09.01.2020 Views

9 қаңтар, 2020 жыл №2 (15472)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6

9 қаңтар, бейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

Еңбек еленуі тиіс

Биыл Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ

музыка-драма театрының ашылғанына 30 жыл

толады. Осы мерейтой қарсаңында аталған өнер

ордасына академиялық дәреже берілсе құба-құп.

Мұндай ұсынысты театр ұжымы Мәжіліс депутаты

Айзада Құрмановамен кездесу кезінде айтты.

Тілеуберді САХАБА

Театр директоры Арман

Темірбектің сөзінше, биылғы отыз

жылдық мерейтойдың құрметіне

бірқатар үлкен жоспарлар алға

қойылған. Мәселен, осы қара

шаңырақта отыз жылға жуық

еңбек еткен артистердің өзінде

мемлекеттік атақ жоқ екен. Міне,

биылғы мерейтойымыздың құрметіне

осы олқылықтың орнын толтыруымыз

керек, деді ол.

- Біз көтерген мәселелер мен

айтқан ұсыныстарға жанашырлықпен

қарайды деп санаймыз. Біздің

ұжымда осы театрмен бірге

жасап, барлық ауырлықты бірге

көтеріп келе жатқан артистер бар.

Өкінішке қарай, солардың біреуіне

мемлекеттік деңгейдегі сыйлық

немесе атақ-дәреже берілмепті.

Міне, осындай өнерпаздардың

еңбегін бағалап, үкімет тарапынан

мемлекеттік дәрежедегі атақтар

БӘРЕКЕЛДІ!

Ғылым таппай

мақтанба!

берілуіне ықпал етсеңіз, - деді

Арман Темірбек.

Сонымен қатар, биылғы мерейтой

қарсаңында театр ұжымын баспанамен

қамтамасыз ету және өнер

ордасына академиялық мәртебе

беру мәселелері де көтерілді.

Мәжіліс депутаты Айзада Құрманова

аталған мәселелер мен ұсыныстарды

қағазға түсіріп, мемлекеттік атаққа

лайық адамдардың тізімін ҚР

Мәдениет және спорт министріне

жеткізетінін айтты.

- Бұл театрдың тарихы терең.

Қазақ елінің Тәуелсіздігімен қатар

өмірге келген өнер ордасының Ертіс-

Баян мәдениеті үшін орны ерекше.

Ел тәуелсіздігін алмас бұрын осы

қалада қазақ театры болады деген

ешкімнің түсіне кірмеген шығар.

Өңірдің зиялы қауымының, өнер

жанашырларының арқасында бұл

шындыққа айналды. Қазір барлық

қойылымдар ерекше аншлагпен

өтетінін байқап жүрміз. Сіздерге

шығармашылық табыс тілеймін, -

деді Айзада Амангелдіқызы.

Шаруаларды

не алаңдатады?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев

Май ауданында болып, мемлекеттік бағдарламалардың

орындалу барысымен танысты.

Халық қалаулысы «Бизнестің

жол картасы - 2020» бағдарламасы

шеңберінде 3 миллион теңге грант

ұтып алған жас кәсіпкер Санат

Жанаттың жиһаз жасау цехында

болды. Аз уақыттың ішінде кәсібін

дөңгелетіп үлгерген шебердің тауарына

сұраныс мол. Аудан әкімдігі

барынша қолдау көрсетіп, цех

ғимаратын тегін ұсыныпты.

М.Пішембаев жақында ашылған

мүмкіндігі шектеулі балаларға

арналған «Balapan» балалар

орталығының жұмысын жоғары

бағалады. Мұнда балалар бос

уақытын қызықты өткізіп, білімін

жетілдіре алады.

Бұдан кейін мәжіліс депутаты

«Nur Otan» партиясының Май

аудандық филиалы ғимаратында

жергілікті шаруалармен кездесті.

Жиында шаруа қожалығы басшы-

лары субсидиялау, жаңа технологияларды

енгізу, кадр мәселесі жайлы

әңгіме өрбітті. Мәселен, бұрындары

лизинг арқылы трактор алсаңыз,

50 пайыз субсидия үлестірілетін.

Қазір ол 25 пайызға азайған.

