13.08.2019 Views

13 тамыз, 2019 жыл №91 (15411)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 13 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 3

Тіршілігі түрленіп келеді

Басы 1-бетте

Данияр ЖҰМАДІЛ

Ниет болса...

«Қалауын тапса, қардың да жанатынын»

Май ауданының тұрғындары дәлелдеп отыр.

Аймақ басшысы өңірге жұмыс сапары барысында

бірқатар елді мекендерде болып,

көпбалалы ата-аналармен арнайы жүздесті.

Олардың қатарында Қаратерек ауылының

тұрғыны Гүлнар Қылышева да болды.

Ол - азын-аулақ қаражатымен шағын

кәсібін ашқандардың бірі. Төрт баланы

дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған ана

«Бастау» бағдарламасы аясында арнайы

курстан өтіп, 250 мың теңге көлемінде

грантқа ие болған. Аталған қаражатқа

жолдасы екеуі үйлерінің ауласына шағын

жылыжай салыпты. Бүгінде онда қияр

өсіруде. Алған өнімдерін тұздап, саудаға

дайындауда. Болашақта қысқы жылыжай

салуды жоспарлап отыр. Осылайша, жыл

бойы бақша өнімдерін өсірмек. Облыс

әкімі Б.Бақауов бұл еңбекқорлықтың үлгісі

екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аудан

басшылығына көпбалалы анаға ары қарай

да қолдау көрсетуді тапсырды.

- Төрт балаға төленетін атаулы әлеуметтік

көмекке де күн көруге болар еді. Бірақ біз

өзіміз де табыс тапқымыз келеді. Онымен

қоса, қазіргі кезде ниет болса кәсіп ашып,

нәсібін көруге көп мүмкіндік жасалған.

Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Тек

әрекет ету қажет, - дейді Г.Қылышева.

Аудан орталығы - Көктөбе ауылының

тұрғыны Нұрболат Рымбек те жылыжай

шаруашылығын дамытуда. Қытайдан қоныс

аударған қандасымыз әрқайсысының аумағы

500 шаршы метр болатын екі жылыжай

салған. Күніне 250 келі шамасында өнім

жинайды. Осылайша ауылдастарын қияр,

қызанақпен қамтып отыр. Бұдан бөлек,

қырыққабат та өсіреді. Жеті адамға тұрақты

жұмыс орнын ашқан.

- Осындай қарапайым мысалдардың

өзі кез келген адам ауылдық жерде өз

кәсібін аша алатынын көрсетеді. Қазіргі

таңда мемлекет бизнес бастағысы келетін

азаматтарға барынша қолдау көрсетуде.

Тек соны ұтымды пайдалана білу қажет.

Атаулы әлеуметтік көмек алумен шектеліп

қалуға болмайды, - деді аймақ басшысы.

Кездесулер барысында жұмыссыз

жүргендерін айтып, көмек сұраған тұрғындар

да болды. Болат Жұмабекұлы оларға тиісті

көмек көрсетуді жүктеді.

Ауызсумен

қамтылуда

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Облыс әкімі Май топтық су құбырының

құрылысымен танысты. Ауданның 15 ауылы

орталықтандырылған су жүйесіне қосылуда.

Осылайша аудан бойынша екі мыңнан астам

тұрғын үйге таза ауызсу тартылмақ.

Ауылдарға су құбырын тарту жұмысы

үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған.

Ал қараша айында барлық жоспарланған

елді мекендер топтық су құбырына қосылады

деп күтілуде. Құрылыс қарқыны көңіл

көншітрліктей. Мысалы, Көктөбе аулындағы

524 үйдің 431-іне сапалы ауызсу жеткізілген.

Аймақ басшысы судың тарифі тұрғындар

үшін қолжетімді болуы қажет екенін ескертті.

Бұл ретте, судың бағасын арзандатудың

ұтымды жолы ретінде Май топтық су

құбырына көршілес өңірлердің ауылдарын

да қосу ұсынылды.

- Ақсу қаласының Май ауданымен

шектесетін Мәмәйіт Омаров, Құркөл және

Еңбек ауылдарын сапалы ауыз сумен қамту

бойынша жоба әзірленуде. Аталған елді

мекендерде жалпы саны екі мыңға жуық

адам тұрады. Алайда, егер әр ауылға жекежеке

ұңғыма қазып, сорғы станциясын орнататын

болсақ, шамамен 1 миллиард теңге

жұмсалады. Бұл ауылдарды Май топтық су

құбырына қосу әлдеқайда арзанға түсер еді.

Онымен қоса, тұтынушысы көбейсе, судың

да бағасы арзандай түседі. Осы мәселені

қысқа уақыттың ішінде зерделеп, тиісті

шешім қабылдау қажет, - деді Б.Бақауов.

