22.02.2019 Views

Шымкент келбеті 15

Жұма 22 ақпан 2019 жыл

Жұма 22 ақпан 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

Рухани жаңғыру

www.shymkala.kz

Білім –

адам капиталының

басты байлығы

Дамыған азаматтық қоғам құру үшiн ең қажет

нәрсе – жеке құқықтық сананы дамыту және

құқықтық нормативтi-реттеушiлiк ролiн түсiну.

Қоғам бiртiндеп, жалпы ұлттық идеяны және

Қазақстандық қоғамды, оның рухын және құқықтық

даму жолының салт-дәстүрлерiн қалыптастырудың

қажеттiлiгiн сезiнуде. Бұл мақсатқа жету үшін

біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын

жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық

жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,

олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін

басталатын жұмыс емес. Жаңа

тұрпатты жаңғырудың ең басты

шарты –ұлттық кодыңды

сақтай білу. Онсыз жаңғыру

дегеніңіздің құр жаңғырыққа

айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық

кодты сақтаймын деп бойыңдағы

жақсы мен жаманның

бәрін араластыруға, яғни

болашаққа сенімді нығайтып,

алға бастайтын қасиеттерді

де, кежегесі кері тартып тұратын,

аяқтан шалатын әдеттерді

де ұлттық сананың аясында

сүрлеп қоюға болмайтыны

айдан анық. Жаңғыру

атаулы бұрынғыдай тарихи

тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге

шекеден қарамауға тиіс.

Керісінше, замана сынынан

сүрінбей өткен озық дәстүрлерді

табысты жаңғырудың

маңызды алғышарттарына

айналдыра білу қажет. Егер

жаңғыру елдің ұлттық-рухани

тамырынан нәр ала алмаса,

ол адасуға бастайды.

Болашақта ұлттың табысты

болуы оның табиғи байлығымен

емес, адамдарының бәсекеге

қабілетімен айқындалады.

Сондықтан, әрбір қазақстандық,

сол арқылы тұтас

ұлт ХХІ ғасырға лайықты

қасиеттерге ие болуы керек.

Мысалы, компьютерлік сауаттылық,

шет тілдерін білу, мәдени

ашықтық сияқты факторлар

әркімнің алға басуына

сөзсіз қажетті алғышарттардың

сана¬тында. Сол се-

бепті, «Цифрлы Қазақстан»,

«Үш тілде білім беру», «Мәдени

және конфессияаралық

келісім» сияқты бағдарламалар

– ұлтымызды, яғни барша

қазақстандықтарды ХХІ

ғасырдың талаптарына даярлаудың

қамы.

Бір қарағанда, жер жүзіндегі

миллиардтан астам адам

өзінің туған тілімен қатар,

кәсіби байланыс құралы

ретінде жапатармағай оқып

жатқан ағылшын тілін біздің

де жаппай және жедел үйренуіміз

керектігі еш дәлелдеуді

қажет етпейтіндей. Еуропалық

Одақтың 400 миллионнан

астам тұрғыны ана

тілдері – неміс, француз, испан,

итальян немесе басқа да

тілдерді сыйламай ма? Әлде

100 миллиондаған қытай мен

индонезиялықтар, малайлар

ағылшын тілін еріккеннен

үйреніп жатыр ма?

Бұл –жаһандық әлемге

еркін кірігіп, жұмыс істеудің

басты шарты.

Бұл бағдарлама арқылы

неге қол жеткіземіз?

Ең алдымен, жүз мыңдаған

студентке жаңа сапалық

деңгейде білім бере бастаймыз.

Бұл – білім саласындағы

жаһандық бәсекеге неғұрлым

бейімделген мамандарды

даярлау деген сөз. Оған

қоса, жаңа мамандар ашықтық,

прагматизм мен бәсекелік

қабілет сияқты сананы

жаңғыртудың негізгі қағидаларын

қоғамда ор-нықтыратын

басты күшке айналады.

Осылайша, болашақтың негізі

білім ордаларының аудиторияларында

қаланады.

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық

біліміміз ұзақ

жылдар бойы бір ғана ілімнің

аясында шектеліп, дүниеге

бір ғана көзқараспен қарауға

мәжбүр болдық. Әлемнің

үздік 100 оқулығының қазақ

тілінде шығуы 5-6 жылдан

кейін-ақ жемісін бере бастайды.

