17.03.2020 Views

17 наурыз, 2020 жыл №30 (15500)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 17 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл 3

Қазақстан Республикасында

төтенше жағдайды енгізу туралы

Басы 1-бетте

4. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын

шаралардың іске асырылуына жауапты болып Қазақстан

Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай

режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия,

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан

Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан

Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан

Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан

Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының

және облыстардың әкімдері айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы

Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді

іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз

етсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті

қаражаттарды бөлсін;

2) медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік

режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық

жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын

адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың

жауаптылығының шаралары күшейтілсін;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен

бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19

коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы

Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы

15 наурыз №285

COVID-19: сақтықта қорлық жоқ

Қазақстан жаһандық деңгейде таралып отырған коронавирус дертінің біздің елде өршуінің

алдын алу мақсатында сақтық шараларын күшейтті. Елде Мемлекет басшысының Жарлығымен

төтенше жағдай жарияланып, соның аясында қосымша шаралар енгізілді. Өзгерістер елдегі ірі

сауда орталықтарының жұмыс уақытын шектеуден бастап, шекара асуда белгілі бір тосқауылдар

қоюға дейін ұласты. Бұған дейін 16 наурыздан бастап барлық орта мектептердің оқушылары

демалысқа жіберіліп, студенттер онлайн оқуға көшіп, музей-кітапханалардың, кинотеатрлардың,

ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

Төтенше жағдай не

үшін жарияланды?

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин

Қазақстанда не үшін төтенше жағдай

жарияланғанын түсіндірді. Ерлан Қарин

бұл туралы Telegram-каналында жазып,

қазақстандықтарды сабырға шақырды.

«Бұл ресурстарды жұмылдыру және

мемлекеттік органдардың тез шешім

қабылдауы үшін, вирустың кең таралуына

жол бермеу үшін қажет. Төтенше жағдайды

енгізу тиісті құқық режимінде қажетті

шешімдерді ресімдеуге мүмкіндік береді.

Мемлекет алдын ала әрекет етіп жатыр», -

деп мәлімдеді Мемлекет басшысының

кеңесшісі.

«Негізгі шаралар бұрынғыдан да, одан

кейін кезең-кезеңмен, жағдайдың дамуына

байланысты қосымша алдын алу шаралары

қабылданды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне

байланысты, әрине, жаңа шектеу шаралары

болады, бірақ тұтастай алғанда, халықтың

тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі

объектілердің жұмыс істеуі сақталады. Атап

айтқанда, СОО-да дүкендер мен дәріханалар

жұмыс істейді», - деді ол.

«Барлық осы шешім бірінші кезекте

халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздікті

қамтамасыз ету мүддесінде қабылданады.

Бұл шаралар алдын алу сипатында екенін

тағы да атап өткім келеді», - деп түйіндеді

Ерлан Қарин.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус

жұқтырған 9 адам тіркелген: 2-еуі

Нұр-Сұлтанда, 7-еуі Алматыда.

Шекара асуда қандай

шектеу қойылады?

ҚР Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай

режимі енгізілген кезде ел шекарасынан

кімдердің өтуіне шектеу қойылатындығын

нақтылады.

Министрлік таратқан ақпараттарға

қарағанда, Қазақстан Республикасында

2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-

ден бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне

байланысты оның қолданылу кезеңінде

келесі шаралар қабылданатын болады:

1. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде

Қазақстан Республикасының азаматтары

мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара

арқылы кіруіне-шығуына шектеу енгізілетін

болады. Төмендегі жағдайлардан басқа:

Бұрын шет мемлекеттің аумағына

шыққан және Қазақстан Республикасына

қайтып келген Қазақстан Республикасының

азаматтары;

Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын

құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге

шығатын Қазақстан Республикасының

азаматтары;

Осыған дейін Қазақстан Республикасының

аумағына кірген және елден шығатын

шетелдіктер; Еліміздің және шет мемлекеттердің

дипломатиялық қызмет персоналы және

олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет

мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың

делегацияларының мүшелері;

Поездық және локомотив бригадаларының,

әуе және теңіз кемелері экипаждарының

мүшелері;

Қазақстан Республикасының аумағындағы

шетелдік трансшекаралық құрылыстарға

қызмет көрсететін персонал және шектес

мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық

трансшекаралық құрылыстарға қызмет

көрсететін персонал;

Шектеулерді енгізгенге дейін (2020

жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін)

жолға шыққан және транзиттік жолаушылар

поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;

Қазақстан Республикасының аумағында тұруға

ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы

жоқ тұлғалар);

Қазақстан Республикасы азаматының

отбасы мүшесі болып табылатын шетел

азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған

жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың атааналары

мен балалары).

2. Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық

көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды

қоспағанда, Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

арасындағы Қазақстан Республикасының және

Ресей Федерациясының шекара маңындағы

аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей

мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы

келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-

Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу

орындары арқылы жергілікті тұрғындарды

өткізу тоқтатыла тұрсын.

Трансшекаралық құрылыстар – мемлекеттік

шекараны кесіп өтетін теміржолдар, автомобиль

жолдары, құбырлар, электр беру

желілері, кабельдер, көпірлер, бөгеттер,

шлюздер, су арналарының құрылыстары

Сурет informburo.kz сайтынан алынды.

және басқа да құрылыстар, сондай-ақ

тараптардың бірінің шекара маңындағы

аумақ (шекара аймағы) шегінде, екінші

Тарап мемлекетінің аумағындағы объектілері.

Үй карантиніне

жатқызылғандар

саны артып келеді

Қазақстанда коронавирусқа байланысты

стационарлық карантинде жатқандар саны

3 адамға азайып, үй карантиніне жатқызылғандар

саны 353 адамға көбейді. Бұл жайында

кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен

мәлім етті.

«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған

9 науқас, оның ішінде Алматы қаласында –

7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген.

Стационарлық карантинде - 1 641, үй

карантинінде 981 адам жатыр. Сонымен

қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден

келген азаматтарға мониторинг

жалғасуда», - деп атап өтті министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, барлық

санаттар бойынша мониторингке 2 626

адам алынды. Оның ішінде 1 «А» санаты

бойынша – 1 689, 1 «Б» санаты бойынша –

586, 2-санаты бойынша 351 адам бар.

Мониторингке алынған 2 626 адамның

503-іне бақылау тоқтатылды. 2 123 адамға

мониторинг жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта дене қызуымен және

ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға

жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б» санаты

бойынша – 39 адам, 2-санат бойынша –

43 адам, 3-санат бойынша - 47 адам.

Ауруханаға жатқызылғандар саны 129, 65

азамат шығарылды. 73 адам стационарда

қалады. Оның 64-і дене қызуымен және

ЖРВИ белгілерімен, ал 9-ы коронавируспен

ауруханада жатыр. Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған

пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық

стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы

қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау,

емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары

жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінің тұрақты бақылауында», -

делінген таратылған ақпаратта.

Сауда

орталықтарының

жұмысы шектелді

Елдегі ірі сауда орталықтары сағат

10.00 мен 18.00 аралығында ғана жұмыс

істеуі мүмкін. Президенттің елде төтенше

жағдай жариялауына және халықтың өмір

қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және

интеграция министрлігі бірқатар шараларды

қабылдау женінде кеңес берді.

«Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы

сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс

істегені жөн. Осы аралықта санитарлық

қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр,

балалар орталығы, кез келген ойынсауық

алаңдары жабылады. Азық-түлік

дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік

базарлары қалыпты режимде жұмыс істей

береді. Тек санитарлық дезинфекциялық

шаралар күшейтіледі» делінген хабарламада.

Министрлік санитарлық қауіпсіздік

шараларын күшейту жөніндегі басқа да

ақыл-кеңесін кейінірек қосымша хабарлайды.

Нан өнімдері

қаптаулы болсын

Министрлік нан өнімдерін сыртынан

қаптаулы күйде сатуды ұсынды.

«Нан және кондитер өнімдерін сырты

қапталған күйінде сатқан дұрыс. Сонымен

қатар, азық-түлік сатпайтын базарлар

таңғы 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін ғана

жұмыс істегені дұрыс» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Сауда және интеграция

министрлігі бұған дейін ірі сауда

орталықтарына 10.00 мен 18.00 аралығында

жұмыс істеу жөнінде кеңес берген еді.

Алматылық науқас

жауапқа тартылды

Коронавирус жұқтырған алматылық

жауапқа тартылды.

«Коронавируспен ауыратын науқастардың

бірі - азаматша Б. кез келген жағдайда

санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі

келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен

байланысқан азаматтардың мәліметтерін

беруден әдейі бас тартты. Әйел ҚР Қылмыстық

кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық

жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Алматы полициясы осы жағдайды ескере

отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын

анықтау және алдын алу бойынша

қалалық қызметтерге барынша көмек

көрсетуге және қабылданған шараларға

түсіністікпен қарауға шақырады.

Ақпараттар inform.kz және

tengrinews.kz сайттарынан

әзірленді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!