14.03.2020 Views

14 наурыз, 2020 жыл №29 (15499)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

14 наурыз, сенбі

2020 жыл

№29 (15499)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Жеңіс туын

желбіреткен

Нақпа-нақ

Павлодарда тұрғын

үй-коммуналдық

шаруашылық және

қаланы абаттандыру

мәселелері бойынша

109

бірыңғай байланыс

орталығы іске

қосылды

САҚТЫҚ

Қоғамдық

іс-шаралар

тоқтатылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев коронавирус салдарынан

дүниежүзінде қалыптасқан

ахуалға байланысты бірқатар

мемлекеттік орган басшыларымен

кеңес өткізді. Сондай-ақ

кеше Мемлекет басшысы жедел

әрекет ету штабының отырысына

қатысты.

Абай-175:

«ЕРТЕ ОЯНДЫМ, ОЙЛАНДЫМ...»

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

Ұлы Отан соғысынан Жеңіс туын желбіретіп қайтқан жауынгерлердің

бірі – жерлесіміз Ғабдолла Мусинов. Ол Омбы қаласындағы танкистер

училищесінде соғыс тәсілін үйреніп, кейін екінші Беларусь майданында

жаумен шайқасқан. Қилы кезеңде кеудесін оққа тосқан батыр

атамыз биыл мерейлі 95 жасын қарсы алып отыр.

Жалғасы 3-бетте

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры жаңа қойылымның премьерасын

көрермен назарына ұсынды. Ол - Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының желісі

бойынша сахналанған «Ерте ояндым, ойландым...» трагедиясы.

Толығырақ 12-бетте

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық

сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық

инфекцияны пандемия

деп жариялағаны мәлім. Қазақстан

Президенті Үкіметке және басқа мемлекеттік

органдарға вирустың елімізге

енуіне және таралуына жол бермеу

шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар

нақты тапсырма берді. Атап айтқанда,

жаппай мәдени және спорттық шаралар,

конференциялар мен көрмелер өткізуге

уақытша тыйым салынады. Халық

көп шоғырланатын жерлерде, сауда

орталықтары мен базарларда, қоғамдық

тамақтану орындарында, вокзалдар мен

әуежайларда қатаң санитарлық режим

енгізіледі. Мектептердегі көктемгі демалыс

2020 жылдың 16 наурызынан басталады.

Жоғары оқу орындары қашықтан

оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық

әуе тасымалына қатысты да қосымша

шектеу шаралары қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азықтүлікпен

және ең қажетті тауарлармен

үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше

атап өтті. Шектеу шараларынан шағын

және орта бизнестің зардап шекпеуі

тиіс екенін айтты.

Президент штаб отырысында өңірлердің

әкімдеріне азық-түлік қымбатшылығына

жол бермеуді тапсырып, лауазым иелері

мен мемлекеттік қызметшілерге шетелге

іссапарға шығуға тыйым салды. Ал

баласымен үйде отыруға мәжбүр атааналарды

ақы төленетін еңбек демалысына

жіберуді жүктеді. Сондай-ақ

еліміз бойынша Жұмыспен қамтудың

жол картасына кемі 300 млрд. теңге

бөлу көзделіп отыр. Бұл дағдарысқа

қарсы тиімді шаралардың бірі болмақ.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

Павлодар облысының

әкімдігінде азық-түлік

өнімдері бағаларының

көтерілуі туралы хабарларды

қабылдайтын

жедел желі іске қосылды.

Бақылаудың өрісі

кеңеюде

ӨНДІРІС

Жедел желі

іске қосылды

Өңір тұрғындары 78-78-16 қалалық телефон

нөміріне (жұмыс күндері сағат 09.00-

ден 18.30-ге дейін) және +7 705 609 20 74

WhatsApp мессенджері арқылы (кез

келген уақытта) хабарласа алады.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасының

ақпараты бойынша, әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік тауарларының

қатарына күріш, қарақұмық жармасы,

нан, сиыр мен тауық еті, сүт, айран,

жұмыртқа, сары май және күнбағыс

майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп,

қант пен тұз кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, облыста

әлемдегі экономикалық ахуалға байланысты

өңірдегі экономикалық және әлеуметтік

тұрақтылықты сақтау үшін шұғыл

әрекет ету штабы жұмыс істейді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ

Валюта

айырбастау

нарығы тұрақты

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов алюминий және

электролиз зауыттарына

барды. Аймақ басшысы

бастапқы алюминий

өндірісінің технологиялық

процесімен және кәсіпорындардың

табиғатты қорғау

жобаларымен танысты.

Әбілқайыр Сқақовқа «Қазақстан алюминийі»

АҚ жүзеге асыратын табиғатты

қорғау жобалары таныстырылды. Пісіру

цехындағы зиянды заттардың көлемін

азайту үшін жалпы құны 10 млн. АҚШ

долларынан асатын, неміс технологиясы

бойынша жасалған екі жаңа электр сүзгі

орнатылуда. Оның алғашқысы осы жылдың

ақпан айында қойылған. Қазірдің өзінде

жоғары нәтижелер көрсетіп, әр шаршы метр

жерден 50 мг қалдық тозаң жинайды. Жоба

бойынша кәсіпорынның негізгі көздеріндегі

өндірістік қалдықтарды мониторингілеудің

автоматтандырылған жүйесін іске қосу

жоспарланып отыр. Мұндай жүйе алюминий

зауытының санитарлық-қорғау

аумағында жұмыс істеп тұр. Еуразиялық

топ компанияларының барлық қызметкерлері

осы жүйенің деректерін көре алады.

COVID-19

Әкім Павлодар қаласының тұрғындары

үшін жүйедегі деректермен танысу

мүмкіндігін тудыруды сұрады. Мониторинг

мәліметтерін қала көшелеріндегі

LED-экрандарда көрсетуге болады. Кәсіпорын

басшылығы бұл мүмкіндікті қарастыруға

уәде берді.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Аймақ басшысы «Қазақстан алюминийі»

АҚ-ның гидрометаллургиялық цехына да

барды. Ал Қазақстан электролиз зауытында

алюминий электролизінің цехында болды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Павлодар облысында валюта

айырбастау нарығындағы

жағдай тұрақты. Екінші деңгейдегі

банктер мен айырбастау

пункттері әдеттегі

режимде жұмыс істейді. Бұл

туралы қаржы секторының

өкілдері Павлодар облысының

әкімі Әбілқайыр Сқақовпен

кездесу барысында мәлім етті.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында

120-ға жуық пункт валюталық операциялар

жүзеге асырады. Ұлттық банк

валюта нарығындағы жағдайды бақылауда

ұстайды, дегенмен, Әбілқайыр Сқақов

мемлекеттік органдар жергілікті жерлердегі

қаржы секторымен өзара іс-қимыл

жасасуы тиіс екенін атап өтті.

- Біздің ортақ міндетіміз – әсіресе

KASE биржасында сауда-саттық жабылатын

демалыс күндері дүрлігуге жол

бермеу. Өңірімізде құрылған шұғыл

әрекет ету штабының жұмысы аясында

бұл мәселені біз күн сайын бақылайтын

боламыз. Бүгінгі күні біздің банктердің

фронт-кеңселерінде адамдармен сөйлесіп,

халық арасында үрей туғызбау

үшін орын алып жатқан жағдайды анық

түсіндіру керек, – деді облыс әкімі.

Қаржы секторының өкілдері атап

өткендей, Павлодар облысының айырбастау

пункттеріндегі жағдай бүгінде

тұрақты, валюта көлемі жеткілікті.

- Облыста шетел валютасы бойынша

айырбастау операцияларына жаппай жүгініп

жатқан жағдай жоқ, шетел валютасының

көлемі қамтамасыз етілген. Ал несие

операциялары бұрынғы тәртіпте жүргізіледі,

Әрине, әлемде болып жатқан барлық

үдерістер біздің экономикамызда да

көрініс табады. Біздің банкте несие

берешегін қайта құрылымдау бойынша

шаралар әзірленуде, мөлшерлемелер

қайта қаралуда. Себебі, әлемдегі жағдайға

байланысты біздің клиенттеріміздің бірі

жеткізушілерден өнім ала алмай, енді

бірі өз өнімін шығара алмай отыр. Бұл

жеке тұлғаларға да қатысты, – деп атап

өтті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар

филиалының төрағасы Анатолий Бойчин.

Аймақ басшысы банк филиалдарының

басшыларымен кезекті кездесуді 10 күннен

кейін өткізуді жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Нақты шаралар

қолға алынуда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық

инфекцияны «пандемия» деп жариялады. Ел Үкіметі

осыған орай сақтық шараларын қолға алуда.

Үкімет қолға алған алдын алу шараларының

бірқатары бұрнағы күні Орталық

коммуникациялар қызметінде Премьер-

Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов,

Денсаулық сақтау министрі Елжан

Біртанов, Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт

министрі Ақтоты Райымқұлова, Индустрия

және инфрақұрылымдық даму вицеминистрі

Берік Камалиевтің қатысуымен

өткен брифингте айтылды.

Вице-премьер комиссияның бірқатар

нақты шешімдерімен таныстырды.

- Бұл індетті адамзаттың алдында тұрған

ортақ мәселе ретінде қарастыруымыз керек.

Президент алдын алу шараларына байланысты

нақты тапсырмалар берді. Коронавирусқа

байланысты құрылған комиссия бірқатар

шешімдер қабылдады. Ең алдымен, 13

наурыздан бастап елімізде мерекелік,

спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды,

конференциялар, семинарлар мен көрмелерді

өткізуге тыйым салынады. Екінші, денсаулық

сақтау, білім беру объектілерінде және

қоғамдық көпшілік орындарда, Халыққа

қызмет көрсету орталықтары, коммуналдық

шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, базарлар,

қоғамдық тамақтану орындары, вокзалдар,

Кеше түстен кейін ҚР

Денсаулық сақтау министрі

Елжан Біртанов Қазақстанның

екі азаматынан коронавирус

инфекциясы табылғанын

мәлім етті.

- Үш айдан бері біз коронавирусқа

Қазақстанда жол бермеу бойынша көп

шараны іске асырған едік. Өкінішке қарай,

әуежайлар мен қонақүйлер күшейтілген

санитариялық-дезинфекциялық режімге көшуі

тиіс. Сондай-ақ қарттар мен мүмкіндігі

шектеулі адамдарға арналған медициналықәлеуметтік

объектілерге, әлеуметтік оңалту

орталықтарына, мүгедек балаларға оқу

орнына баруға тыйым салу және оларға

күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық

режімді енгізу; каникул кезінде оқушылардың

өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына

тыйым салу; қоғамдық көлікті жуу, дезинфекциялау;

орта білім беру ұйымдарының

16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында

каникулға шығуын қамтамасыз ету; 16

наурыздан бастап колледждер мен жоғары

оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның

ішінде, білімді бағалаудың барлық түрлерін

қашықтықтан жүргізуге ауыстыру; 1 «А»,

1 «Б», 2 және 3-санаттардағы елдермен

халықаралық жолаушылар қатынастарын

шектеу және осы санаттағы елдерге

халықаралық, спорттық, мәдени, туристік

іс-шараларға шығуға тыйым салу сияқты

уақытша шаралар қабылданады, - деген

Е.Тоғжанов халықты тек ресми ақпарат

көздеріне сенуге, дүрлікпеуге, алдын алу

шараларын ұстануға және сақтауға шақырды.

А.Аймағамбетовтің айтуынша, оқушылар

демалысы эпидемиологиялық жағдайға

байланысты өзгеріп отыр. Ал балабақшалар

жұмысын жалғастыра береді.

Спикерлер қоғамдық іс-шаралардың

уақытша тоқтатылуына жеке-жеке тоқталды.

Е.Тоғжановтың айтуынша, спорттық жарыстар

тоқтамайды, бірақ көрерменсіз өтеді.

Сауда орындары жұмыс істейді. Оның

ішінде дүкендер ашық болады. Бірақ кинотеатрлар

жұмысын тоқтатады.

Е.Тоғжанов Наурыз мейрамында адам

көп жиналатын үлкен тойлардың барлығына

тыйым салынады деді. Ал Абайдың 175 жылдығына

арналған іс-шараларды жаңа форматта

өткізу жағы қарастырылып жатқаны

айтылды.

Денсаулық сақтау министрлігі шетелден

келіп жатқан барлық жолаушылар сауалнама

толтыруға міндетті екенін жеткізді.

Карантиннен бас тартып немесе қашып

жүрген кісілер әкімшілік жауапкершілікке

тартылады.

Жиында спикерлер медициналық маска

мәселесіне де жауап берді. «Маскамен қамту

мәселесі Премьер-Министрдің тікелей бақылауында.

Қазір күніне 230 мың маска өндіріледі.

Мұны 250 мыңға дейін көтеру қарастырылып

жатыр. Еліміз бойынша 1700 дәріхананы

маскамен қамту көзделген», деді

Е.Тоғжанов.

Әзірлеген –

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

Екі азаматтан табылды

бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін

Қазақстанның екі азаматында коронавирус

инфекциясы табылды. Бүгін біздің

Алматыдағы лабораторияда Қазақстанның

екі азаматынан коронавирус расталды.

Олар - Германиядан келгендер», - деді

Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз

мәслихатында. Бас санитарлық дәрігердің

қаулысымен бұл азаматтар карантиндік

стационарға жатқызылған. Қазір барлық

шара бекітілген алгоритм бойынша жүргізіліп

жатыр.

ҚазАқпарат.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл 3

Бүгін – Көрісу күні

МАЙДАНГЕР ДАҢҚЫ

Жеңіс туын

желбіреткен

Басы 1-бетте

Бүгінгі Көрісу күнін халқымыз

ежелден Амал мерекесі деп

те атағаны белгілі. Көрісу

күнінде халық қыстан аманесен

шыққанына қуанып, қол

алысып, дастар-қан жайып,

бір-бірін қонаққа шақырады.

Бұл - тек бізге белгілісі ғана.

Негізі аталмыш мерекені атабабамыз

ерекше атап өткен.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Көрісу» мерекесін асыға күткен әрбір

отбасы дастарқанын ұлттық тағамдарға

толтырып, наурыз көжесін дайындап,

табал-дырығын аттаған әр қонағын жылы

жүзбен қарсы алатын. Оларға ерекше ілтипат

көрсетіп, төріне шығарады, ас ұсынады.

