26.11.2019 Views

26 қараша, 2019 жыл №136 (15456)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

26 қараша, сейсенбі

2019 жыл

№136 (15456)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қалмаққырған»

құпиясы

Нақпа-нақ

Жыл басынан

облысқа

351 млрд.

теңге

инвестиция

тартылды

БАСПАНА

Меже -

13 миллион

Жыл қорытындысында елімізде

13 млн. шаршы метр тұрғын

үй пайдалануға берілуі тиіс.

Үкімет «Бәйтерек» холдингі мен

өңірлердің әкімдеріне биылға

жоспарланған көрсеткіштердің

орындалуын қамтамасыз етуді

тапсырды.

Білім:

ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ ЕҢ ЖАҚЫН ДОСЫ

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Toraighyrov University-де «Қалмаққырған тауларындағы археологиялық-этнографиялық

зерттеулер» атты халықаралық ғылымитәжірибелік

конференция өтті. Ертіс-Баян өңірінің ғалымдары

тарихта «Қалмақ қырылған» деген атаумен белгілі қазақ-қалмақ

шайқасына қатысты құнды мәліметтерді жария етті. Сондай-ақ

шарада «Серектас шайқасы» кітабының тұсауы кесілді.

Жалғасы 2-бетте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында отбасы және бала институтын

қолдау, инклюзивті қоғам құру мәселесіне ерекше мән берген болатын. Бұл ретте ерекше

білімді қажет ететін балаларды қоғамға бейімдеп, сабағын оқытуда тьютор мамандарының

еңбегі орасан. Олар мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді бойдағы қорқыныштан құтқарып,

ішкі эмоцияларын басқаруға үйретеді. Қатарластарымен тең дәрежеде білім алуына жағдай

жасайды.

Толығырақ 4-бетте

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер»

бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын,

оның тұрғын үй құрылысына

мықты серпін беретіндігін ерекше атап

өткен. Бағдарлама жүзеге асқан 2017

жылдан бері 33,35 млн. шаршы метр

үй салынды. Бұл 300 мыңдай отбасын

баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік

жасады. Тұрғын үй саласына 3,3 трлн.

теңгеден астам инвестиция салынды.

Оның 85 пайызы - жеке инвесторлардың

қаражаты.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің

сөзінше, бағдарламада алғаш рет көпбалалы

отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға

арнап жалдамалы тұрғын үй салу, табысы

төмен отбасыларға жеңілдетілген несие,

жеке құрылыс салушыларға субсидия

беру сияқты тетіктер іске асырылды.

Премьер-Министр құрылыс қарқыны

бойынша алдыңғы қатардағы өңірлерді

де атап өтті. Айтуынша, Қызылорда,

Ақтөбе және Түркістан облыстары бұл

тарапта алда келеді. Дей тұрғанмен,

кестеден кешігіп жатқан аймақтар да бар.

- Индустрия министрлігі, «Бәйтерек»

холдингі және өңірлердің әкімдері биылғы

жылға жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын

қамтамасыз етуі қажет. Біз осы

жылдың қорытындысында 13 млн. шаршы

метр тұрғын үй пайдалануға беруміз қажет, -

деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы

ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

өзінің сайлауалды бағдарламасы мен

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында

қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларын

бірыңғай тұрғын үй саясаты аясында

біріктіріп, 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жер»

мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді

тапсырғанын еске салды. Жаңа мемлекеттік

бағдарлама әрбір қазақстандыққа тұрғын

үй мәселесін өзінің табыс деңгейіне қарай

шешуге мүмкіндік беретінін атап, оны

осы жылдың соңына дейін қабылдауды

тапсырды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Әр өңір белсене қатыссын!

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада

саяси ұйымның өңірлердегі филиалдары өкілдерінің басын қосып, әр аймақтың дамуы

бойынша күн тәртібінде өткір тұрған мәселелерді талқылады. Біздің аймақтан облыс әкімі

Болат Бақауов бастап барған партия филиалының делегациясы кеңеске белсене қатысты.

шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар

аралығында Қазақстанның транзиттік

әлеуетін едәуір нығайта алдық, - деді

Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге,

Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050

жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі

басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру

жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды

екенін еске салды.

Сонымен қатар Елбасы электоралдық кезең

алдында партия жұмысын күшейту маңыздылығына

тағы бір назар аударды. Әр әкім

мен мәслихат фракциясындағы депутаттардың

партиялық жауапкершілігін күшейтуге мән

берілсін, деді. Қазір барлық реформа

аймақтарды дамытуға бағытталған. Соңғы

10 жылда жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық

өсіп, 4,7 трлн. теңгені құраған. Бөлінген

қаржының жұмсалуына партиялық нақты

қадағалау қажет, деді Елбасы.

Жиын соңында ҚР Тұңғыш

Президенті «Nur Otan» партиясын

қалыптастыру мен дамытуда белсенді

еңбек еткен мүшелерге «Белсенді

қызметі үшін» медальдарын табыс етті.

Марапатталғандар арасында жерлесіміз,

партияның Аққулы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары Бүркіт

Пұсырханов бар.

Өз тілшіміз.

Партия Төрағасы әрбір өңір, қала және

аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның

дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

- Келесі жылы аумақтарды дамытудың

бес жылдық бағдар-ламасын жүзеге асыру

аяқталады. Жаңа бағдарлама қабылдау

қажеттілігі жаңа электоралдық циклмен

тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан жаңа

бағдарлама әрбір өңір бойынша мәслихат

сайлауына арналған партияның сайлауалды

бағдарламасының негізі болуы тиіс. Мәжіліс

сайлауындағы «Nur Otan» партиясының

сайлауалды бағдарламасына қатысты айтар

болсам, онда Премьер-Министр Саяси кеңес

бюросының мүшесі ретінде бұл жұмысты

жеке басқаруы қажет және қазірден бастап

бұл бағдарламаны әзірлеуге кірісуі тиіс, -

деді Тұңғыш Президент.

Жиын барысында Елбасы партия мүшелеріне

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси

бағыттың сабақтастығын жалғастыруды

қайтадан еске салды.

- Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі

өнімі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ

долларына дейін өсті. Егер 90-жылдардың

басында халықтың үштен бірі кедейлік

шегінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға

дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің

ЖІӨ-дегі үлесі 27%-ға жетті. Алғашында

бізде жеке меншік болмаған еді. Біз

300 миллиард доллардан астам тікелей

Суреттер elbasy.kz сайтынан алынды.

«Қалмаққырған» құпиясы

Басы 1-бетте

«Серектас шайқасы» кітабын таныс-тырып,

қазақ-ойрат шайқасы өткен жерді «Қалмақ

қырылған» емес, «Қалмаққырған» деп атаған

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

дұрыс деді.

- Зерттеулердің арқасында шайқастың

уақыты мен орнын дәл анықтауға

Конференцияға облыс әкімі Болат Бақауов

және «Қалмаққырған» шайқасын зерттепзерделеп

жүрген ғалымдар мен жоғары Ақшиман ауылының маңында 1741 жылы

мүмкіндік алдық. Шайқас Май ауданының

оқу орындарының студенттері, тарих пәнінің наурыз-сәуір айларында орын алған. Ол

мұғалімдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. жерді «Қалмаққырған» деп атаған дұрыс, яғни

Аймақ басшысы Болат Бақауов ғылыми қазақтың қалмақты қырған жері. Бұл тарихи

іс-шаралардың маңызды-лығына тоқталып деректермен дәлелденген. «Қалмақ қырылған»

өтті.

десек, қалмақ өздігімен қырылып қалған

- Қазақ даласы талай тарихи оқиғаларға сияқты болады. Осы шарада тұсауы кесіліп

куә болған киелі жерлерге бай. 18-ғасыр отырған «Серектас шайқасы» кітабына тарихшы,

халқымыз бастан кешірген ауыр кезеңдердің этнограф ғалымдардың «Қалмаққырған»

бірі ретінде белгілі. Жоңғарларға қарсы тарихи шайқасы туралы мақалалары топтастырылды.

Жиналған материалдың 30 пайызы

Аңырақай, Бұланты шайқастарында атабабаларымыз

ерлік танытты. Сондай ірі ғана осы жинаққа енді. Кітап төрт бөлімнен

шайқастардың бірі болған Қалмаққырған тұрады. Бірінші бөлім «Қазыналы қазбалар»

Ертіс-Баян өңірінде өткені баршаға аян.

Қалмаққырған шайқасы туралы мәлімет

көптеген жылдар бойы сыры ашыла қоймаған

тарихымыздағы ақтаңдақтардың бірі болып

келді. Алдағы уақытта қазақ тарихы үшін

маңызы жоғары осы тәрізді іс-шараларды жиі

ө т к і з і п , з е р т т е у ж ұ м ы с т а р ы н ж ү й е л і т ү р д е ж а с а -

уымыз керек. Ол өскелең ұрпақтың

тәрбиесінде маңызды орын алады, -

деді Болат Жұмабекұлы.

Ауқымды шара барысында «Қалмақ-қырған»

шайқасына қатысты тың деректер айтылды.

Кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде

жау қолы ойсырай жеңілген соғыстың нақты

датасы мен орны анықталды. Сонымен қатар,

ғалымдар әскери әрекеттерді айна-қатесіз

көрсететін картаны ел назарына ұсынды.

Toraighyrov University-нің Е.Бекмаханов

атындағы тарих және этнография орталығының

директоры, философия ғылымдарының

кандидаты, профессор Амантай Құдабаев

деп аталады. Мұнда археологиялық зерттеулер

топтастырылған. Келесі «Тарихтан -

тәбәрік», «Баһадүр бабалар», «Аңыз бен ақиқат»

бөлімдерінде қазақ-қалмақ шайқастарына

байланысты зерттеулер, көнекөз қариялардың

естеліктері, өлкетанушылар мен журналист

қауымның мақалалары келтірілген. Осы кітап

арқылы біз «Қалмаққырған» тарихи оқиғасының

қашан, қай жерде болғандығын дәлелдеп,

оған қатысқан батырлардың есімдерін

жаңғырттық. Алдағы уақытта кітаптың екінші

томын жарыққа шығаруды көздеп отырмыз, -

дейді А.Құдабаев.

Келелі жиында Toraighyrov University-нің

археологиялық зерттеу- лер орталығының

директоры Виктор Мерц те тың жаңалығымен

бөлісті.

- «Қалмаққырған» тауының аумағындағы

қалмақтардың тұрақтарын анықтадық.

Бұл – таудың солтүстік, солтүстік-шығыс

С

аймақтары. Осы жерлер көшіп-қонуға аса

ыңғайлы болған. Сол себепті, жоңғарлар

дәл осы жерлерге қызығып, жаулап алғысы

келген. Біздің болжамымызша, жоңғар-қазақ

шайқасы қазіргі Ақшиман ауылының аумағында

болған, - деді ол.

Ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі

тарихы кафедрасының аға ғылыми қызметкері

Ирина Ерофеева ХХ ғасырдың 80-жылдары

ғана шығыстанушы Владимир Моисеевтің

еңбегінің арқасында бұл тарихи оқиғаның

алатын орнының ерекшелігін айтты.

Қазіргі таңда жергілікті ғалымдар

аталмыш мекенді түбегейлі зерттеу

үстінде. Ал бұл жәдігерлер археологиялық

қазба жұмыстары кезінде дәл сол мекеннен

табылған. Нақтырақ айтатын болсақ, кезіндегі

нәубет жылдардың көрінісі, куәсі болған құнды

бұйымдар. Қыш құмыралардың сынығы, ат

әбзелдері, кезіндегі тиын-тебен дәл сол жерде

қалмақтардың мекен еткендігін дәлелдейді.

Владимир ТЕПКЕЕВ,

Ресей ғылым академиясы Қалмақ

ғылыми орталығының қызметкері:

- Алдағы уақытта Май ауданының

Ақшиман жерін зерттеуді жоспарлап

отырмын. 1771 жылы қалмақтардың

бір бөлігі Қытай жеріне көшіп кеткені

белгілі. Олар қазіргі Қазақстан аумағынан

өткен. Бұл туралы материалдар

орталық және аймақтық мұрағаттарда

сақтаулы. Деректердің барлығы терең

зерттеуді қажет етеді. Болашақта

қазақстандық әріптестерімізбен

бірлесіп, зерттейміз деген үміттеміз.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Көмек - шын мұқтажға!

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

жаңа форматта көрсетіле бастайтыны белгілі. Яғни,

мемлекеттің басты мақсаты - нағыз мұқтаж жандарға

жәрдемдесу. Ал жұмыс істеуге жарайтын жандардың

еңбекке араласуы талап етіледі. Осы ретте, атаулы

әлеуметтік көмек аясында Павлодар қаласында

атқарылып жатқан жұмыстар жайында қалалық

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек секторының

меңгерушісі Айнұр Мұқашбековамен тілдескен едік.

ӨНЕРКӘСІП

Алғашқы

қарлығаш

Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтері

№64 инновациялық пешті іске қосу арқылы өнім

шығару көлемін арттыруға қадам басты. Бұл - №6

балқыту цехын қайта жаңарту жобасының алғашқы

агрегаты. Оның құрылысына 27 млрд. теңгеден

астам (70 млн. АҚШ доллары) инвестиция бөлінген.

- Айнұр Әбілқайырқызы,

қазіргі таңда облыс орталығында

қанша отбасы атаулы

әлеуметтік көмекпен қамтылған?

Еңбекке жарамдыларды

жұмысқа тарту ісі

қалай жүргізілуде?

- Павлодар қаласында 3365

отбасыға атаулы әлеуметтік көмек

көрсетілді. Бұл дегеніңіз - 14 мыңнан

астам адам. Оларға жалпы сомасы

1 млрд. 271 млн. теңгенің жәрдемі

жасалды. Қазіргі таңда 491 көмек

алушы жұмыспен қамтудың белсенді

шараларына тартылуы тиіс. Олардың

294-і, яғни, 65,2 пайызы бүгінде

жұмыспен қамтылды. Қалғандарын

да еңбекке араластыруға әрекет

жасалуда.

Айта кету керек, 2020 жылдан

бастап көмек жаңа форматқа

көшеді. Бұл ретте, мемлекетіміз

шын мұқтаждарға жәрдемдесуді

басшылыққа алып отыр. Яғни,

жұмысқа жарамды азаматтар

жұмыс істеуі тиіс. Оларды жұмысқа

орналастыруға немесе шағын

бизнеспен айналысуға билік қол

ұшын береді. Демек, отбасының

жұмысқа жарамды мүшелері отбасын

асырауы тиіс әрі жауапты саналады.

Мемлекет көмектің ашық, әділ

тағайындалуына мүдделі. Қазіргі

таңда АӘК алты айға немесе бір

жылға тағайындалса, ендігі жылы

бұрынғыша тоқсан сайын үш айға

белгіленетін болады. Көмектің

мөлшері кедейлік шегі мен отбасының

жан басына шаққан кірісі арасындағы

айырма ретінде анықталады.

Бүгінгі күні әр балаға бекітілген

сома тағайындалса, енді еңбекке

жарамды азаматтарға кедейлік шегі

мен жан басына шаққандағы кіріс

арасындағы айырма берілмек.

- Тағы қандай талаптар

күшеймек?

- Сонымен қатар, еңбекке

жарамды азамат жұмысқа орналасудан

бас тартса, көмектен ол

және отбасы мүшелері толығымен

қағылады. Бала күтімімен отырған

аналар баласы үш жасқа толғанға

дейін көмек алу құқығына ие.

Бүгінде бұл көмек 7 жасқа дейін

тағайындалып отыр. Учаскелік

комиссиялардың жұмысын күшейту

көзделген. Енді комиссия отбасының

материалдық жағдайын үш күнде

емес, жеті күнде егжей-тегжейлі

саралайтын болады. Отбасыларға

көмек беруден бас тарту негіздері

заң деңгейінде бекітілмек.

- Жаңа форматтағы атаулы

әлеуметтік көмек кімдерге

беріледі?

- Атаулы әлеуметтік көмек алу

құқығы ҚР азаматтары, оралмандар,

босқын мәртебесіне ие тұлғалар,

ықтияр хаты бар және тұрақты

тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ

тұлғаларға беріледі. Бастысы, олардың

жан басына шаққандағы орташа

кірісі ағымдық тоқсанға бекітілген

кедейлік шегінен аспауы тиіс. 2019

жылдың төртінші тоқсанындағы бұл

шек – 19 294 теңге.

- Атаулы әлеуметтік көмек

алу үшін азаматтар қай мекеменің

жәрдеміне жүгінеді?

- Павлодар қаласының тұрғындары

көмектің бұл түрін алу үшін қалалық

әкімдіктің жұмыспен қамту орталығына

барып, өтініш жазады. Аталмыш

мекеме Академик Бектұров көшесі,

115 мекенжайында орналасқан.

21-54-85 телефоны арқылы қосымша

ақпарат алуға болады.

- Тұрғындарды жаңашылдықтардан

хабардар ету мақсатында

жұмыстар жүргізіп

жатқан боларсыздар?

- Бөлімімізде және жұмыспен

қамту орталығында ақпараттықтүсіндіру

жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерде көшпелі

жиындар ұйымдастырылуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары

арқылы да хабарландыруға күш

салып жатырмыз. Сонымен қатар,

АӘК-тің жаңа форматы жайында

ақпарат бөліміміздің сайтына,

Instagram, Facebook әлеуметтік

желілеріндегі парақшаларымызға

орналастырылды.

- Ақпаратыңызға рақмет!

С

Сұхбаттасқан -

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Ақсу ферроқорытпа зауытының №6 балқыту цехының ең

ірі балқыту бөлімшесін реновациялау – кәсіпорынның барлық

негізгі өндірісін ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі. Қайта құру

жұмыстары №64 балқыту пешінен басталды. Ол толығымен

бөлшектеліп, қайтадан тұрғызылды. Жабдықты әзірлеуші және

негізгі жеткізуші оңтүстікафрикалық «Tenova Pyromet» компаниясы.

