13.08.2019 Views

13 тамыз, 2019 жыл №91 (15411)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

13 тамыз, сейсенбі

2019 жыл

№91 (15411)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Тіршілігі

түрленіп келеді

ӨҢІР

Нақпа-нақ

Облыста

«Нұрлы Жер»

бағдарламасы

бойынша

12 үй

салынуда

ДЕНСАУЛЫҚ

4 мың дәрінің

бағасы

бекітілді

Жыл басында ҚР Денсаулық

сақтау министрлігі дәрідәрмектердің

бағасы реттелетінін

хабарлаған еді.

Жарты жылдық жүйелі

жұмыстан соң бұл бастама

нәтиже беріп, бүгінде 4 мың

медициналық препараттың

шекті бағалары белгілі

болды.

Аймағымызда атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы атааналар

да мемлекет қолдауының нәтижесінде жеке кәсіптерін аша

бастады. Қолдарында қыруар қаражаты болмаса да, тиыннан теңге

құрап, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған ауылдықтардың ниеті

мен белсенділігіне облыс әкімі Болат Бақауов куә болып қайтты.

Май және Баянауыл аудандарына жұмыс сапарымен барған аймақ

басшысы қос өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен,

тұрғындардың тұрмысымен танысты.

Дара жол:

АЗАМАТ ЖОЛЫ АЙШЫҚТЫ

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Жалғасы 3,4-беттерде

Өзім ол туралы бүгін әңгімелегелі отырған кейіпкерім жөнінде айтпас бұрын өткен ғасырдың 1995-

1996 жылдыры жас тәуелсіз мемлекетіміздің өмірінде болған тарихи оқиғаларды еске түсірудің реті

келіп тұр. Өйткені ол оқиғалар кейіпкеріміздің бұдан кейінгі тіршілігімен тікелей астасып жатыр.

Атап айтқандай, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданса, сол жылдың

желтоқсан айында Парламент сайлауы өтіп, елімізде қос палаталы жоғары заң шығару органы тұңғыш

рет дүниеге келді.

Толығырақ 6-бетте

Елімізде дәрі-дәрмектердің бағасы

жылына екі рет – қаңтар және шілде айларында

бекітіледі. Яғни, дәріханалардағы

медициналық препараттардың құны

мемлекет тарапынан бақыланады.

Белгіленген бағадан қымбатқа сатқандар

лицензиясынан айырылмақ.

- Біз заңнаманы жетілдіру бағытында

негізгі жұмысты жүргіздік. Атап

айтқанда, дәрі-дәрмек пен медициналық

қажеттіліктердің айналымы бойынша

жұмыс ретке келтірілді. Қазіргі уақытта

көтерме-бөлшек саудадағы дәрідәрмектің

4 мың түрі бойынша шекті

баға бекітілді, - деді ҚР Денсаулық

сақтау министрлігі Тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің

төрайымы Людмила Бұйрабекова.

Комитет басшысының айтуынша,

дәрі-дәрмектің шекті баға бойынша

тізімін Денсаулық сақтау министрлігінің,

комитеттің, аумақтық департаменттердің,

Ұлттық сараптау орталығының сайтынан

және «DDari.kz» мобильді қосымшасынан

білуге болады.

- Осы ақпарат көздерінен 4000 түрлі

дәрі-дәрмектің бекітілген бағасын көруге

мүмкіндік бар. Бірақ өндірушілердің

барлығы бірдей баға бойынша өтінімді

беріп үлгерген жоқ. Сол себепті осы

айдың соңына дейін тағы 1500 дәрідәрмек

түрінің шекті бағасы бекітіледі, -

деді Людмила Бұйрабекова.

Айта кетелік, бүгінгі таңда елімізде

8 мыңнан астам дәрі-дәрмек түрі

тіркелген.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

2 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АҚОРДА

ҚР Президенті Қазақстан

халқына Жолдауын хабарлайды

«NURLY ERTIS»

Бейімделіп келеміз

Алғашқы лекпен Екібастұз қаласына қоныс аударған жандардың бірі – Эльза

Жұмашева. Көпбалалы ана отбасымен бес жыл қатарынан елордада пәтер

жалдап күн кешкен. «Nurly Ertis» бағдарламасы басталғанын білгенде өзгенің

босағасын жағалағанша, өз үйімде тұрайын деген ниетпен кеншілер қаласына

қоныс аударуды жөн көреді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан

халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі,

педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы

жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын

қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар

жүктеледі», - деп жазады Президент twitter парақшасында.

ИМАНДЫЛЫҚ

Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни Арафа

күнінен кейін және Ораза айттан 70 күн өткен соң

үш күн қатарынан Құрбан айт мейрамы тойланады.

Биыл айттың алғашқы күні 11 тамызға сәйкес келді.

Бұл күні мұсылман қауым ниет етіп, құрбандық

шалып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, сауапты

істерді атқарды.

Қасиетті күннің

шарапаты

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

inform.kz

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

- Бізді қызықтырғаны – баспана.

Бес жыл бұрын Тараздан Нұр-Сұлтан

қаласына көшіп келдік. Содан бері

пәтер жалдап тұрдық. 43 шаршы

метрлік, бір бөлмелі пәтерде төрт

балам мен жолдасым, яғни, алтауымыз

күн кештік. Айына 95 мың

теңге төлейтінбіз. Баспана машақаты

басты ауыртқан соң жайлы өмір

іздеп, Екібастұз қаласына келдік, -

дейді Эльза Қайсарбайқызы.

Көпбалалы отбасыға кеншілер

шаһарынан 3 бөлмелі пәтер берілген.

Алғашқы жылында тегін тұрады.

Одан кейін төрт жыл қатарынан

айына небары 14 мың теңге төлейді.

Бес жыл өткен соң пәтер құнының

қалған сомасын өтеп, баспананы

өзінің басы байлы шаңырағы етуге

мүмкіндігі бар.

- Тұңғышымыз Әдемі Нұр-Сұлтанда

медициналық колледждің 2-нші курсын

аяқтады. Енді оқуын Екібастұзда

жалғастырады. Ауыстырып алдық.

Екінші қызымыз Ақбаян 9-сыныпқа

көшті. Үшінші қызғалдағымыз

Жібек 8-сыныпқа көшті. Кенжеміз

Сұлтанәлі 2-сыныпқа барады, - дейді

кейіпкеріміз.

Эльзаның өзі де еңбекке араласып

кеткеніне екі айдың жүзі болыпты.

Медбике мамандығының иесі елордада

2-нші балалар ауруханасының

травматология бөлімшесінде

медбике қызметін атқарыпты. Ал

қазір Екібастұзда перзентханада

жұмыс істеуде.

- Ұжымым жақсы. Жылы

қабылдады. Бірақ, шыны керек,

мұнда талап көп екен. Бәлкім,

мамандар жетіспеушілігінен болар,

бір маманға түсетін ауыртпашылық

артық па деп қалдым. Оған қоса,

туыс-туғаннан алыстап, өзге ортаға

үйренісу оңай емес екен. Сағыныш та

бар. Біраз құлазып қалатын сәттерім

Құс өсіруді

қолға алды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы кәсібін ашамын

деушілерге жақсы серпін беруде. Бүгінде аталмыш

бағдарлама аясында Ақсу қаласының 51 тұрғыны

грант алды.

болады. Алайда, өз баспанамыз

барын ойлағанда, сол жанымызға

медеу, көңілім өзгеріп сала береді, -

деп ағынан жарылды көпбалалы ана.

Шаңырақ иесі Рауан Құрманбаев

та қол қусырып отырған жоқ. Бұрын

Нұр-Сұлтан қаласында сантехник

болып еңбек еткен азамат қазіргі

таңда Екібастұзда қайта даярлау

курсынан өтіп жатыр. Үш айлық

курстың бірінші айын тәмамдап

үлгерген. Ол енді жүк тиеуші көліктің

тізгінін ұстауды меңгеріп шықпақ.

Содан кейін жұмысқа араласады.

Енді балаларын мектепке орналастыру

жағы ойластырылуда. №36

мектепке баруды қалайтындарын

жасырмады. Әлбетте, толық

жайғасқанша, біраз ыңғайсыздықтар

болады. Бірақ оның бәрі уақытша

екенін айтып, көп балалы анаға

жайлы өмір, кеншілер қаласының

тұрақты тұрғынына айналуды тіледік.

Екібастұз қаласы.

Павлодар облысындағы мешіттердің барлығында айт намазы

таңғы 7.00-де оқылды. Павлодар қаласындағы тұрғындардың басым

бөлігі Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне жиналып, іші адамға лық

толды. Айт намазына облыс әкімі Болат Бақауов та қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар

облысындағы өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қазақ және

орыс тілдерінде уағыз айтып, құрбан шалудың мән-маңыздылығын

атап өтті. Еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын тілеп,

дұға етті.

- Мұсылман адам мұқтаж жанның ұлтына, дініне, діліне қарамастан

көмектесуге әзір. Сондықтан құрбандыққа шалған мал етін жақындарына,

көрші-қолаңдарына, мұқтаж жандарға үлестіріп, бір бөлігін ғана

өзіне алады. Бұл мереке халқымызды ауызбіршілікке, ынтымаққа

шақырып, бірігуге себепкер. Ізгі амалдарыңыз сауаптан болсын! –

деді Ж.Қоспақұлы.

Бұдан соң павлодарлықтар «Құлагер» ипподромында құрбандық

шалуға арналған орындарға асықты. Мұнда ниет еткендерге қажет

жағдайдың барлығы жасалған.

Сонымен қатар, қалалық саябақта мәдени, рухани, спорттық

шаралар ұйымдастырылды. Құран оқудан, иләһи өлең-жырлар айтудан

сайыстар өтіп, тұрғындар мен қала қонақтары қазақ күресі, арқан

тарту, кір көтеру сынды спорттық жарыстарда бақ сынады.

Оған қоса, облыс орталығындағы барлық мешіт саябақта мерекелік

дастарқан жайып, 25 қазан палау пісірді. Түрлі тәтті мен сусындарды

тегін таратты. Ойын аттракциондары да келушілерге жеңілдікпен

қызмет көрсетті.

Олардың қатарында 50 адамға 252 мың теңгеден

берілсе, 1 көпбалалы ана 505 мың теңге көлемінде

қайтарымсыз қаржы алды. Пограничник ауылының

тұрғыны, күміс алқа иегері Шолпан Ахметова «Болашақ»

жеке кәсіпкерлігін ашып, құс өсіруді қолға алды.

Шолпан Ринатқызы - Күміс алқа иегері, 6 баланың

анасы. Тұңғышы - 22 жаста, ал кенжесі биыл мектеп

табалдырығын алғаш аттамақ. Бұған дейін тұрғындардың

тырнақтары мен шаштарын әрлеп, Ақсу қалалық

мәдениет сарайында би үйірмесін жүргізген. Енді

мемлекеттен 505 мың теңге қаржы алып, оған осы

уақытқа дейін тірнектеп жинаған ақшасын қосып,

220-дан астам қаздың балапанын сатып алды.