Дәл осы күні әр адам өзінен жасы үлкен

кісілердің шаңырағына кіріп, амандасып,

көріседі. Барған үйіне «Бір жасыңызбен!»

деп еніп, жаңа жылға аман-есен аяқ

басқан жора-жолдас, туған-туысқандарын

құттықтайды. Бір-біріне деген өкпе-реніштері

болса, кешіреді, амандық-саулық тілеседі.

Бұл күні әр адам міндетті түрде үш үйдің

есігін ашуы керек, яғни түске дейін үш

үйге кіріп, көрісіп үлгеруі тиіс.

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Бақытжамал Максилова «Көрісу»

бір күнмен шектелетін мереке емес, ол

наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына

дейін жалғасатынын айтады.

- Бұл мерекеде үлкендер үйді-үйді

қыдырып жүргенде кішкентай балаларға

аналары шағын дорба ұстатып қояды.

Балақай қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің

дастарқанынан дәм ауыз тиіп, бауырсақ,

тәттілерден салып алады. Бұл жоралғы

Сурет ғаламтордан алынды.

жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, қарымқатынасымызға

сызат түспесін деген ниеттен

туған, - дейді ол.

«Наурыз» сөзі парсының «жаңа күн»

дегенінен шыққан. Ертеде біздің қазақ

бұл күнді «наурыз» демей, «амал» деген.

Бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға

сәйкес келеді. Ал «Көрісу» деп аталып

кетуі осы «Амал» мерекесінде жасалатын

басты салт - көптен көрмеген бір-біріне

жақын адамдардың кездесіп, көрісуі,

өкпе-ренішке байланысты бет көріспей

жүрген кісілердің кешірісіп, жүздесуінен

туған болса керек.

Береке мен бірліктің мейрамы саналған

Көрісу күні құтты болсын!

«Асыл сөздің жаршысы»

Көркемсөздің шебері, жыршы Даниял Әсенов мерейлі 70 жасқа

толды. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мерейтойға

арналған «Асыл сөздің жаршысы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары

Асхат Оралов қатысып, аймақ басшысының

құттықтау хатын оқып берді.

- Даниял ағамыз Ертіс-Баян өңірінің

мәдени-рухани дамуына зор үлес қосып

келеді. Әсіресе, биыл туғанына 175 жыл толған

Абай Құнанбайұлының шығармашылығын

жатқа айтып, халыққа түсінікті тілде жеткізіп

жүргенін мақтанышпен айтамыз. Бұған

дейін «Абай ауылға келді» деген жақсы

жоба қолға алып, көпшіліктің көңілінен

шықты. Сізге зор денсаулық, шығармашылық

табыс тілеймін, - деді Асхат Раздықұлы.

Сонымен қатар, Даниял Сабырұлының

замандастары мен Ертіс-Баян өңірінің

зиялы қауым өкілдері қатысты.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы, тіл жанашыры Ульян

Мақұл, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының

иегері, ақын Арман Қани, облыстық «Қазақ

тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер

журналист Социал Әйтенов, «Нұр-Ана әлемі»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал

Максилова және басқа да ел ағалары

ізгі тілектерін білдірді. Кеш қонақтары

мерейтой иесінің халқымыздың мәденирухани

саласының өрлеуіне қосқан үлесін,

қазақ сөз өнерін насихаттау жолындағы

еңбегін ерекше атап өтті.

- Мен Даниял Сабырұлын көптен бері

жақсы танимын. Дәкеңнің өзін бір үлкен

әдеби энциклопедия десе болады. Бірақ,

Дәрі жеткілікті

МЕРЕЙТОЙ

кезінде барлық әлеуетін дұрыс пайдалана

алмадық, қолдау болмады. Соған қарамастан,

өзі мектептер мен балабақшаларға барып,

оқушылар мен кішкентай бүлдіршіндерге

қазақ батырлар жырын, қисса-дастандарын,

Абайдың өлеңдерін оқып жүрді. Кейінгі

жылдары ғана жергілікті билік тарапынан

қолдау тауып, ақын-жазушыларымыздың

шығармаларын кең көлемде насихаттауға

жол ашылды. Бүгінде біздің қоғамдық

бірлестіктің әр жиынына белсенді қатысып,

жастарға ақыл-кеңесін беріп келеді, -

деді «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы Ульян Мақұл.

Шара барысында Иса Байзақов атындағы

облыстық филармонияның дәстүрлі

әншілері Жанболат Байсолтан мен Әсел

Ботаева Абай әндерін нақышына келтіре

орындап, ән мен жырға жаны құмар жұртқа

ерекше көңіл-күй сыйлады.

Т.МАРХАБА.

Тілеуберді САХАБА

Ғабдолла Мусиновтің балалық шағы

Ресей жерінде өтті. Кезінде әке-шешесі

сол жаққа қоныс аударып кеткен екен.

Әскерге де сол жерден шақырылды.

1943 жылы Омбы қаласындағы танк

училищесіне түсіп, бір жыл ішінде

әскери атыс тәсілдерін жақсы меңгеріп

шығады. Одан соң майдан сарбаздарының

сапына қосылып, бастапқы кезде Мәскеуді

қорғау шайқастарына, кейін үшінші Беларусь

майданына қатысты. Ол кезде

армия генералы Иван Черняховский

басқарған 517-танк полкінің атағы жер

жарып тұрған кез еді. Ғабдолла ата да

сол полк құрамында болып, жаумен

бетпе-бет шайқасты.

- Немістердің жоспары бізді бір айдың

ішінде жаулап алу еді. Бірақ, Кеңес

армиясының күш-қуаты оған жол берген

жоқ. Жалпы, Ұлы Отан соғысындағы

жеңіс жолында майдандағы жауынгерлер

қандай ерлік көрсетсе, қарапайым халық

та дәл солар секілді тынбай еңбек

етті. Ол кезде халықтың Отанға деген

сүйіспеншілігі зор, береке-бірлігі өте

күшті еді. Бүкіл халық бір жұдырықтай

жұмылып, еңбектенді. Менің ендігі

тілегім - кейінгі ұрпақтарымыз біз көрген

соғысты көрмесін, осы тыныштығымыз

мәңгілік болсын, - деген тілегін білдірді

Ғабдолла Ибрагимұлы.

Жерлесіміз талай дауылды күндер

мен тұманды түндерді бастан өткізіп,

от пен оқтың ортасында жанкештілікпен

шайқасты. 1943 жылдың соңына қарай

немістерге қарсы бір шабуылда ауыр

жарақат алып, әскери госпитальге түсті.

Онда 4-5 ай емделген соң дәрігерлік

сараптаманың қорытындысы бойынша

соғысқа жарамсыз деп танылып, елге

қайтарылды. Үйіне соғыс мүгедегі

деген анықтамамен келіп, 4-5 жыл

бойы балдақпен жүріпті. Жарақаты

жазылғаннан кейін ғана еңбекке

араласты. Алдымен көлік жүргізушісі

мамандығы бойынша оқып, жергілікті

шаруашылықтарда көлік жүргізген.

1955 жылы Павлодар өңіріне ата-анасымен

бірге қоныс аударып, Ленин кентіне

орналасты. Бірден сондағы автопаркке

жұмысқа тұрды. Аталмыш компанияда

механик және ет комитетінің жетекшісі

қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ауыл

кеңесінің депутаты болып сайланды.

1977 жылы қазіргі Алғабас ауылына

қоныс аударып, сол кездегі «Ленин жолы»

кеңшарының кадр бөлімінің басшысы

қызметіне ауысты. Сол ауылда 1985

жылға дейін жұмыс істеп, зейнеткерлікке

шықты. 1994 жылдан бері Павлодар

қаласында тұрады. Жұбайы Мәрия

Қапсаттарқызымен екі ұл, екі қыз

тәрбиелеп өсіріп, олардан немережиен

көріп отыр.

Осы аптада Павлодар қаласының тұрғындары дәріханалардан

парацетамол дәрісін таппай қалды. Бұған наразылық танытып,

редакциямызға қоңырау шалған адамдар да бар. Мәселенің

мәнісін анықтау мақсатында Павлодар облысының тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментіне хабарластық.

Аталмыш департамент басшысы

Сәдуақас Байғабылов мұндай мәселенің

туындағанын жоққа шығармады. Оның

айтуынша, аймағымыздағы дәріханаларда

күн сайын мониторинг жүргізіледі. Облыста

335 дәріхана жұмыс істейді.

- Жуырда дәріханалардағы дәрі бойын-

ша арнайы мониторинг жүргізген болатынбыз.

Бұл ретте 40 дәріхананы тексердік.

Оның 22-сінде парацетамол дәрісі болды.

Сонымен қатар, жақында қоймаға 9 мыңға

жуық парацетамол қорабы жеткізілді.

Оның ішінде 5 мың қорабы дәріханаларға

таратылды. Препараттың орташа бағасы

63 теңгені құрайды. Қоймада әлі де 4 мың

қорабы бар. 15 наурыздан кейін бұл көлем

тағы артатын болады. Қазіргі уақытта

дәріханаларда бұған дейінгі және жақында

келген парацетамол дәрілері 25-70 теңге

аралығында сатылуда. Жалпы, бұл препараттан

бөлек, аспирин, ибуфен дәрілері

де дене қызуын түсіретінін атап өткім

келеді, - деді С.Байғабылов.

Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше,

қазіргі уақытта апта санап ЖРВИ-мен

ауыратын адамдардың қатары азайып

келеді. Сондықтан тұрғындар арасында

дене қызуы дәрісі бойынша алаңдаушылық

туындамауы керек.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


4 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

SARYARQA SAMALY

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Қайырымдылық

жәрмеңкесі

Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясы қайырымдылық шара

өткізді. Энергетик әйелдер қауымы кәсіпорынның кәсіподақ

комитеті ұйымдастырған «Аспаздық жекпе-жек» байқауында

шеберліктерін паш етті.

30 шақты сайыскер бауырсақ, торт, бәліш, орама, кекс және басқа да тәтті

тағамдар пісіріп, көпшілік назарына ұсынды. Барлық қатысушылар дипломдармен

және сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудың соңы қайырымдылық жәрмеңкесімен түйінделді. Тіл үйіретін тағамдар

бір сәтте сатылып кетті. Одан түскен қаражат қайырымдылық іске жұмсалды.

Нақтысы, кәсіпорынның ұзақ жыл ем қабылдап жатқан қызметкерлеріне табысталды.

Өз тілшіміз.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Әзірлік пысықталды

Аудан диқандары алдағы көктемгі егіс науқанына тыңғылықты

әзірленуде. Жуырда көктемгі дала жұмыстарына дайындық

мәселесі талқыланды.

Жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығы

техникасы қойылған көрмені

тамашалады. Бұл ретте агроқұрылым

басшыларына астық кешендерінің, заманауи

техникалардың жаңа үлгілері мен

тыңайтқыштардың түр-түрі ұсынылды.

Жиында «Қазақстан Фермерлері одағы»

Павлодар облысы бойынша филиалының

төрағасы Владимир Берковский ауыл

шаруашылығының маңызды мәселелеріне

тоқталып өтті. Ол егіншілікпен айналысып

жүрген шаруалардың мал шаруашылығын

қолға алғысы келмейтінін тілге тиек

етті. Оның сөзінше, егін өсіретіндер

міндетті түрде мал өсіру ісімен де

айналысқаны абзал. Бұл ретте мемлекет

тарапынан көрсетілетін қолдаудың зор

екенін атап өтті. Бұдан бөлек, «Ауыл

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

«Достық. Бірлік»

Жуырда Аққулы

ауданының Қарақала

ауылының мәдениет

үйінде аудандық

этномәдени бірлестіктердің

қатысуымен «Достық.

Бірлік» атты

концерттік бағдарлама

ұйымдастырылды.

Шара Қазақстан халқы

Ассамблеясының

25 жылдығына арналды.

Шараға ауданның «Ақ әжелер» вокалдық

тобы, Ямышев ауылының «Рябинушки»

орыс, Жаңатаң ауылының «Дуслар» татар–

шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

акционерлік қоғамы және Павлодар облысы

бойынша «Даму» қорының өкілдері ауыл

шаруашылығын қолдау үшін ұсынылатын

тиімді инвестициялардың негізгі талаптарын

түсіндірді. Жиынға арнайы шақырылған

техника мен тыңайтқыштарды жеткізумен

айналысатын «Агроарт», «Ертіс-Агро

сервис» фирмаларының өкілдері көктемгі

егіс жұмыстарына қажетті қондырғылар,

қазандықтар мен қосалқы бөлшектер

жайлы пайдалы ақпарат беріп, тиімді

ұсыныс жасады. Кеңес соңында шаруа

қожалықтарының өкілдері көкейдегі

сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне

ие болды.

Г.ЖАЯБАЕВА.

башқұрт және Қарақала ауылының славян

этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары

қатысып, өнер көрсетті. Әр ұлт өкілдері

өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетіп,

халық әндерін шырқады.

Осы жиын барысында Қазақстан

халқы Ассамблеясының 25 жылдығына

орай аудандық жұмыс жоспары құрылды.

Жоспарға сәйкес ауданда аталған

мерекелік датаға орай түрлі іс-шаралар

өткізілетін болады. Осындай кездесулерді

басқа ауылдарда ұйымдастыру жоспарлануда.

Салтанат ӘМІРЖАНОВА,

аудандық ішкі саясат

және тілдерді дамыту бөлімінің

бас маманы.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Ақпараттық топ

ауылдарға барды

Ақсу қаласының ақпараттық топтары ауыл-ауылды аралап,

тұрғындармен жүздесіп, биылғы жаңашылдықтарды жан-жақты

түсіндіруде. Кезекті кездесулер Мәмәйіт Омаров, Еңбек, Құркөл

ауылдары тұрғындарының қатысуымен өтті.

Ақпараттық топ мүшелері атаулы

әлеуметтік көмектің жаңартылған моделі

мен міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыруды, ауыл шаруашылығы және

кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік

бағдарламаларды баяндады. Мәселен,

әлеуметтік қорғау саласы мамандары

осы жылдан бастап атаулы әлеуметтік

көмектің жаңа моделі аясында гигиеналық

құралдар мен өнімдер кіретін кепілді

әлеуметтік пакет енгізілгенін атап өтті.

Соған сәйкес, мектеп жасына дейінгі

балалар тамақпен және гигиеналық

құралдармен, мектепте ыстық тамақпен,

мектеп формасымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, мемлекет қоғамдық

көлікте жүру ақысының жартысын өтейді.

