22.02.2019 Views

Шымкент келбеті 15

Жұма 22 ақпан 2019 жыл

Жұма 22 ақпан 2019 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

№15 (1657)

Жұма 22 ақпан 2019 жыл

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

q $ 377 q € 428 p 5,75

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады

Мегаполис мүмкіндігі

Шымкентте

электронды коммерция

орталығы ашылады

Үшінші мегаполисте электронды коммерцияны

дамыту қолға алынды. Жобаны жүзеге

асыру мақсатында Шымкент қаласының

әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ және «Shymkent»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында

үш жақты ынтымақтастық меморандумы

түзілді.

Ұлы даланың

7қыры

Меморандум аясында

Шымкентте алғашқы

электрондық коммерция

орталығы ашылады.

Бұл жұмыстар қала

әкімдігінің жастар мен

әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

жөніндегі 2019-2021

жылдарға арналған ісшаралар

жоспарының

негізінде атқарылмақ.

Жоспар бойынша қаладағы

электронды коммерцияны

дамытуға ерекше

назар аударылған. Соның

бірі ретінде Шымкенттегі

интернет-дүкендерінің

тауарларын Қазақстан

мен Өзбекстан бойынша

жеткізу шығындарын

өтеу көзделіп отыр.

Меморандумға сәйкес бұл

тауарларды жеткізу «Қазпошта»

АҚ арқылы жүзеге

асырылады.

Сонымен қатар Шымкентте

бизнеске бір терезе

қағидатымен бірыңғай

қызмет көрсету супермаркетін

ашу қарастырылған.

Ол «Бизнес супермаркеті»

аумағында «Қазпоштамен»

бірге қаладағы алғашқы

электрондық коммерция

орталығы құрылады.

Онда е-commerce саласында

өз ісін ашатын

кәсіпкерлерді тегін оқытады

және меншікті сауда

интернет-алаңдарын

әзірлеуде, халықаралық

сауданы жүзеге асыруда

әдістемелік көмек ала

алады.

Тарихи сана

орнықпай, жаңғыру

мүмкін емес

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихшыларға,

жалпы отандастарға зор серпін берді.

Тарихымыз жаңғыра түсті. Бағдарламалық мақала

тарихымызға берілген саяси баға іспеттес болды. М. Әуезов

атындағы ОҚМУ-да өткен халықаралық ғылыми-практикалық

конференцияда елімізге белгілі ғалымдар осылай

пікір білдірді. Әсіресе, бұл маңызы жоғары мақала

жастарға арналған.

«Ұлы дала өркениетінің мәні

мен құндылықтары» атты халықаралық

ғылыми-практикалық

конференцияда тарихымыз зерделеніп,

пайымды пікірлер айтылды.

Жиынды ОҚМУ ректоры Дария

Қожамжарова ашып, жүргізіп

отырды.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ және

Шымкент қаласы ҚХА бірлесе ұйымдастырған

іс-шараға отандық және

шетелдік ғалымдар, мемлекет және

қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар,

ғылыми-зерттеу институттары,

ғылыми орталықтар, жергілікті

және республикалық білім беру басқармасының

мамандары қатысып,

өз ойларын ортаға салды.

Билік пен халық

«Бірыңғай әлеуметтік

орталық»

қызметін бастады

«Нұ р Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалы ғимаратында

тұрғындарға әлеуметтік

қызмет көрсететін орталық

ашылды.

«Бірыңғай әлеуметтік терезеде»

білім, денсаулық, тұрғын үй, еңбек

және әлеуметтік қорғау және көшіқон,

жұмыспен қамту басқармаларының

өкілдері және құқық қорғау органдарының

қызметкерлері тұрғындарға

қажетті кеңес беріп, мәселелерін шешуге

атсалысады.

u 2-БЕТ u 2-БЕТ

Балабақша

қауіпсіздігі – ересектер

назарында

МЕМЛЕКЕТ

ҚАРАЖАТЫ ОРЫНДЫ

ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

u

3-БЕТ

– Осымен үшінші жыл білім саласында garden автоматтандырылған

жүйесі іске қосылып, мектепке дейінгі

ұйымдарда кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама

беру электронды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 487 балабақша

электронды жүйеге қосылған. Жаңа жүйенің тиімділігі

сол – ата-аналар garden.shymkent.edu.kz. порталы арқылы балаларын

мекемеге өздері кезекке қояды, жалпы балабақшалар туралы

толық мәлімет алады, электронды веб-портал арқылы кезекті

анықтайды, ата-аналар өзара келісе отырып балаларын бір

балабақшадан екінші балабақшаға алмастыра алады. Тіпті электронды

жолдаманы ата-ананың өзіне алу мүмкіндігі берілген.

u

5-БЕТ

2

№15 (1657)

Апта

www.shymkala.kz

27 ақпан - үкіметтік емес ұйымдар күні

мегаполистің дамуына

үлес қосамыз

Әлемдік қауымдастық 27 ақпан күні Дүниежүзілік

үкіметтік емес ұйымдар күнін атап

өтеді.

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалы

жанындағы «Жас

Отан» жастар қанаты жуырда

«Еркін пікір» диалог алаңын

ұйымдастырды. «Жастардың

еңбек миграциясы:

білімді жас мамандардың

шетелге кету мәселелері»

тақырыбындағы кездесу

қалалық Отырар ғылымиәмбебап

кітапханасының

«Bilim оrtalygynda» өтті.

«Жас Отан» жастар қанатының

Шымкент қалалық

филиалының кеңес берушісі

Уәлихан Қожантай

жастардың арасында шетелге

кетіп жатқандар туралы

мәліметтерді баяндап,

білімді жас мамандардың өз

елімізде еңбек етуі туралы

ойымен бөлісті. Маман Мемлекет

басшысының тарихи

бастамасы – «Болашақ» бағдарламасымен

оқып келіп,

Қазақстанда білікті маман

болуға мүмкіндіктер бар

екенін айтып, жастармен

пікір алмасты.

Бұған қоса қалалық мәдениет

және тілдерді дамыту

басқармасының қолдауымен

Шымкенттегі «Көрме

орталығында» жастармен

«Мәңгілік елдің жастары»

атты кездесу өтті.

Оған спортшылар, өнер

адамдары мен мемлекеттік

қ ызметкерлер қатысты.

Жиында білім мен еңбекті,

өнерді ұштастырып керемет

жетістіктерге жеткен

жастарымыздың еңбектері

Астанада «Азаматтық

бастамаларды қолдау орталығы»

КЕАҚ және Қазақстанның

Азаматтық Альянсы

осынау даталы күнге дайындық

үстінде. Іс-шараны

ұйымдастырушылар қатарында

«АРГО» азаматтық

қоғам қауымдастығы, Қазақстанның

жастар конгресі,

Ұлттық еріктілер желісі

және «Болашақ» қауымдастығы

да бар.

«Шымкент қаласының

Азаматтық Альянсы» заңды

тұлғалар бірлестігі атынан

Астанаға делегация аттандырдық.

Алдағы уақытта

Шымкентте де жиналып,

тәжірибе алмасуды, ҮЕҰ,

бизнес құрылымдары мен

мемлекеттік органдар арасындағы

әріптестікті нығайтуды

жоспарлап отырмыз.

Ал әзірге Шымкент қаласының

Азаматтық Альянсының

қатары толығуда.

Біз ҮЕҰ мен басқа қоғамдық

ұйымдарды бір

шаңырақ астына жинамасақ

та әріптестік қарымқатынас

орнатуды көздеп

отырмыз.

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалымен

меморандум жасадық.

Басқа да партия филиалдарымен,

кәсіподақпен,

«Азаматтарға арналған Үкімет»

ҰАҚ, қалалық ардагерлер

кеңесімен, қалалық

әкімдіктің басқармалары,

бизнес қауымдастық және

т.б. өзара меморандумдар

дайындалды.

Шымкен т қ а ласының

әкімі «Шымкент қаласының

Азаматтық Орталығын» ашу

мәселесінде көмек берді.

Ғабидолла Рахматоллаұлы

Шымкент қалалық Азаматтық

Альянстың билікпен

және бизнеспен арадағы үш

жақты тең байланысын қалыптастыруда

айтарлықтай

жәрдем беруде.

Құрылғанына 4 айдан

енді асқан біздің ұйымның

алға қойған жоспары көп.

Қаланың тұрғындары мен

азаматтарымен бірге мегаполистің

дамуына үлес қосатын

боламыз.

27 ақпан күні біз «Нұр

Отан» партиясының съезіне

қатысып, халықтық партияның

20 жылдығын атап

өтеміз.

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ,

Шымкент қаласы Азаматтық

Альянсының

президенті

Жастар

жалынды

қадам басуда...

Жастар жылы аясында елімізде көптеген

іс-шаралар қолға алынған. Соның аясында

Шымкентте де көптеген кездесулер

мен жастарды кәсіпке баулу сабақтары өтті.

мен жетістіктері насихатталды.

Жиында «Көрме орталығының»

басшысы З.Қарабекова

сөз алып, Елбасы жариялаған

«Жастар жылындағы»

тапсырмаларды жүзеге

асыру әр жастың азаматтық

борышы екенін атап

өтті. Кеш соңында қонақтар

арнайы марапаттар табысталды.

Жастарды кәсіпке баулу

мәселесі де назардан тыс

қалмақ емес. Шымкент қалалық

«Жас Отан» жастар

қанатының ұйымдастыруымен

«Нұр Отан» партиясының

«Сәтті қадам» жобасы

аясында қалалық мектеп

оқушыларына кәсіптік бағдарлау

экскурсиясы ұйымдастырылды.

Республикалық

«Партияның 20 жақсы

ісі» акциясы аясында жастар

Шымкенттегі «Оңтүстік»

арнайы экономикалық аймағын

аралады, «Әлем-БТ» шұлық

фабрикасындағы жұмыстармен

танысты. Бұдан

кейін қалалық білім басқармасының

бас маманы

А.Оспанова және «Жас Отан»

ЖҚ Шымкент қалалық филиалының

төрағасы А.Әлібеков

мектеп оқушыларымен

диалог алаңында кездесті.

Басқосуда «Тегін кәсіптік –

техникалық білім беру» бағдарламасы

туралы оқушыларға

кеңінен түсіндіріліп,

сұрақтарына жауап берді.

А.СӘДУӘЛІ

Тарихи сана

орнықпай, жаңғыру

мүмкін емес

u

Басы 1-БЕТТЕ

Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

және «Ұлы даланың жеті

қыры» бағдарламалық мақалаларын

насихаттау және

іске асыру – ауқымды жұмыс.

Жиында негізінен Ұлы

u

Басы 1-БЕТТЕ

даланың құндылықтары –

жаһандық тарихтағы маңызы;

Ұлы даланың ұлы мекендері

– Отырар мен Түркістан;

мемлекет пен құқықтың

қалыптасуы, қазіргі заманның

өзекті мәселелелері;

«Бірыңғай әлеуметтік орталық»

қызметін бастады

Әлеуметтік назын айта келгендерді

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары

Бахадыр Нарымбетов, қалалық

мәслихаттың депутаты Ермек

Дәрменов тыңдады. Солардың бірі

– төрт баланың анасы Қазына Мұратқұлова.

– Күйеуім ішкілікке салынып

кеткесін ажырастым, алимент төлемейді.

Шымкентке көшіп келгеніме

екі жыл болды. Әзірге тұрғын

үй кезегіне тұра алмаймын,

балаларыма жәрдемақы алмағанмын.

Үлкенім алты жаста, кішкентайым

1 жастан асты. Олар кішкентай

болғасын, жұмыс істеуге

мүмкіндігім болмай жатыр. Қайнарбұлақ

саяжайында сіңлімнің

аядай екі бөлмесінде оннан астам

адам тұрамыз. Баспаналы болуға

қол ұшын берсеңіздер, – дейді

жалғызбасты ана.