Аудан орталығынан 100 шақырым

қашықтықта орналасқан «Ақтай»

шаруа қожалығының басшысы

Қадір Ақтаев жаңа технологияға

көшіп, жылқыларға GPS-чиптер

орнатқан. Заманауи қондырғы

малдың қай жерде жүргенін ұялы

телефон арқылы бақылауға мүмкіндік

беріп, мал ұрлығының азаюына

септігін тигізбек. Шаруалар бұл

бағыттағы жұмыстар қымбатқа

түсетінін, GPS-чиптер орнату ісіне

субсидия қарастырылса екен деген

тілектерін жеткізді.

Таяуда павлодарлық 6 профессор республикалық

«Үздік жоғары оқу орнының оқытушысы - 2019»

байқауының жеңімпазы атанды.

Облыстағы белді де беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын

Toraighyrov University-дің бір топ профессоры отандық ғылымның

дамуына қосқан зор үлесі үшін үлкен марапатқа ие болды. Атап айтар

болсақ, Абылай Жүнісов, Ғалия Итыбаева, Алма Мусина, Қуандық

Сақанов, Ғалия Қажыбаева және Марина Темербаева есімді оқытушылар

республикалық деңгейде ұйымдастырылған білім додасында жеңіс

тұғырынан көрінді.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар - металлургия

және машина жасау, биотехнология, қаржы және құрылыс

салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын кәсіби

мамандар. Ғалымдар болашақта тағы да тың жаңалық ашып, отандық

ғылымның дамуына өз үлестерін қосуды жоспарлауда.

Өз тілшіміз.

ДЕПУТАТТАР - ӨҢІРДЕ

О.АХМАДИЯ.

Май ауданы.

Ғажайыптар мекені

Өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары

Ertis бірегей музейіне арнайы барып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты.

Меймандар елімізде ашылған алғашқы дара музейдің жұмысын жоғары бағалап,

жергілікті мәдени мекемелердің басшыларымен ашық әңгіме құрды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Әлемдегі ірі тарихи-жаратылыстану

музейлерінің үлгісімен

салынған Ertis бірегей музейі

геология, физикалық география,

ежелгі флора мен фаунаны, Ертіс-

Баян өңірінің палеозой заманынан

қазіргі кезеңге дейінгі тарихын

қамтитынымен ерекшеленеді.

Музейдегі реставрациялық зертхана,

Gloss Vision атты виртуалды

киім өлшеу алаңын, даңқты

жерлестеріміздің өмірбаяны

мен еңбектерін, мұз дәуірінің

ландшафын, Ертіс-Баян өңірінің

флорасы мен фаунасының эволюциясын,

«Қазқонақ» табиғи

ескерткішін мекен еткен құстардың

мүсінін тамашалаған депутаттар

таңданыстарын жасыра алмады.

Мәжіліс депутаты Айгүл

Нұркинаның ерекше қызығушылығын

тудырған жәдігер

музейдің қайталанбас экспонаттарының

бірі ежелгі мамонттың

қаңқасы болды.

- Елімізде мұндай музейлер әлі

жоқ. Ерекше музейдің Павлодар

өңірінде бой көтергені мені

ерекше қуантып тұр. Мұндағы

тұжырымдаманы жергілікті археологтар

мен тарихшылардың

әзірлегені - мақтанарлық іс.

Облыс әкімімен кездескен кезде

осы мұражай туралы айтып:

«Егер онда барсаңыз, онда сізге

музей экспонаттарымен толықтай

танысып, асықпай аралау үшін

МЕРЕЙТОЙ

Татьяна Бурматова 1920

жылғы 6 қаңтарда Ресейдің

Свердловск облысы Богданович

қаласында дүниеге келді. Орта

мектептің жеті сыныбын тәмамдап,

байланыс техникумына оқуға

түсті. Кейін теміржол бекетінде

телеграфшы болып еңбек жолын

бастады. Ал 1941 жылы сұрапыл

соғыс басталған тұста ерлермен

қатар майдан даласына аттанды.

Мәскеу қаласының маңындағы

Можайск өлкесінде орналасқан

әуе қорғанысы штабына телеграфшы

ретінде жіберілді. 1941

жылдың күзінен 1942 жылдың

көктеміне дейін Мәскеуді қорғады.