УСПЕН АУДАНЫ

Ұлттық өнерге бетбұрыс

Успен ауданы тұрғындарының қатысуымен ұлт аспаптар

оркестрі құрылды. Оған домбыра аспабын тарта алатын

аудандағы 50 адам іріктеліп алынды.

«Тіл шебері»

Жуырда осындай атаумен ағылшын тілі мұғалімдері арасында

дәстүрлі байқау өтті. Қатысушыларға қойылған басты талап –

қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуі.

ЕРТІС АУДАНЫ

Дәрігерлік амбулаторияның жалпы

практика дәрігерлерінің меңгерушісі

Бақытжамал Нұралдинова міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандырудың

мүмкіндіктерін атап көрсетті. Сақтандыру

пакетіне қымбат тұратын операциялар

мен медициналық қызметтер, магниттікрезонанстық

томография, компьютерлік

томографиядан өту және тағы басқалары

кіреді. Сондай-ақ, тегін емделетіндердің

тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы

стационарлық көмек көрсетілетін болады.

Ауыл тұрғындары ақпараттық топ

өкілдеріне көкейде жүрген сауалдарын

қойып, тұшымды жауап алды.

Ауызсу арзандайды

А.ЕРМАНАТ.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Тауасқанның

айтуынша, ұлт аспаптар оркестрін құру туралы ұсынысты аудан басшысы Николай

Дычко айтқан.

Қазіргі уақытта аталмыш оркестр жұмысқа кірісіп кетті. Оларға Павлодар

қаласындағы музыкалық колледждің ұлт аспаптар бөлімінің меңгерушісі Өркен

Қайыргелдіқызы көмек көрсетуде. Алғашқы шеберлік сабағына аудан әкімі де

қатысып, оркестр мүшелерімен бірге күй тартты.

Айта кетерлігі, оркестр құрамындағы өнерпаздардың көбі - мектеп оқушылары.

Алдағы уақытта ұлттық өнерді дәріптеп жүрген шығармашылық ұжымға домбыра

және ұлттық киімдер сатып алу жоспарлануда, дейді аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері.

Өз тілшіміз.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді

дамыту бөлімі ұйымдастырған бұл байқау

жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Басты мақсат – көп тілді меңгерген

жастарды қолдау әрі оларды мектеп

оқушыларына үлгі ету. 3 кезеңнен тұратын

сайыс қатысушылары үш тілде өздерін

таныстырса, қазақ халқының тарихы мен

ұлы тұлғаларына қатысты сұрақтарға

мемлекеттік тілде жауап берді. Ал соңғы

кезеңде ағылшын және орыс тілінде

көркем шығармадан үзінді оқып, бақ

сынады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші

орынды Александровка орта мектебінің

ағылшын тілі мұғалімі Аяулым Қазбек

еншілесе, екінші орын Шегірен орта

мектебінің ұстазы Арайлым Құсайыноваға

бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынға

Шалдай орта мектебінің намысын қорғаған

Мейрамгүл Ескендірова ие болды.

Жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталып,

естелік сыйлықтарға ие болды.

Өз тілшіміз.

Ертістіктер үшін жағымды жаңалықтың шеті шығып отыр.

1 сәуірден бастап Беловод топтық құбырының суы екі есеге

арзандауы мүмкін.

Бұл туралы Ертіс ауданы әкімінің орынбасары

Болатбек Шәріпов мәлім етті.

- Үкімет Қаулысына сәйкес, топтық

су құбырларының тарифі субсидияланатын

болады. Осының арқасында

Беловод топтық су құбырының тарифін

төмендетуге мүмкіндік алдық. Беловод

су құбыры салынғанда әрбір текше метр

судың бағасы 380 теңге болған. Былтыр

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ол

300 теңгеге төмендеді. Тариф қазіргі

уақытта 300 теңгені құрайды. Ал 1 сәуірден

бастап ол қайта қарастырылып, жеке

тұлғалар үшін 40 теңге болуы мүмкін.

Бұл сомаға желілерді күтіп-баптауға

жұмсалатын 100 теңге көлеміндегі ай

сайынғы төлемақы қосылады. Нәтижесінде

ауыл тұрғындары үшін тариф құны

140 теңге болады, - дейді Б.Шәріпов.

Бүгінде ауданның 12 ауылына, яғни

Ертіс, Голубовка, Ленин, Панфилов,

Қызылжар, Луговое, Северное, Қарақұдық,

Иса Байзақов, Үлгілі, Қараағаш және

Ынтымақ елді мекендеріне су құбырлары

тартылған.

Қ.МҮСӘЙІП.


SARYARQA SAMALY

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

ТОЛҒАНЫС

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!

Наурыз

ЖАТТАП АЛ!

Бейімбет МАЙЛИН

Біреуім екеу болды - мал қосылды,

Қораға бұзау, лақ, қозы толды.

Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,

Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.

Ұзамай қарда кетер, жаз да болар,

Сай-сала гүрілдесіп суға толар.

Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,

Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды.

Таңдау жасадым

Адам өзінің болашақ мамандығына түрлі

жолдармен келеді десем, қателеспеген

болармын. Себебі, біреулер бала күнінен

бастап белгілі бір мамандықты таңдап, соған

қол жеткізеді. Ал енді біреулер кездейсоқ

келіп жатады.

Менің ойымша, мамандық таңдау оңай емес

және оған немқұрайлы қарауға болмайды.

Сондықтан да, қазірден бастап алдыма нақты

мақсат қойып, болашақ мамандығыма таңдау

жасадым. Сонымен, мен өскенде полиция

қызметкері боламын деп шештім. Себебі,

өз басым әділдікті жақсы көремін. Сол үшін

де заң бұзушылармен күресіп, бар ғұмырымды

Отан алдында адал қызмет етуге

арнаймын.

Әли САПАРҒАЛИ,

2-сынып оқушысы,

Баянауыл ауданы,

Сұлужон ауылы.

Ұлағатты ұстазым!

Мұғалім – екінші анамыз. Менің ұстазым

Мадиярова Зағира Оспанқызы - өте мейірімді

жан. Ол бізге сапалы білім берумен қатар,

жақсы тәлім-тәрбие де үйретеді.

Балаларға бар мейірімін төгеді.

Сол үшін де біз ұстазымызды жақсы

көреміз және үлгі тұтамыз. Оған

бауыр басып қалғанымыз соншалық,

оны көрмесек сағынамыз. Барлық

мұғалімдер Зағира Оспанқызындай

жүрегі кең, ақкөңіл, білімді де

ақылды болса екен деп тілеймін.

Мұхаммеджан

МЫҢТАЙ,

№1 қазақ орта мектебінің

2-сынып оқушысы,

Ақсу қаласы.

Тәуелсіздік - қасиетті,

киелі ұғым. Ол - ата-бабаларымыздың

сан ғасыр

бойы аңсаған арманы, үміті

мен сенімі. Тәуелсіздік –

ащы термен келген тәтті

жеңіс. Төгілген қанның,

өлмеген жігердің отымен

келген ұлы күн. Сондықтан

Тәуелсіз еліміздің бар екенін

әрдайым мақтан етуге

міндеттіміз.

Біз - бейбіт елдің ұрпағымыз,

еркін елдің ұланымыз. Бірақ, бізге

дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді,

елді аманат еткен батырлардың, ұлы

тұлғалардың төккен тері - өз алдына

бір төбе.

Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің,

салт-сананың мызғымас тірегі, күші,

халықтың жұлдызы. Тәуелсіздік – атабаба

арманы. Жер бетінде қанша ұлт

болса, сонша арман бар. Сол арманға

біздің қазақ халқы жетті. Мен қазақ

болып туғаныма, осындай бай, байтақ

өлкеде өмір сүріп жатқаным үшін

бақыттымын. Өйткені, мен тәуелсізбін,

тәуелсіз елдің патриотымын. Қорыта

келе, мен Тәуелсіздігіміздің ұлы жолын

өз жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен

өрнектейін.

Жырым менің Тәуелсіздікке арналды.

Елім, жерім, салтым менің ордалы.

Азаматы өр мінезді, қайсарлы,

Ал қыздары ақылды да ибалы.

Қанша ақын, жазушылар, жыршылар,

Қанша батыр ер жүректер, тылсымдар.

Елім, жерім, Отаным деп оққа ұшқан,

Ақиқатты бетке айтқан шыншылдар.

Қазақстан - байрақты елім, ордалы,

Талаптының орындалар арманы.

Өлмейтұғын артына із қалдырған...

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының біртуар кемеңгер ақыны, асыл

сөздің зергері. Ол 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Ақынның туған

жері – Семей өңірі. Азан шақырып қойған аты – Ибраһим. Бірақ әжесі сүйікті

немересін еркелетіп «Абай» деп атап кеткен екен. Осыдан кейін ел арасында

шын аты аталмай, Абай атанып кетеді. Қарапайым халық Абайды ғана емес,

кезінде Құнанбайды да пір тұтқан. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов өзінің

«Абай жолы» романында атамыздың бүкіл өмірін суреттеген. Ұлы ақынның

45 қара сөзі мен көптеген өлеңдері, аудармалары бар. Абай атамыздың

өлеңдері адамды еңбекке, адалдыққа тәрбиелейді.

Биыл ұлы ақынның 175 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтіледі.

Сондықтан, балалар, Абай атамыздың шығармаларын оқып, жаттап, ол

жайлы тың деректерді білуіміз қажет. Менің ойымша, Абайды оқымаған

қазақ кемде-кем. Сол үшін де ақын мұраларын бір-бірімізге насихаттап,

үлгі тұтайық.

Темірлан ҚАРАТАЙ,

Б.Уахатов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы,

Аққулы ауданы.

1. ..... кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

2. ..... іске өкінбе!

3. Жақсы ..... етеді, жаман күлкі етеді.

4. Жетімге жеті бидай да .....

5. Ер ісі-ақылға ....., бойды жеңбек.

6. ..... елдің баласы құдық қазып ойнайды,

Егінші елдің баласы арық қазып ойнайды.

Көк жалауын көтеріп көк биікке,

Асқақ арман - тұрақты оның ұраны.

Мен елімнің ертеңіне сенемін.

Қаным, жаным, қазағым деп білемін.

Ұлт тарихын, тілін, дінін сақтаймын,

Үміт артып, болашаққа сенемін.

К

Ө

К

Т

Е

М

Нұрай ЗЕКЕБАЙ,

Егіндібұлақ орта мектебінің

5-сынып оқушысы,

Баянауыл ауданы.

ХАТТАР ТЫНЫСЫ

Сөзжұмбақ

Құрастырған: Дана ЕРМАНОВА,

5-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.


6 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл

SARYARQA SAMALY

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі

Бас иеміз!

Менің атам Нұрмақан Сүлеев - Ұлы

Отан соғысының ардагері. Отанын ерлікпен

жаудан қорғап, көп марапатқа ие болды.

Германия жерінде соғыстың қиын күндерін

басынан кешіп, еліне аман-есен оралды.

Нұрмақан атамның батыр адам болғанын

мен достарыма мақтанышпен айтамын.

Жалпы, елімізді жаудан қорғаған

Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова,

Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова секілді

ата-апаларымыздың есімдерін жатқа білуіміз

керек. Біз бақытты балалық шақта өмір сүріп

жатырмыз. Мұндай бейбіт күнді сыйлаған

ата-әжелерімізге алғыс айтамыз. Бүгінгі күні

Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып

барады. Уақытқа әмір жүрмейді ғой.

Ал біз, кейінгі ұрпақ, майдангер

ардагерлердің рухына бас иіп, құрметтеп,

ерліктерін үлгі етуді парыз санаймыз.

Аделия ҚАЙШЫБАЙ,

Б.Момышұлы атындағы №22 орта

м е к т е п о қ у ш ы с ы .

Павлодар қаласы.

Майдангер даңқы

Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік

көрсеткен батыр жауынгерлердің қатарында

менің ұлы нағашы атам Нұрыш Төлемісов те

бар. Мен ол кісіге шөпшек болып келемін.

Ол 1901 жылы Баянауыл ауданының

Қырық жылдық ауылында дүниеге келген

екен. Еңбек жолын 1920 жылы туған

ауылында бастаған. 1941 жылы күтпеген

жерден Қызыл әскер қатарына шақырылып,

Отанын қорғау үшін соғысқа аттанады.

Сөйтіп, фашистермен болған шайқаста

сол жақ иығы жараланып, екі ай бойы

госпитальда емделеді. Біз, немерелері мен

шөберелері, Нұрыш атаның «Будапешті алу

және қатысқаны үшін», «Венаны алу және

қатысқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін»

алған медальдарын көрдік.

Нағашы атам майданнан келген соң

Павлодар қаласына қарасты Ленин кентінде

ферманың басшысы болып қызмет істеді.

1955 жылы Ленин кентінің депутаты болып

сайланды. Өкінішке қарай, 1965 жылдың

14-інші қарашасы күні дүниеден өтті. Бірақ,

ортамызда атамның өзі жоқ болса да, біз

оны және елі үшін көрсеткен ерлігін ешқашан

ұмытпаймыз. Әрдайым мақтанышпен еске

аламыз.

Елдана ЕРЖАН,

Б.Момышұлы атындағы

№22 орта мектеп оқушысы.

Павлодар қаласы.

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН!

Айтылмауға тиісті бірінші құпия – келешекке

құрған жоспар.

Жоспар толыққанды орындалмайынша,

ол туралы тіс жармау керек. Адамның кез

келген ойы бастапқыда әлжуаз болып тұрады.

Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез келген

жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып

алуға болады.

Екінші құпия – қайырымды істер туралы

ешкімге айтпау.

Қайырымды іс – жер бетінде сирек

кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің

Құрметті достар, биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толмақ. Осыған орай, М.Катаев

атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» үйірмесінің бір топ мүшесі

редакциямызға өздерінің ардагер аталары жайлы қызықты материалдар жазып

жіберіпті. Төменде сол шығармаларды назарларыңа ұсынып отырмыз.

Балалар, сендер де соғысқа қатысқан ардақты аталарың туралы жазыңдар.

Өздеріңнен хат-хабар күтеміз!

Аман жүрші, аташым

Жеңіс туы желбірей берсін!

Қазір біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

Оның барлығы ержүрек аталарымыз бен

әжелеріміздің арқасы деп білемін.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.

