17.03.2020 Views

17 наурыз, 2020 жыл №30 (15500)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 17 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Сақтанғанды Құдай сақтайды

Басы 1-бетте

- Құрметті отандастар!

Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем

өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.

Дүние жүзін коронавирустың таралуы

алаңдатып отыр. Бұл індет күнненкүнге

ушығып барады. Өкінішке

қарай, осы дерт біздің елімізде де

тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен

бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап

Қазақстанның аумағында төтенше

жағдай енгізілді.

Төтенше жағдай режимі

30 тәулікке созылады. Президент

жанынан Мемлекеттік комиссия

құрылды. Оны Премьер-министр

басқарады. Барлық қажетті алдын

алу шаралары жүзеге асырылады.

Қоғамдық тәртіп қатаң

бақылауға алынады. Көпшілік

қатысатын іс-шаралар тоқтатылды.

Көптеген азаматтарымыздың алдағы

мереке күндеріне орай жоспар

құратынын түсінемін. Дегенмен,

бүкіл халықтың денсаулығы үшін

осындай шешім қабылдап отырмыз.

Ірі сауда нысандарының жұмысын

шектеуге мәжбүрміз, бірақ азықтүлік

дүкендері және базарлар

өз жұмысын жалғастыра береді.

Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар,

театрлар, көрмелер және

жұртшылық көп баратын басқа

да орындар уақытша жабылады.

Оқушылар демалысқа жіберілді.

Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне

көшті. Сондай-ақ, азаматтарымыз

отбасылық іс-шараларды өткізбеген

жөн деп санаймын. Қазақстан

Республикасының аумағына кіруге

және шығуға шектеу қойылады.

Мемлекеттік шекара бойындағы

өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен

әуежайларда санитарлық режим

күшейтілді.

Менің тапсырмам бойынша

Үкімет қорынан дәрі-дәрмек,

тест жүйелерін және зертханаға

арналған жабдықтарды алу үшін

қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын

жеткілікті. Осы шаралардың барлығы –

азаматтардың денсаулығы үшін

жасалып отырған өте маңызды

қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер

деп ойлаймын.

Сақтанғанды Құдай сақтайды.

Бұл індетпен күресуге толық

мүмкіндігіміз бар екенін баса

айтқым келеді. Бұл қиындықты

бәріміз бір халық, бір қоғам болып

міндетті түрде еңсеріп шығамыз.

Бұл – уақытша дүрбелең. Осы

дағдарыстан абыроймен өтуіміз

керек! Енгізілген шектеулерге әр

азамат жауапкершілікпен қарауы

тиіс. Әр адам барынша сақтанып,

вирустың таралмауына атсалысуы

қажет. Еліміздің барлық азаматтары

153 мың

адамнан асты

Қытайлық коронавирусты жұқтырғандардың

жалпы саны 153 мың

адамнан асты. Оның жартысынан

көбі ем-дом қабылдап жазылып

шықты. Індетке қарсы вакцина әзірге

жасалған жоқ. Бірақ оны емдейтін

дәрі-дәрмектер бар.

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының

соңғы мәліметіне сүйенсек, осы күнге дейін

81 077 қытайлық вирус жұқтырыпты. Оның

3218-і қаза тапқан (төртеуі Гонконгта, біреуі

Тайваньда). 67 893 кісі жазылған. Дүниежүзілік

Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек,

б а с қ а е л д е р д е ж ұ қ т ы р ғ а н д а р д ы ң с а н ы

72 649-ға жеткен. Оның 2531-і ажал құшыпты.

Вирус әлемнің 143 елінде тіркелді.

Еске сала кетсек, New York Post басылымы

АИТВ-ке (ВИЧ) қарсы дәрімен жаңа коронавирусты

емдеуге болады деп жариялаған

өкілетті органдардың қызметіне

қолғабыс көрсетеді деп сенемін.

Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап,

тәртіпке бағынуымыз керек. Дерттің

алғашқы белгілері пайда болған

жағдайда бірден тұрғылықты жердегі

дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің

азаматтық жауапкершілігіміз осындай

сәтте сыналады. Біз экономикалық

жағдайды басты назарда ұстаймыз.

Мемлекет барлық әлеуметтік

міндеттемелерін орындайды.

Елбасымыздың сарабдал

саясатының арқасында бұған

қажетті қорымыз қалыптасты.

Қаражат бар. Осы орайда, азықтүлік

қоры жеткілікті екеніне

назар аударғым келеді. Күнделікті

тұтынатын тауар бағасын негізсіз

қымбаттатуға жол берілмейді. Біз

ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын

әрекеттерге тыйым саламыз.

Жалған ақпарат таратып, дүрбелең

туғызатындар заңға сәйкес жауапқа

тартылады. Бұқаралық ақпарат

құралдары, интернет-ресурстар

тек ресми мәліметтерге

сүйеніп, жұмыс істеуі керек. Біз

осы жаһандық кеселге қарсы тұру

үшін күш-жігеріміздің мықты екенін

көрсетуіміз қажет. Татулық пен

тұтастықтың арқасында кез келген

қиындықтан шығуға болады.

