11.02.2020 Views

11 ақпан, 2020 жыл №16 (15486)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

11 ақпан, сейсенбі

2020 жыл

№16 (15486)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Қазіргі қауіп –

тұмаудан!

ДЕНСАУЛЫҚ

Нақпа-нақ

Соңғы екі жылда

«Бастау Бизнес»

жобасы бойынша

елімізде

61 000

адам

кәсіпкерлік білімін

жетілдірді

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Мектепке

енгізіледі

Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына

қазақ күресі ензілетін

болды. Жаңа оқу жылында

ол жоба ретінде елорданың

5 мектебіне оқытыла бастайды.

Мамандар тапшылығын жою

үшін ұлттық спорт академиясын

ашу көзделіп отыр.

Билік есеп беруде:

БҰҚАРАНЫҢ БАЗЫНАСЫ

Сурет ғаламтордан алынды.

Павлодар облысында ауа райының жиі құбылуы салдарынан тұрғындар

арасында тыныс жолдарының жұқпалы аурулары белең алуда.

Аймағымызда өткен жылдың қазан айынан бастап 9 мыңнан астам

адам жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырған.

Дәрігерлер қауіпті кезеңде сақтанудың жолдарын айтып, әсіресе,

қарттар мен балаларды қорғауды ескертуде.

Жалғасы 4-бетте

Павлодар қаласының тұрғындарын коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, әлеуметтік көмек

және білім беру мәселелері алаңдатады. Ал облыс орталығына қарасты ауылдардың азаматтарын

су құбырларын тарту, қоғамдық көлік қатынасы жайы толғандырады. Жұртшылықтың

көкейінде жүрген осы және өзге де мәселелер, жергілікті биліктің биылға белгілеген жоспары

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің халық алдындағы қорытынды есептік кездесуінде

сөз болды...

Толығырақ 3-бетте

Орталық коммуникациялар қызметінде

Қазақ күресі федерациясының президенті

Дәурен Абаев пен бас хатшысы Бақдәулет

Сәбитов федерация тарапынан «2016-

2021 жылдарға арналған қазақ күресін

дамыту» бағдарламасы аясында биыл

қолға алынатын бірқатар жоба туралы

баяндады.

- Қазір қазақ күресінің 100 сағаттық

оқу бағдарламасы дайындалды. Ол

оқу бағдарламасында қазақ күресінің

әліпбиінен бастап, өзіндік спорт түрі

ретінде барлық қырлары, оқыту жолдары

қамтылған. Алдағы оқу жылдары

қанатқақты жоба ретінде Нұр-Сұлтан

қаласының 5 мектебінде дене шынықтыру

пәндеріне қазақ күресі енгізіледі. Барлық

мектепке қазақ күресі сабағын енгізу

үшін мамандар тапшылығы байқалуы

мүмкін. Сондықтан мамандар дайындайтын

қазақ күресі академиясын ашуды

жоспарлап отырмыз, - деді Дәурен

Абаев.

Академия мамандарды ғана оқытып

қоймай, төрешілердің біліктілігін арттыру,

ұлттық күрестің ғылыми-практикалық

тұрғыда зерттелуін қамтамасыз етеді.

Барлық әлемдік спорт түрлері сияқты

қазақ күресі ғылыми тұрғыдан зерделенуі

керек. Солай ғана төл күресімізді

әлемдік деңгейге көтере аламыз. Қазір

халықаралық аренада қазақ күресінің

атауын өзгерту туралы жиі айтылып

жүр. Осы орайда федерация зерттеуші

ғалымдар тобына қазақ күресіне қатысты

терминдерді жүйелеуді тапсырып

отыр.

Қазақ күресі федерациясының бас

хатшысы Бақдәулет Сәбитовтің айтуынша,

биыл балалар, жасөспірімдер,

жастар және ересектер арасында

104 спорттық шара ұйымдастыру

жоспарланған.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА

Әкім -

әлеуметтік

желіде

Тұрғындар облыс әкіміне талап-тілектерін,

өтініш-ұсыныстарын әлеуметтік

желі арқылы тікелей жолдай алады. Олай

дейтініміз, аймақ басшысы әлеуметтік

желілерде жеке парақшаларын ашты.

Бұл жөнінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Instagramдағы

@skakov_abylkair парақшасында мәлімдеді.

- Облыс әкімі ретінде аймақ жұртшылығын

толғандыратын мәселелерді біліп отыру үшін әлеуметтік

желіде болуға міндеттімін. Ұсыныс-тілектеріңізбен

бөлісіңіздер, мен ақпарат алмасуға қашанда дайынмын.

Сондай-ақ, Facebook пен Twitter-де парақшаларым

бар. Ол жерде де хабарласа аламыз, - деп жазды

облыс әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Айта кету керек, облыс әкімі Ә.Сқақов әлеуметтік

желілерде парақшалар ашқан алғашқы тәуліктің

өзінде Instagram арқылы жүздеген хат-хабар түскен.

Аймақ басшысы әр хатты жеке оқып, мүмкіндігінше

жауап беріп жатқанын мәлімдеді.

КӘСІПКЕРЛІК

Талаптар

өзгерді

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Өз тілшіміз.

2020 жылдан бастап «Бизнестің

жол картасы – 2025» мемлекеттік

бағдарламасының ережелері күшіне

енді. Соған сәйкес, кәсіпкерлерге

қойылатын талаптар өзгерді. Ендігі

ретте өз ісін бастап, кәсіпті кеңейту

үшін бұрынғыдан да мол мүмкіндік

жасалмақ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

барысында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасындағы

өзгерістер туралы баяндалды. Облыстық кәсіпкерлік

және сауда басқармасының бөлім басшысы Дархан

Ермағамбетовтің айтуынша, «Бизнестің жол картасы -

2025» бағдарламасы қайтарымсыз қаржы алу

мүмкіндігінің аясын айтарлықтай кеңейтті.

- Алдағы уақытта «Бастау-Бизнес» жобасы аясында

оқыған облыс тұрғындары бизнес бастау үшін 5 млн.

теңгеге дейін мемлекеттік грант ала алады. Осы

жылға бөлінген 82 млн. теңгенің 14,6 млн. теңгесі

әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне үлестірілмек.

Бұған дейін мұндай жеңілдік болмайтын. Есесіне

грант алған кәсіпкерлерге қойылар талап та күшейді.

Айталық, олар кәсіпті жүргізуге қажет тек жаңа

құралды және қолма-қол ақшасыз ғана алуы тиіс, -

деді Д.Ермағамбетов.

Грантқа қатысуға өтініштердің алғашқы легі

10-17 ақпанда қабылданады.

Сонымен қатар, инфрақұрылым тарту бағытында

кәсіпкерлерге айтарлықтай көмек көрсетілмек. Яғни,

бизнес нысанының шекарасына дейін су, электр

және жылу желілері тартылады. Бұған дейін бұл

бағыттағы жобаның құны 1,8 млрд. теңге болса, енді

1 млрд. теңгеден аспауы керек. «Даму» кәсіпкерлікті

дамыту қоры облыстық филиалының директоры

Айнагүл Байдәулетова ауылдықтарға тиімді тетіктер

қарастырылғанын атап өтті.

- «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы

ауылдағы ағайынға зор мүмкіндік беріп отыр.

Мәселен, жаңа бағдарлама аясында ауылда кәсіп

ашу үшін 750 млн. теңгеге дейін несие алуға болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында

ашылған кәсіпорындар субсидия ала алады. Бұған

дейін мұндай оңтайлы тұстар болған жоқ, - дейді

А.Байдәулетова.

Сонымен қатар, былтыр бастау алған «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржы

алған жобаларды субсидиялау жүйесі өзгерді. Өткен

жылы аталмыш бағдарлама арқылы алған несиелер

7 жылға дейін ғана субсидияланса, ендігі ретте

бұл мерзім 10 жылға дейін ұзарды.

Жалпы, биыл облыста «Бизнестің жол картасы -

2025» бағдарламасын іске асыру үшін 3,6 млрд. теңге

қарастырылды. Бұл қаржы тұрғындарға қайтарымсыз

қаржы беріп, нысандарға инфрақұрылым тартып,

несиелерді субсидиялау мен кепілдендіру мақсатында

жұмсалмақ.

Ел бірлігін бұзуға

жол берілмейді

Жұма күні Жамбыл облысының Қордай ауданы, Масанчи

ауылында тұрмыстық деңгейдегі кикілжіңнен басталған

оқиға жаппай тәртіпсіздік пен топтық төбелеске ұласты.

Осыған байланысты арнайы мәлімдеме

жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға

шұғыл тапсырма беріп, азаматтардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған

болатын. Оқиға сол күні полиция күшімен

тоқтатылып, жағдай толық бақылауға

алынды. Қазір онда Вице-Премьер Бердібек

Сапарбаев бастаған Үкіметтік комиссия

жұмыс істеп жатыр. Бүгінде ауылдағы

жағдай тұрақталғандықтан, аласапыранда

үйлерінен кетуге мәжбүр болған

тұрғындар қайта оралып, қауіпсіздіктері

қамтамасыз етілгені үшін Мемлекет

басшысына ризашылықтарын білдіруде.

Айта кетейік, арандатушылардың

әлеуметтік желіде таратқан хабарламаларының

кесірінен аталған ауылда

дүнгендер мен қазақтар арасындағы

кикілжің жаппай төбелеске ұласты. Өкінішке

қарай, оқиға салдарынан материалдық

АССАМБЛЕЯ

Бастамаларға қолдау бар

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов павлодарлық

этномәдени

бірлестіктердің

өкілдерімен кездесті.

Достық үйінде

ұйымдастырылған

жүздесу дастарқан

басында емен-жарқын

әңгіме түрінде өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің

мәлімдеуінше, кездесу барысында

аймақ басшысы Қазақстан халқы

Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы

аясында облыстық этномәдени

бірлестіктердің барлық бастамалары

қаралып, қолдау көрсетілетінін атап

өтті.

- Біздің этномәдени бірлестіктерімізге

туған өлкенің тарихына өшпес із

қалдырған белгілі тұлғалар басшылық

етіп отыр. Олардың кейбірі жасы егде

тартса да, Достық үйінде әлі де

айтарлықтай жұмыс атқаруда. Олардың

әрқайсысы туған өңіріміздің дамуына

өз үлестерін бұдан әрі қосуға дайын

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте осы және өзге де

коммуналдық қызметтердің тарифі

сөз болды.

