15.12.2020 Views

12 желтоқсан сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 12 желтоқсан, сенбі, 2020 жыл ТАРИХ

SARYARQA SAMALY

РУХ

«Желтоқсанның мұзға

жаққан алауы»

Ата–бабамыздың арманы болған Тәуелсіздік ызғарлы желтоқсан арқылы келді. Желтоқсан

– қасіретті әрі қасиетті күн. Жастар үшін жүрегіміз ауырып, жылап тұрсақ та,

Тәуелсіздіктің сәулесі түскенде қуанышқа бой алдырып, жақсылыққа баладық. Ұрпаққа,

бұл тәуелсіздік жолындағы қазақтың соңғы ұлт-азаттық көтерілісі екенін түсіндіруге

тырыстық. Шынында да, 1986 жылы Кеңес билігіне наразылық танытып, алаңға

шыққан жастардың арман-тілегі азаттық алу еді.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ

Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген

барлық табысының қайнар

көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың

арқасында ғана Қазақстанның

сөзі мен ісін бүкіл әлем

таныды.

Құндылықты

сақтау – біздің

қолымызда

Ызғарлы желтоқсан ұлттық

тарихтың ақтаңдақтар

бетін парақтап, жаңашылдыққа

жол ашты. Халқымыздың

рухани жаңғыруына, еркін

ойлауына мүмкіндік сыйлады.

Ұлттық сананы қалыптастырып,

ұлттық рухты өсірді.

Сондықтан да Тәуелсіздік пен

Желтоқсан оқиғасын бір арнаға

тоғыстыра отырып, жастардың

ерік-жігеріне бас иеміз.

Егеменді еліміздің келешегі

үшін жанын пида еткен

батыр жастарды ешқашан да

ұмыту мүмкін емес.

Дегенмен де, жігерлі жастардың

ерлігін еске ала отырып,

өткенге көз жүгіртеміз.

Тәуелсіздік дегенде, желтоқсан

оқиғасын айналып өту мүмкін

емес. Болашағынан үміт

күткен қазақ жастары Кеңес

Одағының солақай саясатына

қарсы шығып, қыршынынан

қиылды. Бағы жанып ақталғандардың

есімі елімен

қауышты. Қаншамасы белгісіз

кетті. Қашанда жамандық пен

жақсылықтың қатар жүретінін

ескерсек, жаңа өркениетті

қоғамға өту жолындағы

ауыртпалығымыз желтоқсанмен

кетті. Кеңес үкіметі жылдарындағы

тоталитарлық шаңырағын шайқалтты.

шіл-әкімшіл Кеңес Одағының

жүйенің тас-талқанын шығарған

желтоқсаншылар ұлт-

тағылған боздақтарымыз 1990

«Ұлтшылдар» деген айып

тық сананың жаңадан қалыптасқанын

танытты. Желтоқсан КСРО Жоғарғы Кеңесі Прези-

жылдың қыркүйек айында

көтерілісі азаттық таңы ататын

күннің жақындап қалға-

жылы Алматы қаласының

диумы Комиссиясының: «1986

нын сездірген оқиға еді. орталық алаңына қазақ жастарының

шығуы - ұлтшылдық

Желтоқсаннан кейін Кеңес

елінің түпкір-түпкірінде сан емес, Конституция және қайта

түрлі толқулардың болғаны, құрумен декларацияланған

ақыры араға 5 жыл салып еркін сөзге деген азаматтық

Қызыл империяның күйрегені

баршаға белгілі. Сондық-

кепілді түрде қолдануға тал-

және саяси құқықтарды

тан да Желтоқсан көтерілісі пынысы болды» деген қорытындысының

арқасында жа-

ұлттық рухтың қуатын, елдік

пен ерліктің мұратын танытқан

көтеріліс болды. атанды. Осы саяси оқиғаладан

арылып, қаһарман

Желтоқсан оқиғасына ның арқасында, Қазақстанның

Тұңғыш Президенті

1986 жылы 16 желтоқсанда

небары 18 минутта өткен Н.Ә Назарбаев Егемендік

Қазақстан Орталық Комитетінің

бесінші Пленумы себеп-

Көп уақыт өтпей бүкіл дүние-

декларациясын жария етті.

кер болды. Пленумға қатысушылар

Дінмұхаммед Қонаевге

айналдық.

жүзі мойындаған Тәуелсіз елты

«өз еркімен» қызметінен 1916 жылғы қазақ даласын

босатып, Қазақстан КП жайлаған көтерілісті Мұхаммед

Орталық комитетінің бірінші Әмен қолдағанымен де, әкесі

хатшылығына В.Колбинді Мәшһүр Жүсіп бұл көтерілісті

сайлады. Артынша бейбіт қолдамады. Бірақ мағыналы

шерумен басталған толқу деп те, мағынасыз деп те екі

көтеріліске ұласты.

жақты таразылайды. Мәшһүр

Тарихқа көз жүгіртсек, Жүсіп жазбаларында:

1917 жылғы ақпан төңкерісімен

Патшалық Ресей құлап,

Қаракесек Бекболаттың

Қазақ жерінде Әлихан Бөкейхан

Заманы

мен Ахмет Байтұрсын бастаған

Алашордашылар негізін Жамандық пен бұзықты

Қасқыр деген Заман едi,

қалаған қазақ ұлттық мемлекеті

бой көтерген болатын.

Басқа ұр деген Заман едi.

Бірақ большевиктер кеңестік Айдабол Тайкелтiрдiң

билік орнатып, қазақ зиялыларының

ұлттық мүддесі-

Түлкi деген Заман едi,

Заманы

не балта шапты. Дегенмен Ойын мен мәжiлiс

ақпан төңкерісінің заңды

жалғасы болып танылған Күлкi деген Заман едi.