- Ес білгелі ата-анам ауылда құс өсірумен айналысты.

Біз оларды қалай күтіп-баптау керектігін көріп

өстік. Сондықтан «Бастау» бойынша бір айлық курс

оқып, кәсібімді бастауды жөн деп шештім. Бала

арманымды жүзеге асыруға «Еңбек» бағдарламасы

Суретті түсірген - автор.

көмектесті. Бұл – өз ісін ашуға ниеттілер үшін мол

мүмкіндік. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан

бағдарламаларды дұрыс пайдалансақ, елімізде

жұмыссыз адамдар болмайды деген ойдамын, - дейді

құс шаруашылығын қолға алған Шолпан Ахметова.

Қаздың балапандары өскен соң сатып, содан

пайда көрмек. Балапандарды өсіруге балаларының

да қолғабыс ететіні сөзсіз. Өйткені, балаларының

болашағы жарқын болсын деген ниетпен жеке кәсібіне

«Болашақ» деген атау берген екен.

Айта кетелік, «Еңбек» бағдарламасы аясында

грант алғандардың қатарында шаштараз салонын,

ағылшын тілі орталығын, пластикалық құбырларды

орнату бойынша қызмет көрсету орнын, массаж

кабинетін ашқан тұрғындар бар.

Ақмарал ЕРМАНАТ,

Ақсу қаласы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 3

Тіршілігі түрленіп келеді

Басы 1-бетте

Данияр ЖҰМАДІЛ

Ниет болса...

«Қалауын тапса, қардың да жанатынын»

Май ауданының тұрғындары дәлелдеп отыр.

Аймақ басшысы өңірге жұмыс сапары барысында

бірқатар елді мекендерде болып,

көпбалалы ата-аналармен арнайы жүздесті.

Олардың қатарында Қаратерек ауылының

тұрғыны Гүлнар Қылышева да болды.

Ол - азын-аулақ қаражатымен шағын

кәсібін ашқандардың бірі. Төрт баланы

дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған ана

«Бастау» бағдарламасы аясында арнайы

курстан өтіп, 250 мың теңге көлемінде

грантқа ие болған. Аталған қаражатқа

жолдасы екеуі үйлерінің ауласына шағын

жылыжай салыпты. Бүгінде онда қияр

өсіруде. Алған өнімдерін тұздап, саудаға

дайындауда. Болашақта қысқы жылыжай

салуды жоспарлап отыр. Осылайша, жыл

бойы бақша өнімдерін өсірмек. Облыс

әкімі Б.Бақауов бұл еңбекқорлықтың үлгісі

екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аудан

басшылығына көпбалалы анаға ары қарай

да қолдау көрсетуді тапсырды.

- Төрт балаға төленетін атаулы әлеуметтік

көмекке де күн көруге болар еді. Бірақ біз

өзіміз де табыс тапқымыз келеді. Онымен

қоса, қазіргі кезде ниет болса кәсіп ашып,

нәсібін көруге көп мүмкіндік жасалған.

Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Тек

әрекет ету қажет, - дейді Г.Қылышева.

Аудан орталығы - Көктөбе ауылының

тұрғыны Нұрболат Рымбек те жылыжай

шаруашылығын дамытуда. Қытайдан қоныс

аударған қандасымыз әрқайсысының аумағы

500 шаршы метр болатын екі жылыжай

салған. Күніне 250 келі шамасында өнім

жинайды. Осылайша ауылдастарын қияр,

қызанақпен қамтып отыр. Бұдан бөлек,

қырыққабат та өсіреді. Жеті адамға тұрақты

жұмыс орнын ашқан.

- Осындай қарапайым мысалдардың

өзі кез келген адам ауылдық жерде өз

кәсібін аша алатынын көрсетеді. Қазіргі

таңда мемлекет бизнес бастағысы келетін

азаматтарға барынша қолдау көрсетуде.

Тек соны ұтымды пайдалана білу қажет.

Атаулы әлеуметтік көмек алумен шектеліп

қалуға болмайды, - деді аймақ басшысы.

Кездесулер барысында жұмыссыз

жүргендерін айтып, көмек сұраған тұрғындар

да болды. Болат Жұмабекұлы оларға тиісті

көмек көрсетуді жүктеді.

Ауызсумен

қамтылуда

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Облыс әкімі Май топтық су құбырының

құрылысымен танысты. Ауданның 15 ауылы

орталықтандырылған су жүйесіне қосылуда.

Осылайша аудан бойынша екі мыңнан астам

тұрғын үйге таза ауызсу тартылмақ.

Ауылдарға су құбырын тарту жұмысы

үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған.

Ал қараша айында барлық жоспарланған

елді мекендер топтық су құбырына қосылады

деп күтілуде. Құрылыс қарқыны көңіл

көншітрліктей. Мысалы, Көктөбе аулындағы

524 үйдің 431-іне сапалы ауызсу жеткізілген.

Аймақ басшысы судың тарифі тұрғындар

үшін қолжетімді болуы қажет екенін ескертті.

Бұл ретте, судың бағасын арзандатудың

ұтымды жолы ретінде Май топтық су

құбырына көршілес өңірлердің ауылдарын

да қосу ұсынылды.

- Ақсу қаласының Май ауданымен

шектесетін Мәмәйіт Омаров, Құркөл және

Еңбек ауылдарын сапалы ауыз сумен қамту

бойынша жоба әзірленуде. Аталған елді

мекендерде жалпы саны екі мыңға жуық

адам тұрады. Алайда, егер әр ауылға жекежеке

ұңғыма қазып, сорғы станциясын орнататын

болсақ, шамамен 1 миллиард теңге

жұмсалады. Бұл ауылдарды Май топтық су

құбырына қосу әлдеқайда арзанға түсер еді.

Онымен қоса, тұтынушысы көбейсе, судың

да бағасы арзандай түседі. Осы мәселені

қысқа уақыттың ішінде зерделеп, тиісті

шешім қабылдау қажет, - деді Б.Бақауов.

Қателік

түзетіледі

Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік

нысандарды да аралады. Бұл ретте Болат

Жұмабекұлының назарына Баскөл ауылындағы

екі пәтерлі тұрғын үй ілікті. Онда фельдшерлікамбулаториялық

бөлімше орналастырылуы

қажет еді. Тиісті тапсырма екі жыл бұрын

берілсе де, аталған тұрғын үй әлі жөндеуден

өткізілмеген. Облыс әкімі бұйрықтың орындалуына

салғырттық танытқан жауапты

лауазым иелеріне қатысты жаза қолдануды

жүктеді. Б.Бақауов мектептердің жылыту

маусымына дайындығын да тексерді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ауданда

жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығы

бағытындағы бірқатар жобалармен де

танысты. Атап айтсақ, Кеңтүбек ауылындағы

«NurJailau» шаруа қожалығының және Қаратерек

ауылының маңындағы «MyFeedlot» ЖШС-нің

мал бордақылау алаңдарының құрылысын

көрді. Аймақ басшысы құрылыс сапасына

көңілі толмайтынын жеткізді. Атап айтқанда,

ірі қараны қамайтын орындар талапқа сай

келмейді. «Барлық кемшіліктер уақытылы

түзетілуі тиіс. Оған біз көмектесеміз», -

деді Б.Бақауов.

Петроглифтер

табылды

Б.Бақауов Май ауданына қарасты Ақшиман

ауылының іргесінде орналасқан әйгілі «Қалмақ

қырылған» археологиялық-этнографиялық

кешеніне де ат басын бұрды. Бүгінде

мұнда С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университетінің ғалымдары

қазба жұмыстарын жүргізуде.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында қазақ тарихындағы үлкен әскери

қақтығыстардың бірі орын алған «Қалмақ

қырылған» кешенін зерттеу мақсатында

10 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Нәтижесінде қазір мұнда археологтар қазба

жұмыстарын жүргізуде.

- Археологиялық жұмыстардың басты

мақсаты - XVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ

арасындағы әскери-саяси қатынастарға

қатысты заттай деректер табу. Осы күнге

дейін «Қалмақ қырылған» оқиғасына қатысты

тек жазба деректер ғана болды. Ал біз

материалдық дәлелдер табуға тырысудамыз.

Сол арқылы үш ғасыр бұрын болған шешуші

шайқастың орнын нақтылауымыз қажет, -

дейді археолог ғалым Виктор Мерц.

Бұл орындағы археологиялық қазба

жұмыстары екі апта бұрын басталған.

Соған қарамастан, қазірдің өзінде садақтың

ұшы, айылбас, қайрақ сияқты көне заман

жәдігерлері табылған. Бұдан бөлек, таудағы

тастардан көне жазуларды анықтаған. Онда

жануарлардың суреттері және әзірге белгісіз

таңбалар бедерленген.

Қазіргі кезде «Қалмақ қырылған» оқиғасына

қатысты тарихи, ғылыми деректерді жинау

бойынша жұмыстар да қоса жүргізілуде.

Ол мақсатта павлодарлық ғалымдар Ресей

Федерациясына, Қалмақ еліне аттанбақ.

Ондағы музей, мұрағаттарда қазақ-қалмақ

қатынасына қатысты әлі анықталмаған көптеген

деректер сақталған, дейді ғалымдар. Бұдан

бөлек, Павлодарда отандық және шетелдік

тарихшы, зерттеушілердің қатысуымен ауқымды

ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша

арнайы зерттеу кітабы жарыққа шығады. Ал

тарихи орында тастан арнайы стелла және

ақпараттық тақталар орнатылады.

Май ауданы.

ӨҢІР

Қой көбейтуге қолайлы, бірақ...

Бүгінде шаруалар қой өсіру тиімсіз деп отыр. Ірі қараны өсіруде де қарық қылып отырғанымыз

шамалы. Қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырларын Ресейден тасымалдап жатырмыз. Баянауыл

ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Болат Бақауов осы бағыттарға ерекше назар

аударуды тапсырды.

Данияр ЖҰМАДІЛ

«Мүмкіндікті

пайдалану маңызды»

Баянауыл - мал шаруашылығын дамытуға

қолайлы өңір. Мұнда төрт түлік жылына

ары кеткенде екі ай қорада тұрады. Қалған

уақытта жайылып жүреді. Бұл мал күтіміне

қатысты шығынды біршама азайтары сөзсіз.

Сондықтан, жергілікті шаруалардың алдында

мал басын көбейту мақсаты тұр. Әсіресе,

қой шаруашылығын дамыту қажет.

Өңірге жұмыс сапарымен барған облыс

әкімі бірнеше шаруа қожалықтарына арнайы

атбасын бұрып, осы мәселелерді алға тартты.

Құндыкөл селолық округіндегі «Мырзашоқы»

шаруа қожалығы аграрлық несиелік корпорациясы

арқылы Ресейден 100 қазақтың

ақбас сиырларын әкелген. Жалпы биыл

аудан бойынша «Сыбаға» бағдарламасы

аясында 644 бас асыл тұқымды ірі қара

жеткізілуі тиіс. Қожалық басшысы Орал

Сартаев бұл бағдарламаның игілі мол

екенін айтуда.