Қазына Мұратқұлованың мәселесін

Бахадыр Нарымбетов сол

жерде шешуге әрекет жасап, ананы

жатақханамен қамтуға болатынын

жеткізді. Осы мәселе бойынша

бір депутатты бекітіп, азықтүлік,

мектепте балаларының ыстық

тамақ, киім-кешекпен қамтуға

қолдау жасауға көмектесетінін

атап өтті. Сосын жалғызбасты ананы

орталықтағы жұмыспен қамту

және әлеуметтік қорғау басқармасы

өкілдеріне жіберіп, балаларға

берілетін жәрдемақыға құжат туралаудың

жай-жапсарын нақтылап

алуды ұсынды.

Ал шымкенттік 5 баланың әкесі

Бейбіт Давлетияровты ХҚКО қызметкерлері

тұрғын үй кезегіне алмаған.

– 5 бөлмелі үйді жалға алып тұрамыз.

Әйелім кішкентайымен үйде,

қала шаруашылығы

өзім түрлі жұмыстар істеп, ақша табамын.

Балаларыма қиындық көрсетпей,

ешкімге алақан жаймай,

өмір сүріп келеміз. Бірақ үй алуға

мүмкіндік жоқ. Әйелім көпбалалы ана

ретінде баспанаға кезекке тұрайын

десе, бір жылдық табысты көрсететін

құжат сұрайды, – деді азамат.

– Бірыңғай әлеуметтік терезеге

келгендердің мәселесін үш жолмен

шешуге тырысып жатырмыз. Алдымен

әлеуметтік көмекке өте мұқтаждардың

мәселесін назарға аламыз.

Жергілікті әкімдіктің күшімен көмектесуге

болатындарды сол жаққа

нұсқаймыз. Кейбір жағдайлар заңнамалық

өзгерістерді қажет етеді.

Яғни, үйге кезекке тұруға бізге

келген азамат айтып кеткендей, табысын

сұрайды. Тұрақты жұмысы

болмаса, расында қалай табысын

көрсетеді? Сондықтан қазір мұндай

мәселелерді жинақтап, орталыққа

ұсыныс ретінде жібереміз. Үшіншісі,

жомарт жандардың көмегімен әлеуметтік

қолдау жасалады. Үш күннің

ішінде 313 азамат өтініш қалдырды.

Олардың ешбірі назардан қалмайды,

– деді Бахадыр Нарымбетов.

Орталыққа келгендердің шағымдарының

бірқатары коммуналдық

төлемдерді уақытында төлей алмағандар

мен мүгедек балаларға қажетті

көмекші құралдарға қол ұшын

созуға қатысты.

– 4 мың теңге жарыққа қарыз

болған. Қырқып кетіпті. Шиеттей бала-шағасымен

осындай суықта жылусыз

қалып қойған. Жомарт жандарға

шықтық, олар көмектесті, –

деді Б.Нарымбетов. Сол үшін қоғамға

әрқайсымыз айналамызда жүрген

жандардың жағдайына алаңдап,

қол ұшын созып, қамқор болайық

деген ұсыныс жасады.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясында

тарихи сананы жаңғырту

тақырыптары талқыға

түсті.

Конференцияның пленарлық

мәжілісінде филология

ғылымдарының докторы,

професоры Мекемтас Мырзахметов,

ғалым Құлбек Ергөбек,

қоғам қайраткері Шалатай

Мырзахметов, тарихшы

ғалым Хазретәлі Тұрсын,

Шымкент қаласы ҚХА

төрағасының орынбасары

Мұратәлі Қалмұратов баяндама

жасады.

Әдебиет зерттеушісі Құлбек

Ергөбектің айтуынша,

бүгінде түрік халықтары ынтымақтаса

отырып, тарихи

құндылықтарын бірлесе дамытуы

тиіс.

Ж а л п ы , м а қ а л а н ы ң

негізгі түйіні – «Ел болғың

келсе, тарихыңды біл»,

«Өткенді білмей, алға жылжу

жоқ» дегенді ұқтырады.

Отандық ғалымдардың айтар

ойы осыған саяды.

– Тарих жаңаланды. Отандық

тарих ғылымының методологиясын

жүйелеу қажеттігін

байқап отырмыз.

Тарихты дұрыс әдістемемен

оқыту лазым. Тарихи сана

орнықпай, жаңғыру мүмкін

емес. Елбасы мақаласында

айтылған жеті брендті

А.КЕРІМҚҰЛОВА

марапат

одан әрі айқындап, таныту

міндеті тұр. Ендігі мақсат –

осы құндылықтарды ұлттық

мақтанышқа айналдыру қажет,

– дейді тарих ғылымдарының

докторы, профессор

Хазретәлі Тұрсын.

Біздің тарихымыз – Қазақстан

халқын біріктіретін

қуатты күш. Елбасы тарихтың

танымдық осы дәстүрін

дәуірдің талабына сәйкестендіріп,

халықты өткеннің

ұлағатына құрметпен қарауға,

зерделеуге, өткеннен сабақ

алуға шақырады. Бұл

– елжандылықтың жарқын

үлгісі, қазақстандық патриотизмнің

қайнар көзі.

Шымкент қаласы ҚХА төрағасының

орынбасары М.

Қалмұратов осылай дейді.

Конференция аясында

«Мұхтартану», «Елбасытану»

ғылыми-әдістемелік орталығына

танымдық экскурсиялар

жасалды. М. Әуезов

атындағы гуманитарлық

бағытындағы ғылыми

жетістіктер көрмесі, Түркістан

облысының тарихи-өлкетану

мұражайының және

Шымкент қаласының «Отырар»

ғылыми-әмбебап кітапханасының

кітаптар көрмесі

өткізілді.

Батыр бала

медальмен

марапатталды

Т. ҚАСЫМ

Шымкентте өрттен екі баланы

құтқарып қалған жасөспірімді

қаланың бас

полицейі қабылдады.

Полиция департаментінің бастығы 13

жастағы Бақытжан Беркімбаевты ҚР Ішкі

істер министрі полиция генерал-майоры

Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Өртте

көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен

марапаттады.

Полиция департаментінің бастығы

Ералы Жұмаханбетов батыр бала Бақытжанның

ата-анасына да «Адам өмірін құтқаруда

ерлік жасаған баласына үлгілі әрі өнегелі

тәрбие бергені үшін» Алғыс хатын табыстап,

Бақытжанның ержүректігімен барлық құрдастарына

үлгі болғанын атап өтті.

С о н д а й - а қ , в е д о м с т в о б а с ш ы с ы

Бақытжанға болашақта полицей мамандығын

таңдаса, өз тарапынан қолдау көрсетіп,

ықпал ететінін жеткізді.

А.ҚОЖАКЕЛДІҚЫЗЫ

Тұрғындар өтініші бірінші кезекте

орындалады

Биыл бірнеше рет жауғанымен, тез-ақ еріп кеткен қар

шымкенттіктерді әзірге әбігерге салмады. Соңғы жауған

қарды тазалау жұмыстарына «ЛТД-Тұрмыс», «Югдорсервис»,

«Бәйтерек-ЛБ» және «Нұртас сервис» ЖШС 503

жұмыс күші мен 107 техникасы тартылды.

Шымкент қаласы аумағын

қардан тазарту жұмыстары 19

ақпан кешкісін басталды. 20 ақпан

күні көшелер мен аяқ жолдарды

қардан тазартудан бөлек,

сынған ағаштарды жинау, ирригациялық

жүйелерді тазарту жұмыстары

да қоса атқарылды.

– Соңғы қар қалың жауды

және тез еруде. Сондықтан су

тасқынын болдырмас үшін басты

жұмыс ирригациялық жүйелердің

тазалығы. Дымқыл қардың

әсерінен сынған ағаш бұтақтары

да көп. Жұмысшылар

тобы ең әуелі жаяу жүргіншілер

мен көлік қозғалысына кедергі

келтіргені туралы хабарлама

түсірген аулаларда жұмыс істеп

жүр, – дейді «ЛТД Тұрмыс»

ЖШС бас директорының орынбасары

Бауыржан Әмірбеков.

Ақмарал Молдиярқызы

Мегаполис

www.shymkala.kz

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

3

МЕМЛЕКЕТ ҚАРАЖАТЫ

ОРЫНДЫ ЖҰМСАЛУЫ

ТИІС

дамай отыр. Соның салдарынан

біз қайтадан техникалық

паспорт үшін шығындалып,

жасатуымызға тура келмек.

Қала аумағына енген елдімекен,

тұрғын алаптардың құжаттарын

аудандардан алдыру

жағын неге қолға алмасқа?

– дейді ауыл биі.

А.Исраиловтың айтуынша,

үй құжаттары дұрыс болмағандықтан,

тұрғылықты

мекенжайы бойынша анықтама

ала алмай отырған тұрғындар

да бар.

– Қала аумағына енген

елдімекендердің құжатын

жинақтап өткізуге Сайрам,

Төлеби ауданының мұрағаттары

да құлықсыз. Шымкент

қаласының мұрағат қызметі

осы ақпан айында Ақпараттандыру,

мемлекеттік қызметтер

көрсету жəне архивтер

басқармасына берілді.

Аталған басқарма аудандарға

сұраныс хат жолдау жағын

қарастырғаны дұрыс. Себебі,

мұнда мекенжай анықтамасының

жоғынан әлеуметтік

төлемдер мен жәрдемақыдан

қағылып, тіпті несие

алуы мұңға айналған тұрғындар

бар, – деп түсіндірді

депутат.

Жылжымайтын мүлікті

жаңа мекенжай бойынша қайта

рәсімдеу барысында кездесетін

қиындықтарға жиі қозғау

салатын халық қалаулысы

сыбайлас жемқорлықты болдырмауды

алға тартты.

– Сұлтан Даниярұлы, қала

аумағына енген 44 елдімекен

халықтың өтінішімен жүзеге

асқан жоба емес. Бұл – урбанизация

үдерісі нәтижесінде

жасалған Шымкент қаласының

агломерациясы. Демек,

стратегиялық маңызы

бар өзгерістердің орындалуына

жергілікті тұрғындар

ғана емес, оларға осы бағытта

қызмет көрсететін әрбір мекеме

қызметкері мүдделі болуға

міндетті. Жерді заңдастыру,

құжаттарды рәсімдеу

кезінде осы мәселеге мән берулеріңізді

сұраймын, – деді

М.Тамабаев.

Шымкент қаласы жер қатынастары

және жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын

ба қ ы лау басқ армасының

бас маманы Сұлтан Мұратов

жиында қозғалған мәселелерді

басшылық назарына

ұсынатынын айтты.

Ақмарал Молдиярқызы

aashirova@shymkala.kz

Шымкент қаласының

аумағына

2014 жылы

енген елдімекендерде

жер телімін қалалық мекенжай

бойынша қайта

рәсімдеу жұмыстарын

әлі күнге аяқтай алмай

жүрген тұрғындар бар.

Тұрғылықты жері нақты

заңдастырылмағандықтан

Абдулабад, Тұрдыабад,

Базарқақпа, Шаңырақ

елдімекенінің кей

тұрғындары мекенжай

анықтамасын ала алмай,

соның салдарынан түрлі

мүмкіндіктерден қағылып

отыр.

Шымкент қаласы мәслихатының

депутаты Марат Тамабаев

№21 сайлау округінің

тұрғындарымен кездесіп, жер

телімін әлі күнге қалалық мекенжай

бойынша заңдастыра

алмай жүрген тұрғындардың

арыз-шағымын тыңдады.