Павлодар қаласының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі басшысының орынбасары Раушан

Шәдиеваның мәліметінше, «Спецмашин»

ЖШС өтінішті былтыр желтоқсан

айында берген. Олар «қазіргі тариф

екеніне сенімдімін, - деді облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық

келісім кеңесінің төрағасы Идият

Әбдіхалықов.

Аймақ басшысы облыстық этномәдени

ОҚЫС ОҚИҒА

Тарифті өсіруге ұсыныс берді

Тариф десе, тұрғындардың елең ете қалатыны рас. Өткен

жолы Павлодардағы «Спецмашин» ЖШС қоқысты төгуден

бас тартып, кейін ашуы лезде тарқаған еді. Сөйтсек, қалалық

мәслихат депутаттары аталған мекеменің тарифті екі есеге

көтеру өтінішін қарастырып жатқан көрінеді. Кәсіпорынның

есебі бойынша көпқабатты тұрғын үйдегі әр адам 322 теңге,

ал жеке үйде тұратын азаматтар 330 теңге төлеуі тиіс.

Оралхан ҚОЖАНОВ

қана емес, адам шығыны да болды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің

мәліметінше, облыстық Тергеу басқармасы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық

бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын

б а с т а д ы . Қ а з і р г і к е з д е қ а қ т ы ғ ы с т ы б а с т а у -

шылар мен қатысушылар анықталу

үстінде. Жамбыл облысының полиция

департаменті азаматтардан тек ресми

ақпаратқа ғана сенуді, қауесеттер мен түрлі

жалған ақпараттарды таратпауды сұрап

отыр. Өйткені түрлі әлеуметтік желілерде

өтірік-расы беймәлім ақпараттар мен

бейнежазбалардың тарап кеткені белгілі.

Бұл мәселеге Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар

аударып, өзінің Twitter-дегі парақшасында

«Жамбыл облысы Қордай ауданында

бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес

болды. Оны арандатушылар өз пайдасына

жыртығымызды жамамай отыр» дегенді

алға тартады. Қоқыс төгу бойынша

тариф соңғы рет 2013 жылы өсіпті.

«Шығынға батудамыз» деп шырылдаған

кәсіпорынның өтінішін алдағы уақытта

депутаттар қарастырмақ.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

реттеу комитеті Павлодар облысы

бойынша департаменттің басшысы

Тимур Әмірханов тариф бағасы жайлы

айтып берді.

- Сумен жабдықтау және су тарту

тарифі былтырғы мөлшерде қалды. Жылу

тарифіне келсек, Павлодар қаласында

жыл басынан бері 2,9 пайызға өсті.

қолданбақ болған. Полиция жағдайды

реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық

тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады»,

деп жазды. Сондай-ақ Президент

қайғылы жағдайға жол берген

мемлекеттік орган қызметкерлері мен

арандатушылар жауапқа тартылатынын,

зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін

де атап айта отырып, отандастарымызға

азаматтық жауапкершілік ұстанымдары

үшін ризашылық білдірді.

Қордай ауданында болған Бердібек

Сапарбаев жергілікті ақсақалдармен де

кездесіп, орын алған қақтығыстың негізгі

себептері туралы сұрады. Қазіргі кезде

өңірде жағдай тұрақты. Ел ағалары,

жергілікті тұрғындар көпшілікті сабырға

шақырып, арандатушылыққа ермеуге үндеді.

Б.Сапарбаев отандастарымыздан сабырлық

сақтап, арандатулардың ықпалында

кетпеуді сұрады.

Үкіметтік комиссия Сортөбе және

Масанчи ауылдарында болып, қаза

тапқандардың отбасыларына барып

көңіл айтты.

Egemen.kz

Суретті түсірген – Вал. Бугаев.

бірлестіктердің өкілдерімен жүйелі

түрде кездесіп, өзекті мәселелерді

талқылайтынын атап өтті.

Өз тілшіміз.

Ал Екібастұз қаласында өзгеріссіз.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің павлодарлықтар

үшін электр энергиясын 2019

жылмен салыстырғанда 10 пайызға

өсірді. Бюджеттік ұйымдар мен өзге де

тұтынушылар үшін 19 пайызға артып

отыр. Бүгінде жылу энергиясы тарифін

төмендету жұмыстары жүргізілуде.

Себебі, тарифтік сметаның талдау

нәтижелеріне сүйенсек, «Павлодар

жылу желілері» ЖШС-нің тапқан табысы

көп. Департаменттің 2019 жылғы

30 қыркүйектегі №92-ОД бұйрығымен

«Павлодар жылу желілері» ЖШС

қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер

бекітілді. Алайда, «Павлодар жылу желілері»

ЖШС басшылығы ол бұйрықты заңсыз

деп тану туралы арызбен сотқа

жүгінді. Павлодар облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

соты 2019 жылғы 27 қарашадағы

шешімімен «Павлодар жылу желілері»

ЖШС талаптарын қанағаттандырудан

бас тартты. Іс апелляциялық шағым

беру сатысында, - дейді Т.Әмірханов.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 3

БИЛІК ЕСЕП БЕРУДЕ

Бұқараның базынасы

Павлодар қаласының

тұрғындарын

коммуналдық

шаруашылық, тұрғын үй,

әлеуметтік көмек және

білім беру мәселелері

алаңдатады. Ал облыс

орталығына қарасты

ауылдардың азаматтарын

су құбырларын тарту,

қоғамдық көлік қатынасы

жайы толғандырады.

Жұртшылықтың

көкейінде жүрген осы

және өзге де мәселелер,

жергілікті биліктің биылға

белгілеген жоспары

Павлодар қаласының

әкімі Қайрат Нүкеновтің

халық алдындағы

қорытынды есептік

кездесуінде сөз болды.

Шараға көппен бірге облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақов

қатысты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Құрылыс

қарқыны артады

Алдымен шаһар басшысы Қайрат

Теміршотұлы өткен жылы қала әкімінің

есептік кездесуінде қойылған 98 сұрақтың

94-і бүгінде оң шешім тапқанын айтты.

Ал биыл биліктің тұрғындармен кездесуі

екі есеге көбейіп, соның барысында

көпшілікті толғандырған 172 сұрақ

қаралды. Елді мекендер, шағын аудандар

тұрғындарымен қатар биыл бірінші

рет ірі еңбек ұжымдарының алдында

есеп берілді.

Қайрат Нүкенов былтыр әлеуметтікэкономикалық

ахуалды жақсарту үшін

атқарылған істерге тоқталды. Мәселен,

өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік

саласында жаңадан 1100 нысан ашылды.

«Бизнестің жол картасы - 2020»

мемлекеттік бағдарламасы аясында

қолдауға ие болған тұрғындар қатары

артып, 238 жобаның жүзеге асуына 8,2

млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар,

20-дан астам қызмет көрсету орны өз

жұмысын бастады. Олардың қатарында

ірі сауда желілерінің дүкендері бар.

Тұрғындарға қала ішінде қатынау

қиындық тудырмас үшін қоғамдық көліктер

паркі жаңартылды. Атап айтқанда, жаңа

30 автобус және 23 трамвай сатып

алынды. Оған қоса, 300 көпқабатты

үйдің ауласы жарықтандырылып,

24 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары

жүргізілді.

Әлеуметтік сала да билік назарынан

тыс қалған жоқ. Былтыр барлығы

40 мыңға жуық азамат жалпы сомасы

2,7 млрд. теңге болатын әлеуметтік

қолдауға ие болды. Атаулы әлеуметтік

көмек 3531 отбасына тағайындалды.

Олардың қатарында 998 көпбалалы

отбасы бар.

Бұл ретте облыс орталығына қарасты

ауылдарда да ауқымды істердің қолға

алынғанын атап өту керек. Мәселен,

Кенжекөл ауылында 300 орындық жаңа

мәдениет үйі ашылды. Жаңаауыл және

Теміржолшылар шағын аудандарында

клубтар салынды. Ал Павлодар ауылы

мен Ленин кентінде екі дене шынықтырусауықтыру

кешені ел игілігіне берілді.

Мұндай игі істер биыл да жалғасын

таппақ. Айталық, бүгінде Теміржолшылар

кентінде мектеп, Жетекші мен

Мойылдыдағы мектепке қосымша

ғимарат салу үшін жобалық-сметалық

құжаттама әзірленуде. Ал Павлодар

қаласында тұрғын үйлер құрылысы

қарқын алады. Алюминстрой шағын

ауданында көпқабатты 10 баспана мен

650 орындық мектеп салынбақ.

- Тұрғындардың баспана алудағы

басты мәселесі – алғашқы жарнаның

жоқтығы. Биыл «7-20-25» мемлекеттік

бағдарламасы бойынша үй алуды

қалайтын, бірақ қаржысы жеткіліксіз

азаматтарға жалпы сомасы 30 млн.

теңге болатын 37 сертификат бердік.

Б и ы л б ұ л к ө р с е т к і ш ү ш е с е г е а р т ы п ,

109 млн. теңге қарастыру жоспарланған.

Демек, павлодарлықтардың пәтер сатып

алуына мол мүмкіндік беріледі, - деді

Қ.Нүкенов.

Коммуналдық

мәселе

алаңдатады

Павлодар қаласының әкімі Қайрат

Нүкеновтің баяндамасынан соң тұрғындар

көкейде жүрген сауалдарын қойды.

Бұл ретте жұртшылықты баспана мен

коммуналдық шаруашылық мәселелері

ерекше алаңдататыны байқалды. Мәселен,

Алюминстрой шағын ауданының тұрғыны

Наталья Сагайдак үйі сүріліп, оның

орнына жаңа пәтер берілгенге дейін

қайда тұрарын, пәтерақысын қалай

төлерін білмей дал. Шаһар басшысы

алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

- Биыл 34 үй сүріліп, оның орнына

10 көпқабатты баспана салынады. Оның

екеуі Алюминстрой шағын ауданындағы

ескі үйлердің тұрғындарына беріледі.

Пәтердің аумағы артық болмаса,

кем болмайды. Ал оған дейін пәтер

жалдап, сәл күтулеріңізді сұраймыз.

Пәтерақысын әкімдік толығымен өтейді, -

деді Қ.Нүкенов.

Тұрғындар лифтілерді жаңарту

мен тұрмыстық қалдықтарды шығару

тарифінің көтерілуіне қатысты

сұрақтарын қойды. Қайрат Теміршотұлының

айтуынша, көпқабатты үйлердегі

жеделсатылардың басым бөлігінің

тозығы жеткен. Сондықтан оларды

кезең-кезеңмен жаңарту міндеті тұр.

