09.01.2020 Views

9 қаңтар, 2020 жыл №2 (15472)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

РУХ 9 қаңтар, бейсенбі, 2020 жыл 17

сыбағасы артық

кезінде жазушы-майдангер Сапарғали

Бегалин жазған. Әрине, халықтың сүйікті

әніне айналған Қорлан сұлуға байланысты

әңгімелер кейін дастандарға арқау болды.

Бірақ тағы шындыққа келмейтін дүниелер

бар. Қорлан шалға күйеуге шыққан екен

дейді. Естайдың дүниеден өткенін, жас

кезінде берген жүзігін бірге жерлегенін

естігенде, бұлай етпесе Естай Естай бола

ма депті.

Ең алдымен айтарым, Қорлан 1937

жылы 59 жасында қайтыс болған. Естай

болса, 1946 жылы дүниеден өткен. Яғни

Қорлан одан бұрын дүние салған. Оның

себебі де бар. Отбасы кәмпескеге ұшырап,

жарын, үлкен ұлы Қабдыжаппарды айдауға

жіберген. Соның күйігіне шыдамай, Қорлан

Алтай өлкесі Бөрілі ауданында Қаранай

деген жерге төркініне келіп, сонда дүние

салған. Осы жерде қалың қорым арасында

жерленген. Тап басып ешкім көрсете

алмайды.

Енді ел аузында «шал» деп айтылатын

Нұрмұхамбет ешқандайда шал емес. Ол –

Қорланның атастырылған жігіті, жас. Оқыған

адам. Байдың баласы екені рас. Алтайда

Қуатовка деген ауыл әлі күнге бар. Сол

Қуат – Нұрмұхамбеттің ұлы атасы (әкесі

Айып Дәуітбайдан, Дәуітбай – Қуаттан

тарайды). Қуат деген - Құлынды өңірінің

байы болған кісі. Атақты Сегіз серінің өлеңі

бар ғой. «Сол жылы биелері көп құлындап,

содан кейін Құлынды деп аталыпты» деген

өлең жолдар бар.

Естайдың қолында Қорлан берген жүзік

болған дейді. Қайтыс боларында Нұрлыбекті

шақыртып, жүзікті бірге қалдырыңдар деуі –

дерексіз дүние. Естай ақын Краснокутскі

(Ақтоғай) ауданында болғанда дүниеден

өтеді. Өзің жақсы білетін Әбілхақ Түгелбаев

деген азаматтың енесінің ағасының үйінде

қайтыс болады. Туыстары ғой. Жүзік болған

дейді поэмада. Ешкім оны іздеп таба

алмаған. Осының бәрі тарихи негізде

дәлелденбеген. Әжем Қорлан сұлуға қатысты

алып-қашпа, ойдан құралған әңгімелерді

естігенде:«елдің мұнысы несі, қайдағы

әңгімелерді қайдан тауып алып жүр?

Қорланға обал болды-ау» деп күйінетін.

Қайбір жылы Естайдың туған ауылына,

Қаражар елді мекеніне белгі қойдық. Ас

үстінде бір Қахан ақсақал: «Енді Қорланның

бейітін қашан табасың, Есімханов?» деп.

Бұйырса табамын, дедім. Төрт рет Алтай

өңіріне сапар шегіп, іздестіріп, ақыры

таптым. Ұрпақтары, келіні, немерелері

бар екен. Олардың өз немерелері бар.

Содан қалың зират сыртына, Қорланның

бейітін шамалап, басына құлпытас қойдық.

Қорланның зайыбы – Нұрмұхаммед айдаудан

кейін аман оралып, 90 жастан асып

ғұмыр кешкен екен. Келінінің айтуынша,

Қорлан қайтыс болғаннан кейін әйел

алмаған. Соғыстан кейін «жесір әйел

көп, киіміңді жуғызуға бір әйел алсаңшы»

деп айтады екен туыстары. Сонда «Екінші

Қорлан жоқ қой» деп тұрып кетіп қалады

екен. Белгітас қойғанда, Павлодар өңірінен

көп адам барды, сол кездегі университет

ректоры Ерлан Арын, басқа да ел

азаматтары бар, Алтай өңірінен деп көп

адам қатынастық. Қорланның ұрпақтары

асты өздері берді. Белгітас қойғанмен,

оған Естайдың махаббат сөздерін жаза

алмадым. Себебі ұрпақтары «Онсыз да

әжеміз туралы қаңқу сөз көп болып еді,

ертең қайтадан өршуіне негіз болады»

деп қарсылық білдірді. Келіні «тауып алып,

құлпытас жаздырса, баяғыдан қайда қалып

еді. Қуатжан, не жазсаң да ырқың білсін»

деп еді. Бірақ мен немерелерінің сөздерінен

аттап кете алмадым. Сосын:

«Дариға, өлмейтұғын әнге айналған,

Дүниеге қайта келмес қайран Қорлан»

деген екі жол жазғыздым. Мен әжемнің

аманатын орындадым деп ойлаймын. Өзім

туған анамның аманаты – Семейдің ет

комбинатының астында қалған Кемпірбай

ақынның зиратына белгітас қойып, жазу

қалдыру еді. Оны да орындадым. Атақты

нар Кемпірбайдың, Алаш милициясының

бастығы болған Қазы Нұрмұхамедұлы, тағы

басқа атақты азаматтардың қабірлерін

сырып тастап, бейіттердің үстінен салынған

ет комбинаты еді. Солардың бәрінің зираттары

малдың қиының астында қалғаны

қынжылтады. «Бұл жерде Бөгенбайұлы

Кемпірбай, атақты нар Кемпірбай жатыр»

деп рухтарына тағзым жасадық.

