20.08.2019 Views

20 тамыз, 2019 жыл №94 (15414)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АТАЖҰРТ 20 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 5

«НҰРЛЫ КӨШ»

Қандастарымыз оралды

Моңғолияның Баян-Өлгей және Қобда аймақтарында

тұрған қандастарымыз тарихи отанына – Павлодар

жеріне оралды. Барлығы 13 отбасы, 80 адам атабаба

жеріне тұрақтады.

Қоныстанушылар барлығы

1500 шақырым жол жүріп келген.

«Елге ел қосылса - құт» дегендей,

олардың атажұртқа аяқ басуын

жақсы ырымға балаған жергілікті

басшылық ақ дастарқан басына

шақырды.

- Қазақстанға 80 қандасымыз

қайтып келіп отыр. Бұл – үлкен

қуаныш. Бірінші жартыжылдықта

250 адам көшіп келді. Бұл -

бір жылға берілген квота саны.

Жалпы, «Нұрлы көш» мемлекеттік

бағдарламасы аясында «Отандастар»

қорының қолдауымен 330 адам

қоныс аударды. Моңғолия жерінен

13 отбасы көшіп келді, оларда

кәмелетке толмаған 48 бала тәр-

Қобда аймағынан келген

Кенжехан Төлеу облыс басшылығына

жылы қабылдау ұйымдастырғаны

үшін алғысын білдірді.

- Мен 82 жастағы анамды

және 6 баламды бірге көшіріп

әкелдім. Моңғолия елінде біз мал

шаруашылығымен айналыстық,

мұнда да берген баспанаға

қоныстанып, ұсынған жұмысты

қиынсынбай істеуге дайынбыз.

Еңбек етуден жасқанбаймыз, -

деді ол.

Әулеттің үлкен ұлы мектепті

тәмамдаған, ағылшын тілін

меңгерген, ол әрі қарай білімін

жалғастырғысы келеді. Кіші ұл

болса, бастауыш сыныпта оқиды.

биеленуде. Оларды балабақшамектепке

орналастыру, ересек қандастарды

жұмыспен қамту мәселелері

шешілуде. Бүгінде шетелдерде

тұратын, тарихи отанына қайтуға

бекінген қандастарымызды көшіріп

алуға ниеттіміз. Павлодар облысы

оларды қабылдауға әзір,-деді облыс

әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

«Біз қазақ болған соң, ата-баба

тілін құрметтеп, болашағымызды

Қазақстанмен байланыстыруды құп

көрдік», дейді ол.

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы

облыстық филиалының

жетекшісі Болат Заутұлының

айтуынша, көшіп келушілер елге

800 килограм киім-кешек, заттармен

жеткен. Жол-жөнекей қол ұшын

бергендер аз болмаған.

- Көшіріп әкелер алдында біз

бұл отбасылардың тұрмысы қандай

екеніне зер салдық. Қазақстанға

көшсем дейтін отбасылардың

жағдайымен танысып алдық.

Сондай-ақ, киім-кешек, заттарды

өткізуде шекараларда қандай

кедергілер туындайтынын анықтадық.

Ресей Федерациясының мемлекеттік

шекарасы - Ташанте өткізу пунктінен

өтерде иммигранттардың қандай

қиындыққа тап болатынын білдік.

Мәселелер туындамас үшін көші-қон

кезінде Омбыдағы Қазақстан

консулдығына арқа сүйедік.

Қандастарымыз барлық жүктерімен

аман-есен тарихи жеріне жетті.

Қазіргі кезде отбасылар қалалық

бейімдеу орталығына орналастырылды,

деді ол.

Облыстық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламаларды

үйлестіру басқармасының басшысы

Қайрат Нұрмағамбетовтің айтуынша,

жаңадан қоныстанушыларға Май

ауданы, Тереңкөл ауданы және

Екібастұз қаласы ауылдық аймағына

қарасты елдімекендерде тұрақтау

ұсынылатын болады. Әрине, олар

ұзаққа орын тебу мәселесін өздері

шешеді. Қандастардың арасында

ауылдық жерлерде қажет етілетін

кәсіби мамандар бар.

Көшіп келуші отбасылардың

әрбір мүшесіне 88500 теңгеден жол

шығыны мемлекеттік бағдарлама

аясында өтеледі. Оларға облыстағы

аудандардан бір жыл бойы тегін

тұру құқығымен баспаналар жалға

беріледі. Оларды кейін сатып алу

мүмкіндігі де ұсынылады. Жыл

соңына дейін Қытай, Моңғолия

және Қарақалпақстан, Ресей

жерлерінен 300 отбасы көшіп

келеді деп күтілуде.

Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Суреттерді түсірген - О.Саяхат

САЛТ-САНА

Дәстүріміздің жаршысы - аналар

Шынында да қариясы кемел,

апалары мейірлі, жезделері

зейінді, қарындасы көрікті,

әйелдері ақ некелі ел қашанда

мәдениеті жағынан ең озық

ел болмақ.

Бауыржан Момышұлы отбасы тәрбиесіне

байланысты мынадай бата берген екен:

Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,

Ағаларды райлы ғып бер,

Апаларды мейірлі ғып бер,

Жезделерді зейінді ғып бер,

Құдағиды кеңпейілді ғып бер,

Қарындасты көрікті ғып бер,

Інілерді бөрікті ғып бер,

Әйелді ақ некелі ғып бер,

Баланы қаны толық, шекелі ғып бер,

Жиендерді жетелі ғып бер – деп, бүгінгі

ұрпақты жақсы тәрбиеге шақырады.

Екібастұз қаласындағы «Ана ұлағаты»

қоғамдық бірлестігіндегі аналардың ұрпақ

тәрбиелеу жолындағы игі істері ауыз

толтырарлықтай. «Қыздар тәрбиесі», «Ибалы

келіндер», «Әжелер өнегесі», «Жеңге мен

қайын-сіңлі», «Ауыл тынысы, Шіркін, лайф»

түрлі тақырыптағы шаралар бір төбе болса,

осы жолы өтіп жатқан «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясындағы шаралар да

ерекше мазмұнды.

Тағы да Баукеңнің «Мен үш нәрседен

қорқамын: Біріншісі – баласына бесік жырын

айта алмайтын анадан; Екіншісі – бір–бірімен

қазақша сөйлесе алмайтын қазақтан, Үшіншісі

– немересіне ертегі айтпайтын әжеден» деген

ұлағатты сөздерін тілге тиек етіп, «Құрсақ

тойын» тойлап, «Бесік жырын» әндетіп,

«Тұсаукесер» дәстүрлерін көрсетіп, «Сәлем

- сөздің анасы» тақырыбында жас келіннің

«Сәлемдесу, Сәлем салу» ғұрпына көзін

жеткізіп, көрші–қолаңмен сыйластықта «Тізе

бүгу», «Кешірім сұрау» әдебіне үйретіп,

немерелерге жаңа тұрпаттағы ертегі айтып

беру, «Мүшел жастың» қыр-сырын ашып,

«Ат тергеу» дәстүрін сахналық көрініспен

шынайы көрсету сияқты тамаша шаралар

өтті.

Осындай шаралардың сәтті өтуіне «Ана

ұлағаты» қоғамдық бірлестігінің мүшелері -

Балжан Сиқымбаева, Сағира Кәрімжанова,

Рабиға Кенжекеева, Ләззат Шушаева,

Сәуле Мұсабекова апайлар ұйытқы болып,

өздерінің отбасындағы келін мен ененің

өнегесін, қайын мен қайынсіңлі сыйластығын,

туыстық татулық пен жұбайлар арасындағы

жарасымдылықты өмір тәжірибелерінен

алып, жастарға үлгі-өнеге ретінде шынайы

көрсете білді.

Әсіресе, поляк, белорус, қазақ тілдерінде

орындалған «Бесік жыры», ананың әлдиі

көрермен жастарға ерекше ұнады. «Тілі -

басқа, мақсаты - бір» бауырлас халықтың

аналары сәбилерін бауырына қысып, мейірлене

қарап, әлди жырын айтуы кімді болмасын

тебірентері анық!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:

«Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры

тарихының тереңінен бастау алатын рухани

коды болады... Жаңа тұрпатты жаңғырудың

ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды

сақтай білу», – деп атап өткен болатын.

Демек, бүгінгідей жаһандану заманында

бізді жамандықтан құтқарып қалатын негізгі

құндылықтарымыз дініміз, дәстүріміз, тарихымыз,

ұлттық кодымыз екен. Яғни ұлттық

құндылығына бекем болған елдің ұпайы

да арта түспек.

Бұл жолда Екібастұз қаласындағы «Ана

ұлағаты» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің

алда атқаратын жұмыстары ұшан-теңіз!

Бақытжамал ТҮСІПТЕГІ,

«Ана ұлағаты» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі,

Екібастұз қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!