31.03.2020 Views

31 наурыз, 2020 жыл №35 (15505)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

31 наурыз, сейсенбі

2020 жыл

№35 (15505)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Мол ырыс –

ылғалдан!

ЕГІС - 2020

Нақпа-нақ

Қазақстанда

дағдарысқа қарсы

күреске бөлінген

қаржының жалпы

көлемі

4

трлн.

теңгеден асты

COVID-19

Вирусқа қарсы

иммунитет жоқ!

Қазіргі сәтте адамдарда

COVID-19 вирусына қарсы

иммунитет жоқ. «Коронавирустан

қорықпай, жұмысқа,

көшеге шығыңыздар» деп

айту – іріткі салу.

Шамшырақ:

ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕ МЕ?

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Биыл облыс бойынша егіс алқабы 1 480,3 мың гектарды құрап

отыр. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артық.

Диқандар нарықтағы сұранысқа сай биыл майлы дақылдарды

көбірек егуге ниетті. Төрт түлік санының артуына байланысты

мал азығы да молынан әзірленбек.

Жалғасы 2-бетте

Бірнеше айдан кейін мемлекеттік білім грантына үміткер мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай

тестілеу науқаны басталмақ. Қазіргі таңда елдегі барлық білім ордасының түлектері аталмыш

сынаққа қызу дайындалуда. Сонымен, биылғы талапкерлерді не күтіп тұр? Жалпы, тестілеу шарасына

қатысты қандайда бір өзгерістер болуы мүмкін бе?

Толығырақ 4-5-беттерде

Орталық коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте ҚР Ақпарат және

қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев

осылай деп шегелеп айтты. - Қазір «коронавирус

ешқандай жаңа ауру емес, ол

1965 жылы анықталған және адамдардың

70%-ында оған қарсы иммунитет бар» деген

ақпарат таралуда. Бұл жерде ескеретін

мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар

мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус

– ол вирус тұқымдасы. Оған

40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық

пневмония – бұл да коронавирус. Таяу

Шығыс респираторлық синдромы – ол

да коронавирустың бір түрі. Шынында,

1965 жылы осындай вирустың алғашқы

түрі табылған. Бірақ, ол COVID-19 емес.

Сондықтан, қазір коронавирустан қорықпай,

жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту –

іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына

қарсы ешқандай иммунитет жоқ.

Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру

керек, - деді Д.Абаев тікелей эфирде.

Министр қазіргі жағдайдың күрделі

екенін тағы да еске салды. - Карантин

тәртібін сақтаудың өте маңызды екенін

тағы да естеріңізге саламыз. Жағдай

күрделі. Бірақ ағайын, денсаулықтан қымбат

не бар? Вирустың әлемде қалай өршіп

жатқанын көріп отырған шығарсыздар.

Мысалы, Нью-Йоркте коронавирустан әр

17 минут сайын бір адам қайтыс болуда.

Ауырғандардың жалпы саны әлемде 600

мыңнан асты. Өлім көрсеткіші – 4,6%. Бұл –

жоғары көрсеткіш. Бізде соңғы тәулікте

төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін

124 адам жауапқа тартылған. Заңсыз

жоғары бағада сатылып жатқан 40 мың

маска мен 2 мың литрден астам антисептик

табылды», деген министр тәртіп

бұзғандардың арасында дәрігерлердің

жұмысын тексергісі келген бір азаматтың

Damumed порталында өзінде коронавирус

белгісі бар деп өтірік мәлімет

көрсеткенін айтты. Дәрігерлердің онсыз да

ұйықтамай, үйлеріне қайтпай, бар жанын

салып жұмыс істеп жатқанын жеткізген

Д.Абаев олардың әр минуты бағалы,

әр секунды санаулы екенін атап өтті.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

STOP, COVID-19

Карантин, шектеу, тыйым

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Шынтуайтына келсек, бізді ең алдымен

Павлодар өңірімен шектес облыстардың

жағдайы қызықтырады. Себебі түсінікті.

Алыс-беріс, қатынас жиі. Мысалға, вирустық

жұқтыру оқиғасы Шығыс Қазақстан мен

Қарағанды облыстарында пайда болғаны

хабарланды. Семей қаласында коронавирус

дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды.

Оқиғаның мән-жайын Шығыс Қазақстан

облысының әкімі Даниял Ахметов өзі

тарқатып айтып берді.

Отбасылық жұп 1959 жылы дүниеге

келген. Олар 2020 жылдың 21 наурызында

елімізге «Шарм-Эль-Шейх–Нұр-Сұлтан»

рейсімен оралған. Египетте демалыста

болған. Елордадан Семей қаласына өз

көлігімен жеткен. Олармен бірге отбасы

мүшелері, яғни, тағы 5 адам болған. «Айта

кетейін, науқастардың жағдайы тұрақты

ауырлығы орташа деңгейде. Қазіргі уақытта

бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция

жұмыстары жүргізілуде. Құрметті

шығысқазақстандықтар, жағдай барлық

жауапты қызметтердің бақылауында» делінген

www.coronavirus2020.kz сайтындағы

мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан

мен Алматы қалалары 30 наурыз бен

5 сәуір аралығына карантинге жабылған. Бұл

ретте, қандай талаптар енгізіліп жатқаны

жергілікті тұрғындарға үнемі ескертілуде.

Сондай-ақ басқа да облыстар жұқпалы

ауруға қарсы шараларды күшейтуде.

Қазақстанның тағы алты қаласы - Атырау,

Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран

және Абай карантинге жабылды. Ақтауда

ерекше жағдай енгізілді. Осылайша, бірден

6 қаланың тұрғындарының үйден шығуына

тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана,

банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін

көшеге шыға алады.

Атырау мен Қарағандының егде жастағы

(65 жастан жоғары) адамдарына өзін-өзі

оқшаулауға кеңес берілді. Сондай-ақ, 30

наурыздан бастап бұл қалаларда халық

көп жиналатын орындар, мемлекеттік және

жекеменшік балабақшалар мен басқа да

ұйымдар жабылды. Мейрамханалар мен

дәмханалардың тек жеткізу қызметі арқылы

жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Облыстар да сақтық шараларын күшейтуде

Бұған дейін карантиндегі еліміздің бас қалаларының (Нұр-Сұлтан, Алматы) қатарына тағы бірнеше

облыс пен шағын шаһарлар қосылды. Бұл - аты жаман індеттің аумақта таралуына тосқауыл қою

мақсатында қабылданып жатқан қисынды шектеулер. Осылайша, өңірлерде төтенше жағдайдағы

құзырлылық бойынша шұғыл шаралар қабылдап, басы әкім болып әрбір тіркелген науқас бойынша

толыққанды деректер беріп, қолға алынған іс-әрекеттер турасында жергілікті халыққа жедел, ашық

ақпараттар беруде.

Айта кетейік, Қарағандыда коронавирустың

7 жағдайы тіркелген. Саран, Шахтинск,

Абай және Теміртау карантинге жабылған.

Себебі бұл қала тұрғындарының 20 пайызы

Қарағандыға жұмысқа және басқа да істер

бойынша келеді. «Бұл қалаларда карантин

коронавирустың одан әрі таралуына жол

бермеу үшін қабылданды», - деп мәлімдеді

жергілікті билік.

Ал Ақтауда ерекше жағдай 30 наурыздан

бастап енгізілді. Қала бойынша тұрғындардың

қозғалысын сағат 19:00-08:00 аралығына

шектеу, пәтерден шығуға және қоғамдық

орындарда жүруге тыйым салынды.

Енді Қостанай облысындағы уақытша

шектеулер мен шаралар туралы айтып

өтсек. Әзірге Қостанай облысы коронавирус

тіркелмеген облыс болып есептеледі.

Өкінішке қарай, іргесіндегі Солтүстік Қазақстан

(Петропавл) және Ақмола облыстарында

инфекция жағдайлары тіркелген. Ендігі жерде

Қостанай сақтық шараларына кірісуде.

Қостанай облысының мемлекеттік

санитарлық бас дәрігері Владимир

Нечитайлоның сөзінше, халықтың тыныстіршілігін

және көлік қызметінің жұмыс

істеуін қамтамасыз ететін объектілердің

күзетілуі күшейтіледі.

Ірі сауда объектілерінің, сауна, қоғамдық

моншалардың жұмыс істеуіне шектеу

қойылады. Сауда ойын-сауық орталықтарының,

кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің

және адамдар көп жиналатын басқа да

объектілердің қызметі уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ еліміздегі ТЖ кезеңінде Қостанайдан

шығатын республикалық және облыстық

жолдарда 10 блок-бекет орнатылады.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы

Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, блокбекеттерде

тәртіп сақшыларынан бөлек

медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады.

Сонымен, облыста бүгіннен бастап Ақмола,

СҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына

шығатын жол бағыттарына уақытша шектеу

қойылады. Алайда бұл аймақтарға емдеу

шаралары үшін жол ашылады. Облыстың

аудандары мен қалалары арасында автобус

тасымалдау толығымен тоқтатылады.

31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу

бекетін қоя отырып, Қостанай облысының

аумағына кіруге (шығуға) шектеу енгізіледі.

Облыстан Ресей Федерациясына шығуға

уақытша тыйым салынды. Шектеулер

төтенше жағдай кезеңінің соңына дейін,

яғни 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Ақтөбе облысында да 31 наурыздан

бастап жаңа шектеулер енгізіледі. Барлық

автокөлік түрлерінің кіріп-шығуына тосқауыл

қойылады. Балабақшалар жабылып, әуе

рейстері мен пойыздар тоқтатылады.

Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу

Беркімбаеваның айтуынша, Ақтөбе қаласына

және облысына кіріп шығуға барлық

автокөлік түрлеріне рұқсат етілмейді. Тек

транзитті жүк көліктері мен азық-түлік,

дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар

тасымалдаушыларға шектеу қойылмайды.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы тұрғындарының

өмір сүруін қамтамасыз ететін өндірістік,

ауылшаруашылық кәсіпорындарына арналған

өндірістік тауарлар мен материалдардың

тасымалына рұқсат беріледі.

Блок-бекеттерде дезинфекция жүргізуге

арналған мамандар қызмет көрсетеді.

