09.01.2020 Views

9 қаңтар, 2020 жыл №2 (15472)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 9 қаңтар, бейсенбі, 2020 жыл 3

Көмек көрсету -

бәріне міндет

Мүмкіндігі шектеулі жандарға екінің бірі қызмет

ұсына бермейтіні белгілі. Дегенмен, бұдан былай

мүгедектерді жұмысқа қабылдамаған компаниялар

заң жүзінде жазаланбақ. Осы ретте,

аймақтағы қамқорлыққа мұқтаж жандардың

жай-күйін білу мақсатында облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының жұмыспен қамтудың

белсенді бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің

меңгерушісі Арман Заитовпен тілдескен едік.

- Арман Жұмагелдіұлы,

мүмкіндігі шектеулі жандарды

жұмысқа қабылдамаған компанияны

қандай жаза күтіп тұр?

- Негізі, қамқорлықты қажет

ететін жандарды еңбекпен қамту

үшін жергілікті атқарушы органдар

кәсіпорындарға арнайы квота

бөледі. Осы квота аясында аталмыш

нысандардағы бос жұмыс орындарында

көрсетілген мамандыққа

дипломы сәйкес келетін болса,

сол салада тәжірибесі бар адамды

қызметке қабылдауға тиісті.

Егерде жұмыс іздеуші компания

ұсынған талаптардың барлығына

сай келіп, бірақ оны еш себепсіз

өзіне қызметкер етіп қабылдаудан

бас тартатын болса, олар бірінші

кезекте мемлекеттік сатып алуға

қатысу құқынан айрылады. Сонымен

қатар, айыппұл арқалайды. Ал

ол қаржы мүгедектерге арналған

арнайы жұмыс орындарын құруға

жұмсалады.

- Қазіргі таңда біздің облыста

мүмкіндігі шектеулі қанша адам

жұмыспен қамтылған?

- Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы

көрсеткіш бойынша,

жұмыспен қамту аясында 373 адам -

тұрақты, 50-і - әлеуметтік салаға,

24-і жастар практикасы бойынша

жаңа қызметке кірісті. 459 павлодарлық

қоғамдық жұмыстарға

тартылды. Бұл шара алдағы

уақытта да қарқынды түрде

жүзеге асатын болады. Жалпы,

біздің өңірде мүгедек жандарды

жұмыспен қамту ісі бір жолға

қойылған деуге болады. Мәселен,

жұмыспен қамту орталықтарына

1229 адам келген. Бүгінде олардың

1006-сы, яғни 82 пайызы жұмысқа

орналастырылды. Бұдан бөлек,

68 адам кәсіпкерлік негізінде білім

БАС ТАҚЫРЫП

алса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға

65-і жіберілді. Оның ішінде 26-сы

өзінің жеке кәсібін бастау бойынша

мемлекеттік гранттарға ие болса,

осы бағытта тағы 13 адам шағын

несие алды.

- Сөз басында кәсіпорындарға

квота бөлінетінін айттыңыз.

Бұл қандай мақсатта беріледі?

- Жалпы, квота кәсіпорындарға

бір ғана мақсатта бөлінеді. Ол -

мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен

қамту. Қазіргі таңда облыс

бойынша 263 кәсіпорындағы

1400 бос орынға квота бекітілген.

Осының аясында 800-ден астам

адам жұмысқа орналасты. Бекітілген

квота негізінде келер жылы да

жұмыстар атқарылатын болады.

Қазіргі уақытта 80-нен астам бос

жұмыс орындары тұр. Квотаның

басым бөлігі Павлодар, Екібастұз

қалаларына тиесілі. Айта кетерлігі,

бұл жеңілдіктер аудандар мен

қалалардың әкімдерінің қаулыларына

сәйкес бөлінеді.

- Егер кәсіпорын жұмыс

іздеушіні себепсіз жұмысқа

қабылдаудан бас тартатын

болса, олар қайда барып шағымдана

алады?

- Жұмыспен қамту заңнамасына

сәйкес, адамды жұмысқа

қабылдау немесе қабылдамау -

әр кәсіпорынның өз еркіндегі іс.

Дей тұрғанмен, кәсіпорын бірнеше

адамды мамандығы сәйкес келе

тұра жұмыстан қабылдаудан бас

тартқан жағдайда онда оларға өзінің

тұрғылықты жеріндегі жұмыспен

қамту орталықтарына және Еңбек

инспекциясына шағымдануларына

болады.

- Әңгімеңізге рақмет!

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Павлодар қаласындағы пәтер иелері кооперативі

қызметі мен бизнес нысаны өкілдері қар шығару

ісіне салғырт қарағаны үшін айыппұл арқалауда.

Жауапсыз ұйымдар

жазалануда

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі

ұсынған мәліметіне сүйенсек, қыс

маусымы басталғаннан бері облыс

бойынша көріктендіруге қатысты

300-ге жуық ереже бұзылған.

Тәртіп сақшылары, әсіресе, қар

түскеннен кейін рейдтік шараларды

жиі ұйымдастырады екен.

Нәтижесінде 300-ден аса әкімшілік

құқық бұзушылық туралы іс

қозғалыпты. Оның 42-сі сауда

орындарына қатысты.

Пәтер иелері кооперативі

қызметі өкілдері де қатаң

бақылауда. Мәселен, «Әлем-

2017» пәтер иелері кооперативі

басшылығына үй ауласындағы

қарды сыртқа шығармағаны үшін

101 мың теңге айыппұл салынған.

Абаттандыру ережесіне сәйкес,

бизнес өкілдері өзіне тиесілі

ғимарат маңын қардан, мұздан

тазартуға және қоқысты шығаруға

міндетті. Жалпы қолданыстағы

нысан аумағына қарды үюге тыйым

салынады.