Сондықтан, бәріміз бір адамдай

жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз

қажет. Береке мен бірлік бәрін де

жеңеді, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ,

Денсаулық сақтау министрлігі

қазіргі таңда 9 қазақстандық

азаматта коронавирус белгілерінің

бары анықталғанын ресми түрде

мәлімдегенін атап өтті. Таралу

қаупінің де барын айтты. Вирус

сырттан әкелінген, жұқтырған

азаматтар - дәрігерлердің

бақылауында. Олар байланыста

болған адамдар да медициналық

бақылауға алынған. Қазақстан

көптеген елдерден бұрын арнайы

сараптамалық штаб және Үкімет

деңгейінде ведомствоаралық

комиссия құрды, вирустың таралуына

қарсы іс-әрекет жоспарын

қабылдады, деді.

Президент Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымы жариялаған

коронавирус пандемиясы зор

қауіпке айналып отырғанын атап

өтті. Сондықтан қазақстандық

заңнамаға сәйкес ел аумағында

төтенше жағдай жарияланды. Бір

айға белгіленген төтенше жағдай

режимі қажеттілік туындаса, тағы

созылуы мүмкін. Осылайша, алдын

алу шаралары күшейтіле түспек.

Яғни, қоғамдық тәртіпті қорғау

нығайтылып, бұқаралық іс-шаралар

өткізуге тыйым салынды.

болатын. Оның дерегі бойынша, Нью-Джерси

тұрғыны осындай дәрі қолданғаннан кейін

жазылыпты. Қытай, Таиланд және Жапония

елдерінің дәрігерлері науқастарды АИТВ-ке

қарсы қолданылып жүрген лопинавир және

ритонавир деп аталатын препараттармен

емдеп шығарған. Бірақ бұл дәрі-дәрмектер

коронавирусты емдеуге арналған препарат

деп ресми түрде мақұлданбады. Вакцина

да әзірге жасалмады. Қытайлық мамандар

малярияға қарсы препарат – хлорохин мен

АИВ-ке қарсы Kaletra деп аталатын дәрімен

де емдеген. Бұл препараттар - протеаз

ингибиторлары санатына жататын дәрілер.

Олар вирустың көбеюін тежейді екен. Бұған

дейінгі зерттеу нәтижелері көрсеткендей,

Kaletra атипиялық пневмонияның қабынуын

тоқтатып, коронавирустың көбеюін тежейді.

Испанияның El Pais басылымының мәліметіне

сүйенсек, елде бірінші болып коронавирус

жұқтырған 62 жастағы Мигель Анхель Бенитес

Kaletra-ны қолданғаннан кейін жазылған екен.

Таиланд пен Жапонияның дәрігерлері де

COVID-19 вирусымен күресте осы препаратты

қолданғанын жариялаған болатын.

Базарлардың жұмыс режимін

жергілікті атқарушы органдардың

ұсыныстары негізінде мемлекеттік

комиссия белгілемек. Ойын-сауық

орталықтары, кинотеатрлар, театрлар

мен көрмелер және басқа да адам

қарасы көп жиналатын орындар

уақытша жұмысын тоқтатады.

Тұрғындарға отбасылық және

еске алу кештеріне арналған

бұқаралық басқосулар өткізуден

де бас тартулары тиіс. Қазақстан

Республикасы еліне кіру-шығуға

да шектеу қойылады. Бірақ, бұл

шектеу жүк тасымалына қатысы

жоқ. Президент тұрғындарды бұл

шараларға түсіністікпен қарауға

шақырады. Ал шекарада, вокзалдар

мен әуежайларда санитарлықэпидемиологиялық

режим күшейтілді.

- Мемлекеттік органдар

санитарлық-алдын алу және

эпидемияға қарсы іс-шаралар

жоспарын әзірледі. Қазақстан

азаматтарын өкілетті қызметтерге

қолғабыс етуге шақырамын, - деді

Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі

жағдайда жауапкершілік танытып,

тәртіп сақтау қажет, деді. Яғни,

жайсыздық сезінсе, бірден

тұрғылықты мекенжайы бойынша

медициналық қызмет көмегіне жүгінуі

тиіс. Ал медициналық тексерістен

жалтарған және карантинтік режимді

бұзған азаматтар жауапқа тартылатынын

да Мемлекет басшысы

еске салды.

Қазіргі таңда ауыртпалық

денсаулық сақтау жүйесіне түсетінін

де тілге тиек етті. Көп дүниенің

олардың кәсібилігі мен адами

тұрғыда қатысуына тікелей байланысты

болатынын атап өтті. Ақ

желеңділер сын сәтінен абыроймен

өтуі тиіс.

Президент коронавирустың

жаһандық экономикаға кері әсер

тигізіп жатқанын атап өтті.

