30.07.2019 Views

30 шілде, 2019 жыл№85 (15405)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

AQYL білім беру депозиттері - бұл

өзіңіздің және балаңыздың болашағына

тиімді салым

Бүгін әрқайсымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне

байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын

төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сөйтіп ақыр соңында банктен кредит

не біреуден қарыз алып, оны төлеп болғанша қиналады.

Осы ретте ақшаны жоспарлы

түрде жинақтау – үйде, банктің

ұяшықтарда және әртүрлі депозиттерде

жинау бұл мәселені шешудің

оңтайлы жолдарының бірі болуы

мүмкін.

Депозиттер нарығында

Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесінің шеңберінде іске асырылатын

«AQYL» білім беру депозиті

мемлекет тарапынан жыл сайынғы

ақшалай көтермеленуінің арқасында

ең тиімді қаржы құралы болып

табылады.

«AQYL» білім беру депозиттері бұл:

1. Мемлекеттен жыл сайын

ақшалай сыйлықақы алу

«AQYL» білім беру депозитіне

банктің сыйақысынан бөлек

жинақталған сомадан 5-7% мөлшерінде

мемлекет сыйлықақысы

есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің

сыйлықақысы мен банктің сыйақысы

капиталға айналады, яғни негізгі

салымға қосылады. Нәтижесінде,

«AQYL» депозиттер нарығындағы

табыстылығы ең жоғары депозит,

сондықтан мемлекеттің осындай

қолдауымен оқуға шығындарды едәуір

азайтуға, сәйкесінше отбасылық

Құттықтаймыз!

бюджетке түсетін салмақты біршама

жеңілдетуге болады.

2. Салымдардың кепілдендірілуі

«AQYL» білім беру депозиті

10 млн. теңгеге дейінгі сомаға

Қазақстанның депозиттерге кепілдік

беру қорымен сақтандырылған.

Осылайша, білім беру депозиттері

толықтай қорғалған.

3. Өндіру шараларынан қорғалуы

«AQYL» білім беру депозиті

мемлекет тарапынан әрі үшінші

тұлғалар тарапынан қандай да бір

өндіріп алудан қорғалған. «AQYL»

білім беру депозиттеріне ешқандай

шектеулердің қойылуы және тыйым

салынуы мүмкін емес.

4. Салымдардың мерзімділігін

өз бетінше белгілеу мүмкіндігі

Салымшы ашылған депозитке

жасалатын жарналардың мөлшері

мен олардың жиілігін отбасылық

бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай

өзі белгілейді. «AQYL» білім беру

депозиттерін кассалар, Nur&Pay

интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ

картадан жинақтау шотына аудару

арқылы толтыруға болады. Бұл

салымшыға өте ыңғайлы әрі бірталай

уақытты үнемдейді.

Май ауданының қой шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес

қосқан Ақшиманның әйгілі шопаны, сол жердің еңбек даңқын

асырған Темірболат ШАЙҒҰРМАНОВТЫ

80 жасқа толуымен құттықтап, мықты

денсаулық, ұзақ өмір тілей отыра,

балаларыңыздың қызығын көре беріңіз

демекпін.

Игі тілекпен, Тұрсынбай - Шәри,

Павлодар қаласы.

«ЖАЗ - 2019»

Тарихи орындарды

аралады

Ертіс ауданы Голубовка ауылындағы Абай орта

мектебінің 7-сынып оқушылары «Жаз-2019»

бағдарламасы аясында мұғалімдерімен бірге

Түркістан қаласына саяхат жасады.

Олар Шымкент қаласын аралап, онда «Қазына» мәдени-тарихи

орны, «Бәйдібек би» кесенесін аралап, өлкетану музейі мен

зообақты, экзотикалық бақтар мен гүлдерді тамашалады. «Адам –

ата, жер–ана», «Арыстан баб» кесенесі, «Көне Отырар» «Қожа Ахмет

Яссауи» музейі, Хазірет Сұлтан кесенесімен танысты.

Түркістан қаласында «Арыстан баб» кесенесі және оның шәкірті

Қожа Ахмет Яссауи және оның қызы Гауһар ана кесенесіне барды.

Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен қызметі,

кесенелердің құрылу тарихымен танысты.

Көне Отырар қаласы да өзінің тарихымен тамсандырды. Бұл

қала сонау X ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы бойындағы Орта

Азияға белгілі сауда орталығы болған. Қала орнында табиғи заттардан

жасалған қару-жарақтар өте жақсы сақталған, көне мектептер

мен ғимараттар да табылған. Бұл сапар өте мазмұнды әрі

қызықты болды.

Ботагөз СҰРАҒАНОВА,

Ертіс ауданы.

ЖАРНАМА 30 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 7

5. Депозитті иелік ету мүмкіндігі

Егер депозит иесі немесе оның

баласы грант бойынша ЖОО-ға түскен

болса, ол қаражат жинақтауды білімнің

басқа деңгейлеріне оқудың ақысын

төлеу үшін жинақтауды жалғастыруға

немесе мемлекет сыйлықақысымен

бірге толық көлемде алып алуға

құқылы, сондай-ақ қаражатты үшінші

адамның (бауырлары, қарындастары)

атына ашылған (ашылатын) «AQYL»

білім беру депозитіне аудара алады.

Мысалға, екінші баланың атына

(бауырларына, қарындастарына).

Депозитті мақсатқа сай пайдаланбау

не «AQYL» білім беру

депозитін мерзімінен бұрын бұзу

жағдайында салымшы есепке

жазылған мемлекет сыйлықақысының

сомасын мемлекеттік бюджетке

қайтарады.