Павлодар қаласының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің бас

маманы Бауыржан Әбілқасымовтың

мәліметінше, жыл басынан бері

облыс орталығында 10 мың тонна

қар сыртқа шығарылған.

- Қар молынан түскен кезде

барлық 15 бригада, 100-ден аса

техника жұмылдырылды. Қазір

жағдай реттелді. Қар тазалауға

жауапты мердігерлер түнгі уақытта

іске кірісуде. Қала көшелеріне

құм себіліп, 40-қа жуық сыпырыпжинағыш

техника жолға шықты, -

дейді Бауыржан Әбілқасымов.

Жауапты мердігерлер -

«Холдинг-Транс Павлодар» және

«Горкомхоз Павлодар» серіктестіктер

жұмыскерлері аялдамаларды,

жиек тастарды, жаяу жүргіншілер

жолдарын және автотұрақтарды

барынша тазалауда.

Жылу бағасы өсті

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Өткен жылдың қыркүйек

айында облыс орталығындағы

әуежай «Самұрық-Қазына» ұлттық

әл-ауқат қорының иелігінен Павлодар

облысы әкімдігінің коммуналдық

меншігіне берілген болатын. Сол

уақыттан бері әуежай жұмысын

жақсарту мақсатында бірқатар

іс қолға алынды. Таяуда аймақ

басшысы Болат Бақауов Түркияның

«EDA» компаниясымен келіссөздер

жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

- 2019 жылы Павлодардағы

әуежай халықаралық мәртебеге

ие болды. Сол себепті әуежайды

жаңа бағытта дамыту қажеттілігі

туындап отыр. Осы мақсатта

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Жаңа бағыттар ашылмақ

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Қазақстан нарығында бірнеше

жыл жұмыс істеп келе жатқан

тәжірибесі мол түркиялық компания

мен келіссөздер жүргізілуде. Егер

екі тарапқа тиімді мәмілеге келер

болсақ, әуежайдың ісі жандана

түседі деп ойлаймын, - деген еді

Б.Бақауов.

Осы орайда «Павлодар әуежайы»

АҚ төрағасының орынбасары Динара

Мүсәлімова алдымен әуежай

ғимаратын жөндеу қажеттігін айтты.

- Павлодар әуежайы 1973 жылы

қолданысқа берілді. Бүгінде 235

гектар аумақты алып жатыр. Ал

терминалдың аумағы – 3,2 мың

шаршы метр. Соңғы рет мұнда

жөндеу жұмыстары 2012 жылы

жүргізілді. Әуежайдың қуаттылығын

арттыру үшін күрделі жөндеу жүргізу

қажет. Қазіргі таңда сағатына 200-ден

астам жолаушы қабылдайды, жылына

1 мыңға жуық ұшақ ұшады, - дейді

Д.Мүсәлімова.

Ал өткен жылғы 11 айдың

қорытындысы бойынша әуежай

арқылы 200 мыңнан астам адам

қатынап, 300 мың тоннадан астам

жүк пен пошта жеткізілді.

Айта кетелік, Павлодар әуежайы

облыс орталығы мен еліміздің

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының

арасын жалғайды. Сондай-ақ

ұшақтар Ресейдің Мәскеу, Новосібір,

Беларусьтің Минск қалалары

мен Түркияға әуе жолы тұрақты

жүзеге асуда. Ендігі ретте әуежай

басшылығы сұранысқа ие жаңа

бағыттарды ашуды ойластырып

отыр. Жоспарды жүзеге асыру

үшін әуе компанияларының келісімі

керек.

Биылдан бастап Павлодар қаласының тұрғындары

жылу үшін былтырғыдан 10 пайыз артық төлеуі

мүмкін. Ал су мен жарық тарифі өзгеріссіз қалды.

1 қаңтардан бастап облыс орталығында дифференциалды

тариф қымбаттады. Атап айтқанда, жылу есептеуіш құралдар мен

жеке жылу пункттері орнатылған үй иелері бұған дейін 1 гигакалория

жылуға 1802,50 теңге төлеп келсе, енді бұл баға 1982,75

теңгені құрайтын болады. Тиісті есептеуіш құралдар жоқ баспана

тұрғындары 2631,18 теңгенің орнына 2894,30 теңге төлейді.

Ал бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар үшін тариф 19 пайызға

өсті. Айталық, былтыр есептеуіш құралдар қойған кәсіпкерлер бір

гигакалория жылуға 4392,97 теңге төлесе, биыл 5227,63 теңге

төлейді. Десе де, тарифті реттеуші орган өкілдері белгіленген

бағалардың өзгеруі мүмкін екенін айтады.

- Біз «ПавлодарЭнерго» акционерлік қоғамына бекітілген тарифті

төмендету туралы талап қойдық. Кәсіпорын бұл талаппен келіспей,

сотқа жүгінді. Сол сияқты «Павлодар жылу желілері» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігіне өтем тарифін енгіздік. Бірақ бұл компания

да ұсынылған көрсеткішпен келіспеді. Сәйкесінше, сотқа арыз

түсіріп, бірінші сот сатысы шешімді біздің департаменттің пайдасына

шешті. Ендігі ретте «Павлодар жылу желілері» кәсіпорны

шешімді өзгерту үшін тағы шағым түсіруі мүмкін. Осы жайттардың

барлығын және сот шығаратын шешімді ескеріп, ақпан айында

жылу тарифтері төмендеуі мүмкін деген болжам жасап отырмыз, -

дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды

реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы

Тимур Әмірханов.

Демек, жылу бағасының өзгеру-өзгермеуі сот шешіміне тікелей

байланысты болмақ. Егер департамент талабы орынды деп танылса,

тұрғындардың ай сайынғы төлемі бірнеше пайызға арзандайды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!