Батыл аталарымыз елімізді жаудан қорғап,

жеңісті қолдан берген жоқ. Біз майдангер

аталарымызды құрметтеп, сол кісілер сияқты

өз еліміздің патриоты болуымыз керек.

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің

75 жылдығы құрметіне орай елімізде көп

іс-шара өткізіледі. Бүгінде қатары сиреп

қалған майдангерлерге деген құрмет

ерекше. М.Катаев атындағы оқушылар

сарайында бұл айтулы шараға арналып

мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері

«Ұлы жеңіске 75 қадам» атты челлендж

бастады. «Жеңіс туы, желбіре!» атты мерекелік

концерт жоспарланып отыр. Сонымен қатар,

«Палитра» және «Сымбат» жас суретшілер

студияларының тәрбиеленушілері «Жеңіс -

бала көзімен...» атты суреттер көрмесін

өткізді.

Соғыста ерлік көрсеткен майдангерлердің

есімдерін, еңбектерін ешқашан ұмытпаймыз.

Бахтияр ДАНИЯЛОВ,

Б.Момышұлы атындағы

№22 орта мектеп оқушысы.

Павлодар қаласы.

Жеті құпияны сақтай біл!

Құпия деген не? Елге нені айтуға болады, айтылмайтын қандай құпия болуы тиіс? Тізімге көз жүгірткен

адам біразымен еріксіз келісері сөзсіз.

қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық

жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау

адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.

Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы

көпшілікте айтпау.

Тамақ, ұйқы, күлкіге қатысты шектеулеріңізді

ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің

тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.

Төртінші құпия – жасаған ерлік,

батырлық туралы үндемеу.

Әр адам күнделікті сан алуан оқиғаларды

бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп

Менің атам Құдайберген Қапсалямов - Ұлы Отан

соғысында ерлік көрсеткен азамат. Ол 1943 жылдың

қаңтар айында Қызыл әскер қатарына шақырылып,

сәуір айында соғысқа аттанған екен. Майдан даласында

атам бірнеше жауынгерлік тапсырмаларды

мұқият орындып, жауды тізе бүктірген. Оның айтуынша,

Варшава және Познань қалаларындағы шайқасқа

қатысқан. Кейін қайсарлығының арқасында майдандастарымен

бірге фашистерді жеңеді. Ол Берлинді

басып алуға үлес қосқаны үшін түрлі деңгейдегі

медальдармен марапатталды.

Атамның өмірбаянына тоқталар болсам, 1925

жылы Тереңкөл ауданының Федоровка ауылында

дүниеге келген. Қазіргі таңда Құдайберген атам

Ақсу қаласында тұрады. Жасы - 97-де. Соғыстан

кейін үйге аман-есен оралып, полиция қызметкері

болып жұмыс атқарған. Оның екі баласы, сегіз

немересі бар.

Атам айтқандай, елімізде ешқашан соғыс болмасын,

балалардың ұйқысы тыныш болсын! Біздің ортамызда

ақылшы қария болып жүре бер, аташым!

Айзада ТОҚТАМЫСОВА, №2 орта мектеп оқушысы,

Павлодар қаласы.

жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген

адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты

ешкім байқай бермейді. Сондықтан

ол үшін ешкім марапат бермейді.

Бесінші құпия – рухани жетілу туралы

айтпау.

Рухани байлық тек сіздікі. Оны біреуге

айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы

адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз

ғана шет жағасын айтыңыз.

Алтыншы құпия – үйдегі ұрыс-керіс пен

отбасылық өмір туралы үндемеу.

Мақтанышым!

Менің атам - Жұмабаев Сейітқазы Ақтайұлы.

Ол 1914 жылы Баянауыл ауылында туған. 1936

жылы әскерге шақырылып, Қиыр Шығыстағы

Благовещенск қаласында қызмет етіп, кейін

шайқасқа қатысқан екен. 1939 жылы Карелия

шыңына соғысқа жіберілді. Сломинск, Орше,

Вязьма, Борисов маңындағы шайқастарда

ерлік көрсетіп, елімізді қорғаған. Батыс және

Калинин шайқастарында да жауға қарсы

тұрып, осы жерде жараланып, емдеуге

жіберіледі. Ұлы Отан соғысына қатысқаны

үшін атам «Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз»,

«Александр Невский», «Ленинград қаласын

қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін»

медальдарымен марапатталды.

Мен өзімнің арғы атаммен мақтанамын

және барлық ардагерді Жеңіс мерекесімен

құттықтаймын!

Фариза ИМАНҒАЛИ,

Б.Момышұлы атындағы

№22 орта мектеп оқушысы.

Павлодар қаласы.

Ардагерлерді

ардақтайық!

Біз үшін соғыс ардагерлерінің алар орны

ерекше. Себебі, олар фашистік Германиядан

туған жерін қорғау үшін кеуделерін отқа

төсеп, жан аямай шайқасты. Сонау зұлмат

жылдарында бүкіл ел болып, тіпті, әйел мен

балалар да қара жұмысқа жегілді. Барлық

отбасындағы ер азаматтар соғысқа аттанды.

Ұлы Жеңіске зор үлес қосқандардың

ішінде менің аталарым да бар. Сол кезде

он сегіз жасқа жаңа толған жас жігіт Төлеу

атамның ерлігін зор мақтанышпен айтамын. Ол

майданда жаумен шайқасып, біздің бақытты

балалық шағымыз үшін мол тер төкті. Ал

нағашы атам Тоқтамыс болса, Сталинград

түбегіндегі шайқасқа қатысып, жау қолынан

қаза тапқан екен.

Жыл сайын Жеңіс мерекесін отбасымызбен

қарсы аламыз. Биыл Ұлы Жеңістің

75 жылдығында бізге осы бақытты өмірді кім

сыйлағанын кішкентай жүрегімізбен түсініп,

ержүрек ата-ағаларымыздың рухына бас

иеміз.

Айзере ШАЙХЫСҚАҚ,

Б.Момышұлы атындағы №22 орта

м е к т е п о қ у ш ы с ы .

Павлодар қаласы.

Есіңізде болсын: отбасыңыздағы ұрыс

туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы

берік бола түседі. Ұрыс – араласу барысында

жиналып қалған зиянды қуат. Түйткілді көп

талқылаған сайын оған өзіңіз көбірек сене

бастайсыз.

Жетінші құпия – баяғыда естіген жаман

сөздер туралы айта бермеңіз.

Көшеде жүріп аяқ киімді былғап алуға

болады. Ал кейде сананы да былғап алатындар

болады. Жолда келе жатып естіген бар

қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның

табалдырықтан аттап, былғаныш аяқ киіммен

төрге озған адамнан айырмасы жоқ.

Әзірлеген - Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,

М.Әуезов атындағы №42 орта

мектеп мұғалімі,

Павлодар қаласы.


SARYARQA SAMALY

14 наурыз, сенбі, 2020 жыл 7

АЛТЫН ОРДАҒА - 750 ЖЫЛ

Жошы хан

Алтын Орда (1243-1503жж.) - Еуразия құрлығында үш ғасырға жуық

салтанат құрған көшпелілер мемлекеті. Оның аумағы Ертістен Дунайға

дейінгі аралықты алып жатыр (10 миллион шаршы шақырым аймақ).

КІМ ЗЕРЕК?

Жан-жануарлар

туралы

жұмбақтар

Жапырақ жоқ бұтасында,

Қос емен өсiп тұр бiр басында.

(....)

Мүйiзiнен таралған,

Жанға шипа дәрi алған.

(.....)

Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

(...)

Түрi жылқы бейнесi,

Жолақ-жолақ жейдесi.

(....)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(....)

Адамға серiк,

Күзетке берiк.

(..)

Төрт түлiктiң рэкетi,

Түзде жүрер көк серi.

(......)

Жер қопарған тiсiмен,

Сескенесiң түсiнен.

(.....)

Тастамайды бiр елi,

Үйiн сүйреп жүредi.

(.......)

Құжынаған жұмыскер

Бiрлескенде тым iскер.

(.........)

Жошы ханның кесенесі.

Қалдырмай баласын бiр елi,

Қалтаға салып-ап жүредi.

(.......)

Жинаған –

Ақерке НҰРТАЙ,

2-сынып оқушысы,

Ақсу қаласы.

Оған орыс князьдіктері түгелімен

және Румыния, Венгрия, Болгария,

Грузия князьдіктері бағынды. Алтын

Ордадан 1428 жылы Ақ Орда

(1459 жылдан Қазақ хандығы),

1430 жылы Сібір, 1438 жылы

Қазан, 1449 жылы Қырым, 1465

жылы Қажы-Тархан (Астрахань)

хандықтары бөлініп шығып, жеке

мемлекет ретінде өмірге келді. Тарих

қойнауына тереңірек үңілсек, 1155

жылы Ұлы далада бір бетбұрыс

кезеңіне түрткі болған оқиға орын

алған екен. Сол жылы моңғол

сардары Есугей батырдың Темучин

есімді ұлы дүниеге келді. Алып

күш иесі Есугейді халық қатты

құрметтеп «баһадүр» деп атайтын.

Бір қызығы, Темучин ондай баһадүр

болмаған. Оның өмірінің бұл кезеңі

моңғолдың «Алтын шежіре» жылнамасында

тәптіштеп түсіндіріледі.

Осы шежірені «Моңғолдың құпия

шежіресі» деп атаудың өзі тегін

емес. Өйткені, онда талай тарихи

құпиялар мен тосын жаңалықтар

қамтылған. Сонымен, 1206 жылы

Онон өзенінің жағасында болған ұлы

құрылтайда моңғол империясының

тұңғыш әміршісі болып моңғол

тайпалар одағының көсемі Темучин

«Шыңғыс хан» деген лақап атпен

алтын таққа отырды. Шыңғыс

хан Жошы, Шағатай, Үгедей,

Төле есімді ұлдарын жастайынан

жауынгерлік рухта тәрбиеледі.

Жошы аса көрнекті қолбасшы

ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан

әскерлерінің жорықтарына белсене

араласты. Шыңғыс хан Орталық

Азиядағы барлық көшпелі түркімаңғол

тайпаларын 1206 жылы бір

орталыққа біріктіргеннен кейін Жошы

әкесінің тапсырмасы бойынша жеке

жасағымен Сібірді, Алтайды, Шығыс

Түркістанды, Солтүстік Қытайды

бағындырды. Ал Хорезмді алғаннан

кейін, яғни 1223 жылы әкесінің

шақыртуымен өткен құрылтайға

қатысады. Осы Құрылтайда Шыңғыс

хан Жошыға Ертістен Орал тауларына

дейінгі, онан әрі батысқа

қарай бағынған жерлердің бәрін

еншілікке береді. Әрі Жошының

бағындырған жерлері заңды түрде

өзіне тиесілі болатын. Ол жерлер

әкеден балаға мұра болып қалып

отырды. Құрылтай аяқталғаннан кейін

Шыңғыс ханның басқа балалары

әкелерімен бірге мемлекет астанасы

Қарақорымға қайтқандарында,

Жошы оларға ілеспей өз ордасында

қалып қояды. Жошы тәуелсіз

саясат жүргізген, алған бетінен

қайтпайтын өткір адам болған

деседі. Баласының ақылдылығы

мен ерекше батылдығынан кей

жағдайларда Шыңғыс ханның өзі де

сескенетін болған. Жошы әкесінен

алты ай бұрын қаза тапты. Оның

өлімі жайында халық арасында

әр түрлі аңыз-әңгімелер тарады.

Көпшілігінде оны аң аулап

жүргенде құланның айғыры шайнап

өлтірген десе, кейбір деректерде

жау жағына шығып кетеді деп

қауіптеніп, өз әкесі Шыңғыс хан

құпия түрде өлтірткен деген жорамалдар

кездеседі. Жошы Шығыс

Еуропаға жорық жасау жоспарын

жүзеге асыра алмай кетті. 1227

жылы Жошы кенеттен дүние

салғаннан кейін Шыңғыс ханның

ұйғарымымен немересі Бату таққа

отырды. Алтын Орданың негізін

қалаған Бату - Жошы ханның ұлы.

Ол 1236-1242 жылдары біріккен

түркі-моңғол әскерлерінің күшімен

Русь пен Шығыс Еуропаны жаулап

алып, Жошы ұлысының жерін одан

әрі ұлғайтып, Ертістен Дунайға

дейінгі байтақ өлкені Алтын

Орда мемлекетіне айналдырды.

1251 жылы Онон өзені бойында

өткен кезекті құрылтай жиналысында

Батудың қолдауымен оның

немере інісі Мөңке Ұлы хан болып

сайланды. Алтын Орда Шыңғыс

хан империясының құрамында

Дешті Қыпшақта құрылған түркі

мемлекеті еді. Бату ханның

тұсында Алтын Орданың құрамына

Ресейдің Еуропалық өңірі, Балтық

теңізінің шығысындағы өлкелер,

Польша, Мажарстан, Бұлғария,

Кавказ, Хорезм, Шығыс және

Батыс Дешті Қыпшақ жерлері

енді. Бату хан әскері Мәскеуді,

Киевті, Краковті, Бреслау, Будапешт

қалаларын алып, Орталық Еуропаны,

Австрия, Чехия, Словакияны

бағындырды. Мемлекет астанасы

Еділ бойындағы Сарай қаласы

болды. Бату хан өлгеннен кейін

Алтын Орда Туда Мөңке, Төле

Бұқа, Тоқты, Өзбек, Жәнібек хандар

тұсында күшейе түсті. Орда халқы

кейіннен қазақ халқы құрамына

енген Қыпшақ, Қоңырат, Керей,

Адай, Арғын, Уақ, Найман, Қаңлы

тайпаларынан құралды және Еділ

бұлғарларынан, Хазар ұрпақтарынан,

армяндардан, славяндардан, гректерден

тұрды. Қыпшақ тайпаларының

ел басқаруда, әскери жорықтарда

атқарған рөлінің басымдығына

байланысты Алтын Орда Қыпшақ

мемлекеті атанды. Алтын Орданың

құрылуы сауда, халықаралық

қатынастардың дамуына әсер етті.

Сол жылдарды еске түсіргендей,

Ұлытаудағы Жошы хан кесенесі

күні бүгінге дейін бастапқы қалпын

сақтап, Қазақстандағы көне

сәулет ескерткіштерінің бірі іспетті

алыстан көз тартады. Қазақ

хандарының арғы атасы Жошы

ханның құрметіне тұрғызылған

кесене Жезқазған қаласынан 45

шақырым жерде, Кеңгір өзенінің

сол жақ жағасында орналасқан.

