Bіlіm jáne

ǵylym mınıstrі Erlan Saǵadıev jańa

alfavıt boıynsha úlken testіleýdіń

bastalatynyn jáne jańa «Álіppenіń»

daıyndalatynyn málіmdedі.

– Bіz testіleýdі óte muqııat

júrgіzýіmіz kerek. Muǵalіmdermen,

m e k t e p d ı r e k t o r l a r y m e n ,

sarapshylarmen talqylaımyz. Sodan

keıіn іske asyrý kestesіn túzemіz.

Memleket basshysy aıtqandaı, bárіn

asyqpaı, muqııat, úılesіmdі túrde

jasaǵan jón, - dedі vedomstvo

basshysy.

Erlan Saǵadıevtіń aıtýynsha,

jańa álіpbıdі úırený eresekter men

balalar úshіn qıyndyq týdyrmaýy

tıіs. Ol úshіn tek ýaqyt pen

ádіstemelіk quraldardyń jetkіlіktі

bolýy kerek. Jalpy, latyn álіpbıі

mekteptegі daıyndyq synyptarynan

bastap bіrtіndep engіzіledі.

A ıt a keteıіk, r e s pýbl ı k a

kólemіnde qazіrgі tańda latyn

álіpbıіne kóshý máselesі boıynsha

aýqymdy jumys qolǵa alynǵan.

Osy maqsatta lat y n qar pіne

kóshý boıynsha Ulttyq komıssııa

janynan tórt jumys toby quryldy.

Atap aıtqanda orfografııalyq,

termınologııalyq, ádіstemelіk jáne

aqparattyq-tehnologııalyq toptar

jumys іsteýde.

Ázіrlegen – A.SÁDÝÁLI

Қала шаруашылығы

www.shymkala.kz

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

5

Қала, мегаполис

секілді кез келген

ірі елдімекеннің

күретамыры – қоғамдық

көліктер.

Оның ішінде жолаушылар

автобустарының

алар орны

ерекше. Бұл саладағы

қызмет сапасы

неғұрлым жақсарған

сайын қала тұрғындарының

күнделікті

өмірі соғұрлым

жақсара түседі.

Шымкентте бұл

тұрғыдағы жағдай

қандай? Соған көз

жүгіртіп өтсек.

Шымкент: қоғамдық

көлік саласында

не жаңалық?

Қаладағы жолаушылар

тасымалдау

саласында

27

компанияның

көліктері

79

бағытта қатынауда.

Автобус бағыты

Нұрлан БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Алдағы анық

жоспарлар

Шымкенттегі жолаушылар

көлігі саласы біршама жолға

қойылған. Алда қоғамдық

көлік саласындағы қызмет

сапасы жақсара түседі.

Жуырда 2018 жылдың есебін

берген мегаполистің әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов осылай

деді. Жергілікті биліктің

бұл тұста біршама жоспары

бар. Оның ең бастысы – биыл

жыл соңына дейін Шымкент

тұрғындары үшін сатып алынатын

жаңа автобустар саны

мыңға жеткізілмек.

Осылайша қаладағы қоғамдық

көліктің жетіспеу мәселесі

шешілуде. Осы мақсатта

2018 жылы Шымкентке 80 автобус

сатып алынса, биыл бұл

көрсеткіш арта түспек. Қалалық

бағыттардағы автобустарды

жаңалау механизмі бойынша

«Shymkent» ӘКК» тарапынан

300 автобус сатып алынбақ,

деп хабарлайды корпорацияның

баспасөз қызметі. «Бұл автобустар

жолаушылар қозғалысының

сенсорлары, температура, төлем

терминалдары және бейнебақылау

жүйелерімен жабдықталады.

Бұдан кейін тағы 700 автобусқа

тапсырыс беру жоспарлануда.

Жобаның жалпы құны 11

млрд 762 млн теңгені құрайды»,

– деді «Shymkent» ӘКК» баспасөз

хатшысы Сайра Амантаева.

Жаңа автобустар қалалық бағыттарда

қызмет көрсетіп жүрген

тасымалдаушыларға сатып

алу құқымен жалға беріледі деп

күтілуде.

Қанша автобус

бағыты бар?

2017 жылы Шымкентте 29

көлік компаниясы 76 бағытта

жолаушыларға қызмет көр-

сетті. Оның ішінде 51 автобус

бағыты мен 25 шағын автобус

бағыты бар. Ал 2018-2019 жылдары

қаладағы жолаушылар

тасымалдау саласында 27 компанияның

көліктері 79 бағытта

қатынауда. Автобус бағыты

54-ке жетті. Бұл цифрлардан

автобус бағыттарының көбейгенін

көруге болады.

Б ұ ғ а н қ о с а қ а л а л ы қ

әкімдік шаһардың шалғай

орналасқан, жолаушылар

ағыны төмен шағынаудандарына

қатынайтын 7 әлеуметтік

маңызы бар бағытты

ашық конкурстарға шығарған.

Соның нәтижесінде

бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы

бар №№ 55, 142, №143,

144, 146 және №55 бағыттағы

автобустар жолаушыларға

қызмет көрсетуде.

Әлеуметтік

бағыттардың

маңызы зор

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы

бар бұл бағыттарға жаңа

автобустар қатынауда. Бұл

54-ке жетті.

Бүгінгі таңда

әлеуметтік маңызы

бар №№ 55, 142,

№143, 144, 146

және №55

бағыттағы

автобустар

жолаушыларға

қызмет көрсетуде

көліктер Шымкент аумағына

қосылған елдімекендердің тұрғындарын

тасымалдайды.

– Қазіргі таңда 7 әлеуметтік

бағыт жұмыс істеп тұр. Бұған

қоса тағы 5 әлеуметтік бағытқа

конкурс жарияланған. Алдағы

уақытта қызмет көрсетуші

компаниялар анықталған

жағдайда ол бағыттар арқылы

да жолаушылар тасымалданады,

– дейді Шымкент қалалық

жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасының

жолаушылар көлігі

бөлімінің басшысы Наурыз

Сүгірәлиев.

Айта кетейік, әлеуметтік

бағыттағы автобустар Ынтымақ,

Текесу, Бадам-2, Елтай,

Айнатас, Жыланбұзған,

Жаңаталап және Достық-

2 елдімекендеріне қатынауда.

Жергілікті тұрғындардың

қызмет сапасына көңілі толады.

Жолаушылар ағыны сирек

болса да шалғай ауылдарға үлкен

автобустар қатынап жүргені

кімнің болса да көңілінен

шығатыны сөзсіз. Мұндағы бір

себеп – бұл автобустар жолының

біраз бөлігі алыс елдімекендермен

қоса қаланың орталығындағы

көшелерді де қамтиды.

Сондықтан ол көліктерге

қала орталығындағы жолаушылар

да мінеді. Бұған

қоса әлеуметтік бағыттардағы

көлік компанияларының

шығынының бір бөлігі әкімдік

тарапынан өтеледі.

