11.02.2020 Views

11 ақпан, 2020 жыл №16 (15486)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ

Шайбалы хоккейден

Қазақстан құрамасы

2022 жылғы қысқы

Олимпиаданың үшінші

іріктеу кезеңіне шыға

алмады. Шешуші кездесуде

Польшаға 3-2 есебімен есе

жіберген отандастарымыз

Қытайдың Бейжің қаласында

өтетін дүбірлі

додадан қалыс қалды.

Бейжіңге

бармайды

Көп күткен һәм

күтпеген алтын

Сенсация! АҚШ-тың Милуоки қаласынан жағымды жаңалық

жетті. Коньки спортынан тұңғыш рет ұйымдастырылған «Төрт

континент» турнирінде павлодарлық Виталий Щиголев алтыннан

алқа тақты. Турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар

7 медальді қанжығасына байлады. Қысқы спорт түрлерінен қыр

аспайтын отандастарымыздың олжасы мақтауға тұрарлық.

БӘРЕКЕЛДІ!

Іріктеу кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылғандықтан

ғана емес, ойыншылардың

шеберлігіне қарап, Қазақстанның

іріктеуден іркілмей өтетініне ешкім шүбә

келтірген жоқ.

Екі құрама да алғашқы екі кездесуде

жеңіске жетті. Қазақстандық хоккейшілер

Украинадан 8-1, Нидерландыдан 7:1 есебімен

басым түсті. Ал Польша Нилерландыны

8:0, Украинаны 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондықтан шешуші ойында жеңіске

жеткен құрама жарыстың келесі сатысына

жолдама алатын еді.

Польша ойын басынан ширақ қимылымен

көзге түсті. Есепті 7-минутта

поляк хоккейшісі Бартош Шура ашты.

Екінші кезеңнің 30-минутында Мартин

Прзыгодски есепті еселей түсті. Араға

17 секунд салып Дастин Бойд есеп

айырмасын қысқартса, 35-минутта дубль

жасап таразы басын теңестірді. Шешуші

голды поляк құрамасының ойыншысы

Мацей Урбанович соғып кетті. Осылайша

Польша құрамасы жарыстың келесі

сатысында 27-30 тамыз аралығында

Словакия, Норвегия және Латвиямен

шеберлік сынасады.

Польша шайбалы хоккей федерациясы

1926 жылы құрылған. Бүгінгі күнге

дейін поляк хоккейшілері қысқы Олимпиада

ойындарында 13 мәрте бақ сынаған.

Ең жоғары жетістігі ретінде 1932 жылғы

дүбірлі додада төртінші орын алғанымен

мақтана алады. Сондай-ақ, олар

1931 жылы Польшаның Крыница-Здруй

қаласында өткен әлем чемпионатында

алғашқы төрттікке табан тіреді. Ал

1929 жылы Еуропа чемпионатында

финалда Чехословакиядан 1:2 есебімен

жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасының жеңілісінен

кейін жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай.

Белгілі спорт журналисі Нұрғазы

Сасаев Фейсбук әлеуметтік желісінде

өз пікірімен бөлісті.

- Шайбалы хоккейден Қазақстан

құрамасы өз жерімізде Польшаның жанкешті

жігіттерінен ұтылып, тағы да Олимпиадаға

бара алмайтын болды. Осы

спорт түріндегі басшылар мен бапкерлер

жыл сайын біздің елдің азаматтығын

алған легионерлер санын көбейте түссе

де, нәтиже болмай тұр. Мәселен, бұл

жолы сондай 13 ойыншы біздің құраманың

жейдесін киді. Бірақ, өздеріңіз көріп

отырғандай, нәтиже жоқ. Хоккейшілеріміз

Ақ Олимпиададан тағы да тыс қалды.

Негізі, шетелдік «хас шеберлердің»

көмегіне жүгінбей-ақ, екі рет Олимпиада

ойындарына қатысқанбыз – 1998 және

2006 жылдары. Ол кезде ақша да қат,

жағдай да жоқ, база да жоқ, ештеңе де

жоқ еді. Бірақ ұлттық құрамаға іліккен

хоккейшілеріміз ел намысын абыроймен

қорғаған. Ал қазір бәрі де бар. Ақша да,

жағдай да - база да, бәрі-бәрі жеткілікті

сияқты. Бірақ ел намысын қорғауға келгенде

бүгінгідей сүрініп, жаза басып жүр, -

дейді Н.Сасаев.

