13.08.2019 Views

13 тамыз, 2019 жыл №91 (15411)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл мерей

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Азамат жолы айшықты

Бүгін әңгімелегелі отырған кейіпкерім жөнінде айтпас бұрын өткен ғасырдың

1995-1996 жылдары жас тәуелсіз мемлекетіміздің өмірінде болған тарихи оқиғаларды еске

түсірудің реті келіп тұр. Өйткені ол оқиғалар кейіпкеріміздің бұдан кейінгі тіршілігімен

тікелей астасып жатыр. Атап айтқандай, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа

Конституциясы қабылданса, сол жылдың желтоқсан айында Парламент сайлауы өтіп,

елімізде қос палаталы жоғары заң шығару органы тұңғыш рет дүниеге келді.

Әрине, қос палаталы Парламенттің

қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуі оңай

шаруа болған жоқ. Мұндай үлкен жетістікті

ең алдымен республиканың тәуелсіздігімен

байланыстырамыз. Тәуелсіздікті жариялағаннан

кейін еліміздің біртіндеп еңсесін тіктеп, өзінің

бұдан былайғы алар биігін еркін әрі дұрыс

таңдаудың жарқын жолына түсті. Соның

бірі әрі ең бастысы – билік тармақтарының

жұмысын реттеу болатын. Атқарушы билік, заң

шығару билігі және сот билігі өз өкілеттіктері

шегінде бір-бірімен өзара тығыз қарымқатынас

жасай отырып, дербес жұмыс істей

білуге тиіс еді.

Осындай келелі мақсатты жүзеге асыру

үшін құрылған жоғары заң шығару органына

сайланып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен

келген су жаңа депутаттар 1996 жылы қаңтар

айында сол кездегі ару астанамыз Алматы

қаласындағы Парламент үйіне жиналып, ел

тарихына шежіре болып енген заң шығару

жұмысын бастап та кетті.

Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздігі

жылдарында «тұңғыш» деген сөздің жиі

қолданылатынына құлағымыз үйренді. Өйткені

бәрі де тұңғыш рет жасалып жатты ғой.

Парламентте де солай болды. Қос палаталы

тұңғыш Парламент. Мәжіліс пен Сенаттың

түңғыш төрағалары, жаңа заң шығару органына

тұңғыш рет сайланған депутаттар... Міне

осы тұңғыштардың арасында біздің бүгінгі

кейіпкеріміз Ермек Жиеншеұлы Жұмабаев

та бар еді.

Сенаторлық орынға жайғасқанға дейін

белгілі бір дәрежеде өмір тәжірибесінен

өтсе де Парламент табалдырығынан аттаған

кезден бастап Ерекеңнің өзін үлкен бір

емтиханның алдында тұрғандай сезінгені

бар-ды. Бір есептен оның себебі түсінікті

де шығар. Тәуелсіз елдің ең жоғары заң

шығару органында жұмыс істеу, республика

егемендігін бекемдей түсуге ат салысар

заңдар қабылдау жауапкершілігі кім кімді

де толғантпай, толқытпай қоймайтыны анық.

Ол бір ұмтылмас кездер-ді. Ерекең өзі бес

жыл студенттік қызықты жылдарын өткізген,

кейін туған жерге оралса да қаланың әсем де

сұлу көркі көкейінен кетпеген аяулы Алматыға

араға жылдар салып қызмет бабымен келемін

деп ойламаған да шығар. Асқақ Алатаудың

баурайындағы бұл қаланың келбетіне көз

тойған ба?! Шіркін Алматы, көрікті бойжеткендей

кербез қалпы, жүрек қылын шертіп,

жан тебірентуден жалықпайды-ау.

Бір жағынан сүйікті қаласына қызмет

бабымен тұрақтайтынына, екінші жағынан

билік тармағының ең жоғары органының біріне

– Парламентке депутат болып сайлануына

марқайған көңілі қуаныш сезімімен астасып

та жатқан-ды. Шынында да, «Алғашқы сезімді

екінші рет бастан өткізе алмайсың» деген

ағылшын мәтеліне сүйене айтсақ, қайсыбір

оқиғалар адам зердесінде өмір бақи естен

кетпестей болып қалып қояды емес пе?

Ермек Жиеншеұлы мұны Сенатқа Павлодар

облысынан депутат болып сайланған кезде

өз басынан өткізді.

Осы арада сәл шегініс жасап, Ерекеңнің

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына

депутат болып сайланғанға дейінгі

өмірін қысқаша шола кеткенді жөн көріп

отырмыз.