Күмбезде сақталған таңбаларға

қарағанда оны салуға Жошыға

бағынған тайпалардың бәрі (Оғыз,

Арғын, Қыпшақ, Керей, Найман,

Қоңырат, Қаңлы, т.б) қатысқандары

көрініп тұр. Жошы хан кесенесі

порталды-күмбезді құрылыстар

қатарына жатады. Табаны тік

бұрышты, іргесін жер астынан

қалап шығарған.

Жошы - 1182-1227 ж.ж өмір

сүрген адам. XX ғасырдың ортасында

академик Әлкей Марғұлан мазарға

археологиялық қазба жұмыстарын

жүргізді. Нәтижесінде бір қолы жоқ

ер адамның қаңқасы табылды.

Сондай-ақ, мүрденің жанынан

жабайы аң сүйектерінің қалдықтары

алынған. Бұл жаңалық көптеген жел

сөздердің өрбуіне түрткі болды.

Бізге жеткен деректерде Жошының

1182 жылы дүниеге келгені қалай

жұмбақ болса, сондай жұмбақ

жағдайда дүниеден өтуі. Дәл

сол жылы Жошының қазасынан

алты ай өткенде әкесі Шыңғыс

хан да белгісіз жағдайда дүние

салды. Ал Алтын Орда мемлекетін

құрған Жошының екінші ұлы Бату

хан 1208 жылы туып, 1255 жылы

қайтыс болған делінеді. Сүйегі Еділ

бойында жерленген. Қазақстанның

ұлан байтақ жерін Жошының үлкен

ұлы Ежен ұрпағы биледі. Олар Алтын

Орда хандарына бағыныштымыз

деп мойындағанымен іс жүзінде

тәуелсіз мемлекет орнатты. Осылай

Жошы ұлысындағы моңғол иелігі

«Ұлы Құрылтайға» шартты түрде

тәуелді болғанымен Мөңке Темір

(1266-1280ж.ж) кезінде империядан

бөлініп, дербестікке қол жеткізді.

Алтын Орда заманында 150-ге

жуық қала салынып, мыңдаған

елді мекендер бой көтерді. Алтын

Орда хандары қала мәдениетін

көркейтіп, қолөнер мен сауда

жұмыстарын жандандырды.

Мұхамет-Қайыр ШӘРІПОВ,

Баянауыл ауданы.

Сөз

Оқтай батып жаныңа кететін сөз,

Судай сіңіп көңілге баратын сөз.

Кез келген жүрегіңнің құлпын ашып,

Көмейге келген ойды жабатын сөз.

Жақсы сөз табылар ма, әр таңыңда,

Жақсы сөз жадыратар кей жағдайда.

Жаман сөз ортамызда толып жатыр,

Жақсы сөз айта алмаймыз кей жағдайда.

Ермұхамбет ЖҮСІПБЕКОВ,

№28 орта мектебінің оқушысы,

Екібастұз қаласы.

Бала жүрек

Қағып тұр кеудемдегі есікті өлең,

Мен қалай кемел ойды кешіктірем.

Тал бойымда бұлқынып бала жүрек,

Ұлтыма ұлы сөзді есіттірем.

Намысымды бойдағы қайрағаным,

Болашақ деп сырғиды бойда қаным.

Асу асып, биікті бағындыру,

Алдағы мақсаттарды ойлағаным.

Сақта құдай дұшпаннан дүр елімді,

Деп сұраймын күндіз-түні тілегімді.

Жас болсам да, көз тігем айналама,

Кейбір жайлар ауыртар жүрегімді.

Толқыныс ой боп тұрар кейде менде,

Қызмет қылсам адал дүйім елге.

Азда болса халқыма пайдам тиіп,

Қыран боп қалсам деймін биігімде.

Жігерімді өмірге қамшыладым,

Ел - шаңырақ, уық боп шаншыламын.

Абай, Сәкен, Міржақып, Әлиханның,

Сөндірмеуге тырысам шамшырағын.

ЖАУҚАЗЫН ЖЫР

Өтірік өлең

Жемістер пісіп жатыр,

Үзіліп жерге түсіп жатыр.

Өйткені, бізде жаз болды,

Барлық бала мәз болды.

Ертіс жатыр еркелеп,

Балықтары жүр секіріп.

Біреуін ұстап, жеп алып,

Отырмын, міне кекіріп.

Нұрәлі БЕКМЫРЗА,

5-сынып оқушысы,

Екібастұз қаласы.

Дариға БЕКТАСОВА,

Маралды негізгі мектебінің

9 - с ы н ы п о қ у ш ы с ы , П а в л о д а р а у д а н ы .


8 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Үш тілде сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы – сендердің

қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің гүлденіп, дамуы үшін

жас ұрпақтың жан-жақты білім алып, шет тілдерін жетік

меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының оқырмандары

үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі жалпы

білім беру мектебінің ағылшын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз

Бақыт Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз адамның дене мүшелеріне қатысты атауларды

үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

Бас – Голова – Head;

Бет – Лицо – Face;

Қас – Бровь – Eyebrow;

Көз – Глаз – Eye;

Мұрын – Нос – Nose;

Ауыз – Рот – Mouth;

Иек – Подбородок – Chin;

Иық – Плечо – Shoulder;

Қол – Рука – Hand

Шаш – Волосы – Hair;

Маңдай – Лоб – Forehead;

Құлақ – Ухо – Ear;

Тіс – Зуб – Tooth;

Ерін – Губы – Lips;

Тіл – Язык – Tongue;

Тамақ – Горло – Throat;

Іш – Живот –Stomach;

КІМ ТАПҚЫР?

Қазақ

батырлары

Балалар, төмендегі сөзтізбекті

дұрыс шешсеңдер, жоңғар

шапқыншылығына қарсы

күрескен қазақ батырларының

есімдерін таба аласыңдар.

О Ж А С Қ А С М А

Л Ж А Ы А Р А Й Л

Қ А Б Б А Й Н А А

Р Б А Й Н М Ы З Й

А А Н Б А Ы З Б С

Й Ы М А У Р Б А А

А Я Б Й Е Г Ө Й Р

Б Н Е К Н Б А Й Ы

Құрастырған:

Динара ТЕЛЖАН,

Қараоба орта мектебінің

5-сынып оқушысы,

Ақтоғай ауданы.

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір

күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң

аңдып отырады. Бірақ ештеңе табылмайды.

Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп,

ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың

қанатының дауысынан оянып кетеді.

Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен.

Сөйтіп, келесі бір төбешікке барып

жейін деп жатыр екен. Оны көрген

бүркіт қатты ашуланады да, қаршыға

отырған төбешікке барып, қаршығаны

шұқып тастауға аз қалады.

Қаршыға қорықпастан:

- Бүркіт, саған не болған? - деп

дікеңдеді.

- Дұрыстап сұрасаң, саған да беремін

ғой еттен, - дейді. Сонда бүркіт:

- Маған сенің қонақжайлығың керек

емес. Сенің өліп қалған аңды қалай

жейтініңді көрейін деп келдім, - дейді.

Бірақ етті көріп көзі қызып барады.

Оның сөзіне қаршыға күледі де:

- Егер бұл аң өліп қалған болса,

онда сен күні бойы не қарап отырдың? -

дейді. Бұл сұраққа көңіл-күйі түсіп

кеткен бүркіт:

- Мен бұл аңды көрмедім. Мен

бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші

көзіммен елікті аңдып отырған едім.

Сен олардың етін жей алмайсың ғой.

Же, алдыңдағы етті, сасып кетпесін, -

деп жауап қайырады.

Осылайша, бүркіт пен қаршыға

бір-бірімен қатты ұрысып қалады.

Аяқ – Нога –Leg;

• Егер сендер бұл сөздерді

білетін болсаңдар, өте

қуаныштымыз. Ал

білмесеңдер, мұқият

жаттап, саналарыңа

тоқып алыңдар!

Құстар неге сөйлей алмайды?

Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты

болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған

екен.

Екеуінің шуын естіп қалған барлық

құстар жиналады. Құстар өз араларынан

басшы сайлауды ойластырады.

Сол хан болып, ұрысты шешіп беруі

керек болады.

Құстар шықылдап, шулап кетеді.

Барлығының хан болғысы келеді. Сол

кезде бүркіт алға шығып:

- Мен сендерге хан болу керекпін.

Менен де биікте самғап ұшатын ешкім

жоқ, - дейді. Бірақ, оған құстар келіспей:

- Жоқ, керек емес! Сен өте

тәкаппарсың. Сол себептен де биік

құзда өмір сүресің, - деп қарсы болады.

Жарқанат шығып:

- Менің хан болғым келеді. Менің

қанатым сендердікіндей жүннен емес,

теріден. Алыстағыны естіп қоямын, -

дейді. Бұған көкек келіспей қояды:

- Жарқанаттың хан болуы мүмкін

емес. Құстарға «ҚҰСПЫН» дейді, ал

аңдарға «АҢМЫН» дейді. Оның үстіне

түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де,

бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен

жақсы хан болмайды. Менің салған

әніммен бүкіл жер беті және жасыл

желек құлпырады, - дейді.

Көкектің де сөзіне құстар келіспей

қояды да, былай дейді:

- Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің

балапандарына қарамай, тастап кетеді.

Осы кезде құстар арасында үлкен

айтыс-тартыс туады. Әрбір құс өзін хан

қылып сайлауды ұсынады. Құстар қатты

шулап кетеді. Мұны естіп, жоғарыдағы

талдың басында отырған сиқыршы қара

қарға:

- Ақыры бір-біріңмен тіл табыса

алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ

қойыңдар. Барлығың хан болудан

дәмелі екенсіңдер. Ортақ шешімге келе

алмасаңдар, ешкім де хан болмайды.

Әрі сендер бұдан былай сөйлемейтін

боласыңдар, - деп сиқырымен құстардың

тілін байлап тастайды. Сол сәттен бастап

құстар адам сияқты сөйлеуден қалады

екен.

Міне, құстардың ауызбіршілігі

болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей

алмай қалыпты.

Жазып алған:

Ерасыл БАТЫР,

5-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА!

Құрметті

балалар!

Редакциямызға шығармашылық жұмыстарыңды

жолдамас бұрын толық аты-жөндеріңді, нешінші

сыныпта оқитындарыңды және тұрғылықты жерлеріңді

(қандай ауыл немесе қала) жазуды ұмытпаңдар!

Соңғы кезде редакциямызға иесі жоқ, яғни,

авторсыз хаттар және оқушы немесе мұғалімнің

қайсысы жазғаны белгісіз ақпараттар (мектепке

өткен іс-шаралар жайлы) жиі келіп түсуде. Өкінішке

қарай, мұндай белгісіз дүниелер жарияланбайды.

Сондықтан мұқият болыңдар! Сонымен қатар,

сендер жіберген барлық фотосуреттер газеттің

талабына сәйкес келмейді. Сол себепті тек сапалы

әрі тұнық түсірілген фотосуреттерді таңдап жіберуге

тырысыңдар.

Достар, «Айналайын» қосымшасы сендердің

балғын жырларыңды, көркем шығармаларыңды, өз

қолдарыңмен салған суреттерің мен құрастырған

сөзжұмбақтарыңды жариялауға әрдайым әзір.

Ендеше, біздің авторымыз атануға асығыңдар!

Ізгі ниетпен, «Айналайын» қосымшасы.

«Айналайын» қосымшасының

үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.


SARYARQA SAMALY

БЮДЖЕТ 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл 9

Азаматтық бюджет

Білім беруге арналған шығыстар

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға 2020-2022 жылдарға арналған Павлодар

қалалық бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер,

оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу

бағыттары туралы ақпарат қамтылған.

Бұл құжат мынадай бөлімдерді:

- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін;

- Павлодар қалалық бюджетінің түсімдері мен шығыстарын;

- Павлодар қалалық бюджетінің атқарылуы туралы есепті қамтиды.

2020-2022 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті Қазақстан

Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының

2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына

сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы 25 желтоқсандағы №442/61 сессиясында бекітілген.

2020 жылы 02 наурызда №457/63 Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы 25 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Павлодар

қалалық бюджеті туралы» №442/61 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Жоспарлау

Бюджеттік процестің схемасы

Уәкілетті орган

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі

Әлеуметтік-экономикалық

даму болжамы мен бюджет

параметрлерін әзірлеу

Қаланың бюджет комиссиясымен

бюджеттік бағдарламалар

әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары

мен бюджеттік

өтінімдерін қарау

Қаланың

жоспарлы

кезеңге арналған

бюджетінің

жобасын

қалыптастыру

Қала бюджетіне

өзгерістер мен

толықтырулар

енгізу

Қалалық мәслихаттың шешімімен

қала бюджетін бекіту

1 қаңтарда

басталады

Р/с

2020-2022 жылдарға арналған

Павлодар қалалық бюджеті

Атқару

Қаржы бөлімі

Жиынтық қаржыландыру

жоспарын жасау

Жиынтық

қаржыландыру жоспарына

өзгерістер енгізу

Қала бюджетін атқару

бойынша жылдық есепті

қалыптастыру

Қалалық мәслихаттың

шешімімен қала бюджетін

атқару бойынша жылдық

есепті бекіту

Жергілікті бюджетті әзірлеу процесі

Бюджеттің атқарылуына келесі

құжаттар негіз болып табылады

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ

Бюджет кодексі

Республикалық бюджет туралы Заң және жергілікті бюджет туралы

мәслихат шешімі.

ҚР Үкіметінің немесе әкімдіктің республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру

туралы қаулылары немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдері

Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер

Міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары, түсімдер және

төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер және төлемдер

бойынша қаржыландыру жоспарлары

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер және төлемдер бойынша

жеке қаржыландыру жоспарлары

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын

нормативтік-құқықтық актілер

Павлодар қаласының 2020-2022 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы 2019

жыл

факті

2020

жыл

2021

жыл

31 желтоқсанда аяқталады

2022

жыл

1 2 3 4 5 6

1. Өнеркәсіп өнімінің көлемі, 102 102 100,4 100,5

өткен жылға қарағанда %

(2019 ж. 12 ай)

2. Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс 102,1 102,1 100,4 100,4

көлемі, өткен жылға қарағанда

% (2019ж. 12 ай)

3. Жұмыссыздық деңгейі, % 4,8 4,8 4,7 4,7

4. Айлық есептік көрсеткіш

(АЕК), теңге

5. Ең төменгі күнкөріс деңгейі,

теңге

6. Орташа айлық атаулы жалақы,

теңге (*- 2019 ж. 9 ай ішінде)

7. Ең төменгі зейнетақы

мөлшері, теңге

2020-2022 жылдарға арналған

Павлодар қалалық бюджеті

Қала бюджеті – бұл қала мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық

бағынысты мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай

қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған

мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған

ақша қоры.