Құрылыс алаңында қазақстандық мердігерлер де жұмыс істеді.

Посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ, қуаты 81 МВА заманауи

агрегат әлемдік металлургия саласының бірқатар озық

жетістіктерімен ерекшеленеді. Герметикалық құрылым электр энергиясы

шығынын төмендетеді, сондай-ақ атмосфераға жағымсыз

шығарындыларды толығымен жояды. Екі сатылы сүзу жүйесі

бар пештің газ тазарту қондырғысы шикізат материалдарының

шаңын ғана емес, технологиялық процесс барысында пайда

болған жанатын ферроқорытпа газын да қармап қалады және

өндіріске қайтарады. Соңғысы шикізатты алдын ала қыздыру

және шөмішті қыздыру үшін қолданылады. Бұл технологиялар

пештің өнімділігін орта есеппен 35% арттырып қана қоймай,

электр энергиясын тұтынуды 20%-ға дейін төмендетеді.

- Пеш толығымен автоматтандырылған және барлық балқыту

процесін электроника бақылайды – яғни шикізатты мөлшерлеуден

бастап, металл шығаруға дейін. Бұл адам факторының араласуын

болдырмай-ақ, әрбір өндірістік кезеңді бақылауға мүмкіндік

береді. Балқытушы енді оператор болды, мониторлар арқылы

пештің барлық көрсеткіштерін қадағалап отырады, – деп атап өтті

«Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Айта кету керек, кәсіпорын тарихында жаңа пешке алғаш

рет металлургтер ат қойып отыр. Ауқымды байқаудан кейін

бірауыздан «Қарлығаш-Ласточка» нұсқасы таңдалды. Өйткені

пеш бірегей ауқымды жобаның алғашқы қарлығашына айналған.

№64 пешті іске қосу осы жылдың жазында өтті. Қазір қарқынды

іске қосу кезеңі жалғасуда. Оны жыл соңына дейін аяқтауды

жоспарлап отыр. Қайта жаңғырту жобасы №6 цехтың тағы үш

пешін қамтып, 2024 жылға қарай аяқталады.

АГРОСЕКТОР

Тегін кеңес береді

Төрт түліктің түрлі ауруға шалдығуының алдын алу, емдеу үшін

бірқатар медициналық препарат қолданылады. Бірақ олардың

барлығы бірдей пайдалы емес. Кейбірі ірі қараның қанына әбден

сіңіп алады екен. Соның салдарынан сүттің сапасы нашарлап,

тұтынушылар дертке ұшырап жатады. Мұның алдын алу үшін

қандай шаралар қолдану қажет? Шағын шаруашылықтарға

тегін кеңес берудің тетіктері бар ма? Осы және өзге де мәселелер

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен семинар-жиын

барысында талқыланды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Келесі жылдан бастап медициналық

препараттарға қатысты қолданылатын

техникалық регламенттер өзгереді. Яғни,

талаптар қатаңдана түспек. Өңірлік кәсіпкерлер

палатасында өткен жиын барысында «Қазақ

мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі

ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің филиалы - Мал

шаруашылығы ғылыми-инновациялық орталығының

директоры Болат Сейсенбаев емдік

препараттарды қолдануда тиянақтылық

қажеттігін алға тартты.

- Өкінішке қарай, соңғы уақытта тұрғындар

арасында аллергиялық аурулардың саны

көбейді. Бұл дерттің белең алуына сүт

өнімдерінің де кесірі тиіп отыр. Себебі,

ғылыми орталықтар өндіріске жіберілетін сүттің

әдетте сапасын, майлылығын, құнарлылығын

ғана тексереді. Ал сол сүттің құрамында

медициналық препараттардың үлесі назарға

алынбайды. Соның салдарынан адамдар

сырқатқа шалдығады. Техникалық регламент

осындай жайттардың алдын алуға

оң әсерін береді, - деді Б.Сейсенбаев.

Бұл ретте Шарбақты ауданындағы «Победа»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас

зоотехнигі Денис Мелиховтың айтуынша,

сиырға салынатын әр екпе қатаң қадағаланады.

- Бүгінде шаруашылықта 3 мыңға жуық

ірі қара бар. Тәулігіне олардан 15 тонна

сүт алып, облыс орталығындағы «Сүт»,

«МолКом» кәсіпорындарына жеткіземіз.

Аталмыш өңдеу орындарына сүтті тапсырар

кезде оның құрамындағы дәрілердің үлесін

міндетті түрде тексереміз. Бұл ретте малдың

қанына сіңбейтін отандық және ресейлік

препараттарды қолданатынымызды атап

өткен жөн. Оларды мүлде қолданбасақ тағы

болмайды. Себебі, қазіргі таңда сиырдың

бағасы қымбат. Олардан төл мен сүт алу

үшін түрлі екпе жасап, аурулардың алдын

аламыз, - дейді Д.Мелихов.

Сонымен қатар, жиын барысында

Қазақстан мен Германияның ауылшаруашылық

министрліктері бірлесіп жасаған жоба

таныстырылды. Германиялық «ADT Projekt

Consulting» компаниясының сарапшысы

Марие Кюнстлингтің айтуынша, жоба

аясында 50-400 бас малы бар шағын,

орта шаруашылықтарға өнімділікті арттыру

бағытында кеңестер берілмек.

- Бұл жобаға ел бойынша тек төрт

облыс – Павлодар, Солтүстік Қазақстан,

Ақмола және Қостанай қатыса алады.

Аталмыш аймақтардың әрқайсысынан

3-4 шаруашылықты іріктеп алып, 3 жыл

аралығында кеңестік қызмет көрсетуге

ниеттіміз. Егер шаруа қожалығының

басшысы келісімшартты ұзартуды қаласа,

оған дайынбыз. Бұл ретте Павлодар

облысының әлеуеті жоғары екенін атап

өткім келеді. Төрт өңірдің қатарында

дәл осы аймақ ауыл шаруашылығын

тұрақты түрде дамытып, белсенді жұмыс

атқарылып келе жатқаны байқалады.

Біздің білікті мамандардың бағыт-бағдар

беруімен агроөнеркәсіптік кешен одан

әрі дами түсеріне сенім мол, - дейді

шетелдік маман.

Сурет ғаламтордан алынды.

Осы орайда өңірлік кәсіпкерлер палатасы

директорының орынбасары Жомарт

Сембаев жергілікті шаруаларды мүмкіндікті

қалт жібермеуге шақырды.

- Облыстағы ірі шаруашылықтар шетелдік

және отандық сарапшыларды арнайы шақыртып,

сол арқылы оң нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Кәсіби мамандар төрт түліктің азығынан бастап,

малдарға арналған базалардың желдетуіне

дейін саралайды. Себебі өнімділік соған

тікелей байланысты. Шаруалар сарапшылардың

осындай қызметі үшін қыруар қаржы төлейді.

Ал қазақстандық-германиялық жоба арқылы

кеңесті тегін алуға болады. Бұл - өңірдегі

шаруашылықтар үшін таптырмас мүмкіндік, -

дейді Ж.Сембаев.

Жиынға қатысқан шаруа қожалықтары

өкілдерінің басым бөлігі жобада бақ сынап

көруге бел буып, өтініш беруге ниет білдірді.

Кейін олардың жұмысына арнайы комиссия

талдама жасап, лайықтыларды іріктейді. Ал

келесі жылдың наурыз айынан бастап кеңес

беруге кіріседі.


4 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

КӘСІПКЕР САҒАТЫ

Заң шеңберінде

шешіледі

Инвесторлар үйінде өткен «Кәсіпкер сағатына» келген іскер азаматтардың

басым бөлігі қосымша жер телімін алып, кәсібін кеңейтуді көздейтіндерін

айтты. Дей тұрғанмен, бүгінде кәсіпкерлер жер телімдерін беруде түрлі

кедергілерге кездесіп отыр.

БІЛІМ

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бұл ретте бизнесмендерді

толғандырған сауалдарға Павлодар

қаласының әкімі Қайрат Нүкенов

және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Ұлттық бюроның Павлодар облысы

бойынша департамент басшысы

Айдар Тастеміров кәсіби кеңес

беріп, жөн сілтеді.

Мәселен, Павел Кузнецов

есімді азаматтың қала шетінде

кәсібі бар. Бизнесін кеңейтейін

десе, іргесінде жер жоқ. Жақын

аумақта «Павлодар электр тарату

компаниясына» тиесілі электр

тарату желісі орналасқан. Ол

қорғалатын аумаққа жатады.

Демек, ешкімге беруге болмайды.

Алайда кәсіпкердің айтуынша,

жуырда бұл аумақ басқа бір

бизнес иесіне аукцион арқылы

3 жылға жалға берілгенін білген.

Көрші кәсіпкер П.Кузнецовтың

фирмасына баратын жолды ақылы

етемін деп сес көрсетіп жатқан

көрінеді. Қорғалатын аумақтың

қалайша кәсіпкерге берілгенін

білмей дал.