Қала аумағына енген елдімекендер

мен тұрғын алаптардағы

өзекті мәселелерді зерделеу

мақсатында Шымкент

қалалық мәслихаты бірқатар

басқармаға шақыру жіберген.

Тұрғындар арызын тыңдауға

Шымкент қалалық жолаушылар

көлігі және автомобиль

жолдары басқармасының

өкілі Қ.Баймендиев пен Шымкент

қаласы жер қатынастары

және жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын бақылау

басқармасының бас маманы

С.Мұратов келді.

Еңбекші аудан әкімі аппаратының

Қаратөбе аумағы

бойынша халықпен жұмыс

жүргізу бөлімінің басшысы Самат

Жүнісбаевтың төрағалығымен

өткен жиынға Абдулабад,

Тұрдыабад, Базарқақпа,

Шаңырақ елдімекендерінің

ауыл билері және тұрғындары

жиналды.

Ауыз су мәселесі

шешімін тапты

– Мемлекет басшысы

Н.Назарбаев 2019 жылды

«Жастар жылы» деп жариялады.

Сондай-ақ, Шымкент

республикалық маңызы бар

қала мәртебесін алды. Бюджет

көлемі бұрынғыдан артты.

Ал мәселелерді қарау,

оны шешу жолдары оңайланды.

Бірқатар заңнамалық өзгерістер

орын алды. Осының

бәрін негізге алатын болсақ,

халық арызын қарау бұрынғыдан

жедел атқарылуы тиіс,

– деді Марат Сәрсекұлы.

Депутаттың айтуынша,

2018 жылы Қаратөбе аумағында

30-дан аса жол белгісі

орнатылып, әлеуметтік бағыттағы

1 қоғамдық көлік

жаңа кестемен өз жұмысын

бастаған. Бұған дейін ауыз

суға жарымай отырған Тұрдыабад,

Абдулабад елдімекендерінде

аталған мәселе

шешімін тапты. Қала бюджетінен

қаражат бөлініп,

су құбырларын тарту құрылысы

аяқталды. Енді жазға

дейін аталған елдімекендерде

абоненттеу жұмыстары

жүргізілмек. Ауыз су бойынша

аталған жұмыстар биылғы

жыл соңына дейін Базарқақпа

тұрғын алабында да

жалғасады.

– Ескеретін бір нәрсе

бар: белгілі бір жұмыстарды

жүргізу үшін жобалықсметалық

құжаттарға биыл

қаражат қаралған болса, келесі

жылы ол жоба орындалу

мақсатында бюджетке ұсынылуы

керек. Егер ол жоба

әзірленбей немесе әзірленген

жоба жоба күйінде 2-3 жылға

шегеріліп қала берсе, демек,

бюджет қаражаты босқа

жұмсалды деген сөз. Қазіргі

тәртіп осындай, – деген

М.Тамабаев бұдан былай «жобалық-сметалық

құжаттар

әзірленуде» деген жауаптың

нәтижелі орындалуына баса

мән беруді еске салды.

Мұрағаттағы

құжаттарды сұрау

қажет

Қаратөбе аумағында

30-дан аса жол белгісі

орнатылып,

әлеуметтік бағыттағы

1 қоғамдық көлік

жаңа кестемен

өз жұмысын бастаған

Халықпен кездесуде шешуі

қиын түйіннің бірі – тұрғылықты

мекенжай, жер дауы

мәселесі сөз болды.

Базарқақпа тұрғын алабының

биі Абдумутал Исраилов

тұрғындар үйдің техникалық

паспортын қайта жасатуға

мәжбүр болып отырғанын

алға тартты.

– Біз қазіргі үйіміздің құжаттарын

Базарқақпа тұрғын

алабы Сайрам ауданына

қарасты кезде жасатқанбыз.

Енді қала аумағына енген соң

жаңа мекенжайды заңдастыру

мақсатында құжаттарды

рәсімдейін десек, үйдің техникалық

паспортын қабыл-

«Жеріме үй салып

алды...»

– Біз Сайрам ауданына

қарайтын кезде менің атыма

берілген жерге қазір басқа

біреу үй салып алды. Олар

жерді қалалық мекенжай бойынша

заңдастырып алған.

Оның да, менің де жерге мемлекеттік

актіміз бар. Салығын

да төлегенбіз. Бірақ, екі ортада

мен жер телімінсіз қалып

отырмын, – деп көмек сұрады

Гүлнар Тампиева.

С.Мұратов бұл азаматшаға

көмектесетінін айтып, дәл

осындай сұрақпен бетпе-бет

келген қала тұрғындары болса,

басқарма қызметіне жүгінуге

шақырды.

Абдуллабад елдімекенінің

ауыл биі И.Эргешов №148 бағытта

жүре бастаған жаңа

қ о ғ а м д ы қ к ө л і к т і ң ж о л

жүру кестесін Сайрамның

орта лығына дейін созып

беруді өтінді. Бұл сұраққа

Шымкент қалалық жолаушылар

көлігі және автомобиль

жолдары басқармасының

бөлім басшысы Қайрат

Байменов жауап берді.

– Шымкентте әлеуметтік

бағытта жүретін 10 бағыт

болса, қазір оның 4 бағыты

қызмет көрсете бастады.

№148 қоғамдық көлік – соның

бірі. Биыл Шымкент қаласына

тағы жаңа автобустар

алынады. Сонда қалған

6 әлеуметтік бағытты іске қосамыз.

Сіздердің өтінішіңізді

сол кезде қарап, кестеге аздаған

өзгеріс енгізуді басшылық

назарына ұсынатын боламыз,

– деді бас маман.

Халықпен кездесу барысында

айтылған бірқатар сұрақтарды

Шымкент қаласы

мәслихатының депутаты М.

Тамабаев және әкімдік, басқарма

қызметкерлері назарда

ұстайтынын мәлімдеді. Оң

шешімін тапқан мәселелерді

біз – тілшілер де тасада қалдырмаймыз.

4

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

Рухани жаңғыру

www.shymkala.kz

Білім –

адам капиталының

басты байлығы

Дамыған азаматтық қоғам құру үшiн ең қажет

нәрсе – жеке құқықтық сананы дамыту және

құқықтық нормативтi-реттеушiлiк ролiн түсiну.

Қоғам бiртiндеп, жалпы ұлттық идеяны және

Қазақстандық қоғамды, оның рухын және құқықтық

даму жолының салт-дәстүрлерiн қалыптастырудың

қажеттiлiгiн сезiнуде. Бұл мақсатқа жету үшін

біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын

жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық

жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,

олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін

басталатын жұмыс емес. Жаңа

тұрпатты жаңғырудың ең басты

шарты –ұлттық кодыңды

сақтай білу. Онсыз жаңғыру

дегеніңіздің құр жаңғырыққа

айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық

кодты сақтаймын деп бойыңдағы

жақсы мен жаманның

бәрін араластыруға, яғни

болашаққа сенімді нығайтып,

алға бастайтын қасиеттерді

де, кежегесі кері тартып тұратын,

аяқтан шалатын әдеттерді

де ұлттық сананың аясында

сүрлеп қоюға болмайтыны

айдан анық. Жаңғыру

атаулы бұрынғыдай тарихи

тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге

шекеден қарамауға тиіс.

Керісінше, замана сынынан

сүрінбей өткен озық дәстүрлерді

табысты жаңғырудың

маңызды алғышарттарына

айналдыра білу қажет. Егер

жаңғыру елдің ұлттық-рухани

тамырынан нәр ала алмаса,

ол адасуға бастайды.

Болашақта ұлттың табысты

болуы оның табиғи байлығымен

емес, адамдарының бәсекеге

қабілетімен айқындалады.

Сондықтан, әрбір қазақстандық,

сол арқылы тұтас

ұлт ХХІ ғасырға лайықты

қасиеттерге ие болуы керек.

Мысалы, компьютерлік сауаттылық,

шет тілдерін білу, мәдени

ашықтық сияқты факторлар

әркімнің алға басуына

сөзсіз қажетті алғышарттардың

сана¬тында. Сол се-

бепті, «Цифрлы Қазақстан»,

«Үш тілде білім беру», «Мәдени

және конфессияаралық

келісім» сияқты бағдарламалар

– ұлтымызды, яғни барша

қазақстандықтарды ХХІ

ғасырдың талаптарына даярлаудың

қамы.

Бір қарағанда, жер жүзіндегі

миллиардтан астам адам

өзінің туған тілімен қатар,

кәсіби байланыс құралы

ретінде жапатармағай оқып

жатқан ағылшын тілін біздің

де жаппай және жедел үйренуіміз

керектігі еш дәлелдеуді

қажет етпейтіндей. Еуропалық

Одақтың 400 миллионнан

астам тұрғыны ана

тілдері – неміс, француз, испан,

итальян немесе басқа да

тілдерді сыйламай ма? Әлде

100 миллиондаған қытай мен

индонезиялықтар, малайлар

ағылшын тілін еріккеннен

үйреніп жатыр ма?

Бұл –жаһандық әлемге

еркін кірігіп, жұмыс істеудің

басты шарты.

Бұл бағдарлама арқылы

неге қол жеткіземіз?

Ең алдымен, жүз мыңдаған

студентке жаңа сапалық

деңгейде білім бере бастаймыз.

Бұл – білім саласындағы

жаһандық бәсекеге неғұрлым

бейімделген мамандарды

даярлау деген сөз. Оған

қоса, жаңа мамандар ашықтық,

прагматизм мен бәсекелік

қабілет сияқты сананы

жаңғыртудың негізгі қағидаларын

қоғамда ор-нықтыратын

басты күшке айналады.

Осылайша, болашақтың негізі

білім ордаларының аудиторияларында

қаланады.

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық

біліміміз ұзақ

жылдар бойы бір ғана ілімнің

аясында шектеліп, дүниеге

бір ғана көзқараспен қарауға

мәжбүр болдық. Әлемнің

үздік 100 оқулығының қазақ

тілінде шығуы 5-6 жылдан

кейін-ақ жемісін бере бастайды.

Сол себепті, уақыт ұттырмай,

ең заманауи, таңдаулы

үлгілерді алып, олардың қазақ

тіліндегі аудармасын жасауымыз

керек.

Біз заманауи мәдениетіміздің

қандай өкілдері

әлемдік аренаға жол тартуы

керектігін анықтап алуымыз

керек. Ұлттық мәдениетіміздің

озық үлгілерін

іріктеп алғаннан кейін шетелдерде

оларды таныстыру

рәсімдерін өткіземіз.

«Қазақстандағы 100 жаңа

есім» жобасы – Тәуелсіздік

жылдарында табысқа жеткен,

еліміздің әр өңірінде тұратын

түрлі жастағы, сан алуан этнос

өкілдерінің тарихы. Жобада

нақты адамдардың нақты

тағдырлары мен өмірбаяндары

арқылы бүгінгі, заманауи

Қазақстанның келбеті

көрініс табады. Сондықтан,

оларды телевизиялық деректі

туындылардың кейіпкеріне

айналдыруымыз керек. Жастар

өмірге шынайы көзбен қарап,

өз тағдырларына өздері

иелік ете алатын азаматтар

болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз

керек.

Қазіргі медиамәдениетті

суырыла сөйлейтін «шешендер»

емес, өмірдің өзінен

алынған шынайы оқиғалар

қалыптастырады. Мұндай

оқиғаларды көрсету бұқаралық

ақпарат құрал¬дарының

басты нысанасына айналуға

тиіс.

Бұл жоба үш мәселені шешуге

бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен

заманауи Қазақстанды

жасап жатқан нақты

адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау

жасап, танымал етудің

жаңа мультимедиалық алаңын

қалыптастыру.

3. «100 жаңа есім» жобасының

өңірлік нұсқасын жасау.