- Қазақстан ауқымды дағдарыстың

салдарын сезінуде. Экономикалық

катаклизмге қарамастан әлеуметтік

шиеленістік, жұмыссыздықтың өсуіне

жол бермеу үшін барлық қажетті

шаралар қабылдаймыз. Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

сарабдал саясатының арқасында

еліміздің халықаралық қоры

Таиланд елінің медициналық қызметкерлері

Kaletra-мен қатар тұмауға қарсы осельтамивирді

науқастарға беріп, екі күннен кейін ауруға

шалдыққандар құлан-таза жазылған екен.

Ескере кететін жайт, қазір Қытайда лопинавир

мен ритонавирдің коронавирусты емдеудегі

тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталып жатыр.

Ал АҚШ-тың кейбір фармацевтикалық компаниялары

бұларды ем ретінде қолдануды

бастап кеткен.

Кемі 6 айға

жетеді

Қазақстанда азық-түлік қоры

жеткілікті. Қазіргі күні қоймаларда

сақтаулы тұрған азық өнімдерінің

көлемі кемі 5-6 айға жетеді.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы

министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

- Бүгінде Қазақстанда азық-түлік жеткілікті,

яғни жағдай тұрақты. Қазіргі кезде сауда

желілері мен қоймаларда өнімнің қажетті

деңгейінде болуына қатысты күн сайын

90 миллиард АҚШ долларына жетті, -

деді Қ.Тоқаев.

Бұл шаралар ел экономикасы

тұрақтылығын сақтауға әрі

мемлекеттің халық алдындағы

әлеуметтік міндеттемелеріне

айтарлықтай кепіл болатыны

айтылды. Мемлекет бюджеттік

шығындарды барынша тиімді

бағыттарға жұмсауды көздеп отыр.

Нақтысы, отандық кәсіпкерлерді

қолдауға және жұмыс орындарын

ашуға 300 млрд. теңгеден кем

емес қаражат бөлінбек. Президент

бизнесті несиелендіру деңгейін

төмендетуге болмайтынын атап өтті.

Ішкі нарықты толтыру әрі өндірісті

ынталандыру үшін «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасын

қаржыландыру ұлғайтылмақ.

Мемлекет басшысы дүрлігу

желеуімен бағаның өсуіне жол

берілмейтінін айтты. Президенттің

тапсырмасына сай бұл мәселені

Үкімет пен барлық деңгейдегі

әкімдіктер қатаң бақылайтын

болады.

Президент «Мемлекеттің жұмыс

тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары

туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл құжат мемлекеттік органдардың

тиімділігін арттыруға, дағдарыс

жағдайында қажетті шешімдерді

жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл Жарлық дәрідәрмектер

мен басқа да құралдарды

негізінен отандық өндірушілерден

жеңілдетілген түрде сатып алуға

құқық береді.

Президент халықтың даналығы

мен жоғары азаматтық жауапкершілігі,

қоғам мен мемлекеттің бірлескен

әрекеті барлық қиындықтарды

еңсеруге мүмкіндік беретініне

сенім білдірді. Ал арандатушылық

ақпарат таратып, халық арасында

үрей тудыруға әрекет еткендер

заңға сәйкес жауапқа тартылатын

болады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы

азаматтарды сабырлық сақтап,

бір-біріне қол ұшын созуға, өзін

және жақындарын қорғауға шақырды.

- Біз - тарихымызда небір

қиындықты бастан өткерген

халықпыз. Сол сынақтардан,

ең алдымен, береке-бірліктің

арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл

халықты жұдырықтай жұмылуға,

сабыр сақтауға шақырамын. Бұл

күрделі жағдайды бәріміз бірге

еңсереміз деп сенемін! Халқымыз

аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз

біргеміз! - деп түйіндеді Мемлекет

басшысы үндеуін.

Әзірлеген – Г.МАҒЖАН.

ДҮНИЕ-ДҮРМЕК

мониторинг жүргізудеміз. Егер де кейбір

тауарлар жетіспесе, жеткіземіз. Мысалы,

Маңғыстау облысында қандай да бір

көлемде тауар қажет болса, біз оны жедел

түрде жеткіземіз», - деді министр Парламент

Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап

бере отырып. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі

еліміздегі қоймаларды азық-түлікпен толықтыру

жұмыстары жалғастыруда. «Қазақстанда

өндірілетін азық-түлік өнімдері елімізге бір

жылға жетеді. Қазір қоймалардағы көлем

5-6 айға жетеді. Сонымен бірге, бүгінде

өндірістер жұмыстарын жалғастырып

жатқанын ұмытпау керек. Тоқтаусыз жұмыс

істеп тұрған кәсіпорындар тауарлар көлемін

үнемі толықтырып тұрады», - деді Сапархан

Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл

шаруашылығы министрі негізгі азық-түлік

тауарларының 29 түрі бойынша тұрақты

түрде мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.

Ақпараттар inform.kz және

inbusiness.kz ақпараттық сайттарынан

әзірленді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!