Департамент басшысы Айдар

Тастеміров қалалық әкімдіктің

заң бөлімі бұл мәселені егжейтегжейлі

қарау керек, деді. Яғни,

қорғалатын аумақ екені расталса,

онда шағымхат жазылып, әрі

қарай біржақты түрде шешімді

жою қажет. Мамандар, сондай-ақ,

электр желісі тиесілі компания бұл

жерді қорғалатын аумақ ретінде

рәсімдемеуінен жер қатынастары

бөлімі кәсіпкерге үлестіруі әбден

мүмкін деп топшылайды.

Сергей Глаголев Циолковский,

21 мекенжайындағы кәсібін кеңейту

үшін жанынан 100 шаршы метр

қосымша учаскеге қол жеткізе

алмай отырғанын айта келді.

Бос жатқан аумақты қоқыстан

тазартып, қоршап та үлгерген.

Сұраған жер телімі тиіп қалады

деп сенген көрінеді. Алайда,

мұндағы 2 мың шаршы метр аумақ

іргесіндегі бизнес иесіне рәсімделіп

жатқанын құзырлы органнан біліпті.

С.Глаголев асығыс әрекет жасап

қойғанын мойындайды. Осы ретте,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

департамент басшысы елімізде

енді жер теліміне қатысты талап

та, шешім де күшейе түсетінін

қадап айтты.

- Бүгінге дейін жер

қатынастарына қатысты құқықтық

актілерде, заңнамалық құжаттарда

сәйкессіздіктер көп болды. Ендігі

мақсатымыз - осы олқылықтарды

жойып, жағдайды реттеу. Бұрынғыша

өздігінен жер теліміне иелік ету,

өз аумағынан шығып, іргесіндегі

бөлікті де қосып алу сынды

заңсыздықтарға жол берілмейді.

Жалпыға ортақ жерлерге дейінгі

қашықтықты сақтау талаптары

да қатаң қадағаланады. Кейбір

кәсіпкерлер шығынын барынша

үнемдеу үшін өзіне тиесілі емес

аумаққа қарай ойысуға да бейім

тұрады. Салдарынан тұрғындардың

наразылығын күшейтеді. Бұл - барып

тұрған эгоизм. Мұндай бассыздық

болмайды. Заң бар, оның талаптарын

орындауға көңіл бөлінеді, -

деді Айдар Тастеміров.

Сонымен қатар, жер кадастрын

толық цифрландырғаннан кейін

біраз мәселе оңынан шешіледі

деп күтілуде. «Кәсіпкер сағатында»

оннан астам азамат қатысып,

жылдар бойы қордаланған

мәселелерін көтерді. Қала әкімі

мен департамент басшысы әрбір

азаматтың мәселесін мұқият

тыңдап, кейбірін жеке отырып,

терең зерделеуге келісті.

Жемқорлыққа

қарсы жоба

Облыстық сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес

департаменті басшысының

орынбасары Ардақ Балғожин

аталмыш форум дәрігерлердің

қызметіне деген жауапкершілігін

арттыруға бағытталғанын атап

өтті. Бұл ретте департамент 20

емдеу мекемесінің басшысымен

келісімшарт жасады. Құжатқа

сәйкес, медициналық ұйымдар

қызмет барысында сыбайлас

жемқорлық әрекетіне жол

бермеуі тиіс. Форумда «Ертіс

- адалдық алаңы» жобалық

кеңсесіндегі сарапшылар кеңесінің

өкілі Бақытбек Алиакпаров

сыбайлас жемқорлық әрекетіне

итермелейтін бірнеше себепті

атап өтті. Оның айтуынша, өңірде

жалақысы төмен, баспанамен

қамтылмаған әрі несие төлеп

жүрген дәрігерлер көп. Әрбір

үшінші дәрігер өз қызметінен

бөлек, өзге мекемеде жұмыс

істеуге мәжбүр. Тіпті, кейбірі

науқастарды қабылдағаны үшін

заңсыз ақша алады екен.

- Бақылау тобы жүргізген

сауалнамаға сәйкес, тұрғындар

медициналық қызмет көрсету

уақытының ұзақтығына шағым

білдірді. Салдарынан науқастардың

26 пайызы қажетті

ем-шараны ақылы негізде

ФОРУМ

«Сапалы және қолжетімді медицина – ұлт

саулығының кепілі» тақырыбында облыстық

форум өтті. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас

жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған шарада

аймағымыздың 20-дан астам медицина ұйымы

келісімшартқа қол қойды.

алуға мәжбүр. Бұдан бөлек, дәрі

сатып алуда да келеңсіздік тудыратын

тұстар бар. Өйткені емдеу

мекемесі диспансерлік есепте тұрған

адамдарға қажетті препаратқа

өтінімді өздері жібереді. Сарапшылар

жергілікті емхананың біреуін

аралап, қажетті дәрінің орташа

бағасын анықтауды ұсынады. Бұл

соманы науқастың шотына аударған

жөн. Бұл арқылы қоймада қалып

қоятын дәрілер санын азайтып,

препараттарды қымбат бағамен

сататындардың қызметіне тосқауыл

қоюға болады. Сонымен қатар,

стационар кезегі де мәселе тудыруда.

Мысалы, Ғ.Сұлтанов атындағы

облыстық ауруханада емделгісі

келетіндер 90-120 күн кезек күтуге

мәжбүр. Сондықтан стационарларда

мемлекеттік бақылауды күшейту

қажет, - деді Б.Алиакпаров.

Атап өтерлігі, «Ертіс - адалдық

алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері

жемқорлықпен күрес жұмыстарын

күшейту мақсатында 25 ұсыныс

айтты. Сонымен қатар, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күресте жазалаудан

бұрын, оған төзбейтін

мәдениет қалыптастыру керектігін

атап өтті. Бұл үшін «бармақ басты,

көз қысты» әрекетпен қоғам болып

жұмылып күресуге шақырды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.

Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауынан.

Ерекше баланың ең жақын досы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында отбасы және

бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру мәселесіне ерекше мән берген

болатын. Бұл ретте ерекше білімді қажет ететін балаларды қоғамға бейімдеп,

сабағын оқытуда тьютор мамандарының еңбегі орасан. Олар мүмкіндігі шектеулі

жеткіншектерді бойдағы қорқыныштан құтқарып, ішкі эмоцияларын басқаруға

үйретеді. Қатарластарымен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасайды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар қалалық №6 орта

мектебінің тьюторы Эльмира

Төлеубай - ерекше балалардың

ең жақын досына айналған

маман. Ол Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінде

дефектолог-логопед мамандығы

бойынша тәмамдаған. Аз ғана

уақыт ішінде өзі таңдаған саланың

қиындығы мен қызығын сезініп

үлгергенін айтады.

- Жұмыс уақытым күндізгі

сағат 12.30-да басталып, 16.45-те

аяқталады. Ата-анадан баланы

қабылдап, бекітілген кесте бойынша

сабаққа қатыстырамын. Әу баста

ерекше күтімді қажет ететін баламен

ортақ тіл табу оңай болған жоқ.

Өйткені әр баланың диагнозы

әртүрлі. Кейбірі сөйлей алмаса,

өзгесінің мінез-құлқы ауыр болып

келеді. Сондықтан олармен жұмыс

істеу ісінде тьюторларға зор қабілет

керек. Оқушылар сабақ кестесіне

сәйкес, 5 пәнге қатысады. Егер

баланың қызығушылығы төмендеп,

өзін ұстай алмаса, инклюзияны

қолдау кабинетіне әкелеміз.

Үлгермеген сабақтарын жеке

оқимыз, - дейді ол.

Маманның айтуынша, ерекше

білімді қажет ететін балаларға

барлық сабақ жүргізілмейді. Мысалы,

бір оқушы тек дене шынықтыру,

математика, өзін-өзі тану пәндеріне

Суретті түсірген - Дастан Ысқақов.

ғана қатысуы мүмкін. Бұл ретте

әрбір бала мектепке қабылданар

алдында арнайы тестілеуден өтеді.

Қорытындыға сәйкес, оқытылатын

пәндер анықталады.

Эльмира Төлеубай Ахмат есімді

балаға жауапты. Оның сөзінше,

2-сынып оқушысы мектепке

қабылданбас бұрын 70-ке жуық

сөз білсе, қазір 200-ден астам

сөзді меңгерген. Сөйлеу мәнерінде

кемістік болғанымен, математиканы

жақсы көреді. Қазіргі уақытта

Ахмат өзге оқушылармен жақсы

араласады, бірге ойнайды. Достары

да бар екен.

- Қызмет барысында барлық

баланы тең көреміз. Ахмат

математикаға өте жақын. Өз

шамасына сай берілетін барлық

есепті жылдам шешіп береді.

Мұның өзі - біз үшін жетістік.

Біздің мүмкіндігі шектеулі балаға

дауыс көтеруге құқығымыз жоқ.

Оларда да эмоция бар. Дені сау

бала сияқты қажетті затын сұрай

алмауы мүмкін. Бірақ ашулану,

айқайлау сияқты мінездерімен

керегін көрсете алады. Бастысы,

жанына үңіле білу қажет, - дейді

тьютор.