Иә, сонымен, Парламент Сенатына

Павлодар облысынан бір емес, қатарынан

бірнеше рет сайланып, мәртебелі мекеме

қабырғасында табандатқан 18 жыл тер төгіп,

оның бақандай тоғыз жылында Сенаттағы

жетекші комитет қатарынан саналатын, атауы

уақыт талабына сай өзгеріп отыратын Заңнама

комитетіне басшылық жасап, егемендігімізді

бекемдей түсетін жүздеген заңдарды ой

елегінен өткізіп, Конституцияға өзгерістер

мен түзетулер енгізудің басы-қасында жүріп,

қысқартып айтқанда, қыруар іс тындырып,

құрметті демалысқа шыққан Ерекең Парламентке

депутат болып сайланудан бұрын-ақ

өз мамандығына әбден ысылған, заңгерлікке

қатысты тиісті мектептерден өткен жан еді.

Мысал үшін айтсақ, өмір жолын өзі

туып өскен Павлодар облысының Шарбақты

ауданындағы Шалдай ауылында орта мектепті

тәмәмдағаннан кейін осы облыстың Лебяжі

ауданына қарасты Шақа ауылындағы, сонан

соң Шарбақты ауданына қарасты Жаңа

зауыт ауылындағы мектепте мұғалім болудан

бастаған Ерекең ел алдындағы әскери борышын

өтегеннен кейін жүрек қалауымен заңгерлік

мамандығын алуға талпынып, Алматыға

аттанды. Зердесі мықты, зерек талапкер көп

ұзамай С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің (қазіргі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) заң факультетінің

студенті атанды. Университет қабырғасынан

заңгер мамандығын алып шыққаннан кейін

Павлодар облысының прокуратура органдарында

еңбек жолын бастады. Баянауыл

аудандық прокуратурасының тергеушісі,

облыс прокуратурасының аға тергеушісі,

Павлодар қаласындағы Индустриалдық аудан

прокурорының орынбасары, Екібастұз, Май,

Железин аудандарының прокуроры болып

абыроймен еңбек етті.

...Бүгінде 70 жастың биігіне көтерілген Ерекең

тұғырдан тайған жоқ. Заң саласына арналған оңдаған

кітаптардың авторы, заң ғылымдарының кандидаты

ретінде студенттерге дәріс оқиды. Өмір бойы

адал еңбек етіп, қайда жүрсе де абырой биігінен көріне

білген мемлекет пен қоғамның көрнекті

қайраткеріне

мемлекет тарапынан талай рет лайықты ілтипат

көрсетілді.

Көріп отырғанымыздай, Ерекең облыстың

заң саласын дамытуға 20 жылдан астам

уақытын арнапты. Осы жылдар ішінде оның

облыстың қай ауданына бармасын өз ісін

мінсіз атқаруы басшылықтың да, қарапайым

халықтың да үнемі назарында болды. Бұл

арада әңгіме прокурордың атқарып жүрген

тірлігіне басшылық тарапынан да, жұртшылық

тарапынан да көрсетілетін ризашылық туралы

болып отыр. Біздің ойымызша, бұл – сирек

кездесетін жағдай.

Әдетте заңгерлердің, оның ішінде

прокурорлардың жұмысы басшылыққа

жаққанымен, жұртшылыққа жақпайтын жәйттер

жиі кездесіп жатады. Мұның себебі басшылар

жоғары жаққа берген есебінде жергілікті

жердегі жағдайды, оның ішінде заңдылық

мәселесін ойдағыдай етіп көрсетуге бүйрегі

бұрып тұрады. Алайда көпшілік болған соң

мәселенің барлық уақытта бірдей тап-тұйнақтай

болмайтыны және бар. Міне осындай сәттерде

прокурордың қырағылығы, сонымен бірге

мәселеге әділеттілік тұрғысынан қарай білуге

бейімділігі сынға түседі. Яғни қызмет бабында

біржақтылыққа ұрынбау, адамдармен жұмыс

істей білу, оларға заң актілерін түсіндіру,

түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу

мақсатында халық арасында әңгімелер жүргізу

тәрізді шараларды қолдану оң нәтижесін

береді. Түптеп келгенде осындай нәтижелі

жұмыстардың арқасында тәртіп күшейеді,

заң бұзушылық азаяды, демек басшылар

тарапынан жоғарыға жалған ақпарат берудің

де жолы кесіледі.

Ерекеңнің өз мамандығы бойынша мінсіз

қызмет атқаруының қыр-сыры да осында

жатыр. Жоғарыда айтқанымыздай, заңдылық

тәртібін қатаң сақтау, әділдікті мұрат тұту,

оның үстіне қай жерде де, қандай жағдайда

да заң тілінде шешен сөйлеп, ойын, пікірін

жұртқа да, басшыларға да, әріптестеріне де

ұғынықты етіп жеткізе білу Ермек Жиеншеұлына

тән қасиет. Бұған Парламент Сенатының

аппаратында қызмет еткен жылдарымда

мен де куә болдым.

