20.08.2019 Views

20 тамыз, 2019 жыл №94 (15414)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 20 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ШОҢ БИ ЕДІГЕҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА – 265 ЖЫЛ

Құран оқудан жарысты

Биыл Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, «Төртуыл»

одағының төбе биі, тарихи тұлға Шоң би Едігеұлының туғанына –

265 жыл. Бабамыздың мерейтойы қазақ халқының маңдайына

біткен біртуар тұлғаларды сыйлаған мекен - Торайғыр ауылында

аталып өтті. Мұнда ерекше шара, Құран оқудан облыстық сайыс

ұйымдастырылды.

СПОРТ

Жексенбі күні - Халықаралық

спорт күніне орай «Ertis Half

Marathon – Достық өзені»

атты жартылай марафоны

өтті. Шараға 600-ден астам

адам қатысты.

Марафон

мәресіне жетті

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Арғысы Айдабол, Тайкелтір, Едіге,

Шоң, Торайғыр билер, ақын Сұлтанмахмұт

Торайғыров, Қамар Қасымов, Шәкен

Айманов сынды асыл перзенттер дүниеге

келген өңір аймағымыздың ғана емес,

еліміздің мақтанышы десек қателеспейміз.

Осынау киелі өлкеде Шоң би Едігеұлының

туғанына 265 жыл толуына орай, Елбасы

Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры»

мақаласындағы «Ұлы Даланың ұлы есімдері»

жобасын жүзеге асыру мақсатында Құран

оқудан облыстық жарыс ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға облыстық Мәшһүр Жүсіп

орталық мешіті мен «Мәшһүр Жүсіп» қоры

қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Павлодар

қалалық мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің тілдер секторының меңгерушісі

Мейрам Нұғыман, ауылдық мәдениет үйінің

қызметкерлері де атсалысты.

Қамар Қасымов атындағы Мәдениет

үйінде өткен облыстық жарыс 2 бөлімнен

тұрды. Алғашқы бағыт бойынша бақ

сынағандар жеребе арқылы таңдаған

Құранның 1 парасын жатқа оқып, қазылар

алқасы тарапынан қойылған сұраққа жауап

берді. Ал екінші бөлімде қатысушылар

Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан жарысты.

Оларға да қосымша тапсырмалар берілді.

Сайыс үміткерлеріне Баянауыл ауданы

«Мұса Мырза» мешітінің ұстазы Берікбай

Германұлы кесімді баға беріп, төрелік етті.

Сонымен қатар, Павлодар қаласындағы

«Омар Әл-Фаруқ» мешітінің бас имамы

Есембек Советұлы, облыстық Мәшһүр

Жүсіп орталық мешітінің азаншысы Дәулет

Сембайұлы, Екібастұз қалалық орталық

мешітінің ұстазы, қари Ақбарқожа Омарұлы,

Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің наиб

имамы Бірлік Скандарұлы төрелік етті.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының

Павлодар облысы бойынша өкіл

имамның орынбасары, Мәшһүр Жүсіп орталық

мешітінің наиб имамы Қанат Қабай жарысқа

арнайы келіп, қатысушыларды құттықтап,

ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды

үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» деп

келтіреді. Сондықтан Мұсылман адамының

ең басты ұстанымы Құран болуы керек.

Оны тек жаттап қана қоймай, өмір бойы

ұстанатын жолына айналдыруы керек.

Өзбекстан, Қырғызстанда қарилар өте

көп кездеседі. Елімізде Шымкент жастары

Құранды жаттауға көптеп келуде. Біздің

өңірде де осы Құранды жаттайтын қарилар

мен шәкірттерді оқытуымыз қажет. Басқа

аудандарда да осындай жарыс өткізілсе

дейміз, - деді Қанат Қабдіразақұлы.

Жарысқа аудан, қала мешіттерінен 30-дан

астам үміткер қатысты. Олардың арасында

мешіт шәкірттері мен медресе түлектері,

«Құран жаттау» орталығының шәкірттері

болды. Барлығы жоғары дайындықпен

келіп, қасиетті Құранның аяттарын шынайы

ықыласпен оқыды. Атап өтерлігі, жарыста

бақ сынағандардың қатарында имандылыққа

бет бұрған мектеп жасындағы шәкірттердің

қатары да көп болды. Қазылар алқасы

қатысушыларды тізім бойынша шақырып,

берілген тапсырмадан бөлек, қосымша

сұрақтарын қойып, үміткерлердің білімі

мен білігін бағалады.

Жүлдегерлерді филология ғылымдарының

кандидаты, профессор Ертай Жүсіпов

марапаттады.

- Әлемдегі мұсылмандардың көпшілігі

Аллаға мың шүкір етсе, біз қазақ одан екі

есе көп шүкір айтуымыз керек. Өйткені

Алла Тағала бізді қазақ қып жаратты.

Көп ұлттарда мұндай әулие, билер жоқ.

Бейбіт аспан астында Құран оқудан жарыс

өткізіп жатқанымызға шүкір етейік. Барлық

ұйымдастырушыларға, қол ұшын созған

азаматтарға Алла разы болсын, - деді ол.

Қазылар алқасының шешімімен құранды

жатқа оқу секциясы бойынша 3-орынды

Ақсу қаласынан келген Бауыржан Әлімбеков

алды. Ал Ақтоғай ауданының атынан бақ

сынаған Ержан Амралинов жүлделі екінші

орынға ие болды. Құранды нақышына

келтіріп оқыған екібастұздық Райымбек

Тілеубердинов жеңімпаз атанып, бірінші

орынды қанжығасына байлады. Ал Құранды

мәнерлеп оқу секциясы бойынша 3-орынды

Май ауданынан келген Жағыпар Ғабдылғазиз

иеленсе, екінші орынды павлодарлық

Олжас Сираж жеңіп алды. Жүлделі бірінші

орынды Екібастұз қалалық мешіті атынан

сынға түскен Хайрол Нұрахмет еншіледі.

Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлық

табыс етілді. Өзге қатысушыларға Алғыс

хат пен, Шоң би Едігеұлының мерейтойына

арнап шығарылған төсбелгі және Ыбырай

Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық»

атты кітабы сыйға тартылды.

Райымбек ТІЛЕУБЕРДИНОВ,

Құранды жатқа оқу секциясының жеңімпазы:

- Құранды оқумен 1 жыл айналысып

келемін. Жаз мезгілінде Оңтүстік

Қазақстан облысындағы Сарыағашқа

жолым түсіп, Құранды жаттап,

ұстаздардың уағызын тыңдадым. Бұл

жарысқа бір апта дайындалдым. Өзім

Екібастұз қалалық мешітінің шәкіртімін.

Құран жаттауды Алла Тағала нәсіп етті.

Сол үшін шүкіршілік етемін.

Торайғыр ауылы,

Баянауыл ауданы.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Ertis Half Marathon – Достық өзені»

марафонына Павлодар облысының

тұрғындарынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Орал,

Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды,

Теміртау, Қостанай, Көкшетау өңірлерінен,

сонымен қатар Ресейдің Омбы және

Новосібір қалаларынан спортшылар

арнайы келді.

Шараға қатысушылар жүгіруден бақ

сынады. Мұндағы жартылай марафонның

жалпы ұзындығы – 21 шақырым.

Экиден эстафетасының да ұзындығы

осыған тең. Сонымен қатар, балалар

1 шақырымды бағындыру керек болса,

мектеп жасындағылар үшін VIP жүгіру

100 метр және жаппай жүгіру мен

скандинавиялық жаяу жүріс 1,6 шақырымды

құрады. Жарысқа қатысушы ерлер

5 шақырымға жүгіріп, КСРО рекордшысы,

спорт шебері Александр Кузнецовтың

жүлдесі үшін бақ сынаса, әйелдер

3 шақырымды жүгіріп өтіп, 1998 жылғы

Нагано Олимпиадасының қола жүлдегері

конькиші Людмила Прокашеваның кубогі

үшін сайысқа түсті.

Running Pavlodar құрама командасының

үйлестірушісі Сапаргелді Әбдірашев

марафонға көптеген спорттық сайыстардың

чемпиондары арнайы келгенін айтады.

- Бұл шараны өткізуге біз 3 жыл

дайындалдық. Нәтижесінде марафонға

қатысуға еліміздің әр түкпірінен және

көршілес Ресей елінен спорштылар

келді. Мұндағы ең көп адам қатысқан

түрі экиден эстафетасы болды. Яғни

21 шақырымды бағындыруға 250 адам

жүгірді. Атап өтерлігі, шарамызға қысқы

жүзуден 80 жастағы әлем чемпионы

Евгений Житнов, мүгедектер арбасындағы

марафоншы Аркадий Губарев және жүзден

астам марафонға қатысушы Амегульсин

Мұсылмановалар қонақ болып келді, -

дейді Сапаргелді Әбдірашев.

Марафон жүлдегерлері «Eртіс

Promenade» сахнасында арнайы марапатталды.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың

концертіне ұласты.

Амегульсин МҰСЫЛМАНОВА,

72 жаста, марафонға қатысушы:

- Бұл - мен қатысып отырған

111-ші марафон. Оның ішінде 103-і

42 шақырымға арналған. Мен 5, 10

шақырымдағы жүгірістерді санап

отырған жоқпын. Жүгіру менің

өмірімде ерекше орын алады. Қазір

жүгірістен бөлек, биатлон, триатлонмен

айналысамын. Сондықтан

мен үшін бүгінгі 21 шақырым аса

бір қиындық тудырып отырған жоқ.

Ендігі мақсатым - Азия мен Малайзияда

өтетін чемпионатқа қатысу.

«EРТІС PROMENADE»

Эдвард – Павлодарда!

Сенбі күні «Eртіс Promenade» сахнасында

румыниялық сазгер Эдвард Майя мен отандық

эстрада жұлдыздары «Action» тобы өнер көрсетті.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Дәл осы күні павлодарлықтар «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің

күнін» атап өтті. Айтулы датаға орай Ертіс-Баян өңіріне ат басын

бұрған өнер иелері жерлестерімізге ерекше көңіл-күй сыйлай білді.

- «Eртіс Promenade» жобасы қала тұрғындары үшін демалыс

күндерін тиімді өткізетін орынға айналды. Себебі, біз мұнда өзіміздің

сүйікті әншілерімізбен жүздесіп, олардың әндерін жанды дауыста

тыңдай аламыз. Тіпті, концерттен кейін өңірге келген өнер иелерімен

естелікке суретке түсуімізге де мүмкіндік бар. Бізге әр аптаның

сенбісінде қазақстандық және шетелдік жұлдыздармен қауышуға

мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз, -

дейді қала тұрғыны Азиза Болат.

Сенбілік кеш әдеттегідей жергілікті өнерпаздардың концертімен

басталып, отандық «Action» тобының шығармаларымен сабақтасты.

Өнерлі топ түрлі жанрдағы хит әндерді орындап, көрермен көңілінен

шыға білді. Тіпті, марқұм Батырхан Шүкеновтің репертуарынан

ерекше орын алған «Джулия» әнін жерлестеріміз өнерлі топпен

бірге шырқады. Ал айтулы күннің басты қонағы болған румыниялық

Эдвард Майяны жерлестеріміз жылы қабылдады. Өз кезегінде

әнші Павлодардағы ән кешін Қазақстанда туған анасына арнайтынын

жеткізді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!