Ел-жұрт ұлтымыздың алтын

қорына енетін тұлғаларды білуге

тиіс.

Мемлекет пен ұлт құрыштан

құйылып, қатып қалған

дүние емес, үнемі дамып отыратын

тірі ағза іспетті. Ол

өмір сүру үшін заман ағымына

саналы түрде бейімделуге

қабілетті болуы керек. Жаңа

жаһандық үрдістер ешкімнен

сұрамай, есік қақпастан бірден

төрге озды. Сондықтан,

заманға сәйкес жаңғыру міндеті

барлық мемлекеттердің

алдында тұр. Сынаптай сырғыған

уақыт ешкімді күтіп

тұрмайды, жаңғыру да тарихтың

өзі сияқты жалғаса

беретін процесс.

Екі дәуір түйіскен өліара

шақта Қазақстанға түбегейлі

жаңғыру және жаңа идеялар

арқылы болашағын баянды

ете түсудің теңдессіз тарихи

мүмкіндігі беріліп отыр.

Ж.Ақшатаева,

заң ғылымының

кандидаты,

қауымдастырылған

профессор,

Б.Абдрасилова,

заң ғылымының

магистрі,аға

оқытушы

Қыздарға

әсемдік

жарасады

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне

ерекше мән беруді қажет

етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу

деген сөз – ұлтты тәрбиелеу

деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші

кілт қыздарға берілетін тәлімтәрбие

арқылы өлшенеді.

Бауыржан Момышұлының

келіні Зейнеп Ахметова «Қыз

баланың мына өмірдегі міндетпарызының

жүгі ауыр, әрі ардақты.

Ол – адамзат ұрпағын

өмірге әкелетін болашақ ана,

жар күтетін адал жар, ата-ене

сыйлап, иілетін қамқор келін.

Ол осыны қаласын-қаламасын,

бұл - өмір заңы» деген.

Қыз баланың тәрбиесі өте

салмақты, бұл нәрсеге жеңіл

көзбен қарауға мүлде болмайды.

Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы

ата-ананың мәртебесі. Шешесіне

қарап бой түзейтін қыздар

үшін ана берген тәлімнің

ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын

тәрбие, былдырлаған

сәби кезеңмен, жасөспірімдік

шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып

отырады екен. «Тәңірінен

болғанымен таңғы асы, Аналардан

бастау алар ар басы»,-

дей келе біздің халқымызда

«Шеше көрген тон пішер, Ата

көрген оқ жонар» деген нақыл

сөз бар және «Шешесін көріп

қызын ал» дейді. Бұл мақал-мәтелдердің

өзі ата-бабаларымыздың

кейінгі ұрпаққа қалдырған

сыр сөздерге толы үгіт-насихаттары.

Мұсылман әйеліне тән сабырлылық,

төзімділік, инабаттылық

сияқты асыл қасиеттер

ана сүтімен дариды. Соны-мен

қатар шыдамсыздық, көрсеқызарлық

сияқты абыройсыздыққа

ұрындыратын әдеттер де нашар

тәрбиеден екені айтпаса де

түсінікті.

Ата-бабамыз «Ұяда не көрсең,

ұшқанда соны ілерсің» деп

текке айтпаған. Анасының айтқан

өнегелі сөздерін қызы жүрегіне

сақтап, жүзеге асырса

еліне елеулі, халқына қалаулы

асыл ана болуы, сол арқылы

үлгілі ұрпақ өркен жаятыны

анық. Қазіргі қыздардың заман

ағымына сай батыс елдеріне

еліктеуі біздің қазақи менталитетімізге

кері әсерін беріп,

көптеген қыз балалар ашықшышық

киініп, жат қылықтарға

бейімделіп, өздерінің мәдениеттілік

сауатсыздығынан әр

түрлі келеңсіз оқиғаларға тап

болуда. Сондықтан интернет

желісіндегі түрлі бейәдеп сайттарды,

түнгі клубтарды әртүрлі

секталық ұйымдарды жабу мақсатында

іс шаралар ұйымдастырылуы

қажет.

Біздің ата-бабамыз келешек

ұрпағының тазалығын қыздың

тәрбиесінен бастаған. Осындай

дәстүрдің бәрін жоққа шығарып,

демократияны желеу

етіп, өркениеттілік осы екен

деп, бетімен кету – біздің ата

дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды

тәрбиелеп-өсіруге кері

әсерін тигізеді. Оң жақта отырып,

өзінің нәзік қасиетін сақтай

алмаған қыздардың өз тағдырына

да жауапсыз қарағаны.

Қыз бала тәрбиесіне халқымыз

сонау заманнан ерекше

мән беріп келеді. Қыз баланы

құрметтеу, қыз бала алдында

дөрекі сөйлемеу, ізетті

болу, ер-тұрманы әшекейленген

сұлу жорға мінгізу, босағада

отырғызбау сияқты дәстүрлі,

тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрыптарды

атадан балаға мұра етіп

қалдырып отырған. Қыз бала

14-15 жасқа жетісімен үсті-басын

таза ұстап, сәнді киінуге, әдемі,

сымбатты көрінуге тырысады.

Қыз баланың көркі алдымен

шаш күтіміне байланысты. Қыз

баланың талғаммен киінуі дегеніміз

– қымбат киімдерің болсын

деген сөз емес, бар киіміңді

ұқыптылықпен, орны-орнымен,

өз тұрқының кейбір табиғи

кемістігін жасырып, жақсы

жағын көрсетіп, сәнділікті өзіне

бейімдей ала білуі. Қыз баланың

бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы,

жүріс-жүгірісі, сөз

саптауы, жұртпен қарым-қатынасы)

әсем де нәзік болуы тиіс.

Қызың көргенді де ибалы, сөзі –

сынық, ісі – түзік, киімді бойына

жарастырып киіп, жымиып

қана күліп, сызылып жаймен

жүріп, айтқаныңды екі етпесе

– ажарың. Ал, тіліңді алмай

бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп,

топ ішінде қарқылдап, ұятты

жерде саңқылдап, етегін кесіп,

омырауларын ашып, көрінгенге

көзін тесіп, күндіз кетіп, түнде

келіп жатса – азабың.

Тән сұлулығы деген бар, жан

сұлулығы деген бар. Тән сұлулығы

– сыртқы көз арбар көрініс.

Жан сұлулығы – бұл әйелдің

ішкі дүниесі, сезім шынайылығы,

мінез байлығы, пейіл

кеңдігі, ар алдындағы адалдығы.

Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі

көпіршігі мол толқын. Жан

сұлулығы – бұл тереңдегі ағын.

Осы екі қасиет бір адамның басында

ұштасса, ғұмыр бойы айналасын

нұрға бөлеп өтер еді.

Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы

болса, ертең бір шаңырақтың

ошағының сәні. Сәлеуетті

ана болғанда саналы ұрпақ болады.

Олар бүгін мектеп қабырғасында

оқып жүрген қыздар.

Болашақтың тамыры, қоғамның

негізі тарихтың көзі –жанұя. Ал

сол қасиетті ұяның алтын тірегі,

отбасының ұйтқысы, жайнаған

осы жауқазындар. Қыз - өмірдің

қызғалдағы, қыздар – болашақ

ана. «Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті

болатыны, бүкіл адамзат

қыздан тарайды: қыз келін болады,

келін анаға айналады, ал

ана, әже деген зор дәрежеге жетеді.

Осы үшеуі арқылы ұрпақ

өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Ұлттың бойындағы бар жақсы

қасиеттерді-тілін, дінін, әдеп

ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін

немересіне, немересінен шөбересіне

жеткізуші, дамытушы

әрине, әйел-ана. Ана – барлық

өмірдің бастауы. Сондықтан ертеңгі

ана, бүгінгі қыздарымызды

тәрбиелеу ананың және біршама

қауымның міндеті.

Мадина

Нұрымбетова,

Шымкент қаласы

Политехникалық

колледжінің оқытушысы

Тарихи

сананы жаңғырту

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың

жеті қыры» мақаласы «Рухани

жаңғыру» бағдарламасының лайықты

жалғасы болып табылады. Бұл құнды

құжат қазақ елінің ұлттық тарихына қатысты

маңызды және өзекті мәселелерге

арналған.

Мақаланың кіріспесінде Ұлы далада ежелгі қазақ

халқының әлемдік масштабтағы мәдени жетістіктері

мен дүние танымдары туралы жазылған. Елбасы

барлық мәдени жетістіктер қазақ даласына

еш жақтан келмегенін, керісінше, осы далада пайда

болып, одан кейін Батыс пен Шығысқа тарағанын

дәйекті келтіре баяндайды. Қазақ даласы бұл

жетістіктерді адамзат баласына ешқандай шығынсыз,

таза тарихи факторлардың есебінен берді. Себебі

олар ғаламдық әлем тарихында өзіндік баға

жетпес орны бар, уақыт өлшеміне сәйкес Ұлы даланың

нақты кеңістігінде пайда болған. Осыған

қарап қазақ халқы еркіндік пен батырлықты жақсы

көретіндігін, кең байтақ даланың ажырамас бір

бөлігі болып саналады.

Мақаланың келесі бөлігінде «Рухани жаңғыру»

бағдарламаның жалғасы ретінде, қазіргі уақыт

талабына сай маңызды жобалар ұсынылған.

Мысалы, Архив 2025, «Ұлы даланың ұлы есімдері»

атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу,

2019 жылы Астанада болатын Түркологтардың дүние

жүзілік конгресі, «Ұлы дала» ежелгі өнер және

технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының

онтологиясын» жасау жүзеге асырылмақ.

Елбасы еліміздің әрбір тұрғының бай тарихымызды

оқып, оған жаңаша көзқараспен қарап, мақтан

тұтуға шақырып отыр. Себебі кезінде түркі халқының

тарихы обективті түрде әділ жазылған жоқ.

Сондықтан мақаланың мазмұнына терең мән беруіміз

қажет. Сол уақыттарда Ұлы қазақ даласында

түркілер қайта өркендеп, Ұлы Жібек жолында

қалалар бой көтерді, сауда-саттық дамыған. «Ұлы

жаланың жеті қыры» теориялық және методологиялық

тұрғыдан алғанда өте жоғары бағаға ие,

тарихқа деген көзқарасымызды өзгертіп, тарихи

сананы жаңғыртуға шақырады.

М.Жұмабеков,

«Заңтану және халықаралық

қатынастар»факультеті

«Философия және мәдениеттану»

кафедрасының меңгерушісі, тарих

ғылымының кандидаты, доцент

Цифрлы Қазақстан

www.shymkala.kz

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

5

Балабақша

қауіпсіздігі –

Шымкент қаласында

ересектер назарында

489 мектепке дейінгі

ұйымда 70 мыңға

жуық бүлдіршін

тәрбиеленуде

Елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Себебі соңғы уақытта мектепке

дейінгі тәрбие беретін бұл ұйымдарда балаларға жәбір көрсету оқиғалары әлеуметтік

желілерде тарап, тәрбиешілердің құқық бұзған фактілері тіркелуде.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Елбасы соңғы Жолдауында балалар

қауіпсіздігін ескере отырып, балабақша

мен мектептерді 100 пайыз

бейнебақылау камерасымен жабдықтауды

нақты тапсырған болатын.

Айта кетейік, Шымкент қаласында

489 мектепке дейінгі ұйымда

70 мыңға жуық бүлдіршін тәрбиеленуде.

Миллионды қалада қоғам

үшін өзекті мәселенің алдын алуда

атқарылып жатқан жұмыстардың

жай-жапсарына тоқталсақ.