Сол себепті, уақыт ұттырмай,

ең заманауи, таңдаулы

үлгілерді алып, олардың қазақ

тіліндегі аудармасын жасауымыз

керек.

Біз заманауи мәдениетіміздің

қандай өкілдері

әлемдік аренаға жол тартуы

керектігін анықтап алуымыз

керек. Ұлттық мәдениетіміздің

озық үлгілерін

іріктеп алғаннан кейін шетелдерде

оларды таныстыру

рәсімдерін өткіземіз.

«Қазақстандағы 100 жаңа

есім» жобасы – Тәуелсіздік

жылдарында табысқа жеткен,

еліміздің әр өңірінде тұратын

түрлі жастағы, сан алуан этнос

өкілдерінің тарихы. Жобада

нақты адамдардың нақты

тағдырлары мен өмірбаяндары

арқылы бүгінгі, заманауи

Қазақстанның келбеті

көрініс табады. Сондықтан,

оларды телевизиялық деректі

туындылардың кейіпкеріне

айналдыруымыз керек. Жастар

өмірге шынайы көзбен қарап,

өз тағдырларына өздері

иелік ете алатын азаматтар

болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз

керек.

Қазіргі медиамәдениетті

суырыла сөйлейтін «шешендер»

емес, өмірдің өзінен

алынған шынайы оқиғалар

қалыптастырады. Мұндай

оқиғаларды көрсету бұқаралық

ақпарат құрал¬дарының

басты нысанасына айналуға

тиіс.

Бұл жоба үш мәселені шешуге

бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен

заманауи Қазақстанды

жасап жатқан нақты

адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау

жасап, танымал етудің

жаңа мультимедиалық алаңын

қалыптастыру.

3. «100 жаңа есім» жобасының

өңірлік нұсқасын жасау.

Ел-жұрт ұлтымыздың алтын

қорына енетін тұлғаларды білуге

тиіс.

Мемлекет пен ұлт құрыштан

құйылып, қатып қалған

дүние емес, үнемі дамып отыратын

тірі ағза іспетті. Ол

өмір сүру үшін заман ағымына

саналы түрде бейімделуге

қабілетті болуы керек. Жаңа

жаһандық үрдістер ешкімнен

сұрамай, есік қақпастан бірден

төрге озды. Сондықтан,

заманға сәйкес жаңғыру міндеті

барлық мемлекеттердің

алдында тұр. Сынаптай сырғыған

уақыт ешкімді күтіп

тұрмайды, жаңғыру да тарихтың

өзі сияқты жалғаса

беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара

шақта Қазақстанға түбегейлі

жаңғыру және жаңа идеялар

арқылы болашағын баянды

ете түсудің теңдессіз тарихи

мүмкіндігі беріліп отыр.

Ж.Ақшатаева,

заң ғылымының

кандидаты,

қауымдастырылған

профессор,

Б.Абдрасилова,

заң ғылымының

магистрі,аға

оқытушы

Қыздарға

әсемдік

жарасады

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне

ерекше мән беруді қажет

етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу

деген сөз – ұлтты тәрбиелеу

деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші

кілт қыздарға берілетін тәлімтәрбие

арқылы өлшенеді.

Бауыржан Момышұлының

келіні Зейнеп Ахметова «Қыз

баланың мына өмірдегі міндетпарызының

жүгі ауыр, әрі ардақты.

Ол – адамзат ұрпағын

өмірге әкелетін болашақ ана,

жар күтетін адал жар, ата-ене

сыйлап, иілетін қамқор келін.

Ол осыны қаласын-қаламасын,

бұл - өмір заңы» деген.

Қыз баланың тәрбиесі өте

салмақты, бұл нәрсеге жеңіл

көзбен қарауға мүлде болмайды.

Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы

ата-ананың мәртебесі. Шешесіне

қарап бой түзейтін қыздар

үшін ана берген тәлімнің

ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын

тәрбие, былдырлаған

сәби кезеңмен, жасөспірімдік

шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып

отырады екен. «Тәңірінен

болғанымен таңғы асы, Аналардан

бастау алар ар басы»,-

дей келе біздің халқымызда

«Шеше көрген тон пішер, Ата

көрген оқ жонар» деген нақыл

сөз бар және «Шешесін көріп

қызын ал» дейді. Бұл мақал-мәтелдердің

өзі ата-бабаларымыздың

кейінгі ұрпаққа қалдырған

сыр сөздерге толы үгіт-насихаттары.

Мұсылман әйеліне тән сабырлылық,

төзімділік, инабаттылық

сияқты асыл қасиеттер

ана сүтімен дариды. Соны-мен

қатар шыдамсыздық, көрсеқызарлық

сияқты абыройсыздыққа

ұрындыратын әдеттер де нашар

тәрбиеден екені айтпаса де

түсінікті.

Ата-бабамыз «Ұяда не көрсең,

ұшқанда соны ілерсің» деп

текке айтпаған. Анасының айтқан

өнегелі сөздерін қызы жүрегіне

сақтап, жүзеге асырса

еліне елеулі, халқына қалаулы

асыл ана болуы, сол арқылы

үлгілі ұрпақ өркен жаятыны

анық. Қазіргі қыздардың заман

ағымына сай батыс елдеріне

еліктеуі біздің қазақи менталитетімізге

кері әсерін беріп,

көптеген қыз балалар ашықшышық

киініп, жат қылықтарға

бейімделіп, өздерінің мәдениеттілік

сауатсыздығынан әр

түрлі келеңсіз оқиғаларға тап

болуда. Сондықтан интернет

желісіндегі түрлі бейәдеп сайттарды,

түнгі клубтарды әртүрлі

секталық ұйымдарды жабу мақсатында

іс шаралар ұйымдастырылуы

қажет.

Біздің ата-бабамыз келешек

ұрпағының тазалығын қыздың

тәрбиесінен бастаған. Осындай

дәстүрдің бәрін жоққа шығарып,

демократияны желеу

етіп, өркениеттілік осы екен

деп, бетімен кету – біздің ата

дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды

тәрбиелеп-өсіруге кері

әсерін тигізеді. Оң жақта отырып,

өзінің нәзік қасиетін сақтай

алмаған қыздардың өз тағдырына

да жауапсыз қарағаны.

Қыз бала тәрбиесіне халқымыз

сонау заманнан ерекше

мән беріп келеді. Қыз баланы

құрметтеу, қыз бала алдында

дөрекі сөйлемеу, ізетті

болу, ер-тұрманы әшекейленген

сұлу жорға мінгізу, босағада

отырғызбау сияқты дәстүрлі,

тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды

атадан балаға мұра етіп

қалдырып отырған. Қыз бала

14-15 жасқа жетісімен үсті-басын

таза ұстап, сәнді киінуге, әдемі,

сымбатты көрінуге тырысады.

Қыз баланың көркі алдымен

шаш күтіміне байланысты. Қыз

баланың талғаммен киінуі дегеніміз

– қымбат киімдерің болсын

деген сөз емес, бар киіміңді

ұқыптылықпен, орны-орнымен,

өз тұрқының кейбір табиғи

кемістігін жасырып, жақсы

жағын көрсетіп, сәнділікті өзіне

бейімдей ала білуі. Қыз баланың

бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы,

жүріс-жүгірісі, сөз

саптауы, жұртпен қарым-қатынасы)

әсем де нәзік болуы тиіс.

Қызың көргенді де ибалы, сөзі –

сынық, ісі – түзік, киімді бойына

жарастырып киіп, жымиып

қана күліп, сызылып жаймен

жүріп, айтқаныңды екі етпесе

– ажарың. Ал, тіліңді алмай

бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп,

топ ішінде қарқылдап, ұятты

жерде саңқылдап, етегін кесіп,

омырауларын ашып, көрінгенге

көзін тесіп, күндіз кетіп, түнде

келіп жатса – азабың.

Тән сұлулығы деген бар, жан

сұлулығы деген бар. Тән сұлулығы

– сыртқы көз арбар көрініс.

Жан сұлулығы – бұл әйелдің

ішкі дүниесі, сезім шынайылығы,

мінез байлығы, пейіл

кеңдігі, ар алдындағы адалдығы.

Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі

көпіршігі мол толқын. Жан

сұлулығы – бұл тереңдегі ағын.

Осы екі қасиет бір адамның басында

ұштасса, ғұмыр бойы айналасын

нұрға бөлеп өтер еді.

Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы

болса, ертең бір шаңырақтың

ошағының сәні. Сәлеуетті

ана болғанда саналы ұрпақ болады.

Олар бүгін мектеп қабырғасында

оқып жүрген қыздар.

Болашақтың тамыры, қоғамның

негізі тарихтың көзі –жанұя. Ал

сол қасиетті ұяның алтын тірегі,

отбасының ұйтқысы, жайнаған

осы жауқазындар. Қыз - өмірдің

қызғалдағы, қыздар – болашақ

ана. «Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті

болатыны, бүкіл адамзат

қыздан тарайды: қыз келін болады,

келін анаға айналады, ал

ана, әже деген зор дәрежеге жетеді.

Осы үшеуі арқылы ұрпақ

өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Ұлттың бойындағы бар жақсы

қасиеттерді-тілін, дінін, әдеп

ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін

немересіне, немересінен шөбересіне

жеткізуші, дамытушы

әрине, әйел-ана. Ана – барлық

өмірдің бастауы. Сондықтан ертеңгі

ана, бүгінгі қыздарымызды

тәрбиелеу ананың және біршама

қауымның міндеті.

Мадина

Нұрымбетова,

Шымкент қаласы

Политехникалық

колледжінің оқытушысы

Тарихи

сананы жаңғырту

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың

жеті қыры» мақаласы «Рухани

жаңғыру» бағдарламасының лайықты

жалғасы болып табылады. Бұл құнды

құжат қазақ елінің ұлттық тарихына қатысты

маңызды және өзекті мәселелерге

арналған.

Мақаланың кіріспесінде Ұлы далада ежелгі қазақ

халқының әлемдік масштабтағы мәдени жетістіктері

мен дүние танымдары туралы жазылған. Елбасы

барлық мәдени жетістіктер қазақ даласына

еш жақтан келмегенін, керісінше, осы далада пайда

болып, одан кейін Батыс пен Шығысқа тарағанын

дәйекті келтіре баяндайды. Қазақ даласы бұл

жетістіктерді адамзат баласына ешқандай шығынсыз,

таза тарихи факторлардың есебінен берді. Себебі

олар ғаламдық әлем тарихында өзіндік баға

жетпес орны бар, уақыт өлшеміне сәйкес Ұлы даланың

нақты кеңістігінде пайда болған. Осыған

қарап қазақ халқы еркіндік пен батырлықты жақсы

көретіндігін, кең байтақ даланың ажырамас бір

бөлігі болып саналады.

Мақаланың келесі бөлігінде «Рухани жаңғыру»

бағдарламаның жалғасы ретінде, қазіргі уақыт

талабына сай маңызды жобалар ұсынылған.

Мысалы, Архив 2025, «Ұлы даланың ұлы есімдері»

атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу,

2019 жылы Астанада болатын Түркологтардың дүние

жүзілік конгресі, «Ұлы дала» ежелгі өнер және

технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының

онтологиясын» жасау жүзеге асырылмақ.

Елбасы еліміздің әрбір тұрғының бай тарихымызды

оқып, оған жаңаша көзқараспен қарап, мақтан

тұтуға шақырып отыр. Себебі кезінде түркі халқының

тарихы обективті түрде әділ жазылған жоқ.

Сондықтан мақаланың мазмұнына терең мән беруіміз

қажет. Сол уақыттарда Ұлы қазақ даласында

түркілер қайта өркендеп, Ұлы Жібек жолында

қалалар бой көтерді, сауда-саттық дамыған. «Ұлы

жаланың жеті қыры» теориялық және методологиялық

тұрғыдан алғанда өте жоғары бағаға ие,

тарихқа деген көзқарасымызды өзгертіп, тарихи

сананы жаңғыртуға шақырады.

М.Жұмабеков,

«Заңтану және халықаралық

қатынастар»факультеті

«Философия және мәдениеттану»

кафедрасының меңгерушісі, тарих

ғылымының кандидаты, доцент

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!