28.12.2019 Views

28 желтоқсан, 2019 жыл №149 (15469)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

Жас times

28 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл

9

есте қалды?

Бауыржан Жансейітов

өзімізге тартып, ата тарихымен

таныстыру жолында үлкен жобамызды

бастап кеттік. Осыдан екі

ай бұрын Моңғолия жастарымен

бірлесіп, «Өз тарихыңды біл» деген

жоба аясында бас қостық. Сол

шараға 50-ге жуық жастың шетте

жүрсе де өзінің тарихи Отанының

өткенімен танысып, бүгінгі тыныстіршілігін

көру мақсатында келгені

ерекше таң қалдырды. Қазіргі

таңда «Жас Отан» жастар қанаты

дөңгелек үстел, флеш-моб форматынан

бас тартып, жастармен қоянқолтық

араласып, атқарылатын

жобалар санын арттырып отыр.

Еріктілер жылы да Жастар

жылында аяқталмай қалған, жүзеге

асыруға мүмкіндік болмай қалған

тың бастамаларды іске асыратын

жыл деп ойлаймын.

Тілші сауалы:

- Пікірлеріңізге рақмет! Дей

тұрғанмен, ел арасында «Жастар

жылы» бірнеше бағдарлама

аясында ғана жүзеге асырылды.

Әлі де шешімін таппай қалған

мәселелер жетерлік» деген

сыни пікірлер жиі айтылып

жүр. Бұған не дейсіздер?

Қобыланбек Қожин:

- Мұндай пікірлер әлі де болады.

Барлық жағдай әр адамның өзіне

байланысты. Адамның көкірек көзі

ашық болса, атқарылып жатқан

істерді көреді.

Меніңше, үйде отырып алып,

сынап-мінегенше өз ұсыныстарымызды

ортаға салуымыз керек.

Мәселен, алдағы уақытта жастарды

ауылдың өркендеуіне үлес қосуға

шақыруымыз керек. Қазір де

өзінің туған жеріне, білім алған

мектебіне көмек қолын созып,

перзенттік борышын өтеп жүрген

жерлестеріміз көп. Сол қатарды

жастар толықтырса керемет болар

еді. Тағы бір атап өтетін жайт,

облыс көлемінде мемлекеттік

қызмет саласында жыл сайын

кем дегенде 300-500-ге дейін түрлі

салада бос жұмыс орындары ашық

тұрады. Ал оңтүстік өңірлерде бір

жұмыс орнына таласып, ондаған

адамдар тұруы мүмкін. Сол себепті

«Серпін» бағдарламасы да жақсы

қарқын алып отыр. Менің айтпағым,

ауылдық жерлердегі бос жұмыс

орындарына маман тарту үшін

қалада жұмыссыз жүргендерді

шақыруымыз керек. Байқасаңыздар,

қазір «Жігіт сұлтаны» байқауы

жоғалып кетті. Мұны тек сахналық

деңгейде ғана өткізбей, ауқымын

кеңейтіп, қазақ жігіттеріне тән ұлттық

құндылықтарымызды дәріптейтіндей

етіп қолға алуымызға болады. Яғни,

атқа міне алатын, құсбегілікке ебі

бар, қолөнермен айналысатын,

асық ату, тоғызқұмалақ, тай үйрету,

домбыра тарту, Абай өлеңдерін

жатқа айту бойынша азаматтар

арасында нағыз жігіт сұлтанын

анықтасақ, керемет болар еді.

Сәния Темірханова

Тілші сауалы:

- Аталмыш жыл аясында

барлық сала түгелдей қамтылып,

жастардың мәселесі толық

шешілді деп айта аласыздар ма?

Бауыржан Жансейітов:

- Қазақ жастарының санасына

мемлекет маған не береді деп

емес, мен еліме не бере аламын

деген ой толықтай қалыптаспайынша

көпшіліктің істеген ісі көзге көрінбей,

осылай екіұдай пікір қалыптастырып

жүре беретін боламыз. Қоғам өзі

белсенді және белсенділігі төмен

болып екіге бөлінеді ғой. Үйде

отырып алып, атқарылып жатқан

істерді көзіне ілмей, күндіз-түні

жүгіріп жүрген топтың еңбегін

жоққа шығарып, сынап отыратындар

- сол екінші санаттағы адамдар.

Сосын жастар мәселесі ешқашан

түбегейлі шешімін таппайды.

Заман ағымына қарай күнде бір

мәселе туындап отырады. Бірақ,

біздің басты мақсатымыз - жастар

мәселесін шеше отырып, ниеттілерді

қолдап, оларға күш беру және

атадан балаға мирас болып қалған

сан ғасырлық тарихы бар ұлттық

құндылықтарымыздан ажырамай,

кейінгі буынға жеткізу. Біздің

орталық ай сайын бос жұмыс

орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып

отырады. Әр шараға кемінде 50-ден

астам жұмыс беруші келетін болса,

жұмыс іздеушілердің саны одан

екі есеге көп. Сондықтан алда

атқарылатын шаруа бұдан да көп

деп ойлаймын.

