28.12.2019 Views

28 желтоқсан, 2019 жыл №149 (15469)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6 28 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Үш нысан ашылды

Ақсу қаласының жұртшылығы

үшін 2019 жыл жаңа нысандардың

ел игілігіне берілуімен есте

қалмақ. Тәуелсіздік мерекесіне

орай шағын шаһарда көпбалалы

отбасыларға арналған жеке үйлер,

Ақсу қара металлургия колледжі

студенттері үшін жатақхана

пайдалануға тапсырылса, Жаңа

жыл мерекесі қарсаңында бірқатар

қызмет көрсету орны ашылды.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Үйірмеде үйренеді

Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ

қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деген сөзінің

мәні зор.

Ақсулық кәсіпкерлер өңірдің әлеуметтікэкономикалық

дамуына үлес қосып келеді. Оған

бір күнде үш бірдей бизнес нысанының қолданысқа

берілуі дәлел. Строителей көшесі, 4а мекенжайында

«Нұр-Рай» мейрамханасы, Қамзин мен Дөнентаев

көшелерінің қиылысында «Рахат» монша кешені

және Ақсу шағын ауданында «Ta-ti» жол бойындағы

дәмханасы тұрғындар мен қала қонақтарына қызмет

көрсетуге кірісті. Олардың әрқайсысы келушілерге

қолайлы болуы үшін заманауи үлгіде жабдықталған.

Нысандардың ашылу салтанатына қатысқан Ақсу

қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев кәсіпкерлерге

толайым табыс тіледі.

С.САҒЫНАЙ.

ЕРТІС АУДАНЫ

Лайықты

марапат

Нұр-Сұлтан қаласында «Жомарт жүрек»

конкурсының лауреаттарын марапаттау

шарасы өтті. Жеңімпаздардың қатарында

«Сағынбай» шаруа қожалығының

басшысы Сағынбай Уабов та бар.

Үздіктер «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған

өлке», «Ерен еріктілік» және «Үздік ұйым» аталымдары

бойынша марапатталды. Ертіс ауданындағы еріктілер

қозғалысын алға сүйреп жүрген Сағынбай Уабов «Ерен

еріктілік» номинациясында үздік шықты. Осыдан 3

жыл бұрын құрылған шаруашылық ауданның ауыл

шаруашылығы саласының дамуына да өзіндік үлесін

қосуда. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жыл

сайын мал саны артып, техника паркі жаңартылуда.

Аталған шаруашылық ауыл мектебінде балаларды

ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, спорттық-мәдени

шаралардың өтуіне қаржылай қолдау көрсететінін

атап өткен жөн.

Өз тілшіміз.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Бар жақсылық –

балаларға!

Жақында «Шабыт» шығармашылық

және жастар орталығында Жаңа

жыл мерекесі тойланды. Қайырымдылық

шарасын облыс орталығынан

арнайы келген «Мейірімділер

клубы» ұйымдастырды.

Балалар асыға күтетін мерекеге аудандағы

көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған

отбасылардан шыққан 120 жеткіншек қатысты.

Мұндай қамқорлық шарасы бірінші рет өткізілгенін

атап өткен жөн. Аяз ата мен Ақшақарды көруге

асық болған балалар ертегі кейіпкерлерінің

киімдерін киіп, өнерлерін ортаға салды. Сахналық

көріністерді тамашалап, Ақшақармен қосыла ән

шырқады. Барлық балаларға тәтті сыйлықтар

үлестірілді. «Мейірімділер клубы» өкілдері мұндай

мерекені барлық ауданда өткізуде.

Өз тілшіміз.

Жақында Баянауыл ауданы Бірлік ауылындағы Жылбек

Ағаділов атындағы орта мектепте домбыра үйірмесі ашылды.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Құлымжановтың

ұйымдастыруымен Майкөбе кенішінде еңбек ететін ауыл

азаматтары демеушілік көрсетіп, 10 домбыраны сыйға тартты.

Үйірме жетекшісі Зайра Батабаева балаларға домбыраның

қыр-сырын үйретуге барын салатынын жеткізіп, жомарт

жандарға алғысын айтты.

Алдағы уақытта «Мектепке тағзым» жобасы шеңберінде

игі істер атқарыла беретініне сенім мол.

УСПЕН АУДАНЫ

Ерулік апарды

Әмина Нескенова.

Аудан әкімі Николай Дычко бастаған ауданның

атқамінер азаматтары Ольгин ауылына ерулік

алып барды. Бұл шара ауылға атпен барумен

ерекшеленді.

МАЙ АУДАНЫ

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Бүлдіршіндер қуанышы

Көктөбе ауылында «Балапан» балалар

ойын орталығы іске қосылды. Нысанның

ашылу салтанатына аудан әкімі

Марат Хамзаұлы қатысып, кішкентай

бүлдіршіндерді құттықтады.