Шектеу шараларын енгізу уақытында

үкіметтік, транзиттік және облыс әкімімен

келісілген рейстерден басқа барлық әуе

қатынасы тоқтатылады. Барлық теміржол

бағыттары тоқтатылады, тек транзиттік

қатынас пен соңғы аялдамасы Ақтөбе

қаласы немесе Ақтөбе облысы станциясы

болып табылатын жүк, жолаушы пойыздары

қатынасына рұқсат. Барлық автовокзалдар,

мемлекеттік және жеке меншік

балабақшалар, ірі сауда үйлері (азық-түлік

дүкендері мен дәріханаларынан басқа), санаторийлер,

моншалар, шаштараздар, ойын

залдары, букмекерлік кеңселер мен балаларды

дамыту орталықтары секілді көпшілік

жиналатын орындардың қызметі, азық-түлік,

мал, автокөлік, киім-кешек, құрылыс базарлары,

азық-түлік сату жәрмеңкелері, той

салондары, ұялы телефон сату дүкендері

тоқтайды. Рұқсат етілген орындардың жұмыс

уақыттары шектеліп, ішінде дезинфекциялық

тазалау жұмыстарын жүргізу бақылауға

алынады.

Ақтөбе облысы және қаласы тұрғындарына

үйлерінен мәжбүрліксіз шығуға шектеу жасалады.

Тек ең қажетті азық-түлік және дәрідәрмек

сатып алуға, медициналық қызмет

алуға және жұмысқа баруға болады. Үш

адамнан артық топталып жүруге тыйым

салынады, тек отбасы мүшелеріне шектеу

жоқ. Қоғамдық тамақтану орындарына тек

азаматтарға тамақты тапсырыспен апарып

беру арқылы жұмыс істеуге болады.

Кеше Ақмола облысы да сағат 19.00-

ден бастап карантиндік режим енгізілгенін

мәлімдеді.

Қорыта айтқанда, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл жасау мақсатында

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар, облыстардың арнайы

штабтары шұғыл жиындар өткізіп, сақтық шараларын күшейтуде.

Алдағы уақытта олардың қатары толыға түсуі де мүмкін.

Мол ырыс – ылғалдан!

Басы 1-бетте

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

бас маманы Байболат Рахымжановтың

мәліметінше, биыл 750,4 мың гектарға

дәнді дақылдар, 240,8 мың гектарға майлы

дақылдар, 19,3 мың гектарға картоп, 7,2 мың

гектарға көкөніс, 2,5 мың гектарға бақша

дақылдары себіледі. Сондай-ақ, 15,4 мың

гектарға зығыр, 5,6 мың гектарға рапс,

7,7 мың гектарға жасымық тұқымы себілмек.

460 мың гектардан (былтырғы көрсеткіш –

320,4 мың га) мал азығы әзірленеді деп

жоспарлануда.

- 2016-2021 жылдарға арналған егіс

алқаптарын әртараптандыру бойынша

жасалған меморандум шеңберінде биыл

дәнді дақылдар алқабы 33,6 мың гектарға

қысқарды. Есесіне, жарма дақылдарының

алқабы 10,6 мың гектарға ұлғайтылады.

Сәуір айының 10-нан кейін шаруалар ылғал

жабу, жер жырту жұмыстарына кіріседі

деп күтілуде. Әрине, барлығы ауа райына

байланысты. Ең әуелі көпжылдық шөптер

егіледі. Дәнді дақылдарды егу жұмыстары

мамырдың 15-нен кейін қолға алынады, -

дейді Байболат Рахымжанов.

Тұқым мәселесіне бас ауыртып отырғандар

жоқ. Бүгінде диқандардың иелігінде 134,4

мың тонна жаздық егіс тұқымдары сақтаулы.

Атап айтсақ, дәнді дақылдар - 89,5 мың

тонна, майлы дақылдар - 1,66 мың тонна,

картоп - 43,3 мың тонна. Облыстағы элиталық

тұқым шаруашылықтары сату мақсатында

18,2 мың тонна жоғары репродукциялы

тұқым дайындап үлгерген. Әзірге диқандардан

5,7 мың тонна көлемінде тұқым сатып алуға

өтініштер түскен.

Аймақтағы техника паркінің дайындығы

96 пайызды құрап отыр. Жоспар бойынша

көктемгі егістікке 182 егіс кешені, тракторлар,

тұқым сепкіштер және басқа да ауыл

шаруашылығы құралдары жұмылдырылмақ.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін

павлодарлық диқандарға биыл 19,1 мың тонна

арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Әр

тоннасы 184 мың теңгеге бағалануда. Бұған

сұйық отынды жеткізуші оператордың қызмет

бағасын қосыңыз (6 мың теңге). Жанаржағармайдың

1 литрі шамамен 159 теңгеге тең.

Былтыр баға 169 теңгені құраған еді. Шаруалар

наурыз айында 5 мың тонна, сәуірде

7,5 мың тонна, мамырда 5,5 мың тонна жанаржағармайды

өз базаларына жеткізуі тиіс.

Биыл облыс бойынша өсімдік шаруашылығын

қолдауға 3,1 млрд. теңге субсидия бөлінген.

Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда

10,7 пайызға артық. Тарқата айтсақ, минералдық

тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға

855,5 млн. теңге, зияндылықтың экономикалық

шегінен және карантиндік объектілерден

жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды

организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге

арналған пестицидтердің, биоагенттердің

(энтомофагтардың) құнын субсидиялауға

1438,9 млн. теңге, тұқым шаруашылығын

дамытуды қолдауға 828,5 млн. теңге қаражат

бағытталған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

арқылы «Агробизнес» және «Кең дала»

бағдарламалары шеңберінде көктемгі егіс

жұмыстарын жүргізу үшін 3 млрд. теңгеге

100-ден аса жеңілдетілген несие беру

жоспарланған. Әзірге шаруалар тарапынан

79 өтініш түсіп, 1,9 млрд. теңгеге 61 несие

үлестіріліпті.

Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек,

2019 жылдың 1 қарашасынан 2020 жылдың

20 наурызына дейін 96 мм жауын-шашын

түскен. Былтырғы көрсеткіш – 57 мм. Бұл

ретте, Байболат Рахымжанов табиғат-ана

тосын мінезін танытпаса, көктемгі егіс

жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі деп

болжап отыр.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл 3

- Дінислам Болатханұлы,

облыс оқушылары қашықтан

оқытуға қаншалықты дайын

және үйінде интернеті жоқ

шәкірттер мен интернет байланысы

нашар шалғайдағы ауыл

балаларының мәселесі қалай

шешіледі?

- Облыс оқушыларының қашықтан

оқытуға дайындығын егжей-тегжейлі

зерттеу мақсатында өңірдегі барлық

білім беру мекемесінде арнайы

жұмыстар жүргізілді. Яғни, әр оқушының

интернетке қолжетімділігі мен

мүмкіндіктерін анықтадық. Нәтижесінде,

интернеті жоқ отбасылардың да

бар екені белгілі болды. Қазіргі

уақытта осындай шаңырақтардағы

балалардың мәселесін шешу үшін

жергілікті атқарушы органдармен

жұмыс жүргізудеміз. Ал шалғайдағы

интернет байланысы мүлдем нашар

ауылда тұратын оқушылар «Балапан»

және «Еларна» телеканалдарынан

көрсетілетін онлайн сабақтар арқылы

білім алады. Сонымен қатар, біздің

тарапымыздан ҚР Білім және ғылым

министрлігіне шалғай елді мекендерде

орналасқан 5-тен 80-ге дейін

ғана оқушысы бар шағын жинақты

мектептерде дәстүрлі оқу жүйесін

жалғастыра беру туралы ұсыныс

жасалды. Себебі, бала саны аз ауыл

мектептерінің әр сыныбында ары

БАС ТАҚЫРЫП

Қашықтан оқуға

қаншалықты дайынбыз?

Елдегі төтенше жағдайға байланысты осы оқу жылының

төртінші тоқсанында қазақстандық оқушылар қашықтан

білім алады деп жоспарлануда. Саладағы бұл өзгеріске

павлодарлық шәкірттердің дайындығы қалай? Қандай

мәселе бар? Осы және өзге де сауалдарымызға облыстық

білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы

жауап береді.

кетсе 5-6 оқушы ғана оқитындықтан,

санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Сол үшін балалардың сапалы білім

алуына мүмкіндік жасағанымыз жөн.

Біздің облысымызда осындай елді

мекендер бар екені анықталды. Осы

ауылдардың оқушылары үшін дәстүрлі

оқу үрдісі жалғасады деп жоспарлануда.

Қандай жағдай болса да,

облыстағы бірде-бір бала оқудан

қол үзбейді. Барлығының ел қатарлы

білім алуы үшін қолдан келгенше

жағдай жасаймыз.

- Қашықтан оқыту кезінде

сабақтар қалай жүргізіледі және

шәкірттердің білімін бағалау

ісі қалай жүзеге асады?

- Онлайн оқу уақыты әр пән

бойынша шамамен 15-30 минутқа

дейін созылады деп жоспарлануда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

бұйрығымен алдағы уақытта нұсқаулық

жіберіледі. Сондай-ақ, облыстық білім

беру басқармасының Ақпараттық технологиялар

орталығы базасында қашықтан

оқытуды ұйымдастыру бойынша

колл-орталықтың бірыңғай нөмірі

(тел. 8 7182 - 650060) жұмыс істейді

және басқарма жанынан қашықтан

оқыту бойынша жобалық офис құрамы

құрылып, бекітілді. Бұл бағыттағы

жұмыстар жалғасуда.

Айта кетерлігі, қашықтықтан оқыту

уақытында оқушылар бұрынғыдай

бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ)

жұмысын жазбайды. Тек оқу жылының

аяғында тоқсандық жиынтық бағалау

(ТЖБ) үшін ғана бақылау жұмысын

жазады. Оны онлайн режимінде

тапсыратын болады.

- Жаңа оқу жүйесі ұстаздар

қауымына қиындық туғызып

жатқан жоқ па? Қандай мәселелер

бар?

- Ұстаздардың дайындығы жаман

емес. Жалпы, өңірдің білім беру

саласында цифрландыруға қатысты

көп жұмыс атқарылды. Сондықтан

павлодарлық мұғалімдерге заманауи

технологиялар жақсы таныс.