Адами фактор

орын алмайды

Шымкент қалалық білім басқармасының

мәліметіне сүйенсек, қалада

79 мемлекеттік, 13 шағын орталық,

397 жекеменшік балабақша

бар. Мектепке дейігі ұйымдарда

1-6 жасар 69 838 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Республикада алғаш болып

Шымкентте білім саласы толыққанды

цифрландыру жүйесіне көшіп,

балабақша мен бірінші сыныпқа

оқушыларды қабылдау, күнделік

және мұғалімдерді жұмысқа қабылдау

электронды жүйесі енгізілді.

Соның нәтижесінде 10 мыңға жуық

адам сыртқы портал, 30 мыңға жуығы

egov, 1500-тен астамы халыққа

қызмет көрсету орталығы арқылы

балаларын балабақшаға қабылдауға

өтініш қалдырған.

– Осымен үшінші жыл білім саласында

garden автоматтандырылған

жүйесі іске қосылып, мектепке дейінгі

ұйымдарда кезекке қою, құжат қабылдау

және жолдама беру электронды

түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 487

балабақша электронды жүйеге қосылған.

Жаңа жүйенің тиімділігі сол

– ата-аналар garden.shymkent.edu.kz.

порталы арқылы балаларын мекемеге

өздері кезекке қояды, жалпы балабақшалар

туралы толық мәлімет

алады, электронды веб-портал арқылы

кезекті анықтайды, ата-аналар

өзара келісе отырып балаларын

бір балабақшадан екінші балабақшаға

алмастыра алады. Тіпті электронды

жолдаманы ата-ананың өзіне алу

мүмкіндігі берілген, – дейді Шымкент

қалалық білім басқармасының бөлім

басшысы Перизат Бектайқызы.

Бүгінгі таңда 487 балабақша

электронды жүйеге қосылған

Цифрландырудағы қызмет көрсетудің

жаңа форматының нәтижесінде

білім саласында қағазбастылықтан

арылып, адами фактор

орын алмайды, дейді сала мамандары.

Мемлекеттік балабақша

100% қамтылған

Қазіргі таңда мектепке дейінгі

ұйымдарда балалардың өміріне

қауіп төндіретін, денсаулығына

нұқсан келтіретін жағдайларды

болдырмау мақсатында қаладағы

79 мемлекеттік мектепке дейінгі

ұйымға 1506 бейне-бақылау камерасы

топ бөлмелерінде, жатын бөлмелерде,

дәліздерге орнатылған.

Ал жекеменшік балабақшаларда

бұл көрсеткіш әзірге 21,6 пайызды

ғана құрап отыр. Сала мамандары

бүгінде жекеменшік балабақшаларды

арнайы құрылғымен қамтылуы

бойынша жұмыстарды жандандырамыз

дегенді алға тартуда.

Перзентінің жағдайына алаңдайтын

аналардың бірі – шымкенттік

үш жасар баланың анасы Толқын

Тәжібаева. Балабақшада бұған дейін

екі қызы тәлім-тәрбие алған.

– Заман тыныш болды ма, ол

кезде уайымдамайтын едік. Қазір

әлеуметтік желілерде кішкентай балаларды

ұрып-соғып жатқан жағдайларды

көріп қаламыз. Балаларымыз

күні бойы балабақшада болатындықтан,

іштей қорқып отырасың.

Дегенмен, біздің баламыз баратын

№39 балабақшаның сыртында,

ішінде бейне-бақылау камерасы

орнатылған. Енді мекеме басшысына

жатын, сабақ оқитын кабинеттерге

де қойса деген өтінішімізді

жеткіздік, - дейді көп балалы ана.

Тәрбиешілердің

біліктілігі арттырылуда

Балабақшаларда қауіпсіздіктен

бөлек тәрбиешілердің біліктілігі

мен біліміне де баса назар аударады.

Самал шағынауданындағы

№55 «Самал» бөбекжай-балабақшасы

осы бағытта жұмысты жандандырып

отырған мекеменің бірі.

– Жұмысымызды 2015 жылдан

бастадық. Бүгінде 18 топта 500

бала тәрбиеленуде. Осыншама баланың

қауіпсіздігіне баса назар аудармыз,

әрине. Себебі, ата-анасы

бізге тапсырған балалардың өмірі,

денсаулығы маңызды. Олардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғимараттың

іші-сыртына, жалпы, 31

жерге камера қойылды. Оның 17-і

мемлекет, 14-і демеушілер есебінен

қаржыландырылған. Сыртта, дәліз,

жатын, киінетін бөлме және ән-би

залы да замануи құрылғымен жабдықталған.

Бақылау мониторының

бірі – менің, екіншісі әдіскердің кабинетіне

қойылған, сол арқылы барлық

жағдай жіті назарда ұсталады.

Әзірге ата-аналар тарапынан ешқандай

шағым болған емес, - дейді бөбекжай-балабақшаның

меңгерушісі

Зүбайра Өнерова.

Балабақша басшысы мекемедегі

мамандардың педагогикалық-психологиялық

тұрғыда біліктілігін

арт тыруда ж ү йелі іс-шара лар

өткізілетінін айтты.

– Білікті педагогтармен тәжірибе

алмасу сабақтары ұйымдастырылады.

Арнайы мамандар шақырып,

шеберлік-сабақтар өткізіп

тұрамыз. Бүгінгі тәрбиешілерге

үздіксіз ізденіс қажет. Өйткені,

кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс

істеу педагогикалық тәжірибемен

қатар адами қасиеттер –

мейірімділік, бауырмалдылық, шыдамдылық

пен сабырлықты қажет

етеді, - дейді З.Өнерова.

Қауіпсіздікке кепіл

беретін пилоттық жоба

Жуырда Шымкенттегі балабақшаларда

бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне

кепіл беретін тағы бір пилоттық

жоба қолға алынды. Онда тәрбиеленушілердің

саусақ іздері «SANA» автоматтандырылған

биометриялық

жүйесінің деректер қорына тікелей

ата-аналарының келісімімен ендіріледі.

Қондырғы балабақшалардың

кіреберісіне қойылып, саусақ ізі арқылы

ішке кіруге мүмкіндік алады.

Ол бөбекжайға бүлдіршіннің келгенкелмегенін

және уақытын да көрсетіп

тұрады.

– Бұл жүйе мемлекеттік тапсырысы

бар жекеменшік балабақшалардағы

тәрбиеленушілердің қатысуын

қадағалайды. Аталған озық

жүйені «Smart Texno Systems» ЖШС

орнатуда. Жүйенің мақсаты - бюджет

қаражатын үнемдеу, республикалық

бюджеттен бөлінетін қаржының

нақты балабақшада мақсатты

жұмсалуын қадағалау. Жаңа технология

арқылы мектепке дейінгі

ұйымдардағы балалардың нақты

қатысуы бақыланып, қағаз құжат

айналымы қысқарады, адами факторға

және сыбайластыққа жол

берілмейді, - дейді Шымкент қалалық

білім басқармасының бөлім

басшысы Перизат Бектайқызы.

Бұл жүйеде әр саусақ ізі үшін бірегей

цифрлық код беріледі. Егер

саусақ ізі сол сандық кодқа сәйкес

келмесе, балабақша есігі бөгде адамға

ашылмайды. Әзірге биометриялық

кесте қаладағы «Күмісай» және

«Сабыр Рахымов» балабақшаларына

кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен

қойылған. Пилоттық жоба ретінде

қойылған қондырғының нәтижесі

оң болса, қаладағы барлық балабақшаларға

қою жоспарлануда.

6

№15 (1657)

Қоғам

www.shymkala.kz

Бақтыбай БЕЙСЕНБАЕВ,

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкіл имамы:

Мешіттің

әрбір жамағаты

– қайырымды

жандар

Қалада жат ағымдармен

күрес

жұмыстары жандана

түскен. Мәселен,

өткен жылы жастармен

605 кездесу ұйымдастырылса,

оған 120

723 адам қамтылған.

19 адам дәстүрлі

дінімізге оралыпты.

Орталық мешіт жанынан

ақылдастар алқасы

құрылған болатын.

Соған сәйкес барлық

ауданда кездесулер

өткізудің нәтижесінде

жаназа рәсімдері

бірізділікке түсті.

Тағабай ҚАСЫМ

tkasym@shymkala.kz

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкіл имамы

Бақтыбай Бейсенбаевтың

айтуынша, биыл да атқарылар

жұмыс ауқымды. Әсіресе,

жат ағымдармен күрес,

мешіттердегі есеп-қисап мәселесі,

жастарды қолдау бойынша

нақты жұмыстар атқарылмақ.

Жастар жылында өкілдік

тарапынан 172 іс-шара ұйымдастыру

жоспарланып отыр.

Өкіл имам өткен жылдағы

негізгі жетістіктерді саралап,

биылғы қолға алынар

жұмыстарды кеңірек әңгімелеп

берді.

– Бақтыбай Қыдырбайұлы,

өткен жылы жүзеге

асқан жұмыстар

жетерлік. Солардың ең

негізгілерінің бірі – жат

ағымдармен күресу екені

мәлім. Осы жұмыстардың

барысын тарқатып айтып

берсеңіз.

– Жалпы, жат ағымдармен

күрес жұмысымыздың

негізгі бағытына айналғаны

рас. 2018 жылы имамдар

тарапынан бірқатар жұмыс

жүргізілді. Жергілікті

әкімдік, құқық қорғау орган

өкілдерінің қолдауымен

көптеген іс-шаралар

өткізілді. Қазір бұл мәселеде

халықтың санасы оянды.

Жат ағым жетегіне ер-

гендерді жүріс-тұрысынан,

сөйлеген сөзінен-ақ аңғаратын

жағдайға жеттік. Дін

саласындағы мемлекеттік

саясат қарқынды жүре бастады.

Оң нәтижелері де баршылық.

Қазір діни ахуал тұрақты.

Бәрі бір мәзһабқа сай

амал етуде. Кімнің адасқан,

бүлікшіл екенін халық

та анық ажырататын жағдайда.

Яғни, халықтың да

сауаты артып келеді.

Дегенмен сақалы, балағын

реттемей жүргендер

көзге түсіп жатқан шығар.

Уақыт сәтімен ол да реттеледі.

Бұл – өткінші нәрсе.

Ислам тарихында бұндай

жағдайлар болған. Дінде

ақ пен қараның аражігі

ажыратылған. Хақ пен нақақ

белгілі нәрсе.

Уағыз-насихат жұмыстары

күш алса, бәрі де дұрыс

жолға түседі деп ойлаймын.

2018 жылы сәләфилік

бағытты ұстанатын азаматтармен

450 рет жеке кездесу

өткізілді. Нәтижесінде,

12 адам ата дініне бейімделуге

бет алды. 6 түзеу мекемесінде

жазасын өтеушілермен

639 кездесу ұйымдастырылса,

оған 8481 адам

қатысты.

12 жоғары, 45 орта арнаулы

оқу орнында 605 кездесу

ұйымдастырылып, оған 120

723 адам қатыстырылды.

Өткен жылы қалада жат

ағыммен күресуге арнайы

маманданған 20 мешіт болса,

қазір олардың саны 34-

ке жетті. Алдымыздағы басты

мақсат – қаладағы 104

мешіттің бәрін де кереғар

ағымдармен күресуге мамандандыру.

Жалпы айтқанда, 2018

жылы 19 адам дәстүрлі

дініміге қайтты. 59 адам

бейімделуде. Биыл да жақсы

нәтиже болады деп ойлаймын.

– Өткен жылы шешімін

тапқан күрделі мәселенің

бірі – имамдарға жалақы

беру, мешітердегі қаржылық

есеп-қисапты жүргізу

болғаны мәлім. Биылғы

жоспарларыңызды білсек...