Электронды билет:

SMS немесе QR-код

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасын жүзеге

асыру бойынша Шымкент

қаласы бойынша жол картасы

әзірленген. Аталған жол картасына

сәйкес 2 жоба енгізіліп

отыр. Соның бірі – қоғамдық

көліктерге электронды билет

жүйесін енгізу. Осылайша мегаполисте

электронды құжат

айналымы жобасы іске асырыла

бастады.

Жалпы, Шымкент қаласындағы

қоғамдық көліктерге

электронды билет жүйесін

енгізу жұмыстары жыл басынан

бері басталып кетті. Бірнеше

бағытта жүзеге асырылған

пилоттық жоба аясында

қала тұрғындары автобустардағы

билет құнын SMS немесе

QR-код арқылы төлей алады.

Жобаны үш тарап – қалалық

әкімдік, «Beeline Қазақстан»

және «SMS BUS» компаниялары

ЖШС жүзеге асыруда.

Жаңа әдіспен жолақыны

төлеу оңай. Әр автобуста бірегей

кодтың парақшасы ілінген.

Жолаушылар осы кодты 2505

қысқа нөміріне СМС арқылы

жіберген сәтте жауап ретінде

СМС-түбіртек және электронды

билет келеді. Соны автобус

кондукторына көрсету

жеткілікті. Ал QR-код арқылы

төлеу үшін смартфонға «Мой

Beeline» қосымшасын жүктеп,

автобустың QR-кодын сканерлеу

керек. Оған да жауап ретінде

түбіртек және электронды

билет келеді.

– Шымкент қаласындағы

инфрақұрылымды дамытудағы

басты мақсат тұрғындарға

жолақысын төлеудің оңай әрі

тиімді әдісін ұсыну болатын.

Бұл жүйені қолдану үшін жолаушыда

Beeline нөмірі және

смартфоны болса, жеткілікті.

Қазіргі таңда Қазақстандағы

8 қалада бұл жоба сәтті жүзеге

асырылуда, – дейді Beeline

Қазақстан компаниясының

цифрлық бизнес бойынша бас

директоры Олег Алдошин.

Жауапты мамандар заманауи

ақы төлеу жүйесін жылдың

соңына дейін қаладағы

барлық жолаушылар бағытына

енгізуді жоспарлап отыр.

– «SMS BUS» жобасы қала

ішіндегі №141, 147, 147 «А», 148

және 148 «Б» бағыттарда пилоттық

жүйеде енгізілген. Алдағы

уақытта қоғамдық көліктегі

электронды билет жобасын

барлық бағыттарда енгізу

жоспарлануда, - деді Шымкент

қаласының жолаушылар

көлігі және автокөлік жолдары

басқармасының басшысы Қуатжан

Жұматаев.

Аталған жобаны енгізудегі

басты мақсат – жолаушыларға

қолайлы қызмет

көрсету, көлік компанияларының

кірістерінің ашықтығын

қамтамасыз ету. Сонымен

қоса бюджетке төленетін салық

төлемдерін арттыру да

маңызды.

Экономика

Көліктерге

берілетін сертификат

құны көбейді

Қазақстанда жаңа көлік сатып алуға берілетін

жеңілдік сертификатының құны 750 мың теңгеге

дейін ұлғайды. Жуырда ҚР энергетика министрлігі

ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша

2019 жылға арналған квота көлемін бекітті.

ӨКМ операторына көліктерді ақшаға және сертификат

беру бағдарламасы бойынша қабылдауға

биыл 50 мың квота бөлінген.

25 мың квота жеңілдік сертификаты бағдарламасына бөлінсе,

қалған 25 мыңы ақшалай өтемақы бағдарламасына қарастырылып

отыр. Сонымен қатар жүк көліктеріне берілетін

сертификат құны биыл ұлғайтылды. Былтыр оның құны 450-

650 мың теңге болса, биылдан бастап оның көлемі 550-ден

750 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал жеңіл автокөлік сертификаты

315 мың теңге қалпында қалды.

Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 20 ақпаннан бастап

жалғасады.

Сертификат құны көлік құралының

санатына байланысты

Көлік құралының санаты Сертификат

саны

Жеңіл көлік (M1 - 3,5 тоннаға

дейін)

Жолаушылар көлігі. (M2, N1,

N2 – 5 тоннаға дейін)

Жүк көлігі (M3, N3 – 5 тоннадан

жоғары)

Сертификат

құны, тң

22 200 315 000

1 800 550 000

1 000 750 000

Бағдарлама талабы бойынша

жоюға тапсырыл

а т ы н көл і к т е р т о л ы қ

жиынтықта қабылданады.

Ескі техниканы өткізушіге

жеңілдік сертификаты

беріледі. Осы сертификат

сомасы отандық өндірушіден

көлік сатып алған кезде

көлік бағасынан шегеріледі.

Жеңілдік сертификаттың

құны тапсырлатын

көлік құралының санатына

байланысты бағаланады.

Бағдарлама бойынша

отандық өндірушіден кез

келген санаттағы көлік құралын

сертификат арқылы

алуға болады.

Айта кетейік, автокөлік

сатып алғанда 2 сертификатты

біріктіру мүмкіндігі

қарастырылған. Жеңілдік

сертификаты атаулы және

оны өзгенің атына тіркеу

екі реттен артық жүргізілмейді.

Сондай-ақ ол қайтарып

берілмейді немесе қолма

қол ақшаға ауыстырылмайды.

Сертификат тіркелген

күннен бастап 12 айға

жарамды.

Естеріңізге са ла м ыз,

жеңілдік сертификаты бағдарламасы

Қазақстанда

2017 жылдың 26 маусымында

іске қосылған болатын.

Осы аралықта қазақстандықтар

аталған бағдарлама

бойынша 20 939 көлігін

сертификатқа алмастырды.

Сондай-ақ, сатып алу бағдарламасы

бойынша 67 052

жеңіл көлік қабылданды.

Ескі көлігін тапсырған қазақстандықтарға

10 млрд

48 млн теңге көлемінде қаражат

аударылды. Қос бағдарламаның

қорытындысы

бойынша ӨКМ операторы 88

мыңға жуық ескі көлік қабылдады.

№14 (1656)

6 Әлеумет

20 ақпан 2019 жыл

Рухани

жаңғыру

www.shymkala.kz

Жас ұрпақтың

тәрбиесі –

маңызды міндет

«Еліміздің ертеңі –

бүгінгі жас ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың

тағдыры – ұстаздардың

қолында»

Семинар

ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаев

Кеңес Одағының Батыры,

генерал-майор Сабыр Рахымов

атындағы Шымкент республикалық

«Жас ұлан» мектебінің

жас ұрпақты тәрбиелеу,

отбасындағы ата-ана берген

тәрбиені мектеп қабырғасында

әскери тұрғыда ұштастыра

жалғастыруда жас

ұланға берері мол. Отыз жылдан

аса тарихы бар Сабыр

Рахымов мектебінен түлеп

ұшып, қазіргі кезде шыңдалған

білім мен тәрбиенің қалыптасқан

нәтижесінде жоғарғы

жауынгерлік даярлық

және мықты тәртіппен Қазақстан

Қарулы Күштерінің

дамуына лайықты үлес қо-

Шымкент қаласы

жүре пайда

болған иммун

тапшылығы синдромының

(ЖИТС-тің) алдын

алу және оған қарсы күрес

жөніндегі орталығы,

қалалық психикалық

денсаулық орталығының

мамандарымен

бірлесе отырып Шымкент

гарнизоны Әскери

полиция бөлімі жеке құрамы

арасында семинар

ұйымдастырды.