Павлодар қалалық №6 орта

мектебінде инклюзивтік білімді

қолдау кабинеті өткен жылы

ашылған. Қазір мұнда 9 бала

тәрбиеленуде. Сәйкесінше, әр

оқушыға бекітілген 9 тьютор жұмыс

істейді. Сонымен қатар, инклюзияны

қолдау кабинетінің мұғалімі

де бар. Аталмыш білім ошағында

бұл қызметті Диляра Мұстафина

атқарады. Ол тьюторлардың

қызметін бақылап, ерекше күтімді

қажет ететін балалардың қарымқабілеттерін

тексереді.

- Мектебімізде мүмкіндігі

шектеулі 9 бала бар. Тьюторлар

аутизмге шалдыққан және ақыл-ой

кемістігімен ауыратын оқушылармен

жұмыс істейді. Әр баланың бойынан

ілгерілеушілікті көреміз. Оларды

ешқашан бөлмейміз. Бір сыныпта

қатарластарымен тең дәрежеде

білім алады, араласады. 9 баланың

ішінде өлең оқып, ән айтатын

жеткіншектеріміз бар. Мектепішілік

мерекелерде билеп, қошеметке

бөленетіндер де бар. Әсіресе

сурет сайысына қатысатындар

көп. Осының барлығы - бірлескен

істің нәтижесі, - дейді Д.Мұстафина.

Мамандардың айтуынша,

тьютор тек бір баламен ғана

жұмыс істемейді. Қызмет барысында

өзара ауысып отырады екен.

Өйткені бала тек бір адамға ғана

үйренбеуі керек. Егер бауыр басып

қалатын болса, басқа маманмен

жұмыс істеу қиындық тудыруы

мүмкін.

P.S. Әңгіме барысында тьютор Эльмира жанымызда ойыншықпен

ойнап отырған Ахматқа математикалық есеп берді. Алғыр бала

тәлімгерінің тапсырмасын бар-жоғы 2-3 минуттың ішінде шешіп

берді. Осы әрекеттерден шәкіртінің мұғаліміне, жанашыр досына

айнала білген тьюторлардың қайырымды еңбегінің нәтижесін

көруге болады...


SARYARQA SAMALY

МЕДИЦИНА 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 5

Әлеуметтік сақтандыру:

жаңашылдыққа дайынбыз ба?

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытында

қызу жұмыс жүргізілуде. Бұл бағытта аймағымызда атқарылып жатқан іс

аз емес. Әсіресе, емхана тіркеуіне алынбаған адамдарды анықтау, халықты

ақпараттандыруда ауқымды жұмыс тындырылуда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Төртінші

орынға ие

Ағымдағы жылдың қыркүйек

айындағы жағдай бойынша Павлодар

облысы адамдардың емханаға

тіркелу деңгейі бойынша 15-ші

орынды алған еді. Өйткені 49043

адам тұрғылықты мекенжайы

бойынша тіркеуге тұрмаған екен.

Аймағымыздың жауапты мамандары

бұл бағытта жұмысты күшейтті.

Нәтижесінде 38447 адамның

мәртебесін анықталған. Оның ішінде

35928 адам мемлекетімізден қоныс

аударған, 1579-ы қайтыс болған,

15-і із-түссіз жоғалған, 823-і тіркеуге

алынған. Нәтижесінде облысымыз

тұрғындардың емханаға тіркелу

деңгейі бойынша 4-ші орынға ие

болған. Қазіргі уақытта қалған

10590 адамды анықтау бағытында

жұмыстар жалғасуда.

Кез келген адам міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесінің жемісін көруі үшін

жұмыс істеуімен қатар, емханаға

тіркелуі шарт. Облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Ардақ Күзеков

аймағымыздағы жұмыс өз деңгейінде

жүргізіліп жатқанын айтады.

- Жергілікті медициналық

ұйымдар жаңашылдықты қабылдауға

әзір. Бұл ретте техникалық база

нығайтылған. Барлық ұйым компьютермен

жабдықталып, ғаламтормен

қамтылған. Аймақ дәрігерлері

электронды жүйеде еркін жұмыс

істейді. Тұрғындардың 100 пайызында

электронды төлқұжат бар.

Бұл да жұмысты жеңілдетеді, -

дейді А.Күзеков.

10,2 млрд.

теңге аударды

Павлодар облысының жұмыс

берушілері мен жеке кәсіпкерлері

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесіне 10,2 млрд.

теңге қаржы аударған. Бұл ретте

аймағымызда Павлодар қаласы

көш бастап тұр. Сонымен қатар,

Баянауыл, Шарбақты және Павлодар

аудандары үздіктер қатарында.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамы Павлодар

облысы бойынша филиалының директоры

Айдар Сейіттқазиновтің айтуынша,

2017 жылдың 1 шілдесінен

бастап барлық жұмыс берушілер

өз қызметкерлері үшін қаражат

аударып келеді. Жеке кәсіпкерлер

де қарамағында жұмысшыларына

төлем жасайды. Жинақталған

қаржы Ұлттық Банкте сақталады.

Барлық ақша міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру шеңберінде

медициналық қызметтер пакетін

қаржыландыруға бағытталады.

- Бүгінде медициналық сақтандыру

қорына 224 млрд. теңге жарна түсті.

Оның 215 млрд. теңгесі жұмыс

берушілердің аударымдары болса,

8,8 млрд теңге жеке кәсіпкерлер

мен азаматтық-құқықтық келісімшарт

негізінде еңбек ететін тұлғаларға

тиесілі. Сондай-ақ, 2019 жылдың

қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен

қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық

төлемін төлей алады. Оған төрт салық

түрі – жеке табыс салығы, міндетті

зейнетақы жарнасы, әлеуметтік

сақтандыру жарнасы және әлеуметтік

медициналық сақтандыру қорына

төленетін жарна кіреді. Бірыңғай

жиынтық төлем жеке тұлғаларға

қызмет көрсететін азаматтарға

арналған, - дейді А.Сейітқазинов.

Бірыңғай жиынтық төлем ай

сайын төленеді. Бұл ретте қала

тұрғындары 1 АЕК (2525 теңге)

аударса,аудан мен ауыл тұрғындары

0,5 АЕК (1263 теңге) көлеміндегі

қаржыны төлеуі тиіс.

Жүйелі жұмыс

жалғасады

Аймағымыздағы міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

бағытында жүргізіліп жатқан

жұмыстар облыстық қоғамдық кеңес

мүшелерінің тұрақты бақылауына

алынған. Аталмыш кеңестің

әлеуметтік-мәдени даму мәселесі

жөніндегі комиссия төрайымы

Гүлбарам Науразбаеваның айтуынша,

биыл көктем және күз айла-

Дерек мен дәйек

рында арнайы мониторинг тобы

құрылып, өңірдегі қала-аудандардағы

дайындық барысымен танысқан. Бұл

ретте кеңес мүшелері аймақтағы

ауруханалардың тыныс-тіршілігімен

танысып, халықты ақпараттандыру

бағытындағы жұмыстарға мән

берген. Аудан тұрғындарымен

кездесу өткізілген.

- Қоғамдық кеңесте өңірде халық

арасында түсіндіру жұмыстары аз

жүргізіліп жатқаны туралы айтылған

еді. Осы орайда, жергілікті қалааудан

әкімдері мен орынбасарлары,

емхана басшылары бірлесіп,

• Павлодар облысы республикада адамдарды емханаға тіркеу

деңгейі бойынша 4-ші орынды алады.

• Тұрғындардың 100 пайызында электронды төлқұжат бар.

• Өңірдегі медициналық ұйымдардың техникалық базасы

100 пайыз дайын.

• Аймағымыздың жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 10,2 млрд. теңге

қаржы аударған.

• Облыс тұрғындарының 92,9 пайызы құлақтандырылған.

• Жергілікті халықтың 61,4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесіне оң көзқарас танытқан.

жүйелі іс атқарды. Халық арасында

жаңа жүйені толық білмейтін

адамдар бар. Сондықтан олармен

жүздесіп, толғандырған сұрақтарына

толымды жауап бердік. Мәселен,

462 семинар өткізілді. Оған өңірдегі

мемлекеттік қызметшілер, жұмыс

берушілер, студенттер, өзін-өзі

жұмыспен қамтығандар, зейнеткерлер,

шаруа қожалығының

басшыларынан құралған жалпы

саны 15376 адам қатысты. Бұдан

бөлек, қала-аудан әкімдіктерінің

көмегімен 134 ауылды аралап,

4155 адаммен кездесу өткіздік.

Бұқаралық ақпарат құралдарында

653 мақала жарияланды. Ағымдағы

жылы өңір тұрғындары үшін

4 брифинг, 25 тікелей эфир, 45 телевизиялық

бағдарлама, 65 радио

бағдарлама ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желіде 882 ақпарат орналастырылды.

Бұдан бөлек, өңірдегі

үш қаланың орталық көшелерінде

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру бойынша хабар тарататын

26 билборд, Павлодарда

5 LED-экран орнатылған. Сонымен

қатар, қоғамдық көліктерде де

видеороликтер көрсетілуде, - дейді

Г.Науразбаева.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде

аймақ тұрғындарының 92,9 пайызы

құлақтандырылған. Жаңа жүйеге

жергілікті халықтың 61,4 пайызы оң

көзқарас танытқан. Бұл - жоғары

нәтиже. Аталмыш жұмыстар әлі

де жалғасуда.