Биыл 10 жаңа жеделсаты орнатылмақ.

- Лифт – тұрғындарға ортақ

мүлік. Ескілерді жаңасына ауыстыру

қалалықтардың қауіпсіздігі үшін қажет. Ал

оны екі бірдей мемлекеттік бағдарлама

арқылы орнатуға болады. Бюджеттен

бөлінген қаржыны тұрғындар ай сайын

төлеп, бірнеше жыл дересінде қайтарады.

«Спецмашин» кәсіпорнының қызмет

ақысын көтеру мәселесіне келер

болсақ, тарифтің 2013 жылдан бері

өспегенін айту керек. Бір адамның

қоқыс шығарғаны үшін төлейтін 159

теңге – еліміздегі ең төмен тарифтердің

бірі. Қазіргі уақытта бұл бағаны көтеру

мәселесі талқылануда. Жақын күндері

нақты шешім шығуы тиіс, - деп жауап

берді шаһар басшысы.

Зеленстрой шағын ауданының

тұрғындары кәріз жүйесі, Мойылды

ауылының азаматтары су құбыры қашан

салынатынын сұрады. Қайрат Теміршотұлы

екі жобаға қатысты құжаттардың әзірленіп

жатқанын, мәселенің келесі жылы

шешілетінін айтты. Теміржолшылар

кентінің тұрғындарын алаңдатқан жайт –

Суретті түсірген – Вал. Бугаев.

елді мекенге қатынайтын автобустың

1 наурыздан бастап алынып тасталуы

туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын

да атап өтті. Қоғамдық

көлік байланысы өзгеріссіз қалады.

Көпшілік көкейдегі сауалдарын

қоюмен қатар, жергілікті билікке ұсынысөтініштерін

білдіріп, көмек көрсетуді

сұрады. Мәселен, Галина Алексеева

есімді тұрғын бүгінде инклюзивті білім

№6 мектепте ғана берілетінін айта келе,

өзге оқу орындарында да сыныптар

ашуды және аутист балаларға арналған

спорт секцияларын енгізуді сұрады.

Тағы бір тұрғын – Сейітбаттал Оспанов

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 157-үй

ауласына шағын футбол алаңы қажет

екенін айтты. Еңбек ардагері Рашид

Бектеміров былтыр құрылған ардагерлер

ансамбліне ұлттық киімдер мен

қалалық ардагерлер кеңесіне бильярд

сатып алу үшін демеушілерді тартуға

қолдау көрсетуді сұрады. Мүмкіндігі

шектеулі жандардан құралған «Оптимист»

ансамблі болса, музыкалық

аспаптар алуға қаржылай көмектің

керектігін алға тартты. Қайрат Нүкенов

осы өтініштердің барлығын назарға

алып, мүмкіндігінше қолдау жасалатынына

уәде берді.

Тетіктерді

табуды тапсырды

Есептік кездесуге қатысқан облыс

әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар

қаласының әлеуетін мүмкіндігінше

пайдалану қажеттігін айтты. Әсіресе,

«Павлодар» арнайы экономикалық

аймағының жұмысын нығайтып, өңдеу

секторына инвестиция тартып, шағын

индустриялық аймақ құрудың тетіктерін

қарастыруды тапсырды. Тұрғындарды

толғандыратын коммуналдық мәселелерге

де баса мән берді.

- Бүгінде инфрақұрылымдық желілер

мен лифтілердің басым бөлігі әбден

тозған. Көпқабатты тұрғын үйлердің

басым бөлігінде жылу есептегіш

құралдары орнатылмаған. Тұрмыстық

қалдықтарды, қарды шығару, санитарлық

тазалыққа қатысты мәселелер де

жеткілікті. Павлодар қаласының әкімі

осы мәселелерді уақыт оздырмай

шешуі тиіс, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, былтыр облыс

орталығында әлеуметтік маңызы бар

19 азық-түлік түрінің 14-інің бағасы

қымбаттағанын алға тартып, бағаны

тұрақтандыру бойынша шараларды

қолға алуды жүктеді.

- Азық-түліктерді делдалдар арқылы

саудалауды доғарып, өндірушілерден

тікелей алудың жолдарын қарастыру

қажет. Павлодарлық өнімдерді Нұр-Сұлтан

қаласының нарығына шығару да аса

маңызды. Екі қала арасындағы саудасаттық

байланысын арттыру керек, -

деді Ә.Сқақов.

Ал әлеуметтік салаларды жаңа технологияларды

енгізе отырып, дамытуды

тапсырды.

Атқарылған

жұмыстар

ауқымды

Өткен жылы Ақсу қаласы

мен оған қарасты ауылдық

аймақтың әлеуметтік -

экономикалық ахуалын

жақсарту жолында

атқарылған жұмыс аз

емес. Ақсу қаласының

әкімі Балғабай Ыбыраев

қорытынды есептік кездесу

барысында былтырғы

жұмысты қорытындылап,

биылға межеленген

істермен бөлісті.

Тұрғындар алдында есеп беру жиынына облыс

әкімінің орынбасары Әлия Арынова, облыстық

мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова,

қала мен ауыл тұрғындары, түрлі мекеме мен

кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Алдымен шаһар басшысы Балғабай Жұмағұлұлы

барлық салаға жеке тоқталып өтті. Оның

ішінде инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы,

кәсіпкерлік, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,

әлеуметтік сала бар.

Айталық, қала қазынасына 2 млрд. теңге салық

түсіретін 7 мың адам жеке кәсібін дөңгелетуде.

Бөлшек сауда көлемі былтырғыдан үш пайызға

артып, 26 млрд. теңгеге жетті. Ал көтерме

сауда 0,8 пайызға өсіп, 13 млрд. теңгеден

асты. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік

бағдарламасы шеңберінде 48 кәсіпкерге

1 млрд. 580 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы

аясында мал өсіруге бағытталған үш жобаға

20 млн. теңге берілді. «Бастау-Бизнес» және

«Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 326 адам

оқытылып, 270 тұрғынға 110 млн. теңге грант

берілді.

Бұл ретте шаһар басшысы тұрғындармен

байланысқа ерекше тоқталып өтті.

- Президент Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Халық

үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

аясында тұрақты түрде азаматтарды жеке

қабылдау шараларын өткіздік. Былтыр менің

атыма 1400-тен астам өтініш түсті, бұл 2018

жылдан екі есеге көп. «Nur Otan» партиясы

қалалық филиалының төрағасы ретінде

420 азаматты жеке қабылдадым. Басқа да

өтініштердің уақытылы әрі сапалы орындалуы -

менің тұрақты бақылауымда, - деді Б.Ыбыраев.

Тұрғындар есептік кездесу барысында да

көкейде жүрген сауалдарын қойды. Әсіресе,

Ақсу қаласында мұз сарайын және Достық

ауылдық округінде спорт кешенін салу, қар

тазалау, №7 мектепке күрделі жөндеу жүргізу,

қалалық жағажайды көріктендіру мәселелері

жұртшылықты мазалайтыны байқалды. Балғабай

Жұмағұлұлы сұрақтардың басым бөлігіне сол

жерде-ақ жауап беріп, кейбір мәселелерді

жеке бақылауына алды. Сонымен қатар, кей

тұрғындар жергілікті билікке кәсіп бастап,

бизнесті дамыту үшін зор қолдау көрсеткені

үшін алғысын білдірді. Шаһар басшысы жеткен

жетістіктерге тоқмейілсімей, алдағы уақытта

ауқымды істер атқарылатынын айтты.

Ақмарал ЕРМАНАТ,

Ақсу қаласы.


4 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

- Нүрия Қалымқызы, биыл

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

бойынша аймағымызда қандай

жұмыстар атқарылады деп

жоспарлануда?

- Осы жылы облысымызда негізгі

үш бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.

Атап айтар болсақ, біріншісі – тұлғаны

дамыту, екіншісі – ұлттың дамуы,

халықаралық позициялау, ал үшіншісі –

мемлекет, азаматтық қоғам және

жергілікті қоғамдастықтарды дамыту.

Бағдарламаның идеялары мен

бағыттарын жүзеге асыру мақсатында

2020 жылы өңірде 119 ірі жоба

мен ауқымды іс-шаралар өткізу

жоспарланған. Олардың 40%-ға

жуығына облысқа қарасты қалалар

мен аудандар мұрындық болады.

Сонымен қатар, бірқатар іс-шара

үкіметтік емес сектордың қолдауымен

өткізіледі. Жалпы, қазіргі қоғамның

басты құндылықтары, өскелең ұрпақ

тәрбиесіне қатысты мәселелердің

барлығы биылғы жоспардың тармақтарына

енді. Сондай-ақ, Абай

Құнанбайұлының 175 жылдығы мен

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына

орай да көптеген іс-шаралар

ұйымдастыру жоспарлануда.

- Ұлттық комиссия отырысында

аталмыш бағдарламаны

жүзеге асыруда саннан сапаға

мән беру керектігі сөз болды.

Бұл ретте, біздің өңірімізде

бағдарламаны жетілдіру үшін

неге назар аударылуы тиіс?

- Бағдарламаның аты айтып

тұрғандай, мұндағы басты мақсат –

Әр жоба нәтижеге

негізделеді

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолға

алынғанына үш жыл толады. Осыған орай, жақында

Елордада өткен Ұлттық комиссия отырысында

аталған бағдарлама аясында атқарылған іс-шаралар

қорытындыланып, алдағы жоба-жоспарлар талқыланды.

Ал бұл бағытта облысымызда қандай жұмыстар жүзеге

аспақ? Осы және өзге де сауалдарымызға жауап алу

үшін Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия

Көбеновамен сұхбаттасқан едік.

қоғамдық сананы өзгертіп, рухани

тұрғыда жаңғыру. Осы бағытта

атқарылып жатқан жұмыстар аз

емес. Десе де, тиімділігі төмен

іс-шараларды жоспарлауды тоқтатқан

жөн деп ойлаймын. Ал керісінше,

қол жеткізген тәжірибеге сүйене

отырып, нәтижелі шаралардың

ауқымын кеңейтуіміз керек.

