31.10.2019 Views

31 қазан, 2019 жыл №125 (15445)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2

31 қазан, бейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

Баспаналы

бола алады

Аймақ ұстаздары мен дәрігерлеріне алғашқы

жарна ретінде тұрғын үй сертификаттарын

табыстау мүмкіндігі қарастырылады. Жауапты

органдарға мұндай тапсырманы қоғамдық

қабылдау шарасы аясында Павлодар облысының

әкімі Болат Бақауов берді.

Аймақ басшысы әр аптаның сейсенбі күні «Nur Otan»

партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке

мәселелері бойынша қабылдайтыны белгілі. Бұл жолы облыс

әкімінің қабылдауына 9 адам жазылған. Олардың бірі дәрігернеонатолог

болып жұмыс істейтін қызына тұрғын үй сертификатын

беруді сұрады. Болат Жұмабекұлы денсаулық сақтау

басқармасы мен өтініш білдірушінің қызы жұмыс істейтін медицина

мекемесінің басшысына аталған мәселені мұқият қарастыруды

тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Б.Бақауов өзінің Instagram әлеуметтік

желісіндегі ресми парақшасында:

- Жалпы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының

басшыларына Павлодар облысы бойынша бастапқы жарна үшін

тұрғын үй сертификатын берген жағдайда, қанша педагог пен

медицина маманы үй алуға дайын екендігін есептеуді тапсырдым, -

деп жазба қалдырған.

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Александр Эскиджян отбасылық

жағдайға байланысты орта мектепті

аяқтай алмапты. 8-сыныпты тәмамдаған

соң еңбекке ерте араласуына тура

келіп, түрлі салада қызмет атқарды.

Кейін үйленіп, шаңырақ көтерді.

Отбасының жағдайын жасау үшін

Павлодар қаласындағы базарлардың

бірінде аяқ киім сатты. Ал әйелі

үйде түрлі мерекелік шараға тапсырыспен

торттар пісірді. Тұрғындар

тарапынан сұраныстың жоғары екенін

байқаған отбасы дәл осы бағытта

кәсіп бастауға бел буды. Сөйтіп,

облыс орталығындағы дүкендердің

бірінде орналасқан шағын цехты жалға

алып, тәттінің түр-түрін пісіріп, сата

бастады. Кейін шағын цех тарлық

етіп, кәсіпті кеңейтуді ойлас-тырды.

«Өндіріс» бағдарламасы арқылы 9

млн. теңгеге жеңілдетілген несие

алып, бұл сомаға құрал-жабдықтарды

жаңартып, кең цехқа көшті. Нәтижесінде

кондитерлік орынның қуаттылығы

да, нарық ауқымы да артты. Бұған

дейін тек павлодарлық дүкендерді

қамтып келген «Эскиджян» жеке

кәсіпкерлігінің өнімдеріне Нұр-Сұлтан,

Өскемен, Семей қалаларының

фирмалары тарапынан да қызығушылық

пайда болып, сол өңірлерге түрлі

тәттіні жөнелте бастады. 2018 жылы

«Бизнестің жол картасы – 2020»

мемлекеттік бағдарламасы бойынша

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕРЛІК

Дипломсыз-ақ іс бастап...

Жоғары оқу орнын былай қойғанда, орта мектепті тәмамдауға мүмкіндігі болмаған

павлодарлық Александр Эскиджян – бүгінде табысты кәсіпкерлердің бірі. Өз

ісін облыс орталығындағы базарлардың бірінде аяқ киім сатудан бастаған ол

қазіргі кезде кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады. Кәсібін одан әрі

дамытып, нарықтан ойып тұрып орын алу үшін орта жолда үзіліп қалған білімін

қайта жалғастырмақ.

несие ресімдеп, жеке ғимарат пен

италиялық заманауи пештер, қант

қосылған печенье пісіретін арнайы

тізбек сатып алды. Бүгінде күніне

шамамен 700 келі кондитерлік өнім

шығарады. Оның жартысына жуығы

Шығыс Қазақстан облысы мен

Ресейдің Бийск, Славгород өңірлеріне

сатылады. Атап айтқанда, айына

2-2,5 мың тонна павлодарлық өнім

басқа аймақтардың дүкен сөрелерінен

орын алады. Ал оларды небары

9 кондитер пісіреді.

- Қазіргі кезде 65 түрлі кондитерлік

өнімді дайындаймыз. Жуық арада

бірнеше жаңа құрал сатып алып,

өнім түрлерін көбейткіміз келеді.

Оған қоса, біздің цехтың қасындағы

ғимаратты сатып алып, жеке дүкен

ашуды қалаймыз. Сол кезде маман

тапшылығы болуы әбден мүмкін.

Себебі бұл мәселе өңірде өзекті тұр.

Павлодар қаласындағы колледж- дер

биыл кондитерлік өнімдер технологиясы

мамандығы бойынша

студенттерді қабылдамағанға

ұқсайды. Тек мейрамхана, қонақ

үй, қоғамдық тамақтану ісі сынды

салалар мамандарын оқытуда. Білімді,

білікті технологтардың болмауы кәсіпті

кеңейтуді қалайтын бизнес өкілдеріне

кедергі келтірмей қоймайды, - дейді

А.Эскиджян.

