30.07.2019 Views

30 шілде, 2019 жыл№85 (15405)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл

ӘЛЕУМЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ғаламдық эстафета - біздің аймақта

«Бейбітшілік жүгірісі» ғаламдық эстафетасының алауы Павлодар

облысына жетті. Өткен аптада Ресей, Беларусь және Латвия елінің

оннан астам марафоншысы Қазақстан шекарасынан өтті. Отыз

жылдық тарихы бар алау эстафетасы биыл Железин, Тереңкөл,

Аққулы аудандары мен облыс орталығын қамтыды. Спортшылар

бір айдың көлемінде Қазақстан мен Ресейдің аумағында

3,5 мың шақырым жолды жүгіріп өтпек.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Салауатты өмір салтын насихаттау

мақсатында қолға алынған дәстүрлі ғаламдық

алау эстафетасының қатысушылары Железин

ауданының Ресеймен түйіскен шекарасынан

өтті. Құрамында солтүстік көршілерімізден

бөлек Беларусь, Латвия елінің марафоншылары

бар топқа аймағымыздың спортшылары

да қосылды. «Бейбітшілік жүгірісінің» алауы

Тереңкөл ауданын басып өтіп, Павлодар

қаласына жетті. Облыс орталығында

«Қазқонақ» табиғи ескерткішінде, Мемлекеттік

рәміздер, Жеңіс саябағындағы мәңгілік

алау алаңында аялдады. Кейіннен Аққулы

ауданына ат басын бұрды. Жол - жөнекей

эстафеташылар жергілікті тұрғындармен,

жастармен жүздесіп, отыз жылдық тарихы

бар ғаламдық эстафетаның мақсатын,

маңыздылығын айтып берді.

- Ғаламдық алау эстафетасының ауқымы

жылдан-жылға артып келеді. Көршілес

мемлекеттер арасында зор қызығушылыққа

ие болуда. Тіпті, әлемнің өзге елдерінің

спортшылары да осы марафонға қатысуға

ниет білдіріп отыр. Мысалы, келесі жылы

біздің қатарымызға Жаңа Зеландия елінің

өкілдері қосылады. Осы шара арқылы

тек спорттың маңыздылығын түсіндіріп

қана қоймай, халық арасында бірлік пен

ынтымақты насихаттаймыз. Себебі қай

елдің тұрғындары болмасын бейбіт қоғамда

өмір сүргілері келетіні сөзсіз, - дейді

ғаламдық алау эстафетасының үйлестірушісі

Александр Арнст.

«Бейбітшілік жүгірісі» 22 шілде күні

Ресейдің Омбы қаласында бастау алған

болатын. Ол алдағы тамыз айының 20-сына

дейін жалғасады. Осы аралықта эстафета

қатысушылары Омбы, Новосібір, Алтай

өңірі, Павлодар және Шығыс Қазақстан

облыстарының аумағынан жүгіріп өтпек.

Ғаламдық алау эстафетасы жалпы

3,5 мың шақырымды қамтиды. Спортшылар

жолда бір-бірін алмастырып отырады.

Әр марафоншы күніне орта есеппен

15-40 шақырымды бағындырады.

- Мен ғаламдық алау эстафетасына

қатарынан алтыншы жыл қатысудамын.

Бұл - жаныма жылулық сыйлайтын ерекше

шара. Себебі ниеттес спортшылармен

С

бірге бірнеше елдің аумағынан жүгіріп

өтіп, жүздеген тұрғындармен жүздесеміз.

Олардың бізді достық ниетпен құшақ жая

қарсы алғанын көріп, ерекше шабыттанамын,

күш жинаймын. Өзім де адамдарға

қуаныш сыйлауға тырысамын, - дейді эстафета

қатысушысы, латвиялық спортшы

Гундега Гаиле.

Бір ерекшелігі, биыл аталған алау

эстафетасы бір уақытта бірнеше бағыт

бойынша жүруде. Соның ішінде, «Бейбітшілік

жүгірісінің» өкілдері жердің оңтүстік жартышарын

айналып өтетінін атап өткен жөн.

Халықаралық марафоншылар Тынық және

Атлант мұхитында орын тепкен шағын

аралдардағы мемлекеттердің, Австралия,

Оңтүстік Америка, Африка елдерінің аумағынан

жүгіріп өтпек.

ЛАГЕРЬ-2019

Шеттегі қазақ балалары - Павлодарда!

Өткен сенбі күні Павлодар облысына Моңғолия мемлекетінен 14 оқушы демалуға келді. Оларды

облыс әкімдігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар

облыстық филиалы және білім беру басқармасының өкілдері салтанатты түрде құшақ жая қарсы

алды. Сондай-ақ, республикалық «Батаменен ел көгерер» байқауының жеңімпазы Балтабай Сыздықов

балаларға ақ батасын беріп, демалыстарын сәтті өткізуге тілектес екенін білдірді.

Нұржайна ШОДЫР

Шетелден атажұртына саяхат жасаған

қазақ балалары Баянауыл баурайындағы «Жас

дәурен» облыстық сауықтыру орталығына

аттанды. Мұнда оқушылар екі апта бойы

демалып, ауданның киелі әрі көрікті жерлерін

аралайтын болады.

- Елбасы елімізде ұйымдастырылған

Дүниежүзі қазақтарының барлық құрылтайында

сөйлеген сөзінде төрткіл дүниеге тарыдай

шашылған қазақ балаларын қолдауға

Қазақстан тарапынан жан-жақты мүмкіндік

жасалатынын, олар ешқашан елеусіз,

ескерусіз қалмайтынын айтқан еді. Тұңғыш

Президентіміздің Дүниежүзі қазақтарының

V-ші құрылтайындағы тапсырмасына сәйкес,

2018 жылы «Шетелдегі этникалық қазақтарды

қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары» бекітіліп, елімізде

«Отандастар» қоры құрылды.

