17.03.2020 Views

17 наурыз, 2020 жыл №30 (15500)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 17 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

Азық қорына -

тұрақты бақылау

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Бағалау – тұрғындардың

еншісінде

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов Павлодар қаласында

іске қосылған бірыңғай

байланыс орталығының

жұмысымен танысты. Ендігі

жерде павлодарлықтар

109 нөміріне хабарласып,

коммуналдық мәселелер

жөнінде шағымдана алады.

Оралхан ҚОЖАНОВ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ

Павлодар облысында азық-түлік қорлары мен олардың бағаларының тұрақты мониторингі

жүргізілуде. Өткен апта соңында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің

азық-түлік тауарларын жеткізушілерімен және көтерме-бөлшек сауда сатушыларымен

кездесті.

Жұмыс кеңесіне Small, INMART, Greenwich, Лидер

сауда желілерінің, көтерме-бөлшек сауда нарықтарының

және азық-түлік өнімдерін жеткізуші компаниялардың

30-дан астам өкілі қатысты. Аталмыш сауда орындарына

облыстың азық-түлік нарығының 65%-ы тиесілі.

Олар соңғы күндері сатып алушылар санының шамалы

ғана өскенін атап өтті.

- Сатып алушылардың аздап артуын біз әдетте

айдың басындағы еңбекақы алуымен байланыстырамыз.

Бүгінде қант сатып алушылар сәл артқан, бірақ, жалпы

сатып алу көлемі бұрынғы деңгейде, - деп мәлімдеді

Greenwich сауда желісінің өкілі Татьяна Усова.

Ал INMART сауда желісінің өкілі Қуандық Қосымовтың

айтуынша, бұл супермаркеттерде орташа чек 8 пайызға

өскен. Бірақ, ақпанмен салыстырғанда наурыз айында

үнемі өсім байқалатын көрінеді. Жалпы, аталмыш сауда

желісі бойынша сатып алушылар санының артуы жоқ.

Азық-түлік жеткізушілері мен көтерме сауда

орындарының қоры бір айдан үш айға дейінгі

мерзімге есептелген. Сонымен қатар, нарықтың ірі

қатысушыларының азық-түлік жеткізуге арналған

қолданыстағы келісімшарттары бар. Әбілқайыр

Сқақов жауапты мемлекеттік органдар азықтүлік

тауарлары мен олардың бағасына, оның

ішінде әлеуметтік дүкендерде тұрақты мониторинг

жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

- Бізге жағдайға объективті мониторинг жүргізу

қажет. Егер қандай да бір позиция бойынша

қиындықтар туындайтын болса, бұл мәселені

жедел шешуіміз керек. Әрине, аса қажет болған

жағдайда тауар интервенцияларын жүргізетін

боламыз, - деп атап өтті өңір басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Әбілқайыр

Сқақов кәсіпкерлік және сауда басқармасына

және басқа да құзыретті ведомстволарға бірқатар

тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Кез келген

жағдайға

әзірлік керек!

Өткен жұма күні облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов медицина және басқа да

жауапты қызмет өкілдерімен кездесіп,

аймағымызға коронавирус инфекциясына

қарсы дайындық шараларын

пысықтады.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың

айтуынша, аймағымызда 544 павлодарлық дәрігер

COVID-19 вирусының алдын алу, диагностикалау

және емдеу бойынша оқудан өткен. Өңірде

инфекция анықталған жағдайда пайдаланылатын

945 төсек-орын дайын тұр. Тағы 480 төсек-орын

коронавируспен ауыру мен өлім-жітім деңгейі

жоғары елдерден келген адамдарға арналған

карантиндік орталық үшін қарастырылған.

- Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына

сәйкес, аудан орталықтарындағы

барлық төсектер жиылып, біздің үш қалада

шоғырланатын болады. Егер ауылдарда немесе

шекарада біреулер инфекция күдігіне іліксе,

науқас жақын маңдағы қалаға жеткізіледі, –

деді Асхат Оралов.

Барлық медициналық қызметкерлер жеке

қорғану құралдарымен және медициналық

препараттармен толық қамтамасыз етілген.

Мамандардың айтуынша, COVID-19 вирусы

тіркелген жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі

барынша пысықталған.

- Павлодар облысындағы медициналық

желі мықты. Дәрігерлер дайындықтан өткен.

Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап, кез

келген ахуалға дайын болу керек. Ешқандай

дағдарыстық жағдай жоқ, бірақ дайындық

жұмыстары өте маңызды. Коронавирустық

инфекция жағдайында дәрігерлер, эпидемиологтар,

жергілікті жерлердегі басшылар және

басқа да қызметтер арасында билік бөлінбеуі

тиіс. Бұл - барлық шекаралар жойылатын жағдай.

Біз үшін ең бастысы – халықтың денсаулығы, -

деп атап өтті өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Профилактика мақсатында облыстың бес

медициналық-әлеуметтік мекемесінде келушілерге

карантин енгізілді. Тағы да үш медициналықәлеуметтік

мекемеде қабылдау тек күндізгі уақытта

жүргізіледі. Сондай-ақ, өңірде барлық мәденибұқаралық

іс-шаралар, оның ішінде театрлар

мен кинотеатрлар жұмысын тоқтатты. Спорттық

іс-шараларға келер болсақ, олар көрерменсіз

өтеді. Павлодарлық спортшылардың әлемдік

жарыстарға шығуы да шектелді.

Павлодар облысы әкімінің

баспасөз қызметі.

БАҒА САЯСАТЫ

28 теңгеге

өсті

Еліміздегі айырбастау пункттерінде

АҚШ долларының теңгеге шаққандағы

бағамы өсті. «KASE»

қазақстандық қор биржасының

16 наурызда өткен күндізгі

сессиясының қорытындысы

бойынша, шетелдік валютаның

орташа курсы - 434,38 теңге.

Орталықтың директоры Абзал

Қабдраштың мәліметінше, 12-14 наурыз

аралығында 500-ге жуық өтініш келіп

түскен. Тұрғындар көбіне қар тазалау,

қар суын сору жұмыстары бойынша

хабарласуда. Операторға келіп түскен

өтініш бірден бұл іске жауапты мекемеге

жолданады. Мәселенің күрделілігіне қарай

шешу мерзімі – 4 сағаттан 7 күнге дейін.

Орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Алдағы

уақытта Ақсу және Екібастұз қалалары,

кейін барлық аудандар аталған жүйеге

қосылады деп күтілуде.

- Күндіз 5 оператор, түнде екі

маман өтініш қабылдауға әзір. Өтініштер

орындалғаннан кейін тұрғындарға қайта

хабарласып, жауабын береміз. Жаңа жүйе

болғандықтан, ара-тұра түсінбеушіліктер

орын алып жатады. Десе де, дер кезінде

жағдайды бақылауға алып, тұрғындармен

тығыз қарым-қатынас орнатылуда, -

дейді А.Қабдраш.

Орталықтың жұмысын зерделеген

аймақ басшысы Ә.Сқақов жұмыстың орындалуына

талдау жасап, фотоесептерді

жүйеге енгізу керектігін атап өтті.

- Жұмыстың сапасына тұрғындардың

өзі баға беруі керек. Мұндай мүмкіндік

жүйеге енгізілгені абзал. Халық алдындағы

есептік кездесулерде абаттандыру және

коммуналдық жөніндегі проблемалар жиі

көтеріледі. Бұл ретте, орталыққа хабарласқан

павлодарлықтардың өтініштерін талдай

келе, облыс орталығындағы коммуналдық

мәселелердің картасы айқындала түсетіні

анық. Сондай-ақ, коммуналдық салаға

жауапты мекемелердің жылу беру маусымына

дайындығын тексеру үшін өте жақсы

құрал, - деді Ә.Сқақов.

Павлодарлықтар әзірге өз бағаларын

T e l e g r a m - б о т ә л е у м е т т і к ж е л і с і н д е г і

@pavlodar_109_user_bot парақшасы арқылы

қоя алады.

Кешегі саудалар нәтижесі бойынша бір

доллар 28,76 теңгеге өсіп, 434 теңгеден асып

кетті. Сауданың жалпы көлемі 74,9 млн. АҚШ

долларын құрады. Нұр-Сұлтан және Алматы

қалаларындағы кейбір айырбастау пункттері

доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 440-450

теңгеге дейін өсірді. Ал кейбір қаржы институттары

валюта айырбастауды уақытша тоқтатты.

ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы

жағдайды тұрақты ұстау үшін осы жылдың

10 наурызында базалық мөлшерлемені

12 пайызға дейін арттырған еді. 10-13 наурыз

аралығында квазимемлекеттік сектор, екінші

деңгейлі банк және айырбастау пунктерінің

жұмыстарын үйлестіріп, мониторингтен өткізді.

Ұлттық банк өкілдері бұл бағыттағы жұмыс

алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!