Десе де, орта білім беру жүйесіне

қашықтан оқыту технологиясы алғаш

рет енгізіліп жатқанына байланысты

барлық педагог қашықтықтан оқыту

үшін қажетті сандық құралдарды

меңгеруде. Осыған орай, педагогтарға

әдістемелік тұрғыда көмек көрсетіліп,

қосымша нұсқаулықтар, онлайн оқыту

кезіндегі жұмыс алгоритмдері, платформаларды

пайдалану бойынша

оқыту бейнероликтері берілуде.

- Баланың үйінде отырып

білім алуы үшін үлкендердің

де қолдауы ауадай қажет.

Бұл ретте, павлодарлық

ата-аналарға айтарыңыз бар ма?

- Әрине, осы жағдайға ата-аналарымыз

түсіністік танытып, баласының

қауіпсіздігін сақтауға және сапалы

білім алуына көмек көрсетуі тиіс.

Бұл – әр ата-ананың міндеті. Осы

жөнінде ҚР–ның «Неке және отбасы»

туралы заңында да айқын жазылған.

Ең дұрысы, «Жұмыла көтерген

жүк жеңіл» демекші, осындай сәтте

ұстаздар да, ата-аналар да жұдырықтай

жұмылып, балалардың сапалы білім

алуы үшін қолдан келгенше қолдау

көрсетуден аянбайық! Бұл – болашақ

үшін жасап жатқан игі іс екенін

ұмытпауымыз керек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Вирусқа қарсы «қару»

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

ТАЗАЛЫҚ

«Біз біргеміз!» республикалық акциясына Май

ауданының азаматтары да үн қосуда. Жақында

Көктүбек ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен

40-тан аса әлеуметтік осал топ отбасыларына

азық-түлік үлестірілді.

Белсенділік

танытуда

Оралхан ҚОЖАНОВ

Акция барлық ауылдық округтерде жалғасын табуда. Бұл

ретте, ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін атап өткен жөн. Кез

келген акцияға қолдау танытатын шағын және орта бизнес

өкілдері тұрғындардың алғысын арқалауда.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауданда азықтүлік

өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында рейдік шаралар

ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, дүкендердің кіреберісінде

антисептикалық заттардың болуы, сатушылардың медициналық

бетперде киюі қадағалануда.

Ауданда бетперде тапшылығы мәселесі аудан тұрғындарының,

мектеп ұстаздары мен жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен

шешілуде. «Біз біргеміз!» акциясын қолдаған азаматтар

балаларға, қарияларға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы

отбасыларына бетперделерді тегін тігіп таратуда.

Май ауданы.

Арнайы топ

жұмыс істеуде

ӨҢІР

Успен ауданы тұрғындарының жағдайы

жергілікті биліктің жіті назарында.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Фарукшиннің

айтуынша, өңірдегі сауда нүктелеріндегі азық-түлік және басқа

да тауарлардың баға саясатын, санитарлық талаптардың орындалуын

бақылайтын арнайы мониторинг жасау тобы құрылып,

жұмыс істеуде.

- Аталған топ өкілдері аудан орталығындағы 24 дүкен

мен 4 шағын асхананы аралап, бағаның тұрақты болуын

қатаң қадағалауда. Қазіргі таңда аудан тұрғындарына азықтүлік

тауарлары бойынша тапшылық жоқ. Барлық сауда нүктесінде

санитарлық талап сақталған. Сонымен қатар,

тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз ету мәселесі де

дұрыс жолға қойылған. Аудандағы тігінмен айналысатын жеке

кәсіпкерлер успендіктерге арнап күн сайын 300 бетперде

тігуде. Яғни, медициналық маска жеткілікті. Ұзақ уақыт

пайдалануға болатын бұл бұйымдардың бағасы да қолжетімді -

200-300 теңге. Жалпы, қазіргі уақытта аудандағы ахуал тұрақты, -

дейді Мақсат Рафаилұлы.

Ендігі кезекте аудандағы шаруа қожалықтары мен

басқа да жұмыс беруші мекеменің басшыларына арнайы

тапсырма беріліп, қарамағындағы жұмысшылардың жағдайы

жайлы мәліметтер жиналуда екен.

Н.АҚЫТЕГІ,

Успен ауданы.

Павлодар қаласындағы «Каустик»

кәсіпорны құрамында хлор бар

концентрат шығарады. Бұл препарат -

ғимараттарды, тұрғын үйлердің

подъездерін дезинфекциялауда

таптырмас өнім.

«Каустик» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің

басшысы Владимир Рагулиннің айтуынша, бұл

дезинфекциялық өнім барлық сараптамадан өткен

әрі вирусқа қарсы мықты «қару» екені дәлелденген.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сырқаттарды

бақылау жөніндегі Еуропа орталығы хлорлы концентратты

тиімді әрі қолжетімді дезинфектант ретінде

ұсынды. Ол вирусты екі минутқа дейінгі экспозиция

мен 0,1 пайыз концентрация кезінде жоюға қауқарлы.

Өнімнің сертификаты, тиісті рұқсаттық құжаттары бар әрі

тиімділігі мен қауіпсіздігі расталған, - дейді В.Рагулин.

Бірақ бұл препарат еркін саудада жоқ, яғни кез

келген тұтынушыға сатылмайды. Тек ірі кәсіпорындар

мен мекемелерге темір жол цистерналарымен көп

көлемде жеткізіледі. Кейін бұл компаниялар аталмыш

концентраттан дезинфекциялық құралдар дайындап,

тұрғындардың пайдалануына ыңғайлы болуы үшін

кішігірім ыдыстарға құйып, сатылымға шығарады.

Сонымен қатар, натрий гипохлоритімен әкімдіктерді,

ірі мекемелерді тікелей қамтамасыз етеді.

Бұл ретте атап өтерлігі, таяуда «Каустик» компаниясы

Алматы қаласына 250 тонна хлорлы концентратты

тегін жөнелтті. Ал Павлодар қаласын дезин-

фекциялау үшін 60 тонна препарат дайындалды.

- Бүгінде өндірістің жоғары қуаттылығы тәулігіне

52 тоннаға жетіп отыр. Одан бөлек, республиканың

барлық сұранысын өтеу үшін бос тұрған қуаттылықты

қоса аламыз. Яғни, жылына 3 мың тоннаға дейін

препарат шығаратын қауқарымыз бар, - дейді бөлім

басшысы.

Ғимараттарға, подъездерге дезинфекция жасау үшін

хлорлы концентраттың 180 грамын 1 литр суға араластыру

қажет. Не болмаса 10 литрлік ыдысқа 2 стақан

препарат құйып, өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Айта кетелік, дезинфекциялық құралдың 0,1 пайыздық

концентрациясы балалар, үй жануарлары мен құстарға

қауіпті емес.

Өз тілшіміз.

Күшейтілген

режимде

Аудандағы полиция бөлімінің қызметкерлері,

төтенше жағдай бөлімінің мамандары мен

дәрігерлер қауымы күшейтілген режимде

қызмет етуде. Құқық қорғау мамандары

дәмханалардың және азық-түлік сатпайтын

сауда орындарының жұмыс кестесін бақылауда.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Асайынов

еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың

үйде отырғанын айтады. Қашықтан жұмыс істейтіндердің

еңбекақысы сақталған. Тұтыну өнімдерін сататын дүкендер

жұмыстарын жалғастыруда. Азық-түлік қоры жеткілікті. Баға

мониторинг тобының бақылауында. Жергілікті тігін цехтарының

қызметкерлері медициналық маска тігумен айналысуда.

Көп пайдалануға жарайтын бетперделер 200-250 теңге

көлемінде сатылуда. Құқық қорғау саласының мамандары

рейдтік шараларды ұйымдастыруда. Әзірге тәртіпке

бағынбай, қарсылық білдірген құқықбұзушылар кездеспеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

А.АСҚАРҚЫЗЫ,

Железин ауданы.


4 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

АДАМ – ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

Ұлағатты

жан – ұрпақ

мақтанышы

Тестілеу жүйесі

өзгере ме?

ТАЛАПКЕР - 2020

Жас ұрпаққа сапалы білім,

саналы тәрбие беріп, адал

еңбегімен еліне елеулі бола

білген ұлағатты жандар аз

емес. Солардың бірі – қарт

ұстаз, көптеген ұл-қызды білім

нәрімен сусындатқан ұлағатты

жан Сатыбалдина Мәрия

Әзенқызы.

Ертеде үлкендердің қолына су құйғанда,

олар: «Молда бол, мұғалім бол», – деп бата

беретін еді. Солардың ақ тілегі болар, бұрын

Амангелді орта мектебінде және интернатында

көпті көрген көзі қарақты ұстаздар

баршылық еді. Айталық, Жарылғап, Орман,

Қабылқай, Сәйкен, Зайдолла, Болат ағалар

бір төбе болса, Шәбәй, Бәтен апалардың

алар орны ерекше еді. Осынау ұлағатты

жандардың өкшесін басқан ұстаз – Сатыбалдина

Мәрия Әзенқызы.

Ол 1940 жылы 17 наурызда дүниеге келген.

1956-1960 жылдары Павлодар педагогикалық

училищесінде оқыды. 1960-1964 жылдары

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

1960-1965 жылы Құркөл орта мектебінде

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

болып еңбек етті. Ал 1965-1993 жылдар

аралығында Амангелді орта мектебінде табысты

қызмет етті. Көптеген шәкірт тәрбиелеп,

оқытты.

1975-1980 жылдары біздің класс жетекшіміз

болды. Біздің сынып Мәрия Әзенқызының

арқасында мектепте де, ауылда да өткен

іс-шараларда үнемі алда болды. Сол кездері

Бейбіт, Ыдырыс және мен үшеуіміз «Жас

қалам» газетін қазақ тілінде шығаратынбыз,

ал басқа сыныптар орысша жазатын. Бірде

мен мектеп жиынында есепті қазақша бердім.

Директорымыз Зайдолла Құрмашев марқұм

маған: «сенің сөзіңді кім ұқты?», – деп ескерту

жасады. Сондағы мәтінді Мәрия мұғалім

дайындаған еді. Ойлап отырсам, оның бұл

ісі ерлікке пара-пар екен.