Сонымен қатар, бағдарламаның

мәні мен құндылықтарын терең

түсініп, өзгелерге жеткізе білетін

идеологтар мен спикерлер ортасын

қалыптастыру керек. Сондай-ақ,

еріктілердің әлеуетін пайдалануға

қатысты жүйелі шаралар қабылдап,

олардың мәртебесін арттыру

және білім беру мекемелерінде

еріктілер қызметін жандандыру,

қолдау жөніндегі бағдарламаларды

әзірлеудің де маңызы зор деп

есептеймін. Себебі, жарқын болашақпатриот

жастардың қолында. Ал

олардың бойына құндылықтарды

дарытып, дұрыс тәрбие берсек,

ұтарымыз мол болмақ.

- Үш жыл бойы үздіксіз

жүргізілген бағдарлама осы уақыт

аралығында өз мақсатына жетті

ме? Яғни, бағдарлама қоғамда

маңыздылығын толыққанды

көрсете алды ма?

- Менің ойымша, «Рухани

жаңғыру» бағдарламасында бәсекеге

қабілеттілік, прагматизм, ұлттық

бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат

құруы, эволюциялық даму және

сананың ашықтығы сынды ұғымдар

қазіргі Қазақстан қоғамына қажетті

құндылықтар ретінде көрсетілген.

Әрине, үш жылдың ішінде осы

бағытта көптеген іс-шаралар мен

ірі жобалар жүзеге асты. Мәселен,

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының

нәтижесінде ауыл тұрғындарының

тұрмыс жағдайы жақсаруда.

Сондай-ақ, өңірімізде туған өлкеге

деген сүйіспеншілікті арттыруға

бағытталған «Туған жер» арнайы

жобасы өз нәтижесін көрсетті. Бұл

жоба аясында «Мектебіме тағзым»

акциясы бастау алды. Сонымен

қатар, 2019 жылы меценаттар

мен демеушілердің қатысуымен

49 қайырымдылық жоба іске асты.

Демеушілік қаражат есебінен облыста

«Ertis» мультимедиялық музейі,

«Рухани жаңғыру» кабинеттері

ашылды. Ал ауыл балаларына

білім берудің заманауи

технологияларының қолжетімді

болуы үшін IT-кабинеттері

пайдалануға берілді. Тізбектеп айта

берсек, атқарылған жұмыстар

ауқымды. Үш жылдың ішінде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында 348 жоба мен 5 686

іс-шара ұйымдастырылған екен.

Мұның бәрі халық үшін жасалып

жатқан жұмыс болғандықтан,

бағдарлама діттеген мақсатына

жетті деп айта аламын. Ендігі

кезекте әр шараның сапалы түрде

жүзеге асуы үшін көпшілік болып

күш салуыз керек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

АБАЙ-175

Екібастұз қаласында Абай жылына арналған

мерейтойлық шаралар легі басталды. Жақында

шахталы шаһардағы №36 мектеп-лицейі оқушылары

арасында «Абайды білмек - парыз ойлы жасқа...»

атты ток-шоу ұйымдастырылды. Сонымен қатар,

Естай атындағы музыка мектебінде «Ұлы дала

тұлғасы» атты мерекелік кеш өтті.

«Ұлы дала

тұлғасы»

Тілеуберді САХАБА

Шараға қатысушылар алдымен

ел Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевтың «Абай және ХХІ

ғасырдағы Қазақстан» атты

мақаласына шолу жасап, оқушылар

өз ойларымен бөлісті. Ток-шоу

барысында оқушылар хакімнің

өмірі мен шығармашылығына

байланысты қойылған сұрақтарға

толымды жауап берді. Сондай-ақ,

ақынның даналық ойлары жөнінде

пікір айтып, өз зияткерлік

деңгейлерін көрсетті. Мектеплицейдің

жоғары сынып оқушылары

Абай өлеңдерін оқып, әндерін

орындады. Содан кейін Қара

сөздері мен аудармаларының

мән-мазмұнына байланысты шағын

көрініс қойды. Гете мен Байрон,

Пушкин мен Лермонтов сынды

әлемдік поэзия алыптарының

жасампаз жырларының Абай

тілімен жыр болып сіңіп, ән болып

таралғаны сахналық көрініске

ұласты. Мектептегі «Абай үні»

журналистика үйірмесінің мүшелері

оқушылар арасында сауалнама

жүргізіп, жеткіншектердің бас

ақынды қаншалықты терең танитынын

анықтады. Шара барысында

екібастұздық оқушылар

Алматыдағы бір ғасырлық тарихы

бар Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетінің

студенттерімен онлайн байланысқа

шығып, Абай шығармаларын

зерттеп жүрген студенттермен пікір

алмасты. Көкейлерінде жүрген

сауалдарын қойып, тұшымды

жауап алды. Республикалық Абай

оқуларының жүлдегері Даниял

Рахметолла мен Халықаралық

ән байқауларының жеңімпазы

Дастан Мақсатов ақын өлеңдері

мен әндерін орындап, ток-шоудың

шырайын кіргізді.

Мерекелік шара Естай атындағы

музыка мектебінде жалғасын тапты.

Бұл өнер ордасында жуықта «Ұлттық

фольклор» кабинеті ашылған

болатын. Онда хакім Абайдың

өшпес әндері дәріптеледі. Музыка

мектебінің бас сахнасында «Ұлы

дала тұлғасы» атты мерекелік

шара орын алды. Өнер ордасының

оқушылары мен ұстаздар қауымы

және жергілікті «Атамұра» мәдениет

орталығының өнерпаздары талғамы

биік тыңдармандар құрметіне Абай

әндерін шырқады. Сондай-ақ,

«Абай мұрасы» атты сахналық

қойылым да көрермен көңіліне

жылулық сыйлап, ғажайып

рухани нәр бергендей болды.

Ал Екібастұз қаласындағы этномәдени

бірлестіктердің өкілдері

Абайдың өлеңдерін әлемнің оннан

астам тілінде сөйлетті.

Аймағымызда ақын мұрасын

насихаттауға бағытталған осындай

рухани кештер одан ары жалғаса

береді. Екібастұздық өнерпаздар

Абайдың 175 жылдығына арналған

игі істер бастамасының эстафетасын

Павлодар қаласына

жолдады.

ДЕНСАУЛЫҚ

Қазіргі қауіп – тұмаудан!

Басы 1-бетте

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен жиында Павлодар

облысының тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау департаментінің басшысы

Сәдуақас Байғабылов мәлім етті. Оның

айтуынша, 2019 жылдың 1 қазаны мен

2020 жылдың 29 қаңтары аралығында 9433

адам ЖРВИ-ге шалдыққан. Оның ішінде

14 жасқа дейінгі балалар арасында –

5285 оқиға, 1 жасқа дейінгі балалар арасында –

611 оқиға, жүкті әйелдер арасында 75

оқиға тіркелді.

- Жіті респираторлық вирустық

инфекцияға қатысты маусымдық кезең

наурыз айының екінші жартысына дейін

жалғасады. Өткен жылдың желтоқсан айында

57 адам тұмауға шалдықты. Қазіргі

уақытта 7 адам ем қабылдауда. Сырқаттың

екі түрі бір-біріне ұқсас болғанымен,

айырмашылығы бар. ЖРВИ кезінде

адамның дене қызуы 38 градустан

аспайды. Бұл жағдай 5 күнге дейін

сақталады. Ал тұмау кезінде дене қызуы

40 градусқа дейін жетіп, бұлшық ет

пен буындар сырқырайды. Сондықтан

дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, -

дейді С.Байғабылов.

Сәдуақас Байғабылов әлеуметтік

желіде тараған медициналық бетперденің

жетіспеушілігіне қатысты ақпаратты

жоққа шығарды. Оның айтуынша,

Павлодар облысында 335 дәріхана

жұмыс істейді.

- Департамент күн сайын дәріханалық

ұйымдарға мониторинг жасайды.

5 ақпан күні 45 дәріханаға тексеру

жүргізілді. Оларда жалпы саны 32 185

медициналық бетперде бары анықталды.

Яғни, облыстағы барлық дәріханада

шамамен 150-160 мың бетперде бар деп

айтуға болады. Бағаны да бақылаймыз.

Қазіргі уақытта медициналық маскалар

21-22 теңгеден сатылуда. Сондықтан оның

қымбаттағаны, жетіспей жатқаны туралы

ақпарат жалған, - деді С.Байғабылов.

Павлодар облысында өткен жылдан

бері 66 мың адам қызылшаға қарсы

екпе қабылдаған. Биыл аталмыш

дертке 5 адам шалдыққан.

Екпеге маңыз

берсек...

Павлодар облыстық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабыловтың

айтуынша, қызылшаны жұқтырғандардың қатарында

3 жасөспірім мен екі азамат бар. Ауырып қалған

балалар екпе егетін жасқа жетпегендіктен, вакцина

қабылдамаған. Оларға бұл екпе 1 және 6 жастарында

салынады. Өткен жылы 207 адамның қызылшаға

шалдыққаны расталған.

- 2018-2019 жылдары елімізде қызылша дерті

белең алды. Сондықтан тұрғындар арасында екпе

жұмыстарына ерекше мән берілді. Көп жағдайда

вакцинаны қабылдамағандар аталмыш дертке

шалдығады. Осыған байланысты өңірде өткен

жылдың қыркүйек айынан бастап 20-29 жас

аралығындағы адамдар қосымша егілді. Жалпы

саны 66 мың адам вакцина қабылдады, - деді

С.Байғабылов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

БЕРЕН 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 5

Байланысшы Әбесінов

Тұқан Әбесінов 1915 жылы Ақтоғай ауданына қарасты Жаңа

аттаныс ауылында (Қазіргі Жоламан ауылы) туған. Оның балалық

шағы Мүткенов атындағы ауылда өтті.

Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға

Тұқан Әбесінов те шақырылды. Ол бірден

Ленинград майданына түсіп, 314-мотоатқыштар

дивизиясы, 858-артполк сапына қабылданды.

Жерлесіміз Нарва түбіндегі шайқастарға

және Ленинград қаласын азат етуге

қатысады.