16 желтоқсандағы көтеріліс Қаракесек Алшынбайдың

70 жыл үстемдік құрған әмір-

Заманы

Қарсақ деген Заман едi,

Бiреудiң бiр нәрсесiн алдап

Алсақ деген Заман едi.

Шүршiттiң темiр қақпаны,

Мұжықтың кендiр арқаны

Жетпiс жылда бiр

шiрiр деп едi, -

деген өлең жолдары кездеседі.

Демек Мәшһүр Жүсіптің

көтерілісшілерге оң қабақ

танытпауы заманның өзге

қырынан келгендігін ескеретінін

аңғару қиын емес. Иә,

1986 жылғы жастардың толқуы

мұжықтың кендiр арқанын

шiрiтiп қана қойған жоқ, тасталқанын

шығарды емес пе?

Демек, 1916 жылы «Жетпiс

жылда бiр шiрiр» дегені

1986 жылғы оқиғаны меңзеп

тұрғандай. Бұл ойын Мәшһүр

Жүсіп халыққа да айтқан. Бірақ

жалындап тұрған жас буын

тыңдамады. Сондықтан да

Мәшһүр Жүсіптің көтеріліске

араласпауын ел обалына

қалғысы келмеді деп түсінген

жөн болар.

Желтоқсан көтерілісін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев өзінің «Ғасырлар

тоғысында» атты еңбегінде:

«1986 жылғы желтоқсан оқиғалары

қазақ жастарының

сана-сезімінің қаншалықты

өскендігін көрсетеді. Олар

100 жылға жуық уақыт бойы

халықты казармалық тәртіпте

ұстап келген тоталитарлық

жүйенің алдында бірінші

болып айылдарын жиған

жоқ. Жастар бұдан әрі кез

келген ұлтқа тән ұлттық

мақтаныш сезімін қорлауға

жол бермейтінін өз халқының

атынан ашық мәлімдеді», деп

Сурет ғаламтордан алынды.

бағалайды. Ал өз кезегінде

ұлтшыл ақын, қоғам қайраткері

Мұхтар Шаханов:

Желтоқсанда шындық

жырын шырқаймын деп

шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді

ел болсам деп талпындың.

Ке удеңде әлі сы зы жатыр

сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым,

жас өркені халқымның!

Өсер елдің қай сәтте де

бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның

мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты

жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті

емес жалауы! -

деп, баршамызға рух берді.

Қалай дегенмен де,

Желтоқсанда болған оқиғаны

көтеріліс, қозғалыс, ереуіл

деп атап жүрген жайымыз

бар. Нақты бір шешім жоқтың

қасы. Бұл мәселені келер

ұрпақтың еншісіне қалдырып,

ойымызды қорытындылайық.

Дара тұлғамыз

Мәшһүр Жүсіп: «... тірілік күнімізде

бізге де бостандық,

басымызға азаттық жарылқасыңды,

көрсет Құдайлығыңды!..»

деп, елінің амандығын

тілеген.

Әсет ПАЗЫЛОВ,

Мәшһүр Жүсіп

мұражайы қызметкері,

Баянауыл ауданы.

Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың

үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі

кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік

табысына қол жеткізген президенттік билік және

осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне

де ешкім күмәндана алмайды.

Бұл жер бетінде өмір сүрген талай халықтың

басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық

пен жан-жаққа жөнсіз тартқан берекесіздік

талай елдің тағдырын құрдымға жіберген». Бұл -

Елбасының сөзі.

Иә, сол бір-бірімізді балақтан тартып құрдымға

кетпес үшін, алауыздыққа жол беріп, аңырап қалмас

үшін, ел ішіне іріткі салмай, ұлттық бірлікте өмір

кешу үшін бізге, біздің жастарға, біздің ұрпаққа

патриотизм қажет.

Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында

аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік

деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан

күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

Жыл сайын республика азаматтарының арасында

мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы

ерекше қызметімен көзге түскен мамандар,

әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау

саласының қызметкерлері және ел өміріндегі

белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек

еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады.

Тәуелсіздік - тек Қазақстан тұрғындары

үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ

халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Біз ата-бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздікті

сақтау үшін терең білім алып, ел игілігі үшін

жанқиярлықпен еңбектенуіміз керек.

Гүлшаһар ТҰРСЫМБЕКОВА,

Дарынды қыз балаларға арналған

«Білім-Инновация лицейінің» 7 «б»-сынып

оқушысы, Павлодар қаласы.

Жерұйықтай

жанға жайлы

Бейбітшілік бесігінде тербеледі даламыз,

Биік-биік үйлерменен аспандауда қаламыз,

Өркендей бер, тәуелсіздік

тұғырында Қазақстан.

Бір өзіңді мақтан тұтар ұланы біз боламыз.

Бәйтерегі биіктеген Нұр-Сұлтанның кезінде,

Алатауға бауыр болған Алматының өзінде,

Ел жандылық қасиеті киелі ғой әрқашан

Алтын күнді аялаған Қыран-Бүркіт көзінде.

Қасым ханның қасқа жолы

жетеледі қазақты,

Есім ханның ескі жолы көрсетпеді азапты.

Қан майданда

етігімен су кешті ғой сарбаздар,

Елден жырақ,үйден алыс

суық пенен қамбазда.

Барлық ұлттар пана тапқан бұл мекен,

Қазақстанның жүрегінде

мейірімділік бар екен.

Жер де берді, үй де берді

жапа шеккен ұлттарға,

Жерұйықтай жанға жайлы

қазақ елі - ән-мекен!

Аяулы АХМЕТХАНОВА,

Дарынды қыз балаларға арналған

«Білім-Инновация лицейінің»

8-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!