Семинар барысында Шымкент

қаласы ЖИТС – тің алдын

алу және оған қарсы күрес

жөніндегі орталығының маманы,

дәрігер эпидемиолог Ұ.Байдилдаева

республикалық және

облыс, қала көлеміндегі эпидемиологиялық

жағдай бойынша

түсінік берді. Адамнын иммун

сып жүрген мақтан тұтар түлектері

бар.

Жас ұрпаққа үлгі болар

азаматтарды айта отырып,

ұландардың санасында жігерлі

мінезді оята отырып,

біз болшаққа сеніммен қарай

аламыз. Батыр тұлғалардың

еңбек жолын көре отырып

жас тәрбиеленушілер өздерінің

темірдей мықты мінез-құлықтарын

қалыптастырады,

білімін әскери тәрбиемен

ұштастырады. Себебі

тәртіпке үйрету әдептілікке,

отансүйгіштікке, ұжымдағы

достықты қалыптастыруға

жетелейді.

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі

жарқын болсын десек,

қазірден бастап жастарға

отансүйгіштік, патриоттық

тәрбие беруге көңіл бөлуіміз

керек. Жасөспірім уақыт сәтімен

сарбаз, жауынгер, отан

қорғаушы патриот болып қалыптасады.

Бұл үрдіс отбасындағы

тәрбие мен мектептегі

білім арқылы жүзеге асырылады.

Ал әскери-патриоттық

тәрбие жастардың бойында

патриоттық сезім мен

азаматтықты қалыптастыруда

маңызды рөл атқарады.

Мысалы, белгілі қаламгер

Әкім Ысқақтың «Тұңғыш генерал»

кітабы Ұлы Отан соғысында

қаһармандықпен

қаза тапқан, Орталық Азия

халықтары арасынан шыққан

тұңғыш генерал Сабыр

Рахымов жайында тебіреніспен

сыр шертеді, өнегелі тәрбие

мен ерлік, мақтан тұтар

батырлықты кейінгі ұрпақ

санасына сіңіреді.

Қазақ халқы – намысты

қолдан жібермеген ержүрек,

батыр халық. Батыр халықтың

ұрпағы екенімізге мақтана

отырып, ата-бабаларымыздан

келе жатқан ұлттық

дәстүрімізді жалғастыру,

«Отан үшін жан пида»

деген аталы сөзді ұлықтау –

әр азаматтың мақсаты. Ендеше,

«Шен үшін емес, ел үшін,

марапат үшін емес, парасат

үшін» деп Мәжіліс депутаты

Бақытбек Смағұлов айтқандай,

жастардың болашағын

қалыптастыру – маңызы

зор іс.

Ринат Мадияров,

Сабыр Рахымов

атындағы Шымкент

республикалық

«Жас ұлан» мектебінің

оқытушысы

Салауатты өмір – сенімді көңіл

тапшылығы вирусын (АИТВ)

жұқтырғандарды кемсіту мен

таңбалаудың алдын алу, АИТВ

жұқтырған адамдарға қолдау

көрсету және оларға түсіністікпен

қарау бойынша оқыту бейнефильмдері

мен бейнероликтері

көрсетілді.

Шымкент гарнизоны Әскери

полиция бөлімінің бастығы

подполковник Е. Даутов

АИТВ/ЖИТС туралы шынайы

ақпарат бере отырып,

жауапты, қауіпсіз тәлімдік

дағдылырын қалыптастыру

және АИТВ – мен өмір сүруші

адамның құқықтарына

құрмет көрсетуге тәрбиелеу

жайында айтып, әскери

қызметкерлерді салауатты

өмір салтын қалыптастыруға

шақырды.

Н. Камилханов,

Шымкент гарнизоны

Әскери полиция бөлімінің

материалдық

техникалық

қамтамасыз ету

бөлімшесінің маманы

(санитарлық нұсқаушы),

кіші сержант

Дәрігерлік кеңес

Жатыр мойнының қатерлі

ісігі неден пайда болады?

Аталған ауруға шалдыққан кезде адамның салмағы

азайып, әлсіздік пайда болады. Тіпті аурудың

алғашқы сатысы білінбеуі мүмкін, яғни

ешбір белгі бермей өрши береді.

Қызылша дерті

жас талғамайды

Қызылша – инфекциялық

жұқпалы ауру. Көбіне балаларда

кездеседі. Оның соңы қайғылы

жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Ауруға қарсы екпе алмаған адамның

оны жұқтырып алуы әбден

мүмкін. Негізгі белгілеріне:

әлсіздік, дене қызуының көтерілуі,

бас ауруы, ұйқысыздық, тамаққа

тәбеттің болмауы жатады.

Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел болуы

мүмкін. 3-8 күнде денесіне

бөртпе шыға бастайды.

Вирус ауа тамшылары арқылы

сөйлескенде, жөтелгенде,

түшкіргенде ауру адамның сілекейімен

сыртқы ортаға тарайды.

Инфекция көзі – төртінші

күн бөртіп ауырып жүрген адам.

Бесінші күннен бөртіп жүрген

адамнан жұқпайды. Ауырып,

жазылған адамда өмір бойға иммунитет

сақталады.

Дегенмен жаңадан пайда

болған қатерлі ісік бірден ұлғайып

кетпейтінін ескерсек, бұл

аурудан айығуға болады. Бұған

қазіргі медицинаның құдіреті

жетеді. Дәрігерлер мұндай

жағдайда ауру әйелді мұқият

тексеруден өткізіп барып,

дертін анықтағаннан кейін

емдеу жұмыстарын бастайды.

Жалпы аталған аурудың пайда

болу себептері көп. Жыныстық

қатынасқа ерте түсу, яғни

ерте босану немесе 28 жастан

кейін жүкті болу, эндометрия

гиперплазиясы, семіздік, қант

диабеті, бедеулік немесе туыттың

болмауы, кеш басталған

етеккір үзілісі (менопауза), аналық

без ісіктері, тұқымқуалаушылық

аталған дерттің пайда

болуына әсерін тигізеді. Сондай-ақ

жатыр мойнының жаралары

мен жыныс жолдарының

инфекциялары және темекі

шегу қатерлі ісікке шалдықтыруы

мүмкін.