Біздің қауымдастық пен аталмыш қор

тарапынан елге оралған және шет мемлекетте

тұратын қазақтарды қолдау мақсатында

көптеген республикалық және халықаралық

іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның

дәлеліндей, осы жылдың ақпан айында Павлодар

облысы әкімдігі мен «Отандастар» қоры

екі жақты меморандум жасасқан болатын.

Міне, нәтижесінде, облыстық білім беру

басқармасының арнайы квотасы бойынша

14 бала келді. Жалпы, осы жолы Моңғолия

мемлекетінің астанасы Ұланбатырдан және

Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан атажұртқа

алғаш рет 80 бала мен 4 мұғалім жазғы

демалысын өткізу үшін келіп отыр. Олардың

қатарында 5-9-сыныптарда оқитын оқу

озаттары, республикалық олимпиада

жүлдегерлері, талантты спортшылар, өнер

иелері және көпбалалы отбасыларының

балалары бар. Атамекенін алыстан аңсап

келген қандастарымыздың әр күнін көңілді

өткізуі үшін барлық жағдай жасалуда, -

дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар

облыстық филиалының басшысы Болат

Заутұлы. Оның айтуынша, 62 оқушы мен

3 мұғалім Көкшетау қаласының Бурабайындағы

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру

орталығына жіберілген. Ал аймағымызға

келген моңғолиялық жеткіншектер көңілді

демалумен қатар, «Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығы» РҚБ-нің облыстық филиалы

ұйымдастырған қызықты іс-шараларға

қатысады деп жоспарлануда.

- Бұл балалар еліміздің жеткен жетістіктерін

көзбен көріп, Павлодар қаласындағы

мұражайларға, жоғары оқу орындарына,

Назарбаев зияткерлік мектебіне барады

және өзге де тарихи орындарды тамашалайды.

Сондай-ақ, шетелдік оқушылар үшін

облыс орталығындағы Достық үйінде зиялы

қауым өкілдерімен, Қытай мен Моңғолиядан

келіп оқып жатқан студент жастармен түрлі

кездесулер ұйымдастырылады. Осындай

қызықты да мазмұнды іс-шаралардың куәсі

болған балалар еліне барған соң атамекеннен

алған әсерлерімен бөлісері сөзсіз.

Сөйтіп, шеттегі қандастарымыздың Қазақ

еліне деген құрметі артып, соның ішінде

киелі Кереку өңіріне көңілдері ауып жатса,

біздің мақсатымыздың орындалғаны, - дейді

Болат Заутұлы.

Балалар келісімен бірден қызықты

шаралар басталып кетті. Олар алдымен

аймағымыздағы «Ана тілі» орталығына

саяхат жасады. Мұнда киіз үйде арнайы

ақ дастарқан жайылып, қазақ тілі сабағы

өтті. Оқушылар ән шырқап, ұлы Абайдың

өлеңдерін оқыды. «Ана тілі» орталығының

басшысы Шолпан Кинжикова жеткіншектерге

авторлық кітабын сыйға тартты.

Облыстық білім беру басқармасының

бөлім басшысы Гүлнәр Ыбыраеваның айтуынша,

шетелдік балалар демалыс барысында

күн сайын тәжірибелі мұғалімдерден

дәріс алып, мәдени-спорттық жарыстарға,

ойын-сауық бағдарламаларына қатысатын

болады.

Айта кетерлігі, бұған дейін аймағымызға

Якутиядан 34 бала келіп кеткен. Алдағы

уақытта Тереңкөлге Ресейден 50 оқушы

келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, болашақта

павлодарлық шәкірттердің де шет мемлекеттерде

демалуларына мүмкіндік жасау

мәселесі қарастырылуда екен.

Аллаберген ҚҰРМЕТХАНҰЛЫ,

Баян-Өлгей аймағындағы №1 мектептің

оқушысы, талантты спортшы:

- Ата-бабамыздың кіндік қаны тамған

киелі қазақ еліне келгеніме, тарихи

Отанымды көргеніме шексіз ризамын.

Осындай қуанышты сәттің куәсі болғаным

үшін Павлодар облысының әкімдігі,

облыстық білім беру басқармасы және

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Павлодар облыстық филиалының басшыларына

үлкен алғыс айтамын.

Шетте жүрсек те, ата-анамыз

Қазақстан жайлы үнемі жақсы пікірлер

айтып отырады. Сондықтан да болар,

атажұртты көру мен үшін арман

болатын. Міне, бүгін сол арманымның

орындалғанына қуаныштымын.

Балжан МАХМҰТҚЫЗЫ,

Баян-Өлгей аймағындағы «Зайд» жеке меншік мектебінің оқушысы, халықаралық

байқаулардың жүлдегері:

- Жазғы демалысымызды Қазақ елінде өткізе отырып, қандастарымыздың салтдәстүрімен,

әдеп-ғұрпымен танысамыз. Сонымен қатар, егемен елдің мәдениетін

көріп, көз тоймас көрікті жерлерін аралап рухани байлығымызды молайтамыз

деп сенемін! Ал елге барған соң міндетті түрде достарыма, туыс-туғаныма

Қазақстаннан алған әдемі әсерлерімді әңгімелеп беретін боламын. Осындай керемет

демалыс сыйлағаны үшін атажұрттағы ағайынға айтар алғысымыз шексіз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!