Аймақ басшысы шаруалармен кездесу

барысында аграрлық салаға мемлекет

тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырғанын

жеткізді. Тек шаруалар бұл қолдаудан құр

қалып қоймауы тиіс.

- «Сыбаға» бағдарламасы аясында жылдық

4 пайызбен 15 жылға дейін жеңілдетілген

несие береді. Бұл – таптырмас мүмкіндік.

Бірақ ол бағдарламаның қаншалықты

өміршең болатыны сөзсіз. Қолдарыңызды

мезгілінен кеш сермеп қалмасаңыздар

болғаны. Мысалы, осыдан 5 жыл бұрын

«Беларусь» тракторының құны шамамен

3 миллион теңге болды. Онымен қоса,

ол мемлекет тарапынан субсидияланды.

Яғни, шаруаларда арзан бағаға трактор

сатып алу мүмкіндігі болған еді. Бірақ

кәсіпкерлеріміз онда да белсенділік танытпады.

Ал қазір сол тракторлардың құны

7 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетті.

Амал жоқ, сатып алуға тура келеді. «Сыбаға»

бағдарламасы да дәл солай. Ол күндердің

бір күні тоқтатылары сөзсіз. Сондықтан

уақыт барда пайдаланып қалуымыз тиіс.

Өкінішке қарай, шаруалардың белсенділігі

төмен. Біз қазір қазақтың асыл тұқымды

ақбас сиырларын Ресей елінен тасымалдап

жатырмыз. Бұл - ұят жағдай. Оны түзету

қажет, - деді Болат Жұмабекұлы.

Құндыкөл ауылында болған аймақ

басшысы «Айша» шаруа қожалығына ат

басын тіреді. Жергілікті кәсіпкерлер етті қой

шаруашылығын дамытуда. Қойдың басын

2 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

- Жалпы, Баянауыл және Май ауданы

қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.

Бірақ, өкінішке қарай, қой өсіру ісі кенде

қалуда. Былтыр өңірлерге жұмыс сапарым

барысында осы аудандардың шаруалары

қой етін өткізе алмай жатқандарын

айтып, шағымданған еді. Бұл мәселені

шештік. Павлодар қаласында ет комбинатымен

келісім жасалды. Олар қой етін

тиімді бағамен сатып алуға келісті. Енді

керісінше, сол комбинат сатып алатын

ет таба алмай отыр, - деп сын айтты

облыс әкімі. Сондай-ақ, Б.Бақауов қой

тұқымын асылдандыру жұмыстарын қолға

алу қажет екенін айтты.

- Қай шаруашылықты қарамасаңыз да

қоймен бірге ешкі жайылып жүреді. Бұл

дұрыс емес. Қойдың тұқымын асылдандыруға

ерекше ден қою қажет. Мал шаруашылығын

қолға алғаннан кейін онымен кәсіби түрде

айналысу қажет, - деді облыс әкімі.

Қойдың етіне сұраныс бар, тек жүні

мен терісі текке қалып жатыр дейді шаруалар.

Енді бірі, қойға қарағанда ірі қара

өсіру тиімдірек деп отыр. Аймақ басшысы

тиісті мекемелерге Алматы, Қарағанды

мен Шығыс Қазақстан облысының қой

өсірудегі тәжірибесін ескеруді жүктеді.

Сондай-ақ, экономикалық тұрғыдан қой

шаруашылығын дамытудың ұтымды және

кем тұстарын сараптап, нәтижесімен облыс

шаруаларын ақпараттандыруды тапсырды.

- Бүгінде еліміз бойынша қой шаруашылығына

ден қойылып отыр. Мысалы,

Алматыда 2 миллион қой бар. Оңтүстіктің

кәсіпкерлері осы бағытқа ойысып жатыр.

Сондықтан өзге өңірлердің де тәжірибесін

ескеру қажет, - деді ол.

Шаруалар бірқатар мәселелерді де сөз

етті. Мысалы, «Айша» шаруа қожалығының

басшысы Жұлдыз Қожин бруцеллез мәселесін

көтерді.

(Жалғасы 4-бетте).

4 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл

ӘЛЕУМЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қой көбейтуге қолайлы, бірақ...

Басы 3-бетте

- Осыдан екі жыл бұрын ауданға

қарасты Қырықжылдық, Көкдомбақ ауылдарында

бруцеллез ауруы көп тарады.

Бірақ мемлекет тарапынан тиісті дәрідәрмек

бөлініп, екпе жасалды. Ал биыл

бруцеллез ауруына қарсы егілетін Штамм-82

және RB-51 препараттары берілмейтінін

естідік. Қауіпті кеселге қарсы күрес қалай

жүргізіледі? - деп сұрады кәсіпкер.

Аймақ басшысы ветеринариялық

қауіпсіздік күн тәртібінде басты мәселе

болып қалатынын айтты. Жоғарыда шаруалар

айтқан препараттар енді берілмейтінін де

растады. Сондықтан, жауапты органдарға

ветеринария саласында қолға алынып

жатқан шаралар жайында есеп дайындап,

ақпараттандыру мақсатында облысымыздың

барлық аудандарына таратуды жүктеді.

Шаруалар көтерген тағы бір мәселе –

маман тапшылығы. Ауданда тіпті, қойшы

табу қиын дейді олар. Аймақ басшысы

облысымыздың барлық қой өсіретін

кәсіпкерлерінің басын қосып, тәжірибе

алмасу мақсатында арнайы жиын өткізуді

тапсырды.

Жұмыспен қамтылу

деңгейі төмен

Жұмыс сапары барысында облыс

әкімі жергілікті аграрлық колледжде

«Еңбек» бағдарламасына қатысушылармен

жүздесті. Аудан әкімінің орынбасары Қанат

Кәрімовтың айтуынша, өңірде 1031 адам

кешенді жұмыспен қамту шараларымен

қамтылады деп жоспарланған. Әзірге тек

474 тұрғынға екі қолға бір күрек табылған.

«Бастау» жобасы аясында жыл басынан

бері 40 адам оқытылып, 11 адам 100

айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант

алып, өз кәсібін ашыпты. Жыл соңына

дейін тағы 55 адамды бизнес курстан

өткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек,

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында

қысқа мерзімді оқытудан өткен тұрғындар

200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

мемлекеттік грантқа ие бола алады.

- Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту

көрсеткіші көңіл көншітерліктей емес.

Өңірде жоспарланған 694 жаңа жұмыс

орнының тек 400-і құрылған. Бұл облыс

аудандары бойынша 9-ыншы көрсеткіш.

Кәсіпкерлермен дұрыс жұмыс жүргізілмейтіні

көрініп тұр. Шаруалар «бізге маман тапшы»

деп зар қағып отыр. Тіпті мал бағатын

адам табалмауда. Бірақ олардан қажетті

жұмысшыларға деген өтініш аз түскен.

Сондықтан жұмысқа мұқтаж әрбір тұрғынмен

және жұмыс берушілермен жекелей жұмыс

істеңіздер, - деді облыс әкімі.

Кездесу еркін диалог түрінде өткенін

атап өткен жөн. Тұрғындар аймақ басшысына

жеке мәселері бойынша сұрақтарын

қойып, өтініш-тілектерін білдірді. Атап айтсақ,

атаулы әлеуметтік көмек алатын Гүлсана

Бакеева баспана мәселесін көтерді. Бүгінде

аудан орталығында тұрғын үйлердің бағасы

шарықтап кеткен. Мұнда бір баспананың

құны 8 млн. теңгеге дейін жетеді. Бұл

қаражатты қалтасы көтермейтінін айтқан

көпбалалы ана үй салуға жер учаскесін

сұрап отыр. Қазір ол жер кезегінде 300-інші

орында тұрған көрінеді. Ауылдарда жер

кезегі мүлде болмауы тиіс екенін атап

өткен аймақ басшысы жергілікті билікке

тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

Съез Баянбек аудан орталығының

шеткі бөлігінде орналасқан үйлерге

орталықтандырылған су құбыры тартылмай

жатқанын айтты. Жұмысқа жауапты мердігер

компания тасты жерлерді ойып, құбыр

салу қиын екенін айтқан. Облыс әкімі бұл

мәселені анықтап, тиісті шешім қабылдау

керектігін баса айтты.

Майқайың кентінде тұратын Аяжан

Күнғожаева балабақшада логопед болып

жұмыс істейді. Оның айтуынша, мыңдаған

тұрғыны бар аталған кентте тілдің кемістігін

түзететін бұл қызметке деген сұраныс

жоғары. Сондықтан ол жеке логопед

кабинетін ашуды жоспарлап отыр. Алайда

өз күшімен бұл мақсатын орындау қиынға

түсуде. Болат Жұмабекұлы облысымыз

бойынша логопедтердің жұмысы аса қажет

екенін айтты. Осыны ескеріп, жергілікті

әкімдікке Майқайыңда логопед кабинетін

ашуға қолдау көрсетуді жүктеді.

Су құбыры

тартылуда

Облыс әкімі аудан орталығында

тартылып жатқан орталықтандырылған су

құбырының құрылысымен танысты. Үш

жылдық жоба биыл мәресіне жетуі тиіс.

Бүгінде жоспарлы 75 шақырымның 65-іне

су құбыры тартылған. 150 тұрғын үй мен

әлеуметтік нысандар орталықтандырылған

су жүйесіне қосылыпты.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Жобаны «ҚазСтройСервис» ЖШС жүзеге

асыруда. Әзірге, құрылыс сапасына қатысты

мәселе жоқ дейді жергілікті атқамінерлер.

Онымен қоса, нысанға берілетін кепілдік

мерзімі 10 жылды құрайды. Яғни, осы

аралықта қандай да бір кемшіліктер

анықталса, аталған серіктестік түзетуге

міндетті.

Сапалы ауыз суға қол жеткізген

тұрғындардың қатарында 79 жасар Бибісара

Ақышева бар. Ол екі ұлымен және олардың

отбасымен бір үйде тұрады. Зейнеткер

бұл игілікті көп күткендерін айтты.

- Баянауыл ауылында 1960-ыншы

жылдан бері тұрамын. Сол кезден бері

жергілікті тұрғындар орталықтандырылған

су құбырының тартылуын күтті. Міне, биыл

осы игілікке қол жеткізіп отырмыз. Қазір

қаладағыдай сапалы ауызсу үйімізге дейін

жеткізілді. Осы жұмыстардың басы қасында

жүрген облыс, аудан басшылығына аналық

алғысымды білдіремін, - деді Б.Ақышева.

Мердігер құрылыс жұмысын мерзімінен

бұрын, қазан айында аяқтауға уәде етті.

Баянауыл ауданы.

«Баланы мектепке әзірлейміз!»

«Nur Otan» партиясы жыл сайын тамыз айында «Баланы мектепке әзірлейміз!»

атты акция ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл игі шара биыл да

жалғасын тапты.

Аталмыш акцияға партияның Павлодар

облыстық филиалы да белсенділік танытты.

