31.10.2019 Views

31 қазан, 2019 жыл №125 (15445)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 31 қазан, бейсенбі, 2019 жыл ЖАҢҒЫРЫҚ

SARYARQA SAMALY

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА

Нұржайна

ШОДЫР

ОЙ-ТАМЫЗЫҚ

Жат жердегі

жауынгерге тағзым

«Енші» ұмыт

болғандай

Шыны керек, кейінгі кезде

бұл сөз ел арасында сирек

естілетіндіктен, кейбіреулер

оның мән-мағынасын жіті

түсіне бермейді. Себебі, «енші

беру» дәстүрі соңғы жылдары

көп айтыла бермейді, Тіпті

жадымыздан шығып бара

жатқан тәрізді.

Жалпы, енші деген не? Жазушы, журналист

Абай Хамза бұл сөзге былай анықтама

береді: «Бұрынғы қазақ қоғамында үйленген екі

жасқа отбасын құруға көмектесетін бірегей жүйе

болған. Ол – енші деп аталған. Енші дегеніміз -

келіншек алған жігіттің әкесінен бөлек отау болып

шыққанда көтеріп беретін үйі, арнайы бөліп,

бөлектеп беретін мал дәулеті».

Міне, енді «еншінің» не екенін түсінген боларсыздар.

Өкінішке қарай, бүгінде бұл дәстүр жойылып

барады. Оның себептері де әр түрлі. Көпшілік

бұған қазіргі нарық заманындағы қымбатшылық

себепкер екенін айтады. Яғни, бұрынғыдай

шаңырақ көтерген ұлдарына қора толы мал

мен бас-басына жеке үй алып беріп, отау қылып

шығаруға барлық ата-ананың жағдайы келмейтіні

ақиқат. Себебі, осы күннің жастарының көбі күнкөріс

қамымен еңбек ету үшін қалаға ағылады. Ал үлкен

шаһарларда пәтер құнының аспандап тұрғанын

ескерсек, оны сатып алуға қалталы адамдардың

ғана қауқары жететіні анық. Қатардағы зейнеткер

мен ай сайынғы жалақыға қарап отырған

қарапайым жандардың жағдайы келмейді.

«Енші» ұғымының ұмыт бола бастауының ең

басты себептерінің бірі осы екені сөзсіз.

Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын зиялы

қауым өкілдері жаңадан отау құрған қазақстандық

жастарға үкімет тарапынан қолдау көрсету үшін

«Мемлекеттік енші беру» деген тұжырымдама

жасап, жоғары жаққа ұсынған болатын. Бұл

бастама көпшілік арасында қызу талқыланды.

Соның нәтижесінде, мемлекет тарапынан жас

отбасыларына, жалпы, жастарға деген қолдау

күшейтілді.

Қазіргі уақытта жас жұбайлардың жақсы жұмыс

істеп, жайлы өмір сүруі үшін, ең бастысы үйлі-күйлі

болуы үшін мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер

қарастырылған. Тек осынау қолдаудың қадіріне

жетіп, игі істердің игілігін көре алатын, барды

бағалап білетін жас болса болғаны. Сондықтан

жастарымыз ерінбей еңбек етіп, мемлекет жасап

жатқан мүмкіндікті орынды пайдаланып, өздері

аяқтан тұруға талпынғандары жөн.

Бұл - заман талабы! Әрине, ата-анасына титтей

де салмақ салмай, адал еңбегінің арқасында

үйлі болып, көпке үлгі болып жүрген жастар

баршылық. Мұндайларға «жарайсың!» дегеннен

басқа айтарымыз жоқ.

Керісінше, ата-анасына арқа сүйеп, «еншісін

дәметумен» бейқам жүрген шолақ ойлы азаматтар

да жоқ емес. Жеңілдің астымен, ауырдың

үстімен жүргенді жақсы көретін осындай жігерсіз

жастардың арасында әлеуметтік-тұрмыстық себептерге

байланысты ажырасып жатқандар да бар.

Өкінішті! Олардың осы әрекеті үшін әке-шешесі

өздерін кінәлі сезініп, ел бетіне қарай алмайтындай

деңгейге түскені жайлы оқиғалардың

қоғамда орын алып жатқанын естігеніміз бар. Бұл

жағдай - ақылға қонбаса да, ақиқат.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші,

қатып қалған қағида жоқ. Заман ағымына сай

қоғамда түрлі өзгерістер болады да тұрады. Ол –

жазылмаған заңдылық. Сондықтан елі үміт артқан

ер жігіттер «еншісіз-ақ» бай-қуатты, қатарынан

қалмай өмір сүруге болатынын түсінгені жөн.

Еншіде тұрған ештеңе жоқ. Ал сіз не дейсіз,

құрметті оқырман?

Ұлы Отан соғысында

жат жерде опат болған

ерлердің ерлігі бүгінгі

ұрпақ үшін аңызға

айналды. Әйтсе де, талай

ана баласының, сансыз

перзент әкесінің ақтық

демін алған жерін біле

алмай, шерменде кетті.

Туған жердің бір уыс

топырағы бұйырмай,

қан майданда оққа

ұшқан жауынгердің бірі

Нұрахмет Сәдуақасов

еді. Жергілікті «Майдан

жолы» іздестіру

жасағының еселі

еңбегінің нәтижесінде

былтыр өзге елден

жауынгердің зираты

табылды.