6. Білім алу орнын таңдауға

шектеу қойылмайды

Жинақталған қорды Қазақстанның,

сондай-ақ шетелдің ЖОО-ларында

немесе колледждерінде, оның ішінде

білім беру және тілдік курстарда

оқудың ақысын төлеуге болады.

7. Жас ерекшелігі бойынша

шектеу жоқ

«AQYL» білім беру депозитін

жас ерекшелігіне қарамастан

Қазақстанның барлық азаматына

техникалық, жоғары және жоғары

оқу орнынан кейінгі білім алу үшін

ашуға болады.

Айта кету керек, «AQYL»

білім беру депозиті қатардағы

қазақстандықтар үшін ғана емес,

өз қызметкерлеріне корпоративтікәлеуметтік

бағдарламаларды іске

асыратын компаниялар үшін де,

сондай-ақ әлеуметтік жағынан әлсіз

санаттағы балаларға көмектесуге

ниетті меценаттарға да қызықты.

Мысалға, осыдан екі жыл бұрын

әлемге әйгілі спортшылар Илья

Ильин, Серік Сәпиев, Александр

Левит елордалық балалар үйінде

тәрбие алатын балалардың атына

білім беру депозиттерін ашқан

болатын. Осы сияқты басқа да

жағымды мысалдар баршылық.

Білім алуға қаражат жинау

барлығының қолынан келеді.

«AQYL» білім беру депозитін

балаңыздың атына ғана емес,

өз атыңызға да ашуға болады.

Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық білім

беру жинақтау депозиті ашық.

Бұл жарқын болашаққа кепілі бар

адамдар десе болады.

Бұл керемет мүмкіндікті

пайдаланыңыз. Өзіңіздің және

балаңыздың біліміне үлес қосыңыз.

Мұны жасауға AQYL көмектеседі.

«Горводоканал» МКК кеңсесінде 2019 жылғы 26 шілде күні Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 78 мекенжайында тұтынушыларға

және басқа да мүдделі тұлғаларға 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы

сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін

қызметтеріне бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың

орындалуы туралы қызметтерді ұсыну бойынша қызметі туралы есептің көпшілік

тыңдауы өтті.

Есеп кәсіпорынның http://www.ekbwater.kz// веб-сайтында орналасқан.

(20153)

Жазаға тартылды

Ағымдағы жылдың басынан бастап павлодарлық

полицейлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін

987 жүргізушіні ұстады.

Ағымдағы жылдың шілде айының

алғашқы онкүндігінде облыс жолдарында

11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,

6 адам қаза болып, 11 адам жарақат

алды. 21 шілдеде сағат 13.20-да

Павлодарда патрульдік полиция

қызметкерлері мас күйінде «BMW»

автокөлігін жүргізген 28 жастағы

павлодарлық жүргізушіні ұстады.

Оның құжаттарын тексеру барысында

2016 жылдың 4 тамызында көлік

жүргізу құқығынан айырылғандығы

анықталды.

22 шілде күні сағат 03.10-да

Екібастұз қаласындағы Мәшһүр

Жүсіп көшесі, 48-үйдің жанында

«ВАЗ-2108» автокөлікті мас

күйінде жүргізген 25 жастағы қала

тұрғыны ұсталды. Ол да 2017 жылы

11 шілдеде көлік жүргізу құқығынан

айырылған екен.

25 шілде күні сағат 06.00-де

тағы да Екібастұз қаласының

Кеншілер-Царев көшелерінің қиылысында

патрульдік полиция ротасының

қызметкерлері «Лада-21723»

автокөлігін жүргізген 35 жастағы

жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру

барысында 2019 жылы 27 ақпанда

жүргізуші көлік құралдарын жүргізу

құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Жоғарыда келтірілген барлық

фактілерге орай ҚР ҚК-нің 346-бабы

1-бөлігі бойынша көлік құралдарын

жүргізу құқығынан айырылғандардың

қайтадан заңсыз көлік жүргізуге

байланысты сотқа дейінгі тергеу

жұмыстары жүргізілуде. Жүргізушілерге

қатысты бұлтартпау

шарасы – ешқайда кетпеу туралы

қолхат алынды. Барлық автокөлік

айып тұрағына қойылды.

Әрбір мас адам рульге отырып,

көлік жүргізу құқығынан айырылып

қана қоймай, сонымен қатар

өз жолаушыларының, басқа да

жолдағы адамдардың өмірі мен

денсаулығына қауіп төндіреді.

Өкініштісі, мұндай жағдайда ең

алдымен балалар зардап шегеді.

Жол қозғалысы ережелерінің

талаптарын бұзбайтын көптеген

саналы азаматтар мас жүргізушілердің

құрбаны болады.

ҚҰРМЕТТІ ЖҮРГІЗУШІЛЕР!

Павлодарлық полицейлер жол

қозғалысы ережелерін сақтауға

кеңес береді. Ішімдік ішіп, көлік

жүргізуге болмайды. Айналаңызда

сізден басқа да көліктер, жаяу

жүргіншілер барын ұмытпаңыз.

Павлодар облыстық ІІД

баспасөз қызметі.

Павлодар облысының әкімі, облыс әкімінің аппараты Павлодар

облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары

басқармасының басшысы Қадылжан Сатиевке әкесі

Қайырбек Мұфтанұлы Сәтиевтің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12312 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1490

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!