Облыстық, қалалық мәслихат депутаттары

және кәсіпкерлердің қолдауымен

қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.

Акция аясында өңірдегі көпбалалы және

аз қамтамасыз етілген 17 отбасының бала-

Көмек көрсетілуде

Республикалық «Мектепке жол» акциясы барлық өңірде сәтті

жүзеге асуда. Аталған акция аясында Павлодар қаласындағы

№41 мектепте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Білім ордасының әлеуметтік педагогі

Әзиза Ағыбаеваның айтуынша, мұнда

әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларынан

121 оқушы оқиды.

- «Мектепке жол» акциясы шеңберінде осы

оқушылардың барлығына көмек көрсетілетін

болады. Нақтырақ айтсақ, бұл балаларға

ларына көмек көрсетілді. Оларға мектепке

қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек

алуы үшін ақшалай сертификаттар тарту

етілді. Сондай-ақ, балаларға арналып

тәттілерге толы дастарқан жайылды,

балмұздақтар таратылды және ойын-сауық

бағдарламалары ұсынылды.

мектеп формасы, ақ жейделер және кеңсе

тауарлары, соның ішінде сөмке, дәптер,

қалам, түрлі түсті қарындаш, альбом, басқа

да оқуға қажетті заттардың барлығы беріледі.

Өткен жұма күні бір топ оқушымызға керекжарағын

беріп, қуанттық. Өзге шәкірттеріміз

енді келіп алып жатыр. Бастысы, көмекке

Оқу жылының алдында осындай тосын сый

жасаған «Nur Otan» партиясының облыстық

филиалының өкілдеріне қайырымдылық

шарасына шақырылған отбасыларының

балалары ризашылықтарын білдірді.

мұқтаж балалардың ешқайсысы назардан тыс

қалмайды. Балалардың бақыты үшін үлкен

қолдау көрсетіп жатқан демеушілерімізге

ұжым атынан алғыс айтамын, - дейді ол.

Аталған акцияның жоғары деңгейде

өтуіне атсалысқан білім беру мекемесіне

ата-аналар да ризашылықтарын білдіруде.

- Мен - көпбалалы анамын. Екі балам

мектеп қабырғасында оқиды. Жалақым аз

болғандықтан, оларға мектепке қажетті

құрал-жабдықтарын толық сатып алып

беруге қалтам көтермейді. Міне, «Мектепке

жол» акциясының арқасында балаларымыз

еш алаңсыз алтын ұя мектебіне баруға

әзір. Сол үшін де мектеп ұжымына айтар

алғысымыз шексіз, - дейді Елена Щербак.

Н.АҚЫТЕГІ.

ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік басқару

және өзін–өзі басқару туралы» Заңының

3-бабы 10-тармақшасына сәйкес, 2 0 19

жылдың 15 тамызында сағат 11.00-де

(Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32,

отырыс залында) VI сайланған Павлодар

қалалық мәслихатының 56 кезектен

тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қалалық мәслихатының

2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019

– 2021 жылдарға арналған Павлодар

қалалық бюджеті туралы» №330/45

шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Павлодар қалалық мәслихатының

2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Павлодар

қаласы кентінің, ауылдық округінің және

кейбір ауылдарының 2019 – 2021 жылдарға

арналған бюджеттері туралы» №342/46

шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы 2 мамырдағы «2019 жылға

арналған Павлодар қаласының ауылдық

елді мекендеріне жұмыс істеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарға әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну туралы»

№376/51 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӨЗЕКТІ 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 5

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Аграрлық білімге алаңдаулымыз

Бүгінде аймағымыздың әр өңірінде бас-басына бір-бірден

техникалық-кәсіптік колледж бар. Өкінішке қарай, олар заман

ағымына ілесе алмай келеді. Сондықтан облыстағы осы тектес

оқу орындарын бір жүйеге біріктіру бастамасы қолға алынды.

Павлодар ауданына қарасты Кемеңгер ауылында орналасқан

аграрлық-техникалық колледжге бірнеше аудандағы кәсіптік білім

беру ордаларын біріктіруде. Бұл жаңашылдықтан не күтеміз?

Жаңа жүйе аграрлық білімнің көсегесін көгерте ала ма?

Данияр ЖҰМАДІЛ

Колледждердің

«тағдыры» түбегейлі

өзгереді

Павлодар қаласына жақын орналасқан

Кемеңгер (бұрынғы Красноармейка)

ауылындағы аграрлық-техникалық колледж

аймағымызда ауыл шаруашылығы саласына

қажетті маман даярлайтын үздік

оқу орны болып табылады. Сондықтан

оның жұмыс тәжірибесін облыс бойынша

тарату мақсаты тұр. Бұл ретте, облыс

әкімінің қаулысымен биыл Баянауыл, Аққулы

және Май ауданының кәсіптік колледждері

бұдан былай аталған аграрлық-техникалық

колледждің қарамағына өтеді.

- Алғашында облысымыздағы барлық

аграрлық колледждің басын қосу ұсынылған

болатын. Бірақ әзірге осы үш колледжді бір

жүйеге біріктіру туралы шешім қабылданды.

Оларда білім алатын бала саны аз. Тіпті

жабылып қалу қаупі төніп тұрған еді.

Мысалы, Аққулыдағы колледжде бар-жоғы

36 студент оқиды. Әр студентті оқыту

үшін жылына 2 млн. теңгеге жуық қаражат

керек. Үш жылдық оқу барысында бір

студентке 6 млн. теңге жұмсалады. Бұл

қаражатқа студенттерге әлдеқайда сапалы

білім берілуі тиіс. Сондықтан жоғарыда

аталған аудандардың білім ордалары біздің

колледжіміздің қарамағына өтті, - дейді

Кемеңгер аграрлық-техникалық колледжінің

директоры Серік Жартыбаев.

Мақсат – аудандық колледждердегі

білім сапасын арттыру. Ал Кемеңгер

ауылындағы колледж бұдан былай «Ертіс»

жоғары аграрлық-инновациялық колледжі»

деп аталатын болады.

- Аудандық колледждердің оқытушыларын

заманауи білім беру жүйесіне үйрететін

боламыз. Олар бізден арнайы оқу курстарынан

өтеді. Студенттер санын арттыруды

мақсат тұтып отырмыз. Материалдықтехникалық

жабдықтарын да жаңарту

қажет. Елімізде «Жас маман» жобасы

қолға алынған. Оның аясында аграрлық

колледждердің материалдық-техникалық

жарақтануына 400 миллион теңгеден

қаражат үлестірілмек. Соған өтініштер

бердік. Қаражат келесі жылы қолға тиюі

тиіс, - дейді С.Жартыбаев.

Жаңа жүйеге сәйкес оқу бағдарламасына

да өзгерістер енгізілетіні сөзсіз. Атап айтсақ,

аудандық колледждердің студенттері бірінші

курстағы теориялық білімдерін Кемеңгер

ауылында алатын болады. Ал екінші және

үшінші курстарда тәжірибеге көп көңіл

бөлінбек.

Бизнеске

бейімдеуде

Серік Тілеуханұлы колледж жұмысын

түбегейлі өзгертуді қолға алғандарын айтты.

Заманауи бағытта жұмыс істесе дейді.

- Өзгерістерді оқу бағдарламасынан

ғана емес, сыныптардың жабдықталуынан

да бастадық. Жасыратыны жоқ, студенттер

кітапханаға көп бара бермейді. Сабаққа қажеті

болмаса, бос уақытында кітап оқымайды.

Ал қазір мұнда коворкинг орталық ашылған.

Енді бұл тек кітапхана емес. Оның аясында

Е-gov қызметі, «Бизнес инкубатор» жұмыс

істеп тұр. Мұнда студенттер түрлі мемлекеттік

қызметтерді электронды жүйе арқылы

ала алады. Сондай-ақ, бизнес жүргізудің

негіздерін үйренеді. Үйреніп қана қоймай,

ойында жүрген кәсібін жүзеге асыруға

толық мүмкіндігі бар. Арнайы мамандар

жеке кәсіпкерлік, немесе шаруа қожалығын

ашып, тіркеп бере алады. Студенттермен

бірлесіп бизнес жоспар құрады. Бұдан бөлек,

бизнес инкубаторға бүгінде аймағымызға

танымал, табысты кәсіпкерлер келіп, дәріс

оқиды. Тәжірибелерімен бөліседі. Қазірдің

өзінде жеке кәсіпкерлігін тіркеп, шағын

бизнесін жүргізіп отырған студенттер бар, -

дейді колледж директоры.

Биыл мұнда 600 шамасында студент

білім алған. Бұл ретте 100 студент дуалды

оқыту жүйесі бойынша шаруа қожалықтары

мен түрлі кәсіпорындардың тапсырысы

бойынша оқып жатқанын атап өткен жөн.

Яғни, кәсіпкерлер оқу ақысын мойындарына

алып, өздеріне қажетті жекелей маман

иелерін оқытуда. «Серпін» бағдарламасы

аясында Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе,

қалалары мен Маңғыстау облысынан келген

120 студент білім алуда.

«Мехатрониканы»

меңгереді

Бүгінде Кемеңгер агро-техникалық

колледжі «Неміс ауыл шаруашылығы академиясымен»

әріптестікте жұмыс істеуде.

Соның нәтижесінде жергілікті студенттер

шетелде еңбек тәжірибесінен өтуде. Олар

онда айына 500 еуро көлемінде шәкіртақы

алатын көрінеді. Жарты жылға созылатын

өндірістік тәжірибе кезінде жақсы жұмыс

істеп, ерекше ынтасымен көзге түсіп

5-6 мың еуродан жалақы тауып келетін

студенттер де бар екен.

- Әлемде ауыл шаруашылығы саласы

қарқынды дамып келеді. Сондықтан

заман ағымынан қалмау маңызды. Жаңа

мамандықтар ашу қажеттілігі туындауда. Неміс

әріптестеріміздің қолдауымен колледжде

«Мехатроника» және «Ландшафттық дизайн»

мамандықтары ашылмақ. Мұның ішінде біздің

еліміз үшін «Мехатроника» мамандығы таңсық

естілетіні сөзсіз. Бұл - заманауи, жұмысы

автоматтандырылған ауыл шаруашылығы

техникаларына сервистік қызмет көрсететін

мамандарды даярлауға арналған кәсіп түрі.

Ол-аймақ қана емес, еліміз үшін ауадай

қажет мамандар. Себебі бүгінде шаруалар

шетелден әкелінген қымбат техникаларын

шетелдік мамандарға жөндетуге мәжбүр, -

дейді С.Жартыбаев.

Неміс тарапы павлодарлық оқытушыларды

қабылдауға әзір. Биыл күзде аграрлықтехникалық

колледждің ұстаздары Германияға

барып, жаңа мамандықтар бойынша білім

алмақ.