Алпысбай ХОНЖ

Жуырда редакциямызға Аманжол

Қоқымбаев деген ақсақал келді. Ол

70 жылдан астам уақыт нағашы ағасы

Нұрахмет Сәдуақасов жайлы ешқандай

дерек біле алмай келгендігін айтқан

еді. Оның сөзінше, Н.Сәдуақасов 1941

жылдың 21 шілдесі күні Ресейдің Новосібір

облысына қарасты Татар ауданынан

соғысқа аттанған екен. Бұғанасы қатпаған

бозбала қан майданның соңына дейін

арпалысып, жеңіске бір қадам қалғанда

Чехословакия жерінде қаза болады.

- Көктем шығып, күн әбден жылынған

кез болатын. Үйге қаралы хабар келді.

Ол кезде мен 7 жастағы бала болсам

да, үйдегілердің егіле жылағаны

есімде қалыпты. Майданнан келген

қарақағазда жауынгер Н.Сәдуақасовтың

1945 жылдың 6 мамырында Чехословакияда

опат болғаны туралы жазылған.

Бірақ нақты қай жерде, қандай ұрыста

қаза болғаны, қайда жерленгені туралы

ақпарат жоқ. Ағамызды біз кейін де

көп іздедік. Бірақ нәтиже болмады, -

дейді А.Қоқымбаев.

Былтыр Аманжол Қоқымбаев соғыста

шейіт болған нағашы атасын іздестіру

мақсатында облыстық Ардагерлер

кеңесінен көмек сұраған екен. Олар

ақсақалды «Майдан жолы» іздестіру

жасағына барып, мән-жайды түсіндіру

туралы кеңес береді. Ақсақалдың

өтінішін жерге тастамаған аталған жасақ

мүшелері бірден іздестіру жұмыстарын

бастап кетті. Жұмыс нәтижелі болып,

олар А.Қоқымбаевқа 2018 жылдың

26 маусымы күні жауынгердің жерлен-

ген орнын тапқаны туралы жағымды

жаңалықты жеткізді. Отан үшін опат

болған ержүрек ұлдың мүрдесі Чехия

еліндегі Фридрик Мистек қаласы

маңындағы жауынгерлер зиратына

жерленген екен.

Жетпіс жыл бойы күткен хабарды ести

салысымен ақсақал атасының басына

барып, зиярат етуге бел байлайды.

А.Қоқымбаев бауырластар зиратында

А.Қоқымбаев естеліктерімен бөлісуде

Суретті түсірген - Светлана Воронова.

Алайда, қарияның өз күшімен өзге

мемлекетке баруға мүмкіндігі жоқ еді.

Ол «Nur Otan» партиясының жергілікті

филиалына, Железин ауданының

әкімдігіне, өңірге белгілі кәсіпкерлерге

хат жазып, көмек сұрайды.

- Мен секілді 80-нен асқан адамға

жалғыз жүріп-тұру қиын. Сондықтан

Чехияға бірнеше туысқандарыммен

бірге барсам деген ой болды. Бәрі де

қаржыға тіреледі ғой. Тиісті орындардың

бірнешеуіне барып, көмек сұрағаныммен,

ешқайсысы өтінішімді қанағаттандырған

жоқ. Кейін «Қазақстан алюминийі»

акционерлік қоғамының президенті

Роман Романовқа барып, көмек

сұрадым. Азамат екен. Өтінішімді

жерге тастаған жоқ, - дейді

А.Қоқымбаев.

Р.Романовтың қолдауымен ақсақал

жалғыз өзі жолға шықты. Ол Павлодардан

Нұр-Сұлтан қаласына пойызбен,

ары қарай ұшаққа билет алып, Чехияға

аттанды. Ақсақал нағашы ағасы жатқан

бауырластар зиратына гүл шоқтарын

қойып, зиярат етті. Туған жердің бір

уыс топырағын батыр нағашысының

зиратына апарды. Аталған орынға

966 сарбаз, сержанттар мен офицер,

сондай-ақ 75 командир жерленген

екен. Олардың көпшілігі - соғыс кезінде

әр жерде қаза болған жауынгерлер.

Сұрапыл жылдардағы мұрағаттардан

есімдері анықталған боздақтар осынау

бауырластар зиратына қайта жерленген

екен. Аманжол Қоқымбаев аталған

зиратта жатқан сарбаздар арасынан

15 қазақстандық жауынгердің есімін

анықтады. Соғыстың аяқталуына

небары 3 күн қалғанда қаза тапқан

ефрейтор Нұрахмет Сәдуақасов «Ерлігі

үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін»

медальдарымен марапатталғанын да

білді.

Жетпіс жыл бойы бір хабарын ала

алмаған нағашысының жатқан жерін

көзімен көрген павлодарлық ақсақал

осынау игі іске мұрындық болған барша

азаматтарға алғыс айтады. Сауапты іске

атсалысқандар қатарында «Қазақстан

алюминийі» АҚ-ның президенті Роман

Романов, «Майдан жолы» іздестіру

жасағының командирі Александр Шитов,

Ресейдің Чехиядағы консулы Валерий

Терентьев, елшілік маманы Евгений

Мишин мен аталған елшіліктің үшінші

хатшысы Алексей Трякин және тағы

басқа азаматтар бар.

Зұлмат соғыста белуардан қан кешіп,

із-түссіз кеткен жауынгерлердің есімін

ұлықтауда «Майдан жолы» іздестіру

жасағының еңбегін айрықша атап

өткен жөн. Аталған іздестіру жасағы

он жылдан астам уақыттан бері еңбек

етуде. Бүгінге дейін олар қан майданда

хабарсыз кеткен көптеген жауынгер

жайлы тың деректер мен олардың

жерленген орнын тауып, тарихымызды

қайта жаңғыртты.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!