«Балапан» балалар орталығы колледж ғимаратында

орналасқан. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше,

аталған балалар орталығы аудан тұрғыны Елена

Плаксинаның бастамасымен құрылған. Ол алдымен

«Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқып, ойын

орталығының бизнес-жоспарын жасаған. Бизнес

жобасын сәтті қорғап, осындай шағын бизнесті

қолдауға бағытталған «Қаржылай қолдау қорынан»

несиені жеңілдетілген пайызбен алыпты.

- Мұнда қазіргі күннің өзінде 12 жасқа дейін

41 бала қабылданып үлгерді. Келушілердің саны

әлі де артуы мүмкін. Орталықтың негізгі мақсаты

– мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту

Алаңсыз білім алады

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында

жаңа интернат пайдалануға берілді.

А.Текенов атындағы №2 орта мектептің

жанынан ашылған нысан 20 оқушыға

арналған.

Әлеуметтік ғимараттың ашылу салтанатына аудан

әкімі Ернұр Әйткенов, мемлекеттік мекеме басшылары,

еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты. Аудан

басшысы оқушыларға оқуда сәттілік тілеп, құрылыс

жұмыстарымен айналысқан «Промжилстрой комплекс»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысын білдірді.

жұмыстарын жүргізу, әр баланың қажеттілігіне

сай ем-шараларын жасау, - дейді ішкі саясат

бөлімінің басшысы Гүлсара Кокина.

Осы күні Май ауданы әкімінің жаңа жылдық

шыршасы ұйымдастырылып, оған мүмкіндігі шектеулі

балалар шақырылды.

Өз тілшіміз.

Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жергілікті

билікке ризашылықтарын жеткізді. Аз уақыттың

ішінде қайта жаңғыртудан өткен нысан қажетті

құрал-жабдықтармен, заманауи жиһаздармен

жабдықталған. Оқушылардың алаңсыз білім

алып, демалуына қолайлы жағдай жасалған.

Бұл ретте олар үшін асхана, жуынатын бөлме,

теледидар, кітап оқу залы да қарастырылған.

Енді шалғай ауылдан қатынайтын 9-11 сынып

оқушылары жаңа интернатта алаңсыз жатып,

оқуларын жалғастыратын болады.

Г.ЖАЯБАЕВА.

Ең әуелі ерулік сөзіне тоқталар болсақ - жаңадан көшіп

келгендерге ауылдастардың, туыстардың не көршілердің

беретін сыбағасы. Бұл - елге ел қосылып, етек-жеңі толысып,

іргесі жанға, өрісі малға толып жатқан ауылдардың берекесінің

қаймағы боларлықтай асыл ғұрыптарымыздың бір айғағы. Жат

ел, бөгде қонысты жайлаған жұрт жаңа көшіп келген жерінен

жатсынбасын, отырықты елмен ауылы аралас, қойы қоралас

болып, тонның ішкі бауындай жарасымды да ынтымақты

болып, ортасына тез сіңіп кетсін деген ниеттен туған.

Орталықтан келген аттылар шеруі ауылға жеткенде, қазақи

киім киген ауыл тұрғындары қонақтардың алдынан шығып,

қолтықтап аттан түсірді. Әуелі шашу шашылып, қазақы дәстүр

бойынша қонақтармен төс түйістіріп амандасты. Ауылдық

мәдениет үйінің мерекелік залында ауыл тұрғындары дайындаған

концерттік бағдарламалар орындалып, аудан әкімі өзінің

ерулікке ала барған оюлы шапанын ауыл ақсақалы Тағынбек

қарияға жапты.

Өз тілшіміз.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Дәріхана пункті

іске қосылды

Жақында Ақтоғай аудандық аурухана басшылығының

ұйымдастыруымен Жалаулы, Ақжол

және Қожамжар ауылдарындағы дәрігерлік

амбулаторияның жанынан дәріхана пункті

ашылды.

Жыл соңына дейін мұндай дәріхананы Қараоба және

Мүткенов ауылдарында да ашу жоспарланған. Жалпы, аудан

бойынша 9 дәріхана пункті жұмыс істейді деп күтілуде.

Бұл мәселені ауыл тұрғындары аудан әкімінің есеп беру

кездесуінде жиі көтеріп жүрген-ді. Тұрғындардың өтініші жерде

қалмай, игі істің орындалып жатқаны қуантады. Әсіресе,

шалғай ауылдың тұрғындары дән риза. Енді басы ауырып,

балтыры сыздаған тұрғындар алыс жолға шығып жатпай,

керек дәрісін сатып ала алады.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!