Ол осынау еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің

үздігі» төсбелгісімен наградталды. Өмірлік

жолдасы Байдильдин Совет аға екеуі 40

жылдан аса бір шаңырақ астында бақытты

ғұмыр кешті. Совет аға өте кішіпейіл адам

еді. Балалары Бейбіт, Гүлмира, Сара, Тілек,

Айнаш, Дәурен - барлығы жақсы тәлім алып

өсті. Дәурені анасының жолын қуып, мұғалім

болды.

Бүгінде Мәрия ұстаз - 14 немере,

3 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Оқушылары атынан ұстазымызды мерейлі

80 жасымен құттықтап, осындай ұлағатты

ұстаздың ізін басар еңбекқор жандар елімізде

көп болса екен дейміз.

Қанат ШАЙҒАЗИН,

Халық ағарту ісінің үздігі,

Маралды мектебінің

директоры,

Шарбақты ауданы.

(1980 жылғы түлек).

Бірнеше айдан кейін

мемлекеттік білім грантына

үміткер мектеп бітірушілер

үшін ұлттық бірыңғай

тестілеу науқаны басталмақ.

Қазіргі таңда елдегі барлық

білім ордасының түлектері

аталмыш сынаққа қызу

дайындалуда.

Сонымен, биылғы

талапкерлерді не күтіп

тұр? Жалпы, тестілеу шарасына

қатысты қандайда бір

өзгерістер болуы мүмкін бе?

Осы және өзге де сұрақтарға

жауап алу үшін Павлодар

облыстық білім беру саласын

бақылау департаментінің

басшысы Еркінбек

Мұқатайұлы Аязбаевпен

сұхбаттасқан едік.

- Еркінбек Мұқатайұлы, осы оқу

жылында ҰБТ неше рет өтеді деп

жоспарлануда?

- Әдеттегідей, ұлттық бірыңғай тестілеу

науқаны биыл да 4 рет өткізіледі деп

жоспарланған. Осы жылдың қаңтар

айында алғашқы тестілеу шарасы

ойдағыдай өтті. Оған облыс бойынша

2 494 талапкер қатысты. Бұл жолғы

тестілеуге қатысушылар жоғары оқу

орындарында ақылы түрде оқуы үшін

ғана білімдерін сынап көрді. Оларға

мемлекеттік білім гранты тағайындалмайды.

Енді санаулы күннен кейін, яғни, наурыз

айының соңында елімізде тестілеудің

екінші кезеңі өткізілуі тиіс еді. Алайда,

күллі әлемді алаңдатқан коронавирус

инфекциясына қарсы сақтық шараларын

күшейтуге байланысты елімізде бұл

жолы өткізілетін ҰБТ мен сәуір айына

жоспарланған 9-сынып оқушыларына

арналған оқу жетістігін сырттай бағалау

(ОЖСБ/ВОУД) емтиханының мерзімі

өзгеруі ықтимал. Егер қандайда бір

өзгерістер болатын болса, алдын ала

тұрғындарға хабарланады. Сонымен қатар,

ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының

ресми сайтында жарияланатын болады.

Сондықтан ата-аналар мен түлектердің

орынсыз алаңдамағаны жөн. Ал тестілеудің

үшінші кезеңі маусым-шілде айында

өткізіледі. Осы сынаққа мемлекеттік

білім грантына үміткер талапкерлер

ғана қатысады. Жоғары ұпай жинаған

түлектер конкурс негізінде өз білімдерімен

отандық жоғары оқу орындарында тегін

оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, тамыз

айында ақылы түрде тестілеудің төртінші

кезеңі өтеді.

- Тестілеу жүйесінде қандай

жаңалықтар, өзгерістер бар?

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің

тапсырмасына сәйкес биыл тест

сұрақтарының 40 пайызы жаңартылады

Қандай құжаттар

қажет?

Мектеп бітірушілер тестілеуге

қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне

мынандай құжаттарды тапсыруы

тиіс:

• Өтініш;

• 3x4 см көлеміндегі екі

фотосурет;

• жеке басын куәландыратын

құжаттың көшірмесі (16 жасқа

толмаған болса, туу туралы куәлігінің

көшірмесі қажет);

• туу туралы куәлігімен тіркелетін

жастар үшін өзі білім алатын орта

деп жоспарлануда. Сондай-ақ, тестілеу

барысында тәртіп бұзған азаматтарға

деген талап күшейтіледі. Яғни, бұған

дейін де сан мәрте ескерткеніміздей,

тестілеуге тыйым салынған заттарды

әкелуге мүлдем болмайды. Кімде-кім

бұл тәртіпке бағынбаса, тестілеуге

қатыспайды. Мәселен, былтыр тамыз

айында магистратураға түсушілерге

қатаң талап қойылып, емтиханға тыйым

салынған заттарды әкелген азаматтар

тестілеуге қатыса алмай қалған болатын.

Биыл қаңтар айында да ақылы түрде

тест тапсырған талапкерлердің ішіндегі

тәртіп бұзғандары сыннан шеттетілді.

Сондықтан алдымызда тестілеудің ең

үлкен кезеңі келе жатыр. Осы сынаққа

қатысушылар өз білімдеріне ғана сеніп,

тестілеудің әділ өтуіне қолдау көрсетулері

керек. Сол арқылы жастар да сыбайлас

жемқорлықтың алдын алуға үлестерін

қоса алады.

Өкінішке қарай, бұрын неше түрлі

жайсыз оқиғалар орын алды. Соның

кесірінен оқу үлгерімі нашар балалар

кездейсоқ білім грантын ұтып алып,

әзер дегенде жоғары оқу орнын бітіріп

шықты. Бірақ кейін ондайлардан мықты

маман шыққанына күмәніміз бар. Ал

керісінше нағыз тәрбиелі, әділдікті

жақтайтын балалар тасада қалып қойды.

Осындай жаман әдеттерді болдырмау

үшін алдымен ата-аналар мен мұғалімдер

түсіністік танытып, ұл-қыздарына тура

жолды көрсетулері керек.

Айта кетерлігі, ұлттық бірыңғай тестілеу

науқанына қатысты әзірге қандайда бір

өзгерістердің болатыны жайлы ақпарат

келіп түскен жоқ. Маусым-шілде айына

жоспарланған тестілеу шарасы біздің

облысымызда бұрынғыдай 10 пунктте

өткізіледі.

- Биылғы талапкерлер ҰБТ-ны

элекронды түрде тапсыруы мүмкін бе?

- Әзірге ұлттық бірыңғай тестілеуді

электронды түрде тапсыру жүйесіне

көшкен жоқпыз. Бірақ, болашақта осы

тәсіл енуі мүмкін. Егер қазіргі жағдайға

байланысты аяқ астынан мұндай өзгерістер

орын алатын болса, міндетті түрде алдын

ала көпшілікке хабарланады. Түсіндіру

білім беру ұйымының анықтамасы

(2 дана);

• Өтініштерді қағаз түрінде де,

электронды форматта да беруге

болады. Бірақ бұл құжат ҰБТ өтетін

пункттер арқылы өтуі тиіс.

Тест кезінде тыйым

салынатын заттар:

• ұялы телефон;

• калькулятор;

• фотоаппарат;

• планшет;

• ноутбук;

• ақпарат беретін материалдар

мен анықтамалар,

жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті

талапкерлеріміз ештеңеге де алаңдамай,

ескі тәртіп бойынша тапсыруға дайындала

бергені жөн. Десе де, болашақта

тестілеу шарасын электронды түрде өткізу

жоспарда бар. Негізінен, компьютерлік

тестілеуге тәжірибе жасап көргенбіз.

Яғни, қаладағы техникалық базасы

талапқа сай мектептерде оқу жетістігін

сырттай бағалау (ОЖСБ/ВОУД) емтиханын

электронды түрде өткізіп жүрміз.

- Ақылы түрде тест тапсырушыларға

қандай талап қойылады?

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің

тапсырмасына сәйкес жоғары білімді

ақылы түрде алғысы келетіндер де

алдымен өз білімдерін дәлелдеуі керек.

Егер олар тестілеуден шекті балл

ала алмаса, оқуға қабылданбайды.

Сондай-ақ, тестілеуді ақылы тапсырушылар

мемлекеттік білім грантына

үміткер бола алмайды. Олар бірінші

сынақтан төмен балл алса, кейін тағы

да ақылы тапсыра берулеріне құқығы

бар.

- Соңғы жылдары көптеген

қазақстандық түлек шетелдік жоғары

оқу орындарының филиалдарына

түсуде. Сіздіңше, бұл жағдайдың

ҰБТ-ға қатысы бар ма?

- Әрине, жастарымыздың өз еліміздегі

жоғары оқу орындарында білім алғаны жөн

деп ойлаймын. Себебі, қазір қазақстандық

оқу орындарының шетелдік университеттерден

еш кемшілігі жоқ. Алайда

ұлттық бірыңғай тестілеу заңдылығы тек

отандық жоғары оқу орындарына ғана

қатысты. Сол себепті жеңіл жол іздеп,

шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына

түсіп жатқандар баршылық.

Бірақ, соңғы уақытта елімізде шетелдік

университеттердің саны бар, сапасы жоқ

филиалдары көбейіп кетті. Бұл мәселемен

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

жанынан құрылған арнайы комитет айналысуда.

Менің пікірімше, қыз-жігіттеріміз

сапалы білім алып, жақсы маман иесі

атанып, өз елінің париоты болғысы

келсе, отандық жоғары оқу орындарын

таңдағаны дұрыс.

- Әңгімеңізге рақмет!

• шпаргалка;

• шимай дәптер.

Тест кезінде не істеуге

болмайды?

• сөйлесуге;

• орнынан тұрып кетуге;

• жүруге;

• аудиториядан рұқсатсыз шығуға;

• орын ауыстыруға;

• кез келген материалмен алмасуға;

• кітапшаны ауыстыруға;

• көшіруге;

• алдын ала берілген тест жауаптарын

пайдалануға болмайды.

Сұхбаттасқан - Нұржайна ШОДЫР.


SARYARQA SAMALY

ШАМШЫРАҚ 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл 5

МҰҒАЛІМДЕР ХАТТАРЫНАН...