«Табыс табамыз»

Алдағы уақытта колледждің меншік

нысаны ауысуы мүмкін. Бүгінгі таңда ол

коммуналдық қазыналық білім мекемесі

болса, жақын уақытта шаруашылық жүргізу

құқығындағы колледжге айналады деп

күтілуде. Яғни, «мемлекеттік мекеме»

мәртебесінен бас тартады. Оның да өзіндік

себебі бар.

- Аграрлық колледждер мемлекеттік

тапсырыстың арқасында күн көріп үйреніп

қалған. Аудандардағы осы тектес білім

ордаларының дамымай келе жатқаны

да сондықтан. Ештеңеге бас қатырмай,

мемлекеттен түсетін қаражатты ғана

күтіп отырады. Біз қалыптасып қалған

бұл дәстүрден арылуымыз қажет. Табыс

табуға дағдылануымыз керек. Бұл ретте

дуалды оқыту жүйесінің пайдасы тиюде.

Шаруа қожалықтарымен, кәсіпорындармен

әріптестік жақсы жолға қойылды. Жоғарыда

аталып өтілгендей, олар өздері қаражатын

төлеп, қажетті мамандарын оқытуда.

Бұдан бөлек, колледж қажеттіліктеріне де

қаржылай қолдау көрсетуде. Нәтижесінде

қазір бізде студенттерімізді еңбекпен

қамту бағытында ешқандай мәселе жоқ.

Бүгінгі таңда тәжірибеден өтіп жатқан

студенттеріміз 60 мың теңгеден бастап

жалақы алады. Тіпті 200 мың теңгеге дейін

еңбекақы алатындары бар. Кәсіпкерлер

оларды тұрғылықты жатын орындармен,

тегін тамақпен де қамтып отыр. Яғни, біз

бизнес үшін керекпіз, - дейді С.Жартыбаев.

Болашақта мұнда көкөніс өсіруді қолға

алып, мал шаруашылығын дамытпақшы.

Бұл студенттер үшін теориялық білімін

тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндік

береді. Екінші жағынан, колледж қажетті

азық-түлік, ет, сүт өнімдерімен өз-өзін

қамтитын болады.

Төрт түлікке ота

жасалмақ

Былтыр Кемеңгер ауылындағы аграрлықтехникалық

колледж облыс бойынша

техникалық-кәсіптік білім саласының үздік

оқу орны деп танылған. Нәтижесінде

облыс басшылығы тарапынан 50 млн.

теңге көлемінде грантқа ие болыпты. Бұл

қаражатқа облысымызда теңдесі жоқ, еліміз

бойынша бірегей ветеринарлық зертхана

жабдықталуда. Мұнда барлық ауыл

шаруашылығы өнім түрлеріне зертханалық

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

талдау жасау мүмкіндігі туады. Бұдан бөлек,

малдарға, үй жануарларына хирургиялық

ота жасайтын жеке орындар жабдықталуда.

Тіпті, төрт түліктің тісін емдеуге бағытталған

стоматологиялық қызмет ашылады. Бір

сөзбен айтқанда, биыл Кемеңгер ауылында

ауыл шаруашылығы малдарына арналған

«емхана» бой көтеруде.

- Өкінішке қарай, бұған дейін қорадағы

төрт түліктің бірі ауырып қалса, оған әрі

кеткенде екпе жасалатын еді. Ауру мал

айықпаса, сойып тастайтын. Енді кез

келген малдың ауруын анықтап, емдеуге,

ота жасауға мүмкіндік болады. Әсіресе,

құны қымбат асыл тұқымды мал өсіріп

жатқан шаруашылықтар үшін аса маңызды.

Мысалы, құны 1 миллион теңге тұратын

сиырды сәл сырқаттанды екен деп

пышаққа қия қоюы қиын ғой. Ал біз оны

емдеп шығара аламыз, - дейді Серік

Тілеуханұлы.

Атап өтерлігі, ветеринарлық зертханада

жасалатын отаны онлайн режимінде

облыс көлемінде тарату мүмкіндігі бар.

Бұл ветеринария саласында білім алатын

студенттер және сала мамандары үшін

тәжірибе жинауға таптырмас мүмкіндік

болары анық.

Дей тұрғанмен, колледж жұмысында

мәселелер де жоқ емес. Жас, білікті

мамандар тапшы көрінеді.

- Ауыл шаруашылығы саласында білім

алған жастарды оқытушылық қызметке

шақырамыз. Өкінішке қарай, оқытушылар

құрамы қартайып келеді. Білікті ұстаздар

керек. Бүгінде колледждің шетелмен

байланысын нығайтудамыз. Сондықтан

шетел тілін меңгерген мамандарға есігіміз

айқара ашық, - дейді колледж

директоры.

Атап өтерлігі, С.Жартыбаев - «Болашақ»

бағдарламасы бойынша Ұлыбритания елінде

білім алып келген маман. Шетелдің оқыту

тәжірибесі оған жақсы таныс. Сондықтан

жергілікті аграрлық-техникалық колледждің

білім беру жүйесін халықаралық деңгейге

көтеруді армандайтынын айтуда. «Біздің

студенттеріміздің дипломымен шет мемлекеттерде

жұмыс істей алатын күн алыс

емес», - дейді С.Жартыбаев.

Кемеңгер ауылы,

Павлодар ауданы.

6 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл мерей

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Азамат жолы айшықты

Бүгін әңгімелегелі отырған кейіпкерім жөнінде айтпас бұрын өткен ғасырдың

1995-1996 жылдары жас тәуелсіз мемлекетіміздің өмірінде болған тарихи оқиғаларды еске

түсірудің реті келіп тұр. Өйткені ол оқиғалар кейіпкеріміздің бұдан кейінгі тіршілігімен

тікелей астасып жатыр. Атап айтқандай, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа

Конституциясы қабылданса, сол жылдың желтоқсан айында Парламент сайлауы өтіп,

елімізде қос палаталы жоғары заң шығару органы тұңғыш рет дүниеге келді.

Әрине, қос палаталы Парламенттің

қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуі оңай

шаруа болған жоқ. Мұндай үлкен жетістікті

ең алдымен республиканың тәуелсіздігімен

байланыстырамыз. Тәуелсіздікті жариялағаннан

кейін еліміздің біртіндеп еңсесін тіктеп, өзінің

бұдан былайғы алар биігін еркін әрі дұрыс

таңдаудың жарқын жолына түсті. Соның

бірі әрі ең бастысы – билік тармақтарының

жұмысын реттеу болатын. Атқарушы билік, заң

шығару билігі және сот билігі өз өкілеттіктері

шегінде бір-бірімен өзара тығыз қарымқатынас

жасай отырып, дербес жұмыс істей

білуге тиіс еді.

Осындай келелі мақсатты жүзеге асыру

үшін құрылған жоғары заң шығару органына

сайланып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен

келген су жаңа депутаттар 1996 жылы қаңтар

айында сол кездегі ару астанамыз Алматы

қаласындағы Парламент үйіне жиналып, ел

тарихына шежіре болып енген заң шығару

жұмысын бастап та кетті.

Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздігі

жылдарында «тұңғыш» деген сөздің жиі

қолданылатынына құлағымыз үйренді. Өйткені

бәрі де тұңғыш рет жасалып жатты ғой.

Парламентте де солай болды. Қос палаталы

тұңғыш Парламент. Мәжіліс пен Сенаттың

түңғыш төрағалары, жаңа заң шығару органына

тұңғыш рет сайланған депутаттар... Міне

осы тұңғыштардың арасында біздің бүгінгі

кейіпкеріміз Ермек Жиеншеұлы Жұмабаев

та бар еді.

Сенаторлық орынға жайғасқанға дейін

белгілі бір дәрежеде өмір тәжірибесінен

өтсе де Парламент табалдырығынан аттаған

кезден бастап Ерекеңнің өзін үлкен бір

емтиханның алдында тұрғандай сезінгені

бар-ды. Бір есептен оның себебі түсінікті

де шығар. Тәуелсіз елдің ең жоғары заң

шығару органында жұмыс істеу, республика

егемендігін бекемдей түсуге ат салысар

заңдар қабылдау жауапкершілігі кім кімді

де толғантпай, толқытпай қоймайтыны анық.

Ол бір ұмтылмас кездер-ді. Ерекең өзі бес

жыл студенттік қызықты жылдарын өткізген,

кейін туған жерге оралса да қаланың әсем де

сұлу көркі көкейінен кетпеген аяулы Алматыға

араға жылдар салып қызмет бабымен келемін

деп ойламаған да шығар. Асқақ Алатаудың

баурайындағы бұл қаланың келбетіне көз

тойған ба?! Шіркін Алматы, көрікті бойжеткендей

кербез қалпы, жүрек қылын шертіп,

жан тебірентуден жалықпайды-ау.

Бір жағынан сүйікті қаласына қызмет

бабымен тұрақтайтынына, екінші жағынан

билік тармағының ең жоғары органының біріне

– Парламентке депутат болып сайлануына

марқайған көңілі қуаныш сезімімен астасып

та жатқан-ды. Шынында да, «Алғашқы сезімді

екінші рет бастан өткізе алмайсың» деген

ағылшын мәтеліне сүйене айтсақ, қайсыбір

оқиғалар адам зердесінде өмір бақи естен

кетпестей болып қалып қояды емес пе?

Ермек Жиеншеұлы мұны Сенатқа Павлодар

облысынан депутат болып сайланған кезде

өз басынан өткізді.

Осы арада сәл шегініс жасап, Ерекеңнің

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына

депутат болып сайланғанға дейінгі

өмірін қысқаша шола кеткенді жөн көріп

отырмыз.

Иә, сонымен, Парламент Сенатына

Павлодар облысынан бір емес, қатарынан

бірнеше рет сайланып, мәртебелі мекеме

қабырғасында табандатқан 18 жыл тер төгіп,

оның бақандай тоғыз жылында Сенаттағы

жетекші комитет қатарынан саналатын, атауы

уақыт талабына сай өзгеріп отыратын Заңнама

комитетіне басшылық жасап, егемендігімізді

бекемдей түсетін жүздеген заңдарды ой

елегінен өткізіп, Конституцияға өзгерістер

мен түзетулер енгізудің басы-қасында жүріп,

қысқартып айтқанда, қыруар іс тындырып,

құрметті демалысқа шыққан Ерекең Парламентке

депутат болып сайланудан бұрын-ақ

өз мамандығына әбден ысылған, заңгерлікке

қатысты тиісті мектептерден өткен жан еді.

Мысал үшін айтсақ, өмір жолын өзі

туып өскен Павлодар облысының Шарбақты

ауданындағы Шалдай ауылында орта мектепті

тәмәмдағаннан кейін осы облыстың Лебяжі

ауданына қарасты Шақа ауылындағы, сонан

соң Шарбақты ауданына қарасты Жаңа

зауыт ауылындағы мектепте мұғалім болудан

бастаған Ерекең ел алдындағы әскери борышын

өтегеннен кейін жүрек қалауымен заңгерлік

мамандығын алуға талпынып, Алматыға

аттанды. Зердесі мықты, зерек талапкер көп

ұзамай С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің (қазіргі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) заң факультетінің

студенті атанды. Университет қабырғасынан

заңгер мамандығын алып шыққаннан кейін

Павлодар облысының прокуратура органдарында

еңбек жолын бастады. Баянауыл

аудандық прокуратурасының тергеушісі,

облыс прокуратурасының аға тергеушісі,

Павлодар қаласындағы Индустриалдық аудан

прокурорының орынбасары, Екібастұз, Май,

Железин аудандарының прокуроры болып

абыроймен еңбек етті.