млн. теңге

2020 жылға арналған Павлодар қалалық

бюджетінің түсімдері

С а л ы қ т ы қ т ү с і м д е р :

77 755,2

Салықтық емес түсімдер:

265,1

Негізгі капиталды

сатудан түсетін

түсімдер: 2 955,5

Трансферттер

мен кредиттер

түсімдері:

20 631,1

Павлодар қа ла лық бюд жетінің шығыстары

(функционалдық топтар бөлінісінде)

12 669,6

149,9

1 800

5 689

3 296,9

1 319,6

3 682,8

28 044,8

2

525,00

25

280,00

155

102,00

36

108,00

8. Ең төменгі жалақы, теңге 42

500,00

Р/с

Көрсеткіштер атауы 2019

жыл

2020

жыл

2

651,00 784,00 2

895,00

2

31 32 34

183,00 742,00 052,00

159 165 171

275,00 238,00 239,00

38 41 43

636,00 341,00 822,00

42 42 42

500,00 500,00 500,00

2021

жыл

Білім беру

Әлеуметтік қорғау

және қамтамасыз ету

Мәдениет, спорт,

ақпараттық кеңістік

Қоғамдық тәртіп,

қорғаныс, мемлекеттік

қызметтер

Ауыл шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық

Отын-энергетика

кешені

Көлік және коммуникациялар

Басқалар (алуларды

есептемегенде)

2022

жыл

1 2 3 4 5 6

I. Түсімдер, оның ішінен: 85

846,80

102

201,50

85

003,20

79

721,50

Салықтық түсімдер 49

551,40

77

755,20

79

713,20

77

038,80

Салықтық емес

түсімдер

262,6 265,1 280,9 294,9

Негізгі капиталды

сатудан түсетін түсімдер 762,40

3

Нысаналы трансферттер

түсімдері 710,90

25

Бюджеттік кредиттерді

өтеу

Қарыз түсімдері 5

951,70

2

955,50

20

631,10

2

967,90

2

041,00

1

424,40

963,2

0,2 0,2 0,2 0,2

Бос қалдықтар 607,6 590,4

II. Шығыстар 85 102

846,80 201,50

4

85

003,20

79

721,50

Атауы 2019 2020 2021 2022

жыл жыл жыл жыл

1 2 3 4 5

ШЫҒЫСТАР - барлығы 85 102 85 79

846,80 201,50 003,20 721,60

Оның ішінен алуларды 60 56 37 31

есептемегенде ШЫҒЫСТАР 812,40 653,80 316,80 690,40

соның ішінде:

Білім беру 19 28 22 21

330,30 044,80 512,10 838,70

Әлеуметтік қорғау және 4 3 682,80 2 2

қамтамасыз ету

213,60

376,20 446,60

Мәдениет, спорт, ақпараттық 1 1 319,60 876,4 897,6

кеңістік

662,50

Қоғамдық тәртіп, қорғаныс, 2 1 800,40 1 1

мемлекеттік қызметтер 538,50

257,90 292,30

Ауыл шаруашылығы және жер 146,4 149,9 148,3 152

қатынастары

Тұрғын үй-коммуналдық 21 12 966,8 958,8

шаруашылық

949,90 669,60

Отын-энергетика кешені және 1 0 0

жер қойнауын пайдалану 361,30

Көлік және коммуникациялар 4 3 1 1

503,00 296,90 676,00 743,10

Басқалар 5 5 689,80 7 2

106,90

503,10 361,30

2020 жылы Павлодар қалалық бюджеті қаражатын

жұмсаудың негізгі бағыттары, млн. теңге

2020 жылға арналған білім беру шығындары тұтас 28 044,8 млн.

теңгені құрады.

Білім беру мекемелерін ұстауға, мектепке дейінгі және мектептен

тыс тәрбиелеу ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған

ағымдағы сипаттағы шығындардан

(жалақы төлеу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, шаруашылық

және кеңсе тауарларын сатып алу және т.б.) басқа мынадай іс-шаралар

қарастырылған:

- мектептерге оқулықтар сатып алу және жеткізу – 309,6 млн.

теңге;

- мектеп олимпиадаларын өткізу – 27,4 млн. теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз

қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауғақамқоршыларына

(қорғаншыларына) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері – 145,2 млн.

теңге;

- білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен

тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру түрінде

әлеуметтік қолдау – 3,6 млн. теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған баланы

(балаларды) асырап алған қазақстан азаматтарына біржолғы

ақша қаражатын төлеу – 2,8 млн. теңге;

- патронаттытәрбиешілерге берілген бала (балаларды) асырау –

26,7 млн.теңге;

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және

ұйымдарының күрделі шығыстары – 621,6 млн. теңге.

Павлодар қалалық бюджетінен

қаржыландырылатын білім беру

ұйымдарының желісі

2020 жылы Павлодар қалалық

бюджеті қаражаты есебінен іске

асырылатын әлеуметтік көмек

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек– 413,4 млн. теңге;

- ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік

қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына

отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету- 4,4 млн. теңге;

- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 332,3 млн. теңге;

- тұрғын үй көмегі – 25,9 млн. теңге;

- үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету – 14,6 млн. теңге;

- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және

ымдау тілі мамандарының,жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі –

761,8 млн.теңге.

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік

саласындағы іс-шараларды іске асыруға

арналған шығыстар

м л н . т е ң г е

Атауы 2019

жыл 2020

жыл 2021

жыл 2022

жыл

1 2 3 4 5

Мәдениет, спорт, жастар 1 085,7 897,4 763,1 781,2

саясаты және ақпараттық

кеңістікке арналған

шығыстар

соның ішінде іс-шаралар

бойынша:

Спорт бойынша іс-шараларды 280,6 240,1 225,8 230,9

өткізу

Мәдени іс-шараларды өткізу 361,9 345,4 311,3 318,0

Кітапханалар 181 167,3 141,2 143,3

Ақпараттық кеңістік, жастар 93,3 70,9 84,8 89,0

саясаты және тілдерді дамыту

Ведомстволық бағыныстағы 130,4 15,1

мемлекеттік спорт мекемелерінің

және ұйымдарының

күрделі шығыстары

Ведомстволық бағыныстағы 38,5 58,6

мемлекеттік мәдениет мекемелерінің

және ұйымдарының

күрделі шығыстары

Жалғасы 10-бетте


10 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл ХАБАРЛАМА

SARYARQA SAMALY

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы жұмысы туралы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын

іске асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік

аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын

арттыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізуде.

Бұл туралы брифингте Агенттіктің Серіктестік департаментінің

директоры Расул Медетов айтып өтті.

«Біз өз жұмысымызда азаматтық қоғам институттарымен,

белсенді азаматтармен тығыз қарымқатынас

орнатудамыз. «Адалдық алаңы» жобасына

75 мың ерікті қатысуда; Арнайы мониторингтік

топтар 3 мың сарапшы мен қоғам белсенділерін

біріктіреді; Ақпараттық-ағартушылық штабтың

жұмысына 300 беделді қоғам қайраткері қосылды», -

деді Расул Медетов.

Осыған дейін мәлімдегендей, мекемені қайта

құру барысында жаңа құрылымда Агенттіктің

осы бағыттағы қызметін қамтамасыз ететін

бөлімшелер ашылды.

Осындай жаңа бөлімшелердің бірі - қоғаммен

және БАҚ-пен өзара іс-қимылды, сондай-ақ

халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз

ететін Серіктестік департаменті.

«Біз жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша тұрақты

жұмыс істейтін алаңдарды тиімді пайдалану,

оның ішінде халықты қызықтыратын мәселелерді

алдын ала жинау, кері байланыс орнату және азаматтардың

сұрақтарына жауап беру, Агенттік жүргізіп

жатқан жұмыс туралы халықты ақпараттандыру

үшін интернет-ресурстардың әлеуетін кеңінен

пайдалану бойынша шаралар қабылдаймыз», - деп

айтып өтті Серіктестік департаменті директоры.

Серіктестік департаментінің қызметкерлері

әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) және

бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарындағы

пікірлерге ден қою бойынша жұмыс жүргізуде,

яғни Агенттік қызметкерлері тұрақты негізде

өз құзыреті аясында пікірлерді сапалы және

уақтылы қарастырып, оларға жауап береді.

Көбінесе бұл түсіндіру сипатындағы ақпарат.

Осылайша, бұл жұмыс тетігі іске қосылған сәттен

бастап интернет-пайдаланушылардың 1000-нан

астам пікірі қаралды.

2019 жылы қыркүйекте Агенттік Төрағасының

азаматтарды қабылдау кестесі апта сайынғы негізге,

ал орынбасарларының, құрылымдық және аумақтық

бөлімшелердің басшыларының азаматтарды

қабылдау кестесі күн сайынғы негізге өзгертілді.

Осылайша, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметте 1 700-ге жуық қабылдау өткізілді,

2 мың мәселе бойынша 2,5 мыңнан астам азамат

қабылданды.

«Egov.kz» порталындағы Қазақстан Республикасының

мемлекеттік органдарының азаматтарды

қабылдау кестесіне сәйкес, Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы

күн сайын, ал бірінші басшысы апта сайын

қабылдайтын жалғыз мемлекеттік орган. Мысалы,

былтыр қыркүйек айынан бастап ақпан айының

аяғына дейін Агенттік Төрағасы 22 жеке қабылдау

өткізіп, 128 азамат қабылдаған.

Сонымен қатар, Агенттік еліміздің 13 облысында

«ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтарын

ашты. Онда азаматтар тегін құқықтық көмектер

мен кеңестер алады, азаматтарды кедергісіз

және жедел қабылдауға, сондай-ақ, қоғаммен

сындарлы диалог орнатуға жағдай жасалған.

«ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтары

ашылған сәттен бастап (2019 жылдың қарашасы)

оның алаңында 600-ден аса шара өткізіліп,

аумақтық департаменттердің басшылығы 850-ге

жуық азамат қабылдады.

Агенттіктің қолдауымен еліміздің елдімекендерінде

«Халық заңгері» акциясы тұрақты

өткізіледі. Онда азаматтар білікті заңгерлер

мен сарапшылардан тегін құқықтық кеңестер

алады. 2019 жылы бұл акция 176 елді мекенде

өткізіліп, оған 2 500-ге жуық заңгер мен сарапшы

қатысты, 18 мыңнан астам адамға кеңес берілді.

«Волонтерлер жылы» аясында «Adal kómek»

жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық

өңірінде апта сайын әр сенбіде сағат 10.00-

ден бастап 13.00-ге дейін «ANTIKOR ORTALYǴY»

сервистік орталықтары мен «Адалдық алаңы»

жобалық кеңселерінің базасында кеңестер беріледі.

Оған Агенттіктің аумақтық департаменттерінің

қызметкерлері, заңгерлер мен адвокаттар волонтер

ретінде қатысуда.

Республика бойынша екі сенбіде барлығы 203

азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Талдауға

сәйкес азаматтар негізінен:

- баланы балабақшаға орналастыру;

- үйді бұзуға өтемақы төлеу;

- алимент төлеу және рәсімдеу;

- тұрғын үй және жер қатынастары және т.б

мәселелер бойынша сұрақ қойған.

Агенттік Электрондық үкіметтің «Ашық диалог»

порталында азаматтарды толғандыратын мәселелер

бойынша ай сайын онлайн режимде интернетконференция

өткізеді. Серіктестік департаменті

әлеуметтік желілер арқылы халыққа интернетконференцияның

өтетін күні мен уақыты туралы

дер кезінде хабарлап, оған қалай қатысуға

болатындығы туралы нақты түсініктемелер береді.

Интернет-конференция барысында азаматтардан

бюрократиялық кедергілер мен жалпы сыбайлас

жемқорлықты жоюмен байланысты сұрақтар түседі.

Сонымен қоса, азаматтарды жемқорлық фактілері

туралы хабарлаған немесе жемқорлықпен күресте

басқаша жолмен жәрдемдескен адамдарға

берілетін сыйақы көлемі мен тетіктері беру

қызықтырады. Барлық түскен сұрақтар мұқият

зерделеніп, оған толық түсініктеме беріледі.

Instagram, YouTube-та, Агенттіктің қызметіне

қатысты барлық жаңалықтар жарияланатын

«ANTIKOR News» Telegram-арнасында бірқатар

жұмыстар жүргізілуде. «ANTIKOR News» Агенттік

жұмысындағы жаңашылдықтың бірі, оны барлық

БАҚ өкілдері жақсы қабылдап, Агенттіктің ақпарат

беру жүйесін біршама жеңілдеткені туралы оң

пікірлер білдірді.

Түрлі телеарналар мен ақпараттық агенттік

басшыларының, мемлекеттік органдар мен азаматтық

қоғам өкілдерінің «ANTIKOR News» Telegramарнасына

жазылуы арнаның маңыздылығы артқанын

көрсетеді. Арнадағы жаңалықтарды қараудың жалпы

саны бір аптада 8,5 мың көрсетілімді құрайды.

Жалпы, азаматтармен жан-жақты, өзара

әрекеттесу бойынша сапалы жұмыстың тетіктерін

қалыптастыруда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің

басымдығының бірі. Себебі Агенттіктің құзіреті

аясында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін

барынша күш салып, мәселені жедел және

жан-жақты қарау қағидасын ұстанады.

«Агенттік апта сайын баспасөз брифингтерін

өткізіп, өз қызметіміз туралы ауқымды ақпарат

беретін әзірге жалғыз мемлекеттік орган екенін

тағы да атап өткім келеді. Қайта құрылған сәттен

бастап Агенттік пен оның аумақтық департаменттері

170-тен аса брифинг өткізіп, онда Агенттіктің қызметіне

қатысты 340-қа жуық тақырыпты талқылады.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар

орталығының алаңында Агенттік бес баспасөзконференциясына

қатысты. Баяндалғанды ескере

отырып, Агенттіктің ең ашық мемлекеттік органдардың

бірі екеніне көз жеткізуге болады», - деп

өз сөзін қорытындылады Расул Медетов.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі.