Компьютер қолданушыларының көпшілігі

бұдан былай ғаламторсыз өз өмірлерін

елестете алмайды. Бұл мәселенің өзектілігі

қазіргі уақытта ақпараттың адамдар

үшін өте маңызды және компьютер мен

интернет оны өңдеудің қуатты құралы

болып табылатындығында. Кейбіреулер

виртуалды кеңістікке әуестеніп, көп уақытын

компьютерде өткізуді әдетке айналдырып

алды. Ал интернеттен бас тарту

жағдайында адамдарда мазасыздықты

және басқа да жағымсыз эмоционалды

реакциялар тудырады екен. Бұл - «интернетке

тәуелділік» синдромы десек, артық

айтқандық болмас. Яғни, адам ақпаратқа,

ойынға және компьютерлік іс-әрекеттің

басқа түрлеріне әбден әуес болып, алтын

уақытын соған арнайды. Қазіргі таңда

интернетке тәуелділік әлемдегі ең басты

мәселелердің біріне айналды.

Кез келген ауру сияқты, интернетке

тәуелділіктің де психологиялық салдары

бар. Олардың бірі – адамның виртуалды

шындыққа жұмсаған уақытының артуы

Жаңа орталық -

жастар игілігіне!

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру»

атты бағдарламалық мақаласы баршамызды бір мақсатқа, ортақ

мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз

ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай, Қазақ елінің мәңгілік

болуы үшін аянбай еңбек етуіміз керек.

Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050»

стратегиясы - ұлттың ұлы бағдары

болғандықтан, мәңгілік ел - біздің өз

қолымызда! Ол үшін өзімізді үнемі

қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Осындай ұмтылыстардың арқасында бүгінде

еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы

ресурстық орталықтар ашылуда. Сондай

орталық жақында Жаяу Мұса атындағы

Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде де

пайдалануға берілді. Біз үшін мұның

маңызы зор. Ресурстық орталықты

ашу барысында колледж әкімшілігі

материалды-техникалық, педагогикалық,

ақпараттық және басқа да білім беру

жүйелерін шоғырландыратын жоғары білікті

педагогикалық кадрлармен қамтамасыз

етілген ұйымының құрылымдық бөлімін

іріктеп, ережелерін жасады.

Облыстық білім беру басқармасының

қолдауымен «Жаяу Мұса атындағы

Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің»

арасында жасалған меморандум аясында

ашылған орталықтың тұсаукесеріне

Павлодар және Ақсу қаласының зиялы

қауым өкілдері қатысып, тұғыры биік

өркениеттің өрелі жаңалықтарының

куәгерлері болды. Облыстық білім беру

басқармасы басшысының орынбасары

С.Алекпарова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Б.Қаппасов жаңа орталықтың

тұсауын кесті.

Аталмыш шараға білім беру

басқармасынан келген және басқа да

арнайы шақырылған қонақтар, ардагерлер

кеңесінің төрағасы Ақсу қаласының

құрметті азаматы З.Арынов, мәдениет

бөлімінің басшысы Е.Оразалин, қалалық

білім беру бөлімінің басшысы Қ.Смағұлов

қатысты.

Ресурстық орталықта оқушылар

үшін оқыту процесінде озық технологияларды

пайдалануға мүмкіндік беретін

оқу кабинеттері іске қосылды. Атап

айтар болсақ, «Тіл-дарын» латын әліпбиі,

«Englishclub» (бастауыш және жалғастырушы

деңгей) «Овация» орындаушылық шеберлік

студиясы, заманауи би студиясы және

т.б. бар. Қонақтар сондай-ақ, «Әлеуметтік

жоба» бойынша ашылған кабинеттерге

экскурсия жасап, ыстық ықылас, зор

еңбекпен жасалған атаулы іс-шараның

куәгерлері болды.

Ақсу қаласында тұңғыш рет жастар

мен жергілікті тұрғындар игілігі үшін

пайдалануға беріліп отырған аталмыш

орталықтың ашылуы өңір жастарын,

жергілікті елді мекен азаматтарын,

әлеуметтік-экономикалық және елдің

қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан

іс-шараларға белсене араласуына

таптырмайтын маңызы зор мекемеге

айналмақ. Бұл орталықта жастарды

бес түрлі бағытта білімге, тіл үйренуге,

өнерге, бос уақытты ұйымдастыруға,

кәсіби шеберліктерін шыңдап, өзін-өзі

дамытуы үшін ашық кеңістік құра алатын,

өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету

көзделіп отыр. Соның нәтижесінде

жарқын болашақ үшін жасалған игі

істердің куәсі болатынымызға сенім

мол.

Рымтай ЖАҚСЫБЕКОВА,

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары

көпсалалы колледжінің оқытушысы.

Интернетті орнымен пайдаланайық!

Соңғы жылдары қоғамда

белсенді компьютерлендіру

науқанына баса көңіл

бөлінуде. Тіпті, қазіргі

таңда әр үйде компьютер

мен интернет бар.

Сапалы оқу кепілі

Әр елдің дамуы сол мемлекеттің азаматтарының білімі мен

экономикалық жағдайына тікелей байланысты. Бұл ретте, еліміздің

білім беру саласында оң өзгерістердің орын алып жатқанын атап

өткен жөн. Соның бірі – критерийлік бағалау жүйесі.

Білім сапасын арттыру мақсатында

критериалды бағалау жүйесін дамытудың

маңызды екендігі сөзсіз.

Бұл әдіс мұғалімдерге сапалы нәтиже

алуды қамтамасыз етіп, өз жұмысын

талдау және жоспарлау үшін ақпарат

алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға,

әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін

ескере отырып, бағалаудың әр түрлі

тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу

бағдарламасының мазмұнын жетілдіру

бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік

береді.

Ал оқушыларға нәтижені талдау үшін

бағалау критерийлерін білу және түсінуге,

сондай-ақ, өз ойларын еркін жеткізіп,

сын тұрғысынан ойлай білуге септігін

тигізеді.

Критерийлік бағалаудың ата–аналар

үшін де тиімді тұстары көп. Мәселен,

олар баласының білім деңгейлерін, оқу

үрдісін бақылауға және оларға білім алу

кезінде қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Жаңа бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға

қарағанда қалыптастырушы және жиынтық

бағалаумен ерекшеленеді.

Қалыптастырушы бағалау - оқытуды,

әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске

асыру түрлерін дамытса, жиынтық бағалау

- мақсатты баға қою және сертификаттау

және соның нәтижесінде нағыз достар мен

отбасы мүшелерінің назардан тыс қалуы.

Ал адам денсаулығына келтірілген

залал соншалықты айқын болмаса да,

бірақ зиян екені белгілі. Мұндай адамдарда

түнде интернетке отыруға деген

бейімділік пайда болады. Ұйқысыз түндер,

кофе және басқа да заттарды қолдану

адамның үнемі шаршауына, иммундық

жүйенің әлсіреуіне ықпал етеді. Осыдан

кейін кез келген аурудың ықтималдығы

күрт артады. Сонымен қатар, отырықшы

өмір салты омыртқа проблемаларына, ал

түнде дұрыс емес жарықтандыру көздің

әр түрлі ауруларына әкелуі мүмкін. Бүгінгі

күні көптеген елдерде интернетке тәуелділікті

емдейтін клиникалар ашылған екен.

Көпшілігіміз күн сайын жаңалықтарды,

ауа райын, бейнеролик көру немесе

музыка тыңдау үшін интернетті қолдана

бастаймыз. 2000 жылдардың басында

бүкіләлемдік интернет күні құрылды. Бұл күні

адамдарға интернетке қосылған құрылғылар

туралы ұмытып, ғаламдық желіні тастауды

ұсынады. Іс-шараның мақсаты – интернетке

тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке

толмағандардың интернет-белсенділігін

бақылауға қатысты интернет-қызметтерді

пайдаланушылардың жауапкершілігін,

интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.

Осыған байланысты Май ауданына

қарасты Майтүбек орта мектебінде

халықаралық интернетсіз күніне арналған

«Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды

балалар акциясы өтті. Акция барысында

оқушылар 24 сағат бойы ғаламторға кіруден

бас тартты. Сабақтан тыс уақыттарында

оқушылар үйреншікті әлеуметтік желілерде

отырудың орнына неше түрлі қызықты

істермен айналысты. Бұл арқылы оқушылар

қаншалықты ғаламторға тәуелді екендерін

білді.

Қорытындылай келе, балалар ғаламторды

тек маңызды ақпарат алу үшін ғана пайдалану

керектігін түсінді.

Айжан АМАНЖОЛОВА,

Майтүбек орта мектебінің мұғалімі,

Май ауданы.

немесе оқыту қорытындысын шығару

үшін қажет. Сабақта қалыптастырушы

бағалауды жүйелі өткізу жиынтық

бағалаудың нәтижелі, сапалы болуын

көрсетеді. Жиынтық бағалау тоқсан

соңындағы оқушы білімінің жетістігін

саралайтын жұмыс болып табылады.

Қорыта келе айтпағым, бүгінгі таңда

оқушы білімін критерийлік жүйе бойынша

бағалаудың тиімділігі дәлелденіп отыр.

Олай болса, білім алушының құзыреттілігін

жетілдіру үшін критерийлік бағалау

жүйесінің ықпалы өте зор. Мұндай

бағалау жүйесін қолдану арқылы біз

оқушының тұлғалық бағытын айқындай

отырып, білім алушылардың дайындық

деңгейі мен өсу динамикасын кез келген

сәтте анықтай алатын боламыз.

Ж.БАЙМАНОВА,

Аққайың орта мектебінің физика

пәнінің мұғалімі.

БІЛІМ-АҚПАРАТ

І орын –

Павлодарда!

«Үздік қосымша білім беру

ұйымы» республикалық

қашықтық интернет

байқауында Павлодар

қалалық білім беру

бөлімінің экология

және туризм балаларжасөспірімдер

орталығы

І орын иеленді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің

ұйытқы болуымен өткен байқауға еліміздегі

18 қосымша білім беру ұйымы қатысып,

бақ сынаған. Сайыс шарттары бойынша

орталық ұйымның қызметі туралы паспорт,

медиа-презентация, мекеменің 2019-2021

жылдарға арналған «Экология, туризм және

өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім

беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасын

жүзеге асыруға арналған материалдары бар

портфолио, сондай-ақ, тәрбие жұмысының

жаңа тәсілдері мен әдістемелері жөнінде

ақпарат беру міндеттелген. Осы талаптардан

сүрінбей өткен Павлодар қалалық

білім беру бөлімінің экология және туризм

балалар-жасөспірімдер орталығы жеңіс

тұғырынан көрінді.