Сенат аппаратының қызметкерлері,

негізінен депутаттардың саналы заңдар

шығаруына қолғабыс жасаймыз. Қажетіне

қарай, реті келген жерде Комитеттердің,

Сенаттың отырыстарына қатысамыз. Міне

сондай тұстарда қабылданғалы тұрған

заңға байланысты әртүрлі талас-тартыстар

туындайды. Осындай пікірталастар барысында

кейбір заң жобаларының шикі

тұстары айқындалып, ол қайта пысықтау

үшін кейінге қалдырылып жатады. Мұндай

пікірталастарға Ерекең белсене араласып,

шешен тілмен баяндалған бұлтартпас дәлелді

тұжырымдарымен әріптестерін тәнті етеді.

Ерекеңнің бойындағы жалпыжұрт мойындаған

осындай өз ісіне жетіктігіне, біліктілігіне,

бұған қоса ойын дәлелдеу бағытында көсіле

сөйлейтін шешендігіне көпшілікпен бірге

сүйсінуші едік. Кейін білсек, мұның да арғы

жағында өзіндік сыры бар екен. Ерекеңнің

әкесі, Ұлы Отан соғысына қатысып, әлденеше

медальдармен, ордендермен марапатталған,

көпбалалы отбасының отағасы (екі ұл, бес

қыз) Жиенше Қамзаұлы Ерекең мектеп

қабырғасында жүрген кезінде-ақ ұлының

аяқ алысын сырттай бақылап, орайы келген

кезде асықпай, бабымен сөйлейтін әдетімен:

«Балам, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа осы

бастан үйрен. Біздің арғы-бергі әулетімізде

іс-әрекетімен, қоғамшыл мінезімен ұрпаққа

үлгі-өнеге қалдырған аталарың аз болмаған.

Соның ішінде әсіресе сенің түп нағашың

Темірғали Түйтеұлы Нұрекеновтің халқына

сіңірген еңбегін жұрт осы күнге дейін аузынан

тастамайды. Әне сондай аяулы жандардың

атына кір келтірмейтіндей тірлік жасау керек.

Ұқыпты, тиянақты бол дейтінім сондықтан»

деп түйіндейтін.

Кейін есейіп, бұғанасы қатқан кезде,

Темірғали Түйтеұлының өз заманының озық

ойлы қайраткері болғанын, сол кезде Ресей

қарамағындағы Қазақстанның Семей губерниясынан

топ жарып, Ресей Мемлекеттік

Думасының депутаты атанғанын, туған

халқының теңдігі жолында жан аямай қызмет

еткенін толығырақ, тереңірек оқып білген

тұста кеудесін мақтаныш сезімі кернеумен

бірге қазіргі атқарып жүрген жұмысындағы

жауапкершілікті сондай аяулы аталардың

аманатындай түйсінгені бар.

Расында да, тектіден текті туады,

тектінің жолын қуады демекші, бір кезде

Темірғали Түйтеұлы тәрізді аталары халқының

мұң-мұқтажын өздері тәуелді болып отырған

елдің жоғары мінберінен айтып, елінің еңсесі

езілген жағдайын шамасы келгенше жеңілдетуге

күш салған болса, Ерекең жер бетіндегі терезесі

тең елдердің біріне айналған Қазақстанның

ең жоғары заң шығару органының депутаты

бола жүріп халқымыздың өз елімізде де

лайықты өмір сүріп, шет мемлекеттермен

де қарым-қатынас жасауды жолға қоюда

ешкімге жалтақтамай, өзіне тән бағытпен

ілгері жылжуына септігін тигізетін заңдар

шығаруға үлес қосты.

Бұл арада біз Ермек Жиеншеұлының

18 жылдық депутаттық қызметте атқарған

қыруар шаруаларын жіпке тізіп баяндауды

мақсат етіп отырған жоқпыз. Ол – ұзақ

әңгіме. Сондықтан бір сәтте толастамайтын

заң шығару қызметінен бөлек, Парламент

аясындағы ондаған іс-шаралармен

шұғылданғанын атап өтейік. Сенаттағы «Өңір»

депутаттық тобына жетекшілік етті. Ол ҚР

Ұлттық Кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы

Заңдар жинағын шығару жөніндегі Ұлттық

комиссияның, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі

болды. Халықаралық деңгейдегі жұмыстарға

Парламент атынан өкілдік етті. Қазақстан

атынан Парламентаралық одақтың құрамына;

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік

Ирландия Парламенттерімен ынтымақтастық

тобына; Жапонияның Кеңесшілер Палатасының

құрамына кірді, сондай-ақ Сауд Арабиясының

Консультативтік Корольдігімен де осындай

бағытта ынтымақтаса жұмыс істеді.