Егер ауруды асқынбай тұрып

анықтаса, толық айығуға

мүмкіндік бар. Жатыр мойны

қатерлі ісігіне шалдықпау

үшін әйелдер жылына 1 рет

профилактикалық тексеруден

өтіп тұрғаны жөн. Жыл сайын

міндетті түрде цитологиялық

тексеруден өткен жөн. Сондайақ

иммунитетті нығайтып, құнарлы

тамақтанып жүру керек.

Салауатты өмір – салтын қалыптастыру

маңызды

Б. Шыныбеков,

қалалық №2 емхананың

онколог дәрігері

Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Өткен

жылы елімізде қызылша ауруымен 576 адам

ауырса, жыл басынан бері бұл көрсеткіш артып

келеді. Қаңтардың өзінде 594 адам аталған дертпен

науқастанған.

Ең тиімді әдісі – екпе алу.

Екпе бала бір жасқа толғаннан

кейін үш айдың ішінде салынады.

Одан соң алты жасында

тағы салынады. Дәрігерлер

екпе алмағандарға емханадан

оны тегін салдыруға болатынын

ескертеді.

Алдын алу шарасы ретінде

бөлмені жиі желдетіп, ылғалды

тазалау жұмыстарын жасау ұсынылады.

Науқас адамның үйіне,

ауру өршіп тұрғанда адам көп

жерлерге бармауға кеңес беріледі.

Халық көп шоғырланған

орындарда маска киіп жүру көмектеседі.

Балжан БАЙМАХАНОВА,

Шымкент қалалық

№11 емханасының

жалпы тәжірибелі

дәрігері

Кездесу

Білім

№ 16 жалпы орта мектепте «Құқық

бұзушылықтың алдын алу – басты міндет»

атты онкүндік аясында Ы. Алтынсарин

атындағы кітапханамен бірлесе отырып

Әл-Фараби аудандық прокуратурасының

аға прокуроры Закир Юсуповпен

және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың психология

және дефектология кафедрасының

магистрі Гүлсара Малғайдаровамен

«Бала құқығы – асыл қазына» атты кездесу

өтті.

«Бала құқығы –

асыл қазына»

Кездесу барысында З. Юсупов өзінің заң органдарына

қалай келгені туралы қызықты әңгімелерін

айтып, оқушылардың «Заң бұзған жасөспірімдерді

қалай жазалайды?», «Жаман әдеттерге

құмар оқушыларды түзеудің амалы қандай?»,

«Темекі шегетін оқушыларға қандай жаза

қолданады?» деген секілді бірқатар сұрақтарына

ҚР заңының баптарына сүйене отырып нақты

жауап берді.

Ал Г. Малғайдаровамен сұхбаттасудан

оқушылар ерекше әсер алды. Ол

кішігірім тренинг сабақ өткізді. Ортаға

үш оқушыны шығарды да, бір оқушыны

қасында қалдырып, екі оқушыны

басқа кабинетке жіберді. Қасындағы

оқушыға Гүлсара апай бір жағдаятты

айтып, оқушыға мұқият тыңдауды

өтінді. Содан кейін басқа кабинеттегі

екінші оқушыны шақырды. Бірінші оқушы

екінші оқушыға естіген әңгімесін

айтты, ал екінші оқушы өз кезегінде

үшінші оқушыға айтты. Ал үшінші оқушы

естіген әңгімесін залдағы оқушыларға

айтты. Бұл сабақтың нәтижесінде

залдағы оқушылар пайыздық көрсеткіш

бойынша әр баланың қаншалықты

дұрыс айтқандарын бағалады.

Қорытындысында әр адам естігенін әртүрлі

жеткізгені айқындалды. Бұл кездесуден

оқушылар көптеген ситуациялық

жағдайларды әр адам қалай түсінетіні

туралы мағлұматтар алды. Оқушыларға

кездесу өте ұнады.

Бізде де бар бір әлем

Шымкент қаласындағы

есту қабілеті бұзылған

балаларға

арналған №1 арнайы мектепинтернаты

1953 жылдан бері

жұмыс істеп келеді.

Бұл мекеме 2018 жылға дейін

Шымкент № 1 саңырау балаларға

арналған мектеп-интернаты болып

аталып келді.

Заман ағымының сан алуан жаңалығы

мен өзгерістерінен бұл мекеме

де тысқары қалған емес. Мектеп

іші қарбалас жұмыс, оқушының

да талабы күрделі. Ұстаздың, тәрбиешінің,

жауапкершілігі зор.

Есту қабілеті бұзылған балаларға

арналған №1 арнайы мектеп-интернатында

2018-2019 оқу жылында

182 оқушы білім алып, тәрбиеленуде.

Оларға 170- тен астам ұстаз, тәрбиеші

және басқа да мамандар білім мен

тәрбие береді. Мектеп директоры

Айкерім Мұсақұлқызы Ұзақованың

басшылығымен қаншама игі-істер,

іс-шаралар атқарылып келеді.

2018-2019 оқу жылы мектебіміз

үшін олжалы жеңіспен басталды.

Қыркүйек айының 14-19 жұлдызы аралығында

мектептің 10 оқушысы әдістемелік

бірлестік жетекшісі Әлімхан

Ақзираш және бапкер Атамбаев Есенбектің

жетекшілігімен Астана қаласына

барып II-ші Республикалық «Жұлдызай»

фестивалі спартакиадасында

минифутболдан 1 орын алды.

«Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі

балалардың облыстық өнер байқауында

ән жанры бойынша қатысып,

жоғары деңгейде өнер көрсеткені

үшін Оразбек Ақерке «Рухани

жаңғыру» арнайы жүлдесімен марапатталса,

Асылбек Дана қолөнер

шебері бойынша «Дала дүбірі» арнайы

жүлдесін жеңіп алды.

Мектебімізде атқарылып жатқан

іс-шаралар, жарыс, мерекелік

концерт, бірлестік жетекшілерінің

ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан

жоспарлы жұмыстар көңіл толтырады.

Айкерім Мұсақұлқызы жаңалыққа

жаны жақын, мақсаты биік, талабы

зор, әр пікірді назардан тыс қалдырмайтын,

ата-аналармен үнемі

байланыста болып, қолдау көрсетіп

жүретін парасатты ұстаз. Мектепте

үйірме жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Оқушылар өз таңдауларымен

футбол, күрес, жеңіл атлетика,

суда жүзу, сурет және шахмат үйірмелеріне

қатысады. Жақында ғана

Шымкент қаласындағы №19 мүгедектерге

арналған спорт клубы жетекшілері

күрес үйірмесіне қатысып

жүрген балаларымыздың өнерлеріне

төреші болып, жеңімпаздарға сыйқұрметтерін

жасап кетті.

Биылғы оқу жылының тағы бір

жаңалығы Н.Назарбаев зияткерлік

мектебімен бірлесіп достық кездесу,

тәрбиелік іс – шаралар өткізудеміз.