...Бүгінде 70 жастың биігіне көтерілген Ерекең

тұғырдан тайған жоқ. Заң саласына арналған оңдаған

кітаптардың авторы, заң ғылымдарының кандидаты

ретінде студенттерге дәріс оқиды. Өмір бойы

адал еңбек етіп, қайда жүрсе де абырой биігінен көріне

білген мемлекет пен қоғамның көрнекті

қайраткеріне

мемлекет тарапынан талай рет лайықты ілтипат

көрсетілді.

Көріп отырғанымыздай, Ерекең облыстың

заң саласын дамытуға 20 жылдан астам

уақытын арнапты. Осы жылдар ішінде оның

облыстың қай ауданына бармасын өз ісін

мінсіз атқаруы басшылықтың да, қарапайым

халықтың да үнемі назарында болды. Бұл

арада әңгіме прокурордың атқарып жүрген

тірлігіне басшылық тарапынан да, жұртшылық

тарапынан да көрсетілетін ризашылық туралы

болып отыр. Біздің ойымызша, бұл – сирек

кездесетін жағдай.

Әдетте заңгерлердің, оның ішінде

прокурорлардың жұмысы басшылыққа

жаққанымен, жұртшылыққа жақпайтын жәйттер

жиі кездесіп жатады. Мұның себебі басшылар

жоғары жаққа берген есебінде жергілікті

жердегі жағдайды, оның ішінде заңдылық

мәселесін ойдағыдай етіп көрсетуге бүйрегі

бұрып тұрады. Алайда көпшілік болған соң

мәселенің барлық уақытта бірдей тап-тұйнақтай

болмайтыны және бар. Міне осындай сәттерде

прокурордың қырағылығы, сонымен бірге

мәселеге әділеттілік тұрғысынан қарай білуге

бейімділігі сынға түседі. Яғни қызмет бабында

біржақтылыққа ұрынбау, адамдармен жұмыс

істей білу, оларға заң актілерін түсіндіру,

түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу

мақсатында халық арасында әңгімелер жүргізу

тәрізді шараларды қолдану оң нәтижесін

береді. Түптеп келгенде осындай нәтижелі

жұмыстардың арқасында тәртіп күшейеді,

заң бұзушылық азаяды, демек басшылар

тарапынан жоғарыға жалған ақпарат берудің

де жолы кесіледі.

Ерекеңнің өз мамандығы бойынша мінсіз

қызмет атқаруының қыр-сыры да осында

жатыр. Жоғарыда айтқанымыздай, заңдылық

тәртібін қатаң сақтау, әділдікті мұрат тұту,

оның үстіне қай жерде де, қандай жағдайда

да заң тілінде шешен сөйлеп, ойын, пікірін

жұртқа да, басшыларға да, әріптестеріне де

ұғынықты етіп жеткізе білу Ермек Жиеншеұлына

тән қасиет. Бұған Парламент Сенатының

аппаратында қызмет еткен жылдарымда

мен де куә болдым.

Сенат аппаратының қызметкерлері,

негізінен депутаттардың саналы заңдар

шығаруына қолғабыс жасаймыз. Қажетіне

қарай, реті келген жерде Комитеттердің,

Сенаттың отырыстарына қатысамыз. Міне

сондай тұстарда қабылданғалы тұрған

заңға байланысты әртүрлі талас-тартыстар

туындайды. Осындай пікірталастар барысында

кейбір заң жобаларының шикі

тұстары айқындалып, ол қайта пысықтау

үшін кейінге қалдырылып жатады. Мұндай

пікірталастарға Ерекең белсене араласып,

шешен тілмен баяндалған бұлтартпас дәлелді

тұжырымдарымен әріптестерін тәнті етеді.

Ерекеңнің бойындағы жалпыжұрт мойындаған

осындай өз ісіне жетіктігіне, біліктілігіне,

бұған қоса ойын дәлелдеу бағытында көсіле

сөйлейтін шешендігіне көпшілікпен бірге

сүйсінуші едік. Кейін білсек, мұның да арғы

жағында өзіндік сыры бар екен. Ерекеңнің

әкесі, Ұлы Отан соғысына қатысып, әлденеше

медальдармен, ордендермен марапатталған,

көпбалалы отбасының отағасы (екі ұл, бес

қыз) Жиенше Қамзаұлы Ерекең мектеп

қабырғасында жүрген кезінде-ақ ұлының

аяқ алысын сырттай бақылап, орайы келген

кезде асықпай, бабымен сөйлейтін әдетімен:

«Балам, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа осы

бастан үйрен. Біздің арғы-бергі әулетімізде

іс-әрекетімен, қоғамшыл мінезімен ұрпаққа

үлгі-өнеге қалдырған аталарың аз болмаған.

Соның ішінде әсіресе сенің түп нағашың

Темірғали Түйтеұлы Нұрекеновтің халқына

сіңірген еңбегін жұрт осы күнге дейін аузынан

тастамайды. Әне сондай аяулы жандардың

атына кір келтірмейтіндей тірлік жасау керек.

Ұқыпты, тиянақты бол дейтінім сондықтан»

деп түйіндейтін.

Кейін есейіп, бұғанасы қатқан кезде,

Темірғали Түйтеұлының өз заманының озық

ойлы қайраткері болғанын, сол кезде Ресей

қарамағындағы Қазақстанның Семей губерниясынан

топ жарып, Ресей Мемлекеттік

Думасының депутаты атанғанын, туған

халқының теңдігі жолында жан аямай қызмет

еткенін толығырақ, тереңірек оқып білген

тұста кеудесін мақтаныш сезімі кернеумен

бірге қазіргі атқарып жүрген жұмысындағы

жауапкершілікті сондай аяулы аталардың

аманатындай түйсінгені бар.

Расында да, тектіден текті туады,

тектінің жолын қуады демекші, бір кезде

Темірғали Түйтеұлы тәрізді аталары халқының

мұң-мұқтажын өздері тәуелді болып отырған

елдің жоғары мінберінен айтып, елінің еңсесі

езілген жағдайын шамасы келгенше жеңілдетуге

күш салған болса, Ерекең жер бетіндегі терезесі

тең елдердің біріне айналған Қазақстанның

ең жоғары заң шығару органының депутаты

бола жүріп халқымыздың өз елімізде де

лайықты өмір сүріп, шет мемлекеттермен

де қарым-қатынас жасауды жолға қоюда

ешкімге жалтақтамай, өзіне тән бағытпен

ілгері жылжуына септігін тигізетін заңдар

шығаруға үлес қосты.

Бұл арада біз Ермек Жиеншеұлының

18 жылдық депутаттық қызметте атқарған

қыруар шаруаларын жіпке тізіп баяндауды

мақсат етіп отырған жоқпыз. Ол – ұзақ

әңгіме. Сондықтан бір сәтте толастамайтын

заң шығару қызметінен бөлек, Парламент

аясындағы ондаған іс-шаралармен

шұғылданғанын атап өтейік. Сенаттағы «Өңір»

депутаттық тобына жетекшілік етті. Ол ҚР

Ұлттық Кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы

Заңдар жинағын шығару жөніндегі Ұлттық

комиссияның, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

болды. Халықаралық деңгейдегі жұмыстарға

Парламент атынан өкілдік етті. Қазақстан

атынан Парламентаралық одақтың құрамына;

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік

Ирландия Парламенттерімен ынтымақтастық

тобына; Жапонияның Кеңесшілер Палатасының

құрамына кірді, сондай-ақ Сауд Арабиясының

Консультативтік Корольдігімен де осындай

бағытта ынтымақтаса жұмыс істеді.

Оның өзіне жүктелген жұмысқа асқан

жауапкершілікпен қарайтынын, әрбір мәселені

ақылға салып, кең ойлап шешетінін,

әріптестерімен де, қарамағындағы қызметкерлерімен

де тіл табыса жұмыс істейтінін,

тіпті алдына бірінші рет келіп, шаруа айтып

отырған бейтаныс адамның қандай жағдайда

да көңілін жықпауға, меселін қайтармауға

тырысатын мінезін өз тәжірибемнен де

байқадым. Ол былай болған еді. Алматыдағы

Заң академиясында білім алып жатқан студент

баламның астанадағы Әділет министрлігінен

тағылымдамадан өтуі керек болды. Ақмолаға

Парламент Сенаты аппаратының құрамында

көшіп келгенімізге көп бола қайған жоқ.

Ешкімді танымаймыз. Оның үстіне аппарат

қызметкерлеріне депутаттарға жеке шаруамен

барғандардың қатаң жазаланатыны

ескертілген. Соған қарамастан, танымасам

да тәуекел деп, Сенатта Комитет төрағасы

қызметін атқаратын Ермек Жиеншеұлының

қабылдауына кіруге бел байладым. Қас

қарайған кешкі мезгіл еді. Жұмыс уақыты

аяқталғандықтан, қабылдау бөлмесіндегі қыз

кетіп қалыпты. Қос қабатты есіктің біріншісінен

өтіп, екіншісін тоқылдатып, рұқсат алып, ішке

ендім. Өзімнің осындағы аппарат қызметкері

екенімді айтып, бұйымтайымды жеткіздім.

Ермек Жиеншеұлы мені бұрыннан білетін

адамдай ашық-жарқын сөйлесіп, шаруамды

реттеп, тағы да хабарласып тұруға тілек

білдіріп, шығарып салды. Міне бұл Ерекеңнің

бойында кейбіреулерге тән қатып-семген

қасаңдықтан гөрі адам жанын түсінуге бейім

тұратын қасиеттің басым екенін көрсетсе

керек.

Бүгінде 70 жастың биігіне көтерілген

Ерекең тұғырдан тайған жоқ. Заң саласына

арналған ондаған кітаптың авторы, заң

ғылымдарының кандидаты ретінде студенттерге

дәріс оқиды. Өмір бойы адал еңбек етіп,

қайда жүрсе де абырой биігінен көріне білген

мемлекет пен қоғамның көрнекті қайраткеріне

мемлекет тарапынан талай рет лайықты

ілтипат көрсетілді. Павлодар облысының, осы

облыстың Шарбақты ауданының Құрметті

азаматы, Қазақстан Прокуратурасының

Құрметті қызметкері атанды. Елге сіңірген

еңбегі республиканың жоғары наградаларымен

– «Құрмет», «Парасат» ордендерімен,

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен,

алты медальмен атап өтілді.

Отбасындағы жағдай да ойдағыдай еді.