Сәния Темірханова:

- Осы орайда Бауыржанның

пікірін толықтырсам. Біз үшін үйінде

отырып, сын айтатындардың пікіріне

құлақ түріп, қарап отырудан гөрі

алға қарай жүру маңызды. Биыл

неге жас кәсіпкерлерге көптеп

көңіл бөлінді? Өйткені, бұл салада

сұраныс артты. Сонымен қатар,

жас кадрлардың еңбек активін

көтеруіміз керек. Дамыған 30 елдің

көшін бастау үшін біздің мемлекет

жастардың еңбек күшіне иек

артып отыр. Биыл үлкен салаларды

қамтып, соларды бірізділікке

салып жатса, келер жылы елдегі

микросалаларды қамтып, олардың

да ісінің ілгерілеуіне жол ашып

береді. Сол себепті, бізге сынаудан

гөрі көштің басын түзеген

топқа қосылып, елдің жүгін бірге

көтеруге жұмылу керек.

ТҮЙІН:

САН ДЕРЕК:

• Облыста 18-29 жас

аралығындағы 163 631 адам

тұрады.

• Оның 74 144-і - қала

жастары.

• Бүгінгі таңда тұрғын

үй алу кезегінде 16 037 адам

тұр.

• Биыл 800-ден астам жас

жеке кәсіпкерлігін бастау

үшін оқу курсынан өткен.

• Соның ішінде 743 қатысушы

өз жобасын қорғаған.

Тілші сауалы:

- Расымен де , биыл атқарылған

істер шаш-етектен. Алдағы

бірнеше жылға құрылған нақты

жоспарлар жүзеге асатын болса,

осы жылдың жетістігі сол болар.

Ал «Еріктілер жылынан» не

күтесіздер?

Қобыланбек Қожин:

- Бұл жылдан да күтеріміз мол.

Биыл қолға алынған бағдарламалардың

көбі 3 жылдықты негізге алған.

Жаңадан ашылатын 7500 жұмыс

орны, 20 мың білім гранты мен

студенттер жатақханасын салу

мәселелері 2022 жылға дейін іске

асырылады. Бұлардың барлығы

жастардың әлеуметтік-экономикалық

әл-ахуалын көтеруге арналған.

Алдағы уақытта да дәл осы

қарқынмен ел ішіне тың серпіліс

әкелетін жаңа бағдарламалар іске

асырылатынына сенімім зор.

Оразбек Бақытхан:

- Ағымдағы жылда біз замандастарымызбен

бірлесіп қоғамдық

істерде белсенділік танытып

келген болсақ, «Еріктілер жылында»

ерікті болуды қалап отырмыз.

Олай дейтінім, өзім «Jebe»

қоғамдық бірлестігінің мүшесімін.

Бірлестік ерікті түрде белсенді

ағалардың бастамасымен құрылған

еді. Сол кезден бастап кез

келген істің басы-қасынан табылып,

көмек беруді және түрлі ұлттық бағыттағы

шараларды ұйымдастырып

келді. Келесі жылға орай қоғамдық

бірлестіктердің қатары артады деген

ойдамын. «Еріктілер жылында»

баянауылдық жігіттердің бастамасымен

«Алдаспан» қоғамдық

бірлестігі жұмысын бастамақ. Бұл

да белсенді жастардың басын біріктіретін

және келелі істерді келісіп

атқаратын ортаға айналатынына

сенім зор. Келер жылы «Ұрпақ тәрбиесі

– ұлт тәрбиесі» деген тақырыпта

ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырмақпыз.

Сонымен қатар, «Ақын

мен әнші» деген жоба қолға алынбақ.

Мұнда жас ақындар мен жас дәстүрлі

әншілердің өнерін насихаттау

көзделуде.

- Уақыттарыңызды бөліп,

дөңгелек үстел басына жиналғандарыңыз

үшін алғыс айтамыз.

«Дөңгелек үстелді» жүргізген –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Осылайша, өңірдің белсенді жастары мен аға буынның

арасында өрбіген әңгіме барысында «Жастар

жылы» аясында атқарылған істер талқыға түсті.

Болашаққа үлкен сеніммен қарайтын қазақ

қоғамында өз ісінің маманы бола білетін, елі мен

жерінің сенімін ақтайтын ұрпақтың өсіп келе

жатқаны қуантады.