- Әңгімелеріңізде Ана бейнесін жиі

айтасыз. Бұл қазақ анасының бейнесіне

көңіліңіз толмайтынын білдіре ме?

Жалпы, қазіргі қоғамда сізді қандай

көріністер толғандырады? Құндылықтар

жайында не айта аласыз?

- Менің көз алдымда қазақ аналарының

символы ретінде өзімнің Кәмеш

апам тұрады. Ол арабша оқыған, арғы-бергі

тарихтан білетіні көп адам еді. Облыстық

кеңестің депутаты бола тұра, совет өкіметін

жақтырмайтын, жалаңбұттардың билігі деп

айтатын. Өзі байдың қызы болатын. Оның

қызы - менің шешем Жәкен, керісінше,

коммунист, Сталинді жақтайтын. Осы

кісілерден қолда барды бөлісудің қандай

екенін көріп өстім. Малымыз аз болса да,

өзгелер секілді сараңдық танытпай, барын

бөлісіп беретін. Әуелде түсінбейтін бала

едім. Кейін ойлап қарасам, биіктіктің үлгісін

көрсеткен екен ғой. Мен сол аналарымның

тәрбиесін көргендіктен қазақ аналарының

бейнесін жоғары болса екен деп ойлаймын.

Небәрі отыз жасында қыруар еңбек атқарып,

теңдессіз талантымен орыс географтарын

тәнті еткен Шоқан Уәлихановты Айғаным

әжесі тәрбиеледі, данышпан, ұлы ойшыл

Абай Құнанбайұлы Зере әжесі мен Ұлжан

анасы тәлімін көріп ер жетті. Мұхаммед

пайғамбардың өзі «Жұмақ - ананың

табанының астында» деді. Мұхтар Әуезов «ел

болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлағатты

сөз жазды. Осының бәрі ананың рөлін

көрсетеді. Қазір осы аналар бейнесі бізде

қалай жасалып жатыр? Жағымды образ

бар ма? Соғыс батырлары деп жас Әлия

мен Мәншүкті шығардық. Қорланымыз

болса, ақындарымызды дастандарында

оның мүлдем басқа образын жасап қойды.

Ақтоқтыны да сондай жамандыққа, өсекке

қия салдық. Біз ондайдан аулақ болуға

тиіс едік. Қазақ аналары қашанда адал

жар, ақылды, данышпан болған. Ақындар

«оқылымды туынды болсын» деп өлеңіне

ойдан құрап интрига қосып жібереді. Ондайда

ұрпақтың тәрбиесін ойлауымыз керек.

Қаражарда Естайдың ауылына белгі

қойып, ас бергенде Алтайдан Қорланның

немерелерін алғыздым. Соларды бүгінде

тоқсан жасқа келіп отырған Естайдың

ұрпағы Зекен апа өз қонағы болуға

шақырды. Әуелде мен жақсылап күтуді

ойлап өзім қам жасап едім. Бірақ Зекен

апа: «Қарақтарым, қимастарымыз дүниеде

бір-бірімен сыйласып өткен екен. Бүгін

біздің үйден дәм татыңдар!» деп шақырды.

Қандай бой шымырлатар құдіретті сөздер!

Ондайды тек қазақ әйелі ғана айта алады.

Басқа ешкім айта алмайды. Бізде болса

«Күндестің күлі де күндес» деп қайдағы

нәрселерді қоюлатады. Жақсылықты асыра

білуіміз керек.

Қайбір жылы халық композиторы

Еркеғали Рахмадиевпен демалыста бірге

жүргенімізде: «Анау дүниеге барғанымда

қара шал алдымнан шығып, аманатымды

орындамадың ғой деп сабайтын болды» деп

...Бір кезде қауға құдық

секілді жасап, жанына

шелектің үлгісін қойып,

ортасына тақтайға

,,

«мына жерде Пушкиннің

атқосшысы тоқтап,

атын суарған» деп

жазып қойыпты. Қатты

қапаландым. Біз қазақтың

бұлбұлы атанған Күләштің

келін болып алғаш шай

берген жеріне бір белгітас

орната алмай жүрсек,

бұлар атқосшысына дейін

ардақтап қойыпты деп

күйіндім...