Төрт жылдай байланысшы қызметін

атқарған ол 858-артполк штабын және

314-атқыштар дивизиясы штабын телефонтелеграф

байланысымен тұрақты қамтамасыз

еткен. Байланыс желілерін жауынгерлер

жер бауырлай отырып, аса сақтықпен

тартатын. 1945 жылдың ақпан айы. Шрейбендорф

қаласы маңына бекінген немістер

толассыз оқ жаудыра отырып, байланысшы

Т.Әбесінов қызмет еткен әскери бөлімше

жауынгерлерінің алға қарай жылжуына

мүмкіндік бермеді. Телефон байланысын

қамтамасыз етіп тұрған желілер жиі–жиі үзіле

бергендіктен, дивизион командирінің өз батареяларымен

байланысы да тоқтаған. Міне,

осындай қысылтаяң шақта өз өміріне аса

қауіп төніп тұрса да, жаудың артиллериялық

қаруларынан атылған снарядтар жарылыстарынан

қаймықпай, өз міндетін мүлтіксіз

атқарды. Ұрыс даласындағы әрбір қолайлы

сәттерді шебер пайдалана білді. Дивизион

командирі мен батарея командирлерінің

араларын байланыстырған желілердің үзілген

тұстарын жылдам жалғап отырған. 1943

ТАҒЗЫМ

Ашаршылықтан бірер жыл бұрын жерлес

ағамыз Қалижан Бекқожинмен бірге Алматыға

келіп, мал дәрігерлік институтының даярлық

бөліміне оқуға түседі. Бірінші курста оқып

жүргенде ел ішінде ашаршылық белең

алады. Осындай зұлмат заманға ұрынған

Төлеутай Қазиұлы оқуын тастап, Керекуге

оралады. Кеңестік дәуірде бірінші курста

оқыды деген құжат болса, келген адамға

қызмет тауып беретін еді. Ол кездің бүгінгі

заманнан ерекшелігі - аудандық комсомол

комитеті мамандарды іріктеуі. Сөйтіп, бірден

аудандық партия комитетімен келісіп, ағамызды

аудандық газеттің хатшысы қызметіне

қабылдайды. Ойда жоқта «Колхоз» газетінің

жауапты хатшысы қызметін атқарады. Мал

шаруашылығы саласында қалмауының бір

себебі – осы журналистік қадамға ауысуы.

Төлеутай Қазиұлы осы кезде небары

17 жаста болатын. Кейін бұл газетке әдеби

қызметкер ретінде Қалижан, белгілі журналист

Әнуар Әукенов, драматург әрі журналист

Атығай Шанин сияқты еліміздің әдебимәдени

деңгейін жоғары сатыға көтерген

тұлғаларымен қатар жұмыс атқарып, еліне

әлеуетті көмек көрсетеді.

Ол 1950 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді

аяқтап, бірталай уақыт Павлодар облысының

оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін жоғары

деңгейде атқарады.

200-ден астам ғылыми жұмыс жариялап,

ұзақ жыл Қазақстан Республикасының Білім

академиясында мектепке қатысты әдебиет

саласының ғылыми жұмысын сол кездегі

оқу, оқыту үдерісіне, саясатына қатысты

құзыретін асқақтата басқарды. Осы уақытта

оның «Көркем шығарманың эстетикалық

табиғаты» атты еңбегі жарияланады. (2001).

Онда оқушылардың эстетикалық тұшымын,

талғамын көркем шығармалардағы қаһарман,

кейіпкер, бейне-болмысындағы кездесер

сұлулық, әсемдік секілді адамға оңтайлы

көңіл-күй сыйлар тұстарын меңгерулеріне

және оған ғылыми негіздеме жасағаны -

бүгінгі ұрпақ үшін де таптырмас еңбек.

Кеңестік дәуірде Майра Уәлиқызы,

Қажымұқан, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп,

Сәбит Дөнентаев шығармашылығынан

ғылыми еңбектер жазады.

жылы Тұқан Әбесінов КСРО Жоғары Кеңес

Президиумының Жарлығымен «Ленинградты

қорғағаны үшін» медалімен марапатталады.

Сол жылы коммунистік партия

қатарына өтті. 1944 жылы «Ерлігі үшін»

медалімен де марапатталады. Бұл марапат

шайқас кезіндегі телефон байланысының

тұрақты болғаны үшін берілген екен. Соғыс

аяқталған соң аман-сау өзінің туған жері –

Жаңа аттаныс ауылына оралады. Бірақ,

ата-анасы ол кезде қайтыс болған еді.

Кейін ауылдасы Қанимен көңіл қосып,

отбасын құрады. Ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.

Балаларының бәрі халық шаруашылығының

әр саласында табысты еңбек етті.

Қазақстанда тың және тыңайған

жерлерді игеру жылдарында ауданымыздың

Чкалов және Жданов совхоздарына

Ресейден, Украина мен Белоруссиядан

жас мамандар көптеп келді. Бөлімше

басқарушы Т.Әбесінов бұлардың бәріне

ағалық, әкелік қамқорлықтарын аямаған.

Алуан түрлі мінез, салт-дәстүр бойларына

қалыптасқан жастарды жалпыға бірдей

ортақ іске ынталандыра білді. Атқарған

еңбектеріне қарай оларды көтермелеп,

мемлекеттік марапаттарға ұсынды.

Алиев Мағаз, Жаманбалинов Қабиден,

Мусин Жабатай сынды орта буын шаруашылық

мамандарын қызметтері бойынша

жоғарылату туралы аупартком мен халық

Ерен еңбектің иесі

Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, ғалым, профессор

әрі жазушы Төлеутай Қазиұлы Ақшолақов 1915 жылдың 4 мамырында

Павлодар облысы Баянауыл ауданының №4 ауылында

дүниеге келген. Оның кешегі кеңестік дәуірде білім мен ғылымға

сіңірген еңбегі орасан.

Ғылыми еңбектерінің тірек көзі ретінде

Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,

І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов,

Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, т.б.

қаламгерлердің еңбектерін оқушылардың

авторлық ұстаным тұрғысында талдауларын

ғылыми тұрғыда іске асыруына сіңірген

еңбегі зор. Аталып отырған шығармалардың

көркемдік тұстарын айшықтау мен құбылту,

стильдік ерекшелік идеялық мазмұнын

жалқылау-жалпылау әдістерімен талдап,

оның жүйе-құрылымын дұрыс құра білуге

қатысты ашқан ғылыми тұжырымдары

айрықша екенін атап өткен жөн.

Ол көптеген зерттеушілердің тісі бата

бермейтін «Абай жолы» эпопеясындағы

Қодар өлімінің, Құнанбай, Бөжей арасындағы

кикілжіңнің, Бөжейдің бақилыққа кетуі мен

Бөжей асының сюжеттік жетістіктеріне қатысты

оқиға құбылыстарына талдау жасаудың

алгоритмін ұсынған.

Білімге құштар жастардың өзіндік ұлт

санатындағы сана-сезімдерін түпнұсқаға

үндес, бүгінгі тілмен айтсақ, ұлттық кодын

сақтауына аталған ғылыми еңбектері -

феноменді жаңалық.

Бұл жағдайда жерлес ағамыз аталған

еңбектерін тек қазақ тілінде жазбай, Мәскеудің

диссертациялық кеңесінен ғылыми дәрежеатақ

алу мақсатында орысшаға аударып

отырған.

Аты әйгілі педагог, әдебиетті басқа

жұртқа, өз жұртына танытқан ғалым,

әдіскер, ұстаз, профессор, халық ағарту

саласындағы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының

лауреаты Төлеутай Қазиұлының білім беру

саласына сіңірген еңбегі зор.

Төлеутай Қазиұлын тұңғыш рет 1969 жылы

Абай атындағы КАЗПИ-де оқып жүргенде

жазғы мемлекеттік емтиханға төраға болып

келгеннен бері танимын.

Өз басым бұл емтиханда барлық пәннен

жоғары баға алып, берген жауаптарыма

ағамыздың қатты риза болғанына қуандым.

Ол кезде ерікті диплом бірен-саран студентке

ғана тиюші еді. Соның бірі мен болып, осы

Павлодар облысына келдім. Жеті жыл Успен

ауданының Қаратай орта мектебінде қызмет

етіп, директордың орынбасары болдым.

депутаттары аудандық атқару комитетіне

өз пікірі мен ұсыныстарын жеткізіп отырған.

Соңынан жоғарыда есімдері аталған

азаматтар аудан совхоздарының дирек-

торы қызметіне тағайындалады. Жданов

атындағы совхоздың 9-бригадасы Ұлы Отан

соғысының ардагері Тұқан Әбесіновтің тұсында

қой басы 9008-ге, ірі қара мал саны

1600-ге жеткен болатын. Ауыл ағасы Тұқан

Әбесінов еңбек адамдарының әлеуметтіктұрмыстық

жағдайларын биіктерге көтерді.

Ауылдың бір көшесіне екі пәтерлі жаңа

тұрған үйлер салынды.

Бұл күнде Тұқан ата мен Қани апаның

балалары, олардан тараған немере-жиендері

еліміздің әр қиырында тұрады. Бәрі де алуан

түрлі мамандықты игерген. Бірі - ұстаз,

бірі - полиция қызметкері, бірі автокөлік

жүргізушісі дегендей. Жыл сайын Тұқан

мен Қани балалары, немере-жиендері үлкен

шаңыраққа жиналып, ата-аналарын еске

алып, қауышып жатады. Соғыс және бейбіт

еңбек ардагері Тұқан Әбесіновтің ұзақ

жылдар бойы бала-шағаларымен тұрған

үй сол қалпында тұр. Ендігі ұсыныс -

ардагердің өзі тұрған үйдің қабырғасына

ескерткіш тақта орнатылса. Бұл игілікті іс

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»

бағдарламасының ауылдық жерде қолдау

тапқандығының айғағы болар да еді.

Еркін МУНДУИНОВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі,

Ақтоғай ауданының

Құрметті азаматы.

Кейін облыстық оқу бөлімінде (қазақ тілі

мен әдебиет маманы) жұмыс істедім.

Облыстық ауқымдағы мұғалімдерді курстан

өткізу мәселесі қиындық туғызғандықтан,

Төлеутай Қазиұлы Ақшолақовты шақырып,

мұғалімдер алдында дәріс оқуына облыстық

білім беру басқармасының меңгерушісі,

еліміздің мақтан тұтар ардақты азаматы

Тәжібай Рахметоллаұлы Шаймерденов

толықтай мүмкіндік туғызды.

Қорыта келгенде, білім саясатына, білім

философиясына, әдебиеттің сан-салалы

түріне, аудармалық шеберлікке және т.б.

ғылымаралық байланысқа, бүгінгі ғылыми

айналымға түскен метабілім беру секілді

феномені көкейкесті мәселелерге қазақ тілінде,

орыс тілінде еңбек еткен, еңбегінің тиімді

нәтижелерін халқымызға көрсете алған

жаны ізгі зерттеуші Төлеутай Қазиұлының

кейінгіге қалдырған асыл мұрасы болашаққа

да тірек көзі демекпіз. Облысымыздың,

Павлодар қаласының мектептеріне мәртебесі

жоғары Төлеутай Қазиұлы Ақшолақов деген

есімді бекітер сәт келді деген жүрекжарды

лебізімізді атқамінерлер қаперіне алса екен

дейміз.