Бұл ретте кәсіпкер өзінің орта

мектепті де тәмамдамағанын айтып

қалды.

- Менің аттестатым да, дипломым

да жоқ. Соған қарамастан, мемлекет

қолдау білдіріп, бағдарламаларға

қатысып, бүгінде игілігін көріп

отырмын. «Атамекен» кәсіпкерлер

палатасының қолдауымен биыл

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев

университетінде «Іскерлік байланыстар»

жобасына қатысып, кейін

С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университетінде бизнескурстан

өттім. Соның нәтижесінде

кәсіпті жүргізудің қыр-сырын үйрендім.

Енді кезінде үзіліп қалған орта білімімді

қайта жалғастырып, 9-11-сыныптың оқу

бағдарламасын меңгермек ойым бар.

Себебі бизнесті дамытып, нарықты

зерттеп, әріптестермен байланыс

орнату үшін міндетті түрде білім

керек, - дейді ол.

Айта кетелік, бүгінгі күні аталмыш

кондитерлік цех өз өнімдеріне

сауда белгісін алу үшін патенттеу

бюросына өтініш берді. Бұл

бюроның мамандары тиісті талдама

жұмыстарын жүргізіп, отандық

және әлемдік нарықты саралайды.

Егер Александр Эскиджян қалаған

атау бос болса, көпшілік «Эскиджян»

жеке кәсіпкерлігінің өнімдері деп

білетін тәттілер нақты атауға ие

болмақ.

НАРЫҚ

Нанның бағасы

төмендеді

Екі апта бұрын «Павлодар нан-тоқаш комбинаты»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Тау нан» формалық нанның бір бөлкесін

дүкендерге 105 теңгеден босатса, енді оның

бағасы 95 теңгеге төмендеді.

Суретті түсірген – Роза Мұстафина.

Бұл туралы кәсіпорынның басшысы Виталий Сартаков қол

қойып, Павлодар қаласының әкімдігіне жолдаған хаттан белгілі

болды. Хатта 22 қазаннан бастап комбинаттың бірінші сұрыпты

ұнға деген тәуліктік қажеттілігі 10 тонна болса, ол қазіргі кезде

толық өтелетіндігі туралы айтылған. Кәсіпорынға ұн сататын

«Агро-Даму» ЖШС-і ұнның бағасын бір деңгейде ұстауда. Яғни,

комбинат ұнның бір келісін 95 теңгеден сатып алады.

- Жоғарыда айтылғанға байланысты, сондай-ақ, «Агро-

Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта ұнның

сатылым бағасын бір деңгейде сақтап, біздің ұнға деген тәуліктік

қажеттілігімізді өтеп отырады деген сеніммен «Тау нанның» бір

бөлкесін 95 теңгеден сату туралы шешім қабылдадық, - деп

жазады комбинат басшысы.

Еске салайық, қазан айының ортасында нан-тоқаш комбинатында

бірінші сұрыпты нанның сатылым бағасы көтерілген еді.

Дүкендер комбинаттан жеткізілген нанды 105 теңгеден сатып

алуға мәжбүр болды. Кәсіпорын басшылығы нан бағасының

қымбаттауын ұнның құнының өсуімен байланыстырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«НҰРЛЫ ЖЕР»

Жеке үйлерге жайғасады

Биыл Ақсу қаласында 56 көпбалалы отбасы баспаналы болады. Олар үшін

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі пәтерлі 28 үйдің құрылысы

жүргізілуде. Жеке тұрғын үйлер осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Ақсу қаласындағы №14 және №15 шағын аудандарда

«ГСУ Құрылыс», «Жәрдем», «Портал-ПВ» және

«Боровков» құрылыс компаниялары бір қабатты жеке

үйлерді салуда. Көпбалалы отбасыларға арналған

тоғыз үйдің құрылысын қолға алған «Боровков» жеке

кәсіпкерлігінің директоры Виктор Боровковтың айтуынша,

келесі айдан бастап тұрғын үйлер ел игілігіне

беріле бастайды.

- Құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында

басталды. Әр пәтердің аумағы – 85 шаршы метр.

Қазіргі күні ішкі және сыртқы жұмыстар жүргізіліп,

төбесі жабылуда. Алғашқы 4-5 үйді қараша айында,

ал қалғанын желтоқсан айында тапсыру жоспарланып

отыр. Мұнда орталықтандырылған жылу, су, кәріз,

электр желілері тартылған. Құрылыс барысында 30-ға

жуық адам еңбек етуде, - дейді В.Боровков.

Жалпы, Ақсу қаласындағы дәл осы шағын аудандарда

жеке үй құрылысын дамыту мықтап қолға

алынды. Мәселен, былтыр №14, 15 аудандарда барлығы

11 баспана пайдалануға берілсе, биыл 8 үйдің иелері

белгілі болды. Ал келесі жылы 62 баспананың құрылысы

басталмақ. Бұл мақсатқа мемлекеттік қазынадан

909,4 млн. теңге қарастырылды.

Ақсу қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!