Айта кетерлігі, аталмыш орталық 2007

жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мекеме

10-18 жас аралығындағы 1200-ден астам

баланы қамтыған. Соның ішінде экология

саласы бойынша құрылған 10 бірлестікте

400-ден астам оқушы, өлкетану бойынша

жұмыс істейтін 8 бірлестікте 400 бала

және туризм бағытындағы 9 клубта 400

оқушы қосымша білім алып, бос уақыттарын

тиімді өткізуде.

Талап

күшейтіледі

Бұдан былай педагог

мамандықтарына түсетін

талапкерлерге деген

талап күшеймек. Яғни,

ҰБТ-дағы шекті балл тағы да

жоғарылауы мүмкін.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым

министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық

жоғары оқу орындарының студенттерімен

кездесу барысында мәлім етті. Яғни, бұрын

педагогикалық мамандықтарға түсу үшін

шекті балл 60 болса, енді 70 балға дейін

көтеру жоспарлануда.

- Бүгінгі таңда ең үздік мектеп түлектерінің

арасында мұғалім мамандығы

айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осы

ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың

педагогикалық бағыттары сирек таңдалып

жатады. Білім беру гранттарын тағайындау

конкурсына қатысу үшін өтініш берген

кезде талапкерлер көбінесе педагогикалық

бағыттарды үшінші және төртінші қылып

көрсетеді, - деді министр.

Еліміздің бас ұстазының айтуынша,

талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға

тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМмен

бірқатар нақты шаралар қабылданған.

Бұдан бөлек, министр 2021 жылдан бастап

жоғары оқу орындарының мемлекеттік

үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және

арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом

беруі туралы норма күшіне енетінін айтты.

Бұл жоғары оқу орындары арасындағы

бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім

беру қызметтерінің сапасына қатысты

жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз

етпек.

- Енді жұмыс берушілер дипломға емес,

түлектің құзыретілігіне көбірек көңіл бөледі.

Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу

орнының беделі мен имиджі басты рөл

атқарады. Студенттер мен ата-аналарды

жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға

шақырамыз, - деді А.Аймағамбетов.

Әзірлеген –

Н.АҚЫТЕГІ.


6 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

ЖӘРМЕҢКЕ

Уақытша тоқтатылды

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Павлодар қаласында әр сенбі сайын

ұйымдастырылып келген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша өз жұмысын

тоқтатты.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Осы сенбіде өткізілген

жәрмеңкеде тұтынушылардың

қатары қалың екенін ескерген

қала билігі сақтық шараларын

қамтамасыз ету мақсатында

осындай қадамға барып отыр.

Павлодар қаласы әкімінің

ресми сайтында: «Құрметті

павлодарлықтар! Көпшілігіңіз

қазіргідей эмидемиологиялық

жағдайда жәрмеңке өткізудің

қаншалықты қауіпті екенін біліп

отырсыздар. Өңірде санитарлық

шаралар күшейтіліп, қатаң

эпидемиологиялық талаптар

қойылып отыр, сатушыларға

медициналық маскалар таратылуда,

жәрмеңкенің жұмыс уақыты

да қысқартылған еді. Енді біз

жәрмеңкенің жұмысын мүлдем

тоқтаттық. Қазір өнім өндірушілерден

әлеуметтік дүкендерге тікелей азық

жеткізу жөнінде шешім қабылданды.

Жеткізілетін уақыты туралы

қосымша тағы хабарлайтын

боламыз», - деген хабарлама

пайда болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының бас маманы Татьяна

Нагуланың мәліметінше, өткен

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Естеріңізде болса, өткен

жұма күні Павлодар облысында

коронавирус індетінің алғашқы

жағдайы тіркелген еді. Әлеуметтік

желі арқылы тараған ақпаратта

әлгі 1988 жылғы азамат (індетті

жұқтырған) отырған поезда

Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин

ауылының тұрғыны (қыз бала) өзге

өңірден бірге келген құрбысымен

болғаны айтылады. «Whats App»

желісі арқылы тараған аудио

хабарламаға сүйенсек, «екі қыз

жол-жөнекей аудан орталығындағы

дүкендерді аралап, соңынан Жұмат

Шанин елді мекеніне автобуспен

барған». Көпшілік арасында

«аталған ауылды карантинге жауып

тастапты, тіпті, аудан орталығындағы

бірнеше сауда орны қызметін

тоқтатып, көлік қозғалысына

шектеу қойылды» деген дақпырт

та жылдам тарап кетті.

Аталмыш мәселенің анық-

сенбідегі жәрмеңкеде Павлодар,

Ақсу қалаларымен қатар, Баянауыл,

Шарбақты, Тереңкөл, Успен және

Павлодар аудандарының кәсіпкерлері

төбе көрсеткен.

- Баянауылдықтар әдеттегідей

сиыр және жылқы етін молынан

әкелсе, Шарбақты ауданынан

20 мың дана жұмыртқа жеткізілді.

Тереңкөл және Успен аудандарынан

сүт, Павлодар ауданынан

Сурет газет мұрағатынан алынды.

картоп пен көкөніс әкелінді. Төтенше

жағдайға байланысты сатушылар

медициналық бетперде мен

қолғаппен «қаруланды». Азық-түлік

өнімдері нарықтағы бағадан 20-30

пайызға арзан бағаға сатылды, -

дейді Т.Нагула.

Тұрғындар бұдан былай қажетті

азық-түлік тауарларын әлеуметтік

дүкендерден қолжетімді бағаға

сатып ала алады.

Дүрлігуге негіз жоқ

Жексенбі күні

әлеуметтік желілер

мен мессенджерлерде

«Баянауыл

ауданы карантинге

жабылып,

көліктердің кіріпшығуына

шектеу

қойылды» деген

ақпарат тарағаны

мәлім. Құзырлы

органдар мұндай

мәліметті жоққа

шығарып, жалған

мәлімет таратқан

адамды анықтады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

қанығын білу мақсатында облыстық

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментіне хабарластық.

Мекеменің баспасөз қызметіндегі

мамандар мұндай мәліметті жоққа

шығарды. 1988 жылғы азаматпен

байланыста болған адамдар туралы

жеке ақпаратты таратуға, жариялауға

шектеу қойылғанын айтты.

Бұл мәселе бойынша Баянауыл

ауданына да хабарластық. Жергілікті

билік өкілдерінің айтуынша, аудан

орталығы карантинге жабылмаған.

Сауда орындары мен дүкендер

қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Мұндай мәлімет нысандарда

жүргізіліп жатқан санитарлықдезинфекциялық

шаралардың

жүргізілуіне байланысты таралуы

мүмкін. Вирусты жұқтырған жігітпен

бір поезда келген Жұмат Шанин

ауылының тұрғыны арнайы үй

жағдайындағы карантинге алынып,

тексеруден өткен. Құрбысы өз өңіріне

оралған.

Аудандық аурухананың мәліметінше,

әлеуметтік желіде

карантинге байланысты тараған

ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қыз баладан арнайы тест алынып,

облыс орталығына жіберілген.

Жұмат Шанин орталығы болып

табылатын Күркелі ауылдық

округінің әкімі Таңат Сағынтаев

құқық қорғау саласының мамандары

әлеуметтік желі арқылы

жалған мәлімет таратқан адамға

қатысты тексеру жүргізіп жатқанын

жеткізді.

- Әлгі поезда біздің ауылдың

қызы болғаны рас. Бірақ ол ауру

адаммен бір вагонда отырмаған.

Дәрігерлер арнайы тексеру жүргізді.

Денсаулығы жақсы. Қазір үй

жағдайындағы карантинде отыр.

Қыз бала аудан орталығынан ауылға

автобуспен қатынағандықтан, автобуста

бірге келген ауыл тұрғындары

да үйдегі карантинге алынды, -

дейді Т.Сағынтаев.

Осы орайда, тұрғындарды жалған

мәлімет таратпай, ресми ақпаратқа

ғана сенуге шақырамыз.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ:

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

Азаматтардың

тізімі

кеңейтілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына

байланысты Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жаңа әлеуметтік

төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін

кеңейтті және оны тағайындау шарттарын

жеңілдетті.

1. Төлем алушылар

шеңбері кеңейтілді.

Бастапқыда бір адамға айына

42,5 мың теңгені (ең төменгі

жалақы) құрайтын әлеуметтік

төлем азаматтардың мына санаттарына

төленуі керек еді:

• орта, шағын және

микробизнес субъектілерінің

қызметкерлері;

• жеке кәсіпкерлер (ЖК);

• жеке практикамен айналысатын

адамдар (нотариус, жеке

сот орындаушысы, адвокат, кәсіби

медиатор) (ЖП);

• бірыңғай жиынтық төлемді

төлеушілер (БЖТ).

Енді оларға:

• нысанасы жұмыстарды

орындау (қызметтер көрсету)

болып табылатын азаматтыққұқықтық

сипаттағы шарттар

бойынша табыс табатын адамдар

(АҚС), өздері үшін салық агенттері

міндетті зейнетақы жарналарын

аударған жеке тұлғалар

кіреді.

• карантин енгізілген

елді мекендердегі ірі бизнес

субъектілерінің қызметкерлері.

2. Төтенше жағдайға

байланысты табысты

жоғалту фактісін растайтын

құжаттарды ұсыну қажеттілігі

жойылды.

Бұрын әлеуметтік төлемдер

туралы өтінішті жұмыс берушілер

өз қызметкерлері үшін, ЖК, ЖП

және БЖТ төлеушілер – өздері

бере алатын. Сонымен бірге,

жұмыс берушілер төтенше жағдай

кезінде қызметті шектеуге байланысты

өз қызметкерлерінің

табысын жоғалтуын растайтын

құжаттарды, қызметкерлердің

тізімін және қызметкерлерге

жалақысы сақталмайтын

еңбек демалысын беру туралы

бұйрықтан үзінді көшірмені

ұсынуы керек еді.

Енді төтенше жағдай салдарынан

кірісті жоғалту фактісін

растайтын құжаттарды ұсынуға

қойылатын талаптар алынып

тасталды.

Әлеуметтік төлемдерді

тағайындау үшін:

• жұмыс берушілер өтінішті

тек қызметкерлердің тізімін қоса

бере алады;

• ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ

төлеушілер жеке деректерді

көрсете отырып, тек өтініш

береді.