Бұл жаңалықты естігенде, кейбіреуі

«ее, мықтылар қатыспаған шығар» деп

топшылауы мүмкін. Солай болғанның

өзінде де, коньки спортынан көш бастап

тұрған елдердің кез келген спортшысы

қазақстандықтарға лайықты қарсылас екенін

ұмытпаңыз. Мысалға алсақ, футболдан

еліміздің премьер-лигасында өнер көрсетіп

жүрген команда Германияның 3-ші дивизионында

бақ сынап жүрген командамен

тең түспесе, жеңу кәдік. Сондықтан да,

5000 шақырымда дара шыққан Виталийдің

алтыны «қадірлі»!

Бұл жаңалықтан енді ес жия бергенде,

қуаныш еселене түсті. Виталий Щиголев

қарқынынан таймай, Канаданың Калгари

қаласында өткен әлем кубогында 5-орынды

иеленіп, ел рекордын жаңартты. Ол 5000

қашықтықты 6.19.60 уақытта бағындырды.

Аталған қашықтықтағы бұрынғы рекорд –

6.19.30 еді.

Виталий Щиголевтің жеке бапкері

1998 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері

Людмила Прокашева екен. Шәкіртінің

бабын таба білген бапкердің қуанышында

шек жоқ. Бүгінде Павлодар қаласындағы

қысқы спорт түрлері бойынша балаларжасөспірімдер

спорт мектебін басқарып

отырған даңқты жерлесімізге хабарласып,

«құтты болсын!» айттық.

- Милуоки қаласында өткен турнир

қатысушыларына көз жүгіртсеңіз, аты

шықпаған жас спортшылар. Яғни, жарысқа

мықтылар қатысқан жоқ. Бәрібір де отандастарымыздың

нәтижесін бас бармақпен

бағалауға болады. Бастысы – медаль

емес, қазақстандықтардың уақыт көрсеткіші

әлдеқайда жоғары. Виталийге келсек,

ол өте дарынды спортшы. Құймақұлақ

болғандықтан, онымен жұмыс істеу қиынға

соқпады. Техникасын реттеуге біраз уақыт

жұмсалғаны рас. Маңдай тердің өтелгеніне

қуаныштымын, - дейді Людмила Прокашева.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

өңірімізде коньки спортын дамыту үшін

инфрақұрылым жұмыстарын мықтап қолға

алу керектігін жиі айтады. Виталий Щиголевтің

жүлдесінен кейін бұл іске жауаптылар

ойлану керек, - дейді ол.

- Елімізде коньки спортымен айналысуға

ыңғайлы екі жабық стадион бар. Бірі –

Нұр-Сұлтан қаласында, бірі – «Медеу». Мұз

айдындары Қостанайда, Рудныйда және

Семейде ғана. Павлодар былай тұрсын,

соңғы кезде коньки спорты қарқынды

дамып келе жатқан Өскемен, Ақтөбе

және Петропавл қаларында атымен жоқ.

Биыл Павлодарда мұз айындары кештеу

құйылды. Салдарынан оқу-жаттығу жиындарын

Нұр-Сұлтан қаласына барып өткізуге

мәжбүрміз, - дейді Людмила Прокашева.

Бұл пікірмен келіспеуге болмас. Спортшыларға

жағдай жасамай, нәтиже талап ету

дұрыс емес. Кез келген спорт болмасын,

ең әуелі жаттығу алаңдарымен қамтамасыз

етілуі тиіс. Бұл мәселені өңіріміздегі спорт

саласына жауапты азаматтар назарда

ұстайды деп сенеміз.

ФУТЗАЛ

Әлем біріншілігіне жолдама алды

Футзалдан Қазақстан

құрамасы 2020 жылғы

Әлем чемпионатына

іріктеу турнирінің элиталы

кезеңінде бақ сынап,

маңызды жолдамаға қол

жеткізді.

Бір топта Чехия, Румыния және Словения

құрамаларымен бас қосқан қазақстандықтарға

жолдама алу оңайға түскен жоқ. Бірінші

кездесуде румындарға 3-1 есебімен есе

жіберіп, жанкүйерлерді екі ойда қалдырғаны

рас. Десе де, намысты қолдан бермеген

отандастарымыз соңғы екі кездесуде де

жеңіс тойын тойлап, топ жеңімпазы атанды.

Словенияны 4-3 есебімен, Чехияны 5-2

есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында

үшінші рет әлем чемпионатының

финалдық кезеңіне жолдама алды. Кезекті

әлем біріншілігі биыл 12 қыркүйек - 4 қазан

аралығында Литвада өтеді.

Сурет www.kff.kz сайтынан алынды.

Бетті әзірлеген - Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!