ЖАС ШЕБЕР

Қолөнер -

Нұрхаттың кәсібі

Басы 7-бетте

Баянауыл ауданының тумасы

Нұрхат Жанатұлы - Қ.Кемеңгеров

атындағы мектептің түлегі. Мектеп

қабырғасынан түлеп ұшып,

2011-2014 жылдары Павлодар

гуманитарлық-педагогикалық

колледжінде білім алды. 2014

жылы осы колледждің логотипін

жасап, көзге түседі. 2016-2019

жылдары Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінің

студенті атана жүріп, университет

қабырғасында өткен және

басқа да түрлі байқау-жарыстарға

қатысып, бақ сынайды. 2017 жылы

«Институттың үздік логотипі»

байқауында «Таңдаулы логотип»

аталымын жеңіп алып, 2018 жылы

«Кәсіптік оқыту» мамандығы

студенттерінің Х республикалық

пәндік олимпиадасында «Ең үздік

конструкциялық-технологиялық

шешім» аталымында жүлделі

атанады. Сол жылы «Студенттік

көктем – 2018» бейнелеу өнері

мен сәндік-қолданбалы өнер

фестивалінде «Скульптура»

бойынша Гран-при иегері

атанған болатын. Бүгінде №8

лицей-мектебінде еңбек пәнінің

ұстазы болып қызмет ететін

Нұрхат шеберлікте жолын ашқан

ұстазына дән риза.

- Мектеп қабырғасында

жүргенде сурет салуды ерекше

жақсы көрдім. Кейіннен Павлодар

мемлекеттік педагогикалық

университетіне оқуға түскен

жылдары ағаш шебері Мелжан

Сыдықов ағамыздың шеберханасына

келіп, ағаның жұмыстарымен

танысқаннан кейін қолөнер

шеберлігіне деген ынтам арта

түсті. Ұстазымның қасында

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

жүріп, әуелінде астабақтардың

шетіне ою-өрнектерді салудан

бастадым. Кейіннен дөңгелек

келген астабақ жасап шықтым.

Осылайша, Мелжан ағаның қасында

жүріп, өзіме шеберлік әлемінің

жаңа қырларын аша бастадым, -

дейді Нұрхат Оқан.

Жас шебердің жұмыстары

қазіргі таңда үлкен сұранысқа

ие. Еліміздің әр түкпірінен келіп

түсетін тапсырыстарды айтпағанда

оның жұмыстарына қызығушылық

танытатын шетелдіктер де көп.

- Қазіргі таңда қазақ өнеріне,

ұлттық құндылықтарымызды

дәріптейтін дүниелерімізге деген

сұраныс күн санап артып келеді.

Бұл - қуантарлық жағдай. Бүгінде

астабақ, қымыз құюға арналған

ыдыстар мен ағаштан жасалған

өзге де бұйымдарды әрбір қазақтың

шаңырағынан кездестіруге болады.

Соңғы уақытта қолөнер шеберлері

де мемлекет тарапынан барынша

қолдауға ие болып келеді. Бұл -

шығармашылық адамдарына үлкен

қолдау, - дейді ол.

Түрлі байқауларға қатысып, үнемі

ізденіс үстінде жүретін жас шебер

жақында облыстық «Бейнелеу өнері»

байқауына қатысып, 1-орынға ие

болған. Нұрхат аталмыш додаға

қазақтың ұлттық аспаптарын ағаштан

ойып жасаған. Мұнда домбыра,

қобыз, сазсырнай мен жетігеннің

сый-кәделік нұсқасын ұсынған.

Бұдан бөлек, жуырда өзі қызмет

ететін білім ошағына ерекше сый

жасаған. Ол «Мектепке домбыра

сыйла» акциясы аясында өз қолымен

жаңа туындысын сыйға тартқан.

- Аталмыш акция кезінде

ұзақ ойландым. Сосын мектептің

логотипімен домбыраны неге

үйлестіріп көрмеске деген ой келді.

Сөйтіп, әуелі қиялымда жетілдіріп

алған жобамды ағаштан ойып

жасап, мектепке сыйға тарттым.

Бұл бір ерекше дүние болып

шықты. Яғни, музыка сабағында

оқушылар ән-күйді тыңдасын

деген мақсатта аудиодомбыра

етіп жасап шықтым. Яғни, кез

келген уақытта балалар өздерінің

флэшкаларындағы әндерін қойып,

тыңдай алады, - дейді шебері.

Шеберханадан бөлек, өзінің

талабын түрлі бизнес семинарларға

қатысып шыңдайтын жігіттің

алдына қойған мақсаттары да

мол. Қызығушылықтан басталған

шеберліктің шыңына шығып, бүгінде

өзінің жеке кәсібіне айналдырып

отырған Нұрхатқа сәттілік тілейміз!

Қазақ хандығынын картасы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!