Қателік

түзетіледі

Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік

нысандарды да аралады. Бұл ретте Болат

Жұмабекұлының назарына Баскөл ауылындағы

екі пәтерлі тұрғын үй ілікті. Онда фельдшерлікамбулаториялық

бөлімше орналастырылуы

қажет еді. Тиісті тапсырма екі жыл бұрын

берілсе де, аталған тұрғын үй әлі жөндеуден

өткізілмеген. Облыс әкімі бұйрықтың орындалуына

салғырттық танытқан жауапты

лауазым иелеріне қатысты жаза қолдануды

жүктеді. Б.Бақауов мектептердің жылыту

маусымына дайындығын да тексерді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ауданда

жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығы

бағытындағы бірқатар жобалармен де

танысты. Атап айтсақ, Кеңтүбек ауылындағы

«NurJailau» шаруа қожалығының және Қаратерек

ауылының маңындағы «MyFeedlot» ЖШС-нің

мал бордақылау алаңдарының құрылысын

көрді. Аймақ басшысы құрылыс сапасына

көңілі толмайтынын жеткізді. Атап айтқанда,

ірі қараны қамайтын орындар талапқа сай

келмейді. «Барлық кемшіліктер уақытылы

түзетілуі тиіс. Оған біз көмектесеміз», -

деді Б.Бақауов.

Петроглифтер

табылды

Б.Бақауов Май ауданына қарасты Ақшиман

ауылының іргесінде орналасқан әйгілі «Қалмақ

қырылған» археологиялық-этнографиялық

кешеніне де ат басын бұрды. Бүгінде

мұнда С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университетінің ғалымдары

қазба жұмыстарын жүргізуде.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында қазақ тарихындағы үлкен әскери

қақтығыстардың бірі орын алған «Қалмақ

қырылған» кешенін зерттеу мақсатында

10 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Нәтижесінде қазір мұнда археологтар қазба

жұмыстарын жүргізуде.

- Археологиялық жұмыстардың басты

мақсаты - XVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ

арасындағы әскери-саяси қатынастарға

қатысты заттай деректер табу. Осы күнге

дейін «Қалмақ қырылған» оқиғасына қатысты

тек жазба деректер ғана болды. Ал біз

материалдық дәлелдер табуға тырысудамыз.

Сол арқылы үш ғасыр бұрын болған шешуші

шайқастың орнын нақтылауымыз қажет, -

дейді археолог ғалым Виктор Мерц.

Бұл орындағы археологиялық қазба

жұмыстары екі апта бұрын басталған.

Соған қарамастан, қазірдің өзінде садақтың

ұшы, айылбас, қайрақ сияқты көне заман

жәдігерлері табылған. Бұдан бөлек, таудағы

тастардан көне жазуларды анықтаған. Онда

жануарлардың суреттері және әзірге белгісіз

таңбалар бедерленген.

Қазіргі кезде «Қалмақ қырылған» оқиғасына

қатысты тарихи, ғылыми деректерді жинау

бойынша жұмыстар да қоса жүргізілуде.

Ол мақсатта павлодарлық ғалымдар Ресей

Федерациясына, Қалмақ еліне аттанбақ.

Ондағы музей, мұрағаттарда қазақ-қалмақ

қатынасына қатысты әлі анықталмаған көптеген

деректер сақталған, дейді ғалымдар. Бұдан

бөлек, Павлодарда отандық және шетелдік

тарихшы, зерттеушілердің қатысуымен ауқымды

ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша

арнайы зерттеу кітабы жарыққа шығады. Ал

тарихи орында тастан арнайы стелла және

ақпараттық тақталар орнатылады.

Май ауданы.

ӨҢІР

Қой көбейтуге қолайлы, бірақ...

Бүгінде шаруалар қой өсіру тиімсіз деп отыр. Ірі қараны өсіруде де қарық қылып отырғанымыз

шамалы. Қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырларын Ресейден тасымалдап жатырмыз. Баянауыл

ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Болат Бақауов осы бағыттарға ерекше назар

аударуды тапсырды.

Данияр ЖҰМАДІЛ

«Мүмкіндікті

пайдалану маңызды»

Баянауыл - мал шаруашылығын дамытуға

қолайлы өңір. Мұнда төрт түлік жылына

ары кеткенде екі ай қорада тұрады. Қалған

уақытта жайылып жүреді. Бұл мал күтіміне

қатысты шығынды біршама азайтары сөзсіз.

Сондықтан, жергілікті шаруалардың алдында

мал басын көбейту мақсаты тұр. Әсіресе,

қой шаруашылығын дамыту қажет.