Мүмкіндігі шектеулі жастарға әлеуметтік

оңалту бойынша ұйымдастырылған

спорт фестивалі мен басқада

іс- шараларға оқушыларымыз

белсене атсалысып, жүлделі орындар

алып келеді. Мектеп ауласын

көгалдандыру мақсатында Ұстаздар

күнінде ардагер, зейнеткер ұстаздарды

шақырып, олардан қалған

белгі ретінде өз қолдарымен ағаш

түрлерін отырғызды. Мектеп ауласы

хош иісті әсем гүлдерге толы.

Әр жылдың соңғы қоңырау сәтінде

мектеп түлектері:

Болсадағы мүмкіндігім шектеулі,

Мен көрмедім басқа әлемнен

шектеуді.

Жақсы көрем мектебім мен ұстазды,

Ауыр еңбек, адал зейнет шеккені

– деп, алтын ұя мектебімен балалық

қимас сезіммен қоштасатындай

сезіледі.

Қарлығаш Есеналиева,

Есту қабілеті бұзылған

балаларға арналған №1 арнайы

мектеп –интернатының

1-ші санатты тәрбиешісі

Эльмира Мелдебекова,

кітапхана меңгерушісі

Ресми

www.shymkala.kz

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

7

Шымкент қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

ЖОБА

Шымкент қаласы №____ «__» ______20___ж.

2019-2020 оқу жылына техникалық

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білімі бар кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттік білім беру

тапсырысын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару

және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001

жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Бiлiм туралы»

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының

6 бабының 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шымкент

қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2019-2020 оқу жылына техникалық

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген

тәртіпте:

1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде

мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік

он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ

және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық

актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және

енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық

құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы

– Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн

ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында

таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент

қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз

етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бірінші

орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

қолданысқа енгізіледі.

Маман-дық

коды

Шымкент

қаласының әкімі

Мамандарды даярлау бағыттары

Мамандық атауы

Ғ. Әбдірахымов

Шымкент қаласы әкімдігінің

2019 жылғы « » ақпандағы

№ қаулысына қосымша

2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға

арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мемлекеттік

білім беру

тапсырысының

көлемі

Орын

саны

Оқыту

нысаны

Бір айда бір

маманды

оқытуға

жұмсалатын

шығыстардың

орташа құны,

теңге

0300000 Медицина, фармацевтика

1 0301000 Емдеу ісі 25 күндізгі 51625

2 0302000 Медбикелік іс 100 күндізгі 51625

3 0304000 Стоматология 25 күндізгі 51625

4 0305000 Лабораториялық диагностика 25 күндізгі 51625

0400000 Өнер және мәдениет

5 0402000 Дизайн (бейін бойынша) 40 күндізгі 29114,3

6 0404000

Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы

(түрлері бойынша )

63 күндізгі

29114,3

7 0405000 Хор дирижеры 14 күндізгі 29114,3

8 0406000 Музыка теориясы 6 күндізгі 29114,3

9 0407000 Ән салу 24 күндізгі 29114,3

10 0408000 Хореография өнері 10 күндізгі 29114,3

11 0412000 Кескіндеу, мүсіндеу және графика (түрлері бойынша) 32 күндізгі 29114,3

12 0413000

Сәндік-қолданбалы өнері және халықтық

кәсіпшілік (бейін бойынша)

40 күндізгі

29114,3

0500000 Қызмет көрсету, экономика және басқару

13 0503000 Слесарлық іс 25 күндізгі 26674,8

14 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру 150 күндізгі 29114,3

15 0510000

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану

аясы және салалары бойынша)

25 күндізгі 26674,8

16 0513000 Маркетинг (салалар бойынша) 50 күндізгі 26674,8

0800000 Мұнай- газ және химия өндірісі

17 0802000

Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын

салу және пайдалану

25 күндізгі 29114,3

0900000 Энергетика

18 0902000 Электрмен қамтамасыз ету (салар бойынша) 50 күндізгі 29114,3

19 0906000

Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық

қондырғылары

25 күндізгі 29114,3

Электр және электрлі механикалық жабдықтарды

20 0911000 техникалық пайдалану, қызмет көрсету және 50 күндізгі 29114,3

жөндеу (түрлері бойынша)

1000000 Металлургия және машина жасау

21 1013000

Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары

және өндірістегі автоматика

25 күндізгі 29114,3

1100000 Көлік (салалар бойынша)

22 1109000 Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) 25 күндізгі 29114,3

23 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 125 күндізгі 29114,3

1200000 Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу салалар бойынша)

24 1201000

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,

жөндеу және пайдалану

300 күндізгі 29114,3

25 1202000

Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте

қозғалысты басқару (салалар бойынша)

25 күндізгі 29114,3

26 1203000

Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру

және қозғалысты басқару

25 күндізгі 29114,3

27 1206000 Жол қозғалысын ұйымдастыру 25 күндізгі 29114,3

28 1209000 Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) 50 күндізгі 29114,3

29 1211000 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 350 күндізгі 29114,3

30 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі 50 күндізгі 29114,3

1300000 Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар.

31 1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 100 күндізгі 26674,8

32 1303000

Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика

және қозғалысты басқару

25 күндізгі 26674,8

33 1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

325 күндізгі 26674,8

34 1305000 Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) 50 күндізгі 26674,8

35 1306000 Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) 75 күндізгі 26674,8

1400000 Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

36 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану 150 күндізгі 29114,3

37 1402000

Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану

(түрлері бойынша)

100 күндізгі 29114,3

38 1410000 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы 25 күндізгі 29114,3

39 1417000

Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны,

қалпына келтіру, қайта құру

25 күндізгі 29114,3

40 1418000 Сәулет өнері 25 күндізгі 29114,3

1500000 Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

41 1504000 Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) 25 күндізгі 26674,8

Жиынтығы 2729

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік

кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның

кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» сәйкес бос орын

шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық клиникалық аурухана»

бас дәрігері қызметіне конкурс жариялайды.

«Еуразиялық Банк» АҚ-ның сенімді өкілі

кепілге қойылған жылжымалы мүлікке

сауда-саттық жариялайды.

2008 ж.ш. Kia Rio автокөлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірі – 827

LGB 13, түсі – ашық көгілдір, қозғалтқыш көлемі – 1400 т. см.

Сауда-саттық 2019 жылдың 4 наурызы күні сағат 10:00-

де ағылшын әдісі (бағаны көтеру) бойынша Шымкент каласы,

Темірлан тасжолы, 1 В үй – Евразиялық Банкте болады.

Кепілге қойылған мүліктің бастапқы құны: 1 428 929

(бір миллион төрт жүз жиырма сегіз мың тоғыз жүз жиырма

тоғыз) теңге.

Сауда-саттыққа қатысу үшін сауда-саттыққа қатысу туралы

өтініш беру және «Еуразиялық Банк» АҚ-ның Шымкент

қалалық филиалының № KZ4194800KZT28600309 шотына

(БСК: EURІКZKA, БСН: 950240000112) 71 446 (жетпіс бір

мың төрт жүз қырық алты) теңге мөлшерінде кепілді жарна

енгізу кезек.