Сондай-ақ, қызметкер жұмыс

берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі

бере алады.

Сонымен бірге барлық өтініш

берушілер төтенше жағдайдың

енгізілуіне байланысты кірістерді

жоғалту фактісінің дұрыстығы

үшін өзіне жауапкершілік

алады.

Өтініш «Электрондық үкімет»

веб-порталында «Электрондық

өтініш» сервисі арқылы

электрондық форматта беріледі.

3. Төлем тағайындау үшін

әлеуметтік сақтандыру

жүйесіне қажетті қатысу

мерзімі қысқартылды.

Бұрын төлем тағайындау

үшін әлеуметтік сақтандыру

жүйесінде соңғы 12 ай ішінде

кем дегенде 3 ай қатысу талап

етілетін. Енді қызметкердің (ЖК

және ЖП дербес) мемлекеттік

әлеуметтік сақтандыру қорына

(АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар)

соңғы 12 айда кемінде 1 рет

әлеуметтік аударымдар жасауы,

әлеуметтік төлем тағайындау

үшін жеткілікті болады.

МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді

тағайындауға үміткер азаматтарға

әлеуметтік аударымдар немесе

зейнетақы жарналарының

бар-жоғын дәлелдеудің қажеті

жоқ, бұны автоматты түрде

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

тексереді.

4. Өтінімдерді қарау

және әлеуметтік төлемді

тағайындау мерзімі 7-ден

3 жұмыс күніне дейін

қысқартылды.

Әзірлеген –

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл 7

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Тариф өзгермейді

Павлодар облысында 1 сәуірден бастап электр

қуаты тарифінің өсуі күтілген-ді. Елімізде

жарияланған төтенше жағдайға байланысты

қызмет көрсетуші компания жоспарлаған

қоғамдық тыңдау өткізілген жоқ. Сәйкесінше

тариф әзірше өзгермейтін болды. Қуат

бағасына қатысты мәселе кем дегенде 2 айға

шегеріліп отыр.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШСнің

басшылығы қоғамдық тыңдауды

онлайн өткізуге тырысқан.

Алайда, ҚР Табиғи монополияларды

реттеу комитеті Павлодар

облысы бойынша департаменті

ерекше форматтағы шараға

зейнеткерлердің қатысуы екіталай

екенін алға тартып, ұсынысты

қолдамаған.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШСнің

баспасөз қызметінің мәліметінше,

жарық тарифінің бағасын

6 пайызға көтеру жоспарлануда.

Еліміздегі жағдай тұрақталғаннан

кейін қоғамдық тыңдауды өткізу

шарасы бірден қолға алынбақ.

Десе де, монополистер құжатты

қайта реттегенше 2 айға жуық

уақыт қажет екен. Яғни, тұрғындар

екі ай жарық тарифін бұрынғыша

төлей бермек.

Комитеттің Павлодар облысы

Оралхан ҚОЖАНОВ

бойынша департаментінің басшысы

Тимур Әмірхановтың

мәліметінше, еліміз бойынша

біздің өңірде ғана жарық тарифінің

бағасы әзірге өскен жоқ.

- «Павлодарэнергосбыт»

ЖШС-нің басшылығы 2019 жылдың

қазан айында станциялардағы

электр бағасының қымбаттағанын

алға тартып, тарифті

көтеруге өтініш берді. Жыл

басында өтініштері қанағаттандырылмаған

еді. Себебі,

станциялардағы электр бағасын

ҚР Энергетика министрлігі өзі

реттейді. Бұл жолғы өтінішті

қарастырғанның өзінде 2-3

пайызға ғана өсетінін айтқым

келеді, - дейді Тимур Әмірханов.

Павлодар облысында электр

энергиясы тарифі соңғы рет

2017 жылы өскенін атап өткен

жөн.

Дайын құжаттарды беру терезесі

тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша

Қазақстанда коронавирус инфекциясының

таралуын болдырмау

мақсатында барлық халыққа

қызмет көрсету орталықтарының

жұмысы тоқтатылды. Азаматтар

қызметтерді тек электронды

форматта алады.

30 наурыздан бастап Павлодар

қаласында тек Павлов көшесі,

48 мекенжайында орналасқан

ХҚО дайын құжаттарды беру үшін

бірыңғай терезе ретінде жұмыс

істейді. Мұнда павлодарлықтар

онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік

қызметтердің дайын

нәтижесін ала алады. eGov порталында

қызмет нәтижесі қағаз түрінде

берілетін 23 түрлі мемлекеттік

қызмет бар.

Мамандандырылған ХҚО-да

да дайын құжаттарды беру

терезесі ғана жұмыс істейді,

онда автокөлігін қайта тіркеуге

қойған немесе жүргізуші куәлігін

онлайн ауыстырғандар дайын

құжаттары мен мемлекеттік тіркеу

нөмірін ала алады.

Сондай-ақ Ақсу мен Екібастұз

қалаларында, аудандарда орналасқан

ХҚО-да да тек дайын құжаттарды

беру терезелері жұмыс

істейді.

Қызмет алушылардың дайын

құжаттарын беру жұмысына

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

400-ге жуық қызметкері тартылған.

Олардың барлығы қорғаныс

және дезинфекция құралдарымен

жабдықталған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің

жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма

9.00-ден 17.00-ге дейін.

Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге

арналған қалалық және аудандық

бөлімдердің тізімін мына жерден

көруге болады: gov4c.kz

Сатиралық шығармаларға

арналған республикалық онлайн

байқауын жариялады

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Мәдениет порталы» ақпарат агенттігімен бірлесіп, республикалық деңгейде

Қадыр Тайшықов атында сатиралық шығармалар байқауын жариялады.

Еліміздегі төтенше жағдайды ескере келе аталмыш байқау

«Мәдениет порталында» онлайн түрде өткізілетін болды.

Биыл Павлодар облысының тумасы, көрнекті жазушы, қазақ сатирасының

негізін салушылардың бірі, аудармашы, журналист, сазгер Қадыр

Тайшықовтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда, республикалық

онлайн байқау жарияланды. Оған сатира жанрында жазылған шағын

әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.

Байқауды Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және

архив ісі басқармасы, «Мәдениет порталы», Павлодар облыстық

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі

орталығы мен «Ақбеттау» журналы ұйымдастырып отыр.

– Байқаудың мақсаты - әдеби шығармаларды кеңінен насихаттап,

оны оқырман қауымға, жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және

көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы ретінде ұсыну,

дарынды сатиралық-қаламгерлерді қолдау, сатира жанрын насихаттау

және осы жанрдағы жазушылар мен ақындарды қалың оқырманға

таныстыру. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты

байқауды онлайн өткізуді ұйғардық. Бұл ретте, «Мәдениет порталы»

зор қолдау көрсетуде, – деп атап өтті Павлодар облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.

Онлайн байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде сатира жанрында

бұрын жарияланбаған шағын әңгімелер, әзіл-сықақ өлеңдер, шағын

скетчтер, очерктер қабылданады. Қатысушылардың шығармалары

«Мәдениет порталында» жинақталып, жарияланады. Жазбалар 2020 жылдың

30 мамырына дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай жүлделер тағайындалған.

Байқау туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы өтіп,

ала аласыздар: http://madeniportal.kz/competition/4786

ТӘРТІП

Павлодарлық полицейлер санитарлық-дезинфекциялық

шараларды дұрыс орындамаған пәтер иелері кооперативтері

мен дүкен иелерін жазаға тартты.

Жаза арқалады

Павлодар облыстық полиция

департаментінің мәліметіне сүйенсек,

елде енгізілген төтенше жағдайға

байланысты аймағымыздың учаскелік

инспекторлары арнайы рейд жүргізіп,

мониторинг жасауда. Ауқымды

шара барысында кәсіпкерлік субъектілері

тарапынан 63 құқықбұзушылық

анықталған. Нысан иелері төтенше

жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР

Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің

476-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Оның ішінде 45 факті бойынша

әкімшілік жазаны сот шығарды.

Мәселен, 20 дүкеннің иесі 5 тәулікке

әкімшілік қамауға алынды, 18-і 10 айлық

есептік көрсеткіш көлемінде

айыппұл арқаласа, 7-еуіне ескерту

берілді. Бұдан бөлек, тағы 18 іс сот

қарауында жатыр.

Жаза арқалағандардың қатарында

Павлодар қаласы, Лермонтов

көшесі, 120-үй мекенжайы бойынша

орналасқан тәтті тағамдар сатумен

айналысатын дүкен иесі бар. Ол

қызмет барысында медициналық

бетперде мен арнайы қолғапты

қолданбаған. Сонымен қатар, дүкен

ішінде дезинфекциялық шараларды

жүргізбеген. Мұндай талапты облыс

орталығындағы Мәшһүр Жүсіп көшесі,

8-үй мекенжайында орын тепкен

дәмхана иесі де сақтамаған. Бұдан

бөлек, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 40,

Майра көшесі, 43, Қамзин көшесі,

364 мекенжайларындағы тұрғын

үйлерде пәтер иелері кооперативтері

санитарлық-дезинфекциялық талаптарды

орындамаған.

Павлодарлық полицейлер елдегі

төтенше жағдай кезінде бекітілген

талаптарды қатаң сақтау керектігін

ескертеді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

СУЫТ ХАБАРЛАР ЖЕЛІСІ

Көктемгі мұз -

алдамшы

Павлодарлық құтқарушылар Ертіс өзеніндегі мұз үстіне

шыққан бес баланы құтқарды. Өмірлерін байқаусызда

қауіпке тіккен 16 жастағы жасөспірімдер қалалық

№43 мектептің оқушылары екен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек,

балалар күндіз сағат 16.10 шамасында мұз үстінде ойнаған. Мұны көргендер

дереу құтқару қызметіне хабарласқан. Жедел әрекет ету нәтижесінде

балалар ата-аналарына тапсырылды. Жыл басынан бері құтқарушылар кәмелетке

толмаған 13 жасөспірімнің өмірін сақтап қалған. Қазіргі уақытта төтенше

жағдайлар департаментінің мамандары балық аулау ісіне әуес адамдарды

анықтау мақсатында рейд жүргізуде. Олардың айтуынша, көктем

мезгілінде мұздың үстіне шығу қауіпті. Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы

40-45 сантиметрді құрайды. Әсіресе, ағысы қатты су айдындары өмірге

қауіп төндіреді. Оның ішінде Ақсу қаласынан Павлодар ауданының

Ребровка ауылына дейінгі Ертіс өзенінің учаскесі, сондай-ақ Шандықсор

көлінің жанындағы ГРЭС-2 кәсіпорнының техникалық су қоймасы бар.