Жан жары Үмітжан екеуі Құдай берген ұл

мен қыздан немерелер сүйіп, жер ортасына

таянған шақтарында қызық-қуанышқа кенеліп,

марқайып жүретін. Әттең... әттең... Біріккен

Ұлттар Ұйымындағы Қазақстан өкілдігінде

жауапты қызмет атқаратын талантты ұлдары

Асқардың 35 жасында кенеттен көз жұмуы

ата-анасының қабырғасына қатты батты.

Шалғайдағы алпауыт елде туған Қазақстанның

сөзін сөйлеп жүрген өрімдей жастың қазасына

Сыртқы істер министрлігінен бастап, Ерекеңнің

туған-туыстары, жора-жолдастары, әріптесзамандастары

түгел күйзелді.

Алайда Ерекеңнің табиғатынан рухы

мықты. Майысты, бірақ сынған жоқ. Өйткені

ол, егер бейнелеп айтсақ, бір кезде шағын

ғана Шалдай ауылында өсіп-өнген жәй

терек тәрізді болса, бүгінде тарамданған

бұтақтары тереңге тамыр жайып, көкке қол

созған саялы бәйтерек іспетті. Сондықтан

Ерекең әрбір адамның өмірінде кездесетін

осындай қиындықтарға төтеп беріп қана

қоймай, үрім-бұтағын саясына алып, биіктерге

беттеп барады.

Орынбек Жолдыбай,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАБАРЛАМА 13 тамыз, cейсенбі, 2019 жыл 7

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі»

Кәсіби мемлекеттік аппаратты

қалыптастыру үшін "100 нақты қадам"

стратегиялық жоспарында тағы бір

жаңалық, атап айтқанда – «Әдеп

мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымын

енгізу» көзделген. Стратегиялық

құжаттың осы тармағын іске асыру

әрбір мемлекеттік қызметшінің оң

имиджін қалыптастыруға бағытталған,

бұл бүкіл мемлекеттің имиджіне

ең жақсы әсер етеді. Тәуелсіздік

жылдары Қазақстан Республикасы

әлеуметтік-экономикалық, саяси және

мәдени дамуда көптеген табыстарға

қол жеткізді. Осы уақыт ішінде

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі

Даму Стратегиясында белгіленген

міндеттерді мерзімінен бұрын

орындап, мемлекеттің алдына 2050

жылға дейін әлемнің ең бәсекеге

қабілетті отыз елінің қатарына кіру

мақсатын алға қойды.

Осы бағытта Әдеп жөніндегі

уәкілге жүктелетін функциялар

мынадай негізгі бағыттар бойынша

топтастырылған: этикалық нормалардың

бұзылуының алдын алу,

Мемлекеттік қызметшілерге әдеп

нормаларды қолдану мәселелері

бойынша кеңес беру, мемлекеттік

қызметшілердің құқықтары мен

мүдделерін қорғау, ұжымда жағымды

моральдық-психологиялық климатты

қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы

Тұңғыш Президентінің 29.12.2015

ж. №153 Жарлығымен бекітілген

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы

Ереженің 2-тармағына сәйкес

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес

лауазымы аумақтық бөлімшелері

не ведомстволардың аумақтық

бөлімшелері, шетелдегі мекемелері

бар орталық мемлекеттік органдарда

(құқық қорғау және арнайы

мемлекеттік органдарды, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігін қоспағанда), сондай-ақ

облыстар, республикалық маңызы

бар қалалар, астана әкімдерінің

аппараттарында енгізіледі.

Аумақтық бөлімшелері не

ведомстволардың аумақтық бөлімшелері

(құқық қорғау және арнаулы

мемлекеттік органдарды, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігін қоспағанда) жоқ

мемлекеттік органдарда, орталық

мемлекеттік органдардың ведомстволары

мен аумақтық бөлімшелерінде,

орталық мемлекеттік органдар

ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде,

Шетелдегі мекемелерде,

тексеру комиссияларында,

облыстық маңызы бар қалалар,

аудандар, қалалардағы аудандар

әкімдерінің аппараттарында Әдеп

жөніндегі уәкілдің функциялары

осы мемлекеттік органдардың

қызметшілеріне жүктеледі.

Павлодар мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру департаментінде

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары

кадр жұмысы және құқықтық

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Р.А.Омербаеваға жүктелген (Павлодар

қ., Академик Сәтбаев көшесі 136

құрылыс, 515 кабинет, тел. 8 (7182)

61-82-78).

Әдеп жөніндегі Уәкілі туралы

ақпарат баршаға көрінетін жерде

(яғни аты-жөні, кабинет номірі,

телефондары туралы мәліметтер)

ғимаратқа кіре берісінде орналастырылған.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

«Рухани жаңғыру» «Өзгерістерді

өзіңнен баста» бағдарламасын іске

асыру шеңберінде департаменттің

қызметкерлері қоғамдық-мәдени

іс-шараларға қатысып отырады.

Ұлттық мерекелер департаменттің

ұжымы арасында атап өтіледі,

осы іс-шараның өзі ұжымдағы

моральдық-психологиялық жағдайына,

қызметкерлер арасындағы жақсы

қарым-қатынас орнатуына әсерін

тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ Әдеп

жөніндегі уәкілдердің қызметін одан

әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлігінің

Әдеп жөніндегі Уәкілінен «Рухани

жаңғыру» «Өзгерістерді өзіңнен баста»

бағдарламасын іске асыру үшін

мемлекеттік қызметшілер арасында

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық

мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы (бұдан әрі – Филиал)

Open Pavlodar алаңында Филиал азаматтардың қабылдауын

жүзеге асыратынын еске салады.

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін

беру» ипотекалық тұрғын үйлерді кредиттеу бағдарламасы туралы

ақпараттан басқа әрбір адам осы алаңда «Қазақстан Республикасы

азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары

туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы

26 маусымдағы №34 Жарлығына қатысты түсініктемелер ала

алады. Барлығыңызды әр сәрсенбі мен жұма күндері сағат

10.00 бастап 13.00 дейін Open Pavlodar алаңында Павлодар

қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй, 1-қабат, мекенжайы бойынша

күтеміз. (20164)

оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

жолданды, әдебиеттер тізімі әрбір

мемлекеттік қызметкердің назарына

жеткізілді және де әдеп

нормаларының бұзушылықтарының

алдын алу бойынша тиісті шаралар

қабылдау үшін әрбір мемлекеттік

қызметшінің әдеп қағидаларын

сақтау міндеттілігі туралы жеке

парасаттылық декларациясымен

таныстырылды.

2019 жылы 9 ақпанда

депар-таменттің қызметкерлері

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар

облыстық тарихи – өлке тану

мұражайында болып, әнші Майра

Шамсутдинованың шығармашылығымен

танысты.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс

жоспарына сәйкес ағымдағы

жылы ұжымның тарихи-мәдени

орталықтарға, кітапханаларға

баруы жоспарланып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыру

мақсатында Департаментте тұрақты

негізде әртүрлі іс-шаралар (семинарлар,

техникалық сабақтар,

дөңгелек үстелдер және т.б.)

өткізіледі.

Осылайша өткен жылы өткізілді:

- 2018 жылғы 9 ақпанда Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар

облысы бойынша Департаменті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын

алу басқармасы мамандарының

қатысуымен "Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы заңнамасын және Қазақстан

Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің

қызмет этикасы нормаларын

түсіндіру" тақырыбына

семинар;

- 2018 жылғы 10 тамызда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызметшілерінің Әдеп кодексін

түсіндіру бойынша семинар;

- 2018 жылғы 17 қазанда Департамент

қызметкерлері Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлігінің

Әдеп жөніндегі уәкілі

Ас беріледі

Аққулы ауданының Құрметті азаматы,

белгілі тұлға Мэлс Әміржан

Тәшмағанбетұлының жылына орай

2019 жылғы 17 тамыз күні сағат

15.00-де Павлодар қаласының Мәшһүр

Жүсіп мешітінің үлкен залында құран

бағышталып, ас беріледі.

Т.Ж.Ташмағамбетовтың дәрісіне

қатысты;

- 2018 жылғы 28 қарашада

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Павлодар облысы бойынша

Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу басқармасының маманын

шақыртуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл туралы» Заңын

оқу бойынша құқықтық жаппай оқыту;

- 2018 жылғы 21 желтоқсанда

кәсіпкерлермен, Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің аумақтық

бөлімшесінің және "Атамекен" ҰКП

Павлодар филиалының өкілдерімен

бірлесіп мемлекеттік мекемелердің,

кәсіпорындардың, компаниялар мен

ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен

өзара әрекеттестікте этикалық мінезқұлықты

дамыту мәселесі бойынша

дөңгелек үстел өткізілді, осы тақырып

бойынша дөңгелек үстел жыл сайын

өткізіледі.

Әдеп нормаларының тәртібін

сақтау қағидаларына негізделген,

және де моральдық-психологиялық

ахуалды қалыптастаруға бағытталған

іс-шаралар департаменттің әдеп

жөніндегі уәкілімен одан әрі

жалғасатын болады.

Этикалық бақылау және сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу тетіктерін

үнемі жетілдіру мемлекеттік қызметтің

оң имиджін нығайтуға және

мемлекеттік аппараттың кәсіби

дамуына жағымды әсер етеді.

Мемлекеттік қызметшілер мінезқұлқының

негізгі стандарттарын

белгілеу және олардың сақталуын

жүйелі бақылау халықтың мемлекетке

сенімін арттыруға, мемлекеттік

қызметте өзара қарым-қатынас

мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

мен қызмет этикасы нормаларын

бұзушылықтардың алдын алуға

ықпал ететін болады.

Р.ОМЕРБАЕВА, Павлодар

мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру департаментінің

Кадр жұмысы және құқықтық

қамтамасыз ету бөлімінің

басшысы. (20165)

Облыс тұрғындарының жалақысы

Қаржыгерлердің жалақысы –

206 088 теңге

Кәсіпорындағы бір қызметкердің

орташа жалақысы – 151 423 теңге

Ең төменгі жалақы – өнер,

ойын-сауық және демалыс

қызметкерлерінде –

92 234 теңге.

Аймақта ең жоғары жалақы

– кеншілердің айлығы –

215 516 теңге

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері

бойынша әзірлеген – Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Аудан-қалалар тізбегінде:

Ең жоғары жалақы Екібастұз

қаласында – 176 168 теңге

Облыстың ірі

және орта

кәсіпорындар мен

ұйымдарындағы

жұмыс күші:

9,1 мың адам жұмысқа қабылданды

9,3 мың адам жұмыстан шықты

90 пайызы өз еркімен және еңбек

тәртібін бұзғанына байланысты;

1 пайызы қызметкерлер санының

қысқартылуы мен кәсіпорынның таратылуына

байланысты;

9 пайызы біліктілігінің тиісті

деңгейде болмауына байланысты

босатылды

Ең төменгі жалақы

Шарбақты ауданында –

93 884 теңге

2019 жылғы II тоқсанда

облыс аумақтары бойынша

жұмыс күшінің қозғалысы

2019 жылғы II тоқсан

жұмысқа

қабылданғандар,

жұмыстан

шыққандар,

адам

адам

Павлодар облысы 9 118 9 288

Павлодар 5 470 5 873

Ақсу 650 637

Екібастұз 2 308 2 054

Ақтоғай 48 25

Баянауыл 240 218

Железин 86 89

Ертіс - 9

Тереңкөл 56 66

Аққулы 11 4

Май 11 11

Павлодар 73 78

Успен 89 29

Шарбақты 76 195

(832)

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының Құрметті азаматы

Мезько Виталий Дмитриевичтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12312 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1590

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕРТІС PROMENADE

Абайдың әні әуеледі

Өткен демалыста «Ертіс Promenade» сахнасында ұйымдастырылған кеш

бұрынғыдан өзгеше өтті. Ұлы Абайдың туған күнімен тұспа-тұс келген сенбілік

концертте 50 мыңнан астам павлодарлық еліміздің жарық жұлдыздары –

«МузАрт» тобымен бірге ақынның «Көзімнің қарасы» әнін бірге шырқады.