– Әрине, ондағы басты

мақсат – халықтың мешітке

деген сенімін арттыру

ғой. Мешіттердің қаржылық

есептемелерін жүргізу,

имамдарға жалақы беру

сынды маңызды мәселелер

бойынша биыл да ауқымды

жұмыстар атқару көзделуде.

Республикада алғаш

болып Шымкентте орталықтандырылған

бухгалтерлік

кеңсе жұмыс істей

бастады. Қаладағы барлық

мешіттің кірісі мен шығысын

талдадық. Көбісінде

бухгалтерия жағынан сапалы

жұмыс жүргізілмеген.

10-12 мешітте ғана жұмыс

жүйелі. Сол себептен көп

имамдар жалақы алмаған.

Зейнетақысы мардымсыз.

Мешіттердің нақты бюджеті

жоқ. Осы мәселелерді

шешу мақсатында бухгалтерлік

кеңсе ашылды. 4-5

бухгалтер қаладағы 20-30

мешітке бақылау жүргізеді.

Осы жүйе арқылы имамдарға

жалақы беру, зейнетақы

мәселесін шешу және әлеуметтік

аударымдарды реттеумен

қатар, жоғары деңгейде

әр мешітте қаржылық

көрсеткіштер бойынша бухгалтерлік

есептер жүргізу,

кеңес беру секілді жетістіктерге

қол жеткіздік. 30-дан

астам мешіттің қаржылық

есеп-қисап ахуалы ұялмайтын

жағдайда.

Тағы бір айта кетерлігі,

бізде 27 мешіт цифрландыру

жүйесіне көшті. Қаржылық

операцияларын тікелей

банкпен орындауда. Қазір

есеп-шотына қанша қаржы

түскенін онлайн режимде

көріп отырады. Бұл да

имамдардың сауатын ашуға

түрткі болды.

Қазіргі уақытта имам

осы қоғамдағы ең адал, ең

сенімді, ең құрметті адам

болуы үшін осындай технологияларды

да меңгеруі керек.

Тек Құран оқуды білуі

жеткіліксіз. Аллаға шүкір,

имамдар 2019 жылдан бастап

ел алдында есеп бере алатын

жағдайға жетіп отыр.

Кіріс-шығыс құжаттарының

бәрі реттелді. Біз есеп беруге

дайынбыз. Имамдар да, халық

та ашықтық деген нәрсені

үйренуі тиіс. Заман талабы

осы.

Қазір бұл бағыттағы жұмыстар

реттелді, коммуналды

шығындардың есебін

беруге даярмыз. Мешіттердегі

барлық садақа жәшігіне

өкілдік тарапынан ба-

қылау жүргізіледі. Жәшікке

түскен ақшадан коммуналды

шығындар, имамдардың

жалақысы төленеді.

Яғни, барлық мешіттің жағдайы

өкілдік тарапынан қадағаланады.

Сондай-ақ, талдау жұмыстары

көрсеткендей,

Шымкент халқының жомарт

екенін байқадым. Мешітке

келетін адамдардың бәрі қайырымды

жандар деп айтсақ

болады. Олардың бәрі де

қайырымдылыққа үлес қосып,

түйткілді мәселелерді

шешуде белсенділік танытып

келеді.

– Елімізде 2019 Жастар

жылы болып жарияланды.

Бұл бағыт бойынша

қандай жоспарларыңыз

бар?

– Өздеріңіз білесіздер,

бізде өкілдік жанынан жастар

бөлімі ашылған. Бүгінде

жақсы, нәтижелі жұмыс істеуде.

Бөлім жетекшісі Азамат

Әбдікәрімов өткен жылы

еліміз бойынша жастармен

жұмыс істейтін үздік маман

ретінде танылып, жеңімпаз

атанды. ҚМДБ жолдамасымен

умра-қажылыққа барып

қайтты.

Елбасы жастарға көңіл

бөліп отырғаннан кейін

еліміздің бас мүфтиі де 2019

жылды «Ислам және жастар»

жылы деп жариялады.

Біз де жастарды Исламның

көптеген құндылықтарына

баулуды мақсат етіп отырмыз.

Қалада биыл бұл мақсатта

170 іс-шара өтеді. Барлық

мешіттер ұйымдаса бір

мүдде, бір мақсат аясында

жұмыс істейді. Жастарға

көңіл бөлінсе, жат ағымның

жетегіне ілесу да болмайды.

Діннің мақсаты да осы – қоғамдағы

игі істердің басында

жүру, жамандықтың алдын

алу. Қайырымдылық

іс-шараларына көптеп атсалысуды

да көздеп отырмыз.

Көп балалы отбасыларға

үй әперіп жатырмыз.

Қоғамда күрделі жағдайлардың

шешілуіне өз тарапымыздан

мейлінше үлесіміз

болуы керек.

Жалпы, биылғы атқаратын

жұмыс бағытымыз

белгілі. Ол – имамдарды

толық айлықпен қамтамасыз

ету. Биыл 200-ге жуық

жат ағым мүшесін дәстүрлі

дінімізге қайтару да жоспарда.

Осы бағытта барлық мекемемен

тығыз жұмыс істесек

дейміз.

Жалпы, қалада 104 мешіт,

1 медресе-колледж, 1 қарилар

дайындау орталығы, 256

мешіт қызметкері тіркелген.

Мешіттердің барлығында

рухани іс-шаралар ұйымдастырылады.

54 мешітте сауат

ашу курсы жұмыс істейді.

Жалпы, қаладағы мешіттерде

5003 адам діни сауат

ашып жүр.

Жастарды имандылыққа

ұйыту, жат ағымдардан

сақтандыру, дәстүрлі діннің

құндылығын түсіндіру, сол

арқылы салауатты қоғам қалыптастыруға

ықпал ету—

біздің жұмысымыздың басты

мақсаты.

– Әңгімеңізге рақмет!

Ислам - бірлік пен толеранттылыққа шақыратын дін

Ислам – тыныштық,

бейбітшілік,

діндер аралық толерантты

татулық

діні. Алайда елдің

арасына іріткі салып

жүрген кейбір деструктивті

теріс пиғылды

діни ағымдар

бар.

Қасиетті Құран Кәрімде:

«Бүлік шығару кісі өлтіруден

де ауыр күнә» (Бақара сүресі.

191 аят) дейді. Теріс пиғылды

діни ағымдар елдің арасына

бүліктерін заманның

ағымына орай ғаламторда-

ғы әлеуметтік желілерді

пайдаланып, таратып, өздерінің

қатарларына өскелең

жастарды арбауда.

Жастарымыз діни сауатсыздықтың

салдарынан

әлеуметтік желілердегі ақпараттарды

көзсіз қабылдап,

мән-жайдың ақ-қарасын

ажырата алмауда.

Соның салдарынан кейбіреулері

үйінде-ақ отырып,

экстремист атанып, сотты

болуда. Соның бір айғағы

өткен жылы Шымкент қаласында

жиырмадан астам

азамат қамауға алынды.

Бұл азаматтар мұндай

шалыс қадамға не үшін,

неліктен барды деген заңды

сұрақ көкейімізді мазалайтыны

рас. Оның басты

себептерінің бірі ғаламтор

желілеріндегі экстремистік

идеяларды тарататын

сайттардың еркін әрі

қолжетімділігі де маңызды

себептердің бірі болып

табылады. Ғаламтор желілеріндегі

сайттардың ықпалымен

шет елден діни

білім алған псевдошейхтардың,

псевдоғалымдардың

уағыздары арқылы

қаншама сана уланып,

қаншама жас өскелең ұрпақтың

өзінің дәстүрінен,

ділінен, ұлттық менталитетінен

сусындамай өсіп

жатқаны ойландыратын

мәселе. Шетелде отырған

псевдошейхтардың уағыздары

қажылыққа немесе

умраға барған уақытта аудиоларға

жазбаларға басылып,

В Контакте, Telegram

әлеуметтік желілеріне жүктеліп,

таратылуда. Бұл уағыздар

еліміздің Қылмыстық

кодексінің 174-бабы 1-

тармағына қайшы болғандықтан,

құқық қорғау органдары

тарапынан кері

ағым ұстанушы азаматтарға

қарсы профилактикалық

ісшаралар жүргізілуде.

Бектұрсын

Омарбаев,

Шымкент қаласы

ішкі саясат және

дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін

зерттеу орталығы»

КММ дінтанушы

маманы

Әлеумет

www.shymkala.kz

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

7

қоғам дерті Халық және билік жолдау жүгі

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіпөркендеп,

мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік

пайда болған жерлерге тамырын жайып,

бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас

жемқорлыққа жол жоқ

Бұл кесел дамушы елдердегідей

біздің жас мемлекетімізге

де орасан зор нұқсан

келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес туралы» Заң талабының

аясында жемқорлыққа

қарсы іс-әрекеттер әр салада

жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық

парақорлық дертімен жиі

бетпе-бет келеді. Сондықтан,

кез келген ортада пара беру

мен пара алудың жолын кесуде

қоғам болып белсенділік

танытуымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің

сыбайлас жемқорлық

қылмыстар және осы тұрғыдағы

құқық бұзушылықтарға бой

алдыруының себебі көп. Оған

ең алдымен қызметшілердің

білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының

төмен болуы әсер

ететін болса керек. Кей мемлекеттік

қызметшілердің құқық

бұзушылыққа немқұрайлылық

танытуы, кәсіби әдептілігінің

жетіспеуі, жеке басының қамын

ойлауы да парақорлықтың

дендеуіне септігін тигізуде.

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік

орган басшыларының

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

заң талаптарын атқаруда

ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі

де жемқорлықтың тамырын

тереңдете түседі.

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға

таралу жолдарын кесіп,

оның ұлғаюына жол бермеу керек.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері

бойынша тиісті шара

қолданудың негізі – ол азаматтардың

арыз-шағымы. Мемлекетіміздің

әрбір азаматы Қазақстан

Республикасының

Конституциясын және заңдарын

сақтауға, басқа адамдардың

құқықтарын, бостандықтарын,

абыройы мен қадір-қасиетін

құрметтеуге міндетті.

Қоғамға қауіп

төндіретін құбылыс

Н.Бөрібеков,

Шымкент қаласы жер

қатынастары және жердің

пайдалануы мен қорғалуын

бақылау

басқармасының

бас маманы-мемлекеттік

инспекторы

Мемлекеттік қызметші ең алдымен халықтың

адамы. Сондықтан ол сыбайлас жемқорлыққа

жол бермеуі қажет.

Осы орайда Шымкент қаласының

ауыл шаруашылығы

және ветеринария басқармасының

«Ұйымдастыру-құқықтық

және әкімшілік бөлімі» тарапынан

басқарма басшысымен

және басқарма басшысының

орынбасарлары, басқармаға қарасты

мекеме қызметкерлерімен

сыбайлас жемқорлыққа

қатысты семинар-тренингтер,

дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.

Халыққа түсіндірме

жұмыстарын жүргізу мақсатында

арнайы медиа-жоспар

түзіліп, бұл бағытта биыл

да іс-шараларды күшейткелі

отырмыз.

«Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

аясында жемқорлыққа қарсы

іс-әрекеттер әр салада жүзеге

асырылуда. Қазақстанда

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрестің тарихы 1992 жылы

«Қылмыстың ұйымдасқан түріне

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күресті күшейту

жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан

Республикасы Президентінің

Жарлығынан басталған.

Сол уақыттан бастап жемқорлыққа

қарсы жұмыстар қарқынды

жүргізіліп келеді.

Малик Арман,

Шымкент қаласы ауыл

шаруашылығы

және ветеринария

басқармасының

«Ұйымдастыру

құқықтық және

әкімшілік»

бөлімінің басшысы

Тағдыр тәлкегі

Мұндай күйге олар

өз қалауымен түспейді

Бақытсыздыққа біреулер

өз аяғымен барады,

ал енді біреулер

өзгенің таяғымен бейшара

күй кешуде. Қайыр тілеп,

қоқыс жағалаған кезбелік

тағдыр да осылай.