Басы 9-бетте

2020 жылы қаланың тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығына арналған

бюджет шығыстары

Елді мекендердегі

көшелерді жарықтандыру

875,4 млн. теңге, соның

ішінде:

қаланың сыртқы

жарықтандыру желілерін

пайдалану және

ағымдағы жөндеу;

коммуналдық меншік

объектілеріне электр

энергиясын жеткізу;

- қаланы жарықпен

ресімдеу және

жаңажылдық иллюминация

ТҮКШ бойынша іс-шаралар

Жерлеу орындарын күтіп

ұстау және туыстары

жоқ адамдарды жерлеу,

олардың санитариясын

қамтамасыз ету 406,1

млн. теңге, соның ішінде:

- орамішілік

аумақтарды және

жалпы пайдаланымдағы

жерлерді санитарлық

тазарту;

- саябақтар мен

скверлерді санитарлық

ұстау;

- профилактикалық

дезинсекция және

дератизация өткізу.

Елді мекендерді абаттандыру және

көгалдандыру 569,1 млн. теңге, соның ішінде:

- жасыл көшеттерді күту, газондар,

г ү л з а р л а р о р н а т у, с . і . о қ у ш ы л а р д ы т а р т у ;

- су бұрқақтарды ұстау және ағымдағы

жөндеу;

- ағаштарды санитарлық шабу, кесу,

өңдеу, емдеу және отырғызу;

саябақтар мен скверлерді ағымдағы

жөндеу;

аялдама павильондарын ағымдағы жөндеу;

- орамішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу

Сумен жабдықтау және

су бұру жүйесінің жұмыс

істеуі, коммуналдық

меншіктегі жылу

желілерін пайдалануға

беруді ұйымдастыру

2 120,0 млн. теңге, соның

ішінде:

коммуналдық

меншіктегі сумен

жабдықтау және су

бұру жүйелерін, жылу

желісін ұстау және

ағымдағы жөндеу

Елді мекендердегі жол қозғалысы

қауіпсіздігін қамтамасыз ету

170,9 млн. теңге, соның ішінде:

- бағдаршам объектілерін, жол

және логистикалық белгілерді

ұстау және ағымдағы жөндеу;

қала жолдарының жүретін бөлігін

белгілеу;

- жасанды жол кедірбұдырлылығын

орналастыру

және ағымдағы жөндеу.

Қаланың көлік инфрақұрылымын

қамтамасыз етуге арналған бюджет

шығыстары

Автомобиль

жолдарының

жұмыс істеуін

қамтамасыз ету

2 971,8 млн. теңге.

Әлеуметтік

маңызы бар

қалалық

(ауылдық), қала

маңындағы және

ауданішілік

қатынастар

бойынша жолаушылар

тасымалдарын

субсидиялау

300,0 млн. теңге.

Көлік инфрақұрылымын

дамыту және жұмыс

істеуін қамтамасыз ету

3 640,3 млн. теңге.

Аудандық

маңызы бар

автомобиль

жолдарын және

елді мекендердің

көшелерін

күрделі және

орташа жөндеу

25,0 млн. теңге.

Жергілікті өкілдік

органдардың шешімі

бойынша қалалық

қоғамдық көлікте

(таксиден басқа)

жеңілдікпен, тегін жол

жүру түрінде азаматтардың

жекелеген санаттарын

әлеуметтік қолдау 343,5

млн. теңге.

Аумақтарды 2025 жылға

дейін дамыту мемлекеттік

бағдарламасы шеңберінде

инженерлік инфрақұрылымды

дамыту -

1 151,7 млн. теңге

соның ішінде:

Затон шағын ауданында 350

орынға арналған мектепке ЖК-216

бастап құбыр диаметрі 700 мм

ЖМ-5 жылу магистралі учаскесін

салу;

Радиозавод кентіндегі және

Лесозавод кентінде жылу трассасын

салу.

«Ауыл - ел бесігі» жобасы

шеңберінде ауылдық елді

мекендерде әлеуметтік

және инженерлік инфрақұрылымды

дамыту –

53,8 млн.теңге,

соның ішінде:

- Павлодар облысы Жетекші

ауылында ДСК салу.

Құрылыс саласында бюджет есебінен іске асырылатын

2020 жылғы инвестициялық жобалар

Коммуналдық тұрғын үй қорының

тұрғын үйін салу, реконструкциялау –

1 968,9 млн. теңге,

- «Сарыарқа» ТК 9 қабатты 2, 3 кіреберісті

№11, 19, 20, 24/1, 25, 30, 31 тұрғын

үйлерді салу;

«Достық» шағын ауданында (2 және4-дақ)

екі кіре-берісті 9 қабатты2 тұрғын үйді салу;

«Достық» шағын ауданында

тұрғын үйлерді салуға ЖСҚ әзірлеу;

- «Сарыарқа» шағын ауданында 9 №28,

32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39 тұрғын үйлерді

салуға жұмыс жобаларды МС өткізу.

Білім беру, спорт, мәдениет

және мемлекеттік органдардың

объектілерін дамыту – 1 869,7 млн.

теңге,

соның ішінде:

Павлодар қаласында «Сарыарқа» шағын

ауданында 650 орынға арналған мектеп салу;

«Затон» шағын ауданында 350 орынға

арналған мектеп салу;

Мойылды ауылында ДСК салу;

Павлодар қаласында ДСК салу;

Теміржолшылар кентінде мектеп салуға

ЖСҚ әзірлеу;

Кенжекөл ауылында ДСК салуға ЖСҚ әзірлеу;

Павлодар ауылында әкімшілік ғимарат салуға

ЖСҚ әзірлеу.

Инженерлік-коммуникациялық

инфрақұрылым - 2 589,45 млн.

теңге, соның ішінде:

- Павлодар қаласында «Достық» шағын

ауданының магистральдық және орамішілік

инженерлік желілерін салу. Бас жоспар;

Павлодар қаласында «Сарыарқа» шағын

ауданын жылумен жабдықтау үшін №2/3

ТСС салу;

Көп пәтерлі тұрғын үй салу. Сыртқы

желілер. Павлодар қаласы, Лесная-Гагарин

көшесі;

Павлодар қаласында «Достық» шағын

ауданына жылумен жабдықтауды резервтеу

үшін, НО-21-ден НО-21/8-ге дейін жылу

желісін салу және Қамзин көшесі бойында,

УП-8-ден Ладожская көшесіне дейін, Ладожская

көшесімен Кутузов көшесіне дейін

алаңнан тыс жылу желісін салу;

Казахстанская Правда көшесінен Ломов

көшесіне дейін (Ворушин, Томская, Тульская,

Чингиская, Новосибирская) кәріз желілерін

салуға ЖСҚ әзірлеу;

Зеленстрой шағын ауданының нөсерлі

және дренажды кәріз желілерін салуға ЖСҚ

әзірлеу;

«Достық» шағын ауданында №6 КСС

салуға ЖСҚ әзірлеу (М-43-ке);

Ленин кентінің ЖТҮҚ электрмен жабдықтау

және сумен жабдықтау желілерін салуға

ЖСҚ әзірлеу;

Солтүстік өнеркәсіп ауданында спорт

имараттары кешені ауданындағы жатақханаға

сыртқы желілер салуға ЖСҚ әзірлеу.

Құрылыс саласында бюджет есебінен іске асырылатын 2020 жылғы инвестициялық жобалар

Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін

дамыту – 3 525,1 млн. теңге соның ішінде:

Павлодар қаласында Айманов көшесі, 29 бойындағы

тұрғын үйден бастап Лесозавод кентінің Арғынбаев

көшесіне дейін Центральная көшесі бойындағы диаметрі

1000 мм кәріздік коллекторды қайта жаңарту;

(КК23-1-КК23-60 бастап траншеясыз тәсілмен

(санация тәсілі) (ұзындығы 5 368,5 м Киров көшесінен

Центральная көшесі, 14 бойындағы ғимаратқа дейін

Короленко көшесі-Лермонтов көшесі бойында - Набережная

көшесі бойында – Айманов көшесі бойында -

Ермаков көшесі бойында) D 1500 мм. (Киров көшесінен

ГОС-қа дейін Короленко көшесі – Лермонтов көшесі

бойында – Набережная көшесі бойында) кәріз коллекторын

қайта жаңарту;

Траншеясыз тәсілмен (санация тәсілі) (КК23-60-КК23-109

бастап) (ұзындығы 5 217,5 м Центральная көшесі, 14

бойындағы ғимараттан бастап ГОС-қа дейін Ермаков

көш.бойында) D 1500 мм. (Киров көшесінен ГОС-қа дейін

Короленко көш. – Лермонтов көш. бойында – Набережная

көш. бойында) кәріз коллекторын қайта жаңарту;

Каз. Правда көшесінен Ломов көшесіне дейін Ворушин

көшесі бойында диаметрі 800 мм шаруашылық ауыз

судың су құбырын қайта жаңарту;

Павлодар қ. Толстой көшесінен Мир көшесіне

дейін 1 Май көшесі бойында д - 500 мм шаруашылық -

ауызсудың магистральды су құбырын қайта жаңарту;

3 өздігінен ағатын коллектордың және 3 су құбырының

ЖСҚ әзірлеу және МС өткізу.

Коммуналдық шаруашылығын дамыту – 208,7 млн. теңге,

соның ішінде:

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданында спорт имараттары

кешенін салу. Инженерлік желілер, бас жоспар және абаттандыру,

жол өтпесі бар кірме автожол. Бас жоспар және абаттандыру;

3 жобаның ЖСҚ әзірлеу.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту –

148,0 млн. теңге,

соның ішінде:

2-ші Павлодар тұрғындары үшін орталықтандырылған кәріз желілерін

салу (Сибирская, Хабаровская, Дальневосточная, Сүлейменов, Деров)

Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру

жүйесін дамыту – 738,7 млн. теңге, соның ішінде:

Павлодар облысы Жетекші ауылының ЖТҮҚ ауданына сумен жабдықтау

желілерін салу;

Теміржолшылар ауылында сумен жабдықтау желілерін салу;

Мойылды ауылында сумен жабдықтау желілерін салу. 1-кезең

Павлодар ауылының сумен жабдықтау жүйелері мен желілерін салуға

ЖСҚ әзірлеу;

Ленин к. және Мойылды а. коллекторын және кәріздік желілер салуға

ЖСҚ әзірлеу.

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту –

2,0 млн. теңге,

соның ішінде:

«Павлодар қаласында велосипед жолдарын орнату» жұмыс жобасын

сараптамадан өткізу (2, 3, 4 кезек).

Павлодар қаласының тұрғын үй құрылысы

2020 жылы тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға жоғары тұрған бюджеттерден 762,3 млн.

теңге сомасында трансферттер бөлінді

Атауы

2020 жыл

Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер және шығындар, таза

бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша

сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет

тапшылығы, оң белгімен алынғаны бюджет профициті болып табылады.

мың теңге

Бюджет тапшылығы (профициті)

Бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)

2 153 671,0

- 2 153 671,0


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл 11

«Ұстаздық еткен

жалықпас...»

Жақында «Педагог мәртебесі»

туралы заң жобасы

қабылданып, өз күшіне енген

болатын. Мен бұл жақсы

жаңалықты қуанышпен

қарсы алдым.

Өйткені ұстаздық – біздің отбасылық

кәсіп. Мен жоғары оқу орнын бітірмей-ақ

мұғалімдік қызметтің ауыртпашылығын,

үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін

ерте түсіндім. Ол үшін еш лекция

тыңдамай, тек сырттан бақылаумен:

ата-анамның азанда тұрып, елден ерте

жұмыс орнына асығатынын, кешке

дейінгі уақытын мектепке арнайтынын,

үйге келіп, түннің бір уағына

дейін сансыз дәптерлерді тексеріп,

ертеңгі күнге сабақ жоспарын жазатынын

байқадым. Осының арасында

үй шаруасын үлгеріп жүретіндеріне

бүгінде қайран қаламын. Бала кезінде

оны отбасылық міндетке жатқызып

қана қоятынмын. Осы қалыптасқан күн

тәртібінде кейде олардың маған артық

Зейнолла Нұрахметовты еске аламыз

Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов

ауылының тұрғыны, ел басқарған атамыз

Зейнолла Нұрахметұлы Нұрахметовты

сағынышпен еске аламыз. Ардақты жан

арамызда болса, биылғы 13 наурыз күні

мерейлі 85 жасқа келер еді.

Атамыз өмірде жүрегі кең, парасаты

мол, ақ жарқын жан болатын.

Өзінің адамгершілігімен және қарапайым

мінезімен, зор шығармашылық ой-өрісі

мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің

көңілінен шығып, ел-жұртының ілтипатына

бөленді. Оның әр сөзі өнеге, айтқан

өсиеті ерекше еді. Атамыздың орны

біздің әулетіміз үшін, ағайын-туыс ортасында

бір бөлек болатын. Оның жарқын

бейнесі әлі де көз алдымыздан кетпейді.

Ардақты да қымбатты атамыздың

топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Рухы пейіште шалқысын деп дұға етеміз.

Желтоқсан айы жүрегімізді қан жылатты,

Бізді кімдер жылы сөзбен жұбатты?

Қимайтын жан - атамыз кетті мәңгілікке,

Оттай жанған рухымызды бір құлатты.

уақыттары табылмайтын. Өйткені әкем

мен анам жалғыз мені емес, бүкіл

ауыл балаларының тәрбиесімен айналысатын...

Осыған мен ренжіп, кейде

балалықпен өкпелеген кездерім де

болған. Бірақ ауылдастардың барша

ұстаздар қауымына деген құрметін

байқап, уақыт өте келе бұл мамандықтың

жай емес, киелі екендігіне көзім жетті.

Шынымен де, ұстаздар - өскелең ұрпаққа

құндылықтарды дарытатын, ұстамын

жақсартатын теңдессіз тәрбиешілер.

Ұрпағымыздың саналы болуы мектептің

ғана емес, жалпы қоғамның жүрегі –

ұстаздардың қолында деп білемін. Сол

себептен «Педагог мәртебесі» туралы

заңның қабылдануын өте орынды деп

санаймын. Ұстаздардың жалақысын

көтеру арқылы үкімет мұғалімдер

қауымының жұмыс өнімділігін арттырып,

үстеме мотивация береді. Ол дегеніміз

білімнің сапасының артуы, еліміздің

қарқынды дамуының алғышарты.