Бас жүлде -

темір «тұлпар»

СПОРТ

Облыс орталығындағы «Құлагер» ипподромында

Құрылысшылар күніне орай ат спорты түрлерінен

жарыс өтті. Бәйгеде бақ сынауға Нұр-Сұлтан,

Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы,

Қарағанды, Павлодар облыстарының шабандоздары

жиналды.

Жарыс төрт қашықтық бойынша ұйымдастырылды. Екі шақырымдық

бәйгеде Ақмоладан келген Дмитрий Волков есімді шабандоздың

тұлпары – Стайл Антик мәре сызығына бірінші болып жетіп, қанжығасына

750 мың теңгені байлады. 1600 метр болатын сайыста та ақмолалық

шабандоздың Лансет есімді арғымағына тең келері болмады. Ол

иесіне 800 мың теңге әкелді.

- Мен 10 жылдан астам уақыт бойы атбегілікпен айналысамын.

Осы уақытқа дейін тұлпарларым бәйгеде сүрінген емес. Бүгін де

жеңіске жететінімізге сенімді болдым. Арғымақтарым бұл сенімімді

ақтады, - дейді Дмитрий Волков.

Ал аламан бәйгеге жеті қаладан келген 13 шабандоз қатысты.

Бас жүлдеге құны 3 млн. теңге болатын «LADA Granta» көлігі

тігілді. Бұл темір «тұлпар» Алматы облысының Ұзынағаш ауылынан

келген 9 жасар Арнұр Саматұлына бұйырды. Оның арғымағы – Ақ

моншақтың шаңына ілесері болмады.

- Менің өз әдіс-тәсілдерім бар. Бастапқыда Ақ моншаққа күш

салмай, топтың ортасында болдым. Мәре сызығы жақындаған

кезде қамшыны бастым, - дейді шабандоз.

Бұл күні Арнұр екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Оның тағы

бір тұлпары – Гауһартас құнан бәйгеде алдына ешкімді салмады.

Сөйтіп, Арнұр көлікпен қатар мотоциклге ие болды.

С

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Құрылысшылар мерекесі қатар

тойланған әсем кеште отандық

эстрада жұлдыздары «МузАрт», «FМ»

тобымен қатар, ресейлік әнші Доминик

Джокердің өнерін тамашалауға келген

халықтың қарасы қалың болды.

Бұл күні «құлақтан кіріп, бойды

алған» әндер әуеледі. Алдымен

жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін

паш етіп, жиналған жұртшылыққа

тамаша көңіл-күй сыйлады. Ал «FМ»

тобының сұлулары кеш көрігін одан

әрі қыздырып, халықтың ыстық

ықыласына бөленді. Алғаш рет ақиық

ақын Мұқағали Мақатаевтың «Сенің

көзің» әнімен танылып, халықтың

сүйіктісіне айналған «МузАрт»

тобын жұртшылық зор қошеметпен

қарсы алды. Трио мүшесі Сәкен

Майғазиев жергілікті тұрғындар

мен қала қонақтарын мерекемен

құттықтады.

- Ұлы Абайдың туған күні мен

құрылысшылар мерекесі құтты

болсын! Құрбан айттың қарсаңында

павлодарлықтармен жүздескенімізге

Алғашқы таймда ертістіктер жүйелі

шабуылдар ұйымдастырғанмен,

бәрі сәтсіз аяқталды. Ал турнирдің

көш басындағы «Тобыл» керісінше

қорғанып, ерекше шабуылмен көзге

көріне қойған жоқ. Есесіне екінші

таймда ойын өрнегі өзгеріп шыға

келді. Қонақтар шабуылға көшіп,

Андрей Пасеченконың қақпасын

торуылдай бастады. Әсіресе,

қостанайлық Бауыржан Тұрысбек

дәл соққылар жасады. Оның бірі

голға ұласты. Максим Фединнен

доп алған ол 35 метр қашықтықтан

допты қақпаға тулатты. Есеп – 0:1.

Бұдан соң Милан Милановичтің

шәкірттері абдырап, қарсыластың

алаңына асыға қоймады. Ал ойын

соңына қарай павлодарлық Патрик

Хиди қостанайлық Сенин Себаиге

қарсы ойын тәртібін бұзып, төреші

11 метрлік айып добын белгіледі.

Қарсыластар бұл мүмкіндікті мүлт

жіберген жоқ. Есеп – 0:2. Осылайша,

«Ертіс» тағы да жеңіліп, турнирлік

кестедегі 12 команда арасында

11-орынға ойысты. Екінші айна-

қуаныштымыз. Осынау кеште

қауышуымызға себепкер болған

облыстық әкімдікке алғыс білдіреміз.

Құрбан айтта тілеген тілектеріңіз бен

шалған құрбандықтарыңызды Алла

Тағала қабыл етсін. Елімізде тыныш

заман орнасын деп тілейміз. Әр

шаңырақта бақыт, елімізде бейбітшілік

мәңгі орнасын. Құрылысшылардың

төл мерекесі құтты болып, елімізде

әсем ғимараттар бой көтере берсін.

Міне, бірнеше мереке қатар тойланған

күні Павлодарда игі іс бастағалы

отырмыз. Ешбір жерде Абай

атамыздың әнін 40-50 мыңға жуық

адам қосылып шырқаған емес.

Павлодарлық ән сүйер қауыммен

ақынның «Көзімнің қарасы» әнін

бірге шырқауға мүмкіндік туып

отыр,- деді Сәкен Майғазиев.

Әсем кешке жиналған 50

мыңнан астам павлодарлық сүйікті

тобымен бірлесіп, данышпанның өзі

айтпақшы, «ұйықтап жатқан жүректі

оятатын» әнді тамылжыта орындады.

Сонымен қатар, халықтың

сүйіктісіне айналған топ «Өз елім»,

«Жайна», «Сен келерсің бір күні»,

«Жайлаукөл кештері», «Сағындым

Алматымды», «Таң сыры» және

Павлодар облысының әнұраны

«Елге сәлем» әндерін шырқап,

халықты бір серпілтті.

Жұртшылық көп жиналған әсем

кештің қонағы, ресейлік әнші Доминик

Джокер де жерлестеріміздің ыстық

қошеметіне бөленді. Танымал әнші

репертуарындағы хит әндерін шырқап,

жастарды қуантты.

«Ертіс» тағы есе жіберді

ҚР Премьер-Лигасының 22-туры аясында павлодарлық «Ертіс» командасы өз

алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады. Жерлестеріміз қонақтардан

0:2 есебімен ұтылды.

лымды дәл осындай нәтижемен

қорытындылады. «Ертістің» бас бапкері

Милан Милановичтің шәкірттері

жеңілгенімен, жаттықтырушының

көңілі тоқ.

- Команда «Қайрат» пен «Тобылға»

қарсы жақсы ойын көрсетті. Доп

жіберсе де мойымай, үнемі алға

ұмтылды. Егер алдағы уақытта да

Насират ДҮЙСЕНОВ,

Павлодар қаласының тұрғыны:

- «Ертіс Promenade» сахнасында

өткен концертті әулетімізбен

тамашаладық. Әсем кеш көңілімізден

шықты. «МузАрт» тобының әндерін

білмейтін қазақ жоқ шығар.

Әсіресе, Абай бабамыздың әнін

қосыла шырқағанымыз қуантты.

Жазғы маусымда дәстүрге айналған

шара үшін жергілікті билікке

алғыс айтамыз. Орталық жағалау

павлодарлықтардың сүйікті демалу

орнына айналған. Осындай әсем

кештер көп болып, халыққа демалыс

сыйлай берсін.

осындай қарқынмен ойнасақ, кез

келген команданы жеңеріміз анық, -

деді М.Миланович матчтан соң.

Алдағы аптада премьер-лиганың

үшінші айналымы басталады. Алғашқы

ойын 17 тамыз күні өз алаңымызда

тағы да «Тобылға» қарсы өтеді.

С

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Бәріне медаль берілді

Бұрнағы күні жүзу, велосипедпен жүру және жүгіруді

біріктіретін триатлоннан облыстық чемпионат өтті.

Оған кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар

қатысты. Мұндай жарыс үшінші жыл қатарынан

ұйымдастырылып отыр.

Триатлонда бақ сынаған 43 спортшы 750 метр жүзіп, 20 шақырым

велосипедпен өтіп, 5 шақырым жүгірді. Әйелдер арасында павлодарлық

Татьяна Миргородская үш кезеңде де жақсы нәтиже көрсетіп,

жарыс жеңімпазы атанды.

- Мен суда жүзуден бірінші келдім. Бассейннен гөрі өзенде жүзген

ұнайды. Оған қоса, қасымда бәсекелестерім болды. Сондықтан

қарқынды күшейтуге тура келді. Жалпы алғанда бұл триатлон қиын

болған жоқ, - дейді Т.Миргородская.

Ал ерлер арасында велоспорт бойынша халықаралық дәрежедегі

спорт шебері Павел Гацкий үздік атанды. Ол үшін ең қиын кезең

жүзу болған екен.

- Былтырғы триатлон кезінде жүзу жарысында қарсыластарыма

есе жібердім. Сол себепті биылғы сайысқа тыңғылықты дайындалдым.

Ғаламтордан түрлі бейнежазбалар қарап, жүзудің техникаларын

үйрендім, - дейді П.Гацкий.

Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқарма

басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, облыстық

кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, көзге түскендер 24-25 тамыз

күндері өтетін республикалық сайысқа қатысады.

- Бүгінгі бәсеке барысында облыстың намысын республикалық

додаларда қорғауға лайық спортшыларды байқадық. Аймағымызда

жүзу, велосипедпен жүру және жүгіруді қамтитын мұндай жарыс

үшінші рет өтті. Аз уақыт аралығында кәсіби және әуесқой спортшылар

тарапынан қызығушылық оянып, бақ сынауға ниеттілер

қатары артып келеді, - дейді Н.Есембаев.

Облыстық чемпионатқа қатысушылардың барлығына бірдей

медаль берілді. Ал жүлдегерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

С

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

С

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!