Инсулин тапшылығы жоқ

ДЕНСАУЛЫҚ

Ағымдағы жылы Павлодар облысында дәрі-дәрмек сатып алу барысында

609 млн. теңге қаржы үнемделген. Аталмыш қаражат өзге қажетті препараттарды

алуға жұмсалмақ.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг

барысында облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының

орынбасары Сәуле Арыстанова

айтты. Оның айтуынша, өңірде

тұрғындарды амбулаторлық дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету мәселесі

ерекше назарға алынған.

- 2018 жылдан бері қажетті

дәрілерді «СК Фармация» ЖШС

тасымалдайды. Биыл халықты

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

мақсатында 4,5 млрд. теңге қаржы

бөлінді. Аталмыш қаражаттың

3,9 млрд. теңгесіне қажетті препараттар

сатып алынды, - дейді

С.Арыстанова.

Маманның айтуынша, арнайы

құрылған мониторинг тобы

медициналық ұйымдардың жұмысына

сараптама жүргізеді. Бұл

құрамға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз

ету бөлімінің мамандары, «СК

Фармация» ЖШС және тауарлар

мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

комитетінің мамандары кіреді.

Тегін амбулаториялық дәрідәрмек

диспансерлік есепте

тұрған науқастарға 46 сырқат түрі

бойынша беріледі. Мысалы, биыл

жергілікті медициналық ұйымдар

621 млн. теңгеге инсулин дәрісіне

өтініш берген. Қазіргі уақытта

аталмыш препарат толық көлемде

жеткізілген. Өңірде қант диабетіне

шалдыққан науқастардың саны

3 мыңнан асады. Олардың 1 мыңнан

астамы осы дәріге тәуелді

көрінеді. Бұл ретте әрбір науқас

диспансерлік тізімге алынған.

Облыстық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаменті басшысының орынбасары

Әлия Шұғайыпова дәрілік

заттарға қатысты туындаған

мәселер бойынша 8 (7182) 55-44-16

нөмірі бойынша сенім телефонына

хабарласуға болатынын айтады.

Бұл ретте адамдардың өтініші

бойынша тексеру жұмыстары

жүргізіледі. Сонымен қатар,

дәрі-дәрмекті іздеуге арналған

«DariKz» мобильді қосымшасы

жұмыс істейді. Бұл қосымша

арқылы шағым жазуға болады.

Сенім телефонына жыл басынан

бері 85 өтініш түскен. Оның ішінде

21 шағым амбулаторлық дәрідәрмекке,

12-сі баға бойынша,

6-ы рецептке байланысты түскен.

Мамандар өтініштерге жедел жауап

беруге тырысады. Егер мәселе

күрделі болса, тексеру шарасын

ұйымдастырады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


6 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл СТАТИСТИКА

SARYARQA SAMALY

Дерек пен дәйек

Облыстың алғашқы 10 айдағы даму қорытындылары

Павлодар облысының статистика департаменті 2019 жылғы қаңтар-қазандағы облыстың

әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарды.

Экономикалық

сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор

2019 жылғы қаңтар-қазанда 2018 жылғы

қаңтар-қазанына қарағанда 102,5% құрады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды

есептеу жеделдікті қамтамасыз ету

мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң

60%-ын аса құрайтын ауыл шаруашылығы,

өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және

байланыс сияқты негізгі салалар бойынша

шығарылым индекстерінің өзгеруіне

негізделеді.

2019 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген

жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1142,1 млрд.

теңгені және 2018 жылғы сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 101,6%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-қазанда негізгі

капиталға салынған инвестициялар көлемі

351,7 млрд. теңгені, немесе 2018 жылғы

қаңтар-қазанмен салыстырғанда 115,7%-ды

құрады. Инвестициялардың негізгі көзі

меншікті қаражат болып табылады –

230 млрд. теңге, немесе жалпы инвестиция

көлемінің 65,5%-ын құрады.

2019 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс

жұмыстарының көлемі 154,4 млрд. теңгені

құрады, нақты көлемінің индексі – 103,1%.

Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы

178298 шаршы метр пайдалануға берілді

немесе 2018 жылғы қаңтар-қазанмен

салыстырғанда 111,2%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп

өндірісінің көлемі 1637,2 млрд. теңгені

құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі –

101,8%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді

қазуда нақты көлемінің индексі – 106,9%,

өңдеу өнеркәсібінде – 102%, электрмен

жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда –

94%, сумен жабдықтауда; кәріз жүйесі,

қалдықтардың жиналуын және таратылуын

бақылауда – 109,3% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің

бөліктері мынаған сай келеді, 65,1% –

өңдеу өнеркәсібіне, 21,6% – кен өндіру

Суреттер редакция мұрағатынан және ғаламтордан алынды.

өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға,

12,6% – электрмен жабдықтау, газ, бу

беру және ауаны баптауға, 0,7% – сумен

жабдықтауға; кәріз жүйесі, қалдықтардың

жиналуын және таратылуын бақылауға.

2019 жылғы қаңтар-қазандағы ауыл,

орман және балық шаруашылығының

жалпы өнім көлемі 211,9 млрд. теңгені

құрады, нақты көлем индексі 101,8%,

соның ішінде мал шаруашылығы бойынша

тиісінше 101,5 млрд. теңге және 102,7%,

өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше

109,7 млрд. теңге және 100,9%.

2019 жылғы қаңтар-қазанда жүк

айналымының көлемі 29,2 млрд. ткм

немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне

103,6%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-қазанда «Байланыс»

саласы бойынша нақты көлем индексі

105,2%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек

сауда көлемі 316,7 млрд. теңгені құрады,

нақты көлемінің индексі – 102%.

Көтерме сауда тауар айналымының

көлемі 429,3 млрд. теңгені құрады, нақты

көлемінің индексі – 107,1%.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Павлодар

облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен

өзара саудасы 1164,2 млн. АҚШ долларын

құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт

басым болды және 57,6%-ды құрады (облыстан

670,3 млн. АҚШ долларына тең тауар

шығарылды), импорттың үлесі 42,4%-ды

құрады (облысқа әкелінген тауарлардың

көлемі 493,8 млн. АҚШ долларына тең).

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай

бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны

16081 бірлікті құрады, оның ішінде 15759

бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан

кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың

саны 12257 бірлікті құрады, оның ішіндегі

шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем)

11935 бірлікті құрады.

2019 жылғы қазандағы тұтыну бағасының

индексі 2018 жылғы желтоқсанмен

салыстырғанда 103,9%, азық-түлік тауарларының

бағасы – 107,4%-ды, азық-түлік

емес тауарлары – 103,2%-ды, ақылы

қызметтер – 100,2%-ды құрады.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша

облыстың бизнес құрылымындағы шағын

және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп

тұрған субъектілерінің саны 46655 бірлікті

немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 107% құрады, соның ішінен

9845 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды

тұлғалары, 112 бірлік – орта кәсіпкерліктің

заңды тұлғалары, 33338 бірлік – жеке

кәсіпкерлер, 3360 бірлікті шаруа немесе

фермерлік қожалықтары құрады.

2019 жылғы қаңтар-маусымдағы ШОК

субъектілерімен өнім (тауарлар мен

қызметтер) шығару 351,5 млрд. теңгені

немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен

салыстырғанда 124,3% құрады.

2019 жылдың 1 шілдесіне ШОК жұмыспен

қамтылғандар саны 135 мың адам немесе

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда

103,5% құрады.

Әлеуметтік

сектор

2019 жылғы 1 қазанында Павлодар

облысы халқының саны 753,1 мың адамды

құрады. Қала халқы – 531,4 мың адам

(70,6 %), ал ауыл халқы 221,7 мың адам

(29,4%) саналады.

2019 жылғы II тоқсандағы (алдын ала

деректер бойынша) халықтың орта есеппен

жан басына шаққандағы атаулы ақшалай

табыстары 104121 теңгені құрады, бұл -

2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда

14,3%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген

кезеңдегі нақты ақшалай табыстары

9,2%-ға артты.

2019 жылғы III тоқсандағы қызметкерлерге

есептелген орташа айлық атаулы

жалақы 161,1 мың теңгені немесе 2018

жылдың сәйкес тоқсанына 115,9%-ды

құрады. Нақты жалақы индексі 110,2%

құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны

197,2 мың адам құрады.

2019 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің

саны 410,5 мың адамды немесе 15 жас

және одан жоғары жастағы халық санының

70,6%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі

жұмыс күші санына 4,7%-ды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар

ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы

қазанның соңына 8,6 мың адамды немесе

жұмыс күшіне 2,1%-ды құрады.

Павлодар облыстық

статистика департаменті.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 7

Арманға жетелеген

«Айналайын»

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл – «Saryarqa samaly» газетінің

ұйытқы болуымен ұйымдастырылған

6-шы фестиваль. Ауқымды шара

басылымның 90 жылдығы мен

балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы

Бердібек Соқпақбаевтың

95 жылдығына арналды. Фестивальде

өз өнерлерін ортаға салған

балалардың белсенділігін ерекше

атап өткен жөн. Өйткені аталмыш

білім ордасының барлық оқушысы

өнерден кенде емес екендігіне

көзіміз жетті. Алдымен қонақтар

мен көрермендерге «Saryarqa

samaly» газетінің тарихынан сыр

шертетін бейнефильм көрсетілді.