Еңлік ЖҰМАТАЕВА,

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор. Toraighyrov University,

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика

және білімденудің инновациялық

технологиялары ғылыми-практикалық

орталығының директоры.

Павлодар

облысы -

соғыс

жылдарында

1941 жыл

22 маусым. Фашистік Германия Кеңес

Одағымен жасаған келісімшартты бұзып,

КСРО аумағына басып кірді. Осылайша,

әлем тарихына алтын әріппен қашалған

ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталып

кетті. Сол күні Павлодар қаласындағы

В.И.Ленин атындағы паркте митинг өтіп,

оған мыңдаған адам жиналды. Бүкіл

павлодарлықтар неміс басқыншылығына

қарсы үн қатып, Отан қорғау жолында еш

аянбайтындарын білдіріп жатты. Митинг

резолюциясында: «Фашистер өздерінің

опасыз ойларын жүзеге асыра алмайды.

Гитлершілер Кеңес Одағының барлық халқы

үкімет пен партия айналасына бұрынғыдан

бетер топтасатынын және социалистік Отан

қорғаушыларының қатарына тұруға кез

келген сәтте әзір екендігін білсін» деген

үндеу жариялады. Мұндай митингілер

облыстың басқа да елді мекендерінде өтті.

Осы кезде облыс орталығында футболдан

қала біріншілігі өтіп жатқан еді. Бірінші тайм

аяқталған кезде стадионда орнатылған

репродуктордан Германияның Кеңес

Одағына қарсы соғыс ашқаны туралы

хабарланып, матч тоқтатылды. Ойыншылар

мен жанкүйерлер де бірден митинг болып

жатқан паркке қарай бет алды.

Осы жылдың шілде айында облыстық

атқару комитеті мен ҚКП облыстық

комитетінің бюросы майдан шебіне жақын

жерлерден көшірілген халықты орналастыру

жөнінде іс-шараларды бекітті. Цюрупа,

Лозов, Павлодар және Максим Горький

аудандарының партия комитет хатшылары

мен атқару комитет төрағаларына

келушілерді қарсы алуға және азық-түлікпен

қамтамасыз ету тапсырылды. Содан кейін

көшіп келген азаматтарды қабылдау, тіркеу

және орналастыру мәселелерімен айналысатын

эвакуациялық пункт құрылды.

Шілде айында облыстық жер бөлімі

МТС-нің жұмыстарын қысқа мерзім ішінде

әскери жағдайға бейімдеу туралы бұйрық

шығарылды. Бұйрықта автокөліктер, тракторлар,

жылжымалы мұнай цистерналары

сынды ауылшаруашылық техникалары

дереу техникалық тексерістен өткізілсін,

бұзылғандары болса бірден әскери дайындық

жағдайына келтірілсін деген. Оған қосымша

әскери салаға жіберілетін автокөліктер мен

тракторларға жаңа бөлшектер шығарылсын

немесе ескілері қайта қалпына келтірілсін

деген тапсырма тағы жүктелді.

22 шілде күні КСРО Жоғарғы Кеңесінің

ж а р л ы ғ ы м е н г е н е р а л - м а й о р К у з ь м а

Александрович Семенченкоға Кеңес

Одағының Батыры атағы берілді.

1941 жылдың қазан айында

облыстық атқару комитеті «Қоныс аударылған

немістерді шаруашылықтарға ұйымдастыру

туралы» қаулы қабылдады. Сонымен қатар,

Павлодар педагогикалық училищесінің №124

үйін эвакуациялық пунктке айналдыру туралы

шешім шығарды. Жергілікті билік мұндай

қадамға Павлодарға эвакуацияланған

адамдардың арасынан әртүрлі жұқпалы

аурулар анықталғандықтан барды.

Қараша айында Шарбақты ауылында

Орта Азия әскери округінің күшімен және

қаражатымен 200 орынға арналған №3604

әскери эвакуациялық госпиталі ашылды.

Госпиталь Орта Азия әскери округінің

құрамында болды.

25 қараша күнгі мәлімет бойынша

Павлодар облысына қоныс аударып

келген неміс азаматтарының саны

51377-ге жеткен еді. Олардың 47369-ы

колхоздар мен совхоздарға және аудан

орталықтарына қоныстанды. Қалған 4008

адам жатақханаларға орналасты.

Павлодардағы №2924 эвакуациялық

госпиталі де осы жылдың соңына қарай

пайда болған еді. Ал желтоқсан айында

біздің өңірге еліміздің батыс аймақтарынан

эвакуацияланған адамдардың

саны 12269-ға жетті.

(Жалғасы бар).

Облыстық мемлекеттік архив

материалдарынан әзірлеген -

Тілеуберді САХАБА.


6 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ДОДА

SARYARQA SAMALY

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ

Шайбалы хоккейден

Қазақстан құрамасы

2022 жылғы қысқы

Олимпиаданың үшінші

іріктеу кезеңіне шыға

алмады. Шешуші кездесуде

Польшаға 3-2 есебімен есе

жіберген отандастарымыз

Қытайдың Бейжің қаласында

өтетін дүбірлі

додадан қалыс қалды.

Бейжіңге

бармайды

Көп күткен һәм

күтпеген алтын

Сенсация! АҚШ-тың Милуоки қаласынан жағымды жаңалық

жетті. Коньки спортынан тұңғыш рет ұйымдастырылған «Төрт

континент» турнирінде павлодарлық Виталий Щиголев алтыннан

алқа тақты. Турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар

7 медальді қанжығасына байлады. Қысқы спорт түрлерінен қыр

аспайтын отандастарымыздың олжасы мақтауға тұрарлық.

БӘРЕКЕЛДІ!

Іріктеу кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылғандықтан

ғана емес, ойыншылардың

шеберлігіне қарап, Қазақстанның

іріктеуден іркілмей өтетініне ешкім шүбә

келтірген жоқ.

Екі құрама да алғашқы екі кездесуде

жеңіске жетті. Қазақстандық хоккейшілер

Украинадан 8-1, Нидерландыдан 7:1 есебімен

басым түсті. Ал Польша Нилерландыны

8:0, Украинаны 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондықтан шешуші ойында жеңіске

жеткен құрама жарыстың келесі сатысына

жолдама алатын еді.

Польша ойын басынан ширақ қимылымен

көзге түсті. Есепті 7-минутта

поляк хоккейшісі Бартош Шура ашты.

Екінші кезеңнің 30-минутында Мартин

Прзыгодски есепті еселей түсті. Араға

17 секунд салып Дастин Бойд есеп

айырмасын қысқартса, 35-минутта дубль

жасап таразы басын теңестірді. Шешуші

голды поляк құрамасының ойыншысы

Мацей Урбанович соғып кетті. Осылайша

Польша құрамасы жарыстың келесі

сатысында 27-30 тамыз аралығында

Словакия, Норвегия және Латвиямен

шеберлік сынасады.

Польша шайбалы хоккей федерациясы

1926 жылы құрылған. Бүгінгі күнге

дейін поляк хоккейшілері қысқы Олимпиада

ойындарында 13 мәрте бақ сынаған.

Ең жоғары жетістігі ретінде 1932 жылғы

дүбірлі додада төртінші орын алғанымен

мақтана алады. Сондай-ақ, олар

1931 жылы Польшаның Крыница-Здруй

қаласында өткен әлем чемпионатында

алғашқы төрттікке табан тіреді. Ал

1929 жылы Еуропа чемпионатында

финалда Чехословакиядан 1:2 есебімен

жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасының жеңілісінен

кейін жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай.

Белгілі спорт журналисі Нұрғазы

Сасаев Фейсбук әлеуметтік желісінде

өз пікірімен бөлісті.

- Шайбалы хоккейден Қазақстан

құрамасы өз жерімізде Польшаның жанкешті

жігіттерінен ұтылып, тағы да Олимпиадаға

бара алмайтын болды. Осы

спорт түріндегі басшылар мен бапкерлер

жыл сайын біздің елдің азаматтығын

алған легионерлер санын көбейте түссе

де, нәтиже болмай тұр. Мәселен, бұл

жолы сондай 13 ойыншы біздің құраманың

жейдесін киді. Бірақ, өздеріңіз көріп

отырғандай, нәтиже жоқ. Хоккейшілеріміз

Ақ Олимпиададан тағы да тыс қалды.

Негізі, шетелдік «хас шеберлердің»

көмегіне жүгінбей-ақ, екі рет Олимпиада

ойындарына қатысқанбыз – 1998 және

2006 жылдары. Ол кезде ақша да қат,

жағдай да жоқ, база да жоқ, ештеңе де

жоқ еді. Бірақ ұлттық құрамаға іліккен

хоккейшілеріміз ел намысын абыроймен

қорғаған. Ал қазір бәрі де бар. Ақша да,

жағдай да - база да, бәрі-бәрі жеткілікті

сияқты. Бірақ ел намысын қорғауға келгенде

бүгінгідей сүрініп, жаза басып жүр, -

дейді Н.Сасаев.

Бұл жаңалықты естігенде, кейбіреуі

«ее, мықтылар қатыспаған шығар» деп

топшылауы мүмкін. Солай болғанның

өзінде де, коньки спортынан көш бастап

тұрған елдердің кез келген спортшысы

қазақстандықтарға лайықты қарсылас екенін

ұмытпаңыз. Мысалға алсақ, футболдан

еліміздің премьер-лигасында өнер көрсетіп

жүрген команда Германияның 3-ші дивизионында

бақ сынап жүрген командамен

тең түспесе, жеңу кәдік. Сондықтан да,

5000 шақырымда дара шыққан Виталийдің

алтыны «қадірлі»!

Бұл жаңалықтан енді ес жия бергенде,

қуаныш еселене түсті. Виталий Щиголев

қарқынынан таймай, Канаданың Калгари

қаласында өткен әлем кубогында 5-орынды

иеленіп, ел рекордын жаңартты. Ол 5000

қашықтықты 6.19.60 уақытта бағындырды.

Аталған қашықтықтағы бұрынғы рекорд –

6.19.30 еді.

Виталий Щиголевтің жеке бапкері

1998 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері

Людмила Прокашева екен. Шәкіртінің

бабын таба білген бапкердің қуанышында

шек жоқ. Бүгінде Павлодар қаласындағы

қысқы спорт түрлері бойынша балаларжасөспірімдер

спорт мектебін басқарып

отырған даңқты жерлесімізге хабарласып,

«құтты болсын!» айттық.