айтты. Қара шал дегені – қазақтың Төлегені

атанған Қаныбек Байсейітов екен. Сөйтсе,

Қаныбек Байсейітов 24 жасында КСРО

Халық әртісі атанған бұлбұлымыз Күләш

Байсейітованы Алматыдан Талдықорғанға

әкеле жатқанда алғаш тоқтап шай берген

жері бар екен. Күләш Жетісуға келін болып

оң аяғыммен аттаймын деп достарына

дастархан жайып, шай берген. Соған белгітас

орнатуды аманаттаған екен. «Соған енді

қолда не билік, не күш жоқ» деп күрсінді

Еркеғали Рахмадиев. «Маған көрсетіңізші

ол жерді» дедім. Маған қарады да, күлді.

«Сонау Арқадан сен келіп орнатайын деп пе

едің?» деді. «Көрсетіңізші» деп болмадым,

апарып көрсетті. Содан «бір жөні болар»

деп ойлап кете бардым, арада біраз уақыт

өтті. Бір күні Ақтөбе арқылы Орынборға

сапарлап бардым. Тарихи жерлері көп.

Шойыннан тақталар орнатып «Мына жерде

Пушкин «Капитанская дочканы» жазғанда

келіп тоқтаған» деп небір асыл сөздер

жазып қойған. Бір кезде қауға құдық

секілді жасап, жанына шелектің үлгісін

қойып, ортасына тақтайға «мына жерде

Пушкиннің атқосшысы тоқтап, атын суарған»

деп жазып қойыпты. Қатты қапаландым.

Біз қазақтың бұлбұлы атанған Күләштің

келін болып алғаш шай берген жеріне

бір белгітас орната алмай жүрсек, бұлар

атқосшысына дейін ардақтап қойыпты

деп күйіндім. Содан елге қайтқан бойда

Алматыға барып, бір шебер кәрісті тауып

алып, ол белгітас әзірлейтін болып, мен

Ресейдің Алтай өлкесінде Қорлан сұлу

бейітіне қойылған тас белгі.

5 күннен соң жазатын сөздерді әкеліп

беруге уәде еттім. Содан Астанаға келіп,

Ақселеу Сейдімбеков ағама сөз мәтінін

жазып беруді өтіндім. Ол маған ырза

болды, ұзатпай сөзін жазып берді. Жанына

ақ құман мен ыдыс-аяқтың суретін салып

берді. Шебер айнытпай түсірді. Кейін осы

белгітасты қойғанда КСРО Халық әртісі

Еркеғали Рахмадиев ағамыз ризашылығын

білдіріп, «Енді ана дүниеге қара шалдың

алдына алаңсыз баратын болдым» деп

ықыласын жеткізді.

Осының бәрін мақтанайын деп айтып

отырғаным жоқ. Біз ел болуды ойласақ,

осындай қазақ аналарының бейнесін

асқақтатуымыз керек.

Екінші бір дүние, біздің аталарымызды

насихаттауда да байқауымыз

керек. Айтып өттім, руымызды, тегімізді

білген жақсы. Бірақ бөлінуге, жекелеп

ардақтауға болмайды. Біз рулық деңгейден

ұлттық деңгейге баяғыда көшкенбіз. Енді

барлық әлем елдері өркениетке ұмтылғанда

артқа шегінуге болмайды. Олай ел бола

алмаймыз. Бұл жерде мәселенің басы –

менің тұстарымда, замандас ағаларда ма

деп ойлаймын. Қазір зейнеттік демалыста,

жастары ұлғайған, қолы бос, ата-бабасын

іздеп, тарихты зерттейді. Бәрінің атасы

мықты, батыр, дана болған. Бірақ атаға,

руға бөлінуге болмайды. Олар бәленбай

ғасыр бұрын қайтсек ел боламыз, ұрпағыма

жер қалдырамын деп жаумен шайқаста

бастарын өлімге тіккен. Енді бейбіт заманда

бұлайша арзан тәсілмен келіп, қайтадан

кері басуға, руға көшуге болмайды. Кейде

аға дейтін ағаларымыздан да ұлағаттылық

көрмей қаламын. «Билік айту қиын емес,

біліп айту қиын» дейді қазақта. Ағалардың

ішінде де аға бар. Бұрын қазақ шалына

қарап шаңырағын сыйлаған. Бүгінде

шаңырағына қарап, шалын сыйлайтын

болған. Бұл жерде «шаңырағынан басшы

не бизнесмен, қалталы біреу шықса,

сол үйдің ақсақалы да сыйлы болады»

деген мағына жатыр. Соны ойлауымыз

керек. Нарыққа жабамыз бәрін. Нарықтың

батыстық үлгісі қазір бізде. Негізінде,

шынайы нарық баяғыда бізде болған. Бірақ

содан айрылып қалғанбыз. Онда құндылық

тек материалдық жағдайда емес, рухани

тұрғыдан да бағаланып есептелген. Біз

ел боламыз десек, осыны елеп-ескеруіміз

керек. Мен осы мәселелерді еліміздің

ағалары тереңінен пайымдап, парасаттық

танытса деймін.

- Санаға түйетін біршама сөздер

айттыңыз, сүбелі ойлар да қозғалды.

Оқырмандар өз іздегенін табар деп

сенеміз. Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан - М.ЖӘНІБЕК.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!