Оның өзіне жүктелген жұмысқа асқан

жауапкершілікпен қарайтынын, әрбір мәселені

ақылға салып, кең ойлап шешетінін,

әріптестерімен де, қарамағындағы қызметкерлерімен

де тіл табыса жұмыс істейтінін,

тіпті алдына бірінші рет келіп, шаруа айтып

отырған бейтаныс адамның қандай жағдайда

да көңілін жықпауға, меселін қайтармауға

тырысатын мінезін өз тәжірибемнен де

байқадым. Ол былай болған еді. Алматыдағы

Заң академиясында білім алып жатқан студент

баламның астанадағы Әділет министрлігінен

тағылымдамадан өтуі керек болды. Ақмолаға

Парламент Сенаты аппаратының құрамында

көшіп келгенімізге көп бола қайған жоқ.

Ешкімді танымаймыз. Оның үстіне аппарат

қызметкерлеріне депутаттарға жеке шаруамен

барғандардың қатаң жазаланатыны

ескертілген. Соған қарамастан, танымасам

да тәуекел деп, Сенатта Комитет төрағасы

қызметін атқаратын Ермек Жиеншеұлының

қабылдауына кіруге бел байладым. Қас

қарайған кешкі мезгіл еді. Жұмыс уақыты

аяқталғандықтан, қабылдау бөлмесіндегі қыз

кетіп қалыпты. Қос қабатты есіктің біріншісінен

өтіп, екіншісін тоқылдатып, рұқсат алып, ішке

ендім. Өзімнің осындағы аппарат қызметкері

екенімді айтып, бұйымтайымды жеткіздім.

Ермек Жиеншеұлы мені бұрыннан білетін

адамдай ашық-жарқын сөйлесіп, шаруамды

реттеп, тағы да хабарласып тұруға тілек

білдіріп, шығарып салды. Міне бұл Ерекеңнің

бойында кейбіреулерге тән қатып-семген

қасаңдықтан гөрі адам жанын түсінуге бейім

тұратын қасиеттің басым екенін көрсетсе

керек.

Бүгінде 70 жастың биігіне көтерілген

Ерекең тұғырдан тайған жоқ. Заң саласына

арналған ондаған кітаптың авторы, заң

ғылымдарының кандидаты ретінде студенттерге

дәріс оқиды. Өмір бойы адал еңбек етіп,

қайда жүрсе де абырой биігінен көріне білген

мемлекет пен қоғамның көрнекті қайраткеріне

мемлекет тарапынан талай рет лайықты

ілтипат көрсетілді. Павлодар облысының, осы

облыстың Шарбақты ауданының Құрметті

азаматы, Қазақстан Прокуратурасының

Құрметті қызметкері атанды. Елге сіңірген

еңбегі республиканың жоғары наградаларымен

– «Құрмет», «Парасат» ордендерімен,

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен,

алты медальмен атап өтілді.

Отбасындағы жағдай да ойдағыдай еді.

Жан жары Үмітжан екеуі Құдай берген ұл

мен қыздан немерелер сүйіп, жер ортасына

таянған шақтарында қызық-қуанышқа кенеліп,

марқайып жүретін. Әттең... әттең... Біріккен

Ұлттар Ұйымындағы Қазақстан өкілдігінде

жауапты қызмет атқаратын талантты ұлдары

Асқардың 35 жасында кенеттен көз жұмуы

ата-анасының қабырғасына қатты батты.

Шалғайдағы алпауыт елде туған Қазақстанның

сөзін сөйлеп жүрген өрімдей жастың қазасына

Сыртқы істер министрлігінен бастап, Ерекеңнің

туған-туыстары, жора-жолдастары, әріптесзамандастары

түгел күйзелді.

Алайда Ерекеңнің табиғатынан рухы

мықты. Майысты, бірақ сынған жоқ. Өйткені

ол, егер бейнелеп айтсақ, бір кезде шағын

ғана Шалдай ауылында өсіп-өнген жәй

терек тәрізді болса, бүгінде тарамданған

бұтақтары тереңге тамыр жайып, көкке қол

созған саялы бәйтерек іспетті. Сондықтан

Ерекең әрбір адамның өмірінде кездесетін

осындай қиындықтарға төтеп беріп қана

қоймай, үрім-бұтағын саясына алып, биіктерге

беттеп барады.

Орынбек Жолдыбай,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!