1942-1945 жылдары Калининск

майданындағы 1725-інші зениттік-

кем дегенде 1,5 сағат керек» деген

еді. Шын мәнінде көретін дүние

көп екен. Менің ойымша, бұл -

өңірдің қонақтары мен тұрғындары

үшін жиі баратын мәдени орынның

бірі болары сөзсіз, - деді Айгүл

Нұркина.

Осы орайда облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі

басқармасының басшысы Ернұр

Дәуенов өткен жылдың соңғы екі

аптасында мұнда 10 мыңға жуық

өңір тұрғыны келгенін атап өтті.

- Қазіргі таңда күніне 500-ге

жуық адамды қарсы алудамыз.

Ғасырлық той

Екібастұз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының

ардагері Татьяна Бурматова 6 қаңтар күні 100 жасқа

толды. Шаһар басшысы Ержан Иманзайыпов кейуананы

мерейтойымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

артиллериялық полкта пулеметші

болып, жауға қарсы тойтарыс берді.

Ұлы Жеңісті әскери әуе флотының

ефрейтері атағымен қарсы алды.

- Анам сол бір жылдарды еске

алуды қаламайды. Сондықтан

болар, майдан даласындағы кезең

туралы бізге көп айта бермейді.

Мәскеу-Ленинград бағытындағы

құпия аэродромды қорғап, телеграфшы,

кейін пулеметші болғанын

білеміз. Әскери әуе қорғанысы

штабының құрамында болғанда жау

ұшақтарының барлығын даусынан

таныған екен. Сөйтіп, қандыкөйлек

жолдастарына фашистік авиация

ұшақтарының шабуылына тойтарыс

берді, - дейді Ұлы Отан соғысы

ардагерінің ұлы Дмитрий Бурматов.

Ал жаңа жылдық демалыс кезінде

3000-ға жуық адам арнайы келді.

Қала тұрғындары биылғы жылдың

қаңтар айының соңына дейін

мультимедиялық музейді тегін

аралай алады. Ақпан айынан

бастап билет құны балаларға - 150,

ересектерге 300 теңге болады, -

деді Ернұр Дәуенов.

Кездесу соңында Мәжіліс

депутаттары 1 қаңтардан бастап

мәдениет саласы қызметкерлерінің

жалақысы 35 пайызға өскенін

айта келе, 2020 жылы болатын

ірі өзгерістер жайын сөз етті.

Татьяна Бурматова майдан

даласындағы ерлігі үшін бірқатар

орден-медальмен марапатталды.

Олардың қатарында «ІІ дәрежелі

Отан соғысы», «Германияны жеңгені

үшін», «Мәскеу шайқасына –

75 жыл», «Георгий Жуков» және

тағы басқалары бар. Ардагердің

өмірлік жолдасы Алексей де –

соғыс ардагері.

- Әкем жапон соғысына қатысқан.

Тынық мұхиты флотының әскери

кемесінде радиошы болған.

Майданнан оралған соң Атбасарда

тұрып, анам екеуі үйленгеннен кейін

Екібастұз қаласына қоныс аударды.

Екеуі үш баланы өсіріп, тәрбиеледі.

Әкем мен үлкен ағам өмірден

өтті, әпкем Ресейде тұрады, -

дейді Д.Бурматов.

Татьяна Бурматова Екібастұз

қаласында байланыс орталығында,

санаторий мен балабақшада

ұзақ жыл қызмет атқарды. 1999

жылы құрметті еңбек демалысына

шықты. Ұлы Отан соғысы ардагерін

ғасырлық тойымен Екібастұз қаласының

әкімі Ержан Иманзайыпов,

мемлекеттік орган өкілдері мен

әріптестері құттықтап, құрмет

көрсетті.

- Анам «100 жасқа жетуімнің

сыры – жан тазалығы» деп айтады.

Көңілің көтеріңкі, ниетің таза

болса, ешқандай ауру жаныңа

жоламайды деген қағиданы берік

ұстанады. Мерейтойымен құттықтап

келген адамдардың қарасы қалың

екенін көріп, қуанып қалды. Біз де

анамызды ұмыт қалдырмай, ізгі

тілегін білдіріп келген әр жанға

алғыс айтамыз, - дейді Д.Бурматов.

Әзірлеген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!