Ішімдік сатқан...

Павлодарлық тәртіп сақшылары жыл басынан бері кәмелетке

толмағандарға шылым мен ішімдік сатқан 50 дүкеннің

иесін жазалады. Заңсыз әрекетке барғандар 7-ден 80 айлық

есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл арқалады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, биыл заң

талаптары қатаңдаса да, 18-21 жастағыларға спирттік ішімдіктер мен темекі

сататын дүкендер көп. Жаза арқалағандардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев

даңғылы бойында орналасқан азық-түлік дүкені бар. 15 жастағы жасөспірім аталмыш

орыннан шылым сатып алған. Сатушылар жасөспірімдердің жас мөлшерін

сұрамайды екен. Полицейлер кәмелетке толмағандар үшін жауапкершілікті

арттыру мақсатында құқық бұзушылықты анықтауда. Балалары ішімдік ішіп,

қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 32 атаана жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, рұқсат етілмеген орындарда темекі шеккен 42 жасөспірім де

жаза арқалады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті және облыстық полиция

департаментінің мәліметі бойынша әзірлеген –

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 10096 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 588

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 31 наурыз, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ

Ағаштан түйін түйген...

Ата-бабамыздан мұра болып

қалған ұлттық қолөнерді

жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа

үйретіп келе жатқан

Қанат Асановтың есімі

көпшілікке танымал десек

қателеспейміз. Ол бүгінде

үйеңкі ағаштан ас ішетін

ыдыстар жасап, шәкірттерін

осы өнерге баулуда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Қолөнер шебері Қанат Асановтың

қолынан шыққан туындылары облыстық,

республикалық көрмелерде көпшілікті

сүйсіндіріп жүр. Әсіресе, ет салатын астау,

қымыз пісетін күбі, ожау, тостаған сынды

ұлттық ыдыстар көздің жауын алады.

Шебер ұлттық аспап - домбыра жасауды

да оқушыларға үйретіп келеді.

Қазіргі уақытта ол Павлодар қаласындағы

дарынды балаларға арналған «Біліминновация»

лицей-интернатында еңбекке

баулу пәнінен сабақ береді. Ұстаздық жолда

35 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы

уақыт ішінде ұлттық өнерге жақын талай

шәкіртті тәрбиелеп шығарған. Жуырда

қолөнер шеберімен кездесіп, әңгімелескен

болатынбыз. Қанат Асанов қызмет ететін

білім ошағында шебердің қолынан шыққан

туындыларға арнайы орын қарастырылғанын

атап өткен жөн.

«Туысқан» ұры

Алдыңғы түнде көршім екеуміз көршімнің мәшинесін тонағалы

жатқан ұрыны ұстап алдық. Сосын сақшыларға телефон шалсақ,

алмайды ғой. «Қой, мен үй телефонынан хабарласайын!» деп

кеткен көршім жарты сағаттан кейін келді. «Ешкім алмайды»

дейді. Ол келгенше, қашпақ болған ұрымен біраз алысып алдым...

Ұрымызды жетектеп күре жолдың

бойына келдік. Ойымыз - жол сақшысы

өтсе, соларға тапсыру. Жай отырмай,

102-ге хабарласып отырмыз. Бір кезде

менің қоңырауымды көтерді. «Құтқару

қызметі» дейді. Мен «Сақшы керек!»

деймін. Сөйтсем, әлгі қарағым «Оларға

соққан қоңырауыңыз түспесе, онда сіздің

телепоныңызда арнаулы бағдарлама

болмағаны ғой» деді де, қоя салды.

Не бағдарлама екенін итім білсін...

Таңғы 4:50 болды. Басымыз салбырап,

үшеуміз отырмыз. Бір кезде ұрымыз

айтады: «Ақыры мына бәлелер келмеді

ғой, маған таксиге ақша беріңдер, үйіме

Қанат Асанов - жастайынан жетімдік

тауқыметін тартқан тағдырлы адам. Атаанасынан

ерте айырылса да, бойына

дарыған өнерді өзіне аманат етіп келеді.

- Сағадат есімді нағашым суретші адам

болған екен. Ол кісі де өмірден ерте озды.

Атам аңшылыққа жақын болыпты. Осы

өнер менің бойыма дарыса керек. 1979

жылдан бастап аң аулауға арналған мылтық

ұстаймын, аңшылықты жақсы көремін, -

дейді шебер.

Қазіргі уақытта ағаштан жасалған

туындыларға сұраныс жоғары. Дегенмен

Қанат Асанов тұрғындар бұйымдардың

1 СӘУІР – КҮЛКІ КҮНІ

қайтайын. Ұйқым келді» дейді. Біз де қарап

отырып, шаршап отырмыз. Қалтамыздың

түбін қақсақ, көршімде 70 теңге, менде

60 теңге бар екен. «Енді біздің көшеге

ұрлыққа келмеймін» деген жігіттік уәдесін

алып, ұрымызды таксиге отырғызып

жібердік. Көршім әуелі етқызумен ұрып

құлатқан еді, ұрыны ұстап алғанда. Сол

есіне түсіп кетті-ау деймін, құшақтап ұзақ

қоштасты. Кешірім сұрап жүр. Анау да

ақкөңіл ұры екен, құдалыққа келгендей,

қайта-қайта қолымызды қысып, «екеуіңді

де кешірдім» деп қояды. Таксиге әрең

мінді. Қимай жүр...

Өстіп-өстіп әрбір ұры-қарымен туыс

Суреттерді түсірген – Серік Қапаров.

бағасын қымбатсынатынын айтады. Оның

өзіндік себебі бар екен.

- Ағаштан жасалған ыдыстарды көрші

Қытай мемлекеті де жасап жүр. Бағасы –

20-25 мың теңге көлемінде сатылады.

Өйткені, олар туындыны арнайы қондырғыстанокпен

жасайды. Біздің ыдыстарымыз

үйеңкі ағашынан жасалады. Шикізатты

арнайы тапсырыспен сатып аламыз. Екі

жылға жуық уақыт кептіреміз. Қазақтың

оюымен өрнектейміз, тау арқарының мүсінін

де саламыз. Туындыны ертең ұялмайтындай,

сапалы етіп істеуді мақсат етемін. Балаларға

да осыны үйретіп келемін. Таза ағаштан

әрі қолмен жасалғандықтан ас табағының

бағасы 120-130 мың теңгеден сатылады, -

дейді шебер.

Қанат Асановтың қолынан шыққан

туынылардың ішінде Адалбақан ерекше

көзге түсті. Шебер оның тұтас ағаштан

жасалғанын айтады. Сөзіне сүйенсек, қолынан

шыққан туындылар осы Адалбақанның

ішіне салынады екен.

Қазіргі уақытта шебер уақытының басым

бөлігін шәкірттеріне арнайды. Оқушылары

облыста өткен «Ұлы дала елі» фестивалі,

республикалық «Алтын қазына» көрмесіне

белсенді қатысқан. Ардақты ұстаз сынып

сағаттары мен шеберлік сағаттарына да жиі

шақырту алады. Бүгінде Азат Ақаш, Елжан

Жұмаш, Ренат Әлкеев сынды шәкірттері

қолөнер бәйгелерінде топ жарып жүр. Қанат

Асановтың өзі де білім саласында талай

жетістіктерге жетіп, жоғары марапатқа

ие болған.

Ұлттық өнерді дәріптеп, ағаштан түйін

түйген шебердің ісіне береке тілейміз.

боп кететінімізді алдын ала білген біздің

сақшылық қызметтің өне бойында тола

ғұлама, гуманист, көріпкел һәм тақуа

адамдар отыр-ау деймін...

Ұры ұстап алып жатсаңыздар, өлтіре

сабамаңыздар! Бірер сағаттан кейін шығарып

салғанда өздеріңіз ұялып қалады

екенсіздер...

Қанат ЕСКЕНДІР.

ЖИЫРМА

ҮШІНШІ СӨЗ

Біздің қазақты оңдырмай жүрген

бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер

бар.

Оның қуанышы - елде бір

жаманды тауып, я бір адамның

бұл өзі қылмаған жаманшылығы

шықса, қуанады. Айтады: құдай

пәленшеден сақтасын, о да адаммын

деп жүр ғой, оның қасында біз

сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған

қарағанда мен таза кісі емеспін бе? -

деп. Оған құдай тағала айтып па,

пәленшеден тәуір болсаң болады

деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір

өзіңнен наданшылығы асқан, я

жаманшылығы артылған кісі

табылса, сен жаманға қосылмайсың

деп? Жаманға салысып жақсы бола

ма? Жақсыға салысып жақсы болады

дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен

бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда

неше ат бар деп сұрар, артыңда

неше ат бар еді деп сұрағанның

несі сөз? Мен бес аттан, он аттан

ілгері едім дегеннің несі қуаныш?

Енді жұбанышы - жалғыз біз

бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой,

көппен көрген ұлы той, көппен

бірге болсақ болады да деген сөзді

жұбаныш қылады. Оған құдай тағала

айтып па, көптен қалмасаң болады

деп. Көпке қаһарым жүрмейді деп.

Көпке тұзағым жетпейді деп пе?

Ғылым көпке келіп пе? Біреуден

тарап па? Хикмет көптен тарай

ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық

жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел

ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген

көп адам адасып жүрсе, бір жер

білетұғын кісінің керегі жоқ па

екен? Көп кісі жолаушының бәрінің

аты арығаны жақсы ма? Жоқ,

жармысы арыса, жармысының

күйлісі жақсы ма? Жұт келсе,

елдің бәрінің түгел жұтағаны

жақсы ма? Жарым-жартысы

аман қалғаны жақсы ма? Осы

көп ақымақтың бір ақымаққа

несі жұбаныш? Тұқымымызбен

аузымыз сасық болушы еді деген

жаман күйеу қалыңдығын жеңіп

пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға

жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма,

сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!

1894

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!