- Милуоки қаласында өткен турнир

қатысушыларына көз жүгіртсеңіз, аты

шықпаған жас спортшылар. Яғни, жарысқа

мықтылар қатысқан жоқ. Бәрібір де отандастарымыздың

нәтижесін бас бармақпен

бағалауға болады. Бастысы – медаль

емес, қазақстандықтардың уақыт көрсеткіші

әлдеқайда жоғары. Виталийге келсек,

ол өте дарынды спортшы. Құймақұлақ

болғандықтан, онымен жұмыс істеу қиынға

соқпады. Техникасын реттеуге біраз уақыт

жұмсалғаны рас. Маңдай тердің өтелгеніне

қуаныштымын, - дейді Людмила Прокашева.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

өңірімізде коньки спортын дамыту үшін

инфрақұрылым жұмыстарын мықтап қолға

алу керектігін жиі айтады. Виталий Щиголевтің

жүлдесінен кейін бұл іске жауаптылар

ойлану керек, - дейді ол.

- Елімізде коньки спортымен айналысуға

ыңғайлы екі жабық стадион бар. Бірі –

Нұр-Сұлтан қаласында, бірі – «Медеу». Мұз

айдындары Қостанайда, Рудныйда және

Семейде ғана. Павлодар былай тұрсын,

соңғы кезде коньки спорты қарқынды

дамып келе жатқан Өскемен, Ақтөбе

және Петропавл қаларында атымен жоқ.

Биыл Павлодарда мұз айындары кештеу

құйылды. Салдарынан оқу-жаттығу жиындарын

Нұр-Сұлтан қаласына барып өткізуге

мәжбүрміз, - дейді Людмила Прокашева.

Бұл пікірмен келіспеуге болмас. Спортшыларға

жағдай жасамай, нәтиже талап ету

дұрыс емес. Кез келген спорт болмасын,

ең әуелі жаттығу алаңдарымен қамтамасыз

етілуі тиіс. Бұл мәселені өңіріміздегі спорт

саласына жауапты азаматтар назарда

ұстайды деп сенеміз.

ФУТЗАЛ

Әлем біріншілігіне жолдама алды

Футзалдан Қазақстан

құрамасы 2020 жылғы

Әлем чемпионатына

іріктеу турнирінің элиталы

кезеңінде бақ сынап,

маңызды жолдамаға қол

жеткізді.

Бір топта Чехия, Румыния және Словения

құрамаларымен бас қосқан қазақстандықтарға

жолдама алу оңайға түскен жоқ. Бірінші

кездесуде румындарға 3-1 есебімен есе

жіберіп, жанкүйерлерді екі ойда қалдырғаны

рас. Десе де, намысты қолдан бермеген

отандастарымыз соңғы екі кездесуде де

жеңіс тойын тойлап, топ жеңімпазы атанды.

Словенияны 4-3 есебімен, Чехияны 5-2

есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында

үшінші рет әлем чемпионатының

финалдық кезеңіне жолдама алды. Кезекті

әлем біріншілігі биыл 12 қыркүйек - 4 қазан

аралығында Литвада өтеді.

Сурет www.kff.kz сайтынан алынды.

Бетті әзірлеген - Оралхан ҚОЖАНОВ.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл 7

Жыраулар мұраты

Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз және тағы басқа жыраулар есімдерін

Мұхтар Мағауиннің аузынан алғаш рет ҚазПИ-де оқып жүргенде

естіп, жырларына тамсанып, асқақ арман-мұраттарына қаныққан

едік. Жауһар жырларда жарқырап тұрған қазақ тұрпаты, болмысы,

айбыны ерекше сүйсіндірген-ді. Сол уақытта-ақ аңсарымыз ауған

бабалар сөзін кейін де қайта-қайта үңіліп оқып жүрдік. Ал Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

мақаласы шыққан соң рухани жаңғыру кілтін іздеп ойымыз

сан-саққа жүгіргенде, ұлттық код көмбесін жыраулар мұрасынан

да тапқандай болдық.

Олай дейтініміз, жыраулар жырларынан

еркін ойлы, азат, күш-қайраты тасыған ер

қазақты көреміз.

- Менің ерлігімді сұрасаң -

Жолбарыс пен аюдай,

Өрлігімді сұрасаң -

Жылқының асау тайындай,

Зорлығымды сұрасаң -

Бекіре менен жайындай,

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай мен қайыңдай, - деп толғаған Жиембет

жыраудың, «бұлұт болған айды ашқан, мұнар

болған күнді ашқан» деп толғаған Қазтуған

жыраудың асқақ та мадақ үні алаш баласының

алапат рухын паш етіп тұр.

Рухы биік ұрпақтың мұраты да асыл

болады. Сол асыл мұратына жету жолында

күш-қайратын сарқиды.

- Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам, - дейді Ақтамберді

жырау. Жай ғана ел қылуды ойламайды,

байлық пен барақатқа жеткізуді армандайды.

- Пышақтан малым кетпесе,

Қазаным оттан түспесе,

Ауылдан топыр үзілмей,

Ошақтан отым өшпесе.

Май жемесе қонағым,

Қан жемесе барағым,

Он кісіге жараса,

Бір кісіге тартқан табағым!

Қазақ баласының намысы - от, жүрегі -

шоқ, ел-жұртының қамы үшін қан жұтып,

жортуыл кешкен.

- Сере-сере, сере қар,

Асты кілең, үсті мұз,

Күн-түн қатса, жібімес,

Мен көлікке қосымды артқанмын,

Көмбідей ару жаларға,

Күректей мұзды тоңдырып,

Кірмембас ауыр қолға бас болып,

Күңіреніп күн түбіне жортқанмын! -

АБАЙ-175

Үш-ақ нәрсе

адамның

қасиеті...

Жуықта балабақшамызда

Абай Құнанбайұлының 175

жылдығына орай дөңгелек

үстел шарасы өтті. Кеште

ақынның қара сөздері

оқылып, әндері шырқалды.

«Абай-дара, Абай-кемел» атты шараға

балабақша ұжымының барлығы қатысып,

ақын шығармашылығы бойынша өз білімдерін

танытты. Мәселен, «Мен жазбаймын өлеңді

ермек үшін» деп аталатын кезеңде педагогтар

Абайдың өлеңдерін оқып берді. Сұрақ-жауап

бөлімінде қатысушылар ақынның ата-қонысы,

өмірі мен шығармашылығына және қазақтың

ұлттық дәстүріне, мәдениетіне қатысты

қойылған сауалдарға жауап берді.

Тәрбиешілер «Қара сөздерден» шағын

қойылым көрсетіп, мағынасы терең 45 қара

сөздің әрқайсының мән-маңызына тоқталып

өтті. Бұдан әрі Абайдың әсем әндері шырқалып,

қатысушылар бір сәт серпіліп қалды.

Абай атамыз айтпақшы, үш-ақ нәрсе адамның

қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біз, тәрбиешілер қауымы, осы қасиеттерді

бала бойына сіңіре білсек, ұрпағымыз ізгі

де ұлтжанды болып жетілетініне сенімдіміз.

Айнұр ЖАНӘБІЛОВА,

Павлодар қаласындағы №37

балабақша тәрбиешісі.

деп, Доспамбет жырау қазақтың ерлігін,

батырлығын әспеттейді. Ертедегі қазақ қана

емес, бертінгі қазақтың бойында да бұл

қасиеттердің сарқылмағанын кейінгі тарих

сан мәрте айғақтады емес пе?!

Қазақ жыраулары ерлікті ғана дәріптемей,

өзге адами қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіруге

айрықша мән берген. Дос таңдауға абай

болуды, достыққа адал болуды үндейді.

- Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда,

Жімле ғаламға күлкі етер, - дей келе Шалкиіз

жырау жақсы адам мен жаман адамның мінезқұлқын

ашып көрсетіп, соңғысынан аулақ

жүрген абзал дейді.

- Жақсының жақсылығы сол болар,

Жаманменен бас қосып,

Сөйлемекке ар етер.

Жаманның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйім бетін қара етер.

Жыраулар өсиетіне үңілсек, дұшпанның

тілінен бал тамып тұрса да, илануға болмайды,

қарындас жұрттан қымбат жоқ.

- Ағынды сулар, аймақ көл,

Тасылса төнбек келтірер,

Дұспанға беліңді шешіп инанба,

Инантып тұрып өлтірер, деп сақтандырған

қатал Шалкиіз жырау жатыры бір жұртына

келгенде иіп сала береді:

Жайыңды білген қарындас,

Ол - қарындас һәм жолдас.

Жайыңды білмес қарындас,

Өзі дұспан, өзі қас.

Қазақтың сән-салтанаты асуын тілеген -

жыраулар, бірақ астамшылықты құп көрмейді.

Ақтамберді жырау:

- Мал-басы өскен адамның,

Алды-арты бұрқар бу болар.

Көтере алмай дәулетін,

Көрінгенге бу қылар.

Не боларды білмейді,

Өзінен-өзі зор болар,

Жетім менен жесірге

Қазары ылғи ор болар,

Онымен жолы болмайды,

Біреуден қайтып қор болар, - деп, сақтандырады.

Сонымен бірге, жұрттың аш-жалаңаш болмауы

билеушілердің мінез-құлқына қатысты екенін

қаперге салады:

- Сары аязда қата ма,

Қайнардың аққан тұнығы,

Қап түбінде жата ма,

Болаттың асыл сынығы,

Халқы тозып кем болмас,

Әділ болса ұлығы.

Дала ділмарлары имандылықты жүрегіне

ұялатқан, ниеті түзу, тілегі таза.

- Бала берсе тезінен,

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы,

Артылып туса өзімнен! - дей келе, өмірге

әкелген әке-шешенің қадірі айрықша екенін:

- Мекені іздеп нетесің,

Мекеге қашан жетесің?

Әзір Меке алдыңда,

Пейіліңмен сыйласаң,

Атаң менен анаңды! - деп толғайды.

Қазақтың асыл мұраттары орындалуы үшін

ел ішінің бірлігі қажет. Мұны Ақтамберді жырау

былайша өсиет етеді:

- Балаларыма өсиет,

Қылмаңыздар кепиет.

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет,

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке,

Араз болсаң алты ауыз,

Еліңе кірген әреке.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Егер

жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр

ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен

бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі

полюстерін қиыннан қиыстырып, жалғастыра

алатын құдіретімен маңызды» деп жазды. Осы

орайда, біз сөз қылған жыраулар мұрасындағы

ұлт тұрпаты, ұлттық сана жайындағы ой-толғаулар

бүгінгі рухани жаңғыруға қызмет етсе, нұр

үстіне нұр.