Өңірге жұмыс сапарымен барған облыс

әкімі бірнеше шаруа қожалықтарына арнайы

атбасын бұрып, осы мәселелерді алға тартты.

Құндыкөл селолық округіндегі «Мырзашоқы»

шаруа қожалығы аграрлық несиелік корпорациясы

арқылы Ресейден 100 қазақтың

ақбас сиырларын әкелген. Жалпы биыл

аудан бойынша «Сыбаға» бағдарламасы

аясында 644 бас асыл тұқымды ірі қара

жеткізілуі тиіс. Қожалық басшысы Орал

Сартаев бұл бағдарламаның игілі мол

екенін айтуда.

Аймақ басшысы шаруалармен кездесу

барысында аграрлық салаға мемлекет

тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырғанын

жеткізді. Тек шаруалар бұл қолдаудан құр

қалып қоймауы тиіс.

- «Сыбаға» бағдарламасы аясында жылдық

4 пайызбен 15 жылға дейін жеңілдетілген

несие береді. Бұл – таптырмас мүмкіндік.

Бірақ ол бағдарламаның қаншалықты

өміршең болатыны сөзсіз. Қолдарыңызды

мезгілінен кеш сермеп қалмасаңыздар

болғаны. Мысалы, осыдан 5 жыл бұрын

«Беларусь» тракторының құны шамамен

3 миллион теңге болды. Онымен қоса,

ол мемлекет тарапынан субсидияланды.

Яғни, шаруаларда арзан бағаға трактор

сатып алу мүмкіндігі болған еді. Бірақ

кәсіпкерлеріміз онда да белсенділік танытпады.

Ал қазір сол тракторлардың құны

7 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетті.

Амал жоқ, сатып алуға тура келеді. «Сыбаға»

бағдарламасы да дәл солай. Ол күндердің

бір күні тоқтатылары сөзсіз. Сондықтан

уақыт барда пайдаланып қалуымыз тиіс.

Өкінішке қарай, шаруалардың белсенділігі

төмен. Біз қазір қазақтың асыл тұқымды

ақбас сиырларын Ресей елінен тасымалдап

жатырмыз. Бұл - ұят жағдай. Оны түзету

қажет, - деді Болат Жұмабекұлы.

Құндыкөл ауылында болған аймақ

басшысы «Айша» шаруа қожалығына ат

басын тіреді. Жергілікті кәсіпкерлер етті қой

шаруашылығын дамытуда. Қойдың басын

2 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

- Жалпы, Баянауыл және Май ауданы

қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.

Бірақ, өкінішке қарай, қой өсіру ісі кенде

қалуда. Былтыр өңірлерге жұмыс сапарым

барысында осы аудандардың шаруалары

қой етін өткізе алмай жатқандарын

айтып, шағымданған еді. Бұл мәселені

шештік. Павлодар қаласында ет комбинатымен

келісім жасалды. Олар қой етін

тиімді бағамен сатып алуға келісті. Енді

керісінше, сол комбинат сатып алатын

ет таба алмай отыр, - деп сын айтты

облыс әкімі. Сондай-ақ, Б.Бақауов қой

тұқымын асылдандыру жұмыстарын қолға

алу қажет екенін айтты.

- Қай шаруашылықты қарамасаңыз да

қоймен бірге ешкі жайылып жүреді. Бұл

дұрыс емес. Қойдың тұқымын асылдандыруға

ерекше ден қою қажет. Мал шаруашылығын

қолға алғаннан кейін онымен кәсіби түрде

айналысу қажет, - деді облыс әкімі.

Қойдың етіне сұраныс бар, тек жүні

мен терісі текке қалып жатыр дейді шаруалар.

Енді бірі, қойға қарағанда ірі қара

өсіру тиімдірек деп отыр. Аймақ басшысы

тиісті мекемелерге Алматы, Қарағанды

мен Шығыс Қазақстан облысының қой

өсірудегі тәжірибесін ескеруді жүктеді.

Сондай-ақ, экономикалық тұрғыдан қой

шаруашылығын дамытудың ұтымды және

кем тұстарын сараптап, нәтижесімен облыс

шаруаларын ақпараттандыруды тапсырды.

- Бүгінде еліміз бойынша қой шаруашылығына

ден қойылып отыр. Мысалы,

Алматыда 2 миллион қой бар. Оңтүстіктің

кәсіпкерлері осы бағытқа ойысып жатыр.

Сондықтан өзге өңірлердің де тәжірибесін

ескеру қажет, - деді ол.

Шаруалар бірқатар мәселелерді де сөз

етті. Мысалы, «Айша» шаруа қожалығының

басшысы Жұлдыз Қожин бруцеллез мәселесін

көтерді.

(Жалғасы 4-бетте).

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!