Мерекелік кешті №24 мектептің

директоры Нұргүл Рахымғожина

ашып, редакция ұжымына ақ тілегін

жеткізді.

- «Айналайын» фестивалінің

мектебімізде өткізілгеніне қуаныштымыз.

Қарашаңырақ – «Saryarqa samaly»

газетінің 90 жылдығы баршамызға

құтты болсын. Білім ордасында

шығармашылыққа жақын оқушылар

мен жас ақындар бар. Жуырда

Мақсат Көлтай есімді оқушымыз

Абайдың 175 жылдығына орай

Семей қаласында ұйымдастырылған

байқауда жеңімпаз атанды. Бұл - біздің

мектеп үшін үлкен абырой. Дарынды

балалардың арманын орындаған

«Айналайын» қосымшасының тұрақты

авторларының қатары арта берсін, -

деді Нұргүл Шампатқызы.

Басылымның әлеуметтік мәселелер

СУЫТ ХАБАРЛАРЖЕЛІСІ

Бақилық болды

Павлодар қаласындағы №24 мектепте «Айналайын»

фестивалінің кезекті шарасы жоғары деңгейде

ұйымдастырылды. Білім ордасының оқушылары

өз өнерлері арқылы бірлік пен достықты паш етіп,

көрерменді тәнті етті.

жөніндегі бөлім басшысы, «Айналайын»

қосымшасының жауапты

шығарушысы Нұржайна Шодыр жас

оқырмандарға алғысын жеткізіп,

шараның маңыздылығына тоқталды.

- «Айналайын» қосымшасының

жарыққа шыққанына 20 жылдан асты.

Осы уақыт аралығында басылым

шығармашылыққа жақын талай

баланың арманына қанат бітірді.

Аталмыш қосымшаға тырнақалды

туындыларын жазып, шығармашылыққа

Облыс орталығында орын алған жол-көлік

оқиғасы бір адамның өлімін жалмады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

«Лада-Ларгус» автокөлігінің 59 жасар жүргізушісі жаяу жүргіншілер

жолағынан өтіп бара жатқан 45 жасар қала тұрғынын қағып кеткен.

Жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырды. Автокөлік айып

тұрағына жеткізілген. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық

Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары

жүргізілуде. Жүргізуші Павлодар қаласы полиция басқармасының

уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өрт өршіп тұр

Аймағымызда өрт өршіп тұр. Өткен аптада Павлодар

ауданына қарасты Ефремовка ауылында Абай

көшесінде монша шатыры өртенді.

Бұдан бөлек, облыс орталығындағы Баянауыл көшесі, 110 мекенжайы

бойынша жеке сектордағы үй аумағында ағаш отқа оранды. Жалын

60 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан

25 литрлік 5 газ балонын алып шықты. Сондай-ақ Барнауыл көшесі,

84 мекенжайы бойынша жеке сектордағы үйдің аумағы да қызыл

жалынға оранды. Репин көшесі, 97 мекенжайында жалпы ауданы

65 шаршы метрді құрайтын саяжай үйі мен монша жанып кетті.

Барлық оқиғаға адамдардың отты пайдалану ережесін дұрыс

сақтамауы себеп болған.

Қоршауға соғылды

Патрульдік полиция қызметкерлері «Nissan

Bluebird» маркалы көлікті тізгіндеген 30 жастағы

жүргізушіні медициналық айықтырғышқа

жеткізді.

Ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке

тартылған. Ол күндіз көлік басқару құқығының жоғына қарамастан,

мас күйде қоршауға соғылған. Тексеру кезінде тиісті құжаттары

да болмай шыққан. 1989 жылғы тұрғынға қатысты әкімшілік

хаттама толтырылып, іс Павлодар қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотына жіберілді. Сот қаулысымен ер адам 20 тәулік

мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, оған 10 АЕК және

5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Облыстық полиция департаменті және төтенше жағдайлар

департаментінің мәліметі бойынша әзірлеген –

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

бет бұрған жастар көп. Олардың

көпшілігі бүгінде қарашаңырағымызда

әріптес болып, қызмет атқарып жүр.

Сондықтан журналистика саласына

жақын балалар «Айналайын» арқылы

бойдағы қабілеттерін шыңдай алады.

Біз талапты балалармен бірлесіп жұмыс

істеуге, қабілеттерін ашуға әзірміз, -

деді Н.Шодыр.

Фестивальде «Айналайын»

қосымшасының тұрақты авторларына

арнайы марапат табыс

етілді. Қосымшаға оқушылардың

шығармашылығын ұйымдастырып,

жасөспірімдерге бағыт бергені үшін

Павлодар қалалық №24 мектептің

директоры Нұргүл Рахымғожина мен

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы

Раушан Қасымханова Алғыс хатқа

ие болды. Сондай-ақ, мазмұнды

мақалалар мен өлең-жырларын

жолдап, шығармашылықпен айналысып

келе жатқаны үшін 11 «А»

сыныбының оқушысы Мақсат Көлтай,

9 «Ә» сыныбының оқушысы Алланұр

Ысқақов, 5 «Ә» сынып оқушысы

Данара Дәулетбердіқызы, 4 «Ә»

сынып оқушысы Абай Жансая

басылымның марапатына лайық

деп танылды.

Қатысушыларға мектеп оқушылары

өз өнерлерін арнады. Бұл ретте

бастауыш сынып оқушыларынан

құралған бишілер орыс халқының

ұлттық биін ұсынды. «Аллегро»

вокалды тобы «Ризамын» әнін

нақышына келтіре орындап, ыстық

қошеметке бөленді. Сонымен

қатар, «Блэк стар» тобы «Мен

қазақпын» әнін әуелете шырқап,

оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй

сыйлады. «Жұлдыздар» тобының

орындауындағы «Отан» әні мен

«АРТ» тобы шырқаған «Қазақстаным»

әндерін де көпшілік ұйып тыңдады.

Бастауыш сынып оқушыларының

орындауындағы қазақ биі ерекше

қошеметке ие болды.

Шара соңында 11 «А» сыныбының

о қ у ш ы с ы М а қ с а т К ө л т а й м е н

9 «Ә» сыныбының оқушысы Алланұр

Ысқақов редакция ұжымына жылы

лебіздерін білдірді.

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Saryarqa samaly»

газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімдеу

және алумен

жазылу

Индексі 55441

қала ауыл

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 ай (аптасына үш

нөмір)

6 657,10 теңге 6 988,20 теңге 6 650 теңге 5 556 теңге

12 ай

13 314,20 теңге 13 976,40 теңге

(аптасына үш нөмір)

13 300 теңге 11 112 теңге

Индексі 55442

қала ауыл

3 144 теңге

12 ай (бейсенбілік

4 040,70 теңге 4 251,40 теңге 4 035 теңге

нөмір)

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар

қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.: 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан

«Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша

орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.: 61-63-18) жазыла аласыз. Одан

басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша

ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан

артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы

жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Құрметті оқырмандар!

Қоғамдық–саяси, ақпаратты-жарнамалық «Звезда

Прииртышья» газетіне 2020 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

С

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі

арқылы жазылу

«Alash Press»

ЖШС–нің

бөлімшелері

арқылы

жазылу

Редакцияда

ресімдеу

және алу мен

жазылу

Индексі 55440

қала ауыл

Павлодар қ. Павлодар қ.

6 ай (аптасына үш

6 657,10 теңге 6 988,20 теңге

нөмір)

6 650 теңге

5 556 теңге

12 ай (аптасына 13 314,20 13 976,40

үш нөмір) теңге теңге

13 300 теңге 11 112 теңге

Индексі 25440

қала ауыл

12 ай (бейсенбілік

4 040,70 теңге 4 251,40 теңге

нөмір)

4 035 теңге

3 144 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы,

Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта»

ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash

Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу

арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан

алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан артық жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен

ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12421 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2367

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

МЕРЕЙ

«Ақын - елдің ардағы»

Биыл жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

«Сарыарқа самалы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарған

журналист Жұмағали Қоғабай 70 жасқа толды. Осыған орай, Бұқар

жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ақын - елдің ардағы»

атты сырласу кеші өтті.

Нұржайна ШОДЫР

Рухани шараға мерейтой иесінің

өнер жолындағы әріптестері мен зиялы

қауым өкілдері қатысып, жүрекжарды

лебіздерін білдірді. Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінің ректоры,

профессор Алтынбек Нухұлы ақынның

әдебиет саласына қосқан үлесі мол,

ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында

атқарған еңбегі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ,

ол қазақы дәстүр бойынша мерейтой иесінің

иығына шапан жауып, сый-сыяпат көрсетті.

Қазақстан Жазушылар одағының облыстық

филиалының төрағасы, белгілі ақын Арман

Қани да әріптесіне ізгі тілегін айтты.