Ж.СӘДУАҚАС.

Болашақ - кемел білімде!

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні

ғаріп» дегенді халқымыз бекер айтпаған.

Қашанда білімі бар жанды жарқын болашақ

күтеді. Халқымыздың бәсекеге қабілетті, білімі

мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін

барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары

білім алуға ниетті жастардың дамыған шет

мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде

оқуына да мүмкіндік бар. Оның

айқын дәлелі ретінде Елбасының бастамасымен

құрылған «Болашақ» бағдарламасын айтуға

болады. Бағдарлама ел дамуында зор рөл

атқаруда. Ең алдымен, бұл - экономика, білім,

денсаулық сақтау, өнер үшін жаңа кадрлар.

Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура,

докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші

компаниялары мен университеттерінде ғылымиөндірістік

тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Осы жерде атап өтетін жайт, Қазақстан

Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылдың

қараша айында «Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік

қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған Заңға сәйкес мемлекеттік қызметті

өткеру сұрақтары бойынша бірнеше заңнамалық

актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Солардың бірі, халықаралық, шетелдік немесе

трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік

құрылымдарда жұмыс өтілі бар, шетелдік

жетекші жоғары оқу орындарында докторантура

бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған,

квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы

немесе басшының орынбасары лауазымын

атқаратын адамдардың мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға конкурс өткізілместен орналаса

алу мүмкіндігі қарастырылды.

Павлодар облысында 2020 жылғы 1 қаңтардағы

жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарда

штат саны 3038 бірлік 320 мемлекеттік

орган жұмыс істейді. Бұл ретте нақты саны

2721 адамды немесе штат санының 89,6%

құрайды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша

білім алғандардың қатарынан облыста

7 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.

Бүгінгі күні бағдарлама түлегі - саяси

лауазымдағы Ертіс ауданының жас әкімі Аян

Уахитұлы Бейсекин. А.Бейсекин 2013 жылы

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік

университетін «Болашақ» бағдарламасы

бойынша «Менеджмент» мамандығын аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Республикалық

дебатерлар ассоциациясы» республикалық

қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

болып бастап, 2013 жылдан осы күнге дейін

мемлекеттік қызметте.

Басшылық лауазымдағы мемлекеттік

қызметшілердің бірі - кәсіпкерлік және сауда

басқармасы басшысының орынбасары Айдос

Мерекеұлы Сәкенов. Айдос Мерекеұлы 2016

жылы «Адам ресурстарын басқару» бойынша

Лидс Университетін (Ұлыбритания) бітірді. Еңбек

жолын 2006 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар

министрлігі комитетінің сарапшысы

ретінде мемлекеттік қызметтен бастады.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі,

Успен ауданы әкімінің орынбасары Райхан

Қайыржанқызы Усина 2015 жылы Эдинбург

Университетін «Халықаралық қатынастар»

мамандығы бойынша аяқтады.

Бағдарлама түлектері мемлекеттік қызметте,

мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда,

акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді

атқарып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаменті.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10048 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 253

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 11 ақпан, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ТЕАТР

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Наурызда -

қос премьера

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры

көрерменге ерекше сый әзірлеуде. Оның бірі Абай Құнанбаевтың

175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай» қойылымы

болса, екіншісі – Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Шыңғыс

Айтматовтың «Жәмиласы».

«Абайдың портреті» 1945 ж.

Суретші - Ә.Қастеев.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Биыл іргетасы қаланғанына 30 жыл

толып отырған аймақ руханиятының қарашаңырағы

- Ж.Аймауытов атындағы қазақ

музыка-драма театры еліміздегі мерейлі

даталарды атап өтуде бейжай қарап қалмауды

жөн көріпті. Өнер ошағы қазіргі таңда

қос мерекеге орай екі жаңа қойылымның

премьерасына әзірлікті бастап кеткен.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Турнирдің ашылуы салтанатында сөз

алған ҚМДБ Павлодар облысының өкіл

имамы Жолдас Қоспақұлы Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының құрылғанына

30 жыл толуына орай аймағымызда көптеген

игі шаралар қолға алынатынын жеткізді.

Волейбол турнирі – соның бірі.

- Алдағы уақытта 30 жетім баланың

оқу ақысын төлеу, ауылдық мешіттерді

күрделі жөңдеуден өткізу, көпір салу сияқты

бірқатар маңызды шаруалар атқарылады.

Хакім Абайдың 175 жылдығына байланысты

мешіт қызметкерлері арасында Абай

оқуларын өткізу жоспарда бар. Имамдарды

уағызды Абайдың ғибратты әңгімелерімен

сабақтастырып айтуға үндеп жатырмыз, -

дейді Жолдас Қоспақұлы.

Театрдың бас режиссері Әділет Ақанов

жас Абайдың бейнесін ашуды, сол кездегі

жер дауы мен жесір дауын бұқараға бүкпесіз

жеткізуді өзіне міндет еткен екен.

- Қойылымның негізгі өзегі болатын

көрініс - Қодар мен оның келіні Қамқаның

жазықсыз айыпталып, өлім жазасына кесілуі.

Осы сәтті өз көзімен көрген бала Абайдың

өмірге деген көзқарасы мен ойын көрсетуге

тырысамыз. Бұл қойылымның премьерасы

наурыз айының басына жоспарланып отыр, -

дейді Ә.Ақанов.

Қазір жаңа туындының сахналық безендірілуі

мен актерлердің костюмдері дайындалу

үстінде. Спектакльдегі Абай образын

ашу театрдың жас әртісі Абзал Жақып

мен Нұржан Әбіласанға бұйырған. «Жас

Абай» драмасын тамашалап, хәкімнің

жастық шағының куәсі болғыңыз келсе,

премьераға келіңіз!

Ақсу жамағаты жарады

«Баянтау» спорт сарайында

мешіт жамағаты арасында

волейболдан облыстық турнир

ұйымдастырылды. Ауа

райының қолайсыздығына

қарамастан жарысқа аймағымыздың

түкпір-түкпірінен

16 команда қатысты.

Волейбол турниріне келсек, команда

сапында міндетті түрде 1 мешіт қызметкері

болу керек деген талап қойылды. Жолдас

Қоспақұлының айтуынша, имамдар жан-жақты

болуы тиіс. Спорттық шараның өткізудің

бірден-бір себебі – осы.

Тарихқа зер салсақ, Мұхтар Әуезовтің

«Абай жолы» эпопеясы негізінде дайындалған

сахналық қойылым алғаш рет 1949 жылы

28 желтоқсанда Қазақ драма театрында

қойылған. Оның режиссері - даңқты жерлесіміз

Шәкен Айманов. Ал Мұхтар Әуезов

пен Леонид Соболев жазған «Абай» трагедиялы

пьесасы алғаш рет 1940 жылы

қазанның 30-ы күні Асқар Тоқпановтың саxналауымен

көрермен назарына ұсынылған.

Содан бері қазақ сахнасынан түспей келе

жатқан Абай тақырыбы әлі талай ұрпаққа

өнеге болары хақ.

Театрдың тартуы мұнымен таусылмақ

емес. Наурыз айының ортасында Шыңғыс

Айтматовтың «Жәмила» повесінің желісімен

әзірленіп жатқан жаңа қойылымның

тұсаукесерін жасамақ. Бұл Ұлы Жеңістің

75 жылдығына арналмақ. Қойылымның

режиссері – Жангелді Садықов.

Тартысты өткен турнирде 1-орынды

Ақсу мешітінің жамағаты иеленді. Екінші

орынға Железин аудандық мешіті табан

тіресе, үздік үштікті Шарбақты ауданының

жамағаты түйіндеді. Жүлдегерлерге кубок

пен Алғыс хаттар табысталды.

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ

Патриоттық әндер шырқалды

АЛТЫНШЫ СӨЗ

Қазақтың бір мақалы: «Өнер

алды - бірлік, ырыс алды -тірлік»

дейді. Бірлік қандай елде болады,

қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ

ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ,

киім ортақ, дәулет ортақ болса екен

дейді. Олай болғанда байлықтан не

пайда, кедейліктен не залал? Ағайын

құрымай мал іздеп не керек? Жоқ,

бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік

емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы

басқа, діні басқа, күні басқалар да

жалданып бірлік қылады! Бірлік

малға сатылса, антұрғандықтың

басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса

керек, сонда әркім несібесін құдайдан

тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді,

шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі

пәле іздейді. Не түсін, не ажарын,

не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір

пәле салып, қорғалатып, әйтеуір

бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі.

Мұның қай жерінен бірлік шықты?

«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол

қай тірлік? Ол осы жан кеудеден

шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік

итте де бар. Ондай тірлікті қымбат

көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп,

ахиретке дұшпан болады. Жанын

қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ

атанып, еңбек қылудан, қызмет

қылудан қашып, еріншек атанып,

ез атанып, дүниеде әлгі айтылған

ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан

тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі

болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң

да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға

сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен

ерінбей жүріп мал табуға жігер

қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да

алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің

өзі артық.

1891

Сенбі күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери-патриоттық

әндер фестивалі өтті. Шараға облыс орталығындағы білім

ошақтарының жастары қатысты.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы

және мәдени–сауық қызметі орталығында

өткен әскери-патриоттық әндер байқауын

«Ауған соғысының және жергілікті

соғыстардың ардагерлері» ҚҚ белсенділері

ұйымдастырды. Екі бөлімнен тұратын байқаудың

бірінші кезеңінде жас әншілер Ұлы

Отан соғысы жылдарында майдангерлерге

рух берген әндер мен Ауған соғысына

қатысты туындыларды орындады.

Байқау қортындысы бойынша, Кенжекөл

мектебінің оқушысы Рузия Әбіл «Мен сені

қалдырмаймын» және «Леха» әндерін нақышына

келтіре шырқап, бас жүлдені еншіледі.

Бірінші орын Павлодар қаласындағы №22

орта мектептің намысын қорғап келген

Баян Айдарханға бұйырды. Жүлделі екінші

орынды №9 мектеп-гимназияның атынан

шыққан Алиса Козолуп пен №41 мектептің

триосы өзара бөлісті. Ал №21, №16 және

№35 мектептің өнерпаздары үшінші орынға

ие болды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен

марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие

болды.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!