Сауда-саттыққа қатысу үшін берілетін өтініштерді сенім

білдірілген тұлға Шымкент қаласы, Темірлан тасжолы, 1В

үйде 2019 жылдың 1 наурызы күні сағат 16:30-ға дейін қабылдайды.

Деректемелер үшін сенім білдірілген тұлға – Боранбаев

Нүркен Дәуренұлына Шымкент қаласы, Темірлан тасжолы, 1

В үйде орналаскан «Еуразиялық Банк» АҚ филиалына хабарласуға

болады. Тел: 8 (7252) 35 46 46.

Ескерту: Көлік құралының қозғалтқышын толық жөндеу

қажет.

Жұмыспен қамту

Назар аударыңыздар!

Шымкент қаласының денсаулық

сақтау басқармасының шаруашылық

жүргізу құқығындағы

«№1 қалалық клиникалық

аурухана» Конкурсты өткізу

мерзімін Шымкент қаласының

денсаулық сақтау басқармасы

осы хабарландыру жарияланғаннан

кейін он бес күннен соң

белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын:

Шымкент қаласының денсаулық

сақтау басқармасы, Шымкент

қаласы, Республика даңғылы,

12 «А» үй, 6 қабат, 607

кабинеті.

Шымкент қаласының денсаулық

сақтау басқармасының шаруашылық

жүргізу құқығындағы

«№1 қалалық клиникалық

аурухана» мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорны-денсаулық

сақтауды ұйымдастыру бойынша

нормативтік құқықтық актілерге

сәйкес қала тұрғындарына

медициналық көмек көрсету

жұмысын жүргізеді.

Шымкент қаласы, Металлистер

жолы №1 б, Сымтетік: 8(7252)

31-86-68.

Қалалық маңызы бар денсаулық

сақтау ұйымы басшысының

қызмет орнына үміткерлерді

іріктеу кезінде қойылатын

негізгі талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу

орнынан кейінгі) медициналық

білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық

қызмет ұйымы

үшін - бейіні бойынша), "Қоғамдық

денсаулық сақтау", "Денсаулық

сақтау менеджменті",

"Менеджмент" немесе "Медицина"

(2011 жылға дейін ғылымипедагогикалық

магистратурада

оқуын аяқтаған адамдар үшін)

мамандығы бойынша, МВА кәсіби

білім беру бағдарламасы бойынша

магистр дәрежесі / ғылыми

дәрежесі / PhD докторы

дәрежесінің болуы және денсаулық

сақтауды мемлекеттік басқару

органдарында кемінде 3 жыл

еңбек өтілінің немесе денсаулық

сақтау ұйымдарындағы басшылық

лауазымдарда кемінде 5 жыл

еңбек өтілінің болуы немесе экономика

және бизнес саласындағы

(экономика, менеджмент немесе

мемлекеттік және жергілікті

басқару) немесе құқық саласындағы

(заң немесе халықаралық

құқық) жоғары (немесе жоғары

оқу орнынан кейінгі) білімінің

және "Қоғамдық денсаулық сақтау",

"Денсаулық сақтау менеджменті",

"Менеджмент", "Медицина"

(2011 жылға дейін ғылымипедагогикалық

магистратурада

оқуын аяқтаған адамдар үшін)

мамандығы бойынша, МВА кәсіби

білім беру бағдарламасы бойынша

магистр дәрежесінің/ғылыми

дәрежесінің / PhD докторы

дәрежесінің және денсаулық сақтау

саласындағы басшылық лауазымдарда

кемінде 3 жыл еңбек

өтілінің немесе денсаулық сақтау

ұйымдарындағы басшылық

лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек

өтілінің болуы;

медициналық қызметті (дәрігерлік

практика) жүзеге асыру

үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы:

бірінші (жоғары) біліктілік

санаты бар дәрігердің (бейіні

бойынша) біліктілігіне қойылатын

жалпы талаптарға сәйкестігі,

клиникалық практикаға

рұқсат беру үшін маман сертификаты;

Білуі керек: Қазақстан Республикасының

Конституциясын,

Қазақстан Республикасының

Азаматтық кодексін, Қазақстан

Республикасының Еңбек

кодексін, Қазақстан Республикасының

Халық денсаулығы және

денсаулық сақтау жүйесі туралы

кодексін, Қазақстан Республикасының

«Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан

Республикасындағы тілдер

туралы» Заңдарын денсаулық

сақтау мәселері жөніндегі

нормативтік-құқықтық актілер,

халық денсаулығы жай-күйінің

статистикасы, халық денсаулығының

жай-күйін сипаттайтын

критерийлер және көрсеткіштер,

медициналық қызметтер

нарығының коньютурасы, отандық

және шет елдік медицинаның

ғылыми жетістіктері, денсаулық

сақтауды ұйымдастырудың

және денсаулық сақтаудағы

басқару жүйесінің теориялық

негіздері, халық арасында

санитарлық ағарту, гигиеналық

тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

және салауатты өмір салтын

насихаттау, адамның өмір сүру

ортасының факторлары, денсаулық

сақтау ұйымдарының

жоспарлық-экономикалық және

қаржылық қызметінің негіздері,

қызметкерлерге еңбекақы төлеу

жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы,

еңбек қорғау және техника

қауіпсіздігі, өндірістік санитария

және өрт қауіпсіздігі ережелері

мен нормалары.

Конкурсқа қатысуға ниет

білдірген адам хабарландыруда

көрсетілген құжаттарды

қабылдайтын мерзімде ұйымға

қолма-қол немесе пошта арқылы

мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың

тізбесі көрсетілген конкурсқа

қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу

жөніндегі толтырылған жеке парақты

(нақты тұратын мекенжайы

мен байланыс телефондары

көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын

біліктілік талаптарына сәйкес

білімі туралы құжаттардың

көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын

құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының

бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрі міндетін атқарушысының

2010 жылғы 23 қарашадағы

№ 907 бұйрығымен (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімінде № 6697 болып

тіркелген) бекітілген нысан бойынша

денсаулық жағдайы туралы

анықтама ұсынады.

Азаматтық қызметке, шаруашылық

жүргізу құқығындағы

мемлекеттік кәсіпорындарға,

ұлттық басқарушы холдингтерге,

ұлттық даму институттарына,

ұлттық холдингтерге және

ұлттық компанияларға, сондайақ

олардың еншілес ұйымдарына

басқару функцияларын орындаумен

байланысты лауазымға тұру

кезінде адам сыбайлас жемқорлық

қылмыс жасағаны туралы

мәліметтердің бар не жоқ екендігі

туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың

бірінің болмауы құжаттарды

конкурсқа қатысушыға қайтару

үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған

жағдайда оның біліміне, жұмыс

тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне

қатысты қосымша ақпаратты

(біліктілігін арттыру, ғылыми

дәреже мен атақ беру, ғылыми

жарияланымдар туралы

құжаттардың көшірмелері, алдыңғы

жұмыс орнындағы басшылық

берген ұсынымдар) ұсынады.