Әдетте көп қабатты үйлердің

жертөлелері, қазаншұңқырлар,

темір жол бекеті маңы мен қоқыс

алаңдарын, базар ішін жағалайтын

белгілі тұрағы жоқ қаңғыбастар

бүгінде қоғамның бір

бөлшегіне айналған. Үй-күйсіз

тентіреп, қолына іліккен асты

қорек етіп күнелтіп жүрген

қаңғыбас кезбелердің бірденбір

паналайтын жылы орны

Шымкент қаласы әкімдігінің

«Өмірлік қиын жағдайға түскен

адамдарды әлеуметтік бейімдеу

орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі болып

табылады. Осындай қаңғыбаскезбелерді

анықтап, мекемеге

жеткізу мақсатында ұтқыр

әлеуметтік патруль қызметі жұмыс

жасайды. Қаңғыбас-кезбелердің

жүретін жерлерін анықтап

оларды орталыққа жеткізгеннен

кейін, осы азаматтардың

жеке басын анықтау, медициналық

тексерістерден өткізу,

жылы төсек-орынмен қамтамасыз

ету, қажеттілігіне қарай

түрлі әлеуметтік көмектер

мен құқықтық көмектер көрсетіп,

қалыпты өмір салтына

қайта алып келу үшін жұмыстар

жүргізіліп отырады.

Әлеуметтік патруль қызметі

жергілікті атқарушы органдармен,

ішкі істер бөлімі

қызметкерлерімен бірлесе отырып

қаңғыбастарды, олардың

жеке басын анықтау мақсатында

ауқымды рейдтік іс-шаралар

өткізіп отырады.

Әрине мұндай күйге олар

өз қалауымен түспейтіні анық.

Бірінің барар жері, басар тауы

болмағандықтан осындай жолға

түссе, бірі ащы судың жетегінде

жүрген жауапсыз отбасыларында

тәрбиеленіп, өмірін көшеде

қаңғыбастықпен өткізгендер.

Енді бірі жалғыз сүйеніші

балаларынан айырылған қартаң

кісілер. Қазіргі таңдағы экономикалық

теңсіздіктен барынан

айырылып далада қаңғып қалып

жатқаны қаншама.

Тағдыр тәлкегіне түскен

осындай жандар қоғамның қасіретті

бір бөлшегі екенін көргенде

көңіл тұнжырайды.

Д. Сабитова,

Шымкент қаласы

әкімдігінің

«Өмірлік қиын жағдайға

түскен адамдарды

әлеуметтік бейімдеу орталығы»

КММ-нің

Ұтқыр әлеуметтік патруль

қызметі маманы

Үйлердің сапасын

қатаң қадағалау қажет

ҚР Парламент

Мәжілісінің депутаты

Тұрғын Сыздықов

Шымкент қалалық

энергетика және коммуналды-шаруашылық

басқармасы

басшылығымен

кездесті. Жиында айтылған

басты мәселе – тұрғын

үй коммуналды-шаруашылық

саласын жаңғырту,

бақылауды күшейту.

Тұрғын Ысқақұлының айтуынша,

тұрғын үй коммуналды-шаруашылық

туралы

жаңа заң Парламентте қаралып

жатыр. Оның сөзінше,

бүгінде салынып жатқан

кейбір үйлердің құрылысы сапасыз

жүргізілуде. Ол туралы

БАҚ-та жазылуда. Яғни, осы

бағытта қадағалауды күшейту

керек.

онкүндік

Шымкент қаласының

білім

басқармасына

қарасты №126 «Айнатас»

негізгі орта

мектебінде «Өзін-өзі

тану: Махаббат пен

шығармашылық педагогикасы»

атты он

күндік өтті.

мәмс жүйесі

Акция

Құрметті Шымкент қаласының

тұрғындары!

Сіздерді «Қайырымдылық-ізгі

іс» атты акциясына

шақырамыз!

Қайырымдылық-мұқтаж

жандардың қажетін өтеудегі

ізгіліктің нақты көрінісі

болып табылады.

Шымкент қаласы

әкімдігінің «Өмірлік қиын

жағдайға түскен адамдарды

әлеуметтік бейімдеу орталығы»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесі Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылдың

16 наурызындағы №408 санды

қаулысына сәйкес құрылған.

Шымкент қаласы үшінші

мегаполис атына сай дами

түсуі тиістігін айтқан

Мәжіліс депутаты осы салаға

назар аударуды міндеттеді.

Яғни, қалада ПИК (пәтер

иелері кооперативі) құру

керегін, үйлерді басқарудың

тетіктерін дұрыс ұйымдастыру

керегін айтады.

– Өңірлерге келудегі басты

мақсат – халықтың мұңмұқтажын

тыңдау, әлеуметтік

жағдайды саралау.

Шымкентте біраз мәселелерден

хабардар болдым.

Шаһарды дамытуда үлкен

жоспарлар жасалып, жұмыс

атқарылып жатыр. Жалпы,

Шымкент – әлеуеті зор

қала. Ендігі ретте қаланың

дамуы да өз қолдарыңызда.

Осы мақсатта жұмыла кірісу

керек, – деді Мәжіліс депутаты.

Ә.АЙТӨРЕ

«Алтын жүрек анамыз!»

2020 жылдан бастап елімізде енгізілетін міндеттіәлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты

тұрғындардан келіп түсіп жатқан сауалдар

аз емес.

Жедел жәрдем қызметі

жарнасыз көрсетіле ме?

Осыған орай қалалық №12

емхана қызметкерлері Әлеуметтік

медициналық сақтандыру

қорының Шымкент қалалық

филиалы мамандарымен

бірге тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру

жұмыстарын

жүргізуде. Осы тұрғыда жиі

қойылатын сауалдарды топтастырып,

жауабын ұсынуды

жөн көрдік.

МӘМС Қазақстанның барлық

сақтандырылған азаматтарына

жынысына, жасына, әлеуметтік

мәртебесіне, тұратын

жеріне және табысына қарамастан,

әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының қаражаты

есебінен медициналық және

дәрілік көмекке тең қол жеткізуге

кепілдік береді.

Азаматтар тарапынан «Медициналық

сақтандыруға жарна

құймаса, жедел жәрдем қызметіне

жүгіне алмай ма?» деген

сауал жиі қойылады. Осы

тұрғыда азаматтар сақтандырусыз

жедел жәрдем шақыра

алатынын бөле-жара айтқымыз

келеді. Мемлекет тарапынан,

бұдан бөлек, айналасындағыларға

қауіп төндіретін

санатқа жатқызылған бірқатар

дерттер бойынша міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

болуына қарамастан

емдеу жүргізіледі.

Ал аударым сомасы көрсетілетін

медициналық көмектің

көлеміне әсер етпейді. Себебі,

«Жиналған қаржы ем-домға

жете ме?» деген сауал туындауы

мүмкін. Бұл дәрігердің

әр қабылдауына шамамен 3000

теңге төлеуге қарағанда тиімді

деп айтқан болар едік.

МӘМС жүйесіне кіру үшін

емханаға тіркелу қажет, әрі қарай

электрондық үкімет сайтында

өз мәртебесінің берілгенін

egov.kz арқылы тексере

алады.

Е.ЖӘНІБЕКОВ,

Шымкент қалалық

№12 емхананың

бас дәрігерінің

орынбасары

Мекемеге кәмелетке толған

қызмет алушылар, оның ішінде

түрлі себептер бойынша жеке

басын куәландыратын құжаттары

жоқ , баспанасы жоқ немесе

одан айырылған адамдар

қабылданады. Мекемеге келіп

түскен қызмет алушылардың

үстіндегі киімдері тегіс шешіп

алынып, санитарлық-эпидемиологиялық

талапқа сай өртеледі.

Аталған азаматтарды

киім-кешекпен қамтамасыз ету

мемлекет тарапынан ешбір нормативтік

құқықтық актілер бойынша

реттелмеген.

Осыған орай, өмірдің ауыр

соқпағына ұшыраған, қиын

Қазіргі кезде жас ұрпақтың

білімін арттырып, оқушылардың

бойында адами

құндылықтарды, мінез-құлық

, ұлттық қасиеттерді

қалыптастыруда – Өзінөзі

тану пәніннің атқаратын

орны ерекше. Білім берудің

негізгі мақсаты –адамға

белгілі білімді ғана емес,

адамның адамгершілігін жан

дүниесінің мәнін ашу, дамыту.

Осы орайда мектеп кітапханасында

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік

бағдарламасының

авторы С.А.Назарбаеваның

кітаптары мен қазақстандық

және әлемдік ойшылдардың,

педагог-гуманистердің

шығармаларының

көрмесі ұйымдастырылды.

Өз бойындағы асыл қасиеттерді

ашуға ұмтылу адамды

жақсарта түседі. Жақсы қасиет-

жадыңызда жүрсін

Су тасқыны

болған кезде ...

Егер сіз өзіңізді жекелеген

қаупсіздік шараларымен қамтамасыз

еткіңіз келсе:

• Су толқынының бірінші

соққысында-ақ құлап қалмайтын,

мықты баспаналар мен

жайлар тұрғызыңыз;

• Барлық отбасы мүшелерін

жүзуге үйретіңіз;

• Жеке қайығыңыздың болуы

маңызды (дұрысы екеу:

біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);

• Жақын маңдағы ең биік

нүктемен таныс болыңыз;

• Жақындап келе жатқан

апат жөнінде хабар беру жолдары

мен тәсілдерін білуіңіз

керек.

• Егер сіз су басу аймағында

қалған болсаңыз:

• Үйдегі газ, электр көздерін

және суды өшіріп, жанып

тұрған пешті сөндіріңіз;

• Үйдегі қымбат әрі бағалы

заттар мен бұйымдарды

жоғарғы қабатқа немесе шатырға

шығарыңыз;

• Терезелер сынбау үшін

Кимейтін киім-кешектеріңіз болса...

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс

пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы

мемлекет тарапынан барлық салаға барынша қолдау

көрсетілетіндігінің дәлелі.

Елбасы Жолдауы -

Жастарға қолдау!

өмірлік жағдайға тап болған

азаматтарды киім-кешек (қысқы-жазғы

киім,қысқы-жазғы

аяқ-киім және т.б) қажеттіліктерін

қамтамасыз етуге қайырымдылық

және демеушілік

көрсету үшін көмек қолдарыңызды

созуға шақырамыз.

Мемлекеттік мекеменің

мекен-жайы: Шымкент қаласы,

Әл-Фараби ауданы, Забадам

шағын ауданы, Б.Саттарханов

көшесі, 3 А үй. Индекс

160001

Тел: 50-56-10

Факс: 50-56-10

Электрондық пошта:

reab2010@mail.ru

Әсіресе Елбасымыз еліміздің

болашағы жастарға ерекше

көңіл бөліп, 2019 жылды – Жастар

жылы деп жариялауы - жастардың

болашағына салынған

алтын сүрлеу десе болады.

Шымкент қаласы Төтенше

жағдайлар департаменті Өрт

сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінде жастарды

кәсіби тұрғыда шыңдау,

шеберліктерін арттыру, тәрбиелеу

мақсатында құрылымдар

құрылып, тәлімгерлік жасалуда.

Жастарды ел игілігі үшін еңбек

етуге, патриоттыққа баулу, салауатты

өмір салтын ұстануға

тәрбиелеу–құрылымның құрамындағы

офицерлік, қатардағы

және кіші басшы құрамның,

тәлімгерлік және әйелдер кеңестерінің

басты бағыты. Бұл бойынша

құрылымдар өз жұмыстарын

тұрақты түрде жүргізуде.