Айтқұлова Қапан Сағымбайқызын

(Сағымбаева) еске аламыз

Сания Темерханова,

ПМПУ магистранты

(2041)

Уақыт деген зымырайды, тұрмайды,

Сағыныштан жүрегіміз тулайды.

Айтқан сөзің өнеге еді, өсиет,

Жанымызға салмақ салды бұл қайғы.

Мейірім тұнған жүзіңді сағынамыз,

Амал нешік, тағдырға бағынамыз.

Жадымызда айтқан ақыл, әр сөзің,

Дұға тілеп, рухыңа табынамыз...

Еске алушылар:

немере-жиендері,

шөберелері.

Аяулы анамыз Қапан Сағымбайқызы - еңбек ардагері,

аналық алқа, күміс алқа иегері, саналы өмірін ұрпақ

тәрбиесіне арнап өтті. Еңбек жолын Киров мектебінде

бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастап, екі жылдан

соң Саты мектебінде математика пәнін оқытты.

1966 жылдан бері 30 жыл бойы озық біліктілігі мен

мейірімін Жалтыр мектебіне арнады. «Біз білікті, ұлағатты

ұстаздан физика және математика пәнінен дәріс алдық,

үздік болдық» деген шәкірттерінен мақтау есту анамыз

үшін үлкен бақыт еді.

Шыншылдық пен тәртіпті, жауапкершілік пен адалдықты

сүйетін жан өз балаларынан да соны талап етуші еді.

Елге сыйлы, ұрпаққа қамқор бола білген анамыздың

салып кеткен жолы - біз үшін өнеге.

Анамызды сағынышпен еске ала отырып, марқұмның жылына арналған

ас 2020 жылдың 21 наурыз күні сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп мешітінде

үлкен залында берілетіні жайында хабарлаймыз.

Еске алушылар: балалары, немерелері.

Павлодар облыстық сотының, Павлодар облысының қалалық (аудандық)

және оған теңестірілген соттардың, «Павлодар облысы бойынша соттар

әкімшісі» РММ ұжымдары сот жүйесінің ардагері

Рабиға Әмірқызы Ідрісованың

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғысына

ортақтасып, көңіл айтады.

(2040)

(218)

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Жетістікке

жетелейді

Жастар бастамаларын дамыту орталығында

алғаш рет «Жекпе-жек – 2020» шеберлік

көрсетілімі ұйымдастырылды. Облыс орталығындағы

белді клубтардың тәрбиеленушілері

жиналғандарға жауынгерлік өнердің қырсырын

паш етті.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Атап айтсақ, қазақ күресі, таэквандо, каратэ, джиуджитсу,

грэпплинг спорт түрлері бойынша жекпе-жек

өткізілді. Мұндай спорттық шараның ұйымдастырылуы

тегін емес. Соңғы жылдары жастар арасында аталған спорт

түрлері қарқынды дамып келеді. Халықаралық жарыстарға

қатысып, жүлде алып жүрген павлодарлықтар аз емес.

Шара соңында жиналғандар сауалдарын қойып,

секцияларға жазылуға мүмкіндік алды.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Павлодар облысы департаменті» республикалық мемлекеттік

мекемесінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің

Әдеп Кодексін, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының

Заңдарын, департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заң

бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін 32-47-43

сенім телефоны жұмыс істейді.

(2042).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім

және ғылым саласында сапасын қамтамасыз ету комитеті Павлодар

облысының Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті

мемлекеттік қызмет көрсетудің екі түрін көрсетеді.

Білім туралы құжаттарға (тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы құжаттың тұпнұсқаларында қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығы және

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және/немесе

оған қосымшаны беру.

Білім беру қызметіне лицензия беру www.elicense.kz порталы

арқылы тек электронды нысанда жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын беру -

30 жұмыс күні.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта

рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық ұйымдар «Е-лизенциялау» порталы

арқылы мектепке дейінгі білім беру саласында қызметті бастағандығы

туралы хабарламаны беруге міндетті.

Білім саласында сапасын

қамтамасыз ету департаменті .

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапасын

қамтамасыз ету комитеті Павлодар облысы білім саласында

сапасын қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің

әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп

қағидалары), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік

қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін

Департаменттің 61-82-75, 61-82-66 сенім телефондары

жұмысын жалғастыруда.

(2044)

Барит Арыновты

еске аламыз

(2043)

Май ауданы Ақшиман ауылының

тұрғыны, аяулы жар, ардақты әкеміз

Арынов Бариттің қайтқанына қырық

күн толып отыр. Әкемізді сағына еске

ала отырып, топырағың торқа, жаның

жаннатта нұрлансын деп Алладан

тілейміз.

Қырық күн өтті асқар тауым құлағалы,

Қырық күн өтті анам іздеп жылағалы.

Әр күніміз сағынышпен өткенімен,

Жүрегіміз Әке деп соғады әлі...

Жеткізген алты баланы қайран әке,

Жете алмай жетпіс жасқа кеттің, әке,

Жанарларды жәудіретіп мәңгілік

Жанымыздан жырақтап кеттің, әке.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп пе жылатты.

Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,

Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.

Сағынамыз, сарғаямыз жабыға,

Қайғы-мұңды көтерерміз жабыла.

Қара жерді сен жатырсың жамыла,

Көзімізден ыстық жастар ағыла!

Әкеміздің қырқына арналған ас 20 наурыз күні сағат

12.00-де Павлодар қаласы, Майра көшесі, 43/9 мекенжайындағы

«Халал» хатымханасында беріледі.

Еске алушылар: жұбайы – Алтын, балалары,

немерелері, шөберелері. (216)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10096 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 490

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 14 наурыз, сенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ПРЕМЬЕРА

Облыстық Ж.Аймауытов

атындағы қазақ музыкадрама

театры жаңа

қойылымның премьерасын

көрермен назарына

ұсынды. Ол - Мұхтар

Әуезовтің «Абай жолы»

романының желісі

бойынша сахналанған

«Ерте ояндым, ойландым...»

трагедиясы.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Қазақтың бас ақыны Абай

Құнанбаевтың 175 жылдығына орай

көрермен назарына ұсынылған жаңа

қойылымды аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов, өңір зиялылары мен қала

Бала Абай Зере әже

құшағында

тұрғындары тамашалады. «Ерте ояндым,

ойландым...» трагедиясы арқылы

режиссер Әділет Ақанов Абайдың

дүниеге келген сәтінен бастап, балалық

және жастық шағын бұқараға жеткізуді

мақсат еткенін аңғаруға болады.

- Бір сағат он минуттық шығармаға

бір жарым ай көлемінде дайындалдық.

«Абай жолы» романының желісі бойынша

Дана Абай ой толғауда

«Ерте ояндым,

ойландым...»

Кенжебай Ахметов пен Жанат Хаджиевтің

«Жас Абай» қойылымын «Ерте ояндым,

ойландым» деп атадық. Спектакльде

30-ға жуық әртіс ойнады. Мұнда Абайдың

жастық шағы суреттелді. Біздің басты

мақсат - жас Абайдың бейнесін ашу,

сол кездегі жер дауы мен жесір дауын

бұқараға бүкпесіз жеткізу. Қойылымның

негізгі өзегі болатын көрініс - Қодар

мен оның келіні Қамқаның жазықсыз

айыпталып, өлім жазасына кесілуі. Осы

Абай әкесі Құнанбай алдында

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

сәтті өз көзімен көрген бала Абайдың

өмірге деген көзқарасы мен ойын

көрсетуге тырыстық. Сонымен қатар,

Құнанбай, Ұлжан, Зере және сол кездегі

билердің образдарын алып шықтық.

Қойылымда хакімнің Семейдегі оқуынан

оралғаннан кейінгі өмірі кеңінен көрініс

тапты, - дейді Ә.Ақанов

Қойылымның режиссері Әділет

Ақанов спектакльдегі Абай образын

ашуды театрдың жас әртісі Абзал

Жақып пен Нұржан Әбіласанға сеніп

тапсырған екен. Премьераның алғашқы

күні көрерменнің ерекше ықыласына

ие болған Абзал Жақып дара тұлғаның

образын ашу, ақынның сол кездегі

көңіл-күйі мен өмірге деген көзқарасын

жеткізудің оңайға соқпағанын айтады.

- Абайға үлкен әсер еткен оқиғалардың

бірі көрініс тауып отыр. Қойылым

барысы бозбала Абайдың Семейдегі

оқуынан келген сәті мен ел ісіне араласу

шағында өрбиді. Көп дайындалдық.

Менің ойымша, әр әртіс үшін Абай

Құнанбайұлының рөлін сомдау оңай

емес. Мен әлі де ақын рөлін толыққанды

шығардым деп айта алмаймын. Шамам

жеткенше образға енуге тырыстым.

Бағасын көрермен бере жатар, - дейді

Абзал Жақып.

Ал трагедиядағы Құнанбай образын

танымал актерлар, театр қайраткерлері

Жұмахан Доспаев, Зерені – Роза

Тәжібаева, Ұлжанды – Талжібек Атамбек,

Қодарды – Руслан Нығыманов, Қамқаны –

Айсұлу Балтабаева, Айқызды – Гүлжан

Қайырбекова, Оспанды – Мұзафар

Төлеубек және үлкен Абайды Нұржан

Сарқамбаев сомдады.

КӨРЕРМЕН ПІКІРІ

Абайды бір

толқытқан

кез еді

Алас–күлес шашылып жатқан

үлкен орамды теңдер, арқандалған

түйе жүк. Барар жүкті де, келер

жүкті де салмақтап берер үлкен

таразы. Бір заманның күйкі тіршілігін

шеше алмай әрі-бері сапырылысқан

халық. Аспанның шайыры

кетпеген түйе жүн секілді сұрғылт

реңі де ә дегеннен-ақ айналаны

қоршап алған беймаза күйді

меңзегендей.

«Жас Абай» спектаклінің осы бір көрінісінде

қойылым режиссері Әділет Ақановтың көрермен

назарына ұсынғаны - сол сәттің өткен

кезеңдермен келбеттестігі, болар кезеңдермен

реңдестік таппай жатқандығы. Сыртта қысты

өткізіп, ауылына көктем шыға жолы түскен

шәкірт Абайдың сағынышпен жолығысқан

қуанышты қауышулары да осы сұрғылт реңде

өтеді. «Неге?» деген сауалға жауапты қойылым

көрермендері оқиға өрбуінен, сахна бояуының

қоюлана түсуінен аңғара бастайды. Сүндетке

отырудың өзін аса бір қиналыс деп таппаған

Абайдың балалық шағы үнемі көпшіліктің

алақанға салып, үкілеп, еркелетумен өтуге

тиісті екендігін аялап қарсы алған екінші

шешесі Айғыз да, өз шешесі Ұлжан да, кәрі

әжесі Зере де жақсы сезінетін. «Жаман неме,

маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман

неме» деп бұртаңдаған мінез танытқан Зере

құшағына немересі барғанда «жаман немесі» -

«Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жанымға»

айналып кеткенін өзі де аңғармай қалғандай.

Осы бір жайдары шақтың өзі жан-жақтан

тұмшалап тұрған қоңырқайлықтан көп ауытқи

алмайды. Иә, айналасындағы барша жұрт батыл

сөзді - ақыл сөзге, балалық күлкіні - даналық

күлкіге, таңдаусыз тай мінген шағын, сәйгүлікті

өзіне сай мінген шаққа лайықтаған зерделі

Абайдың ғұмырында басқа бір бұрылыс,

басқа бір бұралаңды күтпегендей еді.

Жақсыға талпынған баланы уақыт ағысы

қатты тау суының бұралаңындай сын тегеуріне

ала бастайды. Осылайша Абайға өмірдің негізі

күрестен тұратындығын жастайынан ұқтырғандай.

Уақыт адам ойға алған әділдігін орнатып,

шындықтың биік белесін тастай қалауға еркіндік

беріп, тізгін ұстата қоймайды. Абай сыртта

оқып, өзгеден білім алса да, өз ауылынан,

өз ортасынан жырақ қалған кезі жоқ. Ол елде

болып жатқан белгілі, белгісіз тартыстардан

да хабардар. Құнанбай мен Бөжей, Майбасар,

Байсал, Қаратай, Сүйіндік арасындағы сөздерден

от ұшқыны ұшып жатқанын білмейтіндей

тым алыс жатқан жоқ. Ол Қодар мен Қамқа

арасындағы оқиғаның да ел арасындағы қалың

өсекке айналып бара жатқанын естіген. Сол

шиыршық атқан шырғалаң оқиғаның түпкі

шешіміне әкесі Құнанбайдың жауаптылығын

да сезеді. Бірақ қазақтың дархан даласының

кеңдігі өзі өскен ауылдың бар жұртына, бар

қара сақал, ақ сақалдыларына кең тарап,

бойына сіңісе қоймағанын аңдайды. Қодар

мен Қамқаның көңілдес болғаны туралы

қаңқу сөз Тобықтының ой түзер, сөз айтар

ақсақалдарын түгелдей томаға тұйыққа тіреп,

ойға шомдырды. Осы шытырманның шешуі аға

сұлтан Құнанбайдың түйінді сөзіне тірелген

кезде әкем не дер екен деп басы қатқан

Абай ой шегіне жете алмай толғанады. Қайтақайта

жиын құрып, сөзге тоқтамай, айтыса

кеткендерін көріп, үлкендердің осындай іші

қатпарлы, қиын жататындығын ойлады. «Үлкен

болсам, осылардың мінезін әрдайым танып,

біліп тұратын болсам» деп үлкендікке тағы

бір қызығып асыққан еді. Оның көпті тез

біліп алуға асығатын мінезі осы спектакль

бойында да айқын сезіледі.

Жас Абайдың кемелді Абаймен тілдесуі

де қойылымдағы соны шешімдердің бірі десе

болар. Бүгінгі көрерменге ғақлиялары арқылы

хакім Абайдың өз заманына ғана емес,

ілгері замандар үшін әділдіктің сара жолын

меңзегенін тағы бір айшықтап көрсетеді.

Иә, Абай жолы кең де даңғыл. Сол деңгейді

танытуға жол тартқан қойылымның да талпынысы

ауқымды. Театр артистері жасаған

образдардың да Абай кезеңінің шынайы кейпін

танытып тұрғанын атау орынды. Павлодарлық

көрермендердің назарына кесек тұлғалы

қойылым ұсынылған екен. Сәт сапар!

Ғалымбек ЖҰМАТОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!