Кәсіби біліктілігі мен дағдысы:

қарамағындағы қызметкерлердің

жұмысын болжай,

жоспарлай білу, ұйымдастыру,

бақылау. Өзін басқара білу,

бейімделу.

Конкурсқа өтініш беру

мерзімі он бес күн.

Құжаттар мына мекен-жайға

жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы,

Республика даңғылы, 12 «А» үй,

6 қабат, 611 кабинет. Шымкент

қаласы денсаулық сақтау басқармасының

әкімшілік-құқықтық

бөлімі.

Анықтама сымтетіктері: (8-

725-2) 56-23-11.

Конкурсқа қатысуға тілек

білдірген азаматтардан құжат

қабылдау соңғы хабарландыру

мемлекеттік және орыс тілдерінде

жарияланған күннен

басталып, 15 күннен кейін аяқталады.

«Еуразиялық Банк» АҚ-ның сенімді өкілі,

кепілге қойылған жылжымалы мүлікке

сауда – саттық жариялайды.

2012 ж.ш. Ваз автокөлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірі –

437ААА02, түсі – сұр, қозғалтқыш көлемі – 1600 т.см.

Сауда-саттық 2019 жылғы 4 наурыз күні сағат 11:00-

де ағылшын әдісі (бағаны көтеру) бойынша Шымкент каласы,

Темірлан тасжолы 1 В үй – Евразиялық Банкте болады.

Кепілге қойылған мүліктің бастапқы құны: 905 300

(тоғыз жүз бес мың үш жүз) теңге.

Сауда-саттыққа қатысу үшін сауда-саттыққа қатысу туралы

өтініш беру және «Еуразиялық Банк» АҚ-ның Шымкент

қаласының филиалының № KZ4194800KZT28600309

шотына (БСК: EURІКZKA, БСН: 950240000112), 45 265 (қырық

бес мың екі жүз алпыс бес) теңге мөлшерінде кепілді

жарна енгізу кезек.

Сауда-саттыққа қатысу үшін берілетін өтініштерді

сенім білдірілген тұлға Шымкент қаласы, Темірлан тасжолы,

1В үйде 2019 жылғы 1 наурыз күні сағат 16:30-ға

дейін қабылдайды.

Деректемелер үшін сенім білдірілген тұлға – Боранбаев

Нүркен Дәуренұлына Шымкент қаласы, Темірлан тасжолы,

1 В үйде орналаскан «Еуразиялық Банк» АҚ филиалына

хабарласуға болады. Тел: 8 (7252) 35 46 46.

Ескерту: Көліктің жүріс бөлігін ж/е шанағын жөндеу

қажет.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға кімдер қатыса алады?

Нәтижелі жұмыспен қамтуды

және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017 – 2021 жылдарға

арналған "Еңбек" мемлекеттік

бағдарламасының бірінші бағыты

қысқа мерзімді кәсіптік

оқыту шеңберінде жұмыссыздар,

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

және нәтижесіз жұмыспен

қамтылғандар 3 айлық тегін

қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан

өте алады.

Сонымен қатар, шәкіртақы қарастырылған.

Өтініш берген кезде

үміткер мынадай құжаттардың

көшірмелерін ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі;

2) еңбек кітапшасының көшірмесі

(болған жағдайда);

3) білімі туралы құжаттың (аттестат,

куәлік, диплом), сондайақ

оқығанын растайтын құжаттарды

(куәлік, сертификат) болған

жағдайда,

4) № 907 бұйрығымен бекітілген

денсаулық сақтау ұйымдарының

№ 086-У бастапқы медициналық

құжаттама нысаны бойынша

денсаулық жағдайы туралы

анықтама.

Заман талабына сай оқытылатын

мамандықтар тізбесі:

1.Аспаз

2.Кондитер

3.Визажист

4.Шаштараз

5. Маникюр шебері

6.Электрик

7.Дәнекерлеуші

8.Авто электрик

9.Автокран

10. Сантехник және т.б мамандықтар

бойынша оқытамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің

халықты жұмыспен қамту орталығының

мекенжайы; Байтереков

көшесі №89 тел;8 (7252)

39-42-79.

Абай ауданы әкімдігі

және ардагерлер кеңесі

Ұлы Отан соғысының ардагері

Бекназаров

Айтжанның

қ а й т ы с б о л у ы н а

байланысты марқұмның

туған-туыстарына және

отбасының қайғысына

о р т а қ т а с ы п , к ө ң і л

айтады.

8

№14 (1656)

20 ақпан 2019 жыл

Әр алуан

www.shymkala.kz

Оқырман ойы

Жазушы

оқырман

жадында

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған

арнайы кітапхана оқырмандары арасында жазушы, драматург

С.Жүнісовтің 85 жылдығына орай «Сан қырлы талант иесі

Сәкен сері» атты жиын өтті.

Салт-дәстүр

Пай-пай шіркін,

қазақтың

келіндері!

Сәкен Жүнісов – әдебиетші,

жазушы, ақын, драматург, публицист,

әдебиет сыншысы, қоғам

қайраткері. Оның шығармаларында

туған жерге деген махаббаты

тамаша бейнеленген.

Сәкен Жүнісов жарты ғасырға

таяу шығармашылық өмірінде

қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз

үлес қосты. «Жапандағы

жалғыз үй», «Заманай мен Аманай»

романдары қалың оқырман

қауымнан да, әдеби сыннан

да жоғары баға алды. Туындыларда

туған жерге деген перзенттік

махаббат пен Отанға деген

сүйіспеншілік керемет суреттелген.

Балалардың бойындағы

патриоттық сезімді оятып, Отанға

деген сүйіспеншілікті арттырады,

дейді оқырмандары.

С.Жүнісовтің қаламынан туған

таңдаулы шығармалары қазақ

әдебиетінің алтын қорынан

берік орын алған құнды дүниелер.

Ол өз замандастары арасында

ауқымды шығармашылық қарымымен

де, біртуар азаматтық

болмысымен де ерекшеленетін.

Іс-шара соңында «Сан қырлы

талант иесі Сәкен сері» атты кітап

көрмесі ұйымдастырылып,

оқырмандар жазушының кітаптарымен

танысты.

сауаттану сабағы

1

LATYN А́ LIPBIIN

ÚIRENEMIZ!

2-сабақ

Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

Маңызды

мәлімет

Бұл әліпбиде ғалымдардың

«бір дыбыс – бір таңба

болсын» деген ұсынысы

ескеріліп, апострофты

акут диакритикасына ауыстырды.

Компьютер пернетақтасында

акут ( ́) елгісін қою

үшін қойылатын әріптен

кейін "0301" санын теріп, артынан

тез Alt+X комбинациясын

басасыз.

Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń,

р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.

b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý әріптері сөздің басында,

ортасында, аяғында жазылады:

1. baılyq, kóbelek, arab; 12. qurmet, maqtanysh, bolashaq;

2. gúl, kógal, pedagog; 13. rýh, ertegi, ómir;

3. dáýlet, baǵdar, asteroıd; 14. saıasat, kelisim, aıtys;

4. fılosofıa, múftı, paragraf; 15. tabıǵat, qatal, sáýlet;

5. hıkaıa, qahar, tarıh; 16. vırýs, avtor, rezerv;

6. jospar, ereje; muqtaj; 17. zerde, bilezik, qundyz;

7. kúmis, shekpen, berik; 18. shańyraq, búrshik, qylysh;

8. lebiz, alash, táýekel; 19. chempιon, kaýchýk, senvıch;

9. máńgilik, qaımaq, ǵalym; 20. ıgilik, jıyn, saı;

10. namys, kóne, dastarqan; 21. ýaqyt, áleýmet, taý.

11. parasat, kópir, talap;

ǵ әрпі сөз басы мен сөз ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.

ń әрпі сөз ортасы мен cөз соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń,

meń, zań.

Сергіту сәті

Сөзмерген

(Берілген ребусты шешіп, сөдерді құрастырыңыз)

2 3

Қазақ отбасында келіннің

өз орны бар. Ізетті де

салмақты, дара мінезімен үлгі

бола білетін, қашан да ибалы қалпынан

таймаған қазақ келіндерінің әдептілігі,

қарапайымдылығы биіктен көрінген.

Құрметті қала тұрғындары

мен қонақтары!

Елбасы Н.Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты бағдарламасы

аясында Шымкенттегі Сәуле

шағынауданында орналасқан

мекемелер арасында «Пайпай

шіркін, қазақтың келіндері-ай!»

атты келіндер сайысы

өтті. №129 мектеп ұйытқы

болған келіндер сайысының

негізгі мақсаты – қазақ қыздарын

ұлттық тәрбиеге баулу,

ескіні қайта жаңғырту арқылы

қазақ келіндерінің инабаттылығы,

төзімділігі, шеберлігін

насихаттау мен салт-дәстүрді

дәріптеу еді.

– Қазақтың әрбір келіні –

бір отбасының мәпелеп өсірген

қызы, бүгінгі отбасының ұйытқысы,

ұрпақ жалғастырушы,

ертеңгі асыл ана, ақылгөй данасы

деп білемін. Осы байқауға

қатысқан келіндер жастарға

үлгі болып, жақсы қасиеттері

мен білімін, көрегенділігін көрсете

алады деп сенемін. Мұндай

сайыстар бізге қажет-ақ, -

деді мектептің ардагер-ұстазы

Б.Жақыпбекова.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған

сайысқа балабақша

тәрбиешілері, әскери бөлімше

қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері

қатысты. Сайыс өзінөзі

таныстыру, «Ойлы болсаң,

озып көр», қамыр жаюдан

сайыс, «Саусағынан бал

тамған, қазағымның келіндері-ай»

секілді 6 кезеңнен

Хабарландыру

тұрды. Онда келіндер әзірлеген

тағамдарын ұсынып, әндер

орындады, киім үлгілерін

көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша

бас жүлделерді №35748

әскери бөлімшесінің келіні Гүлназ

Мелдебекова мен №35 балабақша

тәрбиешісі Жанар Сұлтанова

иеленсе, I орынға №129

мектептің бастауыш сынып

мұғалімі Назгүл Әкімханова,

ІІ орынға Гүлайна Бижанова

лайық деп табылды. Үміткерлердің

барлығына дипломдар

мен сыйлықтар табыс етілді.

Б.ЖҰМАБАЕВА,

№76 мектептің

мұғалімі

Шымкент қаласының Бас

жоспарына сәйкес, «Шымкент

қаласының жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы»

ММ-і «Рысқұлов көшесі

мен Қонаев даңғылы қиылысындағы

жол айрығының

құрылысы» жұмыс жобасы бойынша

қоғамдық тыңдау жариялайды.

Қоғамдық тыңдау 2019 жылдың

11 наурыз күні Шымкент қ.

Тыныбаев көшесі №49 үй, Әл-

Фараби ауданы әкімшілігінің

м ә ж і л і с з а л ы н д а , с а ғ а т

15:00-де басталады.

«Шымкент қаласының жолаушылар

көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы»

ММ-нің «Рысқұлов көшесі

мен Қонаев даңғылы қиылысындағы

жол айрығының құрылысы»

жұмыс жобасымен

мына мекен жайда алдын ала

танысуға болады және ұсыныстар

қабылданады: Шымкент

қаласы, Астана даңғылы

№10 үй, 513 кабинет немесе

shymdor.kz@mail.ru электронды

поштасы арқылы.

1.

2.

3.

Көздағды

(мәтінді оқып, көздағдыны қалыптастыру)

Elektrondy poshta

4 5 6

Elektrondy poshta – а́ lemniń kez-kelgen jerine habar jiberу́ diń eń senimdi joly. Habar

degenimiz jaı mа́tin ǵana emes, sу́ret nemese jazylǵan faıl bolýy múmkin. Hatty nemese

habardy alý úshin aldymen óziń sondaı poshtaǵa qosylýyń qajet. Al habar jiberý úshin

ony alýshynyń elektrondy mekenjaıyn bilýiń kerek. Meniń elektrondy mekenjaıym bar.

Kóptegen dostarymmen osy elektrondy poshta arqyly habarlasa alamyn. Bul qazirgi

kezde óte qajet dep oılaımyn.

«Тіл құралы» оқулығы

Қорытынды тест

1. Qoǵamdyq kólik

a) poıyz

b) escalator

d) jedelsaty

2. Жұлын sóziniń durys jazylý nusqasyn

kórsetińiz

Назарға алыңыз!

Қымбатты оқырман!

4.

5.

6.

a) julyn

b) julin

d) julún

3. «Qoıan júrek» frаzеоlоgızminiń

maǵynasyn bildiretin sózdi tabyńyz

a) qorqaq

b) álsiz

d) sаlmaqty

«Латын әліпбиін үйренеміз!» айдарымен

тұрақты танысып, берілген тапсырмаларды

орындап отыруға шақырамыз.

Орындаған тапсырмаларыңызды

фотоға түсіріп, Whatʹs upp желісі арқылы

8(777)6040727 нөміріне немесе төменге

көрсетілген мекенжайға жолдауларыңызға

болады. Тұрақты оқырманға арнайы

сыйлығымыз бар.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік

орталығы Латын графикасын

оқыту және ақпараттық насихаттау

жұмыстарын жүргізу бөлімі

А.Абдуллаева, А.Туғанбаева

Шымкент қ., Гагарин к., 122 үй 8(7252)31-86-77, 31-83-38

e-mail: center_kaz@mail.ru

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

С´бит ТАСТАНБЕК

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 77-52-02, 77-52-22 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 523 Таралымы: 9010 дана

Кезекшi редактор – Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!