Семинарлар, жиындар, түрлі

сала мамандары мен ардагерлердің

қатысуымен кездесулер

ұйымдастырылуда. Сонымен

қатар, қызметкерлеріміз түрлі

спорттық жарыстар өткізіп, салауатты

өмір салтын ұстануды

дәстүрге айналдырған. Өйткені

әрбір азамат өздері атқаратын

жұмыс орындарында ұйымшылдықтың

жарқын үлгісін көрсетулері

тиіс.

А. Алтынбеков,

Шымкент қаласындағы

№ 4 өрт сөндіру бөлімі

бастығы азаматтық қорғау

подполковнигі

терді тек жақсы іс-әрекеттерді

жасау арқылы дамыта алады.

Көрмеге 5-9 сынып оқушылары

қатысты. Оқушылар Абай Құнанбаевтың,

Шәкәрім Құдайберді

ұлының, және тағы басқа қазақ

зиялыларының өлеңдерін жатқа

оқыды.

С.А.Назарбаеваның өмірбаянын

таныстырып, жазған

шығармаларынан үзінділер

оқыды.

Перизат Дарменова,

№126 «Айнатас» негізгі

орта мектебінің мұғалімі

Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін

қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына

байланысты болады

және үйге қалқып жүрген қоқыстар

кірмеу үшін бірінші қабаттағы

терезелер мен есіктерді

тақтаймен немесе фанермен

мықтап шегелеп жаб

қажету;

Үй жануарлары тұрған қоралардың

есігіндегі ілгектерді

ашып қою керек.

Су тасқыны аяқ астынан

болған жағдайда, ең алдымен

жылы әрі су өткізбейтін киім,

көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты

жердегі ешқашан су

алмаған биік жерге шығыңыз.

Егер ондай жер жоқ болса,

онда қайықты және басқа да

жүзіп шығуға болатын нәрселерді

дайындаңыз.

Су тасқыны басылған соң

үзілген немесе салбырап тұрған

электр сымдарынан, бүлінген

газ құбырларынан сақтану

керек. Құлауға шақ тұрған

үйге кіру қауіпті.

Н.Балқыбек,

№3 ӨСБ-нің қарауыл

бастығы а.қ лейтенанты

Шымкент қалалық

сотының ұжымы мен

Шымкент қалалық

Судьялар одағының филиалы

Ұлы Отан соғысының

ардагері, Қазақстанның

құрметті судьясы

Айтжан

Тассейітұлы

Бекназаровтың

қайтыс болуына

байланысты марқұмның

отбасына қайғысына

ортақтасып, көңіл

айтады.

8

№15 (1657)

22 ақпан 2019 жыл

Әр алуан

www.shymkala.kz

Тұсаукесер

Жастармен кездесті

«Жүректің сөзі» жүрекке

жетсін

«Қазақ боксы

өз биігінен түспек емес»

Қазақ елінің боксшылары әр Олимпиада ойындарында

тұрақты нәтижеге жетіп жүр. 2000 жылғы Сидней

олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов

Токио Олимпиадасында біздің жігіттер 2 алтын алуға

мүмкіндігі барын айтады. Шымкент қаласының жастарымен

кездескен қазақ спортына еңбек сіңірген тұлғалары

жастар тәрбиесі, спортта жетістікке жету, алға

мақсат қоя білу жөнінде тағылымды әңгіме өрбітті.

Жастар үлкендерге қарап бой

түзейді. Шымкент қалалық «Жастар

ресурстық орталығы» қазақ

спортының саңлақтары, ел мақтаныштарымен

кездесу ұйымдастырды.

Шымкент қаласының құрметті

азаматы, спорт қайраткері

Ақжол Асқаров, Сидней Олимпиадасының

чемпионы Ермахан Ыбырайымов,

бокстан әлем чемпионы

Біржан Жақыпов, сонымен қатар

«Сұңқар» лақап атымен танылған,

жауынгерлік самбодан үш дүркін

әлем чемпионы Арман Оспанов

шымкенттік жастармен жүздесіп,

Футбол

емін-еркін сұхбаттасты.

Спорт қайраткерлерімен кездесуге

қаладағы 9 білім мекемесінің

жастары жиналды. Жиынның басты

мақсаты– жастардың көкірек

көзін ашып, дұрыс бағыт-бағдар

беру, жігерлендіру.

Жиырма жылдан аса облыстың

аға бапкері болған Ақжол Асқаров

жастарға өз бақыттары өз қолдарында

екенін ұқтырды. Қазіргі

жастардың жетістікке жетуіне барлық

жағдайы бар. Ол үшін уақытты

бекерге өткізбей, саламатты

өмір салтын ұстану қажет.

«Ордабасы»

екі жаңа

ойыншымен

толықты

Шымкенттің «Ордабасы»

футбол клубы екі

жаңа ойыншымен толықты.

Олар — бразилиялық жартылай

қорғаушы Жоао Пауло мен оңтүстікафрикалық

жартылай қорғаушы

Мая Махлангу.

Қазақ елінің көк туын екі Олимпиада

ойындарында желбіретіп

қайтқан Ермахан Ыбырайымовтың

да айтар ойы осыған саяды.

Әйгілі боксшы тарихтан сыр тартып,

қазақ боксының бүгінгі дамуы

жөнінде әңгімелеп берді.

– Қазақ боксы өз деңгейінен

түспейді. Қазіргі дамуына көңілім

толады. Өз жерлестеріңіз Мырзағали

Құланұлы да бас бапкерлікті

абыроймен атқарып, табысты еңбек

етті. Біз оған ризамыз. Біздің

құрама әлемдегі тұрақты нәтиже

көрсететін құраманың бірі. Енді

Токио Олимпиадасында 2 алтын

алуға мүмкіндік бар. Жалпы, өмірде

табанды мақсат қоя білетін жас

қана жетістікке жетпек. Мен барлық

кездесуде осыны айтамын, –

дейді Сидней Олимпиадасының

жеңімпазы.

Кездесуде кеш қонақтары алдағы

ой-жоспарларымен бөлісті,

ал жастар ел мақтаныштарына

өздерін мазалаған сұрақтарын

қойды.

Шымкент қалалық «Жастар

ресурстық орталығының» КММ

директоры Нұрдәулет Тәңірбергеннің

айтуынша, кездесудің басты

мақсаты – жастарға тәлім тәрбие

беру, білімге, спортқа тарту,

адамгершілікке баулу. Жиын соңында

қонақтарға сый-құрмет көрсетілді.

Ақжол Асқар атамыз Таиланд

еліне жол жүргелі отырған

Арман Оспановқа батасын беріп,

ақ жол тіледі.

Ә. АЙТӨРЕ

Суретке түсірген

А. ДИДАРБЕК

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында

Қазақстанның құрметті журналисі,

жазушы, баспагер, драматург Захардин

Қыстаубайұлының «Жүректің сөзі» кітабының тұсаукесері

рәсімі өтті.

әдеби кеш

Парасаты биік

қаламгер

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында

Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы оқушыларының

қатысуымен Саттар Ерубаевтың туғанына 105 жыл толуына

орай «Парасаты биік қаламгер» атты әдеби кеш өтті.

қайда демаламыз

Жиын Елбасының «Рухани жаңғыру»

сериясымен арнайы жоба бойынша

шығарылған кітаптармен

таныстырып, жастарға қазақ әдебиетін

насихаттау, ұлттық құндылықтарды

дәріптеу, жастардың бойына

отансүйгіштік қасиеттерді

қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Тұсаукесерге қатысқан халықаралық

«Алаш» сыйлығының лауреаты

Еркінбек Тұрысов, халықаралық

«Алаш» сыйлығының иегері

Мархабат Байғұт, Қазақстанның

құрметті журналисі Байдулла

Қонысбек, халықаралық әдеби сыйлықтың

иегері Нұрмахан Бегалыұлы,

профессор Бегман Ысқақ сияқты

зиялы қауым өкілдері жазушы

туралы естеліктерімен бөлісті.

«Қаламгер» қоғамдық бірл

е с т і г і н і ң т ө р а ғ а с ы М о м б е к

Әбдіәкімұлы Захардин Қыстаубайұлына

«Үздік шығарма үшін» медалін

тағып, қалалық жасөспірімдер кітапханасының

директоры Закира

Сембекқызы кеш иесіне Шәкәрім

Құдайбердіұлының кітабын сыйға

тартты.

Кеш соңында жастар «Айтбай –

Мария» деректі пьесасынан үзінді

қойды.

Айта кетейік, Захардин Қыстаубайұлы

– «Қос рельс», «Ақ

түн», «Бәйтеректер», «Жүректегі

жүзік», «Алматының ақ жауыны»,

«Сүйріктің махаббаты» атты кітаптардың,

«Таңшолпан», «Аспиранттың

ақ шымылдығы» секілді пьесалардың

авторы.

А.Асанәлі

Оқырмандарға жазушының өмірі

мен шығармашылығын таныстыру,

талантты тұлғаның рухына тағзым

етіп, рухани тәрбие беру мақсатында

«Өмірге сүйген жардай ғашық

болған» атты бейнеролик, «Жарқ

еткен жарық жұлдыз» деген тақырыпта

слайд көрсетіліп, ақынның

кітаптарына шолу жасалды. Белсенді

оқырмандарымыз ақын өлеңдерінен

«Үш шахтер туралы», «Меруерт

алқа», «Көктем туралы», «Орамал»,

«Достық жыры» әдеби композиция

жасап, «Не айтар еді» шығармасынан

көрініс көрсетті, сондайақ

ақын өлеңдеріне жазылған әндер

орындалды.

Ісшара соңында оқушылар жазушының

шығармашылығына байланысты

сұрақтарға жауап беріп, белсене

қатысқан оқырмандар алғыс

хаттармен марапатталды.

Л.Сүлеева,

Ы.Алтынсарин

атындағы облыстық балалар

кітапханасының

кітапханашысы

31 жастағы Жоао Пауло Бразилия

футбол мектебінің тəрбиеленушісі.

Жартылай қорғаушы

Болгарияның екі дүркін чемпионы

атанып, бір рет Суперкубокқа

қол жеткізген. Ойыншымен еңбек

келісімі 2019 жылдың қараша

айына дейін жасалған.

Ал Май Махлангу ОАР ұлттық

құрамасының жартылай қорғаушысы.

Жартылай қорғаушы швециялық

«Хельсинбург», «Хассельхолм»

жəне «Гётеборг», одан бөлек,

түркиялық «Коньяспор»,

бельгиялық «Сент-Трейден» мен

бухаресттік «Динамо» командаларында

өнер көрсеткен.

Жеткен жетістіктеріне тоқталатын

болсақ, екі дүркін Швеция

чемпионатының үздік ойыншысы,

Швеция чемпионатының жеңімпазы,

Швеция кубогы мен Суперкубогында

екі реттен жеңімпаз атанған.

«Ордабасы» мен «Лудогорец»

клубтары арасындағы Мая Махлангуды

жалға алу келісімі 2019

жылдың қараша айына дейін қарастырылған.

Д. АЙБАР

Сатира театры

«Қызыл алма» комедиясы

21-22 ақпан, сағат 19:00-де.

Жұмат Шанин атындағы қазақ

драма театры

Премьера!

У.Шекспир «Гамлет» қойылымы

27-28 ақпан, сағат 18:30-да

М/ж: Нұрсәт ш/ауд., Астана даңғылы, 6.

Анықтама тел: 77-10-37, 77-10-43

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

С´бит ТАСТАНБЕК

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 77-52-02, 77-52-22 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 546 Таралымы: 9010 дана

Кезекшi редактор – Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!