- «Ақын болу-болмау – өз еркің,

азамат болу міндетің!» - деп орыс

ақыны Некрасов айтқандай, арамызда

ақындар көп. Жұмекеңнің ақындығы да,

азаматтығы да құстың қос қанаты секілді

бір-біріне лайық. Сондықтан да ол -

ортасына сыйлы, отбасына үлгілі асыл

азаматтардың бірі әрі нағыз патриот. Сонау

80-90-жылдары елімізде демократиялық

қозғалыс басталған шақта ол қоғамдық

істерге белсене араласып, басы-қасында

жүрді. Бұл – нағыз азаматқа тән қасиет.

Жалпы, «жігітке жеті өнер де аз» демекші,

Жұмағали - ақын, жазушы ғана емес,

спорт шебері. Осындай сегіз қырлы,

бір сырлы азаматымыздың мерейлі

70 жасы құтты болсын! - деді Арман

Бақтанұлы.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Жеткіншектер

жарады

Жақында Ресей

Федерациясының

Алтай өлкесінде

тоғызқұмалақтан «Алтын

Алтай» халықаралық

турнирі өтті.

Ресей, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің

кіл мықтылары қатысқан жарыста

павлодарлық спортшылар да бақ сынады.

Павлодар облысы командасының

құрамы Павлодар және Екібастұз қалаларындағы

№1 балалар-жасөспірімдер

спорт мектебінің тәрбиеленушілерінен

жасақталды. Нәтижесінде жеке сында

Ардақ Қанапашев бірінші орынды иеленді.

Жанбек Арыстанбек 2-орынды місе

тұтты. Әйелдер арасында Дильназ

Қайруллинова дара шықты. Айымгүл

Қожахметова күміспен күптелді. Қыздар

арасында Аяжан Егінбай алтыннан алқа

тақса, Аяжан Қасқырбай екінші орынға

тұрақтады. Аяулым Серікова үздік үштікті

түйіндеді. Жарыс жүлдегерлеріне Алғыс

хат пен медаль табысталды.

ӨНЕР

Суреттері

сөйлеп тұр...

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде

белгілі суретші, ҚР мәдениет саласының

үздігі Рыспек Стыбаевтың алғашқы дербес

көрмесі ашылды. Бүгінде 60 жасқа толып отырған

суретшінің 30-дан астам суреті көрермен назарына

ұсынылды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Рыспек Стыбаевты көпшілік

облыстық Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театрының

бас суретшісі ретінде жақсы

таниды. Өнер ордасында 50-ге

жуық қойылымның суретін

салған Рыспек өзінің жеке

шығармашылығына 50-ден

асқанда ғана ден қойған.

- Сурет салу қабілеті нағашыларымнан

дарыған. Ал менің

сурет өнеріне бет бұруыма

ауылдасым әрі өнердегі ағам

Ғалым Қаржасовтың ықпалы

зор болды. Мен 1975 жылы

мектеп бітіргенімде Ғалым аға

әскерден келді де, өзімен бірге

Алматыдағы училищеге баруға

кеңес берді. Дәл сол жылы

оқуға түсе алмай қалғаныммен,

келесі жылы жолым болды. Менің

еңбек жолымдағы көп уақытым

театрда өтетіндіктен, кескіндемеге

көңіл бөлмедім. 2010 жылы

Нұр-Сұлтан қаласында өткен

суретшілер жиынына қатыстым.

Міне, менің сурет өнеріне

қайта оралуыма осы басқосу

себепкер болды. Негізі табиғат

суретін салған сайын адамды

тартады екен. Суретші болу

үшін адам өте төзімді бола

білуі қажет, - дейді мерейтой

иесі.

Мерейтоға орай көрменің

ашылуына жергілікті қылқалам

иелері мен туыстары қатысты.

Облыстық суретшілер одағының

төрағасы Өсербай Шоранов

құттықтау хаты мен Нұр-Сұлтан

қаласы Суртешілер одағының

құрмет медалін табыстады.

Суреттерді түсірген - Серік Қапаров.

- Рыспек – мәдениет саласында

өңірімізге зор еңбегін

сіңірген азамат. Біздің

мақтанышымыз. Бір мақтанып айта

кететінім, биыл республикамыздың

Әбілхан Қастеев атындағы

Орталық музейінде павлодарлық

сурет шілердің көрмесін ашқан

болатынбыз. Музей 9 суретшінің

еңбегін өз қорларына қосты.

Оған жай сурттерді ала бермейді.

9 адамның ішінде Рыспектің

де туындылары бар, - деді

Ө.Шоранов.

Суретшінің туындылары еліміздегі

музейлерден бөлек,

Ресей, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі

мәдени мекемелерде,

ҚР мемлекеттік Ә.Қастеев

атындағы және өзге де музейлердің

қорында сақталған.

Айта кетелік, Рыспек Стыбаев

1959 жылы Ертіс ауданы Үлгілі

Аталмыш кешке арнайы келген ақынның

арқасүйер ағасы Жұмасейіт Бижан мерейтой

иесінің балалық шағынан сыр шертті.

Сонымен қатар, ол ақын інісінің бірнеше

өлеңін оқып берді.

Шара барысында Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің қызметкері

Амангелді Егінбай да ақын жырларын

мәнерлеп оқыды, ал Сәуле Арынғазина

мен Жанболат Байсолтан әннен шашу

шашты. Сондай-ақ, кешке жиналғандар

назарына Жұмағали Қоғабайдың өмірбаяны

мен шығармашылығына арналған көрме

ұсынылып, бейнежазба көрсетілді.

Айта кетерлігі, жетпістің жетегіне

аяқ басқан ақын Жұмағали Қоғабай -

Ақтоғай ауданына қарасты Шұға ауылының

тумасы. Жастайынан әдебиетке жаны құмар

қаламгердің «Екібастұздан ескен леп»,

«Дүмпуі көп дүние», «Жаңбырлы күн»,

«Дала қыраны туралы хикая», «Алақаны

аялы», «Оюында - ой-орман, өрнегінде -

аққу-қаз», «Қырандарым, самғай бер»

және басқа да кітаптары жарық көрген.

Суретті түсірген – автор.

ауылында дүниеге келген. 1977

жылы Алматы көркемсурет

училищесіне оқуға түсіп, 1983

жылы бітірді. 1978-1980 жылдары

әскер қатарында борышын

атқарды. 1983-1986 жылдары

Павлодар химиялық зауытында

безендіруші-суретші қызметін

атқарған. 1986 жылы Т.Жүргенов

атындағы Алматы театр және

кино институтына оқуға түсіп,

оны 1991 жылы бітіріп, Павлодар

суретшілер одағында дизайнерсуретшісі

болып еңбек етті. 1993

жылдан бастап 2016 жылға дейін

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар

облыстық қазақ музыка-драма

театрында бас суретші қызметін

атқарған. Қазақстан Суретшілер

одағының және Қазақстан театр

қайраткерлері одағының мүшесі,

республикалық, облыстық

көрмелердің қатысушысы.

Мәнерлеп

сырғанауға

мән берілмек

Соңғы жылдары

аймағымызда мәнерлеп

сырғанау спортына

қызығушылық

танытып жүргендер

көп.

Жастарға №1 балалар-жасөспірімдер

спорт мектебінде немесе жекеменшік

спорт клубтарында жаттығуға мүмкіндік

бар. Жақында «Астана» мұз сарайында

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

мұрындық болуымен «Pavlodar Ice Fest»

мұздағы шоу өткізілді. Мәнерлеп сырғанау

спортын нәсихаттау мақсатында қолға

алынған шара аймағымызда алғаш рет

ұйымдастырылып отыр. Алғашқы кезеңде

13-22 жас аралығындағы 10 қатысушы

сынға түсіп, жүлдегерлер анықталды.

Төрешілердің шешімімен Амина

Макутская жарыс жеңімпазы атанып,

теледидар табысталды. Анна Ваганова

екінші орынды иеленіп, ноутбук

ұтып алды. Васелина Ракушенец

үздік үштікті түйіндеп, оған планшет

сыйға берілді. Сайыста ұлдар да бақ

сынағанын атап өткен жөн. Дегенмен,

қыздардың шеберліктері басым болды.

Қарап отырсақ, бұл спорт түрінде қазақ

қыздары жоқтың қасы. Аз уақыттың

ішінде әлемге танылып үлгерген Элизабет

Тұрсынбаеваның жолын жалғастырар

қазақ арулары қатарға қосылады деген

үміттеміз.

Екінші кезеңде №1 БЖСМ ортаңғы

және төменгі топтарында шеберліктерін

шыңдап жүрген балалар жарыстан тыс

өнерлерін ортаға салды. Кейін спорт

мектептің түлектері енді ғана спортқа

қадам басқан 4-5 жастағы бүлдіршіндерге

ақ жол тілеп, салтанатты қабылдау

шарасы өткізілді.

Ұйымдастырушылар аталған шараны

жиі өткізуді жоспарлап отыр. Павлодар

облысы қысқы спорт түрлерінен басқа

аймақтардан бір төбе жоғары тұруы

тиіс екені айтпаса да түсінікті.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!