28.12.2019 Views

28 желтоқсан, 2019 жыл №149 (15469)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Жас times

SARYARQA SAMALY

«Сарыарқа самалы» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

ЖАРҚ ЕТКЕНДЕР

Қолөнер -

Нұрхаттың кәсібі

ЖАС ШЕБЕР

Саттар Ерубаев

«Менің құрдастарым» романы

өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан

бері ел сүйіп оқитын

кітапқа, жас ұрпақтың

жансерігіне айналған. Оның

авторы – Саттар Ерубаев.

Жазушының сырға тұнған

мөлтек әңгімелері, оқиғаға

құрылған лирикалық өлеңжырлары,

әжуа-сықақтары, сын

мақалалары мен көсемсөздері

талай жас буынның дүниетанымын,

өмірге деген

көзқарасын қалыптастыруға

жәрдемдесіп жүр.

Саттар Асқарұлы 1914 жылы Оңтүстік

Қазақстандағы Түркістан ауданында дүниеге

келген. Ауыл балалары сияқты молданың

солқылдаған көк шыбығына көнбеген Саттар

Түркістандағы бастауыш мектепке қашып кетеді.

Мұны бітіргеннен кейін жетіжылдық орыс мектебінде

оқып, оны үздік аяқтап шығады. Жазушының

шығармашылық жолында шыңдалуына әкесі

Асқар мен анасы Бапаның үлкен әсері болған.

1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол

мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары

оқу орындарына даярланатын Алматыдағы

дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол

Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен

Ленинград тарих, философия және

лингвистика институтына түседі.

Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен

бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы

қорғайды және осы еңбегі үшін бәйге алады.

Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын

деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының

ұсынысы бойынша С.Ерубаев аспирантураға

қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік

комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап,

Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады.

Осыған байланысты Саттар оқуын қалдырып,

елге оралады.

Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары «Ленинская

смена» газеті әдебиет және өнер бөлімінің

меңгерушісі, «Лениншіл жас» газеті редакторы,

1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры,

1933-1934 жылдары Жоғары ауылшаруашылық

мектебінде философия кафедрасының ұстазы,

1934-1935 жылдары қалалық «Қарағанды пролетариаты»

(қазіргі облысы «Орталық Қазақстан»,

газеті) редакторының орынбасары қызметтерін

атқарған.

1935 жылдың жазында жазушы Ленинград

университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ

дендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны

бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң

Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда

ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық

институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен

теориясынан лекциялар окиды.

Өкінішке қарай, Саттар Асқарұлы 1937 жылы

маусымның 2-сі күні Алматы қаласындағы

Түрксіб ауруханасында көз жұмады. Ол бар

болғаны 24 жаста еді.

Қазақ даласы небір дарынды да талантты жастарға бай. Бірі әлемді

әнімен таңдай қақтырса, енді бірі спорт саласында биіктерді бағындырып

келеді. Ал он саусағынан өнер тамған қазақ баласы небір таңғажайып

бұйымдар жасаса, екіншісі темірден түйін түйіп жүр. Сондай шебердің

бірі – Нұрхат Оқан. Бала күнінен жаны өнерге жақын жас шебер бүгінде

нәсібін осы кәсіптен тауып отыр.

Жалғасы 9-бетте

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Жастар жылы

несімен есте қалды?

Өтіп бара жатқан ескі жыл ел жастары үшін толайым табыстарға

толы болды. Бірі көптен арман еткен өзінің жеке кәсібін ашуға мүмкіндік

алса, енді бірі өзінің шеберлігін шыңдады. «Болам деген баланың бетін

қақпай, белін буған» бұл жылға жастардың айтар алғысы шексіз

болмақ. 2020 жылы «Еріктілер жылымен» сабақтасатын Жастар

жылы бұқараның есінде қандай жаңалықтармен сақталып қалмақ?

Кімдердің жолын ашты? Қанша жасқа үміт сыйлады? Осы сауалдарды

редакцияда өткен «дөңгелек үстел» басында талқылап көрдік.

Жалғасы 8-9 беттерде

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!